Жоба №1 педагогикалық кеңес «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» Өткізу күні: 2025 жылғы 25–29 тамыз Өткізу форматы: офлайн Мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025–2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау. Ұзақтығы: 90 минут Қатысушылар: Білім басқарамасының, облыстық әдістемелік орталықтың, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Өрлеу» БАҰО-ның өкілдері, мектеп әкімшілігі, педагогтер, хатшы. 1. КҮН ТӘРТІБІ 1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы. 2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы. 3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы. Ескертпе: 1. «Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы» мәселесіне Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде 2025–2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері жөніндегі әдістемелік-нұсқау хатты түсіндіру, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын, жасанды интеллект элементтерін білім беру процесіне енгізу, педагог мәртебесін арттыру және оның құқықтарын қорғау, білім алушылар үшін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, өткен оқу жылының талдауы негізінде білім беру сапасын және оқу жетістіктерін арттыру мәселелерін қарастыру кіреді. 2. «Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы» мәселесіне оқу жұмыс жоспарын, оқу жүктемесін, сабақ кестесін, мектепті дамыту жоспарын, педагогикалық кеңес жоспарын, мектепішілік бақылау жоспарын, әдістемелік кеңес жоспарын, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарларын, педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарын және білім беру ұйымының ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да жоспарларды талқылау және бекіту кіреді. 3. «Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы» мәселесіне санитарлық нормалардың сақталуын, білім алушыларды тамақтандыруды, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуді, инклюзивті ортаны ұйымдастыруды, мектеп қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртібі ережелері мен мектептің жұмыс кестесін бекіту және олардың сақталуын, сондайақ осыған байланысты өзге де аспектілерді қарауды қамтиды. 2. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ Педагогикалық кеңестің отырысын кеңес төрағасы (мектеп директоры) ашады, күн тәртібін таныстырады, отырыстың мақсаты мен міндеттерін айқындайды, сондай-ақ оны өткізудің регламентін бекітеді. Отырыстың негізгі бөлімінде білім беру ұйымының басшысының, директордың орынбасарларының, әдістемелік бірлестік жетекшілерінің және шақырылған мамандардың баяндамалары тыңдалады. Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша талқылау ұйымдастырылады, оның барысында педагогикалық кеңес мүшелері ұсыныстар мен ескертулер енгізеді. Баяндамалар аяқталғаннан кейін төраға мәселелерді талқылауға және шешім қабылдауға шығарады. Педагогикалық кеңестің шешімдері ашық дауыс беру арқылы, қатысушы мүшелердің көпшілік даусымен алқалы түрде қабылданады. Қабылданған барлық шешімдер педагогикалық кеңестің хаттамасында тіркеледі. Хаттаманы педагогикалық кеңестің хатшысы жүргізеді, ол төраға мен хатшының қолымен куәландырылады және білім беру ұйымының мөрімен бекітіледі. Отырыстың қорытынды бөлімінде төраға қаралған мәселелер бойынша қорытынды жасайды, жауапты орындаушыларды анықтайды және шешімдерді орындау мерзімдерін белгілейді. Қабылданған шешімдер педагогикалық ұжымның назарына жеткізіледі және тиісті оқу жылына арналған ұйымның жұмыс жоспарларында көрініс табады. № 1 Мәселе Педагогикалық кеңесті ашу Мазмұны Жауапты тұлғалар / баяндамашылар Уақыты Мектеп директорының алғы сөзі, отырыстың мақсаттары мен Төраға 5 мин 2 Бейнероликті көру 3 Жаңа оқу жылында білім беру ұйымы жұмысының басым бағыттары туралы 4 Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы міндеттерін анықтау, күн тәртібін бекіту - Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі (15.08.2025) - ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өзекті мәселелері ҚР ОАМ әдістемелікнұсқаулық хатын, жаңа нормативтік актілермен және бағдарламаларға шолу, "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының мәселелері, Білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидалары, 2025– 2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне ЖИ енгізудің тұжырымдамалық тәсілдері, ЖИ этикалық қолдану жөніндегі нұсқаулық және ҚР білім беру ұйымдарында ЖИ қолданудың этикалық стандарттары, педагогтердің құқықтарын қорғау және кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіру. Талқылау және бекіту: - мектептің оқу жұмыс жоспары - мектептің білім алушылар тізімдік құрамы - педагогтердің оқу жүктемесі (тарификация) - 10 мин Директордың орынбасары 15 мин Директордың орынбасары/ Әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері 30 мин 5 Мектептің ұйымдастырушы лықшаруашылық қызметі туралы - сабақ кестесі - мектепті дамыту жоспары - педагогикалық кеңестің жұмыс жоспары - әдістемелік кеңес жоспары - "Ұстаз" платформасын қолдана отырып сабақтарды бақылауды қоса алғанда, мектепішілік бақылау жоспары - әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарлары - педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары - білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидалары - білім беру процесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз ететін мектепішілік құжат - білім беру ұйымының ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да жоспарлар Нормалар мен ережелерді талқылау: - санитарлық нормалардың сақталуы - білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру - қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз Директордың орынбасары 20 мин 6 ету - инклюзивті ортаны ұйымдастыру - мектеп қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртібі ережелері - мектептің жұмыс кестесі - және басқалар** Әр мәселе бойынша дауыс беру және жеке-жеке шешім қабылдау 10 мин Педагогикалық кеңестің күн тәртібіне енгізілетін сұрақтардың саны әрбір білім беру ұйымы тарапынан мектептің қызмет ерекшеліктерін, жаңа оқу жылына арналған жұмыс басымдықтарын және педагогикалық ұжымның өзекті қажеттіліктерін ескере отырып дербес анықтайды. Мектептің барлық жұмыс жоспарлары (жылдық, мектепті дамыту жоспары, мектепішілік бақылау жоспары, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарлары және т.б.) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленеді. Жұмыс жоспарларында нақты айқындалуы тиіс: − мемлекеттік білім беру саясатын іске асыру шеңберінде мектептің оқу жылына арналған негізгі міндеттері; − білім сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар; − тәрбие жұмысын ұйымдастыру және қауіпсіз білім беру ортасын құруға арналған шаралар, соның ішінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру; − оқу процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу бағыттары; − мектеп қызметінің тиімділік көрсеткіштері (KPI). 2. КІРІСПЕ СӨЗ. Мектеп директоры сөзінің тезистері (Жоба) [Педагогикалық ұжымның құттықтауы] [Шақырылған қонақтарды таныстыру] Үлгі: Бүгін педагогикалық кеңес отырысына білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттің / «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы филиалының өкілі – [Т.А.Ә., лауазымы] қатысуда. [Кіріспе сөз] Үлгі: Бейнероликтердің көрсетілімі: 1. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі (15.08.2025) 2. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өзекті мәселелері 15 тамызда Астанада еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың республикалық Тамыз конференциясы өтті. Мемлекет басшысы білім беру саласындағы негізгі басымдықтарды айқындап берді. Біздің ортақ міндетіміз – олармен танысып, мектепте іске асыру. Тамыз конференциясында Қазақстан Республикасының Оқуағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев саланың жетістіктері мен алдағы жоспарларын жан-жақты атап өтті. Біз бұл бағыттарды жұмысымыздың негізі етуіміз қажет. Басты бағдарымыз – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы. Бұл – әр сабаққа, әр сыныптан тыс іс-шараға енгізілуі тиіс тұтас философия. Бағдарламаның мақсаты – білімді, отаншыл және жасампаз ұрпақ қалыптастыру. Биылғы оқу жылында тәрбие жұмысы 6 базалық құндылық аясында жүргізіліп, әр ай белгілі бір құндылыққа арналады. Мысалы, қыркүйек – еңбекқорлық пен кәсібилік айы, қазан – тәуелсіздік пен патриотизм айы. Мұның барлығы сіздердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларыңыз бен тәрбие сағаттарының жоспарына енгізілуі тиіс. Екінші маңызды бағыт – жасанды интеллектіні (ЖИ) оқу процесіне біріктіру. Биылдан бастап біз ЖИ-ді жүйелі түрде енгізуді бастаймыз. Бұл компьютер мұғалімді алмастырады деген сөз емес. ЖИ – уақытты үнемдейтін әрі оқыту әдістерін кеңейтетін біздің цифрлық көмекшіміз. 1–11-сыныптың барлық оқушылары «Day of AI» курстарымен қамтылады. Барлық педагогтер Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтындағы «Орта білім беру жүйесінде ЖИ қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдармен» танысып, оны оқыту тәжірибесіне енгізу қажет. Педагогтер үшін ЖИ қолдану бойынша деңгейлік курстар кезеңкезеңімен ұйымдастырылатын болады. Қазірдің өзінде әрбір педагогке сайтта ЮНЕСКО қолдауымен "Өрлеу" БАҰО әзірлеген онлайн курсқа қолжетімділік ашылды https://reg.orleu.edu.kz/. Жақын арада оқудан өту керек (барлығы – 8 сабақ және тест) және куәлік алу керек. Сонымен қатар, мектепке білім беру процесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз ететін ішкі мектептік құжатты әзірлеп, бекіту қажет. Үшінші маңызды мәселе – педагог мәртебесі. Мемлекет басшысы мұғалімдерді өзіне тән емес жұмыстарға тартудың жол берілмейтінін қадап айтты. Педагогтің міндеті – оқыту және тәрбиелеу. Мемлекет басшысының «ұстаз - ұлттың шамшырағы» ретіндегі рөлін жоғары бағалауы педагогтерге берілген сенімге сәйкес келуге міндеттей отырып, ерекше жауапкершілік жүктейді. Бұл үшін кәсіби біліміңіз бен дағдыларыңызды үздіксіз жетілдіру өте маңызды. Төртінші – қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету сөзсіз төртінші басымдық болып табылады. Бұл бағытта екі жаңа бастама қарастырылуда: біріншісі – буллингке қарсы команданы қалыптастыруға бағытталған «ДосболLIKE» буллингінің алдын алу бағдарламасын енгізу. екіншісі – медицина қызметкерінің жаңа рөлін анықтау. Енді медицина қызметкер тек алғашқы медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, сынып жетекшілерімен тығыз байланыста тәрбиелік жұмысқа да қатысады. Сонымен, биылғы ең маңызды өзгерістердің бірі – ата-аналар комитеттерінің жұмысын трансформациялау. Жаңа «Республикалық ата-аналар комитеті туралы ереже» әзірленіп, барлық деңгейде өзара әрекеттесудің нақты тік құрылымы белгіленді. Міндетіміз – «мектеп – ата-ана – қоғам» қағидаты бойынша шынайы серіктестік орнату. Жаңа құрылым келесідей ұйымдастырылады: Сынып деңгейінде: алғашқы жиналыста сайланатын 3–5 атаанадан тұратын комитет; Білім беру ұйымының деңгейінде: әр сыныптан ұсынылған өкілдерден құралады; Бұдан әрі бұл құрылым аудандық, облыстық және республикалық деңгейге шығады. Мұндай жұмысты ұйымдастырудан күтілетін нәтиже – атааналарды мектеп өміріне толыққанды серіктес ретінде тарту. 3. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ХАТТАМАСЫ (ШЕШІМДЕР ЖОБАСЫ) Отырыс соңында педагогикалық кеңестің төрағасы қаралған мәселелердің қорытындысын шығарады, түйінді қорытындылар мен ұсыныстарды бекітеді. Күн тәртібінің әрбір тармағы бойынша нақты шаралар, оларды орындау мерзімдері және жауапты орындаушылар белгіленеді. Төрағаның қорытынды сөзі педагогикалық ұжымның күш-жігерін шоғырландыруға, білім беру міндеттерін іске асырудың бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз етуге және қабылданған шешімдерді орындау үшін әрбір педагогтің жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Бұл бөлім Педагогикалық кеңес хаттамасының жобасы түрінде ұсынылған. Әрбір білім беру ұйымы білім беру процесінің ерекшеліктерін, қызметтің басым бағыттарын және педагогикалық ұжымның жаңа оқу жылына арналған міндеттерін ескере отырып, хаттаманың түпкілікті нұсқасын жеке әзірлейді және бекітеді. . 1. 2025-2026 оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басым бағыттары туралы ШЕШІМ: «2025-2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хатты басшылыққа алсын; «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етсін; білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидаларын бекіту; білім беру процесінде жасанды интеллекті технологияларын қолдануды қамтамасыз ету, ЖИ-ды қолданудың этикалық нормалар мен стандарттарын сақталуын реттейтін мектепішілік құжатты әзірлеп, бекіту. білім беру процесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдансын; − мектеп әкімшілігінің міндеті мектептің негізгі міндеттері: білім беру сапасын арттыру, функционалдық сауаттылықты дамыту, білім алушылардың оқу жетістіктерін жақсарту болып белгіленсін. 2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы ШЕШІМ: − мектептің 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары бекітілсін; − мектептің оқу жұмыс жоспары, оқу жүктемесі (тарификация), сабақ кестесі, мектепті дамыту жоспары, педагогикалық кеңестің жоспары, мектепішілік бақылау жоспары, әдістемелік кеңестің жоспары, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарлары, педагогтердің біліктілігін арттыру жоспары және т. б. бекітілсін. − жауапты тұлғалар бекітілген жоспарлардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. 3. туралы Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі ШЕШІМ: − мектеп әкімшілігінің қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлесін; − директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары нұсқау өткізу, өртке қарсы қауіпсіздіктің жай-күйін және бейнебақылау жүйесін тұрақты тексеруді қоса алғанда, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын; − директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары және медицина қызметкері (келісім бойынша) мектепте санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етсін; − медицина қызметкері (келісім бойынша) азық-түлік сапасын бақылауды және тамақтандыруды ұйымдастыруда санитарлықгигиеналық ережелердің сақталуын қамтамасыз етсін; − мектеп қызметкерлері үшін Ішкі тәртіп ережелері және мектептің жұмыс кестесі бекітілсін. 4. ХАТТАМАНЫ РЕСІМДЕУ Барлық шешімдер хатшы жүргізетін хаттамада жазылады. Хаттамаға педагогикалық кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды, білім беру ұйымының мөрімен куәландырылады. Проект Педагогический совет №1 «Образовательная политика и приоритеты школы в 2025–2026 учебном году» Дата проведения: 25-29 августа 2025 года Формат проведения: офлайн Цель: обеспечить единый подход к реализации государственной образовательной политики и определить основные задачи деятельности педагогического коллектива на 2025–2026 учебный год. Продолжительность: 90 минут Участники: представители управления образования, областного методического центра, территориального департамента по обеспечению качества в сфере образования, НЦПК «Өрлеу», Национальной академии образования им. И.Алтынсарина, администрация школы, педагоги. 1. ПОВЕСТКА ДНЯ 1. О приоритетных направлениях образования в новом учебном году. работы организации 2. Об утверждении годового плана работы. 3. Об организационно-хозяйственной деятельности школы. Примечание: 1. Вопрос «О приоритетных направлениях работы организации образования в новом учебном году» включает разъяснение Инструктивнометодического письма «Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах Республики Казахстан в 2025-2026 учебном году», рассмотрение механизмов внедрения в образовательный процесс Единой программы воспитания «Адал азамат», использования искусственного интеллекта; обозначает значимость поддержания статуса педагога и защиты его прав, непрерывного повышения профессиональных компетенций педагогического коллектива для обеспечения качества образования. 2. Вопрос «Об утверждении годового плана работы» включает обсуждение и утверждение Рабочего учебного плана, учебной нагрузки, расписания уроков, плана развития школы, плана работы педагогического совета, плана внутришкольного контроля, плана методического совета, планов работы методических объединений, перспективного плана повышения квалификации педагогов и других планов с учетом особенностей организации образования. 3. Вопрос «Об организационно-хозяйственной деятельности школы» включает рассмотрение норм санитарного соблюдения, организации питания обучающихся, обеспечения безопасной и инклюзивной образовательной среды, правил внутреннего трудового распорядка и графика работы школы, а также иных связанных с этим аспектов. 2. ПОРЯДОК ВЕДЕНИЯ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО СОВЕТА Заседание педагогического совета открывает председатель (директор школы), который представляет повестку дня, определяет цель и задачи заседания, а также утверждает регламент его проведения. В ходе основной части заседания заслушиваются доклады и выступления директора, заместителей директора, руководителей методических объединений и приглашённых специалистов. По каждому вопросу повестки дня организуется обсуждение, в процессе которого члены педагогического совета вносят предложения и замечания. По завершении обсуждений председатель выносит вопросы на принятие решений. Решения педагогического совета принимаются коллегиально открытым голосованием большинством голосов от числа присутствующих. Все принятые решения фиксируются в протоколе заседания. Протокол ведётся секретарём педагогического совета, подписывается председателем и секретарём, а также заверяется печатью организации образования. В заключительной части заседания председатель подводит итоги рассмотренных вопросов, определяет ответственных исполнителей и устанавливает сроки выполнения решений. Принятые решения доводятся до сведения педагогического коллектива и подлежат отражению в планах работы организации образования на новый учебный год. № Вопрос Содержание 1 Открытие педагогического совета Просмотр видеоматериалов Приветственное слово, определение целей и задач заседания, утверждение повестки − Выступление Главы государства К.К. Токаева на пленарном заседании Августовской конференции (15.08.2025) − Актуальные вопросы Министерства просвещения РК Обзор инструктивнометодическим письмом МП РК, новыми нормативными актами и программами, включая вопросы Единой программы воспитания «Адал азамат», Правил соблюдения академической честности в организациях образования, Концептуальных подходов внедрения ИИ в системе образования на 2025– 2029 гг., Руководства по 2 3 О приоритетных направлениях работы организации образования в новом учебном году Ответственные лица / выступающие Председатель Время - 10 мин Заместитель директора 15 мин 5 мин 4 5 6 этичному применению ИИ и этические стандарты применения ИИ в организациях образования РК, защиты прав и непрерывного совершенствования профессионализма педагогов. Об утверждении Обсуждение и утверждение: Заместитель годового плана директора/ − рабочего учебного плана работы Руководители школы методических − списочного состава объединении обучающихся школы − учебной нагрузки педагогов (тарификация) − расписания уроков − плана развития школы − плана работы педагогического совета − плана методического совета − плана внутришкольного контроля, включая наблюдение уроков с применением Платформы «Ұстаз» − планов работы методических объединений − перспективный план повышения квалификации и аттестации педагогов − правил соблюдения академической честности в организациях образования, − внутришкольного документа, обеспечивающего соблюдение этических норм и стандартов применения искусственного интеллекта в образовательном процессе и других планов с учетом особенностей организации образования** Об Обсуждение норм и положений: Заместитель организационной директора − соблюдения санитарных хозяйственной требований деятельности − организации питания школы обучающихся − обеспечения безопасной образовательной среды − организации инклюзивной среды − правил внутреннего распорядка для работников школы − графика работы школы − и др.** Голосование, принятие решения по каждому вопросу отдельно 30 мин 20 мин 10 мин Количество вопросов, включаемых в повестку дня педагогического совета, определяется каждой организацией образования самостоятельно с учётом специфики деятельности школы, приоритетных направлений работы на новый учебный год и актуальных потребностей педагогического коллектива. Все планы работы школы (годовой, план развития школы, план внутришкольного контроля, планы работ методических объединений и др.) разрабатываются в соответствии с действующими нормативно-правовыми актами Министерства просвещения Республики Казахстан. В планах работы должны быть конкретно определены: − основные задачи школы на учебный год в рамках реализации государственной образовательной политики; − мероприятия, направленные на повышения качество образования; − меры по организации воспитательной работы и созданию безопасной образовательной среды, включая реализацию Единой программы воспитания «Адал азамат»; − направления внедрения элементов искусственного интеллекта в учебный процесс; − показатели эффективности деятельности школы (KPI). 2. Тезисы выступления директора школы (Проект) [Приветствие педагогического коллектива] [Представление приглашенных гостей] Образец: Сегодня в заседании педагогического совета принимает участие представительь территориального департамента по обеспечению качества в сфере образования/ филиала Национального центра повышения квалификации «Өрлеу» - [Ф.И.О., должность]. [Вступительное слово] Показ видеоматериалов: 1. Выступление Главы государства К.К. Токаева на пленарном заседании Августовской конференции (15.08.2025) 2. Актуальные вопросы Министерства просвещения РК Образец: 15 августа в Астане прошла республиканская Августовская конференция с участием Президента страны, Касым-Жомарта Кемелевича Токаева, который обозначил ключевые приоритеты в сфере образования. Наша общая задача - не просто ознакомиться, а претворить их в жизнь в стенах нашей школы. В своем выступлении на Августовской конференции Министр просвещения Республики Казахстан Гани Бектаевич Бейсембаев озвучил основные достижения и предстоящие задачи на новый учебный год. Мы должны взять их за основу. Ключевой ориентир — это Единая программа воспитания «Адал азамат». Это философия, которую мы должны интегрировать в каждый урок, в каждое внеклассное мероприятие. Цель программы - формирование образованного, патриотически настроенного и созидательного поколения. В этом учебном году воспитательная работа будет строиться вокруг 6 базовых ценностей, и каждый месяц будет посвящен одной из них. Например, сентябрь - месяц трудолюбия и профессионализма, октябрь - независимости и патриотизма. Это должно найти отражение в ваших календарно-тематических планах и планах классных часов. Второе важнейшее направление - интеграция искусственного интеллекта (ИИ) в учебный процесс. Начиная с этого года, мы начинаем системное внедрение ИИ. Это не значит, что компьютер заменит учителя. ИИ — это наш цифровой помощник, который экономит время и расширяет методы обучения. Все ученики 1–11 классов будут охвачены курсами «Day of AI». Необходимо всем педагогам изучить «Методические рекомендации по применению ИИ в системе среднего образования» (на сайте НАО им. И. Алтынсарина) и внедрить в практику преподавания. Для педагогов будут поэтапно организованы уровневые курсы по использованию ИИ. Уже сегодня каждому педагогу открыт доступ к онлайн курсу, разработанному НЦПК «Өрлеу» при поддержке ЮНЕСКО, на сайте https://reg.orleu.edu.kz/. В ближайшее время необходимо пройти обучение (всего – 8 уроков и тест) и получить свидетельство. Кроме того, школе необходимо разработать и утвердить внутришкольный документ, обеспечивающий соблюдение этических норм и стандартов применения искусственного интеллекта в образовательном процессе. Третий аспект - статус педагога. Глава государства подчеркнул недопустимость привлечения учителей к несвойственным им функциям. Задача педагога — учить и воспитывать. Данная Главой Государства высокая оценка роли педагога как «светоча нации» возлагает особую ответственность на педагогов, обязывая их соответствовать оказанному доверию. Для этого также очень важно непрерывно совершенствовать свои профессиональные знания и навыки. Четвертое — обеспечение безопасной образовательной среды является безусловным приоритетом. В этом направлении рассматриваются два нововведения: во-первых, внедрение программы профилактики буллинга «ДосболLIKE», направленная на формирование антибуллинговой команды; во-вторых, определение новой роли медицинского работника. Медработник оказывает не только первую медицинскую помощь, но и принимает участие в воспитательном процессе в тесном сотрудничестве с классными руководителями. И, наконец, одно из самых важных изменений этого года трансформация деятельности родительских комитетов. Разработано новое «Положение о Республиканском комитете родителей», которое выстраивает четкую вертикаль взаимодействия на всех уровнях. Задача — выстроить настоящее партнёрство по принципу «Мектеп – Ата-ана – Қоғам» (школа – родитель – общество). Новая структура выглядит так: - на уровне класса: комитет из 3–5 родителей, избираемый на первом собрании; - на уровне школы: формируется из представителей от каждого класса. Далее эта структура выходит на районный, областной и республиканский уровни. Ожидаемый результат от организации такой работы — вовлечение родителей в жизнь школы как полноценных партнеров. 3. ПРОТОКОЛ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО СОВЕТА (Проект) В завершение заседания председатель педагогического совета подводит итоги рассмотренных вопросов, фиксирует ключевые выводы и предложения. По каждому пункту повестки определяются конкретные меры, сроки их выполнения и ответственные исполнители. Итоговое слово председателя направлено на консолидирование усилий педагогического коллектива, обеспечение единых подходов к реализации образовательных задач и повышение ответственности каждого педагога за выполнение принятых решений. Данный раздел представлен в виде проекта протокола педагогического совета. Каждая организация образования разрабатывает и утверждает окончательный вариант протокола индивидуально, с учётом особенностей образовательного процесса, приоритетных направлений деятельности и задач педагогического коллектива на новый учебный год. 1. О приоритетных направлениях работы организации образования в 2025–2026 учебном году РЕШИЛИ: - принять к руководству в работе Инструктивно-методическое письмо «Об особенностях организации учебно-воспитательного процесса в 2025–2026 учебном году»; - обеспечить качественную реализацию Единой программы воспитания «Адал азамат»; - утвердить Правила соблюдения академической честности в организациях образования; − обеспечить использование технологий искусственного интеллекта в образовательном процессе, разработав и утвердив внутришкольный документ по соблюдению этических норм и стандартов применения ИИ; − администрации школы определить основными задачами школы: повышение качества образования, развитие функциональной грамотности, улучшение учебных достижений обучающихся. 2. Об утверждении годового плана работы РЕШИЛИ: − утвердить годовой план работы школы на 2025–2026 учебный год; утвердить: Рабочий учебный план, учебную нагрузку (тарификацию), расписание уроков, план развития школы, план педагогического совета, план внутришкольного контроля, план методического совета, планы работы методических объединений, перспективный план повышения квалификации педагогов и др. − ответственным лицам обеспечить своевременное исполнение утвержденных планов. − 3. Об школы организационной хозяйственной деятельности РЕШИЛИ: − администрации школы разработать мероприятия по обеспечению безопасной и комфортной образовательной среды; − заместителю директора по административно-хозяйственной работе принять меры по обеспечению безопасной образовательной среды, включая проведение инструктажей, регулярную проверку состояния противопожарной безопасности и системы видеонаблюдения; − заместителю директора по административно-хозяйственной работе и медицинскому работнику (по согласованию) обеспечить соблюдение санитарных норм в школе; − медицинскому работнику (по согласованию) обеспечить контроль за качеством продуктов и соблюдением санитарногигиенических правил в организации питания; − утвердить Правила внутреннего распорядка для работников школы и график работы школы. 4. ОФОРМЛЕНИЕ ПРОТОКОЛА Все решения фиксируются в протоколе, который ведёт секретарь. Протокол подписывается председателем и секретарём педагогического совета, заверяется печатью организации образования.
0
You can add this document to your study collection(s)
Sign in Available only to authorized usersYou can add this document to your saved list
Sign in Available only to authorized users(For complaints, use another form )