Функционалдық оқуды дамыту
Тұтас емес мәтіндермен жұмыс
Тапсырманы бағалау критерийлері:
1. Тапсырма оқу мақсатына, сабақ мақсатына және белгіленген ойлау дағдыларының
деңгейлеріне сәйкес келеді.
2. Тапсырма келесі оқу сауаттылығы дағдыларын дамытуға бағытталған:
• мәтінді жалпы түсіну;
• ақпаратты табу және жеткізе білу;
• мәтінді интерпретациялау;
• мәтіннің мазмұны бойынша рефлексия;
• мәтіннің формасы бойынша рефлексия.
Оқу мақсаты:
8.2.1.1 Тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет)
ақпараттарды салыстыру;
8.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі
(диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу;
8.4.5.1 сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс
қолдану;
Ойлау дағдысының деңгейі: Жоғары деңгей дағдылары
Оқу жағдаятының тақырыбы немесе өмірлік маңызы бар проблема:
Қазақстанда қызмет көрсетілген шетелдік туристер көлемі
Топ
Жұмыс, оқу
Қоршаған орта
Саяхаттау
Ақпараттық орта
Денсаулық және қауіпсіздік
Мәдениет және құндылықтар
Өмірлік маңызы бар проблеманың
мысалы
Мәтін осы топқа жатады
1.1. Мәтін бойынша жалпы түсінікті анықтауға арналған бірнеше
тапсырма (1-2) құрастырыңыз.
Суреттегі ақпаратты саралай отырып, Қазақстан туризмі туралы мәтін
жазыңыз, оған тақырып қойыңыз. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын
тыныс белгілерді қолданыңыз.
1.2. Ақпаратты табуға және жеткізуге арналған бірнеше тапсырма
(1-2) құрастырыңыз.
1. Мәтінде қандай мәселе көтерілген?
2. Көтерілген мәселе қаншалықты маңызды? Дәлелдер келтіріңіз.
1.3. Мәтінді интерпретациялауға (түсініктеме беруге) арналған бірнеше
тапсырма (1-2) құрастырыңыз.
1
Сөйлемдер
Мәтін мазмұнына сай «дұрыс» және «бұрыс»
кестесін құрастыруға болады.
«+»
«–»
2
3
4
5
1.4. Мәтіннің мазмұны бойынша рефлексияға арналған бірнеше тапсырма
(1-2) құрастырыңыз.
1.5. Мәтіннің ұсынылу формасына қатысты рефлексияға арналған
бірнеше тапсырма (1-2) құрастырыңыз.
1. «Екі мәтінді салыстырыңыз» деген сияқты тапсырмалар ұсынуға болады. Бұл жерде тағы да
осындай тұтас емес мәтін болу керек
1-мәтін
2-мәтін
Мәтіндердің стилі қандай? Себебі неде?
Мәтіндердің тақырыбы қандай?
Мәтіндердің түрлері қандай? Неге олай?
Мәтіндердің құрылымы қандай? Неге?