ХVIII ғасырдағы немiс ғалымы И. Георги: «Олар мылтықтарын аттан түсiп ататын», – деп жазды.
Әрбір ер кісі жауынгер болуға міндетті еді. Бұл туралы Қазақстанда XIX ғасырдың басында болған зерттеуші Я. Гавердовский былай деп жазды «Қырғыздарда (қазақтарда) әскери өнер қасиетті саналып, онымен бүкіл халық айналысты. Қару ұстай алатындардың барлығы өзімен бірге қылыш, кем дегенде пышақ алып жүруі, ал ел шетіне жау тигенде халық жасағы құрамына қосылуы тиіс болды»
Бұған Ресей зерттеушісі Ф. Назаровтың мына сөзі айқын дәлел: «Қырғыздар (қазақтар) әсіресе атқа мықты, өйткені балалары төрт жасқа келер-келместен, оларды атқа мінгізіп үйретеді. Бұлардың әйелдері де атқа мықты, қолдарына сойыл алып жауға шапқанда, еркектерге бергісіз». Жаңа заманның белгілі ағылшын ғалымы Д. Флэтчер де қазақ жауынгерлерінің ерлігі жайлы таңдана жазған: «Олар өлімнен қорықпайды, жау қолына түскеннен гөрі қолына қару ұстап ақырғы демі шыққанша шайқасып өлгенді ерлік санайды»
Алайда бекіністер Ертіс өзені бойындағы патшалықтың жағдайын күшейтуге қолайлы еді. Ондағы негізгі мақсаты Қазақ хандығы мен Жоңғар қоңтайшысына тиесілі жерлерді өзіне қосып алу еді. Бұл туралы орыс зерттеушісі Н. Коншин былай деп жазды: «Ертіс бойындағы бекіністер шебі осылай құрылды. Оның міндеті – оң жағалаудағы жерлерді жоңғарлардан, ал одан соң көп ұзамай-ақ қырғыздардан (қазақтардан) қорғау еді»
Ш. Уалиханов былай деп жазды: «Қазақтардың аңыз әңгiмелерiнде Абылай айрықша қасиетi бар киелi, керемет құдiрет иесi болып саналады. Ешбiр ханның Абылайдай шексiз билiкке қолы жеткен жоқ»
Орыс ғалымы И. Крафттың сөзiмен айтқанда, «Ол (Абылай. – авт.) қалыптасқан нақты жағдайларға қарай бiрде Ресейге, бiрде Қытайға, ендi бiрде Жоңғарияға шын берiлген болып көрiне бiлдi, ал шын мәнiнде ешкiмге де бас иген жоқ»
Белгілі орыс ғалымы Б. Куфтин былай деп жазды: «Жалпы қазақтар туа біткен шешен халық: өзінің ойын, пікірін сөз кестесіне салып, көркемдеп, мәнерлеп, бейнелеп жеткізеді».
Ш. Уәлиханов былай деп жазды: «Көшпелі адам малмен ішіп-жеп, киінеді, ол үшін мал өз тыныштығынан да бағалы. Қырғыздардағы
(қазақтардағы – авт.) амандасу да: мал-жан аман ба? деген сөзден басталады».
Мәселен, Георги қазақтардың киіз үйіндегі кілемдер туралы былай көрсетеді: «Үйге киіздер немесе кілемдер төселеді...»
алалықтарда айтарлықтай дамыған кілем тоқу ісі жайлы А. Гейнс: «Қой жүнінен жасалған киізден бөлек, жіп те иіреді, оларды түрлі түске бояп, ұзын маталар тоқиды; бұндай тоқымалар кілем орнына, ал кейде күймелі арбаның, жолым үйдің қоршауын даярлауға және онда шымылдық құруға қолданылады», – деп жазған.