Uploaded by Nurtas

Психологиялық ахуал қалыптастыру әдістері

advertisement
Әдіс-тәсілдер жинағы
Дереккөз: Ашық интернет желісі
Instagram: UK.online_bilim
Психологиялық ахуал қалыптастыру
1. «Тілек ағашы» әдісі. Оқушылар тілек ағашына жапсырылған
жүрекшелерді алып, ішіндегі тілекті сыныптасына айтады.
2. «Гүл шоғы» әдісі. Оқушылар шеңбер болып тұрып, гүл шоғын ұсынып
тілек айтады, сабаққа көңілді қатысады
3. «Комплимент» әдісі. Оқушылар жұптасып бір-біріне комплимент
айтады.
4. «Аңшы, арыстан, ханшайым» әдісі. Оқушылар екі қатарға, бір біріне қарама-қарсы қарап тұрады. Мұғалім «1, 2, 3» дегенде оқушылар
арыстан, аңшы, ханшайымның кейпіне енеді. Топтағы оқушылар бірдей
жасауы керек.
5. «Есіміне есім қос» әдісі. Оқушылар құрбысының есіміне жақсы теңеу
қосып айтады. Мысалы, әдемі Айсұлу, байсалды Талғат, т.б.
6. «Шаңырақ» әдісі. Оқушылар шеңбер болып, түрлі түсті таспалардың
бір ұштарын ұстап тұрады. Мұғалім барлық таспалардың екінші ұшын жинап,
жоғары көтереді. Шаңырақ пайда болады. Бірінші оқушы Сымбат : «Мен
ақылдымын», – деп айтады, Назерке: Сымбат ақылды, мен парасаттымын, –
деп өзі мен құрбысы туралы бір сөзбен пікір айтады, қалған оқушылар солай
жалғастырады.
7. «Маған досымның ... ұнайды» әдісі. Оқушылар сыныптасының өзіне
ұнайтын тұстарын ғана айтады. Мысалы, Аиданың елгезектігі ұнайды.
8. «Сәлемдесу» ойыны: Оқушылар мұғалімнің нұсқауымен сәлемдеседі.
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек.
«Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін
айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен жылдам амандасасыңдар. Әр адаммен
әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен…
тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен
9. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы. Барлығы орындықтарға
отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім
балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп
есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы
көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады
10.
«Жағымды сөздер» Қатысушылар шеңбер бойымен отырады.
Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады.
Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез келгенін таңдайды да,
оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа
бір сөзден тұрса болады.
11.
« Кездесу» ойыны. Оқушылар жай әуенмен екі шеңбер болып
қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, оқушының
қасиетін айтады.
12.
Сәлемдесу. «Жылдың қай мезгілі?» әдісін қолдану.
Оқушыларға тапсырма: Тоңған және ыстықтаған, жылынған және
босаңсыған кездеріңді көрсетіңдер.
2
Жарайсындар! Жақсы көңіл күймен сабаққа кірісейік.
13.
«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені
беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы жүрекшені алып,
жалғастырады. Бірақ бір оқушы айтқан тілекті басқа оқушы қайталамауы
керек.
Қайталаса, айыбын өтейді. Айтылған сөздің авторының тапсырмасын
орындайды.
14.
"Би терапиясы" жаттығуын жасайды. Оқушылар шеңбер жасап
тұрады. Музыка ойнайды. Басқарушы биді орындайтын дене мүшелерін
кезекпен айтып тұрады.
-қолдың саусақтарымен билеу;
-қолмен билеу;
-баспен билеу;
-иықпен билеу;
-ішпен билеу;
-аяқпен билеу;
15.
«Символды тілек» ой-сергіту арқылы жағымды психологиялық
ахуал қалыптастыру (сиқырлы сандықшаның ішінде: флешка, модем, телефон,
құлаққап, сағат, сызғыш, өшіргіш, қалам т.б. сөздер жазылған парақшаларды
оқушылар көзін жұмып тандайды.). Алған заттарыңыздың қызметін тілекке
айландырамыз мысалы: сағат – уақыт алтыннан да қымбат, өшіргіш –
қателікке жол жоқ.
16.
«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы Жүргізуші:
«Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, қолдарыңды тізелеріңе
салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем алыңдар: Ойша: «Мен арыстанмын»,деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар; Дауыстап: «Мен құспын»,- деп деміңді
ішке ал, сыртқа шығар; Дауыстап: «Мен гүлмін»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа
шығар; Дауыстап: «Мен сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың,
сенің қолыңнан бәрі келеді».
17.
«Жылы жүрек – ізгі тілек» сергіту сәті. Оқушылар жүректі бірбіріне ұсыну арқылы ізгі тілектерін айтады
18.
«Жаңалық ашамыз» ойыны Заттардың негізгі қасиеттерімен
қоса қосалқы қасиеттерін ашу үшін тапсырма беріледі. Бұл кәдімгі жеңіл
ойдан арылу, айналаға сын көзбен қарау, жаңалық ашуға ұмтылу үшін керек.
Мысалы, «Сіріңке жанып, жарық беріп қана қоймайды, бір жағынан салмағы
мен ұзындығын жоғалтады; су – сұйық, бірақ оны қатырған кезде құрылыс
материалы ретінде қолдануға болады (мұз қала салу) т.с.с. Оқушыларға
қарапайым заттардың өзгеше қасиеттерін ашу тапсырылады. Мысалы,
полиэтиленді қақпақ, қаламсаптың пайдаланылған өзекшесі, шеге, балмұздақ
т.с.с.Бұл тапсырма талантты және дарынды балалардың қабілетін ашуға
көмектеседі. Сонымен қатар оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды
3
әсер сыйлайды.
19.
«Айдаһар» ойыныОқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бірбірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы«Айдаһардың басы», соңындағы
оқушылар – «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек. Бұл ойынды
ойнату арқылы сыныпта психологиялық жағымды көңіл күй орнығады.
Оқушылардың сабаққа көтеріңкі көңіл күймен белсене қатысуына септігін
тигізеді.
20.
«Ассоциативті қатар» ойыны Мұғалім тақтаға бір сөз немесе
сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден
пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты
ассоциация сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып,
артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды.
Мысалы: дыбыс, «Дыбыс жазу», программа, өңдеу т.б. Мұғалім парақтарды
жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды.
Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба
немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады
(оқушының өз тәжірибесі). Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын
жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа
тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.
21.
«Пальма, піл мен қолтырауын» ойыны
Қатысушылар үш-үштен бөлініп тұрады. Модератор топтардың қайсысы
нені бейнелейтінін көрсетеді. Мысалы, «пальма» десе, ортадағы ойыншы
пальма ағашын бейнелейді, қалған екеуі пальмаға соғып тұрған желді
бейнелеуі тиіс. «Піл» десе, ортадағы ойыншы пілдің тұмсығын, қалған екеуі
құлақтарын көрсетеді. «Қолтырауын» десе, ортадағы ойыншы қолтырауын
аузын, екеуі жотасын көрсетуі тиіс. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық
жағымды көңіл күй сыйлайды/.
22.
«Портрет» ойыны
Қатысушылар төбелеріне А4 форматтағы қағазды қойып алып, 5 минут
музыка әуенін тыңдай жүріп, өз тобындағы қалаған біреудің портретін салады.
Музыка тоқтаған соң, астына өз қолтаңбасын қалдырып, портретті иесіне
сыйлайды. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй
сыйлайды/.
23.
«Бірлік» әдісі
Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір
мезгілде саусақтарын ашады. Мақсат: оқушылардың барлығы да бірдей
саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткенге
дейін жалғасады. Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек.
/Бұл оқушыларға психологиялық жағымды ахуал туғызады, ынтымаққа
баулиды/.
24.
«Айна» ойыны
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада
отырса да болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бетәлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді
4
қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін
оқушылар рөлдерімен алмасады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық
жағымды ахуал орнатады/.
5
Топқа бөліну
1. Ән шумақтары бойынша топқа бөліну Оқушыларға ел арасында көп
тараған немесе оқушылардың сүйіп орындап жүретін әндері-нің шумақтары
мен қайырмасы(немесе бір тобы құралатындай ән қатарлары) жазылған
карточкалар таратып беріледі.Оқушылар сол әнді құрастырып,топқа бөлінеді
және бірлесіп осы әнді айтуларына болады.
2. «Сандар» арқылы топтарға біріктіреді. Оқушылар шеңберде тұрған
қалпында сандарды айтып топтарға бірігеді.
3. «Сағат» әдісі Оқушылар сыныпта еркін жүреді. Мұғалім бір дегенде
сағат 12- де, 2 дегенде 15-те, 3 дегенде 18-де кездесетін достарын жазып топ
құрады.
4. «Конфеттер» әдісі. Оқушылар қоржыннан алған конфеттердің түстері
арқылы топтарға бірігеді.
5. Жемістер арқылы топтарға біріктіру Оқушылар себеттен жемістердің
түрін таңдайды. Жемістер арқылы топтарға бірігеді.
6. Ауа райының құбылысы бойынша топтарға біріктіру. Оқушылар ауа
райы болжамы арқылы топтарға бірігеді. «жаңбыр», «бұлт», «қар»
7. Фигуралар арқылы топтарға біріктіру. Оқушылар геометриялық
фигуралар арқылы топтарға бірігеді.
8. «Топтасқан сандар» тәсілі арқылы топтарға біріктіру. «Топтасқан
сандар» тәсілі арқылы 1, 2, 3 деп ретімен саналған бойынша оқушылар топқа
бірігеді.
9. «Үйшік» әдісі. Оқушылар жұптасып үйшік құрады. Үйшіктің ішінде
тұрғын Мұғалім «тұрғындар ауысады» дегенде тұрғындар ауысады. Үйшік
ауысады дегенде үйшік ауысады. «Тұрғындар жұптасады» дегенде екеуден
жұптасады. Бос қалған үйшіктер тұрғын болып үйшіктерге кіреді. Топтарға
осылай бірігеді.
10.
«Мозайка» әдісі. Оқушылар «жұлдыз», «ай», «күн» суреттерін
құрастыр
11.
«Жүзік салу» әдісі. Қолға үш түрлі ұсақ моншақтар жасырып,
оларды оқушылардың қолдарына біреуден салып шығады. Қолдарындағы
моншақтардың түстері арқылы топтарға бірігеді.
12.
Оқушылар әлеуметтік желіде жасалатын әрекеттер арқылы топқа
бірігеді: пікір, лүпіл, селфи.
13.
Телефон түрлері арқылы топтарға бірігеді: LG, Samsung, Nokia
14.
Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері
бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас
құралдармен 3 топқа бірігеді. топ: Кітап топ: Дәптер топ: Қаламсап
15.
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы
6
16.
«Шашылған әріптер» әдісі арқылы сынып оқушыларын
топтастыру. Оқушылар үстел үстінен әріптерді алып, әріптермен сөздер
құрастырады. Шашылған әріптерден бірлік және бейбіт сөздері шығады
17.
Оқушыларды топтастыру үшін қолдануға болады. Қатысушылар
көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жердің
аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі
арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.
Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік
туғызады.
18.
«Төрттік» әдіс Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала»,
«дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша 4
топқа бірігеді. Сонымен қатар әке, ана, бала, дос туралы әннің бір шумағын
ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасайды.
19.
«Пазлдар» әдісі
Мақсаты: Командалар құру, топ ішінде рөлдерді бөлу дағдысына
үйрету.
Ресурстар: Кішкентай «миқатырғыш пазлдар» (суретті открытканы
бірнеше бөліктерге бөлуге де болады)
Ойын барысы: Әр топ «миқатырғыш пазлдар» алады. Мақсат –
бөліктерді жылдам жинау.
Жаттығудың психологиялық мәні: Қатысушылар ойын түрінде
командада тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға,
ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.
Талдау: Командада тапсырманы орындау қалай болды? Неліктен?
Тапсырманы тиімді орындау үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
7
Үй жұмысын сұрау, Өткен тақырыпты пысықтау, қайталау
1. «Өкіл» әдісі. Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір
адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін және
басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не
білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады. Бұл — зеріктіретін және
қайталана беретін «өз тобына хабарлау» әдісінен аулақ болу үшін
қолданылатын тиімді әдіс. Сондай-ақ, бұл өкіл тілін қолдануға және белсенді
тыңдаушылар тобын құруға жағдай жасайды.
2. «Сұхбат алу» Ортаға үш оқушы шақырылады. Екі оқушы бір-бірімен
тақырып бойынша сұхбат құрады. Үшінші оқушы түсінгенін әңгімелейді.
3. «Автор орындығы» әдісі - Оқушылар «Заманауи қоғамда деректер
базасымен жұмыс жасаудың маңызы» тақырыбында жазып келген мақаласын
тақтадан орындықта отырып оқып береді.
4. «Галереяны шарлау». Қабырғаға дайындалған постер ілінеді.
«Галереяға саяхат» – топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға
газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін
немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар
жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының
пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды
жасайды.
5. «Бір минуттық әңгіме» тәсілі Оқушылар қарама-қарсы сызық
бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма
туралы әңгімелесулеріне болады немесе жаңа сабақты бекіту мақсатында өз
ойларымен бөліседі.
6. «Блиц кездесу» Өткен тақырыптағы қосымша тапсырмалардың
шешімін жұптасып талдайды.
7. "Дұрыс*Бұрыс" әдісі Ойын шарты бойынша өткен сабақ туралы
бірнеше дұрыс және қате мәліметтер жазамын, сыныпты үш топқа бөліп
тұрғызып, екі орындық қоямын, дұрыс мәлімет оқылса дұрыс орындығына
немесе керісінше жылдам отыру керек, кім біріншісоған смайликтер
беремін,соңында қай топтың смайликтері көп санаймыз
8. «Серпілген сауалдар» әдісі Оқушылар шеңбер болып тұрады. Допты
лақтыру арқылы өткен тарау бойынша сұрақтар қояды.
9. «Фишбоун» әдісін қолдану арқылы өткен сабақтан алған
ақпараттарды естеріне түсіруге көмектеседі. Оқушылар балық қаңқасын
сызады. Жоғарғы қабырғаларына өткен тақырып туралы сұрақтар жазады.
Келесі топ төменгі қабырғаларына жауаптарын жазады. Оқушылар өткен
сабақтан алған білімдерін естеріне түсіреді.
10.
«Әңгіме алаңы» ойынын ұйымдастыру. Мұғалім бөліктерге
бөлінген шеңбер салынған плакатты оқушыларға ұсынады. Оқушылар әр
бөлікке өткен тақырып бойынша сұрақтар жазады. Шеңбердің ортасына қалам
ұшына түйреуішті қойып айналдырады. Түйреуіш қай оқушыны нұсқап
тоқтаса сол оқушы сол сұраққа жауап береді.
8
11.
«Таза тақта» әдісі оқушылардың нені үйренгенін анықтауға
көмектеседі. Оқушылар интерактивті тақтада берілген сұрақтарға жауап
береді. Әр сұраққа жауап бергенде сұрақ өшіріледі. Соңында таза тақта қалады
12.
«Ішкі-сыртқы шеңбер» әдісін қолданып өткен сабақты пысықтау
Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер болып бір-бірлеріне қарап тұрады.
Бірінші болып ішкі шеңбер сұрақ қояды, сыртқы шеңбер жауап береді. Бір
минуттан соң сыртқы шеңбер сұрақ қояды, ішкі шеңбер оған жауап береді.
Осылай ауысып отырады.
13.
«Сыр сандық» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау Өткен
сабақтан есте қалған 10 анықтаманы жазады. Осы аталған анықтамалардың
ішінен ұнаған үшеуін белгілеп, солар туралы толығырақ мәлімет жазып,
сандыққа салады.
14.
«Аялдама» ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау Өткен сабақ
бойынша маңызды сөздерді параққа жазып бірнеше партаға қояды. Әр топ
түрлі түсті қалам алып, әр параққа аялдай жүріп білетіндерін жазып шығады.
15.
«Бомба» әдісі Әр топтың партасында үрленген шар тұрады.
Топбасшысы шарды жарып ішінен тапсырма алады. Оқушылар
тапсырмаларды орындайды
16.
«Жаңбырша жауған сұрақтар» әдісі. Әр топ параққа сұрақтар
жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері
лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алып оқушы, сол жауаптан сұрақ
тудырып, әрі қарай лақтырады. Ойын осылай жалғаса береді.
17.
«Алтын саха» ойыны. Оқушылар қоржыннан нөмірленген
сахаларды алып сұрақтарға жауап береді.
18.
Сын тұрғысынан ойлаудың «Кубизм» стратегиясын қолданып
өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастырып қызу оқу жұмысымен шұғылдануға
қызығушылығын ояту мақсатында проблеманы шешуді ұсыну. «Кубизм»
аясында талдаңдар: Сипатта (түрі, түсі, көлемі). Салыстыр (ұқсастығы,
айырмашылығы). Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады). Дәлелде (қарсы
және қарсы емеспін). Талда (қалай жасалған, неден тұрады). Ой толғау (бұл
неден жасалған).
19.
«Шатастырылған логикалық тізбек» әдісі Мұғалім оқушыларға
дұрыс және дұрыс емес сөздер жазылған ретті ұсынады. Оқушылар жекелей
жұмыс жасайды, тапсырманы оқиды, шатастырылған тізбекті белгілейді.
Өзінің тапқан сөздерін топтағы оқушылармен бөліседі, толықтырады, қатесін
түзейді
20.
«Екі жақты күнделік» әдісі Оқушылар дәптердің бетін (не
таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөледі. Өткен
сабақта тапсырмаларды орындағанда олар: Бөліктің оң жағына – есепті
программалау кезіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады. Сол
жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп
салдары қандай, қандай сұрақ тағы басқа).
21.
«555» әдісі
Мұнда оқушылар топ ішінде өткен тақырып бойынша түйінді идеяларды
9
жазады. Мұндағы бірінші 5 – топ саны, екінші 5 – идеялар саны, үшінші 5 –
уақыт.
Сондықтан топ санына байланысты 434 деп (т.б.) өзгертуге болады, яғни
4 топ 4 минут ішінде 3 тақырыптың түйінін жазуы керек.
22.
«Сынық вагон» әдісі
Оқушылар арасынан сарапшылар сайланады. Вагондар нөмірленеді.
Сарапшылардың міндеті – вагондарды рельске қосу. Кезекпен нөмір бойынша
вагондарды шақырады. Олар тараудың басынан білетіндерін айтады.
Сарапшылар кез келген жерінен тоқтатып, келесі вагонды шақырады.
Жалғастырылмаған вагон сынық болады. Оған соңына дейін тыңдап,
қайталауға мүмкіндік беріледі.
23.
«Тізбектер» әдісі Оқушылар тізбектеле тұрады. Мұғалім, не бір
оқушы тақырыпқа қатысты бір сөз айтады. Келесі тұрған оқушы оны
жалғастырады, яғни тақырыпқа қатысты сөз айтады. Осылайша жалғаса
береді. Кезегінде айта алмаған оқушы шығып кетеді.
24.
«Үш пікір» әдісі Ортаға бір тақырып тасталады. Сол тақырып
төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына
3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын
қолдарындағы заттарын ортадағы қорапқа тастап отырады. Бұл әдіс
сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде пікір білдіруіне мүмкіндік
жасайды.
25.
«Біреуін аласың - біреуін бересің» әдісі
1. Белгілі бір факт немесе статистикалық деректері бар қағаз парағы әрбір
оқушыға таратылады. Мүмкіндігінше әрбір оқушы үшін әртүрлі тұжырым
болғаны жақсы.
2. Оның тұжырымның мағынасын түсінетіндігін анықтау мақсатында,
оқушылар өздерінің тұжырымдарын оқиды.
3. Оқушылар сынып ішінде жүріп, өздерінің тұжырымдарын басқа
оқушылармен бөліседі. Оның мақсаты – өзінің фактісін барынша көп адамға
түсіндіру.
4. Оқушылар мысал келтіре отырып, өз түсініктемелерін толықтыра
алады. Егер қисыны келсе, олар өз тұжырымдарын басқа оқушылардың
тұжырымдарымен байланыстыруы тиіс.
5. Фактілермен алмасуға арналған уақыт аяқталғаннан кейін, оқушылар
тапсырманы орындау барысында алынған ақпаратты жүйелеу үшін шағын
топтарда жұмыс істейді.
6. Кейіннен жауап алу жүргізілген кезде оқушылар өздерінің санаттау
жүйесін түсіндіреді және дәйектейді.
7. Олар сонымен қатар әртүрлі фактілерге/деректерге қатысты өздерінің
реакциясымен бөлісуі мүмкін. Оларды не таңғалдырды? Оларды не әбіржітті?
Қандай да бір тұжырым оларды мұңға батырды ма немесе бақытты етті ме?
Немесе қандай тұжырым оларды қызықтырды?
8 Оқушылар өзінің жеке оқуы туралы ойлануы мүмкін. Олар қандай
ақпаратты есте жеңіл сақтайды? Олар үшін ең маңыздысы не?
10
9 Барлық сауалдар бойынша басты тұжырымдарды тақтаға немесе оқу
плакатына жазып қоюға болады
26.
«Кір жаю» әдісі Оқушылар түрлі түсті қағаздардан киім үлгілерін
қырқады. Әр киімге өткен сабақтар бойынша білетінін жазып, сымға
қыстырып қояды. Топтар жұмыстарын қорғайды. Киім көп болса,
оқушылардың білім дәрежесі де көп екендігі анықталады.
27.
«Ғажайып алаң» әдісі Плакатқа үлкен шеңбер бірнеше бөліктерге
бөлініп, сызылады. Әр бөлікке сұрақтар жазылады. Түйреуішті қаламның
ұшына қойып, шеңбердің ортасына қадап, түйреуішті айналдырады. Түйреуіш
тоқтаған сұрақ түйреуіш бағытталып тұрған оқушыға қойылады.
28.
«Дүкен» ойыны. Анықтамалар бірнеше бөлікке бөлініп, топтарға
таратылады. Әр топ өткен тақырып бойынша бес сұрақтан дайындайды.
Топтарға анықтамаларды құрастыру ұсынылады. Топтар өздеріне қажет сөзді
алу үшін дүкендерге барады. Дүкен иелерінен қажет сөзді алу үшін
сұрақтарына жауап берулері керек. Жауап берген соң алған қиындыларын өз
топтарына алып келіп құрастырады
29.
«Ғажайып ұяшықтар» ойыны Интерактивті тақта арқылы 10,
20, 30 балл жазылған қызыл, жасыл, көк түсті алты ұяшықтан тұратын кесте
беріледі.
Оқушылар кестені таңдап ішіндегі тапсырмаларды орындайды.
30.
«Квест» ойыны. Мысалы, Photo- Brush құралдарының суреттері
топтарға беріледі. Суреттің аттары жазылған парақшалар сынып ішінде
жасырынған. Оқушылар парақшаларды жылдам тауып суреттерге жапсыруы
керек. Бірінші жеңген топ жеңілген топқа өткен сабақ туралы сұрақтар қояды.
31.
«А,В,С» әдісін қолдану. А - сұрақ қояды. В - жауап береді. С –
айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады. Оқушылар топта
үшеуден отырады. А– сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С– бақылаушы рөлін
атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында
қорытынды береді.
32.
«Алдын ала берілген атаулар» әдісі: Мұғалім сабақ басында жаңа
тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып ,
оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен
байланысы туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке,
жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша, яки жазбаша (соңғысы тиімдірек)
орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының ойы мен пікірін
тыңдауына болады. Мысалы: «Тәуелділік», «Интернет», «Интернетке
тәуелділік», «Әлеуметтік желі», «Виртуалды таныс арттыру», «Ақша
табу»,«Құмар ойыны».
33.
«Артығын алып таста» Оқушыларға кестеде өткен тақырып
бойынша мәліметтер жазылған кесте беріледі. Оқушылар артық сөздерді алып
тастаулары керек.
11
34.
«Броундық қозғалыс» Сынып ішіне тақырыпқа қатысты
мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде
қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.
35.
«Тыңдап отырған үштік» әдісін қолдану Оқушылар топта
үшеуден отырады. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы
рөлін атқарады. Сөйлеуші өткен тақырыпқа байланысты бір сөз айтады,
сұрақты түсіндіреді. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады және
түсініктеме беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып,
әңгіме соңында қорытынды береді. Келесі жолы рөлдер ауысады.
36.
«Конверт - сұрақ» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты
байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сыныпқа төмендегі сұрақтар конвертте беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
12
Практика жасау, жаңа тақырып талқылау
1. «Қар үйіндісі» әдісі Оқушылар ең алдымен жекелей жұмыс жасайды.
Ол үшін оқушыға бір тақырып беріледі. Оқушылар оған жеке ізденеді, жауап
береді.Кейін жұп болып екі жауапты бір жауап етеді.Осыдан кейін жұп
қосылып төртеу болып бір түйін шығарады.
2. «Кілем» әдісі оқушыларды ұжыммен жұмыс істеуге үйретеді.
Ұйымдастыру: оқушылар жұппен жұмыс істейді. Әр оқушыға міндеттер
бөлініп беріледі. Бір оқушы оқиды, мазмұндайды, сөздікпен жұмыс жасайды,
талқылайды
3. «Ментальды карта» әдісі. Бейнежазбаны көріп отырған кезде қажетті
сөздерді
(сурет атауларын) дәптерлеріне жазып отыру тапсырылады.
Тапсырма: ментальды карта дайындап, сол арқылы өз ұғынғандарын ортаға
салу (таныстырылым)
4. RAFT стратегиясы – Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге
еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын
жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара
домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен
әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім
арқылы жеткіземін. т.с.
5. Тірек сөздер стратегиясы – Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар
тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің
құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде
логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта
ақылдасады. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиалы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама
және шығарма жазуға жақсы дайындық.
6. «Ойлан, жүптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты оқып, ойланып,
топтың ішінде оқушылар өзара бір-біріне түсіндіріп көмек береді.Топқа
түсініксіз болған ақпараттарды талдау үшін мұғалім көмек береді.
7. «Зымыран сұрақтар» әдісі Оқушылар қағазға тақырып туралы
сұрақтар жазып ұшақ жасайды. Келесі топқа ұшырады, ол топ сұрақтарға
жауап береді.
8. «Досыңа әңгімелеп бер» әдісі Оқулықта берілген ақпарат бойынша
білгендеріңді жұбыңа әңгімелеп бер.
9. «Зерттеушілік конференция» әдісін қолдану арқылы жоба
жұмыстарын қорғауға ықпал ету. Оқушылар ұсынылған тақырып бойынша өз
жобаларымен таныстырады. Жоба бойынша сыныптастарының пікірін
анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын анықтайды. Жобаны
қорғайды.
13
10.
«Әрқашан күн сөнбесін!» ойыны. Тақтаға бұлт басқан күннің
суреті ілінеді, әр бұлтта тапсырмалар берілген. Оларды орындау барысында
күннің көзі ашылады.
11.
«Төрт терезе» әдісі
БОЛЖАУ(Қандай сұрақтар
ТҮСІНДІРУ
(Сабақ
өзекті?)
тақырыбын қалай түсінесіз?)
ТҮЙІНДЕУ Негізгі
БАҒАЛАУ(Қажеттілігі
идеяларын
қандай?)
атаңыз)
12.
«Карусель» стратегиясы. «Қолдану және талдау» айдарындағы
тапсырмаларды орындау. Әр топ өзінің бір түсті маркермен А3 немесе А4
парағына тапсырманы орындайды. Уақыт өткен соң жұмысты шеңбер
бойынша басқа топқа береді және өздері де басқа топ жұмысын алады, өз
ойларын параққа жазып бағалайды.
13.
Жаңа тақырыпты «ЗИГ-ЗАГ» әдісі арқылы зерделеу. Топ ішінде
оқушылар 1, 2, 3, 4 санына саналады. Содан кейін барлық біріншілер – бірінші
эксперт тобы, екіншілер – екінші эксперт тобы, барлық үшіншілер – үшінші
эксперт тобы, барлық төртіншілер – төртінші эксперт тобына бірігеді.
Эксперттік топ материалды зерттейді, шпаргалка дайындайды (шпаргалкада
сызбалар, кілттік сөздер болуы керек, бірақ сөйлемдер жазуға болмайды!), өз
топтарына оны түсіндіреді және қалай түсінгендерін тексеру үшін үш сұрақ
қояды.
14.
«ББҮ» стратегиясы.
1.Оқушылар топта оқулықтағы мәтінді оқиды.
2. Жеке түрде бірнеше минутта осы тақырып бойынша білетіндерін
(тірек сөздермен) жазады.
3. Жеке тізімді құрастырған соң топта оқушылар нәтижелерімен
ауысады
4. Мұғалім дәптерлерінде «Білемін. Білгім келеді. Үйрендім» кестесін
сызуды сұрайды.
Мұғалімнің нақтылау сұрақтары арқылы « Білемін» бағанасын
толтырады.
5. «Білгім келеді» бағанасын мұғалім көмегімен толтырады.
6. Мәтінді оқып, оқушылар «Білдім» бағанасын толтырады.
15.
«Данышпан үкілер» әдісі
Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері
Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жаз.
Мәтіннен сен күтпеген, сенің бұрынғы ұғымдарыңа қарсы тұрған ақпаратты
тап. Саған жаңалық болған ақпаратты жаз.
Маңызды өмірлік даналық
Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдір.
Таныс және таныс емес
Мәтіннен саған алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты
14
тап.
Иллюстрациялық бейнелеу
Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп
көрсет.
Үлгі боларлық қорытынды
Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды
шығаруға бола ма?
Талқылауға арналған маңызды тақырыптар
Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын
ойларды, пікірлерді табыңдар.
16.
«Жәшіктегі кітаптар» әдісі
Ортаға әсем безендірілген жәшік әкелінеді.
Мұғалім: «Сыртындағы суреттерге қарап, осы жәшіктің ішінде не бар
екенін тапқан оқушыға сыйлығымыз бар».
Оқушылар: «Кітап».
Мұғалім: «Дұрыс, кітап!».
Оқушылар әрқайсысы өз кітаптарын алып, 5 минут көлемінде мұғалімнің
тапсырмасы бойынша кітаптағы тақырыптың мәтінін оқиды. Содан соң
балалар 5 минуттай бір- біріне осы оқулықтағы тақырып туралы ойларын
жеткізу тапсырылады. Бір-біріне сұрақтар қойып, ойларын толықтырады.
17.
«Мағынаны тану» әдісі
Ойлау мен үйренуге бағытталған әрекет мағынаны тану (түсіне білу) деп
аталады. Мағынаны ашып, мәнін тану үшін оқушы бұл кезеңде жаңа
ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жүмыс істейді, тапсырмалар
орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай
жасалады (арнайы мәтіндер, тапсырмаларды, түрлі амалдарды қолдана беру,
әртүрлі әдістерге сәйкестендіру, т.т.). Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды.
Өзара талдау жүргізеді. Мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, тексеріп отырады.
18.
«Мені түсін» әдісі
Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне
жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ
пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөз
жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын
ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен
сәйкес келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз деп танылады. /Бұл
тапсырмадан оқушылар жаңа сабақтың негізгі ақпаратынан хабардар
болады. Әрі жаңа сабақты түсінген немесе түсінбегені айқындалады/.
15
Сергіту жаттығулары
1. Оқушыларға аңдар, құстар және жәндіктердің суреті бар карталар
таратылады. Мұғалім екі аяқтылар дегенде екі аяқтылар (қарлығаш, аққу,
кептер т.б.) қол көтереді, төрт аяқтылар дегенде төрт аяқтылар (жолбарыс,
қоян, қасқыр т.б.), көп аяқтылар дегенде көп аяғы бар (өрмекші, сегізаяқ т.б)
болып қол көтереді. Бұл іс-әрекеттен байқағанымыз «тірі табиғат» әлемі
көптеген құрылымнан тұратындығы сияқты, әрбір ақпараттық мәліметтің
өзіндік құрылымы бар.
2. «Атомдар мен молекулалар» ойыны. Мұғалім «атомдар» деген кезде
ойыншылар жеке- дара жүреді де, «молекулалар бесеуден» немесе
«молекулалар үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада
топтасады.
3. «Көпір» ойыны. Еденде бормен көпір (түзу) сызылады. Екі топ болып
бөлінген, бір-біріне қарсы шыққан балалар көпірден құлап қалмай өтуі керек.
Балалар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп
жіберулері керек. Бұл ойыннан біз бір ақпаратты бірігіп қолдануымызға, жанжақты жолмен жүрсек те бір көпірден бірге өту жолын табу қолымыздан
келетіндігін түсіндік.
4. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы. Ең алдымен жүргізуші
бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ...
қайырымды адамсыз», – дейді. Әр қатысушы жүрекшені алып, жалғастырады.
Бірақ бір оқушы айтқан тілекті басқа оқушы қайталамауы керек. Қайталаса
айыбын өтейді. Айтылған сөздің авторының тапсырмасын орындайды.
5. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы. Қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Мен сендерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін.
Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сенің қолыңда піл деп
жазылған болса, сен тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін білесің.
(Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса,
жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады). Сенің текшеңде не жазылғанын
оқы. Жазуды сен ғана көруің керек. Енді текшені жинап қойса болады.
Әрқайсыңның міндетің – өз сыңарыңды табу. Бірақ сөйлеспейсіңдер, тек
әртүрлі қимылдар арқылы кез келген әрекетті үнсіз жасайсыңдар. Егер өзіңнің
жұбыңды тапсаң, бірге тұрыңдар, бірақ үндемейсің, сөйлеспейсіңдер. Тек
барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын
тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз
кімсіз?» деп сұрап шығады.
6. «Сиқырлы жұмыртқа» ойыны. Әр оқушы жұмыртқа бейнесінде
берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады.
«Тұрғындар мен үйшік» ойыны Екі оқушы бір-бірінің қолдарын жоғары
көтеріп ұстап үйшік болып тұрады. Үйшіктің ішінде бір оқушы тұрғын болып
тұрады. Мұғалім үйшіктер ауысады дегенде үйшіктер қолдарын жібермей
ауысады. Тұрғындар ауысады дегенде тұрғындар ауысады, үйшік орнында
қалады. Қателесіп ауысқан үйшік немесе тұрғындар ойыннан шығарылады.
16
7. «Кім екенін тап» ойыны Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей, өзөзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды- ұнамсыз қасиеттерін
жазу. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап араластырады да,
арасынан біреуін алып дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін
табуы керек.
8. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. Қатысушылар шеңбер құрып
отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған
адамгершілік қасиеттер. Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты
таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.
Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.
9. Оқушыларға көгөністер мен жемістердің суреті бар карточкалар
таратылады. Бірақ көгөніс суреті бар карточканың артына жемістің аты
жазылған. Оқушылар жазылған жеміс немесе көгөністі өзіне алу үшін қажет
мәлімет бар оқушыға мақтау айтады. Бір топ көгөністерді, екінші топ
жемістерді жинайды.
10.
«Пойыз» Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп
саналу керек. Бірінші қадам – алақанмен шапалақтау, екі рет аяғымен
топылдату. Екінші қадам - екі шапалақ, бір топылдату. Қозғалыс кезекпен
қайталанады: бірінші - екінші - бірінші - екінші және т. с. с шеңбер бойынша:
пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын барысының өн
бойында қарқын үнемі тездетіледі.
11.
«Ыстық алақан» тренингін (бір-бірінің қолдарын ұстап оң
алақандарын бір-бірінің үстіне қойып лебіздерін білдіру)
12.
«Жақсы қасиеттерін тап» Оқушылардың есімдері жазылған
парақшалар таратылып беріледі. Кімге қай оқушының аты түссе сол параққа
сол оқушылардың жақсы қасиеттерін жазып айтады. Ал басқалар кімді
айтқанын табу керек.
13.
«Бұрылып секіріс» ойыны (қатарда). Оқушылар арақашықтығы
кем дегенде жарты метрдей, бір бағытқа қарап тұрады. Дабыл берілгенде бір
мезетте барлығы орнында бұрылып секіреді. Секіргенде кез келген жағына
бұрылып (90º, 180º немесе 360º - қа дейін) секіруге болады. Қалай және
қаншалықты айналуына болатындығын әркім өзі шешеді. Бірақ ақылдасуға
болмайды. Кезекті секірістен кейін бір бағытқа бұрылып тұру керек. Күрделі
нұсқасы әр секірісте көзді жұмады. Көзді жұмған қалпы ашпастан жаттығуды
жасауға болады, онда оқушылар арасында өзекті қатынас бір жүйемен
шешіледі.
14.
«Ақ парақ» жаттығуы Оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырма
беру. 1-ші топқа қағазды жырту, ал 2-ші топқа қағазды бірнеше жерінен тесу
беріледі. Берілген ақ парақтар бойынша, қандай жағдаяттарды немесе
аңыздарды айтуға болады. Айтылатын ойды дәлелдеп беру керек. Қағазды
жыртқан және шұрқ тескен кезде қандай ойда болдыңыз?
15.
«Сөзден сөзді ізде» ойыны Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер
құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:
17
«Трансформатор», «Талдықорған» сөздерінен форма, қорған, тор, тал т.б.
сөздерді алуға болады.
16.
«Алып» ойыны Екі бала қатар тұрады, біреуінің сол аяғын
екіншісінің оң аяғына байлайды, сөйтіп бір белгіленген жерге барады. Немесе
үш, төрт т.б. балаларды бірге байлайды, сосын олар бірге жүруге тырысады.
(Бақаға ұқсап секіреді т.б.)
17.
«Сиқырлы қалам» ойыны оқушының сабақтағы көңілкүйін
қалыптастырады. Оқушылар қаламды алып қағазға өздеріне ұнамайтын
қасиетті жазып келесі оқушыға береді. Соңында мұғалімге қайтып береді.
Қағазды умаждап қоқыс шелекке тастайды. Сабаққа көңілді қатысады.
18.
«Жүректен жүрекке» тренингі. Оқушылар бір-біріне жүректі
ұсынып, сабаққа сәттілік тілейді. Сабаққа көңілді қатысады.
19.
«Бинго» әдісі. Оқушылар сыныптастарының арасынан ата-әжесі
бар, әкесі мен анасы құрдас, бір ағасы, бір әпкесі мен екі інісі бар адамды
табуы керек. Кім бірінші тапса, онда «Бинго» деп айту керек. Ол оқушыға
сыйлық беріледі.
20.
«Сөзсіз» әдісі. Оқушылар айтылған сөзді қимылмен көрсетеді.
«Үзіліске қоңырау соғылды», «Еріген балмұздақ», «Жарылған доңғалақ»,
«Қураған гүл»
21.
«Арқаға сурет салу» ойыны арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа
бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында
тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма,
алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған
оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін
саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның
арқасына өзінің арқасына салынған затты салады.
Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына
салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.
Оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа деген сәттілін, жақсы тілегін білдіреді.
22.
«Күн! Тас! Қоршау!» ойыны
Ойын оқушылардың зейіні мен қозғалыс жылдамдығын дамытуға
бағытталған. Ойын шарты: оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады.
Кезек-кезек балаларға «Күн»,
«Тас», «Қоршау» атты бұйрықтар беріледі. Сөздердің айтылу ретін үнемі
өзгерту қажет. Оқушылар әрбір сөзге қимылмен жауап берулері шарт. Егер
«Күн» деген сөз айтылса, олар алақандарын ашып, саусақтарын тарбитып,
қолдарын жоғары көтереді. «Тас» сөзінде қолдарын түюлі жұдырықтарымен
көтереді. «Қоршау» сөзінде алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ
саусақтары бір-біріне тығыз жанасып тұруы керек. Ойын жылдамдығы
біртіндеп жоғарылауы қажет. Ешбір қате жібермеген топ жеңімпаз атанады.
23.
«Алма, шие, өрік, банан» ойыны
Оқушылар орындықтарға дөңгеленіп отырады. Мұғалім оқушыларды
отырған ретімен жемістер атауымен, мысалы: «Алма, шие, өрік, банан» деп
18
санап шығады. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды
(мысалы, «Шие» не «Алма, өрік!» деп,
немесе «Алма, шие, өрік, банан!» дейді). Сол кезде жемісі аталған
оқушылар орындарын алмастыруы керек. Ал мұғалім бір бос орынға
отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын
атайды.
24.
«Ең зейінді» ойыны
Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы
артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын
айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады.
Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын
ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының
ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді. /Бұл ойын
оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.
25.
«Жаңалық ашамыз» ойыны
Заттардың негізгі қасиеттерімен қоса қосалқы қасиеттерін ашу үшін
тапсырма беріледі. Бұл тапсырма болған ойдан арылу, айналаға сын көзбен
қарау, жаңалық ашуға ұмтылу үшін керек.
Мысалы, «Сіріңке жанып, жарық беріп қана қоймайды, бір жағынан,
салмағы мен ұзындығын жоғалтады; су – сұйық, бірақ оны қатырған кезде,
құрылыс материалы ретінде қолдануға болады (мұз қала салу) т.с.с.
Оқушыларға қарапайым заттардың өзгеше қасиеттерін ашу тапсырылады.
Мысалы, полиэтиленді қақпақ, қаламсаптың пайданылған өзекшесі, шеге,
балмұздақ т.с.с. Бұл тапсырма талантты және дарынды балалардың қабілетін
ашуға көмектеседі
26.
«Бұлт үстіндегі саяхат» ойыны
Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем
алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ
жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне
секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа
ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт ақырындап көк
аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда, биік аспанда
мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге
жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде
ғажайып және таңғаларлық оқиға орын алуы мүмкін ... (30 секунд). Енді сендер
тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр.
Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар ... Бұлт ақырындап ауада ери бастайды.
Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер.
27.
«Біз де» ойыны Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап,
бұрыс пікірге қосылмау керек.
1. Мен өзенге бардым. «Біз де!»
2. Онда үйрек ұстап алдым. «Біз де!»
3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. «Біз де!» Осыны айтып қалған
оқушылар ойыннан шығады.
19
28.
«Жылдам фото» ойыны
Бұл ойын оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, есте сақтау
қабілеттерін арттыру үшін жүргізіледі. Оқушылар шеңбер құрып отырады да,
1-2 минут бір-бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып
отырып мұғалімнің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші кім
отырғанын, қарсы отырған оқушының үстіндегі киім түсін, кімнің көк
көзілдірік тағып отырғанын т.с.с сұрауға болады.
Соңында қайта бір-біріне қарап, өз фотоларының дұрыс-бұрыстығына көз
жеткізеді. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды көңілкүй сыйлайды/.
29.
«Сенемін-сенбеймін» ойыны
Оқушылар шеңбер құрып отырады. Мұғалім тек шындықты айтқан
кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер жаңылысып, допты қағып
алатын болса, онда оған ескерту карточкасы беріледі. Бір ескерту алмаған
оқушы «ең зейінді» болып есептеледі. Мұғалім допты кез келген бір
оқушыға лақтырып, былай деп айтады:
– Піл ұша алады;
– Армансыз адам болады;
– Мамандықсыз да ақша табуға болады;
– Құстар апанда ұйықтайды;
– Балықтар құрлықта өмір сүреді;
– Армандар орындалады;
– Ұшпайтын құстар да болады;
– Күлкі адам өмірін ұзартады, т.с.
30.
«Мәселенің түйіні» жаттығуы
Бәріміз шеңбер бойына тұрайық. Қолымызды алдымызға созып,
көршімізден басқа кез келген адамның қолынан ұстасып тұрайық. Шиеленісіп
болсақ, қолымызды жібермей біріміздің арамызда біріміз өту арқылы
шешілуге тырысайық. Осы жеткен жерімізден тоқтайық. Қандай мәселенің де
шешімі бар. Ол үшін сабырлы болып, асықпаған жөн. /Бұл жаттығу
оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды көңіл-күй сыйлайды/.
31.
«Менің мақсатым...» жаттығуы
Әрбір оқушы өзінің мақсатымен таныстырып өтеді. Оқушылар екі топқа бөлініп кезекке тұрады. Музыкалық әуен
жіберіледі. Жүргізуші әр оқушының мақсаты болып белгіленеді. Содан кейін
оқушылардың кезекпен көздері байланады,
олар жүргізушіні тауып жетулері керек.
32.
«Ұста-ұстама» ойыны.
Ойынға қатысушылар үш командаға бөлінеді, бір-біріне үшбұрыш
түрінде қарап тұрады (Әр команданың ойыншылары бір жағы үшбұрышты
құрайды, арақашықтықтары бір-бірінен 2 метр болады). Ойыншылар ашық
және қоңыр түсті 2 допты бір-біріне алма-кезек лақтырады. Ашық түсті допты
әрқашанда ұстап алу керек, ал қоңыр түсті допты үндемей лақтырғанда ұстау
керек. Мұндай «жай» допты кімде-кім ұстай алмаса, сол ойыннан шығады.
20
Үшбұрыштың ортасында жүргізуші тұрады. Ол допты лақтырады, құлап
қалғандар үшбұрыш ортасында. Жүргізуші және ойыншылар допты жанында
тұрған келесі топқа лақтырады. Егер доп жерге кетсе, онда оған топ ие болады.
Егер де топта ешқандай ойыншы қалмаса, онда ойын аяқталды. Қай жақтың
ойыншысы көп болса, сол жақ жеңімпаз болып табылады.
33.
«Керісіншілер елі» ойыны
Балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді
айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күннүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін.
Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты. Осылайша балалар үш
топқа бірігіп отырады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық тұрғыдан
жағымды көтеріңкі көңіл күй сыйлайды/.
34.
«Егер
осылай болса...» ойыны.
Балалардың біреуі
фантастикалық жағдайды ойлап табады, ал басқалары оның шешімін табуы
керек. Мысалы: егер әр адам туғаннан бастап барлық басқа адамдардың
ойлаған ойларын оқуға қабілетті болса, онда жердегі өмір қалай өзгерер еді?
Егер жер бетіндегі адамдардың әрқайсысы өзіне ғана түсінікті тілде сөйлейтін
болса, онда жердегі өмір қалай өзгерер еді? Егер жануарлар тілін адамдар
түсіне алатын болса, онда жердегі өмір қалай өзгерер еді? Егер адамдар құс
сияқты ұша алатын болса, онда жердегі өмір қалай өзгерер еді? Егер оймен
барлық өсімдіктер тіршілігін басқаруға болатын болса, онда жердегі өмір
қалай өзгерер еді? Егер адамдар жер астында өмір сүре алатын болса, онда жер
бетіндегі өмір қалай өзгерер еді? Егер адамдар су астында өмір сүре алатын
болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? т.с.с. Фантастикалық әңгімелерге
үлесін қосқандардың барлығы марапатталады.
35.
«Карусель» жаттығуы Топ мүшелері 2-ге бөлінеді. 1-ші топ –
ішкі, 2-ші топ – сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды. Жетекшінің
берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің
сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бірбіріне қарама-қарсы тұрған адамдар болып бірігеді. Әрбір топқа кезекпен
жетекші белгілі бір рөл беру керек, олар тез арада сол рөлді 2-3 минутта
көрсетуі керек. Мысалы: сатушы – сатып алушы; мұғалім – оқушы; дәрігер –
қаралушы; полиция – жүргізуші; әке – бала; анасы – қызы.
21
Сабақты бекіту
1. «Өрмекші» әдісін қолдану. Оқушылар өтілген сабақты пысықтау үшін
постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып , басына тақырыпты, денесіне
өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз
ойларын тиянақтап пысықтайды.
2. «Нысана» ойынын қолдану
Оқушылар нысанаға көздеген оқ
қайсысына тисе, сол сұраққа жауап береді. Нысанада сұрақтар жазылады
3. «Желпуіш» әдісін қолдану Оқушылар А4 парақтан желпуіш
жасалынып, әр бөлігіне кезекпен идеялар жазылады.Кейңн талқыланады
4. «Крестиктер нөлдіктер» әдісін қолдану Ереже 1. 1-ші команда
(нөлдіктер) кестеден сан таңдайды. 2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.
3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.
4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап
беруге және сол квадратқа крестик қоюына болады
5. «Кезбе тілші» әдісі 1-оқушы: телефон соғылып жатқанға ұқсатып,
сабақ бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды. 2-оқушы:
Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді. 3-оқушы: Тілші; оқиға
орнынан ақпарат ұсынады. 4-оқушы: Тілші сұхбат алатын куәгер
6. «Жуан-жіңішке сұрақтар» әдісі Оқушылар тараудың мазмұны
бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық
әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп
оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа
балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс
екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.
7. (СЖ) «Қиылысты атыс» стратегиясы бойынша қорытындылау.
Топтар бір-біріне сұрақтар қояды. Мұғалім-эксперт байқайды және
бағалайды.
8. «Қарлы кесек» ойыны. Оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтар
жазып, қағазды умаждап қар жасайды және келесі топқа лақтырады. Ол топ
сұрақтарға жауап береді.
9. «Оқушылар сұрақ қояды» әдісі.
Оқушыларға бүгінгі өтілген сабақ бойынша қорытындылау мақсатында
сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар сыныптастарға, мұғалімге
қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту құралы ретінде қолданылуы тиіс.
Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған «Сұрақтар қорапшасы» оқушылар
үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып табылады.
22
Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт
беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін
болдырмауға көмектеседі.
23
Кері байланыс, рефлексия
1. «Тазалық» әдісі. Оқушылар сабақ туралы маңызды ақпараттарды
чемоданға салады, әлі толықтыру керек ақпараттарды еттартқышқа салады,
қажет емес ақпараттарды қоқыс шелегіне тастайды.
2. «Бутерброд» әдісі арқылы оқушылардың сабақтан алған әсерлерін
анықтау. Оқушылар сабақ туралы алдымен
жағымды пікір, екінші жолы –
құрылымды сын, үшінші жолы –
тағы жағымды пікір айтады.
3. «Кеме» әдісі. Оқушылар кеменің желкенін бояу арқылы сабақтан алған
әсерлерін білдіреді.
4. «Шамдар» әдісі. Оқушылар сары шам бойынша қандай көмек
керектігін, жасыл шам бойынша не меңгергенін, қызыл шам бойынша қандай
қиындық болғанын айтады.
5. «Бас, жүрек, қол» әдісі. Оқушылар алған білімдері туралы баспен
ойланады, жүрекпен айтады және қолмен жасағандығы туралы айтады.
6. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі Мен бүгін білдім. Мен бүгін сезіндім.
Мен келесі сабақта білгім келеді. Сөйлемдерін толықтырып жазады.
7. «Плюс, Минус, Қызықты» әдісі. «Плюс» – оң әсер еткен фактілерді,
алған білімдері жайлы жазады. «Минус» – қолымнан келмей жатыр немесе
түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады. «Қызықты» деген бағанға
өздеріне не қызықты болды, соны жазады немесе не жайында көбірек біл
8. «Таңдау» әдісі. Оқушыларға бес пікір жазылған парақ беріледі.
Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын білдіретін сөздердің
астын сызады. 1.Мен сабақ қызықты / қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен
сабақта көп нәрсені үйрендім / үйренгенім аз болды. 3. Мен басқаларды мұқият
/ зейінсіз тыңдадым. 4. Мен пікірсайыстарға жиі / сирек қатыстым. 5.Мен
сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын / риза емеспін.
9. «Мақтау» рефлексиясы: Бұл әдістің мақсаты − сіздің жұмысыңызды
және жұмыс сапасын бағалау. Оқушылар сабақта бір-бірінің үлесін бағалайды,
бір-біріне рақметін мақтау ретінде білдіреді.
10.
«Диаманта» рефлексиясы.
Диаманта − жеті жолдан тұратын өлең нысаны, біріншісі және соңғысы
24
– қарама-қарсы мағынадағы ұғымдар, мағынаға қарама-қарсы
ұғымдармен жұмыс істеу үшін пайдалы:
– 1, 7 жолдар – зат есімдер-антонимдер;
− 2-бірінші маңызды сын есімдерге екі сын есім; − 3-бірінші затқа үш
етістік; − 4-зат есімімен екі сөз тіркесі; − 5-екінші зат есімге үш етістік; − 6екінші есімге екі сын есім.
11.
«Үш М» рефлексиясы (Мұғалім оқушылардан сабақта ұнаған үш
сәтті және жұмысты жақсартатын бір амалды ұсынуларын сұрайды).
12.
«График» рефлексиясы.
Оқушыларға сабақ бойы көңіл күй графигін сызуын өтіну:
− қызығушылығының өзгерісі;
− білім деңгейі,
− жеке қызмет.
13.
Рефлексия «Алғыс айтамын...»: Сабақтың соңында әрбір
оқушыны серіктестік үшін алғыс айтқым келетін жігіттердің біреуін таңдап,
осы ынтымақтастықтың нақты көрінісін түсіндіруге шақырыңыз. Өзін өзі
алғыс үшін таңдаған адамдар санынан алып тастау керек. Мұғалімнің алғыс
сөзі ақырғы.
14.
«Көрші отырған оқушыға сөз тіркесін таңда» рефлексиясы.
Сен жарайсың!
Мен сендердің сыныптағы жұмыстарыңа ризамын.
Сендер бұдан да жақсы жұмыс істей аласыңдар.
15.
«Шпаргалка» рефлексиясы – ақпарат, тұжырымы, қағида
және т. б. сығылған түрінде. Жасау жадынамалар, сызбалар немесе мәтін үшін
анықтамалықтар.
16.
«Білем. Түсінем. Қолданам» рефлексиясы
− Осы сабақтың нәтижесі ретінде мен:
Білемін ... .
Түсінемін ... .
Келесі жағдайларда ақпаратты пайдалана аламын... .
17.
«Шабадан, еттартқыш, себет» рефлексиясы
Шабадан − одан әрі пайдаланамын.
Еттартқыш − ақпаратты қайта өңдеймін.
Себет − бәрі тасталады.
18.
«ТЕЛЕГРАММА» рефлексиясы.
Оқушыларға желделхатқа арналған қағаз таратылып, ішіне сабақтан
кейінгі көңіл күйді жазуды сұрайды. Мәтінде он сөзден көп емес.
«Рефлексиялық нысана» әдісі Нысананың суреті төрт бөлікке сызылады:
«Белсенді қатыстым», «Қызықты болды», «Түсінікті болды»,
«Жаңаны білдім». Оқушылар өз пікірлерін жазады.
19.
«Т» әдісі. Мысалы, Оқушылар коррекция және эффект туралы
пікірлерін жазады.
25
20.
«Үш
түрлі күнделік» әдісін қолданып рефлексия
парақшасын толтырады.
Бүгінгі
Жеке
«Мұғалімге
сабақтың ерекше түсінік
беру: хат» сұрақтар мен
әсер
еткен байқағаныңды, ұсыныстар
немесе ой салған түйгенінді жаз
тұстары
21.
«Бір ауыз сөз» әдісі
Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға
жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын
келесі сөздерді жазуға болады (оларды алдын ала тақтаға жазып қойған
дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте
сақтадым т.б
22.
«Үш пікір» әдісі
Ортаға өтілген тақырып параққа жазып тасталады. Сол тақырып
төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3
таяқша (шпажка т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын
қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады. Бұл әдіс
сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде пікір білдіруге мүмкіндік
жасайды.
23.
«Күту уақыты» әдісі
Күту уақыты оқушыларға ойланып жауап беруге мүмкіндік береді.
Сыныптағы барлық балалар бір бағытта және бірдей ойлай бермейді. Күту
оқушыларға өз ойын жинақтауға және берілген сұраққа жауапты ойластыруға
мүмкіндік береді.
Күту уақытының 2 түрі бар:
Мұғалім айтады, содан кейін оқушылар
өз жауаптарын бергенге дейін үзіліс жасайды. Оқушы жауап беруді
аяқтайды және мұғалім оның жауабына қатысты әрекет еткенге дейін кідіріс
жасайды. Бұл амал оқушыға ойын толықтыруға және
жалғастыруға немесе басқа оқушыға жауап беруіне мүмкіндік береді.
24.
«Араның ұясы» техникасы
Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және
екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ
қояды, ол сұраққа жауапты басқа оқушылар береді. Сонымен берілген осы
техника
негізінде
мұғалімнің
көмегімен
берілген
мәліметтер
қорытындыланады, өңделеді.
25.
«Ой толғаныс» әдісі Бұл кезеңде күнделікті оқыту үдерісінде
26
оқушы өзіндік толғаныс,дағды-машықтарын ұйымдастыру, өзіне де, өзгеге
де сын көзбен қарап, баға беруге үйренеді. Оқушылар өз ойларын өздер
байқаған ақпараттарды салмақтап, салыстырып, түйіндеп, өз сөздерімен
айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой бөлісу, ой
түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалармен
пікір алмастырады, үйренеді. Бұл үйрену сатысы
- ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын қорытынды кезең.
Әртүрлі шығармашылықпен ой
салыстыру болашақта қолданылатын
мақсатты әрекеттерге жетелейді.
26.
«Парасатты диалог» әдісі Оқушы мен мұғалім арасындағы
қорытынды диалог парасатты, рефлексивті, түсінушілік білдіру мен тексеруге
бағытталған болып, барлық оқушылар өз ойлары мен пікірлерін білдіре
алатындай болуы тиіс. Оқушылармен диалогтің сапасын талқылаңыздар және
олардың мақсатын айтуды, сондай-ақ оны қалайша жақсартуға болатынын
(қажет болуына қарай) жеткізуді сұраңыз.
27
Download