Uploaded by majlanova67

Физика есептері: Қоржын, Кубизм, Алшы

advertisement
1-топ тапсырмасы: «Қоржын»
«Сары түсті асық»
Қарудың ұңғысынан массасы 10 кг снаряд 600 м/с жылдамдықпен ұшып шығады.
Снарядтың ұңғы ішіндегі қозғалыс уақыты 8мс екенін ескеріп, оқ- дәрі жанғанда
бөлінген газдың орташа қысым күшін анықтаңдар.
«Жасыл түсті асық»
Массалары 3 кг және 4 кг денелер 2 м/с және 3 м/с жылдамдықтармен бір –біріне
қарама-қарсы қозғалады. Абсолют серпімсіз соққылардан кейінгі дененің
кинетикалық энергияларының өзгерісін табыңдар.
«Көк түсті асық»
Массасы 2 кг дене 150 м жолда жылдамдығы 18 км/сағ – тан 36 км/сағ- қа дейін
өзгерді. Денеге әсер етуші күшті табыңдар.
«Қызыл түсті асық»
V1 = 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан кемеден,кеменің қозғалысына
қарама-қарсы горизонтпен 600 бұрыш жасаған зеңбіректен снаряд атылды. Снаряд u
=1 км/сағ жылдамдықпен ұшады. Егер снарядтың массасы m1= 50 кг , ал кеменің
массасы m2 = 200 т болса , кеменің жылдамдығы қаншаға өзгереді.
2-топ тапсырмасы: «Кубизм»
«Сары түсті асық»
Массасы 200 г дене 1 м биіктіктен 8 м/с2 үдеумен құлайды. Дене импульсінің
өзгерісін табыңдар. Дененің бастапқы жылдамдығы нольге тең.
«Көк түсті» асық
Горизонталь бағытта 10 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан граната массалары
1кг және 1,5 кг жарықшақтарға бөлінді.Үлкен жарықшақтың жылдамдығы 25 м/с- қа
дейін артты және горизонталь бағытта қалды. Кіші жарықшақ жылдамдығының
модулі мен бағытын анықтаңдар.
«Жасыл түсті асық»
Массасы 2 кг дене 6 м/с жылдамдықпен қозғалып, массасы 1 кг, 4м/ с
жылдамдықпен қарама-қарсы қозғалып келе жатқан денемен соқтығысады. Егер
соққы абсолют серпімсіз болса , денелердің кинетикалық энергиялары қандай
шамаға өзгереді.
«Қызыл түсті асық»
Массасы 5кг бронь тескіш снаряд вертикаль осьпен 300 бұрыш жасай платформаға
тигенде , массасы 5 т платформа қандай жылдамдықпен қозғалады? Снарядттың
бастапқы жылдамдығы 800 м/с және ол платформамен бірге қозғалады деп
есептейміз.
3- топ тапсырмасы:
«Алшы»
Массалары 1 кг және 2 кг серпімсіз дене 3м/с және 4 м/с жылдамдықпен бір- біріне
қарама-қарсы қозғалады. Олардың соқтығысқаннан кейінгі жылдамдығының
модульдері қандай болады.
«Тәйке»
Массасы 100 г тік түскен шар 4 м/с жылдамдықпен еденге соғылды да , 0,45 м
биіктікке қайта секірді. Шардың соққы кезіндегі импульсінің өзгерісін табыңдар.
«Бүк »
8 м/с жылдамдықпен қозғалатын массасы 2 кг дене, массасы 3 кг, 4 м/с
жылдамдықпен қарама-қарсы қозғалып келе жатқан денемен соқтығысады. Егер
соққы абсолют серпімсіз болса , онда екінші дененің кинетикалық энергияларының
өзгерісін табыңдар.
«Шік»
Дыбыс жылдамдығынана жоғары жылдамдықпен қозғалатын ұшақтың 2340 км/сағ
жылдамдықпен қозғалғандағы тарту күші 220 КН. Осы режімдегі ұшақ
қозғалтқышының қуатын анықтаңдар. Ол 45 мин ішінде қандай жұмыс жасайды.
Download