Uploaded by НұрTB Кәдірбек

39-40-41-42 Лексикология

advertisement
39. Тұрақты тіркестің арналары.
Тілдегі тұрақты тіркестердің жасалуына сан түрлі құбылыстар, ұғымдар,
түсініктер себеп болған. Солардың бастылары мыналар:
1) Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында корытылған
қүбылыс-тардыд нақтылы бейнесі негіз болған. Мы-салы, жауыр болды
(әбден мезі қылды, ығыры шықты) деген түрақты тіркестің негізінде
көп мініліп, арқасы жара болған аттың бейнесі елестейді. Басында
аттан шыққанымен, қазіргі мағынасы қайта жаса-лынып, адамға
байланысты айтылады. Арс етті (беттен алды, қарсы келді) деген
фразеологизмнің негізінде иттің адамға қарсы келіп, айбат шегуі
жатыр. Кейіннен бұл мағына адамға катысты айтылатын болған. От ала
келген кісідей деп, асығыс-үсігіс, мұрнына су жетпей жүрген кісіге айтылады. Бұл тұрақты тіркестің о бастағы от ала келу мағына-сы
ұмытылып, қазір адамның өзіне тікелей қолданылып кеткен. Сол
сияқты ағынан жарылды, айдап салды, астынан су шыққандай, асығы
алшысы-нан түсті, ас ішіп, аяк, босатар, ат басына күн туды, атқа
мінер, ат-тонын ала қашты, ауыз жаласты, ау-ыздықпен алысты, жеп
еті, ішіп сорпасы жоқ, жілігі татымайды, аяғынан келді, аяғынан тік
тұрды, аяғының ұшынан басты, аяқ-қолын жерге тигізбеді, бал ашты,
беті бері қарады, дэмін татты, ет жемесе де, сорпа ішкендей болды,
еттен өтіп, сүйекке жетті; етігімен су кешті, жағасын устады, жайып
салды, жанбай жатып сөнді, аузынан ақ май ағызды, жас иіс, жастығын
ала жатты, жатып ішер, жау жетті, ел көшті, жауырды жаба тоқыды,
желі оңынан тұрды, жең ұшынан жалгасты, жерге түкірді, жер
шуқыды, жол көрсетті, жібі бос, жібі түзу, жіпке тізді, иі жумсақ, иі
қанды, исі мурнына кірмейді, кэрі қойдың жасын-дай жасы қалды,
қаймағы бұзылмаған, қамшы салдырмайды, қойнына барды, орнын
сипап қалды, өңін айналдырды, өті жарылды, көшсе көш басында,
отырса от басында, санын соқты. Сорпаға шығар, су татиды деген
фразеологизмдердің жасалуына да, сөз жоқ, адам ойында қортылған
қүбылыстардың нақтылы бейнесі себеп болғандығын танып білуге
болады.
2) Бірқыдыру фразеологизмдер өлшемдік ұғымдардың негі-зінде пайда
болған. Мысалы: а) Уақыт — мерзім өлшемдері: Күн шыға, сәске түсте,
тападай тал түсте, шаңқай түсте, тус ауа, күн бата, күн ұясына кіргенде,
ел орынға отыра, көз байлана, қас қарая, ымырт жабыла, қызыл іңірде,
іңір караңғысында, ел жата, түн ортасында, таңға жақын, _жылқы
жусар кезде, тауық шақырғанда, таң ата, құлқын сәріде, таң аппақ
атқанда, ала жаздай, қыс бойы, ақ қар көк мұзда.^ұзын сарыда, мал
балалап жатқанда, ел қосқа шыққанда, көктің көлінде, ит басына іркіт
төгіліп жатканда, ел жайлауға көшерде, күзем.
Алып жатқанда, ел күзекте отырғанда, соғым сойып жатқанда; ә) Көлем
өлшемдері: бір топ (ошар) жан, бір тай, бір тайпа ел’, рулы ел, бір қора қой,
бір үйір жылқы, бір^қоспақ (келе) түйе, бір табын сиыр, бір көген қозы, бір
желі құлын, бір айдам жер| бір мая шөп, бір ұрттам су, бір жағым отын, бір
тең жүк, бір сабақ жіп, бір шүйке жүн, бір киер киім, бір жалқы, бір түйір
дән, бір туп көде, бір қанат ши, бір шумақ жіп, бір кесек киіз, бір жайым
құрт, бір білем май, бір.асым ет, бір шайлық сүт, бір тілім нан, бір қайнатым
шай, бір шағым қант, бір саба қымыз, бір атым насыбай, бір қарын май, бір
қап астық, бір шана шөп, бір шайнек шай, сыңсыған қалын, орман,
мыңғырған мал, жер қайысқан қол, жайқалған егін, шаш етектен, қыран
күлкі, мн-даи-дяля, т. Б. б) Ұзындық, қалыңдық, тереңдік өлшемдері: бармақ
қазы, сала құлаш жіп, қол_озьш~жер_, таяқ тастам жер, бір табан жақын, ат
шап-тырым, айлық жол, кісі бойы, оқ бойы, ат кекілінен, бір кез,~бір
шақырым, иек асты, түстік жер, бір көш жер, көз көрім жер, арқан бойы, тұла
бойы, өн бойы, есік пен төрдей, аспан мен жердей, _жырта (кере) қарыс, бір
сүйем, сынық сүйем, бір құшақ.»т.»б.
Қазақ халқы революцияға дейін ұзақ уақыт көшпенділік дәуірді басынан
өткізгендігі белгілі. Олар жаз жайлауда, қыс кыс-тауда, күз күзекте бірденбірге көшіп-қонып жүргенде уақыт мерзімін, ұзындық пен көлемді қалай
өлшеп білген деген заңды сұрау туады. Сол заманда біздің халқымыз
уақытты сағатпен, көлем мен салмақты таразымен, ұзындық пен кеңістікті
метрмен өлшеуге әлі онша дағдыланбаған, үйренбеген кезі еді. Бәлкім, сол
кезеңге бүл өлшемдердің көшпенділік тұрмысқа соншалықты қажеті де
болмаған шығар. Қалай дегенмен сол заманның ғұрмыс-тіршілігіне лайық өз
өлшемдері болғандығын тілдегі өлшемдік ұғымды білдіретін қыруар сөздер
мен тұрақты сөз тіркестері арқылы танып білуге болады. Өткен заманда
қазақтар уақытты сағатпен нақтылап өлшемегенімен, секунд, минут, са-ғат
деген уақыт өлшемдерін шамамен дәл болжай білген. Мә-селен, секунд
ұғымын қас қағым, кірпік (қабақ) қаққанша, көзді, ашып-жұмғанша, демніқ
арасында, табан аузында деп, дене мүшелёрінің қимьіл-қозралысы арқылы
білдірген. Секунд деп айтпағанымен, секунд ұғымын айнытпай дәл
түсініскен. Минут пен сағатты бие_ сасым, сүт пісірім, шай қайнатым, ет
асым сияқты нақтылы мөлшерлі уақытпен білдірген. Осы фразеологиялық
тіркестер сағат болмағанымен, сағаттың орнына жүрген Тәулік пен жыл
ішіндегі мерзімдерді нақтылап дәл айыру үшін казақтар Ай, Күн,Шолпан,
Жеті, қарақшы, Үркер, Темірқазык, Есекқырған тәрізді толып жатқан аспан
денелерін молынан пайдаланған. Олардың күнбе-күнгі (тәулік бойындағы)
айлык, жылдық қимыл-қозғалыстарын қадағалап бакылап отырған.
Уақыт-мезгіл өлшемдерінде қас, кірпік, қабак, көз, ауыз, дем сияқты адамның
дене мөлшерінін. Қимыл-қозғалысы пайдаланылса, ұзындық пен
қалыңдықты өлшеуге елі, сүйем, қарыс, табан, адым, тұтам, құшақ тәрізді
атаулар қатысқан. Мәселен, жылқының қазысын өлшегенде пышақ сырты,
қыл елі, жарты елі, шынашақ, бір елі, бармақ, екі елі, үш елі, төрт елі, сынық
сүйем, табан, сере деп талдайды. Бұл өлшемдер ел арасычда әлі күнге
сақталран. Тігінші, үйші, етікші, ұста, ағаш ұстасы дегендердің бәрі де
метрлік өлшем тұрмыс тәжірибесіне әлі ене қоймаған кезде негізінен жоғары
да аталған өлшемдерді қолданған. Бірак әрқайсысы әр түрлі өлшемге
пайдаланылған Мәселен, ендей матадан киім пішкенде құлаш, қарыс, сүйем,
елі жұмсалған. Жіпке қарыс, тұтам, құлаш, сала құлаш, ал шашылыптөгілетін және жұмыр нәрсеге жұтым мен құшақ қолданылғын.
3) Бірсыпыра фразеологизмдер діни ұғымдар мен ескі әдет-ғұрыптарға
байланысты жасалған. Мысалы ант су ішті, аруақ (құдай, дәм) атсын,
бата қылды (оқыды), бір тарының қауызына сыйғызды, дін мұсылман
ағайын, дші қатты, жазымыштан озмыш жоқ, жан берді (тапсырды),
жан таласты, жетісін берді, қырқын берді, заман ақыр, қыл көпір,
зәмзом суы, зікір салды, иманды адам, иман жүзді, иманы жолдас
болсын, кәусар суын ішті, кешу айтысты, пірге қол тапсырды, т б
4) Кейбір тұрақты тіркестердін, жасалуына ақыздар мен түрлі ұғымдар,
өткен тарихи оқиғалар негіз болған. Мысалы: Қайда барса да
Қорқыттың көрі, Есімханның ескі жолы, Қасымқанның қасқа жолы,
ердің құны, нардың пұлы, есте жоқ ескі мез-гілде, жазған құлда
шаршау жоқ, жар салды, сауын айтты, жыланы қайтты, ер кезегі үшке
дейін, ер қаруы бес қару, күл төбенің басында күнде жиын, жеті
атасынан қара көк, шынжыр балақ шұбар төс, қара нар, қалы кілем,
қамқа тон, ат-шапан айып, ақ сүтін көкке сауды, теріс батасын берді,
жер үйық, қой үстіне боз торғай жұмыртқалады, қойтұяқ жамбы, т. Б.
Тілдегі фразеологизмдердін, бәрінде о баста конкретті тура мағынасы болган.
Профессор Ғ. Ғ. Мұсабаевтың пікірінше, осы күнгі жүрек жутқан, к,ан ішер,
қатарға қосылды, санатқа ілінді, ит терісін басына цаптады деген
фразеологизмдердің бәрі де о баста тура мағынада қолданылған. Бұлар талай
заманның белгісін сақтап, кейіннен баска мағынаға ауысып кеткендігін
айтады1. Бет моншағы үзілді (түсті), бет пердесін сыпырды (ашты, жүлды)
деген түрақты тіркөстер де басында тура конкретті мағынаны білдірген.
Кейіннен қатты ұялып, біреуге тіктей қарай алмау, біреудің айыбын бетіне
басып масқаралау мағынасында фразеологизмге айналып кеткен. Әр
заманнын. Сөз жұрнағы тілде сақталады. Соған қарай отырып, тіл фактісі
арқылы көненің сырлы қоймасын ақтаруға болады. Мәселен, қазіргі қазақ
тіліндегі ит шана, ит арба деген сөздер көне заманда итті көлік еткен кезде
калыптасқан. Ит өлген жер, ит арқасы қиян дегендер аркылы бір заманда
иттін көлік болғанын білеміз. Фразеологиялық мағынаның түп-төркіні
лексикалық мағынамен астасып, іштей өзектесіп жатады.
40. Фразеологизмдердің түрлері. Еркін және тұрақты тіркестер. Тұрақты
тіркестердің түрлері.
Фразеологизмдерге тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен бұлар бір-бірінен
әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы
бірінен ап-айқын көрінсе, екіншісінсн көмсскі, үшіншілерінен өте солғындау
болып кездеседі, Сондықтан фразсологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру
тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мэселелердің бірінен саналады
Зерттеушілср бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың
құрамындағы сыңарлардыц ара қатысына қарай жіктеп бөлсе скіншілері
құрылым-құрылысы жағынан, үшіншілер атқаратын қызметі мен стильдік
мәні жағынан топтастырады.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық,
фразоологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып негізінен үш
топқа жіктеледі.
Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизм құрамындағы сөздер бірбірімен тұтасып, әбден жымдасьш кеткен олардың мағыналық жігін
ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Мәселен,
мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді,
бұрылуға мұршасы болмады дегенді түсінеміз. Бұл мағына осындагы үш
сөздін тұтас жиынтығынан келіп шығады. Түйдек ішіндегі жекелген сөздерге
талдау жасап, бірін екіншісінен бөліп алуга көнбейді. Түйені түгімен жұтты
дегеннен біреуден ойсырата пара алып, елді тонады дсген мағына туады. Бұл
магынаның жасалуына түйе, түк жұту сөздерінің тікелсй қатысы жоқ,
соларды бірінен соң бірін тіркеп, жұбын жазбай қолдану арқылы пайда
болған. Жағына пышақ, жанығандайдегеннен тарамысына ілінген арық,
жүдеу дегенді тусінеміз. Бұл мағынаны жасауга жақ, пышақ жану сөздерінің тікелей қатысы болмаган.
Фразеологиялық бірлік. Бұлар да фразеологиялық тұтастык тәрізді орын
тәртібі жағынан өте тиянақты болып келіп, құрамындағы сөздсрдің
мағынасның қаншалыкты тасалануы, я болмаса, тасаланбауы жағынан елеулі
өзгсшеліктері болады. Бұлар ен алғашқы еркін тіркесті_ауыспалы мағынада
колданудан келіп шығады. Мәселсн, ескі жараның аузып ашты дегсннен
өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз. Бұл
фразеологиялық мағынаның жасалуына ең алғашкы еркін тірксстегі тура
мағынасы негіз болган. Сол мағынаға басқалай мән бсріп, ауыстырып
қолдану арқылы жасалгандығы бірден көзге шалынады. Жатқан жыланның
құйрығын басты деген фраза біреудің кытығына тиіп, жоқ жерде бір пәлеге
тап болды дегенді білдіреді, Қөз көрмес, құлак, естімес жер дегеннен аяқ
жетпейтін алыс жер, қиыр шет деген фразалық мағына пайда болған. Ит
көйлекті бұрын тоздырған_дегеннен біреуден біреудің сәл үлкендігі бар
дегенді түтүсінеміз. Жеке сөздердің қосындысынан пайда болған жай ғана
туынды мағына емес, бейнеленген туынды мағына екендігін көреміз.
Фразеологиялык тұтастық пен фразеологиялық бірліктің ара-жігін ажырату
кей жағдайда қиынга соғады. Мәселен, ит басына іркіт төгілді (ағыл-тегіл
молшылық) дсгенде екі жақты түсінік қалуға болады. Малмен көзі шыққан
егде адамдар үшін бүл тіркес фразеологиялық бірлік болса, малдан сырт
жүрген, әсіресе кейінгі жастар мұны фразеологиялык түтастық деп тануы
сөзсіз. Тұрақты тіркестің алгашқы заттык мағынасы нерұрлым көмескіленіп,
тасалана, күңгірттене бастаса, соғұрлым оның магына түтастығы да күшейе
түспек. Мәселен, қарғы бау деген тұрақты тіркестің үш түрлі магынасы бар:
1) иттің мойнына тағатын бау, 2) қалың малдың алдына ала берілетін
жоралғысы, 3) тамыр-таныстықпен қалап-сұрап алған зат үшін берілетін
төлем ақы.
Қарғы бау тәрізді тұрақты тіркестерді жасалу үлгісіне қарап (тамақ бау, балақ
бау, аяқ бау, т. Б.), күрделі сөздің тобына да жатқызуға болады. Алайда
мұның соңғы екі магынасы тұрақты тіркес екендігін, оның ішінде
фразеологиялық тұтастықка жататындығын бірден танытады. Сол сияқты
мойнына мініп алды деген фразаның да екі мағынасы бар: 1) басынды,
иыктады; 2) біреудің арқасында күн көрді, масыл болды.
Фразеологиялық соңғы мағына алғашқы заттық мағынадан келіп
шыккандығына қарамастан, фразеологиялық тіркестін қай түріне жатқызуға
келгенде кереғар пікірлер болуы мүмкін. Мұндағы негізгі басты себеп —
тұрақты тіркесгің мағыналарының тым көнеленіп, ескіре, күнгірттене
бастауымен тығыз байланысты. Демек, тұрақты тіркестін мағына тұтастығы
кейде кім қалай түсінумен байланысты шешіледі.
Фразеологиялық тізбек. Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты сркін тіркесті
ауыспалы мағынада қолданыстан ксліп шықкан. Яғни тұрақты тіркес
сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен,
жойылуга жақындап, күңгірт тарта бастаган. Мұнда ерікті мағынасындағы
сөзбен фразеологиялық калпында, сөздің тіркесуінен жасалып, сол қалпында,
тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: бота көз, қоян жүрек,. Асқар бсл, тоң
мойын, сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, бауыр-сақ мұрын, кем иек, ала қол,
кара бет, жел аяк, қарсақ жон, қолаң шаш, мысық мұрт, алтын айдар, жуан
жұдырық, қош жауырын, ақ саусақ, балды бармақ, кең қолтық, көк езу, салпы
ерін, кер азу, қалам қас, ай қабақ, теке сақал, торсық шеке,-жез таңдай, бір
ұрт, қызыл тіл, күміс көмей, қамыс құлақ, шөп желке, қу жақ, қызыл
кеңірдек, біз тұмсық, бір төбс, зор кеуде. Шер көкірек, аршын төс, қабырга
ағайын, көк жұлын, жүйке тамыр, аш бүйір, еркек кіндік, салқын қанды, т. Б.
Фразеологиялық тізбектің құрамындагы ерікті (тура) мағынадағы сөз сан
алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілегі болса, фразеологнялық туынды
мағынадагы сөз бірді-екілі сөзбен ғана шектеліп колданылады. Мәселен. Көк
бет, қысыр сөз, қасқа жол деген фразеологиялық тізбектердің кұрамындағы
бет(жалпақ бет, дөңгелек бет, сопақ бет), сөз (аз сөз, көп сөз, дұрыс сөз,
бұрыс сөз), жол (үлкен жол, кара жол, сокпак жол) деген қыруар сөздсрмен
тіркесіп қолдана берсе, фразеологиялы; мағынадағы көк сөзі бет сөзімен, сөз
қысыр сөзімсп, жол қасқа сөзімен ғана тіркеседі,
Еркін және тұрақты сөз тіркестері
Еркін тіркес – кемінде толық мағыналы екі сөздің байланысынан тұратын
сөздердің тіркесі. Еркін сөз тіркесінің етістікті сөз тіркесі және есімді сөз
тіркесі деп бөлінетін түрлерінің екеуі де Абай шығармаларында жиі кездесіп
отырады (жастықтың оты, жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан т. Б.).
Еркін сөз тіркесіндегі сыңарлардың байланысу түрлері ретіндегі қиысу (мен
жазбаймын), матасу (наданның көңлі), меңгеру (кісілікті ойламай), қабысу
(баяғы жартас), жанасу (ақыры өлең қылдым жасыдым да) мол ұшырасады.
Абай шығармаларында, әсіресе, қабыса байланысқан сөз тіркесінің басыңқы
сыңарының толық мағыналы сөздердің тізбектелуі арқылы түйдектеле
түсетіні білініп тұрады: қой мойынды (ат), қоян жақ (ат), теке мұрын (ат),
бөкен желіс (ат). Себептік қатынастағы сөз тіркестеріңде шығыс септігіндегі
сөздің орнына барыс септігіндегі сөздің қолданылатыны бар: сағынышқа
сарғайма. Осындай себептік мағынаны білдіргенде көмектес септігі де
жұмсалады: рахатпен әлсіреп. Әдетте мақсаттық мағынаны білдіру үшін
Еркін тіркестегі бағыныңқы сыңар тұйық етістікке барыс септігінің жалғауын
жалғайды (мұңдасуға, сенісуге, үйренуге), ал мұңдай қызмет атқаратын
сөздер Абай шығармаларында болжалды келер шақ тұлғасына барыс
жалғауын жалғау арқылы жасалады: мұңдасарға, сенісерге, үйренбекке.
«Ойла» сөзі абстрактылы сезбен тіркесіп, бағыныңқы сыңары табыс
септігінің жасырын түрінде келеді: пайда ойлама, ар туралы ойла деудің
орнына. Абай өлеңдерінде де, көлемді поэзиялық шығармаларыңда да,
прозасында да қазіргі қазақ әдеби тілінде қолданылатын Еркін тіркестердегі
сөздердің байланысу түрлерінің толық сақталуымен бірге, сәл
айырмашылықтардың болуы ұлы ақынның қолтаңбасын, ана тіліндегі
сөздерді тіркестірудің мол мүмкіндігін білгірлікпен, саналы түрде
пайдаланғандығын көрсетеді.
Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп
сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан
ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі
мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау –
қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі:
идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін
аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі
талмас).
Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің
қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір
ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол
қою, көз салу, қол ұшын беру.
41.Сема туралы түсінігіңізді айтыңыз.
Сема – мағынаның әрі қарай бөлінбейтін ең кіші бірлігі
Лексика-семантикалық топтың мүшелері арасындағы парадигматикалық
байланысты анық көру үшін ғалымдар компонентті талдау әдісін жиі
қолданады. Бұл әдіс бойынша сөз мағыналары бірнеше ұсақ элементтерденсемалардан тұрады деп есептейді.
Сема (грек. Sema- белгі) – мағынаның әрі қарай бөлінбейтін ең кіші бірлігі.
Сема белгіленетін заттардың, болмыс құбылыстарының әр түрлі қырлары
мен қасиеттерінің тілдегі қарапайым көрінісі.
Семалардың табиғатын анықтауда ғалымдар арасында бірізділік жоқ.
Мысалы, В. Г. Гак семалардың мағынаны қалыптастырудағы рөлін ескере
отырып тілдегі семаларды үш топқа бөлген: 1) архисема 2)
дифференционалды сема 3) потенциалды сема
Сөздердің лексикалық мағыналарын анықтауда семаларға сүйенгенде
мағынаны қалыптастыруға қатысқан семалардың барлығы да сөйлемде
қолданылғанда бой көрсете бермейтіндігін ескерген дұрыс. Сондықтан
семалардың қызметтерін анықтап, талдаған жөн. В. Г. Гак семаларды үшке
бөліп талдағанда олардың осы қызметтеріне сүйенген. Бірақ ғалымдар бұл
мәселеде де бір ізді көзқараста емес. Мысалы, В.Г.Гак архисема сөздерді
өзара байланыстырып тұратын, оларды белгілі бір лексика-семантикалық
топқа біріктіруде негіз болатын сема деп есептесе, дифференциалды семаны
сөздердің лексикалық мағынасына негіз болып, бір сөзді екінші бір сөзден
бөліп тұратын сема деп көрсетеді.
Қазақ тілінің зерттелуінің, оның ішінде семасиологиясының негізін
қалаушылардың бірі ретінде тұңғыш қазақ тіл маманы А.Байтұрсыновты
атауға болады. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі семасиологиясының
пайда болуына қосқан үлесі бар және сол кездегі Ахаң пікірлері өзінің
дұрыстығымен осы күнмен үндесіп жатқандығын айтқымыз келеді.
Лексикология жеке пән ретінде 20-30-шы жылдары шыққан оқулықтарда
қарастырыла бастаған еді. Бұл оқулықтар профессор Қ.Жұбановтың
қаламынан туған, сол кездегі оқулық тапшылығына орай жазылған еңбектер
еді. Бұның ішінде, 1936 жылғы «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығындағы
лексика мәселесі туралы Г.Қордабаев былай дейді: «Лексиканың жеке
мәселелері сөз болғанымен, олар лексикологиялық тұрғыда емес, грамматика
тұрғысында грамматикалық сөз ретінде құралған»
42. Парадигмалық мағына туралы айтыңыз.
Парадигма деп - тілдік бірліктің тілдік система элементі ретінде бір-біріне
сыбайлас не қарсы келетін қасиеттерімен адам санасында жинақтаған,
яғни тіл элементтерінің сол тілді пайдаланушы адамның санасында
жинақталуын айтамыз.(Ахманова 66,310). Демек парадигма тек сөздер
аралығында ғана болмай, тілдің барлық элементтері арасынла болады.
Сондықтан да дыбыстардың парадигмасы, морфемалардың парадигмасы,
сөздердің парадигмасы, сөйлемдердің парадигмасы деген бар. Олардың
әрқайсысының өз қызметі, өз қасиеттері бар. Лексикалық мағынамен
байланысты парадигма семантикалық парадигма деп аталынады да,
сөздер аралығында болады.
Тілдік мағынаны анықтайтын парадигмалық байланыстың бір түрі ұштас мағыналы сөздер аралығында болады.Бұл синонимдік, антонимдік
байланыстарға қарағанда кең таралған, көп сөздердің ара қатынасын
қамтитын семантикалық құбылыс. Бірақ түркі тілінде күні бүгінге дейін
ұштас мәнді сөздерге талдау жасалынбаған, олардың өзіндік
еркшеліктерін белгілейтін принциптері анықталынбаған. Қазірге анығы ұштас мағыналы сөздер синонимдермен, антонимдермен біргебір
лексико-семантикалық, тематикалық топтардың арасында ғана өмір
сүреді. Соңғы екеуінен ұштас мағыналы сөздердің айырмашылығы олар өзара бір не екі мағыналық элементтері арқылы байланысып
жатады. Ұштас мағыналы сөздердің құрамында бір тектессөздердің
тіркесін талап еткенімен, синоним сөздердей бірінің орнына бірі
қолданылып, мағынасы жағынан кең түсіп жатпайды. Сондай-ақ бірі
екіншісінің мағынасын жоққа шығармайды. Олар бір тектес зат не ұғым
арасында ғана өмір сүреді. Сондықтан да Ф,П.Филин антонимдерге «бір
құбылыстың қарама-қарсы қасиетін көрсететін мағынаға ие болған
сөздер» деп анықтама берген, ал синонимдерге «бір ұғымды түрлі
жақтан қарап көрсететін мағынасы жақын сөздер» деп анықтама берген.
Ал ұштас мағынада сөздер аралығында мұндай мағыналық сәйкес келу
де, жоққа шығару да болмайды, тек олар бірін-бірі мағына жағынан
толықтырып қолданылатын екі түрлі мағыналы сөздер. Мысалы, қызыл,
сары, көк, қара, т.б. сөздер өзара синоним де антоним де емес. Олардың
бастарын қосып, мағыналарын байланыстырып тұрған заттың түсін
білдіретін сема ғана.
Семантикалық парадигма дегенде біз белгілі бір топтағы сөздердің өзара
мағыналық жақындығымен, сыбайластығымен байланысты
топтастырылып, араларындағы семантикалық байланысты белгілеуді
айтамыз.
Сөз мағынасының қалыптасуында парадигмалық мағынамен бірге
синтагмалық мағынаның да қызметі бар. Мысалы, Демеңдер өнбес іске
жұбаналық, Ақыл тапсақ, мал тапсақ қуаналық(Абай) дегендегі мал сөзі
тек төрт түлікке байланысты қолданылып тұрған жоқ, осы мал сияқты
жаңа мағынада қолданылу синтагмалық мағынаның үлесіне тиеді.
Синтагмалық мағына да парадигмалық мағына сияқты өздігінен өмір
сүреді, бірақ арнайы ғылыми талдау болмаса, анық көрінбейді. Тіпті
айтушы да, тыңдаушы да күнделікті дағды бойынша, оның түп-төркініне
қарай қолдана береді. Дегенмен де синтагмалық мағына тіркеске түскен,
сөздердің барлығында да бар, кездеседі. Бірақ олардың мағынаның
қалыптасуына, өзгеруіне тигізетін ықпалы бірдей болмайды. Мысал үшін
сөздердің белгілі бір текст құрамында келіп, өзара байланысып
келуіндегі синтагмалық байланыстың қызметі бір басқа да, сөздердің
мағынаға еніп, контекстің көмегімен анықталынатын синтагмалық
элемент екінші басқа қасиетке ие.
Сөздің денотаттық мағынасы туралы сөз болғанда, ең алдымен оның
объектив дүниедегі заттар мен түрлі құбылыстарға, заттардың амаләрекеті мен түрлі қасиеттерін бейнелеп беру мүмкіндігі бірінші орында
тұруы керек. Кез-келген сөздің мағына құрамында объектив дүниедегі
заттармен байланысып жататын элемент бар дегенде осы денотаттық
мағына еске түседі. Кей тілші ғалымдардың «Сөз - зат не түрлі
құбылыс атауы» дегенде осы қасиетті басты өлшем етіп алғаны анық
көрінеді. Сөз мағынасының қалыптасуы мен объектив дүниені бейнелеу
қасиетін бір жақты түсіну, бір сатылы құбылыс деп қарау дұрыс
болмайтындығы қандай анық болса, сөз мағынасын бір ғана объектив
дүниедегі заттардың бейнесі деп түсіну де дұрыс болмайды.
Download