Халықаралық бала құқығын қорғау Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу; Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету; Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру; Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау. Міндеттері: • Балалардың құқықтары бойынша Конвенция туралы балалардың ақпарат алуын арттыру. • Адамгершілікті дамытудағы осы қабылданған халықаралық құжаттың көкейкестігін сезінуді қалыптастыруға ықпал ету. • Заңды тұрғыдан өзін қорғай алатын дағдыларды дамытуға көмектесу. Бала құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдар. Бала құқықтарын қорғаудың арнайы халықаралық тетіктері мен құралдары бар. БҰҰ-ның жанында Балалар қоры (ЮНИСЕФ) құрылған, ол бүгінгі таңда балаларға халықаралық көмек көрсетудің басты тетігі болып отыр. Бала құқықтары туралы Конвенцияны жүзеге асыру үшін БҰҰ Бала құкықтары жөніндегі комитетті құрды. Конвенцияға қатысушы мемлекеттер Комитетке оның қағидалары мен ережелерін қалай жүзеге асырып жатқандары туралы ұдайы баяндама жасап, ұсынып отырады. Қазақстанда С. А.Назарбаеваның басшылығымен “Бөбек” балалар қоры құрылған, ол бала құқықтарын қамтамасыз етумен айналысады. Бала құықтары туралы Конвенция – бұл шарт, онда әлемдегі барлық балаларға қатысты, олардың құқықтары туралы айтылады. «Конвенция» сөзі бізге латын тіліннен келген, ол «шарт, келісім» дегенді білдіреді. Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы 1989 жылы 20 қарашада қабылданды және жалпы адам құқықтары декларация негізінде жасалды. Конвенцияны бекіткен елдер оның кепілі болып табылады. Бала құықтары туралы Конвенция – бұл барлық дүниежүзіндегі мемлекеттер кепіл болатын, жалғыз ғана халықаралық келісім. Конвенцияға тек қана кепіл болмаған елдер АҚШ және Сомали. Декларация- тараптар мақұлдаған жалпы принцитер мен мақсаттарды қалыптастыратын салтанатты акт Конституция - конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлектеттік биліктің федеральдық органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси- құқықтық акт. Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап Құқық- қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым Мораль- адамның іс-әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т.б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі. Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан • Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді; • Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы; • Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы; • Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасынан ажыратуға ешкім құқықты емес; • Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ; • Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы; • Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар; • Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы; • Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы; • Бала өз ойын еркін айтуға құқылы. •Отбасында өмір сүріп, тәрбиелену құқығы •Сөз, ар-ождан бостандығы •Аты-жөні, ұлты болу құқығы •Ата-анасымен, басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығы •Дұрыс тамақтану, тұрғын үй және медициналық көмек алу құқығы •Балалар қоғам бірлестігіне қатысу құқығы •Авторлық құқықты жүзеге асыру құқығы •Сыйлыққа, мұраға алған заттарға жеке меншік құқығы •Адамдық қадір-қасиетіне қолсұғушылықтан қорғану құқығы •Мәдени және шығармашылық өмірге жан-жақты қатысу құқығы •Эксплуатацияның барлық түрінен қорғану құқығы 40 жас Президе нт 30 жас Сенат депутаты 25 жас Полиция, сот 20 жас Мәслихат депутаты 18 жас Сайлау, үйлену құқығы 17 жас Өсиет жазу құқығы 16 жас Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқа тартылу 15 жас Жұмыс істеу (рұқсатпен) 14 жас Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету 10 жас Асырап алуға, қорғаншы болуға келісім беру, атааналарының қайсысымен тұруын таңдау құқығы 6-7 жас Тұрмыстық келісім шаралар, мектепке оқуға бару 0 жас Туу, құқыққабілеттілікке ие болу Сіздің құқықтарыңызды кімдер шектей алады? Сенің ар-ұятың Жалпыға ортақ нормалар мен әдеп ережелері Заңдар Құқық Кітапхана ережесімен шектелген Мен міндеттімін: білім алуға тәртіп сақтауға кітапхана қорының сақталуына үлкендерді сыйлауға; ана тілдің тазалығын сақтауға; әрдайым таза, ұқыпты жүруге; темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге Оқырман залында досыңмен әңгімелесіп отырсың, өйткені сен сөз бостандығына құқым бар деп есептейсің ы Сөз бостандығына құқық мі нд ет те рІм Кітапхана қызметкерлерін сыйлау міндеті, оқырмандарға кедергі келтірмеу міндеті Құқық кітапхана ережесімен шектелген №1 Ереже Міндетсіз құқық жоқ №2 Ереже Сенің құқығың басқалардың құқығы басталатын жерде шектеледі. - ҚР азаматы .... жасқа толғанда сайлау құқығына ие болады. - Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – ............. . - Баланың .... жастан еңбек етуге құқығы бар. - Көлік жүргізу куәлігі ....жастан бастап беріледі. - Құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған баланы тінту кезінде міндетті түрде баланың қасында....................... болу керек. - ҚР азаматы 18 жасқа толғанда сайлау құқығына ие болады. - Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. - Баланың 16 жастан еңбек етуге құқығы бар. - Көлік жүргізу куәлігі 18 жастан бастап беріледі. - Құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған баланы тінту кезінде міндетті түрде баланың қасында атаанасы болу керек. «Сөз шебері» Двакато Иваз Инзцялеи Енцурауз Цакия Азңегр «Сөз шебері» Двакато- адвокат Иваз- виза Инзцялеи- лицензия Енцурауз- цензура Цакия- акция Азңегр-заңгер Тәуелсіз еліміздің болашағы – балалар. Осы уақытқа дейін атқарылған істердің жалғастырушысы да, қоғамның тегершігін алға айналдыратын да солар болады. Елбасымыз өз сөзінде: «Біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар,» - деп үлкен сенім білдіреді. Барлық жағдай жасалған. Елдің болашағы ретінде балалардың мүддесін ойлау, құқығын қорғау – иманды істің бірі. Бала – адамзат баласының болашағы, сондықтан балаға жасынан өнегелі тәлім – тәрбие беру керек Бала жетесіз болса ата-анасын жерге қаратады. Бала жетелі болса ата-анасын елге қаратады. ************** Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді. *************** Аянкестің белгісі арықты да "жар" дейді. Еркетайдың белгісі кең дүниені "тар" дейді. ************** Баланың жақсысы — қызық, жаманы — күйік . (Абай). ************** Бала тентек болатыны — үйінен, Ердің тентек болатыны — биінен.