Uploaded by Arailym Rakhmanova

Мақала, Рахманова Арайлым (1)

advertisement
Рахманова Арайлым Талантқызы
Экономика және Басқару мектебі, «Маркетинг» мамандығы, 4 курс
Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті,
Аңдатпа
Осы мақалада Қазақстандағы интернет-маркетингтің қазіргі кездегі
жағдайы теория және мысалдармен сипатталған, оны дамытудың жолдары
берілген. Интернет-маркетингтің дамуының тенденциясын көрсету үшін,
статистикалық мәліметтер талданған. Мақаланың негізгі идеясы –
кәсіпкерлер үшін интернет-маркетингті қолданысқа енгізу тиімді және
табысты екені және де интернет-маркетингтің келешегі зор екендігіне көз
жеткізу.
Аннотация
В этой статье описано нынешнее положение интернет-маркетинга в
Казахстане, даны способы его развития, а также приведены теоретические
материалы и примеры. Для того чтобы показать тенденцию развития
интернет-маркетинга, в статью внесены статистические данные. Основная
идея статьи – подтвердить то, что для предпринимателей использование
интернет-маркетинга будет эффективным и прибыльным, а также то, что у
интернет-маркетинга есть перспективное будущее.
Annotation
This article describes the current situation of internet-marketing in Kazakhstan,
you can find out the ways of its development, also here was given theory and
examples. In offer to show the tendency of development of the internet-marketing,
the article includes statistical data. The main idea of the article – to confirm, that
internet-marketing has a promising future and usage of it is effective and profitable
for entrepreneurs.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ-МАРКЕТИНГТІҢ ЖАҒДАЙЫ
ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Интернет-маркетинг - керемет мүмкіндіктердің әлемі, оны шексіз
қолдануға болады. Қазіргі кезде интернет-маркетинг – бизнестің ажырамас
элементі болып табылады. Ол уақытты үнемдеудің, ал табыс көлемін
ұлғайтадың жолдарын көрсетеді.
Жалпы,
интернет-маркетинг
дегеніміз
ғаламтордың
барлық
мүміндіктерін пайдалана отырып тауарлар мен қызметтерді маркетингтік
технологияларды және құралдарды қолдану арқылы жылжыту мақсатындағы
кәсіпорынның маркетингтік іс-әрекеттері. Интернеттегі бизнес – бұл нақты
өмірдегі бизнес, 24 сағат бойы және 7 күн қызмет етеді. Бизнесініз тиімді
болғанын қаласаңыз, сіз маркетингті ұйымдастыруыңыз міндетті болып
табылады. Бүгінгі таңда интернет-маркетинг механизмін пайдаланбай-ақ,
тауарды сәтті өткізуге болады деуге сену қиын.
Мобильді байланыстардың дамығандықтан, интернет-маркетинг
құралдары көптеген мәселелерді қашықтықтан шешуге мүмкіндік береді.
Интернет-маркетинг құралдары – сатушы мен сатып алушы, клиент пен
кәсіпкер және сондай-ақ, бизнес-әріптестер арасындағы диалог пен сенімді
қарым-қатынастар құруда таптырмас құрал болып табылады. Интернетмаркетингтің әрбір құралын пайдалану арқылы кәсіпорын жаңа
тұтынушыларды тарта алады [1].
Олар:
 видео-маркетинг (kiwi.kz, kset.kz, youtube.com)
 контексті жарнама – жарнаманың ең бірінші құралы - «Яндекс»
немесе «Google» сияқты ең көп қаралатын іздеу жүйелерінде жүретін шағын
ғана мәтіндік ақпарат. Оның мәтіні сіздің іздеуге салған сөздеріңізге тікелей
тәуелді. Көрсетілген сілтемені басу арқылы, қолданушы тауарды сатып алу
туралы немесе қызмет көрсету ұсынысы жасалған парақшаға кіреді. «Google
Partners-ке» мүше болып немесе «Яндекстің жарнамалық жүйесінде»
тіркеліп, олар арқылы жарнама беруді бүкіл кәсіпорындарға енгізу керек деп
ойлаймын.
 жеке сайттар (empire.kz, aksaynan.kz)
 онлайн дүкендер (lamoda.kz, alser.kz)
 онлайн аукциондар (olx.kz, satu.kz)
 іздеу жүйесін оңтайландыру немесе SEO (Search Engine Optimization)
веб-торапты іздеу жүйелерінің "табиғи" немесе төленбейтін іздеу нәтиже
тізімінде алдыңғы қатарда көрінуіне бағытталған іс-шаралар жиынтығы.
 social media marketing (SMM) немесе әлеуметтің медиа маркетингі —
брендке, я болмаса өнімге әлеуметтік тұғырлар арқылы трафик немесе көңіл
аударту процесі. Бұл компанияларды ілгерілету және басқа да іскерлік
тапсырмаларды шешетін арна ретінде әлеуметтік медианы қолданыс
шараларының кешені. SMM компанияларға және жеке тұлғаларға клиенттік
қызметтін қосымша арнасын ұсынады. Осылайша, жаңа клиенттер
тартылады, нарық зерттеледі және фирманың жалпы репутациясы қадағалана
алады. Әлеуметтік медиа тұғырларының кейбіреулері: Facebook, Instagram,
LinkedIn, Myspace, Twitter, YouTube, Google+, Foursquare, VK.
 e-mail маркетинг - біздің елде өте танымал құрал, сатушылар мен
клиенттер арасындағы берік іскерлік байланыс орнату мақсатында
қолданылады [2].
Интернет-маркетингтің негізі - “5S” Қазақстанда қолданыста өте аз
кездеседі. Кәсіпорындар осы негіз арқылы интернет-маркетингтегі
мақсаттарын құрып, оларға жете алады. Тиімді “5S”-ке:
 sell – сату - интернетті тауарлар мен қызметтерді сату үшін дұрыс
пайдалану
 serve – қызмет ету - интернетті тұтынушыларға қызмет көрсету үшін
пайдалану
 speak – интернетті тұтынушылармен әрқашанда (24/7) байланыста
болу үшін пайдалану
 save – интернетті тауардың бағаны сақтап қалу немесе төмендету үшін
пайдалану
 sizzle – интернетті брэндті құру үшін пайдалану [3].
Қазақстанда 2000 жылы интернет тұтынушылардың саны 70 000 адам
болды, ол азаматтардың 0,5%-ын құрды. Оның өсу динамикасы өте
қарқынды екенін осы сандар дәделдейді - 2014 жылдың қорытындысы
бойынша 12 млн адам, яғни бүкіл азаматтардың 68%-ы интернетті
тұтынушылар болып табылады [4].
Қазақстан интернет-маркетингті өте тар мағынада қолданып отыр,
сондықтан да оны дамытудың жолдарын терең зерттеу керек.
Бүгінгі таңда Қазақстанда электрондық коммерция өте төмен деңгейде.
Сондықтан Қазақстандық электронда маркетинг қолданушыларының негізгі
мәселесі болып, электронды коммерцияның өзі дамитын және өзі
ұйымдастыратын жағдайдағы процестерді қамтамасыздандыру қажет. 2012
жылы Қазақстандағы бір жылдық электронды коммерция нарығындағы
айналым $240 млн құрады. Сол жылы 2015 жылға $3,5млрд деп болжам
жасалынған болатын. Бұл іске асады деп ойлайсыз ба?
Отандық сайттардың санын міндетті түрде арттыру керек, ол
бәсекелестіктің деңгейін жоғарылатады. Мысалы, веб-сайты бар
кәсіпорындардың үлесі 25% ғана, ол 7000-ға жуық кәсіпорындар.
Сайттардың дизайны мен ақпаратпен қамтамасыздандырылу деңгейі өте
төмен, оған да кәсіпкерлер көңіл аудару керек.
Интернет-жарнамаға бөлінетін ақша-қаражаттардың көлемі өте төмен.
Орта шамамен алғанда, 2013 жылдың мәліметтері бойынша, теледидар
жарнамаларына жарнамалық қордан 60% жұмсалады, баспасөз жарнамасына
18%, радио жарнамаға 5,5%, сыртқы жарнамаға 13%, ал интернет-жарнамаға
3,5% жұмсалады [5].
Интернетте шекараның болмауы шетелдік нарықтарға шығу үшін
мүмкіндік береді. Интернет-маркетинг арқасында барлық салаларды
дамытуға болады. Қазақстан білім кеңістігі шектеулерден шығып, елімізге
білімді, кәсіпкер, жан жақты азаматтар дайындау жолында еңбек етуі тиіс.
Яғни, IT және “маркетинг” мамандарын дайындау керек. Интернет бар
жерлерде шәкірттерді барынша оны тиімді, пайдалы жақтарымен
таныстырып, мүмкіндіктерін арттыруымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. kk.wikipedia.org
2. Электронный маркетинг. Учебное пособие. Данько Т.П., Завьялова
Н.Б., Дьяконова Л.П., 2003г.
3. Inbound Marketing: Get Found Using Google, Social Media, and Blogs .
Brian Halligan and Dharmesh Shah, 2010 y.
4. А. Б. Рахимбаев, “Маркетинг теориясы және практикасы”, Алматы,
2009 ж.
5. BRIF Research Group компаниясының блогындағы «Интернет в
Казахстане» атты мақаласы, 2011 ж.
Рахманова Арайлым Талантқызы
23 үй, Сүртібай көшесі, Таугүл-3 ы.а., Алматы қаласы
Тел: +7 747 647 64 01
Е–mail: araika-95-cool@mail.ru
Туылған күні: 01.02.1995
Конференцияға қатысу түрі: Күндізгі (очная), баяндамаларды тыңдау
(прослушать доклады)
Download