Ең жақсысын іздеймін Мақтау мен сынау адамзаттың өмірлік жолындағы салмақты құрал. Бұл әрекеттің ықпалы дамуға немесе құлдырауға әкеледі, кейде тіптен маңызы болмауы да мүмкін. Оны ақылмен қолдануды қашанда есте сақтаған жөн. (Т) Менің дәрісімде назарымды аударатын екі студент болды. Бірі менің ойларымды құптап отырса, екіншісі сырт келбеті арқылы менің пікірімді қолдамайтынын айқын көрсетіп отыратын. Семестр бойында екі студенттен өз ойларын қағаз бетіне түсіріп жіберіп отыруды өтіндім. Студенттерімнің мадақтау мен сынаудағы қателіктерімен жұмыс жасауға кеңес бердім. Алдымен мадақтау мен қолдау берген студенттің ойлары бойынша жұмыс жасадым. Мадақтау қалай дегенмен адамның көңілін көтеріп, жылыулық сыйлайды. Бірақ, оның шынайылығын қалай түсіну қажет немесе оған сіз мұқтажсыз ба деген ойлар келеді. (А) Студентім сіздің дәрісіңіз бүгін мазмұнды болды деп, бірақ мазмұнды ашпады. Оскар Уайлдтың «сені керемет деп айтуды тоқтатқан жағдайда, ол ой жойылады»- деген пікіріне құлақ асуға болады. Себебі мадақтаудың жөні «болашақ» үшін болмақ. (А) Мадақтау ресурсының негізі болу керек, мадақтауды демократияландыру қоғамдық мойындауды қалыптастырады. Мемлекеттен немесе басшылықтан емес, қоғамның өзі ол кісінің болымысы мен күш-қайратын тілге тиек ете алады. (Т) Сынның жеке және кәсіби өсу үшін пайдалы екені сөзсіз. Мұны бәрі түсінеді, бірақ соған қарамастан көпшілігіне жағымсыз әсер қалдырады. Мадақтау сияқты сында шынайы болуы тиіс. Сын нақты мысалдармен расталған және белгілі бір өзгеріске көмектесетін кері байланыс. Сынның конструктивті болуы өте маңызды. Студентімнің тарапымнан жасалған сын маған тиімді болды ма, әсері қандай болды?. (А) Студентім барлығын жоққа шығарып, еңбекті құнсыздандырып, өзінің жеке атынан емес, «біз «деген ұғымды жиі қолданды. Арасында сынды мадақтаумен алмастырып отырды. (А) Сын жалпылама болды. Ол сынның басым бөлігінде студенттің сол кезеңдегі басынан өтіп жатқан жағдайлардың әсері орын алды. Жалпылама барлығына көңілі толмайтындығын атап өтті. Олай болса, өзгертетін нақты ұсыныс пен нәтижелерді кері байланыста беруді өтіндім. Ұсыныстарды өзара отырып талқыға салдық. Сонымен, университетті он жыл бұрын бітірген екі студентпен байланысқа шықтым, ойлары өзгерді ме? Екеуінің түйіндемелері мінез-құлқына қатысты болды ма? Университет қабырғасындағы ойлары кемелдікке ұмтылуда қандай көмек берді. Мадақтауға икемділік немесе сынға құштарлық мансап жасауда не берді деген сұрақтарды жаудырдым. Олар болса, профессор осы сұрақ үшін ғана хабарластыңыз ба? Сіздің даусыңызды естіп, бірінші курсымыз еске түсіп кетті. Ол сұрақтың жауабы тікелей жағдаятқа байланысты туындайды деген ойларымен бөлісті. Бірақ, олардың маған қойған сұрақтарынан кейін ойланып қалдым. Біреуі, қандай жетістікке жеттіңіз десе, екіншісі студенттерге біліміңізбен жалықпай бөлісудесіз бе? – деді. Осы екі сұрақтың қай студентке тиесілі екенін оқырман еншісіне қалдырамын.