Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті ТӨМЕН КӨМІРТЕКТІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ 11 МОӨЖ: Ғылыми жоба Орындаған: 7М01515-География, 1 курс Шарипова Айнур Алматы, 2023 жыл Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім 2.1 Парниктік газдар шығарындылары 2.2 Көміртегі ізін есептеу әдістемесі 2.3 Төмен көміртекті дамыту бойынша ұсынылатын іс-шаралар III. Қорытынды Population Ecosystems can be created when biotic and abiotic components are met. Кіріспе Төмен көміртекті даму тұрақты дамудың қажетті шарты болып табылады және климаттың жаһандық өзгеруінің апатты салдарының алдын алуға бағытталады. 2015 жылғы желтоқсанда экологиялық тұтастықты, "жасыл" экономиканы қолдауға, тиімділігі жоғары технологияларды беруге және өзгеріп келе жатқан климатқа бейімделуге бағытталған Париж келісімі қабылданды. Осы Келісімнің негізгі мақсаттары жаһандық орташа температураның индустрияға дейінгі деңгейден (1850 - 1900 жж. деңгей) 20С-тан төмен өсуін сақтау және температураның өсуін 1,50С-қа дейін шектеуге күш салу болып табылады. Population Ecosystems can be created when biotic and abiotic components are met. Өзектілігі Климаттың өзгеру мәселелері көптеген мемлекеттердің ұлттық күн тәртібінде. Жаңартылған энергия көздерін дамыту әлемдік трендке айналды. Қазақстан Париж келісімін ратификациялап, 1990 жылға қарағанда 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15 пайызға қысқартуға өз еркімен үлес қосып отыр. 2014 жылдан бастап келісімнің міндеттемелері бойынша еліміздегі шығарындыларының көлемі өсуде. Міндеттемелерді орындау құралдарының бірі көмірді пайдаланудан бас тартып, жаңартылатын энергия көздеріне көшіп, ластаушы заттардың шығарылуын және өндіріс қалдықтарының пайда болуын төмендетуге бағыттау болып табылады Population Ecosystems can be created when biotic and abiotic components are met. Зерттеу мақсаты Міндеттері Зерттеу әдісі Көміртегі ізін есептеу құралдарына шолу, пайда болу процестерін түсіндіру және азайту шаралары. 1. Ақпарат жинақтау 2. Эксперимент жасау 3. Іс-шаралар өткізу 4. Ұсыныстар жасау Эксперименттік, математикалық әдістер. Мектеп оқушылары мен ата-аналар арасында сауалнама жүргізу арқылы төмен көміртекті даму туралы білімдерін арттыру. Негізгі ұғымдар Парниктік газдар әсерінен жылу балансының өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуы парниктік эффект деп аталады. Негізгі парниктік газдар - көмірқышқыл газы болып табылады. Көміртек ізі – адамзаттың ықпалымен атмосфераға әсер ететін метан, азот шала тотығы мен көмірқышқыл газы (СО2) секілді парниктік газдар шығарындылардың жиынтығы. «Көміртек ізі» 2004 жылы халықаралық ұйымдар мойындаған ресми экологиялық термин болып табылады. Кесте-1. Тауарлар мен қызметтерді өндірудегі жанама шығарындылар кестесі ТАУАР НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨМІРТЕГІ ІЗІ (СО²,-ЭКВ.) SMS хабарлама 0,014 г E-mail хабарлама 4г Үлкен көлемдегі E-mail хабарлама 50 г Ұялы телефон қолдану (жылына), күніне 1 сағат деп есептегенде 1250 кг Балмұздақ Джинсы 500 г 6 кг Дереккөз: Еуростат басшылығының атмосфераға шығарындылар туралы негізгі тарауы. Құжаттың түпнұсқасын сілтеме арқылы табуға болады http://ec.europa.eu/eurostat/web/environment/methodology Осылайша, барлық тауарлар, қызметтер мен процестердің өзіндік көміртегі ізі бар. Адамзаттың дамуын және өркениеттің барлық артықшылықтарын пайдалануды тоқтату мүмкін емес. Әлемнің экологиясын сақтауға және оны бұзатын процестерді тоқтатуға көмектесетін жалғыз әдіс - ақылға қонымды тұтыну. Қоқысты бөлек жинау Жергілікті өнімдер мен қызметтерді тұтыну Автокөлікті дұрыс пайдалану Өз тұрғын үйінің жылу оқшаулауын бақылау Электр энергиясын, суды және жылуды тұтынуды бақылау Жылыту жүйесін бақылау және тағы басқалар. Жеке көміртегі ізін немесе үй шаруашылығының/мектептің/бүкіл шағын ауданның ізін есептеу үшін, 5 кестеде көрсетілген СО2 эмиссияларының коэффициенттерін пайдалану қажет. Жеке көміртегі ізі туралы неғұрлым толық көрініс беретін әдістемені әзірлеу үшін оқушылар өз үйлерінде пайдаланатын энергия мөлшері мен көздері (жылыту, салқындату, жарықтандыру, олар пайдаланатын көлік түрі және жеке қозғалыстар мен саяхаттар кезінде жағылатын бензин мөлшері, қоғамдық көлік, ұшақ және т.б.) туралы ақпарат беруі керек. Төмен көміртекті дамыту (көміртегі ізін азайту) бойынша ұсынылатын ісшаралар: 1. Терезелерді ауыстыру Мамандардың айтуынша, ескі ағаш терезелер жылудың 70%-ын ұстап тұра алмайды. Жылу шығынын азайтудың бір ғана жолы бар – барлық терезелерді заманауи энергия үнемдейтін ПВХ терезелеріне ауыстыру. 2. Жылыту жүйесін оңтайландыру Теңдестіру (балансировочные) клапандарын орнату. Олар барлық бөлмелерге жылуды теңдей мөлшерде таратуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, үйдегі барлық радиаторларға термостаттарды орнату керек. Олар 6-дан 26-ға дейінгі кез келген температураны сақтауға мүмкіндік береді. 3. Шамдарды ауыстыру Зерттеу нәтижесінде, орташа отбасында электр энергиясының кем дегенде 20-25%-ы жарыққа жұмсалады, оның жартысынан көбі босқа кетеді. Қазіргі заманғы шамдар – Жарықдиодты шамдар, олар қазірдің өзінде қол жетімді және сапалы болып табылады. Төмен көміртекті дамыту (көміртегі ізін азайту) бойынша ұсынылатын ісшаралар: 4. Мүмкіндігінше рейстер санын азайтыңыз. Әуе көлігі - көміртегі ізін көп мөлшерде қалдырады. Мысалы, Нұр-сұлтан - Алматы - Нұрсұлтан рейсі-159,75 кг·СО2 құрайды. 5. Қоғамдық көлікті пайдаланыңыз, мектепке жаяу немесе велосипедпен барыңыз. Маршрутты алдын ала жоспарлаңыз, көлікпен артық заттарды тасымалдамаңыз, ішкі кедергісі төмен майларды және энергияны үнемдейтін шиналарды және т. б. пайдаланыңыз. 6. Ваннаның орнына душ қабылдау. Бос кір жуғыш пен ыдыс жуғыш машинаны пайдаланбаңыз. Тіс тазалаған кезде, стақанға су құйып қойыңыз. Эко сөмкелерді пайдаланыңыз. Жергілікті өнімдерді тұтыныңыз. ҚОРЫТЫНДЫ Төмен көміртекті технологияларды жасап шығару мен қолдану, осы саясатты қолдау климат өзгерісін жұмсартуда маңызды ықпал ете алады. Бұл жоба арқылы әр адам өзінің көміртегі ізін есептеп үйреніп, оның әлемдік деңгейдегі қаншалықты маңызды екенін түсіне алады. Зиянды шығарындыларды қарапайым өмірде азайтуға болатынын анықтай алады және оны басқаларға жеткізеді. Осылайша төмен көміртекті дамуға өз үлестерін қосады.