Uploaded by Айнур Шарипова

Жер ғарыштағы оазис Шарипова Айнур (2)

advertisement
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Жаратылыстану және география институты
Жер – ғарыштағы
оазис
Орындаған: 7М01515-география, 1 курс
Шарипова Айнур
Алматы, 2023 жыл
Жоспар
1. Күн жүйесі
2. Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың
көзқарастары
3. Жердің ғарыштағы орны
4. Жердің ерекшеліктері
5. Жердің жасанды серігі
6. Ғарыш туралы деректер
7. Пайдаланылған әдебиеттер
Күн жүйесі
Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан
(Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун),
планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан),
шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден
құралған ғарыштық денелер жүйесі.
3
Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың
көзқарастары
Көне замандағы әлем туралы алғашкы түсініктер өте қарапайым және діни
нанымдармен байланысты болды. Аспан мен Жер бөлек карастырылды, Жер дүниенің
қозғалмайтын орталығы ретінде қабылданды. Жердің бүкіл әлемнің орталығында
орналасқаны жөніндегі көзқарасты Ежелгі Грекия ғалымдары дүниенің геоцентрлік
жүйесінің негізіне алды.
4
Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың
көзқарастары
Аристотель
Біздің заманымыздан
бұрынғы IV ғасырда өмір
сүрген ежелгі грек
ойшылы, Аристотель
Жерді қозғалмайды деп
есептеді. Аристотель Жер Әлемнің табиғи орталығы
болғандықтан, ол ешқайда
құлап кетпейді және
барлық ауыр денелер осы
центрге қарай ұмтылады
деген пікірде болды.
Клавдий Птолемей
Біздің заманымыздың II
ғасырында өмір сүрген
ежелгі грек ғалымы
Александриялық Клавдий
Птолемей (90-160
жж.) геоцентрлік жүйесін
жасады. Ол дүниенің
орталығына қозғалмайтын
Жерді қойды да, оны өзге
шырақтар айналып жүреді
деді.
Әбу Райхан Бируни
973 жылы Хорезмде дүниеге
келген ортаазиялық ғалымастроном, математик, физик,
географ, философ, этнограф,
дәрігер Әбу Райхан
Бируни өзінің 150 еңбегінің
50-ін астрономияға
арнаған. Алғаш
рет, Коперниктен 500 жыл
бұрын, Жердің Күнді айнала
қозғалатыны туралы болжам
жасаған.
Жер
тоб
ынд
ағы
ғала
мша
рлар
Ғаламшар
Ерекшеліктері
Меркурий
(Болпан)
Күнге ең жақын, ең кіші ғаламшар. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады. Өз осін 59 тәулікте
айналып шығады. Бір тәулігі Жердің 176 тәулігіне сәйкес. Бетіндегі температура күндіз +400
дәреже болса, түнде -200 градусқа барады. Меркурийдің беткі қабаты құлаған метеориттерден
пайда болған кратерлермен жабылған. Күннен орташа қашықтығы 0,387 а.б. (58 млн. км).
Меркурийдің өз серігі жоқ.
Шолпан
Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық ғаламшарлар
айналатын жаққа кері бағытта айналады. Күннен орташа арақашықтығы 108 млн. км (0,723
астрономиялық бірлігі). Сидерлік айналу периоды 224 тәулік 16 сағат 49 мин 8 с. Шолпанның
орташа радиусі 6050±0,5 км, массасы 0,9528 Жер массасындай. Атмосферасында көмір қышқыл
газының (СО2) болатындығы спектроскопиялық жолмен анықталған.Шолпанның беті ыстық және
құрғақ болады. Планетаның шамамен 65 %-ын мыңдаған жанартау таңбалаған жазықтар алып
жатыр. Ал қалған бөлігін таулар, кратерлер және төбешіктер алады. Максвелл Монт тауы
планетадағы ең биік нүкте болып табылады. Шолпан – Күн жүйесіндегі ең ыстық планета.
Планетадағы орташа температура шамамен ~800°Ғ тең.
Жер
Үшінші ғаламшар және тіршілігі табылған жалғыз астрономиялық нысан. Табиғи серігі Ай.
Орбита бойымен 365,25 шақты күн ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Жердің айналу осі өз
орбиталық жазықтығына қатысты алғанда көлбегендігі жыл мезгілдерін тудырады. Гравитациялық
өрісінің Аймен әрекеттесуі судың толысуы мен қайтуына себеп болып табылады. Күн
жүйесіндегі ғаламшарлардың ең тығызы. Бетінің 29
шақты пайызы құрлықтар мен аралдардан тұрады, қалған ~71%-ын су.
Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4-ғаламшары. Орташа диаметрі 6800 км, массасы
Марс
(Қызылжұлдыз) 6,423.1023кг, орташа тығыздығы 3,93 г/см3, бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3,76 м/с2, орташа
температурасы -60 °С. Марс Күнді эллипстік орбита бойымен 24,2 км/с жылдамдықпен айналады,
Күннен орташа қашықтығы 228 млн км. Марс бетіндегі тұрақты жарық және қоңыр дақтар
Марстың өз осінен айналуын бақылауға мүмкіндік береді. Марстың осьтік айналу периоды
(жұлдыздық күн тәулігі) 24 сағ 37 мин 22,7 с. Марстағы жыл мезгілдерінің ауысуы және климаттық
белдеуге (полюстік, қоңыржай, тропиктік) бөлінуі Жерге ұқсас. Бірақ Марстағы әрбір жыл мезгілі
Жердегіден гөрі 1,9 есе ұзақ болады. Марстың бірнеше қабаттан құралған ионосферасы бар.
орташа температурасы 220±10 К. Марстың Фобос және Деймос деген екі серігі бар.
Ал
ып
ғал
ам
шар
лар
Ғаламшар
Ерекшеліктері
Юпитер
(Есекқырған)
Күн жүйесінің бесінші ғаламшары. Есекқырған күннен 773 млн. шақырым қашықтықта
орналасқан. Есекқырған Күн жүйесінің ең үлкен ғаламшары. Диаметр бойынша ол Жерден 11 есе,
ал салмағы бойынша 300 есе үлкен. Есеккқырғанның бір жылы Жердегі 11 жылына сәйкес, яки
Есекқырған Күнді 11 жылда бір айналады. Бірақ Есекқырғанда Жердегідей жыл мезгілдері жоқ,
өйткені ғаламшардың белі оның орбитасының жазықтығына перпендикуляр болып тұр.
Есекқырғанның, Жермен сәйкестегенде, жылы ұзақ болса, тәулігі өте қысқа. Есекқырғанның бір
тәулігі 9 сағат 50 минутқа сәйкес. Ол бар үлкен ғаламшарлар секілді өте жылдам өз белін айналады.
Ғаламшар бетіндегі орта шама температурасы −138 °C. Есекқырғанның табиғи серіктері — Еуропа
(серік), Каллипсо, Ио, Ганимед.
Сатурн
(Қоңырқай)
Күннен санағанда алтыншы, салмағы мен үлкендігі бойынша Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар.
Қоңырқай Күннен 1429 млн км (9,58 а.б.) қашықтықта орналасқан. Күннен айналу уақыты - 29,46
жыл.
Қоңырқайдың шамамен 60 серігі бар және ең күрделі сақиналар құрылысы бар ғаламшар.
Ғаламшардың экваториалдық радиусы 60300 км тең, полярлық радиусы - 54000 км; Сатурн - Күн
жүйесіндегі ең сопақ ғаламшар. Ғаламшардың массасы Жерден 90 есе асады. Өз осінен Сатурн 10
сағат 39 минутта айналып өтеді. Сатурнның жоғарғы атмосферасының 90%-ы сутегінің және 7
пайызы гелийден тұрады.
Уран
Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. 1781 жылы наурыздың 13-інде Уильям Гершель ашқан. Грек
(юнан) уақыттың құдайы Кроностың мадағына аталған. Уран - бұл Кроностың латын атауы. Күнді
84 жылда бір рет айналады. Ол газдан және қатты ядродан тұрады. Оның беткі қабатын көгілдір
тұман жауып жатады. Оны тастар мен мұз кесектерінен тұратын 11 жұқа сақина, 15 серігі қоршап
жатады. Уранның басты ерекшеліктерінің бірі - оның ерекше айналмалы қисаюы. Экватор
жазықтығы планетаның орбитасының жазықтығына 97,86 градусқа еңкеюде, нәтижесінде планета
сөзбе-сөз өз жағында айналады.
Нептун
Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары, Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар.
Диаметрі жөнінен ең үлкені, салмағы бойынша үшінші ғаламшар. Нептун Жер 17 есе ауыр, Жерден
15 есе ауыр Уран ғаламшарынан сәл ауыр. Ғаламшар Римдік теңіз құдайының атымен аталған.
Нептунның сегіз серігі бар. Оның Тритон деп аталатын серігі мұз жамылғысына оранған. Күннің
әлсіз сәулесі мұз қабатынан өте отырып, ішіндегі газды қыздырады. Қызған ыстық газ ағыны
сыртқа атқылайды.
Жердің ғарыштағы орны
 Жер – Күн жүйесіндегі үшінші, көлемі
бойынша бесінші ғаламшар
 Орташа температура - +15,5 ⁰С
S = 510,2 млн км2
Су – 71% (361,1 млн км2 )
Құрлық – 29% (149,1 млн км2 )
 Жер – Күн : 149 597 870 км ~ 150 млн км
 3 қаңтар – перигелий – 147 млн км
 5 шілде – афелий – 152 млн км
 Геоид – Жер шарының нағыз
геометриялық пішіні
 Экваторлық радиус – 6378 км
 Полярлық радиус – 6357 км
 Айырмашылығы – 21 км
 Орташа радиус – 6371 км
Жердің ғарыштағы орны
Жер шексіз әлем кеңістігінде толып жатқан сан-сыз көп ғарыштық денелердің бірі
ғана. Жерді планета ретінде астрономия ғылымы зерттейді.
Жерді қоршаған орта — “Ғарыш” (грекше “ғарыш” — бүкіл әлем) деп аталады.
Ғарыш кеңістігін құрайтын материя әр түрлі мөлшердегі ғарыштық денелерден
(жұлдыздар, планеталар, жұлдызаралық шаң-тозаңдар мен газдар, кометалар және
метеориттер) тұрады. Ғарыш кеңістігініңі зерттеуге мүмкін деп саналатын бөлігі —
“Метагалактика” деп аталады. Метагалактика миллиардтан астам жұлдыздар тобын
немесе “галактикаларды” (грекше - “галактика” — құс жолы) біріктіреді.
Жердің ерекшеліктері
Жердің геологиялық тарихы
Жер атмосферасы мен мұхиттары жанартау белсенділігі мен газсыздану
арқылы қалыптасты. Сол көздерден шыққан су буы конденсацияланып,
мұхиттарды құрады. Магниттік өріс 3,5 млрд жылға таман бұрын қалыптасты.
Жердің балқыған сыртқы қабатының қатқанынан кейін тұңғыш қатты,
тектоникалық тақталардан тұратын қыртысы пайда болды. Миллиондаған жыл
бойы олар тектоника күші арқылы бірігіп, суперконтиненттерді құрып, қайта
ыдыраған еді. 750 миллионға жуық жыл бұрын алғашқы
суперконтиненттердің бірі — Родиния деген суперконтинент ыдырай бастады.
Сосын ыдыраған континенттер қайта бірігіп Паннотияны құрды (600–540 млн
жыл бұрын), соңыра Пангея пайда болып, 180 млн жыл бұрын ыдырап қалды.
Жердің ішкі құрылымы
Жер тобының кез келген
ғаламшары (Жер тәрізді
ғаламшар) химиялық,
физикалық қасиеттері
бойынша бірнеше қабатқа
бөлінеді. Сыртқы
қабаты силикатты және
химиялық жағынан оқшау,
оның астында аса тұтқыр,
қатты мантия орналасқан.
Қыртыс пен мантияны бірбірінен Мохоровичич
шекарасы айырады.
Қалыңдығы мұхит астындағы
6 км-ден құрлықтағы 30–50
км-ге дейін вариацияланады.
Қыртыс пен жоғарғы
мантияның суық, қатты үстіңгі
бөлігі литосфераны құрайды.
Тереңдік
км
0–35
0–60
35–660
100–700
660-2890
2890–5100
5100–6378
Қабат
Қыртыс
Литосфера
Жоғарғы
мантия
Астеносфера
Тығыздық
г/см3
2,2–2,9
—
3,4–4,4
—
Төменгі мантия 3,4–5,6
Сыртқы ядро
Ішкі ядро
9,9–12,2
12,8–13,1
Жердің жылуы
Жердің ішкі жылуы ғаламшарлық аккрециядан қалған жылу (20%)
мен радиобелсенді ыдыраудан шыққан жылудан (80%) пайда болады.
Ішіндегі жылу шығарушы басым изотоптар: калий-40, уран-238
және торий-232. Центрінде температурасы 6000°-қа және қысымы
360 ГПа-ге жетеді.
Изотоп
238U
235U
232Th
40K
Жылу шығаратын изотоптар
Жартылай
Мантиядағыко
Жылу шығару ыдыраупериод нцентрациясы
W/кг изотоп
ы
кг изотоп/кг
жыл
мантия
94,6×10−6
4,47×109
30,8×10−9
569×10−6
0,704×109
0,22×10−9
26,4×10−6
14,0×109
124×10−9
29,2×10−6
1,25×109
36,9×10−9
Жылу шығару
W/кг мантия
2,91×10−12
0.125×10−12
3,27×10−12
1,08×10−12
Жердің гравитациялық өрісі
Жер гравитациясы - оның ішіндегі массаның үлестірімінен пайда болатын
және нысандарға әсер ететін үдеу. Жер бетінің қасындағы гравитациялық үдеу
шамамен 9,8 м/сек2. Жергілікті топография, геология және тектоникалық
құрылымға қарай кей аймақтың гравитациялық өрісі басқа түрлі болады, бұл
нәрсе гравитациялық аномалия деп аталады.
Жердің гравитациялық өрісі
Жердің магниттік өрісінің негізгі бөлігі ядро ішінде пайда болады. Ол жақта конвекцияның
кинетикалық энергиясын электрлік пен магниттік өріс энергияларына айналдыру үдерістері
өтеді. Өріс Жер ішінен сыртқа шығып, дипольді құрайды. Дипольдің полюстері Жер
географиялық полюстерінің қасында орналасқан. Магниттік өріс экваторында кернеулігі
3,05×10−5 T, магниттік моменті 7,79×1022 А⋅м2 құрайды. Ядродағы конвекциялық
қозғалыстардың бәрі кездейсоқ, сондықтан магниттік полюстер ығысып, кейде орындарын
ауыстырады. Бұл негізгі өрістің секулярлық вариациясын және тұрақсыз интервалды
бұрылуын тудырады (орташа есеппен әр миллион жыл сайын бірнеше рет болады).
Соңғысы 700 мың жыл бұрын болған
Жердің магниттік өрісінің ғарышқы
бөлігін магнитосфера деп атайды.
Жердің жасанды серігі
Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты
зерттейтін Жердің жасанды
серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан
кеңестігіне шығарылды. Осы
уақыттан бастап адамзат ғарыш
кеңістігін зерттей бастады. Ал
қазіргі уақытта жерді айнала
жүздеген Жердің жасанды
серіктері ұшып жүр. Жердің
жасанды серіктері арқылы ауа
райын дұрыс және дәл болжауға
мүмкіндік туды. Теңізде жүзген
кемелер мен ұшақтар бағытын
бұрын жұлдыздарға немесе күн
мен айға қарап болжайтын болса,
қазір бұл Жердің жасанды
серіктерінің көмегімен жүзеге
асады.
Жердің жасанды серігі
Ғарыш туралы деректер
Ғарыш туралы деректер
Ғарыш туралы деректер
Ғарышта еш дыбыс
естілмейді, өйткені
дыбыс
толқындарын
тарататын ауа жоқ.
Жыл сайын біздің
Галактикамызда,
қырық жаңа
жұлдыз пайда
болады.
Қарапайым
автокөлікпен Күнге
жету үшін, 212
жылдан астам
уақыт керек.
Венера
ғаламшарында бір
тәулік уақыт 224
күнді құрайды.
Күн жүйесінде Жерге
ұқсайтын дене бар. Ол
Титан деп аталатын
Сатурн планетасының
серігі. Онда да өзен,
теңіз, вулкандар және
тығыз атмосфера бар.
Күн жүйесіндегі
барлық планеталар
Юпитер
планетасына сыйып
кетеді.
Біздің
планетамызды
ғарыштан өз
көзімен, тек 24
адам ғана көрді.
Марс планетасының
гравитациялық
өрісінің төмен
болуынан, Жердегі
салмағы 100 кг адам,
Марста 38 кг болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жерді ғарыштан зерттеу. Жердің жасанды серіктері, https://us.kz/publ/ashy_saba_tar/geografija/zherdi_aryshtan_zertteu_zherdi_zhasandy
_serikteri/8-1-0-4774
2. Ғарыш туралы қызықты мәліметтер, https://faktiler.kz/garysh-turalykyzykty-malimetter/
3. Ғарыш туралы қызықты мәліметтер, https://stan.kz/garysh-turaly-kyzyktyderekter/
4. Жердің Күн жүйесіндегі орны, https://stud.baribar.kz/7057/zherdinh-kunzhuyesindegi-orny-zherdinh-pishini-men-moelsheri/
5. Наша родная планета – настоящий оазис в холодном космосе,
https://naked-science.ru/article/top/zemlya-v-zanimatelnyh-chislah
Download