Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті БОӨЖ 7: Жер ғаламшарының болашағы Орындаған: 7М01515-география, 1 курс Шарипова Айнур Жоспар 1. Күн туралы түсінік 2. Күннің құрылымы 3. Күннің алып қызыл жұлдызға айналуы 4. Күннің болашағы жайлы гипотезалар 5. Жаңа тіршілік ету мекені Күн туралы түсінік ☉ Күн (таңбасы: ) — Күн жүйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Күнде өте кең тараған элемент – сутегі. Оның атомдарының санынан гелий атомдарының саны 7 – 8 есе аз, ал қалған өзге элементтердің саны сутек атомдары санынан 1000 есе аз. Күн құрамында басқа элементтерге қарағанда оттек, көміртек, азот, магний, кремний, темір басымырақ. Күннің тікелей бақылауға келетін сыртқы қабаттары, оның атмосферасын қалыптастырады. Құс жолы галактикасін 225 миллион жылда бір рет айналып шығады Өз өсін шамамен 27 күнде бір рет айналады Жасы 4 млрд 600 млн жыл Айналу осі Жер орбитасының осінен шамамен 7,25 градусқа қисайған 5 млрд жыл жарқырап жануға шыдайды. Күн құс жолы галактикасін бір секундта 220 километр жылдамдықпен айналады Күн құрылымы Күннің сәулесі (сәуле шығаруы) түгелдей дерлік Күн атмосферасының төменгі бөлігінен шығады, оны фотосфера деп атайды. Фотосфераның қалыңдығы 100 – 300 км. Күн құрылымы Фотосфераның үстінде, Күннің көрінетін жиегінен 14 мың км-ге созылып жатқан хромосфера қабаты орналасқан. Хромосферадан жоғары, Күн атмосферасының ең сиретілген бөлігі күн тәжі орналасқан. Оның биіктігі бірнеше Күн радиусына тең. Конвекция аймағы Радиациялық аймақ Күн өзегі Фотосфера Хромосфера Өтпелі аймақ Тәж Күн - алып қызыл жұлдыз Күннің қазіргі сипаты және болашақтағы алып қызыл жұлдыз ретіндегі күн 5, немесе 7.5 млрд жылдан кейін біздің күн алып қызыл жұлдызға айналады. Ғалымдардың есептеуінше ол кезде күн ерепайсыз үлкейеді және қазіргі күн жүйесіндегі Меркурий, Шолпан ғаламшары күнге жұтылары сөзсіз, бірақ жер шарының тағдырын әлі де анықтай түсуге тура келеді. Ядродағы қысымның жоғарылауы сутегі синтезінің жоғарылауына әкеледі. Бұл, негізінен, күн сутекті тұрақты үдеумен жұмсайды дегенді білдіреді. Осы уақытқа дейін оның жарықтығы әр 100 миллион жыл сайын 1% - ға артып, соңғы 4,5 миллиард жыл ішінде күннің жарықтығы 30% - ға өзгерді. Гипотезалар Шамамен 1,1 миллиард жылдан кейін күн бүгінгіден 10% жарқын болады. Нәтижесінде, мұндай метаморфоздар парниктік әсердің пайда болуына әкеледі, бұл бүгінгі Шолпан ғаламшарына өте ұқсас болады. 3,5 миллиард жылдан кейін күн 40% жарқырайды, бұл мұхиттардың булануына және мұз қабаттарының еруіне әкеледі, ал атмосферадағы су буы ғарыш кеңістігіне шығарылады. Мұндай жағдайда жер бетіндегі кез-келген тіршілік тоқтайды және Жер Шолпан сияқты ыстық және құрғақ ғаламшарға айналады. 5,4 миллиард жылдан кейін күн қызыл алып кезеңге өтіп, көлемі тез өсе бастайды. Кеңейіп жатқан күн Меркурийдің, Шолпанның тіпті жердің орбиталарын қамтуы мүмкін деп болжайды. Күннің қызыл алыпқа айналу әсерінен Күн жүйесінің тіршілік ету аймағының шекаралары өзгеріп, жылжитын болады. Осы уақытқа дейін 1,5 а.б. орналасқан жер енді күн жүйесі аймағында болмайды. Жаңа тіршілік ету мекені Жаңа тіршілік ету аймағы 49,4-тен 71,4 а.б. дейін созылады, яғни Койпер белдеуі. Қазіргі мұздықтардың барлығы ериді және сұйық суды Плутон орбитасынан тыс жерде табуға болады. Жаңа тіршілік ету мекені Эрис біздің жаңа мекеніміз болуы мүмкін, ергежейлі Плутон планетасы Жаңа Шолпан ғаламшарына айналады, ал Хаумеа мен Макемаке Күн жүйесінің сыртқы бөлігі болады.