Uploaded by Dina Serikkazy

DOC-20231211-WA0010.

advertisement
ТАҚЫРЫП МАҚСАТЫ: НООСФЕРА ТУРАЛЫ
МӘЛІМЕТТЕР БЕРЕ ОТЫРЫП ,ОНЫҢ ҰҒЫМЫН АШУ
• Тақырып міндеттері:
• Ноосфераға сипаттама беру;
• Ноомфераның зерттеу саласын анықтау;
• Саналы қабаттың даму кезеңдерін анықтау;
• Экологиялық мәселелерді көрсету
ЖОСПАР
• Кіріспе
• Ноосфера
• Негізгі бөлім
• Ноосфераның пайда болуы мен деңгейлері
• Вернадский.Ноосфера туралы
• Нанотехнологиялар
• Қазақстандағы ноосфера ғылымдарының дамуы
• Корытынды
НООСФЕРА
• Ноосферология (ноосфера және логия)
— ноосфера және оның пайда болуы
туралы ғылым. Ноосферологияға
жаратылыс, қоғамдық немесе
техникалық білім салаларының
көптеген тараулары кіреді.
https://images.app.goo.gl/YBLhXotz7kmghQxW8
НООСФЕРА
• Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті
алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден
Пьер (1881 – 1955) енгізген.
XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И.
Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан
туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың
бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.
Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтікэкономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін)
басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын
игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын
пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық
қарулар жасауға мүмкіндік берді.
https://images.app.goo.gl/cEDJcmm2uFAcciGu5
Тейяр де Шарден
https://images.app.goo.gl/5iGaGLFGdv87bMVg9
Эдуар Луи Эмманюэль Жюльен Ле Руа
НООСФЕРА ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
• Адамзаттың бірлігі;
• * Байланыс және алмасу құралдарын түрлендіру (қазірдің өзінде
құрылды);
• * Жаңа энергия көздерін ашу (атомдық энергия);
• * Адамдардың әл-ауқатының көтерілуі (Жер ресурстары және тамақтану);
• * Барлық адамдардың теңдігі (нәсілшілдіктің болмауы және нацизм);
• * Қоғам өмірінен соғыстарды алып тастау.
НООСФЕРАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ
• Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше
кезеңдерін ажыратады.
• Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып,
биосфераның қалыптаса бастауы.
• Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы
организмдердің пайда болуы. Бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни
тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды.
• Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда
болуымен ерекшеленеді
НООСФЕРА КЕЗЕҢІ
• Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі
деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп
атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген
ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера —
адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын
биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.
• Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары
Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы
бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл
ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".
https://www.google.com/imgres?imgurl=https%3A%2F%2Finance.ru%2Fwpcontent%2Fuploads%2F2017%2F06%2Fpublic-noosfera.jpg&tbnid=VxRHuJb0u6A8M&vet=1&imgrefurl=https%3A%2F%2Finance.ru%2F2017%2F06%2Fnoosfera%2F&docid=tfy
YEvRzjCtUtM&w=1200&h=674&source=sh%2Fx%2Fim%2Fm1%2F2
ВЕРНАДСКИЙ.НООСФЕРА ТУРАЛЫ
• 1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді
дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера
эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам
қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.
• В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам
заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары
жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп
шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап
көрсетті.
https://images.app.goo.gl/CqSVaNEC8QQEnxsUA
Владимир Вернадский
• Адам санасы мен ғылыми ойдың ролін бағалай келе В.И.Вернадский мынадай қорытындылар
жасады:
• - ғылыми шаруашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып
табылады;
• - биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсімен қатар жүретін құбылыстар;
• - биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс, стихиялы түрде, табиғи процесс ретінде
жүреді;
• - тіршілік ортасы – биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның
геологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы – адамзаттың ғылыми жұмысының
енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге – ноосфераға өтуі табиғи прцесс.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
https://images.app.goo.gl/Zz5je2paBaiFctmw8
• Соңғы жылдары экологиялық мәселелер — бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі
мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты
пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және
технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына
да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау —
қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар
аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі—
адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР
• Қазір нанотехнологиялар (грек. nannos - ергежей,
нано - метрдің миллиардтан бір бөлігі) дәуіріне
еніп бара жатырмыз. Бұл атом бөлігі
дәрежесіндегі технологиялар.
Нанотехнологияларды қолдана отырып, адам
өнеркәсіпте, медицинада, энергетикада және т.б.
затпен емес, оның ұсақ бөліктерімен жұмыс
істейді
ҚАЗАҚСТАННЫҢ НООСФЕРАНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
• Егемендік жылдарында ноосфераның зерттелуі мен дамытылуы
үшін Қазақстанда биологиялық көзқарас тұрғысынан, мәдениэстетикалық, рухани-адамгершілік, әсіресе әлемдік қоғамдастықтың
әлеуметтік-саяси құрылымында көп жұмыстар атқарылды.
• 1991 жылы 23 тамыз Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен атомдық сынақтар тоқтатылып,
Курчатов қаласындағы жұмыстар тоқырады. Семей ядролық
полигонының жабылуы және ядролық қарудан ерікті түрінде бас
тарту Вернадскийдің "Адам өзіне берілген күшті өзін құртуға емес,
жақсылыққа бағыттап қолдана алады ма?" деген сөзі атомды
саналы қолдану туралы сақтандыруымен үндес болып тұр
ҚАЗАҚСТАННЫҢ НООСФЕРАНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
• 2016 жылы 28 маусымда Қазақстан 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің
тұрақты емес мүшесі болып сайланды. 2018 жылдың қаңтарында Қазақстан БҰҰ
Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етті.
• Қазақстан егеменді мемлекет болғаннан бері елімізде әлемдік діни
концсессиялары лидерлерінің съездері мен форумдары өткізілуде.
• 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін Нұр-Сұлтан қаласында "ЭКСПО2017:Болашақ энергиясы" халықаралық көрмесі өтті. Көрмеде энергия көздері
және "жасыл экономиканы" өмірге енгізу жолдарын көрсету мақсат етілген.
• Елордамызда жасыл технологиялар мен БҰҰ қамқорлығы аясында Инвестициялық
жобалар орталығын құру бастама алды
https://images.app.goo.gl/kywPwYANEc6zjJNi9
ҚОРЫТЫНДЫ
• Адамның осындай қуатты ықпалы, ақыл-ой, санасы және оның білімі
биосфераның жаңа деңгейге көшкенін көрсететінін В. И. Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде
ерекше атап көрсетті.
Ол биосфераның мұндай ең жоғарғы деңгейін ноосфера деп атады.Ноосфера грекше саналы қабықша деген
ұғымды білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, ноосфера адамзаттың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы
өзгерген биосфераның жаңа деңгейі болып саналады.
Ноосфера – биосфераның жаңа жағдайда көшкен деңгейі, онда адамның саналы ақыл-ойы табиғаттағы
барлық әрекеттерді айқындайтын негізгі Фактор болып есептелінеді. В. И. Вернадский ноосфера ұғымына
толық түсінік берді. Оның ілімі бойынша адамзаттың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы биосфераны
жасампаздықпен өзгерте отырып көркейту, яғни адамзаттың өзі және келешек ұрпағы үшін сақтап
қалу, әрі тіршілік атаулыға барынша қолайлы жағдай жасау болып табылады. Қазіргі кезде бүкіл Жер
бетіндегі халықтарды толғандырып отырған мәселе – биосфераның тепе-теңдігін сақтай отырып, оны
көркейту болып отыр
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
• Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау /
Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылымибаспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп»
• Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын
басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
• ↑ Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. —
Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
• ↑ Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы
11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-175-4
Download