Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институты РЕФЕРАТ Тақырыбы: Оқытудағы когнитивті тәсіл. Метатану Орындаған: Тобы: ХНК – 5 Қабылдаған: Алматы 2023 ЖОСПАРЫ Кіріспе Негізгі бөлім 1. Оқыту құралдары туралы жалпы түсінік 2. Оқыту формалары мен әдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы 3. Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе Жалпы білім беретін мектептерде оқу – тәрбие жұмысының табысты өтуі, материалдық-техникалық базасына тығыз байланысты. Олардың қатарына оқу кабинеттерін, лабораториялардыжәне полигондарды жатқызады. Сондықтан да олардың құрамындағы жабдықтарды оқу жабдықтары деп атаймыз. Дегенмен, осы кезге дейін бұл трминнің пайдаланылуы туралы әр түрлі көзқарастар бар. Кейбір кезде оқу жабдықтарына мебельдерді, көрнекі оқу құралдарын, лаборатория жабдықтарын жатқызса, ал кейбір жағдайда «оқу жабдықтарыә» деген терминмен «оқу құралдары» терминнің синоним ретінде қарастырылады. Көпшілік зерттеушілер кейінгі кезде оқу жабдықтарына оқыту құралдарынан бөлек, техникалық оқыту құралдарын, мебельді және ұрылғыларды жазып жүр. Сондықтан да оқу жабдықтары – оқушылардың оқу процесіндегі іс-әрекетіне көмеектесетін, мұғалімнің кейбір жұмыстарын жеңілдететін материялдық құралдар десек те болады. Оқу жабдықтарына жататындар: 1.оқыту құралдары, 2. Техникалық құралдар; 3. Құрылғылар; 4. Мебельдер. Бұлардың арасында белгілі қарымқатынас пайда болады. Мысалы, оқыту құралдары техникалық құралдардың, мебельдердің, керекті құрылғылардың тізбсін анықтайды. Егер кейбір пәнге тән көптеген кинофильмдер болса, онда техникалық құралдар қатарына киноқондырғыны, құрылғыға - экран мен қараңғылатқышты жатқызған болар едік. Осы кинофильмдерді жайғастыру, сақтау үшін арнайы мебель қажет болған болар еді. Сондықтан оқу жабдықтары барлық уақытта өзгеріп, дамып отырады. Олардың әрбір түріне қысқаша тоқталайық. 1. Оқыту құралдары туралы жалпы түсінік Кейінгі жылдары педагогикалық әдебеттерде «көрнекі оқу құралдары» терминінің орнына «оқыту құралдары» термині қолданылып жүр. Себебі «көрнекі оқу құралдары» деген түсінік оқу процесіндегі құралдардың барлық тізбесін анықтай алмайды, ал көрнекілік болса олардың жалғыз ғана қасиеті емес. Олардың көрнекіліктен де бөлек эргономикалық, дидактикалық бағыттарын т.с.с. айтуға болады. Былайша айтқанда олардың мүмкіндіктері өсіп, көрнекілік аясы өрістеп отыр. Сонымен оқыту құралдарына мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) сабақ барысында информация беруін, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруын сабақ барысында тексеру жұмыстарын жүргізе алатын оқу жабдықтарын жатқызамыз. Қолданылып жұрген оқыту құралдарының информация беру мүмкіндігі бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Оларды төмендегідей топтарға бөлуге болады. Баспасөз әдісімен жасалған - оқулықтар, анықтамалар, есептер мен жаттығулар жинағы, нұсқаулар, нұсқау технологиялық картталар плакаттар карточкалар, оқыту программалары. Экранды құралдар – диапоизтивтер дияфильмдер транспоранттар кинофильмдер бейнежазбалар, телехабарлар. Дыбысты құралдар – грамжазбалар радиохабарлар магнит лентадағы жазбалар. Көлемді құралдар – нақты обьектілер модельдер макеттар, муляждар және тенажерлар. Кебір жағдайда экранды оқыту құралдарын дыбыстылар қатарына да жатқызуға болады (дыбысты кинофильм не телехабар, дыбысталған дияфильм). Оқыту құралдарының негізгі қолданылған мақсаты әрине, оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру, себебі сабақ барысында ғана оның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты керекті білімділікті шеберлікті, дағдыны қалыптастыруға болады. Мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) әрбір оқыту құралының дидактикалық мүмкіндіктерін білуіне байланысты оқу процесінің маңызы да арта түспек. Шынында да кез келген оқыту құралының дидактикалық мүмкіндігі оның оқу тәрбие жұмысындағы рөлін анықтайды. Оқушылардың іс-әрекетін басқара отырып мұғалім сабақты түсіндіруді олардың өздігінше жұмыс ұйымдастыруды ұғыну үрдісін тексеруді қолға алады. Мұндай жағдайда оқыту құралдары үлкен көмекші. Сабақты түсіндіру барысында оқушылардың танмдық іс-әрекеттерін бақылап отыру қиын, дегенмен оны әртүрлі тапсырмалардың көмегімен шешуге болады. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін олардың тапсырманы орындау барысында бақылап отырады. Жіберілген қателіктер тез арада түзетіледі, ал мұғалім болса өз жұмысына да оқушылар іс-әрекетіне де түзету еңгізе алады. Бұл жағдайда оқыту құралының маңызы зор. Өндірістік оқу сабақтарында оқушыларға кәсіптік және жалпы еңбектік шеберлікті, дағдыны қалаптастыру үшін түрлі жаттығулар жасауына тура келеді. Олардың қатарына нақты обьектілер модельдер және де көмекші оқыту құралдары жатады. Мұндағы негізгі мақсат – оқу процесін өндіріске жақындату.Кейінгі кезде теориялық сабақтар оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастыру нығайту мәселесі байқалап келеді. Оқушылардың өздігінше жұмыс жасауы жекелей немесе тобымен жүргізілуі мүмкін, сондықтан да сабақ барысында оқыту құралдарының маңызы да арта түспек. Мұндай жағдайда оқушылар өздерінің оқу барысындағы іс- әрекетін бақылап, қателік жіберсе түзету ееңгізе алады. Әр оқытушының қабілетіне байланысты білетін тапсырмалардың да мүмкіншілігін дұрыс ұйымдастырған жөн. Былайша айтқанда оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастыруда оқыту құралдарының көмегі аса үлкен орын алады. Мысалы, карточкалар, темттер, оқулықтар, есептер мен жаттығулар жинағы, оқыту программалары. Оқыту құралдарын жасау қолданудағы негізгі мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру дедік. Сондықтан да оларды осы мақсатта пайдалану барысында басқаша да топтастыруға болады. Олар үш топқа бөлінеді. Сабақ түсіндіру барысында ақпарат беру; Оқушылардың өзідік жұмысын ұйымдастыру; Сабақ барысын тексеру және басқару; Оқу-іс-әркетіндегі пайдаланылатын формасына байланысты оқыту құралдарын басқа да топтарға бөлуге болады: Оқушылардың фронтальды жұмысын ұйымдастыру; Оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру; Оқушылардың жекелей жұмысын ұйымдастыру; Мұндай топтастырудың тек шартты түрде екенін айта кеткеніміз жөн, себебі кейбір оқыту құралдары оқу-іс-әрекетінің әр түрлі формасында да пайдаланылуы мүмкін. 2. Оқыту формалары мен әдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады. Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын. Жаңа дәуірде Англияда оқытудың "белл-ланкастер" жүйесі тарады. "Сатылы" немесе "өзара оқыту" түрінің ерекшелігі: бір оқу жылыңда жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200-300 немесе 600ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған. Америка Құрама Штаттарында XX ғ. басында "дальтон-жоспар" оқу формасы түңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мүғалімнің басшылық релі төмен болды. Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық-зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3-4 топқа бөлінді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мүғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай, бригадаға оқушылар білімінің бағасы койылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды. Оқытудың кең таралған сынып - сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды. 1. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру. 2. Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы. 3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алма кезек оқыту. 4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу. 5. Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау. 6. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі. Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені , оқытумұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса , оқу-баланың зөіндік танымдық,практикалық әрекеті. Оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады. Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған , педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен , арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді. Оқыту - күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу, ақыл-ойы мен творчестволық қабілетін , демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнәсі, жеке тұлғаға біртұтас ықпал жасауды көздейді. Осы негізде оқыту процесінің бірінші қызметі-оқушыларға білім беру. Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай рқушыларды нақті фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми түсініктерін қалыптастыру. Екінші қызметі- тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. 3. Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі. Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады. Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар: 1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану; 2. Мектептің материалдық - техникалық негізін ескеру; 3. Мектептің орналасқан жерін ескеру. Мысалы, қала мектептерінде оқушыларды өндіріс орындарына экскурсияға, ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне апару; 4. Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесе оқушылардың іс-әрекетін анықтап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін емес. Қорытынды Қорыта айтқаңда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жүмыс істейді. Оқыту процесі-білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды. Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері бар. Оқыту-мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп жаңарады. Оқыту-таным процесі. Танымдық ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп ,арта түседі. Оқытудың міндеті-оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние танудпа бұрын ғылымда белгілі болған , зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі. Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен , оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жәйлі ақпарат алады. Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организімнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді. Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес , оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі, оқытудағы субъект екенін дәлелдейді. Оқушының жалпы психикалық дамуы-мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде ұолайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. https://kitaphana.kz/refkaz/236-pedagogika/3253-okity-adisi.html 2. https://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=3&id=661 3. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с. 4. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. - М: Педаг. Общество, 1998. - 640 с. 5. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б. 6. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996. 7. Оконь В. Введение в общую дидактику. - Москва: Высшая наука, 1990.