Тақырыбы: Интербелсенді әдістер Дайындағандар: Қасен Ш, Маханбетнаби А, Нургалиева И, Пернебекова А, Әлсейітова С Тексерген: Қорғанбаева Ж Жоспар I.Кіріспе 1.ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ II.Негізгі бөлім 2.ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ 3. ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР 4.ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН САБАҚТА ҚОЛДАНУ 5.ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНГІЗУ ЖОЛДАРЫ III.Қорытынды IV.Пайдаланылған әдебиеттер «Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң -үйренемін!» көне қытай ғұламасы Конфуций (Кун-цзы) Ағылшын тілінен келген «interactiv» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер - үйренуші мен үйренушілерлің өзара әрекеттесуін оқудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. «үйретуші-үйренуші» «үйренуші-үйренуші» «үйренуші-өзімен өзі» Интербелсенді оқытуда білім алушылар мынандай білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді: Терең ойлау, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту; Өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру; Ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап,оның ішінен керектісін таңдап алу; Ақпаратты жан-жақты талдау; Өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру Пікірталастарға қатысып, өз ойымен пікірін дәлелдеу; Басқада балама пікірлерді ескеру Шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу; Ортақ жұмысқа жұмыла білу; Басқалармен тиімді қарымқатынас құру, өзара әрекеттесу; Үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс асаудың рухани және моральды ережелерді қабылдау; Оқушы топты ұжым ретінде қабылдайды ДӘСТҮРЛІ ОҚЫТУ басты мақсат «нәтиже» болып, ұстаз өзінің барлық күш-қайратын «үйретуге»бағыттайды, шәкірттің қорытынды нәтижеге ең қысқа жолмен жетелеуге тырысады. Мұнда оқытудың нәтижелігі бірінші кезекте ақпаратпен байланыстырылады: үйрету процесі оқушыға ақпарат «беруге» бағытталады, оны жаңа мәліметпен қамтамасыздандырумен шектеледі. Дәстүрлі оқытуда білім беру процесі көп жағдайда оқушының сабаққа «таза парақ»(tabula rasa) күйінде келіп (немесе іші қуыс ыдыс секілді), мұғалімнің оны сабақта біліммен «толтырумен» айналысатын құбылыс деп түсініледі. Шәкірт сабақта жаңа білім алып, сабақтан кейін оны бекіту жұмысымен ғана айналысты ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ басты назарды «үдіріске», «процеске», яғни үйренудің өзіне, оқушылардың «қалай» және «қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне» аударады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігімен білім игеруінде, оны ізденуде, құрастыруында. Мұндай сабақтарға шәкірттер «таза парақ» күйінде келмей, алдын-ала дайындалып келеді, олар сабақ басында тақырып бойынша өз түсініктері мен пікірлерін келтіріп, әрі қарай оларды дәлелдеу жүйесін құрады, пікір талас жүргізеді, өзге пікірлерді тыңдап, балама көзқарастарды ескереді. Басқаша сөзбен айтқанда, шәкірт өмірде әр адамға қажетті білік-дағдыларды қалыптастырады. Ал сабақтан кейін сол білімдерін өздігімен дамыта түседі Интербелсенді әдістер Имитациялық емес Имитациялық а) Ойын түрінде емес Бүгінде интербелсенді оқу/оқыту әдістерін жіктеудің көптеген варианттары бар. Бұл жіктеулер интербелсенді әдістерді әртүрлі тұрғыдан түрлендіреді: мазмұндық, қолдану тұрғысынан, технологиялық сипаттары бойынша, т.б. Біз интербелсенді әдістерді түрге бөлудің негізіне М.Новиктің жіктеуін жатқыздық. ә) Ойын түрінде Пікірталас Пікірталас – оқушылардың сыныпта немесе шағын топ ішінде нақты бір өміршенді проблема бойынша өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен алмасып, оларды дәлелдеп, өзге позициялармен толықтыру әрекеттері. пікірталас – ақиқатқа жетудің тиімді тәсілі; пікірталас әркімнің өз көзқарасын айқындауға зор мүмкіншілік береді; пікірталаста жеңілгендер болмайды: бәрі де ұтыста болады. Пікірталас түрлері Бұрыштар пікірталасы Мұғалім тақырып бойынша екі немесе одан да көп баламалы шешімдері бар проблеманы анықтап,оларды жариялағаннан кейін оқушыларды шағын топ құрамында осы мәселені «Ой қозғау»тәсілін қолдана отырып талқылауды ұсынады. «АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАУДАМАЙ» ПІКІРТАЛАСЫ 1.Мұғалім сабақта қарастырылып жатқан тақырып бойынша кемінде екі шешімі бар проблеманы оқушыларға жария қылады. Форум Пікірталастың бұл түрі «Ток шоуға» ұқсас.Мұнда тек қалған сынып талқыға түсе алады Ток-шоу Теледидарда жиі жүргізілетін желісі бойынша ұйымдастырыла ды. Рөлдік ойындар Рөлдік ойындар үйренушілерде мынандай біліктерді қалыптастыруға септігін тигізеді. қарым-қатынасытық (коммуникативтік)дағдылар; шағын топтарда жұмыс жасау дағдылары толерантылық (басқаның пікірімен көзқарасын қабылдау,оларды сыйлау,олармен санасу,төзімділікпен шыдамдылық ) өзіндік тұрғыдан ойлау,пікір және көзқарас қалыптастыру,позиция (сенім,құндылықтар)таңдау т.б 35 үйренгенді (білім,білік,дағды,түсініктер т.б) практикалық тұрғыдан қолдану; өздеріннің үйрену деңгейін анықтап оны әрі қарай дамыту. Іскерлік оқу ойындары 1.Сабақ тақырыбы бойынша жазылған сцентарийлер бойынша (мұғалімдермен оқушыладың өздері жазған) қысқа ситуацияларды ойнау. 2.Компьютерді қолданатын ойындар мультимедиалық ойындар, интернетте ақпарат табу әрекеттеріне негізделген іздеу ойындары. Тренингтер Тренингтер – қысқа мерзім ішінде практикалық қолданыста қажетті әрі тиімді біліктер мен дағдыларды игеруге бағытталған оқу сабақтары. Тренингтерде әр үйренуші кәсіби (қоғамдық) қызыметі мен жүктелген міндеттерін орындауда тиімді әрі ұтымды әрекеттерді таңдап, оларды бекітуге, үйреншікті дағдыға айналдыруға машықтанады. Әдетте тренингтерде мынадай интербелсенді тәсілдер қолданылады: іскерлік және рөлдік ойындар, нақты жағдайлар мен ситуацияларды талдау, топтық пікірталастар, презентациялар. Интербелсенді оқыту әдістерін сабақта қолдану «Ой қозғауды» сабақта былайша қолдануға болады: Оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін берілген уақыт ішінде жазбаша келтіреді. Мұнда ең бастысы идеялардың көптігі, олардың еркін жағдайда айтылуы болғандықтан, оқушылар өз ойындағыларын еш күмәнданбай (мәселен, олардың дұрыс-бұрыс, қажет-қажет еместігіне қарамай) келтіре беруі керек; Идеялар ешқандай сынға ұшырамауы керек, өйтпеген жағдайда оқушылар тосылып қалып, идеяларды келтіре алмауы мүмкін; Барлық идеялар сарқылмайынша, олар қағазға түсіріле беріледі; Идеяларды келтіру жұмысы аяқталғаннан кейін ғана олардың талқылау жұмысы басталады ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТӘСІЛДЕРДІҢ САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ Кезеңдер Қолдануға тиімді тәсілдер Проблема айқындау Ой қозғау. Т-кестесі, Болдау, Кластерлер, Оңай және қиынсұрақтаркестесі. Ойлан, жұптас, пікірлес, Алдын-ала берілгенатаулар, Үлкеншеңбер, Атаулар туралы үшсұрақ, Еркінжазу, Білемін, білгімкеледі, білдім, Дөңгелекүстел, Үшқадамдысұхбат, топтық зерттеу, Венн диаграммасы, Бестармақ. Проблема шешу Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиынсұрақтаркестесі, Ойлан, жұптса, пікірлес, Кеңауқымды лекция, Сұрақ қою, Постер құрастыру, Слайд жасау, Бірін-бірі оқыту, Қосжазбакүнделігі, Үшжаздакүнделігі, INSTER, Жигсо2, Үшқадамдысұхбат, Топтық зерттеу. Проблема шешімінқолдану Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиынсұрақтаркестесі, Ойлан, жұптса, пікірлес, Еркінжазу, Білемінбілгімкеледі, білдім, Дөңгелекүстел, Үшқадамдысұхбат, Пікірталас (Презентациялар, таныстырылымдар), Эссе, Үлкеншеңбер, Аквариум, Бестармақ, Жеңілдетілгенанықтама/түсіндерме, Галереянышарлау, Қосшеңбер. Интербелсенді оқыту әдістерін тәжірибеге енгізу жолдары «Интербелсенді оқыту әдістерін тәжірибеге енгізу арқылы бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мақсатында оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған интербелсенді оқыту әдістері қолданылып ОЙСЕРГІТУ жаттығулары, логикалық жаттығулар мен дидактикалық ойындар дайындалып, мектеп тәжірибесіне енгізілді. ОЙСЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ Үндеме! Мұғалім барлық оқушыларды «Бірінші» және «Екінші» деп санап, екі топқа бөледі. Тапсырма: екі топ үндемей тек ишарат пен ыммен ғана түсінісіп, туған күндері бойынша сап түзеуі керек. Саптың алдына 1-қаңтарда туған оқушылар тұрады да, қалғандары туған күндерінің реті бойынша тізіле береді. Өзіңізге тілегенді-басқаларға тілеңіз! Әр оқушыға 10-15секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады. «Сәлемдесу» Сабақ басында оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне қол беріп, сәлемдемеді («ассалаумағалейкүм!», «сәлем!», «сәлеметсің бе?!», «қалайсың?!», «есен-амансың ба?!» т.б.) жүргізуге де болады ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАТТЫҒУЛАР Ойсергектердің бұл түрін қолданудың басты мақсаты - оқушыларды (адамның миы ойлану арқылы дамиды деп ұйғардық ). Егер оқушылар берілген уақыт ішінде (30 секунд немесе 1-2 минут) жауап таппаса, онда бағыт-бағдар беріп (мәселен,сыбырлақ арқылы), олардың бұл тапсырманы міндетті түрде шешуіне жәрдемдесу қажет, оқушыларды дұрыс жауапқа жетелей беру керек. Мұнда тек дұрыс жауапты мұғалімнің өзі айтуы керек. Ондай жағдайда келесі жолы оқушылар ойнауды қажет етпейді («Ойланып қайтеміз? Азырақ дамылдасақ, дұрыс жауапты мұғалімнің өзі-ақ айтып береді!»). ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАТТЫҒУЛАР Тақырыпты жасыру (Анаграмма немесе Адасқан әріптер) Бұл ойсергек алдыңғыға ұқсас.Сабақ тақырыбы тақтаға әріптерінің орны ауыстырылып жазылады. Оқушылар жасырылған тақырыпты табуы керек. Жұмбақ шешу Оқушылардың ойлау қабілеттерін сабақ тақырыбына жұмылдыру үшін оларға қысқа уақыт ішінде (1-2 минут) қызық жұмбақтарды шешу жұмысын тапсырған орынды. Қорытынды Қазіргі таңда көптеген интербелсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін, белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамытуға болады. Интербелсенді оқыту – оқыту құралы. Оқушылар үшін интербелсенді оқыту – логикалық ойсергіту жаттығулары, дидактикалық тапсырмалар болып табылады. Интербелсенді оқытуда оқушылардың танымы кеңейеді, еңбек етуге үйренеді, белсенділігі артады, қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі, баланы ойлай білуге баулып, сөздік қорын өсіреді, ақыл-ой қызметін қалыптастырады және интербелсенді оқыту тәрбиелеудің құралы болып табылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы. – Астана: 2014. – 188бет. Тойбазарова Н.А. Интерактивті оқыту. Әдістемелік нұсқаулық.Ақтөбе, 2006.- 37 бет. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология.- Алматы, 1981 Тұрғынбаева Б. Интерактивті оқыту технологиялары. –Алматы, 2000 Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – Алматы, 1978 Қараева Т. Ойын-адам психикасын дамыту факторы.//Қазақстан мектебі.№5,6 2000 Назарларыңызға рахмет!!!