«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ «БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ Қысқа мерзімді жоспарлар жинағы 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘӨЖ 373 КБЖ 74.268.1 Қ17 Қ17 Қазақ тілі. Қысқа мерзімді жоспарлар жинағы. 10-сынып (қоғамдықгуманитарлық бағыт). / Р.С. Тоганакова, А.Л. Айтан, Н.А. Айтмұхан және т.б. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы, 2019 - 202 б. ISBN 978-601-328-573-3 ISBN 978-601-328-573-3 ӘӨЖ 373 КБЖ 74.268.1 © «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы, 2019 Алғысөз Жинақта ұсынылған қысқа мерзімді жоспарлар жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды. Бұл жинақта 10-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспарлары ұсынылған. Барлығы 9 бөлімнен тұрады, әр бөлім оқу бағдарламасында көрсетілген барлық оқу мақсаттарын қамтиды. Сабақ жоспарларында оқу мақсаттарына сәйкес сабақ мақсаттары, бағалау критерийлері, дискрипторлар, құндылықтар, пәнаралық байланыс көрсетілген. «Қазақ тілі» оқу пәнінің негізгі міндеттерін ескере отыра, қолданылған әдістәсілдер мен ресурстар тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын жетілдіруді көздейді. Қолданылған әдіс-тәсілдер бойынша шағын нұсқаулықтар ұсынылады. Оқушылардың әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында жұптық, топтық жұмыстар қарастырылған. Жинақ жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады. Қажет болған жағдайда және өз оқушыларының қабілеттерін ескере отырып, педагог жоспарларды өз сыныбына қарай бейімдей алады. 1-бөлім: Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті 1-сабақ 10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру; Оқушыға мәтін үзінділері мен суреттерді байланыстыра отырып, тақырыпқа болжам жасай білу дағдыларын жетілдіру; Ақпаратқа сүйене отырып пікірін білдіру және ой қорыта білуге үйрету. Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» құндылығы: тіл және мәдениет Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет Тірек сөздер Алаш идеясы, елшілдік ұраны, Сабақтың жүргізілу барысы 1-тапсырма. Суреттерге назар аудар. Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпқа болжам жасап көр. 1.«Әуелі газет – халықтың көзі, кұлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды. Дүниеде не болып жатқанын көру жоқ, не сөйленіп жатқанын есту жоқ, өз пікірін айту жоқ» А. Байтұрсынов 2. «…Қазақ тіліндегі сөздердің бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдану болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз» Суреттер мен дәйексөз қандай ақпарат береді? Неліктен автор газеттің қоғам, халық үшін маңыздылығына баса назар аударған деп ойлайсыңдар? Тіл мәселесін төртінші билік – БАҚ шеше ала ма? «Сөз мәдениеті» деген ұғымды қалай түсінесіздер? 2-тапсырма. Топтық жұмыс Мәтін мен суреттердің арасында қандай байланыс бар? Бұл мәселе қоғам, адам үшін қаншалықты маңызды? «Сөз түсініксіз болса, суретке мән беремін. Сурет түсініксіз болса, онда үнсіздікке риза боламын» Ансел Адамс Тұжырымға қатысты ойыңызды білдіріңіз. Адамның өз көзқарасын, пікірін жеткізуі және жазбаша сауатты жаза білуді игеруі сөз мәдениеті деп аталады. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген сөзбен тығыз байланысты. Сөз мәдениеті – адам мен қоғамның рухани мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігінің бірі. Себебі әрбір адам (әсіресе білімді) дұрыс және әдемі сөйлей білуі қажет. Атақты сөз зергері Ғабит Мүсірепов: «Адам мәдениетінің алғышарты – дұрыс сөйлей білу. Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген – түбін білмейді», - деп бекер айтпаған. «Сөз мәдениеті» тіркесі қазіргі лингвистикада екі мағынада қолданылады: Сөз мәдениеті – тілдік нормаларды, оның ішінде әдеби тіл нормаларын дұрыс сақтау әрекеті болып табылады. Кейбір зерттеушілер тілдің көріктеу құралдарын, яғни стилистикалық заңдылықтарды дұрыс пайдалануды сөз мәдениетінің объектісі деп таниды. Сөз мәдениеті – тілді нормалау мәселелерін жетілдіру мақсатында зерттейтін тіл білімінің саласы. Сөз мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру. Сөз мәдениеті дегеніміз, қарапайым тілмен айтқанда, ең алдымен ана тіліміздің иелігіндегі барша дүниеліктерді – тілдің дыбыс жүйесін, оның ырғақ, әуездерін; сөзді оның мағыналық қырларын; сөздің тұлғалық құрылымдарын, оның жұрнақ, жалғауларын; сөз тіркесі мен сөйлем жүйелерін; тілдің стильдік құралдарын және т.б. әдеби тілдің нормасына сай қолдана білу, дұрыс әрі бедерлі жұмсай білу деген ұғымды білдіреді (Қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы. Алматы, 2004, 7-бет). 1-тапсырма. Мәтін бойынша сөз мәдениетіне қойылатын талаптарды көрсетіңіз. 2-тапсырма. Өзіңіздің сөйлеу тіліңізде кездесетін кемшілікті көрсетіңіз. Біріншіден, ________________________________________________ Екіншіден, ________________________________________________ Үшіншіден, ________________________________________________ Төртіншіден, _______________________________________________ Бесіншіден, ________________________________________________ Тыңдалымалды тапсырма. 3-тапсырма. Берілген сұрақтарға «ПОПС» формуласы негізінде жауап бер. 1.Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы. 2.«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Өйткені Алаш – халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. 3.Алаш идеясы – ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды. Алаштың жолы, Алаш кайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту сапары – бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер берік ұстанымдардың бірегейі болатынын естен шығармағанымыз абзал. 4.Алаш идеясы – қазақ идеясы. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де. Берілген үзінділерді не байланыстырады? Қандай тақырыпты қозғайды? Алаш идеясы дегенді қалай түсінесің? Алаш идеяларына қатысты тұжырымдармен қаншалықты келісесіз? Неге? «Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы». Кімдер жайында сөз қозғалуы мүмкін? Автордың «барды көбейтуші», «үзілгенді жалғастырушы», «жоқты жасаушы» деген пікірі оқырманды қандай ойға жетелейді? Оқушылар өз пікірлерін ПОПС формуласы арқылы білдіре алады. Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын …» Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім..» Бағалау Бағалау критерийі Дескриптор 10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам Мәтін үзінділері негізінде тақырыпқа, мәтін жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты мазмұнына болжам жасай алады. Берілген сұраққа толық жауап береді. жалғастырады. Автордың «барды көбейтуші», «үзілгенді жалғастырушы», «жоқты жасаушы» деген пікіріне нақты аргумент келтіре алады. Берілген үзінділерге қатысты өз көзқарасын білдіреді. Пікір білдіру барысында сөз мәдениетінің талаптарын ұстанады. Мәтінмен жұмыс кезеңі. 4-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Алаш арманы Қазақ елінің бүгінгі территориялық тұтастығының заң жүзінде бекітілуінің өзі алашорда тарихынан бастау алады. Алаш зиялылары қазақ елінің ұраны «Алаш» екенін тұрақтандырып, адамзат тарихы мен руханиятына үлес қосатын топтық зияткерлік идея – алаш идеясын қалыптастырды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеологиясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы атты мемлекет – сол арыстардың асыл арманының жүзеге асуы. Біз осы мемлекетті көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек» деп атап айтқан. Қазақ елінің ел ұраны – қасиетті «Алаш» сөзі көне түркі тілінде «бауырластық» мағынасын білдірсе, қазақ тілінде «отан азаматы» деген мағынаны білдіреді. Ел ұранында ел арманы – алаш арманы жасырынып жатыр. Біз әлемде қай деңгейдеміз? Арманымыз бар, дәрменіміз жоқ деп келдік, шындығында арманы болғанның дәрмені де болады. Америка арманы АҚШ-ты әлемнің ең озық елі болуға жетелесе, Қытай арманы қытай елінің қарқынды дамуын жеделдетті. Алаш арманын санамызға сіңірсек, біз де алпауыт елдермен иық теңестіруге жетеміз. Сондықтан, алаш арманын айқындау яғни, қайда бара жатқанымызды білу тәуелсіз қазақ елі үшін бәрінен маңызды. Алаш арманы – мәңгілік ел идеологиясының арқауы, қазақ елінің болашаққа деген үлкен сенімі. Сан ғасырлық тарлан тарихымызды қастерлеу сынды маңызды, ұлтты дамыту үшін аса қажет міндеттердің бәрі ел шаңырағы – Алаш арманына уық болып қадалуға тиісті. Алаш деп ұрандап, топтық зияткерлікпен алаш арманын іске асыру – алаш азаматтарының еншісінде. Франция бесінші республикасының тұңғыш президенті, француз халқының қалаулы ұлы Шарль Де Голль айтқандай: «Даму – тәуелсіздікті қорғаудың кепілі». Аллаға шүкір, 2015 жылы қазақ елінің елдігіне 550 жыл толса, 2016 жылы қазақ елінің егемендігіне 25 жыл толып, 2017 жылы ардақты Алаш орданың ғасырлық мерейін ЭКСПО көрмесімен бірге қарсы алдық. Мұндай шұғылалы шақтардың қатар келуі әсте тегін емес. Бұл алаш үшін алға шапқан боздақтардың қан терінің қастерленіп, алаш арманының бір-бірлеп орындалып келе жатқанының белгісі болса керек. Ұлан БАҚЫТҰЛЫ, АҚШ, Монтана штаты Мәтін тақырыбы нені білдіреді? Тақырыпты ма әлде негізгі ойды ма? Мәтінде қандай мәселелер қарастырылған деп ойлайсың? Кем дегенде 3 мысал келтіріңіз. Автордың ойын нақтылайтын аргументттерді табыңыз. Мәтін астарында қандай сұрақтар қарастырылған деп ойлайсыз? Сіздің ойыңызша, автор қандай мақсат қойды деп ойлайсыз? Автордың берген бағасымен келісесіз бе? Дәлел келтіріңіз. Мәтіннен кейінгі кезең. 5-тапсырма. «Мәңгілік ел» идеясын қалай түсінесіз? Н.Ә. Назарбаев «Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеологиясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы атты мемлекет – сол арыстардың асыл арманының жүзеге асуы. Біз осы мемлекетті көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек» деген ойының «Мәңгілік ел» идеясымен байланысын талқылаңыз. Үзіндідегі «тарлан тарих», «уық болып қадалу» «азаматтардың еншісінде», «көздің қарашығындай сақтау» сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндір, синонимдер қатарын жазыңыз. Алаш арманы – мәңгілік ел идеологиясының арқауы, қазақ елінің болашаққа деген үлкен сенімі. Сан ғасырлық тарлан тарихымызды қастерлеу сынды маңызды, ұлтты дамыту үшін аса қажет міндеттердің бәрі ел шаңырағы – Алаш арманына уық болып қадалуға тиісті. Алаш деп ұрандап, топтық зияткерлікпен алаш арманын іске асыру – алаш азаматтарының еншісінде «Алаш арманы және мен» тақырыбында 150 сөз көлемінде ойыңызды тұжырымдаңыз. Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті 2-сабақ Сабақ мақсаттары 10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері); Публицистикалық стильдің белгілерін тілдік құралдар арқылы меңгерту; Лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін ұғындыру Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» құндылығы: тіл және мәдениет Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет Тірек сөздер Экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тіркестер Тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер Толымсыз сөйлемдер Оқу мақсаттары тұрақты Сабақтың жүргізілу барысы 1-тапсырма. Стильдің белгілеріне қарап, қай стильге жататынын сәйкестендіріңіз. Себебін түсіндір. Стиль белгілері Стиль түрі хабардың толыққанды жеткізілуі; баяндаудың: нақтылығы; фактографиялылығы; логикалылығы; ықшамдылығы; экспрессивті-эмоционалдылығы; қимыл-әрекетке итермелеуі. бейтарап және эмоционалды сөздер, диалектизмдер, дөрекі сөздер, қарапайым, тұрмыстық сөздер, варваризмдер, сөйлеу тілінің фразеологизмдері; көріктеу тәсілдері (метонимия, синекдоха, табу, эвфемизмдер) қолданылады. ғылыми ақпаратты жеткізу ғана емес, сол ақпараттың, көп жағдайда жаңалықтың ақиқаттығын дәлелдеу де; екіншісі – оқырманның немесе тыңдарманның логикалық ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру логикалық жүйелі құрылған ой құрмалас сөйлемдер арқылы беріледі, ондағы сөздердің орын тәртібі қалыптасқан құрылымнан тұрады ақиқат шындықты, өмірдегі зат, құбылыстарды суреттеу, бейнелеу арқылы оқырман сезіміне әсер ету. Мәтіналды тапсырма 2-тапсырма Ақын өлең жолдарында қандай төрт ана туралы сөз қозғағаған? Болжам жасап көріңіз. Соңғы өлең жолдарындағы «бақ жұлдызының» жанбауына не әсер етеді? Кемінде 3 аргумент келтіріңіз. Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, Болу керек құдіретті төрт ана... Төрт анасын сыйламаған халықтың Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған. М. Шаханов Мәтінмен жұмыс кезеңі 3-тапсырма. Берілген аудиомәтінді тыңдап, төмендегі тапсырманы орындаңыз. https://www.youtube.com/watch?v=6nK60ew1neI Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі» Ақын көтерген мәселе қазіргі таңда маңызды ма? Иә/жоқ. Неліктен? «Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!» деген жолдарың мағынасын қалай түсінесіз? Ақынның жан күйінішіне себеп болған жағдайларды тарихпен байланыстыра талдаңыз. Мағжан Жұмабаев пен Мұхтар Шахановтың үндестігі неде? Берілген өлең жолдарынан тілге қатысты қолданған тіркестерді анықта және түсіндір. Тілдің құдіреттілігіне, қасиетілігіне баға берген автордың ойы қай жолда берілген? Автор қазіргі таңда қазақ тілі мәселесін қалай жырлайды деп ойлайсың? Өлеңнің сабақ мақсатымен байланысы бар ма? Неліктен? 4-тапсырма. Мәтінді оқып, берілген кесте бойынша талдаңыз. Қазақ тілінің мұңы Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім? Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендер де болды. Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім. Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Оның үстіне қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ, не керегі бар, босқа куанған екенмін… Енді, қайтемін? Бұл мұңымды кімге айтамын, кімге шағамын!… Менің ойлап-ойлап тапқаным – Жалау жолдас, сен болдың. Сен өкімет басындағы ақсақалымыз едің. Сен нағыз қазақтың бел баласы едің. Міржақып Дулатов (Мадияр - бүркеншік аты) «Ауыл тілі», 27 июль, 1926 ж. №1. Талдау реті Себебі мен мақсатын детальді түрде түсіндіріп жазыңыз Формасы Түрі Жанры Көзделген аудиториясы Мақсаты Мазмұны Стилі Тілдік ерекшелігі лексикалық ерекшелігі (лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ) Мәтіннен кейінгі кезең. 5-тапсырма Барлық мәтіндерді не байланыстырады? М. Дулатов «Қазақ тілінің мұңы» мақаласындағы мәселелер 21 ғасыр «мұңы» бола ала ма? Ұсынылған мәтіндер сізге қалай әсер етті? Ойды әсерлі жеткізуге себеп болған ақын қолданысындағы тілдік бірліктерді мысалдар арқылы түсіндіріңіз. Алаш зиялыларының тәуелсіз мемлекет құрудағы еңбегі қаншалықты ақталды? Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті 3-сабақ Оқу мақсаттары 10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру Сабақ мақсаттары Мәтіндегі көтерілген мәселеге қатысты өз тұжырымын ғаламдық мәселемен байланыстыра айту дағдыларын жетілдіру; Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» құндылығы: тіл және мәдениет Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет Тірек сөздер Алаш идеясы, елшілдік ұраны, Сабақтың жүргізілу барысы Мәтіналды тапсырма. 1-тапсырма. « Ұлттық код – ең алдымен, тілде» деген ұғыммен қаншалықты келісесің? Адамға екі-ақ нәрсе тіректегі, бірі – тіл, бірі – діл жүректегі. Ж. Баласағұн. Тіл мен ділдің байланысы неде? Олардың жүрекке бағыныштылығын немен түсіндіресіз? Мәтінмен жұмыс кезеңі. 2-тапсырма. Берілген үзіндіні оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Берілген мақаланың үзіндісінде автор қандай мәселені талқылайды? Автор оқырманын толғандыра ала ма? Неліктен? Берілген үзіндіде қандай сұрақ қарастырылған және автор қандай жауапты ұсынады? Сөз адам өміріне қалай әсер етеді? Тіл – адам жанының тілмашы. Тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ойлаған ойын сыртқа шығарып басқаға ұқтыра алса, адамның не арманы бар. Жазушы, ақын деген сөз – ойлаған ойын әдемілеп жарыққа шығара алатын адам деген сөз. Тілі кем болса, адамның қор болғаны. Ойың толып тұрып, айтуға тілің жетпесе, іш қазандай қайнайды да. Қысқасы – адамның толық мағынасы мен адам аталуы тіл арқасында. Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшін де қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағандығын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмыс, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. 3-тапсырма. Мәтін бойынша қос жазба күнделігін толтырыңыз. Мәтіннен үзінді Түсіндірме Ақынның тіл мен қазақ мінезін, болмысын байланыстырудағы мақсатына қатысты тұжырымыңды жаз. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмыс, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр.» Егер 21-ғасырда алаш зиялысы Мағжан өмір сүрсе, ақынды қандай мәселе толғандыруы мүмкін деп ойлайсың? Өз ойыңды берілген тіркестер негізінде білдір. Менің ойымша ...., Мұндай қорытындыға келуімнің себебі... Біріншіден..., екіншіден..., үшіншіден. Берілген ойға қатысты тұжырымыңызды жазыңыз. «Жүрек, ар-ұят оянса, мінез-құлық түзелсе, мәдени, тарихи өрлеу басталады, ізгілік, руханият, бақыт келеді» дейді ұлы ойшылдар. 4-тапсырма. Теледидар хабарларынан келтірілген үзінділер негізінде сөйлеу стилі мен публицистикалық стильдің өзіндік ерекшеліктерін көрсетіп, салыстырмалы талдау жасаңыз. «Қазақстан» арнасының тікелей эфирінде – Апта kz Бүгінгі көретіндеріңіз: Қазақстан Президенті ұсынған идеясы дағдарыспен күресуге қандай даралық танытпақ? Астана экономикалық форумының берер салмағы қандай деңгейде? Елбасы шетел инвесторларына қандай тапсырма берді?. Неліктен Алаштың ардақтысын қорғай алмады? Тікелей эфирде «Қазақстан» телеарнасының қорытынды жаңалықтары. Студияда – Мен, Гүлназ Әлімгерей. Армысыздар, ардақты ағайын! Әдеттегідей, алдымен, бүгінгі күннің маңызды деген жаңалықтарына қысқаша тоқталып өтейік. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған қазақстандық делегация алдымен Құрманғазының кесенесіне тәу етіп, аруақтарға арнап Құран бағыштады, гүл дестесін қойды; Менің ойымша, бұл орталық тек қана мұражай ғана емес, Қазақстан және Ресей халықтарының, қала берді шетелдік меймандардың тәу етер қасиетті жері болмақ. Сөйлеу стилі Публицистикалық стиль Мәтіннен кейінгі кезең. 5-тапсырма. Сөйлеу стилі дегеніміз не? Оның басқа стильден қандай айырмашылығы бар? Кітаби стильге қандай стиль түрлері жатады? Сөйлеу стилі неге кітаби стильге жатпайды? Нақты дәлел келтір? Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті 4-сабақ Оқу мақсаттары 10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу Сабақ мақсаттары Газеттен, энциклопедиядан және ғылыми-көпшілік әдебиеттен алынған деректерді қолдану; Деректерден алынған ақпараттарға сілтеме жасай білу. Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» құндылығы: тіл және мәдениет Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет Тірек сөздер Алаш идеясы, елшілдік ұраны, Сабақтың жүргізілу барысы Мәтіналды кезең 1-тапсырма. 1. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, пайымдау мәтінін құраңыз. 2. Мәтінге тақырып қойыңыз. 3. Құрастырылған мәтіннің жанрын, стилін анықтаңыз. 4. Қандай сөздер мен сөз тіркесін қолданыла алмадың? Себебін түсіндіріңіз. Қолдануға тиісті сөздер мен сөз тіркестері: ең қуаттысы, жоғалады, күн кешу, тыныс, сыр ұғу, айбатым, дақ түсіру, дана тіл, таза, мінсіз, ұлт, күйініш, сүйініш, тарихымызды ұмыту, парыз, ұлттық код, болашақтан қол үзу, халық, басты белгі, ұлтымыздың анасы, ұлт деуге болмайды, мәртебе, діл мен тіл. Мәтінмен жұмыс кезеңі 2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Алаш зиялылары ана тіліміздің өркендеуіне қандай үлес қосты? «Мәңгілік елдің» өзегі ұлттық, Алашшыл идеялар болуы керек, - деген ойға сенің айтар пікірің қандай? Берілген мәтінге сілтеме жасай отырып, «Жас ұрпақ Алаш зиялыларының көзімен» тақырыбында 180 сөзден тұратын мақала жазыңыз. Біріншіден, Алаш азаматтары қазақ ғылымының төлбасы әрі арналы саласы ретінде ең алғаш болып тілтану ғылымының іргетасын қалады. Қандай ғылым болса да, әлбетте, белгілі бір қолданбалы, жүзелік сипаттан өрістейді. Осы тұрғыдан келгенде, Ахмет Байтұрсыновтың тіл саласындағы еңбектері, кейінірек жазылған Халел Досмұхамедұлының, Телжан Шонанұлының, Елдес Омарұлының еңбектері алдымен оқытуға, білім беруге арналған дүниелер болатын. Екіншіден, Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы белгілері байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да қалыптастырды, анағұрлым байытты. Үшіншіден, Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мәселесін көтере отырып, ұлттың рухани-мәдени өрлеуіндегі, саяси ұйысуындағы асыл қазынаның бірегейі тіл екендігін байыптады. Сөйтіп, олар тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. Ресей отаршылдығының саяси, әскери қысымын ғана емес, рухани өктемдігін сезген, көрген Алаш зиялылары тілді ұлтты сақтап қаларлық қуатты құрал деп қарады, бағалады, соған риясыз қызмет етті. Алаш арыстарының ұлттық мемлекет құруды көздеп, елді бірлікке шақыруы – бүгінгі ең қажетті құндылық. Ол қазіргі тәуелсіз Қазақстанның мемлекетінің саясатымен үндесіп жатыр. Халқының азаттығы мен бақыты жолында жан сала күрескен, сол жолда құрбан болған Алаш ардақтыларының сан салалы асыл идеялары бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан жағдайында бірте-бірте жүзеге асуда. Кезінде Алаштың арыстары атанған ұлтымыздың ұлы перзенттерінің халқына жасаған ұшан-теңіз еңбектері, рухани асыл мұралары қазақ өз елінің иесі болып тұрғанда мәңгі жасай бермек. Тарих тағылымына терең бойлаған сайын біз бүгінгі тәуелсіз бейбіт күннің қаншалықты ауырлықпен келгенін түсінеміз. Еліміздегі еркіндік пен сөз, ой, ар-ождан бостандығының қоғамдағы тыныштық пен ұлттар арасындағы ынтымақтастықтың, береке мен бірліктің бағасына жетіп қоймай, өскелең ұрпақтың ойына азық, бойына қазық етіп сіңдіру қажет. Алаш идеясы – қазақ идеясы. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де. 3-тапсырма. 1. «ҰЛТТЫ СҮЮ» мен «ҰЛТШЫЛДЫҚ» ұғымдарына қатысты пікіріңізді білдіріңіз. 2. …Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген, Іс тынбайды «жанамын, күйемменен»… деуінің астарында қандай мәселе жатыр? 3. «Сүйемін», «жанамын», «күйемін» деген ұғымдар ұлтты сүюдің критерийі бола ала ма? Иә/ЖОҚ. Неліктен? Дәлел келтіріңіз. 4-тапсырма. Берілген кесте негізінде тапсырманы орындаңыз. Ұлтты сүю әртүрлі Ақылы, сезімі ұстарған қазіргі мәдениеттің төрінде жүрген адам баласын алсақ, әр ұлт өзінің өскенін, өзгенің көркейгенін, жетілгенін, өзінің қожалығын көксеп, жанын салып, қанын судай ағызып, дүние-мүлкін ортаға салып, алысып жатыр. Бұған қарағанда адам баласының өз мешелділігі мәдениет өрлеген сайын күшейіп келеді. «Өзіңе тілегенді біреуге де тіле», «Адам баласын бауыр тұт» деген көркем тілек далада қалып, тұрмыс күресі, қанішерлік майдандап тұр. Ұлты үшін құрбан болуға шыдағандық – ұлтшылдықтың осы күнде ең берік ережесі. Ұлтын шын сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматы көп жұрт күшті, өнерлі, білімді жұрт болып, күресте тең түсіп, басқаларға өзін елетіп отыр. Ұлты үшін құрмет қылмай, бос қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар – әне, Германия, Жапония, Англия, Түркиялар, олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі. Есейген соң бар білімін, күшін өз жұртының күшеюіне жұмсайды. Олардың әр адамы – мемлекеттің керегі, қызметкері. Оқығандар өзін-өзі тәрбие қылу керек. Қара халықтан жиренбей, жақын жүріп, сырласып, мұң-мұқтажымен таныс болып, өзі ұлтын сүюге, халқын өзі сүйгізуге қызмет қылуы керек. Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Қазаққа зор кеуде ақсүйектің, ақша дегіш жылтырауық шенеуніктің, сұлу сөзді, құрғақ бектің керегі жоқ; адал күшімен өгіздей өрге сүйрейтін жұмысшы керек. Сол жұмысшы – оқығандар. Бекерге кеткен сағат, босқа өткізген минут – ұлт ісіне зор шығын. Оқығандар! Бұл уақыт жан тыныштық іздейтін, қызық қуатын уақыт емес, қызмет қылатын, еңбек сіңіретін уақыт. Ойлаңыздар: халық біз үшін емес, біз халық үшін туғанбыз, олай болса, мойнымызда халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр. («Абай» журналы. 2 қазан. 1918 жыл) Мәтіннен кейінгі кезең 5-тапсырма. Автордың ұлтты сүюге қатысты көзқарасына пікіріңіз қандай? Автор бұл мақала арқылы оқырманға нені жеткізгісі келді? 2 дәлел келтіріңіз. Қарамен берілген сөздердің мағынасын анықтап, 2 синоним немесе тұрақты сөз тіркестерін жазыңыз. Автордың қарамен жазылған сөздер мен тіркестердің мәтіндегі қолданылу себебін анықтаңыз. Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті 5-сабақ Сабақ мақсаттары 10.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау Мәтін құрылымын ажырата алу дағдысын дамыту; Жазылым барысында мәтіннің логикалық байланысын анықтай білу және стильдік түзетулер жасай алу дағдысын жетілдіру. Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» құндылығы: тіл және мәдениет Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет Тірек сөздер Алаш идеясы, елшілдік ұраны Оқу мақсаттары Мәтіналды тапсырма. 1-тапсырма. Берілген ақпаратты сөйлемдегі қызметін түсіндіріңіз. оқып, есте сақтаңыз. Перифраздың Перифраз немесе перифраза деген атау грек тілінен келген, ол заттың, құбылыстың тура атын атамай, суреттеп көрсету, тұспалдап айту дегенді білдіреді. Мысалы: дәрігер деудің орнына «ақ желенді абзал жандар», кітап деудің орнына «жан азығы» деп атау, депутаттар деудің орнына «халық қалаулылыры», «халық қызметшісі» деп қолдаудағы мақсат бір сөзді басқа сөздермен ауыстырып қана қою емес, бұл ұғымды өз атынын басқаша етіп атау оны бейнелі етіп сипаттау үшін және қандайда бір эмоцияналдыэкспрессивті баға беру үшін қолданылады. Мәтінмен жұмыс кезеңі. 2-тапсырма. Берілген өлең жолдарына перифраз жасаңыз, перифраздау тәсілін түсіндіріңіз. 1.Аяқтарын көсіліп, Еркеленіп, есінеп. Жер – нәресте жас бала. Жаңа оянып жатқанда Жұмсақ, ыстық бетінен Тәтті ғана сүйсем деп, Күбірлеп жылы жер жүрер. 2.Жауыны жауып, жасылы Жарқылдайды – жаз кепті М.Жұмабаев 3.Құйылып гүлдерге, Айдан саулап аппақ сүт. І.Жансүгіров С. Мәуленов 3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, суреттермен байланыстыра отырып, сипаттау мәтінін жазыңыз. 1. Жаз жәрмеңкесі, қоңыр күз, жыртқыш аңдай, долдана ағу, сай-сала, қанатын жаю, күн ұясы, табиғат-ана, хош иіс, баурап алу, мұнарту 2. Сипаттау абзацын пайымдау абзацына айналдырыңыз. 4-тапсырма. Төменде келтірілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөз бен сөз тіркестерін қойып, айтылған ойдың мазмұнын түсіндіріңіз. 1. ...сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі (А.Байтұрсынұлы). 2. Ұлттық ... негізі – ұлттық тіл (М.Шоқай). 3. ... іздесең, Абайды оқы, ерінбе (С.Торайғыров). 4. Кімде – кім ... сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды (М.Әуезов) 5. Ана тілі – бәріміздің ..., өйткені ол ұлтымыздың ... (Н.Назарбаев). 6. Қазақ тілі – ... тіл. Оның болашағы да ... . Тек оны насихаттай білуіміз керек, оқыта білуіміз керек. 7. Абайдың сөзі – қазақтың ... (Н.Назарбаев). Керекті сөздер: ғажап, қасиеті, сөйлеу тілі, анамыз, ұлттың, рухтың, білімнің, асыл сөзді, ана тілін, әдебиетін, бойтұмары, анасы. 5-тапсырма. Берілген мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі абзац реттілігі сақталмаған. Мәтінді абзацтарға бөліп, кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім болу себебін түсіндіріңіз. Берілген мәтіндерді ықшамдап, әрқайсысы 3 сөйлемнен тұратын жинақы мәтін құраңыз. Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Ахмет Байтұрсынов Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш; ана тілін білмей тұрып, бөтенше сөйлесең, бұл – күйініш. Өз тілін білмей тұрып жат тілге еліктей беруі қор қате. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек. Халел Досмұхамедұлы Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті 6-сабақ Оқу мақсаттары 10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі); Сабақ мақсаттары Құрылымын сақтап, ұсынылған тіркестерді қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу дағдыларын қалыптастыру Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» құндылығы: тіл және мәдениет Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет Тірек сөздер Алаш идеясы, елшілдік ұраны Мәтіналды кезең. 1-тапсырма. Берілген үзінділердің арасында қандай байланыс бар? Өлең мен сөзге қатысты қойылатын талаптың маңыздылығы неде? Қандай сөздер адам сезіміне әсер етеді? Неліктен? Абай мен Ахметтің сөз өнеріне қатысты ортақ ойын талқылаңыз. Бұл тапсырманың сабақ мақсатымен қандай байланысы бар деп есептейсіз? 1.Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. А.Құнанбаев 2.Сөз өнеріне жұмсалатын зат – сөз. Сөз шумағы тіл деп аталады. Сөз өнеріне жұмсалған сөз шумағы да тіл (я лұғат) деп аталады. Шығарма тілі екі түрлі болады: 1) ақын тілі, 2) әншейін тіл. Ақын тілі – айрықша өң беріліп айтылған сөз; әншейін тіл – ондай өң берілмей, жай айтылған сөз. Ақын тілімен сөйлегенде, сөзге айрықша өң берілгендіктен, лебіз өрнегі болып шығады. Әншейін тілмен сөйлегенде, сөзге өзгеше өң берілмегендігінен, лебізсіз де жалаңаш болып шығады. Сондықтан алдыңғысы көрнекі лебіз деліп, соңғысы жалаң иә көсе лебіз болып айтылады. 2-тапсырма. Берілген клишелер эссенің қай құрылымында қолданылады? Неліктен? Не мақсатпен? Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан …., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңғалдыратыны, …, Мен шын мәнісінде сенемін…, Ал маған келер болсақ …, Біріншіден…, Бірінші орында…, Бәрінен бұрын…, Екіншіден…, Үшіншіден …, Қорытындысында…, Шындығында …, Заңдылық…, Сөзсіз…, айқын …, Әрине…, Көпшіліктің пайымдауынша, Кейбір адамдар …. атап өтеді, …, көпшілікке тараған көзқарасқа тарамастан … Жоғарыдағы пікірлерді ескере келе… Қорытындылай келе…, Қорытындысында, мысалға Жазылымға дайындық кезеңі 3-тапсырма. Берілген сілтеме бойынша бейнематриалды тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/192741-beks-ltan-n-rzhekeev-latynlipbiine-k-shu-zaman-talaby Латын әліпбиіне көшу – заман талабы «Латын графикасына көшу – заман талабы» деген пікірмен келісесіз бе? Бейнематериалды қарап, төмендегі сұрақтарды жұпта талқылаңыз. Латын графикасына көшу оң тұстарына нақты мысал келтіріңіз. Латын графикасына көшу жолында қандай қиындықтар кездесуі мүмкін? Пікір білдірушілердің ішінен кімнің пікірі сіздің пікірініңізге жақын, не себепті? Жазылым тапсырмасы. «Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі бола ала ма?» тақырыбында дисскуссивті эссе жазыңыз. Келісу/келіспеу себептеріне нақты аргумент келтіріп, фактілермен негіздеңіз. Дескриптор: құрылымын сақтайды; келісу/келіспеу себептерін дәлелдейді; оқырманды сендіре алады; мақал-мәтел, тұрақты сөз тіркестері мен дәйексөздерді орынды қолданады; Клишелерді өз мақсатына сай дұрыс қолданады; Лексика-грамматикалық нормаларды сақтайды. Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті 7-сабақ Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары 10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу Тілдік бірліктерді орфорграфиялық нормаға сай жазылым тапсырмасында қолдану Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» құндылығы: тіл және мәдениет Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет Тірек сөздер Алаш идеясы, елшілдік ұраны, Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымалды кезең 1-тапсырма. Берілген теориялық мәліметті оқып, есіңе сақта. Орфографияның жазылым барысындағы маңызын талқылаңыз. Орфография (грек orfhos – дұрыс, gropho – жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Сөздердің дұрыс жазылу ережелері морфологиялық-фонетикалық принципке негізделеді. 1. Морфологиялық принцип – әр сөздің түбірі мен оған жалғанатын қосымшаның тұлғасын сақтап жазу принципі. 1. Фонетикалық пиринцип – сөздердің естілу дағдысын сақтап жазу принципі. Мысалы: тарағы (тарақы емес), Торайғыров (Торыайғыров емес) және т.б 2-тапсырма. «Алаш туы астында» деректі филімімен танысу. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыздар https://www.youtube.com/watch?v=tKf4V7lMfCk Деректі фильмнен қандай жаңа тарихи ақпараттарды анықтай алдыңыз? Фильмнің қазақ мемлекеті үшін маңыздылығы қандай? Саған қалай әсер етті? Бүгінгі таңда Алаш зиялыларының ісін жалғастырушы деп кімді айтасыз? Неліктен? Алаш зиялыларының арманы болған жағдайларға фильм негізінде мысал келтір. Алаш зиялылары 21- ғасырда өмір сүрген жағдайда қандай мәселелерге назар аударуы мүмкін деп есептейсің? Неліктен? Алаш зиялыларының арманын жалғастырушымын деп айта аласың ба? ИӘ/ЖОҚ. Жазылым кезеңі 3-тапсырма. Деректі фильдегі ақпараттарды негізге ала отырып, берілген тапсырма негізінде жазылым тапсырмасын орындау. Тілдік бірліктерді нормаға сай қолданылуына баса назар аудару. Саған алаш зиялыларының бір тұлғасымен кездесуге мүмкіндік берілді деп елестетіңіз. Сіз кімді таңдайтыныңызды, ол кісімен уақытыңды қалай өткізетініңді, қандай тақырып жайында сөйлесетіндеріңізді 180-200 сөз көлемінде жазыңыз. Кездесу барысындағы психологиялық күйіңізді, сезіміңізді сипаттап жазыңыз. Жазылым барысында қолдануға болатын тұрақты тіркестер: жүрегі алып ұшу, жүрегі өрекпу, бетіне нұр жүгіру, көңілі судай тасыды, қобалжу т.б. Топтық жұмыстар бір-бірінің жұмыстарын «SWOT» талдау бойынша талқылау және бағалау Жазылымнан кейінгі кезең 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. Жазылым жазу барысында қандай жағдайлар қиындық туғызды? Себебін түсіндір. Орфографиялық бірліктерді қолдануда қандай қателер орын алды? Жазған жұмысыңызға көңіліңіз тола ма? 2-бөлім Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті 1-сабақ Оқу мақсаттары 2. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау Сабақ мақсаттары 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау Құндылықтарды дарыту Әдемілікті, өнерді бағалау, Мәңгілік ел құндылықтары Пәнаралық байланыс Әдебиет теориясы, өнер Бастапқы білім Тіл және алаш идеясы. Тірек сөздер Қойылым, театр, шығармашылық, өмір драмасы, сахна Сабақтың жүргізілу барысы 1-тапсырма. Қабырғаға ілінген ғұламалар ойын оқы. Жұпта мағынасын түсіндір. Топта талда. Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер. Ғабит Мүсірепов Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын. Шәкен Айманов Театр – күрделі интеллектуальдық гармониядан тұратын, үш жақтан бірдей қиыннан қиысқан сахналық өнер. Сағат Әшімбаев 2-тапсырма. Суреттерге назар аудар. Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, бөлім тақырыбына болжам жаса. Суретте қандай іс-әрекеттер бейнеленген? Бұл суреттердің сабақ тақырыбымен қандай байланысы бар? Театр туралы айтылған ойларды сурет арқылы дәлелдеуге бола ма? Театр – өнер орындарының бірі болып мәңгілікке қала ала ма? Әлде театрға бару, театр қойылымдарына сұраныс азаюы мүмкін бе? 3-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтін түрін анықта. Көздеген аудиториясы кімдер? А мәтіні Авторы: А.Володин Аударған: А. Маемиров ҚОШТАСҚЫМ КЕЛМЕЙДІ... драма Қоюшы-режиссер – А.Маемиров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қоюшы-суретші – Е.Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Балетмейстер – Г.Мұхамеджанова Режиссер көмекшісі – Г.Сейтімбет Спектакль лейтмотивіне Ф.Шуберттің «Кешкі серенада» әні алынды. Терең психологизммен ерекшеленетін көрнекті орыс драматургы А.Володин пьесасы бойынша қойылымға ажырасуға бел буған сегіз отбасының әрқилы тағдыры арқау болады. Жасы, әлеуметтік мәртебесі, дүниетанымы жағынан әртүрлі бірнеше шаңырақ иелері сан түрлі өмір драмасына ұшырап, күмән-күдікке, тәкаппарлыққа бой алдырады – бақытты кездесулер баянсыз қоштасуларға ұласқалы тұр. Некелерін бұзуға сотқа келген оларды татуластырмаққа судья барын салады. Алайда өзімшіл ерлі-зайыптылар бірін-бірі тыңдаудан, түсінуден қалған... Шарттылық белең алатын қойылымда әр кейіпкер әртүрлі таным, жеке дүниетанымын алға тартады. Әрбір кейіпкер, яғни әрбір адам – жеке әлем, тек сол әлемге үңілу, оны түсіне, қажет болса кешіре білу – үлкен қасиет. Негізінен театрдың жас буыны қатысатын спектакль өмірдің осы бір қарапайым да күрделі пәлсапасы туралы ойларға жетелейді. Ә мәтіні ДРАМА ӘРТІСІ» МАМАНДЫҒЫ КӘРТІШКЕСІ Мамандықтың коды 2455 «Театр актері мен режиссері, өзге де туыстас мамандықтар» Мамандық санаты жоқ драма әртісі СБШ бойынша біліктілік 4. Кәсіптік және техникалық білімінің болуымен негізгі орташа деңгейі деңгейдегі жұмыстың тәжірбиелік ептілігі. Тәжірбиелік ептілігі болмай, кәсіптік және техникалық білімінің болуымен (қосымша кәсіби дайындық немесе орта білімне кейінгі білім алу) жоғарғы деңгейінің болуы. БА кәсіби білімінің деңгейі Кәсіби және техникалық (орташа, арнайы, кәсіби орташа) білімінің болуы мен Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат Министрлігінің 21 ақпан 2007 жылғы № 40 Бұйрығы бойынша бекітілген мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қатысты типтік біліктілік талаптарына сәйкес өнер саласында жұмыс стажын талап етпейді Еңбек функциялары 1. театр қойылымдарын дайындайды және стационарда, гастрольде және сапарларда орындайды; 2. пьесаларды оқу, репертуар жоспарларын талқылауына қатысады; 3. театрдың басқа шығармашылық мәселелерін шешу барысына қатысады. Ықтимал жауап: А мәтінінің түрі – театр жарнамасы, Ә мәтінінің түрі – оқуға түсушілерге мамандық туралы ақпарат. А мәтінінің көзделген аудиториясы – театрсүйер қауымға арналған, Ә мәтіні 16-17 жасар оқуға түсуші абитуренттер арналған ақпарат. 4-тапсырма. Кестені толтыр. Театр тақырыбына қатысты терминдер мен ұғымдар Беретін мағынасы Театр тақырыбына қатысты тілдік оралымдар Қолданылу себебі Бағалау критерийі 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдауйды Дескриптор 1. Мәтін түрін ажыратады 2. Мәтіннің көзделген аудиториясын анықтайды 3. Терминдер мен тілдік оралымдарды айқындайды 4. Тар аядағы арнайы мәтін екенін біледі 5-тапсырма. Тұжырымдарды топ ішінде талқыла. Келісіп немесе келіспей талда. керек Біз оқыған мәтіндер – арнайы мәтіндер Мәтін тек қана сөздер мен сөйлемлдерден тұру керек, диаграмма кесте араласпау Жарнама мәтін – басқа мәтіндерге ұқсамайды. Кестелер де мәтін бола алады Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті 2-сабақ Оқу мақсаттары 3. Мәтіннен ақпаратты анықтау Сабақ мақсаттары 10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау Құндылықтарды дарыту Әдемілікті, өнерді бағалау Пәнаралық байланыс Қазақ тіл білімі, сөз өнері Бастапқы білім Театр өнері Тірек сөздер Өнер туындысы, сахналық өнер, сұлулық салоны, өнерді бағалау Сабақтың жүргізілу барысы 1-тапсырма. Қабырғаға ілінген немесе тақтада жазылған сөз құрамы туралы ережелерді оқы. Жұпта мағынасын түсіндір. Топта талда. Қазақ тілінде сөз құрамы түбір сөзден, түбір мен қосымшадан /түбір+жұрнақ, түбір+жалғау, түбір+жұрнақ+жалғау/-қосымшалы сөз, туынды сөз, қос сөз, қысқарған сөздер, сөз тіркестерінен тұрады. Түбір – сөздердің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін түпкі, негізгі қазығы, жаңа сөз жасаудың негізі. Туынды түбір түбірге жұрнақтар қосылып, жаңадан түбір сөз пайда болады. Мысалы: бала – бала+лық, мал – мал+шы, дәрі – дәрі+гер, өнер - өнер+паз т.б. Түбірлес сөздер – бір түбірден пайда болған бірнеше сөз. Мысалы: өн - өнім - өндіріс - өніс - өнгіш т.б. Туынды сөздер мен туынды түбір сөздер бірдей емес. Туынды түбір жұрнақтар арқылы негізгі түбірден туған сөз болса, туынды сөз тек туынды түбірден ғана жасалады. Сонымен бірге туынды түбірден туынды сөздер өрби береді. Мысалы: біл – білім – туынды түбір білім – білімді, білімпаз – туынды сөздер Қосымшалы сөз – түбір мен қосымшадан құрылып тұрған сөз. Қосымшаның екі түрі бар: біріншісі – жұрнақ, екіншісі – жалғау. Туынды түбір – түбірге жұрнақтар қосылып, жаңадан түбір сөз пайда болады. Мысалы: бала – бала+лық, мал – мал+шы, дәрі – дәрі+гер, өнер - өнер+паз т.б. Түбірлес сөздер – бір түбірден пайда болған бірнеше сөз. Мысалы: өн - өнім - өндіріс - өніс - өнгіш және т.б. 2-тапсырма. Өнер туралы төмендегі сөздерді оқы. Мағынасын топта талда. Асты сызылған сөздерді сөз құрамына талда. Ділмарлап сөйлеу – үлкен өнер, бірақ тоқтар уақытыңды білуің қажет. Волфганг Амадей Моцарт Дариға, жігіт қайда өнер тапқан, Жан қиып, қызмет қылып, халыққа жаққан? Міржақып Дулатұлы Біреудің бойынан кемшілік іздеме – өнер ізде. Құтып Театр – күрделі интеллектуалдық гармониядан тұратын, үш жақтан бірдей қиыннан қиысқан сахналық өнер. Сағат Әшімбаев Өнер туындысы – өмірді түсінудің кілті. Сағат Әшімбаев Көптен қалмау – көкке самғау емес. Әсіресе, өнерде. Мұзафар Әлімбаев 3-тапсырма. Өнер іздеу, өнерді бағалау, өнерлі болудың маңызын талқыла. Кейбір адамдар әншілік, бишілікті мамандық деп танымайды. Неліктен? Ойыңды «төрт сөйлем» тәсілі бойынша қорытындылап айт. 1.Пікір. Өнер іздеудің маңызы туралы пікір айт 2. Дәлел. Пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде. 3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады. Пікір. Өнерді бағалай білудің маңызы туралы пікір айт 2. Дәлел. Пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде. 3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады. Пікір. Өнерлі болудың маңызы туралы пікір айт 2. Дәлел. Пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде. 3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады. 4-тапсырма. Мәтінді тыңда. Кестені толтыр. Мәтіннің тақырыбы Автордың айтайын деген ойы, идеясы Мәтіндегі астарлы ой Заңғар Мұсабекұлы Қытай елінде туып-өскен. Мектеп бітіргеннен кейін тарихи отаны Қазақстанға оралмақ болады, алайда белгілі-бір себептерге байланысты бір жылға қалуға тура келеді. Міне, осы уақытта ауылында жұрт мақтаған қытай шаштаразы бар екен, соның қасына екі ай шәкірті болып ілеседі. Сол кісінің айтуымен екі айдан кейін Құлжа қаласындағы «Фу Каң» деген шаштараз мектебінің филиалына құжат тапсырдым, – деп сабақтады әңгімесін Заңғар. – Ауылдағы ұстазымның қасында жүріп біраз нәрсені үйренгенмін. Енді тағы бірер ай осы мектепте оқысам нағыз маман болып шығамын деп ойлағанмын. Сөйтсем ол ойым бекер болып шықты. «Фу Каңда» әрбір ұсақ нәрсеге үлкен көңіл бөледі екен. Сенесіз бе, бастапқы үш айда клиенттің басын жуып, кептіруді ғана үйретті. Ал келесі үш айымыз шаш бұйралайтын бигудиді қоюға ғана кетті. Міне, осы уақыт аралығында сабырлық танытпағандары оқуын тастап кетіп жатты, – деп есіне алды кейіпкеріміз. Тағы бір ерекшелігі, әрбір кезеңді оқып бітірген сайын арнайы емтихан тапсырады екен. Сынақ кезінде шашты дұрыс тарау, оның түсу салдары, шампуннің құрамындағы пайдалы, зиянды қосындылары секілді қарапайым сұрақтардан басталып, бигуди тектес түрлі құрылғылардың жылдам әрі кәсіби түрде орнатылуына дейін тексеріледі. Ол – ол ма, тіпті химия, геометрия сабақтарынан да белгілі бір деңгейде емтихан алынады. Неге десеңіз, геометрия шаштың тегіс алынуын, ал химия түрлі қоспалардың нәтижесінде шығатын бояудың түсі және оның адам терісіне қаншалықты әсер беретінін үйретеді екен. Сынақтан сүрінбей өткендері келесі кезеңге жолдама алса, жалқауланып, жүрдім-бардым қарағандары үш ай қалып қайта оқиды. – Бір қарағанда оңай жұмыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде әрбір кезеңнің өз қиындығы бар, – дейді Заңғар. Заңғар кәсіби деңгейде шаш алу үшін үш жыл уақытын тек оқуға жұмсапты. Яғни шаштараз болу үшін үш жыл оқыған. Бәрін сәтті аяқтағаннан кейін, яғни 2013 жылы оқушыларды «Фу Каңның» Шанхайдағы негізгі орталығына тәжірибеден өтуге жібереді. Ұстаздарының ойынан шыққаннан кейін ғана шебер дәрежесін иеленген екен. Сол жылдың қараша айында Қазақстанға көшіп келеді. Заңғардың әңгімесінен кейін ғаламтордағы «бір-екі айда үйретеміз» деген хабарландырудың жарнамалық сипаты айқындала түскендей көрінді. Атам қазақ «дүние бір тиыннан құралады...» деген үлгі қалдырған. Сондықтан шаш алу кезінде де, оның саудасын жүргізу барысында да әрбір ұсақ нәрсе назарға алынса, «құда да риза, құдағи да риза». Бұны кәсіби шеберлік деп атаса керек. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан» Бағалау критерийі тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау Дескриптор 1. Сөзжасам туралы біледі 2. Сөз құрамына талдау жасай алады 3. Тыңдалған мәтіннің тақырыбын, идеясын анықтайды 4. Астарлы ойды ажыратады 5-тапсырма. Тұжырымдарды топ ішінде талқыла. Келісіп немесе келіспей талда. Өнерді жоғары білімі бар адам ғана бағалай алады Өнерлі адамға үнемі құрмет көрсетіледі Сөз де – өнер Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті 3-сабақ Оқу мақсаттары 2. Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану Сабақ мақсаттары 10.2.3.1 көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау; Құндылықтарды дарыту Әдемілікті, өнерді бағалау Пәнаралық байланыс Қазақ тіл білімі, өнер, Бастапқы білім Сөз құрамы Тірек сөздер кіріспе дәріс, шолу дәрісі, көпшілікке арналған дәріс, дәрістер циклі Сабақтың жүргізілу барысы 1-тапсырма. Дәріс туралы оқы. Дәріс түрлеріне анықтама бер. кіріспе дәріс дегеніміз _______________________________________ _______________________________________ шолу дәрісі дегеніміз _______________________________________ _______________________________________ көпшілікке арналған дәріс дегеніміз _______________________________________ _______________________________________ дәріс – оқытушының белгілі бір тақырыпта арнаулы оқыған сабағын баяндауы Дәріс түрлері: кіріспе дәріс шолу дәрісі көпшілікке арналған дәріс дәрістер циклі 2-тапсырма. Мәдениеттану пәні бойынша мәдениет туралы дәрісті оқы. Дәріс түрін анықта. Құрылымына назар аудар. Тақырыбы: Мәдениеттанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Яғни, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Қазақ тіліне бұл термин арабтың “маданият” – қала, қалалық, деген сөзінен енген. Осы “мәдениет” терминімен мағыналас “культура” термині де кең қолданысқа ие. «Культура» термині латын тілінде көне заманда жерді өңдеу деген мағынаны білдірген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цициронның еңбектерінде (б.ғ.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдіреді. Бірте-бірте еуропалық тілдерде культура сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу», деген сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке (культураға) төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет – белгілі-бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.); б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.); в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т.б.). Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Ықтимал жауап: Кіріспе дәріс, себебі пәннің мақсаты, терминнің шығу төркінін түсіндіреді, мәдениет түрлерін саралайды. Құрылымы кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен тұрады. 3-тапсырма. Асқар Жұмаділдаевтың newsasia.kz сайтына берген сұхбатын оқы. Өнер мен мәдениетті дамытудың маңызы туралы көпшілікке арналған дисскусиялық дәріс ұйымдастыр. Мұны былай деп айтамын: Қазақ ел болып қалу үшін технократтық елге айналу керек. Технократтық елге айналмай қазақ ел болмайды. «Ұлттық намыс, ұлттық рух» деген сөзді қазақ көп айтады. Мұның барлығы технократтық реформа болмай, бос сөз болып қалады. Рух деген не өзі. «Ойбай, рух қайда?» деп сіз күніге жүз рет айқайлаңыз. Не өзгереді? Бір бес минутқа сіздің рухыңыз көзін ашар, «әй не болып қалды, бұл не шу?» деп. Содан кейін қайтадан қалың ұйқыға кетеді. Рухыңыз ұйықтамай, мүлгімей, сергек жүру үшін оның артында бір тірек болу керек. Бұл – тірек технократтық. Яғни, қазақты өзгелерге мойындататын өзінің жасайтын бірденесі болу керек. Қазақ деген ақылды халық. Мінекей, жасаған заттарын қараңыз дегізетіндей. Мысалға, жапондық сапа дейтін ұғым бар. Ол не? «Тойотаны» айтайық. Оны жұрттың барлығы алады. «Сониді» айтайық. Оған деген сұраныс сұмдық. Жапон компьютер жасаса, бүге-шігесіне дейін керемет қылып, түбін түсіре жасап шығады, сондықтан, жапондық өнімге жұрттың барлығы басын иеді. Тағы бір мысал. Жапонның жазушысы мықты дейді. Дулат ағамыз да қазақтың мықты жазушысы. Бірақ, қазақтың арасында жасағандықтан қадірі азырақ білініп тұр. Неліктен? Өйткені, жапонның «тойотасын» айттық, «сониін», компьютерін айттық. Жапондық сапа, жапондық іс дейтін ұғым бар. Дүниеде жапондар жасаған өнім жайында «бұл керемет, сапалы» деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан, жапон болғандықтан да Муракамиді мықты жазушы деп таниды. Егер қазақтар да мықты бір компьютердің түрін ойлап тапса, не бір автокөліктерді жасайтын болса, онда бізге де қатысты осындай бір түсініктер қалыптасар еді. Қазақ ісі, қазақы сапа деген ұғым пайда болар еді. Сонда бұл сапаның басқа да салаларға септігі тиер еді. Сонда барып Дулат ағамыздың аты әлемге жайылар еді. Дискуссиялық лекцияда қоғамдағы белгілі-бір мәселені көтере отырып, аудиториямен байланысқа түсіп, тақырыпты жанжақты қарастырады. 4-тапсырма. Алдыңғы тапсырма бойынша жазған жазбаңды қарсы жұппен айырбаста. Жұбыңның жазбасын оқы. Кері байланыс бер. Өзің жазған дискуссиялық дәрістің жанрын анықта. _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ Бағалау критерийі 10.2.3.1 көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау Дескриптор 1. Дәріс құрылымын біледі. 2. Жанрлық ерекшелігін ажыратады. 3. Мәдениет тақырыбына байланысты ойын еркін айтады. 4. Дискуссиялық дәріс ұйымдастыра алады 5-тапсырма. Тұжырымдарды топ ішінде талқыла. Келісіп немесе келіспей талда. Лекция түрлерін білу, ұйымдастыра алу маңызды ма? Өмірмен қандай байланысы бар? Мәдениет туралы алған ақпараттың қайсысы сен үшін тосын болды. Түсіндір. Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті 4-сабақ Оқу мақсаттары 6. Оқылым стратегияларын қолдану Сабақ мақсаттары 10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу Құндылықтарды дарыту Әдемілікті, өнерді бағалау Пәнаралық байланыс Қазақ тіл білімі, өнер, Бастапқы білім Дәріс түрлері, дәріс құрылымы Тірек сөздер кіріспе дәріс, шолу дәрісі, көпшілікке арналған дәріс, дәрістер циклі Сабақтың жүргізілу барысы 1-тапсырма. «Әдеби шеңбер» тәсілі бойынша төмендегі сұрақтарды талда. Әлем жаңалықтарын білу қаншалықты маңызды? Өнердегі қандай жаңалықтардан хабардарсың? Өнерде шекара болмайды дегенді қалай түсінесің? Музыкада басқа тілдерді білу маңызды ма? 2-тапсырма. Төмендегі жаңалық мәтінін оқы. Кестені толтыр. Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат Димаш Құдайберген америкалық шоу басталардан бір ай бұрын байқаудың үздігі атанды Димаш Құдайберген қатысатын жаңа жоба CBS арнасында 3 ақпаннан бастап көрсетіле бастайды. АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген басталуына әлі бір ай бар америкалық дарындылар байқауының үздігі атанды. CBS телеарнасында 3 ақпанда жаңа ірі жоба The World's Best («Әлемнің үздіктері») басталады. Ұйымдастырушылар The Voice («Дауыс»), America's Got Talent («Америкада дарындылар бар»), The X Factor байқауларынан кем түскісі келмейді. Ресми көрсетілімге бір ай қалғанда интернетте шоудың үзінділері жариялана бастады. Байқау басталмай жатып фанаттардың сүйіктісі белгілі болды, деп жазды Meaww басылымының тілшісі Рейчел Виндзор. «Қысқа видеотрейлерде Димашты көрсеткеннен кейін, фанаттар шоуды асыға күтіп жүргенін айтты. Тыңдармандардың пікірінше, Димашқа ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ, оған бүкіл әлем бас иген», - дейді Виндзор. Димаш Қазақстан атынан қатысып отырған жалғыз әнші емес. «Голос. Дiти» байқауының жеңімпазы, «Балалар Евровидениесіне» қатысушы Данэлия Төлешова да бұл конкурста бағын сынамақ. CBS арнасындағы бағдарламаны комик Джеймс Корден жүргізеді, ал әділқазылар алқасында – актриса Дрю Бэрримор, тележүргізуші РуПол Андре Чарльз және әнші Фейт Хилл. Қатысушылар үш жюриді ғана емес, әр саланың 50 сарапшысын таңғалдыруы тиіс. Бағдарлама барлығы 10 бөлімнен тұралы. Жобаны ұйымдастырғандар: American Idol («Америкалық идол») атқарушы продюсері Майк Дарнелл мен The voice атқарушы продюсері Марк Бернетт. Ықтимал жауап: Негізгі ақпарат Димаш Құдайберген қатысатын жаңа жоба CBS арнасында 3 ақпаннан бастап көрсетіле бастайды. Ресми көрсетілімге бір ай қалғанда интернетте шоудың үзінділері жариялана бастады. Байқау басталмай жатып фанаттардың сүйіктісі белгілі болды, деп жазды Meaww басылымының тілшісі Рейчел Виндзор. Қосымша ақпарат CBS телеарнасында 3 ақпанда жаңа ірі жоба The World's Best («Әлемнің үздіктері») басталады. Ұйымдастырушылар The Voice (Дауыс»), America's Got Talent («Америкада дарындылар бар»), The X Factor байқауларынан кем түскісі келмейді. «Голос. Дiти» байқауының жеңімпазы, «Балалар Евровидениесіне» қатысушы Данэлия Төлешова да бұл конкурста бағын сынамақ. 3-тапсырма. Мәтіндегі фактілер мен көзқарастарды анықта. Факт – шындығында болған немесе бар нәрселер, яғни дәлелденген шындық. Көзқарас – бұл біреудің немесе бірнеше адамның пікірі, жағдайға байланысты көзқарасы. Шын немесе жалған болатын нәрселерге берілетін субьективті бағасы. Ықтимал жауап: Фактілер Көзқарас Бағдарлама барлығы 10 бөлімнен тұралы. Жобаны ұйымдастырғандар: American Idol (“Америкалық идол”) атқарушы продюсері Майк Дарнелл мен The voice атқарушы продюсері Марк Бернетт. CBS арнасындағы бағдарламаны комик Джеймс Корден жүргізеді, ал әділқазылар алқасында – актриса Дрю Бэрримор, тележүргізуші РуПол Андре Чарльз және әнші Фейт Хилл. Димаш Құдайберген қатысатын жаңа жоба CBS арнасында 3 ақпаннан бастап көрсетіле бастайды Тыңдармандардың пікірінше, Димашқа ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ, оған бүкіл әлем бас иген Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген басталуына әлі бір ай бар америкалық дарындылар байқауының үздігі атанды. 4-тапсырма. The New York Times газетіне Қазақстан өнер саласында болып жатқан маңызды жаңалықты жаз. Негізгі ақпарат, қосымша ақпаратқа назар аудар, фактілер мен көзқарас енгіз. Жұбыңның жазбасын оқы. Кері байланыс бер. ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ Бағалау критерийі 10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу Дескриптор 1. Оқылымның негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты анықтау; факт және көзқарасты анықтап оқу деген стратегияларын біледі. 2. Жаңалық жаза алады 5-тапсырма. Төмендегі ереже, тұжырымдамаларды оқы. Димаш Құдайберген қатысқан байқау туралы жазба жаңалықтарға жата ма, хабар-ошарға жата ма? Әлде жаңалықтар мен хабар-ошар мағыналас ұғымдар ма? Топ ішінде талқыла. Жаңалық – ақпараттық маңыздылығы бар хабарлама. Хабар-ошарды кейде «хроникалық хабар» деп атайды. Хроника – тарихи оқиғалардың хроникалық жүйеде жазылуы. Журналастикадағы хроника – дерек туралы қысқаша хабар, яғни, хабар-ошар мен хроника синонимдес сөздер болып келеді. Хабарошарда журналист дерек пен оқиғаға қатысты маңызды ақпаратты (оқиға орны, оған қатысушылар) толық баяндайды. Хабар-ошар – көркемдеуші құралдарға сараң, қысқа да нұсқа болуы шарт. Хабар-ошар – газетте жедел хабарлама берудің ең қарапайым түрі. Оның негізінде қажетті, қоғамдық маңызы бар деректер жатады. Хабар-ошарға жаңалық пен қысқалық тән. Хабар-ошар – ақпараттық жанрдың ішінде кең тараған жаңалық бюллетенінің негізгі элементі. Жаңалық бір ғана сөйлеммен кім, не, қайда және қашан болғанын жеткізеді. Оқиғаның себеп-салдарлық байланысы «кадрдан тыс» жерде қалады. Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті 5-сабақ Сабақ мақсаттары 5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу 10.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу); Құндылықтарды дарыту Әдемілікті, өнерді бағалау Пәнаралық байланыс Қазақ тіл білімі, өнер, Бастапқы білім Әлем жаңалықтары туралы білім Тірек сөздер кіріспе дәріс, шолу дәрісі, көпшілікке арналған дәріс, дәрістер циклі Оқу мақсаттары Сабақтың жүргізілу барысы Төмендегі теориялық ақпаратты оқы. Бір-біріңе түсіндір. Маңызды тұстарын дәптеріңе түртіп ал. Жинақы мәтін дегеніміз бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу Мазмұндық өңдеу: Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау. Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу. Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау. Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Жинақы мәтіннің жанрлық түрлері Тезис Аннотация Презентация Конспект Кесте Схема Тезистік жоспар Ықшамдалған мәтін Есіңде болсын! Жинақы мәтін түпнұсқа мәтіннен 75 % дейін қысқа болады. Егер кітап болса, түпнұсқа мәтіні 99% ықшамдалады. Өз ойларыңды жинақы мәтінге қосуға болмайды. Жинақы мәтін тек автор идеясынан ғана тұруы керек. 2-тапсырма. Төмендегі Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» кітабынан алынған үзінді оқы. Конспектіле. ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ СӨЗ ӨНЕРІНІҢ ҒЫЛЫМЫ Сөз өнеріне жұмсалатын зат – сөз. Сөз шумағы тіл деп аталады. Сөз өнеріне жұмсалған сөз шумағы да тіл (я лұғат) деп аталады. Шығарма тілі екі түрлі болады: 1) ақын тілі, 2) әншейін тіл. Ақын тілі – айрықша өң беріліп айтылған сөз; әншейін тіл – ондай өң берілмей, жай айтылған сөз. Ақын тілімен сөйлегенде, сөзге айрықша өң берілгендіктен, лебіз өрнегі болып шығады. Әншейін тілмен сөйлегенде, сөзге өзгеше өң берілмегендігінен, лебізсіз де жалаңаш болып шығады, сондықтан алдыңғысы көрнекі лебіз деліп, соңғысы жалаң иә көсе лебіз болып айтылады. Сөз өнері деп, асылында, – нені айтамыз? Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп, қисынын, қырын, кестесін келтіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз – осылай шығарған сөз. Сөзді бұлай етіп шығаруға көп өнер керектігі жоғарыда айтылды. Сөз шығару өнерді керек қылса, өнер ғылымды керек қылады. Мұнан сөз өнерінің ғылымы туады. Шығарманың екі жағы бар: 1) тысқы тіл жағы, 2) ішкі пікір жағы. Конспект латынның Сондықтан сөз өнерінің ғылымы екіге бөлінеді: конспектус – шолу деген 1) шығарманың тілінің ғылымы, сөзінен пайда болған. Бұл 2) шығарманың түрінің ғылымы. кітап, не мақала, дәріс, не Тілінің ғылымы дыбыстардың, сөздердің, баяндаманың қысқаша сөйлемдердің заңынан шығатын тіл өңінің жүйелерін мазмұны. Жүйелі, танытады, түрінің ғылымы сөз өнерінен шыққан логикалық байланыстағы нәрселердің мазмұн жағының жүйелерін жазбаны конспект дейміз танытады, сондықтан сөз өнерінің ғылымы шығарманың тіл өңі жағынан тіл я лұғат қисыны болып, мазмұн жағынан қара сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі болып бөлінеді. Әр саласы айрылып, бөлек-бөлек сөз болмақшы. 3-тапсырма. Жазған конспектіңді тағы бір қайталап оқы. Мәтінге енген тілдік өзгерістердің астын сыз. алынған ақпаратты барынша қысқа беру үшін лексикалық, грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдай білу. Мысалы: Қайталауларды жалпылауыш сөздермен алмастыру; Сөздерді синонимдермен алмастыру; Бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру. 4-тапсырма. Ахмет Байтұрсыновтың еңбегінен алынған үзіндідегі асты сызылған сөздерді сөз құрамына талда. ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ Бағалау критерийі 10.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу); Дескриптор 1. Ақпараттарды іріктей алады. 2. Жинақы мәтін түрлерін біледі. 3. Жинақы мәтін жасау жолдарын біледі. 4. Конспект жаза алады. 5-тапсырма. Технократтық заманда сөз өнері маңызды ма? Ойыңды «Төрт сөйлем» тәсілімен жинақтап айт. 1. Пікір. Тыңдаған материал бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады. 2. Дәлел. Пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді 3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті 6-сабақ Оқу мақсаттары 4. Эссе жазу Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту 10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе) Әдемілікті, өнерді бағалау Пәнаралық байланыс Қазақ тіл білімі, өнер, Бастапқы білім Жинақы мәтін жаза білу Тірек сөздер кіріспе дәріс, шолу дәрісі, көпшілікке арналған дәріс, дәрістер циклі Сабақтың жүргізілу барысы Сыныптың әр бұрышынды эссе туралы маңызды ақпаратты іліп, оқушылар орындарынан тұрып, осы ақпарттармен танысады. Топтағы орындарына келген соң оқыған ақпаратымен жұпта бөліседі, топта талдайды. Эссенің құрылымы: • Кіріспе (эссенің 30 % көлемі) • Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі) • Қорытынды (эссенің 10 % көлемі) Эссенің мақсаты • Белгілі мәселе бойынша пікірін айту және дәлелдеу; • Сұрақ бойынша түсінігін, ойын айту; • Оқырмандарды ақпараттандыру; • Мәселені талқылау және шындықты айту; • Өзінің және оқырманның көңілінен шығу; • Көңіл-күйді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу; • Іс-әрекетке түрткі болу. Эссе жазудағы негізгі іс-әрекеттер 1. Эсседе ой айтылады. 2. Ол дәлелденеді. 3. Сосын ой тұжырымдалады. 2-тапсырма. Дискуссивті эссе туралы оқы. Сен білетін эсседен қандай айырмашылығы бар. Жұпта талда. Дискуссия – латынша пікірталас. Дисскуссивті эсседе бір мәселе екіжақты пікір тұрғысынан қарастырылады. Яғни, эсседе көтерілген тақырып бойынша әр түрлі көзқарастарды талдай отырып, пікір білдіру керек. Дискуссивті эссе тақырыптарының бірін таңдап, 250 сөз көлемінде жаз. Әлемді, адамзатты дамытатын құндылықтар Технократ болудың несі жаман? Мемлекет пен елдің атын шығаратын – өнер иелері Эссе бірнеше абзацтардан тұрады. Абзац төмендегілерден құралады: 1. Тақырыптық сөйлем 2. Қолдаушы сөйлем 3. Қолдаушы сөйлем 4. Қолдаушы сөйлем 5. Қорытынды сөйлем Абзацты жазудың негізгі шарттары Эссе мәтіні негізінен бірнеше абзацтан тұрады Бір абзацта бір ой толықтай ашып жазылады Әр абзац тақырыптық сөйлемнен, қолдаушы сөйлемнен және қорытынды сөйлемнен тұрады. Тақырыптық сөйлем – абзацтың негізгі идеясын көрсетеді Қолдаушы сөйлемдер – тақырыптық сөйлемдегі ойды ашатын сөйлемдер Қорытынды сөйлем – абзацтағы ойды қорытындылайтын сөйлем Сонымен қатар, ойды толықтыру үшін деректер мен мысалдарды да қосуға болады. Ең бастысы абзац жаңа азат жолдан басталып жазылады Бағалау критерийі 10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе) Дескриптор 1. Эссе құрылымын біледі. 2. Эссеге қатысты сөз тіркестерін (қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды) қолданады. 3. Дискуссивті эссе туралы біледі. 4. Әр түрлі пікірлерді қарастыра отырып дискуссивті эссе жазады. 5-тапсырма. Жазғаныңды дауыстап оқы. Негізгі бөлімдегі тезис сөйлемдерің кіріспе бөлімде айтылған тезиспен сәйкес келетініне көз жеткіз. Кіріспе бөлімде көрсетілмеген ой, пікірлерді алып таста. Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті 7-сабақ Оқу мақсаттары 1. Орфографиялық норма Сабақ мақсаттары 10.4.1.1 мәнмәтін бойынша орфографиялық нормаға сай жазу Құндылықтарды дарыту Әдемілікті, өнерді бағалау Пәнаралық байланыс Қазақ тіл білімі, өнер, пунктуация Бастапқы білім Әлем жаңалықтары туралы білім Тірек сөздер кіріспе дәріс, шолу дәрісі, көпшілікке арналған дәріс, дәрістер циклі тілдік бірліктерді Сабақтың жүргізілу барысы Төмендегі теориялық ақпаратты оқы. Бір-біріңе түсіндір. Маңызды тұстарын дәптеріңе түртіп ал. Орфография Орфография (грек orfhos – дұрыс, gropho – жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Фонематикалық принцип көп жағдайда морфологиялық принципке сәйкес келеді, мұнда белгілі бір фонемалық түрленімдер әліпбидегі бір ғана әріппен белгіленеді. Мысалы, басшы (башшы емес), түнгі (түңгі емес), саудагер (сәудегер емес). Фонетикалық принцип Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгерістері есепке алынып, айтылуы негізінде (естілуінше) жазылады. Қазіргі орфографиялық ереже бойынша кейбір жалқы есімдердің сыңарлары фонетикалық принципке негізделген (Ботагөз, Амангелді, т.б.). фонематикалық, фонетикалық, тарихи-дәстүрлі, айырым принциптеріне негізделеді. 1. Морфологиялық принцип – әр сөздің түбірі мен оған жалғанатын қосымшанаң тұлғасын сақтап жазу принципі. Мысалы: бас-шы (башшы деп айтпаймыз ол қате болып саналады), кете-алмай(кетеалмай деп айтуға болмайды), сары-арқа (сарарқа деуге болмайды) 1. Фонетикалық пиринципсөздердің естілу дағдысын сақтап жазу принципі. Мысалы: тарағы (тарақы емес), Торайғыров (Торыайғыров емес) және т.б. 2-тапсырма. Өнер саласындағы жаңалықты оқы. Роботтар өнер саласын меңгеруі дұрыс па? Келісіп немесе келіспей топта талқыла. Ойыңды «пирамидалық талдау» тәсілі бойынша жаз. Ағылшын инженерлері сурет салып, өнерге баулитын құлтемірді көпшілікке таныстырмақ. «Аида» есімді робот қазір құрастырылу үстінде. Ол сурет салып қана қоймай, адамның бет-әлпетін тани алады. Сондай-ақ дене қимылы мен адам жүзіндегі ым-ишараны қайталап көрсетеді. Ал құлтемірдің сурет салу өнерін мамырда Оксфордта өтетін көрме кезінде тамашалауға болады. Сондай-ақ оның үздік туындылары көпшіліктің назарына қараша айында ұсынылады. Бұл көрме Лондонда өтеді деп жоспарланған. Эйден Меллер, Engineered Arts компаниясының директоры: – Құлтемірлер өнерге жақын бола ала ма? Осыны сынап көргіміз келеді. Қазір жасанды интеллекті дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, сондықтан бұл жобадан күтеріміз мол. «Пирамидалық талқылау» стратегиясы. Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды. 3-тапсырма. Мәтіндегі асты сызылған сөздерді морфологиялық принципке сай сөз құрамына талда. _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ 4-тапсырма. Жапондықтардың сөйлеу мәдениеті туралы оқы. Мәтін бойынша сұрақ құрастыр. Сен үшін тосын ақпарат не болды? Бір-бірімен таныс емес адамдардың әңгімелесуінде көп жағдайда сыпайы сөйлеу пайдаланылады. Сыпайы орнықты сөйлеу танысу кезінде, сондай-ақ жапон қоғамында әлеуметтік жағдайы жоғары бағаланатын адамдарға қатысты қарым-қатынаста қолданылады. Жапон тілінде сыпайылықтың жоғары, орта, төмен деңгейі болады. Олардың өзі іштей тарамдап бөлінеді «Таныстық қанша уақытқа созылса да» - деп атап көрсетеді Татэмацу Кикуко «сэнсэй сэнсэй» болып қала береді… Тіпті, егер өзіңнің адамға деген қарым-қатынасыңды немесе сырыңды ақтарғың келсе де, сыпайылылықтың неғұрлым төмен деңгейіне өтуге болмайды». Әдетте, әр түрлі жастағы адамдар әңгімелескен кезде, сұхбаттасушылардың үлкені бейтарап сөйлеу стилін қолданса, кішісі сыпайы сөз формаларын пайдаланады. Жоғары білім беру мектептерінің оқушылары мен университет студенттерінің арасында «үлкен (сэмпай) – кіші (ко:хай)» қарым-қатынастары жас ерекшелігі бір-екі жасты құраса да бейтарап-сыпайы сөйлеу стильдерін бөле отырып, жеткілікті түрде қатаң сақталады. Жапон тілін үйренушілер үшін ең қиыны – сыпайылық деңгейі бойынша қай түрін қолдануды – сөйлеу кезінде анықтап үлгеру. Қазақ тілінде сыпайы түр – ыңыз, іңіз, -сыз, сіз түрінде берілетіні, үлкендердің дәрежесін анықтаудың қажеті жоқ екендігі қандай жақсы! Бағалау критерийі Дескриптор 10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік - орфографиялық норманы біледі; бірліктерді орфографиялық нормаға сай - принциптері бойынша талдайды; - келісу/келіспеу пікірін еркін білдіріп жазу жазады. 5-тапсырма. Тарау туралы ой бөліс, өзің үшін рефлексия жаса. «Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет» тарауын оқудың маңыздылығы неде? Жеке тәжірибең үшін пайдасы болды ма? Жаңа қандай ақпарат алдың? 3-бөлім. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма 1-сабақ Құндылықтарды дарыту Мәдени мұралар – ұлт игілігі 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау Сұхбат мәтініндегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау Ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға үйрету Пәнаралық байланыс Тарих Тірек сөздер Жәдігер, мәдени мұра, көне қала, керуен, ЮНЕСКО, тарихи, қорғау Сабақтың тақырыбы Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Сабақтың жүргізілу барысы 1-тапсырма Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқы. Тыңдалым мәтіні не туралы болатындығын болжа. Өз ойыңды сыныптастарыңмен бөліс. Мәдени мұралар – ұлт игілігі Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Карл Байпақовпен сұхбат. - Ұлттық жәдігерлеріміздің бірі тарихи мұралар екені белгілі. Осы тарихи мәдени мұраларымызды қорғау ісі қалай жүріп жатыр? – «Ұлы Жібек жолы» – әлемдік деңгейдегі тарихи бренд. Бұл көне керуен мәдениет, тарих, сауда-саттықтың негізі ғана емес, байланыс пен қарым-қатынас құралы болды. Бүгінгі ғаламтор желісінің қызметін атқарды. Кез келген дипломатиялық келіссөздер, бірнеше ел арасындағы ақпарат тасымалы және тағы басқа байланыс құралдарының қарқынды дамуына бұл ұлы жолдың тигізген септігі мол болды. Ал осы «Ұлы Жібек жолының» ірі қалаларды аралап өткенін тарихтан білеміз. Халықаралық мәдени мұра тізіміне енгізу үшін ұлы керуен басып өткен көне қалаларды тауып, зерттеп, тарихи маңызын дәлелдеу қажет болды. Археологтар мен тарихшылар мұндай көне қалаларды тапты. Осындай жәдігерлердің «Мәдени мұра» екеніне халықаралық комиссияның көзін жеткізу үшін аянбай еңбек етті. Атап өткеніміздей тарихи маңызы зор, аса құнды көне қаланың бірі – Талхиз. Алматы облысына қарасты мың жылдық тарихы бар Талхизді ЮНЕСКО-ның Мәдени мұра тізіміне енгізуді ұсыну туралы шешім қабылданған күннен бастап бұл көне қаланың тағдыры мені бей-жай қалдырған емес. Талғар және басқа да тарихы терең жеті қаланы ЮНЕСКО тізіміне тіркеу жұмыстарының басы-қасында болдым. – ЮНЕСКО-ның арнайы комиссиясы келіп, көне қала аймағын тексеріп жатқанын естідік. Қалай ойлайсыз, Талхиз халықаралық ұйымның тізімінде қала ма, әлде?.. – Халықаралық ұйымның жанынан құрылған комиссия өкілдері елімізге келіп, Талхизді және басқа тарихи жәдіргерлерді зерттеп, зерделеп жатыр. Әлі біраз уақыт бойына жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бұл әлемдік ұйым келе салысымен шешімін бере салмайды. Әбден тыңғылықты жүргізілген тексеру жұмыстарынан кейін барып, тоқетерін айтады. Тіпті, ЮНЕСКО-ның бұл мәселеге қатысты есебін келер жылы бірақ білетін шығармыз. – Батыстағы Сарайшық қаласын жылдан-жылға Жайық өзені шайып бара жатқанын білеміз. Тарихи жәдігер ретінде көне қаланы сақтап қалуға қажет деңгейде көңіл бөлінбей келеді. Не себепті? – Сарайшықты сақтап қалудың бірнеше жолы бар. Бұл бағытта бірқатар жобалар дайындалуда. Мәселен, бүгінгі технологияның дамыған заманында қажет құралжабдықтарды пайдалана отырып, Жайықтың жағалауына, өзен ағысының арнасын бұрып жіберетін бөгет салуға болады. Әрине, бұл мәселеге қатысты шараларды жүзеге асыру үшін қыруар қаражат қажет. Дей тұрғанмен, мемлекет Сарайшықтың тарихи асыл мұра екенін есепке ала отырып, көне қаланы қорғау жұмыстарын қолға алады деп сенеміз. Бүгінде ЮНЕСКО аталмыш мәселемен айналысуда. https://massaget.kz/mangilik_el/41942/ 2-тапсырма. А) Мәтінді мұқият тыңда. Мәтінде кездескен терминдерді кестеден белгіле. мәдени дипломатия бренд тарихи ақпарат тасымалы ғаламтор өзен арнасы мұра B) Терминдердің тақырыппен байланысын түсіндір. 3-тапсырма. Мәтінді қайта тыңда. Мәдени мұралардың сипатын білдіретін сөздерді жаз. Тарихи мұралар «Ұлы Жібек жолы» Талхиз Сарайшық Мәтіндегі сипаттамасы 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. Жауабыңды деректермен негіздеп айт. Сұхбат не туралы? Сұхбат кімдерге арналған? Ойыңды дәлелдеп айт. Сұхбат мәтінінен тағы қандай ақпарат алуға болады? Сұхбат алушы қандай мәселені атады? Сұхбат беруші осы мәселені шешу жолдары ретінде қандай ой айтты? 5-тапсырма. ЮНЕСКО ұйымына ұсынатын мәдени мұра туралы монолог дайында. Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: Жәдігер, мәдени мұра, көне қала, керуен, тарихи, қорғау Бағалау критерийі Сұхбаттың көзделген аудиториясын таба алады; терминдерді, ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдай алады. Дескриптор - кем дегенде үш терминді табады; - мәдени мұралардың сипатын анықтайды; - сұрақтарға жауап береді; - мәтіннен дәлелдер келтіреді. 3. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма 2-сабақ Ұлы даланың жеті қыры 10.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау Берілген мәтіндердегі мәселеге автордың көзқарасын Сабақ мақсаттары анықтау, өз көзқарасын білдіру, сұрақтар құрастыру, бағалау Құндылықтарды дарыту Тарихи жәдігерлерді сақтауға, тарихқа құрметпен қарауға үйрету Тарих Пәнаралық байланыс Сабақтың тақырыбы Оқу мақсаттары Тірек сөздер ұлт тарихы, ұстаным, антология, заманауи цифрлық формат, дәріптеу, Сабақтың жүргізілу барысы 1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс. Берілген сөздердің анықтамасын қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен мағынасын тауып, жұпта талқылаңдар. Жылнама, гот, дәйек, мұрагер, көшпенді, мұра, аңыз-әфсана, фольклор, негіз, ұстаным. 2-тапсырма. Сызбаны негізге алып, құндылық түрлеріне мысалдар келтір. 3-тапсырма. Мәтінді екі рет мұқият тыңда. Тыңдап отырып кестелерді толтыр. 1-кесте Ежелгі ел Қазіргі мемлекет Ежелгі Рим Ежелгі готтар 2-кесте «Дала фольклорының антологиясын» жасау үшін не жинау керек? Дәстүрлі музыкалық аспаптар Ұлы даланың фольклоры мен әуендерін заманауи цифрлық форматта шығару үшін не істеу керек? Көнерген сөздер мен мәтіндерді немен қоса беруді ұсынады? Тыңдалым мәтіні ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түптамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті. Бұл жоба аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады. Сонымен қатар, қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет. Ұлы даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ, оның өзектілігін арттыра алатын отандық және шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңызды. Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз. Ауызша және музыкалық дәстүрді жаңғырту қазіргі заманғы аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта болуы керек. Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мәтіндерді суреттерімен қоса беруге, айқын видеоматериалдар формасында ұсынуға болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұсқалары арқылы да шығарылады. Сонымен қатар, фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет. (305 сөз) Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті https://aikyn.kz/2018/11/21/73794.html 4-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға жауап бер. Мәтінде қандай мәселе көтерілді? Жобаның мақсаты не? Жоба бойынша қандай жұмыстар жасалынбақ? Іздеу-зерттеу экспедициялары не үшін ұйымдастырылмақ? Мәтінде көтерілген мәселеге автордың көзқарасы қандай? Мәтінді тыңдағанда қандай әсер алдың немесе қандай ой салды? 5-тапсырма. Мәтінде айтылған ұлттық тарих және мәдени музыкалық мұра туралы екі сұрақ құрастыр. 6-тапсырма. Болашақ ұрпақ үшін «Дала фольклорының антологиясының» маңызы қандай болмақ? Ойыңды сыныптасыңмен талқыла. Бағалау критерийі Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды; Автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастырады, бағалайды. Дескриптор - мәтіннен мәліметтерді жазады; - кестеге қажет ақпараттарды толтырады; - сұрақтарға жауап береді; - сұрақ құрастырады; - талқылауға қатысады, өз ойын білдіреді. 3. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма 3-сабақ Сабақтың тақырыбы Туған жердің тарихы Оқу мақсаттары 10.2.3.1 көпшілікке арналған интервьюдің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау Сабақ мақсаттары Пәнаралық байланыс Сұхбат мәтінінің құрылымы мен рәсімделуін, жанрлық ерекшелігін талдау Ұлт мәселесіне, ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға үйрету Тарих Тірек сөздер Ұлт мәселесі, қазақ тарихы, тарихи тағылым, Мәңгілік ел Құндылықтарды дарыту Сабақтың жүргізілу барысы 1-тапсырма. Сұхбат туралы мәтінді оқы. Маңызды бес ақпарат белгілеп, топта талқыла. Сұхбат туралы Сұхбат – пікірталас, әңгімелесу, журналист пен әңгіме жүргізілген адамның екеуара біріккен шығармашылық жұмысы. Ағылшын тілінен аударғанда – баспасөзде жариялау немесе радиода беру үшін жазылған әңгіме деген сөз. Публицистиканың ақпарат жанрлар тобына кіреді. Сұхбатта кіммен әңгімелескеніңді, әңгіменің мақсаты қандай екендігі көрсетілуі қажет. Сұхбатта фактілердің немесе оқиғалар жайында айтылған пікірлерді баяндау журналистің атынан емес, сұхбат берген адамның атынан болады. Ол сұхбат берушінің пікірлерімен, пайымдауларымен құнды Сұхбаттың түрлері 1. Сұхбат-монолог 2. Сұхбат-диалог Сұхбаттың құрылымы Кіріспе бөлім. Тақырыпқа кіріспе Негізгі бөлім. Бұл 3. Суреттеме-сұхбат бөлім сұрақжауаптан тұрады. 4. Сауалнама (анкета) Қорытынды бөлім. Бұл бөлімде респондент пен журналист арасындағы әңгіменің логикалық қорытындысы болады. Сұхбатты рәсімдеу Сұхбат беруші адам туралы ақпарат беріледі. Сұхбат алушы журналистің аты-жөні мәтіннің соңына жазылады. Сұрақтар қарамен ерекшеленеді. Сұрақтар мен жауаптардың алдына сызықша қоюдың қажеті жоқ. Сұрақ мен жауап арасында орын қалдырылады. болып келеді. 2-тапсырма. Сұхбат мәтінін зерттеп оқы. Оқу кезінде мына мәселелерге назар аудар: Мәтін неше бөліктен тұрады? Сұхбат алушы кім? Сұхбат беруші кім? Қарамен ерекшеленіп берілген сөйлемдердің мәтіндегі қызметі қандай? Мәтіннің басында қандай мәлімет берілген? Соңында ше? Сұхбат мәтінін мазмұнына қарай неше бөлікке бөлуге болады? Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» агенттігінің тілшісі Ринат Думанұлына берген сұхбатында Ұлытауға қатысты тарихи жайларды алға тарта келіп, ұлт мәселесі жөнінде де көп ойларын ортаға салған еді. Тілші: Туған жеріміздің әр тасы қымбат. Дегенмен де Ұлытау туралы пікіріңізді білсек? Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң, Берел қорғаны бар, Орталыққа келсең, қалмақтармен соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң, Алтын Орданың хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті мекен бар, Оңтүстікке барсаң, Түркістан тұр. Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз – өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. Тілші: Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгін Жезқазған өңіріне келіп, тек аймақ үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін стратегиялық тұрғыдан аса маңызды «Жезқазған – Бейнеу» және «Арқалық – Шұбаркөл» теміржол магистральдарының тұсауын кестіңіз. Бұл – біздің ел үшін шын мәніндегі тарихи оқиға. Енді осы сапар ауқымында Қазақ елінің рухани орталықтарының бірі – қасиетті Ұлытау жеріне арнайы ат басын бұрып отырсыз. Кезінде ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай, біздің елдің «тарихы қалың». Ендеше, сол тарихымыздан, әсіресе, қазір біз әңгімелесіп отырған Ұлытауға байланысты тарихымыздан халқымыз қандай тағылым алуы керек? Нұрсұлтан Назарбаев: Біріншіден, Жезқазған жерінде үлкен тарихи оқиға болды деп санаймын. Бұл – Жезқазған өңірінен ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың мыс кенін табуымен және Жезқазған қаласының орнығуымен сабақтас нәрсе. Қазір арада 50-60 жыл өтті, қаншама кен шығарылды, мыс алынды. Жер қойнауындағы байлықтың таусылатын кезі болады. Жезқазғанның төңірегіндегі мыс кені де таусылып, қаланың жағдайы нашарлай бастады. Бұл – табиғи жайт. Кеңес Одағы тұсында әрбір кен орны, әрбір электр стансасы төңірегіне ауыл салынатын еді ғой. Ал енді мына жердегі жұмыс ауқымы біткеннен кейін халық не істерін білмей қалды. Жезқазғанның теміржол тұйығында тұрғаны бәрімізді әр уақытта қинайтын еді. Екіншіден, Кеңес Одағы кезінде барлық теміржол Ресейге қарай салынды. Ал көлденең жүретін, елді бір-бірімен қатыстыратын жол салынған жоқ. Ол Кеңес Одағының да, Ресейдің де ешқандай жоспарына кірмеді. Қазақстанды ешкім ойламады. Енді, міне, еліміздің экономикасы ілгерілеп, осындай 1200 шақырымдық теміржол салынып отыр. Бұл айта салғанға өте оңай. Ал маңызына келсек, алдағы 50-100 жылда пайдаланатын игілігіміз. Жаңа тікұшақпен ұшып келе жатқанда өзің көрдің, тақыр даланың торғай қонатын бұтасы жоқ. Сол тақыр далада ел тұрмайды. Себебі, оған жұмыс та жоқ, шаруашылық та жоқ. Ал теміржол төрт облыстың бірнеше ауданына тіршілік нәрін береді. Теміржолдың бойынан жұмыс табылады. Жұмыс болғаннан кейін кенттер бой көтереді. Халық қоңданады, даламызды ел жайлайды. Экономикалық жағы – өз алдына бір мәселе. Тілші: Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Еліміздің осындай киелі де ең сұлу жерлерінің бірі – қасиетті Ұлытау баурайында ерекше сұхбат бергеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Нұрсұлтан Назарбаев: Қазір далада күннің ыстығы қырық градусқа жуық болып тұрса да, осы Әулиебұлақтың жағасы қандай көркем. Мына тұрған қайыңдар, мынау жер сонау Жошы ханның да, Алаша ханның да, Тоқтамыстың да, Едіге батырдың да – бәрінің көзін көрген шығар. Мінекей, дүние деген осылай ылғи тұра береді. Заман өтеді, уақыт алға жылжиды. Ұрпақтар бірінің жолын бірі жалғайды. Бірақ ата-бабамыздың жері осылай керемет болып қала береді. Осындай әулиелі жерден қуат алған халқымыз ата-бабалар жолымен жүреді деп санаймын. Ол жол – сара жол, Мәңгілік Елдің жолы! Сұхбаттасқан Ринат Думанұлы 3-тапсырма. «Өз өлкеңнің тарихын ұлықтауға қандай үлес қосар едің?» деген сұраққа жауап бер. 4-тапсырма. Мектебіңде «Өлкемнің шежірешісі» атты сұхбаттар жинағын шығармақшы. Жинаққа енгізу үшін сол аймақта тұратын танымал тұлғадан сұхбат алуды саған тапсырды. Сұхбатты кімнен аласың және қандай сұрақтар қоясың? Сұхбат сұрақтарын құрастыр. Бағалау критерийі сұхбат құрылымын анықтай алады; рәсімделуін біледі. жанрлық ерекшелігін ажырата алады. Дескриптор - сұхбат мәтінін бөліктерге бөледі; - сұраулы сөйлемнің қызметін анықтайды; - сұхбаттың рәсімделу ретін талдайды; - сұхбат сұрақтарын құрастырады. 3. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма 4-сабақ Сабақтың тақырыбы Туған тарихың – түп тамырың Оқу мақсаттары Құндылықтарды дарыту 10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу Ұсынылған дереккөздерден ақпараттар алу, авторына сілтеме жасау Туған елдің тарихына құрметпен қарауға үйрету Пәнаралық байланыс Тарих Тірек сөздер Ұлы дала тарихы, тарихи дерек, халықтың өткені мен келешегі Сабақ мақсаттары 1-тапсырма. «Биопоэма» әдісі арқылы «тарих» сөзінің сипатын анықта. Аты – тарих. Сипаты – ... . Қызметі – ..., ... . Болашақтан күтетіні – ... . Мекен жайы – ..., ... . Тегі – ... . Үлгі: Аты - МӘДЕНИЕТ Сипаты – КЕҢ ӨРІСТІ Қызметі – ДАМЫТУ, КӨРКЕЙТУ Болашақтан күтетіні – ӨРКЕНИЕТ Мекен жайы – ҚОҒАМ Тегі – ТАРИХИ ҚҰБЫЛЫС 2-тапсырма. Жаднаманы мұқият оқы. Әртүрлі дереккөздермен жұмыс істеуде жаднаманың пайдасы бар ма, әлде жоқ па? Онда көрсетілген нұсқауды басшылыққа алуға бола ма? Сыныптастарыңмен талқыла. «Ақпарат көзін тексер» жаднамасы 1. Іздеуді жоспарлау. Мен не білгім келеді? Қандай сұрақтар қойғаным дұрыс? Бұл (факт, құбылыс, оқиға) туралы не білемін? Қайдан, қандай ақпарат көздерінен іздемекпін? 2. Сыни ойлау. Бұл ақпараттың дереккөзі қайсы? Авторы кім? Ақпарат қаншалықты өзекті? Уақыты көрсетілген бе? Автор не туралы баяндайды? Ол неге бұл мәліметтерді (сурет, сөздер, кейіпкерлер, т.б.) қолданған? Автордың мақсаты не? Мен бұл ақпараттарға сене аламын ба? Бұл ақпараттарды қолдануыма бола ма? 3. Өзіндік баға қалыптастыру (жазбаша немесе ауызша). Мен не түсіндім немесе анықтадым? Бұл туралы қандай ойға келдім? Бұл туралы не айтқым келеді? 4. Жасалған жұмыстар бойынша сараптама. Мен не жоспарладым? Сұрақтарыма жауап ала алдым ба? Қиын болды ма? Қандай дереккөздерді қолдандым? Осы жұмысты істей отырып мен не үйрендім? 5. Егер сіз осы жұмыстың нәтижесін әрі қарай қолданбақ болсаңыз, сілтеме жасауды естен шығармаңыз. Хабарлама жасау үшін авторын, тақырыбы мен егер бар болса шыққан жылын жазу керек. 3-тапсырма. Мектеп кітапханасында «Туған тарихың – түп тамырың» тақырыбына байланысты оқушылар конференциясы ұйымдастырылмақ екен. Сен конференцияда сөз сөйлемекші болдың. Көрсетілген дереккөздерден өз хабарламаңа қажетті ақпараттар ал. Ақпараттың қайдан алынғандығын, авторы туралы мәлімет көрсет. 1-дереккөз – «Қазақстан тарихы» энциклопедиялық анықтамалық. «Аруна Ltd» ЖШС, 2010 2-дереккөз – «Ұлы дала мемлекеттері». Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 2010 3-дереккөз – «Тарихи тұлғалар», танымдық-көпшілік басылым. «Алматыкітап», 2012 4-тапсырма. Дереккөздерден алған ақпараттарды кестеге түсір. дереккөз ақпарат авторы баспаханасы беті, шыққан жылы 5-тапсырма. Сызбаны пайдаланып, конференцияда сөйлейтін сөзіңнің мәтінін құрастыр. Бағалау критерийі - энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік еңбектерден деректерді ала біледі; - ақпараттың қайдан алынғанын көрсетеді; - ақпараттың авторына сілтеме жасайды. Дескриптор - жаднама бойынша көзқарасын білдіреді; - көрсетілген дереккөздерден ақпарат алады; - мәтін құрастырады; - мәтінде авторға сілтеме жасайды. 3. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма 5-сабақ Құндылықтарды дарыту Кітапхана – мәдени мұра 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу Тақырыпқа сай жанрлық және стильдік талаптарын сақтай отырып сұхбат (интервью) жазу Мәдениеттің ошағы кітапханаға құрметпен қарау Пәнаралық байланыс Тарих (кітапхана тарихы) Тірек сөздер мемлекеттің мәртебесі, кітапхана тарихы, мәдениет жылнамасы, абыз кітапханашы, көне кәсіп, мәртебелі мамандық Сабақтың тақырыбы Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Сабақтың жүру барысы 1-тапсырма. Сұхбат пен мақаланы өзара салыстыр, ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықта. сұхбат мақала 2-тапсырма. Берілген екі мәтіннен сұхбат алуға және сұхбат беруге қажет мәліметтерді теріп жазып ал. 1-мәтін Кітапхана – мемлекеттің мәртебесі Кітапхана – мемлекеттің мәртебесі. Ежелден еліміз Отырар кітапханасымен мәшһүр болған. Әлемде екінші орынды иелеген Отырар кітапханасы туралы қытай саяхатшысы Лу-Цзин былай пайымдайды: «Отырардың даңқы шарапханасымен емес, мейманханасымен емес, әйгілі кітапханасымен шықты». Өкінішке қарай, ХІІІ ғасырдың басында жойқын шапқыншылықта Отырар қоршауға алынады. Салдарынан бағалы басылымдар, құнды кітаптар жер қойнына жасырылады. «Алғашқы кітапхананы шумерлерді 600 жыл билеген біздің даладан шыққан көшпенділер – Қасситтер (қассақтар) ойлап тапқан. Отырар кітапханасы 1000-1200 жыл шамасындай уақыт дүниежүзіндегі ең үлкен кітапхана болған. Жер астында шамамен бес жүз мыңдай кітап жатуы мүмкін», – дейді профессор ғалым Еренғайып Омаров. Кітапхананың құны қаншалықты бағаланғанына төмендегі жолдар куә. «Қарт, тыңда! Менің де өлер шағым таяу, оны өзім сезіп жүрмін. Бірақ осы күні маған зор уайым маза бермей жүр, ол – мына кітапхананың тағдыры. Осы кітапханада өзіңмен бірге отырып кеңесіп, талай таңды атқызған кездерімде мына асыл кітаптарды, осы ғылым байлығын қандай зор қиындықпен жинағанымды өзіңе де талай айтқанмын. Дүния жаралғаннан бергі адамзат ақылының ең қадірлі, ең жақсы, ең қымбатты туындыларын өз сарайыма жинау үшін қаншама ғұмырымды, қаншама күшімді, қайратымды жұмсадым. Тілегіме жеттім. Бірақ ой-һой, жолына жанымды қиып жинаған байлығым – кітапханам мен өлгеннен кейін тозаңға айнала ма деп қорқамын. Өйткені, бұл байлықты балаларымның сақтай алатын түрі жоқ. Егер менімен жауласатын жауымның мен өлгеннен кейін кітапханамды сақтайтынына көзім жетсе, бар байлығымды қиналмай-ақ, қарсыласпай-ақ соған берер едім», – деп әйгілі әмірші Ақсақ Темір кітапханасын қимай көп толғаныпты [Жұлдыз, №5, 1993 ж.]. Қазақстандағы кітапхана ісінің қалыптасу тарихына 200 жылға жуықтапты. Тұңғыш кітапхана 1831 жылы Орал қаласындағы әскери училище жанынан ашылса, 1858 жылы А.Столыпинның бастамасымен көпшілік кітапханаға айналады. Бүгінде бұл шаңырақ Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ретінде қызметін жалғастыруда. Келесі көне кітапхананың бірі – Абай атындағы Семей облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы. 1883 жылы кітапхана оқырмандарға қызмет көрсете бастайды. Ең ескі ЖОО кітапханасы – 1932 жылы Орынбор училищесі негізінде іргесі қаланған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің кітапханасы. 1931 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік кітапханасы құрылып, 1991 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мәртебесіне ие болды. 2004 жылы Қазақ мәдениетінің жылнамасы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасымен толықты. Сонымен қатар, Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Дамаскідегі Сұлтан Бейбарыс кесенесін реставрациялау кезінде 200 мыңға жуық қолжазба мен кітап сақталған кітапхананың табылғандығын қазақ зиялылары сүйіншіледі. Үстіміздегі жылғы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанынан «әл-Фараби кітапханасының» ашылуы да – бірегей бастама. Демек, кітапхана – мемлекеттің мәртебесі, кемел келешектің сенімді кепілі. https://e-history.kz/kz/publications/view/1881 © e-history.kz 2-мәтін Кітапханашы – мәртебелі мамандық Кітапханашы – көне кәсіптің бірі. Тарихқа шегінсек, төрт жарым мыңнан аса жыл бұрын бұл кәсіп сазды каталогтар пайда болған кезеңдердегі шумер мәдениетімен бірге дүниеге келген. Ал кітапханашылық қызмет біздің дәуірімізге дейінгі сазды тақталарды жинап, жазбаларды есепке алудан бастау алған көрінеді. Аты аңызға айналған абыздар – алғашқы кітапханашылар. Алғашқы кітапханалар қоғамдағы діни мекемелердің қатарынан тіркелсе, алғашқы кітапханашылар – азаматтарға рухани игіліктерді, жазба мұраларды, тіпті ғаламдық картинаны сақтап жеткізуші абыздар болыпты. Басында кітапханалардың басым бөлігі жеке тұлғаларға тиесілі болған екен. Сол кітапханаларға Платон, Аристотель, Евклид, Еврипид тәрізді тұлғалар иелік етіпті. Ал Афинадағы алғашқы көпшілік кітапханада есімі қадірлі азаматтар ғана кітапханашы мамандығына таңдауға түскен. Сондай-ақ әлемнің сегізінші ғаламаты – Александрия (Ескендір) кітапханасында қызмет көрсетуге ғұламалар ғана қабілетті еді. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда Александрия кітапханасында қызмет атқарған айтулы тұлға – Клавдий Птолемей. Кітапханашы әрі ғалым аспан денелері қозғалысын зерттеген. Ақын әрі ғалым Каллимах б.э. дейінгі 310240 жылдары Александрияға келіп, оқытушы болып қызмет етеді. Көп ұзамай, оған ІІ Птолемейдің назары түсіп, Александрия кітапханасында жоғары дәрежелі орынға тағайындалады. Осы шаңырақта Каллимах 20 жылдан аса еңбек етіп, кітапхананың арқасында тарих, грамматика салалары бойынша 800-ден аса ғылыми еңбегі жарық көрді. Сөйтіп, поэзиядағы «александриялық» бағыттың негізін қалады. Автордың алғашқы каталогы 120 томнан тұрады. Бұл тұңғыш библиографиялық еңбектердің бірі болғандықтан, Каллимах библиографияның атасы атанды. Эратосфен – б.э. дейінгі III ғасырда эллинистикалық әлемдегі көрнекті ғалым әрі жазушы. Афинада 20 жылдай өмір сүріп, кейін Александрияға қоныс аударады. Каллимахтың шәкірті ретінде ғылымға бет бұрып, кітапханада 40 жылдан аса филология, хронология, математика және астрономия ғылымдарын зерттейді. Әйгілі Александрия кітапханасында жас Гипатия да әкесімен бірге жұмыс істепті. Атақ-абыройымен есімі жер шарына танылған Гипатиямен кездесіп, философия, астрономия, математика туралы ойтұжырымдарын тыңдау үшін Рим Империясынан, Кіші Азиядан және Жерорта теңізі жағалауынан арнайы делегация сапарлатып тұрған. Александрия кітапханасы талқандалып, отқа оранған кездерде Гипатия өрттен аман қалған ұлы ойшылдар қолжазбаларын қайта қалпына келтіріп, кітапхананы сақтап қалды. Осылай, оның игі істері, анығында кітапқа деген адал қызметі ғалымның атын мәңгілікке кітапханашы етіп қалдырды. Ежелгі қытай философы Лао Цзы – аңыз адам. Оның тағдыры да кітапханамен байланысты екен. Көптеген жылдар бойы Чжоу мемлекеттік патшалық кітапханасында кітап сақтаушы болып қызмет етіпті. Кітапханашы кім? Италия астанасы – Римде кітапханалар көп жағдайда қала маңындағы виллаларға орналастырылған. Сол кезеңдерден-ақ кітапханашының міндетіне оқырманға қызмет көрсетумен қатар, ағартушылық, ғылыми бағыттар да кірістіріліпті. Олай болса, кітапханашы – ғұлама ғалым, кітапханашы – философ, кітапханашы – тарихшы, кітапханашы – математик, кітапханашы – педагог, кітапханашы – ғалым, кітапханашы – жазушы, кітапханашы – елші, кітапханашы – премьер-министр, кітапханашы – президенттің жұбайы, кітапханашы – заңгер, кітапханашы – өнертанушы, кітапханашы – тәрбиеші, кітапханашы – IT маман. Бұған қарап, әмірші де, әнші де, ақын да, ағартушы да кітапханашы кәсібінің кілтін ұстағанына кәміл сенімдіміз. Деректерге сүйенсек, Мысыр, Шам елдерінде кітапты кейінгі толқынға аманаттауды ойлаған хан-сұлтандарға киелі Құран мәтіндерін көшіріп жазатын шеберлер қызмет еткен. Олар әрі ғалымның, әрі кітапханашының рөлін атқарған. Осы бір мәртебелі мамандықтың кез келген мәліметті, кез келген ғылыми-көркем дүниелерді жинап сақтау әрі халыққа ұсыну тәрізді түпкі міндеті әлі де өзгерген емес, тек түрленіп келеді. Заман ағымына қарай, кітапханашыларға кітапханашы-программист, кітапханашы-технолог, мәліметтер базасының әкімгері секілді әмбебап мамандық иелері қосылды. Кітапханашы – оқу-ағарту жолындағы хабаршы. Өйткені кітапханасыз, кітапханашысыз адамзат баласы тұлға болып қалыптаспақ емес. Айсұлу Сейілова, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы Баспа-реставрация орталығының маманы 2-тапсырма. «Сұхбат алушыға кеңес» мәтінін оқы. Маңызды тұстарын есіңе сақтап ал. Сұхбат алушыға кеңес: Қояр сұрақтарыңды ойластыр. Алғашқы сұрақ сұхбат берушінің тұлғалық қасиетін ашуға арналғаны абзал. Тақырыпқа қатысты маңызды сұрақтарды үшінші кезекке қойсаң болады. Сұрақтар реті де бір-бірімен байланысып тұруын қадағала. «Иә», «жоқ» деп бір сөзбен шорт кесіп, қысқа қайыратын мардымсыз сұрақ емес, толық жауап беретін нақты сұрақ қой. Бұл кісімен әңгімелесу кімге қандай пайдасын тигізерін сарала. Бір сәтке мына жайттарға көрерменнің көзімен қарауға тырыс: - Көрермендер нені білгісі келеді? - Олар ненің түсіндірілуін қалайды? Өзіңе ғана емес, өзгелерге де қызықты боларлық сұхбат жүргіз. Әңгіме барысында тағы да сұрақтар туындауы мүмкін. Қосымша сұрақтар артық болмайды. Сұхбаттасушың сөйлеп отырғанда, көңіліңді басқа ешнәрсеге бұрмай, жауабын мұқият тыңда. Себебі үшінші сұраққа жауап беріп отырғанда, жетінші сұрағыңның да жауабын қамтып кетуі мүмкін. Ауызекі сөйлеу стилін публицистикалық стильге түсіріп, өңде. Бастауыш пен баяндауышын орнықтырып, сөйлемнің басы мен аяғын тұтастыр. Сөйлем мағынасын өзгертіп алмайтындай етіп, өз сөзіңді қосып, көркемдеуге де болады. Сұхбатты оқырманға түсінікті тілмен жеткіз. Халықтың өміріне жақын мысалдар келтір. Құлағы түрік тыңдаушы әрі қырағы бақылаушы бол. Көрермендер сұхбатыңа сенуі тиіс. Егер адамның аты-жөні, сан, цитатадан қате жіберсең, аудиторияңның сенімінен айрыласың. www.massaget.kz 3-тапсырма. Тапсырманы жұппен орында. Сыныптасыңмен рөлді бөліп алыңдар. Бірің – сұхбат беруші, екіншің – сұхбат алушы. Сұхбат алушының міндеті: мәтін бойынша сұрақтар әзірлеу (4-5 сұрақ). Сұхбат берушінің міндеті: мәтін бойынша маңызды ақпараттарды түртіп алу. 4-тапсырма. «ПОПС формуласы» бойынша тақырып бойынша ойыңды қорытындыла: Менің ойымша ... Себебі, мен оны мен былай түсіндіремін ... Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ... Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім ... Бағалау критерийі - cтиль, жанр түрлерін ажыратады; - мәтіннен маңызды ақпаратты іріктей алады; сұхбаттың стильдік ерекшелігін сақтайды. Дескриптор - сұхбат пен мақаланы салыстырады; - мақаладан маңызды ақпараттарды теріп жазады; - сұхбат сұрақтарын құрастырады; - сұхбат алады/береді. 3. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма 6-сабақ Сабақтың тақырыбы Тарихи тұлғаның өсиеті Оқу мақсаттары Құндылықтарды дарыту 10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу Тақырыпқа сай көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, әңгіме жазу Тарихи таным арқылы ұлттық сана қалыптастыру Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет Тірек сөздер көркемдік шеберлік, композиция, сюжет, баяндау тәсілі, тарихи таным, ұлттық сана Сабақ мақсаттары Сабақтың жүру барысы 1-тапсырма. Әңгіме жанрының ерекшелігі туралы мәтінді оқы. Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орында. Мәтіндегі ақпараттарды сәйкестендір. 1) әңгіменің жанрлық ерекшелігі 2) әңгіменің баяндау тәсілі 3) әңгіменің көркемдік шеберлігі тілі бай, оқиға желісі қысқа болады аз сурет арқылы көп жайды аңғартады көркемдік жүйесі арқылы айқындалады Әңгіме жанры Әңгіме – оқиғаны қара сөзбен баяндайтын көркем әдебиеттің шағын жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Негізінен баяндау тәсілімен жазылатын бұл жанрда ылғи суреттеу бола бермейді. Оның тілі көркем, бірақ оқиға желісі қысқа болады. https://adebiportal.kz 2-тапсырма. Көркем шығарманың композициясы мен сюжетіне тән белгілерді тап. шығармадағы адамдардың бір-бірімен байланысы көркем шығарманың құрылысы композиция аз сурет арқылы көп жайды аңғарту өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі баяндау тәсілі сюжет оқиғаның басталуы көркем тіл, жинақы оқиға 3-тапсырма. Жанрлық, көркемдік ерекшелігін сақтап, көркемдегіш құралдарды қолдана отырып әңгіме жаз. Көлемі – 300-350 сөз. Жағдаят. Саған қазақ халқының тарихында өзіндік орны бар, бүгінгі ұрпағы ерекше құрметтейтін тарихи тұлғамен кездесу мүмкіндігі туды делік. Әңгімеңнің мазмұнында осы тұлғамен кездескен сәтіңді, уақытты қалай өткізгеніңді және кездесуден алған әсеріңді қамтып жаз. 4-тапсырма. Елбасы Н.Назарбаевтың «Тарихи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық сана қалыптасады» деген пікірін қалай түсінесің? Сыныптастарыңмен ой бөліс. 5-тапсырма. Сабақ тақырыбы бойынша қорытынды жаса. «Себеп-салдар байланысына негізделген пайымдаулар» кестесін толтыр. куәлік Егер ... , ... пайымдау ... онда ... . шешім ... . Бағалау критерийі Дескриптор тақырыпқа сай көркемдегіш - ақпараттарды сәйкестендіреді; құралдарды ұтымды қолдана алады; - композиция мен сюжет белгілерін - жанрлық ерекшелігін сақтап әңгіме ажыратады; жазады. көркемдегіш құралдарды орынды қолданады; - әңгіме жазады; - өз көзқарасын дәлелді жеткізеді. 3. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма 7-сабақ Сабақтың тақырыбы Атқа міну мәдениеті 10.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану Тақырыпқа байланысты сөйлеуде интонацияның құрамдас бөліктерін қарқын, кідірісті орынды қолдану Ұлы даланың жеті қыры: Атқа міну мәдениеті Құндылықтарды дарыту Ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға үйрету Пәнаралық байланыс Тарих Тірек сөздер Атқа міну мәдениеті, материалдық мәдениет, салт атты жауынгер, ықшам киім үлгісі, технологиялық жаңалық Сабақтың тақырыбы Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Сабақтың жүру барысы 1-тапсырма. Интонациия туралы мәтінді тыңда. Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша жауап бер. Интонация қандай ұғымды білдіреді? Интонацияның басты құрамдас бөлігін не құрайды? Сөйлеу кезіндегі кідірістердің қызметі қандай? Сөйлеуде логикалық мағынаны ерекшелеу үшін не істеу керек? Баяу сөйлейтін адамның сөйлеу қарқыны қандай деңгейде болады? Интонация – дауыс ырғағы. Түрлі интонациямен айтылған әр сөйлем әртүрлі мағына береді. Интонация деген латын тілінен аударғанда «қатты сөйлеу» деген мағынаны береді. Интонацияның басты құрамдас бөлігі – әуен. Әуен арқылы сөйлем ауызекі сөйлеу тілінде тиянақты ойды білдіреді. Екіншіден, олардың айтылу мақсатына қарай (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті) бөлінуінде үлкен қызмет атқарады. Үшіншіден, грамматикалық және лексикалық тәсілдермен қосылып сөйлемдердің стильдік ерекшеліктерін анықтауға қатысады. Төртіншіден, сөз тізбектерінің, сөйлемнің логикалық және эмоциялық мазмұнын жеткізеді. Сөйлеу кезінде сөз арасында кідірістер болады. Кідірістердің бірінші қызметі – грамматикалық қатынасты көрсету. Мысалы, бірыңғай мүшелердің арасы кідіріспен міндетті түрде бөліп айтылады. Құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің арасында кідіріс болады. Екінші қызметі – кідіріс кейде логикалық мағынаны ерекшелеу. Үшінші қызметі – эмоцияны білдіру. 2-тапсырма Қарқын .– сөз ағымындағы белгілі бір уақыт аралығында айтылып үлгерген 2-тапсырма. даланыңүш жеті қыры: Атқа жылдам міну мәдениеті» атты мәтінді мәнерлеп оқы. буын саны.«Ұлы Қарқынның түрі бар: баяу, және орташа. Тапсырмаларды орында. Мәтіннен өзіңе ұнаған үш сөйлемді дәптеріңе жазып ал. Сөйлемдердің біреуін сұраулы сөйлемге, біреуін лепті сөйлемге айналдырып жаз. Сөйлемдерді дауыстап оқы. Интонацияңа назар аудар: хабарлы сөйлем, сұраулы және лепті сөйлемдерді оқығанда қандай әуен байқадың? Атқа міну мәдениеті Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі. Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша, кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің «мұрагерлері» екені белгілі. Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ертұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді. Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды. Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерекше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды. Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды. Отты қару пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге дейін атты әскердің дамуы біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры арасында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі – айбарлы атты әскердің қалыптасуына ықпал етті. Н.Назарбаев, «Ұлы даланың жеті қыры» 3-тапсырма. Тапсырманы топпен орында. Үш оқушыдан топқа бөлініңдер. Екеуі диалогқа қатысушы, біреуі бағалаушы болады. Тапсырманың шарты: Диалогқа қатысушылар мәтіннен үзінді таңдайды. Үзінді бойынша ой бөліседі. Бағалаушы оларды тыңдап бағалайды. Диалогқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әуенмен сөйлеу; қарқынды сақтау; кідірісті орынды қолдану; тақырыптан ауытқымау. 4-тапсырма. Үзінділерді дауыс ырғағына салып оқы. Үзінді авторының пікіріне байланысты өз көзқарасыңды айт. Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени кұндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді», — дейді. Қазақ мөдениеті – өзінің негізгі тіні, өзегі, тұрпаты жағынан көшпелі мәдениеттің үлгісінде жасалған өркениет. Қазақстан тарихы: 10-сыныпқа арналған оқулық/ Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. Қазақстан тарихы: 10-сыныпқа арналған оқулық/ Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы – егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі кауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Қазақстан тарихы: 10-сыныпқа арналған оқулық/ Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. Бағалау критерийі Дескриптор Мәтінді дауыстап оқуда, диалог кезінде - хабарлы сөйлем, сұраулы және лепті интонацияның құрамдас бөліктерін: әуен, сөйлемдерді тиісті әуенімен оқиды; қарқын, кідірісті орынды қолдана алады. - диалогқа қатысады, сөйлеуде әуен, қарқын, кідірісті қолданады; - көзқарасын білдіреді. 3. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма 8-сабақ Сабақтың тақырыбы Отбасы құндылығы Оқу мақсаттары Құндылықтарды дарыту 10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу Тақырыпқа сай көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып хат жазу Жалпы адамзаттық құндылық қалыптастыру Пәнаралық байланыс әдебиет Тірек сөздер Әңгіме хат, жүрек сыры, жастар мәдениеті, қоғам мен жастар Сабақ мақсаттары Сабақтың жүру барысы 1-тапсырма. Хат сөзіне байланысты сөздерді ата. Неліктен бұл сөздерді таңдадың? Түсіндір. Біліп жүр! Эпистолярлық әдебиет, эпистолография (грек. epіstole – жолдау, хат) – хат түрінде жазылған шығарма. Эпистолярлық әдебиетке ірі қоғам қайраткерлерінің өзара жазысқан, тарихи мәні бар, әдеби мұраға айналған хаттары жатады. Эпистолярлық әдебиет жанр ретінде көне дәуірден басталады. Цицеронның, Горацийдің, Сенеканың хаттары эпистолярлық публицистиканың негізін қалады. 2-тапсырма. Хатты оқы. Сұрақтарға жауап бер. Хат қандай стильде жазылған? Неше абзацтан тұрады? Әр абзацта қандай ой айтылған? Хатта автордың көңіл күйі байқала ма? Хат авторының сезімін қай сөйлемдерден байқадың? Аналық шексіз махаббат байқалып тұрған бірнеше тіркесті анықта. Сол арқылы хаттағы ойды түйінде. Балаға хат Қымбатты балаларым! Қалдарың жақсы ма? Оқуларыңды үлгеріп жүрсіңдер ме? Сендер жақта ауа-райы жылы ма? Тоңып жүрген жоқсыңдар ма? Балапандарым менің… Сендердің алғашқы уілдегендерің, маған келгілерің келіп талпынғандарың, неше түрлі қылықтар шыға бастаған сәттерің бәрі-бәрі көз алдымда. Қаңғалақтап қадам басып бара жатқаныңда құлап түсер ме екен деп, жан-дәрмен, жүрегім аузыма тығылып, талай ұмтылдым-ау… Жазатайым құлап қалсаң, соғып алған жеріңнің ауырғанын жаныммен сезініп, жанарға жас үйіріліп, жазатайым шікірттеніп, ауыра қалсаңдар бірге ауырдым ғой… Әлдебір тәтті, дәмді бірдеңе қолға түсе қалса, «құлындарым жесінші» деп титтәй түйіріне дейін сендерге сақтап, тәбетке тыйым салушы едім… Жылға жыл қосылып есейе бастадыңдар. Хат танытып, сабақтарыңды қаратып, білгенімді үйретіп әбігер болушы ем… Сондай бір күндерде қатты ұрсыппын ғой, оны анадағы бір әңгімелеріңнен байқап қалдым. Майлы жерден бір тартатыным бар еді, әбден сендер есіріп кеткенде. Сөйттім бе екен? Өйткенше, қолы құрғыр неге түсіп қалмады екен?! Енді соған өкініп отырмын. Ең кішкентайымды бір қолтығыма қысып, біреуіне етегімнен ұстатып, бір қолыммен ас дайындап, күнде ауыстыруға жетіспейтін киім-кешектерді түнімен жуып, кептіріп, өтектеп, ертеңгісін әп-әйбат қып біріңді мектепке, біріңді балабақшаға жеткізіп, әрі қарай тіршіліктің қарекетіне беттеп, «кешікпейін, бастықтан сөз естімейін» деп емпеңдеп, жартылай жүгіріп, екі өкпемді қолыма ап қызметіме жетуші едім… Жұмыстан қайтқанша сағынып, ет жүрегім елжіреп, сендерді көргенше асық болатынмын. Жол-жөнекей кешкі ас мәзірлерін ала-мала, бір қолыммен сендерді жетектеп, 5-қабатқа көтеріліп, күні бойғы шаршау бар, әлсіреу бар (қай бір тоя тамақ іштік дейсің…) үйге кіретінмін, сонда да бақытты едім. Өйткені, менің дем беретін қуат күшім сендер бар едіңдер. Сағынышты сәлеммен, аналарың! 3-тапсырма. Өзің қатарлы жастардың бір-біріне деген сыйластығы, қарым-қатынасы туралы баяндап, хат жаз. Адресатты (досыңа, анаңа, мұғаліміңе, бауырыңа, т.б.) қалауың бойынша таңда. Хат ерекшелігі мен тіл көркемдігін сақта. Хат жазуда төменде берілген ақпаратты пайдалан. Хат мәтіні – мәдени және тарихи мәні зор жанрлардың бірі, жазба тілдің ежелгі формаларының бірі. Хат деп белгілі бір субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға, мекемеге арнап жазған жеке туындысын айтамыз. Хат жазу барысында нақты бір тұрақталған үлгісі болмаса да, жазу мәнері бар. Хат бірінші жақтан баяндалады. Нақтылы бір адресант (хатты жазушы) пен адресаттың (хаттың жолданушысы) болуы керек. Хат жазу үлгісі: 1) Адресант сәлемдесу түрін анықтауы тиіс (хат жолдаушының жасы, әлеуметтік жағдайы мен қарым-қатынасын есепке алуы керек). 2) Жазу барысында: - хат жолдаушының өзіне, қызметіне қызығушылық тудыратын тәсілді таңдау; - мазмұнды баяндау тәсілін анықтау; - қорытынды жасау; - тілек білдіру; - керек болған жағдайда P.S. (посткритум – хатта айтуға үлгермеген хабарлар) белгілеу; - хаттың рәсімделу мәдениетіне назар аудару (күні, қолы, сауаттылығы, тазалығы, қағаздың сапасы). Бұл деңгей хат авторын, оның адресатқа деген көзқарасын анықтайды. 4-тапсырма. Хат туралы алған ақпараттарды қолданып топта пікірлесіңдер. - Жазба тілдің ежелгі формаларына не жатады? - Хаттың рәсімделуін нелер құрайды? - Эпистолярлық публицистиканың негізін қалаушылар кімдер? 5-тапсырма. Мына мәселелер бойынша ой қорытындысын жаса. Қандай хатты «жақсы жазылған» хат деп атар едің? Жазған хатыңды «жақсы жазылған» хат дәрежесіне көтеру үшін не істеуге болады? Бағалау критерийі Дескриптор - тақырыпқа сай көркемдегіш - хаттың белгілерін анықтайды; құралдарды ұтымды қолдана алады; - хат үлгісін талдайды; - жанрлық ерекшелігін сақтап хат жазады. - көркемдегіш құралдарды орынды қолданады; - ерекшелігін сақтай отырып хат жазады. 4-бөлім: Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма 1-сабақ Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау Мақаладағы мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік, серіктестік Пәнаралық байланыс Экономика, тарих Тірек сөздер Еуразиялық экономикалық одақ, интеграция, үрдіс Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырма 1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне назар аудар. Тыңдалым мәтінінде берілетін ақпаратты болжа. 2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс жаса. Жұпта талқыла. Интеграция (лат. Іntegratіo – бөлшектелген бөліктерді біріктіру) – экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды, ынтымақтастықты дамыту. Өзінің жеке мүдделерін және халық пен бизнестің талап-тілектерін қамтамасыз ету үшін дүниежүзі елдері бірлесе жақындасуға, яғни интеграцияға бағытталған саясат жүргізеді. Оған үдеріс ретінде де, жақындасудың нәтижесі ретінде де қарауға болады. Біріншіден, бұл бірлесе қызмет атқаруға, ал кейбір жағдайларда түрлі елдердің бірігуіне әкелетін үдерістер. Екінші мағынасында интеграция ретінде ортақ мақсатқа бірлесе қол жеткізу үшін құрылған мемлекетаралық бірлестіктер алынады. Экономикалық интеграция – түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары арасындағы ынтымақтастық және олардың толық (немесе ішінара) бірегейлендірілуі; осы елдер арасындағы саудада кедергілерді жою; бір үлкен (ортақ) нарық құру мақсатымен жекелеген елдердің әрқайсысының нарықтарын жақындату, экономикалық объектілердің жуықтасуы, өзара астасуы (бірлесуге дейін). Үрдіс – қандай да болса нәтижеге жету жолындағы бірізді әрекеттердің жиыны. Тыңдалым тапсырмасы 3-тапсырма. Мәтінді тыңдай отырып, мазмұнына байланысты мәліметтерді рет санымен белгіле. Интеграция елдердің ішкі және сыртқы дамуына экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүмкіншіліктер тудырады. Бүгінгі таңда әлемде 20-ға жуық халықаралық, аймақтық экономикалық бірлестіктер бар. Интеграциялық үдерістер қазіргі таңда аймақтық деңгейде қатты дамуда. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы экономикамыздың қабілеттілігі мен инновациялық деңгейде дамуына септігін тигізеді. бәсекеге Еуразиялық экономикалық одақтың құрамындағы Ресей, Беларусь, Қазақстанның бұрыннан келе жатқан экономикалық қана емес, әлеуметтік тығыз байланысы, достастығы бар. Дұрысы №1 №2 Интеграция елдердің ішкі және сыртқы дамуына экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүмкіншіліктер тудырады Интеграциялық үдерістер қазіргі таңда аймақтық деңгейде қатты дамуда. №3 Бүгінгі таңда әлемде 20-ға жуық халықаралық, аймақтық экономикалық бірлестіктер бар. №4 Еуразиялық экономикалық одақтың құрамындағы Ресей, Беларусь, Қазақстанның бұрыннан келе жатқан экономикалық қана емес, әлеуметтік тығыз байланысы, достастығы бар. №5 Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы экономикамыздың қабілеттілігі мен инновациялық деңгейде дамуына септігін тигізеді. бәсекеге Тыңдалым мәтіні: Еуразиялық экономикалық одақ – елдердің тең құқықты бірлестігі Әлемдегі интеграциялық үдерістер жеке бір адамның немесе топтардың мүддесін көздеу үшін ұйымдастырылған дүниелер емес. Бұлар егеменді мемлекеттердің өзара келісіммен бір-бірін қолдау, бір-бірінің өндірісіне, сауда айналымына кең нарық ашу үшін, яғни жан-жақты дамуына жол ашатын өте тиімді амал ретінде бүгінгі күні кеңінен қолданылып отырған құрылымдар. Өйткені қазіргі заманда мемлекеттер бір-бірімен ынтымақтасу арқылы ғана даму жолында жақсы табыстарға жете алады. Интеграция елдердің ішкі және сыртқы дамуына экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүмкіншіліктер тудырады. Соны алдымен экономикасы да, мәдениеті де озық Еуропалық одақ елдері түсінді. Интеграциялық үдерістер қазіргі таңда аймақтық деңгейде қатты дамуда. Бұл қоршаған ортасының табиғаты, адамының ділі, экономикасының бағыт-бағдары, мәдениетінің өрісі қатты ұқсас көршілес мемлекеттерге ерекше тән деген сөз. Бүгінгі таңда әлемде 20-ға жуық халықаралық, аймақтық экономикалық бірлестіктер бар. Солардың ішінде Батыс Еуропада құрылып, бүгінгі күні құрлықтың негізгі аумағына тарап отырған Еуропалық одақты (ЕО) және Еуропа Еркін сауда ассоциациясын (ЕСЕА), Солтүстік Америкадағы Солтүстікамерикалық Еркін сауда ассоциациясын (НАФТА), Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығының ассоциациясын (АТЭС), Азиядағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясын (АСЕАН), Латын Америкасындағы Латынамерикалық Интеграция ассоциациясын (ЛАЙ) т.б. озық интеграциялық құрылымдар деп атауға болады. Еуразиялық экономикалық одақтың құрамындағы Ресей, Беларусь, Қазақстанның бұрыннан келе жатқан экономикалық қана емес, әлеуметтік тығыз байланысы, достастығы бар. Еуразиялық экономикалық одақ 170 миллион халықты құрайтын үш елдің ортақ нарығын құрайды. Қазір біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық және жаппай жаңғырту жөнінен елеулі міндеттерді жүзеге асырудамыз. Біз әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге ұмтылып отырмыз. «Бұл мақсатқа біз өзіміздің көршілерімізбен тығыз интеграция арқылы қол жеткізбек ниеттеміз», - дейді Елбасымыз. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялық деңгейде дамуына септігін тигізеді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан» газеті https://egemen.kz/article/euraziyalyk-ekonomikalyk-odak-%E2%80%93-elderdin-ten-kukyktybirlestigi 4-тапсырма. Мәтінді екінші рет тыңдап, кестені толтыр. Мәттінің тақырыбы Мәтіннің мақсатты аудиториясы Маңызды ақпараттар Тақырыпқа сәйкес тілдік оралымдар Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 5-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. Фактологиялық сұрақ: Не себепті халықаралық, аймақтық экономикалық одақтар құрылуда? Оған қандай факторлар әсер етеді? Тұжырымға негізделген сұрақ: «ХХІ ғасыр – интеграция дәуірі» дегенмен келісесің бе? Талқылау сұрағы: Интеграция – жаһандану үрдісінің белгісі ме? Бағалау Бағалау критерийі Мақаладағы терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды. Дескриптор 5. Терминдердің білдіретін мағынасын талдайды. 6. Мәтін мазмұнына байланысты мәліметтерді ретімен орналастырады. 7. Мақаланың мақсатты аудиториясын анықтайды. 8. Мәтіннен 3 маңызды ақпаратты іріктейді. 9. Тілдік ерекшелігінің 3 белгісін талдайды. 10. Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді: экономикалық одақтардың құрылу себебін айтады; тұжырыммен келісетінін не келіспейтінін дәлелдейді; талқылау сұрағы бойынша өз пікірін білдіреді. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма 2-сабақ Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары 10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу Құндылықтарды дарыту Серіктестік, білім Пәнаралық байланыс Информатика, экономика Тірек сөздер Еуразиялық экономикалық одақ, инновациялық жобалар, жаңа технология, Цифрлы Қазақстан Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырма 1-тапсырма. Айтылған пікірлердің мазмұнына қатысты өз ойыңызды білдір. Тыңдалым мәтінінің мазмұнына болжам жаса. Біз «білім – ғылым – инновация үштігі» басқаратын постиндустриалды әлемге жылжып келеміз. Н.Назарбаев Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірбиелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін, үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады. Тыңдалым тапсырмасы 2-тапсырма. Мәтінді тыңдап, төмендегі кестені толтыр. Тыңдалым мәтінінде айтылған 3 маңызды ақпарат Тыңдалым мәтінінде айтылған 2 факті Тыңдалым мәтінінде көтерілген өзекті мәселе Қ. Сәтбаев Мәтіннен түйген ойым: Тыңдалым мәтіні: Алматыда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің Үкімет басшыларының қатысуымен цифрлық форум өтті. «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0» атты халықаралық форум елімізде осымен екінші рет өткізіліп отыр. Мұндай халықаралық жиынды өткізуді 2017 жылы Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Былтыр тұңғыш рет өткізілген форумның нәтижесінде елордамызда Astana Hub халықаралық IT стартаптар технопаркі ашылды. Ал биылғы форумның ерекшелігі қандай? Нақты қандай нәтиже күтеміз? Айбар Төлжанұлы, тілші: - Әлем елдері жаһандану үрдісіне көшкелі қашан?! Қиялына бар ғаламды сыйғызған мықтылар адамның көмекшісі ретінде бүкіл әлемді бір ғана мына смартофонға сыйғызды. Бұл бер жағы. Алпауыт мемлекеттер қазір барлық саланы цифрландыруға көшті. Енді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер инновациялық жобаларды бірлесе іске асырмақ. Сол мақсатта Қазақстан, Армения, Қырғызстан мен Ресейдің ІТ технопарктерінің жетекшілері ынтымақтастық меморандумына қол қойды. 1 қыркүйекте Astana Hub технопаркінің жанынан IT университет ашылады. Білім аламын деген жастарға гранттары қарастырылған. Премьер-Министр технопарктегі ІТ мамандарына баспана берілетінін де мәлімдеді. Қазір Astana Hub технопаркінде 500-ге жуық адам жұмыс істейді. Олардың жобаларына жан-жақты қолдау көрсетіледі. Игорь Овчаренко, Astana Hub халықаралық ІТ стартаптар технопаркінің тәуелсіз кеңесшісі: - Біз ІТ компанияларымыздың әлемдік нарыққа шығуы үшін жұмыс істеп, Қазақстандағы стартаптарды әлемге танытамыз. Біз енді корпорациялық инновациялық жобаларды іске асырудамыз. Технопарк арқылы 8 корпорация құрылды. Болашақта «Шымкент хаб», «Атырау хаб» технопарктерін құруды жоспарлап отырмыз. Елімізде денсаулық сақтау саласында біршама инновациялық жобалар іске асты. Солардың бірі – «ZoomCare» медициналық жобасы. Ол арқылы науқастар дәрігердің кеңесін мобильдік қосымша арқылы ала алады. Бұл уақытты да, қаржыны да үнемдейді. Бұл – Astana Hub мамандарының игі жобасы. Мамандар тағы да тың бастамаларды енгізудің жолдарын талқылады. Айбар Төлжанұлы, тілші: - Бүгінгі форум Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер мен өзге де шетелдік сарапшылардың бірлесіп жаңа ІТ жобаларды іске асыруына жол ашты. Қазақстан тарапы ұсынған бұл бастамаға өзге мемлекеттер де мүдделі. Өйткені ІТ саласында жалғыз жүріп даму мүмкін емес. Бүгінгі форумға қатысушылар алдағы уақытта білім беру және ІТ жобаларды іске асыруда бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Бастысы ортақ жобалар әлемдік нарыққа шығады. Оның ішінде Қазақстанның төл жобаларын көретін күн де алыс емес. Авторлары: Айбар Төлжанұлы, Ерсін Мұханбеталин https://khabar.kz/kz/syuzhetter/item/110043-almatyda-euraziyaly-ekonomikalyoda-elderini-tsifrly-forumy-tti Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма. Тыңдаған мәтінге сүйене отырып, өз пікіріңді білдір. 1. Дамушы мемлекеттер қазір барлық саланы цифрландыруға көшті. Бұл саланың қарқынды дамуы туралы не айтасың? 2. Инновациялық жобаларды жүзеге асыру мемлекеттің дамуына қалай әсер етеді деп есептейсің? Жаңа технологиялар өмірде несімен пайдалы? 3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен бірлесіп жаңа ІТ жобаларды іске асыру неге тиімді? 4. Тың технологияларды ойлап табу үшін не қажет? Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуы тиіс? 4-тапсырма. Сен мектеп оқушылары атынан форумға қатысып, көпшілік алдында сөйлемекшісің. Аудитория алдында сөйлеуге дайындал, ойыңды жүйеле, айтатын сөзіңді әзірле. Ойды жалғастырып сөйле. Алпауыт елдер инновациялық технологияларды қуса жеткізбестей жылдам қарқынмен дамытуда. Жаңа технологияларды ойлап табу арқылы өз тіршілігін жеңілдетіп отыр. Сондықтан болар бүгінгі күні еліміз негізгі басымдылықты цифрландыруға қарай бұрды. Цифрлы Қазақстан. Ол қандай болмақ?! ... Бағалау Бағалау критерийі Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлейді. Дескриптор 1. Кестені толтырады: 3 маңызды ақпаратты табады; 2 фактіні келтіреді; өзекті мәселені анықтайды. 2. Мәтіндегі мәселеге қатысты өз ой түйінін айтады. 3. Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді. 4. Коммуникативтік жағдаятқа сай аудитория алдында сөйлейді. 5. Ойын жүйелі жеткізеді. 6. Сөздерді орынды қолданады. 4. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма 3-сабақ 10.2.3.1 көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау Мақаланың мақсатты аудиториясын, құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік, серіктестік Пәнаралық байланыс экономика Тірек сөздер Еуразиялық экономикалық одақ, интеграция, мүмкіндік Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырма 1-тапсырма. Мақала жанры туралы біліміңді толықтыр. Материалдармен танысып, сұрақтарға жауап беруге дайындал. https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/18474 http://kerekinfo.kz/2016/02/21/maala-zhazu-tsilderi.html 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. 1. Мақала дегеніміз не? 2. Оның құрылымы қандай? 3. Мақаланың рәсімделуіне қандай талаптар қойылады? 4. Ол қай стильде жазылады? 5. Мақаланың жанрлық ерекшеліктері қандай? 3-тапсырма. Берілген ұғымдардың білдіретін мағынасын kk.wikipedia.org-ден іздестір. Кестені толтыр. Адам капиталы Жұмыс күші Инвестор Бәсекелестік Еңбек көші-қоны Оқылым тапсырмасы 4-тапсырма. Мақала мәтінінің құрылымы, рәсімделуі мен жанрлық ерекшеліктерін сыныптасыңмен талдап, кестеге толтыр. Мақаланың атауы Мақсатты аудиториясы Құрылымы Рәсімделуі Жанрлық белгілері түрі, Интеграцияның игілігі неде? Қазіргі кезде қарапайым адамдар осындай сауалға жауап іздейді. Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) құруға ұмтылған үш мемлекет өзінің тауарлары, қызмет түрлері және жұмыс күшін біріктіргеннен не ұтады? Адам капиталының (жұмыс күшінің) еркін қозғалысы қарапайым азаматтарға не береді? Мұндай сауалдардың нақты әрі қарапайым жауаптары бар. Біріншіден, экономикалық интеграцияның нәтижесінде қарапайым қазақстандықтар тауарлар мен қызмет түрлерін таңдаудың үлкен мүмкіндіктеріне ие болады. Ортақ нарықтағы ашық бәсекелестік сырттан импортталатын және жергілікті жерде өндірілетін өнімдердің бағасын төмендетуге септігін тигізеді. Тұтынушылар үшін ең басты артықшылық – ЕЭО-қа мүше елдерде шығарылған тауарлардың сапасына жоғары талап қою. Мысалға, Ресейде шұжық өнімдерінің құрамы 60 пайыз еттен тұрады. Ал Қазақстанда құрамында 5-тен 20 пайызға дейін еті бар өнімдерді шұжық өнімдеріне жатқызамыз. Бірыңғай техникалық ретттеу шаралары енгізілген соң өнімдар сапасы да жоғарылайды. Интеграцияның екінші бір артықшылығы – серіктес елдердің тұтыну нарығына бағытталған өндірушілердің бірлескен өндірісін ашу және бұрынғы өндірісті кеңейту есебінен жаңа жұмыс орындарының пайда болуы. Осының бәрі жұмыссыздықты азайтып, халықтың әл-ауқатының өсуіне жағдай жасайды. Оның үстіне Қазақстан басқалармен салыстырғанда аса маңызды бәсекелік артықшылықтарға ие. Өте қолайлы инвестициялық климат, жеңілдетілген салық жүйесі, бизнесті оңай тіркеу – осылардың арқасында үздік технологиялар мен инвестицияларды магнитше тартып отырмыз. Сонымен қоса шетелдік кәсіпкерлер мен инвесторлар елдегі саяси тұрақтылыққа ерекше назар аударады. Біздің ең үлкен артықшылығымыз – қоғамдағы бірлік пен ұлтаралық татулық. Осыған көз жеткізген ресейлік, беларустық және т.б. ірі-ірі өндірушілер Қазақстанда бірлескен кәсіпорындарын ашуда. Мысалға, Ресейдегі әйгілі «КамАЗ» компаниясы Көкшетауда «КАМАЗИнжиниринг» бірлескен кәсіпорынын ашты. Осы кәсіпорында электрлі-газды қозғалтқышпен жүретін гибридті жүк автокөлігін шығару қолға алынды. Үшіншіден, ортақ нарықтың ішіндегі еңбек көші-қонының шаралары да айтарлықтай жеңілдетіледі. Бірыңғай экономикалық кеңістікке (БЭК) кіретін елдердің барлық азаматтары Қазақстанда, Ресейде және Беларусьта жұмысқа орналасу кезінде тең құқықтар мен міндеттерге ие болады. Адам капиталының еркін қозғалуы БЭК-ке қатысушы елдердің бірінде жұмысқа орналасарда уақытты қысқартуға және рәсімдерді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қазіргі кезде үш елдің дипломдарын растауды талап етпейтін жоғары оқу орындарының тізімі жасалуда. Назарбаев университетінің түлегі М. Ломоносов атындағы ММУ-нің түлегі тәрізді Ресей мен Беларусьта жұмысқа орналасуға толығымен құқылы болмақ. Бұл мүмкіндік әрі белсенді, әрі бәсекеге қабілетті отандастарымызға «еуразиялық үштіктің» ортақ нарығында қызметтік мансабын жасауға жол ашады. Интеграцияның игіліктері мұнымен де шектелмейтіні белгілі. Сайып келгенде, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразиялық интеграция – ол бізге екі мыңжылдық белесінде тарихи прогрестің объективті қадамын ашқан ұлы мүмкіндік» дегеніне көзіміз жетеді. Әмірлан Әлімжан Abai.kz Оқылымнан кейінгі тапсырма 5-тапсырма. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінде «Еуразиялық интеграция – ол бізге екі мыңжылдық белесінде тарихи прогрестің объективті қадамын ашқан ұлы мүмкіндік» деген болатын. Осы жолдардан қандай ой түйдің? Экономикалық интеграция қандай мүмкіндіктерге жол ашады деп ойлайсың? Өз пікіріңізді білдір. Бағалау Бағалау критерийі Мақаланың құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық ерекшеліктерін талдайды. Дескриптор 1. Мақаланың жазылуына қойылатын талаптарды біледі (5 сұраққа жауап береді). 2. Кестені толтырады. 3. Мақсатты аудиториясын анықтайды. 4. Мақаланың құрылымын ажыратады (кіріспе, негізгі бөлім, қорытыды). 5. Рәсімделуін біледі. 6. Жанрлық белгілерін талдайды (кем дегенде 3 белгісі). 7. Цитатаға қатысты өз пікірін білдіреді. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма 4-сабақ Оқу мақсаттары 10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау Сабақ мақсаттары Графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау және негізгі үрдістерді анықтау Құндылықтарды дарыту Серіктестік Пәнаралық байланыс Экономика, құқық Тірек сөздер Инвестиция, прагматизм, тұрақтылық, капитал Оқылымалды тапсырма 1-тапсырма. Терминдердің білдіретін мағыналарын анықтап, сәйкестендір. 1 Инвестиция А 2 Дамудың эволюциялығы Экономикалық прагматизм В D 5 Экономикалық тұрақтылық Тең құқықтық 6 Капитал F 3 4 С E 1С Өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу Жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы. Табыс алу, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын қаражат. Жалпы ішкі өнімнің өсу көрсеткіші, қалыпты және инфляциясы тұрақты болуы Табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік. Үнемі даму, ұлттық экономиканың күрделенуі 2F 3А 4D 5В 6Е Оқылым тапсырмасы 2-тапсырма. Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді талдап, негізгі үрдістерді анықта. Жұпта талқыла. 1-кесте 2-кесте 3-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. 1. Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаты не? 2. ЕАЭО интеграциясының негізгі 5 қағидаты қандай? 3. Оларды қалай түсінесің? 4. ЕАЭО-тың Қазақстан үшін тиімділігі неде? 5. Оған қандай дәделдер келтіре аласың? Оқылымнан кейінгі тапсырма 4-тапсырма. Кластерді толтыр. Бағалау Бағалау критерийі Графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдап, негізгі үрдістерді анықтайды. Дескриптор 1. Терминдердің білдіретін мағынасымен сәйкестендіреді. 2. Сұрақтарға жауап береді (5 сұрақ). 3. Мәліметтерді анықтайды. 4. ЕАЭО-тың мақсатын, қағидаттарын талдайды (5 қағидат). 5. Интеграцияның Қазақстан үшін тиімділігін түсіндіреді. 6. Өмірден 1 дәлел келтіреді. 7. Кластерді толтырады,себебін түсіндіреді. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма 5-сабақ Оқу мақсаттары 10.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу; Сабақ мақсаттары Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндердегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу. Құндылықтарды дарыту Серіктестік, жауапкершілік Пәнаралық байланыс экономика Тірек сөздер Экономикалық ынтымақтастық, импорт, экспорт Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымалды тапсырма 1-тапсырма.Суреттерге назар аудар. Оқылым мәтінінің мазмұнына болжам жасап көр. 2-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттармен танысып, кестені толтыр. Аймақтық экономикалық ынтымақтастық (интеграция) ауқымы мен даму деңгейі әртүрлі ұлттық шаруашылықтарды біріктіретін маңызды күшке айналуда. Бүгінде шаруашылық жүйесінің жұмысын үйлестіруде әртүрлі деңгейдегі ұйымдар мен бірлестіктер жұмыс істейді. Еуропалық Одақ (Еуроодақ, ЕО) – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 миллион адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан 27 елдің қатысуымен 1993 жылы құрылды. Азия-Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық ұйымы (АТЭЫ) – Азия және Тынық мұхит елдерінің экономикасын дамытуға құрылған ұйым. Мақсаты: Азия-Тынық мұхит аймағындағы халықтар мүддесіне сәйкес экономикалық дамуды қамтамасыз ету, дүниежүзілік экономиканың дамуына жәрдемдесу. Құрамына 17 ел кіреді. 1989 жылы құрылған. Штаб-пәтері Канберрада орналасқан. Еуропалық Одақ интеграциясына сүйенген идея Ресейдің сол кездегі премьерминистрі Владимир Путин тарапынан 2011 жылдың қазан айында көпшіліктің назарына ұсынылған, бірақ тұжырымдама ретінде Қазақстан президенті Н. Назарбаев тарапынан 1994 жылы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде тұңғыш таныстырылған болатын. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) – Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Қазір құрамына Армения мен Қырғызстан қосылды. https://kk.wikipedia.org/wiki/ Интеграция түрі Атауы Құрылған жылы Құрамындағы елдер саны Интеграцияның мақсаты Жазылым тапсырмасы 3-тапсырма. Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, талдап жазыңыз. Жазылымнан кейінгі тапсырма 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. Жалпы сұрақ: Графикалық мәтіннің мазмұны не туралы? Мәтінде қандай ақпарат беріледі? Нақтылау сұрағы: Қазақстанның сыртқы саудадағы үлесі қандай? 2017 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша шетел импорты мен экспортының арақатынасы туралы не айтасың? Бұл мәліметтер саған қандай ой салады? Тәжірибелік сұрақ: Бұл мәліметтер неге маңызды? Олардың практикалық мәні неде деп ойлайсың? Бағалау Бағалау критерийі Графиктік мәтіндердегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады. Мәтін құрылымын сақтайды. Дескриптор 1.Мәтіндегі қажетті ақпаратты кестеге түсіреді. 2.Графиктік мәтіндердегі деректерді талдайды. 3. Деректерді салыстыра алады. 4. Маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жаза алады. 5. Мәтін құрылымын сақтай отырып жазады. 6. Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма 6-сабақ 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, нұсқаулық жазу Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, нұсқаулық жазу Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Құрмет, білім, жауапкершілік Пәнаралық байланыс экономика Тірек сөздер Интеграция, экономикалық одақ Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымалды тапсырма 1-тапсырма. Мәтінді оқып, белгілерді қойыңыз. Бұл мәлімет маған таныс ( Ү). Мен үшін жаңа нәрсе (+) Мен бұл ақпарат туралы басқаша ойлаған болатынмын (-) Маған түсініксіз. Қосымша көмек керек (?) Сұхбат Сұхбат – кең қолданыс тапқан жанрлардың бірі. Сұхбат, яғни интервью ағылшын тілінен аударғанда “кездесу, әңгімелесу” деген мағынаны білдіреді. Сұхбаттың құрамында екі жанрлық элемент бар: 1. Журналистің қоятын сұрағы; 2. Сұхбат берушінің қайтаратын жауабы. Сұхбат – журналист пен сұхбат беруші адамның екеуара біріккен шығармашылық жұмысы. Диалог, әңгімелесу түрінде келеді. Сұхбат мәтінінде қоғамдық-саяси лексика қолданылады, терминдер, троп түрлері т.б кездеседі. Сұрақты талапқа сай құрастыра да білу керек. Журналистің алдына қойған мақсаты мен оған қол жеткізу тәсілдеріне қарай сұхбат бірнеше топқа бөлінеді. Олар төмендегідей: Ақпараттық сұхбат. Сұхбаттың бұл түрі фактіні және пікірді қамтиды. Сұхбат берушінің ресми тұлға болуы шарт емес. Оның сөйлеген сөзінің астарында көңіл-күй мен ішкі толғаныс, яғни эмоционалды фон болуы тиіс. Сондықтан көбінесе жаңалықтар желісінде ақпараттық сұхбаттар журналистің қойған сұрағынсыз беріледі. Өйткені бұл жерде қайтарылған жауап маңызды рөл атқарады. Портреттік сұхбат. Жеке тұлғаның образын ашуға арналады. Сол себепті портреттік сұхбат әлеуметтік психологиялық сипатымен ерекшеленеді. Өйткені портреттік сұхбат адам бойындағы құнды қасиеттерді анықтауға негізделеді. Сауалнамалық сұхбат. Белгілі бір нақты сұраққа әртүрлі адамдардан жауап алуы арқылы жасалады. Сауалнамалық сұхбат қоғамдық пікірді анықтаудың өзіндік бір тәсілі болып табылады. Хаттамалық сұхбат. Ресми тұлғадан не болмаса құзырлы қызмет иесінен нақтылай жауап алу. Сұхбат кезінде қойылатын сауалдар алдын ала әзірленіп, мемлекеттік жауапты қызметкердің, яғни (президент, министр) көмекшісіне, баспасөз хатшысына ұсынылады. Бұл ретте журналистің жеке пікіріне орын жоқ. Эфирде ресми тұлға алдын ала ұсынылатын сұрақтарға жауап қайтарады. Журналист келісілген сұрақтарын қоюмен шектеледі. Проблемалық сұхбат. Басты түйіні – журналистік позиция. Көпшілік талқысына ұсынылатын қоғамдық маңызы бар ашық мәселе қаралады. Халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап алынады. Сұхбаттың бұл түрі тікелей эфирде ұйымдастырылуы шарт және студиядаға шақырылатын қонақ журналистің ғана емес, телефон желісіндегі көрермен сұрақтарына да жауап беруі тиіс. Сұхбат беруші мен тыңдарман арасында белгілі бір жағдайда дау тууы мүмкін. Дәл осындай сәтте журналист өзінің тақырыпты толық меңгергендігін, сол тақырыптағы фактілерді жан-жақты білетінін көрсетуі тиіс. Проблемалық сұхбатты жүргізген журналистің қателесуге, қандай да бір фактілерден бейхабар болуға қақысы жоқ. Н.Омашев el.kz/kz/news/archive/content-25121 2-тапсырма. Сұхбатты оқып, сұрақтарға жауап бер. Журналист сұхбат алуға неге осы адамды шақырды? Сіз журналистің орнында болсаңыз тағы қандай сұрақтар қояр едіңіз? Сіз бұл сұхбатқа қалай дайындалар едіңіз? Сұхбаттың түрін анықтаңыз. Сұхбат үлгісі Экономикалық интеграцияның тиімділігі неде? Қандай мүмкіндіктерге жол ашылады? Қандай қауіптер бар? Осы жөнінде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне республиканың сыртқы істер министрі Ерлан ЫДЫРЫСОВ айтып берді. - Ерлан Әбілфайызұлы, Экономикалық интеграцияның тиімділігі неде? - Еуразиялық экономикалық интеграцияның біздің еліміздің экономикалық дамуына қосып отырған үлесі мол. Мәселен, Қазақстан дүниежүзілік мұхитқа шығар жолы жоқ әрі әлемде мұхиттан алыс жатқан ірі ел болып табылады. Тасымалдау шығындарының көптігі ғаламдық нарыққа қолжетімділігін және біздің экономикамыздың түрлендірілуін тежеп отыр. Сол себепті ЕАЭО бойынша әріптес елдердің инфрақұрылымдарына қолжетімділік туралы келісімдер біздің экспортаушыларымыздың көлік және басқа да шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сәйкесінше экспортқа, оның ішінде Еуропа елдеріне жіберілетін қазақстандық өнімнің бәсекелестік қабілеттілігі артпақ. Қазірдің өзінде кеден одағына қатысушы елдердің арасында кедендік шекаралардың жоқтығы бидай, ұн, басқа да дайын және шикізаттық тауарларды әлемдік нарыққа экспорттауға, жол шығындарын және жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік беріп отыр. - ЕАЭО-тың болашақ саяси тұтастығы туралы әр түрлі сарапшылар айтып жүрген қауіптерге орай не деп жауап берер едіңіз? - Қанша адам болса, сонша пікір болады. Еуразиялық экономикалық одақтың таза экономикалық бірлестік екендігін айқын түсіну керек. Біріншіден, Еуразиялық экономикалық одақ саяси бірлестік емес, келісімнің мәні таза экономикалық ынтымақтастық мәселелері. Екіншіден, Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастағанда КСРО-ға қайта оралу деген болмайды. Тараптардың егеменді теңдігі, тең құқылық, ұлттық мүдделерді ескеру қағидасы қамтамасыз етілген. -Көптеген сарапшылар ЕАЭО-ты Еуроодақтың еуразиялық үйлесімі деп санайды. ЕО қазір басынан өткеріп отырған қиындықтары Еуразиялық экономикалық одақтың да алдына шықпай ма? Құрылуы кезінде Еуропалық Одақтың даму тәжірибесін пайдаланған Еуразиялық экономикалық одақ ЕО-тың бүгінде басынан өткеріп отырған қиындықтарына тап болмайды. ЕАЭО құру кезінде біздің елдер Еуропалық одақтың құрылуы тәжірибесін негізге алды, әрине, бізге лайықталып, бейімделген жағын пайдаланды. Еуразиялық экономикалық одақ біздің ел мен біздің көршілеріміздің азаматтары үшін жаңа мүмкіндіктер платформасы іспетті. Қарап көріңіздерші, ортақ кеңістік шеңберінде көрші елдер арасында шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Ал бұл елдер тарихи жағынан ұқсас шаруашылық, саудалық және мәдени байланыстармен біріккен ғой. Сол себепті бізде Еуропалық Одақ алдына шыққан қиындықтар болмайды деген сенім бар. Ерлан Әбілфайызұлы, уақыт тауып, біздің Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне мәнді де маңызды сұхбат бергеніңіз үшін рахметімізді айтамыз. "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі https://www.interfax.kz/?lang=kaz&int_id=13&news_id=73 Жазылым тапсырмасы 3-тапсырма. Экономикалық интеграция туралы сұхбат жазуды ойластыр. 1. Сұхбатты кімнен алатыныңды анықта. Не себепті оны таңдадың? 2. Сұхбаттың тақырыбын айқында. Тақырыпқа сәйкес сұрақтар дайында. Сұрақтардың реттілігіне назар аудар. 3. Сұхбаттың негізгі мазмұнын ойластыр. 4. Сұхбаттың негізгі ойына сәйкес тақырыбын жаз. 5. Кіріспе және қорытынды бөлімді жазуды ойластыр. 4-тапсырма. Сұхбатты жаз. Кіріспе: сұхбат алушыны таныстыру Негізгі бөлім: сұхбат барысын жазу Қорытынды: болашаққа жоспар, тілек, алғыс білдіру. Жазылымнан кейінгі тапсырма 5-тапсырма. Сұхбаттың жанрлық және стильдік ерекшеліктері туралы жұпта талқыла. Бағалау Бағалау критерийі Стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, сұхбат жазады. Дескриптор Сұхбатты оқып, сұрақтарға жауап 1. береді. 2. Сұхбат жазуды жоспарлайды. 3. Сұхбаттың тақырыбын анықтайды. 4. Сұхбат берушіге сұрақтар құрастырады. 5. Сұхбат жазады. 6. Құрылымын сақтайды. 7. Тілдік құралдарды орынды қолданады. 8. Сұхбаттың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін талдайды. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма 7-сабақ Оқу мақсаттары 10.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау Сабақ мақсаттары Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау Құндылықтарды дарыту Жаһандық азаматтық, интеграция, үрдіс Пәнаралық байланыс экономика Тірек сөздер Экономикалық интеграция, заманауи үрдіс Жазылымалды тапсырма \1-тапсырма. Мәтін үзінділерін оқып, маңызды тұстарын анықта. «ХХІ ғасыр – интеграция ғасыры. Ұлттық мүдде тұрғысынан мұқият ойластырылған интеграцияға қарсы болу – заманауи үрдіспен дамуға қарсы болу. Ең дамыған елдердің барлығы бүгінгі биіктерге интеграция арқылы жетті. Бүкіл адамзат жаһандану жолымен дамып жатыр. Етек-жеңді қымтап, есік-терезені тарс жауып отыру дамуды тежейді, әлем көшінің соңына қалдырады. Біз дамыған елдердің шаңын жұтуға емес, көшін бастауға ұмтылған елміз. Байбаламға салып, балақтан тартпай, байыппен ойлап, байсалды әрекет етсек жарасады. Интеграция – ел тәуелсіздігіне ешбір қауіп төндірмейді, керісінше, нығайта түседі. Ол нарықты кеңейтеді, алыс-беріс пен барыс-келісті арттырады, бәсекелік қабілетімізді шыңдайды». Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында сөйлеген сөзінен Біздің қазақта «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас», «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» деген мағыналы сөздер бұрыннан бар және олар бекер айтылмаған. Қазаққа жалғыздықтан сақтануды үндеген. Міне, осы ата-баба өсиетін сақтауға еліміз өз Тәуелсіздігін жарияласымен-ақ кіріскені белгілі. Осы ретте еліміздің ТМД, ШЫҰ, Кедендік одақ секілді бірнеше ұйымдарға мүше болып отырғаны бәрімізге аян. Әрине, мемлекеттердің бәрі бірлесіп, топтаса күндерін көруге көшкен қазіргі жаһандану заманында мұнсыз болмайды. Құттыбек Аймахан, журналист, 1986 жылғы желтоқсан толқуына қатысушы. Бәсекелі ортаға кіру өзімізге деген талапты күшейтеді, дамуды ынталандырады. Еуразиялық экономикалық одаққа деген көзқарас мәселесіне тек бизнес тұрғысынан емес, тұтынушылардың талабы мен сұранысы бойынша зер салған жөн. Интеграция ұлттық брендтерімізді насихаттап, елдің экономикалық күшін біріктіретін басты бағыт болуы тиіс Нұрлан Ерімбетов, «Қазақстан Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі президенті Президенттік «Болашақ» бағдарламасының қауымдастығы Еуразиялық экономикалық одағын қолдайды. Біздің көбіміз АҚШ-та, Еуропа мен Азияның дамыған елдерінде оқи жүріп, экономикалық интеграцияның пайдалы екендігіне көз жеткіздік. Бүгінде экономикалық ықпалдастықтың арқасында орнаған өзара тығыз қарым-қатынас Еуропадағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың бірден-бір кепілі болып табылады. Еуроодақ, Солтүстік Америкадағы еркін сауда аймағы, Азия-Тынық мұхиты өңірлері әлемдегі ең ірі экономикалық орталықтарға жатады. Ал еуропалықтардың басым бөлігі тығыз экономикалық қарым-қатынас жасау керектігін ертеден жақсы түсінеді. Аталған өңірлердің халқы экономикалық ықпалдастықтың жақсы жақтарына күн сайын куә болып, игіліктерін көру үстінде. Ермек МАҚАШЕВ, «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры. https://egemen.kz/article/integratsiya-%E2%80%93-igilik Жазылым тапсырмасы 2-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарқа сүйене отырып, «Экономикалық интеграция – заманауи үрдіс» тақырыбында жазба жұмысын жаз. Жазылым барысында абзацты ескер, ойды жүйелі жеткіз. Тақырыпқа қатысты сөздерді іріктеп қолдан. Жазба жұмысын қайта оқып, түзетулер енгізіп, редакцияла. Жазылымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма. Кестені толтыр. Мақалдар Білдіретін мәні Мақалдарда айтылған ойға қатысты өз пікірің Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас Бағалау Бағалау критерийі Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөледі, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялайды. Дескриптор 1. Мәтін үзінділерінің маңызды тұстарын табады (4-мәтін). 2. Жазба жұмысын жазады. 3. Жұмысты абзац пен бөліктерге бөледі. 4. Ойын жүйелі жеткізеді. 5. Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады. 6. Жұмысқа түзетулер енгізеді, қайта редакциялайды. 7. Мақалдың білдіретін мәнін анықтайды. 8. Мақалда айтылған ойға өз пікірін білдіреді. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма 8-сабақ Сабақ мақсаттары 10.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау 10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау Тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу Құндылықтарды дарыту Жаһандық азаматтық Пәнаралық байланыс Экономика Тірек сөздер Экономикалық интеграция, заманауи үрдіс, бәсекелестік Оқу мақсаттары Жазылымалды тапсырма 1-тапсырма. Еуразиялық экономикалық одақ туралы қоғамда түрлі пікірлер айтылуда. Төменде берілген үзінділерді оқып, өз көзқарасыңды білдір. Кедендік одақтан бізге қаншалықты пайда не зиян келетінін толығымен зерттеп жатқан ешкім жоқ. Қазіргі дағдарыс кезінде АҚШ пен Қытай сияқты алпауыт елдер біздің аймаққа ықпалын бәсеңсітіп алды. Әсіресе, АҚШ сан соғып қалды. Елбасымыз Мәскеудің төрінде сөйлеген сөзінде атап өткендей, Еуразиялық экономикалық одақ құрудың басты мақсаты егемендікке қол сұғылмайтын, еркінділік қағидаттарына негізделген ой-пікірлердің үндесуімен ерекшеленеді. Тиімді тең дәрежелі интеграция – өзара тәуелділікке алып келетін, алайда экономиканың толыққанды тыныс алуына жағдай жасайтын біздің заманымыздағы ауадай қажетті құбылыс. Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше елдердің қаржылық жүйелерінің өзара ұқсастығы жер мен көктей болғандықтан, аталып отырған одақтың болашағы бұлыңғыр. Еуразиялық экономикалық одақ сыртқы әлемге қарсы бірлесе қорғану шараларын қабылдап, жабық нарық құру арқылы экономикалық дамуда алысқа шаба алмасы анық. abai.kz/ akikat.kazgazeta.kz/ 2-тапсырма. Үзінділердегі қарамен жазылған сөздер мен сөз тіркестерінің қолданысын талда, оларды басқа қандай сөздермен ауыстыруға болады? Жазылым тапсырмасы 3.тапсырма. Берілген екі тұжырымның бірін таңдап, дәлелдеп жаз. 1.Экономикалық интеграция елдің дамуына үлкен септігін тигізеді. 2.Экономикалық интеграцияның артықшылықтарына қарағанда кемшіліктері көп. «Дербес пікір» әдісі Өзіндік пікір /ой, идея/ Дәлел Өз пікірін айғақтайтын мысал Өз пікіріне қарсы дәлел Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал Қорытынды Жазылым барысында абзацты ескер, ойды жүйелі жеткіз. Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін іріктеп, талғаммен орынды қолдан. Жазба жұмысын қайтадан оқып шығып, түзетулер енгіз, редакцияла. Жазылымнан кейінгі тапсырма 4-тапсырма. Ұсыныс білдір. Экономикалық одақтың әлсіз жақтарын болдырмаудың қандай жолдары бар? Әлемдік бәсекелестікке төтеп беру үшін қандай жобалар жасауға болады деп ойлайсың? Бағалау Бағалау критерийі Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөледі, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялайды. Жазба жұмысында тақырыпқа қатысты сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана алады. Дескриптор 1. Өз көзқарасын білдіреді. 2. Сөздер мен сөз тіркестерінің қолданысын талдап, түрлендіріп қолданады (кем дегенде 3). 3. Жазба жұмысын жазады. 4. Жұмысты абзац пен бөліктерге бөледі. 5. Ойын жүйелі жеткізеді. 6. Тақырыпқа қатысты сөздерді іріктеп, талғаммен қолданады. 7. Жұмысқа түзетулер енгізеді, қайта редакциялайды. 8. Тақырыпқа қатысты өз ұсынысын жасайды. 5-бөлім: Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма 1-сабақ Оқу мақсаттары 10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау; 10.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау Сабақ тақырыбы Қазақстан экономикасының инновациялық әлеуетін арттыру. Ақпараттағы негізгі ойды ғаламдық мәселемен байланыстыра талдау; Талдау сұрақтарын құрау және көтерілген мәселеге пікір білдіру; Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Әлемдік азаматтық, өмір бойы білім алу. Пәнаралық байланыс Технология Тірек сөздер Ғылым, білім, инновация үштігі, өнертабыстар, инновациялық процес, ғаламдық білім мен ғылым, инвестициялау, инвесторлар, нарық, экономика, бісекелестік және т.б. Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырмасы. 1-тапсырма. Соңғы жылдардағы қандай әлемдік инновациялық өнертабыстарды білесіз? Ғылым мен білім, инновация үштігі дегенді қалай түсінуге болады? 2-тапсырма. Суретке назар аудар. Білім берудегі инновациялық процестер туралы не айтуға болады? Қазіргі ғаламдық білім саласымен қалай байланыстырар едіңіз? Тыңдалым тапсырмасы. 3-тапсырма. Мәтінді тыңдап, негізгі ойды білдіріп тұрған сөздер мен сөз тіркестер қатарын шығарып алыңыз. Тыңдалым мәтіні: Инвестициялау мәдениетін қалыптастыру керек Өнертапқыштар да қателеседі. Алғашында инновациялық болып көрінген идея іс жүзінде өз нәтижесін бермей жататын немесе көзге түсе алмайтын жағдайлар жиі кездеседі. Осылайша, стартап инвесторларды аралап, көлеңкеде қалып қояды. Елімізде венчурлік инвесторлар мәдениеті қалыптаспағанын айта кеткен абзал. Инновацияны енгізу үшін күрес – өнертапқыштың мойнына жүктеледі. Көптеген стартап жобалар алғашқы кезеңде-ақ жоғалу қаупінде тұрады. Яғни, мұндай жағдайлар нарықты толық зерттемегендіктен орын алады. Кейде өнімнің сырт пішінінің тартымдылығы венчурлік қорларды, инвесторларды тартуға кедергі жасайды. Сондықтан тіпті өнімнің дизайнынан бастап, оның жұмыс істеу механизмі толығымен қалыптасу керек-ақ. Отандық ІТ салада дұрыс жасалмаған дизайн мен қолданушылар үшін қолайсыз пішін салдарынан қаншама инновациялық шешімдер нарыққа ене алмай қалды. Тағы бір айта кететіні, өнертапқыш өз инновациясын инвесторларға сата алатын менеджер бола алмайды. Сонымен бірге, ол білімді де білікті мамандардан топ құрып, өнімін өндіріске ендіру жолында алдына жан салмайтын басқарушы бола білу керек. Бұған инвесторларды табу қиындығын қосыңыз. Осылайша, көптеген инновация өндіріске жетпей қалады. Елімізде әлі күнге дейін инвестициялау мәдениеті қалыптаспай келе жатқаны ащы шындық. Ал қаншама стартап жобалар қаражатқа мұқтаж. Мұнда да қандай жобаларға ақша құюға болатыны, келісімшартқа қалай отыру керектігі жайлы білім жетпейді. Мемлекеттің қолдауымен құрылған стартап алаңдар қарқынды жұмыс істеп келеді. Десе де, стартап мемлекетсіз нарыққа өте алатындай жағдайға жету керек. Анығы сол – бәсекелестікті күшейту қажет. Сонда ғана бүгінгі заман сұранысына сәйкес, уақыт талабына жауап беретін жаңа өнім пайда болады. Ақбота ИСЛӘМБЕК https://aikyn.kz/2018/08/25/65282.html 4-тапсырма. Тыңдалымдағы ақпаратты төмендегі сұрақтар бойынша талдаңыз. 1-сұрақ. Мәтінде қандай көтерілген мәселе бар? (кем дегенде 2 мәселені көтеріңіз) 2-сұрақ. Көтерілген мәселені шешудің бірнеше жолын ұсыныңыз (2 ұсыныс ұсыныңыз). 3-сұрақ. Мәтіндегі мәселені ғаламдық тұрғыдан қарастырып, өз көзқарасыңызды білдіріңіз. 4-сұрақ. Мәтіндегі астарлы ойды ғылым мен білім саласымен қалай байланыстырар едіңдер? Бағалау Бағалау критерийі Негізгі ойды ғаламдық мәселемен байланыстырып, көтерілген мәселеге пікір білдіру; Дескриптор 11. Мәтіндегі астарлы ойды анықтайды; 12. Көтерілген мәселенің кем дегенде екеуін табады; 13. Мәселені шешу жолдарын ұсынады; 14. Мәселеге ғаламдық тұрғыдан өзіндік көзқарасын білдіру. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. 5-тапсырма. Мәселені жұбымен ғаламдық тұрғыдан талдап, сұрақтар құрау арқылы талқылап, жұбыңызбен диалогқа түсіңіз. Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында техникалық кадрларды даярлау жүйесін барынша дамыту қажеттігін атап өтті, дағдарысты басқарудың және құрылымдық өзгерістердің бес бағыттарын айқындады. Ол үшін дамыған елдермен бірлесіп, кадрларды даярлау бойынша орталықтарын ашуды ұсынды. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Қазақстан экономикасының инновациялық әлеуетін арттырған жөн. Мұны тек тиімді ғылыми-инновациялық жүйе құру арқылы ғана жасауға болады. Бағалау Бағалау критерийі Мәселені талдау сұрақтарын құрау; Көтерілген мәселеге өзіндік пікір білдіріп диалогқа түсу Дескриптор 1. Көтерілген мәселе бойынша талдау сұрағын құрастырады; 2. Өзіндік пікірін білдіре отырып, диалогқа еркін түседі; 3. Мәтіндегі негізгі ойды автор мен оқырман тарапынан талдайды. Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма 2-сабақ 10.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу) Ғылымның дамуы – елдің дамуы Оқу мақсаттары Сабақ тақырыбы Сабақ мақсаттары Мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды іріктеп (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу) және берілген ақпараттарды жүйелеу Құндылықтарды дарыту Өмір бойы білім алуға шақыру Пәнаралық байланыс технология Тірек сөздер Ой азаттығы, рухани қасиет, терең білім, ғылым әлемі, ғылымның дамуы (пргогресс), болашақ жастар, постиндустриялық әлем, жаһандық позициялау жүйесі (GPS “Джи Пи Эс”) Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырмасы. 1-тапсырма. Топ болып Елбасының терең білім мен ғылым инновациясы туралы мағыналы сөздерін талдаңыз. 1-топ. Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны. 2-топ. Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз» 3-топ. Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы 4-топ. Бой салыстыратын заман емес, ой салыстыратын заман 5-топ. Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. 2-тапсырма. Оқылым ақпаратын түртіп алудың 5 түрімен танысыңыз. 1-топқа «Корнел» әдісі Бұл әдіс идеяларды жинақтап ой түйіндеу үшін қолайлы. Дәптер беті үлгідегідей үш бөлікке бөлінеді: жазба (сабақ кезінде), ойға салу (сабақтан соң), қорытынды (сабақтан соң). 1. Жазба – тыңдалым кезінде ақпараттарды жазып алу үшін қолданылады. 2. Ойға салу – тыңдалымнан соң ақпараттарды қайта қарап толықтыру, еске салуға қажетті нәрселерді жазу үшін қолданылады. Немесе тыңдалым бойынша сұрақтар құрастыру үшін қолданылады. 3. Қорытынды – оқушы тыңдалған материал бойынша өз ойын қорытындылап жазады. Осы жерде мәтіннің негізгі идеясын атап көрсетуге болады. 2-топқа «Салғастыру» әдісі Бұл әдіс тақырыптар арасындағы байланысты түсінуге көмектеседі. Дәптер беті үлгіде көрсетілген кестеде тәрізді ұйымдастырылады. Ортада негізгі тақырып жазылады. Негізгі тақырып астына тақырыпшалар жазылады. Әр тақырыпшаның астына мәтін бойынша детальдар жазылады. 3-топқа «Жоспарлау» әдісі Бұл әдіс тақырып бойынша көп детальді мәлімет жазған кезде қолайлы. Әр бөлігіне тақырып жазылады. Әр тақырыптың астына тақырыпша жазылады. Әр тақырыпша бойынша негізгі детальдар жазылады. Жазбалар анық көрінуі үшін үлгідегідей алдына орын қалдырып отыру керек. 4-топқа «Кесте» әдісі Бұл әдіс ақпараттарды бағандарға бөліп көрсетумен ерекшеленеді. Тақырып бойынша тым көп мәлімет жазған кезде және тақырыптар арасындағы байланысты көруге қолайлы. Дәптер үлгідегідей бірнеше бағанға бөлінеді. Алдымен негізгі тақырып жазылады. Негізгі тақырып бойынша тақырыпшалар бірнеше бағанға бөлініп жазылады. Әр тақырыпшаның тұсына детальдар жазылады. 5-топқа «Сөйлем» әдісі Бұл әдісте ақпараттар сөйлем түрінде ғана жазылады. Алдымен тақырып жазылады. Оқушылар тыңдай отырып негізгі идеяларды (ақпараттарды) жазып алады. Әр идея жаңа жолдан басталып жазылады. Мәтінде бірнеше тақырып қамтылған кезде тақырып атауы жазылады, ал астына негізгі идеялар сөйлем түрінде беріледі. Оқылым тапсырмасы. 3-тапсырма. Оқушыларға Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұрат Жұрыновтың «Ғылымның дамуы – елдің дамуы» тақырыбындағы мақаласы ұсынылады. 5 топ осы ақпаратты өздеріне берілген (конспектілеу) түртіп алу сратегиясының түрімен ақпаратты іріктеңіз. Ғылым мен инновациялық технологияның дамуы – халықтың тұрмыс жағдайының жоғары деңгейге көтерілуімен тікелей байланысты әрі ел экономикасының дамуы және қоғамның тұрмыс жағдайының артуы тұрғысынан да стратегиялдық маңызы зор. Елімізде жүргізіп келе жатқан ғылым мен жаңа технологияны дамыту саясаты осы бағытта қолға алынып келеді. Нақты айтар болсақ, ІЖӨ-нің ғылымға бөлініп отырған 0,13 проценттік қаржы көлемін, Ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы бойынша, 2020 жылы 2%-ке жеткізу көзделіп отыр. Бұл – жоспарлы түрде кезең-кезеңмен жүзеге асатын шаруа. Елбасы Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қаражат бөле отырып, 5 жыл ішінде ғылым, білім, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ІЖӨ-нің 10%-не дейін жеткізу керектігін тапсырды. Жолдауда ел экономикасын көтеру мақсатында жасалған осындай маңызды қадамдардың бірі – индустрияландыру мәселесі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері, Елбасы мемлекеттің индустрия саласын дамытуды әрдайым назарда ұстап келеді. Қазіргі уақытта қандай ел болса да, ғылым мен технология саласында қол жеткізген жетістіктерін жаңа технология арқылы (инновация) көрсете алады. Олардың жаңа табыстарын білім мен жаңа технология арқылы үнемі қуаттап, демеп отырса ғана әлем нарығында басымдыққа ие болады. Сөйтіп ел экономикасын күшейтіп-қуаттандыруға қол жеткізеді. Дамыған Батыс елдерінде мұны «Scientific support» («ғылыми демеу, қуаттау») деп атайды. Яғни, өндірісті ғылыми тұрғыдан демеу, ғылыми тұрғыдан сүйемелдеу деген сөз. Сатып алынған (трансферт) қандай да ең жаңа технология өнімі болса да, әрі кетсе 5 жылда ғылым мен технологияның тез дамуына байланысты тиімділік үстемдігінен айырылады. Сондықтан кез келген зауытты немесе фабриканы ғылыми тұрғыдан демеп сүйемелдеу арқылы өнімділігін жоғары деңгейде ұстап тұруға болады. Мысалы, АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттерде өңдеу, тауар шығару өндірісі осындай жүйеге негізделген. Ал керісінше, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ауылшаруашылық дақылдарынан жыл сайын 4-5 рет өнім алатынына қарамастан, кедейшілікте өмір кешуде. Себебі ол елдерде индустрия дамымаған, ал ол жағдай өз кезегінде жоғары техникалық білім мен ғылымның жетілмегендігіне байланысты орын алып отыр. Индустрияның кенжелеп артта қалуы, өз кезегінде, жоғары техникалық білім мен ғылымның кері кетуіне әкеліп соғуы мүмкін. Технология және оның негізін қалайтын білімнің өндіруші күш халіне келуі қазіргі кезеңнің басты айырмашылығы әрі басымдығы болып отыр. Сондықтан «Ғылымсыз даму (прогресс) болмайды» – деген аксиоманы әрдайым естен шығармаған жөн. Елімізде ғылым арқылы ең соңғы жетілдірілген технологияның берік тұғырын қалыптастырып, қарқындап дамуға жан-жақты алғышарттар жеткілікті. Соның бірі және бірегейі ретінде Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы «Алтын көпір» болу мүмкіндігін атап өткенді жөн көреміз. Алдағы басым мақсаттардан бірі – 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына кіру екені белгілі. Бұл – оңай алынатын асу емес. Осы тұрғыдан жаңа Жолдау Қазақстанның әлемдік экономикалық және әлеуметтік, мәдени салалардағы түбірлі өзгерістерге бейімделуіне жол көрсетеді. Бұл құжат «Мәңгілік ел» атану жолында жүктелген міндеттерді орындауға бағыттап, болашағымызды жарқын етуге негіз болмақ. Жолдауда белгіленіп берілген маңызды тапсырмаларды жүзеге асыру – Қазақстанның әлемдік аренадағы орнын биіктетіп, жолын айқындап берері даусыз. Тек сонда ғана өркениетті елдер қатарында ілгерілеп дамуға мүмкіндік аламыз. Алға ұмтылмайтын ел болмайды. Елбасы Жолдауын Ұлттық ғылым академиясының академиктері мен корреспондент-мүшелері, жалпы, барлық ұжым толығымен қолдайтынына және оны жүзеге асыру барысында аянбай еңбек ететініне сеніміміз мол. https://egemen.kz/article/175718-murat-zhurinov-ghylymnynh-damuy-eldinh-damuy Бағалау Бағалау критерийі Дескриптор Түртіп алу әдістеріне салып, Оқылымдағы ақпараттарды қысқаша түртіп 1. ақпартты іріктейді; жазу (конспектілеу) және берілген 2. Мәтін мазмұнын толық қамтып, ақпараттарды жүйелеу маңызды ақпаратты жүйелейді. 4-тапсырма. Тыңдалым ақпаратын «Төрт сөйлем» әдісі бойынша талдап, ақпаратты өмірмен байланыстырып жинақтаңыз. Пікір Дәлел Мысал Қорытынды Тыңдалым мәтіні: Қазақстандағы кандидаттық-докторлық диссертациялар қорғаудың тоқтатылуы көрші Қырғыз Республикасына жақсы болды. Қазақстаннан қаншама диссертант Бішкекке барып диссертация қорғап жатыр. Әр диссертант кемінде 10-15 мың АҚШ доллары көлемінде қырғыз экономикасын дамытуға үлес қосары сөзсіз (диссертация қорғауға байланысты туындайтын түрлі шығындарды өтеу арқылы). Ресейге барып диссертация қорғаушылар да жетерлік. Ал Қазақстан экономикасы мен ғылымы керісінше, қолда барынан айырылып, там-тұмдап жоғалтып жатыр. Сондықтан да, қазақстандық ғылымды дамыту үшін ғылыми ізденістерге ынталандырудың балама жолдарын қарастыруымыз қажет. Бұл жерде мәселе тек қана материалдық немесе ақшалай құндылықтарға тіреліп тұрған жоқ. Ғылым дамуын әлеуметтік мәртебеге қол жеткізуге деген талпыныс арқылы да қосымша ынталандыруға болады. Мысалы, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында 5-10 жылдық нағыз ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі бар штаттық қызметкерелерге қайтадан кандидаттық және докторлық ғылыми дәрежелер беруді жолға қойып, ғылыми дамуда қазақстандық балама жол жасалса (батыстық және отандық ғылыми жүйе паралель жүретіндей). Бұл өз кезегінде, тоқырап бара жатқан ғылыми салаға қайтадан қан жүгіртіп, оның дамуына қосымша мүмкіндіктер туғызары сөзсіз. Бағалау Бағалау критерийі Тыңдалған ақпартты сұрыптау, өмірмен байланыстыра талдау. Дескриптор 1. 2. 3. 4. 5. Ақпаратты талдай алады; Көтерілген мәселеге көзқарасы; Өзіндік пікірін білдіреді; Өмірден мысал келтіреді; Қорытынды ой айта алады. Оқылымнан кейінгі тапсырма. 5-тапсырма. Қазіргі жастарды ғылымға қалай тәрбиелеу арқылы дамыған елдің болашағын қалыптастыра аламыз ба? Негізгі идеяны ұстана отырып, ақпаратты жүйелеп, 120-150 сөз көлемінде келісу-келіспеу эссесін жазыңыз. Бағалау Бағалау критерийі Негізгі идеяны ұстана отырып ақпаратты жинақтап жазу Дескриптор 1. 2. 3. 4. Негізгі ойды талдайды; Ақпаратты жүйелейді; Сөз көлемін сақтайды; Келісу – келіспеу себебін дәлелдейді. Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма 3-сабақ 10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу Ғылым таппай мақтан ба? (Абай) Оқу мақсаттары Сабақ тақырыбы Сабақ мақсаттары Іріктеп оқу, зерттеп оқу, комментарий жасап оқу стратегияларын қолдану Құндылықтарды дарыту Әлемдік азаматтық, өмір бойы білім алу, адамгершілік Пәнаралық байланыс технология Тірек сөздер Афоризмдер, іріктеп оқу, зерттеп оқу, жинақтап оқу, комментарий беріп оқу, және т.б. Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырмасы. 1-тапсырма. «Сен білесің бе?» ойыны арқылы өзіңізді қызықтырып жүрген ғылым саласымен, ғылыми жаңалықпен бөлісіңіз. 2-тапсырма. Ғылым жайлы афаризмдерді 4 топ болып талдаңыз. 1-топ. Ғылым үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек. Автор: Әбу Насыр Әл-Фараби 2-топ. Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірбиелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады. Автор: Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 3-топ. Қандай ғылым болса да, ол – адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды. Автор: Әбу Насыр Әл-Фараби 4-топ. Дін, өнер және ғылым – бір ағаштың бұтақтары. Автор: Альберт Энштейн. Оқылым тапсырмасы. 3-тапсырма. Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып, 3 топ үш түрлі оқу стратегиясын орындайды. 1-топ негізгі ойды білдіріп тұрған сөздер мен сөз тіркестерін бір бөлек, мазмұнды ашып тұрған аргумент сөйлемдерді бір бөлек етіп, екі бағанға бөліп, өлеңді іріктеп оқиды; 2-топ өлеңнің астарлы мағынасына түсінік бере отырып, жан-жақты сөз тіркестер мен сөздердің мағынасына тоқталып, зерттеуюдің 10 қадамын жасап, зерттеп оқиды. 3-топ өлең мазмұны мен идеясына қарай авторға 10 комментарий жасай отырып бағалай оқиды. Оқылым мәтіні: Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге, Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. Жамандық көрсең нәфритлі, Суытып көңіл тыйсаңыз. Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз. Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз? Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз. Сізге ғылыми кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз. Білгендердің сөзіне Махаббатпен ерсеңіз. Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз. Ақсақал айтты, бай айтты, Кім болса мейлі, сол айтты – Ақылменен жеңсеңіз. Надандарға бой берме, Шын сөзбенен өлсеңіз Аят, хадис емес қой, Күпір болдың демес қой, Қанша қарсы келсеңіз. Көп орында көріне айтпа, Біздің сөзге ерсеңіз. Мұны жазған кісінің Атын білме, сөзін біл! Осы жалған дүниеден Шешен де өткен не бұлбұл. Көсем де өткен не дүлдүл. Сөз мәнісін білсеңіз, Ақыл-мизан, өлшеу қыл. Егер қисық көрінсе, Мейлің таста, мейлің күл. Егер түзу көрінсе, Ойлап-ойлап, құлаққа іл. Ақмақ көп, ақылды аз, Деме көптің сөзі бұл. Жақынның сөзі тәтті деп, Жақыным айтты дей көрме. Надандықпен кім айтса, Ондай түпсіз сөзге ерме, Сізге айтамын, қаупім – бұл. Өзің үшін үйренсең, Жамандықтан жиренсең, Ашыларсың жылма-жыл. Біреу үшін үйренсең, Біреу білмес, сен білсең, Білгеніңнің бәрі – тұл, Сөзіне қарай кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма. Шын сөзі қайсы біле алмай, Әр нәрседен құр қалма. Мұны жазған білген құл, Ғұламаһи Дауани Солай депті ол шыншыл. Сөзін оқы және ойла, Түз үйреніп, тез жойма, Жас уақытта көңіл – гүл. 4-тапсырма. Өлеңді өз заманыңмен салыстыра отырып, өзіндік көзқарасыңды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз. Бағалау Бағалау критерийі Мәтінді оқылым стратегиялары бойынша оқу Дескриптор Іріктеп оқи алады; Зерттеп оқи алады; Комментарий жасап оқиды; Өзіндік жоспарымен бөліседі.; Афаризмдерді талдайды; Оқылымнан кейінгі тапсырма. 5-тапсырма. Оқушылар мәтін мазмұнына болжам жасап, 10 жауапты сәйкестендіріп, жалғасын тауып түгендеп, жинақтап оқыңыз. Қазақ халқының: «Білекті бірді жеңеді, білімді мыңды жеңеді», – деген нақыл сөзі бар. Уағызымызды білім туралы айтылатын көненің бір ғибратты әңгімесімен бастайын. Сонау VII ғасырда өмір сүрген, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет Әліні (Әли ибн Әби Талиб) ел ішінде «ілімнің қақпасы» деп атайды екен. Осы атақтың рас - өтірігін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды кезекпен жібермекші болған. Олардың бәрі Әзірет Әліге бір ғана сұрақ: «Білім артық па, байлық артық па?» деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны шын мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлі әр адам қойған бір сұраққа түрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген екен: 1. Білім артық, өйткені, ол – пайғамбарлардан қалған мирас, байлық – Байлықты жұмсай берсең, бір күні түгесіледі. 2. Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық. 3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді 4. Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық деген екен. ал бай адамның қасында амал достар көп болады. 5. Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек. 6. Білімің көп болса ел саған қызығады Байлық болса сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады. 7. Білім артық, білімің көп болғанмен есепқисап жүргізбейсің, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің. 8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп кетпейді, байлығың көп болса ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол. 9. Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. 10. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. бақылдардан қалған мұра. (Мырзагелді Кемел «Абзалдық әліппесі») байлық дұшпаныңды арттырады. Бағалау Бағалау критерийі Болжам жасай отырып, мәтінді жинақтау Дескриптор Жауаптың жалғасын табады; Жауапты мағынасын талдайды; Мәтінді жинақтап оқиды. Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма 4-сабақ Оқу мақсаттары 10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу; Сабақ тақырыбы Өнер-білім бар жұрттар Сабақ мақсаттары Стильдік және жанрлық ерекшелікердті қатаң сақтап, көркемдегіш құралды тиімді пайдаланып шығармашылық жұмыс жазу Құндылықтарды дарыту Әлемдік азаматтық, өмір бойы білім алу. Пәнаралық байланыс Технология, әдебиет, т.б. Тірек сөздер Ғылыми иновация, жаһандық позициялау жүйесі (GPS “Джи Пи Эс”), экология мектебі, бәсекеге қабілеті, рухани жаңғыру, рухани құндылық Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымалды тапсырмасы. 1-тапсырма. Қазіргі жастар білім мен ғылымға қаншалықты бет бұруда? Жастардың білім алып, ғылыммен айналысуына қандай іс-шаралар өткізіліп жатыр? Жастардың ғылыммен айналысуына Елбасы қандай көмек көрсетуде? 2-тапсырма. Ыбырай Алтынсаринің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін оқып, технология заманымен салыстыра талдау. Астарлы мағынадағы және ауыспалы мағынадағы сөздерге түсінік жүргізіңіз. Өнер-білім бар жұрттар Ат өнері білінбес Тастан сарай салғызды; Бәйгеге түсіп жарыспай; Айшылық алыс жерлерден, Желкілдеп шыққан көк шөптей Көзіңді ашып-жұмғанша, Жаңа өспірім достарым, Жылдам хабар алғызды. Қатарың кетті-ау алысқа-ай, Аты жоқ құр арбаны Ұмтылыңыз, қалыспай. Мың шақырым жерлерге, Біз надан боп өсірдік Күн жарымда барғызды. Иектегі сақалды. Адамды құстай ұшырды; Өнер – жігіт көркі деп Мал істейтін жұмысты Ескермедік мақалды… От пен суға түсірді; Біз болмасақ сіз барсыз, Отынсыз тамақ пісірді, Үміт еткен достарым, Сусыздан сусын ішірді. Сіздерге бердім батамды. Теңізде жүзді балықтай, Дүниені кезді жалықпай, Білгендерге осылар Бәрі-дағы анықтай, Білмегенде танықтай; Біз де бекер жатпалық, Осыларға таныспай; Жазылым тапсырмасы. 3-тапсырма. «Қазақстан 2050-жылы қандай ғылыми инновацияларға қол жеткізеді?» деген сұраққа 2019-жылдан жауап ретінде оқушылар болашаққа хат жазады. Мұғалім белгі бергенде бастап, келесі белгі бергенде тоқтап, қасындағы көршісіне жалғастыруға береді. Осылайша хат аяқталғанша жалғасып, әр оқушы сыныптасының ойын жалғастырып кетуі тиіс. Аяқталған соң, дәптер иесіне қайтады да, сол оқушы жазба жұмысына баға береді. Қандай идея ұнағанын, талапқа сай кімнің жазғанына баға береді. Бағалау Бағалау критерийі Шығармашылық жұмыс жазу Дескриптор Тақырып негізінде ой толғайды; Хаттың жанрлық, стильдік ерекшелігін сақтайды; Ой жалғастырып жазады; Жазба жұмысын жүйелеп, бағалау 4-тапсырма. Екі тақырыптың бірін таңдап, жоспарлы түрде әңгіме жазыңыз. Әңгіме жанрын сақтап, көркемдегіш құралдарды тиімді қолданып, тілдік құрылымды орынды пайдаланыңыз (200 сөз). Әңгіме – әдебиетте оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің: 1. көлемі шағын; 2. кейіпкерлер саны аз; 3. сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. 4. адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. 5. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Ғылымның тағы бір жетістігі – жаһандық позициялау жүйесі (GPS “Джи Пи Эс” деп оқылады). Ол аспан кеңістігіндегі жасанды жерсеріктердің сигналымен жұмыс істейді. GPS жүйесі алғашында әскери мақсатта жасалған. Ал қазіргі таңда осы жүйе арқылы көлік, кеме жүргізушілері, ұшқыштар, тіпті аңшылар мен саяхатшылар да өз жолынан адаспайды. GPS жүйесін ойлап тапқан ғалымдардың арқасында қалаған жерімізге жету оңайлай түсті. Сіз алғаш рет Германиядағы Гете институты ұйымдастырған «Экология мектебі: ойлау, зерттеу, әрекет ету» тақырыбындағы халықаралық қоршаған ортаны сақтау конференциясына қатысуға келдіңіз. Өз тобыңыздың адамдарымен Бремен қаласын аралап жүріп, адасып қалдыңыз. Сіз GPS арқылы оларды қалай тауып қуанғаныңыз жайында әңгіме жазыңыз. Сіз демалыс күні достарыңызбен тауға шығуды жоспарладыңыз. Өзіңізбен бірге шағын портативті компьютеріңізді (планшет) де ала шықтыңыз. Үйге қайтар жолда автобуста отырып, бүгінгі күннің қызықтары туралы жазуды ұйғардыңыз. Сол күнгі уақытты қалай өткізгеніңіз туралы әңгіме жазыңыз. Бағалау Бағалау критерийі Стильдік, жанрлық, тілдік ерекшелікті қатаң сақтап шығармашылық жазба жұмысын жазу Дескриптор - Стильдік ерекшелікті сақтайды; - Жанрлық ерекшелікті сақтайды; - Көркемдегіш құралды пайдаланады; - Тұрақты тіркестер қолданады; - Мақал-мәтел қолдана алады; - Сюжетті оқиға құра алады. - Тапсырманы шығармашылықпен орындайды; Жазылымнан кейінгі тапсырма. 5-тапсырма. «Өнер-білім бар жұрттар» тақырыбында бәсекеге қабілетті елдермен өз еліңнің білім мен ғылымдағы үлесін қатар салыстыра отырып жұбыңызға сауалнама сұрағын даярлаңыз. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен байланыстырыңыз. Шешен сөйлеуді, аргументпен сөйлеуді ескеріңіз (5 сұрақтан кем емес). Бағалау Бағалау критерийі Тақырыпты ашық сұрақпен талдау Дескриптор Тақырыпты аша алады; Негізгі ойды табады; Дәлелді аргумент келтіреді; Сөзді орынды қолдана алады; Көркемдеп, шешен сөйлейді. Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма 5-сабақ Оқу мақсаттары 10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу Сабақ тақырыбы Өнертабыстарды тіркеу жолдары Сабақ мақсаттары Мәтіндегі ақпартты іріктеп, жинақтап қолдану Құндылықтарды дарыту Әлемдік азаматтық, өмір бойы білім алу. Пәнаралық байланыс Технология Тірек сөздер Өнертабыстар құқығы, аннотация, зерттеу мақсаты, жаңалық иесі, жаңа идея, өтінім, ұсыныс, зерттеу жаңалығы, т.б. Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырмасы. 1-тапсырма. - Қазақстанда қандай өнертапқыштар туралы айта аласыз? Қосымша ақпарат: - Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электронды бесік ойлап тапты. Арнайы құрылғыны бесікпен қосқандағы жалпы бағасы 50 мың теңге. Бесікті смартбесікке айналдыратын тербеткіштің құны 39 мың теңге болады. Бұл тербеткішті кез келген бесікке орнатуға болады. - М.Әуезов атындағы ОҚМУ технологтары Малика Әлімова мен Нина Алексеева кәдімгі зефирдің құрамына сүт іріткісі мен мейіз қосса, зефирдің емдік қасиеті артатынын айтқан. - Қостанай өңірінің тумасы Бақытжан Әлменов гидравликалық қондырғы ойлап тапты. Өз өнертабысын ол осыдан 10 жыл бұрын Женева халықаралық бюросына тіркетіп, патент алған. Қондырғы «Әлменовтың гидравликалық қондырғысы» деп аталады. Ауа компрессормен алынып, құбырмен төмен, барабанға жіберіледі. Бұл барабан ауаны жинақтайтын және сол ауаны ретімен беріп отыратын механизм. Сол жерден клапан ашылып, капшыққа өзінің мөлшерленген көлемін беріп отырады. Бүгінде 1 килловтт электроэнергия 15 теңге тұрады. Бақытжан Әлментаевтің қондырғысын іске қосса, бұл баға 2-3 теңгеден аспайды. Энергияның өзіндік бағасы төмен болған соң өндіріс, қызмет көрсету түрлері, коммуналдық қызметтер, жалпы барлық зат арзандайды. Нан бағасы 60 теңге емес, 15-20 теңгеге дейін төмендейді. - Өнертапқыш Сайдыбай Бекболатов «Қазақтың мәңгілік күнтізбесін» ойлап тапты. Өнертапқыш Григориан күнтізбесін қате деп есептейді. Оның айтуынша, 12 емес, 13 ай бар, ал әр айда 28 күн бар. Жыл наурыз айынан басталады, ал наурыз айының өзі 1-інен емес, 0-ден басталады. Ал қосымша айды өнертапқыш шаян мен мергеннің ортасына қойған. 2-тапсырма. Оқылым стратегияларымен танысу Топпен оқу стратегиясы – топ ішінде ой алмасу арқылы оқу Ішінен сұрақтар қоя отырып оқу – оқуды зерттеу сұрақтарына жауап бере отырып, жүзеге асыру Үзілістер жасай отырып ішінене оқу – әр абзацты түсініп барып, үзілістер арқылы оқу Белгілер сала отырып, ішінен оқу – түсінбеген жерлеріне белгі салу, терминдер мен қажетті фактілерді белгілей отырып оқу Екіжақты күнделік арқылы оқу – автор көзқарасы мен өз көзқарасын салыстыра отырып оқу Оқылым тапсырмасы 3-тапсырма. Сынып оқушыларын 5 топқа топтастырып, әртүрлі инновациялық өнертабыстар туралы «Өнертабыстарды тіркеу жолдары» тақырыбындағы мәтін беріледі. Сол мәтінді топтардың өздері таңдаған оқылым стратегиясын таңдау арқылы оқуы тапсырылады. Нәтижеде авторларға сілтеме жасап, өз мәтінінің мазмұнын сыныпқа таныстырады. Оқылым мәтіні: Өнертабыстарды тіркеу жолдары Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік меншік сияқты әр түрлі зияткерлік меншіктерді құқықтық қорғау (сақтау) пайдалануға береді, өнертабыс, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер, тауар таңбалары, тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары олардың объектілері ретінде болып табылады. Өнертабыс ретінде өнімге (құрылғыға, затқа, штамм микроағзасына, өсімдік жасушасының дақылдарына немесе жануарларға,) әдіске (материалдық әдістер арқылы материалдық объектіден әрекетті жүзеге асырудағы үдеріске), және де белгілі өнімді қолдануға немесе жаңа мақсат бойынша әдіске немесе белгілі мақсат бойынша жаңа өнімге қатысы бар кез келген саладағы техникалық шешімдер қорғалады. Қазақстанда өнертабысқа құқық инновациялық патентпен және патентпен қорғалады. Инновациялық патент пен патент басымдықты, туындыгерлікті және өнертабысты қолдануға айрықша құқықты куәландырады. Патентте аумақтық күші бар, яғни Қазақстан Республикасының патентімен куәландырылған өнертабыстың айрықша құқығы Қазақстан Республикасының аумағында ғана жүреді. Инновациялық патент әлемдік жаңалық пен өнертабыс деңгейіне байланысты арыз берушінің тәуекеліне және оның жауапкершілігіне беріледі. Өнертабыс үшін берілген инновациялық патенттің қолдану мерзімі Қазақстан Республикасының патенттік мекемесіне арыз берген күннен бастап үш жыл бойы күшін сақтайды. Патент иеленушiсiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екi жылдан аспауы керек. Инновациялық патентті немесе өнертабыс патентін тіркеу өтінімі үшін қажетті материалдар құрамында өнертабысты немесе пайдалы модельды қорғауды қамтамасыз ететін құжатты беру туралы 4 дана арыз, өнертабыс сипаттамасы, өнертабыс формуласы, өнертабыстың болмысын түсінуге көмектесетін сызбалар және басқа да материалдар, сонымен қатар мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде әзірленген реферат болуы тиіс. Тіркеуге қажетті құжаттар «ҰЗМИ» РМК тапсырылады. Өнертабысқа және пайдалы модельге қорғау құжатын беру туралы өтінім бланкісі «ҰЗМИ» РМК сайтында http://www.kazpatent.kz «Бұйрықтар, ереже және нұсқаулықтар» бөліміндегі «Типтік келісім-шарттар, бланкілер» бөлімшесінде орналасқан. Өнертабысқа өтінім өтінімге жататын тәсілге кез-келген саладағы техникалық шешімге, сондай-ақ белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа бағыт бойынша немесе жаңа өнімді белгілі бағытта қолдануға беріледі, және келесі құжаттарды қамтуы тиіс: - Өнертабысқа инновациялық патент немесе патент беру туралы өтінім; - Сәйкес білім саласындағы мамандармен оны толық, жеткілікті дәрежеде жүзеге асыру үшін өнертабыс мәнін ашатын өнертабыс сипаттамасы; - Құқық қорғау көлемін анықтайтын өнертабыс формуласы; - Егер олар өнертабыс мәнін түсіну үшін қажет болған жағдайда, сызбалар және басқа да мәліметтер; - Өнертабыс туралы қысқаша ақпаратты қамтитын өнертабыс рефераты. Өтінімге қоса берілуі тиіс: 1) қорғау құжатын беруге өтінім беру үшін сараптама жасау ұйымының қызметтеріне төлемді растайтын құжат; 2) уәкілетті орган және сараптама жасау ұйымы алдындағы өкілдікке сенімхат. Өтінім беруге төлемдер мөлшері қолданыстағы «ҰЗМИ» РМК тарифтеріне сәйкес жүзеге асырылады және Қазақстанның жеке тұлғалары үшін 4 айлық есептік көрсеткішті, ал Қазақстанның заңды тұлғалары үшін 11 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Астана қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі керек болған жағдайда өнертабысқа патент алу үшін қажетті құжаттарды дайындау барысында заңгерлік және консультациялық көмек көрсетеді. Біздің мекен-жайымыз: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 15, тел 32-17-18, 32-10-71. Астана қаласы Әділет департаменті Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі 4-тапсырма. Жаңалықта қандай мәселе көтерілген? Сен автор болсаң қалай әрекет етер едіңіз? Егер бұл жобаны шетелдіктер өз жобасына айналдырып, авторлық құқықты сенен бұрын алып қойса, не істеуге болады? «Кейде үлкен болмаса да, жобалар адамды қызықтырады. Мәселен, сіз шетелге шыққанда роуминг бойынша көп шығынға бататыныңыз анық. Ал қазақстандық өнертапқыш сіздерге қолайлы симка ойлап тапты. Ол бүкіл әлем бойынша Wi-Fi таратады. Қай елге барсаңыз да, сол симка арқылы WhatsApp-ты да, Viber-ді де қоса аламыз. Және тегін қоңырау шала аласыз. Оны өзім де пайдалануға асықпын. Ең бастысы симканы қазақстандық ойлап тапты. Егер оны тиісінше қаржыландырмасақ, отандық өнім шетелдіктің қолына өтіп кетеді», - деді вице-министр. Бағалау Бағалау критерийі Мәтінді оқу стратегиялары арқылы меңгеру Көтерілген мәселені шешу жолдарын ұсыну Дескриптор Мәтінді оқу стратегияларымен танысады; Мәтіннің мазмұнын сыныпқа түсіндіреді; Мәтінге қай стратегиямен оқуына байланысты талдау жүргізеді. Мәселені шешу жолын ұсынады; Өз құқын сақтау заңдылықтарды қолдана алады. - Оқылымнан кейінгі тапсырма. 5-тапсырма «Менің жобам – менің идеям» тақырыбында аннотация жазып көріңіз. Зерттеу тақырыбыңыз: Зерттеу мақсатыңыз: Зерттеу болжамыңыз: Зерттеу жаңалығыңыз: Қорытынды ой: Ұсыныс: Бағалау Бағалау критерийі Зерттеу идеясы аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдану Дескриптор - Зерттеу мақатын жазады; Зерттеу жаңалығын талдайды; Зерттеудің құндылығын айтады; Болашаққа ұсыныс бере алады; Зерттеуге болжам жасайды. Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма 6-сабақ Оқу мақсаттары 10.2.3.1 көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау Сабақ тақырыбы Бүгінгі күннің білімі мен ғылымы Сабақ мақсаттары Жанрлық ерекшелікті сақтап, көпшілікке арналған очерк жазу Құндылықтарды дарыту Әлемдік азаматтық, өмір бойы білім алу. Пәнаралық байланыс Технология, мәдениет, информатика Тірек сөздер Очерк түрлері, очерк құрылымы, жолжазба очеркі, клондау әдісі, т.б. Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырмасы. 1-тапсырма. Очерк. Публицистикалық жанрлардың ішіндегі ең қиын да күрделісі. Оны тілдік қызметіне қарап екі жанрға жақындастыруға болады. Бірі – публицистикалық, екіншісі – көркем әдебиет, очерктің портреттік, жолсапар, проблемалық деген түрлерінің барлығы белгілі. Жалпы алғанда «Очерк публицистикалық жанр ретінде үлгілі оқиғаны, құбылысты, оның кейіпкерлерін насихаттайды. Басқа жанрлардан ерекшелігі очерктің бойында көркем әдебиеттің элементтері көптеп кездеседі. Ал, көркем-әдебиет жанрларының ерекшелігі – нақтылық, фактіні қолдану және публицистикалық элементтердің болуы. Өмір құбылыстарын терең зерттеп, сырына ерекше мән бере отырып, очерк түрлі проблемаларға барлаушы ретінде араласып, ескілікпен күресіп, болашақты насихаттайды». Қазіргі очерктерде авторлық баяндаудың үш негізгі типі көп тараған, олар өздерінің атқаратын функцияларымен ажыратылады. Баяндау типтері бір-бірімен баяндауды құрудағы авторлық белсенділікпен ерекшеленеді. Очерктегі баяндаудың ең көп тараған түрінде объектіні сипаттау үшін 3-ші жақ формасы қолданылады. Автор, баяндаушы құбылысты, оқиғаны өзі қатыспай-ақ объективті түрде суреттейді. Бұл суреттеу өткен шақтағы етістіктің 3-ші жағының жекеше немесе көпше формаларының көмегімен келтіріледі. 2-тапсырма. Публицистикалық очерк – әлеуметтік саяси құбылыстардан, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, мәдениеттің түйінді мәселелерінен келелі ой қозғау, пікір айту үшін таптырмайтын форма. Проблемалық очерк үлкен қрғамдық проблема көтереді. Мұндай очеркте өмір шындығына терең көркем-публицистикалық талдау жасалады. Жол сапар очеркі – очерктің ең көне түрі. Очерктің бұл түріннің арқауы – саяхат. Жолсапар очеркінің композициясы саяхат сапарында жинақтаған тарихи, экономикалық, георграфиялық мағлұматтарына негізделеді. Бұрын болмаған, көрмеген танымаған елдің жер-су, тұрмысы, салт-санасы, мәлениет ескерткіштері, халықтардың өмірдегі тарихи өзгерістер автордың көзқарасы арқылы баяндалады. Оқылым тапсырмасы 3-тапсырма. Оқылым мәтінінің жанрлық, стильдік, тілдік ерекшеліктерін тоқталып, дәлелді талдаңыз. Мәтіннің мақсаты мен маңыздылығына, көзделген аудиториясына қарай сұрыптаңыз. Қазіргі ғаламдық даму көшіне ілесу үшін қай елдің де бәсекеге қабілетті болуы шарт. Бұл бірінші кезекте қоғамдық дамудың қозғаушы күші – ғылымның алға басуы мен мамандардың біліктілігіне байланысты. Яғни еліміздің бәсекеқабілеттілігін көтеруде жоғары мектепке жүктелер міндет үлкен, жауапкершілік салмақты. Осы тұрғыда техникалық білімнің қара шаңырағы – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеулер университетінің ректоры Е.Қ. БЕЙСЕМБЕТОВКЕ бірнеше сұрақтар қойған едік. – Ескендір Қалыбекұлы, елімізде жүргізіліп отырған экономиканы басқару жүйесін ұйымдастыруды нарықтық ұстанымдар негізінде қайта құру аясында жоғары білім саласында да түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда қолға алынған реформалардың техникалық жоғары білімге әкелер басты жаңалығы мен жақсылығы неде? – Қазақстанның инновациялық экономикасына мамандар даярлау экономика мен өнеркәсіптің барлық саласында түбегейлі өзгерістерге бетбұрыс жасалған жаһандық бәсекелестік жағдайында жүзеге асырылуда. Бұл өзгерістер робот техникасы, био- және нанотехнологиялар, жасанды интеллект жүйелері, ақпараттық желілер мен интеграцияланған жоғары жылдамдықтағы көлік жүйелері дамуының негізінде орын алады. Бүгінде біздегі жоғары техникалық білім зымыран уақыт дамуынан кенже қалып отырғаны шындық. Ұсынылатын білім деңгейі мен техносаланың жоғары сұранысы арасындағы бұл алшақтық өндірісте жұмыс істеуден қорқатын мамандар даярлап шығаруға әкеледі. Ал, қашандағыдай өндірістің өзегі – озық біліммен қаруланған, кәсіби даярлығы мықты инженерлер мен техник-мамандар болып қала бермек. Бүгінде елімізде қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының ауқымды жобаларын іске асыру үшін техникалық білімді, кәсіби біліктілігі мен машықтануы жан-жақты, жаңа тұрпаттағы мамандарға сұраныс аса жоғары болып отыр. Қазақстанның әлемдік көшбасшылар қатарынан көрінуі мен еліміз экономикасының бәсекеге қабілеттілік деңгейінің артуы өнеркәсіптің инновациялық даму тиімділігімен анықталады. Бұл өз кезегінде озық білім мен жаңа технологияларды өмірге әкелетін ғылыммен және өндіріспен жүйелі байланыстағы жоғары техникалық білім саласын жаңғыртуға байланысты. Бүгінгі күні жоғары оқу орындарының әлеуеті білім беру қызметінің сапасымен ғана емес, еңбек адамын қалыптастыруға бағытталған «Білім – ғылым – инновация» интеграциясының дамуымен де анықталады. Заман талабына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда еліміздің жаңа даму дәуіріндегі басты бағдары – «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты бағдарламалық Жолдауын басшылыққа ала отырып, қазіргі таңда ҚазҰТЗУ-дың 2020 жылдарға дейінгі кезеңге арналған даму стратегиясы әзірленді. Ұлт жоспарында ғылым мен білім саласы алдына қойылған міндеттерге орай онда адам капиталы сапасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің өлшемдері негізінде көтеру, экономиканың негізгі алты саласы үшін жоғары білікті мамандар даярлау, жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кезең-кезеңмен кеңейту, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және білім беру саласының экспорттық әлеуетін арттыру, оқыту жүйесінде ағылшын тілінде білім беруге біртіндеп көшу, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері қамтылды. Қазіргі күні маман даярлаудың барлық деңгейінде білім беру үдерісі кешенді жаңғыртылып, білім берудің жаңа түрлері мен технологиялары енгізілді, студенттер құрамының сапасы жақсарып, олардың оқудан тыс уақыттағы жан-жақты дамуына жағдай жасалды. – Қазіргі әлем – шапшаң даму, жылдам өзгерістер үстінде. Осынау ғаламдық даму көшіне ілесу үшін қай елдің де бәсекеге қабілетті болуы шарт. Бұл, әрине, бірінші кезекте қоғамдық дамудың қозғаушы күші – ғылымның алға басуы мен мамандардың біліктілігіне байланысты. Яғни еліміздің бәсекеқабілеттілігін көтеруде жоғары мектепке жүктелер міндет салмақты. Осы тұрғыда техникалық білімнің қара шаңырағы – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде атқарылар жұмыстарға, Қазақ-Британ университетімен бірігудің мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтсеңіз. – Екі ірі техникалық жоғары оқу орны – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ мен ҚБТУ бірігуі нәтижесінде Алматы қаласында еліміздегі ең ірі ғылыми-білім беру кластері құрылды. Материалдық-техникалық базасы аса қуатты ҚазҰТЗУ мен халықаралық тәжірибесі мықты ҚБТУ арасындағы бұл келісім екі университеттің де кемел дамуына жол ашары анық. Енді әр университеттің нақты айқындалған өз бағыты бар. Бұл ғылыми-білім беру кластерінің одан әрі дамуына мықты қозғау болмақ. 4-тапсырма. Еліміздегі жүргізіліп отырған экономиканы басқару жүйесін ұйымдастыруды нарықтық ұстанымдар негізінде қайта құру аясында жоғары білім саласында да түбегейлі өзгерістер жүзеге асыруға сіз өз саралауыңызбен 3 ұсыныс ұсыныңыз: 1-ұсыныс – 2-ұсыныс – 3-ұсыныс – Бағалау Бағалау критерийі Оқылым мәтінін талдау Дескриптор - Жанрлық ерекшелікті анықтайды; - Стильдік ерекшелкті талдайды; - Тілдік деңгейді сұрыптайды; - Көзделген аудиториясын анықтайды; - Мақсаты мен маңыздылығын талдайды. 5-тапсырма Оқылымнан кейінгі тапсырма. Берілген екі жазылым тапсырмасының бірін таңдап, шығармашылық жұмыс жазыңыз. Жақында баспасөзге «Кісіні клондау қайда апарады?» мақаласын оқыдыңыз. Осы мақала бойынша жастар онлайн форумына «Жақынынан айырылғандар жасанды жол арқылы сол адамның генетикалық көшірмесін жасатуға мүмкiншiлiк алғаны дұрыс па, жоқ па?» деген сұрақты талқылап, қатысасыз делік. Өз көзқарасыңызды білдіріп, өмірмен байланыстырып публицистикалық очерк жазыңыз. Сөз саны: 180-200 Сіз өз жобаңыздың зерттеуі бойынша қоршаған ортаны қорғау мәселесін көтеріп, «Су тапшылығы мәселесін шешу» тақырыбында ізденіс жұмыстарыңызбен Қызылордадағы Арал теңізін зерттеуге іс-сапарға шықтыңыз. Жоба барысында Арал теңізінің табиғаты мен ондағы су тіршілігімен, жай-күйімен, бүгіні мен болашағымен танысып білдіңіз. Арал мәселесі – ғаламдық қауіпті мәселенің бірі екеніне де көз жеткіздіңіз. Зерттеу саяхатыңызды жол сапар очеркі етіп, 180-200 сөз көлемінде автор көзқарсымен баяндаңыз. Бағалау критерийі Жанрлық, стильдік, тілдік ерекшелікті және құрылымын қатаң сақтап, шығармашылық жұмыс жазу Дескриптор - тапсырманы жоғары деңгейдегі шығармашылықпен орындайды; - аудиторияны жандандырады, автор дауысын өте жарқын көрсете алады; - өз пікірін өте сенімді білдіреді; - құрылымы сәйкес және қатаң сақталған; - оқырманға ерекше әсер ету үшін көркем тіл құралдарын жүйелі қолданады; - мазмұндауы еркін, әсерлі, күрделі әсерлерге қол жеткізеді, - сауаттылығы жоғары. 6-бөлім: Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль 1-сабақ Оқу мақсаттары 10.2.4.1 Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау. Сабақ мақсаттары Ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, стильдердегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау Құндылықтарды дарыту Азаматтық тәрбие, құрмет Пәнаралық байланыс Экономика Тірек сөздер Стратегия, Елбасы, әлеуметтік тұрақсыздық, қазақ елі, әлемнің дамыған 30 елі, қоғам, маңызды міндет. Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырма 1-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап бер. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қалай нығайтуға болады? Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту үшін елімізде қандай іс-шаралар өткізіліп жатыр? 2-тапсырма. Берілген тірек сөздерге назар аудара отырып, мәтіндердің мазмұнына болжам жаса. Стратегия, Елбасы, әлеуметтік тұрақсыздық, қазақ елі, әлемнің дамыған 30 елі, қоғам, маңызды міндет. Оқылым тапсырмасы 3-тапсырма. Мәтіндерді оқып, тілдік және көркемдегіш құралдары арқылы мәтіндердің стилі мен жанрын анықта. Мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талда. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-қатерлермен бетпе-бет келуде. Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз. Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі – күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі – әлеуметтік теңсіздік. Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр. Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз. Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады. Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет – қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту. «Қазақстан-2050»: Маңызды міндет - қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптаның 14 желтоқсанында «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап Мәңгілік Ел болудың биік межелерін айқындаған еді. Оның ішінде Президент ХХІ ғасырды Қазақ елінің алтын ғасыры болатынын болжамдады. Ал мұндай игілікті кезеңнің нақты көрсеткіші етіп Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 елінің қатарына Қазақстанның шығуы тиістігін айтып, осы бағытта атқарылуы тиіс тапсырмаларды да түгендеді. Дегенмен, мұндай межелі биік асуларды еңсеру еліміз үшін оңай болмайтынын ескерген де ләзім. Олай болатын себебі Жолдау барысында Ұлт көшбасшысы жаһанға қаһары төнуі әбден мүмкін 10 сын-қатерге баса назар аудартты. Сондай сын-қатердің арасында Президент жер-жаһанда үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық мәселесіне де ерекше тоқталған болатын. «Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі – күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі – әлеуметтік теңсіздік. Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр. Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз. Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады. Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет – қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Расында, беделді халықаралық сарапшылардың басымы әзіргі әлемдік ахуалға тоқтағанда әлеуметтік мәселе әбден ушығып тұрғанын, тіпті бұны тез тұтанатын, тұрақсыздыққа тура апаратын кесел ретінде қарастырады. Соны ең алдымен мықты мемлекеттердің қаперіне салғысы келеді. Дегенмен, бұған қайрат қылуға Еуропа елдерінің өзінде де шама болмай тұрғанын аңғару қиын емес. Ал Қазақстанның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы, әлеуметінің тұрмыс-жайы баршаға мәлім. Ендеше межеленген келешек асуларда, айқындалған жаңа мақсаттарды еңсеруде әлеуметтік сипаттан туындайтын сын-қатерге ұрынбай, оны тиімді етіп жүзеге асырып, тұрақсыздық қауіптерін қалай айналып өтуге болады? Осындай маңызды сауалдарға жауапты да сол «Қазақстан-2050» стратегиясынан, яғни Елбасы айқындаған стратегиялық Жолдаудан әбден таба аламыз. Өйткені дәл осы алдағы уақытта ұстанатын әлеуметтік саясат турасында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың бақуаттығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі. Біздің қоғамда уақыт сынына төтеп бере алатын жаңартылған және әлдеқайда тиімді әлеуметтік саясатқа деген сұраныс өсіп келеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік саясаттың мінсіз және әмбебап үлгісі жоқ. Бұл барлық азаматтары сол әлеуметтік жүйеге қанағаттанатындай бірде-бір қоғамның жоқтығы сияқты. Әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттығы мәселелерін шешу – бұл әрбір қазақстандыққа әсер ететін қиын және өте маңызды міндет. Сондықтан бұл тұста әр қадам мұқият ойластырылған болуы тиіс», - деді. Бағалау Бағалау критерийі Әртүрлі стильдегі мәтіндерді салыстыра талдайды Дескриптор 1. 2. 3. 4. Мәтіндердің тақырыптарын анықтайды; Мақсатты аудиторияларын табады; Қызметі мен құрылымын салыстырады; Тілдік ерекшеліктерін салыстыра талдайды. Оқылымнан кейінгі тапсырма 4-тапсырма. Оқылым мәтіндерін басшылыққа ала отырып, қоғамдағы әлеуметтік тұрықтылықты нығайтуға арналған жоспар құр. Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль 2-сабақ Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары 10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру Үзінділер бойынша тыңдалым мәтініне болжам жасау, өз білімі бойынша тақырыпты жалғастыру. Құндылықтарды дарыту Азаматтық тәрбие, құрмет Пәнаралық байланыс Экономика Тірек сөздер Үндеу, әлеуметтік бастама, қамтамасыз ету, қолжетімді, мүмкіндік Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырма 1-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша ойыңды білдір. 1. 2. 3. Халқымыздың өмір сүру сапасы қандай деңгейде деп ойлайсың? Өмір сүру сапасын қалай жақсартуға болады? «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» туралы не білесің? 2-тапсырма. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 наурызында халыққа арналған үндеуіндегі 5 әлеуметтік бастаманы оқып, шешілу жолдарына болжам жаса. Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру». Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту». Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту». Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту». Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру». Тыңдалым тапсырмасы 3-тапсырма. Мәтінді тыңдап, көтерілген мәселені зертте, әлеуметтік бастама туралы өз көзқарасыңды білдір. Тыңдалым мәтіні: Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі мемлекет тарапынан қашанда өз азаматтарының мұң-мұқтажы мен әлеуметтік жағынан қорғалуына үздіксіз көңіл бөлетіндігін көрсетті. Бес әлеуметтік бастаманың «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беруден» басталуының өзіндік сыры бар. Себебі, «Отбасы – шағын мемлекет», демек әрбір Қазақстан азаматының «7 – 20 – 25» бағдарламасы аясында баспаналы болуы – халықтың еңсесін көтеріп, ертеңгі күнге деген сенімін арттырады. Екінші бастамада «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» мәселесі айтылған, бұл – жалақысы төмен халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген тобына жасалған үлкен жеңілдік. Жалақысына салынатын салық жүктемесінің 1 пайызға түсуі – жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ, жалақысының көтерілуіне игі ықпал етеді. Алдағы уақытта салық үдемелі болып, негізгі салмағы ірі меншік иелеріне түсетін болса, төменгі жалақының орташа мөлшерін де арттыруға болады. Үшінші бастама «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» – дер уақытында көтерілген әлеуметтік мәселе. Жастар – еліміздің болашағы. Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында төртінші өнеркәсіп төңкерісінің мүмкіндіктерін қоғамымыздың барлық саласында кеңінен қолдануды тапсырды. Сондықтан жастарға заман талабына сай, бәсекеге қабілетті жоғары сапалы білім беруіміз керек. Мемлекеттік грантты 54 мыңға қосымша 20 мың грант қосу жастарға жасалып отырған зор мүмкіндік дер едім. Студенттерге 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды жүзеге асыру, әрбір студент жастың алаңсыз жан-жақты білім алуына жағдай жасайды. Елбасының төртінші бастамасы – «Шағын несие беруді көбейту». Бұл – өз кезегінде халықты еңбекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жолы. Нәтижесінде, кәсіпкерлік дамып, жеңілдетілген шағын несие беру тұрғындардың банктерге деген сенімін арттыра түседі және жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына септігін тигізеді. Биылғы қыстың қытымыр мінезі мен халықты көмірмен қамтамасыз етудегі тапшылық, жылыту маусымында Астана ауасының ластануы Елбасының «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» атты бесінші бастамасы арқылы жан-жақты шешімін тапқалы отыр. Бұл – Қазақстанның орталық бөлігіндегі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартады. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» демекші, Елбасының қазақ халқын үнемі бірлікке шақыруы – өткеніміз бен бүгінімізді саралаудың жолы. Бүгінде Қазақстан – «беліне байлаған шоқпарды» көтере алатындай жағдайдағы әлеуеті жоғары, халқы сауатты, экономикасы мен әлеуметтік дамуы өз халқына толық қамқорлық жасай алатындай деңгейде. Елбасының «Нұр Отан» партиясы – халықтың партиясы, сондықтан бес әлеуметтік бастаманың орындалуы жолында айрықша орны бар» деуі жауапкершілікті арттырады. (Меруерт Абдыхалықова) 4-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша берілген сұрау есімдіктерін қатыстырып, сұрақ құрастыр. 1-топ: «Кім?», «Не?» 2-топ: «Кімді?», «Нені?» 3-топ: «Қайда?», «Қашан?» 4-топ: «Неліктен?», «Не себепті?» Бағалау Бағалау критерийі Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады Дескриптор 1. Үзінділер бойынша болжам жасайды; 2. Мәселенің шешілу жолдарын ұсынады; 3. Мәтінде көтерілген мәселені зерттейді; 4. Өз көзқарасын білдіреді; 5. Сұрау есімдіктерін қатыстырып, сұрақтар құрастырады. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 5-тапсырма. Өмір сүру сапасын жақсартатын 5 қағида ойлап тауып, халықтың әлеуметтік жағдайын қалай жақсартуға болатыны жөнінде 120-150 сөз көлемінде жазба жұмысын жаз. Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль 3-сабақ Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау. Мәтіндердегі терминдерді, ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау. Құндылықтарды дарыту Азаматтық тәрбие, құрмет Пәнаралық байланыс Әлеуметтану, экономика Тірек сөздер Жолдау, саяси бағыт, экономикалық өсу Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырма 1-тапсырма. Қоғамдық-саяси лексиканың ерекшелігі туралы ақпаратпен таныс. Қоғамдық-саяси лексиканың ерекшелігі – мұнда халықаралық терминдердің, саяси термин сөздердің жиі кездесетіндігі және ол тек деректі, дерексіз зат есімдер ғана емес, осы салада ғана қолданылатын іс-әрекет атаулары яғни етістіктердің жиі қолданылуы. Мысалы: қадағалау, қамтамасыз ету, реттеу, ұйымдастыру, үйлестіру, бүркемелеу, жариялау, құлдырау, қарусыздану, қаруландыру т.б. Сондай-ақ, қысқарған сөздер мен тұрақты тіркестердің жиі қолданылуы да қоғамдық-саяси мәтіндерге тән. Қоғамдық-саяси терминдер: қауіпсіздік, мемлекет, парламент, тәуелсіздік, үкімет; Әлеуметтік-саяси көзқарастағы терминдер: коммунизм, консервативті партия, демократиялық партия, лейбористік партия, либерал партиясы және т.б. 2-тапсырма. «Сөз--сөз тіркесі--сөйлем» әдісі бойынша берілген сөздерге сөз тіркесі мен сөйлем құр. Сөз Күш-жігер Егемендік Саясат Экономика Жолдау Сөз тіркесі Сөйлем Тыңдалым тапсырмасы 3-тапсырма. Мәтінді тыңдап, терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды қолданылу мақсатына қарай талда. Тыңдалым мәтіні: Қадірлі қазақстандықтар! Қымбатты отандастар! Біз бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз. Міне, біз 20 жыл бойы осы ұлы мерекені мақтанышпен атап өтіп келеміз. 1991 жылғы 16 желтоқсанда біз – Қазақстан халқы – егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды. Сол кездері, сапарымыздың басында бәрі басқаша болды. Енді біздің ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында ел танымастай болып өзгерді. Біз бүгін – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз. Біздің алғы шепті алуымыз қымбатқа түсті. Ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды. Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр. Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру. Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады. Дәл осы себептен де Тәуелсіздік күні қарсаңында, қымбатты менің отандастарым, мен сіздерге жаңа Жолдау ұсынып отырмын. Бұл – еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдауым. Бұл – жаңа саяси бағыт. І. ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАЗАҚСТАН – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы. Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын қабылдадық. Бұл 1997 жыл – кеңестік кезеңнен кейінгі бей-берекеттік түбегейлі еңсерілмеген, дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азияны және басқа да кейбір нарықтарды сансыратқан кезең болатын. Бізге де аса қиын соқты. Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді. 1997 жыл естеріңізде ме? Парламентте мен сөз сөйлегеннен кейін абдырау мен абыржу болды. Көпшілік: «Бұл не – насихат па? Әлде аспаннан түскен нәрсе ме?» деп сауал қойып жатты. Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін. Дегенмен «көз қорқақ, қол батыр» дейді ғой. Біздің алдымызда оқиғалар барысына өзгеріс енгізу сияқты ауқымды міндет тұрды. Жаңа елдің іргесін қалау керек болды. Ол міндетті шешу үшін біз үш бірдей жаңғырту жүргізуге тиіс едік: мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту. Біз өзіндік жолымызды айқындауға тиіс едік. Бұл жол "Қазақстан2030" Стратегиясында белгіленген болатын. Бұл құжат стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді пайымдаған, көзқарасымыздағы маңызды серпіліс болды. Халық нақылында айтылғандай: «Мақсат – жетістіктің желкені». Орынды мақсаттар ғана табысқа жеткізеді. Бүгін дұрыс таңдау жасағанымыз туралы айту мен үшін үлкен абырой. 2008-2009 жылдардағы жаһандық дағдарыс осыны айғақтады. Қазақстан оған төтеп берді. Дағдарыс жетістіктерімізді сетінете алған жоқ, бізді қуатты ете түсті. Біз таңдаған ел дамуының саяси, әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси үлгісі өз тиімділігін дәлелдеді. 4-тапсырма. Мәтінді екінші рет тыңдап, берілгені кестені толтыр. Жолдау тақырыбы Әлеуметтік-саяси терминдер Қоғамдық-саяси терминдер Бағалау Бағалау критерийі Дескриптор Мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды 1. Терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды қолданылу мақсатына қарай талдайды; 2. Жолдау тақырыбын анықтайды; 3. Әлеуметтік-саяси терминдерді табады; 4. Қоғамдық-саяси терминдерді табады. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 5-тапсырма. «Жолдау қарапайым халыққа не береді?» деген тақырыпта өз пікіріңізді «Төрт сөйлем» әдісі бойынша жаз. Пікір Дәлел Мысал Қорытынды Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль 5-сабақ Оқу мақсаттары 10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, аргументативті эссе) 10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу Сабақ мақсаттары Тақырыпқа байланысты клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай отырып, аргументативті эссе жазу. Құндылықтарды дарыту Құрмет, ынтымақтастық Пәнаралық байланыс Тіл білімі Тірек сөздер Әдеби тіл, тілдік жүйе, стиль, сөз мәдениеті Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымалды тапсырма 1-тапсырма. «Сөздік гол» әдісі бойынша берілген сөздердің анықтамасын жазып, сөйлем құрастыр. Сөздер мен сөз тіркестері Анықтамасы Сөйлем Қарым-қатынас Жүйе Әдеби тіл Сөз мәдениеті Ереже 2-тапсырма. Тілдік жүйе және стиль туралы мәтінмен танысып, негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазып ал. Тілдік жүйе табиғи тілдің ішкі заңына лайық (үйлес), сөздік құрам мен грамматикалық құрылыстың тұрақты қарым-қатынасқа түскен элементтерінің бірлігі мен тұтастығы. Тіл белгілі бір жүйе ретінде өмір сүреді. Тілдік жүйе сөздердің әртүрлі өзгеріске түсу мен сөйлемде тіркесу заңдылықтарын анықтайды. Тіл – сөздер мен сөз тіркестерінің белгілі бір заңдылыққа құрылған тұрақты жүйелерінің жиынтығы. Тілдік жүйе тұтас бүтін, ал оның құрамындағы әр бөлік (компонент) бүтіннің бөлшегі. Әр бөлік өз алдына оңашаланбайды, жүйенің өзге бөлігіне қарама-қарсылықта түзіледі. Сондықтан да тілдік жүйенің әр бөлігі тілдік жүйе мәні (қызметі) тұрғысынан қарастырылады. Тіл таңбалар жүйесінің ерекше түрі. Ол екі қалыпта жүйеленген. Бірі тілдік тұлғалар қатынасының «тік қалыпта жүйеленген ережелері мен заңдары». Tap мағынада алғанда, бұл сөз қосымшалары жүйесі (морфологиялық парадигма: бала, бала-ның, бала-ға, бала-мен, т.б.). Кең мағынада алғанда, бұл тіл деңгейлерінде (морфология, синтаксистік, лексикалық, сөзжасам) «тік» қалыпта орныққан тілдік жүйе жиынтығы. Екіншісі тілдік тұлғалар қатынасының «көлденең» байланыста қалыптасқан жүйесі. «Көлденең» қалыпты жүйені нақты байқауға болады (қанағат-тан-дыр-ар-лық). Бір сөйлемдегі сөздерді дауыс ырғағымен бөлу арқылы сөйлеуші хабарламаға қатынасын білдіріп отырады (Асан / Меркеге Алмамен барады, Асан Меркеге / Алмамен барады, Асан Меркеге Алмамен / барады). «Көлденең» қалыпты жүйе тілдің әртүрлі деңгейінде бой көрсетеді. Тілдік жүйе тілде жоқ болатын құбылысты да қабылдайды Тілдік стиль – айтайын деген ойды неғұрлым әсерлі жеткізу мақсатында жалпыхалықтық тілдің сөз байлығын талғап қолдану тәсілінің бір түрі. Тілдік стиль стилистикадағы негізгі категория болып табылады. Стиль түрлері өзара үнемі қарым-қатынасқа түсіп, бір-біріне ауысып, тілдің ішкі мүмкіндігі арқылы үздіксіз жетіліп отырады. Тілдік стильдер Қазіргі дамыған ұлт тілдерінде стильдің 3 негізгі түрі бар: 1. бейтарап стиль 2. кітаби стиль 3. қарапайым сөйлеу тілінің стилі. Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану. Жазылым тапсырмасы 3-тапсырма. Қоғамдағы тілдің мәні мен маңызы, оның адам өміріндегі орны, шығу тегі мен қалыптасуы, дамуы жөнінде не айтар едіңіз? «МЕН-ТІЛ-ҚОҒАМ» тақырыбында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, өз ойыңызды дәлелдеп аргументативті эссе жаз. Бағалау Бағалау критерийі Дескриптор Тақырыпқа байланысты клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай отырып, аргументативті эссе жазады. 1. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады; 2. Сөзжасамдық, синтаксистік нормаларды сақтайды; 3. Өз ойын дәлелдеп жазады; 4. Эссе құрылымын сақтайды. Жазылымнан кейінгі тапсырма 4-тапсырма. «Еркін микрофон» әдісі арқылы жазған эсселерін оқиды. Оқушылар бірбірінің жазба жұмыстарын «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы бағалайды. «Мадақтау сэндвичі» әдісі 1-бөлік: Позитивті комментарий, не ұнады; 2-бөлік: Сындарлы сын, нені жақсарту керек; 3-бөлік: Келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы... Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль 5-сабақ Сабақ мақсаттары 10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды талдау Құндылықтарды дарыту Құрмет, ынтымақтастық Пәнаралық байланыс Әлеуметтану, саясаттану Тірек сөздер Бай мен кедей, әйел мен ер, гендерлік теңсіздік, тапқа бөліну, тілдік жүйе, стиль Оқу мақсаттары Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырма 1-тапсырма. Сұрақтарға өз көзқарасыңды білдіріп жауап бер. Әлеуметтік теңсіздік дегеніміз не? Бай мен кедей деген болмаса, «байлықтан не қайыр, кедейліктен не залал»? Әйел адамның темір балқытып, шойын қайнатқанына, шахта тұрғызып, көмір қазғанына қалай қарайсың? Теңсіздіктің расында да экономикаға зияны бар ма? «Ақылсыз адам бай бола алмайды» деген пікірмен қаншалықты келісесің? Мемлекеттік денсаулықты сақтандыру теңсіздікті жоя ала ма? Оқылым тапсырмасы 2-тапсырма. Суреттердегі негізгі ақпараттарды анықтап, көтерілген мәселені тап. Қазіргі өмірмен байланыстырып, қоғамдағы көрінісіне нақты мысалдар келтіріп сипаттама бер. Бағалау Бағалау критерийі Дескриптор Сұрақтарға жауап беріп, өз ойын білдіре алады; Графиктік мәтіндердегі 15. 16. Суретте көтерілген мәселе мен негізгі ақпараттарды ақпараттарды талдай анықтайды; алады 17. Суреттегі оқиғаны шынайы өмірмен байланыстырады Жазылымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма. Жазған жұмысыңды сынып алдында қорға. Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль 6-сабақ Сабақ мақсаттары 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау Екі түрлі стилдегі мәтіндерді салыстыра талдау Құндылықтарды дарыту Құрмет, ынтымақтастық Пәнаралық байланыс Әлеуметтану, саясаттану Тірек сөздер Бай мен кедей, әйел мен ер, гендерлік теңсіздік, тапқа бөліну, тілдік жүйе, стиль Оқу мақсаттары Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды жаттығулар 1-тапсырма. Публицистикалық және көркем әдебиет стиліне қатысты алған барлық біліміңізді ВЕНН диаграммасына түсір. Стильдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазып шық. Оқылым тапсырмасы 2-тапсырма. Берілген мәтіндерді оқып, салыстырып, төмендегі сипаттарына қарай талдау жаса. Тақырыбы мен идеясы Аудиториясы мен мақсаты Құрылымы мен тілі (сөз, сөйлем, мәтін деңгейінде) 1-мәтін Дәстүрден таймаймын деп кедейленген ХХ ғасырдың қазағы алып қашу дәстүрін дамытса, ХХІ ғасырдың қазағы бар салт-дәстүрді ұстанамын деп «несиеленіп» жүр. Бұл жерде «алып қашу» дәстүрін өткен ғасырдың туындысы деп білу қажет. Сәкен Жүнісовтың «Ақан серісін» алайық: Құлагердің шабандозы – он алты жасар жас жігіт. Жарыстан соң, түскен олжаға қалың малын беріп, сүйгеніне қосылмақ. Сонда кедейленген (кедейлену теориясы кейінірек баяндалады) жас жігіт «сүйгенін неге алып қашпайды» деген сұрақ туындайды. Алып қашып, бар сый-кәде, жоралғыдан айналып өтпей ме?! Оған сол романда баяндалған Ақан серінің қыз алып қашқан уақиғасын тепетеңістірейік. Басқаға атастырылып қойған қалыңдықты ұрлаған Ақан қыз ақысын одан бірнеше мәрте артық төлеп, бай Ақан ауылы жарлы кедей ауылына айналды. Не болмаса Қалқаман-Мамырды алайық – жеті атаға дейін бас қосуға болмайтын талапты орындамай қашқан қос ғашық. Қызды алып қашу мысалдары әдебиет пен тарихта байқағанымыз мынаған саяды: көшпелілерде Қызды алып қашу – оның алдында орын алған жоралғыны бұзу (я атастырылған қызды ұрлау, я дәстүрге сай келмегенде) немесе кек алу (Шыңғысханның мысалында). Жат жұрттық деп тәрбиеленген қызды құтты орнына қондыру – ата-ананың ұлкен парызы, ал құда – Құдайындай сыйлайтын, барлық «назын» көтеретін жамағат. Әрбір қазақ қызының, қарындасының бар сыйжоралғымен үйден ұзатылғанын қалаған. Тойдан бөлек, қазақтағы «әлеуметтік» мәдениет үлгісіндегі әлеуметтік теңдіктің мысалдарының үлкені құн төлеуден басталып, кішісі «сүйіншімен» аяқталады. Ортада мал атау, жиенқұрық, қонағына ат жабу дәстүрлері бар (Қазақтың ұнаған, сүйсінген адамына «мал атауының» өзі бір ғанибет емес пе?! Қай ұлтта бар ондай? Кедей тұрған ұлтта бола қоймас). Дүние есігін ашқаннан бастап дүнеден өтерге дейінгі қазақтың тойы бітпеген. «Отыз күндік ойны, қырық күндік тойының» аламаны бар, бәйгесі бар, жарысы бар, күресі бар, жеңімпаздарға тиетін сыйлығы бар – бұл дүниеге қонақ болып келген қазақ тойлаудың да, берудің де қасиетін керемет ұққан-ды. «Мәдениеттілік үдерісі туралы» еңбегінде Н. Элиас этикет жайлы керемет пікірін білдіреді. Оның айтуынша, этикет – адамдардың аса мәдениетті, яғни материалдық жағынан жоғары тұрғанын көрсетудің амалы. Сол себепті Еуропада бай адамдардың дастарханынан майлық (салфетки) ғана емес, үш-төрт шаңышқы, екі пышақ, үш стақан сынды ыдыстарды көруге болады (шынтуайтына келгенде әрбір асүй аспабының бір данасы жеткілікті). Бір сөзбен айтқанда ол кедей адам байдың үйінде нені қалай пайдалану керектігін білмейді, яғни этикет нормалары кедейге өз орнын көрсету үшін ойлап табылған (Титаник фильміндегі кей эпизодтарды еске түсіріңіз). Ал әрбір қазақ ентаңбасыз төрт түлікті (байлықтың басты формасы) түр-түсімен, жасымен, мінезімен айыра білген. Әрбір! Осы кездегі қарт-қариялар, не болмаса ауыл тұрғындары сол қасиетін сақтап келсе – бұл айғақ қой! Егер бұл төрт түлік «таңдаулы» байларда болса, онда ол майлық пен үш-төрт шаңышқының кейпіндегі ерекшелік болмай ма? http://ult.kz/post/aleumettik-tensizdik-afsanasy-khakynda үзінді 2-мәтін: Қалада үш қабатты зәулім үйде тұратын шіріген байлардың бірі ұлын ауылға апарып бірекі апта боп қайтыпты. Өзінше кедейлердің өмірін көрсетпекші болыпты. Үйіне келгесін әкесі ұлынан сұрапты: – Шағын саяхат ұнады ма? – Иә, әрине! – Кедейлер қалай тұратынын көрдің бе? – Әлбетте! – Ал, енді шағын саяхаттан не түйдің, не байқадың? – Байқағаным, біздің үйде бір ит, ал оларда төртеу. Біздің хауызымыз баққа дейін ғана, ал олардың өзен-көлдерінің шеті-қиыры жоқ. Біздің аулада түнде мұхит асып келген шамдар жанып тұрады, ал олардың бақтарында жұлдыздар жарқырайды. Біздің аулада серуендеуге болатын жер шектеулі, қақпадан шығуға болмайды, оларда көз жетпес жазық дала бар. Біздің үй тұрған жер өлшеулі, олардың жері көкжиекпен таласып тұр. Біз тамақтың барлығын сатып аламыз, оларда азық-түліктің барлығы өздерінікі. Біздің үйді үлкен тас қоршап, қорғап тұр, оларды жан-жағынан достары қоршап жүреді. Әке біз расымен кедей екенбіз ғой?! Әкесі бұл жауаптарға аң-таң қалыпты. https://www.qamshy.kz/article/bay-men-kedey.html Бағалау Бағалау критерийі Екі түрлі стилдегі 18. мәтіндерді салыстырып, 19. Дескриптор Мәтіндерді оқиды, түсінеді; Тақырыбы мен идеясына, мақсаты мен аудиториясына, талдай алады құрылымы мен тіліне талдау жасайды; 20. Мәтіндердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Оқылымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма. Мәтіннен матаса, қабыса, жанаса, меңгере және қиыса байланысқан сөз тіркестеріне мысал келтір. Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль 7-сабақ 10.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу; Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды салыстыра отырып, мәтін құрылымын сақтап, мәселенің маңызды тұстарын талдап жазу Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Құрмет, ынтымақтастық Пәнаралық байланыс Әлеуметтану, саясаттану Тірек сөздер Бай мен кедей, әйел мен ер, гендерлік саясат, гендерлік теңсіздік, тапқа бөліну, экономиканың құлдырауы, жалпы ішкі өнім Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымалды тапсырма 1-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерге қатысты өз ойыңды білдір. Алтын басты әйелден, бақа басты еркек артық. Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін. Әйел бастаған көш оңбас. Кедей бай болсам дейді, бай құдай болсам дейді. Малы жоқ деп ерден түңілме, Егіні жоқ деп жерден түңілме. Аш бала тоқ баламен ойнамайды, Тоқ бала «Аш болам» деп ойламайды. 2-тапсырма. Графиктік мәтіндегі және суреттердегі ақпараттарды іріктеп салыстыр. Жазылым тапсырмасы 3-тапсырма. Талданған, талқыланған, түрлі формада берілген ақпараттарды қолдана отырып, «Әлеуметтік теңсіздіктің ел үшін қандай әсері бар?» тақырыбында 140-170 сөз көлемінде жазба жұмысын жаз. Өз аргументтерің бен дәлелдеріңді ұсынып, мәселені барынша талда. Бағалау Бағалау критерийі Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды салыстыра отырып, мәтін құрылымын сақтап, мәселенің маңызды тұстарын талдап жаза алады Дескриптор 21. Мақал-мәтелдерге қатысты өз ойын білдіре алады; 22. Түрлі формада берілген ақпараттарды іріктеп, оны салыстырады; 23. Алған ақпараттарды қолдана отырып берілген тақырыпқа жазба жұмыс жаза алады; 24. Құрылымы мен тілдік ерекшелігінен ауытқымай, сөз санын сақтайды Жазылымнан кейінгі тапсырма 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. Танымымыздағы ер адам мен әйел адамның бейнесі қандай? Ер адам мен әйел адамға ортақ және бір-біріне жат мінездер бола ма? Бай мен кедейге бөлудің жақсы тұсы бар ма? 7-бөлім: Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер 1-сабақ Сабақ тақырыбы Оқу мақсаттары Сәулет өнерінің құндылығы 10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру; 10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу. Тыңдалым мәтініндегі көтерілген мәселені жан-жақты талдау, Сабақ негізгі ойды анықтау және әлемдік мәселелермен ұштастыру; мақсаттары Айтылым барысында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс әрі нақты сөйлеу. Құндылықтарды Патриоттық сезім, өнерге баулу, құрмет дарыту Қазақ әдебиеті, тарих, бейнелеу өнері Пәнаралық байланыс Сәулет өнері, архитектура, жәдігер, туынды, мүсін, саз Тірек сөздер Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырма 1-тапсырма. «Серпілген сауалдар» әдісі арқылы берілген сұрақтарға жауап беріңдер. Сәулет өнерінің құндылығы неде? Сәулет өнері ескерткіштері тарихтан қандай сыр шертеді деп ойлайсың? Еліміздегі архитектуралық ескерткіштерді ата. Сәулет өнерінің Қазақстан жеріндегі түрлеріне тоқтал. 2-тапсырма. Сәулет өнері туралы қандай мәлімет білесіңдер? Сәулет өнері туралы қысқаша түсінікпен танысып, сыныпта шағын талқылаңдар, пікір білдіріңдер. Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әртүрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам, Отырар, Созақ, Түркістан, Алмалық сияқты ірі қалаларда архитетуралық ескерткіштер көптеп салынған. Ахмет Байтұрсынов адамзат тарихындағы бес өнерді атап көрсеткен. Оның біріншісі – сөз өнері, екіншісі – сәулет өнері, үшіншісі – мүсін өнері, төртіншісі – сурет, бесіншісі – би, саз өнері деп бөлген екен. Тыңдалым тапсырмасы 3-тапсырма. Тыңдалым мәтініндегі көтерілген мәселені жан-жақты талдай отырып, негізгі ойды анықта және ғаламдық мәселелермен байланыстыр. Тыңдалым мәтіні. Сәулет өнері адамдардың өмірі мен қызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар, сондай-ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қай елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер түрі қалай аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын – «сәулет өнері» немесе «архитектура» дейді, грек тілінен аударғанда «аға құрылысшы» деген мағына береді. Архитектура деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру. Сәулет өнері асқан шеберлікті қажет етеді. Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша «Сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын 3 қасиет болуы керек» деген. Олар: беріктік – инженерлік есеп; қолайлылық – тұрмыс жағын білуге байланысты; әдемілік – талант-талғамға байланысты. Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысты. Қазіргі заманда адамдар сәулетті де салтанатты өмір сүргілері келеді. Сондықтан сәулет өнері де адамдардың талғамына қарай дамып отырады. Сіздер білесіздер, бүгінгі күні сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз байланысты. Әдемілік шарттарын ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана, суреткерлік ой керек. Адам баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Олар үйді қамыстан, балшықтан, ағаштан, тал шыбықтардан салған. Тіпті су айдынында да үй тұрғызып үйренген. Ғасырдан ғасырға мұра болып келген сәулет өнері туындылары архитектуралық ескерткіштер қатарына жатады. Бағалау Бағалау критерийі Тыңдалым мәтініндегі көтерілген мәселені жан-жақты талдайды, негізгі ойды анықтайды және әлемдік мәселелермен ұштастырады; Айтылым барысында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс әрі нақты сөйлейді. Дескриптор 1. Көтерілген мәселеге пікір білдіреді; 2. мәтіндегі негізгі ойды анықтайды; 3. негізгі ойды ғаламдық мәселелермен байланыстырады; 4. сөйлеу әдебін сақтайды; 5. сөз саптауы дұрыс. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 4-тапсырма. «Блум түймедағы» әдісі бойынша сұрақтар құрастыр. Жұбыңның сұрағына нақты дәлелдер арқылы жауап бер. Жай сұрақ Нақтылау сұрағы Егер мен сені дұрыс түсінсем, ...? Неге сүйеніп бұндай тұжырым жасайсың? Тәжірибелік сұрақтар Күнделікті өмірде ...? Неге? Бағалау сұрағы ... сүйенген дұрыс па? Не себепті? Шығармашылық сұрақ Егер сенің өміріңде ... қалай шешер едің? Қорытынды сұрақ ... неліктен маңызды және ол қандай салдарға алып келуі мүмкін? 7-бөлім: Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер 2-сабақ Сабақ тақырыбы Қазақ сәулет өнерінің дамуы Оқу мақсаттары 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау. Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиториясын, мақсаты мен мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау. Сабақ мақсаттары Құндылықтарды Патриоттық сезім, өнерге баулу, құрмет дарыту Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті, тарих, бейнелеу өнері Тірек сөздер Сәулет өнері, архитектура, жәдігер, туынды, мүсін, саз Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырма 1-тапсырма. Төрт стильдің (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) ерекшелігі туралы топта жұмыс жасап, постер әзірлеңдер. Сынып алдында өз жұмыстарыңды қорғаңдар. Әр топ өзге топты тыңдай отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізіңдер. Мәтіннің мақсаты/мазмұны Мәтіннің стилі/жанры Мақсатты аудиториясы Мәтіннің типі/формасы Тілдік ерекшеліктері Мәтін деңгейі: Сөйлем деңгейі: Сөз деңгейі: Оқылым тапсырмасы 2-тапсырма. Мәтіндерді оқып шығып, стилі мен жанрын, мақсатты аудиториясын, мақсаты мен мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдаңдар. 1, 2-топтар: 1-мәтін 3, 4-топтар: 2-мәтін 1-мәтін Қазақ сәулет өнері қашан дамиды? Сәні мен салтанаты келіскен зәулім ғимараттарды салудан кейбір мемлекеттерден үйренетініміз аз емес. Әлемнің бірқатар елдері қазіргі заманға сай тұрғын үйлер мен өзге де дүниелерді салуда кісі қызығатын деңгейге көтеріліп кетті. Тіпті төбесі зеңгір көкке тиіп тұрған ғимараттар да қолы алтын архитектордың қиялынан туған дүниелер емес пе? Соларды көргенде, еріксіз ойға қалып, біздің еліміз осындай жетістікке қалай қол соза алады деп ойға кетеміз. Шынында да, біздің бүгінгі талғамға сай зәулім ғимараттар салуға келгенде неге кежегеміз кейін тарта береді? Салқар Сарыарқаның төрінде орын тепкен әсем Астанамыз күннен күнге жасанып, талай адам көз сұқтанып қарайтын әдемі аруға ұқсап келеді. Бұл біздің жүрегімізге жылылық ұялатып, мерейімізді өсіреді. Осылайша еңсеміз биік болып отырған сәтте «Бұл қаланың архиектуралық келбетін кім жасап жатыр» деген сауал көкейге тіреліп, ойымызға маза бермейтіні тағы бар. Расында, қазақтың гүл-гүл жайнаған, әсемдігімен көз тартқан, кескін-келбеті өзгеше елордасының сәулеттік келбетіне кімдер жауап береді? Біз бұл іске белгілі шетелдік сәулетшілер шақырылғанын бәріміз білеміз. 2002 жылы Астана қаласында ашылып, бас қаланың басты символының біріне айналған «Бәйтерек» монументін ағылшын архитекторы Норман Фостер жасағанын жұртшылық ұмыта қойған жоқ. Бұл азамат 2000 жылы әлемдегі 100 ұлы сәулетшінің бірі атанды. Осының өзі оның беделі биік екенін аңғартып отыр. Ол жер шарындағы Лондон, НьюЙорк, Манчестер, Мәскеу, Гонконг пен Берлин секілді шаһарларының шырайын кіргізуге белсене атсалысты. Олардың қатарында әлемдегі ең жас елорданың бірі – Астананың да болуы бізді қуантады. Сондай-ақ, жапон сәулетшісі Кисе Курокава да біздің негізгі ордамыздың бас жоспарын жасауға атсалысты, халықаралық деңгейдегі әуежайдың сәулеттік жобасын жасады. Қысқасы, Астананың сәулеттік келбетінің жақсаруына шетелдік архитекторлардың еңбегі ерекше сіңді деп айта аламыз. Архитектура бізге тың сала емес. Қаншама жылдан бері бұл салада жемісті еңбек еткен азаматтар баршылық. Солардың оң тәжірибесін пайдалана отырып, бүгінгі заман талабына сай сәулетітк өнердің өрісін кеңейтуге көңіл бөлгеніміз орынды болар еді. Біздің жастарымыз қай нәрсені де тез қағып алатын зерек жастар емес пе? Жалпы, архитектура саласын өнер ден санап, оған жетіклікті деңгейде мән бергеніміз жөн. 2-мәтін Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ақыны, жазушы, белгілі сәулеткер Сайын Назарбекұлымен сұхбат. Сәлеметсіз бе, Сайын аға, бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет дейді. Енді сіз бір жұмысқа кірісер алдындағы тәуекелділігіңіз жөнінде айтып берсеңіз. Амансың ба, шырағым. Егер де мал керек болса, қолөнер керек. Өнердегі әрбір шығарма өмірдің жаңа бір қырын ашып бергенде ғана нағыз өнерге жатады. Істі бастамас бұрын жан-жақты ойланамын. Мүмкін тәуекелшілігім осы шығар... Таңдап алған тағдырыңыз сәулеткерлікпен қатар ақындықтың ақ жолы болды. Бойда бұл қасиеттің бар екенін қашан білдіңіз? Мен осы шаруалардан қол босаған сәттерде өлең, әңгіме жазумен де жұмыстанамын. Алғашқы 4-5 шумақ өлеңімді 46 жасқа толған кезімде жазған екенмін. Шамасы, поэзия мені сүйген болуы керек. Әлі күнге дейін қаламымның сиясы сарқыраған емес. Сіз бір сұхбатыңызда Сарайшықтан басқа да көне қалаларға (Отырар, Түркістан, Тараз) ескерткіш орнату ойыңызда бар екенін айтыпсыз. Енді сол ойыңызды қашан жүзеге асырасыз? Сол кезде айтқанмен де, қазір ол ойды қозғап жүрген жоқпын. Осы қос өнеріңіз балаларыңызға, немерелеріңізге дарыған ба? Мен өзім күй тыңдаудан ләззат аламын, күйдің әсерінен көптеген ойлар да туындап жатады. Жиенім Абай қазіргі таңда Алматыда, консерваторияда домбыра факультетінде оқиды. Домбырада жақсы ойнайды. Ал, ұлым Нұрлан сәулетшілік өнерімді жалғап келеді. Өнер идеясыз өмір сүре алмас дегендей мен Нұрланға ескерткіштер бастауда бағыт беріп отырамын. Сарайшық ескерткішінің сызбасын мен сызып көмек бердім, бірақ құрылысшысы Нұрлан болатын. Бүгінге дейін жасалған дүниелеріңіздің ішінде ойыңыздан шықпай қалғаны бар ма? Жоқ. Біткен істің міні жоқ, Бітірген ердің кемі жоқ,- дегендей осы еңбектерімнен рақат аламын. Аға, менімен риясыз әңгімелескеніңізге көп рақмет! Рақмет, айналайын! Сен де бақытты бол. Бағалау Бағалау критерийі Дескриптор Әртүрлі стильдегі мәтіндердің 1. мәтіндердің мақсаты мен мазмұнын ерекшелігін салыстыра талдайды. анықтайды; 2. көзделген аудиториясын табады; 3. стилі мен жанрын анықтап, дәлелдейді; 4. тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды; 5. екі мәтіннің ұқсастығын табады. Оқылымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма. Әр топ өз талдауларыңды қабырғаға іліңдер, қалған топтар оқып, комментарий жасаңдар, мәтіндерді салыстыра талдау бойынша бір-біріңді ауызша бағалаңдар: мақсаты мен мазмұны: стилі: жанры: көзделген аудиториясы: типі мен формасы: тілі: 7-бөлім: Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер 3-сабақ Сабақ тақырыбы Еліміздегі сәулет өнерінің көрсеткіші Оқу мақсаттары 10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау. Тұтас емес мәтіндердегі ақпараттарды талдау, сандық және статистикалық сипаттамаларды саралау. Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Патриоттық сезім, өнерге баулу, құрмет Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті, тарих, бейнелеу өнері Тірек сөздер Сәулет өнері, архитектура, жәдігер, туынды, мүсін, саз Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырма 1-тапсырма. Мәтін түрлері туралы ақпаратпен танысып шығыңдар. Тұтас, тұтас емес, аралас мәтіндердің әрқайсысына үлгі мәтіндер ұсыныңдар. Тұтас мәтін Тұтас емес мәтін Аралас мәтін көркем әдебиет мәтіндері, репортаж, өлең, пьеса, мақала, заң, ғылыми негіздемелер, нұсқау, т.б. графика, кесте, диаграмма, сурет, жарнама, сканворд, хабарландыру, карта, сауалнама, т.б. тұтас және тұтас емес мәтіндердің сипатын біріктіреді. Оқылым тапсырмасы 2-тапсырма. Топта графиктік мәтіндердегі ақпараттарды талдап, сандық және статистикалық мәліметтерді саралаңдар, негізгі үрдістерді анықтаңдар. Әр топ өз мәтіндеріңдегі сөздер мен ұғымдарды, сандық сипаттамаларды анықтап, өзге топтарға оның мәнін түсіндіріңдер. Бағалау Бағалау критерийі Дескриптор Тұтас емес мәтіндердегі 1. графиктік мәтіндердегі ақпараттарды жанмәліметтерді талдап, үрдістерді жақты талдайды; анықтайды 2. сандық және статистикалық сипаттамаларды саралайды; 3. ақпараттардың негізгі мәнін түсіндіреді; 4. мәтіндегі мәліметтердің барлығын қамтиды. Оқылымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма. Өз қалаңдағы ғимараттар мен құрылыс нысандарындағы сәулет өнерінің көрінісі қандай? Ойыңды «ПОПС» формуласы арқылы білдір. Менің ойымша... Себебі, мен оны мен былай түсіндіремін... Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын... Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім... 7-бөлім: Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер 4-сабақ Сабақ тақырыбы Стильдік ерекшеліктер Оқу мақсаттары 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу. Стильдік және жанрлық ерекшеліктерді сақтай отырып, нұсқаулық жазу, тілдік құралдарды орынды қолдану. Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Патриоттық сезім, өнерге баулу, құрмет Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті, тарих, бейнелеу өнері Тірек сөздер Сәулет өнері, архитектура, жәдігер, туынды, мүсін, саз Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымалды тапсырма 1-тапсырма. Топ ішінде «Нұсқау» сөзінің мағынасын талқылаңдар. «Нұсқаулық деген не? Оны қайдан кездестірдіңдер? Нұсқаулық қандай мақсатта жазылады?» деген сұрақтар төңірегінде әңгімелесіңдер. Нұсқаулық жанры туралы қысқаша түсінікпен танысып шығыңдар. Нұсқаулық дегеніміз - 1. Әлденені орындау, жүзеге асыру тәсілі мен тәртібін бекітетін тәртіптер жинағы. 2. Жалпы алғанда нұсқау. 3. Жоғарғы басшылықтың бұйрықтары немесе басқа мемлекеттік органның заңнамалық, актінің қолдану тәртібін анықтау және түсіндіру мақсатында шығарылатын заңдық күші бар кұқықтық акт. Жазылым тапсырмасы 2-тапсырма. Нұсқаулықтың стильдік және жанрлық ерекшелігін сақтай отырып, әртүрлі мақсатта нұсқаулық жазыңдар. 1-топ: Бас сәулетші лауазымына қатысты нұсқаулық жаз. 2-топ: Бас қаламыз Астанамыздағы ғимараттардың безендірілуіне қатысты нұсқаулық жаз. 3-топ: Кез келген ғимараттың өміршеңдігін арттыру бойынша нұсқаулық жаз. Бағалау Бағалау критерийі Дескриптор Стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазады. 1. Нұсқаулық жазуда стильдік және жанрлық ерекшеліктерді сақтайды; 2. Тиісті тілдік құралдарды орынды қолданады; 3. Нұсқаулық жазу мақсатын айқын көрсетеді; 4. Орфографиялық нормаға сай жазады. Жазылымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма. «Карусель» әдісі арқылы топтар бір-біріңнің жұмыстарын алмастырып оқыңдар. Бір-біріңнің жұмыстарына логикалық түзетулер енгізіңдер, редакциялаңдар, өңдеңдер. Дескрипторларға сай жазылмаған тұстарын өзге түсті қаламмен белгілеп отырыңдар. Соңында топтар өз жұмыстарыңа қойылған белгінің не түзетудің қандай мақсатта салынғанына назар аударыңдар. Белгі салған топтармен сөйлесіп, нұсқаулықтың стильдік және жанрлық ерекшеліктерін, тілдік бірліктердің дұрыс жазылу жолдарын талқылаңдар. 7-бөлім: Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер 5-сабақ Сабақ тақырыбы Астананың сәулетті орындары Оқу мақсаттары 10.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу. Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі мәліметтерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап, жинақы мәтін жазу. Сабақ мақсаттары Құндылықтарды Патриоттық сезім, өнерге баулу, құрмет дарыту Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті, тарих, бейнелеу өнері Тірек сөздер Сәулет өнері, архитектура, жәдігер, туынды, мүсін, саз Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымалды тапсырма 1-тапсырма. Мәтіннің үш типімен (сипаттау, баяндау, пайымдау) танысып шығыңдар. Әр типтегі мәтіндердің ерекшеліктері туралы айтып, мысал келтіріңдер. Жазылым тапсырмасы 2-тапсырма. Астананың көрікті жерлері бейнеленген суреттерге мұқият зер салыңдар. Суреттегі деректерді салыстырып, «Астана қаласындағы сәулет өнерінің дамуы» тақырыбында сипаттау, баяндау, пайымдау мәтінін жазыңдар. Жазылым мәтінінің типін таңдауға құқығыңыз бар. «Астана – Бәйтерек» кешені «Думан» ойын-сауық кешені «Отан Ана» кешені «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы Бағалау Бағалау критерийі Дескриптор Суреттердегі деректерді салыстырады, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады. 1. сипаттау, баяндау, пайымдау мәтіндерінің ерекшеліктерін сақтап жазады; 2. мәтін құрылымын сақтайды; 3. суреттердегі мәліметтерді салыстырады; 4. маңызды тұстары мен үрдістерді талдайды; 5. тақырыпқа сай жинақы мәтін жазады. Жазылымнан кейінгі тапсырма 4-тапсырма. «Ыстық орындық» әдісі арқылы жазылым мәтіндерін сынып назарына ұсыныңдар, тыңдаушы топ ауызша бағалап, кері байланыс беріңдер. 8-бөлім: Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация 1-сабақ Сәулет өнерінің экономикалық маңызы Сабақтың тақырыбы 10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе); 10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу. Жанрлық ерекшелікті сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша өз Сабақ ойын дәлелдеп дискуссивті эссе жазу, қажетті клишелер мен мақсаттары лексикалық құрылымдарды қолдану; Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу. Құндылықтарды Патриоттық сезім, өнерге баулу, құрмет дарыту Оқу мақсаттары Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті, тарих, бейнелеу өнері Тірек сөздер Сәулет өнері, архитектура, жәдігер, туынды, мүсін, саз Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымалды тапсырма 1-тапсырма. Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу мақсатында берілген тілдік ұғымдар бойынша үлгіге сүйене отырып, топта ментальді карта жасаңдар, өз жұмыстарыңмен бөлісіңдер. 1-топ: Сөзжасам 2-топ: Сөз құрамы 3-топ: Сөз тұлғасы 4-топ: Сөздің түрлері 2-тапсырма. Эссе жазуда ескерілетін жайттар мен эссенің құрылымын еске түсіріңдер. Кестедегі ақпаратты жинақы мәтінге айналдырып жазыңдар. Эссенің құрылымын (кіріспе – 30% көлемі, негізгі бөлім – 60% көлемі, Кіріспеде тақырыптың өзектілігіне риторикалық сұрақ арқылы тоқталыңыз. «Маған берілген тақырып неліктен маңызды?» деген сұраққа жауап іздеген жөн. Негізгі бөлімде берілген тақырыпқа қатысты өз көзқарасыңыз бен позицияңызды (ұстаным) дәлелдейтін аргументтерді тиімді пайдаланыңыз, дәйексөздерді (цитата), мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді ойыңызды жүйелеуде қолданыңыз, дәлелдерге сілтеме жасаңыз, бірақ өздік жұмыс болғандықтан сілтемеден гөрі өз ойыңыз басымырақ болған қорытынды – 10% көлемі) сақтаңыз жөн. Қамтылатын мәселелерді ой жүйелігіне қарай азат жолдарға (абзац) бөліп қарастырыңыз. Нақты мәселе немесе тақырып бойынша өзіңіздің жеке көзқарасыңыз бен түсінігіңізді білдіруге тырысыңыз. Бұл бөлімде менің ойымша, ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, Абай айтқандай, Елбасы жолдауында, тақырыпты негіздейтін болсақ, дәлел келтіретін болсақ, ойымды жүйелесем, нақтырақ айтсам, мен осы мәселеге көңіл бөлуге тырысамын..., айтылған мәселе ....жағдайда өзекті, дегенмен әлі де шешімін тапқан жоқ, т.с.с. тілдік клишелерді қолданыңыз. Қорытындыда негізгі бөлімде айтылған сұрақтың мәнін бекітіңіз және мазмұнының маңыздылығын ашыңыз. Қорытындыда ешкімге ақыл-кеңес берілмейді, түйінді пікірді, қорытынды ойды ұранды сөздермен (...сақтаңыз! ...қолдайық! ...жол жоқ!) аяқтауға болмайды. Қорытындылай келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, өз ойымды түйіндей келе, т.с.с. тілдік клишелердің бірін қолданыңыз. Жазылым тапсырмасы 3-тапсырма. «Қазіргі қоғамда сәулет өнерін дамыту еліміздің экономикасына қаншалықты ықпал етеді?» тақырыбына өз ойыңды дәлелдеп, дискуссивті эссе жаз. Эссе жазу барысында жоғарыда айтылған тілдік клишелерді қолдан, эссе жазу талаптарын сақта. Бағалау Бағалау критерийі Дескриптор Жанрлық ерекшелікті сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп дискуссивті эссе жазады. 1. қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолданады; 2. көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады; 3. сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды; 4. тақырыпқа қатысты дәлел келтіреді; 5. оқырманды қызықтырып жазады. Жазылымнан кейінгі тапсырма 4-тапсырма. Не себепті сәулет өнеріне қызығушылық жылдан-жылға артуда? Үш түсіндірме бер: Не себепті ... екендігін түсіндір. Сен неге ... деп ойлайсың? Сен неге ... деп есептейсің? Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация 2-сабақ Сабақтың тақырыбы Қазіргі әлемдік саясаттағы күрделі мәселелер Оқу мақсаттары Құндылықтарды дарыту 10.2.5.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу Оқушылар қазіргі әлемдегі саясат туралы ақпараттармен танысып, білімдерін жетілдіреді, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, көтерілген мәселеге баға береді, өз пікірін білдіруде мәліметтерді орынды қолданады. Жалпыадамзаттық құндылықтар Пәнаралық байланыс құқық, тарих, география Тірек сөздер әлемдік саясат, акторлар, консенсус, трансұлттық саясат, әлемдік қауіптер, т.б. Сабақ мақсаттары Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырмасы 1-тапсырма. «Еркін жазу» әдісі. Қолыңды дәптерден алмастан «Қазіргі әлемдегі саясат туралы не білемін?» деген сұраққа 2 минут бойы тоқтамай жауап жаз, тіпті ойыңа ешнәрсе келмесе, осы сәттегі көңіл күйіңнің қандай екенін болса да жаза бер. 2-тапсырма. Қағаз қиындыларының бірін таңдап ал, ондағы берілген сөздер бойынша (әлемдік саясат, акторлар, консенсус, трансұлттық саясат, әлемдік қауіптер) 5 топқа орналас, өзіңе тиесілі сөздің анықтамасын беру үшін топта талқыла. Қажет болған жағдайда ғаламтор мәліметтеріне жүгін. Оқылым тапсырмасы 3-тапсырма. Берілген шағын мәтінді түсініп оқы, негізгі ойды және мәтінде көтерілген мәселені анықта, пікір білдіруде мәтіндегі ақпараттар мен мәліметтерді орынды қолдан. 1-мәтін Мемлекеттің шеңберінен тыс мәселелерді сол елдің сыртқы саясаты шешеді, айналысады. Қазіргі өзара байланыстағы дүниеде ұлттық мемлекеттер әлемдік қатынастарда өздерінің мүдделерін қорғау мақсатында басқа мемлекеттермен тығыз қарым-қатынастар жасау саясатын жүргізеді. Сол саясат арқылы экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық, ақпарат, т.б. салалардағы байланыстар жүреді. Сонымен бірге, әлемдік қатынастарды реттеп отыратын бір жеке орталық жоқ. Барлық мемлекеттерді байланыстыратын әлемдік саясатты жасаушы да орталық жоқ. Әлемдік саясат – мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарынан стихиялы түрде қалыптасқан құбылыс. Әлемдік саясат принциптерін негізінен тең құқықтағы мемлекеттер өзара қарымқатынастары барысында жасайды, бірақ мемлекеттердің қатынастары әр-түрлі. Елдің ішкі жағдайындағы сияқты әлемдік саясатқа мүдделер мен күштердің қайшылықтары ерекше ықпал жасайды. Әлемдік тәртіптер мемлекеттердің ғана емес жеке адамдардың өмірі мен тағдырына өзінің әсерін тигізіп отырады. Жеке адам әлемдік қауіптердің құрбаны болуы ықтимал. Сонымен қатар ол әлемдік ақпараттық жүйелердің өнімдерін міндетті түрде пайдаланып отырады. Демек, әлемдік саясат пен әлемдік тәртіптер жеке тұлғаның өмірінде белгілі дәрежедегі ықпалға ие. Қазіргі әлемдік саясаттың түрлі деңгейлері макро, мего, микро деңгейлері өзара байланысып, біріне-бірі күшті ықпал жасап отырды. (158 сөз) 2-мәтін Тарихта екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік жүйелердің арақатынасында «қырғиқабақ соғыс» пен қатал идеологиялық қарамақарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды. Бұл кезенде әскери-саяси басымдылыққа зор сенім артылды. Жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді. Бұл кездегі ісәрекетке «жаһандық тұрғыдан ойлап, аймақтық тұрғыда іс істе» деген қағида басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдастыққа екіжақты және планетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді. Мұндай жағдайда одан әрі өмір сүруге болмайтын. Ол тұңғиыққа тірейтін жол еді, сондықтан 80 жылдардың ортасынан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Солардың негізгілерінің бірі – ядролық-космостық дәуірде мемлекеттер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтығыстар болмауы керек деген қағида. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады. Түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүниежүзілік соғыс бола қалса, оның салдарында «ядролық қыс» тууы мүмкін, себебі ядролық қару қолданылған қалалардың үстінде күн өтпейтін қап-қара күйе пайда болады. Ол кейін барлық жер жүзіне жайылып, әлемді қамтып алады. (170 сөз) 3-мәтін Қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын ғаламдық мәселелердің маңыздылығы артуда. Оған термоядролық соғысты болдырмаудан басқа ең алдымен экология мәселелері жатады. Ол адамдардың бізді қоршаған биологиялық ортаға өрескел араласуына байланысты болып отыр. Мысалы, адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Ал көмір, мұнай, газ, темір және т.б. адамдарға әте қажетті табиғат байлықтарының орны қайтып толмайды. Сарапшылардың есептеуінше, ондаған жыл өткен соң олардың қоры таусылмақ. Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы он-жылдықтарда жұртшылықты қатты аландатып отырған қатерлі мәселе – планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінен мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар тасталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келген тыңайтқыштар, пестицидтер, сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т.б. сияқты зиянды заттармен улануда. Мамандардың айтуына қарағанда, жер шарының кейбір аймақтарында аурудың 80% сапасыз судың салдарынан пайда болатын керінеді. (137 сөз) 4-мәтін Әлемдік саясат әлем халықтарының адами, ізгілікті ойлауының ортақ жетістігі болып табылады. Техногендік, экологиялық мазмұндағы әлемдік қауіптер ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана маңызды болды. Ал, одан бұрын ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХІ ғасырдың басында негізгі жаһандық қауіп әлемдік соғыстар қаупі болатын. Мемлекеттер өзара қайшылықтарын түрлі соғыстармен шешіп келді. Әлем тарихында мыңдаған соғыстар белгілі. Соның ең ауыры 1914-1918 жылдардағы бірінші және 19391945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыстар болатын. Екі дүниежүзілік соғыста ғана 100 миллионан астам адам қырылған болатын, сондықтан әлем халықтары мемлекеттер арасында бейбітшілікті сақтау қажеттілігін алдымен сезінді. Әлемдік саясат соғыс және бейбітшілік мәселесін әлем мемлекеттерінің ортақтасып шешуімен басталады деп есептеуге болады. Әлемдегі бейбітшілікті сақтау үшін дамыған мемлекеттер адамды және оның құқықтарын қорғауды міндет деп таниды. Осы негізінде әлем мемлекеттерінің озық елдері өздерінде құқықтық мемлекет және қоғамдық өмірді демократияландыру үдерісін бастады. Адам мәселесі өркениетті мемлекеттерді бір ортаға жинақтайтын, өзара консенсусқа, түсіністікке жетелейтін өзекті мәселеге айналды. Өркениетті мемлекеттердің ықпалымен әлем халықтары адам құқықтарын қорғайтын саяси билік жүйелерін қалыптастыра бастады. (156 сөз) 5-мәтін Осы заманғы әлем өте күрделі, сан алуандылыққа толы, сөйте тұра – біртұтас. Бүгінгі дүние шынында да сан алуан. Әлемде 200-ге жуық мемлекет, 2000-нан астам этникалық топтар бар. Олардың әрқайсысының тарихта жүріп өткен өзіндік жолы, қалыптасқан дәстүрі, тілі, ділі және діни нанымы, ұлттық сипаты бар. Әр халықтың, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және рухани даму деңгейі де әр басқа, олар тарихи дамудың әр сатысында тұр. Соған сәйкес өмір салты, мақсат-мүдделері де алуан түрлі. Мұның бәрі олардағы саяси жүйенің сипатының, мемлекеттік құрылыстың көптүрлілігін, демократиялық нышандардың деңгейін анықтайтыны сөзсіз. Осыдан келіп саяси құбылыстардың күрделілігі мен қайшылықты түрде өрбуі туындайды. Осындай сан алуандылыққа қарамастан, бүгінгі әлем, адамзат қоғамы біртұтас дейтін себебіміз не? Оның себебі – дүние жүзінің түпкір-түкпіріндегі барлық адамдарға ортақ адами қасиеттер бар. Кез келген адам бақытты өмір сүріп, өз қабілетінше еңбек еткісі, бала сүйіп, қызығын көргісі келеді, қадір-қасиетін сақтап, қоғамдағы өзіндік орнын табуға ұмтылады. Соған орай әрбір адам жалпы адамзаттық құндылықтарға мойын ұсынып, өз бойына сіңіруге талаптанады. Демек, барлық адамдарға ортақ арман-мүдде, іс-әрекет, құндылық қасиеттер оларды жақындастырады. (162 сөз) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 4-тапсырма. Сабақ басындағы «Еркін жазу» әдісіне қайта орал. Енді «Қазіргі әлемдегі саясат туралы не білдім?» деген сұраққа 2 минут бойы тоқтамай жауап жаз, ойыңды жеткізу барысында барлық топтардың мәтінінен тыңдаған ақпаратты еркін қолдан. Бағалау Бағалау критерийі Қазіргі әлемдегі саясат туралы ақпараттармен танысып, білімдерін жетілдіреді, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, көтерілген мәселеге баға береді, өз пікірін білдіруде мәліметтерді орынды қолданады. Дескриптор - мәтіндегі негізгі ойды анықтайды; - көтерілген мәселеге баға береді; - өз пікірін білдіруде мәліметтерді орынды қолданады. Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация 3-сабақ Сабақтың тақырыбы Қазіргі әлемдегі жаһандық мәселелер Оқу мақсаттары 10.2.4.1 Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау. 10.4.5.1 Сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу Оқушылар жаһандық мәселелердің негізгі бағыттары бойынша білімдерін толықтырады, ауызекі сөйлеу стилінің белгілерін еске түсіреді, ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіннің тақырыбын, мақсатын, аудиториясын, құрылымын, тілдік ерекшелігін талдайды, оқшау сөздердің тыныс белгісін ажыратады. Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Жалпыадамзаттық құндылықтар Пәнаралық байланыс география, экономика Тірек сөздер саясат, ішкі жағдай, шикізат, мұнай секторы, білікті мамандар дайындау, кеніш, мұнай өндірісі, жаһандық мәселе, т.б. Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырмасы 1-тапсырма. «Ауыспалы жұптар» әдісі. Бетпе-бет тұрып сөйлесуге болатындай жұптасып, екі қатарға тұр, әр сұрақты жұпта талқылауға 1 минуттан уақыт беріледі, әр сұрақты талқылаған сайын бір орынға жылжып, жұбыңды ауыстыр, бір сұрақты екі-үш оқушымен жұп ауыстырып талқыла. Бұл әдістің мақсаты – сыныптастарыңнан неғұрлым көбірек ақпарат жинау. Талқылауға ұсынылатын сұрақтар: Ауызекі сөйлеу стилінің негізгі белгілері қандай? Оқшау сөз дегеніміз не, оның тыныс белгісі қандай? Мұнай индустриясы мемлекет үшін не береді? Мұнай өндіретін мемлекеттерді білесіз бе? Мұнайдың зияны туралы не білесіз? Оқылым тапсырмасы 2-тапсырма. Төменде арабтар мен қазақтар мұнайының айырмашылығы туралы сұхбаттан транскипцияланған үзінді берілген. Мәтіннің стилін, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілінің сипаттық ерекшеліктерін, диалогқа қатысушылардың сөйлеу ерекшеліктерін талда, төменде берілген сұрақтардың жауабын жұппен тап: Ауызекі стильге тән анық көрініп тұрған ерекшеліктер туралы айт; Тыңдаушы үшін қандай әсер туындайды; Ғылыми лексиканың элементтерінен мысал келтір, бұл нені көрсетеді?; Эмоционалды-экспрессивті реңкі бар лексикалық бірліктерден мысалдар келтір, ол нені байқатады?; Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестеріне талдау жаса, олардың қандай мәнде жұмсалып тұрғандығын, сөйлеушінің ойы мен көзқарасын, көңіл күйін білдірудегі атқарып тұрған қызметі туралы түсіндір; Риторикалық сұрақтарды тауып, қолданылу мақсатын айт; Айрықша интонациямен айтылған тіркестер мен сөздерге талдау жаса; Сөйлеу барысындағы кідірістер туралы өз ойыңды білдір, мәтін ішіндегі қолданысын талда. - Рашид Хасенұлы халық арасында (.) «Мұнайы көп араб неге бай, қазақ неге кедей?» деген әңгіме жиі айтылады. Осыған қатысты НЕ АЙТАР ЕДІҢІЗ? (..) - О-о САУД АРАБИЯСЫ мен Қазақстанның мұнай секторын салыстыру қиын. Мен сізге екеуінің ерекшелігін санамалап берейін. Біріншіден (.) араб мұнайының тарихына көз жүгірту керек. Құдай-ау Араб елдерінде мұнай табылып, оны пайдалана бастағанына 100 ЖЫЛҒА ЖУЫҚ уақыт өтті емес пе? Енді сол жылдар бойы жинаған тәжірибесінің арқасында шикізатты кәдеге жараты-ып отыр. Бұл – БІР деп қойыңыз. (сұқ саусағын шошайтып) Ал қазақтың ӨЗ ҚОЛЫМЕН мұнай өндіре бастағанына ЖИЫРМА-АҚ жыл болды ғой, (.) імм сондықтан білетінімізден білмейтініміз көп әлі. Неге десеңіз, сонау Кеңестік кезенде мұнай-газ секторына қатысты шешімдердің бәрі МӘСКЕУДЕ қабылданды. Сол кездегі геологиялық деректердің, инженерлік шешімдердің барлығы Ресейдің архивінде қалды. Қазақстанда білікті мамандар дайындау түгілі, мұнай өндірісінің толық циклын қамтитын үрдіс те болмаған. Айтпақшы, толық цикл деп отырғаным – шикізаттан бастап, жанар-жағармай сатуға дейінгі аралық, міне, мұны – ЕКІ деп қой! (екі саусағын көрсетіп) Араб елдерінде, АҚШ-та тарихы терең компаниялар кеніштерді ондаған жыл бойы зерттегеннен кейін ғана онсыз да жердің бетіне жақын орналасқан, химиялық құрамы оңай шикізаттан пайда көрді. Олар геологиялық барлаудан бастап, БАРЛЫҚ өндіріс жүйесін өздері жасады, тәжірибе жинақтады. Ал бізде ше? Мұның бірде-бірі болмаған бізде. Ал (.) імм бізде ең алдымен кеніштерді тапқан кім? АҒЫЛШЫНДАР! Оған қожайын болған кім? РЕСЕЙ! Ал қазақтар болса, солардың бұйрығына бағыны-ы-ып, шикізатты шелектеп тасып, қара жұмыс істеді. Кеңес кезінде мұнай-газ секторын зерттеген ғылыми база да болған жоқ. Басқару ісін Мәскеу ТҮГЕЛДЕЙ өз қолында ұстады. Геологиялық барлаудан бастап өндірістің толық циклын өзі жасаған елдерде мұнайдың өзіндік бағасы төмен болуына бұл да ықпал етеді. Арабтар 8-10 доллар арзан мұнайды соның арқасында алып отыр. Олар 100 долларға сатқан мұнайдан 90 ДОЛЛАР таза пайда көреді. (..) Міне, арабтар неге бай дейсіз, осыдан бай! (284 сөз) https://surak.baribar.kz Оқылымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма. Мәтіндегі оқшау сөздерге қатысты тыныс белгілерін қой, мәтіндегі оқшау сөздерді түрлеріне қарай жікте. Қаратпа сөз Қыстырма сөз Одағай Бағалау Бағалау критерийі Жаһандық мәселелердің негізгі бағыттары бойынша білімдерін толықтырады, ауызекі сөйлеу стилінің белгілерін еске түсіреді, ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіннің тақырыбын, мақсатын, аудиториясын, құрылымын, тілдік ерекшелігін талдайды, оқшау сөздердің тыныс белгісін ажыратады. Дескриптор - мәтіннің тақырыбын, стилін, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын талдайды; - тілінің сипаттық ерекшеліктерін, диалогқа қатысушылардың сөйлеу ерекшеліктерін талдайды; -оқшау сөздердің тыныс белгісін біледі және түріне қарай жіктейді. 8-бөлім. Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация 4-сабақ Сабақтың тақырыбы Адамзат алдында тұрған бүкіләлемдік мәселелер Оқу мақсаттары 10.2.4.1 Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау Оқушылар бүкіләлемдік мәселелер бойынша білімдерін толықтырады, стиль түрлерін еске түсіреді, мәтіндердің тақырыбын, мақсатын, аудиториясын, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды. Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Жалпыадамзаттық құндылықтар Пәнаралық байланыс география, экономика Тірек сөздер аймақтық шиеленістер, бейбіт жолмен шешу, халықтар арасындағы өзара сенім мен сыйласым, қауіпсіздік жүйесін нығайту, игілікті пайдалану, т.б. Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырмасы 1-тапсырма. Қазақ тіліндегі стиль түрлерін (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) еске түсір. Топта барлық стиль түрлері бойынша білетін ақпараттарды ортаға сал. Қажетті ақпараттарды дәптерге түртіп отыр. Оқылым тапсырмасы 2-тапсырма. Төменде берілген мәтіннің стилін, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілінің сипаттық ерекшеліктерін талда. Талдау барысында келесі сұрақтарды басшылыққа ал: Мәтіндер не туралы? Стилі қандай? Қалай дәлелдейсің? Мәтіндер кімдерге арналған? Мәтіндердің формасы, түрі қандай? Автор мәтінді не мақсатпен жазды? Автор көзқарасы, ұстанған позициясы қандай? Қалай дәлелдейсің? Автордың тілдік қолданыстары қандай, оларды не мақсатпен қолданды? (термин, тұрақты тіркестер, дәйексөздер, мақал-мәтелдер, төл сөз бен автор сөзі, т.б.) Етістіктер қай шақта қолданылған, не мақсатпен? Автор позициясы қандай сөйлемдерден көрінеді? А мәтіні Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-қатерлермен бетпе-бет келуде. Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз. Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі. Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады. Соңғы 60 жылда Жер тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд. адамға жетеді. Осы кезең ішінде әлемдік ішкі жалпы өнім 11 есе өсті. Бүкіл әлемдік тарихи үдерістің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен пайдаланғанымызды мен мақтан тұтамын. Соңғы 20 жылдан астам уақытта біз қоғам өмірінің барлық салаларына өте жоғары қарқынмен жаңғырту жүргіздік. Көптеген басқа елдерге 100, тіпті 150 жыл керек болған нәрселерді атқардық, дегенмен осы уақытқа дейін жалпы жаңғырту үдерісіне кірікпеген әлеуметтік топтар бар. Оның объективті себептері де бар. Қоғамда адамдардың моральдық жай-күйі мен қоғамдық аңсар-үмітіне әсер ететін бірқатар теңгерімсіздік әлі де орын алуда. Біз осы теңгерімсіздікті жойып, қоғамның барлық жіктеріне қоғамдық жаңғырту үдерісіне кірігу мүмкіндігін беруіміз керек. Олар қоғамда өзінің лайықты орнын тауып, Жаңа саяси бағыт ұсынған мүмкіндіктерді толық пайдалануға тиіс. (194 сөз) Ә мәтіні Біздің дәуірімізде дүние жүзіндегі барлық халықтар мен елдердің тағдырына тікелей қатысы бар адамзат алдында тұрған бүкіләлемдік мәселелер пайда болды. Оларды төрт топқа бөлеміз: • әлеуметтік-саяси сипаттағы мәселелер: ядролық соғыстың өртін өшіріп, қарулану үрдісін ауыздықтау, мемлекетаралық, ұлтаралық және аймақтық шиеленістерді бейбіт жолмен шешу, халықтар арасында өзара сенім мен сыйласым дәстүрін орнықтырып, қауіпсіздік жүйесін нығайту, ақпараттық ағымдарды игілікті пайдалану; • әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелер: артта қалуды, кедейшілікті жою, энергетикалық, шикізаттық, ішіп-жемдік, демографиялық дағдарыстарды реттеп, олардан шығу жолдарын бірлесіп іздеу; • әлеуметтік-экологиялық мәселелер: қоршаған ортаны, табиғатты күтімге алып, ұқыпты пайдалану; • адам мәселесі: әлеуметтік, экономикалық, саяси құқықтар мен бостандықтарға өміршеңдік сипат беру, надандықтың жолын кесіп, рухани дамуға жол ашу, қасіретті аурулармен тізе қосып күресу. Бүгінгі таңда дүниенің өзара жауласқан, антогоистік саяси-экономикалық екі жүйеге бөлінуі ыдырады. Екі полюстік текетірес көп полюсті қарым-қатынасқа негізделген адамзат қоғамының қауымдастығына ығысып орын берді. Әлемдік маңызы бар саяси мәселелерді шешуге барлық мемлекеттер өз үлестерін қосатын болды. Жер шарының бір түкпірінде бой көрсеткен шиеленіс болса, оған бүкіл дүние жүзі елең етіп, жауапкершілікпен қарайтын болды. Бұл ретте халықаралық ұйымдардың, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымы мен арнаулы мекемелерінің (ЮНЕСКО, МАГАТЭ, т.б.) атқарып отырған игілікті әрі ықпалды іс-әрекеттерін ерекше атаған жөн. (184 сөз) Оқылымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма. «Уақыт шеңбері» әдісі. Орындыққа немесе еденге шеңбер құрып отырыңдар. Ортада сөйлеуші ғана ұстайтын зат бар (мысалы, доп, т.б.). «Уақыт шеңберіндегі» құрылымдық ережелердің сақталуын мұғалім қадағалайды. «Уақыт шеңберіндегі» ең маңызды ереже – талқылауға барлығы түгелдей қатысуы және кезекпен біреу ғана сөйлеу керек. Әдістің мақсаты – идеялар, тәжірибелер және ойлармен бөлісу. Талқыланатын сұрақ: А.Печчейдің келесі сөзі: «Адамзатқа ең керекті нәрсе – руханияттылық, әсіресе, адамгершілік. Тек сонда ғана қордаланған мәселелерді шешуге болады». Бағалау Бағалау критерийі Оқушылар бүкіләлемдік мәселелер бойынша білімдерін толықтырады, стиль түрлерін еске түсіреді, мәтіндердің тақырыбын, мақсатын, аудиториясын, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды. Дескриптор - стильдерге тән ерекшеліктерді талқылайды; - мәтіннің тақырыбын, стилін, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын талдайды; - тілінің сипаттық ерекшеліктерін талдайды; - тақырыпқа сай өз пікірін білдіреді, талқылауға қатысады. 8-бөлім. Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация 5-сабақ Сабақтың тақырыбы Адамзат алдында тұрған бүкіләлемдік мәселелер Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары 10.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу) Оқушылар бүкіләлемдік мәселелер туралы ақпараттармен танысады, көлемді оқылым материалынан негізгі ақпаратты іріктейді, ең маңызды ақпараттарды түртіп жазады. Мәселелердің салдарын болжай алады. Құндылықтарды дарыту Жалпыадамзаттық құндылықтар Пәнаралық байланыс география, экономика Тірек сөздер сыйласым, қауіпсіздік пайдалану, т.б. жүйесін нығайту, игілікті Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырмасы 1-тапсырма. «Әуе шары» әдісі - Мына шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда қай кейіпкер болғанын қалайсың? (Тақырыпқа сай кез келген кейіпкерді қарастыруға болады, мысалы қазақ елі, т.б.) - Шар биіктеп ұшып, табысты болуы үшін оларда не болуы керек? (Кейіпкердің әрекеті нәтижелі болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді жаз). - Шардың ұшуын, табыстылықты не кідіртеді? (Кейіпкердің әрекетінің нәтижелі болуына кедергі жасайтын факторларды жаз). - Шардың қатты жылдамдықпен ұшуына, тұлғаның қарқынды дамуына не көмектесе алады? (Кейіпкердің алға жылжуына септігін тигізетін факторларды белгіле). - Шарды, тұлғаны бағытынан не шатастыра алады? (Нәтижеге жету барысында туындауы мүмкін проблемаларды жаз). Әдістің мақсаты – проблемаларды салыстырып, оның салдарын болжау, белгілі бір ісәрекетті жоспарлап, ұйымдастыруда құрылымдық тәсілді қолдану дағдыларын қалыптастыру. Оқылым тапсырмасы 2-тапсырма. Төменде берілген мәтінді көз жүгіртіп оқы, көлемді оқылым материалынан негізгі ақпаратты іріктеп, белгілеп ал, ең маңызды деп санаған ақпараттарды дәптерге түртіп жаз. ІІ. ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ОН ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРІ Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-қатерлермен бетпе-бет келуде. Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз. Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі. Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады. Соңғы 60 жылда Жер тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд. адамға жетеді. Осы кезең ішінде әлемдік ішкі жалпы өнім 11 есе өсті. Бүкіл әлемдік тарихи үдерістің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен пайдаланғанымызды мен мақтан тұтамын. Соңғы 20 жылдан астам уақытта біз қоғам өмірінің барлық салаларына өте жоғары қарқынмен жаңғырту жүргіздік. Көптеген басқа елдерге 100, тіпті 150 жыл керек болған нәрселерді атқардық. Дегенмен осы уақытқа дейін жалпы жаңғырту үдерісіне кірікпеген әлеуметтік топтар бар. Оның объективті себептері де бар. Қоғамда адамдардың моральдық жайкүйі мен қоғамдық аңсар-үмітіне әсер ететін бірқатар теңгерімсіздік әлі де орын алуда. Біз осы теңгерімсіздікті жойып, қоғамның барлық жіктеріне қоғамдық жаңғырту үдерісіне кірігу мүмкіндігін беруіміз керек. Олар қоғамда өзінің лайықты орнын тауып, Жаңа саяси бағыт ұсынған мүмкіндіктерді толық пайдалануға тиіс. Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік. Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік күн өткен сайын күшейе түсуде. Жалпыәлемдік тренд – адамзаттың қартаюы. Енді 40 жылдан кейін алпыс жастан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі. Туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елдерде еңбек нарығындағы проблемаларға, атап айтқанда, еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне сөзсіз әкеледі. Шиеленісе түскен демографиялық теңгерімсіздік жаңа көші-қон толқындарын туғызып, күллі әлемде әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі. Біз Қазақстанда заңсыз еңбек мигранттары жергілікті еңбек нарықтарын тұрақсыздыққа әкелген елдің жекелеген өңірлеріндегі көші-қон қысымымен бетпе-бет келіп отырмыз. Біз таяу болашақта кері үдеріспен – елдің шегінен тыс жерлерден бізге келетін еңбек иммиграциясымен бетпе-бет келуіміз әбден мүмкін екенін түсінуге тиіспіз. Біз жас ұлтпыз. Еліміздегі орташа жас – 35. Бұл біздің адамдық әлеуетімізді сақтауға, әлемде өзіміздің дұрыс орнығуымызға зор мүмкіндік береді. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар. Елімізде әрбір іздеген адам табуына болатын жұмыс бар. Оның үстіне біздің әрқайсымыздың өзіміз жұмыс істеп, өзімізді асырауға мүмкіндігіміз бар. Бұл – біздің үлкен жетістігіміз. Мен сіздерді жалпыға ортақ еңбек қоғамына бастап келемін, онда жұмыссыздар жай ғана жәрдемақы алушылар емес, олар жаңа кәсіптерді меңгеретін болады, мүгедектер жасампаздық қызметпен белсенді түрде айналыса алады, ал корпорациялар мен компаниялар олардың еңбегі үшін лайықты жағдай жасай алады. Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек. Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер. Әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіріп отыр. Бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса, осынау үрейлі цифрлар тек өсе түспек. Біз үшін бұл сын-қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер бар. Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына ендік. Бізде аса ірі экологиялық таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам өнімдерін шығара аламыз. Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау толықтай қолымыздағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет болады. Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы. Әлемдік су ресурстары да қатты қысым көріп отыр. Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады. Су – барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда. Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз. Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік. Барлық дамыған елдер баламалы және "жасыл" энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтуда. 2050 жылға қарай алғанның өзінде оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50 %-на дейін өндіруге мүмкіндік береді. Көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр. Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады. Мұнай мен газдың әлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын иеленетін біздің еліміз өзінің энергетикалық саладағы сенімді стратегиялық әріптестік пен өзара пайдалы халықаралық ынтымақтастық саясатынан бір қадам да кейін шегінбейтін болады. Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы. Жердің табиғи ресурстарының шектеулілігі, түгесілуі жағдайында адамзат тарихындағы теңдесі жоқ тұтынудың өсуі әр бағыттағы, келеңсіз де, оң да үдерістерді үдете түседі. Біздің еліміз бірқатар артықшылықтарға ие. Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. Басқа елдер мен халықтарға біздің ресурстарымыз қажет болады. Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің қағидатты маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек. Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция. Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады. Біз осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз. Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі – күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі – әлеуметтік теңсіздік. Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр. Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз. Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады. Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет – қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту. Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы. Әлем ауыр дүниетанымдық және құндылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысы, тарихтың ақыры, мультимәдениеттің күйреуін жариялайтын үндер жиі естіледі. Жылдар бойы сыннан өткен құндылықтарымызды қорғай отырып, біз үшін осынау кертартпа көзқарастан тартынуымыздың қағидатты маңызы бар. Өз тәжірибемізден білетініміз, біздің "осал тұсымыз" деп атаған көпэтностылығымыз бен көпконфессиялығымызды өз артықшылығымызға айналдыра алдық. Біз мәдениеттер мен діндердің қатар өмір сүруі жағдайында өмір сүріп үйренуіміз керек. Біз мәдениеттер мен өркениеттер диалогына бейілді болуға тиіспіз. Тек басқа ұлттармен жарастықта ғана біздің еліміз болашақта табыс пен ықпалға қол жеткізе алады. ХХІ ғасырда Қазақстан өзінің өңірлік көшбасшылық ұстанымын нығайтып, Шығыс пен Батыстың үнқатысуы мен өзара іс-қимылы үшін көпір болуға тиіс. Оныншы сын-қатер – әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі. Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз. Бұл дағдарыстың жаңа толқыны емес, әлемдік экономика әлі еңсере алмай отырған 2007-2009 жылдардағы дағдарыстың жалғасы. Жаһандық экономикалық жүйе 2013-2014 жылдардың өзінде елеулі іркіліске ұшыратып, атап айтқанда, шикізатқа әлемдік бағаның құлдырауын туғызуы мүмкін. Біз үшін мұндай көрініс аса тиімді бола қоймайды. ЕО мен АҚШ-тағы ықтимал рецессия дамыған елдердің шикізат ресурстарына қажеттілігін төмендетуге әкелуі мүмкін. Еуроодақтағы жоқ дегенде бір мемлекеттің ықтимал дефолты "домино әсерін" тудырып, біздің халықаралық резервтеріміздің сақталуы мен экспорттық өнім беруіміздің тұрақтылығына күмән туғызуы мүмкін. Валюталық резервтердің қысқаруы валюталық бағамдар мен инфляцияның қысымын күшейтіп, бұл қайтадан әлеуметтік-экономикалық ахуалға кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты біз халықаралық ахуал дамуының кез келген көрінісіне жанжақты дайын болу үшін биліктің барлық тармақтарының, мемлекет пен қоғамның ойластырылған, келісілген және үйлестірілген бағытын тұжырымдауға тиіспіз. Оқылымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма. Жазған конспектіңді топта талқыла. Жоғарыдағы «Әуе шарына» қайта орал. Енді кейіпкеріңді әуелетіп ұшыру үшін, оқылым материалынан ақпаратты қолданып, қайта болжам жаса. Бағалау Бағалау критерийі Бүкіләлемдік мәселелер туралы ақпараттармен танысады, көлемді оқылым материалынан негізгі ақпаратты іріктейді, ең маңызды ақпараттарды түртіп жазады, мәселелердің салдарын болжай алады. Дескриптор - көлемді оқылым материалынан негізгі ақпаратты іріктейді, - маңызды ақпараттарды түртіп жазады; - мәселенің салдарын болжайды. 8-бөлім. Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация 6-сабақ Сабақтың тақырыбы Әлемдік саясаттың бір бағыты – мәдениет Оқу мақсаттары 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу. Оқушылар ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ажыратады, талапқа сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазады. Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Жалпыадамзаттық құндылықтар Пәнаралық байланыс география, экономика Тірек сөздер тақырып, кіріспе, қорытынды, негізгі бөлім, репортаж, т.б. Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымалды тапсырмасы 1-тапсырма. Журналист ретінде өз аймағыңда болып жатқан спорттық жарыстар немесе өнер байқауы жайлы мақала жазуға тапсырма берілсе, өз әрекетіңізді неден бастаған болар едің? Осы мәселені топта талқыла. Жазылым тапсырмасы 2-тапсырма. Талқылаған мәселелерді ескере отырып, «Спорт пен өнер мемлекетімізді әлемге танытуда қаншалықты маңызды?» деген тақырыпта 150-200 сөзден тұратын мақала жазыңыз. Жазылымнан кейінгі тапсырма 2-тапсырма. Төменде берілген мақала жазуда ескерілетін құрылыммен таныс. Тақырып – (10 сөз немесе одан кем) оқырманға мақаланың қандай екендігін айтатын қысқаша сипаттама. Көптеген оқырмандар тақырып қызықтырмаса, мақаланы өткізіп жібереді. Сондай-ақ, тақырыптың түсінікті және грамматикалық түрде дұрыс болуы маңызды. Кіріспе бөлім. Мұнда болған оқиғалар, қайда және қашан болғаны, кіммен, қалай болды, неліктен бұл жаңалық болып табылады? деген сұрақтарға жауаптар мақаланың ашылуында жазылуы керек және оқырманның қалған оқиғалардың жалғасуына немесе берілуіне негіз болады. Мысалы: «Мемлекеттік сенатор Джоан Смит кеше жарияланған денсаулық жағдайына байланысты Сенатта зейнет демалысына шыққанын жариялады. 1982 жылы алғаш рет сенат депутаты болып сайланған Смит жануарлар мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша белгілі болды. Негізгі бөлім. Мақаланың сипаттамасы/түсініктемесі әңгімеге немесе оқиғаға қатысатын адамдардан алынған егжей-тегжейлі мәліметтер мен дәйексөздерді қамтуы тиіс. Бірнеше түрлі пікір немесе реакция алу өте маңызды. Қосымша ақпарат бөлімі. Мұнда маңызды емес мәліметтер бар. Басқаша айтқанда, редактор мақаланы жойғысы келген болса да, оның мазмұнын өзгерту үшін оны қайта жазуға тура келмейді. Қорытынды пікір/абзац. Мақалаңның толық және аяқталғанын тексер, оған жақсы қорытынды сөз/абзац жаз. Бұл мақаланың тақырыбына байланысты болашақ оқиғаларды көрсететін жетекші мәлімдеме болып табылады. 3-тапсырма. Публицистикалық стиль ерекшеліктерін және мақала жазу талаптарын ескеріп, жұбыңның мақаласын талқыла. Бағалау Бағалау критерийі Оқушылар ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ажыратады, талапқа сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазады. Дескриптор - публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ажыратады; - талапқа сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазады; - жұбының мақаласын талқылауға қатысады. 8-бөлім. Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация 7-сабақ Сабақтың тақырыбы Адамзат алдында тұрған бүкіләлемдік мәселелер Оқу мақсаттары 10.2.4.1 Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау 10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу Оқушылар бүкіләлемдік мәселелер бойынша білімдерін жетілдіреді, стиль түрлерін еске түсіреді, мәтіндердің тақырыбын, мақсатын, аудиториясын, құрылымын, тілдік ерекшелігін ажыратады, сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерді орынды қолданады. Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Жалпыадамзаттық құндылықтар Пәнаралық байланыс география, экономика Бастапқы білім география, тарих пәндерінен алған білімдері болуы мүмкін Тірек сөздер Ауыл тұрғыны, қала тұрғыны, урбанизация үдерісі, ақсақал, т.б. Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырмасы 1-тапсырма. «Санадағы кинофильм» әдісі. Бір сәтке көзіңді жұм. Мұғалім оқыған қысқа оқиғаны тыңда. Естіген ақпаратты көз алдыңа елестет. Мұғалім оқуды тоқтатқанда, оқиғаны әрі қарай жалғастырып, одан әрі санаңда дамытуға тырыс. Одан кейін шағын топта өзіңнің «санаңдағы кинокартинада» не болғандығы туралы әңгімеле. Әдістің мақсаты – шығармашылықты дамыту, мәселені талқылауды дамыту. Ауыл. Қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Бізге дейінгі сан толқын ұрпақтың кіндік қаны тамған киелі мекені. Дүниедегі ең құдіретті жан – ана болса, ауыл – барлық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі. Менің ауылым тамаша. Таза ауа, ашық аспан, жусанның керемет иісі, тұнық судың сылдырап аққан дыбысы, көк майсаға бас қойған төлдер, ауыл сыртын орай аққан ағыны қатты өзен, өзен бойлай жайқалған тоғай. Ал, тұрғындары ше? Кеш қайта өрістен оралған малдың алдынан шұбыра шыққан жалаңаяқ балалар, батқан күнге көзін көлегейлей қарап, мал-жанын түгендеп тұрған ауыл ақсақалы, қос табаны беттестіре қойып, қидың шоғына қызара піскен ыстық нанды етегіне салып дастарханға апара жатқан аналар, өрістен желіні толып келген сиырдың бауырына жабысқан жас келіндер, тізесіне басын қойған немересіне ертегі айтқан әжелер. Мұның барлығы дәл қазіргідей көз алдымда... Иә, есіме түсіп кетсе, балалық балдәурен күндеріме қайта оралып, сол әсем табиғат пен берекелі елімді қайта бір көргім келіп аңсарым ауып тұрады. Бүгін жұмыс аптасының соңғы күні. Демалыс күндерімді жоспарлап отырып, ауылға барғым келді. Көп ойланбастан, келіншегіме ертерек ескертіп, балаларыма өз балалығымның куәсі болған ауылымды бір көрсетпек оймен жолға шықтым. Қызарып батып бара жатқан күнмен жарыса ауыл шетіне іліктік. Алдымен ауыл шетіндегі төбеге көтеріліп, ата-анамыздың басына барып, құран бағыштадық. Сол жерден ауыл алақандағыдай көрінетін. Ендігі сурет менің жүрегімді жаншып өткендей болды. Қираған үйлер. Өрістен қайтқан мал да жоқ, малдың алдынан шыққан қара борбай бала да жоқ, көзін көлегейлей мал түгендеген ақсақал да жоқ. Не болған? Неге сонша осындай күйге түскен бұл ауыл? Бұрын болған тіршілік қазір тіпті болмағандай... Оқылым тапсырмасы 2-тапсырма. Берілген мәтінді түсініп оқы. Мәтін мазмұны мен идеясын сақтай отырып, өзіңе берілген стильге сай өнім дайында. 1-топ. Тақырыпқа сай ауызекі сөйлеу стиліндегі ауыл адамы мен қала тұрғынының диалогын дайында, тыныс белгілердің қойылуына назар аудар. 2-топ. Тақырыпқа сай ресми стильдегі ауыл әкімінің есебін дайында, тыныс белгілердің қойылуына назар аудар. 3-топ. Тақырыпқа сай көркем әдебиет стилінде ауылда өскен адамның балалық шағына деген сағынышын сипаттайтын шағын әңгіме дайында, тыныс белгілердің қойылуына назар аудар. 4-топ. Тақырыпқа сай ғылыми стильде қаладағы адам санының тығыздығынан туындайтын мәселелерге байланысты шағын зерттеу жұмысын дайында, тыныс белгілердің қойылуына назар аудар. 5-топ. Тақырыпқа сай публицистикалық стильде қалалықтарды ауылды жандандыруға үгіттейтін үндеу хат дайында, тыныс белгілердің қойылуына назар аудар. 2050 жылдарда ауыл мүлдем жойылуы мүмкін Болашақта халық қалаға шоғырланады. Елбасы атаған келесі мегатренд – урбанизация. БҰҰ-ның мәліметіне сүйенсек, 2050 жылға қарай әлемде қала тұрғындарының саны 7 млрд-қа дейін жетеді. Бұл дегеніміз, қазіргі уақытта 1 млн тұрғыны бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы адам саны алдағы 30 жылда 20 млн-ға жетеді деген сөз. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Еуразия бөлімінің жетекшісі Уильям Томпсонның пікірі бойынша, алдағы 75-80 жылдың ішінде адамзат осыған дейінгі 4 мың жылдықта болмаған урбанизация үдерісіне куә болады. Адамдар белсенді түрде қалаға көше бастайды. Осы уақытқа дейін әлемде 3,5 млрд адам қалада тұратын болса, ал ғасыр соңында тағы осыншама халық шаһарларға қоныс аудармақ, сондықтан жаңа қалалардың құрылысында осы жағдайды ескеру керек. Өкінішке қарай, қазір әлемнің көптеген елі мұны қаперге алмай, қателікке жол беріп отыр. Әлемде тек қала тұрғындары ғана емес, жалпы халық саны көбейеді. Форум қатысушысы Қытай халықтық достық қоғамының бас директоры Ли Синьюйдің өз баяндамасында 2050 жылға қарай ауылдар мүлдем жойылуы мүмкін екенін айтты. Бұған мысал, бүгінде қытай елі үлкен мегаполистерден бөлек, шағын қалашықтар салуға көшкен. Оқылымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма. «Галереяны шарлау» әдісі. Дайын болған өнімдерді қабырғаға жапсыр. Әр жұмысты оқып, стиль ерекшелігіне сай бағала, оқыған әр жұмысқа комментарий жаз. Бағалау Бағалау критерийі Оқушылар бүкіләлемдік мәселелер бойынша білімдерін жетілдіреді, стиль түрлерін еске түсіреді, мәтіндердің тақырыбын, мақсатын, аудиториясын, құрылымын, тілдік ерекшелігін ажыратады, сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерді орынды қолданады. Дескриптор - мәтіннің тақырыбын, стилін, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын біледі; - стиль ерекшеліктерін сақтай отырып, өнім дайындайды; - сөйлем мен мәтіннің тыныс белгілерін орынды қолданады. 8-бөлім. Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация Сабақтың тақырыбы Жаһандық экологиялық мәселелер Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары 10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау Оқушылар тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстырады, астарлы ойды анықтайды. Құндылықтарды дарыту Жалпыадамзаттық құндылықтар Пәнаралық байланыс география, биология Тірек сөздер тұрмыстық қалдықтар, жұқпалы ауру, мал қорымы, қауіпті қалдық түрлері, ауру ошағы, түп тамырымен жою, т.б. Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырмасы 1-тапсырма. Нақыл сөздердің мағынасын аш, бүгінгі тақырыппен байланыстыр. Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ. Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетіңнің табылар содан бәрі. Табиғатты былғайтын тек адам ғана. Тыңдалым тапсырмасы 2-тапсырма. Мәтінді тыңда. Мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыр. Мәтіндердің астарлы ойын анықта. Мәтіндердің «Жаһандық экологиялық мәселелер» тақырыбына қатысын ашып айт. Валентина, қағаз қалдықтарын қабылдайтын қызметкер: – Бізге қағаздар, кітаптар мен картондарды алып келеді. Бір күнде 800-900 кг, 1 тоннаға дейін жетерліктей жиналып қалады. Алып келушілердің басым бөлігі – көше сыпырушылар. Кейін олар бұл ақшаға көшеттер сатып алып, қала көшелерін көгалдандырады. Шолпан, шыны бөтелкелерді қабылдаушы: – Жолдасым жол апатына ұшырап, тұрмыстық жағдайымыз қиындап кетті. Жұмыс таппай, тауым шағылған кезде бос шыныларды жинаумен айналысып бастадым. Жинаған бөтелкелерді сыра зауытына жеткізіп тұрдым. Қазір бұл мүмкіндіктен айрылып қалдым, делдалдарға тапсыруға тура келді. Зауытпен тікелей жұмыс істеу үшін маған көп қаражат керек. Максим, аккумулятор қабылдаушы: – Біз аккумуляторды сатумен және өткізумен айналысамыз. Ескі аккумуляторлар алып келген тұтынушылар жаңасын сатып алуда жеңілдіктерді пайдаланады. Ескі аккумуляторлар көбіне қайта балқуға кетеді. Қазір Қазақстанда аккумуляторлы батарея шығаратын бірнеше зауыт жұмыс істейді. Ғабит, тұрмыстық техника, оргтехника, электронды жабдықтар және т.б. қабылдаушы: – Қалдықтарды өңдейтін бірлестік ретінде 2008 жылы қаландық. Бастапқыда сервиспен – оргтехникамен айналыстық. Кейін қалдықтарды өңдеу мәселесі пайда болды: тұтынушыларымыз ескі техниканы өткізетін орындарды сұрастыра бастады. Осылайша қалдықтарды өңдейтін саланы қолға алдық. Қоқысқа лақтыруға болмайтын қолданылған батареяларды да біздің бөлімшеміз қабылдайды. Ағзам, пластикті бөтелкелерді қабылдаушы қызметкер: – Біз Қазақстандағы пластик бөтелкелерді қабылдайтын жалғыз бірлестікпіз, бір бөтелкеге 10 теңге береміз. Бөтелкелерді толығымен тазалап, контейнерге лақтырамыз. Уатқыш барлығын ұсақ-түйекке айналдырады. Кейін бұл ұсақ-түйек қапшықтарға қапталып, қайталама шикізат пунктеріне өткізеледі. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма. Табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі заңды, бәрі орынды, бәрі шындық. Ал адасу мен жаңылысу тек қана адамда болады. Гёте Гётенің сөзін түсіндіре отырып, Қазақстан азаматы, Әлем азаматы ретінде өз позицияңды білдір. Қазақ елінің азаматы ретінде мен үшін маңызды ... Жер планетасының баласы ретінде мен үшін маңызды ... Бағалау Бағалау критерийі Оқушылар тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстырады, астарлы ойды анықтайды. Дескриптор - тыңдалған мәтіндегі ақпаратты мәселелермен байланыстырады; - астарлы ойды анықтайды; - өзіндік пікірін дәлелдейді. ғаламдық 8-бөлім. Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация 9-сабақ Сабақтың тақырыбы Жаһандық экологиялық мәселелер Оқу мақсаттары Құндылықтарды дарыту 10.2.5.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу Оқушылар жаһандық экологиялық мәселелер туралы ақпараттармен танысып, білімдерін жетілдіреді, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, көтерілген мәселеге баға береді, өз пікірін білдіруде мәліметтерді орынды қолданады. Жалпыадамзаттық құндылықтар Пәнаралық байланыс Биология, химия Тірек сөздер қолданылған химиялық заттардың қалдықтары, бояу және лак қалдықтары, май қалдықтары, қолданылған батареялар мен аккумуляторлар, метал қалдықтары, цианидті қалдықтар, т.б. Сабақ мақсаттары Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырмасы 1-тапсырма. Берілген суреттердің сабаққа қатыстылығын анықта. 2-тапсырма. Шеңберде отырып, келесі сұрақтарды талқыла: 1. Адамдардың үйлерінде немесе сарайларында қауіпті болуы мүмкін қалдықтар бар ма? 2. Қауіпті қалдықтардың әсерінен отбасың және қоғам қандай мәселемен бетпе-бет кездесуі мүмкін? 3. Өз аймағыңдағы қандай өндіріс орындары қауіпті қалдықтар шығаруы мүмкін? 4. Қауіпті қалдықтардан болатын мәселелерді қандай жолдармен тоқтатуға болады? Оқылым тапсырмасы 3-тапсырма. Мәтінді оқы, ондағы ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыр. Мәтіндердің астарлы ойын анықта. Мәтіндердің «Жаһандық экологиялық мәселелер» тақырыбына қатысын ашып айт. Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған (күшін жойған) бағдарламасынан үзінді Халықаралық тәжірибеде қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) үш бөлікке жіктелген, олар ҚТҚ ортақ құрамына кіретін, бірақ өңдеу немесе көму тәсіліне қарай өзара ерекшеленетін үш "қалдық легіне" сәйкес келеді. 1. Коммуналдық қалдықтар. 2. Қауіпті ҚТҚ – адамның тыныс-тіршілігінің нәтижесінде қалыптасатын тұтыну қалдықтары, сондай-ақ қалыптасу сипаты осыған ұқсас, өзінің құрамы мен қасиетіне қарай қауіпті қалдықтарға жатқызылуы мүмкін өндіріс қалдықтары. Оларға мынадай қалдықтар жатқызылады: - пайдаланылған батареялар мен аккумуляторлар; - пайдаланылған электр жабдығы мен электронды жабдық; - құрамында сынап бар қалдықтар (люминесцентті лампалар мен термометрлер); - медициналық және ветеринариялық қалдықтар; - тұрмыстық химия қалдықтары; - құрамында асбест бар қалдықтар; - адамның тыныс-тіршілігінің нәтижесінде қалыптасатын басқа да қауіпті қалдықтар. 3. Басқа ҚТҚ – қауіпті болып табылмайтын, бірақ жинау, шығару және кәдеге жарату үшін бірінші лектен өзгеше тәсілдерді қолдану талап етілетіндіктен, аралас қалдықтарға жатқызуға болмайтын қалдықтар. "Басқа ТҚҚ" мынадай қалдықтар жатқызылады: - құрылыс қалдықтары; - ірі габаритті қалдықтар; - кәдеге жаратуға жататын автомобильдер; - пайдаланылған автомобиль шиналары; - сарқынды суларды өңдеуден қалған қалдықтар. Өңірлер бөлінісінде халықтың жан басына шаққандағы ТҚҚ жинақтау нормаларының ауқымы өте кең – жылына 80-нен 400 кг/адам асады, мұның өзі деректерді жинау және есептілікті жасау процесінде сәйкессіздіктердің орын алуына әкелуі мүмкін. Қазақстандағы ТҚҚ полигондарының бәрінде дерлік қалдықтарды қабылдау аймағында таразы жоқ екенін атап өту керек, яғни тоннажы текше метрді тоннаға ауыстыру жолымен белгіленеді әрі бұл ретте үлес салмағының бір м3 шаққанда 250-ден 300 кг дейінгі мәні қолданылады. Еуропа елдерінің тәжірибесі бойынша үлес салмақ бір м3 шаққанда 100 – 150 кг құрайды. Келесі кестеде 2011 жылы Қазақстанның 9 қаласындағы талдау бойынша қалалық жерлердегі ТҚҚ-ның морфологиялық құрамы келтірілген, мұны "Fichtner" компаниясы ұсынған. Оқылымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге байланысты қандай кәсіпорын ашар едің? Осы мәселенің шешімі болатындай жоба жұмысын топпен дайында. Бағалау Бағалау критерийі Оқушылар қатты тұрмыстық қалдықтар туралы ақпараттармен танысып, білімдерін жетілдіреді, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, көтерілген мәселеге баға береді, өз пікірін білдіруде мәліметтерді орынды қолданады. Дескриптор - мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, - көтерілген мәселеге баға береді, - жоба қорғау кезінде, өз пікірін білдіруде мәліметтерді орынды қолданады. 9-бөлім: Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Пунктуация 1-сабақ Сабақтың тақырыбы Оқу мақсаттары Сөз мәдениеті және шешендік өнер жайлы түсінік Т/А Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау Сабақ мақсаттары 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау Құндылықтарды дарыту Сөз өнерінің құдіретін ұғыну Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет Тірек сөздер Сөз мәдениеті, сөз өнері, шешендік, шешен Қажетті ресурcтар http://anatili.kazgazeta.kz/?p=40624 Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырма 1-тапсырма. Төмендегі сұрақтарды жұпта талқыла. 1. Сөз мәдениеті дегенімізді қалай түсінесіздер? 2. Сөз мәдениеті мен шешендіктің қандай байланысы бар? 3. Шешендік өнер ме, әлде туа біткен қасиет пе? Сөз мәдениеті – әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амалтәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту. ШешендікТыңдалым өнер – іс-әрекеттің атауы, ол әлеуметтік қызмет атқарады. Шешендіктану тапсырмасы (риторика) – өзінің нысанасы, теориясы, тарихы бар жеке ғылым саласы. Шешендік сөз 1-тапсырма.– Мәтінді тыңдап,шаршы берілген тақырыпсөйлейтін бойыншасөзі. терминдер мен (ораторство) шешендікмұқият өнер иелерінің топ алдында негізгі ұғымдарға, тілдік оралымдарға назар аудар. Тыңдалым мәтіні: Ныязбекова К.С., п.ғ.к., Абай педагогикалық университетінің доценті: атындағы Қазақ ұлттық Шешендік дегеніміз не? Ойшылдарға сүйене айтсақ, шешендік – кісі көркі, ақылмен билеу өнері. Кез келген нақтылы зат туралы шебер сөйлеу өнері және сонысымен өзгелерді өз ойына ойыстыра білу. Биік дүниетаныммен, ғылым-білімді терең меңгерумен, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жөн-жосықтарын жүйрік танумен, жалпы айтқанда, адамзаттың рухани мәдениетінен мол хабардар болуымен, ой өрісінің кеңдігімен тамырлас. Демек, шешендік дегеніміз – тыңдаушылардың жан-сезім әлемін сөзінің әдемілігімен, образдардың жарқындылығымен, нақыл, ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, өзгеше қабілет-қарым, тума қасиет, сондай-ақ өскен ортаның, үлгілі жандардың, ұлағатты туындылардың тағылым-тәрбиесі, өз дүниетанымының нәтижесі. Нұрлан Шүленбаев, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты терминология бөлімінің ғылыми қызметкері: Мәдениеттің өзін екіге бөліп жүрміз: материалдық және рухани мәдениет. Соның ішінде, тіл мәдениеті рухани мәдениетке жатады. Академик Р.Сыздықова бұл мәселедегі ойын «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру» деп сабақтаса, ғалым Н.Уәли өзінің «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде: «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық» деп жазады. Қандай адам болмасын, ойөрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз. 2-тапсырма. Тыңдалым мәтіні бойынша төмендегі кестені толтыр. Қолданылу мақсатын түсіндір. Үлгі: Терминдер Негізгі ұғымдар Тақырыпқа қатысты тілдік оралымдар, эмоционалдыэкспрессивті сөздер лингвостилистикалық шешендік, мәдениет ақылмен билеу өнері Бағалау критерийі Дескриптор Мәтіндегі мақсатты аудиторияға арналған Термин сөздерді табады, мағынасын терминдер мен ұғымдарды, тілдік түсіндіреді; оралымдарды талдау Тақырып бойынша негізгі ұғымдарды анықтайды; Тақырыпқа қатысты тілдік оралымдар мен эмоционалды-экспрессивті сөздерді анықтайды; Қолданылу мақсатын түсіндіреді. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма. Тыңдалым материалының негізінде «Сөз мәдениеті мен шешендік өнер» тақырыбында 1-1,5 минуттық ауызша баяндама дайында. 9-бөлім: Сөз мәдениеті және шешендік өнер.Пунктуация 2-сабақ Сабақтың тақырыбы Шешендік өнер тарихы Оқу мақсаттары Мәліметтерді өңдей білу Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу Сабақ мақсаттары 10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу 10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу Құндылықтарды дарыту Шешендік өнерді бағалау, үлгі тұту Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет Бастапқы білім Сөз мәдениеті және шешендік өнер Тірек сөздер Сөз қадірі, «арық сөйлеп, семіз шық», шаршы топ, ділмар және т.б. Қажетті ресурcтар https://library.wksu.kz/dmdocuments/ Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырма 1-тапсырма. Берілген сөздерден мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер құра. 2-тапсырма. Төмендегі сұрақтар бойынша ойлан. 1. 2. 3. Шешендіктің жалпыадамзаттық мәні неде деп ойлайсың? Шешендік өнер ретінде, ғылым ретінде қайдан бастау алады? Шешендік өнер тарихындағы қандай даналарды білесіңдер? Оқылым тапсырмасы 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, негізгі ойды анықтап, берілген мәліметтерге өз бағаңды бер. Шешендік өнердің теориясы мен практикасы ретінде шешендіктану ғылымы біздің жыл санауымызға дейінгі V-IV ғ.ғ. Ежелгі Грекияда қалыптасты. Шешендік өнер Египет, Ассирия, Вавилон, Үндістан сияқты ежелгі мемлекеттерде де жоғары бағаланған. Шаршы топ алдында сөйлеу механизмін қалыптастыру бағытындағы алғашқы тәжірибелік зерделеу қадамдары осы аталған мемлекеттерде де қолға алынуы әбден мүмкін, дегенмен шешендіктанудың теориясы туралы жүйелі жұмыстар Ежелгі Грекияда пайда болғаны ақиқат. Шешендік өнердің пайда болуы мен гүлденуі б.э.д. V-IV ғ.ғ. Ежелгі Грекиядағы қоғамдық құрылыспен байланысты да түсіндіріледі. Кімде-кімнің табиғи шешендік өнері болмаса, амал жоқтықтан бұны оқып-үйренуі тиіс еді. Тап осы тұста өзге ғылымдарға қоса /алғашқы кезекте философия/ шешендік өнерге де оқытып-үйрететін, баулитын ақылы оқытушы-софистер пайда болды. Софистер сөзді ойната, құбылта қолдана білді, олар шешендік өнердің практикасына ғана емес, теориясына да үлкен мән берді. Шешендік өнер туралы ғылым ретінде шешендіктанудың /риторика/ негізін де осылар қалады. Грек философтары Платон (б.э. дейінгі 427-347 ж.ж.) мен Аристотель (б.э. дейінгі 384322 ж.ж.) шешендіктің теориясына орасан зор үлес қосты. Платон: «Шешендік – сендірудің шебері, оның бар мәні де, міндеті де осында», - деп шешендіктану ілімінің салмағын анықтайды. Шешендіктану теориясы дамуының тұтас дәуірін ежелгі грек философтарының феномені болған Аристотель шығармашылығы алады. Шешендік өнерін дамыта келе Аристотель шешендіктану пәнін оған дейінгі айтылған көзқарастармен салыстыра отырып, біршама деңгейде кеңітті. Ежелгі Грекия шешендік өнерінің атақты шеберінің бірі – Демосфен (б.э. дейінгі 384322 ж.ж.). Ол құл иеленушілік кезеңінен тәлім алған өкіл ретінде демократиялық құрылымның қорғаушысы болды. Ежелгі Римдегі шешендік өнер дамуының ұшар биігі әлемдегі ең атақты шешендердің бірегейі Цицеронның іс-әрекеті болып табылады. Марк Тулий Цицерон (б.э. дейінгі 106-43 ж.ж.) – шешендіктің белгілі теоретигі. Цицеронның ойынша, шешеннің күшті болуы – тыңдаушыларын өзіне бағындыра білуінде. Кімде-кім форумда не азаматтық сот процесінде тыңдаушыларды иландыра, өзіне бағындыра, рахат сезімге бөлей сөз сөйлей білсе ғана шешен деп танылады. Риторика – ежелгі өнердің бір түрі. Ол б.э. бұрын V ғасырда қоғамның практикалық қажеттілігіне орай пайда болған. Бұл қоғамда практикалық сұрақтар Халық мәжілісінде шешілген, жария түрінде көптеген халық алдында сот жүргізілген. Риторика әрбір адамға қажет болған. Оның негізін қалаған Платон мен Аристотель болған; олардың алдыңғы жол салушылары, риторикадан алғашқы еңбек жасаушылар: Лисий, Георгий. Сол кезеңнің ең атақты шешендері Демосфен, Сократ, Перикл болды. Оқылымнан кейінгі тапсырма 1-тапсырма. Жоғарыдағы мәтін бойынша негізгі мәліметтерді анықтап, өз пікіріңді білдір. Екі жақты күнделік Мәтін бойынша негізгі ой Менің пікірім Шешендіктану ғылымы біздің жыл Сол тұстағы Грекиядағы қоғамдық құрылыс санауымызға дейінгі V-IV ғ.ғ. Ежелгі риториканың пайда болуына негіз болды, яғни барлық мәселе халық жиналыстарында Грекияда қалыптасты. шешілді. Бағалау критерийі Дескриптор Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген 1. Мәтін бойынша негізгі ойды мәселеге баға беріп, мәліметтер мен анықтайды; пікірлерді өңдей білу 2. Өз пікірін дәлелді білдіреді; 3. Мәліметтер мен пікірлерді өңдеп қолданады. 2-тапсырма. Оқылым мәтініндегі мәліметтерді негізге ала отырып және түрлі дерек көздерінен Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим шешендері туралы мағлұмат жинап, «Шешендік өнердің ежелгі отаны» тақырыбында пікір алмас. Шешен саптағы қарулы жауынгердей сақадай сай болуға, мәнді де ұлы істерді үздік орындауға және әрқашан да жеңіске ұмтылуға тиіс. Квинтилиан Шешенннің ең ұлы қасиеті – қажет нәрсені ғана айту емес, сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау. Цицерон Шешенннің парызы – шындықты айту. Платон 9-бөлім: Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Пунктуация 3-сабақ Сабақтың тақырыбы Қазақ шешендік өнерінің негіздері Бөлім тақырыбы Сөз мәдениеті және шешендік өнер Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу Оқу мақсаттары Шығармашылық жұмыс Пунктуациялық норма Құндылықтарды дарыту 10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу 10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу; 10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу Ұлттық негіздерімізді құрмет тұту, сөз қадірін бағалау Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет Тірек сөздер Қара қылды қақ жарған, от ауызды, орақ тілді, қиыннан қиыстыру және т.б. Қажетті ресурcтар https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/23220 http://www.sharayna.kz/13577 Сабақ мақсаттары Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырма 1-тапсырма. Төмендегі суреттер бойынша «Қазақ шешендік өнері» тақырыбына қатысты көркем тілде ассоциация жаса. Қа зақ ше ше нді к 2-тапсырма. Көршіңмен талқыла. өне 1. Сөз өнерінің маңызы неде деп рі 2. 3. 4. ойлайсыз? «Қара қылды қақ жару» деген тіркесті қалай түсінесіз? «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіру» дегенді қалай түсінесіз? Қазақ шешендік өнері кімдерден бастау алады? Би – дау-жанжалға билік айтушы, қара қылды қақ жарған әділ төрелік ететін адам. Шешен – сөзге шебер, тілге жүйрік адам. Шешендік сөз – парасатты ойға, ұшқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылған ауыз әдебиетінің күрделі жанры. Шешендік дегеніміз – белгілі бір оқиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және елге таралған үлгілі ойлар. Оқылым тапсырмасы 1-тапсырма. Төмендегі мәтіндерді мұқият оқып, тақырыпқа қатысты көрікті ойларды, көркемдегіш құралдарды, өзіңізге әсер еткен тұстарын белгіле (4 топқа). 1-мәтін Қазақ халқының шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон, Енисей ескерткіштері мен көне жазба мұраларынан табылған. Мұнда Қорқыттың айтқан нақыл сөзі жазылған. Көне жазба мұраларында М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Иүгники, С.Сараий, Құтып, А.Хорезм айтқан даналық сөздер табылған. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бәрінде де көркем айшықталған тіл өрнектері аса мол. Қазақ халқы Жиреншеден бастап тарихқа танымал ұлы жүздің атақты Төле биін, орта жүздің Қаз дауысты Қазыбек биін, Кіші жүздің Әйтеке биі мен бертіндегі Сырым батырын қосып, сол есімдерге байланысты өнегелі сөздерді шарапатты дұға есебінде ұсынады. Халқымыздың шешендік сөздерін негізінен үш топқа бөліп қарастыруға болады. Шешендік арнау дегеніміз адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді, халықтың көңіл-күйін бейнелейді. Шешендік толғау дегеніміз халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді. Көп жасаған қарттардың жас ұрпаққа өсиеті айтылады. Халықтық үрім-бұтағына жеткіншектерге айтар ақылы насихаты толғау деп аталады. Жоқшылықтың азабын шеккен халықтың өмірі, қонысы, арманы айтылады. Бұқар, Шортанбай, Мұрат, Дулаттың толғаулары бар. Шешендік дау заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңын бейнелейді. Ар, дау, адам намысын қорғайды, ел мен елдің арасында елшілік келісім болады. Ол елдің дербестігін жердің бүтіндігін қорғайды. Үстем таптың халық мүддесін пайдаланбауын талап етеді. Шешендік өнерді кез келген адам игере алмаған. Нағыз шешен болу үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз, табанда ақыл тауып сөйлейтін, топ алдында тайсалмай сөз бастайтын, сөз сайысында саспайтын батыл, ақылды, сабырлы болуы тиіс. Шешен кісі өз заманының озат ойшылы, оқыған, оқымаса да көкейге тоқыған, білімді, мәдениетті азамат болуы керек. 2-мәтін Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген, кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық. Қазақ халқында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Қазақ халқы – қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай өнеге-үлгі ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан, басынан сөз асырмаған, ешкімге есе бермеген, бір ауыз сөзге тоқтаған данышпан халық. Шешендік сөздер қашан да халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар – тәрбие құралы. Қазақ елі қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін, өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап, жаттап айтып жүруді, одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер мен билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі қасиеті – айтылған ойға тапқыр, жедел жауап қайтару. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту. Жиренше, Асанқайғы, Саққұлақ шешен, Ақтайлақ шешен, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер – қазақ шешендік өнерінің майталман өкілдері. 3-мәтін Қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жасөспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді. Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. «Қазақ әдебиеті тарихы» (1927 ж.) еңбегінде «Билер айтысы» деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Халық мақалдарында: «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді», «Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды», – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген. Сөз туралы Бөлтірік шешен: «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл», – деп толғайды. Бұлар – «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі». Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. Шешендік өнер – көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. 4- мәтін Шешендік – тек тарихи құбылыс қана емес, қоғамдық құбылыс. Түрлі тарихи қиын кезендерде шешендік қоғамға қызмет етті. Шешендік өнердің тарихына көз жіберсек, шешендік әсіресе тәуелсіздік жолындағы күресте өте-мөте белсенді қызмет атқарды. Шешендер тіпті жер дауы мен жесір дауын қозғаса да, түбі елдікке, бірлікке, теңдікке барып тірелді. Сондықтан да әйгілі шешендердің тайпа көсемдері, ханға кеңесші билер, қол бастаған батырлар болуы тегін емес еді. Немесе біз білетін шешендердің әрі би, әрі қолбасшы, әрі батыр, әрі жырау-философ болуы да осы ұлы мұраттан туындағаны белгілі. Кейін қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне байланысты, идеология да өзгерді: бұрынғыдай халық жиналыстарында саяси-әлеуметтік тақырыптарда пікірталасы немесе үгіт-насихат сөздері кеңінен жүзеге аспады, қоғам мүшелерінің саяси белсенділігі төмендеді. Енді шешендер мен шешендік сөздердің, шаршы топтың сипаты өзгерді: шешендер білім-ғылым, оқу-ағарту, тәлім-төрбие, мәдениет-өнер тақырыптарын қозғаған көркем сөз иелері – ақындар мен жазушылар, ғалымдар, журналистер болса, тындаушы топ – білім-ғылым, оқу-ағарту, мәдениет саласындағы көпшілік. Кейінгі қоғамда шешендік өнердің көрінетін орындары-жоғарыдағы тақырыптарға арналған жиналыс, конференция, съезд, симпозиум, семинар, диспуттар еді. Шешендік сөздің сипатына қарай яғни нені айту, қайда айту, қалай айту талаптарына орай, шешендік өнер тіл мәдениетін көтеретін шарттардың бастысына айналды. Оқылымнан кейінгі тапсырма 1-тапсырма. Ұсынылған мәтін негізінде және түрлі ресурс көздерінен ақпараттар ала отырып, «РАФТ» стратегиясы бойынша шығармашылық жұмыс орында, жазылым барысында тыныс белгілерінің дұрыс қолданылуына ерекше назар аудар. Р Ғалым Журналист Жазушы, ақын Оқушы Оқырман А Би, шешендер Ф Шағын зерттеу Мақала Шағын әңгіме, өлең Хат Т Қазақ шешендік өнерінің түрлері мен ерекшеліктері Шешендік сөздер – тәрбие құралы «Сөзден тәтті нәрсе жоқ, сөзден ащы нәрсе жоқ...» Шешендік сөздердің қазіргі сипаты Бағалау критерийі Дескриптор БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік 1. Деректерді іріктей біледі, сілтеме деректерді ала білу, сілтеме жасау жасайды; жолдарын білу 2. Көркемдегіш құралдарды ұтымды Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш қолданады; құралдарды ұтымды қолданып, 3. Жанрлық ерекшеліктерді сақтайды; шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу; 4. Тыныс белгілерін дұрыс қолданады. Сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу 2-тапсырма. «Борт журналын» толтыр. Тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Тақырып бойынша бүгін не білдім? - Мәтіннен Сабақтан Сыныптасымнан Мұғалімнен 9-бөлім: Сөз мәдениеті және шешендік өнер.Пунктуация 4-сабақ Сабақтың тақырыбы Қазақ шешендік cөздерінің үлгілері Бөлім тақырыбы Сөз мәдениеті және шешендік өнер Оқылым стратегияларын қолдану Оқу мақсаттары Мәтіндерді түзету және редакциялау Сабақ мақсаттары 10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу 10.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау Құндылықтарды дарыту Ұлттық қасиетімізді үлгі тұту, сөз қуатын тану Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет Тірек сөздер "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, сөз жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды" Қажетті ресурcтар https://e-history.kz/kz/publications/view/1013 http://anatili.kazgazeta.kz/?p=18118 http://aqsaqaldar.kz/news/11/single/526\ Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырма Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тап. "Таяқ еттен өтеді, ...................................................", "Бас кеспек болса да, .............................................", "Қылыш жарасы бітеді, .......................................", "Аталы сөзге .........................................................." Оқылым тапсырмасы 1-тапсырма. Қалаған мәтінді мұқият оқы. Өзіңізге ерекше ой салған тұстарды белгіле. Мағынасы көмескі сөздер болса, түсіндірме сөздікпен жұмыс жаса. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, Қазыбек Тәуке ханның белгілі бибатырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысына барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да: “Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құтбереке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге – танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті. Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды, шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қайтып кірер есікті қатты серіппе Орта жүз Қошқарұлы Жәнібек он үш жасқа келгенде ұлы жүзде Қараби деген аузы дуалы, өзі білімді би бар деген даңқын естіп, содан барып бата алуға жолға шығады. Ол қазақ пен қалмақтың жауласып жатқан кезі болса керек. Бұлардың барар жолын қалмақтар басып алып, олар өте алмай үйіне қайтып келіп үш жыл жатады. Төртінші жылда жол ашылып, Жәнібек он алты жасында Қарабидің еліне келеді. — Шырағым, кімнің ұлысың? — дейді Қараби. — Қошқарұлы Жәнібекпін,— деп жауап береді бала. — Мен сені осыдан үш жыл бұрын күтіп едім, неге кешіктің? Жәнібек себебін айтады. Қараби қонақасын беріп, ертеңіне: — Не қалайсың, шырағым? — дейді. — Сізден бата алайын және өсиет боларлық өз аузыңыздан сөз естиін деп келіп едім,— дейді Жәнібек. Сонда Қараби батасын беріп былай деген екен: Бедері жоқ қамқадан, Берік тоқылған бөз артық. Берекеті жоқ ағайыннан, Берік сөйлескен жат артық. Пайданы алыстан қылғайсың, Залалды жақыннан қылғайсың, Тышқан да інінің айналасына оттамайды, Оны да есіңе алғайсың. Қайтып кірер есікті Қатты серпіп жаппағайсың. Қайтып көрер досыңа Қайрылмастай сөз айтпағайсың. Осыны есіңе ала жүрсең, ешкімнен Кем де, қор да болмайсың, - депті. Жақының үшін жақсының жағасынан алма Шақшақұлы Жәнібек батыр Төле биге: «Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат – бесеуін жиып қойдым. Боз бала болып ерлік қылайын ба? Үлгі алып, билік құрайын ба? Елінде кәрің болса – жазулы тұрған хатың. Жайлаған көліңнің алдында төбе болса – ерттеулі тұрған атың деуші еді, ақыл сұрайын деп келдім»,— дейді. Сонда Төле шешен: — Менен ақыл сұрасаң Өгізге ер салма, Қанатың талар. Наданға көзіңді салма, Сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа, Сенімің кетер, Дұшпаныңа шыныңды айтпа, Түбіңе жетер. Жал-құйрығы қалың деп Жабыдан айғыр салма, Жаугершілік болғанда, Жағдайлап мінер ат тумас. Жақының үшін Жақсының жағасынан алма, Жерің тарылар. Ит жүгіртіп, құс салсақ Әуейі боларсың. Әйел алсаң, Көріктіні алма, тектіні ал. Мақтаншақ жігіт жисаң Жөніңнен шығарсың. Ұрыншақ ат жаз жарға, Қыс қарға жығар. Тұмау түбі құрт болар, Тұман түбі жұт болар, Ақылдың түбі құт болар. Қарап отырғанша Бір нәрсеге жарап отыр. Кәсіп болмай нәсіп болмас, Қабырғадан қар жауса Атан менен нарға күш, Ел шетіне жау келсе Қабырғалы биге күш. Менің ақылым осы,— депті. --------------------------------------------------------------------------------------------------------------Төле би тоқсан жасқа келгенінде Қаз дауысты Қазыбек сәлем бере барыпты. Елдің жақсылары, шешендер, ойшылдары жиналып, әңгіме-дүкен құрып отырғанында: – Қаз дауысты Қазыбегім келді. Бәрің түгел жиналдыңдар. Сендерге айтар он түрлі жұмбағым бар, соны шешіңдер, – дейді Төле би. – Айтыңыз, айтыңыз? – Айтсам, он түрлі жұмбағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он. Отырғандар таң-тамаша болады. – Бұл не деген жұмбақ! Осындай да жұмбақ бола ма? – Төке, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз? – дейді Қаз дауысты Қазыбек. – Рұқсат, рұқсат. – Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман. – Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман. – Үш дегеніміз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман. – Төрт дегеніміз – төсектен безген жас жаман. – Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман. – Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман. – Жеті дегеніміз – жас келіншек жесір қалса сол жаман. – Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман. – Тоғыз дегеніміз – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман. – Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген, – дейді Қаз дауысты Қазыбек. – Рахмет, дәл тауып шештің. Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым, – деп Төле би Қазыбекке разы болыпты. Оқылымнан кейінгі тапсырма 1-тапсырма. Өзіңізге ерекше әсер еткен шешендік сөз үлгілеріне логикалық, стильдік түзетулер енгізіп, редакциялаңыз. Өлеңмен берілген ойларды қара сөзбен беруге, эпизодты дамытып жазуға, шешендік сөздерге перифраз жасауға болады. Үлгі: – Бір дегеніміз – берекесі кеткен ел жаман. – Екі дегеніміз – еншісі жоқ ер жаман. – Үш дегеніміз – үмітсіз қалған ана жаман. – Төрт дегеніміз – төскейге шапқан бала жаман.... Бағалау критерийі Дескриптор Белгілі бір мақсат үшін оқылым 1. Ой салған тұстарды белігілеп стратегияларын жүйелі қолдана білу оқиды; 2. Ақпараттарды дұрыс жүйелейді; Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге 3. Логикалық және стильдік түзетулер бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, енгізеді. логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау Артық болмас білгенің … «Қазақтар мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздері ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таңғаласың. Қазақтардың тілі жатық та шешен әрі өткір, көбіне іліп-қағып, сұрақ пен жауап беруге келгенде таңғаларлықтай оралымды сөйлейді. В.В Радлов Ұлы жүз – Төле би ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы ұлы тұлғалардың бірі. Ол Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» атты заң жобасын жазып бүкіл алаш халқына әйгілі болған. Абылай ханнан бастап, Бөгенбай батырға дейін ақыл, кеңес беріп келген атақты Бұқар жырау да Төле биді халыққа үлгі, өнеге етіп жырлады. Орта жүз – Қазыбек Келдібекұлы Тәуке ханның «Жеті жарғы» әдеп-ғұрып заң жобасын жасаушылардың бірі. Қазыбек бидің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, ұлы империялардың әкімшіліктері де сүйенген, атап айтсақ 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп кеңес алып қайтқан. Кіші жүз – айыр тілді Әйтеке би артында аталы сөзі қалған, есімі ел жадында сақталған қазақтың келелі, шешен билерінің бірі. Жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы халық майданын құруға атсалысып, үлес қосқан қоғам қайраткері. Әйтекенің есімі елге ең алдымен ділмар шешендігімен, тапқыр билігімен мәлім. 2-тапсырма. Сабақты қорытындылау. Неге? Неге? Неге? Шеңберді айналдыра тұрып, бүгінгі сабақтың түйінді идеяларын еске түсір. Осы сабақта не үйренгеніңізді айтып, сөйлеміңізді «неге?» деген сұрақпен аяқта. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтауы тиіс. Үлгі: 1-оқушы: Шешендік қазақтың атадан балаға мұра болып келе жатқан қасиеті. Неге? 2-оқушы: Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін сөз қадірін бағалаған. Неге? 3-оқушы: ................... ................... .................................. Неге? 9-бөлім: Сөз мәдениеті және шешендік өнер.Пунктуация 5-сабақ Сабақтың тақырыбы Шешендік сөзге қойылатын талаптар Бөлім тақырыбы Сөз мәдениеті және шешендік өнер Мәліметтерді өңдей білу Оқу мақсаттары Сөйлеу мәдениетін дамыту Сабақ мақсаттары 10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу 10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу Құндылықтарды дарыту Тіл тазалығын сақтау, ұлттық қасиетімізді дәріптеу Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет Тірек сөздер Сөз дәлдігі, ой жүйелігі, тіл тазалығы, сөз әуезділігі, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні https://www.youtube.com/watch?v=APr9ezzW4eo https://baribar.kz/student/14555/sheshenge-qoyylatyntalaptar/ Қажетті ресурcтар Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырма 1-тапсырма. Сыныппен талқыла! 1. Шешендік сөздің ұтымдылығы неде? 2. Шешендік сөзге қойылатын қандай талаптарды білесіздер? 3. Шаршы топ алдындағы сөзге қалай дайындалу керек? 4. Шешендік сөздің сапасын арттырудың қандай жолдары бар? 2- тaпсырма. Төменде берілген сызбаны пайдаланып, әрбір ұғымға қысқаша түсінік бер. Шешендік сөздің қатысымдық сапалары мазмұн тереңдігі ой жүйелілігі сөз дәлдігі тіл тазалығы Шаршы топ алдындағы сөз сапалары сөз қысқалығы сөз дәйектілігі сөз байлығы сөз түсініктілігі сөз әуезділігі Оқылым тапсырмасы 1-тапсырма. Төменде ұсынылған мәтінді мұқият оқып, шешенге қойылатын талаптарды назарға ал. Шешендік сөзде оның адамға эстетикалық, этикалық жағынан әсер етуімен бірге тәрбиелік, тағылымдық мәнінің де болуы сөзсіз қажет. Шешен сөзге қойылатын талаптар: сөз мазмұнының тереңдігі, ойдың жүйелі берілуі, пікірдің дәйектілігі, дәлелділігі, сөз мағыналарының дұрыс берілуі, сөздік қордың байлығы және т.б. Шешенге қойылатын талаптар үш түрлі бөліктен тұрады: 1. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық; 2. Білімін көтеру; 3. Сөйлеу мәдениетін көтеру Кез келген адам ортаға шығып сөйлерде қатты толқиды, өзіне-өзі сенімсіздік білдіреді. Тіптен білімдар, қоғам қайраткерлері, мекеме басшылары, беделді билік иелерінің өзі де кей жағдайда көпшілік алдында қысылып, үзіп-жұлып жүйесіз сөйлеп жатады. Ондай жағдайды болдырмас үшін: қатты ойланбау керек, өзіне-өзі сену керек, психологиялық дайындық керек, көңіл-күйі мен сезімін билей алу керек. Сөйлеуге жақсы дайындалсаң, өзіңе сенімді боласың. Сөйлеуге дайындық – жауапты іс. Материалды қаншалықты жақсы білсең, соншалықты аз толқисың. Дұрыс, айқын, дәл, түсінікті, таза, және образды, эмоционалды сөйлеу керек. Сабақ кезінде, достарыңның, туыстарыңның арасында жиі сөйлеу қажет. Ол сені дамытып, сөйлеу мәдениетін көтереді. Білімін көтеру. Шешен адам тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып дәл, тауып сөйлеу керек. Ол үшін ойың айқын болуы қажет. Білімің терең болса, ойың айқын болады. Білімің терең болу үшін көп оқу керек. Сөйлеу мәдениетін көтеру. Ең бірінші кезекте тіл тазалығын сақтауымыз керек. Керегі жоқ жерде жөн-жосықсыз орыс сөздерін кіргізбеу қажет. Қыстырма сөздерді көп қолдану сөйлеушінің тілін кедейлендіріп, тыңдаушыны мезі қылады. Жаргон сөздерді, дөрекі, тұрпайы сөздерді айтудан аулақ болу керек. Адамның тәрбиесі, мәдениеті, сауаттылығы оның сөйлеу тілінен аңғарылады. Мәдениеті жоғары, білімді, тәрбиелі оқушы ауызекі сөйлегенде де әдеби тілдің нормаларын сақтап, дөрекі, жаман сөздерді араластырмай ойын мәдениетті түрде жеткізеді. Шешендік – тіл мәдениетінің жоғарғы формасы болып табылады. Оқылымнан кейінгі тапсырма 1-тапсырма. Шешенге қойылатын талаптарды ескере отырып берілген тақырыптың біреуін таңдап көпшілік алдында тосылмай шешен сөйлеп көр. «TEDx тақырыптары»: 1. Уақытты қаншалықты басқарып жүрміз? 2. Темір торға тоғытылған кәмелетке толмағандар тағдырын кім ойлайды? 3. Өнер алды – қызыл тіл 4. Еркін тақырып TED – ағылшын тіліндегі технология, көңіл көтеру және дизайн деген сөздерінің қысқарған формасы. 1984 жылы Калифорнияда бірінші TED конференция өткен. Қазіргі TED – сол конференция негізінде құрылған үкіметтік емес ұйым. Әртүрлі тақырыптарға байланысты: ғылымға, білімге, бизнеске байланысты TED конференция жылына екі-үш рет өткізіледі. Мұнда әлемнің ең мықты спикерлері келіп, өз баяндамаларын ұсынады. Олар ғылыми тақырыптарды адам көңілін көтере отырып, күлкі сыйлау арқылы немесе белгілі бір эмоцияға жетелеу арқылы баяндауды мақсат етеді. Бағалау критерийі Дескриптор Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген 1. Көтерілген мәселеге баға береді; мәселеге баға беріп, мәліметтер мен 2. Мәліметтер мен пікірлерді өңдейді; пікірлерді өңдей білу 3. Коммуникативтік жағдаятқа сай Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік дұрыс сөйлейді; алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай 4. Шешендікке қойылатын талаптарды отырып, дұрыс сөйлеу сақтай біледі. 2-тапсырма. «Шешен адам» моделін жаса. 9-бөлім: Сөз мәдениеті және шешендік өнер.Пунктуация 6-сабақ Сабақтың тақырыбы Шешен сөйлейтін қазіргі қазақ шенеуніктері Бөлім тақырыбы Сөз мәдениеті және шешендік өнер Т/А Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау Құндылықтарды дарыту Шешен адамдарды құрмет тұту, оларды үлгі ету Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет Бастапқы білім Шешендік сөзге қойылатын талаптар Тірек сөздер Жүйелі сөйлеу, сүйексіз тіл, тілдің мәйегі, кесек ой, келелі пікір, сөзден сүрінбейтін, тілі жатық және т.б. Қажетті ресурcтар https://baribar.kz/26227/qazaqsha-sheber-soeyleytinsheneunikterdinh-ondyghy-zhasaldy/ https://www.qamshy.kz/article/qazaqsha-sheshen-soyleytinshendilerdinh-ondighi-zhasaldi-vydeo.html Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырма 1-тапсырма. Төмендегі толғау бойынша сыныппен бірлесе отырып әңгімелес. Әңгімелесу барысында төмендегі сұрақтарға жауап бер. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады. Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады. Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ: Тауып айтсаң – мереке қылады, Таппай айтсаң – келеке қылады. Досбол би 1. Бүгінгі ел тізгінін ұстаған билік басындағылардың сөйлеу тіліне қаншалықты көңіліңіз толады? 2. Шешен сөйлейтін қандай шенеуніктерді білесіз? Тыңдалым тапсырмасы 1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі мәселелерге, тақырыпқа қатысты ұғымдар мен тілдік оралымдарға ерекше мән бер. https://baribar.kz/26227/qazaqsha-shebersoeyleytin-sheneunikterdinh-ondyghy-zhasaldy/ "Қазақстан" Ұлттық арнасындағы "Апта" бағдарламасының сараптамалық орталығы қазақ тілінде қапысыз сөйлейтін атқамінерлердің ондығын жасады. Оныншы орын екі ай бұрын Маңғыстау облысы әкімі болып тағайындалған Ералы Тоғжановтың еншісіне тиіпті. Ал тоғызыншы орынға Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жайғасқан. "Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың да тілі жатық, қазақтың жалпақ тілімен кез келген мәселенің тігісін жатқызып жеткізеді. Сан алуан шара мен алқалы жиындарда қазақ тілінің қадірін арттырып сөйлейтін Нұрлан Асқарұлын рейтингіміздің тоғызыншы орнына лайық деп таптық", – дейді сарапшылар. Сегізінші орын Құқықтық салада ауқымды реформаларымен көзге жиі түсіп жүрген тұлғалардың бірі Бас прокурор Жақып Асановқа бұйырған. Инвесторлардың біріне мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы айтқан әңгімесі хит болған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жетінші орынға жайғасса, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аптаның алтылығына ілікті. "Тілі мірдің оғындай саясаткерлердің бірі – Иманғали Тасмағамбетов. Сан лауазымды қызметтердің тізгінін ұстаған Иманғали Нұрғалиұлының кез келген мәселеде шегелеп сөйлейтінін бұқара жақсы біледі. Еліміздің Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісінің еншісінде – бесінші орын, – дейді "Апта" сараптамалық орталығы. Соңғы кезде жаңа қырынан танылып үлгерген қызыл тілді шешен Премьер министр Бақытжан Сағынтаев төртінші орыннан көрінді. Үшінші орын Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның, ал екінші орын Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары, шешен сөйлеудің хас шебері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің үлесіне тиіпті. "Мұхтар Абрарұлы әуезді тілімізде әуелетіп сөйлеп, ағылта жөнелгенде қазақ тілінің қадірін білетін қаймана жұртты баурап алады. Шешен сөйлеудің хас шеберіне екінші орынды лайық көрдік", – дейді сарапшылар. Бірінші орынды «Болашақ» бағдарламасы мерейтойында Елбасымен әдемі де тапқыр әңгіме құрған, қазір прокурордың көмекшісі қызметін атқарып жүрген Мақсат Ысқақов иеленді. 2-тапсырма. Тыңдалым мәтіні бойынша төмендегі оралымдарының мағынасын ашуға тырыс. Үлгі: Негізгі мәселелер қазақ тілінің абыройын үстем ету, қазақ тілінде қапысыз сөйлейтін атқамінерлер кестені толтыр. Сөз Тақырыпқа қатысты эмоционалды-экспрессивті сөздер Көркем сөз оралымдары қазақ тілінің қадірқасиетіне қанық, қазақшасы қарымды және т.б. кесек ой, келелі пікір, ділмар, тілі мірдің оғындай және т.б. Бағалау критерийі Дескриптор Мәтіндегі мақсатты аудиторияға арналған 1. Негізгі мәселелерді анықтайды; терминдер мен ұғымдарды, тілдік 2. Тақырыпқа қатысты эмоционалдыоралымдарды талдау экспрессивті сөздерді табады; 3. Көркем сөз оралымдарын анықтайды. 4. Мағынасын ашып түсіндіреді. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма. Тыңдалым материалының негізінде «Шешендік өнер – табыстың кілті» тақырыбында 1-1,5 минуттық көркем ауызша баяндама дайында. Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі - қару, әрі - қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы – Ана тіліміз. Н.Ә.Назарбаев Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық. Қазақтың қара сөзінде көп мән жатыр. Күн шалмайтын қараңғы көңілді сөз шалады. Ендеше, соншалық қуатты да, киелі қаруды қалай болса солай қолдануға болмайды. Халел Досмұхамедов. 9-бөлім: Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Пунктуация 7-сабақ Сабақтың тақырыбы Шешен сөйлейтін әлемдік саясаткерлер Бөлім тақырыбы Сөз мәдениеті және шешендік өнер Мәліметтерді өңдей білу Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары 10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу Құндылықтарды дарыту Шешен адамдарды құрмет тұту, оларды үлгі ету Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет Тірек сөздер Сөз өнері, арық сөйлеп, семіз шық, бір ауыз сөз, астарлы мағына, тіл – елшінің қылышы және т.б. Қажетті ресурcтар https://qazaquni.kz/2015/08/18/39458.html Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырма 1-тапсырма. Төмендегі сөз оралымдарын басшылыққа алып, шешендік қабілет туралы 5 минуттық ойтолғау жаз. Шешендік туа біткен, қанмен келетін қасиет, сөз саптаған шешен, топ бастаған көсем, елді өзіне ұйытып әкету, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, шаршы топ, тілі мірдің оғындай, қызыл тілді шешен, тілінен бал тамған. 2-тапсырма. «Әлемдік аренадағы айтулы шешендердің бірі – Фидель Кастро. Испанша түсінбейтін бір ағылшын журналисі Фидельдің сөзін тыңдағаннан кейін «не айтқанын түсінбесем де, мен оның артынан еруге дайын болдым» деп жазған екен» берілген ойдың мағынасы қандай? Осы мысалдан Фидель Кастроның қандай ерекше қасиеттерін байқауға болады? Оқылым тапсырмасы 1-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, айтылған пікірлерге баға бер. Ленин – адамзат тарихындағы ең шешен тұлғалардың бірі. Көпшіліктің алдына шыққан кезде ол айтқан сөздерінің мән-мағынасын іс-қимылымен де айқын аңғартып тұрған. Жұртшылық Лениннің жиынына коммунизмді жақсы көргені үшін емес, Лениннің сөздерін жақсы көргені үшін келген көрінеді. Ағылшынның темір ханшайымы – Маргарет Тэтчердың даусы құлаққа жағымсыз естілетін болған. Жұрттың алдына шыққан кезде ол назарын қайда аударарын білмей, қатты қысылатын әдеті болыпты. «Темір ханшайым» шешендік өнерден арнайы сабақ алмаса болмайтынын түсінеді. Бірінші кезекте ол тәжірибелі театр қызметкерлерінен көмек сұраған, уақыт өте келе жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Актерлік шеберлік пен шешендік өнердің арасында жақындықтың барын осыдан-ақ байқауға болады. Маргарет Тэтчер ханымға «Темір ханшайым» деген ат оның саяси көзқарасындағы табандылыққа емес, дауысының жағымсыздығына қатысты берілген. Уинстон Черчилль «бір сағат бойы тапжылмастан сөйлеу бәрінің қолынан келеді, ал бес минут шешен сөйлеу үшін адам алдын ала бір ай бойы дайындалуы керек» деген. Ол сөзден тосылып қалуды өліммен теңестіріп, 20 минуттан артық сөйлеудің қажеттілігі жоқ деп есептеген. Ел басқарған саясаткерлердің ішінен дәл Гитлердей шешен адамды таба қою қиын. Гитлердің сөйлеген сөздерін талдаған сарапшылар оның барлық жағынан жұртшылыққа әсер ете алғанын мойындапты. Барлық жағы дегеніміз: оның сөзі, қимыл-әрекеті (жест), сөйлемдердің арасындағы үзілісі, эмоциясы. Гитлер соғыста өзінің қарсыластарынан жеңілген шығар, бірақ сөзсайысында ол алдына ешкімді салып көрген жоқ. Ал қазіргі билеушілердің ішінде шешендігімен көзге түскен кім бар? Ресейдің психологі, уақтысында шешендік өнерге премьер-министрлерді де баулыған Дмитрий Устинов: – Осы салада 20 жылдан астам тәжірибесі бар маман ретінде айтарым, Путиннің шешендік қарым-қабілеті қалыптасқан адам деп бағалауға болады. Егер әлемде президент – шешендердің рейтингісі жасалса, онда Путин алғашқы үштікке сөзсіз енеді. Сондай-ақ, алғашқы орындарды Обама мен Саркози (Францияның бұрынғы президенті) иеленген болар еді,– депті. Шешендігімен, ақындығымен аты шыққан кешегі көшпелі халықтың ұрпағы, бүгінгі қазақ саясаткерлерінің ішінде сөздің түбін түсіріп, елді өзіне ұйытып әкететін кім бар? Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сөз саптасы да жаман емес. Президенттің ақынжандылығы, қазақы қалжыңға келгенде тапқырлығы аңғарылып тұрады, ойын қазақша да, орысша да айқын жеткізе алады. Бағалау критерийі Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген 1. мәселеге баға беріп, мәліметтер мен 2. пікірлерді өңдей білу Оқылымнан кейінгі тапсырма 1-тапсырма. Шешендерше жауап бер. Дау мұраты не? Саудагер мұраты не? Қыз мұраты не? Жол мұраты не? Жерден ауыр не? Судан терең не? Оттан ыстық не? Көктен биік не? Дескриптор Мәтіннің негізгі ойын анықтайды; Айтылған пікірлерге баға береді. Артық болмас білгенің! Шешендік өнерде алғашқы сөйлем маңызды рөл ойнайды. Ұтымды басталған сөз, бүкіл айтылған сөздің жартысы саналады. Шешен сөйлеу үшін адам алдымен актерлік өнерді меңгеруі тиіс. Көпшіліктің алдында өзіңді еркін, денеңді тік ұстау, сөздің салмағын, мән-мағынасын қимылмен білдіріп отыру, бәрі-бәрі актерлік шеберлікпен ғана келеді. Бірақ, есіңізде болсын, осындай ақыл-кеңестерді мүлтіксіз орындаймын деп, жасандылыққа барудың қажеті жоқ, бәрі де табиғи болуы шарт. 9-бөлім: Сөз мәдениеті және шешендік өнер.Пунктуация 8-сабақ Сабақтың тақырыбы Шешендік сөздің табиғаты Бөлім тақырыбы Сөз мәдениеті және шешендік өнер Шығармашылық жұмыс Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары 10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу; Құндылықтарды дарыту Астарлы мағынаны тани білу Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет Тірек сөздер Абыз, көрісу, ғибрат алу, және т.б. Қажетті ресурcтар https://qazaquni.kz/2015/08/18/39458.html Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымалды тапсырма 1-тапсырма. Өзіңіз білетін шешендік толғаулар, әңгімелерді еске түсіріп өзара ауызша бөліс. 2-тапсырма. Төмендегі шешендік сөз үлгілерінің мазмұны мен құрылымына мән бер. 1-мәтін. Абыз жүз жиырма жасқа келіп отырған шағында, Әсет би көрісе кеп былай деген екен: — Е, Абыз, жасыңыз келіп қалды. Абыз айтушы еді деп айтып отыратын бір сөз айтыңызшы,- депті. Сонда Абыз былай дейді: Ата-ананың қадірін Балалы болғанда білерсің. Ағайынның қадірін Жалалы болғанда білерсің. Балалықтың қадірін Саналы болғанда білерсің. Асыл менен жасықты Бағалы болғанда білерсің. Бостандықтың қадірін Жабылғанда білерсің. Қалтаңдағы ақшаңды Қағылғанда білерсің. Ден саулықтың қадірін Ауырғанда білерсің. Ақ бетіңнің қадірін Қан кеткенде білерсің. Ақ білектің қадірін Әл кеткенде білерсің. Жиырма бестің қадірін Жас өткенде білерсің. Қара көздің қадірін Нұр кеткенде білерсің. Татулықтың қадірін Дос кеткенде білерсің. Жақсы әйелдің қадірін Өлгенінде білерсің. Жақсы туыс қадірін Көмгенінде білерсің. Аяқ-қолдың қадірін Ақсағанда білерсің. Отыз тістің қадірін Қақсағанда білерсің. Қызыл тілдің қадірін Тоқтағанда білерсің. Білгеніңді сөйлеп қал, Білгендерден ғибрат ал! 2-мәтін Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады: - Балам, мынаны сындырып көрші. Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. - Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би: - Бұдан не түсіндің, балам? - дейді. Сонда, Төле бала: - Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой. - Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, депті. Жазылым тапсырмасы 1-тапсырма. Оқылым мәтініндегі үлгіні негізге алып толғау немесе әңгіме жаз: Егер Абыз орнында болсаң келешек ұрпаққа қандай даналық ой қалдырар едің? Ойыңды өлеңмен өр. 2-мәтіндегідей көркем тіл мен көрікті ойға негізделген шағын әңгіме жаз. Әңгімеңе бүгінгі қоғамдағы негізгі түйткілдерді арқау ет. Бағалау критерийі Дескриптор Әр түрлі тақырып бойынша көркемдегіш 1. Көркемдегіш құралдарды ұтымды құралдарды ұтымды қолданып, қолданады; шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, 2. Жанрлық ерекшеліктерді сақтай әңгіме, шығарма) ұсына білу біледі; 3. Қазіргі қоғамдағы мәселелерді негізге алады. Жазылымнан кейінгі тапсырма «3-2-1» Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат Қиындық тудырған 2 аспект Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ 9-бөлім: Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Пунктуация 9-сабақ Сабақтың тақырыбы Сөйлеу – үлкен өнер Бөлім тақырыбы Сөз мәдениеті және шешендік өнер Тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары 10.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау Құндылықтарды дарыту Шешендік қабілетке ерекше ықылас пен құрмет Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет Тірек сөздер Эмоцияға берілу, дауысты орынсыз көтеру, дауыс ырғағы, сөздің дұрыс қорытылуы Қажетті ресурcтар https://egemen.kz/article/soeyleu-%E2%80%93-ulken-oener Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырма 1-тапсырма. Берілген сөздің әр әрпінен басталатын бөлім тақырыбына қатысты сөздер құрастырып көр. С – -----------------------------------Ө – -----------------------------------З – -----------------------------------Ө – ---------------------------------Н – ---------------------------------Е – ---------------------------------Р – ---------------------------------І – ---------------------------------2-тапсырма. Төмендегі пікірді сыныппен талқыла. Сөздің өтімділігі, тыңдаушының құлағына қонып, жүрегіне жетімділігі алдымен сөйлеушінің шеберлігіне, нақтылығына, шыншылдығына және қарапайымдылығына байланысты. Кейде шешеннің дауыс ырғағының құлаққа жағымдылығы мен анық естілуі де айтылған сөздерді тез ұғуға, ықыласпен қабылдауға ықпал етеді. Тыңдалым тапсырмасы 1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіндегі көтерілген мәселеге, пікірлерге ерекше мән бер. Сөйлеушінің эмоцияға берілуі айтып тұрған сөзінің мазмұны мен тыңдайтын ортаға байланысты болуы керек. Айтылып жатқан мәселе өздеріне мүлде қатысы жоқ ортада эмоцияға беріліп сөйлеу күлкі тудыратын кездері жиі болады. Мәселен, малдың обадан қырылуы туралы политехникалық институттың студенттеріне эмоциямен айтсаңыз, олардың күлетіні күмәнсіз. Ал сол мәселе ветеринария факультетінің студенттеріне айтылса, олар жақсы қабылдайды. Сондай-ақ, дауысты орынсыз көтеру де тыңдаушыларға теріс әсер ететін кездер жиі болады. Президенттің пулында 10 жыл істегенде осылай сөйлегендердің де куәсі болдық. Мәселен, ТМД елдері басшыларының кезекті саммиттерінің бірінде, атын айтпай-ақ қояйық, сөз алған бір елдің президенті дауысын орынсыз көтере сөйледі. Айтып жатқан мәселелері орынды, алайда, дауыс ырғағы тыңдаушыларын кеудеден кері итергендей әсер қалдырды. Осы заманғы қазақ шешендерінің арасынан Президент Н.Назарбаевтың сөздері тыңдаушысын ешқашан бейжай қалдырмай, өзінің құдіретіне баурап алады. Н.Назарбаевтың сөздерін тыңдай бастасаңыз, оның үніне арбалып, шыға алмай қаласыз. Оның үстіне, ол баяндамадағы бір сарынды мәтіннен жиі шығып, эмоциялық комментарийлерімен, мысалдарымен сөздерін жиі жандандырып отырады. Сол сияқты Ә.Кекілбайұлының дауыс ырғақтары да адам санасын тұсаулап, өзінің еркіне бағындырып алатын. Бірде мынадай оқиға болды. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған кезекті конференция өтіп, оны жазуға «Егеменнен» біз барған едік. Сөз кезегі өзіне тигенде Әбіш Кекілбайұлы марқұм ағыл-тегіл ақтарылды ғой. Жұрттың бәрі сілтідей тынып, арбалып қалған... Қазақ шешендерінің арасында Бауыржан Момышұлы сөздерінің де орны ерекше. Сөз батырдың дауыс ырғағынан ғана емес, шындықтың шырқын бұзбай ашық айта алатын айрықша тапқырлығымен менмұндалап тұрады. Бір қызығы сол, оның сөздерін түпнұсқадан оқысаң да батырдың үні құлағыңа гүрілдеп естіліп тұрғандай болады. Жуырда интернет-газеттің бірінде Баукеңнің Литвада орналасқан 9-гвардиялық дивизияның командирі кезінде, яғни 1945 жылы сөйлеген сөзі жарияланды. Бұл комдивтің үкіметтің демобилизация жариялағанын полк жауынгерлеріне естіртуі еді. Осы сөзді оқып отырып, бір жерінен де жалықпайсың: Баукең лирикалық шегініс жасаса да, моральдық тұрғыдан ақыл-кеңес айтса да, жеңімпазға лайықты тәртіпті сақтау керектігін ескертсе де, отбасымен қауышу қуанышын жасауға берілетін материалдық көмек туралы айтса да артық-кемі жоқ, нақпа-нақ, солдаттың жүрегіне жақын сөздермен тура жеткізеді. Мұнда сол кездерде айтылуға міндетті «партияға алғыс», «Сталинге мадақ», «Кеңес армиясының қаһармандығы» сияқты толып жатқан одалардың бірі де ауызға алынбаған, өйткені, олардың тап осы жерде мүлде артық екендігін ол танып тұр. Әлемдік аренадағы айтулы шешендердің бірі – Фидель Кастро. Испанша түсінбейтін бір ағылшын журналисі Фидельдің сөзін тыңдағаннан кейін «не айтқанын түсінбесем де, мен оның артынан еруге дайын болдым» деп жазған екен. Бұл – сөзіне үйлесімді үннің құдіреті. Шешен сөзінің дұрыс қорытылуы да өте маңызды. Өйткені, сөздің нақ осы бөлігі тыңдаушының есінде қалады. Осы саланы зерттейтін мамандар мұндайда сәйкес келетін жыр жолдарын келтірсе, жарасып кететіндігін айтады. «Өлең – сөздің патшасы» екендігін Абай да айтқан ғой. Осыны біздің үлкен мінберлерден сөйлейтін шешендеріміз ескеріп отырса, тек ұтатыны анық. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 1-тапсырма. Тыңдалым мәтіні бойынша SWOT талдау жаса. S- сөйлеу өнерінің мықты жақтары W- сөйлеу өнерінің әлсіз жақтары О- сөйлеу өнерінің мүмкіндіктері T- сөйлеу өнеріндегі кедергілер 2- тапсырма. Мәтінде көтерілген мәселе бойынша жұп болып талқылау сұрақтарын құрастыр. Талқылау сұрағына мысал: Сіздің пікіріңізше, шешендікке машықтанудың қандай жолдары бар? Шешендік қабілет туа бітеді дегенге көзқарасыңыз қандай? 3-тапсырма. «Бос микрофон» әдісі арқылы талқылау сұрақтарына өзара жауап бер. Бағалау критерийі Дескриптор Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен 1. Мәтінде көтерілген мәселелерді оқырманның қарым-қатынасын ескере анықтайды; отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау 2. Мәтін мазмұны бойынша талқылау сұрақтарын құрастырады. 4- тапсырма. «ПОПС» формуласы арқылы қорытынды жаса. Менің ойымша, шешендік өнер Өйткені, .... Мысалы, .... Қорытындылай келе .... Оқу-әдістемелік басылым Тоганакова Рабига Сулейменовна Айтан Айгүл Лесқызы Айтмұхан Нұргул Айтмұханқызы Абдрахманова Индира Тлектесовна Шохаев Мустафа Табиғатұлы Калыкбекова Булбул Тлеугазиновна Мендибаева Салтанат Аблахатовна Камбарова Рысгул Берекетовна Иманбаева Гулминур Оразовна Сатбекова Толкын Абильмажиновна ҚАЗАҚ ТІЛІ Қысқа мерзімді жоспарлар жинағы 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Әдіскері Ж.Ж. Аубакирова Мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Хусейн бен Талал көшесі, 21/1 ғимараты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы