«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ «БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ Қысқа мерзімді жоспарлар жинағы 10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘӨЖ 373 КБЖ 74.268.1 Қ17 Қ17 Қазақ тілі. Қысқа мерзімді жоспарлар жинағы. 10-сынып (жаратылыстануматематикалық бағыт). / Ж.Ж. Аубакирова, А.М. Калиева, С.С. Муканова және т.б. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы, 2019 - 98 б. ISBN 978-601-328-575-7 ISBN 978-601-328-575-7 ӘӨЖ 373 КБЖ 74.268.1 © «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы, 2019 Оқулықта ұсынылған шартты белгілер келесі дағдыларды айқындайды: -тыңдалым -айтылым -оқылым -жазылым -тілдік бағдар Алғысөз Жинақта ұсынылған қысқа мерзімді жоспарлар жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды. Барлығы 5 бөлімнен тұрады, әр бөлім оқу бағдарламасында көрсетілген барлық оқу мақсаттарын қамтиды. Сабақ жоспарларында оқу мақсаттарына сәйкес сабақ мақсаттары, бағалау критерийлері, құндылықтар, пәнаралық байланыс, бастапқы білім мен тірек сөздер көрсетілген. «Қазақ тілі» оқу пәнінің негізгі міндеттерін ескере отыра, қолданылған әдістәсілдер мен ресурстар тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын жетілдіруді көздейді. Қолданылған әдіс-тәсілдер бойынша шағын нұсқаулықтар ұсынылады. Оқушылардың әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында жұптық, топтық жұмыстар қарастырылған. Жинақ жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады. Қажет болған жағдайда және өз оқушыларының қабілеттерін ескере отырып, педагог жоспарларды өз сыныбына қарай бейімдей алады. 1.1. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет 10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру Мәтін үзінділері арқылы болжам жасайды. Өзі білетін ақпараттар негізінде тақырыпты жалғастырады. Жалпыадамзаттық құндылықтар: адамгершілік, мейірімділік, әділдік. Мәңгілік Ел құндылықтары: тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; ұлттық бірегейлікті сақтау. Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану, әдебиет, тарих, география Бастапқы білім Тақырып бойынша жеке білімдері Тірек сөздер Қоғам, құндылықтар, жастар мәдениеті, білім, ғылым, өркениет, заман талабы, өмірлік дағдылар Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырма 1-тапсырма. «Ой қозғау» әдісі. -Берілген нақыл сөздерді қалай түсінесіздер? -Оларды не байланыстырады? 1.Зиялы қауым халықтың қамын ойлауға міндетті (М.Дулатұлы). 2.Заман түзелгенде – ғылымға да, әдебиетке де татымды талап қояды (Ш.Мұртаза). 3.Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен (М.Әлімбаев). 2-тапсырма. «Кластер» әдісі. -Қазіргі қоғам құндылықтарына нелер жатады? -Сіз үшін ең маңыздысы қайсысы? Қоғам құндылықтары Тыңдалым тапсырмасы 3-тапсырма. «Стоп кадр» әдісі. Мәтін бөліктерін тыңдап, ары қарай не болатынына болжам жасаңыз. Тыңдалым мәтіні Ертеде елге сыйлы, өте бай отбасы болыпты. Олардың жан дегенде жалғыз ұлы, мұрагері өсіп, мектепке барар жасқа келгенде, ата-анасы оған мектеп қарастырыпты. Барлық қала, ауыл, “тау мен тасты” жағалап, ең-ең деген білім ошағын іздепті. Бірінің ғимараты әдемі болса, бір мектеп білім беру сапасы жағынан жоғарғы деңгейде, ал бір мектептің ұстаздары жас, шет елден оқып келген өте сауатты, ал бір мектептің орыны құнды (қымбат) болған екен. Ақыры, таңдау жасай алмай, ол жұмысты үйіндегі көпті көрген ақсақалға тапсырады. СТОП КАДР. Ары қарай не болады деп ойлайсыз? Ақсақал үстіне жұпыны киім киіп, түрін әсемдемей, мектеп аралауға шығады. Ол ұлдың ата-анасы сияқты, мектептің ішіне кіріп, директорлармен сөйлеспейді! Тәсілі қызық еді. Ол мектеп ауласына кіріп, оқушылардың қоңырауға шыққанын күтіп, босағада отыратын. Сонда бір мектептің оқушылары оны балағаттап, тепкілеп, итергіштеп қуса, екінші мектептің оқушылары тас лақтырып, мазақтайды. Үшінші мектептің оқушылары маңайына жоламай, мұрындарын жауып өтеді, көрмеген сыңай танытады. Осындай тірлікті көрген қария, “бәрі түсінікті” деп, тек үн-түнсіз бұрылып, кетіп қалып отырған. Осылайша көптеген мектепті аралап, үміті таусылуға шақ қалған ақсақал соңғы мектептің табалдырығына отыра кетеді. СТОП КАДР. Ары қарай не болады деп ойлайсыз? Сол сәтте: “Ата, Сізге су керек пе?”, “бір жеріңіз ауырып тұр ма?” “Дәрігер шақырайық па?”, “Жаурадыңыз ба, міне, менің жейдемді жамыла тұрсаңыз….” деген бір топ әр жастағы оқушылар ақсақалды қоршап алып, абыр-сабыр боп, алаңдық танытады. Оқушылардың кішіпейілік, адамкершіліктеріне риза болған ақсақал, мектеп директорын шақыруын сұрайды. Мектеп директорына осындай керемет шәкірт тәрбиелегеніне ризашылығын білдіріп, өзін таныстырып өтіп, “мектептерің керемет екен” деп немересін осы мектепке бергелі келгенін айтыпты. СТОП КАДР. Ары қарай не болады деп ойлайсыз? Сонда директор: “ақсақал, қателесесіз, біздің мектеп керемет емес, сынып іші тар, жиһаздары ескі, оқушылар да өте көп. Көбі аз қамтылған, кедей отбасынан шыққан балалар, қалада басқа да, бай, әдемі, зәулім-мектеп бар ғой” десе, “оқушыларға қарап мектептің білім деңгейі мен ұстаздардың көрегендігі, тәрбиесін аңғаруға болады. Мектепті кеудесінде нан піскен, байлыққа, атаққа құныққандар емес, шынайы өмірге, шындыққа тура қарайтындар ұстаздық етеді екен. Ризамын. Осындай мектептер көп болсын” деп өз таңдауын жасаған екен. «Мектеп туралы әңгіме» https://elana.kz/ru Бағалау Бағалау критерийі Мәтінді болжайды Дескриптор 1. Мәтін мазмұнын болжайды. 2.Тақырыпты жалғастыра алады. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 4-тапсырма. «Қарлы кесек» әдісі. Мәтін бойынша 3 жуан және 3 жіңішке сұрақ құрастырыңыз, сұрақтарды жеке-жеке қағазға жазып, сыныптасыңызға жолдаңыз. 5-тапсырма. «ПОПС формуласы» әдісі. Тапсырма: «Адамгершілік – басты қоғам құндылығы» деген тұжырым бойынша өз ойыңызды дәлелді жеткізіңіз. «Менің ойымша, бұл...» «Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...» «Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...» «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...» 1.2. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту 10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселені бағалайды; мәліметтер мен пікірлерді өңдейді. Жалпыадамзаттық құндылықтар: адамгершілік, мейірімділік, әділдік. Мәңгілік Ел құндылықтары: тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; ұлттық бірегейлікті сақтау. Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану, әдебиет, тарих, география Бастапқы білім Тақырыпқа болжам жасады Тірек сөздер Қоғам, ұлттық құндылықтар, қазақ халқы, тіл, мәдениет, заман талабы, БАҚ, салт-дәстүр. Сабақтың жүргізілу барысы Оқылым алды тапсырма 1-тапсырма «Болжау» әдісі. Берілген тірек сөздер арқылы оқылым мәтініне болжам жасаңыз. Тірек сөздер: қоғам, ұлттық құндылықтар, қазақ халқы, тіл, мәдениет, заман талабы, БАҚ, салт-дәстүр. Оқылым тапсырмасы 2-тапсырма. Мәтінді оқып, жұпта кесте толтырыңыздар. Оқылым мәтіні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Нұрғисаев ұлттық құндылықтар туралы ойларын ортаға салды. - Серікбай Өрікбайұлы, біздің елдік мұратымыз не? Қандай мақсат жолында еңбек етуіміз керек? - Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрдық. Келесі маңызды мақсат - ауызбіршілігі мол даму жолындағы қазақстандықтарды тәрбиелеп шығару. Соның негізінде қазақ ұлты тұруы керек. Ал енді ұлтты ұлт ететін - тәуелсіз мемлекет. Анығырақ айтсақ, мемлекеттік саясат. Бұл саясатты жүргізу үшін елдің заңы мен мемлекеттік бағдарламасы қабылданады. Елді дамытудағы атқарушы биліктің де, заң шығарушы органның да, жеке парламентшілердің де басты мақсаты - осы. - Қазақ халқының өнері мен мәдениеті, оны әлем жұртшылығына таныту туралы ойларыңызды ортаға салсаңыз? - Қоғам құндылығы - халықтың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі. Ұлты кім болса да, әр азаматқа адами қасиет ананың сүтімен, атаның қанымен дариды. Қазір ұлттық құндылықтарымызды шетелдерге танытуымыз керек. «Сен кімсің?» дегенде «Мен қазақпын!» деп ана тілімізде айта аламыз. «Қазақ қайдан шықты?» дегенде әр азамат өз елінің, халқының тарихын білуі тиіс. Әрбір қазақ «Осыншама жерді қалай сақтап қалдың, жаугершілік замандардан қалай аман өттің?» деген сауалдарға тосылып қалмай, нақты жауап бере білуі қажет. Өйткені атамекенімізді қорғау жолында қаншама батыр бабамыз жанын да, қанын да аяған жоқ. «Халықты қандай құндылықтар біріктіріп отыр?» десек, әрине тілің, ділің, дінің, патриоттық сезімің, бауырмалдық қасиеттерің екені анық. Осының барлығы туған Отанды қорғау қасиеті, ар намыстың биіктігі. Бұл атадан балаға, одан немере мен шөбереге беріліп келе жатқан аманат. Осындай ұлттық құндылықтар бізге де үнемі қуат беріп тұрады. - Ұлттық құндылықтарымызды шетелге таныстыруда Сыртқы істер министрлігі және Мәдениет министрлігі әлі де қандай жұмыстарды атқара түскен жөн деп ойлайсыз? - Біз тәуелсіз ел ретінде тіркелдік, онда географиялық, саяси-экономикалық көрсеткіштері көрсетілген. Ал енді «Ол қандай ел?» дегенде рухани байлығына назар аударады ғой. Біз құнды дүниелерімізді шетелдерге өте сапалы аударып жеткізуіміз керек. Әдебиет, театр, өнер жетістіктерін паш еткеніміз жөн. Бұған бұқаралық ақпарат құралдарының да қосатын рөлі зор. Бүгінгі таңда біздің басылымдардың журналистері дамыған елдердегі беделді БАҚ-пен тәжірибе алмасуы қажет. Атап айтқанда, біздің журналистер Америка, Жапония, Европа елдерінің танымал баспасөз ұйымдарына барып, кейбір озық тәжірибелерін өз көздерімен көріп, үйренуі керек. Шетелдің озық жаңалықтарын отандық БАҚ-қа енгізсе, дұрыс болады. Ең бастысы, жаңалықтарды біз негізгі бастауынан алуымыз керек. Ал қазір көп жағдайда орыс тіліне аударылған материалдарды пайдаланып жүрміз. Мәселен, Америкада, Индия мен Австралияда бір жаңалық болса, соны тікелей алуымыз керек. Тиісінше алыс шетелдер бізді де ортадағы байланыста жүрген орыс тілі арқылы біліп жатыр. Сондықтан диалогқа шығу үшін көп жұмыстар істелуі керек. Қай елмен де өнер, мәдениет, білім, ғылым саласында тікелей ынтымақтастық көпірін орнатуымыз қажет. Сыртқы істер министрінің қатысуымен өткен Үкімет сағатында осы мәселелер көтерілді, әріптесім Алдан Смайыл ұлттық құндылықтарымызды шетелге танытуда жаңа көзқарас болуы керектігі жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Аударма жасау өте жауапты мәселе. Қазақ тілі мен әдебиеті – ерекше қасиеттері мол ұлттық қазына. Қазақ тілінің өрісі кең, сипаттама сөздері көп, қаншама астарлы сөздері мен теңеулері бар. Қазақ аз сөзбен көп мағына беруді білген халық. Мақал-мәтелдеріміз өте көп. Мәселен, «Абайды түпкілікті терең түсіну үшін қазақ тілін білу керек» деп бекер айтпайды ғой. Сол сияқты Шекспирді ұғыну үшін ағылшын тілін жетік білуің қажет. Ал Пушкин мен Гогольді орыс тілінде оқығаның жөн. - Ұлттық тәрбие туралы ойыңызды қалай түйіндер едіңіз? - Ең бастысы, ұлдарымыз Отанымыз үшін еңбек етіп, бір үйдің азаматы болып, отбасының басшысы рөлін атқара білуі тиіс. Қыз балалар да өзінің өміріне, болашағына анық қадам басуы қажет. «Карьера» қуып, билікке жетудің жолында кетіп қалмауы керек. Арулардың басты құндылығы - Ана болу, біздің қоғамымызға керек Азаматты дүниеге әкелу және тәрбиелеу! - Ұлттық құндылықтарымыз туралы ұтымды ойларыңызды ортаға салғаныңызға көп рақмет. Казинформ тілшісі www.inform.kz/kz/kogam-kundylygy-halyktyn-tili-madenieti-salt-dasturi Мәтіннің негізгі ойы Мәселе(лер) Мәліметтер Пікір(лер) Бағалау Бағалау критерийі Мәтіннің негізгі ойын талдайды. Дескриптор 1. Негізгі ойды анықтайды. 2. Көтерілген мәселені көрсетеді. 3. Мәліметтер келтіреді. 4. Пікір(лер)ді талдайды. Оқылымнан кейінгі тапсырма «Керемет пікірталас» әдісі. Мәтінді берілген мәліметтер мен пікірлерді талдап, қорытынды жасаңыздар.. 1. «Арулардың басты құндылығы – Ана болу» деген пікірмен келісесіздер ме? 2. «Аударма жасау өте жауапты мәселе» деген сөз дұрыс па? 3. «Ұлттық құндылықтарымызды шетелдерге танытуымыз керек» деген автор ойымен қаншалықты келісесіздер? 1.3. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту 11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану Ауызша мәтін құруда интонацияның құрамдас бөліктерін сақтап сөйлейді. Жалпыадамзаттық құндылықтар: адамгершілік, мейірімділік, әділдік. Мәңгілік Ел құндылықтары: тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; ұлттық бірегейлікті сақтау. Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану, әдебиет, тарих, география Бастапқы білім Тақырыпқа қатысты мәселелерді талқылады; мәліметтер мен пікірлерді өңдеді. Тірек сөздер Қоғам, құндылықтар, жастар мәдениеті, субмәдениет, өркениет, заман талабы, өмірлік дағдылар Сабақтың жүргізілу барысы Айтылымға дайындық тапсырмасы 1-тапсырма. «Ассоциация» әдісі – «Субмәдениет» дегенде есіңізге не келеді? Ойыңызбен жұпта, топта бөлісіңіз. 2-тапсырма. «Блум түймедағы» әдісі. Мәтінді оқып, кесте бойынша сұрақтар құрастырыңыздар, сұрақтарды топта талқылаңыздар. Қарапайым сұрақтар Нақтылайтын сұрақтар Практикалық сұрақтар Түсіндіретін сұрақтар Шығармашылық сұрақтар Бағалайтын сұрақтар Не? Қашан? Қалай? Мен дұрыс түсіндім бе? Қай жерде қолданылады? Неге? Не болар еді? Не жақсы? Не жаман? Мәтін Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі – фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Егер сіз, қадірлі оқырман, көшеден жүріс-тұрысы мен киім киісі, жалпы мәдениеті басқалардан оғаш көрініп тұратын өзгеше жандарды байқасаңыз, қандай пікір ұстанып, нендей ой түйер едіңіз? Біз мұны ғылыми-психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан қарастыруды ұйғарып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік істер жөніндегі кафедра меңгерушісі, әлеуметтану ғылымының докторы, профессор Әбдірайымова Гүлмира Серікқызының кейбір пайымдарын оқырман талқысына ұсынуды жөн көрдік. • Жастардың арасындағы субмәдениет туралы сөз қозғамас бұрын, алдымен бұл түсінік астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі күнде тек «жастар субмәдениеті» ұғымына ғана қатысты емес, сонымен қатар «жастар», «субмәдениет» түсініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кеткендігінен туып тұр. Жалпы, субмәдениет – жас адамдардың ресми емес қатынастарының, олардың ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағидалары мен құндылықтарының нәтижесі және «МЕН-ОЛАР» жүйесіндегі өздерін көрсетудің, дамытудың бір жолы. • Жастар субмәдениетінің өзіндік құндылықтары мен тәртіп нормаларын культқа айналдыруға уақыты жеткілікті жас адамдар аса көп шоғырланған үлкен мегаполистерге тән феномен екендігін айта кеткен жөн. Мұны «жастарға арналған мәдениет» (кино, әртүрлі жаппай көңіл көтеру, бизнес, сән, телехикаяттар және т.б.) пен жас адамдардың контрмәдениетімен (дәстүрлі нормаларға қарсы тұру секілді) шатастырмаған жөн. Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің қаншалықты болмағандығына байланысты мәдени мұралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар) айрықша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ табынушылары секілді спецификалық субмәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен, Ресей және басқа да шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында психологиялық қалыптасу кезеңі мен ата-ана тарапынан болатын олқылықтардың қатарласуы салдарынан орын алады. • Жастардың өмір сүру қалпы және тіршілік ұстанымы контрмәдениет шеңберінде болуы мүмкін емес сияқты. Айталық, хиппи құбылыс ретінде алғаш АҚШ-та 60-жылдардың басында өзгеріп кеткен қажеттіліктер мен оны қанағаттандыра алмаушылық мәселелері негізіндегі контрмәдениетті көңіл күйдің көрінісі ретінде пайда болды. Ал Батыс және Шығыс Еуропа елдеріндегі «тақыр басты» жастар қозғалысының пайда болуы, оның Ресейдегі қатыгездену және саясаттану тарихы – бұл да жастар субмәдениетінің емес, контрмәдениетінің көрінісі. Қазақстан – белгілі дәстүрлер мен жаңашылдықты өзіне жинақтаған ерекше мемлекет. Біздің жастар, бір жағынан, қоғамның инновациялық потенциалы болып табылады және білім алуда, жаңашылдықты қабылдауда, мамандығы бойынша өсіп-өркендеуде және өмірдің басқа да салаларында жеткілікті белсенді. • Негізі, жас адамдардың наным-сенім, өмір, бақыт, туыстарына деген махаббат, денсаулық, отбасы секілді құндылықтарға қарым-қатынастары оның рухани-адамшылық ішкі күйзелісі мен өмірлік мақсаттарын асыра бағалауымен байланысты. Бүгінде мектеп, университет және отбасы жастарға жай «бақылаушы» позициясын ұстанбаулары керек, керісінше, жеке адамның бүкіл қоғам мүддесін игеру үшін жарыс мүмкіншілігіне тең дәрежеде ұмтылу позициясын қамтамасыз ету керек. Нәркес Балтоғаева abai.kz/post/6640 Айтылым тапсырмасы. Өзіңізге ұнайтын музыкалық субмәдениет түрі жайлы монолог әзірлеңіз; ол несімен қызықты, қандай ерекшеліктері бар екенін баяндаңыз. Бағалау Бағалау критерийі Дескриптор Ауызша монолог құрады 1.Тақырыпты ашады. 2.Интонацияны сақтап сөйлейді. 1.4. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет Оқу мақсаттары 10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі) Сабақ мақсаттары Эссе жазады. Құндылықтарды дарыту Жалпыадамзаттық құндылықтар: адамгершілік, мейірімділік, әділдік. Мәңгілік Ел құндылықтары: тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; ұлттық бірегейлікті сақтау. Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану, әдебиет, тарих, география Бастапқы білім Тақырыпқа қатысты мәселелерді талқылады; мәліметтер мен пікірлерді өңдеді. Тірек сөздер Қоғам, құндылықтар, жастар мәдениеті, тәрбие, өркениет, заман талабы, ұлттық сана-сезім Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымға дайындық тапсырмасы 1-тапсырма. «Сындарлы оқырман» тәсілі. Мәтінді оқыңыз. Жұпта кестені толтырып, топпен талқылаңыздар. Мәтін Болашақ дамуы мәдениетке сүйенген құндылықтар жүйесімен тығыз байланысты, себебі құндылықтық қатынас арқылы барлық нәрсенің маңыздылығын айқындауға болады. Ал адамды басты құндылық деп қабылдайтын ұлттық тәрбие әрдайым жоғары тұрады. Ғасырлар тоғысында, жаңа мыңжылдықта өткен тарихи-мәдени жолды зерделеп, болашақты болжау қалыпты жағдай. Өткенді сана толқысынан, ой таразысынан өткізбейінше, болашақты анық бағдарлау мүмкін емес. Халықтың алға басуы тек саясиэкономикалық ахуалға ғана емес, оның руханилығына да тікелей байланысты. Осы орайда Гегельдің «рухы оянбаған халық тарих көшінен шет қалады» деген ойына назар аударған жөн. Ұлттық рух дегеніміз сайып келгенде оның өзіндік санасы, тарихи жады. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті ғасырлар қойнауынан бастау алады және көптеген тарихи қабаттардан тұрады, осыған орай мәдениеттің тарихи қозғалысын, заңдылықтарын танудың маңызы артып отыр. Бұл талапты қанағаттандыру үшін өткен дәуірлердің рухани мұрасын тарихи-философиялық тұрғыдан байыптау қажет. Осы орайда белгілі философ А.Х. Қасымжанов: «Қайта жаңару уақыты туды. Ол рухани тамырламызды зерттемей, ұғынбай іске асуы мүмкін емес. Іздену, ұғыну өткенге құрметпен қарау, бұл халықтың іштей түлеп өзін-өзі тану жасына түсуі, өркениетті қоғамдағы озық халықтардың тарихи мұрасының өрлеу ұлттық сана-сезімінің өсу процесінің негізгі бөлігі болып табылады. Мұнсыз халық тәуелсіздігі дегеніміз бос сөз болып қала бермек» дейді. Сөйтіп өткен дәуір рухани бастаулары бүгінгі күн мен болашақтың өзегіне айналып отыр. Халқымыздың моральдық адамгершілік, халықтың ізгі қасиеттерін бойға сіңіру-әрбір азаматтың борышы. Халқымызда әдепті, инабаты мол жасты «көргенді елдің баласы» деуі тегін емес. Бұл – ұлттық тәрбиені дамыта беру деген сөз. Сонымен тәрбие дегеннің өзі не? Тәрбие – қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі. Тәрбие білім берумен тығыз байланысты. Сонымен бірге ол адамға қоғам құрылысы, ғылым мен техниканың дамуы, әдебиет, өнер, бұқаралық ақпарат және насихат құралдары (баспасөз, радио, телевизия) арқылы ықпал етеді. Тәрбие мәселесінде айрықша мән беріп, сол жайында қазақ тілінде алғаш «Педагогика» атты еңбегінде Мағжан Жұмабаев: «Тәрбие, кең мағынасында алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету» деген сөз. Адамзат қауымының ғасырлар бойғы тарихы имандылық, ғибраттық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлттық тағылым ұрпақ тәрбиесінің қыруар үлгілерін мұралыққа қалдырғаны бәрімізге белгілі. Қазіргі таңда сол құндылықтарымыз қаншалықты сақталып, ұрпақ санасына қаншалықты беріліп жатқандығы – басты мәселе. Максотова Калиса Еламановна https://ust.kz/word/pedagogikalyq_oqy_ulttyq_qundylyq_ryhani_qundylyq_negizi57332.html «Сындарлы оқырман» әдісі Фокуста Сұрақ Сезім Мәтін сезімдерге немесе дәлелдемелерге құрылған ба? Дереккөздер Беделді автор ретінде кімнен үзінді келтірген Қалыптасқан субъективті көзқарастың әсерінің танылуы Кім сөйлеп отыр? Сөйлеушінің көзқарасы қандай? Сөйлеуші қандай ұйымның өкілі? Сөйлеушіде көзқарастар қайшылығы бар ма? Сөйлеуші альернативті көзқарастарды келтіре ме? Ақпарат қаншалықты жаңа? Немесе қаншалықты соңғы кездерде белгілі болған ақпараттар келтірілген? Ақпараттың жаңалығы Не айтылды Ескерту Жазылым тапсырмасы Тапсырма. Берілген тақырыпта эссе жазыңыз: «Қазіргі жастар өз ұлтының салтдәстүрлерін ұстанбайды» деген тұжырыммен келісесіз бе? Эссе жазуға нұсқаулық: Тезисте өз көзқарасыңызды нақты көрсетіңіз. Өз ұстанымыңызға бірнеше аргумент келтіріп, соларға сәйкес дәлелдер беріңіз. Қорытынды бөлімде кіріспе және негізгі бөлімде айтылған ойларыңызды тұжырымдаңыз. Ұсынылған лексикалық оралымдар мен клишелерді орынды қолданыңыз. Клишелер мен тілдік құралдар: менің ойымша, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, айдай анық, ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрлер, жәдігер, атадан балаға мирас, ұрпақ тәрбиесі, жарқын болашақ, халықтың інжу-маржаны, рухани мұра. Бағалау Бағалау критерийі Эссе жазады Дескриптор 1.Эссе құрылымын сақтайды. 2.Көтерілген мәселеге көзқарасын білдіреді. 3.Келісу-келіспеу себептерін айқын жазады. 4.Клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолданады. Жазылымнан кейінгі тапсырма «Галереяға саяхат» әдісі. Тапсырма: эссеңізді сынып қабырғасына іліңіз, сыныптастарыңыздың эсселерін оқып, дескрипторлар негізінде кері байланыс жазыңыз. 1.5. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет Оқу мақсаттары 10.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық- саяси) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Көтерілген мәселені анықтап, негізгі ойды ғаламдық мәселелермен байланыстырады. Жалпыадамзаттық құндылықтар: адамгершілік, мейірімділік, әділдік. Мәңгілік Ел құндылықтары: тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; ұлттық бірегейлікті сақтау. Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану, әдебиет, тарих, география Бастапқы білім Тақырыпқа сай мәтіндердің тақырыбын, негізгі ойын анықтады; эссе жазды. Тірек сөздер Қоғам, құндылықтар, өнер, кино, қызығушылық, өркениет, заман талабы, өмірлік дағдылар Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырма «Миға шабуыл» тәсілі. -Берілген суреттер бөлім тақырыбымен қаншалықты байланысты? -Сіз қандай кинотуындыларды ұнатасыз? 519059626 693103291 776546197 Тыңдалым тапсырмасы. «Сындарлы оқырман» тәсілі. Мәтінді тыңдаңыз. Жұпта кестені толтырып, топпен талқылаңыздар. Тыңдалым мәтіні 2018 жылғы Канн кинофестивалінің еліміз үшін бәсі де, бағасы да бөлек болды. Франция төрінде 71-ші мәрте ұйымдастырылған өнер додасы Самал Еслямованың арқасында жаһан назарын қазаққа бұрғызды. Режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде басты рөлді кейіптеген өнер иесі «Үздік әйел рөлі» аталымында топ жарды. Бұл режиссер мен актрисаның алғашқы жұмысы емес. Осыдан тура 10 жыл бұрын жарыққа шыққан «Тюльпан» фильміндегі таланттар тандемі сол кездің өзінде-ақ Канн фестивалі сарапшыларын таңғалдырып, аталған кинокартина 2008 жылы «Айрықша көзқарас» аталымындағы жүлдеге лайық деп танылған болатын. Енді міне, араға 10 жыл салып өмірге келген «Айка» психологиялық драмасы да әйгілі кинофестиваль сарапшыларын бейжай қалдырмады. – Сергей мырза, күні кеше әлем деңгейінде мойындалып, үздік актриса атанған Самал Еслямовны өнер әлемінде небәрі 19 жасында жолықтырып, бірден басты рөлге бекіткен екенсіз. Актриса несімен баурап алды? – Мен Самалды бірінші рет «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесе түсірген туындымыз – «Тюльпан» фильмінің кастингінде көрдім. Ол кезде Самал Петропавлдағы өнер колледжінің студенті болатын. Әрине психологиялық фильм үшін өте жас әрі «19 жастағы бойжеткен 3 баланың анасын өз деңгейінде алып шыға алар ма екен» деген де ішкі күдігімнің болғанын жасырмаймын. Бірақ режиссерлік түйсік деген болады. Шығармашылық адамына тән сол бір ішкі сезім мені жібермей қойды. Сөйтіп тәуекел етіп Самалды басты рөлдердің біріне бекіттік. Менің үміт артқаныма сай, актриса жан дүниесі бай, барлық көңіл күйді ішінен өткізетін психологиялық рөлдің актері болды. Ол сыртқы жарқ-жұрқты басты планға шығарған иллюстратор емес, шын мәніндегі сезімнің актрисасы екенін аз ғана уақыттың ішінде дәлелдеп көрсетті. Жалпы, актерге туа бітті таланттан бөлек, мінез де керек. Самалдың бойында қолға алған ісін соңына жеткізбей тынбайтын қайсар да өжет мінез бар. Сырттай өте нәзік көрінгенімен, ішкі қуаты мықты. Осы тұрғыдан келгенде біз жақсы түсіністік. Өйткені мен – өте талапшыл режиссермін. Мен үшін фильмімдегі әр детальдің шынайылығы маңызды. Табыс үшін емес, өнер үшін тырбанып жүргеннен кейін де, әрбір жұмысымда адамның тағдыры, адамның сезімі алға шықса деймін. Себебі сезім бар жерде шынайылық қатар жүреді. Өзіңіз ойлап көріңізші, мына жалғанда сезімнен аяулы не бар?! Меніңше, өнер деген – сол! – Күні кеше 71-ші Канн кинофестивалінде жүлдегер атанған «Айка» фильмі де Самал екеуіңіздің шығармашылық тандеміңізден туған туынды. Түсірілім барысында үнемі бір актрисамен жұмыс істеу режиссерлік стиліңізді таптаурындылыққа түсіріп жібереді деп қорықпадыңыз ба? – Жоқ, керісінше. Мен «Айка» арқылы Самалдың актриса ретіндегі шығармашылық өсу эволюциясын көрсеткім келді. Алғашқы фильммен салыстырғанда бұл кинотуындының тақырыптық һәм әлеуметтік салмағы ауырлау. Режиссерлік талап та бірнеше есеге жоғары болды. Актрисаға психологиялық тұрғыда жіті іздену жауапкершілігі жүктелді. Оның үстіне, отбасын құрып, әлі ана атанып үлгермеген бойжеткенге баласын өмірге әкеле салып, тұрмыс тауқыметінің салдарынан одан бас тартуға мәжбүр болған қырғыз қызының шарасыз һәм трагедиялы күйін шегіне жеткізе ойна деп талап қоюым да менің тарапымнан әділетсіздік болар еді. Тіпті өзгені айтпағанда, жұмысымның шынайы шығуын ойлап, басты рөлге қазақты емес, қырғыздың актрисасын бекітуді ойладым. Бірақ тағы да режиссерлік ішкі түйсігім Самалды таңдады. – Жалпы, өзіңіз бұл жеңісті қалай бағалайсыз? – Мұндайда ауызға сөз түспейді екен. Талас жоқ, бұл – үлкен марапат, кино өнерінің жаңа бір белесі деп білемін. Сіз білесіз бе, әлемде қанша фильм түсіріліп жатыр? Қанша актер бар? Соның ішінен суырылып шығып, қазақстандық актриса үздік атанды. Мұндай талантты қазақ топырағы өмірге әкелді, тәрбиеледі. Сондықтан да бұл жеңіспен мақтану керек. Самал Еслямова – талантты ғана емес, кәсіби деңгейде білім алып, шыңдалған өнер иесі. Ол Мәскеудің ең үздік оқу орындарының бірі – Ресей театр өнері университетінде (ГИТИС) оқыды. Біз қарбаласта жүріп, кейде өмірлік маңызы бар дүниелерге мән бермей жатамыз. Кино саласында ұзақ жылдар қызмет етіп келе жатқан адам ретінде айтамын. Бұған қуану керек және қазақ киносының болашағы туралы ойлануымыз қажет. Мен қазір де Самалға жалғыз ғана дүниені айтамын: сол алған біліміңді Қазақстанға алып келіп, кәсіби мектептер ашып, сол арқылы еліңдегі өнерге құштар жастарға әлемдік деңгейдегі актерлік мектепті үйретіп, жаһандық кино мен театр мәдениетінің талаптарын солардың бойына сіңіруге күш салсаң, Отаныңа бүгінгіден де көбірек пайда келтіресің деймін. Өйткені, Самалдың өте ұлтжанды қыз екенін білемін. Жүрген жерінде үнемі Қазақстанды айтып жүреді – Әңгімеңізге рахмет. Назерке Жұмабай https://egemen.kz/article/169281 «Сындарлы оқырман» әдісі Фокуста Сұрақ Сезім Мәтін сезімдерге немесе дәлелдемелерге құрылған ба? Дереккөздер Беделді автор ретінде кімнен үзінді келтірген? Қалыптасқан субъективті көзқарастың әсерінің танылуы Кім сөйлеп отыр? Сөйлеушінің көзқарасы қандай? Сөйлеуші қандай ұйымның өкілі? Сөйлеушіде көзқарастар қайшылығы бар ма? Сөйлеуші альернативті көзқарастарды келтіре ме? Ақпарат қаншалықты жаңа? Немесе қаншалықты соңғы кездерде белгілі болған ақпараттар келтірілген? Ақпараттың жаңалығы Не айтылды Ескерту Ғаламдық мәселе Таңдаулы есеп Статистиканы қолдануы Қандай мәселе көтерілген? Ол жаһандық мәселелермен қалай байланысты? Альтернативті көзқарасты дәлелдейтін сандар келтірілген бе? Жылдар нені көрсетеді? Бағалау Бағалау критерийі Негізгі ойды ғаламдық мәселелермен байланыстырады Дескриптор 1.Мәтін дереккөздерін анықтайды. 2.Көтерілген мәселелерді қарастырады. 3.Ғаламдық мәселе аясында талқылайды. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма «Режиссер қоғамның тынысын айна қатесіз бере алды» деген дәйексөзді «ПОПС формуласы» арқылы тұжырымдаңыз. ПОПС формуласы: «Менің ойымша, бұл...» «Себебі мен оны былай түсіндірер едім...» «Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...» «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім... 1.6. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет Оқу мақсаттары 10.2.2.1 ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері) Сабақ мақсаттары Ғылыми-көпшілік стильдегі мәтіндерді талдайды. Құндылықтарды дарыту Жалпыадамзаттық құндылықтар: адамгершілік, мейірімділік, әділдік. Мәңгілік Ел құндылықтары: тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; ұлттық бірегейлікті сақтау. Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану, әдебиет, тарих, география Бастапқы білім Тақырыпқа қатысты ғаламдық мәселелерді талдады. Тірек сөздер Қоғам, құндылықтар, Ұлы Жібек жолы, көшпенділер мәдениеті, өркениет, мемлекет, тарих Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырма «Суреттер сөйлейді» әдісі. -Берілген суреттер бойынша не айта аласыздар? 701358508 200682995 Оқылым тапсырмасы 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұны негізінде келесі сұрақтарды жұпта талдаңыздар. Мәтін ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін әлемдік ақыл-ой кеңістігінде көшпенділер өркениеті деген сөз ауызға алынбайтын. Көшпенділер тарихына еуроцентристік немесе азиялық центристік көзқараспен баға берілді. Еуропа мен Азия тарихын түбірінен өзгерткен ғұндар мен кейінгі түріктердің, монғолдардың тарихы туралы бір жақтылы қасаң көзқарастар ғылымда үстемдік құрып келді. Бақсақ, мейлі ғұн, мейлі түрік, мейлі монғолдар болсын, бәрі де жер бетіне көшпелі өркениеттің ұрығын сепкен, ұлан-ғайыр мәдени кеңістіктерді бір-бірімен жалғаушы, жаңалықтарды жеткізуші болған екен. Онымен қоймай, көшпенділер отырықшы өркениеттер аймағына құлашын кең жайған ірі мемлекеттерді, империяларды құру дәстүрін қалдырып кетті. Ғұндардың әсерінен Қытайдағы, Еуропадағы ұсақ бектіктер (князьдіктер) бірікті. Бірігіп аса қуатты, құлашын кеңге жайған іргелі мемлекеттер құрды. Егер атты ұлттардың соққысы болмағанда ол елдер көпке дейін жайбарақат күйі жатар еді. Тұтас адамзат өркениетінің аяқалысы талай ғасырға кешеуілдер еді. Осы ойлар, пікірлер бізге Л. Гумилев еңбектерін оқу арқылы келді. Ол тұтас адамзат тарихын бір-бірінен бөлек алып қарамай, оған бір тұтас органикалық тұлға ретінде қарады. Тарихтың өз келбеті де солай. Тарих үшін бүгінгі мемлекеттер, шекаралар, этностар шартты ұғым. Ол тарихи дамудың нәтижесі. Тарихта Еуропа елдерінің шекарасының талай рет өзгеруі соны дәлелдейді. Азия да солай. Бұрындары Азия бір тұтас болған. Өркениеттер бірін-бірі жатырқамаған. Сол себептен, Азия даласынан тарихтағы түрлі өркениеттердің, діндердің ізі байқалады. Соның ішінде Қытай өркениеті деген өркениет бар. Сырттан келген өркениеттер туралы сөз болғанда ол тіптен сіңіргіш, бірақ қарсылық қуаты өте жоғары өркениет. Бір қызығы теңіз жолы дамымай тұрған ерте және ортағасырларда Үнді, Араб, Парсы және Еуропа өркениеттері Қытайға Орта Азия арқылы жеткен. Орта Азия Шығыс пен Батыстың арасында өткізгіштік рөл ойнай отырып, өзі де сол өркениеттердің әсеріне ұшыраған. Демек, ортазиялық өркениет Шығыс-батыс өркениетінің жергілікті өркениетпен синтезі арқылы қалыптасқан өркениет. Ол оңтүстіктегі ислам-будда мәдениеті мен солтүстіктегі православия мәдениетінің, дәстүрлі шығыс мәдениеті мен еуропалық мәдениеттің, көшпелі мәдениет пен отырықшы мәдениеттің түйіскен тұсы. Мұнда тарихта тәңірлік, будда, манихэй, зоорастризм, несториан, ислам секілді түлі діндер бірінің ізін бірі баса, қатарласа дамыған. Дүниежүзінің ешбір жерінде мұндай өркениет қалыптаспаған. Өйткені бұл белгілі мағынадан жағрапиялық шарт-жағдайға да байланысты. Көшпенділер осынау байтақ кеңістіктің тарихын ат тұяғымен жазды. 1893 жылы Дат ғалымы В. Томсен Орхон даласынан табылған көне түркі ескерткіштерінің бетіндегі руникалық жазулардың сырын ашқаннан кейін де Батыс әлемі, кеңестік түркология бұл ұлы жаңалықты жылы жауып қойды. Советтік түркология түркі халықтарының тарихын зерттеудің орнына түркі халықтарының тілін зерттеуге көбірек көңіл бөлетін. Өйткені түркі халықтарының көне тарихын зерттеу олардың ұлттық санасының оянуына қызмет етуі бек мүмкін еді. Олар үшін далалық бұратана халықтардың тарихы түк емес болатын. Дәл осындай кезеңде орыс халқының ұлы перзенті Л.Н. Гумилев өз бетімен ертеде даланы мекендеген түркі-монғол халықтарының тарихын зерттеуге кірісті. Өз өмірінің соңында ұлы ғалым «менің өмірімнің мәні...мен шын жүрегіммен сүйген Еуразияның көшпенді халқының атақ-даңқын шығару болды»», – деді. Тұрсынхан Зәкенұлы https://e-history.kz/kz/publications/view/1807 • Қандай мәселе көтерілді? Негізгі көтерілген мәселе Осы мәселеге автордың пікірі • Журналист өз ойын қаншалықты көрсетеді? • Мақалада айтылған мәселемен келісесіз бе? Осы мәселеге сіздң пікіріңіз 2-тапсырма. Жұппен кестені толтырыңыз. Жанр Аудитория Терминдер мен ұғымдар Не үшін Тілдік қолданылды? оралымдар Не үшін қолданылды? Бағалау Бағалау критерийі Мәтінге тілдік талдау жасайды. Дескриптор 1.Мәтіннің стилін анықтайды. 2.Мәтіннен терминдер мен тілдік оралымдарды табады. 3.Қолданылу себептерін түсіндіреді. Оқылымнан кейінгі тапсырма. Сіз шетелдік қонақтардың алдында «Көшпенділердің озық мәдениеті» тақырыбында баяндама жасамақшысыз. Осыған орай, мәтін негізінде баяндамаңыздың тезисін жазыңыз. 1.7. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту 10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселені бағалайды; мәліметтер мен пікірлерді өңдейді. Жалпыадамзаттық құндылықтар: адамгершілік, мейірімділік, әділдік. Мәңгілік Ел құндылықтары: тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; ұлттық бірегейлікті сақтау. Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану, әдебиет, тарих, география Бастапқы білім Тақырыпқа қатысты мәселелерді талдады. Тірек сөздер Қоғам, құндылықтар, жастар мәдениеті, білім, ғылым, өркениет, заман талабы, өмірлік дағдылар Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырма. «Еркін жұп» әдісі. Тапсырма: бір сыныптасыңызды таңдап жұп құрыңыздар, жұпта «Мәңгілік Ел» идеясы жайлы әңгімелесіңіздер. Оқылым тапсырмасы Қазақ өркениетінің жаңа дәуірі Философия ғылымдарының кандидаты Дархан Жазықбаевпен әңгіме: -Дархан Медеғалиұлы, жақында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көргенін білесіз. Осыған орай қоғамда қызу талқыланып жатқан келелі мәселе – рухани жаңғыру туралы не айтасыз? – Елбасының көтерген рухани жаңғыру туралы идеялары қазіргі қоғамдық санада жылы қабылданып жатқанын аңғаруға болады. Біріншіден, бұл өзін қазақпын деген барлық азаматтарды жаңа идеяның аясында біріктіретін, ұлтымызды ортақ мұратқа ұйыстыратын тұжырым болып отыр. Ұлттың мұраты, ұзақ жылдарға арналған стратегиясы деуге де болады. Екіншіден, бұл ұлтымыздың алдында тұрған зор мүмкіндік дер едім. Елдің дамуы үшін, рухани жаңғыруы үшін беріліп отырған мүмкіндік. Ұлттық жаңғыруды жүзеге асыруда Елбасы екі мәселеге нақты тоқталған. «Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», дейді. Яғни, алға жылжу үшін тозығы жеткен кейбір әдет, мінездерден арылып, болашаққа асыл қасиеттерімізбен, құндылықтарымызбен баруымыз керек деп отыр. Кертартпалық деп нені айтамыз? Ол етектен тарту, сөздің істен озып жүруі, көреалмаушылық, өзгенікі жат, өзімдікі артық деп санайтын, байыбына бармай эмоциялық көңіл күймен асығыс белгілі бір ситуацияға баға беру тәрізді көрініп жататын әдеттер. Хакім Абайдың «Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын» дейтіні бар. Сөзден іске көшу керек. Үшіншіден, осы Елбасы көтеріп отырған рухани жаңғыру мәселесі елдік сана жолында әрбір қазаққа үлкен сын болғалы тұр. Себебі, бұл әрбір қазақтың намысының ісі. Оны жүзеге асыра алмасақ, елдік санамызға үлкен сын болмақ. Осы тұрғыдан алып қарағанда, біз ұлттық өркениеттің жаңа дәуірінің алдында тұрмыз дегім келеді. Елбасы айқындап беріп отырған тұжырымды халық болып іске асыру үшін жұмыла кірісуіміз қажет. – Сіздіңше, Президент мақаласында айрықша мән берілген «Ұлттық код» деген не? – Ұлттық код – ұлттық сананы құрайтын негізгі фактор. Егер белгілі бір мақсат санада көрініс таппаса, оған жету қиынға соғады. Мәселен, Тәуелсіздік ұғымын алайықшы. Ол – идея. Идеясыз біз бүгіннен бастап тәуелсізбіз деп айтпаймыз ғой. Сол себепті идея арқылы санаға серпін береміз. Ұлттық код бұл біздің ішкі рухани жігеріміз, яғни импульс. Ұлттық код ана тіліміз арқылы, мәдениетіміздің қайнар бұлақтары арқылы көрініс беріп отырады. Ұлттық кодты сақтау – тілді, ұлттық құндылықтарды сақтау деген сөз. – Президент мақаласындағы тағы бір жаңалық болған тұжырым – латын әліпбиіне көшу туралы. Осы жайлы пікіріңіз қандай? – Латынға өту – көп ойланып, көп толғанып барып жасалғалы отырған ұлы іс. Қазір Қазақстан мемлекет ретінде институттары қалыптасқан, экономикасы дамудың арнасына түскен елге айналды. Қазақтың саны елдегі халықтың 70 пайызынан асып жығылды. Енді бізде латын әрпіне өтудің толық алғышарттары бар. Кезінде Абай «Дүниенің кілті орыстың тілінде, орыстың тілін үйрен» деп еді. Бұл оның әлемдік өркениетке орыс тілі арқылы барамыз, ғылымды игереміз деген ойы болатын. Орыстың тілін әлемдік өркениетке өтудің көпірі санады. Ол заманда қазақ үшін орыс тілі әлемдік өркениетке шығудың мүмкіндігі болғанын жоққа шығара алмаймыз. Бүгінгі күн басқа, заман өзгерді, сана өзгерді, ағылшын тілі ақпараттың, ғылымның тіліне айналды. Мұндай жағдайда латынға өту арқылы жаңарудың сәті түсті. Латын әрпі бүгін интернет пен технологияның тіліне айналып отыр. Сондықтан, біз бұған ұзақ дайындықпен, байыптылықпен келіп отырмыз. Бұл – ел болып қолдайтын іс. – Әңгімеңізге рахмет. Қорғанбек АМАНЖОЛ https://egemen.kz/article/qazaq-oerkenietininh-zhanha-dauiri «FILA кестесі» әдісі. Жұптық жұмыс. Кестені нұсқаулыққа сай толтырып, құрастырылған сұрақтарды басқа жұптарға қойыңыздар. F I L A Нұсқаулық: F/ Дерек/ – мәтіннен деректер келтіріңіз. I /Пікір/– көтерілген мәселеге қатысты кейіпкер ойын жазыңыз. L /Сұрақ/– мәтін идеясына қатысты 2 жуан сұрақ құрастырыңыз. A /Іс-әрекет/– мәтін міндеттері бойынша жоспар құрыңыз. Бағалау Бағалау критерийі Мәтіннің негізгі ойын талдайды. Дескриптор 1. Негізгі ойды анықтайды. 2.Көтерілген мәселені көрсетеді. 3.Мәліметтер келтіреді. 4.Пікір(лер)ді талдайды. Оқылымнан кейінгі тапсырма «Бос микрофон» тәсілі. Келесі сұрақтар бойынша ой бөлісіңіз: -Ұлттық код дегенді қалай түсінесіз? -Латын графигіне көшу дұрыс па? -«Көп тіл білу – заман талабы» деген оймен келісесіз бе? 1.8. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет Оқу мақсаттары 10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу Сабақ мақсаттары Аннотация жазуда орфографиялық норманы сақтайды. Құндылықтарды дарыту Жалпыадамзаттық құндылықтар: адамгершілік, мейірімділік, әділдік. Мәңгілік Ел құндылықтары: тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; ұлттық бірегейлікті сақтау. Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану, әдебиет, тарих, география Бастапқы білім Орфографиялық норма ережелерімен таныс. Тірек сөздер Қоғам, құндылықтар, жастар мәдениеті, білім, ғылым, өркениет, заман талабы, өмірлік дағдылар Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымға дайындық тапсырмасы. Мәтінді оқып, талдау кестесін толтырыңыз. Оқылым мәтіні Рухани құндылықтардың қазіргі қазақ прозасындағы көрінісі Құндылықтарды бағалаудағы қателіктер өтпелі кезеңдерге тап келеді. Бір қоғамдық жүйе екіншісімен ауысқанда, мұндай асыра сілтеушіліктер жиі кездеседі. Қазіргі уақытта етек жайып, белең алып бара жатқан тағылыққа, жан жадаулығына қарсы қоятын бірден-бір әлеуметтік күш руханилық болып табылады. Рухани мәдениет және өркениет бір-біріне сай бола бермеуі де мүмкін. Д. Рамазанның «Жандос» атты әңгімесі – рухани құндылықтардың қазіргі қазақ прозасындағы бейнесін ашатын шығарма. Шығарманың басты кейпкері Емелдің бойынан біз досына деген сүйіспеншілік, сөзге беріктік, жанашырлық, қайырымдылық секілді нағыз адамға тән қасиеттерді байқай аламыз. Жар дегенде жалғыз жолдасының отбасымен жол апатына ұшырағанын естіген ол жылдам ауруханаға жүгіріп келсе, досының жүкті әйелі сәбиді дүниеге әкеліп, мерт болған екен. Аздан соң жолдасы да бақилық болады. Одан тек ақырғы сапарға аттанар алдында аманат еткен жалғыз тұяғы – ұлы ғана қалады. Жан досынан аманат боп қалған баланың атын Емел Жандос деп қойған екен. Аманатқа қиянат жасамай, ол нағыз азаматты өсіріп шығарады. Бұл шығармада біз басты кейіпкердің жанашырлығы мен қайырымдылығына куә бола аламыз. Сонымен қатар осы санаттағы шығармалар қатарына Д. Рамазанның «Келіндер» әңгімесін де жатқызуға болады. Себебі бұл туынды – қазақы қыз-келіншектердің ата-енелеріне деген құрметінің, жұбайларына деген адал махаббаттарының, бауыр еті балаларына деген шексіз сүйіспеншіліктерінің айдан айқын көрінісі. Шығарма туған баласы арақтың буына мас болып, теріс айналып, қарттар үйінде күн кешіп жатқан енесін алып кетуге келген келін жайлы. Күйеуінен жазықсыз айырылып, қайын ағасы мен абысынының қорлығын көріп, кетіп қалған шығарманың басты кейіпкері біраз уақыт өткен соң енесінің қарттар үйінде екенін естіп, оны ол өз қолына алады, бауырына басады, жанашырлық танытады. Шығармада адамгершілік, жанашырлық пен қайырымдылық мәселелері ерекше белең алады. Аталған туынды – қазақ балаларының үлкенге деген ізетінің, құрметінің, қиын жағдайға душар болған пендеге деген асқан жанашырлығының айқын көрінісі. Кей шығармалар қазақ азаматтарының бойындағы рухани құндылықты көрсету, оны насихаттау суреттелсе, кебір туындылар рухани құндылықтардың аяққа тапталуын суреттейді. Құндылықтардың аяққа тапталуы, әсіресе, махаббат тақырыбындағы шығармаларда көп кездесетінін аңғармай болмас. Зерттеу жұмысында тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасында орны ерекше рухани құндылық – махаббат бейнесі де зерттеу нысанына айналып отыр. Ғашықтық сезім мен махаббатың қазіргі қазақ прозасындағы бейнесін айқындайтын шығармалардың бірі – Д. Рамазанның «Махаббат мұңы» әңгімесі. Әңгіме екі жастың, Әділбек пен Ләззаттың, махаббаты мен болашаққа деген сенімді көзқарастары туралы. Бірақ екі жастың «Біз бір-бірімізді сүйеміз, үйленеміз» деген ақ тілектеріне әке-шешенің «принциптері», яғни, қыздың отбасының әлеуметтік жағдайы және т.б қарсы шығады. Бұл бір-біріне ес-түссіз ғашық екі жанның өліміне әкеліп соқтырады. Осы бағытта шығармаларға біз Нұрғали Ораздың «Біз, Ол, «Мерседес» және махаббат» әңгімесін жатқыза аламыз. Шығарма ауылға келген қонақ қыз – Бибіажар мен оған ес-түссіз ғашық болған кейіпкер бейнесіндегі баяндаушы автор - жігіт туралы жазылған. Келген күннен бастап ойын-сауық құрысқан, гитарада ойнап, ән айтысқан бозбала мен бойжеткен арасында таза, бейкүнә сезім пайда болады. Жаз бойы бұл сезім ұлғайып, мөлдір махаббатқа ұласады. Бірақ аз уақыттан соң ауылға, Бибіажардың артынан «Мерседес» мінген қалалық жігіт келеді. Мұнан хабардар болған Бибіажар сүйгенін тастап, сол «Мерседес» мінген бозбалаға еріп кетеді. Жас жігіттің жауапсыз махаббаты аяқ асты етіліп, өкінішке ұласады. Бұл – «жаңа қазақтар» арасындағы махаббат секілді пәк сезімнің статусын айқындайтын бірден бір шығарма. Думан Рамазан http://bilim-all.kz/article/8255 Мәтінде көтерілген мәселе Мәселеге қатысты мысалдар Мәселеге қатысты пікірлер Автор мақсаты Мәтін идеясы Жазылым тапсырмасы. Мәтіндегі ақпараттарды және талдау кестесін қолдана отырып, аннотация жазыңыз. Көлемі – 80-100 сөз. Аннотация жазуға ұсынылатын тірек сөздер мен клишелер Мәтінде (не?) Мәтінде (неге?) Мәтінде (не?) Мәтінде (неге?) анализ зерттеледі. мінездеме туралы ақпарат жүргізе отырып, (не?) берілген. берілген. көрсетілген. (Не?) көрініс Зерттеу келесі (Не?) туралы (Қандай?) фактілер тапқан. мәселелерді сипаттама берілген. көрсетілген. қарастыру арқылы жүзеге асқан: … Мәтінде Келесі сұрақтарға (Қандай?) қорытындыға маңызды назар келген. мәселе ретінде аударылған:… (неге?) көңіл бөлінген. Бағалау Бағалау критерийі Аннотация жазады Дескриптор 1.Мәтіндегі ақпараттарды сипаттайды. 2. Мәтін идеясын ықшамдап жеткізеді. 3.Орфографиялық норманы сақтайды. Жазылымнан кейінгі тапсырма. «Қытайша десерт» әдісі арқылы сыныптастарыңыздың аннотациясын оқып, кері байланыс беріңіз. Түзетулер болса, қайта редакциялаңыз. 2.1 Индустрияландыру: ұлттық өндіріс Пәнаралық байланыс 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау Ұлттық индустрия тақырыбы төңірегінде терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды және қолдана алады жұптық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет; өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық; білімін тереңдету, қажетті материалдарды табу, өзінің жұмысын ұсыну мақсатында өмір бойы оқу. Экономика, тарих Бастапқы білім Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тірек сөздер Индустрия, цифрлық Қазақстан, ұлттық өнім, нарық, менеджмент, бизнес, кәсіп. Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды жаттығулар 1-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын онлайн-сөздіктен тауып жазыңыз. Сөздер Индустрия Ұлттық өнім Ұлттық код Экономика Нарық Бренд Мағынасы 2-тапсырма. Суретке назар аударып, тыңдалым мазмұнына болжам жасап көріңіз. 496622446 Тыңдалым тапсырмасы. Мәтінді тыңдап, «Қос жазба күнделігін» толтырыңыз. Тыңдалымнан индустрияландыру үрдісінің оң жақтарын көрсететін аргументтер келтіріңіз және оған өзіңіздің пікіріңізді жазыңыз. Тыңдалым мәтіні Индустрияландыру игілігі. Цифрлық дәуір өнеркәсібін қалыптастыруға арналған үшінші бесжылдықта Қостанай облысында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылмақ. Кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы мамандарының айтуынша, индустриаландыру үрдісі басталғалы елімізде 88 жаңа кәсіпорын іске қосылды. Нәтижесінде, экономика әртараптандырылып, жаңа технологиялар көптеп енгізілуде. Бизнес үшін қолайлы климатқа қызығушылық танытып отырған инвесторлар да аз емес. Қостанайда көп ұзамай ашылатын индустриялдық аумақта 11 компания өз өндіріс орындарын ашуға ниет білдірген. Өңірде биыл Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 8 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Нысандардың құны 29,5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, жүзеге асырылған жобалардың тең жартысы ғана тұрақты жұмыс істесе, жоспарланған өнім қуаттылығына жеткен 42-сі индустрияландыру Картасынан алынып тасталды. Мысалы, айналым қаражатының жоқтығынан және сапасыз менеджменттің салдарынан «Комсомол құс фабрикасы» және «Қостанай май зауытының» жұмысы тоқтап тұр. Қазіргі кезде, индустриалды аумаққа мемлекет есебінен инженерлікинфрақұрылымдар тартылып бітті. Кәріз желілерін орнатуға 2 млрд теңгеден артық қаражат жұмсалды Данияр Сұлтанұлы http://kostanaytv.kz/kz/news/economic/industriya-igilikteri-investiciya-kolemi-artatuspek 3-тапсырма. «Қосжазба күнделігі» Аргументтер Пікір 4-тапсырма. Төмендегі алгоритм негізінде бір-бірлеріңізбен «Бүгінгі Қазақстандық индустрия» тақырыбын талдаңыздар, талдау барысында тақырыптық терминдерді қолданыңыздар. "Бүгінгі Қазақстан" деген кезде ойыңызға не келеді? Қазақстандағы индустрияның дамуы туралы өзіңіздің ойыңызды аргументтпен дәлелдеп айтыңыз Еліміздің қарқында дамуы үшін қандай жаңа жобалар жүргізілуде. өзіңіз білетін екі жобаны мысалға келтіріңіз Бағалау Бағалау критерийі Тыңдалым мәтінідегі негізгі ойды түсінеді, оны аргументтермен дәлелдейді және тақырыптық терминдерді, тілдік оралымдарды қолданады. 1. 2. 3. 4. Дескриптор Сөздіктен сөздерге анықтама бере алады. Суретке қарап тақырыпты болжайды. Тыңдалымнан 4 аргумент келтіріп, өз пікірін білдіреді. Алгоритмге сүйеніп талқылайды Тыңдалымнан кейінгі кезең. 5-тапсырма. Негізгі тұжырымдарды «ИӘ/ЖОҚ» әдісі арқылы анықтаңыз. Қазақстанда мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бар. Жалпы Ұлттық Өнім – макроэкономикалық жиынтық көрсеткіш. Қазақстан дамыған мемлекеттер көрсеткішіне қол жеткізді. Цифрлық дәуір өнеркәсібін құру үшін арнайы бағдарлама құрастырылды. Елде экспорт және инвестицияны алға жылжыту бойынша «Kaznex Invest» ұлттық агенттігін құрылудыа Экономикалық өсуде негiзгi қозғаушы күш – инновация бола алмайды. Инновациялық үрдіс өзіне тән ерекшеліктерге байланысты ғылымды, техниканы, өндірісті, кәсіпкерлікті, қаржы секторын, маркетинг және менеджментті біріктіреді. Инновациялық үдерістің барысында дифференцияланған экономикалық нәтижелерге қол жеткізілуі мүмкін. 2.2 Индустрияландыру: ұлттық өндіріс Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Пәнаралық байланыс Бастапқы білім 10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау Мәтінде көтерілген мәселені, автордың ойын анықтайды, жуан және жіңішке сұрақтарды құрастыра алады. елжандылық, патриотизм; жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет. өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық; жаңа идеялар ұсыну барысындағы зияткерлік әлеует Экономика, өнер. Индустрияландыру: ұлттық өндіріс Бренд, фабрика, жеңіл өнеркәсіп, жеке кәсіпкер, эмблема Тірек сөздер Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырма. 1-тапсырма. «Атаулар көмегімен болжау» тәсілі арқылы тыңдалым мазмұны неге қатысты екенін болжаңыздар. Бренд, фабрика, жеңіл өнеркәсіп, үшінші мегаполис «Алтын адам» Жұптарда талқылап, өз жауаптарыңызды толықтырыңыздар (Жұптық жұмыс). Тыңдалым тапсырмасы. https://www.youtube.com/watch?v=AxqfPkIWg8A (Алтын адам тігін фабрикасы \ Үшінші мегаполис \ Асыл арна) 2-тапсырма. Мәтінді тыңдап, талқылаңыздар. • Тыңдалым мәтінінде қандай мәселе туралы ой қозғалады? Негізгі көтерілген мәселе төмендегі сызба негізінде топта тыңдаған ақпаратты Осы мәселеге автордың пікірі • Журналист өз ойын айқын көрсетеді ме? Әлде тақырып төңірегінде ақпарат жеткізумен шектелген бе? • Сенің ойыңша, Қазақстандық өнім әлемдік брендке айналуы үшін қандай қадамдар жасалуы керек? Осы мәселеге сенің пікірің 3-тапсырма. Мәтінді қайта тыңдап, жіңішке және жуан сұрақтар тізбеген дайындаңыздар және жауап беріңіздер. а) Сызбаны толтырыңыз. Жіңішке сұрақ Жуан сұрақ ә) Жұпта талқылап, әр жұп ең жақсы деген 4 жіңіше, 4 жуан сұрақты таңдап, екінші жұпқа беріңіздер (Сұрақтардың жауабы тыңдалады.) 4-тапсырма. «Пікірлер тартысы» тәсілі. Топ ішінде елімізде өз кәсібіңізді ашу және дамыту туралы «Жеке кәсіппен айналысу мүмкін/мүмкін емес» деген тақырыпта ой талқыға қатысыңыз. Нұсқаулық: -тақырыпты талқылаңыздар: бірнеше аргументтер мен фактілер жинақтаңыздар; -өз пікірлеріңізді жинақталған дәлелдер негізінде жеткізіңіздер. Бағалау Бағалау критерийі Мәтінде көтерілген мәселені, автордың ойын анықтайды, жуан және жіңішке сұрақтарды құрастырады, өз ойын еркін жеткізеді. Дескриптор 1. Атаулар арқылы болжау жасай алады 2. Сызба негізінде тыңдалым мәтінінің негізгі көтерілген ойын анықтай алады 3. Жуан және жіңішке сұрақтар құрастыра алады 4. Өз ойын еркін дәлелдеп жеткізе алады. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Сен «Ұлттық индустрияның болашағы» атты форумның эмблемасын ойластыратын шығармашылық топтың мүшесісіз делік. Өз ойларыңызбен бөлісіңіз және эмблемаға ұсынған әр бөлшектің мазмұнын түсіндіріңіз. 2.3 Индустрияландыру: ұлттық өндіріс Құндылықтарды дарыту 10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау; Графиктік мәтіндегі ақпаратты талдайды, негізгі үдерісті анықтай алады. елжандылық, патриотизм; жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет. өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық; жаңа идеялар ұсыну барысындағы зияткерлік әлеует Пәнаралық байланыс Экономика, география Бастапқы білім Индустрияландыру: ұлттық өндіріс Тірек сөздер Отандық өнім, ішкі өнім, импорт, Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырмалар. 1-тапсырма. «Уақыт шеңбері» тәсілі. «Отандық өнімді импорттау» тақырыбында өздеріңіздің идеяларыңызбен, тәжірибелеріңізбен және ойларыңызбен бөлісіңіздер. Нұсқаулық: Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже – талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек. Негізгі үш ережені талқылау керек: Тек бір адам ғана сөйлейді. Егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөз кезегін» басқаға бере аласыз. Ешқандай қатты ескерту болмауы керек. 2-тапсырма. Бүгінгі күні өндірісі жолға қойылған Отандық компаниялар мен өндірістерді, шаруашылықтарды тізіп жазыңыз. Тізіміңізді жұбыңызбен талқылаңыз, толықтырыңыз. Оқылым тапсырмасы. Берілген гафиктік мәтіндегі ақпаратпен танысыңыздар. Сыныпты 4 топқа бөліп, әр топ өз мәтінін алады. 3-тапсырма. Мәтіндер бойынша ақпарат дайындап, сыныпты «Әлемді шарлау» тәсілі негізінде таныстырыңыз. Нұсқаулық: -ақпаратпен танысыңыз; -мәліметтердің өңделуіне назар аударыңыз; -жұмысқа баға беріңіз: ескертулер мен толықтырулар жасаңыз. І топ 2018 жылғы қаңтар-шілдедегі жекелеген өнім түрлерінің өндірісі Атаулары өндірілгені 2017 жылғы қаңтар-шілдеге пайызбен мұнай, газ конденсатын 52,9 106,1 қосқанда, млн.тонна мыс кендері, млн.тонна 59,1 104,4 ұн, млн.тонна 2,5 115,2 бензин, млн.тонна 2,1 113,1 газойльдер (дизельдік отын), 2,7 99,5 млн.тонна портландцемент, млн. тонна 5,8 109,6 жазық илек, млн. тонна 1,7 107,2 тазартылған мыс, млн. тонна 0,2 96,5 электр энергиясы, млрд.кВт.сағ. 63,3 107,0 http://old.baq.kz/kk/news/ekonomika/onerkasiptik_ondiristin_indeksi_1051_kuradi20180814_15 2100 ІІ топ № https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96_%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0 %BB%D1%83%D1%80%D0%B3%D0%B8%D1%8F#/media/File:%D0%9C%D0%B5%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D0% B0%D1%80.jpg ІІІ топ https://strategy2050.kz/news/52309/ ІV топ http://www.nauka.kz/page.php?page_id=773&lang=2&news_id=5507 Оқылымнан кейінгі тапсырма. Топта «Қазақстанның дамуы – ұлттық өндірістің дамуы» тақырыбында графиктік мәтін құрыңыз. Бүгінде «Ұлттық брендке»» айналған және келешекте осы деңгейге жетуі мүмкін тауарларды немесе өнімдерді атаңыз. Бағалау Бағалау критерийі Графиктік мәтіндегі ақпаратты талқылайды, мәліметтерді қолданады және саралай алады. Дескриптор 1. Тың идеямен, ойымен бөлісе алады. 2. Отандық компаниялар мен өндірістерді біледі. 3. Графиктік мәтіндегі ақпаратты түсінеді 4. Алған ақпараттарды өңдеп, жаңа графиктік мәтін құрастыра алады. 2.4 Индустрияландыру: ұлттық өндіріс Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту 10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау; Графиктік мәтіндегі ақпаратты талдайды, негізгі үдерісті анықтай алады. ойымен бөлісуде мемлекеттің дамуының маңызын түсінудегі елжандылық; өзгелердің пікірін талдау кезінде айналадағы адамдарға деген құрмет. өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық; Пәнаралық байланыс Экономика, география, тарих Бастапқы білім Индустрияландыру: ұлттық өндіріс Тірек сөздер Қазақстанда жасалған, ұлттық өнім, ішкі өнім, экономика Сабақтың жүргізілу барысы Оқылы малды тапсырма. Берілген суреттерге қарап, «Индустрия: ұлттық өндіріс» тақырыбында «5 минуттық эссе» жазыңыз. 1064739128 734391004 1079098436 656304571 Оқылым тапсырмасы. 1-тапсырма. Берілген гафиктік мәтіндегі ақпаратпен танысыңыз. Жұпта талқылаңыз. Қазақстандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіштері туралы ақпаратты жұпта саралаңыз. (https://www.google.kz/search?rlz=1C1GGRV_enKZ751KZ751&biw=1920&bih=930&tbm=isch&sa=1&ei=KUdlXMaML82lmwWT773 ADA&q=%D2%B1%D0%BB%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B+%D3%A9%D0%BD%D1%96%D0%BC+2019&oq=%D2%B1%D 0%BB%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B+%D3%A9%D0%BD%D1%96%D0%BC+2019&gs_l=img.3...15579.16897..17360...0.0. .0.93.451.5......0....1..gws-wiz-img.Gd99pKkLc5k#imgrc=HT3f3Jbd6Ke9mM:) 2-тапсырма. Мәтіндегі ақпаратты төмендегі кестеге жазбаша орналастырыңыз. Ішкі өнімнің негізгі Сіздің өңірде оның Болашақта өзіңді Осы саланы құрылым көздерін қай түрлері бар? қандай құрлымда дамытуда қандай ашып жазыңыз Атап көрсетіңіз. қызметте көресіз? ұсыныс жасар едіңіз. 3-тапсырма. Мәтінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экспорт пен импорт айналымы туралы ақпаратты саралап, ішкі және сыртқы экономиканы дамытудың екі негізгі көзін нақты фактімен дәлелдеп көрсетіңіз. https://strategy2050.kz/news/51665/ Бағалау критерийі Графиктік мәтіндегі ақпаратты талқылайды, мәліметтерді қолданып эссе жаза алады. Дескриптор 5. Суреттер арқылы тақырып төңірегінде ой бөлісе алады. 6. Графиктік мәтіндегі ақпаратты түсінеді Бағалау Оқылымнан кейінгі тапсырма. Графиктік мәтіндегі ақпаратқа сүйене отыра, «Қазақстандағы ішкі өнім мәселесі» төңірегінде SWOT-талдау жасаңыз. S – Мықты тұсы W- Әлсіз тұсы O – Мүмкіндіктер T - Қауіп 2.5 Индустрияландыру: ұлттық өндіріс Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту 10.2.3.1 көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау Дәрістің құрылымы мен рәсімін біледі және жанрлық ерекшелігін ажырата алады. ойымен бөлісуде мемлекеттің дамуының маңызын түсінудегі елжандылық; өзгелердің пікірін талдау кезінде айналадағы адамдарға деген құрмет; өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық. Пәнаралық байланыс Экономика, география, тарих Бастапқы білім Индустрияландыру: ұлттық өндіріс Тірек сөздер Қазақстанда жасалған, ұлттық өнім, ішкі өнім, экономика Сабақтың жүргізілу барысы Оқылым алды тапсырма. «Тәуелсіз Қазақстан » бейнебаянын «Кідіріспен көру» және әр кідірістен кейін негізгі идеяны «Түртіп алу» стратегиясын қолданып жазыңыз. «Тәуелсіз Қазақстан » https://www.youtube.com/watch?v=1rVn30Cj2qo Оқылым тапсырмасы. Төмендегі үзінділерді оқыңыз. А мәтіні «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. «Нұрлы Жол» цемент, металл, техника, битум, жабдықтар өндіру мен соған сәйкес қызметтер сияқты экономиканың басқа да салаларына мультипликативті әсер етеді. Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең-байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып отырған. Біз Астанадан барлық жақтарға автомобиль, теміржол және авиациялық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз. Жүректен тарайтын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты. Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді. Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады. Ал ең бастысы – осының бәрі болашақ ұрпақтың байлығы ретінде біздің жерімізде қалады. (Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауынан) Ә мәтіні Индустриалды – инновациялық даму үшін жағдайлар жасау ұлттық инновациялық жүйені дамыту, инвестицияны қамтамасыз ету, индустриалды дамыту және техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту секілді мақсаттарға жетумен шарттасқан. Жоспарланатын кезеңде Солтүстік – Қазақстан, Оңтүстік – Қазақстан, Шығыс – Қазақстан облыстарында және Астана қаласында 4 аймақтық технопарк, Технологияларды коммерцияландыру орталығы құрылатын болады, оның негізгі міндеті отандық инновациялық әзірлемелерді ендіру және нарықтарға алға жылжыту, сондай-ақ нақты техникалық және технологиялық тапсырмаларды шешуге өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктерінің деректер базасын және отандық зерттеушілер ендіру үшін ұсынылатын ғылыми – техникалық жұмыстарды құру және қолдау болмақ. Экономиканың инновациялық дамуының тағы да бір маңызды құраушысы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру болып табылады. Қазақстанда шаруашылықтың барлық салдаларында энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бүгінгі таңда басымдылықты тапсырма болып табылады, оны шешумен энергетикалық, экологиялық және экономикалық мәселелер кешені шешілетін болады. Кез – келген өнімнің өзіндік құнындағы үлкен энергетикалық құраушы оның қымбаттауына және ізінше, бәсеке қабілетсіздігіне, экспорттық мүмкіндігінің азаюына, ал егер өнім ішкі нарықта өткізілетін болса халықтың әл – ауқатының төмендеуіне әкелетіндігін айта кеткен жөн. Отандық тауар өндірушілерді өндірушілерін және отандық жұмыс пен қызмет жеткізушілерін мемлекеттік қолдау шаралары анықталған. (ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарынан) 2-тапсырма. Тапсырмаларды орындағанда, тілдің сапасы мен тазалығына назар аударыңыз. Сіз «Экономика» факультетінің студенттерінің алдында «Ұлттық инновациялық жүйе және ел экономикасы» тақырыбында дәріс оқуды жоспарладыңыз. Осы мәтіндердегі мағлұматты қолданып, дәрісіңіздің тезисін жазыңыз (шамамен 120-150 сөз). Дәріс дегеніміз не? Дәріске қойылатын талаптар: Дәрістің құрылымы: «Дәріс» латынның «lection» - оқу сөзінен шыққан. Дәріс – оқытуды ұйымдастырудың академиялық түрі. Дәрістің Дәріс пен Ұтымды, сенімді Баяндаудың ғылымилығы мысалдардың, оқытудың эмоционалмен байланыста дәйектердің, ды формасы, ақпараттылыболуы, негіздемелердің, ғы (қазіргі ғылыми ғылыми дәлдемелер деңгейге санының сәйкестігі) барынша көп болуы, Ой қызметін Баяндалатын Жаңа енгізілген жетілдіретін мәселелерді терминдер мен сұрақтар қою, шешудің атауларды нақты түсіндіру, құрылымы мен логикасы; Дәріс өзінің құрылымы бойынша бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін. Барлығы баяндалған материалдың мазмұны мен сипатына байланысты, дегенмен кез келген дәріске құрылымдық сипат тән. Ең алдымен, бұл дәріс жоспарын хабарлау. дәріс дәріс – білім Дәрістің негіздерін алудың ең артықшылықтары: оқушының аудиториямен үнемді жолы; шығармашылық қарымқатынасы; егер дәріс жақсы түсінікті және мұқият тыңдалған болса, ой қызметін белсендіреді. Г.А Абылханова http://nblib.library.kz/elib/library.kz/journal/Abylxanova%20Daris...6..13.pdf Бағалау Бағалау критерийі Дәрістің құрлымы мен рәсімін біледі және жанырлық ерекшелігін ажырата алады. Дескриптор 1. Бейнебаянның негізгі идеясын анықтай алады. 2. Мәтіндегі ақпаратты түсінеді және өңдей алады. 3. Дәрістің құрылымы мен ерекшелігін ескере отыра тезисін бере алады. 4. Тезисті жазу барысында тіл көркемдігі мен стильдік ерекшелікті сақтай алады. Оқылымнан кейінгі тапсырма. «Қытайша десерт» сыныптастарыңыздың жұмысымен танысып, кері байланыс жазыңыз. Нұсқаулық: -жұмысты оқыңыз; -тезис құрылымы мен мазмұнына назар аударыңыз; -жұмысқа баға беріңіз: ескертулер мен толықтырулар жасаңыз. тәсілі арқылы 2.6 Индустрияландыру: ұлттық өндіріс Оқу мақсаттары 10.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу; Сабақ мақсаттары Мәтіндердегі ақпаратты салыстырады және маңызды тұстары мен үрдістерді саралап аргументативті эссе жаза алады. елжандылық, патриотизм; жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет. өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық; жаңа идеялар ұсыну барысындағы зияткерлік әлеует Экономика, өнер. Құндылықтарды дарыту Пәнаралық байланыс Бастапқы білім Тірек сөздер Индустрияландыру: ұлттық өндіріс Бренд, фабрика, жеңіл өнеркәсіп, жеке кәсіпкер, эмблема Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымалды жаттығулар. Мәтіндегі ақпаратпен танысып, инвестициялық табыс көлемінің болжамын түсіндіріңіз. Жұпта, топта талқылаңыз. file:///C:/Users/Mukanova_S.ptr/Downloads/_sites_default_files_pages_2018-2022_edb__1_kezende_1.pdf Жазылым тапсырмасы. Графиктік мәтін негізінде «Ел экономикасы инвеститциялық табыстарға тәуелді ме?» тақырыбына аргументативті эссе жазыңыз. Аргумент деген не? Аргумент (лат. argumentum – нәрсе, пән, белгі) философияда – пікір, ойдың немесе теорияның ақиқаттығына келтірілетін дәлел. Логикада дәлелдеудің негізгі алғышарты ғана емес, пікір мен идеяның толық негізі ретінде де қаралады. Аргумент бұл – логикалық тұрғыдан зерттеулер мен мысалдарға сүйеніп анықталған пікір. Эссенің мақсаты өзіңнің ұстанған бағытыңның (ұстанымыңның) дұрыстығына Аудиторияны иландыру немесе өз жағыңа шығару. Нақты неге бұл ұстанымның дұрыс екенін дәлелдеп жазу. Аргументтерді ұсынуда құрылымның маңыздылығы неде? Дәлелдеулер түсінуге оңай болуы керек. Мысалы: Себебі, бай адамдардың да ауруын жеңуде ақша еш қызмет атқармайтын кездер де болып жатады Әр аргументке нақты түсініктеме беру керек. Мысалы: Біздің қоғамымызда ақшасы бар адам мен ақшасы жоқ адамның да бақытты болу мен бақытсыз болуы өмірдің дәлелдеуді қажет етпейтін қағидасы секілді. Бұлай деуімнің себебі, біздің қоғамда байлықтың буына пісіп, бақытын бағаламайтындар қаншама. І.Кіріспе бөлім Тақырыптық сөйлемдер Талқылау сұрағы ІІ.Негізгі бөлім 1-абзац Пікір Аргумент Сараптама 2-абзац Пікір Аргумент Сараптама ІІІ. Қорытынды бөлім. Нақты шешім Ұсыныстар Бағалау Бағалау критерийі Мәтіндердегі ақпаратты салыстырады және маңызды тұстары мен үрдістерді саралап аргументативті эссе жаза алады. Дескриптор 1. Мәтін мазмұнын түсінеді, нақты аргумент айта алады 2. Аргументативті эссенің ерекшелігін сақатай отыра, жаза алады 3. Өзінің жұмысын мәнерлі оқи алады. Жазылымнан кейінгі тапсырма. «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы өз еркіңізбен эссеңізді оқыңыз. 2.7 Индустрияландыру: ұлттық өндіріс Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Пәнаралық байланыс Бастапқы білім Тірек сөздер 10.3.6.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау Мақала жазуда абзац пен бөліктерге бөле алады, ойын жүйелі жеткізе алады, өзінің және өзгенің жұмысына түзетулер енгізіп, редакциялай алады. елжандылық, патриотизм; жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет; өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық; жаңа идеялар ұсыну барысындағы зияткерлік әлеует Экономика, өнер. Индустрияландыру: ұлттық өндіріс Бренд, фабрика, жеңіл өнеркәсіп, жеке кәсіпкер, эмблема Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымалды тапсырма. Суреттегі негізгі ақпаратты 3 құрмалас сөйлеммен беріңіз. Идеясын 1 сөйлеммен немесе мақал-мәтел, даналық сөзбен беріңіз. 1115081195 Жазылым тапсырмасы. 1-тапсырма. «Ұлттық өндірісті дамыту – ұлттық бет-бедерімізді сақтаудың кепілі» тақырыбында мақала жазыңыз. Мақаладағы сөз саны – 150-200 сөз. Мақала - аналитикалық жанрына, маңызды мәселені көтеретіп, шағын көлемде, публицистикалық стильде жазылатын туынды. Мақаланың құрылымы: Кіріспе бөлім Негізгі бөлімі Қорытынды бөлім Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңізді түсініксіз етеді. Бір мақала - бір мағына, бір тақырып. Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып – мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам – лид. Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз. Факт, ой, мағына. Осының бәрін парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Сөйлеммен емес, сөзбен. Енді жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз. Әр сөздеріңізге (факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз. Барлық абзацтың қалыңдығы (ұзақтығы) бірдей болған жөн. Себебі, оқырман мұндай құрылымды тез әрі жеңіл қабылдайды. https://yvision.kz/post/556610 2-тапсырма. «Қытайша десерт» әдісі арқылы сыныптастарыңыздың мақалаларын оқып, кері байланыс беріңіз. Түзетулер болса, қайта редакциялаңыз. Бағалау Бағалау критерийі Мақала жазуда абзац пен бөліктерге бөле алады, ойын жүйелі жеткізе алады, өзінің және өзгенің жұмысына түзетулер енгізіп, редакциялай алады. 1. 2. 3. 4. 5. 6. Дескриптор 3 сөйлеммен ақпаратты бере алады 1 сөйлеммен идеясын бере алады Мақаланың құрылымын сақтай алады Ойын жүйелі жеткізе алады. Өзінің және өзгенің жұмысын түзете алады Түзетуді ескеріп редакциялай алады Жазылымнан кейінгі кезең. «ПОПС формуласы» негізінде ой қорытыңыз. «Менің ойымша …» «..., себебі мен оны былай түсіндіремін…» «Оны мен мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын…» «Осыған байланысты мен мынадай шешімге келдім...» 2.8 Индустрияландыру: ұлттық өндіріс Оқу мақсаттары 10.4.3.1 Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу Сабақ мақсаттары Тақырыпқа қатысты сөздерді іріктеп, түрлендіріп, монологта талғаммен қолдану елжандылық, патриотизм; жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет. өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық; жаңа идеялар ұсыну барысындағы зияткерлік әлеует Құндылықтарды дарыту Пәнаралық байланыс Экономика Бастапқы білім Индустрияландыру: ұлттық өндіріс Тірек сөздер Отандық өнім, экспорт, импорт Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалым алды тапсырма. 1-тапсырма. Отандық өнім оның ішінде киім өндіру өніміне қатысты білетін сөз немесе терминдерін стикерге жазыңыздар. Нұсқаулық: 1. Өз жинақтаған сөздеріңізбен, ең алдымен, көршілеріңізбен бөлісіңіз. 2. Жақын отырған екі жұп бірігіп, топ құраңыздар. 3. Өз жұмыстарыңызды енді топпен бөлісіңіздер 4. Топтар бірігіңіздер. Топтар бір-бірінің ойымен, сөздерімен танысыңыздар. «Қарлы кесек» әдісі арқылы оқушылар жұп, топ құрап сөз бен терминдер жинағын жасайды. Жинақ барлық оқушыға бірдей көрінетін тұсқа ілінеді. Тыңдалым тапсырмасы 2-тапсырма. Мәтінді тыңдай отырып, жаңа сөздер мен терминдерді теріп жинаққа қосыңыздар. Тыңдалым мәтіні Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі тігін фабрикасы енді қыз-келіншектерге арналған әлемдік үлгідегі сырт киім тігуді қолға алды. Қазір жергілікті мамандарға германиялық дизайнер жаңа брендтер үлгісін пішуге көмектесіп жатыр. Шетелдік тәжірибелі тігіншіні облыстық кәсіпкерлік палатасы «Аға сарапшылар қызметі» атты халықаралық бағдарлама аясында шақыртқан. Неміс дизайнері фабрика мамандарына тегін кеңес беруде. Ятта Хайдельман зауыт қызметкерлеріне дәстүрлі нақыштарды сақтай отырып, заманауи үлгідегі сырт киімдер тігудің қыр-сырын үйретіп жатыр. Қазірдің өзінде дизайнерлер қыз-келіншектер пальтосының 12 үлгісін жасап үлгерді. Оның 8-і өндіріске дайын. Отандық өнім қазан айында ішкі нарыққа шығарылады. Әзірге оған қажетті шикізат Түркия мен Италиядан әкелінуде. Көздің жауын алатын классикалық киімдер ою-өрнекпен көмкерілген. Айта кетерлігі, отандық өнім импорттан 20-30 пайызға дейін арзан болмақ. Сонымен қатар тараптардың енді ерлер және әйелдер костюмінің үлгісін көбейтпек ойы бар. Дизайнерлер көп ұзамай-ақ ерлердің де пальтосын тігуді жоспарлап отыр. Ятта Хайдельман, неміс дизайнері: - Менің ойымша, бұл кәсіпорынның болашағы зор. Өйткені мұнда колының қиюы бар тігіншілер еңбек етіп жатыр. Олар әрбір өнімнің сапалы болып тігілуіне мән береді. Біз қазір бірігіп, сырт киімнің озық әлемдік үлгісін жасадық. Олар – қысқа және ұзын әйелдер пальтосы. Тігіншілер оңды нәтижеге қол жеткізеді деп ойлаймын. Айжан Қалмұратова, тігін фабрикасының өкілі: - Қазіргі уақытта біз әйелдерге арналған 12 түрлі сырт киімнің үлгісін жасап жатырмыз. 1-2 ай көлемінде Қазақстан халқына өзіміздің ұлттық ою-өрнектермен әсемделген сәнді пальто үлгісін әйелдерімізге, қыз-келіншектерімізге ұсына аламыз. 24.kz телеарнасының материалы https://24.kz/kz/zha-aly-tar/otandy-nimdi-satyp-al/item/141052-elimizde-yz-kelinshektergearnal-an-lemdik-lgidegi-syrt-kiimder-shy-aryla-bastajdy 3-тапсырма. Монологтан қандай артық кемшіліктер байқағандарыңызды сыныпта талқылаңыздар. Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті. Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша түрде де кездеседі. Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі – бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монолог функционалдық-коммуникативтік қызметіне қарай (сипаттау, баяндау, әңгімелеу, сендіру т. б.) әртүрлі монологтар көрініс береді. Жанрлық айырмашылықтар (автор сөзі, кейіпкерлер тілі, ғылымы баяндама, үгітнасихат мақсатындағы сөз т. б.) монологтың стилистикалық ерекшіліктерін танытады. Монологтың құрылымы: Негізгі бөлім: түсініктемелер, толықтырулар, көрнекіліктер, дәлелдермен берілетін негізгі ой; Қорытынды: негізгі бөлімде айтылғандармен сәйкес жасалған түйіндер. Монологта сөйлеушінің басты мақсаты – тыңдаушыға хабарды мүмкіндігінше анық жеткізу. Әрбір тыңдаушының келіп түскен хабарды қабылдау, түсіну, қорыту сапасы түрліше болғандықтан, сөйлеуші түрлі лингвистикалық құралдарды, тәсілдерді қолдана алады. Оларға мыналар жатады: қаратпа сөз және т.б. толықтырылған жай және құрамалас сөйлемдер; риторикалық сұрақтар; етістіктің 1 жағы көпше түрі (оқимыз, қарастырамыз); байланыстыру құралдары (біріншіден, сонымен, яғни, қорыта айтқанда), сонымен қатар қайталаулар т.б. 4-тапсырма. «Отандық өнім – ел экономикасының даму кепілі» тақырыбында монолог құраңыз. Нұсқаулық Кәсіби бағыттағы мәтіндерге сүйене отырып, монолог жүргізуде ескерілу керек ережелер тізімі жазыңыздар. Берілген бейнематериалдағы ақпаратты пайдалана отырып, монолог және диалог құрау, жинақтаған сөздер мен термин сөздерді орынды қолдана отырып, тыңдаушыға әсер ету мақсатында «Отандық өнім – ел экономикасының даму кепілі» тақырыбында монолог құраңыз. Бағалау Бағалау критерийі Тақырыпқа қатысты сөздерді іріктеп және түрлендіріп, талғаммен қолданады Дескриптор белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктейді; сөздерді түрлендіреді; талғаммен қолдана біледі. монолог құрылымын сақтайды монологтың ерекшеліктерін ескереді 5-тапсырма. Монологы TEDx форматында ұсыныңыз. Нұсқаулық: -тақырып бойынша монолог әзірлеңіз, -тақырыпты ашуда мысалдар мен дәлелдер келтіріңіз; -риторикалық сұрақтар қойыңыз; -сөйлеу мәнеріңізге назар аударыңыз. 3.1. Адамзат дамуының жаһандық мәселелері Оқу мақсаттары 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау; 10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу Сабақ мақсаттары Интервью мәтінінің мақсатты аудиториясына арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды. Көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтап, дұрыс сөйлейді. Құндылықтарды дарыту Ұлттық бірегейлікті сақтау Пәнаралық байланыс Тарих Бастапқы білім Мәтіннің мақсатты аудиториясын анықтай алады. Көпшілік алдында сөйлеу әдебін біледі. Тірек сөздер Бірізділік ереже, халықаралық терминдер, бекітілген терминдер, жаһандық әлем Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырма Жұптық жұмыс. Жаһандық мәселе сөзіне кластер құрыңыздар. Тыңдалым тапсырмасы 1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, жаһандық мәселені анықтайды. Студия қонағы – Ербол Тілешов, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры. Жаһандану заманындағы жаңашылдық аясында өзге тілден енген терминдер тілімізге талғамсыз енгізіліп жатқан жоқ па? Бұл ретте қандай да бір нақты тілдік жүйе бекітілген бе? Себебі дәл бүгінгі қоғам бірізділік ережеге мұқтаж сияқты. Тіпті ана тіліміздегі кейбір сөздердің жазылуына қатысты да пікір екіге жарылып, дау туатын жағдайға жетті. Бұл туралы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешовтің сұхбаты берілген. Елдар Бақпаев https://24.kz/kz/telepoject/s-khbat/item/221722-s-khbat-erbol-tileshov 2-тапсырма. Кестені толтырыңыз. Жанр Аудитория Терминдер мен Не үшін Тілдік ұғымдар қолданылды? оралымдар Не үшін қолданылды? Тыңдалымнан кейінгі тапсырмасы 3-тапсырма. «Тіл жанашырлары» атты рухани-мәдени жаңғыру клубының мүшелерінің алдында «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген тақырыбында сөйлеңіз. Бағалау Бағалау критерийі Мәтіндегі терминдер мен ұғымдарға, тілдік, оралымдарға талдайды. Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында сөйлейді. Дескриптор 1. Мәтіннің жанрын, мақсатты аудиториясын анықтайды. 2. Терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдардың не үшін қолданылғанын талдайды. 3. Сөйлеу әдебін сақтайды. 4. Коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлейді. 3.2. Адамзат дамуының жаһандық мәселелері Оқу мақсаттары 10.2.3.1 көпшілікке арналған интервью құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау; Сабақ мақсаттары Интервью мәтінінің құрылымын талдайды. Интервьюдің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды. Құндылықтарды дарыту Прагматизм: табиғат ресурстарын тиімді қолдану Пәнаралық байланыс География Бастапқы білім Мәтіннің құрылымына талдай алады. Тірек сөздер Қоршаған орта, экология, экологиялық ахуал, экологиялық қылмыс Сабақтың жүргізілу барысы Оқылым алды тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер. - Сұхбат дегеніміз не? - Ол қалай жүргізіледі? - Оның құрылымы қандай? - Ол қай стильде жазылады? Оқылым тапсырмасы Оқушыларға «Қоршаған ортаны қорғау табиғаттың өзінен бұрын адамға керек» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының судьясы Төлеубай Қожанмен болған сұхбат мәтінін оқыңыздар. Қоршаған ортаны қорғау табиғаттың өзінен бұрын адамға керек Төлеубай ҚОЖАН, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының судьясы: – Төлеубай Әжібекұлы, елімізде экология мәселесінің өзекті екені жөнінде айту артық. Суы тартылған теңіз, гептил шашылған өңір, радиоактивті қалдықтар, Семей ядролық айлағы, заңсыз аң аулаушылар әрекеті, тағы басқа жағдайлар қоршаған орта қауіпсіздігінің сын жағдайда тұрғанының айғағы. Мұндай келеңсіздіктің бірден-бір себебі – қоғамның экологиялық құқық жөніндегі сауатының кемдігінен десек қателеспейтін шығармыз. Шын мәнінде, мәселенің осы қырын түсінбеушілік және оған мән бермеушілік табиғатқа қарсы әртүрлі шаралардың жасалып, оның ақыры адамзаттың өзіне қарсы әрекетке айналуына әкеп соғып жатқан сияқты. – Иә, дұрыс айтасыз. Экологиялық ахуалды жақсарту, табиғатты қорғау экологиялық құқықтық сана деңгейіне байланысты. Өкінішке қарай, бүгінде біздің бұл тұрғыдағы түсінігіміз төмен. Себебі, экологиялық құқық ең кенже дамыған сала. Ол қылмыстық, азаматтық құқықтармен салыстырғанда жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан дами бастады. Бұл ең алдымен соғыстан кейінгі Еуропа, антропогендік факторлар әсерінің күшеюі, әсіресе, өнеркәсіптік өндіріс, технологиялардың ауысуы, тұтынушылықтың артуы және тағы басқа жағдайлаларға байланысты. Экологиялық құқықты сақтаудың маңызы оның сипатынан да ауқымды. Өйткені, қоршаған ортаның қорғалу деңгейі жер бетіндегі өмірдің сақталуы, адамдар қызметіне қолайлы жағдайдың жасалуы, ғаламдық жылыну мәселелерімен өзектес. Әлем мұхиттары суының көтерілу деңгейімен байланысты тағы да басқа апатты жағдайлардың туындап отырғанын көзіміз көріп отыр. Экологиялық құқық аясы уақыт өткен сайын кеңіп барады. Бұл бүгінде ақпараттық технологияның дамып, өндірістік өзгерістердің көбеюіне, ғаламдық байланыстардың күшеюімен астарлас жатыр. – Сонымен қатар, өз қолымызбен жасап жатқан экологиялық қылмыстар да аз емес қой. Жуырда ғана қырылған он миллионнан астам киік те қоршаған ортаға деген теріс көзқарасымызды көрсететінін мойындауға тиіспіз. – Иә, бұған сөз бар ма? Бұл жерде менің де, халықтың көкейінде зымырандардан төгілген гептиль тұр. Өкінішке қарай, бұл жағдай толыққанды зерттеліп, дәлелденбеді. Оған көңіл бөлуді қажет деп таппадық. Біздегі экологиялық қауіпсіздікке қатысты мәселелер экономикалық мүдделердің көлеңкесінде қалады. Мұның сыртында халық үшін маңызды мәселелерді шешеміз деген сылтаумен экологияның тағдырын екінші кезекке қалдыруға мәжбүрміз. Мысалы, елді мекендерге ауызсу жеткізу әлеуметтік басымдықтағы мәселе болса, екінші жағынан экологиялық қауіпсіздікке кері әсер ететін жағдай. Жер қыртысының құнарын, құрылымын тепе-теңдікте ұстап тұру арқылы қоршаған ортаға тиімді әсер етіп тұрған жерасты сулары, өнеркәсіптік, тұрмыстық қажеттіліктер үшін шығарылып, пайдаланылып жатыр. Бүгінде тартылған теңізден ұшқан тұздар сонау Скандинавияға дейін жетіп, сол өңірді сорға айналдыруда. Міне, экологияға жасалған қиянаттың зардабы. Сол секілді енді қоршаған ортаға жаны ашымаудың салдарынан, оңай олжаға деген құмарлық пен қасақана жасалатын қылмыстардан келіп жатқан зияндар да аз емес. Жуырда ғана сондай бір істі қарап, шешім шығардық. Онда бір кәсіпкер мұнай өндіріп, бұрғылаудан шыққан улы қалдықтарды залалсыздандыру мақсатымен жалған ауқымсыз заңдастырылмаған іске қосқан кәсіпорнын мүлде басқа мақсатқа пайдаланып, қоршаған ортаға улы заттар таратқан. Бұл азаматтың экологиялық құқықтық санасының төмендігі. Дамыған елдерде мұндай мәселе жоқ. Оларда кез келген кәсіпорын қоршаған ортаға залал келтірмеуге күш салады. Мысалы, өзі өндірген өнімінің қандай жағдайда пайдалы, зиянды екенін, сыртына жазып қояды. Германияда мәселен, тауар екінші сортты материалдан жасалды деген сөз оны қайта өңдеп қолдану экологиялық тұрғыдан қауіпті деген ұғымды білдіреді. Бұл елдің қоршаған ортаға деген көзқарасын ұшқан құс, жүгірген аңның әрекетінен байқайсың. Онда ұшып жүрген құс қасыңа қонып қолыңнан жем жейді. Ал, бізде олар адамға жақындамақ тұрмақ, қусаң да ұстатпайды. Міне, экологиялық құқықтық сананың көрінісі. – «Жақсы заңдар жаман әдеттен пайда болады» демекші, салдарынан заңнамаларымызды осындай әрекеттердің алдын алу, жазалау шараларын көздейтін баптармен нығыздаймыз. Біздің білуімізше, Қылмыстық кодекстегі экологиялық қылмыстарға жаза тағайындайтын баптардың саны жаңасы бар, бұрынғысы бар, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстен ауысқаны бар, жиырмаға жетіп қалды. Алдыңғы заңнамада ол бес-алтау ғана еді. Дегенмен, айтыңызшы, бұл біздегі экологиялық қылмыстардың көбейгенін көрсете ме, әлде, оған деген көзқарастың өзгергенін айғақтай ма? – Иә, жаңа Қылмыстық кодексте 324-тен 344-ке дейінгі баптар экологиялық қылмыстарға тағайындалатын жазаларды қамтиды. Экологиялық қылмыстарға жататын әрекеттер санының көбейіп, оларға жазалардың белгіленуі экологиялық қылмысқа деген көзқарастың өзгергенін көрсетеді. Шынында уақыт бірте-бірте экологиялық қауіпсіздікті экономикалық мүддеден бөліп қарауға болмайтынын ұқтырды. Бұл өз кезегінде өзіміз қосылып, шарттарын қабылдап жатқан әлемдік қауымдастықтардың қойып отырған талабы. – Әңгімеңізге рақмет! Айша Құрманғали http://zanmedia.kz/2016/10/18/orshan-artane-orau-tabiati-seen-bryn-adama-kerek/ 1-тапсырма. ЖЖ. Сұхбатта көтерілген басты мәселелерді анықтап, талқылаңыздар. 2-тапсырма. Берілген сұрақтар негізінде мәтінге талдау жасаңыз. - Интервью мәтініндегі интервью беруші мен алушының сөздерін белгіле. - Сұрақ қоюдың ерекшелігін анықта. - Жауаптың сұраққа сәйкестігін анықта (нақты сөйлемдер, сөздер). - Қай сұрақта және қай жауапта негзігі ой ашылып тұр? Бағалау Бағалау критерийі Мәтіннің құрылымдық бөліктерін атайды. Жанрлық ерекшеліктерін түсіндіреді. Дескриптор 1.Интервью беруші мен алушының сөздерін көрсетеді. 2. Сұрақ қоюшының ерекшеліктеріне мысалдар келтіреді. 3. Жауаптың сұраққа сәйкестігін көрсетеді. 4. Негізгі ойды ашатын сөйлемді атайды. Оқылымнан кейінгі тапсырма. Алдыңғы жұмыстың нәтижесіне қарай интервью жанрлық ерекшеліктері туралы қорытынды жасаңыз. Бөлімдері: Тілдік ерекшелігі: 3.3. Адамзат дамуының жаһандық мәселелері Оқу мақсаттары 10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу; Сабақ мақсаттары Жанрлық және стильдік ерекшеліктерді сақтап, интервью жазады. Құндылықтарды дарыту адамгершілік Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану Бастапқы білім Интервьюдін жанрлық ерекшеліктерін біледі. Тірек сөздер Жетім бала, ауылдың баласы, аш, жыламсырап. Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымға дайындық тапсырмасы Мәтінді оқып, көтерілген мәселенің жаһандық мәселе екенін жұпта талқылаңыздар. Сәбит Мұақновтың «Өмір мектебі» романынан үзінді Майлы ет толған табақтар Ботпайдың үйіне бірінің артынан бірі кіргенде, табақшыларға араласа үйге кірген бір топ баламен араласып, мен де кірдім. Менімен қатар тұрған балалардың әрқайсысына не әке, не шешесі, «әй, пәленшежан, мә» деп жіліктерді ұстатып жатыр. Мен әркімдерге жаутаң-жаутаң қараймын, мені шақырарлық ешкім жоқ сияқты... Тұрдым-тұрдым да, әлдекімдердің берген жөнді еті жоқ жауырынын қолыма ұстай, жыламсырап далаға шығып кеттім. Со қалпыммен босағада тұр ем: — Әй, мына бала аш қалыпты ғой! — деді, қасымнан өте берген біреу. — Қонақ па, осы ауылдың баласы ма? — десті әркімдер. — Қонақ бала! — деді, кескініме үңілген біреу. — Ендеше, бері әкел оны! — деді жерошақ басында отырған әйелдердің біреуі. Барғым келмеген мені бір жігіт зорлағандай итермелеп, жерошақ басына алып келіп еді, сол арада топталған әйелдердің ішінен мосқалдау біреуі: — Аяққа сорпа құйыңдар да, өкпе-бауырдан, ішек-қарыннан салып беріңдер! — деді. Бір әйел шеті кетік үлкендеу қара аяққа сорпа құйып, ішіне көр-жер ет салып берді, мен ішуге кірістім. — Ал, кім баласысың, шырағым? — деді манағы мосқал әйел, мен тойынып ап, қолымдағы аяқты қайтарып берген соң: — Мұқанның баласымын, — дедім мен. — Кәдімгі Шүкейдің Мұқаны ма, Нұртазаның ауылындағы? Мен басымды изедім. — Алда Бақыр-ай, — деді әйел, аяған дауыспен, — Сен екенсің ғой, Мұқаннан қалған жетім бала?! Атың Сәбит қой, сенің? «Мені қайдан біледі бұл танымайтын әйел?!» — деп іштей таңырқадым да, тағы басымды изедім. — Бұ баланы қайдан білесің? — деді әйелге әлдекімдер. — Білмегенде ше? — деді әйел, — біздің үйде туған жоқ па, бұл бала. Қасымда отырған баладан әйелдің кім екенін сыбырлап сұрап ем: — Осы үйдің бәйбішесі, Тұрағал деген кісі, — деді бала. «Өмір мектебі» С.Мұқанов https://kitap.kz/books/omir_mektebi_1 Жазылым тапсырмасы 1-тапсырма Жұптық жұмыс «Асар» қайырымдылық қоры бірнеше жылдардан бері жетім-жесірлерді жебеп, қолдап жүр. Үйі жоққа үй әперіп, панасыз балаларды қамқорлық көмектерін беріп, көптеген игілікті істер атқарып жүр. Сіз «Хабар» арнасының тілшісісіз. «Асар» қайырымдылық қорының игілікті істерін көпшілікке насихаттау мақсатында қордың жетекшісінен алған сұхбатыңыздың транскриптісін жазыңыз. 2-тапсырма Сұхбатты рөлге бөліп, сыныпқа таныстырыңыздар. Бағалау Бағалау критерийі Интервью жазады Дескриптор 5. Жанрлық ерекшеліктерін сақтайды. 6. Тілдік құралдарды орынды қолданады. 7. Жағдаятқа сай жазады. 3.4. Адамзат дамуының жаһандық мәселелері 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау Екі мәтіннің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдайды. Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Ұлттық бірегейлікті сақтау Пәнаралық байланыс тарих Бастапқы білім Әртүрлі стильдегі мәтіндердің ерекшеліктерін анықтай алады. Тірек сөздер Ұлттық болмыс, ұлттық код, ұлттық тарих, ұлттық мүдде, қазақ мәдениеті Сабақтың жүргізілу барысы Оқылым алды тапсырма. Публицистикалық стиль мен ғылыми стильдің ерекшелігін туралы пікірлесіңіздер. Оқылым тапсырмасы Оқушыларға тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Еңсеновтың «Ұлттық болмысты сақтау – заман талабы» атты мақаласы мен «Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістері» тақырыбындағы дипломдық жұмыстың кіріспе бөлімі беріледі. Тапсырма. Екі мәтіннің ұқсастықтары мен айырмашылықтарына берілген сызбаны пайдалана отырып талдау жасаңыз. А мәтіні Ұлттық болмысты сақтау – заман талабы Қазіргі ХХІ ғасырдың жаһандық жағдайында әлем елдері бір-бірімен аралас- құралас күй кешуде. Бұл - заңды құбылыс. Өйткені, қоғамдағы өзгерістер заман талабына байланысты жүзеге асуда. Жаһанданудың өзіндік оң және теріс әсерлері бар. Мысалы, оң әсері деп жылдам ақпарат алмасуды, теріс әсер деген бұқаралық мәдениеттің келеңсіз ықпалы мен әсерін атауға болады. Әлемдегі әрбір халықтың өзіндік ұлттық ерекшелігі бар. Мәселен, қазақ халқының көне замандардан бүгінгі күнге дейінгі тарихы, қалыптасу жолдары, материалдық және рухани мәдениеті, салт-дәстүрлері қалыптасқан. Ұлттық ерекшелік: тілі, салт-дәстүрі, діні және ұлттық құндылықтарына байланысты өзге елдерден бөлек ажыратылатыны айтпаса да түсінікті. Осы ұлттық өзгешелікті санау атам замандардан бері сақтап келген біздің атабабаларымыз Алтайдан Атырауға дейінгі аралықта ұлттық бірегейлікті қалыптасыра білді. Бірақ қазіргі уақытта жаһандану үдерісіне байланысты қауіп-қатерлер де бар. Оған төтеп беретін әр ұлттың өзіндік болмысы (менталитет) мықты болуы қажет. Қазақ елі ежелден текті халық. Себебі ата-бабаларымыз жеті атаға дейін қыз алыспаған. Оның мәні ұрпақты таза сақтау үшін 25 жас бір ата деп саналса, 7 атаға дейін 176 жылды қамтыған уақыт өтуін аса қатаң тәртіп ретінде ескерген. Одан кейін Оңтүстік Қазақстанның қызы Солтүстікке, ал Батыстың қызы Шығысқа тұрмысқа ұзатылып отырған. Сол арқылы ана тілі дамып, ортақ бірегейлік сақталып, текті халықтың ажарлы және дені сау ұрпақ дүниеге келіп отырған. Ұлттық код – деген күрделі ұғым. Оған қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған рухани-мәдени дамуы, тілі, өзіндік құндылықтары дәлел. Салт-дәстүр мәселесімен негізінен этнограф мамандар айналысады. Олардың елімізде бірқатар ғалымдар бастаған мектептері қалыптасқан. Бұл өте маңызды саланың бірі. Өйткені, тұтастай бір ұлт ретінде оның мәдениетін зерттеу және зерделеу, оны насихаттау жұмыстарын жүзеге асырады. Бұл бағытта этнограф мамандарды мемлекеттік деңгейде қолдау қажет. Ел ішінде этнографиялық экспедициялар ұйымдастыру керек. Әліде мұражай мен көрмелерге түспеген материалдық және рухани мұралар кездесуі мүмкін. Этнографиялық мұраларды насихаттауға мамандар үшін жағдай жасалуы тиіс. Олар телеарналар, радио, бұқаралық ақпарат құралдары және баспасөзде жүйелі түрде насихат жұмысын жүргізіп, қазақ халқының материалдық бай мұраларымен таныстырып, жас ұрпақтың тарихи танымын арттыру мен патриотизмді қалыптастыруда жұмыстар атқаруы керек. Ал егер де еліміздегі жас ұрпақтың ұлттық тарихынан, әдебиетінен, салт-дәстүрі мен мәдениетінен хабары аз болса, білімі таяз болса, онда олардың пікірі жаңсақ, жасық және әркімнің соңынан ергіш, өзіндік ұстанымы жоқ, әлжуаз болып шығады. Сондықтан, аталған мәселелер елімізде жоғары деңгейде жүзеге асырылғанда ұлттық рух күшті болады. Рухы күшті халықтың қуаты – ұлттық кодта жатыр. Оны жаңғырту, елдікті сақтау уақыттың талабы. Жалпы, қорытындылай айтқанда, ұлттық бірегейлікті сақтау арқылы қазақ халқы өзге өркениеттер тегеурініне төтеп береді және біртұтас ұлт ретінде сақталады. Ол үшін қазақ тіліне, ұлттық салт-дәстүріне, материалдық және рухани мұраларға дұрыс мән беріп, оларға құрметпен қарау қажет. Елдің болашағы жастар, оларға дұрыс ұлттық тәрбие беру керек. Жас ұрпақтың тарихи танымы күшті болса, ұлттық рухы да жоғары болады. Сонда ғана ұлттық «МЕН» деген ұғым толық қалыптасады. Ал ондай ұлттың жастары кез келген жаһандық сын-қатерлерге бой алдырмай, өзінің ұлттық мүддесін қорғап шығатындығы анық. Қанат Еңсенов, тарих ғылымдарының кандидаты http://old.baq.kz/kk/news/sayasat/ulttik_bolmisti_saktau__zaman_talabi Ә мәтіні Дипломдық жұмыс Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістері КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда жаһандану - қоғам дамуының заңдылықтарын өзгертіп, әлеуметтік және халықаралық қатынастарды жаңа сапаға өткізетін саяси- әлеуметтік, экономикалық құбылыс болса, екінші жағынан әрбір ұлттық мемлекеттің рухани мәдениетіне ықпал ететін, әлсіз мәдениеттердің үстем мәдениеттердің ықпалында қалып қоятын процесс деп атауымызға болады. Жаһандану мәселесіне байланысты қоғамда белгілі дәрежеде әр мемлекеттің өз зерттеу бағыттары мен бағдарламасы болмаса, онда сол мемлекеттің жаһандық әлемдегі орны да белгісіз, және сол үдеріске сіңісіп, өз құндылықтарын жоюуы бек мүмкін. Сондықтан да әрбір ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан мемлекет осы жаһандық ақпараттық – мәдени қысымға барлық жағынан сақадай сай болуы тиіс, әрине бұл жерде әр мемлекет сақадай сай болуы үшін, бұл үдерісті жан – жақты терең зерттеу елегінен өткізудің маңызы зор. Таңдалынып алынған бітіру жұмысының тақырыбының өзектілігі бірнеше рухани-әлеуметтік, саяси-бағдарлық және дүниетанымдық факторлармен анықталады. Зерттеу тақырыбы елімізде қабылданған мемлекеттік бағдарламалармен үндес келеді. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты даму жолын белгілеген “Қазақстан-2030” атты стратегиялық бағдарламасында халқымыздың рухани жаңару процесінің егемендікпен келген рухани бостандық, ұлттық дүниетаным мен тарихтағы дербес танымдардың қалыптасуы нәтижесінде болғанын атайды (Назарбаев Н. Ә. Қазақстан – 2О3О. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігінің артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы, 2002. – 96 б.). Қазiр жаһандану дәуiрi басталды және онда қай ұлттың рухани мәдениетi күштi болса, сол ұлт өмiр сүруге бейiм болады да, рухани мәдениетi әлсiз елдер ассимиляцияға ұшырап, өз-өзiнен жойылып отырады. Бұл адамзат қоғамының дамуындағы заңды құбылыс. Сондықтанда оған ешкiм қарсы тұра алмайды. Қазiргi кезеңде дүние жүзiнде «Мәдениеттер майданы» жүрiп жатыр деуiмiздiң себебi сол. Олай болса қазiр күн тәртiбiнде, болашақта қазақ халқының ұлт болып қалу-қалмау мәселесi, яғни ұлтымыздың тағдыры қойылып отыр. Зерттеу нысаны. Қазақ мәдениетінің төл тамырын іздеу, оның қазіргі жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістерін талдау. Зерттеу пәні. Алдымен мәдениет үдерісінен, мәдени сұхбаттан туындайтын процестерді анықтау және оларды талдай отырып, рухани мәдениетке деген (позитивті немесе негативті) ықпалдан шығатын нәтижелерді болжам жасай отырып, анықтау. Жаһандану ықпалында қазақ рухани мәденитетінің дәстүрлік және инновациялық үдерістерін анықтау және талдау жасау. Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсатына жаһандану кеңістігінде күш алып отырған батыстық және жаһандық ықпалдың қазақ мәдениетінің қалыбына тигізіп отырған әсерлері және одан шығып отырған позитивті және негативті нәтижелерге талдау жасай отырып, олардың себебін, табиғатын анықтау жатады. Қазақ ұлттық мәдениетін тек бір позиция көзқарасынан қарастыру оның ішкі рухани және материалды мәдениет байлығының көзін толық ашпайды, және де осындай жағдайда біз не істеуіміз керек өз мәдениетімізді қалай сақтап қаламыз деген сұрақтарға жауап беру осы бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дәстүрлі мәдениет пен жаңашылдық (инновация), батыс мәдениеті мен өркениетінің экспансиялық тарихы, батыстық және шығыстық мәдениеттердің өзара сұхбаты мен қақтығыстары ғалым-философтар да талқылаған мәселе болып келді. Бұл тақырыпты батыстық, ресейлік, шығыстық және отандық зерттеушілер әр түрлі, тіпті кейде қарама-қарсы позициялардан зерделеген. Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. https://stud.kz/referat/show/40432 Бағалау Бағалау критерийі Екі мәтіннің Дескрипторлар Мәтіндердің ұқсастығын табады; ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, салыстырады Формасын, жанрын, мақсатын, мазмұнын, аудиториясын анықтады Стильдік белгілерін ажыратты Тіліне талдау жасады: сөз, сөйлем, мәтін деңгейінде талдады Оқылымнан кейінгі тапсырма Оқушылар салыстырмалы талдау жасап болған соң, жұпта бір-бірінің жұмыстарымен танысады, сәтті жазылған жұмысты анықтайды, ортаға ұсынады. Бір-бірін бағалайды. 3.5. Адамзат дамуының жаһандық мәселелері 10.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу 10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу Тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды қолданып, синтаксистік нормаларды сақтай отыра, шығармашылық жұмыс жазады Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Қазақстандық патриотизм Пәнаралық байланыс Әдебиетпен байланыс Бастапқы білім Хат жанрының ерекшеліктерін біледі Тірек сөздер Жалынды жастар, білімге құштар, алғыр, заманауи, зияткерлік әлеует Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымға дайындық тапсырмасы Өлеңді оқып, көтерілген мәселені жұпта талқылаңыздар. Мағжан Жұмабаев Мен жастарға сенемін Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн! Көздерiнде от ойнар, Сөздерiнде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемiн! Жас қырандар – балапан, Жайып қанат ұмтылған. Көздегенi көк аспан. Мен жастарға сенемiн! Жұмсақ мiнез жiбектер. Сүттей таза жүректер. Қасиеттi тiлектер – Мен жастарға сенемiн! Тау суындай гүрiлдер, Айбынды алаш елiм дер, Алтын Арқа жерiм дер, Мен жастарға сенемiн! Қажу бар ма тұлпарға, Талу бар ма сұңқарға, Иман күштi оларда, Мен жастарға сенемiн!... Алаш айбынды ұраны, Қасиеттi құраны, Алаштың олар құрбаны, Мен жастарға сенемiн! Мен сенемiн жастарға. Алаш атын аспанға Шығарар олар бiр таңда, Мен жастарға сенемiн! http://bilim-all.kz/olen/980 Жазылым тапсырмасы Ақын «Мен жастарға сенемін» деген өлеңінде өз заманындағы жастардың сипатын ашып, оларға үлкен үміт артатынын жырлайды. Бүгінгі заманауи жастың атынан Мағжан Жұмабаевқа «ХХІ ғасыр жастары сіздің сеніміңізді ақтай алады» тақырыбында хат жазыңыз. Жастарды сипаттау үшін ақын қолданған көркемдегіш құралдарды қолданыңыз. Бағалау Бағалау критерийі Көркемдегіш құралдарды қолданып, хат жазады. Дескриптор 1. Хаттың жанрлық ерекшелігін сақтайды. 2. Көркемдегіш құралдарды қолдана алады. 3. Синтаксистік нормаларды сақтайды. «Автор орындығы» стратегиясымен оқушылар хаттарын оқиды. 4.1. Адам өмірін сақтау Оқу мақсаттары 10.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау 10.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау. Сабақ мақсаттары Тақырыпқа қатысты ұғымдарды талқылау. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, бағалау. Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік, гуманизм Пәнаралық байланыс Биология Бастапқы білім Блум таксономиясы Тірек сөздер Донор, ағза, кезек, адам құқығы, үнсіз келісім Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалым алды тапсырмалар 1-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын қалай түсінесіздер? Өмір – қолымыздағы ең қымбат қазына 2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Сөздердің мағынасын Википедия сайты арқылы анықтап, талдаңыздар. Фәни, донор, хирургия, презумпция, электронды үкімет порталы, шариғат, трансплантация, трансплантологтар, түйткілдің түйіні Мұғалімнің тақырыпқа жетелейтін сұрақтары: 1. Бұл сөздер қандай тақырыпқа қатысты болуы мүмкін? 2. Адам өмірін сақтау үшін қажет пе? 3. Сенің осы мәселеге көзқарасын қандай? Тыңдалым тапсырмасы. Жұптық жұмыс. Мәтінді тыңдап, пікірлер кестесін толтырыңыздар. Тыңдалым мәтіні Былтыр Амангелді Нәпіловтің кеудесінде жаңа жүрек соқты. Өмір мен өлім айқасқа түскен сын сағатында донор табылып, аман қалды. Бірақ ағзасын беруге елде еріктілердің аз болуынан қанша жан бұл фәнимен қоштасты деп қынжылады Амангелді. Амангелді Нәпілов, Астана қаласының тұрғыны: - Басқа адамның өмірін сақтап қаласыңдар. Бөліп беру керек. Әлем елдерінен мысал іздеп көрсек. Британдық Джемайма Лэйзельдің оқиғасы соңғы бес жылдан бері қызу талқыланып жүр. Жас қыздың өлімі сегіз адамды ажалдан арашалады. Ол бірнеше науқасқа бір сәтте көмектескен алғашқы донор. Дәрігерлердің айтуынша, ондай жандар бізде әзірге жоқ. Равиль Ибрагимов, А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бөлім жетекшісі: - Мысал келтіретін болсақ, 2015 жылы миы өлген 22 адам донор болды. Келесі жылдары бұл статистика 16-дан аспады. Бізде донор тапшы. Ал ағзасын алмастыру үшін кезекке тұрғандар көп. - Елде 2012 жылдан 2016 жылға дейін мыңнан астам ағза алмастыру операциясы жасалған. Негізінен бауыр, бүйрек, жүрек пен өкпеге. Ал, биыл тек 16 адам ғана донор болып, 50 жан құтқарылды. Қазір кезегін күткендердің саны 4 мыңнан асады. Отандық мамандар олқылық орнын толтыру үшін батыстағы тәжірибені негізге алуды жақтайды. Мәселен, АҚШ-та адам ағзасын алуға рұқсат жүргізуші куәлігінде жазылады. Ал, бізде келісім презумпциясы. Яғни, егер адам көзі тірісінде ресми түрде донорлықтан бас тартпаса, оның ағзасын пайдалануға болады. Бұл мәселедегі шешімін қазір азаматтар тіркелген емханадан бөлек электронды үкімет порталында қалдыра алады. Марат Мұхамеджанов, Трансплантация бойынша республикалық координация орталық мекемесінің маманы: - Егер электронды порталда жазылса, ішкі ағзаларымды ал десе, онда заң жүзінде дәрігерлер ала алады. Туыстарынан, ешкімнен сұрамай-ақ. Демек марқұмның туыстарының қарсылығы заң жүзінде еленбейді. Ал бұл мәселе бойынша шариғаттағы шарт басқа. Қанат Оңғарбаев, Астана медресесі директорының орынбасары: - Туыстарының, оның ішінде туыстары мұсылман болған, ақыл есі дұрыс, шынымен жанашыр туыстарының да рөлі дейміз ғой, орны бар шариғатта қарастырылады. Белгілі Адвокат Айман Омарова да келісім презумпциясын заңсыз дейді. Бұл адам құқығын аяқ асты таптаудың айқын көрінісі деген пікірде. Айман Омарова, адвокат: - Біз бұл сұрақты бірнеше мәрте көтергенбіз. Егер ресми рұқсат қалдырмасам, ешкімнің менің ағзаларымды таратып, бөлуге құқығы жоқ. Бұл мәселеде үнсіз қалу келісімнің белгісі болмауы тиіс. - Адвокаттар өлгеннен кейін донор болуды насихаттау бизнеске айналмай ма деп алаңдайды. Ал трансплантологтар бұл пікірді түбегейлі жоққа шығарып отыр. Донорлар көбеймей, өлім-жітім азаймайтынын айтады. Қалай болғанмен, заң реттелмей, түйткілдің түйіні тарқамайтыны анық. Әңгімелескен Асқарбек Қазанғап https://www.ktk.kz/kz/news/video/2017/09/18/81115/ Пікірлер кестесі Қолдайтын пікірлер Қарсы пікірлер Қолдайтын пікірлерге аргументтер Қарсы пікірлерге аргументтер Өз пікірін Бағалау Бағалау критерийі Тыңдалым мәтіні бойынша терминдер мен ұғымдарды талдай алады Дескриптор Ұғымдарды түсіндіреді Пікірлерді жіктейді Аргументтерін келтіреді Өз пікірін білдіреді Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Жұптық жұмыс. Тыңдалым мәтінінде көтерілен мәселе бойынша сұрақтар құраңыздар. Алдымен жеке 2 сұрақ құраңыз (ойлау деңгейінің кез келгенін таңдаңыз). Жұптарға бірігіп, 4 сұрақтан ақылдасып, баға беру арқылы 2 сұрақты қалдырыңыздар. Жұптар шағын топ құраңыздар, шағын топта әр жұп екі сұрағын таныстырасыздар. Топта ақылдасып, үздік 1 сұрақты таңдап алыңыздар. Топтар сұрақтарды бір-біріне қойыңыздар. Блум таксономиясы арқылы сұрақ қою Ойлау деңгейі Сұрақтың сипаттамасы Білу Нақты түсіру Түсіну Іс-әрекетің сипаттау Қолдану іс-әрекетті Сұрақтар үлгілері еске Не? Кім? Қашан? мазмұнын .... басқаша қалай түсіндіруге болады? ... қалай сипатталады? ... үлгі болып табыла ма? Алған білімін күнделікті Бұл қайда пайдаланылады? Бұл немен өмірде қолдана, іске жарата байланысты? .... қандай жағдайларда? алу Анализ Әрекетті екінші әрекетпен салыстыру бір Неге? Қалай? .... себебі табылады? ... себебі қандай? не болып Синтез Салыстырылған жақсы/жаман анықтау Бағалау Сарапталған бүтін дүниеге Бұл жақсы ма және неліктен? баға беру. Өз көзқарасын, қисынды ма және не себепті? пікірін айта білу. әрекеттің Егер бұл іске асатын болса, осыдан не жақтарын шығады? Теорияның болжамы іске аса ма? Бұл 4.2. Адам өмірін сақтау 10.3.4.1- оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу. 10.3.1.1- ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу Тыңдалым және оқылым мәтіндері бойынша ақпаратты іріктеп, нұсқаулық жазу. Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік, бірлік Пәнаралық байланыс АӘД Бастапқы білім Тұтас емес мәтіндермен жұмыс жасай алады, нұсқаулық не екенін біледі Тірек сөздер Алғашқы көмек, өрт кезіндегі әрекет, құтқару Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалым алды тапсырма 1-тапсырма. Берілген сөздер арқылы тақырыпты болжап көріңіздер. 2-тапсырма. Берілген сөздерден 5 сөз тіркестерін жасаңыз. (демін тексеру, зардап шегу, реанимация жасау, көмек көрсету, жерге жатқызу) Тыңдалым және оқылым тапсырмалары «Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету» бейнеролигі Тыңдалым мәтінінің транскрипті Егер Сіз жазатайым жағдайға тап болсаңыз және басқа адамды құтқару керек болған жағдайда есіңізге сақтаңыз: 1. «112» немесе «103» телефондар арқылы мамандарды шақыруыңыз қажет. 2. Егер адам ессіз болса, демінің немесе жүректің соғуының бар-жоғын тексеріп, тамырдың соғуын көріңіз. 3. Егер зардап шеккеннің демі болмаса, медицина қызметкерлері келгенге дейін жүрекөкпе реанимациясын жасауға кірісіңіз. Ол үшін: 1. Зардап шеккенді қатты жерге жатқызыңыз. 2. Басын оң жаққа бұрыңыз. 3. Ауызында бірдеңенің бар-жоғын саусақпен тексеріңіз. 4. Зардап шеккеннің алдына оның иығы деңгейінде тізерлеп отырып, алдын ала кеудесін киімнен босатып, зардап шеккеннің қабырғаларына қысым түсірмес үшін саусақтарыңызды жоғары қаратып, кеуде қуысының ортасына алақандарыңызды айқастыра қойыңыз. 5. Қолдарыңыз созылған күйінде кеуде қуысының астына ең кемі 5-6 см-ға (тек одан көп емес) дейін басыңыз. 6. Демін тексеру үшін үзіліс жасамай, ауыздан-ауызға екі терең дем шығару мен 30 рет басуды алмастырып отырыңыз. 7. Кәсіби көмек келгенге немесе тірліктің белгісі пайда болғанға дейін реанимацияны жалғастыра беріңіз. Егер шаршасаңыз, айналадағы адамдардан өзіне көмекші алыңыз. Бірақ қандай да жағдай болмасын реанимацияны тоқтатпаңыз. Ең бастысы, абыржымаңыз және сауатты түрде алғашқы көмек көрсетіңіз! https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=MhkT14bthcU Оқылым. Тұтас емес мәтінді оқыңыз 3-тапсырма. Корнелл әдісі бойынша мәтіндердегі негізгі ақпаратты түртіп жазыңыз (конспектілеңіз). Бұл әдіс идеяларды жинақтап ой түйіндеу үшін қолайлы. Дәптер беті үлгідегідей үш бөлікке бөлінеді: жазба (сабақ кезінде), ойға салу (сабақтан соң), қорытынды (сабақтан соң). 1. Жазба – тыңдалым кезінде ақпараттарды жазып алу үшін қолданылады. 2. Ойға салу – тыңдалымнан соң ақпараттарды қайта қарап толықтыру, еске салуға қажетті нәрселерді жазу үшін қолданылады. Немесе тыңдалым бойынша сұрақтар құрастыру үшін қолданылады. 3. Қорытынды – оқушы тыңдалған материал бойынша өз ойын қорытындылап жазады. Осы жерде мәтіннің негізгі идеясын атап көрсетуге болады. Тақырыбы: ТЖ алғашқы көмек көрсету Негізгі ақпарат Детальді ақпарат Cұрақтар Қорытынды 4-тапсырма. Жұпта конспектерімен алмасып, кері байланыс береіңіздер. байланысты негізге алып, өздерінің жұмыстарына өзгеріс енгізіп, толықтырыңыз. Кері 5-тапсырма. Мәтін бойынша құрастырылған жұбыңыздың сұрақтарына дәлелдермен жауап беріңіз. Сұрақ Жауап Бағалау Бағалау критерийі Мәтіннің негізгі ойын анықтап, ақпаратты іріктей алады Дескриптор Негізгі ақпаратты анықтайды Детальды ақпаратты іріктей алады Сұрақтар құрастырады Сұрақтарға дәлелдер келтіріп жауап береді Қорытынды тұжырым жасайды Тыңдалым және оқылымнан кейінгі тапсырма. Өрт сөндіруші рөліне еніп, «Мектепте өрт болған жағдайда не істеу керек?» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған нұсқаулық мәтінін жазыңыз. Нұсқаулық мәтіндердегі ақпараттарды тиімді пайдаланыңыз. Нұсқаулық жазуда нені ескеру керек? Нұсқаулық бірнеше тараудан тұрады. Әрқайсысы құжаттың логикалық жағынан аяқталған бөлігі болып саналады. Тараулар тараушалардан, тараушалар – параграфтар мен тармақтардан (пункттерден), тармақшалардан (подпункттерден) және абзацтардан тұрады. Бағалау Бағалау критерийі Нұсқаулық жаза алады Дескриптор Жанрлық ерекшеліктерін сақтайды Тілдік құралдарды орынды қолданады Құрылымын сақтап жазады Мәтіндердегі ақпаратты қолданады 4.3.Адам өмірін сақтау Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары 10. 2.3.1 - көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау Очерктің құрылымын, жанрлық ерекшеліктерін талдау Құндылықтарды дарыту Біреудің еңбегін бағалау, адамгершілік Пәнаралық байланыс Журналистика, әдебиет Бастапқы білім Менталды карта жасай біледі Тірек сөздер Дәрігер, очерк, факті, ұшы-қиыры жоқ жұмыс Сабақтың жүргізілу барысы Оқылым алды тапсырмалар 1-тапсырма. «Суреттер галереясы» әдісі арқылы суреттерді кезекпен көріп, аралаңыздар. Өзіне жақын тұрған оқушымен көрген суреттері туралы ой бөлісіп, болжам жасаңыз және бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаңыздар. 1190998060 769648432 1164147769 1206010342 С. Жетекші сұрақтарға жауап беріңіздер: Адам жанын арашалаушы дәрігер қандай болу керек? Өздерін танитын бір дәрігерді сипаттай аласыз ба? Олардың жасаған ерліктері туралы біз қайдан оқып біле аламыз? Очерк деген не? 459818296 1296902086 2-тапсырма. Топтық жұмыс. Берілген кестелерден очерктің жанрлық және тілдік ерекшеліктері туралы ақпарат алып жұпта талқылаңыздар. Очерктің стилі Публицистикалық Көркем әдебиет Тақырыбы Адамдардың қол жеткен табыстары, адамгершілік әрекеттері туралы жылы лебіз білдіріп, тебірене баяндайды Адам өміріндегі еңбек, ауыл шаруашылығы, ғылым, білім, мәдениет және т.б. Тілдік ерекшелігі Әр кейіпкердің бейнесін, образын, портретін ашу үшін іс-әрекеті, ой-өрісі, өмірді тануы, яғни, әр кейіпкердің тіл ерекшеліктері болуы шарт. Бейнелі, әдемі тілмен жазу мәнері мен шеберлікті талап етеді Типі Суреттеу Баяндаушы құбылысты, оқиғаны өзі қатыспай-ақ объективті түрде суреттейді. Бұл суреттеу өткен шақтағы етістіктің 3-ші жағының жекеше немесе көпше формаларының көмегімен келтіріледі. Баяндау Автор баяндауды белсенді жүргізуші ретінде көрінеді. Баяндаудың бұл түріне авторлық «мен» тікелей қатысты. Очеркке сондай-ақ мазмұндауды «біз» арқылы баяндау да тән. Очерктің түрлері Портреттік очерк Проблематикалықаналитикалық очерк Суреттеме очерк Жол сапар очеркі немесе Газет очеркі Көркем очерк Портреттік Проблематикалықаналитикалық Суреттеме Жол сапар • Мұнда озат азаматтардың асқақ бейнесі жасалады, олардың үлгілі ісі, рух-байлығы, адамдардың мінезқұлқы, әлеуметтік белсенділігі, басқа да жағымды қасиеттері, соларды қалыптастырудағы қоғамның, ортаның ықпал-әсері ашылады. Портреттік очерк кейде бір жеке шаруашылықтың, өнеркәсіп ұжымының еңбегін керсетуге, солардың ұжымдық портретін жасауға арналады • әлеуметтік, экономикалық, саяси өміріміздегі моральдық тұрмысымыздың өмір-салтындағы жаңалықтардың күн тәртібіне қойылып, шешілуін талап ететін проблемалық мәселелерді көрсетеді. Ол көбінесе аудан, ауыл, өнеркәсіп орындарының өмірінен алынып жазылады. Мұнда аналитикалық пікіртолғанысқа бару, сын айту басым жатады. • Мұнда кейіпкер мен ұжым бейнесін ашатын өмірбаяндық бірер ғана емес, нақты факті алынады. Оны көрсетуге очерк табиғаты суреттеудің очерктік жүйесі қолданылады. Ол боллған оқиға, орын алған фактімен оперативті түрде жазылады. • Бұл очерк жанрының ең көне түрі. Ол автор жол-жөнекей көрген-білгенін, кездесулер мен куәсі болған оқиғалардың негізінде жазылады. Автор өзін толғандыратын әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени, салттық-саналық мәселелерді ғана іріктеп әңгімелейді. Оқылым тапсырмасы Жұптық жұмыс. Гүлжауһар Сейітжанның «Түбектегі тұңғыш педиатр» тақырыбындағы очеркті оқып, талдаңыздар. Мәтіннің тақырыбын, стилі мен жанрын, очерктің түрін анықтап, дәлелдер келтіріңіздер. Жазушының тілдік қолданысын талдап, мысалдар келтіріңіздер. ТҮБЕКТЕГІ ТҰҢҒЫШ ПЕДИАТР ... Бір жолы Тұрыштағы интернат балалары арасында эпидемия тарады. Жұмагүлдің осы балаларды емдеуіне тура келген. Күнделікті дәрі-дәрмектерін өз қолынан ішкізбесе, көңілі көншімеді. Әрбіреуінің жанына отырып, жылы қабақпен жағдайын сұрамаса, жетімсіретіп алатындай. Жұмагүл көңілі сонда да тыншымаған. Күнделікті емін жасап өзге де жұмыстарын реттеген соң бір күні қолына дорба алып, үй-үйді аралап кетті. — Интернат балалары үшін көк сарымсақ керек еді. Үйлеріңізде ондайдан ештеңе жоқ па, — дейді сонда айтатыны. Өзі үшін өмірінде біреуден сабақ жіп сұрап көрмеген басы, сол жолы басқаның бәрін де ұмытқан секілді. Көз алдында тек қана өзіне жәудірей қарап, көмек күткен балалар ғана... Ауыл адамдары дәрігер қыздың мұқтажын жүректерімен ұққандай. Бір-екі тал болса да, қолына ұстатып жатыр... Ақыры күткен күн де жеткен. Балалардың бәрі де бастарын көтерді. Аурудың беті қайтты. Осылайша он күн бойына күнімен-түнімен дерлік тыным таппаған дәрігер қыз жеңіспен үйіне оралған. *** Жұмагүл Орынбайқызымен мен ұзақ жылдар қызметтес болдым. Орта медициналық оқу орнын бітіріп Таушыққа келгеннен кейін ол кісінің қарамағында медсестралық қызмет атқардым. Кейіннен осы Шевченко қаласына ауысқан соң да қызметтес болдым. Сол жылдарда көзім жеткен бір жай, ол кісі бір кезде Таушыққа қандай өзіне өзі талап қойғыш, өз ісіне аса мұқият, жауапты қарайтын болса, коллектив басшысы кезінде де сол қасиеттерін жоғалтпапты. Және сол талапты өз қарамағындағы қызметкерлеріне де қоя біледі. Қандай іс тапсырса да, оның қандай қиыншылығы болса да уәж айтып жатпастан, еш жаққа бұрылмастан баратын жеріміздің шалғайлығына да қарамастан жолға шығып, жүре беретінбіз. Өйткені ол кісіге жұмыс жайына келгенде сылтау айтып, бұлталақтауға ұялатынбыз. Ол кісі қызмет істеген жерде осындай бір атмосфера қалыптасатын, — дейді қазір облыстық аурухананың қан құю станциясында қызмет істейтін Роза Сағымбаева. Осы бір сөздердің өзінен-ақ көп нәрсе аңғарылмай ма... Жаңағы Жұмагүл Орынбайқызының қажырлы еңбегі көп көзінен таса қалған жоқ. 1963жылы Облыстық Советтің депутаты болып сайланды. 1967-жылы "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" деген атаққа ие болды (1965-жылдың күзінде Каспий жағасында Шевченко сынды ақ мәрмәр қалаға ауысқан Сарина бұл кезде облыстық аурухананың бас дәрігері дәрежесіне жеткен). Жаңғырған өлке мен жаңадан пайда болып, қанат жайған жас қаламен бірге түбектегі медициналық қызмет көрсету ісі де өрістей түсті. Бір кезде сол облыстық ауруханада балалар мен ересектер ғана емес, медициналық қызметті қажет еткен бүкіл науқастар емделді десек, артық болмас еді. 1978-жылы облыстық балалар ауруханасы құрылған кезде Жұмагүл Орынбайқызы оның бас дәрігері болды. Ол түбекте өркен жайған бұл қызмет саласының алғашқы күндерінен бастап атсалысып, бойында бар білімі мен тәжірибесін халық денсаулығын сақтау ісіне сарқа жұмсап келе жатқан маман. — Қазір медициналық қызмет бүкіл облыс көлемінде жоғары сатыға көтерілді. Ауруханамызда балалар денсаулығы үшін қызмет істеуге тиісті қазіргі заманғы советтік медицина мамандарының бәрі дерлік бар. Іс тетігі көп жағдайда ұйымдастыруға, шаралардың дер кезінде алынуына байланысты ғой. Сол себепті профилактикалық жұмыстарға зор мән береміз. Осы бүгін ғана Ақшұқыр селосына бір бригада жүріп кетті. Ол келесі жылы мектепке баратын алты жасар балаларды тегіс профилактикалық байқаудан өткізеді, — дейді бас дәрігер аурухананың қазіргі жағдайымен таныстыра келіп. Мұндай бригадалардың селолық жерлерде болуы жиі ұйымдастырылатындығы да байқалады. Осы тұста бас дәрігердің іскерлігі, инициативашылдығы, талап қойғыштығы хақында оның әріптестері айтқан сөздер тағы да ойға оралған. Оның өз ісіне тындырымдылығы науқастар алдындағы дәрігерлік жауапкершілікті терең сезінетіндігі, коллектив басшысы ретіндегі ұйымдастырушылық қабілеті ол әңгімелеген әрбір жайдан да аңғарылғандай. Оған абырой әперіп отырған да сол екенін қапысыз түсіндік. *** Жұмагүл Орынбайқызы қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып келеді. Он екі жылдан бері қаламыздың белді насихатшыларының бірі. Әлденеше рет қалалық Советтің депутаты болып сайланған. Кешкі марксизм-ленинизм университетін бітірген. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне «Ерлік еңбегі үшін» медалімен, 1973жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен наградталған. Бірінші категориялы дәрігер педиатр дәрежесі үшін сынақтан өтті. Ол есігінің алдында "Жедел жәрдем" машинасы қаңтарылған қала шетіндегі биік ғимаратқа бүгін де асыға жеткен. Мұнда оны екі жүз жиырма адамнан құралған үлкен коллектив, қызметтестері, денсаулықтарын түзеу үшін жатқан ондаған сәби күтуде. Күнделікті шешімін іздестіретін жайлар қаншама?! Олардың бірі коллектив мүддесіне қатысты қажеттіліктен туса, енді бірі сырқат балалардың ахуалымен ұштасып жатады. Бүгін оның көңілінен кетпей қойған сары аурумен түскеніне екі ай болған сәбидің жағдайы. Екі ай ішінде сырқатынан айығып кете алмаған бұл баланы қарауға Ақтөбеден шақырылған маман бүгін жетуге тиіс. Келе ақ хатшы қызға самолеттің қай кезде келетінін білуді тапсырған... Осылайша оның күнделікті ұшы-қиыры жоқ жұмысы басталып жүре берді. Аурухананың бөлім меңгерушілерімен өткізілген шағын кеңес тез аяқталған сияқты көрінгенімен, бірталай уақыт алыпты. Алдында жатқан календарлық жоспарға үңілген. "Сәрсенбі күні қандай кезекті жұмыстар бар еді!?". "Иә, медсестралар советінің отырысы, одан соң жергілікті комитет мәжілісі..." Телефон шыр ете түсті. Қалалық партия комитетінен екен. Түстен кейін төртке барлық делегаттарды бірінші секретарь жинап жатқан көрінеді, соған баруы керек. Асығыс сағатына қараған. "Тездету керек", — деп күбір етті де, алдындағы кнопканы басқан: Күтіп отырған кісілерді жіберіңіз... Сәлден соң есіктен қолында бір парақ қағазы бар қартаң әйел кіре берді. Бас дәрігер алдындағы орындықты нұсқады... Гүлжауһар Сейітжан http://bilim-all.kz/article/8613 Бағалау Бағалау критерийі Очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдай алады Дескриптор Мәтіннің тақырыбын анықтайды Мәтіннің стилі мен жанрын анықтайды Очерктің түрін анықтайды, дәлелдер келтіреді. Жазушының тілдік қолданысын талдап, мысалдар келтіреді Оқылымнан кейінгі тапсырма 4-тапсырма. Жұптық жұмыс. Дәрігерлердің бойында қандай қасиеттер болуы керек? деген сұраққа очерктегі деректерді негізге алып, жауап беріңіздер. 4.4.Адам өмірін сақтау Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары 10. 2.4.1 - әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау. Екі мәтінді салыстыру Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік Пәнаралық байланыс Экономика Бастапқы білім Публицистикалық және ғылыми стильдер туралы түсініктері бар Тірек сөздер Сақтандыру, стиль, жанр, құрылым, тілдік ерекшеліктер Сабақтың жүргізілу барысы Оқылым алды тапсырмасы Тапсырма. Кабырғада ілініп тұрған мәтін және суреттер бойынша 5 минутта мәселеге қатысты 5 идея айтыңыздар. Спикер таңдаңыздар. Спикер топтың идеяларын жазып алып, басқа топқа таныстырыңыз. Бұдан әрі айтылған идеялар негізінде топтық талқылау жүргізіңіздер. Еуропа елдерінде халықтың 98 пайызға жуығы сақтандыру компанияларына өмірін сақтандырып қойған. Ал статистикалық мәліметке сүйенсек, Қазақстанда өмірін сақтандырған адамдар саны 2 пайызды құрайды. Бір қызығы адамның өте сирек кездесетін, әсіресе иесіне табыс әкелетін қабілетін сақтандыру қалыпты жағдайға айналып барады. Мысалға спортшылар дене мүшесін, әншілер дауысын деген секілді. Ал еліміздің қарапайым халқы өз өмірін сақтандырудың тиімділігі туралы біле бермейді. Өмірді сақтандыру компаниясының негізгі мақсаты денсаулыққа зақым келген жағдайда оны емдетуге қаржылай көмек беру және сол адам кенет о дүниелік болып кетсе табысына тәуелді адамдардың өмірін қаржылай қамтамасыз ету. Алайда, заң бойынша өмірін сақтандыра алмайтын тұлғалар да бар. Бақдәулет Талипов http://zgazeta.kz/kk/adam-mirin-sa-tandyru-turaly-ajtsa/ 272162753 158988371 363803903 698135956 Оқылым тапсырмасы. 1-тапсырма. Мәтіндерді мұқият оқып, тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдаңыз. «Заман жаршысы» газетінен алынған мақала А мәтіні Еуропа елдерінде халықтың 98 пайызға жуығы сақтандыру компанияларына өмірін сақтандырып қойған. Ал статистикалық мәліметке сүйенсек, Қазақстанда өмірін сақтандырған адамдар саны 2 пайызды ғана құрайды. Бір қызығы, адамның өте сирек кездесетін, әсіресе иесіне табыс әкелетін қабілетін сақтандыру қалыпты жағдайға айналып барады. Мысалы, спортшылар дене мүшесін, әншілер дауысын деген секілді. Ал еліміздің қарапайым халқы өз өмірін сақтандырудың тиімділігі туралы біле бермейді. Өмірді сақтандыру компаниясының негізгі мақсаты – денсаулыққа зақым келген жағдайда оны емдетуге қаржылай көмек беру және сол адам кенет о дүниелік болып кетсе, табысына тәуелді адамдардың өмірін қаржылай қамтамасыз ету. Алайда заң бойынша өмірін сақтандыра алмайтын тұлғалар да бар. «Халық лайф» өмірді сақтандыру компаниясының операторларының сөзіне сенсек, зейнеткерлер, мүгедектер және нашақорлар мен алкагольді ішімдік тұтынатын тұлғалар, психологиялық аурумен ауыратын және бұрын қамауда болған қылмыскерлер өмірлерін сақтандыра алмайтын болып шықты. Олардың құны 0,29 пайызды құрайды. Яғни, өміріңізді он миллион тенгеге сақтандырсаңыз, жылына жоғарыда айтқан пайызды, нақтырақ, 29 мың теңге төлейсіз. Алайда өміріңізді 10 миллионға сақтандырғаныңызбен, алдағы уақытта оқыс жағдай орын алғанда, ол соманың барлығы төленеді деген сөз емес. Өйткені компания ең алдымен қандай жағдай болғанын анықтап, өздерінің белгіленген пайызымен бағалай келе, нотариус арқылы түзілген құжатпен отбасыңызға немесе туыстарыңызға сақтандыру сыйақысын төлейтін болады. Ал жоғарыда айтылған «Халық лайф» өмірді сақтандыру компаниясында 18-ден 63 жасқа дейінгі кез-келген азамат өмірін 300 миллион теңгеге дейін сақтандыра алады. Қазіргі таңда елімізде адам өмірін қорғайтын жеті бірдей сақтандыру компаниясы бар. Олардың әрқайсысының өзіне тән бағалары және белгіленген төлем пайыздары бар. Бақдәулет ТАЛИПОВ http://zgazeta.kz/adam-mirin-sa-tandyru-turaly-ajtsa/ Экономика пәні бойынша жазылған курстық жұмыстан үзінді Ә мәтіні Сақтандырудың пайда болуы, қажеттілігі мен қызметі. Сақтандыру (қоғамдық өн) өндірістік қатынастың ажырамас бөлігі болып табылатын адамдар арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастың ежелгі категориясы болып табылады. Сақтандыру сөзінің бастапқы мағынасы корқу, үрей сөздерімен байланысты. Қазіргі кезде сақтандыру термині жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүддесін қорғау құралы деген мағынаны білдіреді. Сақтандырудың алғашқы формасы ежелгі дәуірде пайда болған. Құл иелену дәуірінде қозғалмайтын мүлік, сауда, кеме қатынасын сақтандыру туралы келісімдер жасалған. Мұндай келісім шарттың мақсаты табиғи аптан келтірілген зиянды әрбір тұлғаға болу. Мұндай қүжаттар қазіргі кезге дейін сақталып келген. Ең алғашқы сақтандыру палатасы 1310 жылы Германияның Брюгге қаласында құрылған. Бұл палата көпестердің мүліктік мүддесін қорғау операцияларын жүргізген. Кеме қатынасы арқылы халықаралық сауда жаңа сауда рыноктарының пайда болуымен, дамуымен байланысты мүліктік мүддені қорғау қажеттілігі арта түсті. Осы қажеттілікке сай мүлігі бар бірнеше тұлғалар өзара біріккен сақтандыру мекемелері пайда бола бастайды. Осы кезде кәсіпкерлік қызметтің объектісі ретінде мүлікті сақтандырумен қатар өрттен сақтандыру да дами бастады. Мысалы 1666 жылы Лондонда болған өрт қаланың бүкіл орталығын жойған, осыдан кейін полис, басқа да үйлермен ғимараттарды сақтандыру ұйымы құрылған. Мұндай сақтандыру өзара сақтандыру деп аталады. Өзара сақтандыруда оның қатысушылары қызметтің мұндай түрінен пайда табуды мақсат етіп қоймаған. Олар өздеріне келітірілетін зиянның мөлшерін төмендетуді көздеген. Сақтандыру бірлестіктері бірте-бірте коммерциялық професионалды сақтандыру компаниялары болып қайта құрыла бастады. Мұндай компаниялардың басты мақсаты осындай операциялардан пайда табу болды. Экономиканың дамуымен байланысты сақтандыру компанияларының саны көбейе түсті. Батыста 60-жыддардың басында мүліктік және жеке сақтандырудың 100-ге жуық түрі болды. Уақыт талабына сай сақтандыру формалары мен әдістері өзгеріп отырды. Сақтандыру өмірдегі әртүрлі жағдайларда азаматтарға, кәсіпорындарға, стихиялық және басқа да кездейсоқ жағдайлардың есебінен болатын шығындар мен зиянды қайтару үшін құрылған арнайы қорды қолдануда қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі. https://www.uniface.kz/interfacts/index.php 2-тапсырма. Кестені толықтырыңыз. Екі мәтінді салыстыру кестесі Екі мәтіннің ұқсастығы Екі мәтіннің айырмашылығы A Мәтіні В Мәтіні Түрі Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы) Мақсаты Мазмұны Стилі Тілі Бағалау Бағалау критерийі Екі мәтінді салыстыра алады Дескриптор Ұқсастықтарын анықтайды Айырмашылықтарын ажыратады Мақсатты аудиторияларын анықтайды Стилін, түрін, типін дұрыс анықтайды Тілдік ерекшеліктерін көрсетеді. Оқылымнан кейінгі тапсырма Кестедегі ақпаратты қолданып, жүйелі, абзацтары логикалық байланысқан тұтас мәтін құраңыз. 4.5.Адам өмірін сақтау Сабақ мақсаттары 10. 3.3.1- қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе) 10.4.4.1-сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу Көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік Пәнаралық байланыс Экология Бастапқы білім Эссе құрылымын меңгерген Тірек сөздер Қауіп-қатер, факторлар, қауіпсіздік, адам өмірі Оқу мақсаттары Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымға дайындық тапсырмалары 1-тапсырма. Адам өміріне қауіп төндіретін факторлар қандай? тақырыбында топтастыру құрастырыңыздар. экология Адам өміріне қауіп төндіретін факторлар 2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Аталған факторлардың бірін таңдап, тақырыпқа қатысты идеяларын «өрмекші сызбасына» түсіру арқылы жинақтаңыздар. Адам өмірі және экология Адам өмірі және соғыс Адам өмірі және қауіпті аурулар Адам және табиғи апат Адам өмірі және көлік апаты Адам өмірі және терроризм Жазылым тапсырмасы. Жинақталған ақпаратты қолдана отырып, «Адамның өміріне қауіп төнетін факторларды жоюға немесе азайтуға бола ма?» тақырыбында өз ойын дәлелдеп эссе жазыңыз. Эсседе ұсынылған тірек сөздерді орынды пайдаланыңыз. Тірек сөздер: қауіп-қатерді тани білу, қатердің алдын алу, төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білу, зиянды заттар, экологиялық проблемалар, Азаматтық қорғаныс, эвакуация, Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» заңы, медициналық көмек. Бағалау Бағалау критерийі Дискуссивті эссе жаза алады Дескриптор Эссе құрылымын сақтайды Ұсынылған тірек сөздер мен тіркестерді орынды қолданады Ойын дәлелдеп жеткізеді Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды Эссе жазуға нұсқаулық: Дискуссивті эсседе тезис қарсы пікір туындататындай дәрежеде болғаны дұрыс. Тезисте өз көзқарасыңызды нақты көрсетіңіз. Өз ұстанымыңызға бірнеше аргумент келтіріп, соларға сәйкес дәлелдер беріңіз. Өз көзқарасыңызға қарама-қайшы келетін пікірден аулақ болыңыз. Қорытынды бөлімде кіріспе және негізгі бөлімде айтылған ойларыңызды тұжырымдаңыз. Жазылымнан кейінгі тапсырма «Шеңбер бойындағы талқылау» шағын топтарда жазғандарын оқыңыздар. Жұмыстың талаптарына сай орындалған, орындалмағанына қарай бағалаңыздар. 5.1. Сәулет өнері 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау; Тақырыпқа қатысты ұғымдарды талқылап, мәтін мазмұны бойынша мәселені анықтап, талдау жүргізеді. Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Ұлттық бірегейлікті сақтау Пәнаралық байланыс Тарих Бастапқы білім Тірек сөздер арқылы тақырыпты анықтай алады Тірек сөздер Рухани жаңғыру, киелі жерлер, экспедиция, тарихимәдени ескерткіштер Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырма 1-тапсырма. Төменде берілген тірек сөздер арқылы сабақтың тақырыбына болжау жасаңыздар. Рухани жаңғыру, киелі жерлер, экспедиция, тарихи-мәдени ескерткіштер Мұғалімнің тақырыпқа жетелейтін сұрақтары: 4. Бұл сөздер қандай тақырыпқа қатысты болуы мүмкін? 5. Рухани жаңғыру дегенді қалай түсінесіздер? 6. Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру жайында сіздің ойыңыз қандай? 2-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ғаламтордан анықтап, жұпта талқылаңыздар. Белдеу, евроцентристік көзқарас, Домбауыл кесенесі, жерасты пештері Тыңдалым тапсырмаcы. ЖЖ. Мәтінді тыңдап, «INSERT» әдісі бойынша кестені толтырыңыздар. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыруды жүктеген болатын. Онда қасиетті орындарды өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді. Солтүстік географиялық белдеуде орналасқан және қазақ үшін қастерлі орындардың бірі – Ұлытау жері. Қазір мұнда зиялы қауым, тарихшылар, археологтар, атқарушы билік бірлесіп, мақалада айтылған маңызды жұмыстарды іске асыруға бел шешіп кірісті. Археологтардың айтуынша, халқымыздың тарихи астанасы саналатын Ұлытау жерінде 6 мыңға жуық ескерткіш бар екен. Өкінішке орай, қазір соның 20 пайызы ғана зерттеліп, мемлекет қорғауына алынған. Қалғаны сыр бүгіп жатыр. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы, Домбауыл, Алашахан кесенелері және қазақтың бірнеше ханы билік жүргізген «Хан ордасы» осы өлкеде орналасқан. Тоқтамыс пен Едіге батырдың да жатқан жері – осы қарт Ұлытау. Енді бұл киелі орындарды Елбасының тапсырмасымен географиялық белдеуге енгізу үшін тарихшылар тынбай еңбектеніп жатыр. Нұрсұлу Раймова, Ұлытау Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайының ғылыми қызметкері: - «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағдарламасына сай «Ұлылыққа тағзым» экспедициясы бірнеше жылдар бойы қорық-мұражайда жүріп өтті. Оңтүстіктегі Түркістанмен, Берелмен, Бекет ата, Өскемен, Семей, Ордабасы, Отырар, Тараз қорық-мұражайларымен өзара бізде осындай байланыс жұмыстары жүріп, өлкенің тарихын бір-бірімізге таныстыру мақсатында жүріп өткен экспедициялар болды. Ұлытау жеріндегі киелі орындардың бірі – көне металлургиялық Талдысай қонысы. Бұл жерде ерте қола дәуірінде ата-бабаларымыз мыс балқытып, бұйым жасапты. Шахталық тәсілмен жұмыс істейтін жерасты пештері – соның дәлелі. Тарихшылар «Ұлы Жібек жолынан» бұрын «мыс жолының» болғанын, керуеннің дәл осы Ұлытау жерінен өткенін айтады. Ғабдол Әуезов, тарихшы, археолог: - Бұл біріншіден, бізге қатысты евроцентристік көзқарасты жоққа шығарады. Қазақ халқының ата-бабалары, яғни көшпенділер, бәріміздің ата-бабамыз тек ғана мал бағып, егін егіп қана қоймаған, адамзаттың үшінші шаруашылығы – металлургияны игерген, одан бұйым жасағандығын көрсетеді. Сан ғасыр бұрын салынған тарихи-мәдени ескерткіштерді құртып алмау үшін, жыл сайын қалпына келтіру жұмыстары да жүйелі жүргізіліп тұрады. Бұған дейін Жошы хан, Домбауыл мазарлары мен Хан ордасы қалпына келтірілсе, былтырдан бері Дүзен кесенесі жөнделіп жатыр. Ардақ Асылханұлы, тілші: - Дүзен кесенесі – 19-ғасырдағы сәулет өнерінің озық үлгісі. 1980 жылдары құрылысшылар кесенені жөндейміз деп, қабырғасын бүлдіріп алған. Содан бері тіреумен тұрды. Тек былтыр ғана республикалық қазынадан 20 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған болатын. Игі жұмыс биыл да жалғасады деп жоспарланып отыр. Елбасы өз мақаласында «елдегі ішкі және сыртқы туризм халқымыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуі тиіс» деген болатын. Бұл бағытта атқарылатын ауқымды жұмыстар жуырда ғана қабылданған өңірді дамытуға арналған үш жылдық бағдарламада толық қамтылыпты. Мамандардың айтуынша, ауданға жылына 10 мыңдаған турист келеді екен. Әнуар Омаров, Ұлытау ауданының әкімі: - Бірнеше ғасырлық тарихы бар нысан бізді сол ғасырларға қарай жетелеп алып кету емес, керісінше, барлық өзінің қадір-қасиетімен, біздің қазіргі шынайы өмірімізге бері қарай шығып, ол біздің ұлттық қадір-қасиетімізді, тарихымызды әлем халқына паш етуге қызмет жасауы керек. Яғни бұларды әлем халқына таныстыру, осы арқылы туризмді дамыту, оларға инфрақұрылым жеткізу керек. Мақаланың мәйегі – мәдени-географиялық белдеуге енетін орындардың маңызын әр қазақстандыққа жеткізіп, оқу-ағарту жұмыстарын жандандыру. Қазір Ұлытаудағы мектеп оқушыларына аптасына бірнеше мәрте өлкетану сабақтары өткізіліп тұрады. Мұражай қызметкерлері туған жердің бай тарихын жас ұрпақтың санасына сіңіруге барын салып жатыр. Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игіліков, Әсет Асайынов https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/179398-lytauda-y-asietti-zherlerdi-zertteu-tarikhipiyalar-a-zhetelejdi «INSERT» әдісі w Білемін + Жаңалық Білмеймін ? Білгім келеді Бағалау Бағалау критерийі Тыңдалым мәтіні бойынша тірек сөздер мен ұғымдарды талдай алады Дескриптор Ұғымдарды түсіндіреді Ақпаратты жіктейді Аргументтерін келтіреді Өз пікірін білдіреді Тыңдалымнан кейінгі кезең Жұптық жұмыс. Тыңдалым материалы негізінде «Веер» әдісі бойыншы сұрақтар құрастырыңыздар. Оқушылар сұрақты «Блум түймедағы» негізінде құрастырады. Блум түймедағы Қарапайым сұрақтар Нақтылайтын сұрақтар Практикалық сұрақтар Түсіндіретін сұрақтар Шығармашылық сұрақтар Бағалайтын сұрақтар Не? Қашан? Қалай? Мен дұрыс түсіндім бе? Қай жерде қолданылады? Неге? Не болар еді? Не жақсы? Не жаман? 5.2. Сәулет өнері 10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу Көтерілген мәселені анықтап, сөйлеу әдебін сақтай отырып, өз ойын еркін жеткізеді. Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Еңбек және шығармашылық Пәнаралық байланыс Тарих Бастапқы білім Көтерілген мәселені анықтай алады. Тірек сөздер Сәулетші, алып шаһар, ғимараттар Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырмасы. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы сабақ тақырыбына болжау жасаңыздар. 1.Қазақстанда сәулет өнері қаншалықты дамыған? 2.Таулы аймақтарда биік ғимараттарды салу қаншалықты қауіпті? 3.Алматы қаласында ғимараттарды салу барысында жер сілкінісінің болу мүмкіндігі ескерледі деп ойлайсыз ба? Тыңдалым тапсырмасы. ЖЖ. Мәтінді тыңдап, жұпта талқылаңыздар. Алматының солтүстік-батысы қарқынды дамиды. Бас жоспарға сәйкес, аталған аумаққа биік ғимараттар тұрғызылып, қаланың ажарын ашпақ. Нысан үлгілерін шетелдік мамандар даярлағанымен, негізгі жобаны біздің сәулетшілер бекітеді. Бүгін сәулетшілердің төл мерекесі. Қазан айының алғашқы дүйсенбісін аталған сала мамандары 1996 жылдан бастап тойлайды. Кез келген сәулетті өнердің бейнесі осы тұлғалардың қиялынан туындайды. Ал мынау қаланың батыс бөлігіне салуынуы тиіс ықшам ауданның жобасы. Алдағы уақытта Алматының ажарын ашатын тағы да зәулім ғимараттар бой көтереді, деп күтілуде. Айта кетейік, жалпы, қаладағы нысандардың биік болуы ешқандай қауіп төндірмейді. «Бізде ондай ешқандай шектеу жоқ. Өйткені архитекторлармен бірігіп саламыз. Сондай-ақ конструкторлар оның құрылымын, қалай салыну керек екенін, техникалық жағдайын есепке алады», - деді Алматы қ. сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Қартайған ЕСЕНБАЕВ. Бүгінде Алматының солтүстік-батыс бөлігі қарқынды дамып келеді. Бас жоспарға сәйкес бірнеше жыл ішінде аталған аумақ көрікті ғимараттармен толыуы тиіс. Алайда шаһарда бой көтерген нысандардың біразын шет елдік құрылыс компаниялары атқарып келеді. Жобасын өздері жасағанмен бұл қалалық сәулетшілер кеңесінде сараптамадан өтеді. Ал, қаладағы үйлердің дизайны бір ғана стильде болуы керек, деген жүйе жоқ. Дегенмен де «Алып шаһардағы сәулет өнерінің өркендеуіне ерекше көңіл бөлінуі керек», - деп санайды мамандар. «Жалғыз ғана сәулетшілер емес, қоғам болып, үкімет, әкімшілік болып, бәріміз осы салаға үлкен көңіл аударуымыз керек. Алматы қаласы кеңес заманында сәулет өнерінің Меккесі болып есептелген. Әрине, соны бүлдіріп алмауымыз керек. Нарқықтық экономика болғаннан кейін Алматы қаласының көптеген функциясы өзгерді», - деді ТМД елдері сәулетшілер одағының президенті Ақмырза РҮСТЕМБЕКОВ. Иә, кеңес заманында сәулет өнерінің меккесі атанған шаһардың қалпы бұзыла қойған жоқ. Дегенмен ретро Алматыны сағынатындар да баршылық. Десе де, заман талабына сай көптеген сан-түрлі ғимараттардың тағаны тартылды. Соңғы жылдары қаламызда ең көп салынған сауда үйлері мен қонақүйлер екен. Ал Қазақстан қонақ үйі, орталық цирк сияқты ерекше нысандар қатарын Универсиадаға арналған ғимараттар жалғастырмақ. Авторлары: Үмбетәлі Меймеш, Талап Сағымбаев https://almaty.tv/kz/news-archive/news/alyp-sha-arymyzdy-azharyn-ashatyn-z-ul-m-imarattar Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Тыңдалым мәтіні негізінде топпен SWOT талдау жасаңыздар. Жағымды Жағымсыз Мүмкіндіктер Қауіп-қатер Бағалау Бағалау критерийі Аргументтер келтіріп, өз ойын дәлелді жеткізеді Дескриптор -жетекші сұрақтарға жауап береді; -аргументтер мен фактілерді анықтайды; -өз ойын аргументтер келтіре отыра дәлелдейді. «Ыстық орындық» әдісі арқылы топ ішінен бір оқушы ортаға шығып, топтық жұмыста сыныпқа ұсынады, сынып оқушылары сұрақ қояды. 5.3. Сәулет өнері Сабақ мақсаттары 10.2.3.1 көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау; Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін талдай алады. Құндылықтарды дарыту Ұлттық бірегейлікті сақтау Пәнаралық байланыс Тарих Бастапқы білім Мақаланың жанрлық ерекшелігін анықтайды. Тірек сөздер Сәулет өнері, композиция, ғимарат Оқу мақсаттары Сабақтың жүргізілу барысы Оқылым алды тапсырма 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер Жетекші сұрақтарды қою арқылы мақаланың жанрлық ерекшелігін анықтау. 1. Мақаланың қандай жанрлық ерекшелігі бар? 2. Мақала жазуда автор нені басшылыққа алу керек? 2-тапсырма. Тірек сөздер арқылы тақырыпты анықтап, өз ойларыңызды білдіріңіздер. Сәулет өнері, композиция, ғимарат Оқылым тапсырмасы. Мәтінді оқып, жұпта, топта талқылап, ақпаратты постерге түсіріңіздер. Мақаланы талдау барысында тақырыбын, автордың көтерген мәселесін, стильдік және жанрлық ерекшелігін, бағытталған аудиториясын ескерген жөн. Сәулет көкжиегін жіті сезініп, кең шола білетін саңлақ сәулетші Қалдыбай Монтахаевтың соңғы жылдардағы жобалары бірінші кезекте еліміздің жаңа елордасы – Астана қаласының аумағын кең көлемде жобалауға келіп ұштасып жатты. Сөз – кірпіш, жақсы сөйлем – композиция (үйлесімділік). Ал жеке оқиға (эпизод) – “ғимарат”, кітап тараулары – “көшелер”, роман – “қала” деп айтсақ, сәулет өнерінің әсем айшықтары мен мақсат-мұратын біршама көз алдымызға келтіруге болады. Ауызекі сөзді, жеке сөздерді әркім біледі. Ал кезінде жүйесін тауып айтылған шын асыл сөз, сындарлы сөйлем жүздеген, мыңдаған жылдар халықтың жадында қалып, талай ұрпақты тебірентері хақ. Таңдамалы сәулет өнерінің туындылары да саралы ой қозғайтын осы маржан сөздердей, көргенде ет-жүрегіңді баурап әкететіндей, деміңді ішіңе тартып көз алмай қарап қалатындай болуы тиіс. Еңселі ғимараттардың есіңді алар әсемдігі оның адам баласына тигізер пайдасымен сабақтасуы керек. Сазгерлер өз өнер шығармаларын тудыруда 7-ақ нота қолданады. Саз өнері көгінде Бах, Шопен, Штраус, Чайковский, Құрманғазы, Нұрғиса, Шәмші сынды ұлы тұлғалар туған. Сәулет өнерінде ертеден келе жатқан 1-ақ бастама нота бар. Ол – кірпіш (кірпіш модулі). Біздің жыл санауымызға дейінгі І ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, гректік және римдік сәулет өнерінің тәжірибелерін жинақтаған “Сәулет өнері туралы он кітап” атты әлемге әйгілі трактат жазып кеткен римдік сәулетші әрі инженер Витрувий сонау антикалық дәуірде-ақ жақсы сәулет туындысының үш критерийін анықтаған. Олар: 1. Пайда. 2. Беріктік. 3. Әсемдік. Сәулетші өткенді еске алып, бүгінгіні жіті бағдарлай отырып, осы өнердің келешектегі Витрувий айтқан үш сынды биігін сезе алса ғана оның туындысы – архитектура, олай болмаса, онда ол – халтура. Мұның өлшемі – уақыт. Жақсы объекті – жүз жылдық, мың жылдық. Нашар объекті – бір күндік, бір жылдық. Бұл биік талғам-талапты сергек сезініп, оны өмірде жүзеге асыра білген маман ғана кәсіби сәулетші ретінде мойындалады. Қалдыбай Монтахаев – Орталық Азияда КСРО халық сәулетшісі атағын алған жалғыз маман. Онымен үзеңгілес жүріп, кеңестік сәулет өнері саласында күшжігерлерін шыңдаған ірі сәулетшілер өздерінен кейін қосылған Қалдыбайдың дарындылығын мойындады. Ал сол кәсіби сәулетшілердің ішінен өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының бас кезінде жоғарғы оқу орнын бітіре салысымен, талай тай жарысында оза шауып жүріп, әрқашан бәйгелі болып көзге түскен жас сәулетші Қалдыбай Монтахаев 80-90-жылдары сәулетшілер (қалалық, республикалық, мемлекетаралық және т.б.) арасындағы додаларда талай әйгілі мамандардан қара үзіп, алға шығып, қазақ сәулет өнерінің құлагері атанды. Осы орайда сәулет академигі Тоқтар Ералиевтің “Бүгінде “ХХ ғасыр соңындағы қазақстандық сәулет өнері” дегенде, ойымызға Монтахаев келеді” дегені кездейсоқ емес. Қалдыбай туралы Халықаралық Сәулетшілер одағының президенті Василис Сгутас “Сіз және сіздің қазіргі заманғы сәулет өнерінің дамуына қосқан орасан үлесіңіздің арқасында бүгінде Қазақстанның сәулетшілерін бүкіл әлем біледі” десе, сәулет өнерінің белгілі академигі И.Н. Воскресенский “Қалдыбай Жұмағалиұлы, сіз сөзсіз кәсіби еңбектері мен қызметтері ХХ ғасыр сәулет өнерінің тарихына кіретін сәулет өнері таланттарының бірі болып табыласыз” деп бағалаған. Әбдісағит Тәтіғұлов https://egemen.kz/article/kazak-saulet-onerinin-kulageri Мақаланың тақырыбы Идеясы Жанрлық ерекшелігі Бағытталған аудиториясы Оқылымнан кейінгі тапсырма «Галереяға саяхат». Қабырғаға дайындалған постер іліңіздер де басқа топтардың қабырға газеттерін сараптап, талдап, өз пікірлеріңізді жапсырма қағазға жабыстырыңыздар. Галереяға саяхат аяқталған соң, топта жұмыстарыңызға шолу жасап, өз қабырға газеттеріңізге жазылған сыныптастарыңыздың пікірін сараптап, талқылап, сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасаңыздар. Бағалау Бағалау критерийі Мақаланың жанрлық ерекшелігін анықтап, талдау жұмысын жүргізеді. Дескриптор -мақаланың жанрлық ерекшелігін анықтайды; -тақырыбы мен идеясын ажыратады; -өз ойын білдіреді; -сыныптастарының жұмысына кері байланыс береді. 5.4. Сәулет өнері 10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе); 10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу Қажетті клишелерді қолданып, аргументативті эссе жазады. Сөйлем ішінде тыныс белгілерді орынды қолданады. Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Ұлттық бірегейлікті сақтау Пәнаралық байланыс Тарих Бастапқы білім Аргументативті эссенің құрылымын біледі Тірек сөздер Мәңгілік ел, мәдени құндылықтар Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымға дайындық тапсырмасы 1-тапсырма. Өз ойларыңызбен бөлісіңіздер Оқушыларға сәулет өнері жайлы жазылған сөздер үлестіріледі. Оқушылар жеке және жұпта талқылайды, өз ойларымен бөліседі. 1. Мәңгілік елдің мәдени құндылығы 2. Заманауи сәулет өнерінің озық үлгілері 3. Сәулет өнерінің жаңа тынысы 4. Мәңгілік құндылықтар бейнеленген ескерткіштер 2-тапсырма. Оқушыларға аргументативті эссенің тақырыбы мен клишелер ұсынылады. Эссе тақырыбы мен клишелерді топта талдаңыздар, өз ойларыңызбен бөлісіңіздер. Эссе тақырыбы: «Сәулет өнері туындылары мәңгілік елдің мәдени құндылығы бола алады ма?» Клишелер: Сәулет өнерінің озық үлгілері, мәдени құндылық, осылайша, қорытындылай келе, мысалға келтіретін болсақ, бұл пікірді қарастыратын болсақ. Жазылым тапсырмасы 3-тапсырма. «Сәулет өнері туындылары мәңгілік елдің мәдени құндылығы бола ала ма?» тақырыбында аргументативті эссе жазыңыздар. Бағалау Бағалау критерийі Қажетті клишелерді қолданып, аргументативті эссе жазады. Сөйлем ішінде тыныс белгілерді орынды қолданады. Дескриптор -қажетті клишелерді орынды қолданды; -аргументативті эссенің құрылымын сақтады; -пунктуациялық нормаларды сақтады. Жазылымнан кейінгі тапсырма. «Автор орындығы» әдісі арқылы жазған аргументативті эссені топта оқып, үздік жұмысты «автор орындығына» ұсыныңыздар. 5.5. Сәулет өнері 10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай мақала жаза алады. Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Ұлттық бірегейлікті сақтау Пәнаралық байланыс Тарих Бастапқы білім Мақала жаза алады Тірек сөздер Сәулет өнері, озық үлгілер Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымға дайындық тапсырмасы 1-тапсырма. Миға шабуыл (сәулет өнері жайлы сұрақтар қойылады). Сұрақтарға жауап беріңіздер 1. Отандық сәулет өнері жайлы не білесіздер? 2. Отандық сәулет өнерінің озық үлгілерін атаңыздар. 3. Қазақстандық сәулет өнерінің болашағы қандай? 2-тапсырма. «Үштік әдісі» мақала тақырыбын жұпта талқылаңыздар. Тақырыпқа байланысты қажетті ақпаратты ғаламтор желісінен қараңыздар, мақала жазуда дәлел ретінде қолданыңыздар. Нұсқаулық: Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді: бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тыңдайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады. Мақаланың тақырыбы: «Отандық сәулет өнерінің болашағы қандай?» Жазылым тапсырмасы. «Отандық сәулет өнерінің болашағы қандай?» тақырыбында мақала жазыңыздар. Жазылымнан кейінгі тапсырмасы. «Ыстық орындық». Ортаға шығып, жазған мақалаңызды оқыңыз. Сынып оқушылары критерийлер бойынша кері байланыс береді. Бағалау Бағалау критерийі Мақаланың жанрлық ерекшелігін анықтап, жазылым жұмысын орындайды. Дескриптор -мақала тақырыбын анықтап, талқылайды; -дәлелдер келтіреді; -стильдік және жанрлық ерекшеліктерді сақтап, мақала жазады. -орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды. 5.6. Сәулет өнері 10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу Оқылым материалынан деректерді саралап, өз ойын білдіруде орынды қолданады. Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Ұлттық бірегейлікті сақтау, еңбек пен шығармашылық Пәнаралық байланыс Тарих Бастапқы білім Маңызды ақпаратты саралай алады. Тірек сөздер Архитектуралық жауһарлар, құнды жәдігерлер, сәулетші Сабақтың жүргізілу барысы Оқылымалды тапсырма. Миға шабуыл. Сұрақтарға жауап беріңіздер 1. Қазақстандағы архитектуралық жауһарлар жайлы не білесіздер? 2. Құнды жәдігерлерге нені жатқызуға болады? 3. Еуропаның архитектуралық стилі мен Азияның эклектикасының тоғысуы жайлы естігендеріңіз бар ма? Оқылым толтырыңыздар. тапсырмасы. Төменде берілген мақаланы оқыңыздар, кестені Қазақстандағы архитектуралық жауһарлар Алып мемлекетіміздегі ғасырлар бойы тұрған алпауыт ғимараттар мен ескерткіштер – талай тарихтың куәсі. Әр құрылыс нысаны – өз уақытының жемісі, сол кезеңдегі әлеуметтік, саяси, мәдени және техникалық мүмкіндіктердің айқын көрінісі. Олардың қойнауында мыңдаған жылдың сыры жатыр. Осы орайда жаңа маусымнан бастап «Kazakh TV» арнасы архитектуралық байлықтарымыз туралы «Сәулет өнері» бағдарламасын ұсынды. «Kazakh TV» арнасының Бас продюсері Айкүміс Сексенбаеваның айтуынша ғимараттардың құпия-сырларына үңілу арқылы бізге жұмбақ болып келген дүниелердің шешімін табуға болады. «Сәулет өнері» жобасының шығармашылық ұжымы отандастарымызды еліміздің сұлу да ғажайып нысандарымен таныстырады. Байтақ еліміз уақыт сынына сыр бермей, сан ғасырды артта қалдырған асыл қазыналарға толы. Мысалы, Ахмет Яссауи кесенесі, Жаркент мешіті, Алматы қаласындағы көптеген ескі кешендер әлі күнге дейін сынын жоймай келеді. Дархан даламыздың көп жылдық тарихы мен мәдениеті, талғамы мен танымы, сәулеткерлік өнеріннің бағыты мен бағдарын бойына жинақтаған мұндай жәдігерлерді жан-жақты зерттеу маңызды. Сондықтан бағдарламаның көрерменге берері мол» дейді. Расында да, бұл ғимараттарда мемлекетіміздің басынан өткен ауыр кезеңдер мен қуанышты сәттердің ізі қалды, дәл осы кешендердің ішінде еліміз үшін ең маңызды мәселелер шешілді, вокзалдар талай тұлғаларды күтіп алып, талайын шығарып салды, ал қазіргі аспанмен таласқан биік-биік жобалар заманауи Қазақстанның бейнесін жасауда. Француз архитекторы Поль Гурдэні Алматы қаласының тарихи орталығымен не байланыстырады, неліктен Жаркенттегі мешіт қытай сәулетшісі Хон Пикенің біздің күнімізге дейін сақталған жалғыз туындысы, Уалихановтардың «Сырымбет» үй-жайы қайда орналасқан, ұмыт болған есімдер мен белгісіз деректер, қазіргі тарих пен ұлттың бет бейнесі, осының бәрі бағдарламаға арқау болады. Тағы «Сәулет өнері» жобасы еуропаның архитектуралық стилі мен азияның эклектикасының тоғысуы туралы, сондай-ақ қираған үйінділерден алып қалалар мен шаһарлардың қайта салынуы жөнінде әңгімелейді. «Қазіргі таңда шығармашылық ұжым Түркістан, Орал, Алматы және Жаркент қалаларында болып, ондағы ең маңызды ескерткіштер жөнінде сөз етті. Хабардың әр бөліміне елімізбен қатар шетелдің беделді архитекторлары қатысады. Мысалы, бағдарламаның алғашқы бөлімінде танымал отандасымыз Сағындық Жанболатов пен Алмас Ордабаевтың пікірлері берілді. Сонымен қатар Лондон қаласындағы әйгілі Норман Фостермен сұхбаттасу үшін келіссөздер жүргізілуде. Өздеріңіз білетіндей ол Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Хан Шатыр» және «Назарбаев орталығы» сынды көптеген ғимараттардың авторы» - дейді «Kazakh TV» арнасының Бас продюсері Айкүміс Сексенбаева. «Сәулет өнері» жобасының ұжымы жыл соңына дейін Қазақстандағы мешіттер, кеңестік кезеңнен қалған құрылыстар, тарихи орындар туралы 15 шығарылым жасауды жоспарлап отыр. «Тағы бір айта кетерлігі, біз тек ескі ғимараттардың тарихына ғана үңіліп қоймай, сондай-ақ заманауи архитектуралық жауһарларымыз жөнінде де сөз етеміз. Қазақстандағы жас архитекторлар мен шет мемлекеттерде аты шығып, өзінің талантымен әлемді мойындатып жүрген отандастарымыз туралы да хабар барысында айтылады» - деп қоса кетті арнаның Бас продюсері Айкүміс Сексенбаева. Гүлжанар Жарқынбекқызы https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/habar/49276/ Мәтіннің тақырыбы Негізгі идеясы Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат Оқылымнан кейінгі тапсырма. «Еркін әңгіме» әдісі. Оқылым мәтінінен деректерді қолдана отырып, мәтінге сілтеме жасап, блогқа пікір жазыңыздар. «Автор орындығы» әдісі негізінде ортаға шығып, жазған пікіріңізді оқыңыз. Бағалау Бағалау критерийі Деректерді қолдана отырып, өз ойын еркін жеткізеді. Дескриптор -негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты ажыратады; -мәтіннің тақырыбы мен негізгі идеясын анықтайды; -деректерді қолданып, пікір жазады; -оқылым мәтініне сілтеме жасайды. 5.7. Сәулет өнері 10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу Тыңдалым материалы негізінде негізгі ақпаратты іріктей алады. Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Ұлттық бірегейлікті сақтау Пәнаралық байланыс Тарих Бастапқы білім Тыңдалым мәтінінен негізгі ақпаратты анықтайды. Тірек сөздер Рухани жаңғыру, бейнелеу өнері мұражайы, тарихи нысан Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымға дайындық тапсырмасы 1-тапсырма. Миға шабуыл (сәулет өнері жайлы сұрақтар қойылады) 1. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы жайлы не білесіздер? 2. Еліміздегі бейнелеу өнері мұражайлары жайлы не білесіздер? 3. Ағаштан жасалған модерн-классикалық стилінің элементтері бар ғимараттар жайлы не айта аласыздар? 2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, INSERT әдісі арқылы қажетті ақпаратты өзіңізге түртіп алыңыздар да тыңдалым мәтінінің негізгі ақпаратын анықтаңыздар. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында рухани құндылықтарымызды танытуға баса назар аударылған. Осы бағытта арна тілшілері облысымыздың киелі, қасиетті, тарихи орындарын аралап бейнесюжеттер әзірлеуде. Айталық көне ескерткіш болып табылатын қаламыздағы облыстық бейнелеу өнері музейінің қалыптасуы мен бүгінгі тынысы да тілшілеріміздің назарынан тыс қалмады. Бейнелеу өнері музейі 1985 жылы тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің негізінде ашылған. Кейін қор 1989 жылы республикалық маңызы бар 19 ғасырдағы сәулет өнерінің ескерткіші – көпес Юзефовичтің үйі болып табылатын мына тарихи нысанға көшірілген. Ғимарат ағаштан жасалған, қасбетінде модерн-классикалық стилінің элементтері бар. Бүгінгі таңда музей мемлекет қорғауына алынған МӘДИНА ТҰЯҚОВА, ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІ: - 1927-28 жылдар аралығында бұл жер панасы жоқ адамдарға мекеме болған. 1930 жылдар емдік мекемемелері, 1970 мектеп, 1982 жылдан бастап қала тұрғындарының назарынан тыс қалмай қазіргі таңда қаламыздың сәулет өнері қатарында. Музей экспозициясының ауданы 394,2 шаршы метрді құрайды. 7 бөлімде 7000нан астам экспонат бар. Көрменің негізгі бөлігі кескіндеме, графика, мүсін, сәнді қолданбалы туындылар, балалар шығармашылығының жұмыстарынан тұрады. Қордың біраз бөлігін сурет өнері алып жатыр. Көрмеден қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевтің туындыларын көруге болады. СТЕНДАП: АЯУЛЫМ ЖОЛМҰҚАНОВА, ТІЛШІ: - Музейдің «Атамекен» бөлімінде Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің мынадай тамаша суретін көруге болады. Бұл Кіші Алматы өзені 1937 жылы бейнеленген. Мұнда табиғаттың жақсы көрінісін тамашалауға болады. Алматының сұлу табиғаты ерекше суреттелген. Музей қорында сонымен қатар ағаштан, мыстан, темірден жасалған жәдігерлер де бар. Ал мына көздің жауын аларлық мүсінді Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Рысбек Ахметов жасап шығарған. «Дала әуендері» деп аталатын бұл мүсін балшықтан жасалған. Музей қызметкерлерінің айтуынша көрмені тамашалауға айына 500 адамдай келеді. Мұнда сондай-ақ көршілес Ресей елінің суретшілері де өз көрмелерін ұйымдастырып тұрады. Аяулым Жолмұқанова http://petropavltv.kz/kz/news/culture/seulet-onerinin-eskertkishi INSERT әдісі w Білемін + Жаңалық Білмеймін ? Білгім келеді Жазылым тапсырмасы. «Еркін әңгіме» әдісі. Тыңдалым мәтінінен негізгі ақпаратты қолдана отырып, бейнелеу өнері мұражайы жайлы өз пікіріңізді жазыңыз. Жазылымнан кейінгі тапсырма. Жазылым тапсырмаларыңызды жұпта оқып, бірбіріңізге критерийлерге сүйене отырып, кері байланыс беріңіздер. Бағалау Бағалау критерийі Тыңдалым материалы негізінде негізгі ақпаратты анықтап, өз ойын еркін жеткізеді. Дескриптор -негізгі ақпаратты анықтайды; -бейнелеу өнері жайлы ойын еркін жеткізеді; -дәлелдер келтіреді; -жұпта талқылайды; -орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды. 5.8. Сәулет өнері 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау; Мәтіндегі тақырыпқа қатысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Еңбек пен шығармашылық Пәнаралық байланыс Өнер Бастапқы білім Терминдер. Блум токсономиясы Тірек сөздер Сәулет өнері, пайдалы, құрылым, үйлесім. Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырма 1-тапсырма. Берілген суретті сын есімдермен суреттеңіз. 2-тапсырма. Барлық сын есімдерден ең қажетті дегенін қалдырыңыздар. (пайдалы, берік, әдемі) Тыңдалым тапсырмасы 1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, сәулет өнеріне қатысты ұғымдар мен терминдерді теріп алыңыз. Тыңдалым мәтіні Сәулет — адамдардың іс-әрекет ортасының техникалық және көркемдік бағыттармен біртұтас үйлесімді байланысуы. Сәулетке әрқашанда қоғамның дамуы әсер етеді, яғни өндірістік күштердің және өндірістік қатынастың дамуы, техниканың даму дәрежесі, материалдық мәдениеттің, географиялық жағдайда өмір сүру жағдайлары. Ежелгі рим сәулетшісі Марк Витрувий Поллион айтып кеткендей, сәулет өнеріне сәйкес оның «пайдалылығы, беріктігі, әдемілігі» үш бірдей міндетті шешеді: функционалдық құрылымдық көркемдік идеялар. Әр туындыда олардың сапалық қасиеттері өзара бір-бірімен диалектикалық түрде байланысады. Сәулет туындыларында қоғамның тарихи дамуындағы барлық ғылыми жетістіктері, техника және өнердің дамулары орын алады. Сәулет өнерінің тәсілдері, бұл — сәулет туындыларының және оның бөліктерінің үйлесімді болуын қамтамасыз ететін әдістер. Оларға төмендегі сәулет құрлымының әдістері жатады: құрылымның мақсаттылығы тектоника — құрылымның көркемдік жұмысын көрсету сәулеттік пішіндердің массасы бойынша, биіктігі, құрылысы, түсі бойынша байланысуы және ырғақ, метр, қарама-қарсылық, нюанс, көлемділігі, сәйкестігі (модулді және геометриялық). Дегенмен, дәл қазір адамзат пен табиғат жаратқан сәулет құрылысын біртұтас ортаның бөлігі ретінде түсіну керек, сол себепті, бірінші жоспарға үйлестіру тапсырмасы кіріп тұр. Ол бірінші орында қала тұрғызу құрылғылары арқылы экологиялық мәселесін шешуге жетелейді. Оларға инновациялық және экологиялық әдістер және құрылыс құралдары есебіндегі әлеуметтік және экологиялық жағдайының негізгі жобалауы жатады. Сәулет композициясы Жеке элементтердің көркемдік бір тұтастыққа үйлесімді байланысуы. Ырғақ Құрлымның тәсілдері ретінде қолданылатын сәулеттік бөліктерді, пішіндерді, объекттердегі заңдылық бойынша қайталау немесе алмастыру. Фактура Сәндік бұйымдардың және жазықтықтың сипаты. Контраст Осы немесе басқа пішіндердің қасиетін кеңістік немесе уақыт бойынша көрсететін құрлымның тәсілі. Тектоника Сәулет құрылымының тасымалдау және тіреу бөліктерінің қатынасын көрермендік көрініс немесе ғимараттың көркемдік ерекшелігі бойынша жеткізу. https://bilimland.kz/kk/courses/himarattar-men-qurylymdardypajdalanu/arxitektura/lesson/man-mindet-zhane-saulet-qurylymdary 2-тапсырма. Сәйкестікті анықтаңыз. Сәулет құрылымы Үйлестіру Тектоника Витрувидің үштігі Сәулеттік композицияның әдістері Функциональдық, құрылымдық, көркемдік-идеялық көбейту Жеке элементтердің біртұтас үйлесімді байланысуы Пайдалылық, беріктік, әдемілік Сәулет өнерінің тәсілдері Құрылым жұмысының көркемдік көрінісі Сәулет өнерінің тәсілдері Жаңа қала тұрғызу экологиясы мен сәулеттің мақсаты 3-тапсырма. Еліміздің мақтанышы Хан шатыр ғимаратын мәтіннен алған білімдеріңіз бойынша сипаттаңыз. Терминдер мен ұғымдарды пайдаланыңыз. 781666132 Бағалау Бағалау критерийі Тыңдалым мәтіні бойынша терминдер мен ұғымдарды талдай алады Дескриптор Қажетті сөздер мен термин сөздерді теріп жазады. Терминдер мен анықтамаларды сәйкестендіреді. Терминдер мен ұғымдарды пайдаланады. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Жұптық жұмыс. Тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау. Оқушылар тыңдалым мәтінінде көтерілген мәселе бойынша сұрақтар құрайды. Оқушылар алдымен жеке 2 сұрақ құрайды (ойлау деңгейінің кез келгенін таңдайды). Жұптарға бірігіп, 4 сұрақтан ақылдасып, баға беру арқылы 2 сұрақты қалдырады. Жұптар шағын топ құрайды, шағын топта әр жұп екі сұрағын таныстырады. Топта ақылдасып, үздік 1 сұрақты таңдап алады. Кейін топтар сұрақтарды бір-біріне қояды. 5.9. Сәулет өнері 10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе); Көтерілген мәселе бойынша ойын дәлелдеп, аргументативті эссе жазады Оқу мақсаттары Сабақ мақсаттары Құндылықтарды дарыту Ұлттық бірегейлікті сақтау Пәнаралық байланыс Тарих Бастапқы білім Аргументативті эссенің құрылымын біледі Тірек сөздер Астана, сәулет өнері, ұлттық нақыш Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымға дайындық тапсырмасы 1-тапсырма. Төменде берілген суреттер арқылы Нұр-Сұлтан қаласының сәулет өнері жайлы әңгімелеңіз. 1248372310 698007343 230914588 2-тапсырма. Төменде берілген мақаланы оқып, «мәліметтер» кестесін толтырыңыздар. Астана сәулетінің бүгіні мен ертеңі 2 шілде күні, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Астана күніне орай «Астана сәулеті: бүгін, ертең» атты дөңгелек үстел өтеді. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады. Шара шеңберінде Ұлттық музейдің залдарына экскурсия ұйымдастырылады. Жиын Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбайдың алғы сөзімен ашылады. Дөңгелек үстелге ҚР еңбек сіңірген және құрметті архитекторы, академик Серік Рустембеков, ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы, архитектор Жандарбек Мәлібеков, «Тілеп» қайырымдылық қорының президенті, құрылысшы Сапар Ысқақов, Премьерминистрдің жеке фотосуретшісі, фотожурналист Шүкір Шахай, Ұлттық музейдің сәулетшісі, архитектура докторы, Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі, Мәскеу университетінің профессоры Владимир Лаптев, «Алғашқы Астаналықтар» жобасының авторы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Астана қаласының бірінші баспасөз хатшысы Сәдібек Түгел қатысады. Тақырыпты талқылау, сұрақтарға жауап беру, пікір алмасу түрінде өтетін дөңгелек үстелде Астана қаласының Бас жоспары ғылыми-зерттеу институты, «Астана ЭКСПО2017» Ұлттық компаниясы, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы өкілдерінің пікірлері тыңдалады. Басқосу барысында Еуразия континентінде пайда болған жас Астананың әлемдік архитектурадан алатын орны, құрылыс кешендерінің өзіне тән ерекшеліктері және қаланың болашақтағы даму жоспары талқыланады. Сонымен қатар Еуропа мен Азияны тоғыстырып қана қоймай, Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің үндестік алаңына айналып отырған шаһардың әлеуметтік һәм рухани өміріндегі ілкімді ізденістер мен соны соқпақтар сөз болады. Бұған қоса уақыт пен талғамның, сын мен төзімнің тезінде шыңдалған жас қаланың «Орталық Азияның жауһары» деген атаққа ие болу жолындағы батыл бастамалары мен тыңға түрен салған идеялары ой елегінен өткізіледі. Дөңгелек үстелге қатысушылар Астананы феномен ретінде қарастырып, оның әлем қауымдастығының рухани, діни және экономикалық орталығына айналып отырғандығын айтады. Жиында «ЕХРО-2017 – болашақ энергиясы» жобасы таныстырылып, көрме кешендері жайлы жан-жақты мәлімет беріледі және Астананың қазіргі мәртебесі мен деңгейі оған тарихи, саяси, экономикалық, мәдени, рухани, танымдық тұрғыдан алғанда зор жауапкершілік жүктейтіндігі баяндалады. Ербол Жұмабайұлы https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/29943/ Тақырып Негізгі ойы Детальді ақпарат Менің түйгенім Жазылым тапсырмасы. «Астананың сәулетінде ұлттық нақыштың болуы маңызды ма?» тақырыбында аргументативті эссе жазыңыздар. Бағалау Бағалау критерийі Ойын дәлелдеп, аргументативті эссе жазады Дескриптор -аргументативті эссенің құрылымын сақтайды; -ойын дәлелді жеткізеді; -тақырыпты ашады; -екі жақты пікірді қарастырады; Жазылымнан кейінгі тапсырма. «Автор орындығы» әдісі арқылы жазған аргументативті эссені топта оқып, үздік жұмысты автор орындығына ұсыныңыздар. Оқу-әдістемелік басылым Аубакирова Жансая Жусуповна Калиева Айнур Молдашевна Муканова Саулет Сериковна Есимова Дина Бозжигитовна Канафина Жанар Каирбековна Жантаева Айгерим Дидаровна ҚАЗАҚ ТІЛІ Қысқа мерзімді жоспарлар жинағы 10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) Әдіскері Ж.Ж. Аубакирова Мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Хусейн бен Талал көшесі, 21/1 ғимараты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы