Uploaded by nazerke targunova

Назеке¡

advertisement
Өмір бойы жалғасатын
әлеуметтену: институттар
мен үрдістер.
Әлеуметтік институттар
Әлеуметтік
институттар
алғашқы
қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі
кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам
өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің
негізгі функцияларын - біріктіру, қорғау,
қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру,
рухани және мәдени даму, т.б. орындай
алмас еді.
«Әлеуметтік институт” термині
Ағылшын социологі
Г.Спенсер "әлеуметтік
институт” терминін
алғаш ұсынған адам. Кез
келген мекеме
(әлеуметтік институт)
әлеуметтік әрекеттердің
орнықты құрылымы
ретінде қалыптасады.
Әлеуметтік институттардың түрлері
Неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз
ететін әлеуметтік институттардың бес негізгі
түрі бар:
• бала туу, өсуі (отбасы және неке институты);
• қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар,
мемлекет);
• тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалық
институттар, өндіріс);
• білімді беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар
даярлау (білім беру, ғылыми және мәдени институттар);
• рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін
қажеттіліктер (дін институты).
Әлеуметтану үрдісі
Әлеуметтану үрдісі адамның басты өмірлік
айналамын (цикл) қамтиды.Бұлар балалық
шақ, жасөспірім, есею кезеңі және қарттық.
Сонымен қатар, индивидті тұлғаға айналдыру
процесін әлеуметтендіру дейміз. Социологтар
әлеуметтену үрдісін адамның бүкіл ғұмыр
бойына созылатын үрдіс деп атайды.
Сонымен қатар әлеуметтенуді жасанды
басқаруға болмайды, бұл таза табиғи үрдіс.
Қорытынды
Әрқайсысымыз бірегей, жеке биологиялық
қүрылымнан
тұратын,
қабілетіміз,
тәжірибеміз және таңдауымыз бар жеке тұлға
болып саналамыз. Сонымен бірге бәріміз де
әлеуметтік түлғамыз. Әлеуметтану арқылы
біз
талап
етілетін
мінез-құлық
пен
қүндылықтарды үйренеміз және көбінесе бұл
мінез-құлық пен құндылықтарды өзіміздікі
ретінде қабылдаймыз.
Download