ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Коммерциялық емес акционерлік қоғам ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ «Энергетика және жасыл технологиялар» институты «Инженериядағы экология және менеджмент» кафедрасы Есептік – графикалық жұмыс №1 Пәні: «Авариялық құтқару ісі» БББ: 6B11201 «Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» Тобы: БЖДк-20-4 Орындаған: Булатова А.М. Тексерген: Абишев Б Алматы 2023 Атом электр станциясындағы апат кезінде радиациялық жағдайды бағалау Радиациялық жағдай жергілікті радиациялық ластану салдарының жиынтығы, оның шаруашылық объектілері жұмысына, АҚ күштеріне және халыққа тигізетін әсері деп түсінеді. Радиациялық жағдай — қарсыластын ядролық және радиологиялық қаруды қолдануы салдарынан қалыптасатын жағдай; ұрыстық жағдайдың элементі. Радиациялық жағдай жергілікті жер, акватория, әуе кеңістігі және әскерлердің қимылы мен жауынгерлік мүмкіндігіне, өнеркәсіп объектілері мен елді мекен тұрғындарының тіршілігіне ықпал ететін әр түрлі объектілердің радиоактивті зақымдану көлеміне қарай анықталады. Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген. Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен йондаушы сәулелену дозасын алған. Радияциялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды. Қазақстан территориясында радияциялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық өнеркәсіп орындары Ғаламдық жауындар Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар Табиғи радиоактивтілік Радиоактивті қалдықтар. Радиациялық жағдай ядролық жарылыстың санына, орталығынан қашықтық жағдайына, қуатына, түрі мен уақытына (радиологиялық қаруды қолдану аудандарының саны мен жағдайына), метеорологиялық жағдайларға, жергілікті жердің сипаты мен қорғаныштық қасиеттеріне байланысты болады. Радиациялық жағдай көлемділігімен (зонаның мөлшері) және ластану мінездемесімен (радиация деңгейі) сипатталады. Осы екі параметр радиациялық зарарланудың адамдарға қауіптілік дәрежесінің негізгі көрсеткіштері болып табылады. адиациялық жағдайды бағалау әрекеті келесі жұмыстарды қамтиды: - радиациялық зарарланудың көлемділігі мен радиация мінездемесін анықтау; - олардің объектілерге, АҚ күштеріне және халыққа тигізетін әсеріне талдау жасау; - адамдарға радиациянық зақым келтірмеуге бағытталған әрекеттердің ең тиімді жолын таңдап алу. Радиациялық бағалау, болжау және барлау мәліметтеріне сүйену тәсілдерімен өткізіледі.Ластанған жерде радиация деңгейінің өзгеруі, жалпы алғанда, Рt = Р0(t/t0)-n (1) тәуелділігіне бағынады; Осында, Р0 - авария немесе жарылыстан «t0» уақыт сәтінде тіркелген радиация деңгейі; Рt - авариядан (жарылыстан) кейін, қарастырылып отырған уақыт сәтінде өлшеген радиация деңгейі; n - дәреженің көрсеткіші, радионуклидтердің құрамына байланысты болып, радиацияның уақыт өте төмендеуін сипаттайды. (Ядролық жарылыс n=І, 2 мөлшерімен сипатталады). АЭС авариясына қатысты радиация төмендеуі, оның изотоптық құрамы басқа болғандықтан, радиациялық барлау мәліметтеріне қарай анықталады. ЧАЭС авариясына қатысты «n» мағынасын, шамалап, авариядан кейін жарияланған мәліметтерге сүйеніп анықтауға болады. Сондай-ақ, (1) формуладан: (2) қатынасты шығарамыз; Осында: Р1/Р2 - радиация деңгейдің бірінші өлшемдегі мағынасының екінші өлшемдегісіне қатынасы; t1/t2 - авариядан кейін жасалған өлшемдердің уақыттар қатынасы. Мәліметтерден шығарылған n мөлшері n » 0,4. Басқаша айтқанда уақыт 7-есе ұлғайғанда радиация деңгейі 2-есе төмендейді (ядролық жарылыста ол 1О-есе төмендейді). Сонымен, АЭС авариясынан туындаған радиациялық жағдайды бағалауда: Pt=P0(t/t0)-0,4 (3) деп қабылдауға болада; ондай болса t1 ден t2 дейін уақыт арасында сәуле шарпу мөлшері (дозасы): ; құрайды; ал радиацияны әлсірету коэффициентін есепке алсақ: . (4) Бұл жолы барлау мәліметтерге қарап радиация жағдайын бағалау әдісі ядролық жарылыс жағдайындағы сияқты, бірақ АЭС авариясында радиацияның төмендеу заңын көрсететін кестелер пайдаланады (1 және 2 кестелерді қараңыз). 1 кесте - АЭС авариясынан кейінгі “t” уақытына радиация деңгейін келтіру коэффициенттері Kt=t-0,4 t, сағ Kt t, сағ Kt 0,5 1,32 4,5 0,545 0, 525 1,5 0 ,85 5,5 0,508 0,76 0,49 2,5 0,7 6,5 0,474 0,645 0,465 3,5 0,61 7,5 0,447 0,575 0,434 t, сағ Kt 8,5 0,427 0,417 9,5 0,408 0,4 10,5 0,39 0,385 11,5 0,377 0,37 t, сағ І6 1тәулік 2 тәулік З тәулік 4 тәулік 5 тәулік 6 тәулік Kt 0,33 0, 303 0,282 0,213 0,182 0,162 0,146 0,137 2 кесте - АЭС авариясынан соң радиациямен ластанған аймақта адамдардың шектелген болу ұзақтығы Авария сәтінен бастап сәулеленудің басталуына дейін өткен уақыт; tH, сағ 0,2 7,3 8,35 10,0 11,30 12,30 14,0 16,0 21,0 0,3 4,50 5,35 6,30 7,10 8,00 9,00 10,30 13,30 0,4 0,5 3,30 2,45 4,00 4,35 5,10 5,50 6,30 7,30 10,00 3,05 3,35 4,05 4,30 5,00 6,00 7,50 0,6 0,7 2,15 1,50 0,8 1,35 0,9 1,0 1,25 1,15 2,35 3,00 3,20 2,10 2,30 2,40 2 1,50 2,25 ,10 1,35 1,55 2,05 1,30 1,40 1,55 3,45 4,10 4,50 6,25 3,10 3,30 4,00 5,25 2,45 3,00 3,30 4,50 2,25 2,40 3,05 4,00 2,10 2,20 2,45 3,40 АЭС аваридсынан түзілген радиациялық жағдайды бағалауға арналған есеп шығару әдістемесін қарастырып көрелік. 1 есеп. АҚ жасағына Т=6 сағат жұмыс істеуге тура келіп отыр (радиациялық ластанған жерде, КӘЛС=1). Жасақ құрамасы зонаға авариядан кейін tH= 4 сағат өткенде кіреді, бұл сәтте радиация деңгейі РН=5 рад/сағ. Адамдар қабылдайтын сәулелену дозасын анықтау керек. Шешімі: Қабылдаған дозаны (4) формула арқылы табады. Ол үшін алдын ала “tK” және “РK” табамыз: tK=tВ+Т=4+6=10 сағат. Р1=РН/КН=РК/РК – қатынасы арқылы рад/сағат анықталады. К10 мен К4 мағыналарын 1 кестеден аламыз. Сонда: Д = 1,7×(3,5×10 - 5×4 )=25,5 рад. 2 есеп.Радиациялық ластанған жерде, оған кірер алдында (tН=2 сағ. авариядан кейін) радиация деңгейі Р2=3 рад/ сағ. Берілген доза ДБЕР=10 рад., КӘЛС=1. Адамдардың болуы шектелген ұзақтылығын анықтау керек. Шешімі: 1) қатынасын таптық. К2 мағынасы 1 кестеден табылды (авариядан tН=2 сағ, өткенде К2=0,76). Қорытынды: 1 есеп сызба жұмысында біз АЭС апаты болған кездегі қоршаған ортаға әсер ететін радиациялық жағдайды бағаладық. Ол үшін теориялық мәліметтермен танысып, есептеу жұмыстарын жүргіздік.