Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі» МКҚК «Бекітемін» директордың ОӘЖ орынбасары _______ Бердіқұл Н.Б «___»________2023ж. Курсты жобаға арналған әдістемелік нұсқау Мамандық: 1211000 «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» Әзірлеуші ______________ (қолы) Алматы, 2023 Керимбаева Ж.У. Цилк коммиссиясының отырысында талқыланған ЦӘК төрайымы________________ Керимбаева Ж.У. Хаттама №____<<____>>_______________2023 жыл КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ КӨЛЕМІ МЕН МАЗМҰНЫ. РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР Графикалық жұмыстар мен жобаланатын бұйымның нәтижелері түсіндірме жазбасы (ТЖ) түрінде ұсынылады. Курстық жұмысты рәсімдеу А4 (210 мм х 297 мм) форматтағы қағазда компьютермен басылған түрде мынадай өлшемдерді сақтай отырып жүргізіледі: сол жағы – кемінде 30 мм; оң жағы – кемінде 10 мм; жоғарғы және төменгі жағы-кемінде 20 мм. пайдалану қажет: Microsoft Word мәтіндік редакторы; Times New Roman қарпі, қаріп өлшемі – 14; жоларалық интервал – бір жарым. ТЖ көлемі 70 бет. Бөлім тақырыптары штампқа жазылады. Бөлімшелердің тақырыптары бас әріппен одан кейін кіші әріппен жазылады. Тақырыптардағы сөздерді тасымалдауға жол берілмейді. Тақырыптың соңында нүкте қойылмайды. Тақырып пен мәтін арасындағы қашықтық екі интервалға тең болуы керек. Тақырыптардың астын сызуға жол берілмейді. Әр бөлім жаңа беттен басталуы керек. Мәтінде бөлімшелер бірінен соң бірі жүруі керек. Бөлімшенің мәтінін екіншісінің мәтінінен бөлек екі интервалды өткізіп жіберу арқылы жүзеге асырылады. Беттер сандармен нөмірленеді. Титул парағы жалпы нөмірлеуге кіреді. Титулдық бетте, мазмұнында бет нөмірі қойылмайды, келесі беттерде нөмірлер штампқа қойылады. Сызбаның әрбір парағының төменгі оң жақ бұрышына штамп сызылады. Бөлімшелер екі санмен нөмірленеді, бірінші саннан кейін нүкте қойылады. Бірінші сан негізгі бөлімнің нөміріне сәйкес келеді, екіншісі – осы бөлімдегі реттік нөмірі. Модельдің эскизі "артқы көрінісімен" А2 форматындағы парақта түрлітүспен орындалады, ассортимент бойынша модельдердің эскиздері А4 форматындағы парақта "артқы көрінісмен" түрлі-түспен орындалады және модельдеуден беретін окутушысының қолы болуы керек. 1:4 сызбаларын штамппен миллиметрлік қағазда жасау керек. 1:2 сызбалары ватманда штамппен орындалады. Жайма жасағанда (миллиметрлік қағазда) штамп сызылмайды. Барлық сызбалар ЕСКД талабына сәйкес рәсімделеді. Сызбалардағы барлық жазулар стандартты машиналық жазумен орындалады. Сызбалардағы құрастыру сызықтары көмекші сызықтармен безендіріледі, контурлық және модельдік сызықтар негізгі сызықтармен безендіріледі. Бұйымның негізгі сызбаларында көмекші, астар аралық пен астарлы материалдардың сызбалары басқа түсте жасалуы керек. Кестелерді, суреттерді нөмірлеу әр бөлімнің санына байланысты жазылуы керек. Кестенің немесе суреттің басы мен соңы негізгі мәтіннен екі интервалмен бөлінуі керек. Кесте мен суреттің атауы сызықша санынан бөлек болуы керек. Кестені басқа бетке көшіру "... кестесінің жалғасы" сөздерінен басталады, содан кейін кестенің нөмірленген бағандары қайтадан жазылады. Курстық жұмыстың мазмұны Бөлімдердің атауы Көлемі, бет. МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ 1 КӨРКЕМДІК БӨЛІМ 1.1 Сән бағытының қысқаша сипаттамасы 1.2 Техникалық тапсырма 1.3 Көркемдік-техникалық ұсыныстар 1.4 Модельді таңдау және негіздеу 1.4.1 Бұйымның жеке бөлшектерін таңдау және негіздеу 1.4.2 Матаның түсін, тігін фурнитураларын таңдау негіздемесі 1.4.3 Модельдің сыртқы түрінің сипаттамасы 2 ҚҰРАСТЫРУ БӨЛІМІ 2.1 Киімді жобалау әдістемесін таңдау және негіздеу 2.2 Сызбаны құрастыруға арналған бастапқы деректер 2.2.1 Адамның дене бітімінің өлшемдік сипаттамасы 2.2.2 Кеңдікке берілетін қосымшаны таңдау және негіздеу 2.3 Бұйымның негізгі сызбасын құрастыру 2.3.1 Сызбаның алдын-ала есебі 2.3.2 Сызбаларды құрастыруға арналған есептер 2.3.3 Техникалық модельдеу 2.4 Негізгі және туынды лекалдардың сызбаларын құрастыру 2.5 Бөліктердің спецификациясы 3 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 3.1 Бұйымға арналған материалдардың шығындарын нормалау 3.2 Матаға лекалдарды кесуге және орналастыруға қойылатын техникалық талаптар 3.3 Лекалдардың ауданын және лекалааралық қалдықтардың % ін анықтау 3.4 Өңдеу әдістерін таңдау және негіздеу 3.5 Бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігі 3.6 Қолданылатын құрал-жабдықтардың сипаттамасы 1 2 7 ЖОБА БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ 8 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 2 2 Барлығы: 70 ГРАФИКАЛЫҚ БӨЛІМ мыналардан тұрады: 1. Модель суреті, А2 форматта 3 3 10 2 3 3 2 3 2 2 2 3 1 3 3 2 2 2 2 2 3 3 2 2. 3. 4. 5. М 1:4, М 1: 2 бұйым конструкциясының негізгі сызбасы М1:4 негізгі, астарлы, аралық және қосалқы лекалдардың сызбалары Негізгі матаның эксперименттік жаймасы М 1: 4 (3 жайма) Астарға және аралықастарға бір жайма бойынша орналастыру М 1: 4. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ Қорғау студенттердің қатысуымен "Тігін өндірісі және киімді модельдеу" ЦӘК оқытушыларының қатарынан комиссия алдында өткізіледі. Қорғау студенттің орындаған жұмысы туралы қысқаша баяндамасынан және комиссияның сұрақтарына жауаптардан тұрады. Баяндамада студент бұйымға кеткен материалдарды таңдаудың әр кезеңінің негізгі нәтижелерін баяндауы керек. Жұмыстың нақты кезеңін орындау кезінде алынған тұжырымдар мен қабылданған шешімдердің ерекшеліктері көрсетілуі керек. Бағалау қорғау процесінде түсіндірме жазбаны, баяндаманы және сұрақтарға жауаптарды орындау сапасының жиынтығы бойынша қойылады. МАЗМҰНЫ Мазмұнда бөлім мен кіші бөлімнің басы басталатын беттің нөмірін көрсете отырып, барлық бөлімдер мен кіші бөлімдердің атауын қамтиды. КІРІСПЕ Кіріспеде соңғы жылдары отандық тігін өнеркәсібі қол жеткізген аса маңызды нәтижелерді, қазіргі кезеңде өнеркәсіпті дамыту ерекшеліктерін; тігін бұйымдарын дайындау және жобалау саласында қол жеткізілген нәтижелерді; берілген ассортименттің жоғары сапалы бәсекеге қабілетті бұйымдарын өндіру үшін тігін өнеркәсібін дамыту перспективаларын, материалдық шығындарды азайту және оның тиімділігін арттыру мақсатында өндірісті техникалық даярлауды жетілдіру қажеттілігін баяндау қажет. 1 КӨРКЕМДІК БӨЛІМ 1.1 СӘН БАҒЫТЫНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ Бұл бөлімде ағымдағы немесе келесі жылғы сән бағытын (силуэт, пропорциялар, маталар, түс схемасы және т.б.) жарықтандыру қажет. Сәннің перспективалық бағыттары, ассортиментті дамыту (қосымша: сурет, сәнді құрылымдар мен текстуралардың маталарының сипаттамасы, түстер, әрлеу, әртүрлі толықтырулар, текстура). 1.2 ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА Бұйымның атауы мен мақсаты. Бұл бөлімде өнімнің мақсатын, адамдардың қандай жыныстық және әлеуметтік топтары (студенттердің, жұмысшылардың) үшін жобаланғанын нақтылау қажет, сонымен қатар жылдың уақыты мен пайдалану процесін ескеру қажет. Әзірленетін бұйымға қойылатын негізгі тұтынушылық және техникаэкономикалық талаптарды баяндау. Жобаланған бұйымға арналған негізгі, астарлы, жылытқыш материал, әрлегіш маталары қандай қасиеттерге ие болуы керек екенін сипаттаңыз. 1.3 КӨРКЕМДІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР Жобаның бұл бөлімінде эскиздер сериясы ұсынылады, олардың әрқайсысы техникалық тапсырмалардың талаптарына және сән бағытына сәйкес келеді. Модельдердің эскиздері бұйымның пропорцияларын, силуэттерін, модельдердің конструктивті және сәндік сызықтарын, материалдың түсі мен фурнитураларын, ұсынылған әрлеу мен декорды нақты көрсетуі керек. Эскиздер түрлі-түспен орындалады (8-10 модель, А4 форматында). 1.4 МОДЕЛЬДІ ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ Мұнда өндірістің белгілі бір түріне (жаппай, сериялық, жеке) ұсынылатын модельді әзірлеуге байланысты мәселелер шешіледі, таңдалған модельге, силуэт пішініне, бұйымды кесуге, бұйымның пропорционалды формасына негіздеме беріледі. 1.4.1 БҰЙЫМНЫҢ ЖЕКЕ БӨЛШЕКТЕРІН ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ Модельдың немесе тапсырыс берушінің сыртқы деректерін ескере отырып, жеке бөлшектерді (жаға, қалта, кокетка, әрлеу және т.б.) таңдауға негіздеме беріледі. 1.4.2 МАТАНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ ТҮСІН, ТІГІН ФУРНИТУРАЛАРЫН ТАНДАУ Матаны таңдағанда, матаның қасиеттерінің модель формасына, оның өңделуіне, эстетикалық көрсеткіштеріне әсерін ескеру қажет. Бұл тармақта модельдің жоспары алдын-ала түрлі-түсте және матаның әртүрлі фактурасын ескере отырып шешіледі. Талдау нәтижесінде бұйымға арналған матаның белгілі бір түсін немесе фактурасын таңдауда негізделген қорытынды беріледі. Таңдау кезінде матаны модельдің формасына, пішініне және оның дизайнына, жылу қорғау дәрежесіне, желге төзімділікке, гигроскопиялық қасиетіне, жұмсақтыққа, қаттылыққа, драпировкаға, тозуға төзімділікке байланысты қанағаттандыруы керек талаптарды анықтау қажет. 1.4.3 МОДЕЛЬДІҢ СЫРТҚЫ ТҮРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ №3 үлгідегі модельдің сыртқы түрінің сипаттамасы. Модульдер бойынша эскиз және оның учаскелерінің көлденең және тік масштабтағы есептеу коэффициенті қоса беріледі. ҚҰРАСТЫРУ БӨЛІМІ 2 2.1 КИІМДІ ЖОБАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІН ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ Киім бөлшектерінің дизайнын ең жетілдірілген дизайн әдістерінің біріне сәйкес жасау ұсынылады. Таңдалған әдіс сызбаны құру дәлдігінің дәрежесіне, есептеудің күрделілігіне негізделген. Осы мақсатта қолданыстағы жобалау әдістері қысқаша сипатталады, әдістемедегі формулалар, мәліметтер, есептеулердің күрделілігі, графикалық құрастырулар және т.б. анализ беріледі. Анализ негізінде таңдалған әдістеменің артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады және оны қолдану негізделеді. 2.2 СЫЗБАНЫ ҚҰРАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕР 2.2.1 АДАМ ДЕНЕ БІТІМІНІҢ ӨЛШЕМДІК СИПАТТАМАСЫ Өлшемдік белгілердің сипаттамасы адамның дене пішімін талдау негізінде жасалады. Өлшемдік белгілер адамның дене пішімін өлшеу арқылы анықталады, содан кейін типтік сипаттамамен салыстырғанда анализ жасалады (OСT 17-326-82, OСT 17-325-86). Өлшеу нәтижелері кестеге жазылады және өлшем нышандарын талдау нәтижесінде дене пішімге тұжырымдар жасалады (қалыпты, еңкіш, шалқақ). Адамның дене қалпы формула бойынша есептеледі. № 1 кесте- Өлшемдік белгілер және оның салыстырмалы сипаттамасы № Өлшем атауы 1 Шартты белгіленуі 2 3 Өлшем нышандар Нақты Үлгілі тұлға тұлға 4 5 Кестенің соңында қорытынды жасалады: "Нақты тұлға" - (Р-Сг3-Сб) "Үлгілі тұлға" (Р-Сг3-Сб). Айырмашылық 6 2.2.2 КЕҢДІККЕ БЕРІЛЕТІН ҚОСЫМШАНЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ Еркіндікке берілетін қосымша модель түріне, силуэтке, киім түріне және оның мақсатына байланысты белгіленеді. Техникалық және конструктивтідекоративті қосымшаларға сипаттама беру қажет.Қосымшалардың мөлшерін таңдау негізделеді және кесте түрінде жасалады. Кесте №2- Қосымшалар Шартты белгіленуі П 1 Қосымшаның сандық мөлшері см, П 2 2.3 БҰЙЫМНЫҢ НЕГІЗГІ СЫЗБАСЫН ҚҰРАСТЫРУ Жобаланған бұйымның сызбасының негізі модельге және оған қойылатын талаптарға сәйкес жасалады. Құрастыру сызбасының есептеулері келесі ретпен беріледі. 2.3.1 СЫЗБАНЫҢ АЛДЫН-АЛА ЕСЕБІ № 3 кесте – Алдын-ала есептеу № Сызба ауданы 1 2 Сызбадағы шартты белгілер 3 Сг3 ауданы Пг ауданы Сг3+Пг бойынша бойынша аудандары бөлінуі бөлінуі бойынша 4 5 6 1. Артқы бой 2. Қолтық ойындысы 3. Алдыңғы бой 0,9*Шг+(Сг2-Сг1) Барлығы: 2.3.2 СЫЗБАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЕСЕПТЕР № 4 кесте- Сызбаны есептеу № 1 Құрастыру участкесі Формулалар 2 2.3.3 ТЕХНИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ 3 Есебі Нәтижесі 4 5 Есептеулер мен сызбалардан кейін модельдік ерекшеліктер бір жолмен анықталады: графикалық немесе макет. Бүкпелерді жылжыту арқылы складкалардың, қатпарлардың бағытын, кокеткалардың, қалталардың, пат және т. б. орналасқан жерін анықтайды. 2.4 НЕГІЗГІ ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ ТУЫНДЫ ЛЕКАЛДАРДЫҢ СЫЗБАЛАРЫН Негізгі, астар, астараралық лекалалардың сызбалары ГОСТ 12807-79 «Классификация стежков, строчек и швов» сәйкес қосымшалар беріледі. Тігістерге арналған қосымшалардан басқа, жартылай фабрикаттың дайындығына байланысты кейбір қиықтарға артық қосымшалар беріледі. Жеке өндіріске арналған тапсырыста астар лекалдары негізгі лекал бойынша жасалады. Әрбір негізгі және көмекші лекалдарында ассортименттің атауы, модельдің нөмері, өлшемі, бөліктердің саны, бойы және толықтығы, спецификация саны көрсетіледі. Лекалдарда бақылау белгілері, негізгі жіп бағыты және негізгі жіптің ауыткуы белгіленуі керек. Тігіске берілетін қосымшалар кестеде көрсетілуі керек. № 5 кесте-Тігіске берілетін қосымша № Қосымша орны Біріктіру 1 Артқы бой Ортаңғы тігіс Қосымша ені Қондыру Көмкеру Бүгілу 1,5 2.5 БӨЛІКТЕРДІҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Бөліктердің спецификациясы барлық негізгі, астар, астараралық бөліктердің санын көрсете отырып кесте түрінде беріледі. № 6 кесте- Бөліктердің спецификациясы № Бөліктердің атауы Лекал саны лекалада 1 2 3 Негізгі бөліктер Астар бөліктері Астараралық бөліктер пішімде 3 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 3.1 БҰЙЫМҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ШЫҒЫНДАРЫН НОРМАЛАУ Бұл бөлімде киім өндірісіндегі матаны нормалаудан бастау керек. Содан кейін лекалалардың ауданын және матааралық қалдықтардың пайызын анықтау мақсатын сипаттау керек, жобада ұсынылған лекалалардың ауданын анықтау әдісін сипаттау керек. 3.2 МАТАҒА ЛЕКАЛДАРДЫ КЕСУГЕ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР Бұл бөлімде, ең алдымен, материалды кесудің және жобаланған модельге лекалалардың орналасуының техникалық шарттары сипатталуы керек. Лекалаларды жайма ретінде орналастыру миллиметрлік қағазда 1:4 масштабта орындалады және түсіндірме жазбаға қойылады. Жайма парағында бүйір жағында орналасу деректері мынадай нысан бойынша көрсетіледі: 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. Бұйым Өлшем, бой, толықтық Мата Ворстың бағыты Жайма түрі Жаймадағы бұйым саны Мата ені Жайма ені Жайма ұзындығы Лекал ауданы Жайма ауданы Ішкі матааралық қалдықтардың проценті Күні Жаймашы қолы ___________________________________ (қолы) Негізгі лекалдарға М 1:4 үш эксперименталдық жайма ұсынылады: бір бағытта, әр бағытта, жайылған және бір бір жайма астар мен астаралық маталарға. 3.3 ЛЕКАЛДАРДЫҢ АУДАНЫН ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ % - ІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ЛЕКАЛААРАЛЫҚ Осы мәселені шеше отырып, лекалалардың ауданын анықтаудың бір әдісін таңдап, оны сипаттау керек, матааралық қалдықтардың % - ы лекалалардың ауданы мен жайма параметріне байланысты анықталады. Лекалаларлың аудандарын кестеге жазу ұсынылады (есебі М 1: 1) №7 кесте-Лекалалардың ауданы № Бөліктердің атауы 1 Бөліктер саны және т.б. 2 Бөліктің ауданы 3 4 Барлық бөліктердің ауданы 5 3.4 ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІН ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ Бұл бөлімнің мазмұны жобаланған модельдің өндіріс шарттарына байланысты. Егер модель халықтың жеке тапсырыстары бойынша жасалса, онда өнімнің примеркаға дайындық деңгейі, примерка өткізу белгіленеді. Қол, машина және ЫЖӨ операцияларынан басталатын өңдеу әдістерін техникалық талаптарға сай орындау. Халықтың жеке тапсырыстары бойынша киім дайындаудың прогрессивті және унифицирленген технологиясын қолдануға ерекше назар аудару керек. Бұйымды өңдеу әдістері қиық түрінде және кесте түрінде ұсынылады. Таңдалған өңдеу әдістері жоғары еңбек өнімділігі мен жақсы өнім сапасын қамтамасыз етуі керек. Бұйымдарды өңдеу әдістері унифицерленген технологияны, желімді материалдарын, жоғары өнімді жабдықты және шағын механикаландыру құралдарын қолдана отырып прогрессивті болуы керек. 3.5 БҰЙЫМДЫ ӨҢДЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТІЛІГІ Ол кесте түрінде жасалады. №8 кесте- Бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігі Технологиялық № операцияның атауы 1 2 Жұмыс Түйінді қиығы, Құралтүрі тігіс ені жабдық түрі 3 4 5 3.6 ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ Жобаланған модельдің әрбір түйінін өңдеу әдісі үшін қажетті құралжабдық көрсетіледі. Жабдықтарды таңдағанда жылдам машиналарды қолдануды жобалау қажет. Сондай-ақ, арнайы машиналарды барынша пайдалануды қамтамасыз ету керек. ЫЖӨ бұйымдарына арналған жабдықты таңдағанда бу-ауа престері мен үтіктерді, бу-ауа манекендерін, әр-түрлі формалы жастықтарын пайдалануды жобалау қажет. Содан кейін таңдалған құрал-жабдықтың техникалық сипаттамасы берілуі керек және жобада ұсынылған құрал-жабдықтың жиынтық кестесі жасалуы керек. № 9 Кесте-Құрал-жабдықтар № Құрал-жабдықтың аталуы және мақсаты 1 2 Классы, дайындалған Қысқаша мінездеме заводы 3 4 4 ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ Бұл бөлімде дипломдық жобаның тақырыбына байланысты көрсету керек: а), жобаланатын бұйымды дайындау кезінде барлық цехтар арасындағы ұйымдастырушылық байланысының ерекшеліктерін көрсету керек; б) ательедегі тапсырыстардың дамуы және ательедегі жұмыстарының ұйымдастыру ерекшеліктері көрсетіледі. 5 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ Бұл бөлімде Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау заңды құжатымен, өндірістегі еңбекті қорғаудың негізіндегі маңызды көрсету қажет. Жұмысшылардың жеке басының құқығын қорғау, техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқау, өртке қарсы қауіпсіздік және жұмысшылар мен жұмыс беруші арасындағы қарым-қатынастармен сұрақтарын талқылау. Жас мамандардың міндеттері мен құқығына назар аудару қажет. 6 ЖОБА БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ Оқу барысында практикалық және теориялық жүзінде алған білімді дипломдық жобада қолдана отырып қорытынды жасау. 7 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Қолданған әдебиеттер тізімін көрсету.