Тақырыбы:Әдептілік,ар-ұят - адамдықтың белгісі. Мақсаты:Оқушыларды адамгершілікке,қарапайымдылыққа,кішіпейілдікке, әдептілікке,еңбексүйгіштікке,өз халқының салт -дәстүрін үйрене отырып,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.Адам бойындағы ұнамды,ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып,үлкендерді сыйлауға,адамгершілікке баулу. Міндеті:Оқушының адамгершілігін,мәдениетін, ар-ұятын қалыптастыру, оның санасына адами құндылықтарды сіңірту. Әдісі:Топпен жұмыс,сұрақ-жауап. Көрнекілігі:Топ аттары,"Құпия хат",бейнетаспа,магнитофон. Нақыл сөздер: 1.Әдептілік,ар-ұят-адамдықтың белгісі. 2.Әдепті бала-арлы бала. Әдепсіз бала-сорлы бала. 3.Адамның сәні-өнер,білім,ақылы, Жердің сәні-жеміс - өнім,дақыл, Сөздің сәні-өнегелі,өтірік,нақыл. Пікірдің сәні-ең пайдалы мақұлы. Кіріспе: Тәрбиеші:Бүгін "Әдептілік,ар-ұят-адамдықтың белгісі" атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.Бұл тақырып адам баласының барлығын толғандыратын ерекше ой салатын тақырып деп ойлаймын. Тақтада түрлі - түсті қағаздарда жазылған сұрақтар бойынша тәрбиелеушілерді сұрақ-жауап арқылы сөйлетемін , ой өрісін,тіл байлығын дамытамын. 1) 2) 3) 4) 5) Әдептілік деген не?Оны қалай түсінесіңдер? Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады? Әдептілік,әдепсіздік қасиеттерге не жатады? Адамның бойында алуан түрлі қасиеттер болады.Ол қасиеттер адамды жақсы және жат жағынан көрсетеді.Дүниеде жаман адам болмайды,жаман қасиеттер болады.Осы жақсы қасиеттерді адам баласы бойына ұстап ,жат қылықтарға жол бермеуі тиіс,оны жеңе білу керек.Жаратылыстың өзі қарама-қарсы нәрседен тұрады:ақ-қара,күнтүн,жақсы-жаман,ыстық-суық. Әдептілік қасиетін шыншыл,әділ,берген уәдесіне тұру қасиеті ,еңбекқор,кішіпейіл сияқты қасиеттерді жатқызуға болады. Ал,әдепсіздікке жоғарыда айтылған қасиеттердің кері болуы,яғни,біреуге жамандық ойлау,ұрлық жасау,біреуді алдап кету т.б. қасиеттер жатады. Ақ көңіл,жарқын жүз,ашық қабақ адамның аяулы қасиеттерінің бірі. Негізгі бөлім: Тәрбиешілерді ортаға шығарып:"Мен құрбыларымды жақсы көремін"ойынын ойнату.Шеңбер құра отырып бір-бірінің қолдарын тізбектеле ұстайды .Бірінші тәрбиелеушіге қарап,қолын қысамын да "мен сені жақсы көремін" деймін.Жақсы көруді қабылдаушы оған жылы шырай білдіреді .Айтылған сөзді ол да көршісіне қайталауы керек.Осы айналым аяқталғаннан кейін балаларға өзіміздің жақсы ниетімізді басқаға білдіргенде ,оның сөзсіз өзімізге қайтып оралатынын түсіндіремін. Тәрбиеші:Адамдар бірін-бірі жақсы көрсе,сыйласа,ренжітпесе жамандық атаулы болмаған болар еді.Ендеше жақсылықты өзгеден күтпей,әр адам өзі көрсетіп отыруға құштар болған жөн. Ал,балалар Бердібек Соқпақбаевтың шығармасына қойылған "Менің атым Қожа" фильміндегі Қожаның бейнесін талқылайық.Анасын бірнеше мәрте ренжіткен Қожаның қылықтарына мысал келтірейік. "Ана","Әке" жайында әндер тыңдалады. Тәрбиеленушілерге көзін жұмып,бір сәт ойлануға уақыт беріледі. Сұрақ:1)Ата-аналарыңды,ұстаздарыңды ренжіттіңдер ме?Өзіңнің қателігіңді түсіне білесің бе? 2)Үлкендерді,ата- аналарыңды,ұстаздарыңды,достарыңды қуантқан сәттеріңді еске түсіріңдер.Қалай қуанттың? Тәрбиеші:Ренжіткен жақсы ма?Қуантқан жақсы ма? Сахыналық көрніс: 1) "Адамдықтың белгісі - иіліп сәлем бергені".Екі оқушы денешынықтыру сабағында жағадан алысып,ренжісіп қалды.Ертесіне құшақ түйістіріп амандасты. Тәрбиеші:Адам бір-бірімен кездесе қалса,өзара сәлемдесуге міндетті.Олар дос па,араз бабәрібір.Сәлемді естіген әрбір адам оны қабыл алып,жауап беруі қажет.Бұл-парыз. Тәрбиеленушілерге кекшілдік абырой әпермейтіндігін ұғындыру. 2) Жолда келе жатқан кісі мұздан тайып құлады.Қолындағы сөмкесінің ішіндегі заттар шашылып қалды.Балалар қасынан көмек көрсетпей өте шықты. Сендер мұндай жағдайда қайтер едіңдер? Тәрбиеші көріністі мақалмен қорытындылайды: "Жақсы бала-қызық, Жаман бала-күйік". "Кекшіл болма,көпшіл бол". "Әзіл айтсаң да,әділ айт". "Көп алғысы көгертер". 3) Ал,енді тобымызға келген "Құпия хатты" оқып берейін. Құрметті достар Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші.Көзбе-көз өтірікті айта қояды.Маған келіп күнде ойнайды.Онымен дос болудың нәтижесі қалай болар екен? Тәрбиеленушілердің жауаптарын тыңдау: "Өтірікті өрге апармайды" "Өтіріктің арты бір тұтам". 4) Оқушыларды 2 топқа бөліп,әдепті және әдепсіз қасиеттерді плакатқа жазады. 1 топ -Әдепті қасиеттер 2 топ -Әдепсіз қасиеттер. Әр топ ортаға шығып плакаттарын қорғайды,тақырыпты өздері қорытындылайды. Қорыту: А.Құнанбаевтың 38-ші қара сөзін магнитофоннан тыңдаймыз.Бала барлық қасиеттерді үйреніп,жаман әдеттерден,ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.Үлкенді сыйлап,кішіге қамқорлық көрсете білудің тәрбиелік маңызы зор.Адам ең алдымен иманды,адал,әдепті де болуға тиіс. /Нақыл сөздердің мазмұнын айту,оқу/ 1."Өткірдің жүзі,кестенің бізі Өрнегін кісендей сала алмас" /Абай/ 2."Досы көпті жау алмас, Ақылы көпті дау алмас" 3."Ақылды мақтанса,іс тындырар Ақымақ мақтанса,тіс сындырар" 4."Өтірік айтып жағынғанша Шыныңды айтып жалын" 5."Әдепті бала- арлы бала Әдепсіз бала-сорлы бала" 6."Әдептілік,ар-ұят,адамдықтың белгісі Тұрпай мінез,жат қылық,надандықтың белгісі"