Uploaded by Gulmaida Kabdrashieva

2.9 семинар контент каз

advertisement
«Киберқауіпсіздік және цифрлық этика. Буллинг және кибербуллингтен
қорғану ережелері»
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:
 Киберқауіпсіздік және цифрлық этика дағдыларын зерделелейді;
 Буллинг және кибербуллингтен қорғану ережелерін қарастырырады;
 Киберқауіпсіздік ережелерін тиімді қолдану жолдарын меңгереді.
Жетекші идея:
Кибербуллингке не үшін бірден назар аудару керек?
Негізгі ұғымдар:
Буллинг, кибербуллинг, киберқауіпсіздік, цифрлық этика,
цифрлық сауаттылық
МАТЕРИАЛДЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
C1 – Connection / Алдыңғы біліммен байланыстыру кезеңі:
«Бреинсторминг» әдісі
Сұрақтар:
 Киберқауіпсіздік, кибербуллинг және цифрлық этика
ұғымдарын қалай түсінеміз?
 Қандай құжатнамаларда негізделген?
 Қандай цифрлық этика дағдыларын білесіз?
МАТЕРИАЛДЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
С2 – Сoncepts /Теориялық кезең:
Киберқауіпсіздік - бұл қолданушыларды, олардың
ақпараттық жүйелерін, желілері мен бағдарламаларын
сандық шабуылдардан қорғауды қамтамасыз етуге
бағытталған қызмет.
Мұндай кибершабуылдардың басты мақсаты әрі
хакерлердің жеке мақсаттары үшін осы ақпаратты одан
әрі пайдалану үшін пайдаланушының құпия ақпаратын
алу, әрі бүкіл бизнес-процестің жұмысын бұзу болуы
мүмкін.
Цифрлық этика – этиканың компьютерге қатысты
философиялық саласы, пайдаланушының мінез-құлқын,
компьютерлер не үшін бағдарламаланғанын және оның
жеке адамдарға және жалпы қоғамға қалай әсер
ететінін қамтиды.
МАТЕРИАЛДЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
С2 – Сoncepts /Теориялық кезең:
Буллинг пен кибербуллинг дегеніміз - адам құқығының өрескел
бұзылуы. Сонымен қоса бір адамның немесе адамдар тобының
екінші адамға қасақана және үнемі зиян келтіруі.
Кибербуллинг әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ойын
платформаларында және ұялы телефондарда болуы мүмкін. Бұл
қорлаудың нысанасы болған адамды қорқытуға, ашулануға
немесе ұятқа қалдыруға бағытталған мақсатты мінез-құлық үлгісі.
Мысалдар:
• жалған ақпарат тарату немесе әлеуметтік желілерде
біреудің ыңғайсыз фотосуреттерін орналастыру;
• мессенджерлерде қорқытатын хабарламалар немесе
қауіптер жіберу;
• өзін басқа біреу ретінде көрсету және оның атынан
басқаларға орынсыз хабарламалар жіберу.
МАТЕРИАЛДЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
С2 – Сoncepts /Теориялық кезең:
Цифрлық сауаттылық – адамның күнделікті және кәсіби іс-әрекетінде ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалану білімі мен қабілеті. Цифрлық сауаттылық
негізгі және кәсіби цифрлық дағдылардан тұрады.
Негізгі цифрлық дағдылар келесі бес құзыретті қамтиды:
 Жеке компьютер мен ноутбукты, мобильді құрылғыларды, Интернетті, қауіпсіздікті және
деректерді қорғауды сенімді пайдалануды қамтитын негізгі цифрлық дағдылар;
 «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік қызметтерді пайдалану, оның ішінде қажетті
электрондық мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ «онлайн» режимінде алу
дағдылары;
 Ашық үкіметті пайдалану дағдылары, оның ішінде Ашық үкіметтің төрт компонентін
пайдалану;
 Тауарлар мен қызметтерді «онлайн» алу, сату және жылжыту дағдыларын қамтитын
«электрондық коммерция» дағдылары;
 Ақпараттық қауіпсіздік дағдылары, оның ішінде жеке деректерді қорғау, компьютерді,
планшетті, смартфондарды және т.б. қорғау, Интернетте қорғау, қаржылық
транзакциялар кезінде қорғау.
МАТЕРИАЛДЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
С2 – Сoncepts /Теориялық кезең:
Кәсіби цифрлық дағдылар бес негізгі цифрлық
дағдыларды қамтиды:
Медиа дағдылары – сандық құрылғыларды (сандық
камералар, бейнекамералар және т.б.) пайдалану
дағдылары;
Кәсіби цифрлық дағдылар – бұл кәсіби қызметте
бағдарламалық
және
аппараттық
шешімдерді
пайдалану дағдылары.
МАТЕРИАЛДЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
С3 – Concrete practice / Теорияны практикалық қолдану кезеңі:
1-тапсырма.
Төменде берілген сұрақтарға әр топ өз
жауаптары мен тұжырымдарын ұсынады:
 Кибербуллингті жасайтын кімдер?
 Кибербуллингке тап болғанда не істеу қажет?
 Кибербуллингке не үшін бірден назар аудару
керек?
 Балалардың әлеуметтік желідегі
киберқауіпсіздігі қалай қамтамасыз етеміз?
 Цифрлық этика және цифрлық дағдыларды
дамыту мүмкіндіктері қандай?
МАТЕРИАЛДЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
С3 – Concrete practice / Теорияны практикалық қолдану кезеңі:
2-тапсырма:
1. Киберқауіпсіздік ережесін құру.
2. Мектепте балалардың әлеуметтік желідегі
киберқауіпсіздігін қамтамыз ету жоспарын
ұсыну.
Download