Ұ.Н. Мұқанова, А.А. Пірмағамбетова ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші кіші топ (3–4 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған Алматыкiтап баспасы 2018 1 Мұқанова Ұ.Н., Пірмағамбетова А.А. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Әдістемелік нұсқау: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші кіші топ (3–4 жас) педагогтеріне арналған. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2018. – 78 б. © Мұқанова Ұ.Н., Пірмағамбетова А.А., 2018 © «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2018 2 Түсініктеме «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған. 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикас Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды; 2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген); 3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр. ОӘК-ді дайындаудың негізгі мақсаты–педагогтерге «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» ұйымдастырылған оқу қызметінде (бұдан әрі ҰОҚ) жаңа педагогтік тәсілдерін жан-жақты қолдану жөнінде бағыт-бағдар беру. ОӘК-ге: - әдістемелік нұсқау; - балаларға арналған жұмыс дәптері кіреді. Әдістемелік нұсқауда бір жылға арналған перспективалық жоспар мен 36 ҰОҚ-не арналған үлгі жоспарлар берілген. ҰОҚ-нің құрылымы төмендегі кезеңдерден тұрады: • бірінші кезең – ұйымдастыру кезеңі (жағымды эмоционалдық көңіл күй қалыптастырып, ҰОҚ-не ықыласын ояту, балалардың ұсынылып отырған ҰОҚ-нің тақырыбын қуана қабылдауы үшін қажет); • екінші кезең – негізгі кезең, бұл үдеріс барысында зерттеліп отырған мәселе түсіндіріліп, балалардың бәрі оқу қызметіне белсенді араласады; • үшінші кезең – рефлексия, бұл кезеңде жаңадан алған білім игеріліп, қорытындыланады, баланың жеке біліміне айналады. Бір ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) 1–3- тапсырмалар біріктірілген. Ең күрделі тапсырма ҰОҚ-нің басында беріледі. Балаларды шаршатып жіберетін бірсарынды тапсырмалардан бас тартуды ұсынамыз. Әр педагог математикалық даму көрсеткіштерін ескере отырып, қандай бағдарламалық материалды шектеу немесе мүлде пайдаланбау керектігі туралы шешім қабылдайды. Әдістемелік нұсқауда сипатталған дамыту ойындар мен жаттығулар заманауи дамыту әдістемелерден алынды, олар оқу қызметінде материал ұсынуда жаңа көзқараспен ерекшеленеді, бұл оқу қызметінде бала жай тыңдаушы ғана емес, тікелей қатысушы болып табылады. Дидактикалық ойындар, жаттығулар, логикалық тапсырмалар және ойын жағдаяттары арқылы балалар ой саптауға, өз бетімен шешім қабылдауға және қорытынды жасауға үйренеді, олардың шығармашылық ой-өрісі қалыптасады. Әдістемелік нұсқаудың мақсаты – балалардың салыстыру, қорытындылау, заттар мен ұғымдар арасындағы кейбір байланыстарды анықтау бойынша алғашқы ойлау операцияларын қалыптастыру. 3 Бұл әдістемелік нұсқаудың негізгі міндеттері мынадай: – жиын туралы бастапқы ұғым қалыптастыру; – заттардың көлемімен, нысанымен, олардың кеңістіктегі арақатынасымен таныстыру; – көру және есту арқылы қабылдау қабілеттерін, зейінді, жадты, ойды дамыту; – білімге құштарлықты, зейінділікті, зерттеу қызметіне қызығушылыққа тәрбиелеу міндеттерін шешуге бағытталады. Педагогке көмек ретінде балалармен жұмыс істеуге арналған жұмыс дәптері әзірленген. Бұл материалдар баланың білімін жүйелендіруге, ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша түсінігін бекітуге мүмкіндік береді. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар ҚМҰҚ бойынша мынадай тақырыптарды қамтиды: – сан және есеп; – көлем; – нысан; – кеңістікті бағдарлау; – уақытты бағдарлау. «Сан және есеп» тақырыбында балалар заттардың көлемі, нысаны және түстері әртүрлі болатынын, біреу немесе көп болатынын, кеңістікте әртүрлі орналасуы мүмкін екендігін біледі. Бір топтағы заттарды екінші топтағы заттардың үстіне салу және бір топтағы заттарды екінші топтағы заттарға жанастыру тәсілдерін пайдалана отырып, саны мен көлемі бойынша тең немесе теңсіз екендігін, екі зат топтарын (үш топ шегінде) қалай салыстыру керектігін, есептемей және санды атамай зат топтарының теңдігін немесе теңсіздігін қалай анықтауға болатынына үйренеді. Балалар қоршаған ортадан бір немесе бірдей көп заттарды таба алады. Олар «Неше?», «Қайсысы көбірек?», «Қайсысы азырақ?» деген сұрақтарды түсінеді. «Көп» және «бір», «көп» және «аз», «осынша» («сонша», «соншалық»), «қанша», «тең» сөздерін пайдалана отырып, осы сұрақтарға жауап беруді және заттарды оң қолымен солдан оңға қарай ретретімен орналастыруды меңгереді. «Көлем» тақырыбындағы дидактикалық ойындар мен жаттығулар балаларда заттардың көлемі: үлкен және кішкентай (өлшем), ұзын және қысқа (ұзындық), жіңішке және жуан (ені), биік және төмен (биіктік), қалын және жұқа (қалыңдығы), бір затты бір заттың үстіне қою және жанастыру тәсілдері туралы ұғымдардың қалыптасуына көмек көрсетеді. «Нысан» тақырыбында мектепке дейінгі жастағы балалар сезіну, қозғау және көру тәсілдері арқылы: щеңбер, шаршы, үшбұрыш пішіндерін ажыратуды және атауды, геометриялық пішіндерді тауып, оларды қоршаған орта заттарымен салыстыруды үйренеді. «Уақытты бағдарлау» тақырыбының мазмұны балалардың тәулік бөліктерін ажырату және атауды қалыптастыру: таңертең, күндіз, кеш, түн.Балалар тәуліктің қарама-қайшы бөліктерін айқындай алады: таң – кеш, күн – түн. «Кеңістікті бағдарлау» тақырыбында балалар өз дене бөліктерінің орналасуын (бас, аяқ, қол) және өзіне тікелей жақын жердегі кеңістіктің бағыт-бағдарларын (оң жақ – сол жақ) ажыратуды және атауды үйренеді. Әсіресе балаларға оң және сол қолдарын ажыратуды үйрету маңызды, өйткені олар жұмыс дәптерлерінде өз бетімен және ересек адамдардың көмегімен бірлесіп тапсырмалар орындайды. 4 Жұмыс дәптерде жұмыс істеу: «көп», «біреу», «бір-бірден», «бірде-біреуі жоқ», «жоғары», «төмен», «тар», «кең», «ұзын», «қысқа», «жуан», «жіңішке», «оң», «сол», «таң», «күн», «кеш», «түн», және басқа да ұғымдарды бекітуге мүмкіндік береді. Әр ҰОҚде өтілген материалды бекітуге және қайталауға арналған тапсырмалар іріктелген. Бала орындай алатындай дәптердегі ойын жаттығулардың көлемі шағын. Балаларға дәптердегі тапсырманы ұсынудан бұрын, олармен бірге ұқсас тапсырмаларды орындаған орынды. Балалар тапсырмаларды өз бетімен немесе педагогтермен, ал үйде ата-аналарымен бірге орындай алады. Ата-аналар өз балаларының жетістіктерін көріп, бағалап, қиындықтарды жеңуге көмек көрсете алады. Жұмыс дәптердегі тапсырма бойынша жұмыс жасау мынадай нәтижелерге қол жеткізуді көздейді: сурет салуды, заттарды бояуды, заттарды өзара сызықтармен қосуды, нүктелер бойынша бастырып сызуды, жапсырма желімдеуді. ҰОҚ-де жапсырмаларды пайдалану балаларға ерекше ұнайды және уақытты үнемдейді. Осының барлығы қолдың ұсақ моторикасының дамуына ықпал етеді. Жұмыс дәптері педагогке сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық оқыту әдістерін кеңінен пайдалануына мүмкіндік береді. Бастапқы математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша бағдарламаны меңгеру нәтижесінде жыл соңында балалар: – қоршаған ортада көп және жалғыз затты таба біледі; – заттарды бір-бірінің үстіне қою және жанастыру тәсілдерін пайдалана отырып, заттардың топтарын салыстыру, заттардың қайсысы көп, қайсысы аз екендігін айту арқылы салыстыру нәтижесін белгілей алады; – екі затты көлемі бойынша салыстырып, заттардың қайсысы үлкен (кішкентай), ұзын (қысқа), кең (тар), жоғары (төмен), жуан (жұқа), биік (аласа) екендігін айту арқылы сөздермен белгілеу; – геометриялық пішіндерді: щеңбер, шаршы, үшбұрышты ажыратады және атай алады; – мына сөздерді: «жоғары», «төмен», «сол жақ», «оң жақ» сөздерін түсіне алады; – тәуліктің қарама-қайшы бөліктерін айқындай алады: таң – кеш, күн – түн. Барлық ҰОҚ-де көркемсөз қолданылады, ол бүкіл ҰОҚ барысында көтеріңкі көңіл күй орнатып, оқуға деген қызығушылық туғызып оның тиімді өтуіне ықпал етеді. Педагог көркемсөзді пайдаланған кезде оны кітаптан оқымай, жатқа айтуы тиіс. «Жанды» сөз балалар үшін тартымдырақ болады және есту қабілеттері дамиды. ҰОҚ-не сергіту сәттері үйлесімді енгізілген. Олар ұсақ қол моторикасын дамытуға, көру-қозғалу үйлесімділігіне, сондай-ақ математикалық ұғымдарды бекітуге бағытталған. Билингвальді компонент барлық оқу қызметінде қамтылған. ҰОҚ-не дайындалған кезде мынадай жайттарға назар аударыңыз: – ҰОҚ басталғанға дейін ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспарынмұқият оқып шығыңыз, көңіліңіз толмаған жерлеріне өзгеріс енгізіңіз; – ҰОҚ-не тыңғылықты дайындалыңыз, көрнекі және тарататын материалдарды дұрыс орналастыруды ойластырыңыз; – әрқашан «қарапайымнан бастап күрделіге қарай» ілгері жүру қағидасын ұстаныңыз; – балалар алдыңғы материалды меңгерген кезде келесісіне ауысыңыз; 5 – баланың тапсырманы өзі орындауға ниетті болуына күш салыңыз; – бала тапсырманы дұрыс орындай алмаған кезде де оған құрметпен қараңыз. Сіздер – әріптессіздер! «Зиян келтірме» деген ережені сақтай отырып, баланың іс-әрекетіне тек қана оң баға беріңіз. Осы әдістемелік нұсқаумен жұмыс жүргізу мектепке дейінгі жастағы балалармен жүргізілетін жұмыстың мазмұнын байытуға, оларда бастапқы математикалық ұғымдардың қалыптасуына және келесі оқу кезеңіне дайындалуларына көмек көрсетеді деп сенеміз. Авторлар ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПЕРСПЕКТИВТІК ЖОСПАРЫ № ҰОҚ-нің тақырыптары Мақсаттарымен міндеттері 1. Біреу, көп, бір- Мақсаты: заттарды «біреу», «көп», «бір - бірден», «бірде- біреуі жоқ» түсінігі туралы ұғымдарын қалыптастыру. бірден, бірдеМіндеттері: осы ұғымды сөйлеу барысында қолдану; біреуі жоқ айналасындағы бірде-бір және көп затты таба білу дағдысын дамыту, жұмбақ шешуді үйрету; шыдамдылыққа және қызығушылыққа тәрбиелеу. 2. Таңертең.Біреу- Мақсаты: таңертең (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру; заттың санымен (бір-көп) таныстыруды жалғастыру көп Міндеттері:таңертең (таң) – тәулік бөлігін тану және атау,осы ұғымды сөйлеу барысында қолдану; жұмбақтарды шешуді үйрету; заттарды айналасындағы бірдей бір және көп затты таба білу дағдысын дамыту. Шыдамдылыққа және қызығушылыққа тәрбиелеу. 6 3. Күндіз.Бір-көп Мақсаты:күндіз – тәулік бөлігімен таныстыру;заттың санымен (бір – көп) таныстыруды жалғастыру. Міндеттері:таңертең – күндіз тәулік бөлігін ажырата білулерін қалыптастыру; сөйлеубарысында осы сөздерді қолдануға және осы сөзді сөйлеу барысында пайдалануды үйрету; заттың санымен (бір – көп) таныстыруды жалғастыру; заттарды бірдей бір және көп затты таба білу дағдысын дамыту. Танымдылық қызығушылыққа тәрбиелеу. 4. Үлкен – кіші.Таңертең Мақсаты: заттарды көлемі бойынша(үлкен – кіші) салыстыру біліктерін қалыптастыру; таңертең – тәулік бөлігімен таныстыруды жалғастыру. Міндеттері:көлемі бойынша(үлкен – кіші) заттарды салыстыру; тәулік бөліктерін ажырата және атай білу білігін – таңертең ұғымымен таныстыруды жалғастыру; таныс заттарды көлеміне қарай салыстыру білігін дамыту (үлкен –кішкентай), заттарды осындай белгілеріне қарай топтау; заттарды табуға деген ынтасын тәрбиелеу. 5. Шеңбер. Үлкен– Мақсаты: жаңа геометриялық пішінмен – щеңбермен таныстыру. Міндеттері:балаларды геометриялық пішіндерді тануға және кіші атауға үйрету: шеңбер;шеңбердің түрлі көлемде (үлкен – кішкентай) болатынын түсіну; жұмбақтар шешуді үйрену; шеңберді көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамыту; шеңберді берілген нүктелері бойынша бастырып жүргізу; саусақтың ұсақ моторикасын дамыту; жаңа геометриялық пішіндерді салуға қызығушылықтарын ояту. 6. Кеш. Біреу – көп Мақсаты:тәулік бөлігі – «кеш» ұғымымен таныстыру;заттың санымен (бір – көп) таныстыруды жалғастыру. Міндеттері:таңертең, күндіз, кеш тәулік бөліктерін атаужәне ажырата білулерін қалыптастыру; бір және көп бірдей заттарды табу білігін дамыту; заттарды табуға деген ынтасын тәрбиелеу. 7. Түн. Шеңбер Мақсаты: тәулік бөлігі – «түн» ұғымымен таныстыру; түсі мен көлеміне байланыссыз щеңберді ажырата және атай алу білігін бекіту. Міндеттері: тәулік бөліктерін, ажырата және айта білуді бекіту; топ бөлмесінен шеңбер пішіндес заттарды көзімен іздеп таба алу білігін дамыту; шеңбер пішінді заттардың суретін сала алу білігін дамыту; мұқияттылық пен алғырлыққа тәрбиелеу. 8. Оң жақ – сол Мақсаты: кеңістік ұғымдарын қалыптастыру (сол жақ, оң жақ, ортасында), сөйлегенде осы терминдерді дұрыс қолдануға баулу. жақ Міндеттері: өзінің маңындағы кеңістік бағыттарын ажырата білу; жұмбақтарды шешуге, жұмбақ негізіне алынған өлеңдегі салыстыра бейнелеуді түсінуге үйрету; оң қолы мен сол қолын ажырата алу білігін дамыту; логикалық ойлауын дамыту; педагогтің нұсқауларын орындау білігіне тәрбиелеу. 7 9. Тәулік бөліктері Мақсаты:таңертең – кеш, күн – түн сияқты қарама-қарсы тәулік бөліктерін ажырату білігін қалыптастыру. Міндеттері: тәулік бөліктерін балалар мен ересектер әрекетінің мазмұнының өзгеруі бойынша ажырата білуге үйрету; балаларды дайын пішіндерді суретке жабыстыру кезеңдерін сақтау тәсілдерімен таныстыру; жапсырмалармен жұмыс жасауда мұқияттылыққа баулу. 10. Шаршы. Мақсаты: жаңа геометриялық пішінмен – шаршымен таныстыру. Міндеттері:балаларды геометриялық пішіндерді тануға және Үлкен – кіші атауға үйрету;шаршының түрлі көлемде (үлкен – кішкентай) болатынын түсіну; жұмбақтар шешуді үйрену; шаршыны көруқозғау жолымен зерттеу білігін дамыту; шаршыны берілген нүктелері бойынша бастырып жүргізу; топ бөлмесі мен қоршаған ортадан шаршыға ұқсас заттарды көзбен табу білігін дамыту; саусақтың ұсақ моторикасын дамыту; жаңа геометриялық пішіндерді салуға қызығушылықтарын ояту. 11. Алыс – жақын Мақсаты: заттардың кеңістікте орналасуын (алыс – жақын) айыра білуге және атауға үйрету. Міндеттері:заттардың өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтау:(алыс – жақын); көріп қабылдаған ақпараты негізінде жұмбақтар шешуді жалғастыру; көзбен қабылдауын, дайын пішіндерді (жапсырмалар) кезектілігін сақтай отыра суретті толықтыру мақсатында жапсыру дағдыларындамыту; бірлескен әрекеттерге қызығушылығын тәрбиелеу. 12. Жоғары – Мақсаты: заттардың кеңістікте орналасуын (жоғары – төмен) төмен. Шаршы айыра білуге және атауға үйрету. Міндеттері: заттардың өзінің айналасындағы кеңістікте орналасуы туралы ұғымын қалыптастыру (жоғары – төмен); заттардың өзінің айналасындағы кеңістіктегі бағытын ажырату білігін дамытуды жалғастыру: алыс – жақын; шаршыға – геометриялық пішіндеріне сәйкес келетін заттарды қоршаған ортадан таба білу білігі; жұмбақ шешуді жалғастыру; логикалық ойлауын дамыту; бірлескен әрекеттерге, ҰОҚ-не қызығушылығын тәрбиелеу. 13. Үшбұрыш Мақсаты: жаңа геометриялық пішінмен – үшбұрышпен таныстыру. Міндеттері: балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету;шаршының түрлі көлемде (үлкен – кішкентай) болатынын түсіну;көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамыту; үшбұрышты нүктелер бойынша қосу; заттардағы геометриялық пішіндерді тану және оларды атау білігін дамыту; басқаларға көмектесуге тәрбиелеу. 14. Үлкен, кіші, Мақсаты: көлемі туралы ұғымдарын қалыптастыру – үлкен, кішірек, кішкентай. кішкентай. Оң Міндеттері: таныс заттарды көлемі бойынша: үлкен, кішірек, ең жақ – сол жақ кішкентай – салыстыруды жалғастыру, анықтау нәтижесін сөзбен жеткізе білу; жұмбақтарды шеше білуге үйретуді жалғастыру; заттарды ұқсас белгілеріне (көлеміне) қарап айыра білуге үйрету; заттарды өзінің қай жағында тұрғанына қарай сөзбен атауды жалғастыру (сол жақ, оң жақ). Заттарды көлеміне қарай сол 8 жақтан оңға қарай орналастыру керектігін мұқияттылығын, қозғалмай отыруға тәрбиелеу. дамыту; 15. Біркелкі заттар. Мақсаты: дағдыларды қалыптастыру біркелкі заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету; заттарды көлемі Үлкен, кіші, бойынша салыстыруға үйретуді жалғастыру. кішкентай Міндеттері: көп біркелкі заттарды табуды, олардан жекелеген затты бөліп алуды үйрету; «көп», «біреу», «бір-бірден» ұғымдарын ажырата білуді үйрету; таныс заттарды көлемі бойынша салыстыруға үйретуді жалғастыру, үлкен, кішірек, кішкентай деген көлемдерді сөйлегенде қолдану; логикалық ойлауын дамыту; оқу қызметінде тапсырмаларды орындауға қызығушылығын тәрбиелеу. 16. Жоғары – Мақсаты: заттардың өзінің айналасындағы кеңістікте орналасуын ажыратып, атау ұғымын қалыптастыру (жоғары – төмен). төмен. Міндеттері: кеңістік бағыттарын анықтауға баулу (жоғары – Үшбұрыш төмен); геометриялық пішіндермен таныстыруды жалғастыру: үшбұрыш. Логикалық ойлауын дамыту; бірлесіп ойнауға қызығушылығын тәрбиелеу. 17. Алдында– Мақсаты: өзінің дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге артында. үйрету (алдында – артында). Жоғары– төмен Міндеттері: заттардың өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасқан заттардың бағытын ажырату (алдында – артында) түсініктерін қалыптастыру; заттардың өзінің айналасындағы кеңістіктегі бағытын ажырату білігін дамытуды жалғастыру: (жоғары – төмен); сөздерді қолдана алу: алдында, артында, жоғары, төмен; қарындашпен жұмыс жасауды, сезім қозғалыс түйсіктері арқылы балалардың зейінін дамытуды жалғастыру. 18. Үшбұрыш. Мақсаты: балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйретуді жалғастыру: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, түйсіну Шаршы. және көру арқылы пішін түрлерін зерттеуді жалғастыру. Шеңбер Міндеттері: геометриялық пішіндер туралы білімдерін дамытуды жалғастыру: шеңбер, шаршы, үшбұрыш; көру және ұстап көру арқылы пішіндерді зерттеуді жалғастыру, оларды қоршаған ортадан табуға баулу; есту және көрулерін дамыту, логикалық ойлауын дамыту; балалар арасында достық қарым-қатынасқа, сабаққа қызығушылыққа баулу. 19. Биік – аласа. Мақсаты:заттардың өзінің айналасындағы кеңістікте орналасуын үйретуді қалыптастыру (биік– аласа,сол жақ – оң жақ). Сол жақ – оң Міндеттері: таныс заттарды биіктігі бойынша салыстыру білігін жақ». қалыптастыру (биік–аласа); ағзаның бөліктерінің орналасуына бағыт беруді жалғастыру: сол жақ – оң жақ; көзбен қабылдауын, дайын пішіндерді (жапсырмалар) жапсыру, қарындашпен жол салу дағдыларын дамыту; бір-біріне көмектесу талаптарын тәрбиелеу. 9 20. Ұзын – қысқа. Беттестіру және тұтастыру тәсілдері 21. Заттарды ұзындығы бойынша салыстыру 22. Заттарды ені бойынша салыстыру. Біркелкі заттар 23. Кең–тар. Жоғарыда– төменде 24. Заттарды қалыңдығы бойынша салыстыру Мақсаты:әртүрлі заттар тобын көлеміне,ұзындығына қарай (ұзын – қысқа)беттестіру және тұтастыру тәсілдері бойынша салыстыру дағдысын қалыптастыру. Міндеттері:ұзындығына қарай бір-біріне қарама-қарсы екі заттысалыстыруды үйрету: сөйлегенде «ұзынырақ», «қысқарақ» сөздерін қолданып білдіру;беттестіру және тұтастыру тәсілдерін қолдану; таныс заттарды саны бойынша салыстыруға үйретуді жалғастыру: (біреу – көп); өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу. Мақсаты:әртүрлі заттарды ұзындығы бойынша салыстыруға үйретуді жалғастыру. Міндеттері:әртүрлі заттарды ұзындығы бойынша қатар қойып салыстыруға үйретуді жалғастыру, салыстыру нәтижесін ұзынырақ, қысқарақ, ұзындығы бірдей сөздерін қолданып білдіру; көру жадын дамыту, жадын, логикалық ойлауын; қолдың моторикасын дамыту; мұқияттылыққа, оқу қызметіне қызығушылыққа тәрбиелеу. Мақсаты:заттар тобын ені бойынша салыстыру ұғымын қалыптастыру: жалпақ–жіңішке. Міндеттері:екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы мен ені бойынша салыстыру тәсілдерімен таныстыру, оларды жалпақ, жіңішке сөздерін пайдалануға үйрету; «ұзындығы бойынша бірдей» сөзін пайдалану біліктерін бекіту; біркелкі заттарды бір сөзбен атауға үйретуді жалғастыру; есту сезімін дамыту; сөйлеу тілін, бақылағыштығын, ойлау белсенділігін дамыту; еңбек етуге тәрбиелеу. Мақсаты: заттар тобын ені бойынша салыстыру ұғымын қалыптастыруды жалғастыру: кең – тар; заттардың орналасқан орындарын анықтау біліктерін бекітуді жалғастыру: жоғарыда, төменде. Міндеттері:заттар тобын салыстыру ұғымын қалыптастыру: кең – тар; заттардың орналасқан орындарын анықтау біліктерін бекітуді жалғастыру: жоғарыда, төменде; жұмбақ шешуге баулу; тәулік бөлімдері туралы білімдерін бекіту жалғастыру;логикалық ойлауы, бақылағыштығын, ойлау белсенділігін дамыту; сабаққа қызығушылығын тәрбиелеу. Мақсаты: заттарды қалыңдығы бойынша салыстыруды үйрету: қалың және жұқа. Міндеттері:үстіне қою және белгілеу әдістерін пайдаланып, екі қарама-қарсы және бірдей заттарды қалыңдығы бойынша салыстыру, нәтижесін «қалың», «жұқа», «қалыңдығы бірдей» сөздерін қолдану арқылы жеткізу; көру арқылы алынған ақпаратты пайдаланып, жұмбақ шешуге баулу; көре білу, логикалық ойлауын дамыту; байланыстырып сөйлеуін дамыту, бірдей заттарды табу білігін дамыту; өзгелерге көмектесуге, тапсырмаларды ынтамен орындауға тәрбиелеу. 10 25. Алдында – Мақсаты: өзінің дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге артында. Жуан – үйретуді жалғастыру: алдында – артында; ені бойынша екі қарамақарсы және бірдей заттарды салыстыру. жіңішке Міндеттері:заттарды қалыңдығы бойынша салыстыру дағдыларын бекіту: жуан (қалың) – жіңішке (жұқа); өз айналасында бағдарлануын: алдында – артында жалғастыру; өз дене мүшелерінің орналасуын айыра алуға үйрету: бас, қол, аяқ; логикалық ойлауын дамыту; тапсырмаларды орындауға қызығушылығын тәрбиелеу. 26. Әртүрлі заттар Мақсаты: әртүрлі заттар тобын көлемі, саны бойынша салыстыру білігін қалыптастыру. тобын Міндеттері:түрлі заттар тобын қатар қою, үстіне қою арқылы салыстыру көлемі, саны бойынша салыстыру білігін қалыптастыру (үлкен – кішкентай, біреу – көп) ; заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыруға үйрету; заттарды қатар қойып салыстыру кезінде «сонша, неше...», теңбе-тең», «үлкен», «кіші» терминдерін пайдалануға баулу; есту сезімін дамыту; жапсырмамен, қарындашпен жұмыс жасау әрекетін дамыту; байланысты сөйлеуін дамыту; мұқияттылыққа, дербестікке тәрбиелеу. 27. Сол жақ – оң жақ. Дөңгелек Мақсаты: оң жағы мен сол жағын ажырата алу білігін бекітуді жалғастыру; шеңбер – геометриялық пішіні туралы білімдерін нақтылау. Міндеттері: қасына қою әдісін пайдалану арқылы қай топта заттар көп немесе аз немесе тең екенін анықтау білігін бекітуді жалғастыру; қоршаған ортадан шеңбер пішінді заттарды таба білу білігін бекітуді жалғастыру. Заттарды бірінің үстіне бірін тура қою білігін дамыту; зерттеу әрекетіне қызығушылығын тәрбиелеу. 28. Ұзын – қысқа. Мақсаты: екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы Біркелкі заттар бойынша салыстыра білуді бекіту; біркелкі заттарды санау және алуға үйретуді жалғастыру. Міндеттері:балаларды ұзындығы әртүрлі заттарды бір-бірінің үстіне қою тәсілімен салыстыруға үйретуді және ұзынырақ, қысқарақ, ұзындығы бірдей сөздерін қолдану арқылы айтып жеткізуді жалғастыру; біркелкі заттарды таба білуге үйретуді жалғастыру; біркелкі заттарды бір сөзбен айту білігін дамыту; логикалық ойлауын, сөйлеуін дамыту; оқу қызметіне қызығушылығын тәрбиелеу. 29. Биік – аласа. Мақсаты: екі қарама-қарсы және бірдей заттарды биіктігі мен Жуан – жіңішке жуандығы бойынша салыстыра білуді бекіту. Міндеттері:қалыңдығы мен биіктігі әртүрлі және бірдей заттарды салыстыру білігін бекіту; сөйлегенде «қалыңырақ, жұқалау, қалыңдығы бірдей, биіктеу, аласа, биіктігі бірдей» сөздерін қолдануға баулу; логикалық ойлауын дамыту; ықыласты болуға тәрбиелеу. 30. Бекіту. Мақсаты: геометриялық пішіндер туралы білімдерін нақтылау: дөңгелек, шаршы. Дөңгелек, Міндеттері:шеңбер,шаршы геометриялық пішіндер туралы шаршы білімдерін бекіту; заттарды көлемі (үлкен –кіші) бойынша 11 ажырата білу білігін бекіту; заттардың пішінін көре білу білігін бекіту; жұмбақтарды шешуге, жұмбақ негізіне алынған өлеңдегі салыстыра бейнелеуді түсінуге үйрету; логикалық ойлауын, сөйлеуін дамыту; оқу қызметіне қызығушылығын тәрбиелеу. 31. Жалпақ – Мақсаты: екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ені бойынша жіңішке.Заттар- салыстыра білуді бекіту; түсі бойынша бірдей заттарды табуға үйрету. ды белгісі Міндеттері:заттарды ені бойынша салыстыру және бірдейін табу бойынша білігін бекітуді жалғастыру; «жалпақ», «жіңішке», «ені бойынша салыстыру бірдей» сөздерін қолдануға баулу; түсі және белгісі бойынша бірдей заттарды табуға үйрету; жұмбақ шешу білігін бекіту, жұмбақ негізіне алынған поэтикалық бейнелерді түсіндіру; бақылағыштығын, ойлау белсенділігін байланыстырып, сөйлеу білігін дамыту, бір-біріне көмектесу талаптарын тәрбиелеу. 32. Тәулік бөліктері Мақсаты: тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтауға үйретуді жалғастыру. Міндеттері:тәулік бөліктерін – таң, күн, кеш, түнді атау және ажырату біліктерін бекіту; бұл терминдерді сөйлеу тілінде белсендіру; тәулік бөліктерін реттілігі туралы ұғымдарын қалыптастыруды жалғастыру; уақыт бойынша бағдарлана білуге үйрету; ертегіден үзіндіні тыңдап, шешуін табуға үйрету; мұқияттылығын, логикалық ойлауын дамыту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту; қайырымдылыққа тәрбиелеу. 33. Біреу – көп. Бір- Мақсаты: «Көп», «біреу», «бір-бірден», «бірде - біреуі жоқ» ұғымдарын ажырату дағдыларын жетілдіру. бірден, бірде Міндеттері:балалардың заттардың саны туралы білігін бекіту біреуі жоқ және қорытындылау, сөйлегенде жиынтықты: «біреу», «көп», «бірде-біреуі жоқ», «бір-бірден» сөздерімен бере білу білігін жетілдіру; топ бөлмесіндегі заттарды ажырата алуын, олардың санын– біреу, көп анықтай алу біліктерін бекіту; көзбен ақпарат алу арқылы жұмбақ шешуге баулуды жалғастыру; жұмбақ негізіне алынған поэзиялық салыстыруды түсіну, логикалық ойлауын дамыту; балалар арасында достық қарым-қатынасқа, оқу қызметіне қызығушылығын тәрбиелеуді жалғастыру. 34. Ұзын – қысқа. Мақсаты: екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы, ені, биіктігі мен жуандығы бойынша салыстыра білуді бекіту. Кең – тар. Міндеттері:ұзындығына, биіктігіне, еніне және қалыңдығына Қалың –жұқа. қарай салыстыруды жалғастыру; салыстыру нәтижелерін: Биік – аласа ұзынырақ– қысқарақ, қалың – жұқа, биік –аласа, кең –тар – сөзбен айту; салыстыру арқылы ойлау дағдыларын арттыру. Педагогтің нұсқауын дұрыс орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 35. Алыс – жақын. Мақсаты:өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтау,оң және сол жағын ажыратуды үйретуді жалғастыру. Биік – аласа. Міндеттері:өзінің айналасында және қағаз бетіндегі кеңістікте Сол жақ – оң бағдарлану білігін бекітуді жалғастыру (алыс – жақын, жоғары – жақ төмен, оң жақ – сол жақ); осы терминдерді сөйлеген кезде қолдану білігін бекіту; жапсырмамен жұмыс дағдысын дамыту; ойлау белсенділігін, елестетуін дамыту, мұқияттылығын, бірбіріне көмекке даярлығын тәрбиелеу. 12 36. Геометриялық пішіндер Мақсаты: геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту: шеңбер, шаршы, ұшбұрыш. Міндеттері:геометриялық пішіндер үлгілерін қимақағаздағы бейнесінің үстіне салып қарауға жаттықтыру; қоршаған ортадан басқа да геометриялық пішіндеріне ұқсайтын заттарды таба білуге үйретуді жалғастыру; геометриялық пішіндер белгілерін ажырата білу және атау білігін бекіту; пішінді оң қолымен алып, солдан оңға қарай қойып шығу білігін дамыту; «теңбе-тең» сөзін қолдануды үйрету; заттар мен пішіндерді көру, қозғау, сезу тәсілдерімен зерттеу білігін дамыту; бақылағыштығын, назар аударуын тәрбиелеу. Ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі жоспарлары №1 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, қатынас. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы:Біреу, көп, бір-бірден, бірде-біреуі жоқ. Мақсаты: «біреу», «көп», «бір-бірден», «бірде-біреуі жоқ» ұғымдарын қалыптастыру. Міндеттері: осы ұғымды сөйлеу барысында қолдану; айналасындағы бірде-бір және көп затты таба білу дағдысын дамыту, жұмбақ шешуді үйрету; шыдамдылыққа және қызығушылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: затты бөліп алуды және топтастыруды, біркелкі заттардан заттар тобын құруды және бөліп алуды; түсінеді: бір зат қайда, көп зат қайда екенін; қолданады:сөйлегенде «біреу, көп, бір­бірден, бірде-біреуі жоқ» сөздерін қолданады. Құрал-жабдықтар мен материалдар: көрнекілік саны бойынша «біреу–көп»,ойыншық кірпі, шымылдық, бір себетте жапырақтар макеттері (1 жапырақ – қызыл, қалғандары жасыл түсті, бала саны бойынша); жұмыс дәптері. Сөздік жұмыс: біреу, көп, бір­бірден, бірде-біреуі жоқ. Билингвальды компонент: біреу – один, көп – много. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ғажайып сәт. Педагог: Балалар, бүгін бізге қонақ келгенінбілесіңдер ме? Мен бір жұмбақ жасырайын, жауабын тапсаңдар келген қонақтың не екенін білесіңдер. Жұмбақ Тиіскенді түйреген, Киімі бар инеден. (Кірпі.) – Балалар, жұмбақ не туралы? Осы кезде шымылдықтың артынан ақырын кірпі шығып, балалармен амандасады. Балалар қызығушылық танытады. Кірпі балаларға ішінде жапырақтары бар себетті береді. 13 2. Негізгі кезең. Қозғалысты ойын: «Көп, біреу, бір­бірден, бірде-біреуі жоқ». Педагог сұрақтар қояды: Кірпі берген себетте не жатыр? Себетте неше жапырақ бар? Мен бір жапырақты аламын. Менде бір қызыл жапырақ бар. Әр баланың қасына барып, бір­бірден жасыл жапырақтан алуын сұрайды. Жапырақтармен айналуды сұрайды. Себетте неше жапырақ болды? Енді қанша қалды? Қайталау ұсынылады. Жапырақтар себетте көп болу үшін, не істеу керек? Балалардың жауабын тыңдайды. Енді жапырақтарды себетке қайта жинайық. Мен себетке 1 қызылжапырақты салдым. Әр балаға барып, жасыл жапырақты себетке салуды өтінеді. Балалар себетке жапырақтарды салады. Педагог сұрақтар қояды: Себетте неше жапырақ болды? Біз бір­бірден салып едік, көп жапырақболды. Себетте неше кызыл жапырақ жатыр? Себетте неше жасыл жапырақ жатыр? Сөздік жұмыс: біреу, көп, бір­бірден, бірде-біреуі жоқ. Билингвальды компонент: біреу – один, көп – много. Сергіту сәті:«Ойыншықтар». Добым, добым, домалақ. Қайда кеттің домалап. Сүт құйып ем күшікке, Төгіп кеттің, обал-ақ. «Біреу – көп» ойыны. Педагог фланелеграфтағы бір және көп заттардың суреті салынған плакатты көрсетеді. Балаларды суретте қай заттар біреуден, қай заттар көп екендігін сұрайды. Балалар айтады. (1-тапсырма.) Педагог: Кірпілер алманы жақсы көретінін айтады. – Балалар, кірпі қысқа азық жинап алмақшы екен. Кірпіге суреттегі көп алма қайда, бір алма қай жерде тұрғанын айтып жіберіңдерші. Кірпі мынадай сұрақтар қояды: – Ағашта неше алма бар? – Жерде неше алма жатыр? – Қай жердегі алма көп? Тапсырма: Ағашта өсіп тұрған бір алманы саусағыңмен көрсет. «Бір­бірден, бірде-біреуі жоқ» ойыны. (2-тапсырма.) Кірпілер тек алманы ғана емес, саңырауқұлақтарды да қатты жақсы көретінін айтады. Суретте кірпілерді табуды ұсынада. Кірпілердің арқаларында нешесаңырауқұлақ барын ата? Себетте неше саңырауқұлақ барын ата? 3. Рефлексия. Кірпі тапсырманы дұрыс орындағандары үшін балаларға рақмет айтып, оларға жапырақтары бар себетті сыйлайды. Балалармен қоштасады. Педагог сұрақтар қояды: Кім бізге қонаққа келген? Кірпі бізге не сыйлады? Себетте неше қызыл жапырақтар жатыр? Себетте неше жасыл жапырақ жатыр? Ойын ұсынады: алақаныңды бір рет, содан кейін көп рет шапалақта. Аяғыңды бір рет, содан кейін көп рет топылдат. Барлығы әуелі бір саусағын, содан кейін көп саусағын көрсетуді сұрайды. Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. №2 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, қатынас. Бөлімі: ҚМҰҚ. 14 Тақырыбы:Таңертең. Біреу – көп. Мақсаты:таңертең (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру; заттың санымен (бір – көп) таныстыруды жалғастыру. Міндеттері:таңертең (таң) – тәулік бөлігін тану және атау,осы ұғымды сөйлеу барысында қолдану; жұмбақтарды шешуді үйрету; заттарды айналасындағы бірдей бір және көп затты таба білу дағдысын дамыту. Шыдамдылыққа және қызығушылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі:тәулік бөлігін – таңертең, заттардың санын атауды; түсінеді: заттардың саны бойынша әртүрлі болатынын (біреу–көп); қолданады: керекті суреттерді,топ бөлмесіндегі саны көп заттарды және бір-бірден тұрған заттарды табуды. Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:көрнекілік: «Тәулік бөліктері таңертең, күндіз, кеш, түн», ойыншық-қоян, жұмыс дәптері. Сөздік жұмыс: таңертең. Билингвальды компонент:таңертең – утро. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ғажайып сәт.Ойыншық қоян. Педагог: –Балалар, бүгін бізге қонақ келгенін білесіңдер ме? Ол бізге тәулік бөліктері туралы әңгімелеп бермекші. Мен бір жұмбақ жасырайын, жауабын тапсаңдар, келген қонақтың не екенін білесіңдер. Жұмбақ Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады. (Қоян) – Балалар, жұмбақ не туралы? Олардың жауаптарын тыңдайды. Қоянды көрсетеді. Қоян балалармен амандасады. Балалар қызығушылық танытады. 2. Негізгі кезең. Қоян фланелеграфпен ілінген «Тәулік бөліктері: таңертең, күндіз, кеш, түн» суретіне назарларын аударады. Педагог балаларға бір тәулікте төрт бөлігі болатынын, олар: «таңертең», «күндіз», «кеш», «түн» деп аталатынын айтады. Таңертеңнен кейін күн болатынын, күннен кейін кеш болатынын, кештен кейін түн, ал түннен кейін тағы таңертең болатынын айтады. – Сендер үлкендер мен балалар таңертең, күндіз, кешке, түнде немен айналысатынын білгілерің келе ме? – Таңертең үлкендер жұмысқа, ал балалар балабақшаға, мектепке барады. Күндіз үлкендер жұмыс істейді, ал балалар сабақ оқиды. Кешке бәрі демалады, ал түнде ұйықтайды. «Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру». Педагог таңертеңгі бөлігіне назар аударады. Таңертең күн ұясынан шығады. Адамдар ұйқыдан тұрады. Таңертең үлкендер мен балалар таңғы ас ішеді, кейін, балалар балабақшаға баратынын, оқушылар мектепке, ал үлкендер жұмысқа баратындарын айтады. Таңертен үлкен балалармен тағы да не істейтінді білгілерің келе ме, онда Совет Әлімқұловтың тақпағын тыңдаңдар. Педагог тақпақты оқиды. Таң 15 Таң шапағы алаулап, Дала нұрға боялды. Мүлгіген бақ манаурап, Ұйқысынан оянды. Жүзін желдің өтіне Тосты гүлдер желбіреп. Жапырақтар бетіне Мөп-мөлдір шық қонды кеп. «Бұл қай кезде болады?» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Педагог балалардың назарын жұмыс дәптеріне аударады, балаларға бірнеше сұрақтар қояды: – Балалар, тақпақта тәуліктің қай бөлігі туралы айтылған? – Бала не істеп жатыр? Бала ұйқыдан тұрған суретті, сосын бала жуынған, жаттығу жасаған, таңғы ас ішкен суреттерді саусағымен көрсетуін сұрайды. Сөздік жұмыс: таңертең. Билингвальды компонент: таңертең – утро. Сергіту сәті: «Қоян». Ыршып-ыршып секіріп, Қоян келді кеңкиіп. Аяқтары жаураған, Қолдары да жаураған, Жылытпақ боп тырысты, Жүгірді де қуысты. Бір жоғары, бір төмен Жүр аяқтың ұшымен. Секіреміз, отырамыз, Аяқтарды жылытамыз. «Біреу – көп» ойыны.(2-тапсырма.) Педагог қоян таңғы асты жемегенін айтады. Онын қарны аш. –Балалар, бүгін сендер таңғы асқа қандай тамақ іштіңдер? Балалар айтады. Педагог: Ал қоян сәбізбен қырыққабатты жақсы көретінін айтады. Балаларға суреттен оларды табуын ұсынады. Бірінші саусағымен сәбізді сосын қырыққабатты көрсетуін сұрайды. Тапсырма: Суретте қанша сәбіз бар екенін ата. Суретте қанша қырыққабат бар екенін ата. 3.Рефлексия Қоян тапсырманы дұрыс орындағандары үшін балаларға рақмет айтып, қоштасады. Педагог: –Тәуліктің қай бөлігінде күн ұясынан шығады? –Топтағы заттардың қайсысы көп, қайсысы бір-бірден,– деп сұрайды. №3 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, шығармашылық. Бөлімі:ҚМҰҚ. Тақырыбы:Күндіз.Біреу – көп. Мақсаты:күндіз – тәулік бөлігімен таныстыру;заттың санымен (бір – көп) таныстыруды жалғастыру. Міндеттері:таңертең – күндіз тәулік бөлігін ажырата білулерін қалыптастыру; сөйлеубарысында осы сөздерді қолдануға және осы сөзді сөйлеу барысында пайдалануды 16 үйрету; заттың санымен (бір – көп) таныстыруды жалғастыру; заттарды бірдей бір және көп затты таба білу дағдысын дамыту. Танымдылық қызығушылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі:тәулік бөліктерін – таңертең, күндізді ажыратып атауды; түсінеді: заттардың саны бойынша әртүрлі болатынын (біреу–көп); қолданады: таңертең – күндіз тәулік бөлігін ажырата білулерін қалыптастыру; заттардың санын (біреу– көп) айқындау дағдысын. Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:«Тәулік бөлігі, таңертең, күндіз» иллюстрациясы, «Бір және көп заттар», ойыншық – Бауырсақ, «Бауырсақ» ертегісінен үзінді жазбасы; үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері. Сөздік жұмыс:күндіз. Билингвальды компонент: күндіз – день. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Күтпеген сәт. Педагог «Бауырсақ» ертегісінен үзінді тыңдауды ұсынады. Балалардан сұрайды: – Ертегі не туралы екен? –Дұрыс! Бізге қонаққа Бауырсақ келді. Балалармен амандасады. Бауырсақ сендерге өлең оқып бергенімді қалайды. Педагог Нұрсұлтан Әлімқұловтың өлеңін мұқият тыңдап, өткен оқу қызметінде тәуліктің қай бөлігі туралы айтқанымызды еске түсірулерін сұрайды. 2. Негізгі кезең. Таң Қызыл арай таң атты, Қырдан жаңа асып күн. Ақ сәулесін таратты, Мен сол таңға ғашықпын. Ұлан байтақ Отанды Таң нұрына бөледі. Ерте оянып, сол таңды Күнде көргім келеді. Педагог сұрақ қояды: – Өлеңде қай тәулік бөлігі туралы айтылған? Балалардың біреуін суреттен тәуліктің таң бөлігін көрсетуін сұрайды. «Күндіз тәулік бөлігімен таныстыру». Фланелеграфтағы «Тәулік бөлігі – күндіз» иллюстрациясын көрсетеді. Таңертеңнен кейін күн болатынын айтады. Күндіз күн аспанда жоғарыда болады. Күндіз үлкендер жұмыс істейді, ал балалар сабақ оқиды.Күндіз адамдар түскі ас жейді. Педагог күндізгі уақыт бөлігі туралы қысқаша әңгімелеп береді. «Бұл қай кезде болады?»ойыны.Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. – Балалар, мен қай уақыт бөлігі туралы әңгімеледім? – Біз күндіз не істейміз? – Суретте не бейнеленген? Балалар не істеп жатыр? Сергіту сәті: «Күн – түн». Ойын шарты: «Күн» дегенде, балалар жүгіріп ойнайды, «түн» дегенде –ұйықтап қозғалмай қалады. Сөздік жұмыс:күндіз. Билингвальды компонент: күндіз – день. 17 Фланелеграфтағы иллюстрация: «Бір және көп заттар» көрулерін ұсынады. Педагог балалармен суретте қай заттар бір-бірден, кай заттар көп екендігін тауып айтады. «Бір – көп» дидактикалық жаттығуы.(2-тапсырма.) Педагог балалардың назарын жұмыс дәптеріндегі ойыншықтарға аударады. Педагог балалардан суретте бір-бірден тұрған ойыншықтардың атын атауын және саусағымен көрсетуін тапсырады. 3.Рефлексия. Бауырсақ ертегіге қайту керектігін, балалардың тапсырманы жақсы орындағандары үшін рақмет айтып, қоштасады. Педагог: – Сендер тәуліктің қай бөлігін білесіңдер? -Топтағы заттардың қайсысы көп, қайсысы бір-бірден,– деп сұрайды. №4 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары:таным. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Үлкен – кіші.Таңертең. Мақсаты: заттарды көлемі бойынша(үлкен – кіші) салыстыру біліктерін қалыптастыру; таңертең –тәулік бөлігімен таныстыруды жалғастыру. Міндеттері:көлемі бойынша(үлкен – кіші) заттарды салыстыру; тәулік бөліктерін ажырата және атай білу білігін – таңертең ұғымымен таныстыруды жалғастыру; таныс заттарды көлеміне қарай салыстыру білігін дамыту (үлкен –кішкентай), заттарды осындай белгілеріне қарай топтау; заттарды табуға деген ынтасын тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: заттардың көлемін (үлкен – кіші) атауды; түсінеді: заттардың көлемі бойынша әртүрлі болатынын (үлкен – кіші); қолданады: заттарды көлеміне қарай қосу арқылы қарындашпен жұмыс жасау дағдыларын. Сурет бойынша – таңертең тәулік бөлігін ажыратуды. Қажетті құрал-жабдықтар менкөрнекіліктер: үлкен және кішкентай заттар бейнеленген суреттер; «Тәулік бөлігі – таңертең» иллюстрациясы, қуыршақ, екі кәмпиттің макетін: үлкенірек –қызыл және кішірек – жасыл, жұмыс дәптері, әр балаға жай қарындаштар. Сөздік жұмыс: үлкен, кішкентай. Билингвальды компонент: үлкен – большой, кішкентай – маленький. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Педагог: –Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Кәне, бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бәріміз бірге: «Қайырлы таң!» дейік. Әдібай Табылдиевтің «Қайырлы таң, балалар!» тақпағынан үзінді оқиды: Арайланып таң атты, Алтын шапақ таратты. Қайырлы таң, балалар! 18 Аман Отан – панамыз, Аман ата-анамыз, Қайырлы таң, балалар! Балалар шаттық щеңберге тұрып, сөздерді педагогпен бірге қайталайды. 2. Негізгі кезең Күтпеген сәт. Қуыршақ, екі кәмпиттің макетін: үлкенірек –қызыл және кішірек – жасыл. Педагог бүгін балабақшаға қонаққа қуыршақ келгенін айтады. Онымен амандасуын сұрайды. Қуыршақ екі кәмпитті (үлкенірек – қызыл және кішірек – жасыл) алып келгенің көрсетіп, айтады.Кәмпиттердің көлемі және түсі бойынша айырмашылықтары бар екенін айтады. Фланелеграфта үлкен кәмпиттің үстіне кішкене кәмпитті және керісінше салып, салыстырады. Фланелеграфтпен жұмыс:үлкен және кішкентай заттар бейнеленген суреттер. Фланелеграфтан үлкен және кішкентай заттар бейнеленген суреттерді көрсетеді. Кірпі балалардан оның достарын табуды ұсынады. – Суреттен нені көріп тұрсыңдар? – Кірпілер бірдей ме? – Олар қандай екен? Сосын суреттегі қай түсті жапырақ үлкен, қай түсті жапырақ кішкентай екенін сұрайды. Балалар жауабын айтады. «Үлкен – кішкентай» ойыны(1-тапсырма.) Педагог балаларға және қуыршаққа жұмбақ жасырады: «Отқа қойсаң елпілдеп. Быж-быж етіп тұншығар. Тақиясы селкілдеп, Танауынан су шығар». – Балалар, жұмбақ не туралы? (Шәйнек) Балалардың назарын суреті салынған бірнеше шәйнекке аударады. Педагог сұрақтар қояды: – Шәйнектер бірдей ме, әлде әртүрлі ме? – Олар қандай? Педагог: – Балалар, қолдарыңның үлкен саусағын (бас бармақ) үлкен шәйнекке, кішкентай саусақтарыңды (шынашақ) кішкентай шәйнекке қойыңдар. – Ал кеселер бірдей ме? Педагог енді балалардан қолдарының үлкен саусағын үлкен кесеге, кішкентай саусағынкішкентай кесеге қоюды сұрайды. Педагог тапсырма береді: үлкен шәйнекті үлкен кесемен, ал кішкентай шәйнекті кішкентай кесемен сызық арқылы қосуды тапсырады. Жеке жұмыс жүргізеді. Сөздік жұмыс: үлкен, кішкентай. Билингвальды компонент: үлкен – большой, кішкентай – маленький. Сергіту сәті: «Үлкен – кіші». Педагог балаларға жаттығу жасап көрсетеді: «Алдымен мен кішкентай боламын» деп, отырады. «Содан кейін өсіп үлкен боламын» деп тұрып, қолын жоғары созады. Ойын: «Тап та, ата». Жұмыс дәптеріндегі 2-тапсырма. Педагог суретке қарап, суретші қай тәулік бөлігін бейнелегенін атауды сұрайды. Жауабын дәлелдеуді өтінеді. Педагог жеке жұмыс жүргізеді. 19 3.Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. –Балалар, сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер? Түскі ас кезінде педагог балаларға сорпаны үлкен қасықпен, ал компоттың ішіндегіжемістерді кішкентай қасықпен жеу керектігін түсіндіреді.Текшелермен, пирамидалармен, матрешкалармен ойнаған кезде балалардың назарын олардың көлеміне аударып отырады. №5 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, шығармашылық. Бөлімі:ҚМҰҚ. Тақырыбы:Шеңбер. Үлкен – кіші. Мақсаты: жаңа геометриялық пішін – шеңбермен таныстыру. Міндеттері:балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету;шеңбердің түрлі көлемде (үлкен – кішкентай) болатынын түсіну; жұмбақтар шешуді үйрену; шеңберді көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамыту; шеңберді берілген нүктелері бойынша бастырып жүргізу; саусақтың ұсақ моторикасын дамыту; жаңа геометриялық пішіндерді салуға қызығушылықтарын ояту. Күтілетін нәтижелер: біледі: жаңа геометриялық пішін – шеңберді атайды; түсінеді: шеңбердің өлшемі әртүрлі болатынын; қолданады: шеңберді көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамытуды; шеңберді берілген нүктелері бойынша бастырып жүргізуді; топ бөлмесі мен қоршаған ортадан шеңберге ұқсас заттарды көзбен табу білігін дамытуды. Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:үлкен қызылшеңбердің және кіші көк шеңбердің макеті, шеңберге ұқсас заттардың суреті, ойыншық – Бауырсақ, үлестірмелі материалдар: кішкентай шеңбер, жұмыс дәптері, қызыл және көк түсті қарындаштар. Сөздік жұмыс:шеңбер. Билингвальды компонент: шеңбер – круг. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Күтпеген сәт. Педагог: Бізге қонаққа Бауырсақ келді. Бауырсақ балалармен амандасады. Бауырсақ сендерге заттарға байланысты жұмбақтар бергенімді қалайды. 2. Негізгі кезең. «Жауабын тап» ойыны. Педагог балаларға дөңгелек заттарға байланысты жұмбақтар жасырады. Жұмбақ Бір нәрсе өзі елеусіз, өзі керек, Басы жоқ, аяғы жоқ, дөп-дөңгелек. Жерінде басып кеткен із қалады, Осыны тапшы, сен, болсаң зерек. (Шеңбер) Егер балалар жұмбақтың шешуін таба алмаса, Бауырсақ шеңберге ұқсайтын заттарды көрсетеді (доп, шығыршық, дөңгелек т.б.). «Геометриялық пішін – шеңбермен танысу» ойыны. 20 Үлкен – қызыл және кішкентай – көк шеңбердің макеттерін көрсетеді. Шеңбердің бұрыштары болмайтынын, оның дөңгелейтінін айтады. Шеңберге ұқсас заттарды (суреттен көрсетеді) дөңгелек, доп, қарбыз, құрсау т.б. атайды. Бір шеңбердің үлкен, ал екіншісінің – кішкентай екенін айтып, бірінің үстіне бірін салып қарау арқылы қайсысының үлкен, қайсысының кішкентай екенін білуді ұсынады. – Қандай түсті шеңбер үлкен? –Қандай түсті шеңбер кішкентай? Бауырсақ дөңгелеп, өзінің бұрыштары жоқ, геометриялық фигураның пішініне ұқсас екенін көрсетеді. Сөздік жұмыс: шеңбер. Билингвальды компонент: шеңбер – круг. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Педагог жұмыс дәптеріндегі геометриялық пішінді – шеңберді табуын ұсынады. Бауырсақ балалардан суреттегі бағыт сызығын бойлай саусақпен жүргізіп шығуларын сұрайды.Үлкен шеңберді нүкте бойымен қызыл қарындашпен, ал кішкентай шеңбердікөк түсті қарындашпен бастырып сызуды тапсырады. Жеке жұмыс жүргізеді. – Қай шеңберді қызыл қарындашпен сыздыңдар? – Ал көк қарындашпен қай шеңберді сыздыңдар? Сергіту сәті: «Үлкен – кіші». Педагог балаларға жаттығу жасап көрсетеді: «Алдымен мен кішкентай боламын» деп, отырады. «Содан кейін өсіп үлкен боламын» деп тұрып, қолын жоғары созады. «Үлкен – кіші»ойыны. 2-тапсырма. Педагог балаларға суреттен шеңберге ұқсас заттарды табуға ұсыныс жасайды. Дәптердегі үлкен алманың, үлкен қарбыздың және кішкентай алманың, кішкентай қарбыздың салынған суретіне назарларын аударуды ұсынады. Сұрайды: – Алмалар бірдей ме, әлде әртүрлі ме? – Олар қандай? Балаларға бармағын үлкен алмаға, ал шынашағын кішкентай алмаға қоюды сұрайды. – Ал қарбыздар бірдей ме? Балаларүлкен алмадан кішкентай алмаға, үлкен қарбыздан кішкентай қарбызға қарай саусағымен жүргізуін сұрайды. 3.Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. Бауырсақ ертегіге қайту керектігін, балалардың тапсырманы жақсы орындағандары үшін рақмет айтып, балаларға геометриялық пішін – шеңберді сыйға тартады. Педагог сұрақтар қояды.Қандай геометриялық пішінді білесіңдер? Қандай заттаршеңбергеұқсайды, атаңдар. Бауырсақ қандай геометриялық пішінге ұқсайды? Бауырсақ сендерге не сыйлады? Балалар шеңберді көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамытады. №6 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру саласы:таным. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Кеш. Біреу – көп. Мақсаты:тәулік бөлігі – «кеш» ұғымымен таныстыру;заттың санымен (бір – көп) таныстыруды жалғастыру. 21 Міндеттері:таңертең, күндіз, кеш тәулік бөліктерін атаужәне ажырата білулерін қалыптастыру; бір және көп бірдей заттарды табу білігін дамыту; заттарды табуға деген ынтасын тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: тәулік мезгілдерін (таң, күн, кеш); түсінеді: қай жерде бір зат, қай жерде көп зат екендігін; қолданады: таңертең, күндіз, кеш тәулік бөліктерін ажырата білулерін қалыптастыру; заттардың санын (бір, көп) айқындау дағдысын, қарындашпен жұмыс жасау дағдыларын. Қажетті құрал-жабдықтар менкөрнекіліктер:таңертен, күндіз,кеш мезгілдері, жұмыс дәптері, әр балаға жай қарындаштар. Сөздік жұмыс: кеш. Билингвальды компонент: кеш – вечер. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Педагог: –Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Кәне, бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бәріміз бірге: «Қайырлы таң!» дейік. Әдібай Табылдиевтің «Қайырлы таң, балалар!» тақпағынан үзінді оқиды: Арайланып таң атты, Алтын шапақ таратты. Қайырлы таң, балалар! Аман Отан – панамыз, Аман ата-анамыз, Қайырлы таң, балалар! Балалар шаттық щеңберге тұрып, педагогпен бірге қайталайды. – Өткен оқу қызметінде тәуліктің қай бөліктері туралы әңгімелегенімізді естеріңе түсіріңдер. 2. Негізгі кезең Педагог тәулік бөліктері – таңертең, күндіз бейнеленген суреттерге фланелеграфқа назар аударады. – Сендер қандай тәулік бөліктерін білесіңдер? Екі баланы шақырып, суреттен көрсетуді сұрайды. «Кеш тәулік бөлігімен таныстыру». Фланелеграфтағы «Тәулік бөлігі – кеш» иллюстрациясын көрсетеді. Таңертеңнен кейін күндіз болатынын, күндізден кеш болатынын айтады. Кеште күн ұйқыға дайындалады. Кешке қарай дала қараңғы болады. Кешке бәрі демалады, теледидар көреді, кешкі тамақты ішеді. Сосын оларұйқыға дайындалады. Педагог кешкі уақыт бөлігі туралы қысқаша әңгімелеп береді. «Бұл қай кезде болады?» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Педагог балаларға кешкі мезгіл туралы өлең оқып, әңгімелеп береді. Сұрақтармен жұмыс: – Біз қай тәулік бөлігі туралы әңгімеледік? – Біз кешке не істейміз? – Бала суретте не істеп жатыр? – Бұл уақыттың қай бөлігінде болады? 22 Сөздік жұмыс: кеш. Билингвальды компонент: кеш – вечер. Сергіту сәті:«Ойыншықтар». Добым, добым, домалақ. Қайда кеттің домалап. Сүт құйып ем күшікке, Төгіп кеттің, обал-ақ. «Дұрыс ата» ойыны.(2 -тапсырма.) Балаларға суреттегімысық пен марғауларға, ит пен күшіктерге қарауларын ұсынады. Балаларға суреттегі тек бір-бірден берілген жануарларды қоршап сызуға тапсырма беріледі. Педагог жеке жұмыс жүргізеді. 3.Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. – Балалар, сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер? Адамдар таңертең, күндіз, кешке не істейді? – Топтағы заттардың қайсысы көп, қайсысы бір-бірден?– деп сұрайды. №7 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, шығармашылық. Бөлімі:ҚМҰҚ. Тақырыбы:Түн. Шеңбер. Мақсаты: тәулік бөлігі – «түн» ұғымымен таныстыру; түсі мен көлеміне байланыссыз шеңберді ажырата және атай алу білігін бекіту. Міндеттері:тәулік бөліктерін, ажырата және айта білуді бекіту; топ бөлмесінен шеңбер пішіндес заттарды көзімен іздеп таба алу білігін дамыту; шеңбер пішінді заттардың суретін сала алу білігін дамыту; мұқияттылық пен алғырлыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: түн – тәулік бөлігінің атауын; түсінеді: таңертең, күндіз, кеш – тәулік бөліктері екенін, түннің айырмашылығын; қолданады: тәулік бөліктерін, ажырата және айта білуді; шеңбер пішінді заттардың суретін сала алу білігін дамыту. Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:«Тәулік бөліктері» суреттері, ұлттық киім киген қуыршақ, жұмыс дәптері, сары қарындаштар. Сөздік жұмыс:түн, шеңбер. Билингвальды компонент: түн – ночь, шеңбер – круг. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ғажайып сәт. Есікті тоқылдатқан дыбыс естіледі. Педагог: –Бізге біреу қонаққа келген сияқты. Есікті ашып, ұлттық киімдегі қуыршақты алып кіреді.Қуыршақ амандасып, балалармен танысады. Қуыршақ Ақмарал өткен оқу қызметінде тәуліктің қай бөлігімен танысқандарын сұрайды. – Сендер тағы қандай тәулік бөлігін білесіңдер? 23 2.Негізгі кезең. «Түн тәулік бөлігімен таныстыру». Фланелеграфтағы «Тәулік бөлігі – түн» иллюстрациясын көрсетеді. Таңертеңнен кейін күндіз болатынын, күндізден кеш болатынын, кештен түн болатынын айтады. Түнде дала қараңғы болады. Түнде аспанда ай мен жұлдыздар жарқырайды. Адамдар түнде ұйықтайды. Педагог түнгі уақыт бөлігі туралы қысқаша әңгімелеп береді. «Бұл қай кезде болады?» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі, 1-тапсырма. Ақмарал балаларға сұрақ қояды: – Қай кезде адамдар ұйықтайды? – Суретте не бейнеленген? – Бала не істеп жатыр? – Бұл тәуліктің қай бөлігінде болады? Сергіту сәті: «Күн – түн». Ойын шарты: «Күн» дегенде, балалар жүгіріп ойнайды, «түн» дегенде –ұйықтап қозғалмай қалады. «Қандай домалақ заттарды білесің?» ойыны.(2 -тапсырма.) Педагог балалардан шеңберге ұқсасзаттарды естеріне түсіріп, атап берулерін өтінеді. – Олар қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды? Сөздік жұмыс:түн, шеңбер. Билингвальды компонент: түн – ночь, шеңбер – круг. Педагог: – Балалар, Ақмарал күннің суретін салғысы келеді. Бірақ оны қалай саларын және қандай түспен боярын білмейді.Педагог балалардан қуыршаққа көмектесіп, жиек сызығының ішіне нүктелер бойынша күннің суретін салуды және оны сары түспен бояуды сұрайды. Жеке жұмыс жүргізеді. 3.Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. Ақмарал балалардың оған Күннің суретін салуға көмектескендеріне, тапсырманы дұрыс орындағандарына рақмет айтып, қоштасады. Педагог: – Сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер? –Шеңберге ұқсайтынқандай заттарды білесіңдер? №8 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, шығармашылық. Бөлімі:ҚМҰҚ. Тақырыбы:Оң жақ – сол жақ. Мақсаты: кеңістік ұғымдарын қалыптастыру (сол жақ, оң жақ, ортасында), сөйлегенде осы терминдерді дұрыс қолдануға баулу. Міндеттері:өзінің маңындағы кеңістік бағыттарын ажырата білу; жұмбақтарды шешуге, жұмбақ негізіне алынған өлеңдегі салыстыра бейнелеуді түсінуге үйрету; оң қолы мен сол қолын ажырата алу білігін дамыту; логикалық ойлауын дамыту; педагогтің нұсқауларын орындау білігіне тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: өз айналасындағы кеңістікте: «оң жақ, сол жақ, ортасында» сөздерін пайдаланып, бағдарлауды; түсінеді:өзінің айналасында сол жағы, оң жағы қайсысы екенін ажыратуды; 24 қолданады: жұмбақтарды шешуді; өзінің айналасында бағдарлауды; сол жақ, оң жақ, ортасындағы заттарды салыстыруды. Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: көрнекіліктер: иллюстрациялар – «Кеңістікте бағдарлану: сол жақ, оң жақ, ортасында», ойыншық – Дымбілмес, жұмыс дәптері. Сөздік жұмыс:сол жақ, оң жақ, ортасында. Билингвальды компонент:сол жақ –левая сторона, оң жақ – правая сторона. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ғажайып сәт. Ойыншық Дымбілмес. Педагог: –Мен бүгін балабақшаға баражатқанда, Дымбілмеспен кездесіп қалдым. Дымбілмес жылады, өйткені ол сол жақты, оң жақтан айыра алмайды екен. Мен оны бізге балабақшаға шақырдым. Біз Дымбілмеске көмектесейік. Дымбілмес балалармен амандасады. 2.Негізгі кезең. «Не қайда тұр?» ойыны. –Дымбілмес оң жағы мен сол жағын айыра алмайды. Келіңдер, оған қалай ажыратуды үйретейік. Педагог: –Біздің жүрегіміз сол жағымызда орналасқан, ал қасықты, қарындашты біз оң қолымызбен ұстаймыз. Сосын педагог жүрекқай жерде орналасқанын көрсетуін сұрайды. Оң қолын көтеруін, сосын сол қолын көтеруін ұсынады. Қарама-қарсы бағыттарда қозғалыс жасап көрсетеді. Қажет болса, әр баланың қолдарын жөндеп көрсетеді. Фланелеграфтағыкөрнекілікпен жұмыс.Иллюстрациялар –«Кеңістікте бағдарлану: сол жақ, оң жақ, ортасында».Фланелеграфта заттың өзінен оң жақта немесе сол жақта тұрғанын қарау және оларды атау. «Кім қайда отыр?»ойыны. 1-тапсырма. Дымбілмес сендерге жұмбақ жасырады: Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян.) – Сендер мұның не екенін білдіңдер ме? Жұмыс дәптеріндегі қоянның суретін табуды ұсынады. Суретпен жұмыс. Педагог сұрақтар қояды: – Қоянның сол жағында не отыр? – Қоянның оң жағында қандай аң отыр? – Қоян өзі қайда отыр? Сергіту сәті: «Қоян». Ыршып-ыршып секіріп, Қоян келді кеңкиіп. Аяқтары жаураған, Қолдары да жаураған, Жылытпақ боп тырысты Жүгірді де қуысты. Бір жоғары, бір төмен Жүр аяқтың ұшымен. 25 Секіреміз, отырамыз, Аяқтарды жылытамыз. «Салыстыр» ойыны. 2 -тапсырма. Жұмыс дәптеріндегі сол жақтағы және оң жақтағы суретке қарауды ұсынады. Олардың қандай айырмашылықтары бар? Педагог суретке қарап айырмашылықтарын табуды ұсынады. Жеке жұмыс жүргізеді. Сөздік жұмыс:сол жақ, оң жақ, ортасында. Билингвальды компонент:сол жақ –левая сторона, оң жақ – правая сторона. 3.Рефлексия. Педагог: Дымбілмеске оң жақ, сосын сол жақ қайда екенін есіне түсірейік. – Біз қарындашты қай қолымызбен ұстаймыз? – Енді, сол қолдарыңды көтеріңдер. Дымбілмесоң жағы мен сол жағын ажыратуды үйреткен үшін балаларға рақмет айтады.Балалармен қоштасады. №9 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары:таным, шығармашылық. Бөлімі:ҚМҰҚ. Тақырыбы:Тәулік бөліктері. Мақсаты:таңертең – кеш, күн – түн сияқты қарама-қарсы тәулік бөліктерін ажырату білігін қалыптастыру. Міндеттері:тәулік бөліктерін балалар мен ересектер әрекетінің мазмұнының өзгеруі бойынша ажырата білуге үйрету; балаларды дайын пішіндерді суретке жабыстыру кезеңдерін сақтау тәсілдерімен таныстыру; жапсырмалармен жұмыс жасауда мұқияттылыққа баулу. Күтілетін нәтижелер: біледі: таңертең – кеш, күн – түн сияқты қарама-қарсы тәулік бөліктерін ажырату білігін қалыптастыруды; түсінеді: тәулік бөліктерін балалар мен ересектер әрекетінің мазмұнының өзгеруі бойынша ажырата алуды; қолданады: дайын пішіндерді дұрыс жапсыруды. Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:көрнекіліктер: иллюстрациялар «Тәулік бөліктері», жұмбақтары бар сандық, бағдаршам суреті, «үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, бағдаршамға арналған жапсырмалар: шеңберлі оттар (қызыл, сары, жасыл). Сөздік жұмыс: таңертең, күндіз, кеш, түн. Билингвальды компонент:таңертең – утро, күндіз – день , кеш – вечер, түн – ночь. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ғажайып сәт. Педагогбалабақшаға келе жатып жолда пошташыны кездестіргенін айтады. Ол біздің топтың балаларына сандық әкеліпті. – Балалар, сандықты ашып, ішінде не бар екенін көрейік. – Сандықтың ішінде суреттер бар, бірақ оларды білімнің арқасында алуға болады екен. 2.Негізгі кезең 26 «Сөйлемді аяқта» ойыны.Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Педагог балаларға сөйлемді аяқтауды ұсынады: жауаптан кейін сандықтан керекті суретті алып шығады. – Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал түскі асты ... ішеміз. (күндіз) – Таңғы асты таңертең, ал кешкі асты ... ішеміз. (кешке) – Күн күндіз жарқырап тұрады, ал ай ... (түнде) – Біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды ... жасаймыз. (таңертең) Сосын баланы шақырып фланелеграфта суреттерді дұрыс қоюды ұсынады: таңертең, күндіз, кеш, түн. Педагог балалардан дәптердін суреттегі әр тәулік бөлігін атауды және саусағымен көрсетуін сұрайды. Сөздік жұмыс: таңертең, күндіз, кеш, түн. Билингвальды компонент: таңертең – утро, күндіз – день , кеш – вечер, түн – ночь. «Айырмашылығын тап» ойыны. (2-тапсырма) Педагог балалардан суретке мұқият қарауларын сұрайды. – Балалар, бұл сандықтар бір-біріне өте ұқсас. Олардың айырмашылығын таба аласыңдар ма? – Кәне, балалар, қандай айырмашылық таптыңдар? Жекелеген балаларға көмек көрсетеді. Сергіту сәті: «Күн – түн». Ойын шарты: «Күн» дегенде, балалар жүгіріп ойнайды, «түн» дегенде –ұйықтап қозғалмай қалады. «Шамдарды жақ» ойыны (3-тапсырма.) Фланелеграфтан бағдаршам суретін көрсетеді, оның үш жарық көзі бар екенін айтады: ең жоғарыда қызыл түсті, ортасында – сары, астында жасыл түсті. Педагог өлең оқып береді: Бас көшеде қырағы, Үш көзді дәу тұрады. Ашса кезек үш көзін, Айтты деп біл үш сөзін. Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып, Қызыл көзін ашқанда, Сабыр сақта, баспа алға. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, Жүре бергін, жасқанба. (Ә. Табылдиев) Педагог балаларға сұрақ қояды: – Бұл өлең не туралы? Балалар, дәптердегі бағдаршамның суретіне қараңдар. – Суретте неше бағдаршам бар? – Оның неше көзі бар екен? – Олар қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды? – Олардың түстері қандай? Педагог: – Балалар, бағдаршамның көздері сөніп қалыпты. Енді оны түрлі түсті жапсырмалардың көмегімен жағуымыз керек. – Бағдаршамға көздерін жағуға көмектесеміз бе? 27 – Онда тәрелкедегі дөңгелектерді(сары, қызыл, жасыл) алып, бағдаршамның төменгі көзінен бастап жағамыз. 3.Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. - Сендер қандай тәулік бөліктерін білесіндер, оларды атаңдар. Балаларға фланелеграфтағы айтқан тәулік бөліктерінің суреттерін табуды ұсынады. Содан кейінтәулік бөліктеріндегі балалар мен ересектер әрекетінің мазмұнын сұрайды. №10 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, шығармашылық. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Шаршы. Үлкен – кіші. Мақсаты: жаңа геометриялық пішінмен – шаршымен таныстыру. Міндеттері:балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету; шаршының түрлі көлемде (үлкен – кішкентай) болатынын түсіну; жұмбақтар шешуді үйрену; шаршыны көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамыту; шаршыны берілген нүктелері бойынша бастырып жүргізу; топ бөлмесі мен қоршаған ортадан шаршыға ұқсас заттарды көзбен табу білігін дамыту; саусақтың ұсақ моторикасын дамыту; жаңа геометриялық пішіндерді салуға қызығушылықтарын ояту. Күтілетін нәтижелер: біледі: жаңа геометриялық пішінді таниды және атайды – шаршыны; түсінеді: жаңа геометриялық пішіннің қандай ерекшелігі барын; шаршының көлемі бойынша айырмашылықтары болатынын (үлкен –кішкентай); қолданады: шаршыны көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамытуды; шаршыны берілген нүктелері бойынша бастырып жүргізуді; топ бөлмесі мен қоршаған ортадан шаршыға ұқсас заттарды көзбен табу білігін дамытуды. Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: геометриялық пішіндер макеті– шаршы (үлкен және кішкентай), жазба – аюдың дауысы, қорап, ойыншық аю, үлестірмелі материалдар: геометриялық пішіндер – шаршы 3x3 см, жұмыс дәптері, қызыл және көк түсті қарындаштар. Сөздік жұмыс: шаршы, үлкен, кішкентай. Билингвальды компонент:шаршы – квадрат, үлкен – большой,кішкентай – маленький. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ғажайып сәт. Педагог Аюдың өкірген даусы жазылған дискіні қояды. Балаларды қызықтырып, олардан: «Бұл өкіріп жатқан не?»– деп сұрайды. – Ол осы біздің топтың ішінде өкіріп жатқан сияқты. Кәне, оны іздеп көрейік. Ол шаршы пішінді қораптың ішінде екен. – Балалар, аю бізге геометриялық пішін–шаршыны ала келіпті (үлкен –кішкентай). Аю: – Балалар, сендер қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер? – Сендер жаңа геометриялық пішінмен танысқыларың келе ме? Мен сендерге шаршы ала келдім (үлкен – кішкентай). 2.Негізгі кезең. 28 Геометриялық пішін – шаршымен танысу. Педагог жаңа геометриялық пішін – шаршыны қарауды ұсынады. Шаршыныңтөрт бұрышы барын айтады. Содан оны шаршы деп атайды. Олар әртүрлі: үлкен және кішкентай, қызыл және көк түсті болады.Үлкен шаршының макетін көрсетіп, оның бұрыштары болатынын, сондықтан геометриялық фигура шеңбер сияқты домалай алмайтынын айтады. Оның барлық жақтары тең болады, оның төрт жағы бар, ол жәшікке, теледидарға т.б. ұқсайды (суретін көрсетеді). Кішкентай шаршыны қолына алып, оларды көлемі бойынша салыстыруды ұсынады. – Қандай шаршы үлкен, ал қайсысы кіші? Олар бірдей ме?Топ бөлмесінен шаршыға ұқсас заттарды көзбен тауып, атауды ұсынады. Жұмыс дәптерлеріңді ашып, тура осындай пішінді суретті табыңдар. «Шаршыны бастырып сыз» (1-тапсырма). Педагог балаларға суреттегі шаршыны бағыт сызығын бойлай қолмен басып шығуды тапсырады. Содан кейін нүкте бойынша үлкен шаршыны (тіктөртбұрыш) қызыл қарындашпен, ал кішкентай шаршыны (тіктөртбұрыш) көк қарындашпен бастырып сызып шығу керектігін айтады. Сұрақтар: – Балалар, қай шаршыны қызыл түспен бастырып сыздыңдар? – Ал көк қарындашпен қандай шаршыны бастырып сыздыңдар? – Сендер бастырып сызған геометриялық пішін қалай аталады? Жеке жұмыс жүргізеді. Сөздік жұмыс: шаршы,үлкен, кішкентай. Билингвальды компонент:шаршы – квадрат, большой – үлкен, маленький – кішкентай. «Қуырмаш» – саусақтарымызды жаттықтырамыз. Қуыр-қуыр,қуырмаш, Балапанға бидай шаш, Тауықтарға тары шаш. Апаң келсе есік аш. Қасқыр келсе, мықтап бас Мына жерде аю бар, Мына жерде қасқыр бар, Мына жерде қоян бар, Мына жерде түлкі бар, Ал мына жерде күлкі бар. «Үлкен – кіші» ойыны. (2-тапсырма).Педагог балаларға суреттен шаршыға ұқсас заттарды табуға ұсыныс жасайды. Үлкен шаршы, үлкен қорап және кішкентай шаршы, кішкентай қорап салынған суретке назар аударуды ұсынады. Педагог сұрақ қояды: – Қораптар бірдей ме, әлде әртүрлі ме? – Олар қандай? Балаларға бармағын үлкен қорапқа, ал шынашағын кішкентай қорапқа қоюды сұрайды. – Ал шаршылар бірдей ме? Тапсырма: Балаларға саусағымен үлкен текшеден кіші текшеге қарай, ал үлкен қораптан кіші қорапқа қарай жол салуын тапсырады. Оларды сызып қосады. 3.Рефлексия. Аю балаларға кішкентай геометриялық пішіндерді – шаршыны сыйға тартады. Қоштасып, кетеді. Балалар шеңберді көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамытады. Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. 29 №11 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, шығармашылық. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Алыс – жақын. Мақсаты: заттардың кеңістікте орналасуын (алыс – жақын) айыра білуге және атауға үйрету. Міндеттері: заттардың өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтау:(алыс – жақын); көріп қабылдаған ақпарат негізінде жұмбақтар шешуді жалғастыру; көзбен қабылдауын, дайын пішіндерді (жапсырмалар) кезектілігін сақтай отыра суретті толықтыру мақсатында жапсыру дағдыларындамыту; бірлескен әрекеттерге қызығушылығын тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: заттардың өзінің айналасындағы кеңістікте орналасуын (алыс–жақын) ажыратуды және атауды; түсінеді: көріп қабылдаған ақпарат негізінде жұмбақтарды шешуді; өзінің айналасындағы кеңістікте бағдарлауды; қолданады: жабыстыру дағдыларын және заттарды салыстыру біліктерін. Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: көрнекілік: «Кеңістікте бағдарлану» иллюстрациялары (алыс – жақын), жұмбақтары бар қорап, қоян және қырыққабат макеттері, үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жапсырмалар – пойыздың терезелері, жай қарындаш. Сөздік жұмыс: алыс, жақын. Билингвальды компонент:жақын – близко, алыс – далеко. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ғажайып сәт. Педагог балаларға қорапты көрсетеді. Қораптың аузы жабық екен, бірақ онда бір нәрсе жатқанын айтады. Қораптың ішінде жатқан затты білу үшін, қораптың сыртында жазылған тақпақты оқу керек екен. Педагог Жақан Смақовтың «Қорқақ» атты тақпағын оқиды. Қоян қорқақ, Көрпеңде бұқпа. Балалармен ойна, Далаға шық та. Қорқақ, қорқақ, Ұйқыңнан оян, Оян, қорқақ қоян! – Бұл тақпақ не туралы екен? Тақпақты оқығаннан кейін, қораптан қоянды алып, оның қалғысы келетінін, бізбен бірге тапсырманы орындағысы келетінін айтады. 2. Негізгі кезең. Фланелеграфта жұмыс:көрнекілік: иллюстрациялар (алыс – жақын). Иллюстрацияларды қарап, не жақын, не алыста орналасқан заттарды бірге атайды. Қоянның және қырыққабаттың макеттері. Педагог:Қоян бізге қырыққабатты әкелді. Қырыққабат қояннан алысқа домалап кетті (көрсетеді). Енді қоянға көмектесу керек. Мен қырыққабатты қоянға жақын қояйын. Сұрақтар қояды: Бірінші қырыққабат қояннан қайда домалап кетті? Қазір ол қайда 30 тұр? Сосын бір баланы шақырып, қолына қырыққабатты береді. Оны қояннан алысқа, сосын жақын барып тұруын сұрайды. «Алыс – жақын» ойыны.Жұмыс дәптеріндегі1-тапсырма. Педагог балалар мен қоянға суреттегі бие мен құлындарға қарауын ұсынады. Балаларға сұрақ қояды: – Суреттен нені көріп тұрсыңдар? –Қара құлыншақ қайда шауып кетті? –Ол басқаларынан алыста тұр ма, жақында тұр ма? – Құлындардың түсі қандай екен? – Ақ түсті құлыншақтар қайда тұр? –Олар аз ба, көп пе? – Қара құлын биеден алыс тұр ма, әлде жақын тұр ма? Сөздік жұмыс:алыс, жақын. Билингвальды компонент: алыс – далеко, жақын – близко. «Кім зейінді?» ойыны (2-тапсырма). – Балалар, қоянның сендермен «Кім зейінді?» деген ойын ойнағысы келеді. Қоян сендерден бірдей суреттерді (қамзолдарды, торсықтарды) сызып қосып, аттарын атауларын сұрайды. – Балалар, сендер қандай суреттерді бір-бірімен қостыңдар? – Сандықтарды неге қоспадыңдар? Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. –Балалар, қоянымыз сендерді мақтап жатыр, балалардың бәрі де зейінді, зерек екен дейді. Рақмет, сендерге! Сергіту сәті. Қоян Ыршып, ыршып секіріп, Қоян келді кеңкиіп. Аяқтары жаураған, Қолдары да жаураған, Жылытпақ боп тырысты, Жүгірді де қуысты. Бір жоғары, бір төмен Жүр аяқтың ұшымен. Секіреміз, отырамыз, Аяқтарды жылытамыз. «Терезесін жапсыр». Ойын түріндегі жаттығу. Жапсырмалармен жұмыс, 3-тапсырма. Педагог: – Пойызға мініп көргендерің бар ма? Балалардың жауаптарына құлақ асады. Содан соң суретті көрсетіп, пойызда біздің қоянымыз жүргізіп бара жатқанын айтады. Педагог сұрақтар қояды: – Пойызды қандай аң жүргізіп бара жатыр? Қоян балалардан жапсырмалардың көмегімен пойыздың терезелерінің шамдарын жағуды сұрайды. Ол үшін жапсырмаларды вагондардың терезелеріне жапсыруды тапсырады. Педагог жеке жұмыс жүргізеді. 3.Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. Қоян балаларға тапсырманы дұрыс орындағандары үшін рақмет айтып, қоштасады. Педагог балалардың өзіне жақындауын, сосын алысырақ барып тұруын сұрайды. Содан соң өздерінен алыс және жақын тұрған заттарды атап берулерін өтінеді. 31 №12 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, қатынас. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Жоғары – төмен. Шаршы. Мақсаты: заттардың кеңістікте орналасуын (жоғары – төмен) айыра білуге және атауға үйрету. Міндеттері: заттардың өзінің айналасындағы кеңістікте орналасуы туралы ұғымын қалыптастыру (жоғары – төмен); заттардың өзінің айналасындағы кеңістіктегі бағытын ажырату білігін дамытуды жалғастыру: алыс – жақын; шаршыға – геометриялық пішіндерге сәйкес келетін заттарды қоршаған ортадан таба білу білігі; жұмбақ шешуді жалғастыру; логикалық ойлауын дамыту; бірлескен әрекеттерге, ҰОҚ-не қызығушылығын тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: заттардың өзінің айналасындағы кеңістікте орналасуын ажыратып, атауды: алыс – жақын, жоғарыда – төменде; түсінеді: заттардың кеңістікте орналасуын (жоғарыда – төменде, алыс – жақын); қолданады:заттарды геометриялық пішіндермен салыстыруды. Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: көрнекілік: иллюстрациялар «Кеңістікте бағдарлану» (жоғарыда – төменде); «Сиқырлы қапшық», жұмыс дәптері, жай қарындаштар, қатырғықағаздан жасалған макеттер: 1 мысық және әр балаға тышқан. Сөздік жұмыс: жоғарыда, төменде. Билингвальды компонент: жоғарыда – вверху, төменде – внизу. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ғажайып сәт. «Сиқырлы дорба» ойыны. Педагог: –Менің дорбама ойыншықтар тығылып қалды. Қолдарыңды дорбаның ішіне салып, қандай ойыншық тығылып қалғанын айтыңдар. Педагог қалған балаларға бір-бір ойыншықтан үлестіріп береді (мысық және тышқан). – Балалар, ойыншықтармен ойнағыларың келе ме? 2.Негізгі кезең. «Мысық–тышқан» ойыны Педагог: – Балалар, мен мысық ұйықтап жатыр дегенде, тышқандар мысыққа жақындайды. Ал мысық оянды деген кезде тышқандар мысықтан алысқа қашуы керек. Фланелеграфпен жұмыс. Балалар «Жоғарыда – төменде» суреттерін қарап, алдымен жоғарыдағы заттарды, содан кейін төмендегі заттарды табады. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Педагог балаларға саты туралы жұмбақ жасырады. Әр өрнегін мінемін, Өрге қарсы жүремін. Басқан сайын қадамды, Ұстап келем білегін. (Саты.) Дәптерден сатының суретін табуды ұсынады. Сұрақтар қояды: – Сатының жоғарғы жағында кім тұр? 32 – Сатының төменгі жағында кім тұр? – Қыз бала сатының жоғарғы жағында болу үшін не істеуі керек? – Сонда ол қай жерде болады? – Бала сатының төменгі жағында тұру үшін не істеуі керек? – Сонда, ол қай жерде болады? Сөздік жұмыс: жоғарыда, төменде. Билингвальды компонент: жоғарыда –вверху, төменде – внизу. «Қуырмаш» – саусақтарымызды жаттықтырамыз. Қуыр-қуыр, қуырмаш, Балапанға бидай шаш, Тауықтарға тары шаш. Апаң келсе есік аш. Қасқыр келсе, мықтап бас. Мына жерде аю бар, Мына жерде қасқыр бар, Мына жерде қоян бар, Мына жерде түлкі бар, Ал мына жерде күлкі бар. «Шаршыны тап және қорша» ойыны.(2-тапсырма). Педагог: –Балалар, маған мына дәптердегі суреттегі заттарды атап беріңдерші? Балалар атайды: сәбіз, күн, алма, шырша, шар, теледидар, шаршы. Тапсырма береді: Педагог балаларға суреттен шаршыға ұқсайтын заттарды тауып, атап көрсетуді және оларды қоршап сызуды тапсырады. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. 3.Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. «Ұшты, ұшты» ойыны. Педагог балалардан ұшатын және ұшпайтын заттардың (ұшақ, тікұшақ, шар, зымыран, батпырауық, қасық, гүл, бала және т.б.) атын атайды. Зат ұшса, балалар қолдарын жоғары көтереді, зат ұшпаса қолдарын төмен түсіреді. №13 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, шығармашылық. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Үшбұрыш. Мақсаты: жаңа геометриялық пішінмен – үшбұрышпен таныстыру. Міндеттері: балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету; шаршының түрлі көлемде (үлкен – кішкентай) болатынын түсіну;көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамыту; үшбұрышты нүктелер бойынша қосу; заттардағы геометриялық пішіндерді тану және оларды атау білігін дамыту; басқаларға көмектесуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: геометриялық пішіндерді атауды – шеңбер, шаршы, үшбұрышты; түсінеді: үшбұрыштардың көлемі әртүрлі болатынын (үлкен – кішкентай); қолданады: көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамытуды; үшбұрышты нүктелер бойынша қосуды; заттардағы геометриялық пішіндерді тануды және оларды атау білігін дамытуды және оларды айналасынан таба білуді. Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: көрнекіліктер: үшбұрышты пішінге ұқсас суреттер, үшбұрыштың макеті (үлкен – қызыл және кішкентай – көк түсті), 33 үлестірмелі материалдар: үшбұрыштар, жұмыс дәптері, қызыл және көк түсті қарындаштар. Сөздік жұмыс: үшбұрыш. Билингвальды компонент: үшбұрыш – треугольник. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Педагог: –Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Кәне, бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бәріміз бірге: «Қайырлы таң!» дейік. Әдібай Табылдиевтің «Қайырлы таң, балалар!» тақпағынан үзінді оқиды: Арайланып таң атты, Алтын шапақ таратты. Қайырлы таң, балалар! Аман Отан – панамыз, Аман ата-анамыз, Қайырлы таң, балалар! 2.Негізгі кезең. Педагог сұрақтар қояды: –Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер? (Шеңбер, шаршы.) Бүгін біз жаңа геометриялық пішінмен танысамыз. Олар: үлкен және кішкентай, қызыл және көк болады. «Үшбұрышпен танысамыз» ойыны. Педагог жаңа геометриялық пішін – үшбұрышты қарауды ұсынады. Үлкен үшбұрыштың макетін көрсетеді, оның бұрыштары бар екенін, олар үшеу болатының айтады. Содан оны үшбұрыш деп атайды. Оның геометриялық пішіні шеңбер сияқты дөңгелей алмайтынын айтады. Ол үйдің шатырына, пирамидаға т.б. ұқсайды (суреттерін көрсетеді). Кішкентай үшбұрышты алып, оларды көлемі жағынан салыстыруды ұсынады. Қай үшбұрыш үлкен, ал қайсысы кіші? Олар бірдей ме? «Өзің талда» ойыны. Үлестірмелі материалдар: әр баланың үстелінде үшбұрыштар тұр. Педагог үшбұрыш пішінін алуды сұрайды. Саусақтарымен үшбұрыштың бұрыштарын сипап көруді ұсынады. Балалар үшбұрышты көру-қозғау жолымен зерттейді. Бұрыштарына назар аударады. Сұрайды: Жаңа геометриялық пішін қалай аталады? Сөздік жұмыс: үшбұрыш. Билингвальды компонент: үшбұрыш –треугольник. «Қуырмаш» – саусақтарымызды жаттықтырамыз. Қуыр-қуыр, қуырмаш, Балапанға бидай шаш. Тауықтарға тары шаш. Апаң келсе есік аш. Қасқыр келсе, мықтап бас Мына жерде аю бар, Мына жерде қасқыр бар, Мына жерде қоян бар, Мына жерде түлкі бар, Ал мына жерде күлкі бар. «Үшбұрышты бастырып сыз» ойыны(1-тапсырма) 34 Содан соң педагог балаларға саусағымен суреттегі бағыт сызығын бойлай жүргізіп шығуын өтінеді. Үлкен үшбұрышты қызыл қарындашпен, кішкентай үшбұрышты көк қарындашпен бастырып сызу тапсырылады. Балаларға мынадай сұрақтар қойылады: – Сендер қызыл қарындашпен қайсы үшбұрышты сыздыңдар? – Ал көк қарындашпен қандай үшбұрышты бастырып сыздыңдар? Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. «Заттар қандай геометриялық пішінге ұқсайды?» ойыны. 2- тапсырма. Суреттегі заттарға қарауды сұрайды. Тапсырма береді: суреттегі үшбұрышқа ұқсайтын заттарды көрсетуін және оларды атауын ұсынады. 3.Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. – Сендер қандай жаңа геометриялық пішінмен таныстыңдар? – Үшбұрыштар көлемі бойынша қандай болады? Топ бөлмесіндегі үшбұрышқа ұқсас заттарды тауып, атауды ұсынады. №14 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, коммуникация. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Үлкен, кіші, кішкентай. Оң жақ –сол жақ. Мақсаты: көлемі туралы ұғымдарын қалыптастыру – үлкен, кішірек, кішкентай. Міндеттері: таныс заттарды көлемі бойынша: үлкен, кішірек, ең кішкентай – салыстыруды жалғастыру, анықтау нәтижесін сөзбен жеткізе білу; жұмбақтарды шеше білуге үйретуді жалғастыру; заттарды ұқсас белгілеріне (көлеміне) қарап айыра білуге үйрету; заттарды өзінің қай жағында тұрғанына қарай сөзбен атауды жалғастыру (сол жақ, оң жақ). Заттарды көлеміне қарай сол жақтан оңға қарай орналастыру керектігін дамыту; мұқияттылығын, қозғалмай отыруға тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: заттарды көлемі бойынша салыстыруды; заттарды осы белгілеріне қарай топтастыруды; түсінеді: заттардың өзінің айналасында орналасуын (сол жақ – оң жақ); қолданады: сөйлеуде – «үлкен», «кішірек», «кішкентай» сөздерін; суреттерді салыстырып, ерекшеліктерін табуды. Қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар: хатқалта, үш аюдың макеті, орындықтар, саптаяқтар, кереуеттер, қасықтар (үлкен, кішірек, кішкентай); жұмыс дәптері, жәй қарындаш. Сөздік жұмыс: үлкен, кішірек, кішкентай. Билингвальды компонент:большой – үлкен, маленький – кішкентай. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері Таң атты күлімдеп, Терезеден қарады. Қуанышпен қарадық, Достарыммен далаға. 35 Ғажайып сәт: Педагог терезеге назар аударады. – Балалар, терезеге қараңдаршы, мұнда бір хатқалта жатыр. (Алып, көрсетеді). Бұл хатқалтаны ашу үшін бізге жұмбақ шешу керек. Жұмбақ Жұмбақ жасырады: Қалың орман шетінде, Жерүйде үшеу тұрыпты. Үш орындық, үш тостақ, Үш кереует, үш жастық. Мен айтпай-ақ табыңдар: Кейіпкері не ертегінің? –Бұл жұмбақ «Үш аю» ертегісін айтып тұр. –Дұрыс! Хатқалтаны ашып, одан үш аюдың, үш орындық, үш тостақ, үш кереует, қасықтардың макетін алады. 2. Негізгі кезең. Фланелеграфпен жұмыс.(Заттарды көлемі бойынша салыстыру.) Фланелеграфпен аюларды көлемі бойынша салыстыруды ұсынады: Балалар Аюларды салыстырады: ұлдары қонжық – кішкентай, ана- аю – кішірек, ал әкеаю – үлкен денелі. Заттарды көлеміне қарай сол жақтан оңға қарай орналастыру керектігін айтады. Фланелеграфта төменгі жағына аюларды көлеміне қарай орналастырады: баласы-қонжық, ана- аю және әке- аю. Педагог қасықтарды көрсетеді. Олар көлемі бойынша бірдей ме? Бір баланы шақырып, қасықтарды көлеміне қарай қойып шығуды сұрайды. Педагог кереуеттерді көрсетеді. –Үлкен кереует қай аюға тиесілі? –Кішірек кереует қай аюға тиесілі? –Ең кішкентай кереует қай аюға тиесілі? Келесі баланы шақырып, кереуеттерді көлеміне қарай қойып шығуды сұрайды. Педагог орындықтарды көрсетеді. Олар көлемі бойынша бірдей ме? Келесі баланы шақырып, орындықтарды көлеміне қарай қойып шығуды сұрайды. Сөздік жұмыс: үлкен, кішірек, кішкентай. Билингвальды компонент: үлкен – большой, кішкентай – маленький. Сергіту сәті: «Үш аю» Үш аю үйге қайтты, Әке-аю – үлкен. Ана-аю сәл кішірек, Ал ұлдары-қонжық кішкентай. Сылдырмақпен ойнайды. «Үлкен, кішірек, кішкентай» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Дәптерден аюларды табуды ұсынады. Тапсырма береді: Үлкен аю-әкеден үлкен күрешкемен және үлкен төсекпен, аю-ананы кіші күрішкемен және кіші төсекпен, ал кішкентай қонжықты кішкентай күрішкемен және кішкентай төсекпен сызып қосуын тапсырады. Сұрақтар: – Сендер әке-аюды қандайкүрешкемен сызып қостыңдар? – Ана-аюды қандайкүрешкемен сызып қостыңдар? – Қонжықты қандай күрешкеменсызып қостыңдар ? – Сендер әке-аюды қандай төсекпен сызып қостыңдар? – Ана-аюды қандай төсекпен сызып қостыңдар? 36 – Қонжықты қандай төсекпен сызып қостыңдар? –Күрешкелердіжоғарыда ма, әлде төменде сызып қостыңдар ма? – Ал төсекті ше? Педагог жеке жұмыс жасайды. «Салыстыр» ойыны. 2-тапсырма. Суреттерді сол жақ және оң жақ бойынша салыстыр: Оларда қандай айырмашылық бар? Оларды атауын сұрайды. 3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. Сұрайды: – Ең үлкен аю қайсысы? – Кішірек аю қайсысы? – Ал ең кішкентай аю қайсысы? №15 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, әлеумет. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Біркелкі заттар. Үлкен, кіші, кішкентай. Мақсаты: дағдыларды қалыптастыру біркелкі заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету; заттарды көлемі бойынша салыстыруға үйретуді жалғастыру. Міндеттері: көп біркелкі заттарды табуды, олардан жекелеген затты бөліп алуды үйрету; «көп», «біреу», «бір-бірден» ұғымдарын ажырата білуді үйрету; таныс заттарды көлемі бойынша салыстыруға үйретуді жалғастыру, үлкен, кішірек, кішкентай деген көлемдерді сөйлегенде қолдану; логикалық ойлауын дамыту; оқу қызметі барысында тапсырмаларды орындауға қызығушылықтарын арттыру.. Күтілетін нәтижелер: біледі: «үлкен, кішірек, кішкентай, біреу, көп, бір-бірден» ұғымдарын сөзбен айтуды; түсінеді: қай зат артық, ал қай заттар белгісі бойынша бірдей екенін; қолданады:заттарды көлемі бойынша салыстыру білігін, біркелкі заттарды анықтауды; қарындашпен жұмыс жасау дағдысын. Қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар: 3 себет, ойыншықтар – көгөністер (сәбіз, пияз, қызанақ, картоп), үй жануарлары (ит, сиыр, жылқы, мысық), аңдар (қасқыр, аю, қоян, түлкі); Аязата туралы тақпақ жазылған хатқалта, қосылып айтатын ән; жұмыс дәптері, жай қарындаш. Сөздік жұмыс: үлкен, кішірек, кішкентай. Билингвальды компонент:большой – үлкен, маленький – кішкентай. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Сәлемет пе, көк аспан! Сәлемет пе, алтын күн! Сәлемет пе, достарым! Қуанамын көргенде! Ойын ойнауды ұсынады.«Төртіншісі артық». 2. Негізгі кезең. «Төртіншісі артық» ойыны.Үстелде 3 себет бар. 1-себет. Онда не жатқанын көрсетеді, бірге атайды: сәбіз, пияз, қызанақ, мысық. – Қайсысы артық? Неге? – Себетте неше көгөніс бар? – Себетте неше үй жануары бар? 37 Мысықты алып қояды. 2-себет: қасқыр, аю, қоян, картоп. – Қайсысы артық? Неге? Картопты алып қояды. 3-себет: сиыр, жылқы, ит, түлкі. – Қайсысы артық? Неге? Түлкіні алып қояды.Жарайсыңдар! Артығын атаңдар. Оларды өз себеттеріне салуды ұсынады. Мысықты үй жануарлары бар себетке саламын. Картопты қай себетке саламыз? Түлкіні қай себетке саламыз? Өлең оқу. Өлеңнің кім туралы екенін табуды ұсынады. Аязата Қар жауды, қар жауды, Жаңа жыл жақын қалды. Аязата келеді, Сыйлықтарын береді. – Өлең кім туралы? – Жақындақандай мереке болады? «Дұрыс қос» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Дәптерлеріңнен Аязатаны табыңдар. Қараңдаршы, Аязатаның қабындағы шыршаға және балаларға арналған ойыншықтар шашылып қалыпты. Оларды тауып, сызықтар арқылы жинауға көмектесіңдер. – Неше шырша ойыншығы шашылды? – Неше балалар ойыншығы шашылды? Тапсырма: шашылған ойыншықтарды өз қабына сызық арқылы сал. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. Сөздік жұмыс: үлкен, кішірек, кішкентай. Билингвальды компонент:большой – үлкен, маленький – кішкентай. Сергіту сәті. «Үш аю» Үш аю үйге қайтты, Әке- аю – үлкен. Ана- аю сәл кішірек, Ал ұлдары кішкентай, Сылдырмақпен ойнайды. «Жолын жүргіз» ойыны, (2-тапсырма) Аязата аюларға сыйлық қалдырды. - Қалай ойлайсындар: аю-әкенің сыйлық қорабының көлемі қандай болады? - Ана-аюдың сыйлық қорабының көлемі қандай болады? - Қонжықтың сыйлық қорабының көлемі қандай болады? Аязатаның кімге қандай сыйлық қалдырғанын анықтауға көмектесіңдер. Тапсырма: әрбір аюдан өзінің сыйлығына дейінгі жолын сызып көрсет. Педагог баларға сұрақ қояды: – Әке-аюдың сыйлық қорабының көлемі қандай? – Ана-аюдың сыйлық қорабының көлемі қандай? – Қонжықтың сыйлық қорабының көлемі қандай? – Әр аюда неше сыйлықтан болды? – Аюлардың бәріне сыйлық жетті ме? Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. 3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. –Әке-аюдың сыйлық қорабының көлемі қандай? 38 – Ана- аюдың сыйлық қорабының көлемі қандай? – Қонжықтың сыйлық қорабының көлемі қандай? Балалардың қалауы бойынша қол ұстасып жүріп ән айту. №16 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, шығармашылық. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Жоғары – төмен. Үшбұрыш. Мақсаты: заттардың өзінің айналасындағы кеңістікте орналасуын ажыратып, атау ұғымын қалыптастыру (жоғары – төмен). Міндеттері: кеңістік бағыттарын анықтауға баулу (жоғары – төмен); геометриялық пішіндермен таныстыруды жалғастыру: үшбұрыш. Логикалық ойлауын дамыту; бірлесіп ойнауға қызығушылығын тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі:кеңістік бағыттарын анықтауды: жоғары – төмен; түсінеді:заттардың жоғары, төмен орналасатынын; қолданады: қарындашпен жұмыс жасау дағдысын, заттардың өзінің айналасындағы кеңістікте орналасуын ажыратады, топ бөлмесі мен қоршаған ортадан үшбұрышқа ұқсас заттарды көзбен табу білігін дамытуды. Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: көрнекіліктер: иллюстрация «Кеңістікте бағдарлану – жоғары–төмен», үшбұрыш, шаршы, шеңбердің макеттері, картоннан жасалған ағаштың макеті 25x20, екі алманың макеттері: 1-қызыл алма, 2-сі жасыл алма; доп, үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, қызыл және көк түсті қарындаштар, Сөздік жұмыс: жоғары, төмен. Билингвальдыкомпонент: жоғары – высоко, төмен – низко. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері. Сәлемет пе, көк аспан! Сәлеметпе, алтын күн! Сәлеметпе, достарым! Қуанамынкөргенде! Балалар шаттық шеңберді айтады. 2. Негізгі кезең. Фланелеграфпен жұмыс. Иллюстрация «Кеңістікте бағдарлану – жоғары–төмен». Балалар суретті қарайды, Қай жерде құс, ал қай жерде көбелек ұшып жүргенін анықтап, атайды т.б. Фланелеграфқа ағаштың макетін іледі, сол ағашқа қызыл алманы ағаштың жапырақтарына жоғары іледі, ал жасыл алманы төмен іледі. Сұрақтар қояды: Қай түсті алма жоғарыда, ал қайсысы төмен тұр? Сосын алмалардың орындарын ауыстырады, сұрақ қояды: енді қандай түсті алма жоғарыда өсіп тұр? Педагог доп ойыншығын көрсетеді. Педагог: Мен допты шкафтың жоғарғы жағына қоямын. Баланы шақырып, допты алып беруді ұсынады. Ануардың бойы жетпей, допты алаалмайды. Сосын педагог допты шкафтың ішіне – төменірек қояды. Допты алуды ұсынады. Ануар допты алады, педагогке береді.Сұрақтар қояды. «Жоғары –төмен» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. 39 Балалар доппен ойнап жүрген суретке назарларын аударуды сұрайды. – Суреттен кімді көріп тұрсыңдар? – Олар не істеп жүр? – Кім допты жоғары лақтырды? – Кім допты төмен лақтырды? Тапсырма береді: Жоғарыдағы допты – көкпен, төмендегі допты – қызылмен бояуды ұсынады. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. Сөздік жұмыс: жоғары, төмен. Билингвальды компонент: жоғары – высоко, төмен – низко. «Қуырмаш» – саусақтарымызды жаттықтырамыз. Қуыр-қуыр, қуырмаш, Балапанға бидай шаш, Тауықтарға тары шаш. Апаң келсе есік аш. Қасқыр келсе, мықтап бас. Мынажердеаю бар, Мынажердеқасқыр бар, Мынажердеқоян бар, Мынажердетүлкі бар, Ал мынажердекүлкі бар. «Үшбұрышты тауып, қорша » ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 2-тапсырма. Педагог фланелеграфтағы геометриялық пішіндерге назар аударады: шаршы, үшбұрыш. Балаға үшбұрышты көрсетуін ұсынады. Сосын педагог фланелеграфта үшбұрышты жоғары, ал шеңберді және шаршыны төменірек іліп қояды. Сұрақ қояды: Қандай геометриялық пішін жоғарыда, қандай пішін төменірек ілулі тұр? Тапсырма береді: Жұмыс дәптеріндегі үшбұрышты тауып, оны көк түспен қоршап сызуларын ұсынады. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. 3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. Допты жоғары ұл бала лақтырды ма, әлде қыз бала лақтырды ма? Топтағы үшбұрышқа ұқсас заттарды табуды және атауды ұсынады. №17 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, шығармашылық. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы:Алдында – артында. Жоғары – төмен. Мақсаты: өзінің дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйрету (алдында – артында). Міндеттері: заттардың өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасқан бағытын ажырату (алдында – артында) түсініктерін қалыптастыру; заттардың өзінің айналасындағы кеңістіктегі бағытын ажырату білігін дамытуды жалғастыру: (жоғары – төмен); сөздерді қолдана алу: алдында, артында, жоғары, төмен; қарындашпен жұмыс жасауды, сезім қозғалыс түйсіктері арқылы балалардың зейінін дамытуды жалғастыру. Күтілетін нәтижелер: біледі: өзінен қарай кеңістікте бағдарлау (алдында – артында, жоғары – төмен); түсінеді: заттың орналасуын және өзіңнен қарайғыны; 40 қолданады:кеңістікте бағдарлауды сөзбен айтуды: алдында – артында, жоғары – төмен, қарындашпен жұмыс жасауды. Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:иллюстрация – «Кеңістікте бағдарлану» (алдында – артында); үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жәй қарындаштар, тәрелке д/о: «Ұшады, ұшпайды» (әр балаға 1 данадан қатырғықағаздан жасалған ұшақ, көбелек, құс, үстел, ағаш). Сөздік жұмыс: алдында, артында. Билингвальдыкомпонент:алдында – впереди, артында – позади. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. «Ұшады, ұшпайды» д/ойыны (Үлестірмелі материалдармен жұмыс). Балалардан ұшатын заттарды, құстарды, жәндіктерді атауды сұрайды. Тәрелкеден ұша алатын затты алуды ұсынады. Олар биік немесе аласа ұшатынын айтады. Балалар: педагог «Жоғары» дегенде – оларды жоғары көтереді, ал «төмен» дегенде оларды төмен түсіреді. 2. Негізгі кезең. Фланелеграфта жұмыс: иллюстрация – «Кеңістікте бағдарлану» (алдында – артында); Суреттегі кім алдында, кім артында тұрғанын айтады. «Көршіңді тап» ойыны. Балалар бірінің артынан бірі ұстап, паровоз болып тұруды ұсынады. Педагог әр баланың қасына барып, өзінің алдында және артында тұрған баланың бетіне қарап, кім екенін атауды ұсынады. «Артында – алдында» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Балалардың назарын мәшине келе жатқан суретке аударады. – Мәшинеде не келе жатыр? – Мәшиненің алдында не келе жатыр? – Мәшиненің артында не келе жатыр? Сөздік жұмыс: алдында, артында. Билингвальды компонент: алдында – впереди, артында – позади. Сергіту сәті:«Бес саусақ» жаттығуы. Бас бармақ, Балан үйрек, Ортантерек, Шылдыр шүмек, Кішкентай бөбек. «Жіпті аяқтап сал» ойыны.(2-тапсырма). Суреттегі шарларға қарауларын сұрайды. – Олар түстері қандай? - Олар қай геометриялық пішінге ұқсайды? Балалардың назарына айтады: қызыл шар көк шарға қарағанда жоғары тұр. – Шарлар ұшып кетпес үшін біз не істейміз? Тапсырма береді: қыз баланың қолындағы жіпті жоғарыдағы шармен,ал ұл баланың қолындағы жіпті төменірек тұрған шармен сызып қос. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. 3. Рефлексия. Педагог баларға сұрақ қояды: –Шарлар ұшып кетпес үшін не істедіңдер? – Баланың шары қайда орналасқан? – Қыздың шары қайда орналасқан? 41 - Суреттегі қасқырдың алдында не келе жатыр? - Суреттегі қасқырдың артында не келе жатыр? Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. №18 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, коммуникация. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Үшбұрыш. Шаршы. Шеңбер. Мақсаты: балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйретуді жалғастыру: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеуді жалғастыру. Міндеттері: геометриялық пішіндер туралы білімдерін дамытуды жалғастыру: шеңбер, шаршы, үшбұрыш; көру және ұстап көру арқылы пішіндерді зерттеуді жалғастыру, оларды қоршаған ортадан табуға баулу; есту және көрулерін дамыту, логикалық ойлауын дамыту; балалар арасында достық қарым-қатынасқа, сабаққа қызығушылыққа баулу. Күтілетін нәтижелер: біледі: таныс геометриялық пішіндерді: шеңбер, шаршы, үшбұрышты; түсінеді: қоршаған ортадағы кейбір заттар геометриялық пішіндерге ұқсайтынын; қолданады: көру және ұстау, нүкте бойынша бастыру арқылы пішіндердің пішінін анықтау дағдысын. Құрал-жабдықтар мен материалдар: қатырғықағаздан жасалған аю, қоян, түлкі; геометриялық пішіндер: шеңбер, шаршы, үшбұрыштың макеті, 3 құрсау, музыка; үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жай қарындаш, бала санына қарай геометриялық пішіндер салынған табақ. Сөздік жұмыс:шеңбер, үшбұрыш, шаршы. Билингвальды компонент:шеңбер – круг, үшбұрыш– треугольник, шаршы – квадрат. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Педагог балалармен бірге өлең оқиды: Күн қарады терезеден, Таңмен бірге күлімдеп. Қасымызда достарымыз. Жадырады көңіліміз. – Өлеңде тәуліктің қай мезгілі туралы айтылды? – Таңертең не болды? – Кімдермен бізге көңілді? –Дұрыс, достармен өте көңілді, достар бір-біріне көмектеседі. Бүгін бізге достарымыз – аю, қоян, түлкі келді (оларды көрсетеді). 2. Негізгі кезең. Әңгімелесу Педагог: – Достарымыз өздерімен бірге геометриялық пішіндерді алып келіпті, бірақ олар, өкінішке орай, әрбір геометриялық пішін қалай аталатынын ұмытып қалыпты. – Оларға естеріне түсіругекөмектесеміз бе? 42 Педагог фланелеграфта геометриялық пішіндердің қалай аталатынын естерінетүсіреді және көру-қозғау жолымен зерттеп көрсетеді. Педагог: –Мынау геометриялық пішін – шеңбер, шеңберде бұрыштары болмайды, оның дөңгелейтінін айтады. Мынау геометриялық пішін – үшбұрыш, оның бұрыштары бар екен, олар үшеу болатынын айтады. Содан оны үшбұрыш деп атайды. Мынау геометриялық пішін – шаршы деп аталады. Оның бұрыштары бар, олар төртеу болатынын айтады. Содан оны шаршы деп атайды. Одан кейін кезегімен геометриялық пішіндердің макетін көрсетіп, балалардан қалай аталатынын сұрайды. – Мына геометриялық пішін қалай аталады? – Оның түсі қандай? (Балаларды кезегімен шақырып, бірнеше баладан сұрайды). – Әнуар, қонжыққа үшбұрышты көрсетіп, атын ата. «Кім жылдам?» ойыны. Фланелеграфтың ішіне аңдардың макеті түгел сыятын геометриялық пішін салып, ойынға шақырады. Кім жылдам жауап береді. Үш баланы шақырып, қай геометриялық пішінде қонжық, қайсысында қоян мен түлкі тұратынын сұрайды. Сиқыр:Педагог балаларға көздерін жұмып, 3-ке дейін санауды ұсынады: бір, екі, үш. Осы арада аңдары бар макетті фланелеграфқа тығып қояды. – Балалар, аңдар тығылып қалды, қалай ойлайсыңдар, олар қайда? (Үстелдің астын қарайды, балалардың жұмыс дәптеріне қарайды.) –Балалар, мен оларды таптым, олар сендердің дәптерлеріңе ауысып алыпты. Оларды өз дәптерлеріңнен табыңдаршы? «Қай үйде кім тұрады» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Аңдарды атап, олар тұратын пішіндерді қарындашпен нүкте бойынша бастырып сыз. Сұрақтар: – Аю қандай геометриялық пішіннен жасалған үйде тұрады? – Ал қоян қандай үйді иеленді? –Түлкі қандай геометриялық үйге орналасты? Сөздік жұмыс:шеңбер, үшбұрыш, шаршы. Билингвальды компонент:шеңбер – круг, үшбұрыш – треугольник, шаршы – квадрат. Сергіту сәті: «Өз үйіңді тап» қимыл ойыны. Кілемге құрсау ішіне геометриялық пішіндерді: шеңбер, шаршы, үшбұрыштарды қояды (балалар көп болса, үлкендеу құрсау алуға болады). Балалар табақтан бір-бірден геометриялық пішінді алып, оны көру-қозғау жолымен зерттеп, әр бала өз геометриялық пішінді атайды. Педагог бірнеше балаларға сұрақтар қояды: - Сенің қолыңда қандай геометриялық пішін бар? – Сен қай құрсау ішіне тығыласың? Сосын музыка бойынша билейді. Әуен аяқталған кезде балалар тез өз үйлерін табуы тиіс (құрсаудың ішіне жүгіріп кіреді): қолында шеңбер барлар шеңберге жүгіреді, қолында үшбұрыш барлар үшбұрышқа, қолында шаршы болғандар шаршыға жүгіреді. Содан кейін қайта музыка қосылады, балалар пішіндерді қайтадан табаққа қояды да, музыка аяқталғанда өз орындықтарына отырып үлгеруі тиіс. «Заттар қандай геометриялық пішінге ұқсайды?» ойыны(2-тапсырма). Педагог суретті көрсетіп, онда ненің суреті салынғанын сұрайды. Балалар атайды: алма, үлкен және кішкентай шаршы, есік, шар, доп. Тапсырма береді: Шаршыға ұқсайтын заттарды қоршап сызыңдар. – Текшелер қандай геометриялық пішінге ұқсайды?Олар бірдей ме? Жеке жұмыс жүргізеді. 3. Рефлексия. Педагог оқу қызметіне қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. 43 – Сендер қандай геометриялық пішіндермен ойнадыңдар? Үш баланы шақырып, біреуіне топ бөлмесінен шеңберге ұқсайтын затты, екіншісіне шаршыға ұқсайтын затты, ал үшіншісіне үшбұрышқа ұқсайтын затты алып келуді өтінеді. №19 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, шығармашылық. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Биік – аласа. Сол жақ – оң жақ. Мақсаты:заттардың өзінің айналасындағы кеңістікте орналасуын үйретуді қалыптастыру (биік– аласа,сол жақ – оң жақ). Міндеттері: таныс заттарды биіктігі бойынша салыстыру білігін қалыптастыру (биік– аласа); ағзаның бөліктерінің орналасуына бағыт беруді жалғастыру: сол жақ – оң жақ; көзбен қабылдауын, дайын пішіндерді (жапсырмалар) жапсыру, қарындашпен жол салу дағдыларын дамыту; бір-біріне көмектесу талаптарын тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: жаңа ұғымдар: биік – аласа, оларды сөйлегенде қолдануды; түсінеді: ағзаның бөліктерінің орналасуына бағыт беруді жалғастыру: сол жақ – оң жақ; қолданады: таныс заттарды биіктігі бойынша салыстыру білігі (биік – аласа); қарындашпен және жапсырмамен жұмыс жасау дағдысын. Құрал-жабдықтар мен материалдар: заттарды биіктігі бойынша салыстыру суреттері; екі үй (биік және аласа), жұмыс дәптері, жапсырма – үйшікке арналған үшбұрышты шатыр, жай қарындаш. Сөздік жұмыс: биік, аласа. Билингвальды компонент:биік – высокий, аласа – низкий. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. «Қара және салыстыр» ойыны. Педагог екі балаға фланелеграфтан үй таңдап алуларын сұрайды. – Үйлер бірдей ме, әлде әртүрлі ме? – Дұрыс! Бір үй биік, ал екіншісі аласа. – Бір-біріңе арқаларыңды беріп тұрыңдар, біз қайсыңның биік, ал қайсыңның аласа екендеріңді көреміз. Топтағы әртүрлі биіктіктегі заттарды қарап, атауды ұсынады. 2. Негізгі кезең. «Жол көрсет» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Педагог балалардан суреттен үшбұрышты заттарды табуды тапсырады. – Суретте қандай зат үшбұрышты пішінді? – Шатыры ұшбұрышты биік үйде Нұрәлі тұрады, ал Ақмарал шатыры үшбұрышты, аласа үйде тұрады. – Нұрәлі қандай үйде тұрады? – Ақмарал қандай үйде тұрады? Тапсырма береді: Нұрәліден биік үйге қарай, ал Ақмаралдан аласа үйге қарай қарындашпен жол сал. Сөздік жұмыс: биік, аласа. 44 Билингвальды компонент:биік –высокий, аласа – низкий. «Сол жақ – оң жақ» ойыны. (2-тапсырма) –Ертегі кейіпкерлері не істеп жатқандарына қара? Олар барлығы сыятындай үлкен жаңа үй салып жатыр. Олар үй салуға қажет болатын тақтайларды тасып жүр. Біреуі тақтаймен оңға қарай кетіп барады, ал екіншілері солғақарай кетіп барады. Тапсырма: –Кейіпкерлердің қайсысы оңға қарай кетіп бара жатқандарды атаңдар. Балалар атайды: қоян, түлкі, қасқыр. – Кейіпкерлердің қайсысы сол жаққа кетіп бара жатқандарды атаңдар. Балалар атайды: аю, бақа, тышқан. –Тақтайлар не үшін оларға керек? Сергіту сәті: «Қоян». Ыршып-ыршып секіріп, Қоян келді кеңкиіп. Аяқтары жаураған, Қолдары да жаураған, Жылытпақ боп тырысты Жүгірді де қуысты. Бір жоғары, бір төмен Жүр аяқтың ұшымен. Секіреміз, отырамыз, Аяқтарды жылытамыз. «Үй саламыз» ойыны.3-тапсырма. Жапсырмамен жұмыс. Педагог аңдарға үйшіктің шатырын жабуға көмектесулерін сұрайды. Суретке қарауларын ұсынады. – Балалар, аңдардың үйшігінде не жетіспейді? – Үйшіктің шатыры қандай геометриялық пішінге ұқсайды? – Аңдарға шатырды жабуға көмектесеміз бе? Тапсырма: Жапсырманың көмегімен шатырды жабуға ұсыныс жасайды. Педагог жеке жұмыс жүргізеді. 3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. – Нұрәлі қандай үйде тұрады? – Ақмарал қандай үйде тұрады? №20 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, шығармашылық. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Ұзын – қысқа. Беттестіру және тұтастыру тәсілдері. Мақсаты:әртүрлі заттар тобын көлемінде ұзындығына қарай (ұзын – қысқа)беттестіру және тұтастыру тәсілдері бойынша салыстыру дағдысын қалыптастыру. Міндеттері:ұзындығына қарай бір-біріне қарама-қарсы екі заттысалыстыруды үйрету: сөйлегенде «ұзынырақ», «қысқарақ» сөздерін қолданып білдіру;беттестіру және тұтастыру 45 тәсілдерін қолдану; таныс заттарды саны бойынша салыстыруға үйретуді жалғастыру: (біреу – көп); өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: «ұзынырақ, қысқарақ» сөздерін қолданып заттардың көлемін атауды; түсінеді: көлемі бойынша қарама-қарсы заттарды салыстыруға болатынын; қолданады: салыстыру тәсілдерін. Таныс заттарды саны бойынша салыстыруға үйретуді: біреу – көп. Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:екі жолақ қағаз: жасыл – 20 см, ақ –15 см, Дымбілмес қуыршақ, қорап; үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жолақтар: қызыл – 10x3 см, көк – 15x3 см, 4 құлыншақтың макеті. Сөздік жұмыс:ұзын, қысқа. Билингвальды компонент:ұзын – длинный, қысқа – короткий. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ғажайып сәт. Бір қорап таспа. Есіктен тықыр естіледі, есікті ашып, қолында қорабы бар Дымбілмес кіреді. – Балалар, Дымбілмеспен амандасып, бізге не әкелгенін көрейік. Ол бізге сыйлық әкеліпті. Қорапты ашып көрейік. Ішінде таспасы бар қорапты үстелге қояды. Педагог қораптан екі таспадан алып, қайсысы ұзын, қайсысы қысқа екенін салыстыруды сұрайды. – Бүгін біз заттарды ұзындығына қарай салыстырып үйренеміз. 2. Негізгі кезең. «Ұзын – қысқа» ойыны (екі жолақ қағаз: жасыл – 20 см, ақ –15 см). Мен жасыл жолақтың үстіне ақ жолақты қоямын. Төменгі жағын және жанын туралаймын. Жасыл жолақ үстінде. – Біз жасыл жолақ ақ жолаққа қарағанда ұзын екенін көріп тұрмыз. – Енді оларды қатарластырып қоямын. – Тағы жасыл жолақтың ұзын екенін көреміз. Ақ жолақ қысқа. «Құлыншақты дұрыс қой» ойыны. Үлестірмелі материал: (жолақтар: қызыл – 10x3 см, көк – 15x3 см, 4 құлыншақ). Педагог балалардың үстелдегі үлестірмелі материалдарға назар аударады: - Қай жолақ қысқа, ал қайсысы ұзын екенін салыстырып көріңдер.Қандай түстегі жолақ ұзын екенін анықтаңдар.Үстіне қысқа жолақты, астына ұзын жолақты қойыңдар. Қысқа жолаққа бір құлыншақты, ал ұзын жолаққа көп құлыншақты қоюларын ұсынады. – Бір құлыншақ тұрған жолақ қысқа ма, ұзын ба? - Көп құлыншақ тұрған жолақ ұзын ба, қысқа ма? Сөздік жұмыс:ұзын, қысқа. Билингвальды компонент: ұзын–длинный, қысқа – короткий. Сергіту сәті:«Аю». Тәтті көрсе, бас салар, Айнымайды баладан. Үп-үлкен боп жасқанар, Кіп-кішкентай арадан. «Ұзын –қысқа» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Педагог қонжық қандай пойызда кетіп бара жатқанын, ал қоян қандай пойызда кетіп бара жатқанын көрсетулерін сұрайды. Пойыздардың әртүрлі екеніне назарларын аударады. Сұрақ қояды: 46 –Қонжық пен қоянның пойыздары бірдей ме, әлде әртүрлі ме? –Ненің пойызы ұзын? – Ненің пойызы қысқа? «Бір – көп» дидактикалық ойыны, 2-тапсырма. Педагог суреттегі тақияларға, қорапқа, сағатқа, үстелге, вазаларға, доптарға, шелектерге назар аударады. Дымбілмес суретте қай заттар бір-бірден, қай заттар көп екендігін ажырата алмайды. Оған біз көмектесейік. Тапсырма: суреттен көп заттарды тауып, атауды ұсынады. Сосын бір-бірден тұрған заттарды тауып, оларды саусағымен көрсетіп, атауларын сұрайды. 3. Рефлексия. Педагог: –Топтағы заттардың қайсысы көп, қайсысы бір-бірден,– деп сұрайды. Дымбілмес балалардың назарын тағы қонжық пен қоян кетіп бара жатқан пойыздың ұзындығына аударады. –Қонжық қандай пойызда кетіп бара жатыр? –Қоян ше? Дымбілмеспен қоштасады. Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. №21 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары:таным, шығармашылық. Бөлімі:ҚМҰҚ. Тақырыбы: Заттарды ұзындығы бойынша салыстыру. Мақсаты:әртүрлі заттарды ұзындығы бойынша салыстыруға үйретуді жалғастыру. Міндеттері:әртүрлі заттарды ұзындығы бойынша қатар қойып салыстыруға үйретуді жалғастыру, салыстыру нәтижесін ұзынырақ, қысқарақ, ұзындығы бірдей сөздерін қолданып білдіру; Көру жадын дамыту, жадын, логикалық ойлауын; қолдың моторикасын дамыту; мұқияттылыққа, сабаққа қызығушылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: қарама-қарсы заттарды ұзындығы бойынша салыстыратын сөздерді атауды: ұзын, қысқа, ұзындығы бірдей; түсінеді:заттарды ұзындығы бойынша әртүрлі немесе ұзындығы бірдей болатынын. қолданады:заттарды ұзындығы бойынша қатар қоюды, үстіне салу білігін. Құрал-жабдықтар мен материалдар: қорап оның ішінде ені бірдей, бірақ ұзындығы әртүрлі ленталар; ойыншықтары бар үлкен қорап; телефон; жұмыс дәптері. Сөздік жұмыс: ұзын, қысқа. Билингвальды компонент: ұзын – длинный, қысқа – короткий. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. «Күлкі сыйла» Шеңберге жинал, балалар. Сен – досымсың, мен – досыңмын. Қол ұстасып тұрамыз, Күлімдесіп қараймыз. Балалар шеңберге тұрады. Күтпеген сәт. «Құпия қораптар» Педагог: 47 –Бүгін, мен топқа кіргенде, үстелден үлкен және кішкентай қораптарды көрдім. Онда «екінші кіші топ балаларына» деп жазылыпты. Ал кімнен екені жазылмаған. Бір балаға қорапты ашып қарауды ұсынады. Алдымен кішкентай қорапты ашады. – Қараңдар, мұнда түсі мен ұзындығы әртүрлі ленталар жатыр. Сірә, біреу біздің затты ұзындығы бойынша салыстыруымызды қалаған болса керек. 2. Негізгі кезең «Салыстыр және ата»ойыны.Ленталармен жұмыс. Педагог балаларға екі лентадан суырып алуды, олардың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа немесе екеуінің ұзындығы бірдей екенін айтуды ұсынады. Бірінші педагог қалай ленталарды салыстыру керек екенің өзі көрсетеді. Сосын балалар ленталарды суырып алады, бірінің үстіне бірін қалай салу керектігін көрсетеді. Сұрақтар қояды: – Әсет, сенің лентаң қандай түсті? – Қай лента ұзынырақ? -Қай лента қысқарақ? Үлкен қорапты кейін ашуды ұсынады. «Жылдам тап»ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Педагог балалардың назарын суретке аударады, олардың апалы-сіңлілі екенін айтады, екеуі өте ұқсас, тек байқампаз балалар ғана олардың айырмашылығын атай алады. – Олардың қандай айырмашылығы бар? Балалар: бір қыздың шашы – ұзын, екіншісінің – шашы қысқа. Сөздік жұмыс: ұзын, қысқа. Билингвальды компонент: ұзын– длинный,қысқа–короткий. Сергіту сәті: «Қуырмаш» – саусақтарымызды жаттықтырамыз. Қуыр-қуыр,қуырмаш, Балапанға бидай шаш, Тауықтарға тары шаш. Апаң келсе есік аш. Қасқыр келсе, мықтап бас Мына жерде аю бар, Мына жерде қасқыр бар, Мына жерде қоян бар, Мына жерде түлкі бар, Ал мына жерде күлкі бар. «Қорапты ашайық» ойыны. Айгүлдің қасына барып, үлкен қорапта не жатқанын көруді ұсынады. –Айгүл, қорапта не барын көрсетіп, атын айт. –Олар нешеу? Айгүл қорапты ашып, онын ішінде көп ойыншықтар жатқанын айтады. «Кім зейінді?» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 2-тапсырма. Педагог суреттегі ойншықтарға назар аударады. Сұрақтар қояды: – Суреттегі сол жақтағы ойыншықты ата. – Оң жақтағы ойыншықты ата. –Қандай ойыншық тығылып қалған? 3. Рефлексия. Телефон шырылдайды. Педагог онымен сөйлеседі. –Бұл телефон соққан аю, ол біздің топ үшін ойынға арналған қораптар жібергенін айтты. Аюға рақмет айтайық. –Аю бізге не сыйлады? – Нені салыстырдық? 48 –Қандай ойыншық суретте тығылып қалды? №22 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары:таным, коммуникация. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Заттарды ені бойынша салыстыру. Біркелкі заттар. Мақсаты:заттардыені бойынша тобын салыстыру ұғымын қалыптастыру: жалпақжіңішке. Міндеттері:екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы мен ені бойынша салыстыру тәсілдерімен таныстыру, оларды жалпақ, жіңішке сөздерін пайдалануға үйрету; «ұзындығы бойынша бірдей» сөзін пайдалану біліктерін бекіту; біркелкі заттарды бір сөзбен атауға үйретуді жалғастыру; есту сезімін дамыту; сөйлеу тілін, бақылағыштығын, ойлау белсенділігін дамыту; еңбек етуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі:салыстыру кезінде: жалпақ, жіңішке, кең, тар, ұзындығы бірдей сөздерін қолдануды, бірдей заттарды бір сөзбен атауды; түсінеді: заттар жалпақ, жіңішке, кең, тар, ұзындығы бойынша бірдей, ені бойынша әртүрлі болатынын; қолданады: екі қарама-қарсы және ұзындығы бойынша әртүрлі заттарды салыстыруды, кең, тар жолды табу дағдысын. Құрал-жабдықтар мен материалдар: бірдей түсті 2 жолақ– қызыл, ұзындықтары бірдей, бірақ ені әртүрлі: 1) 30x3 см, 2) 30x8 см; екі қорапша – түстері, ені әртүрлі, бірақ ұзындықтары бірдей; үлестірмелі: әртүрлі түсті 2 жолақ, ұзындықтары бірдей, бірақ ені әртүрлі: 1) көк – 15x3 см, 2) сары –15x5 см; жұмыс дәптері, жай қарындаш. Сөздік жұмыс: жалпақ, жіңішке. Билингвальды компонент: жалпақ – широкий, жіңішке – узкий. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Сәлемет пе, алтын Күн! Сәлемет пе, көк аспан! Сәлемет пе, достарым! Қуанамын көргенде! Күлімсіреуді ұсынады. 2. Негізгі кезең. Фланелеграфпен жұмыс Бірдей түсті 2 жолақ– қызыл, ұзындықтары бірдей, бірақ ені әртүрлі: 1) 30x3 см 2) 30x8 см Педагог жолақтарды көрсетеді. –Бұл не? –Жолақтар қандай түсті? –Олардың ұзындығы бірдей ме? –Қалай білеміз? Жолақтардың ұзындығын салыстыруды ұсынады. –Қарайық, жолақтар ені бойынша бірдей ме, қандай жолақ жалпақ, қандай жолақ жіңішке. Педагог жолақтарды бірінің үстіне бірін салып,жоғарғы жағын тегістейді. Не істегенін 49 айтып отырады. Таяқпен жіңішке жолақтардың жоғарғы жағына, сонан соң төменгі жағына қойып көрсетеді. Түсіндіреді: «Көрдіңдер ме, жолақтың бір бөлігі шығып тұр, демек, ол біріншісі жалпақ, екіншісі жіңішке». Қолымен екі жолақтың енін өлшеп, қаншалықты айырмашылығы барын көрсетеді. 2-3 бала ортаға шығып, саусақтарымен қай жері жалпақ, ал қай жеріжіңішке екенін көрсетуін өтінеді. Содан кейін бір жолақты нұсқап, бәрі бірге бұл жолақтың жалпақ немесе жіңішке екенін айтуды сұрайды. «Кең – тар» ойыны. Үлестірмелі материалмен жұмыс: 2 жолақ, ұзындықтары бірдей, бірақ ені әртүрлі: 1) көк – 15x3 см, 2) сары –15x5 см; екі қорапша – түстері, ені әртүрлі, бірақ ұзындықтары бірдей. Жолақтарды ұсынады. –Жолақтар қандай түсті? –Жолақтың жалпақ немесе жіңішке екенін қалай білеміз? Жолақтарды бірінің үстіне бірін салып,жоғары жағын тегістейді. Педагог әр үстелге барып, балалардан жолақтарды көрсетіп сұрайды: «Қандай жолақ жалпақ, қайсысы жіңішке?». Оң қолына жалпақ жолақты алуды ұсынады. – Оның түсі қандай? Жоғары көтеріп көрсет. Енді жіңішке жолақты солай көрсетуін сұрайды. – Қандай түсті жолақ жалпақ? – Қандай түсті жолақ жіңішке? Екі қорапты көрсетеді (түстері әртүрлі, жалпақтығы әртүрлі, ұзындықтары бірдей). – Қораптар қандай түсті? – Ұзындықтары бірдей ме? (Бірінің үстіне бірін қояды.) – Қайсысы жалпақ? – Қайсысы жіңішке?Ішін ашып, бос екенін көрсетеді. – Қолдарыңда неше жалпақ, неше жіңішке жолақ бар? Тар қорапқа жіңішке жолақтарды, кең қорапқа жалпақ жолақтарды салуды ұсынады. Балалар жолақтарды өз қорабына салады. Енді тар қорапта көп жіңішке жолақтар, кең қорапта көп жалпақ жолақтар бар екенін нақтылайды. Сөздік жұмыс: жалпақ, жіңішке. Билингвальды компонент: жалпақ – широкий, жіңішке– узкий. Саусақ жаттығуы: «Отбасым». Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз: Ата, әже, әке, шеше, мен. Алақай! Біз бесеуміз! «Жолды көрсет» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Дәптерден аю мен қоянды тауып, саусағымен көрсетуді сұрайды. Аю мен қоян өздеріне бірдей шана сатып алды. Енді олар кімдікі қайсы екенін шатастырып алды.Аю өз шанасының кең жолда тұрғанын, ал қояндікі тар жолда тұрғанын айтты. Тапсырма: аюдан кең жолда тұрған, қояннан тар жолда тұрған шанаға дейін жол сал. Балалар жол салады. Педагог балаларды тексеріп, жеке жұмыс жүргізеді. «Бір сөзбен ата» ойыны. Жұмыс дәптері, 2-тапсырма. Педагог суреттерге назар аударады. –Үстел, орындық, шкафты бір сөзбен қалай атайды? –Кәстрөлді, тәрелкелерді, шәйнекті бір сөзбен қалай атауға болады? – Көйлек, жемпір, белдемшелерді бір сөзбен қалай атауға болады? Балалар заттарды бір сөзбен атайды: жиһаз, ыдыс-аяқ, киімдер. 3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. – Көк түсті жолақтың ені қандай? 50 – Сары түсті жолақтың ені қандай? – Көйлек, жемпір, белдемшелерді бір сөзбен қалай атайды? №23 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары:таным, әлеумет. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Кең – тар.Жоғарыда – төменде. Мақсаты: заттар тобын ені бойынша салыстыру ұғымын қалыптастыруды жалғастыру: кең – тар; заттардың орналасқан орындарын анықтау біліктерін бекітуді жалғастыру: жоғарыда, төменде. Міндеттері:заттар тобын салыстыру ұғымын қалыптастыру: кең – тар; заттардың орналасқан орындарын анықтау біліктерін бекітуді жалғастыру: жоғарыда, төменде; жұмбақ шешуге баулу; тәулік бөлімдері туралы білімдерін бекіту жалғастыру;логикалық ойлауы, бақылағыштығын, ойлау белсенділігін дамыту; сабаққа қызығушылығын тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: кең және тар өзендерді көрсетіп атайды; тәулік мезгілдерін; заттардың орналасқан орындарын: жоғарыда, төменде; түсінеді: заттар ені бойынша ажыратылатынын, тәуліктің төрт мезгілі барын; қолданады: жалпақ және жіңішке заттарды табуды. Құрал-жабдықтар мен материалдар: плакат: «Заттарды ені бойынша салыстыру: кең – тар», «Тәулік бөліктері»; ойыншық-марғау, марғаудың мияулауы жазылған жазба, жұмыс дәптері, жай қарындаш. Сөздік жұмыс: кең, тар. Билингвальды компонент: кең– широкий,тар – узкий. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Педагог: –Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Кәне, бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық. Бір--біріміздің қолымыздан ұстап, бәріміз бірге: «Қайырлы таң!» дейік. Әдібай Табылдиевтің «Қайырлы таң, балалар!» тақпағынан үзінді оқиды: Арайланып таң атты, Алтын шапақ таратты. Қайырлы таң, балалар! Аман Отан – панамыз, Аман ата-анамыз, Қайырлы таң, балалар! Ғажайып сәт. Марғаудың мияулауы жазылған жазба қойылады. Топқа марғау кіреді. – Бұл не? Марғау: – Қайырлы кеш, балалар! Педагог: 51 – Қазір кеш пе, марғау? Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар? Қашан таңертең, ал қашан кеш болатынын марғауға айтайықшы. 2. Негізгі кезең. Фланелеграфпен жұмыс Педагог «Тәулік мезгілдері» плакатын қарауды ұсынады. – Күн қашан оянады? – Күн қашан қыдырады? – Күн қашан шаршайды? –Күн қашан ұйықтайды? – Ал қазір таңертең. Бір-бірімізбен қалай амандасамыз? – Әрине, қайырлы таң, марғау. Күн шықты. Марғауға тәулік мезгілдерін атап беріңдер. Фланелеграфпен жұмыс. Педагог «Жалпақ және жіңішке заттар» плакатын қарауды ұсынады. – Маған жалпақ мойынорағышты көрсетіңдер, жіңішке мойынорағышты көрсетіңдер, жалпақ және жіңішке жолды көрсетіңдер. Олардың ұзындығы қандай? Сөздік жұмыс: кең, тар. Билингвальды компонент: кең– широкий,тар – узкий. «Бұлақтар мен балықтар» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі1-тапсырма. Жұмбақ жасырады: Қардан басталдым, Бұлақтар мен жылғадан. Бірде жылдам ағамын, Бірде асықпаймын. Бастауында таязбын, Немесе тереңмін. Жоғарыда – жіңішкемін, Ал төменде – жалпақпын. Педагог дәптерден өзенді табуды ұсынады. Сұрақтар қояды: – Суретте қандай өзендер бейнеленген? – Жіңішке өзен қай жерде? – Жалпақ өзен қай жерде? – Бір балық қандай өзенде, ал көп балық қандай өзенде жүзіп жүр? «Сыйлық сыйла» ойыны (2-тапсырма). Педагог суреттегі марғауларға назар аударып, олар доппен ойнағанды жақсы көретінін айтады. Тапсырма береді: Жоғарыдағы марғауға бір добы бар себетті, ал төмендегіге көп добы бар себетті сыйла. Оларды сызып қос. Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Сұрақ қояды: Жоғарыда отырған марғауды неше доппен сызып қостыңдар? – Төменде отырған марғауды ше? 3.Рефлексия. Педагог сұрақтар қояды: – Бір балық қандай өзенде, ал көп балық қандай өзенде жүзіп жүр? Марғауға тәулік бөліктерін атап беріңдер. Марғау сендерге рақмет айтады, топта қалуыңды сұрайды. Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. 52 №24 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, әлеумет. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Заттарды қалыңдығы бойынша салыстыру. Мақсаты: заттарды қалыңдығы бойынша салыстыруды үйрету: қалың және жұқа. Міндеттері:үстіне қою және белгілеу әдістерін пайдаланып, екі қарама-қарсы және бірдей заттарды қалыңдығы бойынша салыстыру, нәтижесін «қалың», «жұқа», «қалыңдығы бірдей» сөздерін қолдану арқылы жеткізу; көру арқылы алынған ақпаратты пайдаланып, жұмбақ шешуге баулу; көре білу, логикалық ойлауын дамыту; байланыстырып сөйлеуін дамыту, бірдей заттарды табу білігін дамыту; өзгелерге көмектесуге, тапсырмаларды ынтамен орындауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: «қалың», «жұқа», «қалыңдығы бірдей» сөздерімен салыстыру нәтижесін; түсінеді: заттар «қалың», «жұқа», «қалыңдығы бірдей» болатынын; қолданады: заттарды қалыңдығы бойынша салыстыру дағдысын; бірдей заттарды табуды оларды сызықпен қосу дағдыларын. Құрал-жабдықтар мен материалдар: ойыншық-қоян, түрлі қалыңдықтағы кітаптары бар қорап; альбомдар, қарындаштар, жуан және жіңішке жіптер, үлестірмелі материалдар: биіктіктері бірдей, бірақ жуандықтары әртүрлі жуан және жіңішке таяқшалар; марғау мен көбелек, жұмыс дәптері, жай қарындаш. Сөздік жұмыс: жұқа, қалың. Билингвальды компонент: қалың – толстый, жұқа – тонкий. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі Күтпеген сәт. «Қоян қорап алып келеді». Педагог жұмбақты тыңдап, шешуді ұсынады: Қыста ақ түсті, Жазда сұр түсті? Бұл не? (Қоян) Қоян келіп, амандасады. – Біреу мені шақырған сияқты болды.Соған келдім. Сендерге қорап алып келдім. Ашады, онда түрлі қалыңдықтағы кітаптар; альбомдар, қарындаштар, жуан және жіңішке жіптер, жуан және жіңішке таяқшалар бар екен. Педагогтен заттарды қалыңдығы бойынша салыстыруға үйретуін сұрайды. 2. Негізгі кезең. Фланелеграфпен жұмыс. «Заттарды қалыңдығы бойынша салыстыру». Демонстрациялық материалдармен жұмыс. «Қалың», «жұқа», «қалыңдығы бірдей» сөздерін пайдаланып, кітаптарды қалыңдығы бойынша салыстырады. Педагог таяқшаларды салыстырады, қайсысы қалың, қайсысы жұқа екенін білу үшін қалай қатар қою керек екенін көрсетеді. Қалың, жұқа сөздерін айтып жаттығады. Өз еркі бойынша ортаға шығып, альбомдар, қарындаштар, жіптерді салыстыруды, «қалың», «жұқа», «қалыңдығы бірдей» сөздерін қолдануды ұсынады. «Қалың – жұқа» ойыны. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. (Таяқша – 2 дана, биіктігі бірдей, бірақ қалыңдығы әртүрлі; марғау мен көбелектің макеті.) Таяқшаларды өздеріне салыстыруды ұсынады. Таяқшаларды алып, шеттерін бір-біріне тигізу арқылы салыстырады. Оң қолдарына қалың бағананы, сол қолына жұқа бағананы алуды сұрайды. 53 – Оң қолыңда қандай таяқша бар? Көрсет. – Сол қолыңда қандай таяқша бар? Көрсет. Жуан таяқшаға марғауды, жұқа таяқшаға көбелекті отырғызыңдар. Сөздік жұмыс: жұқа, қалың. Билингвальды компонент: қалың – толстый, жұқа – тонкий. Сергіту сәті: «Қоян». Секек, секек, секек, секек, Қоян келді секектеп. Отыра алмай суықтан, Аяқтарын жылыту керек, Жоғары соз аяғыңды, енді соз төменге, Ұшынан басып созылғын, Бүйірге қой аяқты, Ұшынан бас аяқты, Енді тағы секекте, Тоңбайды енді аяғың. «Аңдар қай ағаштың артына тығылды» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Қоян сендерден: «Тығылмақ ойнауды жақсы көресіңдер ме?» – деп сұрайды. Қоян да аюмен тығылмақ ойнауды жақсы көреді. Ол аю екеуін дәптердегі суреттен табыңдаршы деп сұрайды. Сұрақтар: – Қоян қандай кескен ағаштың түбірінің артына тығылды? – Аю қандай кескен ағаштың түбірінің артына тығылды? «Кім байқампаз?» ойыны.2-тапсырма. Қоян балаларға бірдей суреттердің арасын қосуды ұсынады (қолшатыр, майшам, сауыт). – Қандай бірдей суреттердің арасын қостыңдар? – Майшамдарды неге қоспадыңдар? Балалар: өйткені майшамныңбіреуі – жуан, ал екіншісі –жіңішке. Педагог балаларды мұқияттылығы үшін мақтайды. Жеке жұмыс жүргізеді. 3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. Қоян енді заттарды қалыңдығы бойынша салыстыруға үйренгенін айтады. Оған көмектескендері және бірге ойнағандары үшін балаларға рақмет айтады. Қоштасып кетеді. №25 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, коммуникация. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Жуан – жіңішке. Алдында – артында. Мақсаты: өзінің дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйретуді жалғастыру: алдында – артында; ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру. Міндеттері:заттарды қалыңдығы бойынша салыстыру дағдыларын бекіту: жуан (қалың) – жіңішке (жұқа); өз айналасында бағдарлануын: алдында – артында жалғастыру; өз дене мүшелерінің орналасуын айыра алуға үйрету: бас, қол, аяқ; логикалық ойлауын дамыту; тапсырмаларды орындауға қызығушылығын тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер біледі: заттарды көлемі бойынша атайды: қалың, жұқа; заттардың орнын жасайды: алдында, ортасында, артында. түсінеді: өз айналасында бағдарлануын, өз дене мүшелерінің орналасуын. 54 қолданады: өз айналасында: алдында, ортасында, артынданы ажырата алады; заттарды көлемі бойынша атайды: жуан (қалың) – жіңішке (жұқа); Құрал-жабдықтар мен материалдар: суреттер: «Заттарды қалыңдығы бойынша салыстыру (қалың – жұқа)», қалың және жұқа жіп, ән жазбасы «Буги-Вуги»; үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жай және түрлі түсті қарындаштар. Сөздік жұмыс: жуан, жіңішке. Билингвальды компонент: жуан – толстый, жіңішке – тонкий. ҰОҚ-нің барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. «Күлкі сыйла» Шеңберге жинал, балалар. Сен – досымсың, мен – досыңмын. Қол ұстасып тұрамыз, Күлімдесіп қараймыз. 2. Негізгі кезең. Фланелеграфпен жұмыс.(Иллюстрация:«Қалың және жұқа заттар».Жуан және жіңішке жіп). Педагог суретке қарап, діңі жіңішке және жуан ағаштарды көрсетуді сұрайды. –Суреттегі қалың және жұқа заттарды көрсетіңдер? Бір баланың ортаға шығуын сұрайды. Содан кейін педагог жіптерді салыстырады, бірінші жіңішке, содан кейін жуан жіпті көрсетіп, сұрақтар қояды: Мынау жіптің жуандығы қандай, атаңдар. Балалалар хормен айтады. Логикалық тапсырма:«Алдында, ортасында, артында». Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. – Шанамен сырғанауды ұнатасыңдар ма? Шанамен сырғанап жүрген балаларға назар аударады. – Балалар не істеп жүр? Шананың алдында –Дәулет, ортасында – Мәдина, артында– Аяла отырғанын айтады. Тапсырма: Аяланың баскиімін боя. – Сендер кімнің баскиімін боядыңдар? – Аяла қайда отыр? Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. «Жуан – жіңішке, жұбын тап» ойыны.2-тапсырма. Педагог: –Балалар қандай киім киген?Даладан келгенде қолғаптары және мойынорағыштары су болып қалыпты. Олар қолғаптарын, мойынорағыштарын кептіруге далаға қалыңдығы әртүрлі жіптерге кептіріп қойды. Сұрақтар қояды: – Мойынорағыштар қандай жіпте ілулі тұр? - Қолғаптарқандай жіпте ілулі тұр? Тапсырма береді: Бірдей қолғаптарды тауып, жұптарымен сызықпен қосуды ұсынады. Өз таңдауын түсіндіруді өтінеді. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. Сөздік жұмыс: жуан, жіңішке. Билингвальды компонент: жуан – толстый, жіңішке – тонкий. Сергіту сәті: «Дене мүшелері». Қыздар мен ұл балалар Допша секіре алар. 55 Аяқтарын топылдатып, Қолдарын шапалақтап, Бастарын изеді. Сұрақтар қояды: – Балалар, немен шапалақтадыңдар? – Немен топылдаттыңдар? – Немен изедіңдер? Педагог: –Адамның басы жоғарыда, қолдары ортасында, ал аяқтары төменде орналасқан. – Адамның аяқтары қайда орналасқан? – Қолдары қайда орналасқан? – Басы қайда орналасқан? «Дұрыс орында» қимылды ойыны. Педагог ойнауды ұсынады: Мен «бас» дегенде, қолдарыңды жоғары көтеріңдер. Мен «қол» дегенде, қолдарыңды алға созыңдар (ортасында). Мен «аяқ» дегенде, қолдарыңды төмен түсіріңдер. Балалар ойын ойнайды. 3. Рефлексия. –Жарайсыңдар! Балалар, сендер бүгін өте мұқият болып, тапсырмаларымды дұрыс әрі нақты орындадыңдар. Шеңберге, биге шығайық. «Буги-Вуги» биі(оң қолыңды алға, ...сол аяқты алға...) №26 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, әлеумет. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Әртүрлі заттар тобын салыстыру. Мақсаты: әртүрлі заттаркөлемі, саны бойынша салыстыру білігін қалыптастыру. Міндеттері:түрлі заттар тобын қатар қою, үстіне қою арқылы көлемі, саны бойынша салыстыру білігін қалыптастыру (үлкен – кішкентай, біреу – көп) ; заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыруға үйрету; заттарды қатар қойып салыстыру кезінде «сонша, неше...», теңбе-тең», «үлкен», «кіші» терминдерін пайдалануға баулу; есту сезімін дамыту; жапсырмамен, қарындашпен жұмыс іс-қимылын дамыту; сөйлеу дағдысын дамыту; мұқияттылыққа, дербестікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: «сонша, неше...», «теңбе-тең», «үлкен», «кіші» терминдерін пайдалануға баулу; түсінеді: түрлі зат топтарын теңдей ету тәсілдерін; қолданады: түрлі зат топтарын салыстыру үшін саны, көлемі бойынша қасына қою, өлшеп көру тәсілдерін пайдаланады (үлкен – кішкентай); қарындашпен және жапсырмалармен жұмыс жасау – сызық сызуды. Құрал-жабдықтар мен материалдар: ойыншық – қоян, 4 үлкен көк және 5 кішкентай қызыл текшелер, үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жай қарындаш, кәмпит жапсырмалары, екі сызығы бар жолақ, қатырғыдан жасалған – 4 үлкен және 5 кішкентай киіз үйлер. Сөздік жұмыс: үлкен, кішкентай. Билингвальды компонент: үлкен– большой, кішкентай – маленький. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Күтпеген сәт. 56 Педагог: –Балалар, бізге қонаққа қоян келді. Қоянмен амандасайық. Ол бізге тапсырма бермек. Тапсырманы орындауға келісесіңдер ме? Онда тыңдаңдар. 2. Негізгі кезең. Ойын: «Не үлкен?» Демонстрациялық материал: Текшелермен жұмыс. Үстелде – 4 үлкен көк текше және 5 кішкентай қызыл текше. Олар араласып жатыр. Қолына бір үлкен және бір кішкентай текшені алып, сұрайды: – Бұл не? – Қандай түсті текше? – Қай текше үлкен? – Қай текше кіші? (Осыны айта отырып текшелерді бірінің үстіне бірін қояды.) – Үлкен және кішкентай текшелердің бірдей емес екенін қалай білеміз? – Дұрыс, кішкентай текшені үлкен текшенің үстіне қояды. Бір баланы шақырып, барлық текшелерді нешеу екенін көру үшін бір қатарға тізіп қоюды тапсырады. Екінші баланы шақырып,кішкентай текшелерді үлкен текшелердің үстіне тізіп қоюды тапсырады. – Текшелерді қай қолмен алу керек? – Қай жақтан қалай қарай орналастыру керек? Балалардың жауабын тыңдап, нақтылайды: Дұрыс, оң қолмен солдан оңға қарай орналастыру керек. – Үлкен текшелер жетті ме? – Қай текшелер көп: кішкентай мА, әлде үлкендер ме? – Қайсысы аз? Жауапты қорытындылайды. Бір кішкентай текшені алып қояды да, сұрайды: – Енді текшелер теңбе? – Неге текшелертеңдеп ойлайсыңдар? Балалардың көздерін жұмуды өтініп, тағы бір кішкентай текшені алып қояды. Балалар көздерін ашып, қандай текшелердің көп (аз) болғанын атайды. Ойын: «Үлкен және кішкентай киіз үйлер».Үлестірмелі материалмен жұмыс: үлкен және кішкентай киіз үйлер, екі қабаттыжолақ. Үлестірмелі материалдар бар табаққа балалардың назарын аударады. – Жоғарғы жолаққа үлкен киіз үйлерді қойып шығыңдар. Төменгі жолаққа жоғарғы жолақта қанша киіз үй болса, сонша кішкентай киіз үйді сол жақтан оңға қарай орналастырыңдар. – Үлкен және кішкентай киіз үйлер саны тең бе? – Үлкен киіз үйлер қайда жатыр? – Кішкентай киіз үйлер ше? – Ендеше тексереміз – үлкен киіз үйлердің үстіне кішкентай киіз үйлерді қойып шығыңдар, қайсысы көп? Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Сөздік жұмыс:үлкен, кішкентай. Билингвальды компонент: үлкен – большой, кішкентай – маленький. Сергіту сәті. «Қоян». Ыршып, ыршып секіріп, Қоян келді кеңкиіп. Аяқтары жаураған, Қолдары да жаураған. Жылытпақ боп тырысты Жүгірді де қуысты. Бір жоғары, бір төмен Жүр аяқтың ұшымен. Секіреміз, отырамыз, 57 Аяқтарды жылытамыз. «Қояндар қонақта» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Педагог балалардың назарын қояндар бейнеленген суретке аударады. – Қояндар не жегенді жақсы көреді? – Қайсысы көбірек: қояндар ма, сәбіз бе? – Қояндардың бәріне сәбіз жете ме? Бұны тексеріп көрейік, әр қояннан сәбізге қарай жол салайық, сөйтіп оларды қонақ етейік. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді. «Дұрыс қой» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 2-тапсырма. Жапсырмамен жұмыс. Педагог: –Балалар, ал сендер нені жақсы көресіңдер? Кәмпит жапсырмаларды көрсетеді. Балаларға бір кәмпитті кішкентай тәрелкеге, ал көп кәмпитті үлкен тәрелкеге жапсыруды тапсырады. – Кіші тәрелкеге неше кәмпит жапсырдыңдар? – Үлкен тәрелкеге ше? Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. 3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. Қоян балаларды байқампаздығы үшін мақтайды. Олармен бірге топта қалуға рұқсат сұрайды. №27 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, коммуникация. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Сол жақ – оң жақ. Дөңгелек. Мақсаты: оң жағы мен сол жағын ажырата алу білігін бекітуді жалғастыру; шеңбер– геометриялық пішіні туралы білімдерін нақтылау. Міндеттері: қасына қою әдісін пайдалану арқылы қай топта заттар көп немесе аз немесе тең екенін анықтау білігін бекітуді жалғастыру; қоршаған ортадан шеңбер пішінді заттарды таба білу білігін бекітуді жалғастыру. Заттарды бірінің үстіне бірін тура қою білігін дамыту; зерттеу әрекетіне қызығушылығын тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: заттарды салыстыру кезінде «тең», «көп», «аз» сөздерін қолданады; шеңберді ажыратып, атайды; түсінеді: оң жағы мен сол жағын ажырата алу білігін; қолданады: заттарды салыстырған кезде үлгілердің арақашықтығын сақтап, бірінің үстіне бірін қоюды; заттарды оң қолмен солдан оңға қарай қоюды, шеңберді ажыратып, атайды. Құрал-жабдықтар мен материалдар: Роза Рымбаеваның «Наурыз думан» әнінің аудиожазбасы; «Арқан тарту» ойынына иллюстрация; қазақтың ұлттық киімдерін киген 3 ұл мен 3 қыз баланың картоннан макеті; шеңбер, шаршы, үшбұрыштың макеттері; үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жай қарындаш. Сөздік жұмыс: сол жақ, оң жақ, шеңбер. Билингвальды компонент: сол жақ – слева, оң жақ – справа, шеңбер – круг. ҰОҚ-нің барысы 58 1. Ұйымдастыру кезеңі. Педагог Р. Рымбаеваның «Наурыз думан» әнінің аудиожазбасын қосады. Балалар тыңдайды. – Қандай мереке жақындап келеді? Күтпегенсәт: қазақтың ұлттық киімдерін киген ұл мен қыз бала келеді. Оларды фланелеграфқа орналастырады. 2. Негізгі кезең. Ойын: «Жұптарымен орналастыр». Фланелеграфпен жұмыс (3 ұл мен 3 қыз баланың макеті). Ұлдардың қыздарды биге шақыратынын айтады. Бәрінің жұбы бар ма, білуді ұсынады.Қалай тексеруге болатынын сұрайды. Жауаптарды тыңдайды.Содан кейін қыздар мен ұлдар санын тең екенін білу үшін, оларды жұптап қою керектігін айтады. Қыздар мен ұлдарды жұптап қоюды ұсынады. Макеттерді екі қатарға орналастырады. Оларды оң қолмен алып, солдан оңға қарай, бірінің астына бірін қою керектігін естеріне салады. Бір баланы шақырады. Сурақ қояды: – Барлығы жұппен тұр ма? –Ұлдар мен қыздардың саны тең бе? – Олардың тең екенін қалай білдік? Бір қызды алып қояды. – Енді ұлдар мен қыздар саны тең бе? – Кімдер көп? – Балалар, олар тең болуы үшін не істеуге болады? Тағы бір қызды алады немесе бір ұлды алады. Содан соң қайта сұрайды. Ойын: «Арқан тарту»(«Арқан тарту» ойынға иллюстрация).1-тапсырма. Наурызда түрлі ұлттық ойындар, жарыстар ұйымдастырады. Педагог«Арқан тарту» ойынымен таныстырады, ойын шартын түсіндіреді. Педагог: Оң қолын көтеруді ұсынады. -Жүрек қай жақта орналасқан, көрсетіңдер? Содан кейін балаларға дәптердегі «Арқан тарту» ойынын ойнап жатқан суретке қарауды ұсынады. – Балалар не істеп жатыр? – Бұл ойын қалай аталады? – Арқанды оң жақта кімдер тартып жатыр? – Арқанды сол жақта кімдер тартып жатыр? – Суретте балалардың ортасында не бар? Ойын: «Есіңе түсір де ата» (Фланелеграфпен жұмыс) Педагог фланелеграфқа ілінген геометриялық пішіндер макетін қарайды, әрқайсысын көрсетіп, қалай аталатынын сұрайды. Ойын: «Шеңберді тап».2-тапсырма. Саусағымен әуеде, содан кейін өз алақанында шеңбердің суретін сызуды ұсынады. Дәптердегі әртүрлі геометриялық пішіндерге назарын аударады. Тапсырма береді: Дөңгелекті тауып, оны қарындашпен қоршап сыз. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. Сергіту сәті: «Қуырмаш» – саусақтарымызды жаттықтырамыз. Қуыр-қуыр, қуырмаш, Балапанға бидай шаш, Тауықтарға тары шаш. Апан келсе есік аш. Қасқыр келсе, мықтап бас Мына жерде аю бар, 59 Мына жерде қасқыр бар, Мына жерде қоян бар, Мына жерде түлкі бар, Ал мына жерде күлкі бар. Ойын: «Барлығына жете ме?» Жұмыс дәптеріндегі3-тапсырма. Педагог қыздардың суретіне назар аударады. Ақмарал әжесінен көп бауырсақ пісіруді өтінді, оларды достарына таратқысы келеді. Тапсырма: бауырсақ барлық қыздарға жететінін білу үшін, сызықпен қосып сыз. -Бауырсақтың пішіні неге ұқсайды? Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. Сөздік жұмыс: сол жақ, оң жақ, шеңбер. Билингвальды компонент:сол жақ – слева, оң жақ – справа, шеңбер – круг. 3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. – Қандай геометриялық пішінді қоршап сыздыңдар? Топтағы дөңгелекке ұқсайтын заттарды атаңдар. №28 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, коммуникация. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Ұзын – қысқа. Біркелкі заттар. Мақсаты: екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы бойынша салыстыра білуді бекіту; біркелкі заттарды санау және алуға үйретуді жалғастыру. Міндеттері:балаларды ұзындығы әртүрлі заттарды бір бірінің үстіне қою тәсілімен салыстыруға үйретуді және ұзынырақ, қысқарақ, ұзындығы бірдей сөздерін қолдану арқылы айтып жеткізуді жалғастыру; біркелкі заттарды таба білуге үйретуді жалғастыру; біркелкі заттарды бір сөзбен айту білігін дамыту; логикалық ойлауын, сөйлеуін дамыту; оқу қызметіне қызығушылығын тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: заттарды салыстыру үшін: «ұзынырақ», «қысқа», «ұзындығы бірдей» сөздерін пайдаланады; түсінеді: заттардың ұзындығы бірдей болуы мүмкін екенін; қолданады: ұзындығы әртүрлі және бірдей заттарды бір-бірінің үстіне қою тәсілімен салыстыру дағдысын, біркелкі заттарды бір сөзбен айту білігін. Құрал-жабдықтар мен материалдар: қуыршақ, ленталар: қызыл ұзын және жасыл қысқа, лента салатын екі қорап: үлкен және кіші; ұзындығы мен ені бірдей екі жолақ: жасыл және көк түсті 20x5 см; үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жай қарындаш; 3 жолақ (қызыл – 10x3см, сары – 10x3 см, көк – 15x3 см). Сөздік жұмыс: ұзын, қысқа, ұзындығы бірдей. Билингвальды компонент:ұзын– длинный, қысқа– короткий, ұзындығы бірдей – одинаковые по длине. ҰОҚ-нің барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі. 60 Күтпеген сәт: Педагог топқа қуыршақ Аружан келгенін айтады. Аружан құрбысы Машаға қонаққа бармақшы. Маша құрбысы мен оның анасының бүгін туған күндері. Аружан оларға мынандай әдемі ленталарды қораптарға салып, сыйлағысы келеді. (Көрсетеді). Ұзын лентаны анасына, ал қысқасын– Аружанға сыйлағысы келеді. Бірақ ол қай лентаның қысқа, қайсысы ұзын екенін білмейді. – Аружанға көмектесеміз бе? 2. Негізгі кезең. Ойын: «Ленталарды салыстыр»(қызыл – ұзын және жасыл – қысқа ленталар, екі қорап: үлкен және кіші). Фланелеграфпен жұмыс. Педагог Аружанға қарап: –Біз саған ленталарды салыстырып, қораптарға салып беруге көмектесеміз. Бір баланы шақырып, ең ұзын лентаны табуды ұсынады. Балаларға қарап, Кәмила лентаны дұрыс таңдады ма, келіңдер,тексерейік. – Кәмила, лентаны екінші лентаның үстіне салып, сол жақ ұштарын тегісте. –Сен не көріп тұрсың? Ленталардың ұзындығы бірдей ме?Қай лента ұзынырақ? – Адиля, қай лента қысқарақ болды? Екі лентаны қолына алады. – Қазір қысқа және ұзын лента ұстаған қолымды кезегімен көтеремін, сонда сендер хормен қандай лента екенін айтасыңдар. Алдымен ұзын лента ұстаған қолын көтереді. – Бұл қай лента? Қысқа лента ұстаған қолын көтереді. – Бұл ұзындығы қандай лента? Балалардың ленталарды қораптарға бөліп салуын сұрайды: ұзын лентаны үлкен қорапқа, ал қысқа лентаны кіші қорапқа. Ал енді Аружанға, ұзын лента үлкен қорапта–бұл анасына арналған сыйлық, ал қысқа лента кіші қорапта – бұл құрбысына арналған сыйлық екенін айтайық. Педагог Аружанға туған күнге баратын кез болғанын айтады. Ол балаларға көмектері үшін алғыс айтып, кетеді. Ойын: «Мен көрсетемін, сендер атаңдар» Фланелеграфпен жұмыс (ұзындығы мен ені бірдей екі жолақ: жасыл және көк түсті 20x5см) Педагог жолақтарды көрсетеді. Оларды салыстырады, сол жақ шеттерін теңестіру керектігін айтады. Саусағымен жүргізеді. Оң жақ шеттеріне қарайды,ешқандай жолақ шығып тұрмағанын, демек олардың ұзындығы бірдей екенін айтады. Қайталаңдар ... Үлестірме материалмен жұмыс. (3 жолақ:қызыл – 10x3см, сары – 10x3 см, көк – 15x3 см). Педагог қызыл жолақты алып, салыстыру арқылы онымен ұзындығы бірдей жолақты табуды ұсынады. – Ұзындығы бірдей жолақтың түсі қандай? – Қызыл және сары түсті жолақтардың ұзындығы қандай? Қызылдан ұзынырақ жолақты тап. Саусақ жаттығуы: «Отбасым». Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз: Ата, әже, әке, шеше, мен. Алақай! Біз бесеуміз! Ойын: «Сөйлемді аяқта». Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Педагог жұмыс дәптеріндегі суреттерді қарауды ұсынады. Мұқият тындап, сөйлеуді аяқтандар. – Қоянның құлағы ұзын, ал марғаудың құлағы ... – Қоянның құйрығы қысқа, ал марғаудың құйрығы... – Шашы қара қыздың көйлегі ұзын, ал шашысары қыздың көйлегі... 61 – Кішкентай кірпі келе жатқан жол қысқа, ал үлкен кірпі келе жатқан жол ... Сөздік жұмыс: ұзын, қысқа, ұзындығы бірдей. Билингвальды компонент:ұзын – длинный, қысқа –короткий, ұзындығы бірдей – одинаковые по длине. Ойын: «Төртіншісі артық».2-тапсырма. Педагог суреттерге назар аударады. – Жоғарғы жақтаудағы суретте не бейнеленген?Атаңдар... Артық затты тауып, қоршап сызуды сұрайды. Неге ... –Сылдырмақты, пирамиданы, ойыншық мәшинені бір сөзбен қалай атайды? – Ортаңғы жақтаудағы суретте не бейнеленген?Атаңдар... –Артық затты тауып, сызуды сұрайды. Неге ... –Алманы, ананасты, алмұртты бір сөзбен қалай атайды? – Төменгі жақтаудағы суретте не бейнеленген?Атаңдар... – Артық затты тауып, сызуды сұрайды. Неге ... – Шәйнекті, күрешкені, кәстрөлді бір сөзбен қалай атайды? Балалар артық затты тауып, қоршап сызады, ал біркелкі заттарды бір сөзбен атайды. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. 3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. –Аружан құрбысы мен оның анасына қандай сыйлық жасады? -Кішкентай кірпі келе жатқан жол ұзын ба, үлкен кірпі келе жатқан жол ұзын ба? №29 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, әлеумет. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Биік – аласа. Жуан – жіңішке. Мақсаты: екі қарама-қарсы және бірдей заттарды биіктігі мен жуандығы бойынша салыстыра білуді бекіту. Міндеттері:қалыңдығы мен биіктігі әртүрлі және бірдей заттарды салыстыру білігін бекіту; сөйлегенде қалыңырақ, жұқалау, қалыңдығы бірдей, биіктеу, аласа, биіктігі бірдей сөздерін қолдануға баулу; логикалық ойлауын дамыту; ықыласты болуға тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: жуан, жіңішке, жуандығы бойынша бірдей, биіктеу, аласа, биіктігіне қарай бірдей сөздерін сөйлеуде қолданады; түсінеді:заттардың жуан, жіңішке, биік, аласа болуы мүмкін екендігін; қолданады: жуандығы мен биіктігіне қарай қарама-қарсы заттарды салыстыруды және бірдей заттарды табуды біледі. Құрал-жабдықтар мен материалдар: биіктігі бірдей, бірақ діңінің жуандығы әртүрлі картоннан екі ағаш макеты (қалың – 5x15см, жұқа – 2x15см), қоян – 4x8см мен қасқырдың картоннан макеттері; үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жай қарындаш. Сөздік жұмыс: қалың, жұқа, биіктігі бірдей. Билингвальды компонент: толстый – жуан, тонкий – жіңішке. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ойын сәті: Педагог қоянды көрсетіп: 62 – Бізге қоян қашып келді, оны сұр қасқыр аңдып жүр екен. Оған тығылуға көмектесуіміз керек. – Көмектесеміз бе? 2. Негізгі кезең. Ойын: «Қай ағаштың артына тығылу керегін айт» (Фланелеграфта биіктігі бірдей, бірақ жуандығы әртүрлі екі ағаш ілінген) Педагог ағаштарға назар аударады. – Қалай ойлайсыңдар, қоянға қай ағаштың артына тығылған жөн? – Келіңдер,тексерейік. Қоянды діңі жіңішке ағаштың артына жасырады. – Қоян көріне ме? Шынында, діңі жіңішке ағаштың артынан көрініп қалады. Қоянды діңі жуан ағаштың артына жасырады. – Ал енді қоян көріне ме? Енді қасқыр қоянды таба алмайды.Қасқырдың макетін көрсетіп, жуан дауыспен: – Балалар, қоянды көрдіңдер ме? – Онда мен әрі қарай іздейін. Тағы қоянды көрсетеді. Қоян балаларға көмектескендері үшін алғыс айтады. Жүгіріп кетеді. Педагог сұрайды: – Ағаштардың жуандығы қандай? 2-3 баланы өз еріктерімен шығарып, жуан және жіңішке діңі бар ағаштарды көрсетуді сұрайды.Тағы бір баланы шығарып, қай ағаш биік екенін сұрайды. – Дұрыс, ағаштардың биіктіктері бірдей. Сөздік жұмыс: қалың, жұқа, биіктігі бірдей. Билингвальды компонент: жуан – толстый, жіңішке – тонкий. Ойын: «Биік – аласа». Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Педагог жұмыс дәптерлерінен ағаштардың суретін табуды ұсынады. Тапсырма: биік ағашқа құсты, ал аласа ағашқа көбелекті қондыр. Сызып қос. Балалар қарындашпен құстан биік ағашқа жол салады, ал аласа ағаштан көбелекке жол салады. Педагог сұрақ қояды: Суреттегі ағаштардың діңі қандай? Тағы қайталаңдар. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. Сергіту сәті: «Қоян». Ыршып-ыршып секіріп, Қоян келді кеңкиіп. Аяқтары жаураған, Қолдары да жаураған, Жылытпақ боп тырысты Жүгірді де қуысты. Бір жоғары, бір төмен Жүр аяқтың ұшымен. Секіреміз, отырамыз, Аяқтарды жылытамыз. Ойын: «Жуан – жіңішке» (2-тапсырма) Педагог қарындаш, кітап және бөрене бейнеленген суретке назарларын аударады. Бір қарындаш жуан, екіншісі жіңішке, бір кітап қалың, ал екіншісі ... Тапсырма береді: жіңішке және жұқа заттарды тауып,оларды қоршап сызуды тапсырады. Қандай ағашты, қарындашты, кітапты қоршап сызатындарын анықтайды. Балалар тапсырманы орындайды. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. 63 3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. – Қоян қасқырдан қай ағаштың артына жасырынды? -Қай ағашқа құсты, ал қай ағашқа көбелекті қондырдыңдар? №30 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, коммуникация. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Бекіту. Дөңгелек, шаршы. Мақсаты: геометриялық пішіндер туралы білімдерін нақтылау: дөңгелек, шаршы. Міндеттері:шеңбер,шаршы геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту; заттарды көлемі (үлкен –кіші) бойынша ажырата білу білігін бекіту; заттардың пішінін көре білу білігін бекіту; жұмбақтарды шешуге, жұмбақ негізіне алынған өлеңдегі салыстыра бейнелеуді түсінуге үйрету; логикалық ойлауын, сөйлеуін дамыту; оқу қызметіне қызығушылығын тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: шеңбер,шаршы – геометриялық пішіндерді ажыратады және атайды. түсінеді: кейбір заттардың шеңберге, шаршыға ұқсас екендігін түсінеді, заттардың көлемі бойынша айырмашылықтары болатынын (үлкен – кішкентай). қолданады: қоршаған ортадан шеңберге, шаршыға ұқсас заттарды көзбен табу білігін дамытуды. Құрал-жабдықтар мен материалдар: сиқырлы қапшық, геометриялық пішіндер макеті; үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жай қарындаш. Сөздік жұмыс: шеңбер, шаршы. Билингвальды компонент: шеңбер – круг, шаршы – квадрат. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері! Қайырлы таң атты, Шуағын таратты. Достарым қасымда, Олармен көңілді. Балалар шеңберге тұрып, қимылмен келтіреді. Педагог бір-біріне күлімдеуді ұсынады. 2. Негізгі кезең. Ойын: «Сиқырлы қапшық» (геометриялық пішіндер макеті). Педагог балабақшаға келе жатқан жолында мынадай «Сиқырлы қапшық» тауып алғанын айтады (көрсетеді, ішіне қарап бос екенін көреді). Оны топта қалдырып, онымен бір ойын ойлап табуды ұсынады. «Сиқырлы қапшық» ойынын ойнауды ұсынады. Балалар қапшықта геометриялық пішіндер бар екенін айтады, қолын салу арқылы қандай геометриялық пішін ілінгенін көрсетеді. Ойын: «Допты жина». 64 Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Педагог доптар суретіне назар аударады. Сұрақ қояды: Доптар қай геометриялық пішінге ұқсайды? Суреттегі доптар қандай? Доптардың көлемі қандай? Қораптың үлкендігі қандай? Кішкентай доптарды қандай қорапқа, ал үлкен доптарды қандай қорапқа салу керек? Тапсырма береді: Үлкен қорапқа үлкен доптарды, кіші қорапқа кішкентай доптарды сызық арқылы сал. Доптан өз қорабына қарындашпен сызық сызуды тапсырады. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. «Қуырмаш» – саусақтарымызды жаттықтырамыз. Қуыр-қуыр, қуырмаш, Балапанға бидай шаш, Тауықтарға тары шаш. Апаң келсе есік аш. Қасқыр келсе, мықтап бас. Мына жерде аю бар, Мына жерде қасқыр бар, Мына жерде қоян бар, Мына жерде түлкі бар, Ал мына жерде күлкі бар. Ойын: «Шаршыны тап» (2тапсырма) Педагог жұмбақ жасырады: Төрт бұрышы бар, Төртеуі де тік бұрыш. (Шаршы) Тапсырма береді: суреттегі геометриялық пішін – шаршыны тауып, саусақпен көрсет. Сөздік жұмыс: шеңбер, шаршы. Билингвальды компонент: шеңбер – круг, шаршы – квадрат. 3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. Педагог балаларға сұрақ қояды: –Кіші доптан қай қорапқа дейін сыздыңдар? Үлкен доптан қай қорапқа дейін сыздыңдар? Біздің топта шеңберге, шаршыға ұқсас заттарды атаңдар. №31 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, коммуникация. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Жалпақ – жіңішке.Заттарды белгісі бойынша салыстыру. Мақсаты: екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ені бойынша салыстыра білуді бекіту; түсі бойынша бірдей заттарды табуға үйрету. Міндеттері:заттарды ені бойынша салыстыру және бірдейін табу білігін бекітуді жалғастыру; «жалпақ», «жіңішке», «ені бойынша бірдей» сөздерін қолдануға баулу; түсі және белгісі бойынша бірдей заттарды табуға үйрету; жұмбақ шешу білігін бекіту, жұмбақ негізіне алынған поэтикалық бейнелерді түсіндіру; бақылағыштығын, ойлау белсенділігін байланыстырып, сөйлеу білігін дамыту, бір-біріне көмектесу талаптарын тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: заттарды салыстырған кезде«жалпақ, жіңішке, ені мен ұзындығы бірдей» сөздерін қолданады; түсінеді: заттардың ені бірдей және әртүрлі болатынын; 65 қолданады: бірдей және әртүрлі заттарды ені мен ұзындығы бойынша салыстыру әдістерін; жалпақ және жіңішке жолдарды табу дағдысын; түсі бойынша бірдей заттарды табуға және оларды сызықпен белгілеуді. Құрал-жабдықтар мен материалдар: ойыншық – қонжық, картоннан 3 мойынорағыштар макеті (екеуінің ені мен ұзындығы бірдей: сары мен жасыл, біреуі – жалпақтау: қызыл); үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жай қарындаш, 4 жолақ: қызыл – 15x3, көк – 15x3, сары – 15x5, жасыл – 15x5. Сөздік жұмыс: ені бойынша бірдей. Билингвальды компонент: жалпақ– широкий, жіңішке – узкий, ені бойынша бірдей – одинаковые по ширине. ҰОҚ-нің барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі. Күтпеген сәт. Педагог: Балалар, естідіңдер ме, үстелдің астында бірдеңе тықырлап жүрген сияқты. Үстел астына қарайды, онда екі мойынорағышы бар қонжық отыр. (жалпақ және жіңішке). Педагог қонжықтан сұрайды: Қонжық, сен не істеп жүрсің? Қонжық балалармен амандасады, ол жалпақ мойынорағышты анасына сыйлағысы, ал жіңішкесін өзіне қалдырғысы келіп, салыстырғанын айтады. Бірақта ол қай мойынорағыш жіңішке, ал қайсысы жалпақ екенін білмейді. –Балалар,келіңдер, оған көмектесейік. 2.Негізгі кезең. Ойын: «Мойынорағыштарды салыстыр» Фланелеграфпен жұмыс. Педагог жалпақ мойынорағышты үстелге жайып қояды. Оның үстіне жіңішке мойынорағышты жаяды. Педагог: – Қараңдар, мен оң жағы мен сол жақ шеттерін және төменгі жақ шетін де теңестірдім. Саусағымен шеттерін жүргізіп көрсетеді. Сұрақ қояды: Не көріп тұрсыңдар? Дұрыс, үстіңгі қызыл мойынорағыштың шеті шығып тұр, демек қызыл мойынорағыш жасылға қарағанда жалпақ. Педагог сұрақ қояды: –Қай түсті мойынорағыш жалпақ? Қай түсті мойынорағыш жіңішке? Ал мойынорағыштардың ұзындығы қандай? Балалар сұрақтарға жауап береді. Педагог тағы бір сары түсті мойынорағыш алып шығады. –Қонжық, міне, тағы бір мойынорағыш табылды. Бұл мойынорағышты да салыстыруды ұсынады. Алдымен сары мойынорағышты жалпақ мойынорағыштың үстіне салып, оның қызыл мойынорағыштан жіңішке екенін анықтайды. Содан кейін оны жасыл түсті мойынорағыштың үстіне салады. Екі мойынорағыштың ені де, ұзындығы да бірдей,тек түстері басқа. Қайталаңдар. Педагог сұрақтар қояды: –Қай түсті мойынорағыш жалпақ? Қай түсті мойынорағыш жіңішке? Қандай түсті мойынорағыштар бірдей? Ойын: «Ені бірдейлерін тап». Үлестірме материалмен жұмыс 66 (4 жолақ: қызыл – 15x3, көк – 15x3, сары – 15x5, жасыл – 15x5.) Педагог алдымен қызыл және сары түсті жолақтарды салыстырады. Сұрақ қояды: Қандай жолақ жалпақ? Қандай жолақ жіңішке? Саусағымен жолақ шеттерін жүргізіп көрсетеді. Қолына қызыл жолақты алып, онымен бірдей жолақты табуды ұсынады. Енді сары жолақты алып, онымен бірдей жолақты табуды ұсынады. Сұрақ қояды:Қандай жолақтар бірдей түсті, оларды жоғары көтеріп, атаңдар. Олардың ені қандай? Жолақтарды: жалпақ – жіңішке – жалпақ – жіңішке ретімен қоюды ұсынады. Жолақтарды оң қолмен алып, солдан оңға қарай қою керектігін естеріне салады. Балалар тапсырманы орындайды. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Сөздік жұмыс: ені бойынша бірдей. Билингвальды компонент: жалпақ– широкий, жіңішке – узкий, ені бойынша бірдей – одинаковые по ширине. Сергіту сәті: «Аю». Аю отыр партада. Екі қолы қалтада. Мұғалім сабақ сұраса, Ұйықтап қалды. Масқара!!! Балалар қозғалыстарды орындайды. «Жолды көрсет» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Педагог дәптердегі қонжықтың суретіне назар аударып, оның ормандағы үйіне баруы керегін айтады.–Қонжыққа орманға бару үшін жалпақ жолмен жүру керек. Жалпақ жолды саусақпен көрсетіңдер. Ойын: «Түсі бойынша қос». 2-тапсырма Педагог суреттен: қияр, қарбыз, Күн, алма т.б. табуды ұсынады. Қияр мен қарбыз – жасыл түсті, сондықтан сызықпен қосқанын айтады. Тапсырма: Бір түсті заттарды сызып қосыңдар. Сұрайды: Күнді немен қостың? Алманы немен қостың? Мәшинені немен қостың? Балалар тапсырманы орындайды. Педагог балаларға көмектеседі. 3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. Қонжық балаларға рақмет айтып, бір мойынорағышты сыйға тартқысы келеді. Қоштасады. Педагог сұрақтарды қояды: Бүгін біз нелерді салыстырдық? Заттар жалпақ, жіңішке, тағы қандай болады? №32 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, әлеумет. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Тәулік бөліктері. Мақсаты: тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтауға үйретуді жалғастыру. Міндеттері:тәулік бөліктерін – таң, күн, кеш, түнді атау және ажырату біліктерін бекіту; бұл терминдерді сөйлеу тілінде белсендіру; тәулік бөліктерін реттілігі туралы ұғымдарын қалыптастыруды жалғастыру; уақыт бойынша бағдарлана білуге үйрету; ертегіден үзіндіні тыңдап, шешуін табуға үйрету; мұқияттылығын, логикалық ойлауын дамыту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту; қайырымдылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: тәулік бөліктерін – таңертең, күндіз, кеш, түнді таниды және атауды; түсінеді: тәулік бөліктерінің реттілігін: таңнан кейін күн, күннен кейінкеш, кештенкейін түн, алтүннен кейін тағытаң келеді; 67 қолданады: суреттен тәулік бөліктерін дұрыс таба алу білігін, қарындашпен жұмыс істеу дағдысын. Құрал-жабдықтар мен материалдар: «тәулік бөліктері:таңертең, күндіз, кеш, түн» суреті, картоннан жасалған 4 терезелер (сары, ақ, жасыл және көк түсті): ұл бала қуыршағы;үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, терезе жапсырмалар; жай қарындаш. Сөздік жұмыс: таңертең, күндіз, кеш, түн. Билингвальды компонент: таңертен – утро, күндіз – день, кеш – вечер, түн – ночь. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері: «Таң». Қайырлы таң атты, Шуағын таратты. Достарым қасымда, Олармен көңілді. Балалар шеңберге тұрып, қимылмен келтіреді. Педагог: – Қай тәулік бөлігі туралы сөз болды? Таң не істеді? Біз де Күнге, бір-бірімізге күлімдейік. 2. Негізгі кезең. Күтпеген сәт. Қонаққа ұл бала келеді. Педагог қуыршақты көрсетіп, аты –Бегарыс екенін айтады. Бегарыс балалармен амандасады: «Қайырлы түн, балалар». Педагог: Қазір түн бе, Бегарыс? Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Бегарыс: Мен сондықтан көмек сұрай келіп отырмын, жақында мектепке барамын, бірақ мен тәулік бөліктерін ажырата алмаймын. Педагог: Келіңдер, балалар, Бегарысқа қашан таң, қашан күн, кеш, түн болатынын айтып, мектепке дайындайық. Қуыршақты мұқият тыңдап, есте сақтауы қажеттігін айтады. Ойын: «Сұрақ – жауап» Фланелеграфта суретпен жұмыс: тәулік бөліктері. Педагог: Мен сендерге сұрақ қоям, сендер жауап беріңдер: -Күн қашан оянады? (таңертен) -Күн қашан қыдырады? (күндіз) -Күн қашан шаршап, демалуға жатады? (кешке) -Күн қашан ұйықтайды? (түнде) Ал қазір таң. Бір-бірімізбен қалай амандасамыз? Әрине: «Қайырлы таң, Бегарыс, күн оянды», –деп амандасамыз. Фланелеграфқа, тәулік мезгілдері суретіне назар аударады: балалармен бірге тәулік бөліктерін атайды, адамдардың таңертең, күндіз, кешке, түнде не істейінін сұрайды. 2-3 баладан фланелеграфта белгілі бір тәулік бөліктерін көрсетуді сұрайды. Педагог тәулік бөліктерінің реттілігін атайды: таңнан кейін күн, күннен кейін кеш, кештен кейін түн, ал түннен кейін тағы таң келеді. Сұрақтар қояды: таңнан кейін қандай тәулік бөлігі болады? -Күннен кейінқандай тәулік бөлігі болады? -Кештен кейінқандай тәулік бөлігі болады? -Ал түннен кейінқандай тәулік бөлігі болады? Ойын: «Әйнектерді жапсыр». Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Педагог дәптерден тәулік бөліктерінің суреттерін тауып, балалармен бірге әрбірін саусағымен көрсетіп, атайды. 68 Тапсырма береді: әр суреттегі терезені тиісті түспен тәулік бөлігіне қарай жапсыр. Таңертеңгі терезе – әйнегі сары терезе, күндіз – әйнегі ақ, кеш –әйнегі жасыл,түн – әйнегі көк терезелерді өз орнына жапсыр. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. Фланелеграфта әрбір тәулік бөліктерінің қасына терезеге тиісті түстерді макеттен әйнектерді қояды. Оларды өз түстерімен салыстыруды сұрайды. Таң бөліктерін қандай түсті әйнекті жапсырғанын нақтылайды. Сөздік жұмыс: таңертең, күндіз, кеш, түн. Билингвальды компонент: таңертен – утро, күндіз – день, кеш – вечер, түн – ночь. Ойын: «Тығылған кім?» (2-тапсырма) Бегарыс балалардан мұқият тыңдап, мына үзінділердің қандай ертегіден екенін анықтауды сұрайды: Әтешім-ау, әтешім, Алтын айдар, уа, әтеш, Терезеден қарай ғой, Бұршақ берем, ала ғой. (Мысық, әтеш және түлкі ертегісі.) Педагог: –Бұл ертегі кейіпкерлері нелер екенін ата. Дұрыс! Бұл – мысық, әтеш және түлкі. Оларды дәптерлеріңнен табыңдар. Суреттегі сол жақтағы жануарларды атаңдар. Оң жақтағысуретте тығылып қалған жануарды атаңдар. Сергіту сәті: «Күн-түн» Балалар «Күн» дегенде ойнап, жүгіріп жүреді, «Түн» дегенде қатып немесе ұйықтап қалады. Ойын: «Үйдің суретін сал»3-тапсырма. Бегарыс сендерден нүктелер бойынша үйдің суретін аяқтап салуға көмектесуді сұрайды. Балалар тапсырманы орындайды. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. 3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. Бегарыс тәулік бөліктерін ажыратуға үйреткендерің үшін алғыс айтады. Енді ол бәрін жасайды, мектепке баруға дайын. Балалармен қоштасады. №33 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, коммуникация. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Біреу – көп. Бір-бірден, бірде -біреуі жоқ. Мақсаты: «Көп», «біреу», «бір-бірден», «бірде-біреуі жоқ» ұғымдарын ажырату дағдыларын жетілдіру. Міндеттері:балалардың заттардың саны туралы білігін бекіту және қорытындылау, сөйлегенде жиынтықты: «бір», «көп», «бірде-біреуі жоқ», «бір-бірден» сөздерімен бере білу білігін жетілдіру; топ бөлмесіндегі заттарды ажырата алуын, олардың санын– біреу, көп анықтай алу біліктерін бекіту; көзбен ақпарат алу арқылы жұмбақ шешуге баулуды жалғастыру; жұмбақ негізіне алынған поэзиялық салыстыруды түсіну, логикалық ойлауын дамыту; балалар арасында достық қарым-қатынасқа, оқу қызметіне қызығушылығын тәрбиелеуді жалғастыру. Күтілетін нәтижелер: 69 біледі: затты бөліп алуды және топтастыруды, біркелкі заттарды құрауды және бөліп алуды заттар тобын жасауды; түсінеді: бір зат қайда, көп зат қайда екенін; қолданады: «көп», «бір», «бір-бірден», «бірде-біреуі жоқ» түсініктерін біледі, сөйлегендеқолданады. Құрал-жабдықтар мен материалдар: доптары бар себет (1 доп – көк, қалғандары жасыл түсті, бала саны бойынша); үрленген шар макеті; үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жай қарындаш. Сөздік жұмыс: біреу, көп, бір-бірден, бірде-біреуі жоқ. Билингвальды компонент: біреу – один, көп – много. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері: «Күлімдейік». Шеңберге біз жиналдық. Сен досымсың, мен досыңмын. Қол ұстасып тұрамыз, Күлімдесіп қараймыз. Балалар шеңберге тұрып, қимылмен келтіреді. Күлімдей тұрып айтады. 2.Негізгі кезең. Педагог доп салынған себетті көрсетіп, сұрайды: –Балалар, ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Қозғалысты ойын: «Көп, біреу, бір-бірден, бірде-біреуі жоқ» Педагог үстел астынан доптары бар себетті алады. Сұрақтар қояды: Менің себетімде не жатыр? Себетте неше доп бар? Бір допты аламын. Менде бір көк доп бар. - Дәулет, допты ал. -Сен неше допты алдың? -Сенің добыңның түсі қандай? Сенің қолыңда бір жасыл доп бар. Қайтала. Әр баланың қасына барып, бір-бірден доп алуын сұрайды. Балалар допты алып, «Мен бір жасыл допты алдым», – деп айтады. -Себетте неше доп болды? -Енді қанша қалды? Себетте неше доп болды, енді қанша доп қалды? Қайталауды ұсынады. –Енді доптарды себетке қайта жинайық. Мен себетке 1 көк доп салдым. Әрбір балаға барып, добын себетке салуды өтінеді. Балалар себетке доптарды салады. Педагог сұрақтар қояды: Себетте неше доп болды? Біз бір-бірден салып едік, көп доп болды. Доптардың бәрі бірдей ме? Сергіту сәті: «Ойыншықтар». Доп. Доп. Домалақ. Қайда кеттің домалап? Сүт құйып ем күшікке, Төгіп кетті, обал-ақ. Балалар қозғалыстарды орындайды. Сөздік жұмыс: біреу, көп, бір-бірден, бірде-біреуі жоқ. Билингвальды компонент: біреу – один, көп – много. Ойын: «Кім зерек?» Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Жұмбақ жасырады: Мерекеге асығамын, Оларды жібінен ұстап: 70 Қызыл, сары, көгілдір Төбемізде қалқиды, Балалар үшін жоқ, … артығы. (Шар) Педагог үрленген шардың суретін көрсетеді. Дәптерден шардың суретін табуды сұрайды: –Дәптерде неше шардың суреті салынған? –Менің қолымда неше шар бар? Тапсырма: Жоғарыдағы шарлардың суретіне қарап, түстерін атауды ұсынады. Төмендегі шарлардың суретіне қарап, қандай түсті шар тығылып қалғанын атауды ұсынады. Ойын: «Бой жазу» Бір баладан себеттен бір жасыл допты әкелуді сұрайды. –Рақмет! Бір баладан себеттен көп жасыл допты әкелуді сұрайды. –Рақмет! – Балалар, олар менің айтқанымды дұрыс орындады ма? Барлығы әуелі бір саусағын, содан кейін көп саусағын көрсетуді сұрайды. Топтағы бір-бірден тұрған заттарды атаңдар. Топтағы көп болып тұрған заттарды атаңдар. Ойын: «Біреу – көп». 2тапсырма. Педагог дәптерден гүлсауытты, үстелді, гүлдер мен орындықтарды тауып көрсетуді сұрайды. Бұл заттардың қайсысы бір-бірден екенін атаңдар. Қайсысы көп екенін атаңдар. Тапсырма: суреттен бір-бірден тұрған заттарды қоршап сызуды тапсырады.. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. 3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. Ойын ұсынады: алақаныңды бір рет, содан кейін көп рет шапалақта. Аяғыңды бір рет, содан кейін көп рет топылдат. №34 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, әлеует. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Ұзын – қысқа. Кең – тар. Жуан –жұқа. Биік – аласа. Мақсаты: екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы, ені, биіктігі мен жуандығы бойынша салыстыра білуді бекіту. Міндеттері:ұзындығына, биіктігіне, еніне және қалыңдығына қарай салыстыруды жалғастыру; салыстыру нәтижелерін: ұзынырақ– қысқарақ, қалың – жұқа, биік –аласа, кең – тар сөзімен айту; салыстыру арқылы ойлау дағдыларын арттыру. Педагогтің нұсқауын дұрыс орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша бірдей екі әртүрлі және бірдей заттарды салыстыруды; түсінеді: заттар көлеміне қарай әртүрлі және бірдей болуы мүмкіндігін; қолданады: бірінің үстіне бірін қойып салыстыру дағдысын. Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: «Заттарды көлеміне қарай салыстыру» суреттері;картоннан макеттер (биік және аласа шыршалар, қалың және жұқа томарлар);ертегінің иллюстрациясы мен Маша мен аюдың ойыншықтары; жуандығы және түсі бойынша әртүрлі қарындаштар, ленталар ұзындығы бірдей, бірақ ені әртүрлі, үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жай қарындаш. Сөздік жұмыс: ұзын,қысқа, кең, тар, қалың, жұқа, биік, аласа. 71 Билингвальды компонент: ұзын – длинный, қысқа – короткий, кең – широкий, тар – узкий, жуан – толстый, жұқа – тонкий, биік – высокий, аласа – низкий. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ғажайып сәт. Педагог балаларға Маша мен аюойыншықтарын көрсетеді. –Балалар, бұл қай ертегінің кейіпкерлері? Ертегінің иллюстрациясын көрсетеді. –Бүгін біз Машаға атасы мен әжесінің үйіне баруға көмектесеміз. 2. Негізгі кезең. «Салыстыр және ата» ойыны. Фланелеграфпен жұмыс. «Заттарды көлеміне қарай салыстыру»;картоннан макеттер (биік және аласа шыршалар, қалың және жұқа томар). Педагог суреттерге қарауды ұсынады: қай қарындаш ұзын, қай мойынорағыш жалпақ, қай ағаштың діңі қалың, қай шыршаның биік, қайсысы аласа және т. б. «Дұрыс ата» ойыны. Демонстрациялық материалмен жұмыс. Педагог бір баланы шақырып, жуандығы бірдей, ал ұзындығы әртүрлі үш қарындашты салыстыруды ұсынады. Содан кейін ұзындығы бірдей, ал жуандығы әртүрлі қарындаштарды салыстыруды ұсынады. –Олардың қандай өзгешелігі бар? Үшінші баланы шақырады: ұзындығы бірдей, ал ені әртүрлі ленталарды салыстыруды ұсынады. –Олардың қандай айырмашылығы бар? Екі баланы шақырып, оларды бір-біріне арқасымен тұруларын сұрайды. Ал басқа балаларға кімнің биік, ал кімнің аласа екенін анықтауды тапсырады. «Ұзын – қысқа жол» ойыны. Жұмыс дәптері,1-тапсырма. Педагог дәптердегі суретке көңілдерін аударады. –Аюға қай жолмен жүру керек? Нақтылайды, аюға Машаның үйіне дейін бару үшін ұзын жолмен жүру керек. Тапсырма: Аю мен Машаға ұзын жолды көрсетіп, оны қарындашпен белгілеңдер. Балалар тапсырманы орындайды. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Сөздік жұмыс: ұзын,қысқа, кең, тар, қалың, жұқа, биік, аласа. Билингвальды компонент: ұзын – длинный, қысқа – короткий, кең – широкий, тар – узкий. Сергіту сәті: «Аю» Аю отыр партада, Екі қолы қалтада. Мұғалім сабақ сұраса, Ұйықтап қалды. Масқара!!! Балалар қозғалыстарды орындайды. Фланелеграфта жұмыс: «Дұрыс қой» ойыны:Биік – аласа, жуа – жұқа. (Картоннан макеттер: биік және аласа шыршалар, қалың және жұқа томарлар). Педагог: аю көмек сұрайды, ол ормандағы биік шыршаның қасында қалың томарлар, ал аласа шыршаның қасында жұқа томарлар қоюды сұрайды. Сұрақтарды қояды. «Маша қайда тұратынын тап» ойыны. 2-тапсырма. Аю Машаның ауылына келіп, оның үйін таппай жүр. Содан кейін Машаның атам мен әжем қақпағы кең үйде тұрады дегені есіне түсті. 72 Тапсырма: Кең қақпаны тауып, саусақпен көрсетулерін сұрайды. Кең қақпаның түсі қандай екенін айт. 3. Рефлексия. Педагог сабақты қорытындылап, балаларға рақмет айтады. Бүгін Машаның туған күні екенін айтады. Қуыршақты ортаға қойып, шеңбер құрып өлең айтуға шақырады. №35 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, қатынас, шығармашылық. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Алыс – жақын. Биік – аласа. Сол жақ – оң жақ. Мақсаты:өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтау,оң және сол жағын ажыратуды үйретуді жалғастыру. Міндеттері:өзінің айналасында және қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлану білігін бекітуді жалғастыру (алыс – жақын, жоғары – төмен, оң жақ – сол жақ); осы терминдерді сөйлеген кезде қолдану білігін бекіту; жапсырмамен жұмыс дағдысын дамыту; ойлау белсенділігін, елестетуін дамыту, мұқияттылығын, бір-біріне көмекке даярлығын тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: өзінің айналасында және қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлану дағдысын,тапсырмаларды орындауды, жапсырмамен жұмыс жасауды; түсінеді: жұмбақ негізіне алынған поэтикалық бейнелерді; қолданады: өзінің айналасындағы кеңістікте заттардың орналасуын анықтайды: сол жақ – оң жақ, алыс – жақын, жоғары – төмен, осы терминдерді сөйлеген кезде қолдануды. Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: ойыншық көбелек, жұмбақтары бар хатқалта, үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жай қарындаш, ұшақтары бар қорап, жапсырмалар. Сөздік жұмыс:сол жақ, оң жақ. Билингвальды компонент:сол жақ –левая сторона, оң жақ – правая сторона. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ғажайып сәт. Педагог: –Балалар, бізге көбелек қонаққа келді. Көбелекке жұмбақ, тақпақ айтып берейік. Көбелек балаларға рақмет айтады. 2. Негізгі кезең. «Балықты қоршап ал»ойыны. Жұмыс дәптері, 1-тапсырма. Педагог жұмыс дәптеріндегі балық пен қайықтың суретіне қарауларын сұрайды. Сары балықтар қайықтан алыс жүзіп жүр, ал көк түсті балық қайыққа жақын жүзіп жүр. Тапсырма береді: Қайыққа жақын жүзіп жүрген балықты қоршап сызуларын өтінеді.Балалар тапсырманы орындайды. Педагог балаларға көмектеседі. Сұрақтар қояды: –Қандай балықты қоршап сыздыңдар? Балықтың қайсысы қоршалмай қалды? «Ұшамыз ба?» ойыны. 2-тапсырма,жапсырмамен жұмыс: ұшақ, көбелек. Педагог ұшақтың биікте, ал көбелектің төменде ұшатынын балалармен бірге анықтайды. Ұшақ пен көбелектің жапсырмасын жақтаудың ішіне жапсырыңдар. Сұрақтар қояды: Ұшақ қай жерде ұшады? Ал көбелек ше? 73 Балалар тапсырманы орындайды. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. «Кірпі» – саусақтарымызды жаттықтырамыз. Кірпі, кірпі, кірпі, Үстің толған ине. Бірін берсең, шіркін Қадар едім түйме. Ө. Бейсекеева «Кірпіні тамақтандыр»ойыны. 3-тапсырма. Жапсырмамен жұмыс. Кірпі туралы жұмбақ жасырады: «Қолыңмен тиме, Үсті толған ине». (Кірпі) Педагог: Бұл жұмбақ не туралы? Кірпі немен қоректенеді? Тапсырма: Кірпінің оң жағына саңырауқұлақты, сол жағына алманы жапсыруды өтінеді. Сұрақтар қояды: Алманы қай жағына жапсырдыңдар? Саңырауқұлақты қай жағына жапсырдыңдар? Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. Сөздік жұмыс:сол жақ, оң жақ. Билингвальды компонент:сол жақ –левая сторона, оң жақ – правая сторона. 3. Рефлексия. Педагог ҰОҚ-ін қорытындылайды. Балаларды мадақтайды. Көбелек балаларға риза болып,рақметін айтып, оларға ішінде ұшақтары бар қорапты сыйлайды. Балалармен қоштасады. «Ұшақтар» ойыны. Педагог ұшақтар салынған қорапты үстелге қояды. Балаларға ұшақпен ойнауды ұсынады. «Биік» дегенде, балалар ұшақты жоғары көтереді, «төмен» дегенде, қолдарын төмен түсіреді, «ұшақтар» төмен ұшады. №36 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, шығармашылық. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Геометриялық пішіндер. Мақсаты: геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту: шеңбер, шаршы, ұшбұрыш. Міндеттері:геометриялық пішіндер үлгілерін қимақағаздағы бейнесінің үстіне салып қарауға жаттықтыру; қоршаған ортадан басқа да геометриялық пішіндерге ұқсайтын заттарды таба білуге үйретуді жалғастыру; геометриялық пішіндер белгілерін ажырата білу және атау білігін бекіту; пішінді оң қолымен алып, солдан оңға қарай қойып шығу білігін дамыту; «теңбе-тең» сөзін қолдануды үйрету; заттар мен пішіндерді көру-қозғаусезу тәсілдерімен зерттеу білігін дамыту; бақылағыштығын, назар аударуын тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: геометриялық пішіндерді ажыратады және атайды: шеңбер, шаршы, үшбұрыш; «сонша, неше...», «теңбе-тең» терминдерін; түсінеді: қоршаған ортадағы кейбір заттар геометриялық пішіндерге: шеңбер, шаршы және үшбұрышқа ұқсайтынын; қолданады: тапсырманың дұрыс орындалғанын тексеру үшін заттарды оңнан солға қарай үстіне қою әдісін қолдануды; жапсырмамен жұмыс жасау дағдысын, ұқсас заттарды табу дағдысын. 74 Құрал-жабдықтар мен материалдар:шаршы, шеңбер, үшбұрыш макеттері; «геометриялық пішіндер карточкасы»; әуен, құрсаулар – 3; геометриялық пішіндер салынған табақ;үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жай қарындаш және жапсырмалар. Сөздік жұмыс: шеңбер, үшбұрыш, шаршы. Билингвальды компонент: шеңбер – круг, үшбұрыш – треугольник, шаршы – квадрат. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Педагог: Бүгін біз геометриялық пішіндер еліне қонаққа аттанамыз. Келісесіңдер ме? Онда аттанамыз. 2. Негізгі кезең. «Шешуін тап және ата» ойыны. Педагог жұмбақ жасырады: Дөңгелек дөңгелейді, Доңғалақ доңғалайды. Олар неге ұқсайды? Әрине, бұл … (Шеңбер) Сұрақтар қояды: –Шеңберден басқа қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер? Фланелеграфпен жұмыс істеу. Педагог фланелеграфта ілулі тұрған әр геометриялық пішіндерді көрсетіп сұрайды. –Мынау қандай геометриялық фигура? Не нәрсе шеңберге ұқсас болады? Не нәрсе ұшбұрышты болады? Не нәрсе шаршы болады? Балалардың назарын суреттегі карточкаға аударады – жоғары жақта қанша шаршы болса, төменгі жағына солдан оңға қарай сонша шаршы орналастыру керек. Соны көрсетеді.(4 шаршы) «Өзіңнің карточкаңа жапсыр» ойыны. Жұмыс дәптері, 1-тапсырма. Педагог балаларға жоғарғы жолақта қанша геометриялық пішін болса, төменгі жаққа сонша геометриялық пішін жапсыруға тапсырма береді. Сұрақтар қояды: Төменгі жағына неше шаршы орналастырдыңдар? Төменгі жағында неше шаршы болды? Содан кейін төменгі жағына жоғарғы жағында неше дөңгелек болса, сонша дөңгелек жапсыруды ұсынады. (2 шеңбер). Төменгі жағына неше шеңбер жапсырасыңдар? Тағы да жоғарғы жағында неше үшбұрыш болса, төменгі жағына сонша үшбұрыш жапсыруды ұсынады (3 үшбұрыш). Төменгі жағына неше үшбұрыш жапсырасыңдар? Олар нешеу болды? Балалар тапсырманы орындайды. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. Сөздік жұмыс: дөңгелек, үшбұрыш, шаршы. Билингвальды компонент: дөңгелек – круг, үшбұрыш – треугольник, шаршы – квадрат. Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап» Кілем үстінде әр құрсаудың ішінде бір геометриялық пішіндерден: шеңбер, шаршы, үшбұрыш жатыр. Педагог балаларға табақтан бір геометриялық пішіндерден алуды ұсынады. Әуенді қосады. Кілем үстінде жүруді ұсынады. Әуен тоқтағанда, әрқайсысы өз үйіне жүгіріп кіруі тиіс (құрсау ішіне): қолында шеңбер барлар, шеңбер жатқан құрсауға, 75 қолында үшбұрыш барлар, үшбұрышқа, қолында шаршы барлар, шаршы жатқан құрсауға жүгіреді. Педагог балалардың дұрыс өз үйіне кіргенін тексереді. Содан кейін тағы әуенді қосады, балалар бұл кезде пішіндерді қайта табаққа салып, әуен аяқталғанда өз орындықтарына отыра қалады. Ойын: «Заттар қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?» (2-тапсырма). Балаларға суреттерді қарап, онда бейнеленген заттарды атауды сұрайды. Геометриялық пішіндеріне оларға ұқсайтын заттарға дейін сызып қосуға тапсырма береді. Балалар тапсырманы орындайды. Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. 3.Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. Топ ішіндегі геометриялық пішіндерге (шаршы, шеңбер және үшбұрыш) ұқсайтын заттарды табыңдар. Үш баланы шақырып, біреуіне топ бөлмесінен шеңберге ұқсайтын затты, екіншісіне шаршыға ұқсайтын затты, ал үшіншісіне үшбұрышқа ұқсайтын затты алып келуді өтінеді. 76 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Астана, 2016 ж. 2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты». Астана, 2016ж. 3. Абашин Э. А. Весёлые задачки: Арифметика для малышей /Ч.1-3. – М.: Дрофа, Наталис, 1998. 4. Береславский Л. Я. Азбука логики: Как помочь ребёнку учиться легко и с удовольствием. – М.: Астрель, АСТ, 2001. 5. Соколова Е.И. Весёлая математика для самых маленьких. Академия развития, 2002. 34 с. 6. Гик Е.Я. Занимательные игры и развлечения. – М.: Детская литература, 2001. 7. Дружинина М.В. Учусь считать. – М.: Дрофа, 2001. 8. Кузнецова Е.В. Занимательная математика для малышей, в стихах. М.: Ириас, 2006. 406 с. Серия: Учимся, играя. 9. Питер Кларк. Занимательная математика. М.: Астрель. 2008. 34 с. Серия: Учиться легко! Оригинальная система занятий знакомит малышей с простейшими математическими понятиями. 10. Игры, ребусы, загадки для дошкольников /Сост. Т.И. Линго. – Ярославль: Академия развития, 2001. 11. Кудакова Л.В., Губарева Ю.Н. 1000 игр и головоломок для дошкольников. – М.: Астрель, АСТ, 2000. 12. Козак О.Н. Игры с карандашом и бумагой. – СПб.: Союз, 2000. 13. Дмитриева В., Оковитая К. Математика для самых умных малышей. М.: Астрель, 2007. 56 с. Серия: Школа кота да Винчи. МАЗМҰНЫ Түсініктеме.......................................................................................................3 Ұйымдастырылған оқу қызметінің перспективтік жоспары...........................7 Ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі жоспарлары......................................13 Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................77 77 Оқулықбасылым Учебное издание Муханова Улпан Нуржановна Прмагамбетова Алия Абдибалитовна ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші кіші топ (3–4 жас) педагогтеріне арналған Әдіскер Б.С. Тажинова Редактор Л.С. Ахметова Сапасы жөнінде мына мекемеге хабарласыңыз: Қазақстан Республикасы, «Алматыкiтап баспасы» ЖШС, 050012, Алматы қаласы, Жамбыл көшесi, 111-үй, тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10. e-mail: alkitap@intelsoft.kz Сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай. Сертификация қарастырылмаған. Сақтау мерзімі шектелмеген. ФОРМИРОВАНИЕ ЭЛЕМЕНТАРНЫХ МАТЕМАТИЧЕСКИХ ПРЕДСТАВЛЕНИЙ Методическое руководство для педагогов второй младшей группы (3–4 года) по Типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения Методист Б.С. Тажинова Редактор Л.С. Ахметова С претензиями по качеству обращаться: Республика Казахстан, ТОО «Алматыкiтап баспасы» 050012, г. Алматы, ул. Жамбыла, 111, тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10. е-mail: alkitap@intelsoft.kz Соответствует всем стандартам качества и безопасности. Сертификация не предусмотрена. Срок годности не ограничен. 78