Uploaded by Арайлым Изтлеуова

1-тапсырма

advertisement
1-тапсырма. Қазақстандағы мектептер саны
Мектеп — жас ұрпаққа білім,тәрбие беретін мекеме,білім беру жүйесінің
негізгі буыны.Мұнда кішкентай жетілмеген жас бала тұлға болып шығады,оның
сана-сезімі қалыптасады,мектеп қабырғасында оқу-білім алып жаңа дүниелерді
үйренеді,қоршаған ортаны таниды.
Министрліктің хабарлауынша, 2021-2022 оқу жылында республика бойынша 7
385 орта білім беретін мектеп жұмыс істеді. Оның 6 942-і – мемлекеттік, 443-і –
жекеменшік мектеп.
Ішінде 151 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Алматы облысында – 56,
Атырау облысында – 10, Маңғыстау облысында – 18, Түркістан облысы – 11,
Батыс Қазақстан облысында – 10, Ақмола, Павлодар облысы мен Шымкент
қаласында үш ауысымда жұмыс істейтін 9 мектептен бар
Сондай-ақ жаңа 2022-2023 оқу жылында 24 мектеп екі ауысымда білім беруге
көшеді.«Биыл шамамен үш ауысымда оқытатын мектептердің саны 24 мектепке
қысқарып, олардың саны 127-ге дейін азаяды деп жоспарланған», - деп хабарлады
министрлік.
Жалпы білім беретін мектептер мемлекеттік және мемлекеттік емес болады
(басқа мемлекеттің меншігі, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының жеке
мектептері). Статистикалық есептілікте жалпы білім беретін мектептер келесі
тип бойынша топтастырылады: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі орта (5-9
сыныптар), жалпы орта (10-11(12) сыныптар), мектеп-интернаттар, дамуында
мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептер, түрлі пәндерді тереңдетіп
оқытатын мектептер, гимназиялар, лицейлер және т.б.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2022-2023 оқу жылында елімізде
3,6 млн бала мектепте білім алады. Балаларды 1-сыныпқа қабылдау науқаны
кезінде ата-аналардан 400 мың өтініш түскен. Өтініш берушілердің 70%-дан
астамы қазақ тілінде оқуды таңдаған. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 280
мыңдай балаға орын жетпейді. 2025 жылға қарай бұл сан 1 млн орынға жетуі
мүмкін. «1000 мектеп» жобасының аясында былтыр 270 мектеп салынса, биыл
225 мектепті қолданысқа беру көзделген.
Жыл сайын демография өсуде,сонымен бірге жыл сайын жаңа мектеп оқулары
ашылуда , мұғалімдердің құзіреттілігіне көп көңіл бөлінуде.Қазір дипломың
болсада арнайы тест жұмыстарын тапсырып,өз біліміңді дәлелдеуің керек.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мектептегі білім
жүйесін әрқашан жақсартып отырады
Download