Uploaded by шынар Серікқалиева

әдістеме 2

advertisement
Поликоммуникативті эмпатия деңгейін диагностикалау. Арналуы.
Сауалнама ата-анаға, жаунарларға, кәрі адамдарға,
балаларға, әдеби шығармалардың кейіпкерлеріне, таныстарынажәне таныс
емес адамдарға деген қатынастарды білдіретін эмпа-тияның 6 диагностикалық
шкаласынан құралған. Сауалнамада 36 бекіту бар, олардың әр қайсысы
бойынша зерттелуші өзінің келі-су және келіспеу дәрежесін бағалауы тиіс, ол
жауаптардың келесі 8 нұсқасын қолданады: «білмеймін», «ешқашан» немесе
«жоқ»,
«кейде», «жиі», «үнемі дерлік», «үнемі» немесе «иә». Жауптар- дың әр
нұсқасына сандық мән сәйкес келеді: 0,1,2,3,4,5.
Нұсқау: «Бірнеше сөйлемдерді бағалауға ұсынамыз. Сіздің жауаптарыңыз
жақсы немесе жаман деп бағаланбайды, сондық- тан ашық жауап беруіңізді
сұраймыз. Сұрақтар бекітулерді ой- лауға көп уақыт жұмсамаңыз. Ойыңызға
бірінші келеген жауап- тар сенімді деп есептелінеді. Бекітулерді оқып болған
соң, жауап парағында өз пікіріңізді келесі алты қатар бойынша белгілеңіз:
«білмеймін», «ешқашан» немесе «жоқ», «кейде», «жиі», «үнемі дерлік»,
«үнемі» немесе «иә».
Егер жұмыс кезінде зерттелушіде сұрақтар туындаса,
онда
экспериментатор зерттелушіге сұрақта бағдарлану үшін түсінді- ріп беру
керек.
Сауалнама
1. Маған «Танымал адамдардың өмірі» сериясынан шыққан кітаптарға
қарағанда, саяхаттар туралы кітаптар көбірек ұнайды.
2. Үлкен балаларды ата-ананың қамқорлығы ашуландырады.
3. Маған өзге адамдардың табыстар мен сәтсіздіктерінің се-бептері
туралы ойлау ұнайды.
4. Барлық музыкалық телебағдарламалардың орнына мен «Қа-зіргі
ритмдерді» қалар едім.
5. Науқастың шамадан тыс ашушаңдығы мен әділетсіз сөзде-ріне шыдау
керек, егер олар жылдап созылса да.
6. Науқас адамға сөзбен болсада көмектессе болады.
7. Екі адам арасындағы қақтығысқа бөтен адамдар араласпауы керек..
8. Кәрі адамдар себепсіз ренжиді.
9. Балалық шағымда қайғылы оқиғаны естігенде, менің көзімежас келетін
еді.
10. Менің ата-анамның ашулы күйі менің көңіл-күйіме әсер етеді.
11.Мен өзіме бағытталған сынды елемеймін.
12. Маған табиғат бейнеленген суреттерге қарағанда, портрет-терді қарау
көбірек ұнайды.
13. Мен үнемі ата-анамды кешіретін едім, олардың айтқанда-ры немесе
жасағандары дұрыс емес болса да.
14. Егер ат жүкті нашар тартса, онда оны ұру керек.
15. Мен адамдар өміріндегі драмалық оқиғалар туралы оқы- ғанда, сол
оқиғалар менімен болып жатқандай сезінемін.
16.Ата-аналар өз балаларымен әділетті қарым-қатынаста болады.
17. Мен ұрысып жатқан жасөспірімдер немесе ересектерді көргенде,
араласпаймын.
18. Өз ата-анамның нашар көңіл-күйне назар аудармаймын.
19. Мен істерімді жөнге қойып, жануарлардың жүріс-тұрысын ұзақ уақыт
бойы бақылаймын.
20. Фильмдер және кітаптар тек байсалды емес адамдарда ғана көз жасын
шақыра алады.
21. Таныс емес адамдардың түрлері мен мінез-құлықтарын ба-қылау маған
ұнайды.
22. Балалық шақта мен үйге үйі жоқ жануарлар мен иттерді алып
келтінмін.
23. Барлық адамдар негізсіз ашушаң болады.
24. Бөтен адамға қарағанда, оның өмірі болашақта қандай бо-латынын
елестетіп көргім келеді.
25. Балалық шақта менен кіші жастағылар соңымнан еріп жү-ретін.
26. Жарақаттанған жануарды көргенімде мен оған көмектесуге тырысамын.
27. Егер адамның шағымдарын ықыласпен тыңдасақ, ол жеңіл-деніп қалады.
28. Көше оқиғасын көргенде, мен куәгерлер қатарына енбеуге тырысамын.
29. Мен өз идеямды, ісімді немесе ойын-сауықты ұсынғанымменен кіші
жастағыларға ұнайды.
30. Жануарлыр өз қожайынының көңіл-күйін сезеді деп адам-дар
жануарлардың қабілеттерін асыра бағалайды.
31. Қиын қақтығыстық жағдайдан адам өзі дербес шығуы керек.
32. Егер бала жыласа, онда оған себептер бар.
33. Жастар кәрі адамдардың өтініштері мен оқылықтарын үне-мі орындау
керек.
34. Менің сыныптастарым неліктен кейде ойланғыш болаты-нын білгім
келеді.
35. Үйі жоқ жануарларды ұстап, өлтіру керек.
36. Егер менің достарым менімен жеке мәселелерін талқыла- ғысы келсе,
мен әңгімені басқа тақырыпқа аударып жіберуге ты-рысамын.
Нәтижелерді өңдеу.
Сенуге болатын мәліметтерді анықтаудан бастау керек. Бұл үшін сауалнама
сұрақтарының белгіленген нөмірлеріне нақты типтегі жауаптардың саны
қанша екенін есептеу керек:
«білмеймін»: 2, 4, 16, 18, 33;
«үнемі немесе иә»: 2, 7, 11, 13, 16, 18, 23.
Сонымен қатар, «үнемі немесе иә» жауабы келесі жұптардағы екі сұраққа
қанша рет алынғананын анықтау керек:
7 және 17, 10 және 18, 17 және 31, 22 және 35, 34 және 36;
«Үнемі немесе иә» жауабы келесі жұптардағы бір сұраққа қан- ша рет
алынғанын, а «Ешқашан немесе жоқ» жауабы сол жұп- тардағы екінші
сұрағына қанша рет алынғанын анықтау керек: 3 және 36, 1 және 3, 17 және
28.
Осыдан кейін жеке есептеулердің нәтижелері қосылады. Егер жалпы
қосынды 5 немесе одан да көп болса, онда зерттеуші мәлі- меттері сенімді
емес; 4-ке тең болған кезде, мәліметтер күмәнді; ал қосынды 3-тен кп болмаса,
онда зерттеуші мәліметтеріне се- нуге болады.
Сенімсіз және күмәнді нәтижелер болғанда, зерттелушінің зертеуге деген
қатынасының себептерін анықтаған жөн. Зерт- теуге қатыспау қалауынан
немесе ашық емес, қарама-қайшы жауаптарды алдын ала ниеттеліп беруден
басқа, сенімсіз нә- тижелер, мысалы, кейбір психикалық функциялардың
бұзы- луымен, сонымен қатар әлеуметтік инфантилизм мен шартта- луы
мүмкін.
Сенімді нәтижелер болғанда мәліметтердің кейінгі өңделуі эмпатия мен
оның деңгейінің сандық көрсеткіштерін алуға ба- ғытталады.
Аралықтардың біріңғай метрикалық униполярлы шкаласы де- шифраторкілтті пайдалана отырып, эмпатияның сипаттамасын алуға мүмкіндік береді;
бұл эмпатияның жеке құрамдас бөлікте- ріне сипаттама беретін және барлық
диагностикалық шкалалар- ды көрсететін мәліметтер негізінде жүреді.
Кілт
Саны
Шка
ла
Сұрақ нөмері
Эмпатияның көрінуі
I
Ата-аналарға
10,13,16
II
Жануарларға
19,22,26
III
Кәрі адамдарға
2,5,8
IV
Балаларға
25,29,32
Әдеби
шығармалардың
V
9,12,15
кейіпкерле- ріне
VI
Таныс емес адамдарға
21,24,27
Кесте көмегімен алынған ұпайлық бағалар негізінде эмпатия деңгейі
диагностикаланады.
Деңгей
Өте жоғары
Жоғары
Орта
Төмен
Өте төмен
Ұпайлар
саны
Шкалалар бойынша Тұтасымен
15
82-90
13-14
63-81
5-12
37-62
2-4
12-36
0-1
5-11
Эмпатиялық тенденциялардың даму шкаласымен нәтижені са-лыстырыңыз.
Эмпатияның деңгейлік сипаттамалары:
82ден 90 ұпайға дейін – бұл эмпатияның өте жоғары деңгейі. Сізде
эмпатияның өте жоғары деңгейі. Сізде бірге қосылып күй- зелу шамадан тыс
дамыған. Қарым-қатынаста сіз барометр се- кілдісіз, қасыңыздағы адамның
көңіл-күйіне қатты уайымдай- сыз. Адамдар өздерінің эмоциялық күйін сіздің
басыңызға үлкен ағыммен беріп жатқаны сізге ауыр тиеді.
Сіз «ауыр» адамдардың қасында өзіңізді нашар сезінесіз. Ере- сектер және
балалар сізге өз құпияларын айтады және сіздің ке- ңесіңізге құлақ асады.
Адамдарға жүк болудан қорқып, сіз кінә сезіміні жиі басыңыздан кешіресіз;
сөзбен ғана емес, бір қарауы- ңызбен де оларға тиіскіңіз келмейді.
Жақындарыңыз бен туыста- рыңыз үшін үнемі алаңдайсыз. Сонымен қатар
сізді ренжіту оңай. Жарақаттанып қалған жануарды көргенде зардап шегесіз
немесе бастығыңыздың суық амандасқанынан өзіңізге орын таба алмайсыз. Сіздің әсерлілігіңіз кейде ұйықыға жол бермейді. Сіз невро- тикалық
ауруларға жақынсыз. Өзіңіздің психикалық денсаулығы- ңызға қамқор
болыңыз.
63тен 81 ұпайға дейін – жоғары эмпатия. Сіз қоршаған адам- дардың
мұқтаждықтары мен проблемаларына сезімталсыз, көп нәрсені кешіруге
бейімсіз. Адамдарға қызығушылықпен қарай- сыз. Сізге болашыққа «алдына
ала қарау» және адамдардың бет- әлпетін оқу ұнайды. Сіз эмоциялық ашықсыз,
коммуникативтісіз, қатынастарды тез орнатасыз және барлығымен
шығысасыз. Ба- лалар да мүмкін сізге ұмтылатын шығар. Қоршаған адамдар
сіз- дің ашықтығыңызды бағалайды. Сіз қақтығысқа түспеуге және
компромиссті шешімдірді табуға ұмытыласыз. Сіз аналитикалық нәтижелерге
қарағанда, өз сезімдеріңізге және интуицияңызға се- несіз. Өзіңізге бағытталған
сын көзқарасты жақсы қабылдайсыз. Адамдармен жұмыс жасағанды
ұнатасыз. Өз әрекеттеріңіздің әлеуметтік мақұлдануын үнемі қалайсыз. Нақты
жұмыстарда сіз үнемі ұқыпты бола бермейсіз. Сізді тепе-теңдік күйінен
шығару қиын емес.
37 ден 62 ұпайға дейін – эмпатияның қалыпты деңгейі, адам- дардың
көпшілігіне тән. Қоршаған адамдар сізді «терісі қалың» деп атауы мүмкін,
бірақ сізді ерекше сезімтал адамдар қатарына да жатқызса болады.
Тұлғааралық қатынастарда өзгелер туралы олардың қылықтары, бойынша
бағалауға бейімсіз. Жеке әсерле- ріңізге сене бермейсіз. Сіз эмоциялық
күйлеріңізді өзіңіздің қада- ғалауыңыздың астында ұстайсыз. Қарымқатынаста сіз ықылас- тысыз, сөзбен айтылғаннан артығын түсінуге
тырысасыз бірақ сезімдердің шамадан тыс төгілуінің әсерінен шыдамыңыз
кетеді. Өз көзқарасыңызды сыпайы айтуды қалайсыз, оның қабылданатынына сенімді болмайсыз. Әдеби шығармаларды оқығанда жә- не көркем
фильмдерді көргенде кейіпкерлердің сезімдеріне емес, әрекеттеріне назар
аударасыз. Адамдар арасындағы қатынастар- ды болжауға қиналасыз,
сондықтан олардың әрекеттері сізге күт- пеген жағдайда орын алатындау
болып көрінеді. Сіз сезімдері- ңіздің ашықтығыңызбен ерекшеленбейсіз, және
бұл адамдарды тұтас қабылдауңызға кедергі жасайды.
12-36 ұпай - эмаптияның төменгі деңгейі. Сіз адамдармен бай- ланыс
орнатуда қиындықтарды басыңыздан кешіресіз, өзіңізді жәйсіз шулы ортада
сезесіз. Өзгелердің эмоциялық күйлері сізгі түсініксіз және мағынасыз болып
көрінеді. Адамдармен жұмыс
жасауға емес, нақты бір істі жеке өзіңіз жасағанды ұнатасыз. Сіз рационалды
шешімдердің жақтаушысы болып табыласыз. Сізде, мүмкін, достарыңыз аз, ал
бар достарыңызды ашықтығы үшін емес, іскерлік қасиеттері мен анық ақылыойы арқылы бағаай- сыз. Сізге ауыр болған жағдайларда адамдар да сізге назар
аудар- майды. Бірақ мұны өзгертуге болады, егер сіз ашылсаңыз және
жақындарыңыздың мінез-құлығына ықыласпен қарасаңыз және олардың
қажеттіліктерін өзіңіздікі секілді қабылдасаңыз.
11 ұпай және одан төмен – өте төмен деңгей. Эмпатиялық тен- денциялар
жақсы дамымаған. Әңгімені бірінші болып бастауға қиналасыз, әріптестеріңіз
қасында қамал секілді тұрасыз. Бала- лар және өзіңізден үлкен адамдармен
байланыс орнатуыңыз өте қиын. Тұлға аралық қатынастарда жәйсіз күйде жиі
боласыз. Қор- шаған адамдармен ортақ тіл табыса алмайсыз. Өнерге қарағанда,
спорттық
сайыстарды
ұнатасыз.
Іс-әрекетте
өзіңізге
бағытталып
шоғырланғансыз. Жеке жұмыста өте өнімді болуыңыз мүмкін, ал басқа
адамдармен өзара әрекеттестікте үнемі жақсы жағыңыздан көріне бермейсіз.
Сентименталды күйлерге әзілмен қарайсыз. Өзіңізге бағытталған сын
көзқарасты ауыр қабылдайсыз. Сізге сезімдер гимнастикасы қажет.
Download