«Жаратылыстану» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 3-сынып 2021-2022 оқу жылы І жартыжылдық Мазмұны 1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты .......................................................................... 3 2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар ................................ 3 3. Күтілетін нәтижелер ........................................................................................................................ 3 4. Ойлау дағдыларының деңгейі ......................................................................................................... 4 5. Ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін оқу мақсаттарын тоқсандар бойынша бөлу............................................................................................................................................. 5 6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі ............................................................................................... 5 7. Модерация және балл қою .............................................................................................................. 5 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ........................... 6 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ......................... 12 1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты Тоқсан бойынша жиынтық бағалау оқушылардың күтілетін нәтижелер мен тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған. Спецификация 3-сыныпта «Жаратылыстану» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды. 2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Жаратылыстану» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы 3. Күтілетін нәтижелер Білу: білім алушы күн жүйесінің ғаламшарларын және олардың ерекшеліктерін; Жер мен оның табиғаты туралы, Ғалам туралы негізгі жаратылыстану түсініктерін; ғылыми таным әдістерін: бақылау, эксперимент, тәжірибе; зерттеуді жоспарлау мен жүргізу барысындағы қауіпсіздік техникасы негіздерін; апатты табиғи құбылыстар кезінде әрекет жасау принциптерін; адамның, өсімдіктердің, жануарлар мен саңырауқұлақтардың өмірлік циклдерін; адамның, өсімдіктердің, жануарлар мен саңырауқұлақтардың негізгі органдарының құрылымы мен орналасу ерекшеліктерін және олардың функцияларын; өсімдіктердің, жануарлар мен саңырауқұлақтардың жіктелуін; фотосинтез процесінің негіздерін; жарықтың кейбір қасиеттерін; кейбір физикалық күштерді және олардың пайда болу себептерін; қуаттың кейбір түрлерін; Жер бетінде кеңінен таралған заттектердің құрамы мен қасиеттерін; түрлі денелердің қасиеттерін және олар қолданатын кейбір салаларды; пайдалы қазбалардың негізгі түрлерін және олардың маңызын, Қазақстан Республикасындағы пайдалы қазбалардың негізгі кеніштерін біледі; Түсіну: білім алушы қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың және Жердегі биоалуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын; жеке бас гигиенасын сақтаудың қажеттілігін; ағзаның қорғану функцияларын; табиғат компоненттерінің тірі ағзалар үшін маңызын; қоршаған ортаға енудің құралы ретіндегі ағзалар ерекшеліктерін; омыртқалы және омыртқасыз жан-жануарлардың қарапайым айырмашылықтарын; табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың қажеттілігін түсінеді; Қолдану: білім алушы табиғи объектілерді, процестер мен құбылыстарды зерделеу үшін кейбір зерттеу әдістерін; табиғи объектілерді, құбылыстар мен процестерді өлшеудің стандартты және стандартты емес бірліктерін; табиғи объектілерді, процестер мен құбылыстарды өлшеудің қарапайым құралдарын; жүргізген зерттеулерді түсіндіруге қажет тиісті ғылыми терминологияны; өзі тұрып жатқан жердегі өсімдіктер мен жан-жануарларды жіктеу үшін олардың қарапайым белгілері туралы білімді қолданады; Талдау: білім алушы табиғат компоненттері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; материалдарды қолдану мүмкіндіктерін айқындау үшін олардың қасиеттерін; белгілі бір аумақтың жануарлар мен өсімдіктер әлемін; алуан түрлі өмір сүру орталарының ұқсастығы мен айырмашылығын; өз зерттеулеріндегі және түрлі дереккөздерден алынған материалдарды талдайды; Жинақтау: білім алушы тірі және өлі табиғаттың объектілері мен құбылыстарына зерттеу жүргізуді жоспарлау және өткізу үшін алынған білімі мен дағдыларын; сурет, сызба, графиктер, диаграммалар, кестелер түріндегі ақпараттық материалдарды; қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты идеяларды; микро- және макроәлемнің объектілері, құбылыстары мен процестерінің имитациялық және географиялық үлгілерін жинақтайды; Бағалау: білім алушы табиғи объектілердің, құбылыстар мен процестердің даму факторлары мен жағдайын; адамның әрекеті мен қоршаған ортаның жағдайына ғылыми-техникалық прогрестің салдары; ғылыми-техникалық прогрестің адамның тіршілік әрекетіне әсері; жасалған болжамға өз зерттеулерінен алынған нәтижелердің сәйкестігін бағалайды. 4. Ойлау дағдыларының деңгейі Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну Қолдану Жоғары Деңгей дағдылары Сипаттамасы Тапсырма түрлері Ақпарат көзінің түрлерін, олардың артықшылығы мен кемшілігін, өсімдіктің қоршаған орта жағдайына бейімделу жолдарын, өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін, табиғаттағы жануарлардың КТБ – Көп қарым-қатынас түрлерін, адамның ішкі таңдауы бар ағзаларының орнын, адам ағзасының жүйелерін, тапсырмалар ауаның, судың, топырақтың қасиеттерін, ауаның/топырақтың құрамын, табиғи су көздерін ҚЖ - Қысқа біледі; омыртқасыз және омыртқалы жануарларды, жауапты қажет заттардың шығу тегі мен агрегаттық күйін, ететін физикалық күштерді және оның бағытын, тапсырмалар ажыратады; фотосинтез үдерісін, топырақтың рөлін, өсімдіктер мен жануарларды сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін, ғарышты зерттеудің маңызын түсінеді, Маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсерін, өз өлкесіндегі табиғат ҚЖ - Қысқа бірлестіктерін, Қызыл кітаптың рөлін сипаттайды; жауапты қажет адам ағзасы жүйелерінің рөлін түсіндіреді; ететін экспериментті жоспарлайды, жүргізеді және тапсырмалар нәтижесін диаграмма түрінде көрсетеді, табиғи ТЖ - Толық объектілердің, процестер мен құбылыстардың кейбір жауапты қажет сипаттамаларын өлшеуге арналған қарапайым ететін аспаптар мен тиісті ғылыми терминологияны тапсырмалар қолданады. Бақылау/эксперимент нәтижесі бойынша қорытынды ҚЖ - Қысқа жасайды, адам әрекеттерінің экожүйеге ықпалын жауапты қажет талдайды, өсімдіктер мен жануарлар арасындағы ететін өзара байланысты анықтайды; табиғатты қорғаудың тапсырмалар қажеттілігін дәлелдеп, аргумент келтіре алады, алған ТЖ - Толық білімін өмірдегі тәжірибесімен байланыстыра алады; жауапты қажет суды тазартудың тәсілдерін ұсынады; ететін тапсырмалар 5. Ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін оқу мақсаттарын тоқсандар бойынша бөлу Тоқсан І ІІ Барлығы 6. Білу және түсіну Қолдану 29% 29% 29% 57% 57% 57% Жоғары деңгей дағдылары 14% 14% 14% Жиынтық бағалауды өткізу ережесі Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, оқушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Оқушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін оқушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады. Оқушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Оқушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады. Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген оқушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады. Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет. Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін оқушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек. 7. Модерация және балл қою Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет. 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Жиынтық бағалауға шолу Ұзақтығы - 45 минут Балл саны - 16 Тапсырмалар түрлері: КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар; ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар. Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда оқушы ұсынылған жауап нұсқалары арасынан дұрыс жауабын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларға оқушы есептелген мәні, сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін оқушыдан тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін 7 тапсырмадан тұрады. 6 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы Бөлім 2-бөлім. Жанды табиғат Өсімдіктер 2-бөлім. Жанды табиғат Жануарлар Тексерілетін оқу мақсаты 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру 3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез процесінде оттек бөлуін түсіндіру Ойлау дағдылары ның деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма ның түрі* Орындалу уақыты, мин* Балл* Білу және түсіну 1 КТБ 3 3 Қолдану 1 ТЖ 8 1 1 ТЖ 7 2 1 КТБ 2 3 1 ҚЖ/ТЖ 7 2 1 ТЖ 8 2 1 ТЖ 10 3 45 16 3.2.1.4 адамның іс-әрекеттерінің Жоғары өсімдіктердің саналуандығына әсерін деңгей түсіндіру дағдылары 3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы Білу және бойынша ажырату түсіну 3.2.2.3 табиғаттағы жануарлардың өзара Қолдану қарым-қатынас түрлерін сипаттау; 3.2.2.5 тіршілік ортасындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жануарлар санының Қолдану өзгеруін түсіндіру 3.2.2.4 өсімдіктер мен жануарлар Қолдану арасындағы өзара байланысты зерттеу БАРЛЫҒЫ Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер 7 Бөлім бойынша балл саны 6 10 16 7 4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі «Жаратылыстану» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1-тапсырма. Шөл өсімдіктері судың жетіспеушілігіне қалай бейімделеді? 3 дұрыс тұжырымды анықтап, () белгіле . Тұжырымдар Тамырлары онша ұзын емес, шашақты болып келеді. Тамырлары өте ұзын немесе тармақталған болып келеді. Тамырларына, жапырақтарына, сабақтарына ылғал қорын жинайды Жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейімделген болады. Жапырақтары ұсақ әлі сирек, тікенді келеді немесе қалың етті, балауыз жабындысы бар болады Белгі [3] 2-тапсырма. Суретке қара. Фотосинтез үдерісі кезінде өсімдіктер оттекті қалай бөліп шығаратынын түсіндіріп жаз. Жауап: _____________________________________________________________________ [1] 3-тапсырма. Сұрақтарға жауап жаз. а) Адамдардың қандай әрекеттері өсімдік әлеміне зиян тигізуі мүмкін? 1-2 мысал келтір. __________________________________________________________________________ в) Бұл әрекеттер өсімдіктердің саналуандығына қалай әсер етеді? ___________________________________________________________________________ 8 [2] 4-тапсырма. Жануарлардың тіршілік ету ортасын анықтап, кестеге сәйкес нөмірін жаз. Тіршілік ортасы Орманды жерлер Далалы жерлер Таулы жерлер Нөмірлері [3] 5-тапсырма. Мәтінді оқы. Тоқылдақ пен борша тышқандар да тиіндер сияқты қылқан жапырақты ағаштардың дәндерімен қоректенеді. Осы жануарлар кейде тиіндерге үлкен пайдасын тигізеді. Сұрақтарға жауап жаз. а) Бұл жануарлардың арасындағы қарым-қатынас түрі қалай аталады? _________________ в) Бұл жануарлардың тиінге қандай пайдасы бар? __________________________________________________________________________ [2] 6-тапсырма. Суреттерге сүйеніп сұраққа жауап жаз. Тіршілік ортасындағы жағдайдың өзгеруі жануарларға қалай әсер етеді? 9 1) су тасқыны 2) суқоймалардың тартылуы 1) ______________________________________________________________________ 2) ______________________________________________________________________ [2] 7-тапсырма. Суреттерге сүйеніп сұраққа жауап жаз.. Өсімдіктер мен жануарлардың арасында қандай байланыстар бар? 3 мысал келтір. 1) _________________________________________________________________ 2) _________________________________________________________________ 3) _________________________________________________________________ [3] 10 Балл қою кестесі № Жауап Балл Қосымша ақпарат Әр жауапқа 1 балл қойылады. 3 1 2 3 Білім алушының ықтимал жауабы: Жапырақ тамыр арқылы топырақтан су және ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Күн сәулесінің әсерінен жапырақта оттек пен глюкоза түзіледі. Глюкоза - қоректік зат, ол өсімдіктің өсуі, дамуы үшін керек. Ал өсімдік оттекті ауаға бөліп шығарады. Ықтимал жауаптар: Адамдар жол, қала, зауыт пен фабрикала салады/жер жыртады/ ормандарды кеседі/дәрілік өсімдіктерді, жидектерді жинайды/гүлдерді үзеді/ормандарға қоқыс тастайды/өсімдіктерді таптайды/... Өсімдіктердің кейбір түрлері жойылып кетеді/ орман тоғайлар азаяды, сирейді/ табиғи бірлестіктер бұзылады/дәрілік өсімдіктер азайып кетеді/... 1 1 1 4 3 бәсекелестік Тоқылдақтар оларды ағаштың қуысымен қамтамасыз етеді/ Тиіндер қысқа борша тышқандардың жинаған қорын тауып алып, азық етеді. 6 Білім алушының ықтимал жауабы: Су тасқынынан көп жағдайда жануарлардың ініне су толады, бұзылады/балаларына қауіп төнеді/ Шөп арасындағы құстардың ұялары бұзылады/балапандарына қауіп төнеді/жойылып кетеді Суқоймалардың тартылуынан су өсімдіктері мен жануарлардың жойылуына/санының азаюына ықпал етеді/ Балықтар, су өсімдіктері жойылып кетеді/... 7 Білім алушының ықтимал жауабы: Өсімдіктер көптеген жануарлар үшін азық болады/Өсімдіктер ауаға оттек бөліп шығарады, ал оттекпен жануарлар да тыныс алады/.. Ағаштың қуысына тиіндер/үкілер т.б жануарлар өздеріне ін жасап алады/Ағашқа көптеген құстар ұя салады/ Аралар/көбелектер/жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандырады/Жануарлар өсімдіктердің тұқымының таралуына көмектеседі/... Барлығы 5 Баламалы жауаптар қабылданады. Әр жұп жауапқа 1 балл қойылады. 1 1 1 Баламалы жауаптар қабылданады 1 1 1 1 16 11 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Жиынтық бағалауға шолу Ұзақтығы - 45 минут Балл саны - 16 Тапсырмалар түрлері: КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда оқушы ұсынылған жауап нұсқаларының арасынан дұрыс жауабын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларға оқушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін оқушыдан тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін 7 тапсырмадан тұрады. 12 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы Бөлім 2-бөлім. Жанды табиғат Адам 3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері Тексерілетін оқу мақсаты 3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау 3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау 3.2.3.5 адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіру 3.3.1.1 заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу 3.3.2.2 ауаның жануды қолдайтын қасиетін сипаттау 3.3.3.2 судың негізгі табиғи көздерін салыстыру 3.3.3.6 судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру БАРЛЫҒЫ Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма ның түрі* Орындалу уақыты, мин* Балл* Білу және түсіну 1 ҚЖ 3 2 Қолдану 1 ҚЖ/ТЖ 5 2 Қолдану 1 ҚЖ/ТЖ 10 3 Білу және түсіну 1 ҚЖ 5 3 Қолдану 1 ТЖ 7 1 Бөлім бойынша балл саны 7 9 Қолдану 1 ҚЖ 5 3 Жоғары деңгей дағдылары 1 ТЖ 10 2 45 16 7 16 13 4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі «Жаратылыстану» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1-тапсырма. А және В әріптерімен көрсетілген адамның ішкі мүшелерінің атауын жаз. В А [2] 2-тапсырма. Суретке қара. Сұраққа жауап жаз. а) Суретте көрсетілген мүшелер адам ағзасының қай жүйесіне жатады? _______________________________________________ в) Бұл жүйенің адам ағзасы үшін рөлі қандай? ___________________________________________________________________________ [2] 3-тапсырма. Суреттерге мұқият қара. Адам ағзасын ауру мен инфекциядан қорғау тәсілдерін түсіндіріп жаз. 14 1) _________________________________________________________________________ 2) _________________________________________________________________________ 3) _________________________________________________________________________ [3] 4-тапсырма. Суретте көрсетілген заттардың агрегаттық күйін анықтап жаз. 1) __________________________________________ 2) __________________________________________ 3) _________________________________________ [3] 5 -тапсырма. Суретке қара. Ыдыспен жабылған балауыз шам неліктен сөніп қалды? Түсіндіріп жаз. Жауабы: _______________________________________________________________________ [1] 6 -тапсырма. Суреттерге қара. 15 1) 2) а) Суретте бейнеленген суқоймалардың атауын жаз. 1) _________________________________ 2) _________________________________ в) Олар бір -бірінен қалай ерекшеленеді? __________________________________________ [3] 7-тапсырма. Сұрақтарға жауап жаз. а) Адамдар суды не үшін пайдаланады? ___________________________________________ в) Суды неліктен үнемдеу қажет? ________________________________________________ [2] Балл қою кестесі № 1 2 3 4 Жауап А) бауыр В) жүрек Тыныс алу жүйесі Білім алушының ықтимал жауабы: Тыныс алу мүшелері ағзаны оттекпен қамтамасыз етіп, көмірқышқыл газын шығарады. Білім алушының ықтимал жауаптары: Денсаулықты сақтау үшін күн тәртібін сақтау керек. Күнделікті режимді сақтай отырып, адам белсенді бола бастайды, жұмыс қабілеттілігі мен денсаулығы артады. Дұрыс тамақтану - жақсы көңіл-күй және мықты иммунитеттің кепілі Дұрыс тамақтану өсуді, дамуды қамтамасыз етеді және денсаулықты нығайтуға көмектеседі Спортпен шұғылдану адамның денсаулығын нығайтады және физикалық дамуын жақсартады. Күнделікті жаттығулар жасау, құйыну арқылы иммунитетті нығайтуға болады. 1) қатты Балл 1 1 1 Қосымша ақпарат 1 1 Баламалы жауаптар қабылданады. 1 1 1 16 2) сұйық 3) газ тәріздес Жану кезінле ыдыстың ішіндегі оттек азайып, таусылады да, көмірқышқыл газы көбейеді. 5 Сондықтан ыдыстың астында тұрған балауыз шам жанбай, сөніп қалады. өзен 6 көл Олар суының құрамына қарай, ащы және тұщы суы арқылы ерекшеленеді/ олар көлемі/ұзындығы/тереңдігіне қарай әртүрлі болады Білім алушының ықтимал жауаптары: Адамдар күнделікті өмірде тек қана тұщы суды пайдаланады. Ол суды ішуге, ас әзіреуге, 7 жуынуға, шомылуға, үйді тазалауға т.б үшін қолданады/ Адамдар суды ішу, ас әзірлеу, жуыну, тазалау, электр энергиясын өндіру үшін, жүктерді және жолушыларды тасу үшін де пайдаланады. Адамдар да, өсімдіктер де, жануарлар да тек тұщы суды пайдаланада. Ал тұщы су жер бетінде өте аз кездеседі. Адамдар суды өте көп пайдаланады, сонымен қатар олар ластанады, тартылады, ақырындап азая береді. Сондықтан да суды үнемдеп қолдану керек. Барлығы 1 1 1 Баламалы жауап қабылданады. 1 1 1 1 Баламалы жауаптар қабылданады. 1 16 17