М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті СӨЖ Тақырыбы: «Әлеуметтік жұмыстағы стандарт және мониторинг» Орындаған: Абдуллаева Г. Тобы: МС 19-14К Қабылдаған: Зәкіртай Ұлжан 1. Стандарттаудың пайда болуы мен дамуының тарихи аспектілері. 1. Стандарттаудың қалыптасуы мен дамуы. 2. Қ.Р. стандарттардың мемлекеттік жүйесінің жасалу және енгізу жолдары. 3. Стандарттаудың әлеуметтік маңызы. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуына, халықтар арасында техникалық, ғылыми, мәдени, экономикалық-әлеуметтік қатынастар-дың дамуына байланысты халық шаруашылығының барлық салаларын стандарттауға көп көңіл бөлінуде. Әлемнің дамыған және дамушы елдерінде, халықараралық, аймақтық, ұлттық ұйымдар мен фирмаларда, түрлі кәсіпорындарда, өндіріс пен экономиканы, әлеу-меттік саланы басқаруда стандарттау өте қажет. Ғылым мен техниканың алға басуына, өндірістің дамуына байланысты, стандарттау принциптерін қол-данудың өрісі күннен-күнге кеңеюде. Ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі замандағы дамуы оның жетістіктерінің халық шаруашылығының барлық салаларымен, оның ішінде экономикалық-әлеуметтік саламен тығыз байланыстылығымен сипатталады. Себебі, барлық саланың жұмыстары күрделеніп, арасында қарым-қатынастар дамуда, қажетті шикізаттар мен материалдарға қойылатын талаптар өсуде. (Мысалы, халықтың әлеуметтік қорғауға деген талап, қажеттілік). Осыған байланысты, барлық бұйымдарды ғылыми зерттеуден бастап жобалау, жасау, қолдану кезеңінің барлығында, оның деңгейі мен сапасын басқару жүйесінде стандарттаудың рөлі өте күшті. 1926ж. Кеңес Одағында алғашқы мемлекеттік стандарттау жүйесі бидай өнімдері мен қара металдардың стандарттарын қабылдаудан басталды. Мемлекеттік стандартпен қатар, әрбір кәсіпорындар-да, министрліктерде, бірлестіктерде, ғылыми-зерттеу институтында, оқу орындарда стандарттау бөлімше-лері жұмыс істейді. Халық шаруашылығының кейбір салаларда стандарттау туралы арнайы ғылыми-зерттеу мекемелері бар, сол саланың жұмысының тиімділігін, деңгейін, сапалығын арттыру жолында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бәрінде стандарттау жүйесі қолданылады. Халық шаруашылығының барлық саласына қажетті стандарттарды арнайы ғалымдар мен мамандар жасайды. Мемлекеттік стандарттау жүйесінде стандарттау жөніндегі зерттеулерді арнайы ғылыми-зерттеу мекемелері жүргізеді. Жобалау, процестерді жетілдіру және мекемелерді басқару үшін өздерінің күнделікті жұмыстарда басшылар т.б. түрлі стандарттарды пайдаланады. Сөйтіп, халық шаруаларда жұмыс істейтіндердің бәрінің сол саладағы қызметтерістандарттардың талаптары мен ережелеріне сай жүргізіледі. Дүние жүзі халықтары арасында экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық болуы, қарымқа-тынастықтардың тиімді дамуы, халықаралық сауда процестеріндегі техникалық кедергілерді болдырмау жолдарында да стандарттау жүйесі ұйымдастырудың негізі болып табылады. Біздің елімізбен шетел арасында түрлі байланыстарды жетілдіріп тереңдету үшін стандарттаудың маңызы зор. Стандарттау туралы жұмыстардың барлығы стандарттаудың Мемлекеттік Жүйесінің ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Бұл жүйе халық шаруашылығының барлық саладағы стандарттау жұмыстарын реттеп, белгілі тәртіппен жүргізіп отырады. СМЖ-ның ережелері мен қағидалары мынадай мәселелерді қамтиды: 1) Стандарттаудың мақсаты мен міндеттері; 2) Стандарттауды жүргізудің әдістемелері; 3) Стандарттау жұмысын жоспарлаудың тәртібі; 4) Мемлекеттік, салалық, кәсіптік стандарттарды ж/е стандарттаудың нормативтік-техникалық құжаттардан жасаудың, ендірудің, оларға өзгерістен кіргізудің тәртібі; 5) Стандарттау обьектісі, стандарттаудың категория-сы мен түрлері; 6) Стандарттарды жасаудың, мазмұнын жазып дайындаудың біріңғай ережесі; 7) Стандарттарды ендіру мен бұзбай орындауды мемлекеттік қадағалау мен ведомстволық тексерудің тәртібі, т.б. Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің өрлеуі, өнім сапасының артуы үшін стандарттың ғлыми-техникалық деңгейі жоғары болуы қажет. Қазіргі заманға сай ондаған өнімнің біртектес түрлеріне қойылатын талаптарды анықтайтын стандарттарды жасауға шұғыл көшу қажет болды. Мұндай стандарттар ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кезеңдегі өсуіне сай. Болашақ талаптарға сай стандарттар ғылыми-зерттеу, жобалау, тәжірибеліктехналогиялық жұмыстардың нәтижелеріне негізделіп жасалынады, олар ғалымдар, конструкторлар, жобалаушылар т.б. ғылыми-техникалық жетістіктерін өндіріске енгізуге әсер етеді. Қазіргі кезде қай саладағы жұмыстың сапасын, тиімділігін арттыру, ол өте маңызды экономикалық, әлеуметтік ж/е саяси мәселе. Сондықтан бірге ғылым мен техниканың, дамуындағы, экономиканың дамуындағы негізгі проблемалардың бірі. Сапасын арттыру көптеген факторларға тәелді, олар: 1) зерттеу жұмыстарының дәрежесі; 2) тәжірибелік үлгілерді игеру; 3) тексеру мен сынауды ұйымдастыру; 4) дәрежесі мен тұрақтылығы; т.б. Сөйтіп, стандарттау жүйесінің рөлі қоғамның дамуымен, оның ғылымитехникалық өрлеуімен, кең көлемдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайлармен байланысты. Стандартаудың ғылыми-теориялық негіздерін, әдістемелері мен практикасын терең оқып-үйрену мәселесі, халық шаруашылығының барлық салалардағы басшы қызметкерді, кадрларды дайындауды, олардың кәсіби дәрежесін жоғарылатуда үлкен рөл атқаратын мәселе. Стандарттаудың, ғылым мен техниканың түрлі салалары сияқты ғылыми негізделген терминдері бар. Терминдегі ретсіздік мамандардың өзара түсінісуін, әдістемелік құралдарды жасауды қиындатады және халық шаруашылығын басқаруға электрондық-есептеу техникасын енгізуге кедергі жасайды. Қазіргі кезде терминдерді стандарттауға шет елдерде ж/е біздің елдерде көп көңіл бөлінеді. Терминдерді реттеу мен стандарттау проблемасымен ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, салалық ғылымизерттеу институт т.б. айналысады. “Стандарттау ” деген термин ұзақ эвалюциялық жолдан өткен. Стандарттау туралы біздің түсінігіміз ғылым мен техниканың, өндірістің даму сатыларымен байланысты. Ұлттық ж/е халықаралық деңгейдегі экономикалық байланыстың кеңеюімен стандарттау жүйесі де дамыды, соған байланысты терминдер анықталынды. Стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу комитетін (СТАКО) құрды. Бұл комитет алдына стандарттау терминдерінің анықтамаларын тағайындау мақсаты қойылды. Сөйтіп, стандарттау, стандарт, мамандандыру, үйлестіру (унификация), симплификаттау сияқты маңызды терминнің анықтамасы берілді. СТАКО ұсынған анықтамалар ИСО кеңесінде қабылданып, Мемлекеттік стандарттау жүйесі белгілеген анықтамалардың негізін құрды. ИСО құжаттарында стандарттау терминіне мынандай анықтама беріледі: “Стандарттау”-ғылым, техника және экономика салаларда көп рет қайталанатын және осы салалардың мақсаттарын тиімді дәрежеде ретке келтіретін мәселелерді шешу жолындағы әрекет. Жалпы алғанда, бұл әрекет стандарттарды жасау жариялау және оларды қолдану процестерінде орындалады. Ескерту. Стандарттау әрекетінің негізгі мақсаты өнімнің немесе қызмет көрсетудің функционалдық міндеттерінде жарамдылығын жақсарту болып табылады. Стандарттауды оның атқаратын жұмысының көлеміне байланысты ұлттық және халықаралық деп бөледі Ұлттық стандарттау-бір мемлекет ішіндегі стандарттау жұмыстары. Халықаралық стандарттау-бірнеше дербес мемлекеттің қатынасындағы стандарттау жұмыстары. Халықаралық стандарттаудың нәтижесінде халықаралық стандарттау жасалады, оларды сол дербес мемлекеттер тікелей немесе өздерінің ұлттық стандарттарын жасауда пайдалануда. Стандарт. Бұл терминді дұрыс анықтаудың мәні үлкен. Стандарттаудың халықаралық ұйымы (ИСО) мынандай анықтама береді: “Стандарт: мүдделі жақтардың бір-бірімен бірлесіп, келісімді немесе мақұлданған түрде жасаған, ғылым мен техниканың ж/е практикалық тәжірибесінің нәтижелеріне негізделген, қоғамның пайдасына бағытталған, стандарттау органикамен қабылданған техникалық құжаттар”. Бұрынғы Кеңес Одағында стандарттаудың ерекшесіне мынандай анықтама берілген: “Стандарт-өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтіктехникалық құжат:осы құжатты жасау, өндіру, пайдалану, сондай-ақ стандарттаудың басқа да обьектілеріне қойылатын талаптар туралы ережелер. Стандарттар материалдық обьектілерімен қатар, ұйымдастыруәдістемелік және қоғамдық сипаттағы обьектілерге де қатысты талаптар, нормалар, ережелер туралы құжаттар. Үйлестіру (унификайия) – стандарттау әдісінің бір түрі; Ол әдісте функционалдық міндеттері бірдей элементтерінің (типтер, түрлер, размер) жалпы саны орынды қысқартылады; Типтеу – стандарттаудың тағы бір әдісі; бұл әдісте типтік конструкциялық, техникалық, ұйымдастырушылық және басқа да типтік шешімдер жасап қабылданады. (кей ел-де симплификация). 2. Стандарттарды жасау процесі төмендегі сатыдан тұрады: 1-ші саты – стандарттар жасауды ұйымдастыру, стандарттарды жасауға қажетті техникалық тапсырмаларды бекіту; 2-ші саты – стандарттар жобасын жасау (1-ші редакциясын) ж/е оны пікір таласына беру; 3-ші саты – әртүрлі пікірлерді талқылау, стандарттың жобасын (соңғы редакциясын) жасап, оны бекітуге беру; 4-ші саты – стандарттардың жобасын талқылау, бекіту ж/е тіркеу. Ең жауапты саты – 1ші. Бұл саты стандарттың негізгі мазмұнын, прогресін көрсетеді. Техникалық тапсырмаларда стандартты жасаудың мақсаты, стандарттың мазмұны, талаптары (көрсеткіштер, нормалар, ережелер), басқа стандарттармен байланысы беріледі. Стандартты жасау жұмысының көлемі беріледі, қажет болған жағдайда жобаны негіздеу үшін ғылыми-зерттеу н/е экспериментальдық жұмыс жүргізіледі. Техникалық тапсырмаларда стандартау жобасымен келісетін, жобаны мақұлдаған мекемелер мен ұйымның тізімі беріледі. Техникалық тапсырманы жасау үшін стандарттың обьект туралы материалдарды отандық ж/е шетелдік техниканың жетістігін ескере отырып, зерттеп талдау қажет. Стандарт жобасын жетік мамандар сол саланың білікті кадрлармен бірлесе отырып жасауы қажет. Стандарт жасаудың маңызды сатысы оны талқылау. Талқылау жүргізетін ұйымдар мен мекемелердің саны жеткілікті көп және олар өкілетті болуы керек. Талқылау кезінде мүдделі жақтармен бірге тәуелсіз жақтың да пікірі ескерілуі тиіс. Стандарттаудың ақырғы жобасы стандарттың тиімділігін негіздейтін (техникалық-экономика) негіздерін ақпараттық картамен бірге бекітуге беріледі. Стандарттар бекітілу алдында Мемлекеттік стандарттың ғылыми-зерттеу институтының бірінде терминалдық және құқықтық экспертизадан өтеді. Мемлекеттік стандарттың стандарт жобасын бекіту өндіәріс немесе мекеме мен сол сала өкілдері қатысқан алқада өткізіледі. Мұнда стандарттың сол салаға байланысты деңгейі, негізделуі, стандартты енгізуге қажетті шаралар және енгізудің мерзімі қаралады. Мемлекеттік стандарттар стандарт баспасында басылып, таратылады. Стандарттар бекітілгеннен кейін министрліктер мен ведомствалар стандарттарды енгізу шараларының жоспарын бекітеді: осы жоспарға сәйкес мекемелер мен ұйымдар стандартты енгізудің ұйымшылдық-техникалық шараларын тағайындап іске асырады. Стандартта белгіленген нормалар, талаптар, ережелер, техникалық құжаттарда толығымен қамтылған және өндіріске қолданатын болса, өнімнің сапасы стандартта көрсетілген талаптарға сай болса, онда берілген стандарт енгізілді деп есептелінеді. 2. Нарық-әлеуметтік қызметтің көпқырлы кешенді жүйесі ретінде. Әлеуметтік стандарт түсінігі, мәндік сипаттары әлеуметтік жұмыс қоғамдық құбылыс ретінде. 1. Әлеуметтік қызметтегі стандарттарды жасау жә-не енгізудің нормативтері, мазмұны және принциптері. а) Стратегия және стандарттар. б) Мониторингті жасау жолдары. Әлеуметтік қызметте стандарттарды жасау жағда-яттар мен өзгерістерге стратегиялық жауап беру болып табылады. Стандарттарды жасау және оларды үнемі мониторинг жасау және қайта қарау әлеуметтік қызмет жүйесін стратегиялық жоспар- лаудың міндетті элементі болып табылады. Стратегияны жасауға басқару (биіктен) ұйым-дарының және әртүрлі комитет өкілдері қатысады, олар қолда бар ресурстарды неғұрлым тиімді қол-дануға ықпал етеді. Стандарттар икемді болуы тиіс, өйткені үнемі өз-геріп отыратын әлеуметтік саладағы, денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы жоспарлаудың өзгеріп отыруына байланысты сол жағдаяттарға бейімделгіш болуы қажет. Әлеуметтік қызмет стандарттары кәсіби іс-тәжі-рибеде қолдануға болатын нақтыланған болуы қа-жет. Стандарттарды енгізуге әріптестік нарық-қаты-настар жасаудың маңыздылығы орын алады, себебі әлеуметтік қорғау стандарттары тікелей көмекке іс-әрекет арқылы қамтылатын болғандықтан. Әріптестік басқару билігімен қатар жүргізілгенде ғана өз нәтижесін береді. Стандарттарды бекіту азаматтардың өмір сүру сапасын әлеуметтік қызмет көрсету, олардың тиімділігін арттыра отырып, экономикалық тұрғыдан әлеуметтік қызметтің бағытталғандығына байланысты болады. Стандарттар әлеуметтік қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылады. Стандарттар қызмет көрсету нәтижелігін емес, осы қызмет көрсетуші-лердің, қызметкерлердің жұмыстарын тиімді ұйым-дастыру болып табылады. Сондықтан: 1) Стандарттардың болуы әлеуметтік қызмет көр-сету сапасына кепілдік бола алмайды. 2) Стандарттар әлеуметтік қызмет көрсетудің әр-түрлі даму деңгейіне сәйкес қайта қаралып, өң-деліп, үнемі қайта жасалып отырады. Қызмет көрсету стандарттары-қызмет көрсету тұ-рақтылығын өлшейтін анықтауыш критерий болып табылады. Бұл критерийлер әлеуметтік қызмет басшылығымен мақұлданады. Стандарттың екі типі бар: • Құрылымдық (структуралық) стандарттар-қызмет құрылымына қатысты критерийлер. Мамандармен қамтамассыз етілуі, қаржыландыру және материал-дық ресурстар (құрал-жабдық, бөлме т.б.) • Функциональдық стандарттар-қызмет көрсету са-пасын көтеруге өз ісәрекетін бағыттаған персонал (маман) іс-әрекетіне қатысты критерийлер. Стандарттардың үш деңгейі: Минималды стандарттар-шектеулі жағдаятта жә-не ресурстық қызмет көрсетудің минималдық құ-рылымы. Оптималды стандарттар-шектелген және ресурс-тық жағдайындағы қол жеткізген тәжірибелерді айқындайды. Идеальды стандарттар шектелген және ресурстық жағдайындағы максималды мүмкіндігіне ие тәжі-рибелі айқындайды. Стандарттар белгіленген құрылымдағы қызметтің сәйкес келу, келмеуін өлшеу үшін қызмет етеді. Әрбір стандарт мақсат, іс әрекеттің мақсатқа сәйкес келуі, іс-әрекеттің бірыңғай болуы қажет. Әлеуметтік қызметтегі стандарттар облыс-тық, аудандық көлемде басқару билігі өкілдерімен қатар әлеуметтік қызметкерге қызмет көрсетудің бірізділік болуын қамтамасыз етеді. Стандарттар түсінікті және нақты болуы қа-жет. Олар ресурстар, қаржыландыру, заңнамалық талаптар және кадрлық ресурстарды бейнелеу қажет. Әрбір стандарт төмендегі критерийлерге жауап беруге міндетті. 1. Сандық бағалау мүмкіндігі. 2. Стандарттарды бір-біріне әлеуметтік саясаттық сәйкес келуі. 3. Стандарттарды әлеуметтік қызметіне көрсетілген мүдделі мен принциптеріне сәйкес келуі. 4. Шындық және нәтижелі келуі 5. Экономикалық тұрғының бағытталуы стандарттарды жасау-бұл кешенді үрдіс, оған басшылар және әлеуметтік қызметкерлер қатыспау, санымен қатар әлеуметтік қызметті алатын адамдардыңда көз қарасы есептелінеді. Әрбір стандарт мына талаптарға жауап беру қажет. 1. Санның бағалау мүмкіндігі 2. Анық, нақтылық 3. Нәтижеге қал жеткізуі Әрбір әлеуметтік қызмет көрсету жоспары жасалынады: 1. 2. Қызмет көрсететін қызметкер Қызмет көрсетуге қатысушы оның міндеті 3. Кәсіби бағдарламасы ұйым және жабу тәртібі 4. Стандарттардың ішкі мониторинг процедура-лары 5. Стандарттың басталу уақыты. 6. Жүзеге асқан қызмет түрлері. Әрбір стандарттар алты принципке сәйкес болуы қажет. 1. Стандарттар нақты қызмет көрсетуге қатысты. Әрбір әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары бөлек жасалады. 2. Функционалдық стандарттар тек қана нақты көмек алатындарға бағытталған. 3. Стандарттар қызмет (казночение) мәніне қарай сәйкес болады. Іс-әрекет, мониторинг стандарттар арқылы жүзеге асырылып, қызмет көрсету тиімділігін арттырады. 4. Жасалған стандарттардың түсінікті болуы оны қолданудың маңызды факторы болып табылады. 5. Барлық стандарттар қол жеткізуге болатын қажеттілік-яғни мамандарды тиімді жұмыс істеу талап етеді. 6. Барлық стандарттау эканомикалық мақсатқа бағытталған болуы қажет, яғни мамандарды қаржы ресурстарына сай болуы. Стандарттардың мазмұны. Құрылымдық және функционалдық стандартта әртүрлі, өзара байланысты мақсаты бар. Құрылымдық стандарттарға: а) Қызмет көрсеткіштері, қызметкерлер саны. ә) Қызметкерлердің кәсіби дайындығы және квалификациясы. б) Тәжірибесі в) Қаржыға қажет ресурстар г) Қызмет көрсетілетін тұлғаның қажеттілік денгейі сәйкес келуі д) Қызмет көрсету минималдық жағдаяты. 1) бөлме (здания) 2) құрал-жабдық 3) транспорт Әлеуметтік қызмет көрсететін стандарттар барлық қызмет түрлері үшін арнайы жасалу міндетті. Облыстық көлемдегі қызмет түрлері: а) қарттар үйі б) Балалар үйі, ақыл-есі кем балалар интернаты в) Психоневрологиялық интернат. Аудандық, ауылдық денгейде қызмет көрсету: а) тұрғындарға әлеуметтік қызмет ету орталықтары; б) қарттар, мүгедектерге әлеуметтік қызмет ету орталықтары в) мүмкіндігі шектеулі балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары г) балаларды әлеуметтік реабилитациялаудың оталықтары д) жалғыз басты қарттар үйі е) тұрғындардың әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының бөлімдері. Мониторинг Әлеуметтік стандарттар қызметінің көрінісіндегі сапасын тиімді мониторинг арқылы белгілеуге болады. Мониторинг – мақсаты қызмет тиімділігі және экономикалық үнемділігін жақсартуға бағытталады және әлеуметтік қызметтің стандарттарға сәйкес келу келмеуін анықтау болып табылады. Мониторингқа жауапты тұрғындарға қызмет көрсететін ұйым деректері болып табылады. Мониторинг ішкі және үнемі жүргізілетін бақылау және тексеру жүргізу үшін мониторингқа жауапты адамды тағайындайды. 3. Өмір денгейі және өмір сапасы-әлеуметтік экономикалық талдаудың базалы категориясы ретінде. Өмір сүру денгейінің әлеуметтік көрсеткіштері. 1. Қазақстандағы әлеуметтік қиындықтардың өсуінің негізгі проблемалары. а) Кедейшілік ә) Жұмыссыздық Қазақстанның дамуының қазіргі этапында көптеген әлеуметтік проблемаларды ішкі саяси және әлеуметтік тұрақтылықты анықтайтын белгілі бір қауіп төндіретін объективті факторлар құрайды. Әлеуметтік қиындықтың бастамасы 1993жылдан басталады, яғни елде жүргізілген саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар кезінде мемлекеттің әлеуметтік сферадағы қызметіне бірден шектеу қойылды. 1991-1993 жылы өтпелі кезеңінің қарама-қайшылығына алып келген халықтарды әлеуметтік қорғаудың ескі кеңістік жүйесі әлі қызметін жойған жоқ еді. 1993-1997ж мемлекеттік саясатта экономикалық тенденциялар басым болғандықтан, қоғамда әлеуметтік қайшылықтар өсіп кетті. Бұл әлеуметтік қорғаудағы мәселелер инфляция арқылы, бюджеттегі дефицит, өндірістегі стагнация, экономиканың көлеңкелі секторының көтерілуімен шешілуімен байланысты болды. Әлеуметтік сферадағы ұйымдар дәсдүрлі негізгі бар ресурстарын жоғалта бастады. Дәл осы кезеңде әлеуметтік сферадағы дотацияларда қысқарды, сонымен бірге мемлекет ұсынған осы сфераның қызметінің принциптері де, механизмі де тиімсіз болды 1998ж бастап бұл сферадағы жағдай біртіндеп теңеле бастады. Дәл осы жылдары мемлекет негізгі әлеуметтік мәселенің шешілуімен айналыса бастады, еңбек ақы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік трансферттермен байланысты. Мемлекеттік бюджетіндегі әлеуметтік саланың сақталуындағы шығындар әжептеуір көтерілді. Бұл әлеуметтік сфераның құлдырауын жеңілдетті. Басқа сөзбен айтқанда, барлық әлеуметтік параметрлерінің құлдырауы жүзуге жеткен жағдайда «парашютпен ұшу» процесі жүре бастады. Дәл қазіргі сәтте Қазақстан экономикасы тұрақтанды, экономикалық өсудің тұрақты темпіне жетті. Мұндай кезеңде әлеуметтік сфера өздеріне қатысты мемлекеттік саясаттың өзгерісін және адекватты реформаларды талап етті. Сонымен бірге әлеуметтік сфераның денгейін сапасын көтеру үшін стандарттау мәселесі уақыт күттірмейді. Азаматтардың әлеуметтік құқығын қорғаудағы мемлекеттің қызметі 2003ж әлеуметтік сауалнаманың қорытындысына сай келетін, актуальды проблемаларды шешу арқылы анықталады. Қазақстандағы әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету сферасындағы көкейтесті проблемалар: 1. Кедейшілік; 2. жұмыссыздық; 3. әлеуметтік кепілдіктің жетіспеуі; 4. адам құқығының бұзылуы; 5. ұлтаралық сферадағы проблемалар; 6. күрделі экологиялық жағдай