ТЕМПЕРАМЕНТ И.Павлов бастаған ғылым қайраткерлері темперамент адамның физикалық негізі жүйке жүйесіне негізделген бе деген мәселені бірнеше рет көтергенімен, эксперименттері ешқандай нәтиже бермеген. Дегенмен де, адамның жеке басының ерекшеліктері оның қай салада болмасын жетістікке жетуіне әсер ететіні дәлелденген. Яғни, темперамент дегеніміз – бұл тек физиологиялық қасиеттер емес, ол мінез, жеке тұлғалық қасиеттері мен алған тәрбиесінің нәтижесі. Темпераменттің төрт түрі бар 1. Сангвиник типінің ерекшелігі – үнемі көңілді жүру. Олар адамдармен қарым-қатынас жасайды және содан ләззат алады. Жалғыздықты қаламайды. Әрдайым достары көп. Кез келген істі қорықпай бастайды. Адамдармен тез тіл табысады. 2. Ал холерик типіндегідер «қауіпті». Жарылайын деп тұрады. Олар болмашы проблеманы жанына жақын қабылдайды. Эмоцияларын басқара алмайды. Және олардың көңіл күйін айналасындағылар бірден біле қояды. 3. Флегматик типіндегі адамдар салмақты, сабырлы, өзіне сенімді боп келеді. Олар күрделі жұмыстың өзін оңай жасай алады. Төзімді, асықпайды. Бірақ соған қарамастан, бәріне үлгереді. Өйткені жолында кедергі келтіретін дүниелерге аса мән бермейді. 4.Меланхолик типіндегілер – құдайдың құтты күнінде күйзелісте жүреді. Өмірдегі қуанышты, қайғылы жағдайлар күшті эмоция тудырады. Меланхоликтер өте сезімтал, өміріндегі болмашы оқиғаларға қайта-қайта уайымдай бергіш. Сондықтан әр сынақтан позитивті қорытынды шығара алмайды. Жоғарыдағы түсініктемеден байқағандарыңыздай, нақты мына типтегі адам осындай болады деген түсінік жоқ. Және адамның темпераменті оның ақыл-ой қабілетіне ешқандай кері әсер етпейді. ГИПОКРАТ БОЙЫНША ТЕМПЕРАМЕНТ Холерик - ширақ, қатты, ашуланшақ Сангвиник – энергиясы көп, көңілді, тез бейімделгіш Флегматик – жуас, баяу, салмақты Меланхолик – ұялшақ, өкпелегіш, мазасыз, сезімтал Аралас тип – холерик+сангвиник, сангвиник+флегматик, флегматик+меланхолик, холерик+сангвиник+флагматик араласып кетеді. ТЕМПЕРАМЕНТ ЖӘНЕ МІНЕЗ Адамның мінезі темперамент сияқты туа бітпейді. Мінездің қалыптасуына тәрбие, білім, орта, материалдық және психологиялық жағдай әсер етеді. Темперамент Мінез Генетикалық басым Өмір бойы білім алу Өмірдің әр кезеңінде білінеді Белгілі бір жағдайларға байланысты Ерте байқалады Тәрбиеге байланысты кешірек қалыптасады Жүйке жүйесінің ерекшелігіне байланысты Әлеуметтік жағдайлармен байланысты Әлемге деген қарым-қатынасын анықтамайды Әлемге қатынасын білдіреді Мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Өйткені мінез темперамент жақсы дамығанда қалыптасады. Темпераментке әсер етеді. Қиын жағдайдарда анық көрінеді Кез келген жағдайда байқалады Адамның мінезі өмірдегі түрлі жағдайға байланысты өзгеріске ұшырауы мүмкін. Ал темпераментке сәл ғана коррекция жасалады. МІНЕЗДІҢ БІРНЕШЕ ТИПІ БАР: 1. Гипертимді тип - сангвиник пен холерик темпераменті қосылған адамдар байқалады. Инициатива, белсенділік, тез тіл табысу, бір орында ұзақ отыра алмау және көшбасшылық қасиет басым. 2. Меланхоликтердің мінезі өзімен-өзі болатын типке жатады. Олар қорқақтау және ұялшақ боп келеді. Өздеріне басқалардың назар аударғанын қаламайды. Жалғыз қалғанда өздерін өте жайлы сезінеді. 3. Шиеленісті тип - холиктер мен флегматиктерде болуы мүмкін. Энергия, алған бетінен қайтпау, бастаған ісін соңына дейін жеткізу – бұл типтегі адамдардың ерекшелігі боп табылады. Бірақ соған қарамастан мұндай мінезді балалардың өз эмоциясын басқара алмайтынын да ескеруіміз қажет. Мысалы, ашуын. 4.Қорқақтық тип - меланхолик температиментіндегі адамдарда болады. Эмоциялар, шамадан тыс осал болу, кез келген сынды жүрегіне жақын қабыдау, адамдармен тіз табыса алмау. 5.Демонстративті мінез - сангвиниктердің холериктік белгілері бар типтеріне келеді. Әрқашан кез келген жерде, кез келген ортада өзіне назар аударту, көшбасшы болуға талпыну, айналасындағы адамдарға манипуляция жасағанды жақсы көреді. Фантазиясы күшті, ақылды. Бірақ нақты бір іспен айналыса алмайды. 6.Эмоционалды- тұрақсыз типке меланхоликтер жатады. Олар өте сезімтал, уайымшыл, жертва күйіне тез түседі. Оның көңіл күйі айналасының көңіл күйіне байланысты болады. 7.Мінезі тұрақсыз тип – көбіне тәрбие жетіспейтін сангвиниктерде болады. Ондай балаларды оқыту өте қиын. Олар бұл өмірде тек көңіл көтеру керек деп ойлайды. Және өмірге өте жеңіл қарайды. 8.Комфортты тип мінезге флегматиктер жастады. Ондай балалар тәртіпті болады. Барлық заттары өз орнында тұрғанын қалайды. Және оған ешкімнің тиіспеуіе қатты мән береді. Олардың өз жеке пікірі жоқ, сондықтан басқалар оларды оңай басқара алады. Флегматиктер - жуас және барлық нәрсені жай жасайтын жайбасарлар. Олар тез және шулап ойнайтын ойындарды жақсы көрмейді. Одан да өзінің бірнеше сүйікті ойыншықтарымен ойнайды. Темірдей тәртіп флегматиктердің қанында бар деуге болады: күн тәртібі өзгермеу керек, оның мазасын алатын артық қимылқозғалыстар болмағаны абзал. Бірақ флегматиктер лидер емес, көшбасшылыққа таласпайды. Олар тыныш әрі қалыпты өз әлемінде қала бергілері келеді. Жаңа дүниені, өзгерісті қабылдаулары қиын. Өйткені өзінің үйреншікті өміріне үйреніп алған. Меланхоликтер – сезімтал, жаңа дүниені қабылдауға қорқақтайды, бірақ бәрін білгісі келеді. Болмашы дүниеге өкпелегіш. Меланхоликтердің таңы әдетте көңілсіз басталады. Меланхолик типтегілер тамақты аз-аздан жейді. Олар айқай-шуды жақсы көрмейді. Өзі жалғыз, тыныш жерде ойнағанды ұнатады. Бала айналасындағы бір ғана адамға ғана сеніп, соған ғана өзінің ешкімге айтпаған сырын ақтаруы мүмкін. Меланхоликтердің достары аз болады. Өйткені олар өз жастарына қарамастан үлкендерше ой түйе алады. Сол себепті де кейде өз қатарластарынан үлкен көрінетін сияқты. АТА-АНАЛАРДЫҢ ТЕМПЕРАМЕНТІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ 1.Бала шұғыл тапсырма берілсе, бала: А. Тез реакция береді Б. Өте белсенді болады В. Тыныш, бірақ тапсырманы орындайды Г.Сенімсіздік танытады. 2.Өзінің атына жасалған ескертуді естіп: А. Енді олай жасамаймын деп уәде береді, бірақ қайтадан жасап қояды Б. Оған «тәрбие» беріп жатқанымыз ұнамайды В. Үндемейді Г. Қатты уайымдайды 3.Өз қатарластарымен араласқанда: А. Тез тіл табыса алады Б. Өз дегенін жасатады В. Өзіне сенімді және сабырлы Г. Жалтақтап тұрады, өзіне сенімсіз 4.Басқа жаққа барғанда: (мектепті т.б. достарды ауыстырғанда) А.Әдеттегідей белсенді. Психологиялық жағынан дайын Б. Шек тыс белсенді боп кетеді. В.Өзіне сенімді, сабырлы, бірқалыпты Г. Қатты мазасыз болады. Сипаттамадағы А типіндегі мінез сангвиниктерге, Б – холериктерге, В – флегматик, Г- меланхоликтерге келеді. Қандай жауап көп болса, сол баланың басты темпераменті болып саналады. ТЕМПЕРАМЕНТ ТҮРЛЕРІ Мінездеме Холерик Сангвиник Флегматик Меланхолик Өзін өзі бағалауы Біршама жоғары Жоғары Адекватты Төмен Жаңа дүниеге деген көзқарасы Жақсы Қызығушылық танытады Қажет етпейді Пессимистік Мақсатқа жету жолы Энергиясы көп, басымен кіріп кетеді Жылдам, кедергілерге қарамайды Жайбасар, бірақ табанды Әлсіз, кедергілерден қашып жүреді Сынға көзқарасы Қабылдауы қиын Қалыпты Оған бәрібір Өкпелегіш БАЛА ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҮШІН ОНЫҢ ТЕМПЕРАМЕНТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІГІН ЕСКЕРУ КЕРЕК: 1. Сангвиник балаға нақты күн тәртібін белгілеп беру керек. Өйткені мұндай балаларды белгілі бір дүниеге қызықтыру үшін үнемі қолдап, қызықтырып, дамытып отыру маңызды. Сангвиник баланы үлкендер үнемі қадағалап отырулары керек, бірақ оған байқатпай, баспай. 2. Ал холерикпен өзіңе сенімді, ешқандай артық эмоциясыз талабыңды айтуыңа болады. Бала нәтиже шығаруға талпынғанда сынамай, тек мақтап қолдау көрсеткен дұрыс. 3. Флегматикке эмоция көрсетуге болады. Ол оған ренжімейді. Бірақ балаға махаббатыңызды білдірсеңіз, ол өзін жақсы сезінеді. Флегматикке тапсырма беруге болады және беру де керек. Бірақ алдымен қалай жасау керегін көрсетуіңіз қажет. Баланың өз пікірін қысылмай айтуына да көмектесуіңіз керек. 4. Меланхоликтерді көп және жиі мақтау керек. Балаға арнап «құрмет тақтастын» жасауға да болады. Ол жерде мақтау қағаздары, салған суреттері т.б. жетістіктерін алған марапаттары тұрсын. Сол кезде кезде баланың самооценкасы өседі. Мұндай балаларды сынау және жазалау қауіпті. Өйткені олар сары уайымға салынып, өздеріне бірден сенімсіз боп қалады. ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІ Мектеп жасына дейін балада түрлі ойлау типі пайда болады. Бірінен екіншісіне ауысып жатады. Ойлау қабілетінің ерекшелігі баланың есейгенге дейінгі алған білімі мен тәжірбиесіне тікелей байланысты. Ойлай білу, түсіну балада дүниеге келгеннен кейінгі бірінші айда-ақ қалыптасады. Бала өміріндегі ең алғашқы сылдырмақ ойыншығы, онымен ойнауы, осының барлығы адам мен заттың арасындағы байланысты білдіреді. Кездейсоқ әрекеттер одан сайын қызығушылық тудырады да, ол әрекетті қайтадан қайталайды. Мысалы, сылдырмақтың дыбыс шығаратынын біліп, бала одан сайын сылдырлатады. Кішкентай баланың ой қабілеті «саналы» түрде дамымайды. Ол тек жасаған әрекеттерін қайталай береді. Бала тек жүре бастағанда ғана физикалық белсенділігі артады. Сол кезде ойлау қабілеті де дами бастайды. Бұл этап бала екі жасқа келгенде басталады. Яғни ойлау қабілеті әрекет жасағанда дамиды деген сөз. Мидың саналы жұмысынсыз-ақ. Ал интеллектісі бала ойын ойнағанда, танымдық білім алғанда, бір нәрсе жасағанда дамиды. Бала жаңа білім алған сайын ойша ойлана бастайды. Ал бес жасқа келгенде анализ жасауды, салыстыруды үйренеді. ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ: БАЛАНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢІ Мектеп жасына дейінгі баланың ойлау қабілеті. Мектеп жасына дейінгі балада келесі ойлау қабілетінің типі болады: Әрекетке қабілетті, баланың қиялынан туындайды: ол 1-2 жастағы балаларға тән. Көрнекі-бейнелі, Балада бұрыннан бар білім негізінде дамиды: ол 3-4 жастағы балаларға тән. Сөздік-логикалық, Бала мақсатына жету үшін бұл кезде сөйлей алады: ол 5-7 жас аралығындағы балаларға тән. Әрекетке қабілетті ойлау қабілеті Мектеп жасына дейінгі ең кішкентай баллалар ойыншықтарды сындырғанды жақсы көреді. Олар ішіндегі жаман энергияны шығару үшін олай жасамайды. Агрессорлар емес, зерттеушілер! Балаға айналасындағы заттар қызық. Сол себепті ол ұстап көріп, шашып-жинап көруге қызығады. Бір кезде бірнеше әрекет жасайды. Бұл жерде сөйлеуі де маңызды емес. Себебі бұл кезде бала өзінің қызығушылығын, жасаған әрекетін толық түсіндіріп бере алмайды. Бала әр заттың бөлшегін зерттегендіктен қолымен ойлайды деуге болады. Көрнекі-бейнелі Бала 3-4 жасқа толғанда ойын ойнағанда белсенді қолдануға болатын бірнеше образды біледі. Бір уақытта әрекетке қабілетті ойлау қабілеті дамиды да, көрнекі-бейнелі ойлауы соның жалғасы іспетті боп кетеді. Сөздік-логикалық Мектеп жасында дейінгі 5 жасар балалар анық сөйлейді. Ақпаратқа анализ жасап, оған жауап бере алады. Ойын ойнағанда сөзді қосады. Күнделікті өмірде сөйлеу арқылы қалаған затына тез қол жеткізе алатынын біледі. Абстрактілі-символикалық Бұлай ойлау арқылы бала заттың маңызды қасиеттерін, маңызды еместерінен ажырата алады. Бала белгілі бір затты басқасына ауыстыруға болатынын түсінеді, егер ол бірдей сипаттамалық белгілерге ие болса. Шығармашылық ойлау қабілеті (креативті) Шығармашылық жас ерекшелік пен ешқандай шекараны білмейді. Бала 2 жасында да, 6 жасында да қамал сала алады. Пластилинды мыжып ойнап, ақ қағазға бояумен қиялындағы кез келген суретті ойланбастан салады. Бала бұл кезде қиялына ерік беріп шығармашылықпен айналысады. Сондай-ақ, балалар бұл жаста өлең айтады, билейді.