1. Ақша легі дегеніміз не? А) шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады. В) ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп түсуі мен шығуы С) банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшелері үшін ашылады. Д) қолма-қол нақты ақша айналысы бойынша барлық операцияларды орындаушы және рәсімдеуші кәсіпорынның жеке бөлімшесі 2. Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары? А) төлем тапсырмасы; чек; вексель;талап-төлем тапсырмасы; В) вексель; төлем; қолма-қол ақша; С) касса; банктік шоттар; бағалы қағаздар; Д) төлем тапсырмасы; ақша қаражаттары; 3. Қолма-қол нақты ақша айналысы бойынша барлық операцияларды орындаушы және рәсімдеуші кәсіпорынның жеке бөлімшесі қалай аталады? А) Аккредетив В) Банктік шоттар С) Касса Д) Төлем балансы 4. Осы заманғы ақша жүйесі неше түрге ажыратылады? А) 2 В) 5 С) 4 Д) 3 5. Төлем жасаушы тұлғаның банктегі шотынан оның келісімінсіз ақшаны төлетудің әдісі қалай аталады? А) Инкассалық үкім В) Кассалық үкім С) Аккредиттеу Д) Талап - төлем әдісі 6. Кез-келген нысандардағы кәсіпорындар меншігіндегі акша қаражаттарын қайда сақтайды? А) Бағалы қағаз түрінде сақтайды В) Депозиттерде сақтайды С) Банктерде сақтайды Д) Кассада сақтайды 7. Банк шоттары дегеніміз не? А) банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асыратын әдіс. В) банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшелері үшін ашылатын әдіс. С) Төлем жасаушы тұлғаның банктегі шотынан оның келісімінсіз ақшаны төлетудің әдіс. Д) бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. 8. Қазіргі заманғы ақша жүйесінің бір түрін көрсетеңіз. А) қолма - қол ақша В) металл ақшалар С) бағалы қағаздар Д) банктік шоттар 9. Қолма-қол накты ақшамен есеп айырысу және ақшаға тән құжаттарды сактау үшін әрбір кәсіпорында не болуы керек? А) Есеп шоттары В) Бухгалтериясы С) Кассасы Д) Бағалы қағаздары 10. Акшаның дұрыс сақталуына кім тікелей жауапты? *А)* Кәсіпорын басшысы В) Есеп бөлімінің басшысы С) Бухгалтер Д) Әкімшілік бөлімі 11. Аккредитив ашу туралы екі кәсіпорынның арасындағы келісімшартта қарастырылған келісімдерді жабдықтаушы кәсіпорынның келісімінсіз жоюға немесе өзгертуге болмайтын аккредитив қалай аталады? А) ’’Өтелінген аккредитив’’ В) ’’Өтелінбеген аккредитив’’ С) ’’Кері шақырылатын аккредитив’’ Д) ’’Кері шақырылмайтын аккредитив’’ 12. Телефон, телеграф немесе компьютерлер арқылы банк мекемелерінің арасында ақша қаражаттарын аудару әдісі қалай аталады? А) Банктік төлем жүйесі В) Электрондық төлем жүйесі С) Онлайн төлем жүйесі Д) Қолма-қол төлем жүйесі 13. Кассадағы ақшалар есебі қандай шотта жүргізіледі? А) 1010-«Кассадағы ақша қаражаттары» деген пассивті шотта В) 1030 - "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты" деген активті шотта С) 1010-«Кассадағы ақша қаражаттары» деген активті шотта Д) 1030 - "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты" деген пассивті шотта 14. Банктегі ақша қаражаттарының есебі қандай шотта жүргізіледі? А) 1010-«Кассадағы ақша қаражаттары» деген пассивті шотта В)1030 - "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты" деген активті шотта С) 1010-«Кассадағы ақша қаражаттары» деген активті шотта Д) 1030 - "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты" деген пассивті шотта 15. Кәсіпорынның заңды немесе жеке тұлғаға аккредитивте көрсетілген келісімшарттың орындалғандығына қарай белгіленген соманы төлеу туралы тапсырмасы қалай аталады? А) Аккредитив В) Депоненттелген аккредитив С) Депоненттелмеген аккредитив Д) Аккредиттеу 16. Еңбекақы төлеуге есеп айырысу шотынан кассаға түскен аударылым А) Дт 3350, Кт 1030 В) Дт 1030, Кт 3350 С) Дт 1010, Кт 3350 Д) Дт 1010, Кт 1030 17. Банк пен клиенттер арасындағы келісім шарттың қатынастарын көрсететін әдіс … деп аталады. А) Инкассалық үкім В) Банк шоттары С) Есеп айырысу Д) Қолма қол ақшасыз есеп айырысу 18. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол … болып бөлінеді. А) төлем тапсырмасы; чек; вексель;талап-төлем тапсырмасы; кеден және салық қызметінің органдарының инкассалық үкімдері В) ’’кері шақырылатын’’ және ’’кері шақырылматын’’ С) ағымдық, жиынтық және корреспонденттік Д) ’’өтелінген’’ (депоненттелген) және ’’өтелінбеген’’(депоненттелмеген) 19. Субъект шоттарындағы қаражат кімнің әмірі бойынша есептен шығарылады? А) Олардың иелерінің әмірі бойынша В) Мерзімі жеткен кезде банктің әмірі бойынша С) Кредиторлардың Д) Ортақ келісіммен 20. Есеп айырысу шотынан алынған тауар үшін ақша төленді. А) Дт 1330 Кт 1010 В) Дт 1310 Кт 1030 С) Дт 1250 Кт 1030 Д) Дт 1330 Кт 1030 Жауаптары: 1. В 2. А 3. С 4. Д 5. А 6. С 7. Д 8. В 9. С 10. А 11. Д 12. В 13. С 14. В 15. А 16. Д 17. В 18. С 19. А 20. Д