8. Спортшылардың техникалық және тактикалық дайындығына бақылау жасаудың метрологиялық негіздері Техникалық дайындыққа бақылау жасау Техникалық дайындыққа немесе техникалық шеберлікке бақылау жасау дегеннің мәні спортшы не жасай алады және осы уақытка дейін меңгерген қимыл - қозғалыстарын қалай орындай алады дегенге келіп саяды. Техникалық шеберлікке бақылау жасаудың негізгі екі әдісі бар: көзбен шолып бақылау және аспап аркылы бақылау. Көзбен шолып бакылау жалпы кең тараған әдіс және спорт ойындарында: жекпе - жекте, гимнастикада, конькимен мәнерлеп сырғанауда және спорттың басқа да көптеген түрлерінде негізгі әдістердің бірі болып табылады. Техникалық шеберлікті көзбен шолып бақылау екі түрлі әдіспен жүргізіледі: спортшының әрекетін тікелей бакылау барысында және видиомагнитофон техникасының көмегімен. Екінші әдіс соңғы кезде кеңінен таралып келеді. Оның себебі мына төменгі жайларға байланысты: 1. Спортшының кимыл - қозғалысын сол калпында жазып алу. 2. Видиотехника жүйелі түрде жазып алып отырған жағдайда қимыл козғалыстың видиотехникасы қолда болады және олардың динамикадағы техникасын талдауға болады. 3. Стоп - кадрды пайдаланып, сондай-ақ қимыл қозғалысты жайлап көрсете отырып талдаудың сенімділігін, нактылығын арттыру. 4. Бақылау процесіне жарасу жағдайынын әсерін жою. Спортшылардың техникалық шеберлігінің көрсеткіштері Техникалық шеберлікті аспап арқылы бақылау техниканың биомеханикалық сипаттамасын өлшеуге арналған. Тұтастай алғанда уақыт, жылдамдық және қимыл - қозғалыстың жылдамдауы немесе онын жекелеген фазалары, қимыл - қозғалысты орындаған кезде дамитын күш - жігер, дененің немесе оның сегметтерінің жағдайы тіркеліп отырады. Тіркелген көрсеткіштер талданады (графоаналитикалық математика - статистикалық және т.б. талдаулар), талдау нәтижелерін спорттық техниканың тиімділігіне критерий ретінде пайдалануға болады. 1 Техниканың көлеміне жасалатын бақылау Техниканың көлеміне спортшының машықтану жаттығуларында және жарыстарда орындайтын қимыл - әрекеттермен жалпы санымен анықталады. Техниканың жарасу көлемі варияциялы және қарсыласының квалификациясына, сайыс тактикасына және тағыда баска жағдаларға тәуелді. Мысалы, жоғары лиганың футбол командасының ойыншылары орындайтын ойынның оптимальды көлемі 600 - 800, ал футболдан Қазахстан кұрама командасының ойыншылары орындайтын ойынның оптимальды көлемі 800 900. Қарсыластары әлсіз болса ойын көлемі 1000-нан асып кетеді, ал күштілермен ойнағанда 500 - ге де жетпей қалады. Спортшы техникасының машықтану көлемі оның потенциалдық мүмкіндіктерін көрсетеді, ал жарысу көлемінің машықтану көлеміне катынасы бұл мүмкіндіктерді жүзеге асыру болып табылады. Техниканың әр жақтылығына бақылау жасау Спортшының техникалық дайындығының әр жақтылығы спортшы меңгерген қимыл - қозғалыс әрекеттерінің деңгейінің әр түрлілігінен анықталады. Әдетте машықтанудың әр жақтылығы жарыстың әр жақтылылығынан жоғары болады. Бұл жағдай бәсекелесі өзімен тең болған жағдайда спортшының жауапты кездесулерде техникалық тәселдерінің шектеулі санын (кейде бір - екі) пайдалануымен байланысты. Техниканың тиімділігіне бақылау жасау Спорттық қимыл - козғалыс техникасының тиімділігі оның жеке оптимальды вариантына жақындық дәрежесі бойынша анықталады. Техниканың тиімділігін көрсететін үш топ бар: абсолютті, салыстырмалы және жүзеге асырылатын. Принципінде аса жоғары нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін қимыл - козғалыс техникасы анағұрлым тиімді деп есептелуі керек. Алайда ол көптеген факторларға, соның ішінде мотивация, дене және тактикалық дайындық деңгейіне және басқа да факторларға тәуелді. Сондықтан спорттық нәтижені техниканың тиімділігіне критерий ретінде пайдалану шектелген. Бұл үшін көбінесе зерттелген қимыл - қозғалыс техникасын биомеханикалық эталонымен немесе майталман спортшының техникасымен салыстырылып отырады. Техниканың тиімділігінің әр түрлілігіне баға беру Техникалық шеберліктің тиімділігіне баға берудің үш түрі бар: 1. Интегралды түрінде жаттығу техникасынын тиімділігі тұтас күйінде бағаланады. Қаңдай да бір спортшының техникасы жетілмеген жағдайда техниканың жүзеге асырылатын тиімділігіне баға беру мысал бола алады, бірақ қателік нақты қай жерден жіберілгені белгісіз болып қалады. 2. Дифферинциальды түрі жарысу немесе машықтану жаттығуларының кейбір элементтеріне баға берумен байланысты. 3. Жинақталған дифференциалдьі түрі - элементтердің әрқайсысының техникасының тиімділігі аныкталғаннан кейін бағалар жинақталады да, спортшының техникалық шеберлігінің жалпы бағасы шығарылады. 2 Техниканы менгеруге бақылау жасау Техникалық шеберліктің жетілдірілуі кезең бойынша жүргізіледі, және әрбір кезеңде қимыл - козғалыс техникасының қалай игерілгендігі бақылануы керек. Бұл мақсатқа төмендегі критерийлерді қолданған дұрыс: жаттығулардың нәтижесі және оның биомеханикалық сипаттамалары. Қимыл - қозғалсты игеру жөніндегі бақылаудын негізгі екі бағытын бөліп көрсету керек: техниканың түрақтылығын анықтау және оның орнықтылығына баға беру. Бірінші жағдайда жеңіске жетуге кедергі келтіретін факторлардың әсері (шаршап шалдығу, көңіл күйдің әсер етуі) мардымсыз болған кезде қимыл - қозғалыс стандартты жағдайларда (көбінесе жүгіріп байқау процессінде, машықтану жаттығуларында өткізілетін бақылау жарыстарында) орындалады. Салыстырмалы түрде жайлы жағдайда орындалған қимыл - қозғалыс кезіндегі нәтижелер тұрақтылығы (вариацилардың аздығы) және негізгі биомеханикалық сипаттамалар олардың меңгерілгендігі жөнінде куә бола алады. Алайда, спорт тәжірибиесінде техника тұрақсыз болған жағдайда жаксы меңгерілген қимыл - қозғалыстың қожарып кететін жағдайлары да кездесіп тұрады. Меңгерілген қимыл - қозғалыс техникасының тұрақтылығы жауапты жарыстарда көңілі алабұртып тұрғанда, спортшының шаршаған кезінде, қарсыласының белсенді қарсы әрекеті кезінде, сыртқы жағдайлар өзгергенде оның тиімділігінін азаю дәрежесімен анықталады. Спорт тактикасына бақылау жасау Спорттық сайыстарда жүргізу тәсілдерінің жиынтығы тактика деп аталады. Тактикалық жүрістер: техникалық - тактикалық кимыл - қозғалыстар, сондай - ақ қарсыласына психологиялық әсер ету тәсілдері, позиция таңдау және өз ойын жасыру тактиканың элементтерә болып табылады. Тактикалық жүрістер комбинациялары тактикалық варианттар деп аталады. Тактикалык шеберліктің сандық көрсеткіші Мұндай көрсеткіштердің бес түрлі тобы бар. Бұл көлемнің, әр жақтылығы, ұтымдылықтың тиімділіктің және тактиканы меңгерудің көрсеткіштері: 1. Спортшы немесе команда меңгерген тактикалық жүрістер мен варианттар қатары тактиканың жалпы көлемі деп аталады. 2. Тактиканың әр жақтылығы спортшының немесе команданың тактикалық арсеналаның қаншалықты әр алуан екендігін кәрсетеді. 3. Ұтымдылық нақтылы спортшыға қатыссыз тактикалық жүрісті сипаттайды. 4. Тактиканың тиімділігі нақтылы спортшының тактикалық шеберлігін сипаттайды. Жеке оптимальды вариатқа жуық болған сайын тактиканың тиімділігі де артады. 5. Тактикалық вариаттардың тиімділігіне бақылау жасаудың карапайым әдісі жекелеген техникалық - тактикалық әрекеттердің нәтижелілігіне жасалған бақылау мен сәйкес келеді. Идеалында әрбір тактикалық тәсіл табысты орындалуы керек. Сондықтан да қайсы бір 3 тактикалық варианттың табысты қолданылуының проценті ретінде анықталады. Ұтымды тактиканы іздеу Бағаланатын тактикалық вариантты көбінесе тактиканың үздік варианттарымен салыстырады. Төменде аталатын тактикалар осындай үздік варианттар рөлінде бола алады: 1. Сынап көру және қателер әдісімен эксперимент жасау арқылы табылған жеке оптимальды тактика. 2. Класы жоғары спортшының немесе команданың тактикасы, мысалы чемпионның тактикасы. 3. Модельдеу жолымен табылған оптимальды тактика. Ақиқат жүйені модельдеу және осы модельмен жүйе тәртібінің заңдылығын түсіну мақсатымен тәжірибе жасау болмаса оның тәртібінің түрлі варианттарының тиімділігіне баға беру еліктеп модельдеу деп аталады. Еліктеу деген сөздің өзі ақиқат объектінің тәжірибелеріне жүгінбей-ақ кұбылыстын мәнін түсініп, көз алдыңа елестеу. Еліктеп модельдеу кезінде ақиқат объектімен тәжірибие жасау (мысалы, спортшымен) ЭВМ - де дайындалған модельдермен жасалатын тәжірибиемен алмастырылады. Нәтижесінде адамзат ақыл - ойының күші казіргі заманғы есептеу техникасының куатымен бірігеді. Еліктеу модельдерінің екі түрлі ерекшеліктері бар: 1. Модельдеуге болатын процестеді ЭВМ - де (мысалы, шаңғы жарысы) көп рет қайталау мүмкіндігі және осындай машиналық эксперимент жолмен оптимизация міндеттерін шешу (мысалы аталған профильді дистанция мен сырғанау шарттары үшін анағұрлым ұтымды болатын тактикалық вариант табу); 2. Мүмкіндікті математикалық тендеу мен теңсіздік ретінде, сондай ақ сапалық логикалық қатынасты пайдалану. 4