Жарыстың құжаттары, оларды құрастыру әдістемесі Жарыстың құжаттары төртке бөлінеді. Олар: 1. Жарыстың мәлімдемесі. 2. Жарыстың сұранысы. 3. Жарыстың хаттамалары. 4. Жарыстың бас төрешісінің есебі. Осы құжаттарды қалай дайындау, құрастыру қажет соларға жеке – жеке тоқталайық. 1 Жарыстың мәлімдемесін дайындау, құрастыру, жазу Барлық дәрежедегі жарыстарға даярлық алдында ең негізгі жарыс құжатын -мәлімдемені құрастыру, жазу керек. Жарыстың мәлімдемесін жазған кезде жарыстың атына, атауына үлкен мән берген дұрыс. Жарыстың атауында жарыс көлемі, кімдер арасында өткізілуі нақты түрде көрініс табуы керек. Мысалы: «Шаңғы спортынан оқушылар арасында өткізілетін Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі, Дзю-до күресінен ересектер арасында өткізілетін Өскемен қаласының біріншілігі» т.с.с. Барлық жарыс түрлерінің мәлімдемелері негізгі жеті түрлі бөлімдерден тұрады: 1 Мақсаты мен міндеттері. Жарыстың мақсатын жазғанда, жарыс негізі қандай мақсатта өткізілетінін жазамыз. Мысалы, дзю-до күресінен қала біріншілігін өткізсек, өткізу мақсаты: қаланың мықты дзюдошыларын анықтау. Облыс біріншілігін өткізсек, республикалық жарысқа қатысатын облыс құрама команда мүшелерін анықтау т.с.с. Міндеттері 1-3 ке дейін болуы мүмкін. Мысалы: 1 Спортшылардың денсаулығын нығайту. 2 Жарыс өткізілетін спорт түрін насихаттау. 3 Спорт түрінің техникасы мен тактикасын жетілдіру ж.т.б. 2 Жарыс өткізілетін орны мен уақыты. Өткізілетін орны мен уақыты қатаң, белгіленіп, нақты жазылуы керек. Мысалы: «Жарыс Өскемен қаласында, Спорт Сарайында, 2011 жылдың 1-3 қараша жұлдызында, өткізіледі». 3 Жарысты басқару мен қаржыландыру. Бұл бөлімде мәлімдемені бекітіп, оның оң жақ бұрышына «бекіттім» деп қол қоятын мекеме басшысы жарысты басқаруға төрешілер тағайындайды. Сол төрешілер жарысты басқару бөлімінде жазылуы керек. Мысалы, жарысты Облыстық спорт және туризм басқармасы өткізсе: «Жарысты басқару ШҚО Спорт және туризм басқармасы бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі», «Спортшылардың жарысқа келу, қайту жолына, қонақүйге, тамақтануға керек қаржыны команданы жіберген мекеме береді» – деп, жазылады. 4 Жарысқа қатысушы спортшылар мен командалар. Бұл бөлімде жарысқа қатысушы споршылар кімдер екені (ерлер, әйелдер, қыздар, ұлдар), қай жас тобына жататыны (жасөспірімдер, жастар, ересектер, үлкен жастағы адамдар), қандай спорттық дәрежедегі (разрядтағы) спортшылар қатысатыны жазылады. Командалар арасында болса, команда аттары немесе қай лигада ойнайтын командалар арасында өткізілетіні нақты жазылады. 5 Жарыстың бағдарламасы мен кестесі. Бұл бөлімде жарыстың өткізілу уақыты, сағаты, ашылу және жабылу салтанаты жазылады. Командалар арасындағы жарыс болса, жарыс кестесі, қай команда кіммен ойнайтыны көрсетіледі. 6 Жарысты жүргізу, есептеу жолы мен марапаттау. Бұл бөлімде жарыс қандай жолмен (айналмалы, шығып қалу, аралас) өткізілетіні, ұпай саны қалай есептелетіні жазылады. Мысалы: «Жарыс айналмалы жолмен жүргізіледі, ұпай саны І-ші орын алған спортшыға-10 ұпай, ІІ-ші орын алған спортшыға-8 ұпай, ІІІ-ші орын алған ойыншыға 6 ұпай т.с.с. беріледі» - деп, жазылады. Марапаттауды жазғанда жүлделі орын алған споршыларға қандай мақтау қағазын, қандай сыйлықтар берілетіні жазылады. Мысалы: «Жүлделі орын алған спортшылар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады» - деп, жазылады. 7 Сұраныс және оны беру уақыты. Бұл бөлімде сұраныс қандай түрде, жарыс басталардан неше күн бұрын берілуі керек екені жазылады. Төменде сұраныс беру түрі көрсетілген. № 4 бағанада күрес түрлеріндегі салмақ дәрежелері көрсетілді, ал жеңіл атлетика жарысы сұранысы болса жарыс жаттығулары түрлері, 100 м., ұзындыққа секіру, граната лақтыру – деп, көрсетіледі. № р/с Тегі, аты, әкесінің аты Туған жылы Спорт разряды Салмақ дәрежесі Жарыс мәлімдемесінің үлгі ретінде берілген толық түрі: Дәрігер рұқсаты «Бекітемін» директоры ............... Мектеп « »........................2011 ж. СПОРТ ЖАРЫСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ .................................................................................................................................. 1. Мақсаты мен міндеттері Мақсаты: ............................................................................................................. Міндеттері: 1 .......................................................................................................... 2 ........................................................................................................... 2. Өткізілетін орны мен уақыты. ..................................................................................................................................... ..................................................................................................................................... ....... 3. Жарысты басқару. ..................................................................................................................................... ..................................................................................................................................... ........ 4. Жарысқа қатысушы спортшылар мен командалар. ..................................................................................................................................... ..................................................................................................................................... ..................................................................................................................................... ............ 5. Жарыстың бағдарламасы мен кестесі. ..................................................................................................................................... ..................................................................................................................................... ..................................................................................................................................... ............ 6. Жарысты жүргізу, есептеу жолы мен марапаттау. ..................................................................................................................................... ..................................................................................................................................... ..................................................................................................................................... ..................................................................................................................................... ............... 7. Сұраныс және оны беру уақыты. ..................................................................... 22.4.2 Жарыстың сұранысы, оны дұрыс толтыра білу Жарыс сұранысы, оның жарыс құжаттарының ішіндегі маңыздысы екеніне ешбір бапкер, жарысқа спортшылар бастап апарған жауапты адам дау айта алмайды. Өйткені жарысқа апарған кезде сұраныс дұрыс толтырылмай, мандаттық комиссия талаптарына сай келмей, спортшылар жарысқа жіберілмесе, егер ол оқиға басқа қалаға барған кезде болса, ол бапкер мен жауапты адамға көп шығындануына, мекеме басшысы алдында үлкен жауапкершілікпен жауап беруіне тура келеді. Сондықтан сұраныс және спортшының классификациялық куәлігінің (спорт дәрежесі туралы құжат) дұрыс, сауатты толтырылуына үлкен мән беру қажет. Сұраныс толтырылғанда спортшының аты-жөні, туылған жылы, спорттық дәрежесі оның жеке және классификациялық куәлігіндегі мәліметтерге сай болуы керек. Міндетті түрде спортшыларды жарысқа жіберген мекеме басшысының аты-жөні жазылады, қолы қойылады, мекеменің мөрі басылады. Спортшының жарыс алдында дәрігерге тексерілуі, сұранысқа дәрігердің қолы қойылуы, белгісі (штампысы) басылуы керек болады. Сұраныстың үлгі түрі төменде көрсетілген. ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНІҢ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛ СПОРТЫНАН ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ А. БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ № 20 МЕКТЕПТІҢ КОМАНДАСЫНЫҢ СҰРАНЫСЫ 15-25 .09.06 ж. № р/с Тегі, аты, әкесінің аты Топтың жетекшісі: / Мектептің мұдірі : / Туыл ған жылы Сы нып Спортық разряды Қауіпсіздік Дәрігердің ережесімен ұлықсаты таныстым / / Тегі, аты, әкесінің аты. Тегі, аты, әкесінің аты. 3 Жарыстың хаттамалары, оларды дұрыс толтыра білу Жарыстың хаттамалары әр спорт түрінде әр түрлі болып құрастырылады. Ол хаттамалар спорт түрлерінің ережелеріне, қағидаларына сай ондаған жылдар жарыстарда қолданылып, ең бір тиімді түрлері қалыптасқан. Сондықтан біз ол хаттамаларды дұрыс толтыру әдістемесін әр спорт түрлерінің жарыс өткізу әдістемесінің еншісіне қалдырып, бірнеше спорт түрінің хаттамаларын үлгі ретінде ұсынып отырмыз. 1-үлгі түрі ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ....................... ҚАШЫҚТЫҚҚА ЖҮГІРУ ХАТТАМАСЫ Ерлер (қыздар) ...................... Сынып ................................... Өткізілген күн ....................... № Тегі, р/с есімі Нөмірі Мәре Сөре Көрсеткіші Алған орны, уақыты уақыты (мин, сек) орындауы, орындамауы 1 2 Ескерту. Орындалғаны былай белгіленеді: ПД – Президенттік деңгей ҰД – Ұлттық деңгей Бас төреші ...................................... Бас хатшы ...................................... 1-үлгі түрі ПРЕЗИДЕННТІК СЫНАМА БАҒДАРЛАМАСЫНДА МЫЛТЫҚ АТУ ЖАРЫСЫНАН ХАТТАМА Қару түрі ............................................... Қашықтық ............................................ Сынып .................................................. Өткізілген күн ...................................... № р/с Тегі, есімі Нәтиже (ұпай саны) Сынақ орындалғаны туралы белгі 1 2 Ескерту. Сынақты орындағаны туралы белгі бөлімінде былай белгіленеді: ПД – Президенттік деңгей ҰД – Ұлттық деңгей. Орындаған жоқ. Бас төреші ...................................... Бас хатшы ...................................... 4 Бас төрешінің есебі Бас төрешінің есебі жарыс толық еткізіліп болғаннан соң жарыс мәлімдемесі, командалардан алынған сұраныстар, жарыс хаттамаларымен бірге бір папкаға салынып, жарыс өткізген мекеменің басшысына немесе сол мекеменің жауапты қызметкеріне өткізіледі. Бас төрешінің есебінде: жарысқа қатысқан команда, спортшылар туралы мәліметтер, жарыс өткізген жердің талапқа сайлығы, қалай дайындалғаны туралы талдау, бағалау, командалардың, спортшылардың алған орындары, ұпай сандары туралы мәліметгер болуы керек. Жарыс өткізуге басқа қалалардан шақырылған және жергілікті төрешілер, олардың төрешілік жасаған жұмыстарын бағалау осы бас төрешінің есебінде көрініс табуы керек. Негізгі үлгі ретіндегі бас төрешінің есебін төменде көрсетіп отырмыз: 3-үлгі түрі Бас төрешінің есебі 1 Жарыстың аталуы ..................................................... 2 Жарыстың өткізілу уақыты « » ... « » ... 200... ж. 3 Жарыстың өткізілген орны ....................................... 4 Жарыс өткізілген жердің дайындалуы, талапқа сайлығы 5 Жарысқа қатысушы спортшылар, төрешілер, жанкүйерлерге арналып дайындалған жердің талапқа сайлығы ………………………………………………. 6 Қүрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі, оның сапасы …………………….. 7 Ауа-райының жағдайы ………………………………………………………... 8 Жарысқа қатысқан спортшылардың жалпы саны …………………………… 9 Командалар, командалардағы спортшылар туралы мәліметтер (топтар, салмақ дәрежесі, спорт қоғамы, жынысы, жас ерекшеліктері, спорттық (разряды) дәрежесі): 1 ........................................................ 2 ........................................................ 3 ........................................................ 10 Өткізілген кездесулер саны …………., оның ішінде …………………….. 11 Келіспеген кездесулерге жазған шағьш сандары (қысқаша мазмұны, төрешінің аты-жөні, талдау нэтижесі) ………………………………………………. 12 Берілген қатаң ескертулер саны (кімге, не үшін берілді) ………………… 13 Жарақат алған спортшылар саны …, себебі қолданылған шаралар …….. 14 Төрешілердің жұмыстарына сипаттама ......................................................... № р/с Атыжөні Орындаған Бағасы жұмысы № Атыр/с жөні Орындаған Бағасы жұмысы 15 Төрешілердің жұмыстарының кемшіліктері, пайда болу себептері …… 16 Жарыс жеңімпаздары …………………………………………………….. 17 Спорттық дайындықтарына сипаттама ………………………………… 18 Жарыстың өткізілуін жалпы бағалау …………………………………. 19 Жергілікті мекемелердің берген кемегі …………………………………. 20 Жарыстың өткізілуін қорытыңдылау …………………………………. 21 Көрермендер саны ……………………. 22 Қызмет көрсетушілер (хабар таратушылар, сауда ұйымдастырушылар, қосалқы бөлмелер және т.б.) …………………………………………………….. 23 Есепке қосымша толықтырулар мен ұсыныстар ……………………….. « » ...................... 200... ж. Жарыстың бас төрешісі ………… Тақырыпта берілген теориялық материалдарды ұғыну және бағалауға арналған тест сұрақтары: 1 Негізгі жарыс құжаттары: а) сұраныс, хабарлама, бас төрешінің есебі; в) жариялама, мәлімдеме, хаттама, есеп; с) мәлімдеме, сұраныс, хаттама, бас төрешінің есебі; д) хаттама, сұраныс, хатшының есебі; е) мәлімдеме, сұраныс, хаттама. 2 Жарыс мәлімдемесінің бөлімдері: а) 5; в) 7; с) 4; д) 6; е) 8. 3 Жарыс сұранысында болуы керек мәліметтер: а) аты-жөні, туылған жылы, спорт дәрежесі, дәрігердің рұқсаты, басшының қолы; в) аты-жөні, туылған жылы, жұмыс орны, спорт дәрежесі; с) аты-жөні, туылған жылы, оқу орны, спорт дәрежесі, директордың қолы; д) аты-жөні, туылған жылы, қауіпсіздік ережесі, бойы, салмағы; е) аты-жөні, туылған жылы, спорт дәрежесі, салмағы, кеуде көлемі. 4 Жарыстың хаттамасын бекітіп, қол қоятын төреші, басқарушы адам: а) толтырушы төреші; в) жарыс өткізген мекеменің басшысы; с) облыстың дене мәдениеті және спорт басқармасының бастығы; д) бас төреші мен бас хатшы; е) спорт клубтың төрағасы. 5 Жарыс мәлімдемесін бекітетін адам: а) толтырушы төреші; в) облыстың дене мәдениеті және спорт басқармасының бастығы; с) бас төреші мен бас хатшы; д) спорт клубтың төрағасы; е) жарыс өткізетін мекеменің басшысы. 6 Негізгі жарыс құжаты а) сұраныс; в) жариялама; с) мәлімдеме; д) хаттама; е) бас төрешінің есебі. 7 Жарыстың құжаттарын жинап, бас төрешінің есебін жасайтын төреші а) жарыс хатшысы; в) жарыс төрешілері; с) бас төреші тапсырған адам; д) бас төреші; е) жарыс өткізген мекеменің жауапты қызметкері. 8 Жарыс өткізу, есептеу түрлері, жүйелері: а) олимиадалық; в) шеңберлі; с) шығып қалу, айналмалы, аралас; д) аралас; е) көпшілік. 9 Жарыс өткізу кезінде сүйенетін негізгі құжат: а) жарыс ережесі; в) бағдарлама; с) жоспар; д) хаттама; е) спорт түрінің оқу құралы. 10 Жарыс өткізу кезінде бапкердің төрешілерге жазатын наразылық құжаты: а) арыз; в) өтініш; с) шағым хат; д) сұраныс; е) мәлімдеме.