1.1 Теориялық мәліметтер Табиғи жарықтандыру болмаған жағдайда немесе жеткіліксіз болғанда жасанды жарықтандыру қолданылады, қыздырмалық шам, жоғары және төмен қысымды газоразрядтық шамдар, жазық және саңылаулы жарықжолдар ретінде жарықтың осындай көздері іске асырылады. Көздің талу жағдайы заттарды көру әсерінен ілесетін процестердің кернеулігіне байланысты болады. Сондай процестерге көруге икемделу, үйлесу және бейімделу жатады. Еңбектің қолайлы жағдайларын жасау үшін өндірістік жарықтандыру келесі талаптарға сәйкес болуы қажет: - жұмыс орнын жарықтандыру “Табиғи және жасанды жарықтандыру. Жалпы талаптар” 2.04-05-2002 ҚР ҚНжЕ бойынша орындалатын жұмыстың сипаттамасына сәйкес болу қажет; - жұмыс орнындағы және қоршаған кеңістік шектеріндегі жарық мүмкіндігінше бірқалыпты таралу ққажет. - жұмыс орнында көлеңке болмау қажет; - түсті дұрыс тарату үшін қажетті жарықтың қажетті спектралдық құрамын жарықтандыруды қамтамасыз ету қажет; - жарықтандыру жүйесі басқа зиянды факторлардың (шуыл және т.б.) көзі болмау қажет, сондайақ электрге және өртке қауіпсіз болу қажет. Жасанды жарықтандыру түрлері: жұмысты, апаттық, қорғаныстық. Жұмысты жарықтандыру – ғимарат сыртында жұмыстардың өндіріс орындарында және бөлмелерінде нормаланған жарықтандыру жағдайларын (жарықталу, жарықталу сапасы) қамтамасыз ететін жарықтандыру. Апаттық жарықтандыру қауіпсіздік және эвакуациялық жарықтандыру болып бөлінеді. Қауіпсіздік жарықтану жұмысты жарықтандырудан 5% құрайды (бірақ ғимараттарда 2 лк кем емес және кәсіпорын аумақтарына арналған 1 лк және егер жұмысшы жарықтандыруды сөндіргенде және сонымен байланысты жабдықтың қызмет етуі бұзылғанда өрт, жарылыс, адамдардың улануы, технологиялық процесс ұзақ істен шыққанда және т. Б. жағдайларда қарастырылады [1]. Нормативтік жарықтандыруды апаттық сөндіргенде бөлмеден адамдарды көшіру үшін эвакуациялық жарықтандыру қарастырылады. Ол адамдардың өтуіне арналған қауіпті орындарда, сатылы торларда орналастырылады. Өту жолдарындағы жарық ғимараттарда 0,5 лк кем емес және сыртында 0,2 лк болуы тиіс [1]. Қорғаныстық жарықтандыру түн мезгілінде шекараның бойында қорғалатын аумақтары да ескеріледі. Жарықтандырудың келесі жүйелерін айырып тануға болады: - жалпы жарықтандыру – бөлмені немесе оның бір бөлігін бірқалыпты жарықтандыру; - жергілікті жарықтандыру – стационарлық немесе тасымал жұмыстарын жарықтандыруға арналған; - қиыстырылған жарықтандыру – жергілікті және жалпы жарықтандыру жиынтығы. Тек жергілікті жарықтандыруды қолдануға тыйым салынады. Жұмыс істейтін орын мен қоршаған кеңістік арасындағы үлкен жарық айқындарды болдырмау үшін жалпы жарықтандыру үлесі қиыстырылғанда 10 % кем емес болуы керек. Жасанды жарықтандыруды нормалау ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 “Табиғи және жасанды жарықтандыру жалпы талаптарға” сәйкес жүргізіледі, жұмыс орындарындағы жарықтандыру көзбен орындайтын жұмыстарға, жарық көзінің және жарықтандыру жүйесінің түріне байланысты нормаланады. Көзбен істейтін жұмыстың жағдайлары төмендегі параметрлермен анықталады: - айыру объектісінің мөлшері – жұмысты жүргізген кезде бөлуді қажет ететін ең аз мөлшер; - фон – айыру объектісіне тікелей жататын бетті анықтау. Беттің түсі мен фактурасына байланысты жарықтану коэффициентімен (ρ) сипатталынады. Фон ρ>0,4 жарық болып, 0,2<ρ<0,4 орта және ρ<0,2 күңгірт болып есептелінеді; - объектінің (К) фонымен айқындылығы – абсолюттік шама бойынша объекті мен фонның шағылысу коэффициенті айырымының фонның шағылысу коэффициентіне қатынасымен сипатталынады. Айқындылық К<0,2 аз деп; 0,2< К<0,5 – орта деп; К>0,5 – үлкен деп есептелінеді. Көзбен істейтін жұмыстың жағдайлары фонның жарықтығын көтергенде жақсарады, ол бөлменің (қабырға, төбе, еден) және өндірістік жабдық беттерінің шағылысу коэффициентін көтерумен жетеді. Жарықтанудың абсолюттік мәнінен басқа, жарықталудың сапалы сипаттары: өте жарық көрсеткіші және жарықталудың толық коэффициенті нормаланады. Жасанды жарықтану есептемесі келесі тапсырмалармен қорытындыланады: жарық жүйесін таңдау, жарық көзінің түрін, шамды орналастыру, жарықтехникалық есептеуді орындау және жарық қондырғыларының қуатын анықтау [2,3]. Жарықтың техникалық есептемесі: - пайдалану коэффициенті әдісімен; - нүктелік әдіспен; - меншікті қуат әдісімен орындалуы мүмкін. Пайдалану коэффициенті есептік бетке түсетін жарық ағынының жарықтандыру аспабының толық ағыны қатынасына тең коэффициент мәнін анықтаумен бекітіледі. Одан кейін берілген жарықты құру үшін қажетті сәуле көзінің жарық ағыны анықталады. Меншікті қуат әдісі бойынша жарықтандыруды есептеудің маңызы, шамның типі мен оны орнату орнынан, жұмыс бетіне ілудің ұзындығынан, көлденең беті мен ғимарат көлемінің жарықтылығына байланысты меншікті қуаттың мәнін анықтаудан тұрады. Нүктелі әдіс шырақтың жарық таратуынан және оның геометриялық өлшемдеріне байланысты берілген шартты жарықтандыруда жарық ағынын анықтауды болжайды, бұл мән кеңістіктік изолюкстің графиктері бойынша алынады. 1.2 Тәжірибелік қондырғыны сипаттау Ю-16 фотоэлектрлі люксметрдің көмегімен тәжірибе жүргізіледі (1.1суретті қара) Ю-16 люксметр – фототоктың өзгеріс қағидасына негізделген аспап. Жарық ағынының сезімтал қабатына берілетін селен фотоэлементінің және соған гальванометр арқылы қосылған тізбекте ток пайда болады. Гальванометр бағдаршасының ауытқуы жарықтылыққа пропорционал. Бұл аспап люксметрлерде өлшенген және оның үш шкаласы 25, 100, 500 лк болады. 1.1 сурет Ауқымдардың қайта қосқышы құрылғы корпусында орналасқан. Егер жарықтану лк болса, онда селенді фотоэлементте коэффициентті жұтқыш орналастырылады. Жұтқышты қолданған кезде құрылғы шкаласының өзгеру шегі 2500, 10000, 50000 лк тең болады. Өзгерген кезде фотоэлемент жарықталудың анықтауын қажет ететін беттің жоғарғы жағында сезімтал қабатқа орналастырылады. 1.3 Тапсырманы орындаудың реті 1.4 1.4.1 №1 тапсырма. Жалпы жарықтанудың үлесін анықтай отырып, құрама жарықтануды зерттеу. Өлшенген жарықтану бойынша берілген жарықтандырудың жұмысы сипаттамасын анықтау керек. Жалпы жарықтануды жоғарыда қосылған шаммен, құрама жарықтану шамдарды бір уақытта қосу арқылы есептейді. 1.4.1.1 Тапсырманың орындалу реті: А) жоғарғы шамдардың бірін қосып, 0, 10, 20, 30, 40, 50 нүктелеріне люксметрді көлденең қойып, жарықты өлшеңіз; Б) жоғарыдағыға қосымша 20, 40, 60, 80 см биіктікке рет-ретімен орналасқан шамдарды қосыңыз және 0, 10, 20, 30, 40, 50 горизонталь нүктелеріндегі жарықтануды өлшеуді жүргізіңіз; В) әрбір жағдайда жалпы жарықтанудың бөлігін %-бен формула бойынша анықтаңыз және оның жеткіліктілігі туралы қорытынды жасаңыз; Г) алынған мәндерді 1.1-кестеге енгізіңіз; Д) оқытушы берген жергілікті жарықтандыру шамының іліну биіктігінде көлденең беттің нүктелерінің бірінде жарықтануды анықтап және 1.8-кестедегі мәндерді қолданып, берілген жарықтануда жүргізуге болатын жұмыстың сипаттамасы туралы қорытынды жасаңыз, алынған мәндерді 1.1-кестеге енгізіңіз. 1.1 к е с т е – Өлшем нәтижелері (№1 тапсырма)