Uploaded by Kuanyshbek Yedigeyev

ТБ 13 дәріс

advertisement
ЭНЕРГЕТИKАЛЫҚ
ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНДАҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
пәні
№13 ДӘРІС. Кернеуді ажырату арқылы жұмыс
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық ісшаралар. Олардың адам ағзасына әсері. Кернеудің
қауіпті түрлерінің кішіреуі жолдарын талдау.
2 бөлім
Н.С.Бекмуратова
доцент
n.bekmuratova@aues.kz
Дәріс жоспары
1.Қорғаныс шараларының жіктелімі.
2.Электр тогымен зақымданудан қорғанудың негізгі техникалық құралдары.
3. Сыртқы ортаның жағдайы. Электр тогымен адамдардың зақымдану қаупінің
дәрежесі бойынша бөлмелердің өндірістік жіктелімі.
4. Оқшауланған және жерленген бейтарапты желілерде ток жүретін бөліктерге
жанасудың қауіптілігі. Кернеу қадамының қауіптілігі.
Электр қауіпсіздігі – электр тогының, электр доғасының, электрлік магнит өрісінің және статикалық
электрдің зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық,
ұйымдастырушылық техникалық шаралар мен құралдар жүйесі.
Электрлік жарақат – электр тогының немесе электр доғасының әсер етуінен болған жарақат.
Аз кернеу – 42 В аспайтын электр тогының соғу қаупін азайту мақсатында қолданылатын аз кернеу.
Кернеу қадамы – бір– бірінің үстінде қадам қашықтығы 80 см болатын, оларда бір мезгілде адам тұрған, ток
тізбегінің екі нүкте арасындағы кернеу. Жерлендіру – өткізгіш (электрод) немесе жермен түйістірілген бірбірімен өзара металмен қосылған өткізгіштер (электродтар).
Қорғағыш жерлендіру – жермен немесе оның эквивалентімен кернеуде болуы мүмкін ток алып жүрмейтін
металл бөліктерімен әдейі электрлік қосу.
Табиғи жерлендіру – жерлендіру үшін пайдаланылатын (ғимараттардың металл құрастырмалары, темірбетон құрастырмаларының арматурасы, электр кабельдерінің қорғасын қабығы) өндірістік немесе
басқа мақсатқа арналған коммуникациялар, ғимараттар және құрылыстардың электр өткізгіш бөліктерінің
жермен жанасып жатуы.
Жасанды жерлендіру – жерлендіру үшін арнайы орындалатын жерлендіргіш (жерге тік қойылған
қабырғаларының қалыңдығы 3,5 мм аз емес, диаметрі 25-60 мм бұрышты болат, металл стерженьдер,
горизонталь қойылған болат жолақтар).
Бір фазалы жанасу – кернеуде болатын электр қондырғысының бір фазасына жанасу.
Кернеуді ажырату арқылы жұмыс орнын дайындау кезінде көрсетілген тәртіппен мынадай
техникалық іс-шаралар орындалуы тиіс:
- қажетті ажыратулар жүргізілді және коммутациялық аппараттарды қате қосылу немесе
өздігінен қосылу салдарынан жұмыс орнына кернеуді беруге кедергі келтіретін шаралар
қабылданды;
- коммутациялық аппараттардың қол жетектерінде және қашықтықтан басқару кілттерінде
тыйым салатын плакаттар ілінуі тиіс;
- адамдарды электр тогымен зақымданудан қорғау үшін жерге тұйықталуы тиіс ток өткізгіш
бөліктердегі кернеудің болмауы тексерілді;
- жерге тұйықтау салынған (жерге тұйықтау пышақтары қосылған, ал олар жоқ жерлерде
тасымалды жерге тұйықтау орнатылған);
- «Жерге қосылған» деген нұсқау плакаттары ілінген, қажет болған жағдайда жұмыс
орындары мен кернеудегі ток өткізгіш бөліктер қоршалған, ескертуші және ұйғарушы плакаттары
ілінген.
. Ажырату. Жұмыс орнын дайындау кезінде ажыратылуы тиіс:
.
- жұмыс жүргізілетін
ток өткізгіш бөліктер;
- адамдардың, механизмдердің және жүк көтергіш машиналардың рұқсат
етілгеннен кем қашықтыққа кездейсоқ жақындауы мүмкін қоршалмаған ток
өткізгіш бөліктері;
- жетектерді басқару және қоректендіру тізбектері, коммутациялық
аппараттарды басқару жүйелеріндегі ауа жабылады, серіппелерден және
ажыратқыштар мен айырғыштардың жетектеріндегі жүктерден қосқыш
алынды.
- Кернеуі 1 кВ жоғары электр қондырғыларында коммутациялық аппаратпен
жұмыс орнына кернеу берілуі мүмкін әрбір жағынан көрінетін алшақтық
болуы тиіс. Көрінетін үзік айырғыштарды ажырату, сақтандырғыштарды
алу, бөлгіштер мен жүктеме ажыратқыштарын ажырату, шиналар мен
сымдарды ажырату немесе алу арқылы құрылуы мүмкін.
.
Кернеуі 1 кВ дейінгі электр қондырғыларында жұмыс жүргізілетін барлық тоқ өткізгіш
бөліктерден кернеу қолмен жетегі бар коммутациялық аппараттарды ажыратумен, ал сұлбада
сақтандырғыштар болған жағдайда соңғыларын алып тастаумен ажыратылуы тиіс. Сұлбада
сақтандырғыштар болмаған жағдайда коммутациялық аппараттардың қате қосылуының
алдын алу тұтқаларды бекіту немесе шкафтың есігі, кнопкаларды жабу, коммутациялық
аппараттың түйіспелері арасында оқшаулағыш жапсырмалар орнату сияқты шаралармен
қамтамасыз етілуі тиіс. Дистанциялық басқарылатын коммутациялық аппаратпен кернеуді
ажырату кезінде катушканың екінші реттік тізбегін ажырату қажет.
Тексеру үшін қол жетпейтін контактілері бар кернеуі 1000 В дейінгі коммутациялық
аппараттардың ажыратылған жағдайы олардың қысқыштарында немесе осы коммутациялық
аппараттармен қосылатын жабдықтың шығатын шиналарында, сымдарында немесе
қысқыштарында кернеудің болмауын тексерумен анықталады.
Тыйым салатын плакаттарды ілу. Қолмен басқарылатын коммутациялық
аппараттардың
(ажыратқыштардың,
бөлгіштердің,
айырғыштардың,
ажыратқыштардың, рубильниктердің, автоматтардың) жетектерінде (жетектердің
тұтқаларында) жұмыс орнына кернеуді беруді болдырмау үшін «Қосуға болмайды!
Адамдар жұмыс істейді!» плакаты ілінеді.
Бір полюсті айырғыштарда плакаттар әрбір полюстің жетегінде, жедел
(оперативтік) штангамен басқарылатын айырғыштарда, қоршауларда ілінеді.
Айырғыштардың пневматикалық жетектеріне ауаның кіруін жабатын ысырмаларда
«Ашуға болмайды! Адамдар жұмыс істейді!» плакаты ілінеді.
Коммутациялық аппараттары жоқ кернеуі 1 кВ дейінгі қосылыстарда «Қосуға
болмайды! Адамдар жұмыс істейді!» плакаты алынған сақтандырғыштарда, КТҚ – дапердеге немесе есікке ілінуі тиіс.
. Кернеудің жоқтығын тексеру. Кернеудің болмауын қолдану алдында жарамдылығы осы
мақсатқа арналған арнайы құралдардың көмегімен орнатылуы тиіс немесе кернеудегі тоқ
өткізгіш бөліктерге жақындау арқылы кернеу көрсеткішімен тексеру қажет.
Кернеуі 1 кВ жоғары электр қондырғыларында кернеу көрсеткішін диэлектрлік қолғаптарда
пайдалану қажет.
Кернеуі 1 кВ дейінгі бейтарабы жерге тұйықталған электр қондырғыларында екі полюсті
көрсеткішті қолдану кезінде фазалар арасында да, әр фаза мен жабдықтың жерге тұйықталған
корпусы немесе қорғаныс өткізгішінің арасында да кернеудің жоқтығын тексеру қажет. Алдын
ала тексерілген вольтметрді қолдануға рұқсат етіледі. Бақылау шамдарын пайдалануға
тыйым салынады.
.
Адамның
электрлік зақымдану қаупі оған берілген кернеу мен ток мәнімен анықталады, ол өз
кезегінде адамның электр тізбегіне қосылу сызбасына, сонымен бірге электр желісіның жұмыс
режімімен және шамасына тәуелді.
Тұрақты және ауыспалы электр желісі (бір фазалық және көп фазалық) болады
Өндірістік электр қондырғыларда ауыспалы токтың үш фазалық желі. Үш фазалық
трансформатордың (генератордың) орамдарының бірігу нүктесі бейтарап деп аталады.
Қоректендіретін трансформатордың (генератордың) бейтараптарының режімі бойынша оқшауланған
немесе
тұйық
жерленген
үш
фазалық
желі
деп
айырады.
Оқшауланған
деп,
жерлендіретін құрылғымен қосылмаған немесе оған үлкен кедергі арқылы (дабыл, өлшегіш, және
қорғағыш приборлар, кернеу трансформаторлары және т.б.) қосылған бейтарапты айтады. Тұйық
жерленген деп жерлендіретін құрылғымен тікелей немесе аз кедергілі аппараттар арқылы (мысалы,
ток трансформаторлары) жалғанған бейтарапты айтады. 1000 В дейінгі кернеу кезінде бейтараптары
оқшауланған үш сымды желілер және әсіресе бейтараптары жерленген 380/220 В кернеулі төрт
сымды желілер кеңінен тарады.
Желілер 1000 – 35000 В кернеу кезінде оқшауланған бейтарапты, 35000 В жоғары болғандажерленген болады.
.
Қорғаныс шараларының жіктелімі. Қорғаныс түрлері
Электр қондырғыларға қызмет көрсеткенде және жұмысының тұрақтылығы кезінде,
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін электр қондырғыларға қызмет етуде техникалық
ережелерді дәл сақтау және электр жарақаттарынан қорғану бойынша іс-шараларды
өткізу керек.
Қорғаныс құралдары ток жүретін бөліктермен адам денесі арқылы өтетін токты
азайту үшін немесе керек кезінде жұмыстағы кернеуде болғанда істеуге арналған. Бұл
азайуға екі тәсілдің біреуімен жетуге болады: жанасу кернеуі қауіпсіз мәнге дейін
азаяды немесе нөлге тең болады.
Оқшаулау
Электрлік оқшаулау кернеуде дұрыс тұрмаған жеке сымдардың өзара немесе металл
бөліктермен (жабдықтардың корпустары, «жер») түйісуін болдырмау үшін арналған.
Оқшаулаудың бұзылуы («тесілу») электр жабдықтың апатына алып келеді және
адамдарға төтенше қауіп туғызады. Оқшаулағыштың дұрыстығы – бұл электр
қондырғылардағы қауіпсіз жұмыстың негізгі жағдайы.
Ол электр қондырғының корпусқа түйісу салдарынан кернеуде болып қалатын корпусқа
және басқада металл ток жүрмейтін бөліктерге жанасу жағдайында электр тогынан
қорғайды. Электр машиналарының және трансформаторлардың, аппараттардың және
басқару шкафтардың, шамшырақтардың, каркастардың, бөлгіш щиттердің корпустары,
кабель құрастырмалар және қосқыш муфталар, трубалар, электр сымдар және т.б.
жерлендіруге жатады. Қорғағыш жерлендірудің мағынасы барлық осы металл
құрастырмалар адам денесінің кедергісінен бірнеше есе аз кедергі арқылы жермен
қосылады да, токтың негізгі бөлігі жер арқылы өтіп, ал жанасу кернеуі қауіпсіз мәнге дейін
төмендейді.
Ток жүретін бөліктерге кездейсоқ жанасуды болдырмауда, оларды биікте орналастырады
немесе қоршауларды, бөгеттерді, дабылдарды қолданады. Ток жүретін бөліктерді оқшаулау
және қоршау мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімді болмаса оларды қауіпсіз биіктікте
орналастырады. Ғимараттардан тыс аспандағы желілерде жалаң сымдар қолданылады,
1000В дейінгі кернеудегі желі үшін биіктігі 6 м кем емес, 110 кВ дейін – 7 м және 110 кВ
жоғары желі үшін – 8 м.
.
Тарату құрылғыларында жерге тұйықтау құрылғыларын орнату. Кернеуі 1 кВ жоғары
электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін ажыратылған, бір жерге тұйықтау жеткілікті құрама
шиналарды қоспағанда, кернеу берілуі мүмкін барлық жағынан учаскедегі жұмыс үшін
ажыратылған барлық фазалардың (полюстердің) ток өткізгіш бөліктері жерге тұйықталуы тиіс.
Жерге қосылған ток өткізгіш бөліктер кернеудегі ток өткізгіш бөліктерден көрінетін үзілу
арқылы бөлінуі тиіс. Орнатылған жерге тұйықтау тікелей жұмыс жүргізілетін ток өткізгіш
бөліктерден, ажыратылған ажыратқыштармен, айырғыштармен, (бөлгіштермен) және жүктемені
ажыратқыштармен, алынып тасталған сақтандырғыштармен, бөлшектелген шиналармен немесе
сымдармен бөлектелуі мүмкін.
Кернеуі 1 кВ дейінгі электр қондырғыларында ТҚ, қалқандардың, құрастырмалардың құрама
шиналарында жұмыс істеген кезде шиналардан кернеу ажыратылып тасталуы тиіс және шиналар
(оқшауланған сыммен орындалған шиналардан басқа) жерге тұйықталуы тиіс.
Уақытша қоршауларды кернеуді ажыратусыз орнату кезінде олардан ток өткізгіш
бөліктерге дейінгі қашықтық рұқсат етілгеннен кем болмауы тиіс. Кернеуі 6-10 кВ электр
қондырғыларында бұл қашықтық 0,35 м дейін азайтылуы мүмкін.
Уақытша қоршауларға «Тоқта! Кернеу!» жазулары жазылуы немесе тиісті плакаттар
бекітілуі тиіс.
Кернеуі 20 кВ дейінгі электр қондырғыларында ток өткізгіш бөліктерді қалқандармен
қоршауға болмайтын жағдайларда, ажыратылған және кернеудегі ток өткізгіш бөліктер
арасында (мысалы, ажыратылған айырғыштың түйіспелері арасында) орналастырылатын
оқшаулағыш жапсырмаларды қолдануға рұқсат етіледі. Бұл жапсырмалар кернеудегі ток
өткізгіш бөліктерге жанасуы мүмкін. Жапсырмалармен операциялар кезінде диэлектрлік
қолғаптарды, оқшаулағыш штанганы (қысқышты) пайдалану керек.
Жұмыс орнымен шектесетін камералардың қоршауларында, шкафтар мен панельдерде
«Тоқта! Кернеу!» плакаттар ілінуі тиіс.
Бақылау сұрақтары
1.Қадам кернеуі-бұл бір-бірінен қандай қашықтықта болатын, олардың
үстінде бір мезгілде адам тұрған ток тізбегінің екі нүктесі арасындағы
кернеу?
2. Адамның ішкі ағзасының кедергісі толығымен нені құрайды?
3. 50 Гц ауыспалы ток кезінде есептік мән ретінде адам денесінің кедергісін
... тең деп алады?
4. 100 мА ауыспалы электр тогының адамға қауіпсіз әсер ету ұзақтығы?
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Download