ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Коммерциялық емес акционерлік қоғам «Ғ. Ж. ДӘУКЕЕВ атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» «Электр техникасының теориялық негіздері Ⅱ» пәні бойынша №1 Зертханалық жұмыс Мамандығы: Электроэнергетик Орындаған:Едигеев.Қ.О. Тобы:ЭЭк21-3 Тексерген: Смагулова.Г.К Алматы 2023 Зертханалық жұмыс № 1. RC-тізбегінде өтпелі кезеңдерді зерттеу Жұмыстың мақсаты: бір энергияны сақтау құрылғысы бар тізбектегі өтпелі кезеңдерді зерттеу жолдарын қарастыру. Жұмысқа дайындық ЭТН2 курсының ‹‹RC-тізбегіндегі өтпелі кезеңдер›› бөлімін қайталау. Сұрақтарға жауап беру және келесі тапсырмаларды орындау: 1) Өтпелі процесс дегеніміз не және не себептен олар пайда болады? Қандай тізбектерде олар туады? 2) Конденсаторы бар тізбек үшін коммутация заңын жазу. 3) Өтпелі токтар мен кернеулердің қалыптасқан және еркін құраушылары дегеніміз не? 4) Тізбектің уақыт тұрақтысының физикалық мағаны неде? RC-тізбегі үшін уақыт тұрақтысы неге тең? Тізбектің уақыт тұрақтысын тәжірибе жүзінде қалай анықтауға болады? 5) Өтпелі кезеңнің тәжірибелік және теориялық ұзақтығы қандай? 6) Тізбектің өшу коэффициенті қалай аталады? 7) RC- тізбегінің қысқа тұйықталу кезінде өтпелі uC (t) кернеуі мен iC (t) токқа сәйкес теңдеуін жазыңыз, олардың сызбасын салыңыз. Жұмыстың стенде орындалу реті Тізбекті жинау (1.1 сурет, мұндағы ЭК – электронды кілт). 1ші тәжірибе, нұсқаға сәйкес E0, R және C мәндерін орнату (1.1 кестеден), R1 = 100–300 Ом, тізбектің нақты көрсеткіштерін 1.3-кестеге жазу. Осцилографтың кірісіне конденсатордан кернеу жіберіп, алынған uC(t) қисығының өлшемін осцилограф экранынан өлшеп алу. Осцилографтың кірісіне конденсатордан кернеу жіберіп, алынған uR(t) қисығының өлшемін осцилограф экранынан өлшеп алу. 2ші тәжірибе, нұсқаға сәйкес тізбектің бір параметрінің мәнін өзгертіп (1.2 кестеден), тізбектің нақты көрсеткіштерін 1.3-кестеге жазу. Алынған uC(t) жаңа кернеу қисығының өлшемін салып алу. 1.1 сурет – RC-тізбегін зерттеуге арналған сұлба 1.1 кесте – RC-тізбегінің көрсеткіштері (1 тәжірибе) Нұсқа № 1 2 3 4 5 E0, В 10 15 20 10 15 R, Ом 300 400 200 300 500 1.2 кесте – RC-тізбегінің көрсеткіштері (2 тәжірибе) E0, В R, Ом Нұсқа № 1 10 600 2 15 400 3 20 400 4 10 300 5 15 500 С, мкФ 4 2 5 5 3 С, мкФ 4 4 5 2,5 1,5 1.3 сурет – uc(t) қисығындағы тізбектің уақыт тұрақтысын анықтау