Сабақтың тақырыбы: Биосфера құрамы және құрылымы Оқу мақсаты: Биосфераның құрамы мен құрылымын, шекаралары мен қасиеттерін анықтау. Бағалау критерийлері: *биосфераның құрамы мен құрылымын анықтайды; *биосфераның шекарасын анықтайды; *биосфераның қасиеттерін сипаттайды; Ой шақыру Биосфера- жердің тірі ағзалар қабаты (грекше «био»«тіршілік», «сфера»-«шар»). Биосфераның шекарасы: -атмосфераның төменгі қабаты -литосфераның жоғарғы қабаты -гидросфераның барлық бөлігі Биосфераның құрамы: • Өсімдіктер • Жануарлар • Микроорганизмдер Мәтінмен жұмыс *Мәтінді оқып, 3 термин сөздің астын сыз; *Сұрақтарға жауап бер: Биосфера ұғымын алған енгізген кім? Биосфера ұғымының анықтамасын ұсынған кім? Биосфераның шекарасы қандай? Тірі ағзалардың қасиеттері қандай? Биоценоздардың Жер бетінде әркелкі таралуы немен байланысты? Тапсырма 2. Атластағы табиғат зоналары картасын пайдалана отырып, екі табиғат зонасының биоценозын сипаттап, салыстыр; (8 минут) ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау Тапсырма 3. Төмендегі мәтінді пайдалана отырып, биологиялық зат айналымға қатысатын тірі ағзалар түрлері атаулары мен олардың рөлін кестеге жазыңдар. (5 минут) Қалыптастырушы бағалау.«Шапалақ» әдісі арқылы жүргізіледі. • Тірі организмдер Жер шарындағы биологиялық зат айналымын жүзеге асырады. Бұл процесс үш кезеңде жүзеге асады. • Ең алдымен, Күн энергиясының қатысуымен жүретін фотосинтез процесі нәтижесінде бастапқы (өсімдік текті) органикалық заттар түзіліп және ауаға көп мөлшерде оттек бөлініп шығады. • Екінші кезеңде бастапқы органикалық өнімдер жануар тектес өнімдерге айналады. Ең соңғы кезеңде бұған дейін түзілген органикалық заттардың ыдырауы жүреді. Биологиялық айналымның аталған кезеңдерін жүзеге асыруға қатысатын тірі организмдер үш үлкен топқа бөлінеді: • продуценттер -бейорганикалық заттардан органикалық зат түзушілер, яғни өсімдіктер; • консументтер- түзілген бастапқы органикалық затпен қоректенетіндер, яғни жануарлар; • редуценттер- осыған дейін түзілген тірі организмдердің тіршілік өнімдерін және олардың қалдықтарын бейорганикалық заттарға ыдырататын микроорганизмдер. • Саңырауқұлақтар -жануар қасиеттерін де, өсімдік қасиеттерін де қамтиды, сондықтан бөлек бір патшалық болып табылады. Экожүйеде редуцент рөлін атқарады, демек өлген ағза мен органикалық қоқыс ыдыратып, ағзалар арасындағы зат айналымын әрі қарай қозғайды. Тапсырма 4. Биосфера тақырыбы бойынша алған біліміңді қорытындыла: (3 минут) ҚБ: «Баспалдақ» әдісі 1.Білімім төмен 2.Орташа 3.Орташадан жоғары 4. Жоғары Биосфера Тапсырма 5. Биосфера маңыздылығына өз тұжырымдамаңды жаз. (5 минут) Қалыптастырушы бағалау.« Өзін-өзі бағалау баспалдағы» әдісі арқылы жүргізіледі. • Мен үшін биосфера маңыздылығы..... Адамзат үшін биосфераның маңыздылығы....... Биосфера басқа қабаттармен қалай байланысты? Сабақты қорытындалау Сұрақтарға жауап беру: -Биосфера дегеніміз не? -Биосфераның шекарасы? -Биосфераның құрамы? -Биосфераның қасиеттері қандай?