Uploaded by Amina Amantay

Пол Блэк педагогика

advertisement
Пол Блэк «Қара
жәшік ішіндегі
жұмыс»
Жоспар:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс
факторлары
Сыныптағы жұмыс туралы
қорытындылар
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Пол Блэк туралы қысқаша мәлімет
Профессор Пол Блэк – білім беру
саласындағы зерттеуші, физик және
қазіргі уақытта Лондон Корольдік
колледжінің құрметті профессоры.
Блэк бұрын Челси ғылым және
инженерия колледжінің
жаратылыстану-математикалық білім
беру орталығының директоры және
Лондон Корольдік колледжінің білім
беру зерттеулерінің жетекшісі болған.
1987-88 жылдары Блэк Ұлыбритания
үкіметі құрған бағалау және тестілеу
жөніндегі жұмыс тобының төрағасы
болды. Топ сол кездегі білім беру
жөніндегі мемлекеттік хатшы Кеннет
Бейкерге есеп берді. Топ дайындаған
есеп диагностикалық және
қалыптастырушы бағалау мен
мұғалімдердің кәсіби дамуына, сондайақ техникалық деңгейде критерийлерге
сілтемелерді бағалау парадигмасы
ретінде пайдалануға ықпал етті.
«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс 5 басты фактордан тұрады:
1. Оқушылармен тиімді кері байланысты
қамтамасыз ету.
2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.
«Қара
жәшік»
3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды
өзгерту.
4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен
қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл
өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
5. Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің
оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінудің
қажеттілігі.
Бағалау – бұл оқытуды дамыту мақсатында
оқушылардың дәлелдерін жинау үшін қолданатын
формальды және формальды емес үдерістер.
Блэк және Уильям, 1998
Сабақтағы оқыту үшін бағалау
Пол Блэк пен Дилан Уильям өздерінің
«Қара жәшік ішінде» атты көпке
танымал мақаласында
қалыптастырушы бағалауды жақсарту
оқушылардың үлгерімін артыратынын
көрсетті. Олар әріптестерімен бірлесіп
мұғалімдерге өздерінің жұмыс әдістерін
өзгертуге, ал оқушыларға өздерінің
мінез-құлықтарын өзгертуге
көмектескен, сол арқылы әр тарап оқу
үшін өз жауапкершілігін түсінгені жайлы
жазылған.
1998 жылы «Қара жәшік ішінде» атты мақала журнал бетінде пайда
болды. Ол мақаланың бірінші бөлімі мынадай қорытынды жасайды:
1.
мұғалімдер оқытуда
қолданатын бағалау
әдістері оқушының
оқуға деген ынтасын
арттыруда тиімсіз.
2.
белгі қою арқылы
бағалау тәжірибесі
оқушының жеке тұлға
ретінде жетілуіне
емес, бәсекелестікке
ерекше мән берілуіне
алып келеді.
3.
белгі қою арқылы
бағалау тәжірибесі
оқушының жеке тұлға
ретінде жетілуіне
емес, бәсекелестікке
ерекше мән берілуіне
алып келеді.
Жіктеуге негізделген
кері байланыс
Оқушыларға олардың ауызша және
жазбаша жұмыстарына қатысты
айтылған пікір сыни сипатта болады.
Зерттеу эксперименттерінен көрініп
отырғандай, егер түсініктеме беру
түрінде пікір білдірілсе, бұл оқытуды
жетілдіруге ықпал етеді, ал сандық
балл немесе баға алу керісінше кері
әсер етуі мүмкін, себебі оқушылар
бағаның алдындағы түсініктемелерге
көңіл аудармайды.
Өзара бағалау және өзін
өзі бағалау
Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп,
оған қол жеткізу үшін не істеу қажет екенін
анықтай алған жағдайда ғана олар оқу
мақсатына қол жеткізеді. Сондықтан оқу
барысында өзін өзі бағалаудың маңызы
зор. Оқушыларының бойында өзін өзі
бағалау дағдыларын дамытуға талпынған
көптеген мұғалімдердің аңғарғаны: бұл
реттегі ең бірінші және ең күрделі мәселе –
оқушыларды өз жұмысы туралы мақсат қою
тұрғысынан ойлануға
мәжбүрлеу.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Тәжірибе көрсеткендей, бұндай өзгерістер орын алғанда,
оқушылар оқу үдерісіне мейлінше белсенді қатысып, оқу
негізінен олардың жылдам дұрыс жауап беру қабілетінен
емес, өз ойларын жеткізуге дайын болып, өздерінің
пікірлерін қорғай білуіне байланысты екендігін түйсінді.
Мұғалімнің рөлі де ақпаратты жай ғана жеткізуден,
оқушылар айтқан идеяларды дамыту үдерісін
басқарушыға дейін өзгереді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Black P. J. & Wiliam D. (1998a). Assessment and
classroom learning [Бағалау және сыныптағы оқу].
Assessment in Education: Principles, Policy and Practice,
5(1), 7-74.
2) Black P. J. & Wiliam D. (1998b). Inside the black box:
raising standards through classroom assessment [Қара
жәшік ішінде: сыныпты бағалау арқылы үлгерімді
арттыру]. Phi Delta Kappan, 80(2), 139-148.
3) Black P. J. & Wiliam D. (2009). Developing the theory of
formative assessment [Қалыптастырушы бағалау
теориясын дамыту]. Educational Assessment, Assessment
and Accountability, 21(1), 5-31.
Назарларыңызға
рақмет!!!
Download