Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Металдардың Мектеп: белсенділігін салыстыру Күні: Мұғалімнің аты – жөні: Сынып: 8 Қатысқандарсаны: Қатыспағандар саны: Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі. №3 зертханалық тәжірибе Сабақтың «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен әркеттесуі» Тақырыбы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.4.4-қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу 8.2.4.5-металдардың қышқылдармен әректтесуінің реакция теңдеулерін құрастыру Сабақ мақсаттары: Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі Тілдік мақсаттар Құндылықтарға баулу Пәнаралық байланыс Алдыңғы білім Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтың басы Ұйымдастыру 3 минут Барлық оқушы: Қышқылдардың қолданылуын және металдардың кернеу қатары бойынша жұмыс жасау ережелерін біледі, атайды. Басым бөлігі: Қышқылдардың металдармен реакция теңдеулерін жазып, өнімдерін атай алады. Кейбірі: Cутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыра алады. Күрделі теңдеулер құрып есептер шығара алады. - Қышқылдардың қолдану аймағын және олармен жұмыс жасау ережелерін атайды - Металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастырады. Қолдану Пәнге қатысты лексика және терминология. Термин сөздер бойынша сөйлеу шеберлігін дамытады. Пәнге қатысты сөздік қоры мен терминдер: химиялық реакция, қышқылдар, реактивтер, сутегі, газ, сұйылтылған, сынауық, газ өткізгіш сынауық, тамшуыр, сіріңке, шырпы, металдар Сыныптағы диалог: -Қышқылдардың қолдану аймағы. -Қышқылдық,сілтілік орта деген не? ............ -Cутек газының бөлінуін қалай байқаймыз? Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті,қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, білім алуға дайындау Жаратылыстану, физика 7.2.2.1- Қышқылдардың қолдану аймағын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау 7.2.2.2 -Қышқылдардың әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу Сабақ барысы Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Психологиялық ахуал орнату І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, психологиялық жағымды ахуал тудыру. «Досқа тілек» оқушылар стикерлерге бір сыныптысына арнап тілек жазып, стикерді мыжып, лақтырады. Стикерді алған оқушы ашып оқиды . Оқушылар стикер түстері бойынша 3топқа бөлініп отырады. Ресурстар Қағаз қиындылары 5 минут Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл» әдісі. Топтық жұмыс 1-топ Металдардың белсенділік қатарын пайдаланып, мына металдардың оттекпен қандай жағдайда әрекеттесетінін анықтаңдар: калий K, натрий Na, алюминий Al, мырыш Zn, хорм Cr, сынап Hg, кальций Ca, темір Fe. Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар. 2-топ Металдар сумен әрекеттескенде белсенділіктеріне байланыстыметалл оксидтерін немесе гидроксидтерін түзеді. Литий, мырыш, темір, натрий сумен әрекеттескенде қандай өнім түзеді? 3-топ Металдар мен олардың қасиеттері арасындағы сәйкестікті табыңдар: Мыс Су буымен әрекеттеседі Мыс Суық сумен белсенді әрекеттеседі Мыс Сумен мүлдем әрекеттеспейді Мыс Ыстық сумен әрекеттеседі Дескриптор 1.Металдардың белсенділік қатарын пайдалана алады 2. Металдардың сумен, оттекпен реакция теңдеулерін жаза алады 3. Металдар мен олардың қасиеттері арасындағы сәйкестікті табады Қалыптастырушы бағалау(Оқушылар бірін-бірі бағалау) Мақтау, мадақтау Сабақтың ортасы 1 минут 7 минут Жаңа сабақ: «Стоп кадр» әдісі арқылы видео көрсетілім №1. Видео көрсетілім №1. Мұғалімнің түсіндірмесі (тыңдалым дағдысы қалыптасады) Тәжірибеден көретініміз: қышқылмен шабытты әрекеттесетін магний, одан соң мырыш, баяуырақ әрекеттесетіні темір, ал реакцияға мүлде түспейтіні мыс. Соңғы сынауықтан сутек бөлінбейді. Демек, металдардың қышқылдарға қатысты белсенділігі әр түрлі. Металл сұйылтылған қышқылмен әрекеттескенде өнімінде сутек газы мен тұз түзіледі. Реакция нәтижесінде сутектің түзілгенін шала жанған шырпыны реакция болып жатқан сынауыққа апарғанда, «пах» деген дыбыстың шығуымен дәлелдейді. Metall + acid = metal salt + hydrogen Mg + 2HCl = MgCl2 + H2↑ Магний тұз қышқылы магний хлориді сутек Mg + H2SO4 = MgSO4 + H2↑ Магний күкірт қышқылы магний сульфаты сутек Fe Темір + 2HCl Fe + H2SO4 Темір 7 минут = FeCl2 + H2↑ тұз қышқылы темір хлориді сутек = FeSO4 + H2↑ күкір қышқылы темір сутек І. Жұптық жұмыс «Ой қозғау» әдісі. 1-тапсырма. Төмендегі суретте берілген қышқылдардың қолдану аймағын атаңыз; Суреттер Нұсқау беру және айту Төмендегі кестені толтырыңыз; Қышылдардың аты Қолдану аймағы Қасиеттері Дескриптор 1.Қышқылдардың қолдану аймағын атайды 2.Адам өміріндегі маңызын анықтайды 1 минут Қалыптастырушы бағалау («бас бармақ» әдісі бойынша) 5 минут II. Топтық жұмыс. Оқулықпен жұмыс. 2-тапсырма «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі. 1топ Сен қалай ойлайсың, «Егер алюминий және мыс тиындарын тұз қышқылына салсақ не байқалады? 2топ Не себепті қышқылға су құюға болмайды? 3топ Суретте не байқалады? Дәптермен жұмыс 10 минут Мақтау, мадақтау, марапаттау Дескриптор Қышқылдардың қасиеттерін біледі Қауіпсіздік ережелерін сақтайды Қалыптастырушы бағалау 3-тапсырма. «Оқы, түсін, жасап көр» әдісі. Зертханалық тәжірибе. Сұйылтылған тұз қышқылы мен мырыш арасында Қажетті құралдар мен реактивтер қандай реакция жүреді? Құралдар:мырыш,тұз қышқылының ерітіндісі,сынауықтар,штатив. Тәжірибенің тақырыбы Не істедіңіз? Нені бақыладыңыз? Реакция теңдеуі Дескриптор 1.Мырыштың қышқылмен әрекеттесу мүмкіндігін анықтайды 2.Сутек газының бөлінгенін байқайды 3.Қауіпсіздік ережелерін сақтайды Қалыптастырушы бағалау «Бағдаршам» әдісі Сабақтың соңы 1 минут Үйге тапсырма: «Эссе» Қышқылдардың адам өміріндегі маңызы Дәптермен жұмыс Кері байланыс: Сабақ соңында оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады. Сурет, Стикерлер 1 минут Жалғастыруға дайынмын Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Сұйылтылған қышқылдардың қасиеттерін,металдардың кернеу қатарына байланысты металдардың қасиеттерін түсіндіре және бағалай алады,жазу дағдысы төмен оқушыларға ракция нәтижесінде не байқалатынын ажыратып сипаттап жазуға көмектесу.Кейбір оқушылар зертханалық жұмысты орындап, газдың бөлінуін дыбысы арқылы дәлелдейді, талдау, қорытынды жасау, сондай-ақ шығармашылық ойлауды талап ететін қиындығы жоғары тапсырмаларды шешу кезінде берілген мәселенің бірегей шешімдерін табу. А-деңгейі: Мына металдардың қайсысы тұз қышқылымен әркеттеседі: кальций, мыс, магний, сынап, күміс, натрий? Іс жүзінде жүретін реакциялардың теңдеуін жазыңдар. В-деңгейі: Мына заттардың өзара әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін құрастырыңдар. а) мырыш пен күкірт қышқылы; ә) алюминий мен оттек; б) магний мен оттек; в) алюминий мен мыс (II) сульфаты; г) кальций мен су; ғ) темір мен су. Түсінбеймін, қайталап қарау қажет Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Тапсырмалар беру арқылы кері байланыс жасаймын. Топта, жұпта орындаған тапсырма нәтижелерін қорытындылап, дескриптор, қалыптастырушы бағалау жүргізіп отырамын. Бағалаудың «Мақтау, мадақтау, марапаттау», «Оқушылардың бірін – бірі бағалау», «Бас бармақ» «бағдаршам» түрлерін пайдаланамын. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау - Сабақ басталар алдында шаршаудың алдын алу үшін барлық оқушыларға дене қимылдарын жасатамын - Химия кабинетінде гі қауіпсіздік техникасы ережелерін сақталуын қадағалаймын реактивтерді қолдану, қышқылдармен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықта қамтылған сақтық шараларын сақтауды ескертемін С-деңгейі: Реагенттер мен сәйкестендіріңдер: Реагенттер Темір+күкірт қышқылы Сынап+тұз қышқылы Барий+күкірт қышқылы өнімдерді Өнімдер Темір(II)сульфаты+сутек Өнім түзілмейді Барий хлориді+сутек Барий сульфаты+сутек Сынап хлориді+сутек Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?