Uploaded by erke.kuanbek

« аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан

advertisement
1.
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы
қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз.
Тұтастай бір ұлттың сана сезімін, тарихи жадын қалыптастыратын тәрбие құралы-тарих. Сондықтан
ұлтымыздың тарихын ұлқықтау, оның сан ғасырлық тағылымына мән беру аса маңызды.Тек сонда ғана ұлттық сана
нығайып, тарихи таным арта түседі.Нәтижесінде тарихи зердесі күшті халықтың рухы да асқақ болады.Ал рухы
көтерілген халық қазіргі жаһандық жағдайда ұлт болып сақталып,өзінің құндылықтары мен рухани байлығымен
сусындап, болашағын жарқын ете алады. Яғни «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің маңызы зор. Елбасымыз
осы маңыздылықты айқындау үшін «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу жобасын жасауды ұсынды.
2013 жылдың 12 шілдесі күні «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлау
бойынша жұмысшы тобы отырысы болып өтті. Отырыс жұмысына жұмысшы топтың жетекшісі – ҚР БҒМ ҒК
төрағасының орынбасары А.К. Төлешов қатысты. Отырыс ММ «Мемлекет тарихы институтының» директоры, т.ғ.д.,
профессор Б.Г. Аяғанның төрағалығымен өтті. «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын
даярлау бойынша жұмысшы тобы отырысы Хаттамалық шешім қабылдады: I. 2013 жылдың 10 шілде мен 10 тамызы
аралығындағы «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлаудың ұйымдастыру схемасы
бекітілсін; II. «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы құрылымының жобасы негізге алынсын; III.
2013 жылдың 22 шілдесіне дейін «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасының жобасы жасалынсын; IV.
2013 жылдың 10 тамызына дейін, белгіленген ереже бойынша ЖҒТК-ның қарастыруына «Халық тарих толқынында»
тарихи зерттеу бағдарламасы ұсынылсын. -Ұлттық тарихты зерделеу мәселесі бойынша Астана және облыс
әкімшіліктерімен, жоо-ның ректорларымен біріккен жиналыстар ұйымдастырылып, өткізілді
1. Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделеудің республикалық ғылыми зерттеу орталығы
2.Дүниежүзі тарихын зерттеудің республикалық орталығы
3.Геоархеология лабараториясы
«Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясын» құру мәселесі бойынша (мұнан әрі-Ассоциация) қоғамдық бірлестік
бастамашыларының Құрылтай жиналысы өткізілді. Ассоциация 2013 жылдың 7 маусым күні Астана қаласында
құрылды. Құрылтайшылары 10 жас тарихшы болып табылады. Ассоциация органы: Жалпы жиналыс, Төраға, Төраға
орынбасары, хатшы болып табылады. Ассоциацияның жоғарғы басқарушы органы Жалпы жиналыс болып табылады.
Қазіргі кезеңде Ассоциация мүшелерінің саны – 31 адам. Ассоциацияның жоғарғы басқарушы органы Астана қаласында
орналасқан. -Құрылтай жиналысында бекітілген «Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясы» қоғамдық
бірлестігінің Жарғысы жасалынды. Жарғыда мәні, мақсаты, міндеттері және қоғамдық бірлестіктің қызмет түрлері
айқындалды. Мемлекеттік тіркеуден өту үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу қызметі
Комитетіне «Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі құжаттарының тізімі даярланды.
Мемлекеттік тіркелуден кейін, облыстарда, Алматыда Ассоциация филиалдарын құру жоспарлануда. Қазіргі кезеңде
Ассоциацияның 2013 жылдың екінші жартысына арналған іс-шаралар Жоспары жасалынды. Қазақстанның жас
тарихшылары Ассоциациясының Тұжырымдамасы, тұсаукесер тәртібі жасалды. Жарғы жобасы ҚР Әділет
министрлігіне тіркеуден өткізу үшін жіберілді (17.07.2013г.). «Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясы»
қоғамдық бірлестігі Астана қаласында 2013 жылдың 29 шілдесі күні заңдық тұлғалық мемлекеттік тіркеуден өтті. Оқуметодологиялық жұмыстар: Оқулық жазылуда, жұмыс тобының жетекшілері: 1 том: Қазақстан тарихы (тәуелсіздікке
дейін) – Р.Ж. Темірғалиев 2 том: Тәуелсіз Қазақстан тарихы – Б.Ғ. Аяған Ғылыми-зерттеу жұмыстары: ұлттық тарихты
зерттеуді методологиялық және ғылыми жаңартуға бағытталған, ғалымдарды даярлау және қайта даярлықтан,
«Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткізу бойынша шаралар жасалынды: - Голландия – МТИ
директоры, т.ғ.д., профессор Б.Ғ. Аяған -Кембридж Университеті (Ұлыбритания) – БҒҚ МТИ Анафинова М.Л. - РФ
Президенті жанындағы ХШМБ Академиясы (Ресей) – КҒҚ МТИ - Аманжолов Д. Ақпараттық жұмыстар
саласында: § Ғылыми қызметкерлердің жариялынымдарын, фото-видеоматериалдармен үнемі толықтырылып
отырыатын Институт аккаунты құрылды § Жаңаша, жетілдірілген Институттың веб-сайтын үш тілде (қазақ, орыс,
ағылшын тілдерінде) жасау жұмысы жүргізілуде § Институттың веб-ресурстарында ұлттық тарихты зерделеудің өзекті
мәселелеріне арналған ғылыми қызметкерлер жетекші ақпараттық агенттіктер мен телеканалдарда мақалалар жариялап,
видеоинтервьюлар беруде § Спикерлер тізімі жасалды. § Ұлттық тарих тақырыбы бойынша республикалық
«Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде аналитикалық талдаулар жариялынымы
ұйымдастырылды.
2.Қазақстанның ұлттық бірегейлігі мен мәдени тұтастығы жолындағы бағыттарды сипаттаңыз.
Бұл мәселені қоғамдық деңгейде талқылау, бүгінде екі түрлі көзқарастың қалыптасуына түрткі болды.
Мәселен, қазақстандықтардың бірнеше бөлігі ұлттық идеяның бүгінде қажеттілігі жоқ, себебі, әлеуметтік, саяси және
т.б. идеялар мен идеологиялар уақыты өткен кеңестік кезеңде қалды, сондықтан да, нарық жағдайында саналы іс-әрекет
пен индивидуализмге жүгінуі керек дейді. Ал қазақстандықтардың келесі бір бөлігі жалпыұлттық идеяны мүлдем жоққа
шығарып, қандай да болмасын ұлттық негіздегі идея қауіпті және көпұлтты қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты
қамтамасыз етуде өте зиян дейді. Олардың көзқарастары бойынша қандай да болсын ұлттық идея қандай да түрде
болмасын бұқара санасында адамзатқа талай қасірет әкелген ұлтшылдықты тудырады.
Бұдан өзгеше көзқарасты жақтаушылар, яғни, көпұлтты мемлекетте ұлттық идея тек бір ғана этностың немесе халықтың
идеясы болып қала алмайды. Қазақстандағы көпұлтты мемлекет ретіндегі ұлттық идея мән-мазмұн жағынан
жалпыұлттық идея болуы қажет.
Бұл жерде атап өтер мәселе, республиканың саяси басшылығы кеңестік кезеңдегі ұлттың этникалық
мазмұндағы түсінігінен бас тартып, ұлттың әлемдік теория мен іс тәжірибеде орныққан азаматтық негіздегі түсінігін
қабылдап 1996 жылы сәуір айында Қазақстан халықтарының Ассамблеясының ІІІ сессиясында сөз сөйлей отырып, ел
Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Жаңа бірегейлікті қалыптастыру тек демократия, бостандық, плюрализм, адам құқығы,
азаматтық қоғам идеялары жалпыұлттық идеямен астасып жатқанда ғана сәтті болмақ. Бұл, менің пікірім бойынша тек
екі ірі идеологиялық тақырыпта - саяси тәуелсіздік және Қазақстанның ішкі демократиялануы арнасында мүмкін. Жаңа
бірегейліктің үлгісін іздеу, Қазақстан халқының өзін өзі жаңадан тану үрдісі сырт көзге қарағанда оңай, әрі қарапайым
сияқты, ал бірақ іс жүзінде асыруға келгенде ең бір күрделі істердің бірі болып табылады. Бұның мазмұны мынандай:
«Тек демократиялық Қазақстан ғана тәуелсіз бола алады. Бұның өзі, біріншіден, саяси тәуелсіздік болмайынша,
Қазақстанда шынайы демократия болуы мүмкін еместігін көрсетеді». Және осы жерде үшінші компонент, ол
Қазақстанда жаңа саяси азаматтық қауымдастық қалыптастыру болып табылады. Нақ осы азаматтық қауымдастық,
мифологиялық суперэтнос емес» [1, 8 б.].
Ұлттық идея этникалық, мәдени, діни немесе басқа да тұтастық негізінде біріккен қандай да бір адамдар
қауымдастығының ортақ ұстанатын түсініктері, идеалдары, стереотиптер, ұжымдық естеліктер мен құндылықтары
болып табылады. Ұлттық идея негізінде, қазіргі әлемде этникалық немесе құрамы жағынан мультиэтникалық болып
келген қауымдастықтың ұлттық бірегейлігі қалыптасады. Ұлттық бірегейліксіз, ұлттық идеясыз ұлт қалыптасуы мүмкін
емес. Осы мақсатқа сай зерттеу жұмысында мынандай міндеттер қойылады:- ұлттық бірегейліктің қалыптасуының
объективті және субъективті факторларын ғылыми түрде анықтау;- ұлттық бірегейлік үрдісі қалыптастырудағы элита
тобының рөлі мен орнын көрсету;- саяси тарихи кеңестік дәуір мен қазіргі тәуелсіз қазақстандық саяси және рухани,
интеллектуалдық-мәдени элиталардың халықтың бірегейлік санасын қалыптастырудағы қоғамдық қызметінің
ерекшелігін зерттеу; - тәуелсіз Қазақстандағы азаматтық шоғырлану үрдісінің негізгі кезеңдері мен бағыт бағдарларына
сараптама жасау
3.Зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастырудағы тарих ғылымының алатын орынын
көрсетіңіз.
Тәуелсіздігін алған Қазақстанда адамдардың өмірлік болашағы нақтылануда, түрлі бағдарда өрбуде. Тәуелсіздік
идеясының тұғыры республиканың тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтау, Қазақстандағы ұлттық ынтымақты және
қоғамдық бірлікті жетілдіру мақсатымен анықталуда. Елдегі азаматтық және рухани, этникалық және ұлттық
бірегейлікті нығайту, халықтың әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-психологиялық белсенділігін арттыру –
қазақстандық дамудың басты бағдарларын құрайды. Қазақстан халқының ХХІ ғ. өмірлік өресі: 1) қоғамдағы біртұтас
бастамаға және алуан этникалық, түрлі конфессиялық мемлекеттегі тұтастанған рухқа; 2) олардың бір бағыттағы алуан
іс-әрекеттердің үйлестікке қатысты. ХХ-ХХІ ғғ. Қазақстанның келбетін қазақтардың өмір сүру салтынан, ұлттық
болмысынан тыс түсінуге, олардан бөле-жара қарастыруға болмайды. Қазақ халқының әлеуметтік және мәдени
эволюциясы күрделі, көп сатылы, өте бай. Оның тарихы Шығыс пен Батыс, Азия мен Еуропа өркениетінің тоғысында,
дала мен қала кеңістігінде, түркі дәстүрлері мен исламның рухани құндылықтары ая- сында біртіндеп қалыптасты.
Қазақстанның қазіргі территориясында қазақ халқы ғасырлар бойы бірігіп өмір сүрді, өсіп өнді. Қазақтар туған жерін
қорғау барысында, тұтастанып өмір сүрді, қоғамдық күшке айналды, бірлесуге деген құштарлығын қалыптастырды.
Қазақ ұлты мемлекет құратын бірден-бір халық, өзінің саяси жүйесіне басқа этникалық құрылымды топтастыратын
шешуші әлеуметтік күш. Қазақтың өмір сүру тәжірибесі Отанға деген сүйіспеншілікті, елдегі ынтымақтың түп-тамырын
құрайды. Қазақ халқы жарасымды дәстүр-салтымен Қазақстандағы қуатты тарты- лыс күшіне айналды. Қазақтың, ендігі
тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихы топтасу, түсінісу, бірлесу, көршілермен жарастық құрған тарихи тәжірибеге ұқсас,
сондай ұтымды үйлестікке тәрбиелейді. Кімде-кім халқымыздың татулықты сақтаған даналығын дұрыс ұқса, ол өз
елінің болашағына үлкен үмітпен қарайды, ұлағатты мұратқа ұмтылады. Ұлтымыздың да, еліміздің де өзін - өзі
анықтаудың іргелі негіздері бар. Олар: 1) Тәуелсіздікке деген, «Ұлы Жібек жолын» қайта жаңғыртуға деген бағытбағдар; 2) бірдей еңбектену, халық бірлестігі, тарихтың, мәдениеттің ерекшелігін ескеру және мемлекеттік тілді қолдану
жүйесін жетілдіру әрекеті; 3) қазақтың ұлттық мәдениетін толықтыратын тәжірибе сабақтастығы. Қоғамды жетілдірудің
осын- дай қазақстандық тәжірибесін әлем мойындауда. Жаңа дәуір, жаңа кезең басты мына постулаттарға деген бұрынсоңғы көзқарастар мен түсініктерді ықшамдауды, өзара ыңғайластыруды қажет етуде. Сонымен: 1) қазақ халқынан және
оның мәдениетінен тыс нақты Қазақстан болған емес; 2) Қазақстанның болашағы күллі қазақстандықтардың бірлескен,
келісімді өмірінсіз баянды және тұрақты болмайды; 3) әлеуметтік-экономикалық табыстардың тиянақты және
мәдениеттегі қозғаушы күштердің тартымды бо- луы өзара сыйластыққа, ынтымаққа, бірлескен әрекетке тікелей
қатысты. Халық 6 даналығынан туындаған бұл қағидалардың нақты және тарихи маңызы зор. Достық пен бірлікке
арналған бұл ұстаным Қазақстан халқына тікелей қатысты. Еліміздің ендігі дамуы мәнді идеяларды, мәдени
қатынастырдың тартымды дәстүрін өмірге сауатты енгізуге байланысты. ХХІ ғ. бейбітшіл саясаттың негізгі идеяларын
Қазақстан Президенті Н. Назарбаев халықаралық қатынастардың ұраны және қағидалары ретінде ұсынды. Ол дегеніміз
сенім, дәстүр, транспаренттілік және төзімділік. Осы принциптер негізінде Қазақстанның: а) халықаралық қатынастағы
тиімді теңдігі орнықты; ә) БҰҰ-ң басты мүшелерімен маңызды серіктестігі қалыптасты; б) қазіргі қауіп-қатерге, оның
қайнар көзіне қарсы тиімді іс-шаралары белгіленді. Оң бастамалар ұрпақтар мен құндылықтардың сабақтастығын
нығайту арқылы жалғасын тапты; қоғамдық келісім мен халықаралық ынтымақтастық бағдарына негізделінді;
тұрақтылық пен тұтастық принциптерін қолдайтын ықпалдастықты арттырды. Жаңа ғасырда ұлттық өркендеу және
этникалық түбірге топтасу үрдісі қатар қарқындауда. Екі тенденцияда жаһандану мен экономикалық интеграцияға
ыңғайласудың қос түріне жатады. Интеграцияның негізін ұлттық құндылықтарды сақтау және этникалық мәдениеттің
өзіндік үлгісін нығайту мүддесі құрайды. Республикамызда туған жер кеңістігіндегі тарихи және ұлттық маңызы басым
атауларды қалпына келтіру дәстүрі өріс алуда. Оның өзі тілдік, интеллектуалды мәдениеттің өзіндік ерекшелігін
толықтыруға жол ашуда. Халықтың өзіндік бол- мысын жетілдіру тұтыну қоғамының байырғы ығында қараусыз
қалдыртқызбайды, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімі мен ар-намысын оятады. Ендігі халық пен алуан этникалық
топтардың бірегей, үйлес белгілері республиканың даму қарқынын, Қазақстанның келбеті мен бейнесін анықтай түспек.
Сондай-ақ қос бастама - ұлттық факторлардың ықпалды ықшамдылығы мен білім берудің инновациялық жүйесінің
идеялық негіздері ел тағдырына ықпалын арттыра бермек.
4.Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын Ұлы Дала тарихымен сабақтастығын баяндаңыз.
Елдің мәдени дамуы қиындықтар мен коллизияларда жаңа тәуелсіз мемлекеттің құрылуымен
сипатталады. 1986 жылғы декабрь оқиғасынан кейін Қазақстанда мәдени мәселелерді шешуге қазақ халқын «ұлтшыл»
деп жазалау да өз таңбасын қалдырды. Екінші жағынан 1980 жылдың аяғындағы 1990 жылдың басындағы мәдени
мәселелерде әртүрлі меншік нысанын, әр алуандылықты, қоғамдық-саяси жаңаруды және алуан түрлі пікірлерді
бекітетін алғашқы қадамды көруге болады. Егеменді Қазақстанда мәдениеттің қалыптасу процесі көптеген
қиындықтарды және қарама-қайшылықтарды бастан кешірді және бастан кешіруде. Жоспарлы экономикаға ауысу
жолының басында өндіріс көлемінің құлауымен ілесе жүрген нарықтық қарым-қатынас рельсінде «мәдениетті,
халықтық білім беруді және ғылымды материалды-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету маңызды шыңындарды
алып келді.
ХХ ғасырдың 80 жылдарының екінші жартысынан бастап философия, тарих, құқықтану және т.б.
салалардағы әлемдік ғылыми ойдың негізін қалайтын еңбектерді, сондай-ақ қазақ тіліндегі аудиторияларға арналған
көркем әдебиеттерді шығару тоқтап қалды. Осыған байланысты, өскелең ұрпақты қазақстандық отаншылдық рухында
тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазақ халқының сан
ғасырлық рухани тәжiрибесiн қорыту мақсатында мемлекеттік тiлде тарихи, көркем, ғылыми толық дестелердi
шығарудың мәселелерi ерекше өзектi болып отыр. Жоғарыда аталған проблемаларды осы Бағдарламаның шеңберінде
кешенді шешу Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және жария ету жүйесін одан әрі дамытуға мүмкін
туғызады. «Мәдени мұра» - «Культурное наследие» Мемлекеттік бағдарламасы қысқа тарихи уақыт ішінде жалпы
адамзаттың тарихи-мәдени және өркениетті процестерінің толыққанды құрамы ретінде, Қазақстанның аумағында
мемлекеттіліктің ұрпағын және дәстүрін, уақыт байланысын, рухани мирасқорлықты кейіптейтін біздің елдің
классикалық бренді ретінде сақталып қалды. Жалпы тарихи жоспарда – ол өзінің ауқымы мен нәтижесі бойынша барлық
посткеңестік кеңістікте ұқсастығы жоқ, қазіргі заманның бірегей жоспары болып табылады. Елімізде «Мәдени мұра»
бағдарламасын жүзеге асырудың алдыңғы кезеңі бұрынғы дәуірлердегі аға ұрпақтың материалдық және
интеллектуалдық құндылықтарын сақтау мен оны одан әрі дамытуға мемлекеттің үлкен қамқорлығының қажеттілігін
көрсетті.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2004-2006 жж. «Тарих және этнология» саласы бойынша
«Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы», «История Казахстана в русских источниках», «История Казахстана в
западных источниках» 10-томдық сериялар, «История Казахстана в античных источниках», «Қазақ халқының салтдәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» 2-томдық сериялар соңғы жылдары жарық көрді. Сонымен қатар 2007-2011 жылдарға
арналған «Қазақстан өркениеттер тоғысында: антикалық дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі әлеуметтік мәдени
тұғырлардың өзгеріске түсуі мен дамуы» Ұлттық стратегиялық жобаны іске асырудың талаптары мен міндеттерін
нақтылау барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бағдарлама
нәтижесінің тиімділігін арттыру мен нәтижелігі жөніндегі ұсынысты басшылыққа алды: жалпыұлттық ынтымақтас
үрдісіне, ұлтаралық келісімге және жалпыұлттық идеологияның нығаюына жағдай жасау; Қазақстанның ұлттық
нышандарын көне ұлттық мемлекеттіліктің ескерткіштерін жаңғырту арқылы насихаттау және қазіргі нышандар;
Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттырудың қуатты құралы ретіндегі Республиканың қайталанбас ұлттық
брендін қалыптастыру; Әлемдік тарихтағы көшпенділердің рөлін жан-жақты ашу; Қазақстанның Ұлы дала өркениеті
мен түрік мәдениетінің алтын бесігі екенін насихаттау; Бағдарламаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде табылған
тарихи-мәдени мұраларды ғылыми айналымға тарту және білім беру саласына еңгізу мақсатында жан-жақты кешенді
түрде зерттеу; «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерттеудің тұғырлы
ұстанымдарын әзірлеу; «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру барысында алынған мәліметтер жүйеленіп, енген
оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу; табиғи-мәдени мұражайлар, қорықтар жасауды және
Қазақстан Республикасының таңдаулы тарихи орындарының туристік бағыттарын әзірлеуді ғылыми тұрғыда негіздеу
5. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.
XX ғасырдан бастап Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық өмірінде күрделі өзгерістер болды. Қазақ қоғамында
демократиялық ой-пікір , ұлттық сана өсті . Отаршылдық –әкімшілік басқару жүйесі қазақ халқының алдыңғы қатарлы
азаматарының сана –сезімі , ұлттық намысының оянуына түрткі болды.
Патша үкіметінің Қазақстандағы саяси тәртібі , оның салдары және соған байланысты қазақ қоғамында саяси –
қоғамдық ой –пікірдің қалыптасуы дамуы туралы ғылыми зерттеулер жазылып, кеңестік дәуірге сәйкес бағасын алды.
Бірақ оларда қазақ ағартушыларының және зиялыларының еңбектеріндегі саяси-құқықтық идеяларына ұлттық мүдде
тұрғысынан баға берілмеген.
XX ғасырдың алғашқы ширегінде орын алған I орыс революциясы, ұлт –азаттық қозғалыс, Ақпан және Қазан
төңкерістері ж/е т.б оқиғалар қазақ қоғамдық- саяси ойдың дамуына зор ықпал тигізді . Осы оқиғалармен қатар ел
өміріндегі саяси өзгерістер қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына әсерін тигізді . Ұлттық интеллигенция
тобы қазақ қоғамдық –саяси ойдың дамуына елеулі ықпалын тигізді . Мысалы :
1. А.Байтұрсынов *Маса *, М.Дулатұлы *Оян қазақ!* кітабін жазып , қазақ халқының сол кездегі ой-санасын
оятты .
2. Ә.Бөкейханов неше түрлі саяси-құқықтық идеялар мен бағдарламалар жасаумен айналысты.
3. 1913 жылдан бастап жарық көрген *Қазақ* газеті либералдық демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді .
* Қазақ* газеті арқылы Алаштың зиялы қауымы қазақ халқының саяси сауатын ашты .
4. Қазақтың тұңғыш магистрі Ж.Ақбаевтың саяси күресі мен құқықтық идеялары қазақ халқының ұлттық –саяси
бағытын айқындауда зор рөл атқарды
Қорыта келгенде, қазақ халқының қоғамдық- саяси ойдың дамуы қазақ ұлттық интеллигенциясымен тығыз байланыста
болды . Ол болмаса қазақ халқының қоғамдық –саяси сауаты ашылмай , мәңгі түнекте қалар еді.
Қазақ балалары үшін білім алу өте маңызды рөл атқарды . Елдің дамуы үшін,саяси көзқарастың өзгеруі үшін , қазақ
халқының жер бетінен ұлт болып жойылып кетпеуі үшін саяси интеллигенцияның тұрақты түрде қалыптасуы,
білімділердің саны артуы маңызды рөл атқарды. Тарих сахнасына жаңа білімді, саяси интеллигенция толқыны келген
сайын , саяси көзқарас өзгеріп отырды. А.Бөкейханов , Т.Рысқұлов бастаған саяси топ осының дәлелі еді. Ол кездегі
басты мақсат ҚАЗАҚ ұлтын сақтап қалу , Егеменді тәуелсіз ел құру еді
5.1991 жылы қазанда жетекшілері О.Сүлейменов пен М.Шаханов болған Қазақстан Халық Конгресі партиясы құрылды.
Сондай-ақ, бірқатар коммунистер бұрынғы Қазақстан Коммунистік партиясының қызметін қайтадан қалпына келтіруге
әрекет жасады. Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында тек демократиялық жолмен,
Конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды. Бұл саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тек құқықтық
жағдайда өзара түсінісу, келісу арқылы байланыс жасап отыруға тырысты. Қайта құру жағдайында Қазақстанның
қоғамдық ұйымдарында да сапалық жаңа өзгерістер іске асты. 1991 жылы қазан айында Қазақстан комсомолының
кезектен тыс ХҮІІІ съезі болып өтті. Съезд делегаттары республика комсомолын Қазақстанның жастар одағына
ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Оның алдында республика жастарының құқықтары мен мүдделерін қорғау
міндеті қойылды. Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе, бастауыш ұйымдарының рөлін көтеруге ерекше мән
берілді. Қазақстан Орталық кәсіподақ комитеті және облыстық кәсіподақ комитеттері салалы кәсіподақ Кеңестері
болып қайтадан құрылды. Соңғы жылдардағы кәсіподақ ұйымдарының негізгі қол жеткен табысы – ол әр түрлі саяси
және мемлекеттік ұйымдардан тәуелсіздік алды. , республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық
негізде бірлестіктер жұмыс істеді. Бұл жоғарыда аталған фактілердің барлығы ХХ ғ. 80-ші жылдардың 2-ші жартысында
қоғамды қайта құру барысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде демократиялық қатынастардың кең өріс ала
бастағанын көрсетеді. Қазақстанның бірлескен демократиялық, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының
құрылтай съездері боЛды.Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеуметтік әділдік, демократиялық
құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның
тұрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді. Саяси партиялардың көпшілігі
Республика президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады.
Қазақстанның тәуелсіздікке қол жетуімен қазақ халқының рухани өмірінде жаңа мәдени процестер кеңінен өріс алды.
Астана қаласында тұңғыш рет ұлттық музыка Академиясы құрылды. Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің негізінде
колледж, ал жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов “ПЕН-клубын” ашты. Осының бәрі өнер саласындағы дарынды адамдардың
өз идеяларын жүргізу үшін тиімді де пайдалы нысандар тауып жатқанын көрсетеді. Мәдениетті дамытуда жоғары кәсіби
мәдениет кадрлары мен мамандардың атқаратын рөлі зор. Осы жағдайды ескере отырып, мәдениет саласына қажетті
кадрларды дайындау ісі республиканың 5 жоғары 39 орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асырылып келеді.
Еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2000 жылды – Мәдениетті қолдау жылы деп
жариялауының үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың материалдық базасын
нығайтуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. 727 мәдениет мекемелері жаңадан ашылды. Олардың қатарында
Астанада, Петропавлда, Оралда, Өскеменде және Түркістан қаласында ашылған театрлар бар. Мәдениетті қолдау
жылының шарықтау шегі Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын откизди.. Қазақстан полиграфиялық баспаларынан
тарихи-мәдени мұраларды, әлем әдебиетінің ең үздік үлгілерін жарыққа шығару жандана түсті. Соңғы жылдары
“Қазақстан ұлттық энциклопедиясының” 10 томы, Н.Ә.Назарбаевтың “Ғасырлар тоғысында”, “Сындарлы онжылдық”
т.б. еңбектері, 10 томдық “Тарихи және мәдени ескерткіштер” жинағы, Мұстафа Шоқай шығармаларының екі томдығы,
Қытай мұрағаттары негізінде қазақ тарихына арналған бес кітап, бес томдық Қазақстан тарихының үш томы жарық
көрді. Қазақ халқының 125 томдық ауыз әдебиетін, “Алаш мұрасы” атты көп томдық серияларын, Ә.Марғұлан
еңбектерінің 14 томдығын, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин тағы да басқа қазақ әдебиеті классиктерінің
көп томдық серияларын басып шығару қолға алынды. Алдағы кезеңде республика мәдениетін дамыту үшін барлық
мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, оған қолайлы жағдай жасау міндеті тұр. Осыған байланысты Президент
Н.Ә.Назарбаев “Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары” Жолдауында мәдениетті
дамытудың нақты жолдарын “Мәдени-тарихи мұраны сақтау” деген бөлімінде ерекше атап көрсетеді. Онда мынадай
нақты міндеттер қойылған: Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде осы заманғы ұлттық
мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау. Екіншіден, ұлттық тарих үшін
ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету. Үшіншіден,
ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту және кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық
дестелер жасау. Төртіншіден, мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері
негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау. Қорытып айтқанда, мұның барлығы елдің экономикасы
оңала бастаған тұста әдебиет пен мәдениет, жалпы руханият мәселелеріне айрықша назар аударатын кез келгендігін,
еліміздің болашағы мәдени дамумен байланысты екен
6.Біздің бүгінгі «мемлекеттік идеология жоқ» деп жүргеніміздің астарында баяғы Кеңестер дәуіріндегі идеологияны
аңсау жатыр. Әуелі бір идеология, модель жасап, белгілі бір қоғамның суретін салып, содан кейін сол қоғамды сол
суретке қарай икемдеу, керек болса, тіпті күштеп икемдеу идеологиясы Кеңестер заманында болды. Конституциялық
тәрбие» деген ұғым бар. Демократиялық қоғам құрып жатқан жас мемлекет үшін бұл — маңызды мәселе. Мысалы, 1945
жылы неміс фашизмі күйрегеннен кейін Германияда билік басына келген адамдар: «Біз фашизмнің тоталитарлық
жүйесінен шықтық, біраз уақыт демократиялық тәрбиеден айырылып қалдық. Енді жаңа Германия құру үшін біздің
азаматтар жаңа конституция құрып, өткенінен арылу керек», — деген мақсат қойды. Халықты тоталитарлық санадан
арылтты.
Қазақстанның жағдайын әлемдік идеологиялық ағым¬дардан бөлек қарастыруға тура келеді. Егер әлемде либерализм,
консерватизм, марксизм, социал-демократизм сияқты идеологиялық бағыттар үстемдік құрып, бір-бірімен бәсекелес
болса, тарихи даму ерекшелігіне байланысты Қазақстанда бұл ағымдардың күресі жоққа тән. Марксистік-ленинистік
идеология үстемдік құрған КСРО-ның құрамында болған Қазақстан либерализм және консерватизм сияқты ағымдармен
тек қана өткен ғасырдың аяғында ғана танысты. Сондықтан, Қазақстанда аталған ағымдар кең қанат жая алмады, ал, бір
ғасырға жуық уақыт монополия құрып келген коммунизм идеологиясынан халықтың басым көбі тәуелсіздікке қол
жеткізгеннен кейін-ақ бас тартты. Сөйтіп, елімізде жоғарыда аты аталған ағымдардың кейбір элементтерін ғана бойына
сіңірген өзіндік идеологиялық топтар қалыптасты.
Иә, Қазақстан өзінің көпұлттылығымен ерекшеленеді. Тиісінше, қоғамда алуантүрлі идеялардың болуы да заңды.
Алайда бұл қандай да бір ортақ идеологияның, жалпы мемлекетті бейнелейтін «идеяның» болмайтынын көрсетпесе
керек. Сонымен, біздің ортақ идеология – қандай да бір қоғамдық, топтық идеология , қазақстандық идеология. Жалпы
қазақстандық идея белгілі бір әлеуметтік , ұлттық немесе саяси тар шеңберде қалмауы тиіс. Мемлекеттік идея үшін
негізгі қоғамдық идеяларды біріктіру қажет. Қазақстандағы мемлекеттік идеология барлық әлеуметтік, ұлттық , саяси
топтардың көзқарасы мен идеяларын ескеретін синтетикалық идеология түрінде ғана әрекет ете алады. Егер жоғарғы
билік келешекте ілгері дамып, жерінің тұтастығын, азаматтық және этникалық сипатын, саяси тұрақтылығын сақтап
қалғысы келсе, осы тәсіл шешуші жол іспеттес. Алайда ол бұрынғы идеологиялардың тар шеңберінен аттап өтетіндей
ауқымды болса керек. Қолданыстағы негізгі идеялардың синтезін жасап, соның негізінде дербес Қазақстан мемлекетінің
жаңа сападағы идеологиясын өмірге әкелу қажет.
Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың
перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент.
Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті.
«Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр
кешкен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай
елдің тағдырын құрдымға жібергенін де білеміз
Түйіндей айтсақ, Қазақстан елінің тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында, қазақ халқы — басты
жауапкер. Сондықтан да, біздің ілгері өркендеп, дамыған елдердің қауымдастығына қадам басамыз ба?, әлде өткен
даңқты жолымыздан жұбаныш тауып, өкпе мен өкінішке көміліп, тарих қалтарысында қаламыз ба — ол қазақ халқының
парасатына, ұлы мақсаттарға жетелейтін — Мәңгілік Елдің жасампаз ұрпақтарына байланысты болмақ! «Қазақстандық
жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауында да Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзініңкең көлемдегі мағыналы
ойларын барша Қазақстандықтарға нақтылап жеткізе отыра, орындалу жолдарында міндеттелген.
8. Ұлттық идеяны қалыптастырудың стратегиялық мақсаты:
Ұлттық идеяның рухани жағы қазақ халқының өзінің қазақ екенін мақтан тұтуы. Қазақстандағы кез келген этностың
өкілі өзінің Қазақстанда тұратынын мақтан еткенде ған біз жалпы ұлттық идеяға қол жеткіземіз. Бұл ел экономикасын,
халықтың әлеуметтік, рухани жағынан алдыңғы қатарға көтеру. Біз әр қазақстандықтың оның ішінде қазақтардың өзінің
қазақ екендігін мақтаныш сезімімен айтқанда, жүрегімен қазақ болғанын мақтан тұтқанда ғана ұлттық идея
қалыптасқанын көреміз. Бізге бірақ идея керек ол қазақ болу идеясы. Қазақстанда қазақ рухы барлық салалардан,
өмірдің барлық ашық және жасырын қалтарыстарынан сезініп тұруы қажет. Әр қазақтың рухы қазақ болуы керек. Ол
тілімен, ділімен, ең алдымен рухымен қазақ болуы тиіс. Ұлттың рухы биік болса, өресі биік болады. Ол үшін ұлттың
рухын көтеру жолында жұмыс жасалуы тиіс. Материалдық жағынан қорғалған, білімді, р ухы биік адам ғана өз
Отанының патриоты бола алады.
2 Ұлттық идеяның стратегиялық міндеттері: Еліміз тәуелсіздігін алған бүгінгі кезеңде бізге ең керегі – патриоттық сезім.
Халқымыздың негізі елін, жерін, егемендігін шын жүректен сүйетін нағыз патриотқа айналмай елдің тез өсіп, жедел
дамып кетуі екі талай.
Қазақ ұлтының қатардағы ұлт ретіндегі және сонымен бірге мемлекеттің негізін құрушы ұлт ретіндегі конституциялық
құқығын қорғау, қалпына келтіру және гүлдендіру – бүгінгі Қазақстанның мемлекеттік идеологиясының басты
нысанына ашық айналуы тиіс.
Қазақстан Республикасының ұлттық идеясын қалыптастырудың басым бағыттары мыналар болып табылады:
Ұлттық идеяның бірінші басымдығы – ел бірлігін сақтау. Ел бірлігі ұлттық идеяның ұйтқысы. Экономиканың бәсекеге
қабілеттілігін арттыру, интеллектуалды қоғамды қалыптастыру. Өркениетті мемлекет құру. Қазақтарды мемлекет
құраушы ұлт ретінде жаңа белеске көтеріліп, Қазақстан халқының берік өзегіне, сенімді діңгегіне айналдыру.
Мемлекеттік деңгейде қазақ этносын қолдайтын, оның барлық аспектілерін қарастыратын бағдарлама қабылдау керек.
Бұған қаржылай бекітілген және заңдық күші бар, қазақ этносына тілді меңгеру, білім, денсаулық сақтау саласында
қолдауды және жұмыспен, сәйкесінше баспанамен қамтамасыз етуді қарастыратын құжаттардың толық пакеті кіру
керек.
Сонымен ұлттық идея – атамекенiнде өсiп-өнетiн халықтың тоқтамы мен үмiтi, елдiктi ту ететiн еркiндiк пен естiлiктiң
есесi.
Міне, терен сипатты пікір алысу қазақ ұлттык идеясынын қазақстан- дық идея, барлық этностарды біртұтас халыққа
біріктіретін, жаһандану үдерісінде өзінің мәдени және ұлттық бірегейлігін сақтап қана қоймай, сонымен бірге оның өмір
сүруін қажетгі құрылымдаушы факторына айна- ла алатын қазақстандық идея мәртебесін ала алатын тәсіл болып
табыла- ды. Тек ұлттық идея ғана әлемдік қоғамдастыққа ұлттық мақтаныш сезімімен, өзінің мәні мен салмағын таныған
санамен кіруге қабілетті нақты күш бола алады.
Ұлттық идеология — күш пен қаталдыққа табынудан — пікір алысу мен келісімге табынуға дейінгі бағыт. Мұндай
идеология Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін азаматтық және мәдени бірегейлігін нығайтуға
жәрдемдесетін болады, елдің үдей түскен жаһандану жағдайында төтеп беріп қана қоймай, өзінің ұлттық келбетін
сақтауға көмектеседі,
Сөйтіп ұлттық идеяның мәні мынадай тұжырымда тезистік түрде айтылуы мүмкін: «Бастау-көзді ұмытпай, біз бірге
әрбір қазақ- стандықтың игілігі үшін гүлденген және демократиялық күшті Қазақстан орнатамыз». Ұсынылып отырған
ұлттық идея тұжырымы барлық көп этностық қоғамды топтастыра және азаматтық бірегейлік векторын күшейте отырып, мемлекетті нығайтудың, жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру- дың аса манызды әлеуметтік-экономикалық
және саяси проблемаларын шеше отырады
Қазақстандағы ұлттық идеяның аспектілері:
1 Саяси мемлекеттік. Бұл аспектіде қазақ ұлтын басқа этностардың құқын кемсітпей, қазақ ұлтын қорғайтын,
мемлекеттік дәрежеде қолдайтын бағдарлама мен шаралар қабылдау. Қазақ ұлтының мемлекет құраушы рөлін
мойындайтын Конституцияға бап енгізу.
2 Әлеуметтік экономикалық аспектісі ұлттық идеяның Елбасы көтеріп жүрген әлемнің бәсекеге қабілетті отыз елінің
қатарына кіру идеясы. Сонымен қатар қазақтарға әлеуметтік қолдау көрсететін, қазақ ұлтының материалдық жағдайын
көтеруді қамтамасыз ететін бағдарламалар қабылдау.
3 Рухани мәдени аспектісі ұлттық рухты көтеру. Осы үшін жұмыс істеу. Ұлттық рухты патриотизм, тіл, діл арқылы ғана
көтеруге болады.
4 Тіл мәселесі. Яғни қазақ тілінің жалпыұлттық рөлін көтеру.
5 Қазақтың ұлттық құндылықтарына басымдық берілуі тиіс деген бапты Ұлттық саясат тұжырымдамасы мен
Конституцияға енгізу.
Қазақстандағы ұлттық идеяның пайда болуы эволюциясын ұлттықпен қатар кең мағынада жалпыөркениеттік деңгейде
қарастыру қажет.
Ұлттық идея оның барлық өзгеруіне қарамастан, қоғамның ортақ мақсаты мен бағытын көрсететін халықтың көпшілігі
қолдайтын құндылықтармен анықталатын идеалдармен сәйкессіздіктеріне қарамастан, осы фактіден шыға отырып,
жүргізілген талдау негізінде біз қазіргі қазақстандық азаматтардың құндылықтар жүйесі қазіргі кезеңдегі Қазақстанның
ұлттық идеясының қалыптасуының потенциалды алғышарттарының бірі бола алады.
9.1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алашорда
үкіметін жариялаған сиез.
Бұл сьезд Ресейде қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде
ұйымдастырылды. Сиез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, С.Досжанов,
Е.Омаров оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты.[
Ұйымдастыру кадеті тарапынан өр уезден, әр облыстық қазақ кадеттерінен келетін екі өкілден бөлек 30-ға жуық кісіге
арнайы шақыру қағаздары жіберіліп, «Сарыарқа», «Ұран», «Бірлік туы», «Тіршілік» газеттері мен әртүрлі ұйымдардан
бір-бір өкілден шақырылды. Сиезге Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстарынан және
Бөкей Ордасынан барлығы 200-ден астам өкіл қатысты. Осының ішінде сиезге Б.Құлманов, Ж.Досмұхамедұлы.
Ғ.Қараш, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай т.б. белгілі тұлғалар арнайы шақырылды. Сиездің төралқасына Б.Құлманов
(төраға), Ә.Бөкейхан, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Кенесарин, Ғ.Қараш сайланды. Сиездің күн тәртібіне Сібір, Түркістан
автономиясы һәм оңтүстік-шығыс одақ туралы, Қазақ автономиясы, милиция, Ұлт Кеңесі, оқу мәселесі, ұлт қазынасы,
мұфтилік мәселесі, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік, т.б. мәселелер енгізіліп, маңызы зор шешімдер
қабылданды.
Сьезд әр аймақтан келген өкілдердің өз елдерінде болып жатқан оқиғалар жайлы ақпарат берулерінен басталды. Одан
соң Құрылтай жиналысына сайлау жөнінде айтылды. Сиез жұмысына Башқұртстаннан Ахмет Зэки Уәлиди бастаған
бірнеше қонақтар тілектестіктерін білдіріп, құттықтаулар айтты. Сиез Қазақ автономиясы мен милиция туралы
Х.Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша «Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз билігін өз
қолына алады» деген қаулы шығарды. М.Дулатов оқу мәселесі туралы арнайы баяндама жасап, комиссия құруды
ұсынды. Сиездегі ең басты мәселе автономия мәселесі жөнінде Ғ.Ғаббасовпен бірге Түркістан автономиясы жөнінде
М.Шоқай сөз сөйледі. Осы негізгі мәселеге байланысты сиез аса маңызды тарихи қаулы қабылдады. Онда: «Қазаққырғыз автономиясы - «Алаш» деп аталсын», «Алаш автономиясының жері, үстіндегі түгі, суы, астындағы кені «Алаш» мүлкі болсын», «Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлт Кеңесін құруға,
мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы - 25 болып, он орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға
қалдырылды. Алашордасының уақытша тұратын орны - Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз
халқының билігін өз қолына алды» деген тарихи шешімдер болды. Бұдан соң Алаш автономиясын жариялау мәселесі
көтерілді. Ол бойынша делегаттардың пікірінде келіспеушілік байқалды. Ресми жариялауды жақтаушылар:
Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, А.Кенжин, У.Танашев, Ғ.Қараш, С.Досжанұлы және т.б. барлығы - 33 адам;
ресми жариялауды тоқтата тұралық деушілер: Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, О.Алмасов,
Х.Ғаббасов және т.б. барлығы - 42 адам, қалыс қалғандар - А.Шегіров, М.Шоқай, Ә.Кенесарин болды. Нәтижесінде,
«ресми жариялауды сиез атынан сайланған қазақ-қырғыз ісін басқарушы 15 кісіге тапсыралық. Олар біздің Уақытша
үкіметіміз (Алашорда) болсын» деген тоқтамға келді. Сиез Сырдария облысы қазақтарының сиезін шақыруды қажет деп
тауып, өз араларынан Б.Құлманов, Т.Құнанбаев, М.Дулатовты өкілдер ретінде жіберу туралы шешім қабылдады.
Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық
әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Сиез бұл мәселені жанжақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және
қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген
халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев
ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт
кеңесіне мүшелер сайланған соң (қосымшаны қараңыз), Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған
Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған
Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы,
М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл сиез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының
ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды
оқиғалардың қатарынан орын алады.
10)Бірінші орыс революциясының қоғамдық-саяси қозғалысқа әсері
Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен
қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы
қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905—07 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялықдемократиялық революцияның ықпалы зор болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық және саяси дамуы дәрежесінің
салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді. Екіншіден, оған өнеркәсіп пен қала жұмысшылары қатысты. Үшіншіден,
аграрлық қозғалыстар, негізінен, қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының ісәрекеттерінен көрінді. Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалысты
жаңа сатыға көтерді.
Сөйтіп, 1905—1907 жылдарда өткен Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне
қадам басты. Қазақ даласында осы жылдары Ресейдегі революциялық процестердің жалпы барысымен тығыз
байланысты жұмысшылардың бірқатар саяси және экономикалық толқулары болып өтті. Оларға 1905 жылдың
желтоқсанында Успенск мыс руднигіндегі, 1907 жылдың маусым айында Спасск мыс қорыту зауытындағы, Қарағанды
кендеріндегі, сондай-ақ, Семей, Орал, Ақтөбе, Верный, Қостанай және басқа да қалалардың кәсіпорындарындағы өткен
ереуілдерді жатқызуға болады.
Ресей империясындағы 1905 жылғы қалыптасқан саяси ахуал қазақ халқының азаттық қозғалысының жаңа
сатыға көтерілу кезеңін бастап берді. 1905 ж. cаяси оқиғалар туралы алғашқы хабарлар қазақ даласына жетісімен, Ә.
Бөкейханов атап көрсеткендей, «бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді».
Сол кезеңдегі әкімшілік орындарына түскен мәліметтердің бірінде: «Патша үкімдерінің жариялануынан бері қарай
қырғыз жұрты мерзімді басылымдарға қызығушылықпен зер сала қарай бастады. Сауаты барларының көпшілігі
астаналық газеттерді жаздырып алуда. Қырғыздар арасында бұрын-соңды болмаған құбылыстар байқалуда» — делінген.
Қазақ даласында байқалған мұндай құбылыстардың бірі өлкенің барлық елді мекендерінде қазақтардың үлкенді-кішілі
жиылыстарының өткізіле бастауы еді. Мұндай жиылыстарда қазақ жұртының көкейтесті мұқтаждықтары талқыланып,
ол жөнінде орталық үкімет орындарына тапсыруға петициялар әзірленді. Осылайша қазақ даласындағы саяси күрес
патшаға, орталық билікке петиция жазып тапсыру түрінде көрініс ала бастады. Қазақтардың орталық билік орындарына
тапсырған петицияларында жерді тартып алуға, салықтың ауырлығына, төменгі басқару органдары мен патша
чиновниктерінің тарапынан озбырлық, қиянат, қоқанлоқы жасалуына наразылық білдірілді. Сонымен бірге өздерінің
діни істерін Орынбор муфтилігіне қарату, қазақ арасында оқу-ағарту ісін ретке келтіру және өлкеге земство енгізу
сұралды.
«1905 жылдан бері қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, ұлт пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық
жылдарында Се- мей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдікпен жол-жоба көрсеткені
үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары cенімсіз болып қалды”,— деп жазды. 1905 жылы Семей
облысы Қарқаралы уезінің Қоянды жәрмеңкесінде 14,5 мың адам қол қойған Қарқаралы петициясына Ә.Бөкейхановтың,
А.Байтұрсыновтың, Ж.Ақбаевтың қатысы болған. Осы петиция туралы және оны дайындап, көптеген адамдарға
қолдатудағы Ахмет Байтұрсыновтың ерекше еңбегін жоғары бағалаған М.Әуезов 1923 жылы жазған “Ахаңның елу
жылдық тойы” деген мақаласында: “1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа да оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке
қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген. Ол петицияда аталған үлкен сөздер: бірінші — жер мәселесі.
Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші — қазақ жұртына зем- ство беруді сұраған.
Үшінші — отаршылардан орыс қылмақ саяса- тынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының
қосылуында қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петиция- ларды тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой
ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан, Ақандар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес
кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған”,— деді.
Қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі де арта түсті. Олар 1905 жылдың
желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын — Ресей
конституциялық-демократиялық (кадет) партиясының бөлімшесін құруға әрекет жасаған болатын. Ондағы мақсат — 17
қазанда жарияланған патша Манифесі берген бостандықтар шеңберінде қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді.
Осыған байланысты 1906 жылдың ақпанында Семейде қазақтардың екінші съезі өткізілді. Ол кадеттерге жақын
бағдарламаны мақұлдады. Сонымен қатар, оған өлкеге шаруалардың қоныс аударуын тоқтату,
Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану, ұлттық мектептер ашу, тағы басқа да талаптар
енгізілді. Олардың басында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, М.Дулатов, Б.Қаратаев және
қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері жүрді. Сондай-ақ, олар дін ұстану бостандығын жақтап, әсіресе,
үкімет пен жергілікті органдардың мұсылман дініне қарсы шараларына наразылық білдірді. Ұлттық мәдениетті
дамытуды, сонымен қатар, Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен тең қолдануды талап етті. Міне, осыған орай
мұсылман дінбасыларының ықпалы күшті болған Семейде, Петропавлда, Ақмолада, Верныйда және т.б. қалаларда діни
ұйымдар пайда болды. Өлке мұсылмандарының діни талаптар қойған петициялық науқаны кеңейе түсті. Жалпы,
мұсылман қозғалысы түрік халықтарының Ресей империясы құрамындағы автономиясы және мәдени- автономиялық
дамуы туралы мәселе көтерді.
11)1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс,оның себептері,қозғаушы күштері,басталуы,барысы және негізі кезеңдері
туралы баяндаңыз
Көтерілістің шығуының басты себебі: Әлеуметтік- экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Көтерiлістің
бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымында армияның тыл жұмыстарына Қазақстан, Орта Азия, Сібір
тұрғындарынан 19-дан- 43 жасқа дейінгі «бұратаналық» еркек халықтарын шақыру жөніндегі жарлығы тікелей сылтау
болды. Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның ішінде Қазақстанның қалалық облыстарынан- 100 мың ,
Жетісудан - 87 мың адам еріксіз алынуға тиіс болды. Стихиялы қозғалыс бірте- бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы
көтеріліске ұласып, оның ірі ошақтары- Жетісу мен Торғайда пайда болды. Бүкіл Қазақстанды қамтыды.
Көтерілістің мақсаты: ұлттық және саяси азаттық болды. Көтерілістің ұлт - азаттық сипатта болуы, қазақ халқының
барлық тап өкілдері (байлар, болыстар, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың өкілдеріне қатысты.
1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын
алады. К.Қасымов бастаған ұлт- азаттық қозғалыстан кейін 1916 ж. көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық
аймақтарын қамтыған , бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің
іргесін шайқалтып, Шығыстың отар халықтарының империалистік езгіге қарсы ХХ ғасырдың басында өріс алған бүкіл
ұлт -азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі болды. 1960 жылдары орыстың белгілі тарихшысы А.В.Пястковский «Орта
Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс отар халықтардың ( Қытайдың, Парсының, Оңтүстік Америка одағының
және басқалардың) империалистік езгіге қарсы барған сайын өрши түскен, революциялық күрестердің бір буыны
болғандығы сөзсіз», - деген пікір айтқан еді.
Көтерілістің ірі ошақтары: Жетісу және Торғай өңірлері
Жетісудағы көтеріліс тарихының барысы:
1. 1916 ж. шілдесі – стихиялық, наразылық көріністері.
2. Тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы.
3. Қыркүйек – қазан-көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңілуі деген кезеңдерге бөлуге болады:
17 – шілдеден бастап Жетісу мен Түркістан өлкесінде соғыстық жағдай жарияланды. Көтерілісшілердің патша
жазалаушыларына қарсы ірі қақтығыстары Асы мен Қарқара жайлауы, Жаркент, Нарынқол, Шарын, Қорам өңірлерінде,
Самсы станциясы маңы, Лепсі оязында, Садыр-Матай болысында т.б.жерлерде болды.
Қазан айының басында барлық жағынан жазалаушы отрядтар қыспаққа алған Жетісулық көтерілісшілер табан тірескен
шайқастармен шегінуге, сөйтіп Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Жетісудағы көтерілісшілерді басу үшін 8750
найзалы 95 рота, 3900 қылышты, 24 жүздік, 16 зеңбірек, 47 пулемет жіберілді. Жетісуда ондаған қазақ ауылдары
жойылды, бейбіт тұрғындар аяусыз қудалаушылыққа ұшыратылды. Патша өкіметі соңдарына түскен 300 мың қазақтар
немесе Жетісудың жергілікті тұрғындарының 1\4 бөлігі Қытайға қашуға мәжбүр болды. Жетісудағы ұлт - азаттық
көтерілістің қанды қырғынмен аяусыз басып жаншылды. 7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери
горнизонының соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Бекболат Әшекеевті өлім жазасына кесіп, Соттың үкімі
облыстың әскери губернаторы Фольбаум сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, 1916 ж. 9 қыркүйекте Верныйдың
жанындағы Боралдай деген жерде дарға асып, өлтірілді. Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімі
мен Түркістан өлкесінде 1917 жылы ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129
адам түрмеге жабылуға кесілді.
Торғай көтерілісі:
Жетісудағы көтерілісшілер қозғалысы аяусыз басып жаншылған кезде Торғай даласында көтерілісшілер күш алып,
күннен- күнге өрістей түскен еді. Торғайдағы көтерілісшілер саны 50 мыңға жетті. Торғай уезі негізінен қыпшақ және
арғын рулары шоғырланған 13 болыстан тұратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген
Қойдауыл, Аққұм, Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа болыстарын, арғындар мекендеген Тосын, Майқорау, Сарықопа,
Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды. Көтеріліс барысында Әбдіғаппар Жанбосынов қыпшақ
көтерілісшілерінің ханы етіп жарияланды. Ал арғын көтерілісшілерінің ханы болып Шолақ Оспанов сайланды. Кейін
1916 жылы 21 қарашада 13 болыс ( 6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) өкілдерінің құрылтайында атақта
Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынов Торғай уезінің ханы болып сайланды. Құрылтайда Кенесары Қасымовтың
серігі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерелісшілердің сардарбегі болып тағайындалды. Оның
жанында әскери кеңес жұмыс істеді. Көтерілісшілерге Орталық Ресейден келген, осы жерде туып өскен Әліби
Жангелдин қосылған. Ә.Жангелдин көтерілісшілердің « рухани көсемі» болды. Көтерілісшілерден Ә.Жанбосынов,
А.Иманов ондықтарға, жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген тәртіпті жасақ құрды. Әр жасақты басқаруға онбасы,
елубасы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. 1916 жылдың 22 қазанында Амангелді Иманов бастаған 15 мың қол Торғай
қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылды, қоршау кезінде генерал лейтенант А.Ловрентьевтің
жазалаушы корпусы қалаға үш бағытта бет алды. 16 қарашада А.Иманов бастаған 12 мың адамға жуық сарбаздар
Түнқойма пошта станциясына шабуыл жасады. Қарашаның екінші жартысында Торғайдан 150 шақырым жерге жетіп,
Бетпаққара ауданына шоғырланды. 1916 ж қарашаның екінші жартысынан 1917 жылдың ақпанының ортасына дейін
жазалушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалды. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда,
Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте, Бетпаққарада ірі шайқастар болды. Шайқас 1917 жылдың екінщі жартысына,
яғни ақпан революциясына дейін созылды.
13)Ресейдегі ақпан төңкерісі және оның Қазақстанға әсері
Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде
буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы
— республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік
берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша
үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық
көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең
маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық
өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз
т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да
саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған
жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан төңкерісі монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару
аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жержерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы,
солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің
қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен
нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.
Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9
наурыздағы санында: "…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана
орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан
революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске
ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық
цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды.
Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей
азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері
жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп,
империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары
қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты
етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік
кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған
езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы
алуының мәні де осында болатын.
Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар
тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен
зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп
түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін
жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға
амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М.Дулатов: “Сары әскер” қарсылық қылған елдерге
лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кірісіп еді. Он айға жетпей патша өкіметі құламаса,
Ресейдегі ұлы төңкеріс болмаса, не болар еді”, - деп жазды.
Самодержавияның құлатылғаны жайлы хабар жер-жерлерге жетісімен түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың
өкілдері жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ, өздерінің қоғамдық ұйымдары арқылы жергілікті басқару органдарын құруды
қолға ала бастайды. Қоғамдық негіздегі құрылған мұндай жергілікті басқару органдары: азаматтық атқару комитеті,
біріккен қоғамдық құрама (коалициялық) атқару комитеті деген сияқты атауларға ие болды. 1917 жылдың 5 наурызына
дейін Қазақстанда да қоғамдық негіздегі атқару комитеттері құрыла бастады. Мәселен, 3 наурызда Көкшетауда, 4
наурызда Қызылжарда, 5 наурызда Семейде біріккен қоғамдық ұйымдардың атқару комитеттері құрылды. Бұл
ұйымдарға түрлі әлеуметтік топтар мен саяси партиялар мүшелікке ұмтылды. Бұл халықтың демократиялық басқару
дәстүріне құлшына араласқанын аңғартады.
14)Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея,ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясын қарастырыңыз
Ұлттық идея мәселесі бүгінде барлық пост¬кеңестік мемлекеттер үшін маңызды болып отыр. Бүгінде қазақстандық
қоғамда да мемлекетіміздің болашақ даму бағытына қатысты ұлттық идея мен мемлекеттік идеология қандай болуы тиіс
деген қызу пікірталас қалыптасып отырғандығын аңғаруға болады. Бұл мәселеде Қазақстанның зия¬лы қауым
өкілдерінің пікірлері келесідей бағыттар¬ға бөлінеді:
– кеңестік заманда ұмыт болған дәстүрлі мәдени құндылықтарды қайта жаңғырту және нығайту;
– батыс құндылықтарын енгізу;
– батыс құндылықтар жүйесі мен дәстүрлі сананың араласуы.
Сонымен қатар, елімізде анағұрлым кең инте¬гра¬цияны білдіретін «еуразияшылдық» идеясы да кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ, қоғамның идеялық шоғырлануына септігін тигізетін әлеуметтік-экономикалық сипаттағы «Қазақстан – 2030»
стратегиясы, «Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің санатына ену», «Зияткерлік ұлт қалыптастыру» идеялары да соңғы
кездері ресми билік тарапынан да, бейресми ұйымдар тарапынан да қызу пікірталастар тудырып отыр. Ұлттық идея, ел
Президенті Назарбаевтың пікі¬рінше, қоғамның дамуына қарай туындайды. Осыған орай «Қазақ¬стан-2030»
Стратегиясы біздің осы заман¬ғы ұлттық идеямыздың негізі бола алады дей келе, ұлттық идеяның мынадай басты
тұғырларын анықтайды: бірінші тұғыры – ел бірлігі; екінші тұғыры – экономиканың бәсекеге қабілеттілігі; үшінші
тұғыры – интеллектуалдық жасампаз қоғам; төртінші тұғыры – өркениетті мемлекет. Қазір біздің елде де дүниежүзінің
өркениетті елдеріндегідей, «ұлттық» сөзі «мемлекеттік» деген ұғыммен бірдей қолданылады. Демек, «ұлттық банк»,
«ұлттық экономика», «ұлттық валюта» сияқты сөздерде «ұлттық» сөзі тек қазақ ұлтының сөзі деп түсінілмейді, ол бүкіл
қазақ халқынікі деп түсіні¬леді. Сол сияқты «ұлттық идея» дегенде де біз тек қазақ халқының идеясы туралы емес,
жалпы Қазақстан халықтарының идеясы туралы сөз болып отыр деп түсінуіміз қажет. Сонда, ұлттық идея – қазақ
ұлтының және Қазақстан жерін мекендеген өзге ұлттық диаспора өкілдерінің қатысуымен жасалады. Еліміздегі ұлттық
идея мен азаматтық идеясын үйле¬сімді біріктіріп, жалпыұлттық идеяны жасау арқылы елімізді түрлі ұлт өкіл¬дерінен
құрал¬ған біртұтас азаматтық және саяси қауымдастыққа айналдыру мемлекетіміздің ұлттық саясатының басты мақсаты
болуы керек деп ойлаймыз. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, ұлттық идеяда халықтың түпкі мақсат-мүдделері көрініс
табатын болғандықтан, ол жалпы түрде қалыптасқан идея болмауы керек. Оны қалыптастырғанда елдің өзіндік
ерекшеліктер мен тарихи тағдыры ескерілуі қажет. Қазақстанның ұлттық идеясы мен оның даму ерекшеліктерін өзіндік
ұлттық деңгейде, сонымен қатар, жалпыұлттық және жалпыөркениеттік деңгейде қарастыру керек деген пікірдеміз. Осы
айтыл¬ғандарға орай, бүгінгі таңда мемлекетімізге құндылықтық бағдар болатын, болашақтың жарқын жолын
анықтайтын ұлттық идея қажет екеніне күмән келтіруге болмайды. Біздің ойымызша, Қазақстанның ұлттық идеясы
көпұлтты мемлекетіміздің азаматтары мен алыс және жа¬қын шет елдердегі қандастарымыздың жү¬регіне жететін,
жарқын болашаққа жетелейтін бағдар, рухани деңгейде әрқайсысына демеу болатын қасиетке ие көшбасшы ойтұжырым болуы керек. Қазақи рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуында тарих пен мәдениет, әлеуметтік
тәжірибелердің маңызы зор. Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы
саясатын ұлттық сипатта жүргізуді талап етеді. Бұл дегеніміз жаңа жаһандық демократиялық құндылықтардан бас
тартпай, осы жаңашылдықты қалыптастыруда қазақтың дәстүрлі құндылықтарын жаңғырта отырып, ұлттық қорға
сүйену. Қорыта келгенде, бүгінгі таңдағы адамның еркіндігі, бостандығы мен құқының сақталуы мен қауіпсіздігі басты
құндылық болып саналады. Қазақстандық қоғам өзінің ерекшеліктеріне қарай, гуманизм, патриотизм, төзімділік,
адамгершілік, ұлтаралық сыйластық пен ашықтықты ұстанымдарын алға қояды. Бұл құндылықтар Қазақстандағы
барлық ұлттар мен этностарды біріктіретін ұлттық идеяға негіз бола алады.
15)Кеңес үкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктерін талдаңыз
1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші –
экономикалық , екінші – саяси дағдарыс.
Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл
шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды.
Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды.
Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды.
Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет — жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет
құрылды.
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша
шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкі- мет
органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері
құрылды.
Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады.
Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды.
Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов
Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды.
Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер
енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:
-ескі мекмелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру
басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте
бастады;
Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына
белсене қатысуына жағдай жасады;
-шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;
-ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;
-төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;
-кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;
-заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;
-кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;
-облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды;
-жерге жеке иелік ету жйылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орстардың, патша
шенеуіктерінің иелігінде болып келген, срндай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына
берілді.
26.Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз
ҚазАқпарат - Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың аяқталғанына 69 жыл толады. 1945 жылы Берлинде
біздің аталарымыз фашистік басқыншыларды тізе бүктіріп, бүгінгі бейбіт өмірге жол ашты. Араға талай жылдар салып,
әу бастан қазақтың аңсаған арманына қол жеткізіп, Тәуелсіз ел ретінде іргемізді қалағанымыз да сол Жеңістің жалғасы
іспеттес. Батыр аталарымыз Отан үшін жан пида деп, қасық қаны қалғанша жаумен айқасты, өжеттілік пен қайсар
мінездің үлгісін паш етті. Сондықтан біздің бүгінгі қасиетті парызымыз - осы күнге жеткізген ардагерлерімізді аялап,
құрмет көрсету. «ҚазАқпарат» жылдағы игі дәстүр бойынша 9 мамыр қарсаңында осы сұрапыл жылдары майданда,
тылда Жеңісті жақындатуға елеулі үлесін қосқан отандастарымыз жөнінде материалдар жариялап, арнайы айдарлар,
баннерлер орналастыруын жалғастырып келеді. Биыл да біз есімдері ел шежіресінде алтын әріппен жазылған
батырларды бүгінгі ұрпақ жадында мәңгі қалдыру үшін «Қазақстандық батырлар» айдарымен майданда ерлігімен
ерекше көзге түскен жерлестеріміз жайлы ақпарат беріп отырмыз. Сондай-ақ «Жеңіске жеткізгендеріміз» айдарымен
майдангерлеріміздің бала-шағасы, немерелерінің естеліктерін, ардагерлердің отбасыларынан редакцияға келіп түскен
хаттарды жариялап келеміз. Ұлы Отан соғысы жылдарында республикада 12 атқыштар, 4 ұлттық кавалериялық
дивизиялар, 7 бригада, 50 полк құрылды. Майданға барлығы 1,2 млн. қазақстандық немесе республиканың әрбір
алтыншы тұрғыны жұмылдырылды, олардың 640 мыңы, яғни жартысынан астамы ұрыс даласында қаза болды.
Қазақстанның даңқты ұлдары мен қыздары Мәскеу мен Ленинградты қорғауға, Сталинград түбіндегі, Курск иініндегі,
Днепрді алудағы шайқастарға, Украинаны, Беларусьті, Молдованы, Балтық елдерін және Еуропаны азат етуге қатысты.
Олар Рейхстаг төбесіне Жеңіс жалауын тігуге де қатысты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында республикада 12 атқыштар, 4 ұлттық кавалериялық дивизиялар, 7 бригада, 50 полк
құрылды. Майданға барлығы 1,2 млн. қазақстандық немесе республиканың әрбір алтыншы тұрғыны жұмылдырылды,
олардың 640 мыңы, яғни жартысынан астамы ұрыс даласында қаза болды. Қазақстанның даңқты ұлдары мен қыздары
Мәскеу мен Ленинградты қорғауға, Сталинград түбіндегі, Курск иініндегі, Днепрді алудағы шайқастарға, Украинаны,
Беларусьті, Молдованы, Балтық елдерін және Еуропаны азат етуге қатысты. Олар Рейхстаг төбесіне Жеңіс жалауын
тігуге де қатысты. Соғыс жылдарында 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, олардың 100-ден
астамы Даңқ орденінің толық кавалері атанды, 4-уі Батыр атағын екі мәрте иеленді. Бұл - Талғат Бигелдинов, Леонид
Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский. Бұл атақты екі мәрте иеленген жалғыз қазақ - Талғат Бигелдинов 305 рет
әскери шабуылға шығып, жау ұясы - Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын
сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп,
соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралды. «Ердің туы намыс», деп білген
ержүрек батырымыз Бауыржан Момышұлының есімі ел есінде мәңгі қалары сөзсіз. Аты аңызға айналған 316 атқыштар
дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанған Б. Момышұлы өзін даңқты
жауынгер, әскери қолбасшы, стратег және тактик ретінде көрсете білді. 1941 жылдың 26 қарашасында маршал
Рокоссовский оны полк командирі етіп тағайындады. 1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық
дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизия командирі болды. Шығыстың қос
шынары Әлия мен Мәншүк, әуедегі ұрыстарда талай жаудың көзін жойған Хиуаз Доспанова қазақтың қайсар
қыздарының даңқын әлемге жайды. Атақты партизан Қасым Қайсенов пен соғыстың аяқталуын Гитлердің кабинетінде
қарсы алған Сағадат Нұрмағамбетовтің, жаудан қаймықпайтын қазақтың батыр ұлдары Мәлік Ғабдуллин мен Төлеген
Тоқтаровтың ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес.
16. Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс әрекеттері және Алаш қозғалысының тарихи мәні
Алаш қозғалысы — 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлтазаттық қозғалыс.
Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі,
қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі,
қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең
дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн
тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі
уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан
жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған
негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып,
азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай
саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз
болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.
Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады.
1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты
болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа
өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар
бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік
қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған
Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге
келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. А. қның басты мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл. жүйе құру құқын
метрополияға мойындату, түбінде дербес мемл. құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік
озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал ш-н өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын
қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр. принциптерді қадір тұту, ұлттық
мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс рев-сы жылдарынан
бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне
жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ к-ттерінің пайда болуы, күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына
қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты
нәтижелері болатын. 1917 ж. пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанымен,
ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемл. тәуелсіздік, жер және кезінде алаш
зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа
сипатта Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті.
Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік
эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайдың қызметі, оның басшылығымен Берлинде 10 жыл бойы (1929-39)
шығып тұрған “Яш Түркістан” журналындағы материалдар соның айғағы еді. Негізгі мақсаты — ұлттық бостандық
болған А.қ. көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, 20 ғ-дың алғашқы жылдарынан
бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік тоталитарлық билік
алаштық атанған аға буын зиялылардың ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңестік-партиялық қызметтегі
ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады.
17.Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи маңызын көрсетіңіз.
Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы тарихи-саяси айрықша құбылыс ретінде
ұлтымыздың мәдени- рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені ол Қазақ баласының саясат, мәдениет
сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең
халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл козғалыс еді. Қозғалыстың
қарқындылығы мен жаңашылдығы – қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс
жүзінде бытыраңқылык пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет құруға бел шешіп
кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға
дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету
үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан
терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұл
тартпас мысалы — тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. Ес жиып, етек жапқан
бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды Қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты
себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты — ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді.
XX ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш
қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі — тәуелсіз Қазақстанның
барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт
жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек.
Алаш зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих
толқынында» кітабының «Алаш мұрасы жене осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті
нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды.
Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың
басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан
абзал» — деп көрсеткен болатын
Алаш қозғалысымен бірге, мәселен, оның көрнекті қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ә.
Бөкейханов, Х. Досмұханбетовтар сонымен қоса Уәлитхан Танашевтың, (Жанша Жаянша) Сейдалиннің, Айдархан
Тұрлыбаевтың, Ыбырайым Жайнақовтың, Асылбек Сейітовтің, Тел Жаманмұрыновтың, Аспандияр Кенжиннің,
Базарбай Мәметовтің, Иман Әлімбековтің, Әлжан Байғориннің,Садық Аманжоловтың, Мұқыш Боштаевтың, Дәулетше
Күсепқалиевтің, Ережеп Итбаевтың, Хамит Тоқтамышевтың, Сейілбек Жанайдаровтың, Нұрғали Ипмағамбетовтың,
Әзімхан Кенесариннің, Сейдәзім Қадырбаевтардың да ұлт пен тарих алдындағы еңбектеріне лайықты баға беру, құрмет
көрсету — біздің тарихи жадымыздың беріктігі мен азаматтық адалдығымыздың айғағы болмақ. Есімдері аталмаған
қаншама азаматтар XX ғасыр басындағы отаршылдық қамытындағы халқы үшін бастарын бәйгеге тікті. Олар сол ерен
істері не марапат алмақ түгілі, жеке бастарына қауіп төндіріп алды. Кеңес үкіметінің зымиян саясаты бастапқыда
ыдырату мақсатында Алаш қайраткерлерін бауырына тартқан болып, диктатурасы күшейгенде оларды қуғын-сүргінге
ұшыратты. Алаштың атымен ұлы іс бастаған оның қай тұлғасы да құрмет пен марапатқа әбден лайық. Біздің құрметіміз
бен марапатымыздың белгісі — олардың ұлт алдындағы еңбектерін бағалау, оны ұрпақтың рухани уызына айналдыру.
Бұл, түптеп келгенде, өзіміздің ұлттың санамызды қалыптастыру, ел алдындағы перзенттік парызымызды орындау,
ұрпағымызға ұлағат дарыту болмақ
Алаш қозғалысының тарихы — отандық ғылым үшін қазақпен бірге жасайтын мәңгілік тарих. Ұлтының мәңгілігін
ойлаған ұлы азаматтардың жүріп өткен жолын, ерлікке татырлық еңбектерін бағалау – есі бар ұрпақтың жадынан
шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз. Бұл бағытта осы уақытқа дейін бірқатар үлкенді-кішілі ізденістер жасалды.
Әсіресе К.Нүрпейісовтің, Ғ.Ахмедовтің, Р.Нұрғалидың, М.Қойгелдиевтің, Т.Омарбековтің, Ү.Субханбердинаның,
Т.Жұртбайдың, М.Әбдешевтің, М.Құл-Мұхамедтің, Ө.Әбдиманұлының, Ғ.Әнестің, Д.Қамзабекұлының, М.ТөжМұраттың, А.Ісмақованың, Ә.Қараның, Д.Аманжолованың, А.Махаеваның, Д.Сүлейменованың, К.Ілиясованың,
Қ.Сақтың т.б. еңбектері — алаштануға қосылған қомақты үлес. Алаш тарихы, әлбетте, сан тарапты зерттеулерді қажет
етеді десек те, біздің ойымызша, қазіргі кезеңде Алаш қозғалысының мәнін, идеяларын халық санасына сіңіру — қазақ
қоғамы үшін аса көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені Алаш козғалысының идеялары — ұлтымыз үшін ең қасиетті, ең
қымбатты құндылық — тәуелсіздігімізді нығайтумен сабақтасып жатыр.
18.
Қырғыз (Қазақ) АКСР – нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі туралы баяндаңыз.
1919 ж 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің шешімі бойынша Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі
революциялық комитет құрылды. Қырғыз өлкесінің автономиясы жариялағанға дейін өлкені басқару үшін құрылған бұл
орган негізінен барлық жоғары әскери-азаматтық басқаруды өзінің қолына шоғырландырды.
Яғни Декретте Қырғыз революциялық комитеті өлкенің жоғары әскери-азаматтық басқармасы ретінде құрылды деп
айтылады. Казревкомның басшысы болып Пестковский тағайындалды, ол 1919 жылдың шілдесінен 1920 ж маусымына
дейін осы қызметте отырды .Революциялық комитеттің қарауына Астрахань губерниясының Қырғыз территориясы
(бұрынғы Бөкей Ордасын),Орал,Торғай ,Ақмола,Семей облыстары кірді. 1920жылы 22 ұыркуйекте бүкіл Ресейлік ОАКнің жаңа декіреті бойынша Қырғыз АКСР құрамына Орынбор губерниясы қосымша еңгізілді. 1920жылы қазанның 4
Орынборда Қырғыз АКСР құрылтай съезі болды. Съезд үкіметтің жоғарғы органдарын Қазақ АКСР орталық атқару
комитеті сайлап (оның төреғасы Меңдешов болды),ОАК-ның республиканың Халық комиссарлар кеңесін (оның
төреғасы Радус Зенкович болды) құрды.
Автономиялы республиканың территориясы : Семей , Павлодар , Өскемен ,Зайсан ,Қарқаралы уездері , Ақмола ,
Атбасар , Көешетау , Петропавл уездері, Торғай , Қостанай , Ақтөбе , Ырғыз уездері ,Орал ,Темір, Гурьев уездері ,
Маңғыстау уезі , Закаспий облысындағы Красновод уезінің 4 және 5 Адай болыстары , Астрахань губерниясы , Каспий
теңізі жағалауының солтүстік-шығыс бөлігі , Бөкей ордасы мен теңіз маңындағы округтер аймағы. Қырғыз
автономиясының территориясын негізінен 4 облыстың жері құрады. Дегенмен аталған өңірлерінің ҚазАКСР-ына енуі
,яғни жаңа мемлекеттік құрылымның шекарасын анықтау мәселесі сол жылдардың өзінде өте күрделі жағдайда жүрді.
Қырғыз АКСР ын құру барысында шекара айналасындағы талас-тартыстар автономиялы республика құрылғаннан кейін
де ұзақ уақыт жүрді.
1921 ж Қырғыз АКСР ОАКнің декреті бойынша Жайық пен Ертіс өңірінен патша үкіметі казактарға тартып әперген
және 10 шақырымдық шеп құрған жерлердің қазақ халқына қайтарылуы сияқты әділетті шара бірқатар орыс жауапты
қызметкерлерінің қарсылығына тап болды, сол жылғы маусымда Орал губкомы казактардың құқыығн қорғау деген
желеумен жайықтың сол жағалауында қазақтарға қайтарылған 10 шақырымдық шеп құрған жерді бермеу туралы шешім
қабылдады. Және орталыққа Орал губерниясының Қырғыз АКСРнан бөлінетіндігін хабарлады . Нәтижесінде Қазақ
АКСР территориясы 700 мың шаршы шақырымға жуық, яғни үштің біріне ұлғайып 27 млн шаршы шақырымға жетті .
19.
Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз
1925-1933 жылдар арасында Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Голощекин келуімен социализмнің
бұрмалануы күшейе түсті, Аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды, Қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан
Кіші Қазан төңкерісін жасау қажет деген идеясын насихаттады, Бұл бағыт елде елеулі қарсылыққа ұшырады, Сол
жағдайда Голощекин Сталинге хат жолдап, елдегі жағдайды жасап берді, Сталин жауап ретінде Голощекинге сіз
жасаған жоспарыңыз бірден-бір дұрыс саясат деп ойлаймын деген жауап алды, Бұл Голощекин үшін өз идеясын жүзеге
асыруға мүмкіндік туды, Кіші Қазан идеясының негізгі бағыты 2 топақ бөлінді, 1 Елдегі өнеркәсіп саласын ұсақ және
орташа деңгейге бағыттап, дамыту, 2 Елді шикізат аймағына айналдыру, Ірі саяси кайраткер және экономист Смағұл
Сәдуақасов Кіші Қазан бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды 1 Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату, 2
Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру
“Кіші Қазанның” мақсаты – қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлер мен батрактардың көмегіне
сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы
іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп өз тұжырымын айтты. Осы саясат барысында
1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар:
Қазақ ауылын кеңестендіру;
Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу;
Ірі бай шаруа қожалықтарын тәркілеу бағыттарында жүзеге асырылды.
Ф.И.Голощекин және "Кіші қазан” революциясы. Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші
хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне
арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық
жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды
деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.
Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады.
Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы,
халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше
миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды
Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың
басында
Ф. И. Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды.
21.
Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық қарсылығы мен көтерілістер ұлт азаттық
көтелістер жалғасы екенін дәлелдеңіз.
1927 жылы желтоқсанда бкп!б! XV съезі болып, ол ұжымдастыруға бағыт алған съезд ретінде тарихқа енді. Съезд 1932
жылға дейінгі қысқа мерзімде жеке шаруашылық қожалықтарынан ұжымдық шаруашылық !колхоз! жүйесіне көшу
туралы шешім қабылдады.
Ұжымдастыру жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескерместен, күштеу саясатымен жүргізді.
1928 ж Қазақстанда ұжымдастырылған шаруашылықтар 2% құрады. 1930 жылы 1 сәуірде бұл көрсеткіш 50,5%,
1931жылы қазанда 65% жетті. Кейбір облыстарда мұндай екпінді көрсеткіш бұданда өсіп кетті. Мысалы, Орал,
Петропавлда қазақтардың жеке шаруа қожалықтарын ұжымдастыру 70% жеткен. 1931 жылы күзде 122 ауданның 78нде 70-100% орындалған. Қтал күш көрсету әдісімен жүргізілген ұжымдастыру өрескел заң бұзушылықтармен жүзеге
асты. Әсіресе, адам құқығы аяқ асты болды. Шаруаларды заңсыз тұтқындау, сайлау құқығынан айыру, жер аудару, ату
жазалары қолданылды. Тек 1933 жылдың өзінде Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма органдары қазақ өлкелерінен 21
мың адам тұтқындаған.
Қазақ халқының күштеп ұжымдастыру саясатына наразылығы бірден басталды. Осы жылдары 372 халықтық бас
көтерулер мен көтерілістер болған.
Қазақстанның оңтүстігіндегі Созақ ауданында ірі бой көрсету болды. Бұл көтеріліс өзінің ұйымшылдығымен және
табандылығымен көзге түсті. Көтерілісшілер аудан орталығы Созақты басып алды. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатысты.
Көтерілісшілер өздерінің ханы етіп болыс қызметін атқарушы Е.Шопановты сайлап алды. Көтерілісті басып
жаныштауға Қызыл Армияның тұрақтары әскері жөнелтілді. Көтеріліске қатысқандарды қудалау 1938 жылға дейін
созылды.
Ірі бас көтерілулер Алматы, Маңғыстау, Семей округтерінде де болды. Маңғыстауда 60-қа жуық көтерілісшілер тобы
болған. Мұндағы көтеріліс Ойыл, Үстірт, және Маңғыстауды тұтас қамтыды. Бұл бас көтеруді басуға ДАғыстан,
Саратов, Бакуден Қызыл Армия мен БМСБ арнайы әскери бөлімшелері жұмылдырылды.
Ұжымдастыруға қарсы өткен бұл көтерілістердің басрлығы да А.Иманов, Б. Әшекеев бастаған 1916 жылғы көтерілістер
мен XIX ғасырдағы Кенесары Қасымұлы, Сырым Датұлы көтерілістерінің жалғасы деуге болады. Бұл көтерілістердің
басрлығы да патшаның отарлау саясатына қарсы бағытталған. Созақта өткен көтеріліс 1916 жылғы өткен көтеріліс
саяси ұйымшылдығымен, тактикасымен ерекшеленді. Сондықтан бұл көтерілістердің барлығы ұлт- азттық
көтерілістердің жалғасы деп қарастыруға болады.
22
ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихы өзінің аса күрделі әлеуметтік және қоғамдық – саяси
қайшылықтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар рухани азаттық пен демократиялық – ағартушылық идеяларға толы
бұл кезеңде, ұлт зиялыларын ойландырған мәселелер, елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын сақтау, қазақ
халқын өркениетті елдердің қатарына қосу, ол үшін қазақ елін қалың ұйқыдан оятып, оқу, өнер – білім, іскерлік жолына
салу, ең бастысы дербес мемлекет құру еді. Олай болса ғасыр басындағы дағдарыстан шығудың жолын қарастырған
алаш көсемдерінің теориялық ізденістері, практикалық қызметі бүгін де өз маңызын жойған жоқ.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының тарихында аса құндылығымен, маңыздылығымен және қасіретімен де
мәңгі қалатыны даусыз. Өйткені, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласы жаңа тұрпатты мемлекет құруға
қадам жасады. Ал оның жемісті дамуына барынша ат салысып, ана тілінде тұңғыш оқулықтар жазып, қазақ ғылымының
қалыптасып дамуына, отандық мәдениетіміздің ілгерілеуіне барынша ат салысқан бір топ қазақ зиялылары сталиндік
тоталитарлық режимнің қысымына ілінді. «Біз,- деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев,-өз тарихымызды өзгелер тұрмақ өзімізге де толық таныта алмай келе жатқан ұрпақпыз. Зерттемесек,
жазбасақ, жарияламасақ кім не таниды?...»[2, 15].
Қазақстан халқына орны толмас қасірет пен қайғы әкелген отызыншы жылдар ойранына байланысты ойтолғаулар және
Алаш қозғалысына байланысты cүбелі үлес қосқан еңбектерді ғалымдар Д.Аманжолова, К.Нұрпейісов, М.
Қойгелдиевтер жазған болатын [4]. 1996 жылы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың «1997 жылды жалпы ұлттық келісім және саяси репрессия құрбандарын есте сақтау жылы деп жариялауы
туралы» жарлығы шықты. Жарлықтан кейін саяси репрессия тақырыбы кеңінен зерттеле бастады.
Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан
басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына
кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық
ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар»
деп айыптады.
ҚУҒЫН СҮРГІН ЗАРДАПТАРЫ
. Саяси қуғын – сүргін шаралары қазақты елдік санадан айыруға жол ашты. Саяси қуғын-сүргін салдарынан тексіздікке
жол ашылғанымен, сталиндік зобалаң ұлт болмысының тамырын қиюға шамасы жетпеді. Оның түп-төркінін қазақ
тарихының кісілік келбетінің биіктігінен, рух үндестігінің қуаттылығынан іздейміз. Әрине, бұл өз алдына бөлек
зерделенетін іргелі тақырыптардың бірі екендігі де даусыз.
Қазақстан тарихының өркениетті көзқарас шеңберімен зерделейтін өзекті мәселелері жеткілікті. Кеңестік үлгідегі
тоталитарлық тәртіптің ұлт санасына салған «жаралары» жеткілікті. Одан арылу үшін уақыт ғана емес, уақыт ағынымен
бірге ұлтшылдық келбетті қалыптастырып үлгеруіміз қажет. Осы мақсатта өткен тарихымыздың өзекті мәселелерін
ақылмен пайымдауға да күш саламыз. Соның бірі 1920-1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің ұлттық рухымызды
тұншықтырған тұстары. Ұлт еңсесін түсіріп, тексіздікке жол ашқын кеңестік билікті ақылмен зерделеу қазақ тарихының
кісілік келбетін дәйектемек.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси қуғын – сүргін құқық қорғау органдарының қолымен жасалды
Сөз жүзінде заңдардың сипаты демократиялық бағытта болғанымен, іс жүзінде адамдарды жікке бөліп «таптар
арасындағы күресті» өмірге әкелді. Бұл адам баласының мәдениетіне, адамзат өркениетіне аса қауіпті еді. Кеңестік
тоталитарлық тәртіпті жамандау мақсат емес, алайда оның миллиондаған адам өмірін құрбандыққа қиған саясаты ұлт
санасына ізін салып та кетті. Кеңестік жүйеде өмір сүрген халықтардың саяси қуғын – сүргін зобалаңына ұшырамағаны
кемде кем.
Саяси қуғын – сүргін салдарынан конформизм, бюрократизм, жағымпаздану секілді көптеген адами дамуға кереғар теріс
түсініктер өмірден орын алып, тамырын тереңге жайды. Алаш зиялыларының «большевиктер ылаңы көпке кетер,
биліктен кеткенше талайды былғап кетер»,- деген мазмұндағы даналығының ақиқатына біз куә болып отырмыз.
Осы Қазақстандағы қуғын сүргін жылдарында Ахмет Байтұрсынов, Тұрар Рысқұлов, т.б. ұлт зиялылары құрбан болды.
Бұл саясатың негізгі идеясы КСРО халықтары мен қоса қазақ халқын мәңгүрттендіру, қазақ ұлтын рухсыздандыру
болды. Сол кездерде қазақтың атын атап шығар ерлердің барлығы осы опаттың құрбандары болып кете берді. Ұлттың
ұлт ретінде дамуы да біршама уакытқа тоқтап қалгандай еді. Қазақ ұлтының бір зиялы ұрпағын жоқ қылған бұл
зардапты жылдардың орнын ештеңе де толтыра алмайды.
23. Кеңес үкіметінің Қазақстандағы білім және ғылым саласындағы реформалары
Сауатсыздықты жою, халыққа білім беру жүйесінің дамуы және саяси ағартушылық.
1920жылдары бейбіт өмірге көшу жағдайында сауатсыздықты жою, кадрлар даярлау, бұқара халықтың мәдени деңгейін
арттыру қажеттілігі туындады.
КСРО - ның басқа аймақтарындағыдай Қазақстанда да сауатты, зиялы қауым ат төбеліндей аз болатын. Халықтың басым
бөлігінде бастауыш білімде жоқ болатын. Сол себепті Қазақстанда «мәдени революция» жасау керек деп шешті.
Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиіс болды:
Біріншіден мәдени артта қалушылықты жою.
Екіншіден білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру.
Соған байланысты1920 жылы тамызда Партияның Орталық Комитетінде үгіт - насихат бөлімі құрылды. Осы жылы
қарашада РКФСР Ағарту халкомы жанынан Бас саяси – ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және
мемлекеттік орган мәдени революцияға басшылықты жүзеге асыра бастады.
Мәдени революцияның міндеттері:
Қазақстанда мәдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттерді шешу керек болды.
- Жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси білім қажет болды.
- Қазақстандағы оқу - ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу.
- Рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін, қазақ социалистік музыка мәдениетін дамыту.
- Кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мәдени кеңістік жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін – театр,
кино, бейнелеу өнерін т. б. қалыптастыру.
- Қазақстанда ғылымды қалыптастыру үшін ғылыми мекемелер жүйесін құру.
- Жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни наным - сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа
өмірдегі салтын енгізу.
- Социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау.
- Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру.
Осылайша 1920 - 1930 жылдардағы партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық және мемлекеттік органдар,
қоғамдық ұйымдар, сондай - ақ рухани саладағы мекемелер
Мен ұйымдар арқылы «жаңа кеңестік сана» қалыптастыру ісіне бағытталды.
Партия біртұтас социалистік мәдениет қалыптастыру үшін бір жағынан - халықтың білімі мен мәдениетін көтеруге,
екінші жағынан – шығармашылық саласын халыққа жақындата түсуге тырысты. Біртұтас кеңестік мәдениет құру идеясы
ұлттық мәдениеттің өрісін тарылтып жіберді.
Осы кезеңдердегі реформалар Қазақстанды негізінен орыстандыру саясатынның арқасында жүргізілді. Қазақ тілінің
аясы тарылып, жергілікті халыққа қысым жасалды. Қазақ мектептері өте аз болды, тіпті болғандарының өзі жабылып
жатты. Жергілікті халықтың бұрыннан қалыптасқан сана сезімі мен менталитеті аяқ асты болды. Осының салдарын
Қазақстан халқы әлі күнге дейін зардабын шегіп келуде
24. Мәдениеттегі большевиктік тұжырым (идея)
Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн.
Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді жойып
жіберуге бағытталған болышевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын болмаған
адамдардың жоғары бірлестігі — кеңес халқы», сондай-ақ, «мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық социалистік
мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте
заманның өзінде атақты Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер марксистер мәдениеттегі
ұлттық мазмұнды бекерге шығарды. Шын мәнінде, ең алдымен, мәдени туындының мазмұны ұлттық болып табылады.
Өйткені мәдени қайраткерлер өз шығармашылығында нақтылы ұлттық көкейкесті мәселелерді көтереді; қаңдай
абстрактылы шығарма болғанымен, оның тамыры этностық фольклордан, халықтық педагогика, этика, дүниетанымнан
нәр алады. Жоғарыдағы «социалистік» мазмұнды көмкерген ұлттық форманы Сталин тек тілге әкеп тіреген. Олай болса,
өз ұлтының тарих-талғамын орыс тілінде жазған Ш. Айтматов пен О. Сүлейменовты қалайша ұлттық мәдениеттен
аластаймыз. Әдеби тілден басқа әр этностың өзіндік рәміздері, таңбалары, музыка, театр, көркемөнер тілі бар. Әр
этностың төлтума мәдениетіне үлкен нұқсан келтірген большевиктік «тәжірибелердің» бірі — ұлтаралық некелесуді
дәріптеу. Әрине, табиғи-тарихи жағдайларда бұл — прогрессивті процесс, дүниежүзілік мәдени сұхбаттасу ағынының
бір бұлағы. Әр түрлі этностардың, тіпті нәсілдердің араласуы нәтижесінде қазіргі әлемде көрнекті рөл атқаратын
американдар, бразилиялықтар, мексикандар, үнділер сияқты халықтар қалыптасты. Этнобиологиялық және
этноинтеграциялық тұтастануды оқшаулану деп түсінудің ауылы ақиқаттан алыс. Алайда Кеңес Одағында бұл процесс
өктемділікпен жүргізіліп, империядағы басқа халықтарды орыстандыру саясатында өтті. Саяси-идеологиялық
ұрандардың желеуімен 200-ден астам этностар араластырылып жіберілді. «Нәтижесінде жүзге тарта төлтума мәдениет
мәңгілік жоқ болып, жұмыр жердің мәдени-рухани болмысы солғын тартты. Осынау жойқын да жойдасыз қасіреттің
орнында мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан төлтума мәдениетін әбден таптап, химералық күйге жеткен 300 миллион
тобыр қалды; басқа ұлтпен некелескен 60 миллион дүбара қалды; 60 мың тірі жетім балалар қалды (тіркеуге алынғаны
ғана); абақтының тұрақты тұрғындарының саны 20 миллионға жетті». (Тарақты А. Ауызша тарихнама — Қазақ, 36-бет).
Шын мәнінде, Кеңес Одағы маргиналдар қоғамына айналды.
Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік саясат дәрежесінде нысаналы түрде жүргізілді.
Мысалы, 1951 жылы Орталық мұсылман халықтарының «Деде Қорқыт», «Алпамыс», «Манас». «Ер Сайын», «Шора
Батыр», «Қобыланды» сияқты эпостарын діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға тыйым салды. Халықтық
мәдениетті қудалаудың сорақы бір көрінісі — домбыраны феодализмге апарып тіркеу. Тоталитарлық жүйенің мәдениет
саласында жүргізген саясаты тек кеңестік ұлттарды «тазалаумен» шектелген жоқ. «Жаңа коммунистік мәдениетті
қалыптастыру» дегенді басшылыққа алған партократия дүниежүзілік озық мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады. Белгілі
«темір пердемен» қоршалып қойылған КСРО-да таза пролетарлық мәдениет дәріптелді; бүкіл Батыс — буржуазиялық,
ал Шығыс — ескішіл феодалдық деп жарияланды. Мұның бір дәлелі — Отан соғысынан кейін сталинизмнің жүргізген
шаралары. «Космополиттік мәдениет», «империализм ықпалдарына түскен» ғылымдар қатарына кибернетика, генетика,
тілтану т.б. қойылды.
Әрине, ширек ғасырға созылған бүкіл осы кезеңді тек қара бояумен суреттеуден аулақпыз. Қазақстанда кеңес өкіметі
жылдарында мәдени салада едәуір жетістіктер де болды. Партия саясатын түсіну үшін елге «көзі ашық», сауатты
азаматтар керек еді. Ресей сияқты бұрын негізінен сауатсыз империяда халыққа білім беру жүйесі бірталай табыстарға
жетті. Әрбір одақтық республика өз Ғылым Академияларына, мемлекеттік университеттеріне, институттарына ие болды.
Жоғары басқару жүйелері негізінен орыстарға сүйенгенімен «жергілікті ұлт өкілдеріне» мұқтаж еді. Оларды даярлау
Ресейдің орталық аудандарында жүргізілді. Мұның нәтижесінде көптеген ұлт өкілдерінің еуропалық мәдениет және
білімге қолдары жетті. Баспасөз, газет-журналдар шығару, радио хабарларын тарату, теледидар, кезінде «отарба»,
«сиқырлы машина» деп жүретін ауыл тұрғындарына жете бастады. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық опера, балет,
драма, симфониялар пайда болып, ауқымы кеңи түсті. Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара, кәсіпқой
сахна жүлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов т.б. өз өнерлерімен халық дәстүрін жаңа
заманға лайықты жалғастыра білді. XIX ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті де кеңес Өкіметі
жылдарында біршама табыстарға жетті. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин,
Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген ақын-жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі идеологиясының
шеңберінен шығып, өз шығармаларында халықтың көңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін шебер суреттей білді.
Осы жылдары қазақ халқының мәдени тарихын зерттеп-білуге бағытталған біршама әрекеттер жасалды
25. Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық саяси, әлеум. Эконом. Және мадени рухани ахуал
Соғыс алдындағы жылдарда Қазақстан экономикасында «Индустрияландыру» жүзеге асырылды. 1920-1940 жылдары
Қазақстан индустрияның дамуы ірі нәтижеге жетті.
2. Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде.
Индустрияландыруға бағыт алудағы қиыншылықтар.
Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі
деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік
индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина
техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.
Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан
КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі
қиыншылықтармен жүзеге асты.
Ол қиыншылықтар:
1.Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі.
2.Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. Территорияның 1000 шаршы шақырымына 1 шаршы шақырым
темір жолдан келді.
3.Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90 % - і шаруалар еді.
4.Жергілікті мамандардың жетіспеуі.
5.Жаңа экономикалық саясат тоқталып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы.
6.Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы.
7.Әміршілдік – төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі.
1921 – 1922 жылдары Қазақстанда жаппай аштық белең ала бастады. Бұл зұлматтың салдары мынадай болды:
1) Демографиялық жағдай нашарлап кетті. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны 1/3 –
ке дейін азайды.
2) 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп етті.
Республикадағы қоғамдық саяси өмір.
Қазақ өлкесінде жаңа экономикалық саясатты жүргізуші Кеңестер (советтер) болды. Алайда Кеңес құрылысында
қиыншылықтар мен кемшіліктер де кездесті.
1921 жылы 4 – 10 қазанда Қырғыз (қазақ) АКСР Кеңестерінің II съезі болып өтті. Онда қаралған мәселелер: 1)
Республикадағы мемлекеттік және шаруашылық құрылыстардың қорытындылары шығарылды. 2) жергілікті жерлерде
Кеңестерді нығайту жолдары белгіленді.
Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы:
1. Аграрлық республика индусриялы – аграрлық аймаққа айналды.
2. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағы өсті.
3. Ұлттық жұмысшы табы құрылды.
4. Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса бастады.
5. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды.
6. Көп ұлтты ұжымдар пайда болды, адамдардың туысқандығы нығайды.
7. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты.
8. «Кімді кім» деген мәселе қалада да, деревняда да социализм пайдасына шешілді.
9. Өндірістің негізгі құрал – жабдықтарына капиталистік меншік жойылды.
10. Жұмыссыздық жойылды.
11. Халықтың материалдық әл – ауқаты біраз жақсарды. Қазақстанда жалақының жалпы қоры 1928 жылы 142,11 млн.
сом болды, ал 1932 жылы 732,8 млн. сомға жетті.
12. Өнеркәсіп орындарының көпшілігі 7 сағаттық жұмыс күніне көшірілді.
Сөйтіп, индустрияландыру елді экономикалық артта қалушылықтан шығарды.
26.Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз
ҚазАқпарат - Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың аяқталғанына 69 жыл толады. 1945 жылы Берлинде
біздің аталарымыз фашистік басқыншыларды тізе бүктіріп, бүгінгі бейбіт өмірге жол ашты. Араға талай жылдар салып,
әу бастан қазақтың аңсаған арманына қол жеткізіп, Тәуелсіз ел ретінде іргемізді қалағанымыз да сол Жеңістің жалғасы
іспеттес. Батыр аталарымыз Отан үшін жан пида деп, қасық қаны қалғанша жаумен айқасты, өжеттілік пен қайсар
мінездің үлгісін паш етті. Сондықтан біздің бүгінгі қасиетті парызымыз - осы күнге жеткізген ардагерлерімізді аялап,
құрмет көрсету. «ҚазАқпарат» жылдағы игі дәстүр бойынша 9 мамыр қарсаңында осы сұрапыл жылдары майданда,
тылда Жеңісті жақындатуға елеулі үлесін қосқан отандастарымыз жөнінде материалдар жариялап, арнайы айдарлар,
баннерлер орналастыруын жалғастырып келеді. Биыл да біз есімдері ел шежіресінде алтын әріппен жазылған
батырларды бүгінгі ұрпақ жадында мәңгі қалдыру үшін «Қазақстандық батырлар» айдарымен майданда ерлігімен
ерекше көзге түскен жерлестеріміз жайлы ақпарат беріп отырмыз. Сондай-ақ «Жеңіске жеткізгендеріміз» айдарымен
майдангерлеріміздің бала-шағасы, немерелерінің естеліктерін, ардагерлердің отбасыларынан редакцияға келіп түскен
хаттарды жариялап келеміз. Ұлы Отан соғысы жылдарында республикада 12 атқыштар, 4 ұлттық кавалериялық
дивизиялар, 7 бригада, 50 полк құрылды. Майданға барлығы 1,2 млн. қазақстандық немесе республиканың әрбір
алтыншы тұрғыны жұмылдырылды, олардың 640 мыңы, яғни жартысынан астамы ұрыс даласында қаза болды.
Қазақстанның даңқты ұлдары мен қыздары Мәскеу мен Ленинградты қорғауға, Сталинград түбіндегі, Курск иініндегі,
Днепрді алудағы шайқастарға, Украинаны, Беларусьті, Молдованы, Балтық елдерін және Еуропаны азат етуге қатысты.
Олар Рейхстаг төбесіне Жеңіс жалауын тігуге де қатысты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында республикада 12 атқыштар, 4 ұлттық кавалериялық дивизиялар, 7 бригада, 50 полк
құрылды. Майданға барлығы 1,2 млн. қазақстандық немесе республиканың әрбір алтыншы тұрғыны жұмылдырылды,
олардың 640 мыңы, яғни жартысынан астамы ұрыс даласында қаза болды. Қазақстанның даңқты ұлдары мен қыздары
Мәскеу мен Ленинградты қорғауға, Сталинград түбіндегі, Курск иініндегі, Днепрді алудағы шайқастарға, Украинаны,
Беларусьті, Молдованы, Балтық елдерін және Еуропаны азат етуге қатысты. Олар Рейхстаг төбесіне Жеңіс жалауын
тігуге де қатысты. Соғыс жылдарында 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, олардың 100-ден
астамы Даңқ орденінің толық кавалері атанды, 4-уі Батыр атағын екі мәрте иеленді. Бұл - Талғат Бигелдинов, Леонид
Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский. Бұл атақты екі мәрте иеленген жалғыз қазақ - Талғат Бигелдинов 305 рет
әскери шабуылға шығып, жау ұясы - Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын
сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп,
соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралды. «Ердің туы намыс», деп білген
ержүрек батырымыз Бауыржан Момышұлының есімі ел есінде мәңгі қалары сөзсіз. Аты аңызға айналған 316 атқыштар
дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанған Б. Момышұлы өзін даңқты
жауынгер, әскери қолбасшы, стратег және тактик ретінде көрсете білді. 1941 жылдың 26 қарашасында маршал
Рокоссовский оны полк командирі етіп тағайындады. 1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық
дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизия командирі болды. Шығыстың қос
шынары Әлия мен Мәншүк, әуедегі ұрыстарда талай жаудың көзін жойған Хиуаз Доспанова қазақтың қайсар
қыздарының даңқын әлемге жайды. Атақты партизан Қасым Қайсенов пен соғыстың аяқталуын Гитлердің кабинетінде
қарсы алған Сағадат Нұрмағамбетовтің, жаудан қаймықпайтын қазақтың батыр ұлдары Мәлік Ғабдуллин мен Төлеген
Тоқтаровтың ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес.
27. Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз
Соғыс қорытындылары соғысқа қатысушы елдердің өткізген шайқас нәтижелерімен тікелей байланысты болды . КСРО
тарапынан бірнеше ірі шайқас болып өтті .
Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн
адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға үшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын шықты. Соғыстың аяғында
фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды. Фашизмді талқандауда шешуші
рөлді КСРО қүрамындағы халықтар атқарды . Әлемдік тарихындағы ең, өршіл қанды және жойқын болды . Ол алты жыл
бойы жалғасты, ол 62 мемлекетті тартылған, үш құрлықта және төрт мұхиттардың суларын өткізілді. қарсы елдердің
саны соғыс кезінде өзгерді. Басқалары өздерінің одақтасы азық-түлік көмектесті, және көптеген тек номиналды
соғысына қатысқан, ал олардың кейбіреулері, белсенді әскери іс-қимылдар болды. оның бүкіл ұзындығы бойынша
фашистік блок (Германия, Италия, Жапония) тарапынан соғыс жыртқыш, жосықсыз болды. Фашистік басқыншыларға
қарсы күрескен капиталистік елдердің тарапынан соғыс сипаты, бірте-бірте ғана соғыс ерекшеліктерін сатып өзгерді.
Албания, Чехословакия, Польша, содан кейін Норвегия, Голландия, Дания, Бельгия, Франция, Югославия мен Грекия
халқы көтеру азаттық күрес туралы. Кеңес Екінші дүниежүзілік соғыс енуі және әділ, босату, қарсы фашистік ішіне
соғыс бұрап процесін аяқтау үшін антигитлерлік коалиция құру. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат бастан барлық
жауынгерлердің ең қиын болды. Соғыс шкаласы бойынша, халықтың массасы, олар өткен барлық соғыс асып
жабдықтар, кернеу мен ащы үлкен мөлшерде пайдалану қатысады.
28. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңыз .
Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының
қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен - Семей,
Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары.
Шығыс Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде 1949-1989
жылдары aралығында атмосферада - 27, жер бетінде - 183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды.
Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникалары да
сынақтан өтіп отырды. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдары 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде
Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 жылдары Үстіртте де жасалған.
Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңындағы Сарышаған, Ташкент-4
сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың (кадмий, стронций,
қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткен.
Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы
орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының
аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.
Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа
және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам
мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының
көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары
Әрісі мен берісін қатар айтар болсақ, 1949-1991 жылдар аралығында Семей сынақ алаңында Хиросима мен Нагасакидегі
зарядтарды он, тіптен жүз орайтындай қуатқа ие ядролық сынақтар жүргізілді. Ал 1989 жылға дейін кеңестік
тоталитарлық жүйе ядролық сынақтың зардаптары туралы пікірталасқа жол бермеді. Тек қайта құрумен айшықталған
Горбачевтің ашық саясатынан кейін Невада-Семей антиядролық қозғалысы өз мақсатын нақты жариялай алды.
Қозғалысқа Қазақстан Республикасы¬ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ақын Олжас Сүлейменов сынды қазақ
халқының біртуар азаматтары қолдау көрсетіп, сынақ алаңы 1991 жылы жабылды. Және де сол жылы Қазақстан
Республикасы өзге де бауырлас республикалармен бірге тәуелсіздігін алды. Бірақ бұған дейін Семей халқына ұзақ та
шырғалаң жарты ғасырға созылған ядролық дәуірді бастан кешуге тура келді.
29. Е.Б.Бекмаханов, Қ.И.Сәтбаев, Б.Сүлейменов және т.б. ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді
іздестірудің зардаптарын анықтаңыз
1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары
Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді.
Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір
жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір
отандық тарихшылар да «үлес» қосты.
Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде
тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның
нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші
Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр
болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін
Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті.
Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай,
қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша
тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі.
30.
Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлерін талдап
көрсетіңіз
. 1865 ж. Ц. мен баспасөз туралы уақытша ережелер шығарылды. Кеңес өкіметі жылдарында Коммунистік партияның
бақылауымен КСРО республикаларында қатаң Цензура жүзеге асырылды. ОЛарды біз алаш зиялыларының
шығармаларынан байқай аламыз. Алаш арыстарының бүркеншік ат пайдалануы да сол кеңестік цензураның әсері болды
деп айтуымызға болады.
Әлемдік тәжірибеге жүгінер болсақ, дамуда өркениетті дәрежеге жеткен демократиялық құқықтық мемлекеттерде,
мемлекет құпияларын сақтайтын цензура органдарының басты міндеті өз елдерінің қауіпсіздігін сақтап, оның
тәуелсіздігін және азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қорғау болып табылады. Мемлекеттік бақылау
мәртебесін алған цензура органдарының әрекеттері, оның саяси құрлысының тұтастығын қорғап, оларды әртүрлі жат
пиғылдардан сақтандырып, алдын алу шараларын орындауға тиісті. Алайда өткен тарихтың өткелдеріне үңілер болсақ
мемлекеттердің барлығы жоғарғыдай принципті ұстай алмаған. Сондай мемлекеттердің бірі Кеңестер Одағы және оның
құрамындағы Қазақ Социалистік Республикасы. Мемлекеттік басқарудың тоталитарлық тәртібін таңдап алған бұл
елдерде мемлекет құпияларын сақтайтын цензура органдарының қызметі азаматтардың құқығын қорлаумен ұштастыра
жүргізілді. Мемлекет органдары, оның ішінде мемлекет құпияларын сақтайтын цензура органдары адамға қызмет етудің
орнына, адамдар бұл органдарға жан аямай жұмыс істеген. Большевиктер өмірге әкелген осы мемлекеттік биліктің
тоталитарлық жүйесі әбден құдіретті күшіне енген сәтінде Кеңестер Одағы социалистік құрылысты орнату жолында ол
қоғамға жат, тұрпайы әдістерді жан-жақты, барынша қолданды. Социализм құру жолындағы ізгілікті көзқарастар,
демократиялық қадамдар бұрмаланып, ол құлақ естіп, көз көрмеген зорлық-зомбылықтармен ауыстырылды. Халық
билігі деп қаншама айтылғанымен, ол іске аспады. Социализм халық билігі арқылы өмір сүреді деген өткендегі ғұлама
ойшылдардың ізгілікті қағидалары жалған ұрандармен алмастырылды. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында шексіз
бақылауды жүзеге асыратын, биліктің тоталитарлық кезеңдерінде тыйым салулардың мақсаттары мен міндеттері өзгеше
болды. Цензуралық тыйым салынбағанның барлығына рұқсат етіледі деген принцип те сөз жүзінде қалып қойды. Ол
кезеңде цензура саяси мақсаттарға пайдаланатын билік формасының бір тармағы, екіншіден ол өзінің қызмет
әрекеттерімен (мемлекеттік, әскери, экономикалық құпияларды қорғау) қоғамның басқару құрылымының ажырағысыз
бөлігі және мемлекеттің қауіпсіздігінің кепілі болып табылды. Сөйтіп азаматтарға ненің керек, ненің керек емес
екендігін айқындап беретін бақылау функциясын атқаратын мекемелер өмірге келді. Кеңестік цензура өз билігі
кезеңінде патшалық цензураның өзіне қажетті тұстарын таңдап алып соған сүйенді. Мысалы, патшалық Ресейдің 1804
жылғы Цензуралық Жарғысында оның міндеттері: «Қоғамға өнеге болатын және сананың шынайы ағартушылығына
ықпал ететін кітаптар мен шығармаларды дәріптеу және оның пиғылына қарсы келетін кітаптар мен шығармаларды
жою» [4] - деп белгіленсе, кеңестік кезеңдегі 1947 жылғы қабылданған Жарғы бойынша «мемлекеттік бақылау кеңестік
мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер мен еңбекші халықтың мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін басқа да
мәліметтердің жариялануына жол бермеу үшін құрылды» [5], - деп нақтылана түсті. Кеңестік заң, ережелер негізінде
«нұқсан келтіру» деңгейін қандай екендігін арнайы органдар мен осы салада жұмыс істейтін шенеуніктер анықтады. Бұл
мәселені шешуде олар көбінесе, халық тілегімен санаспай «менікі дұрыс» деген принциптен шыға алмай, бюрократтық
әрекеттерге жиі барды. Олардың қызметі идеологиялық және моральдық тәртіптерді берік орнықтыруға бағытталып
отырылды. 8 Зерттеу барысында байқағанымыздай патшалық және кеңестік цензуралар арасындағы айырмашылықтар
болды: біріншіден, егер Қазан төңкерісіне дейін цензура біртіндеп бәсеңдей бастаған болса, ал революциядан кейін
тұрақты түрде күш ала бастады; екіншіден, революцияға дейін жаппай цензура туралы айту қиындау, өйткені ол кезде
жекеменшік баспаханалар, басылымдар мен мерзімді баспасөздер көп еді. Кеңес өкіметі кезінде бұлардың
мемлекеттендірілуіне байланысты цензураның қажеттілігі артып, ол бірінші кезекке қойылып, оның бақылайтын
объектілерінің салдарымен емес себептерімен күрес жүргізіле бастады, үшіншіден, патшалық цензура заңмен реттелсе,
кеңестік цензура жасырын нұсқаулар, арнайы ереже, циркулярлармен реттелді; төртіншіден, революцияға дейінгі
цензорлардың білімдік деңгейі өте жоғары болып, онда істейтін мамандардың көпшілігі университет профессорлары
болса, кеңестік цензорлар тәжірибесі жоқ, бұл қызметке әлі маманданбаған жастар болды. Бұл кезең мемлекеттік
цензураның азаматтар өмірінің барлық саласына ене отырып, шегіне жете күшейген тоталитарлық билік кезеңі болатын.
Бұл кезде Кеңестік цензура қоғамдағы өзгеше ойлаушылықтың қандайына болмасын ымырасыз күресе отырып, оның
пайда болу себептері мен айтылуына ашықтан-ашық қысым көрсетуге көшті. Кеңестік дәуірде өмір сүрген ортаның
жалпыға ортақ тәртібі осылайша өмірге енді. Басқарудағы демократиялық қағидалардың болмауы, кеңестік жүйенің өзін
- өзі реттеуге қабілеттілігінің жетіспеуі, оның өзінің билік жүргізуіне қолайлы моральдің жасанды қағидаларын ойлап
тауып соған сүйеніп, соның негізінде күшпен қысым көрсету әдістерін пайдалануға жол ашты. Кеңестік кезеңдегі
цензураның негізгі күші, мемлекеттік құрылымның жоғары буынында қалыптасқан және қуғын-сүргінді
ұйымдастырушы органдарымен тығыз ынтымақтасып жүргізген іс - әрекетіне байланысты болды. Біз саяси цензураны
биліктің мүдделерін қамтамасыз ету мен оған қызмет етуге бағытталған әрекеттері мен шараларының бір жүйесі ретінде
білеміз. Ал республикада, Одақ көлеміндегідей цензура мекемелерінің пайда болуымен бірге (әскери, шетелдік) ең
алдымен, идеологиялық бақылау жүргізу үшін құрылған мәдениетті мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы қатар
жүрді. Мысалы, қоғам дамуының әміршіл-әкімшіл жүйе қалыптасқан, субъективті-волюнтаристік және тоқырау мен
қайта құру жылдарында цензураның - Бас Басқарма ретіндегі қызметі оған жүктелген міндеттерге сай атаулары
өзгерістерге ұшырап отырды:
31. Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы мен оның маңызын талдаңыз.
Кеңес үкіметі билік құрған алғашқы онжылдықтарда КСРО-дағы сияқты Қазақстанда да сауаттылық және
мәдени деңгейін артты ру саласында қомақты жетістіктерге қол жеткізілді. Бұрыңғы артта қалған халықтардың ілгері
кеткен Орталық Ресейді қуып жетуі үшін халықтардың ана тілінде мектеп, баспасөз,театр,клуб ісін дамыту ,халық
шаруашылығының барлық салалары үшін білікті кадрлау дайындау ,ол шараларды іске асыруға арналған мектептер мен
курстар желісін кең өрістету , жоғарғы және орта білім беретін оқу орындарын ашу міндеті алға қойылды.
Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – 1928 ж. Алматыда ашылған Қазақ педагогикалық институты.
Бірінші жылы онда 124 студент, 9 мұғалім болды. Алғашқы оқытушылар қатарында А.Байтұрсынов, М.О.Әуезов,
С.Сейфуллин, Қ.Қ.Жұбанов, т.б. дәріс оқыды. Бұдан кейін Алматы малдәрігерлік ин-ты (1929), Қазақ ауыл
шаруашыфлық институты (1930), Қазақ медициналық институты (1931), Орал пед. институты (1931) ашылды. 1932 ж.
Қазақстанның 6 Жоғары оқу орындарында 2 мың студент оқыды, оның 40,5%-ы қазақ жастары болды. Республиканың
жоғарғы білім жүйесінің қалыптасуына С.Асфендияров,Т.Жүргенов, А.Байтұрсынов, М.О.Әуезов, С.Сейфуллин,
Қ.Қ.Жұбанов жңне басқа да ғылым мен мәдениет қайраткерлері көп көмектесті.
1934 жылы С.М.Киров атныдағы Қазақ мемлекеттік университетінің ашылуы республиканың мәдени
өміріндегі елеулі оқиға болды. Осы жылы Кен-металлургия институты ашылды. Бұл институттың ашылуы республикада
инженер-техник кадрларын дайындаудың негізін қалады.Ұлы Отан Соғысы қарсаңында Қазақстада 19 жоғары оқу орны
, 120 орта арнаулы оқу орны жұмыс істеп, оларда 40 мыңдай адам оқыды. 1950–60 ж. Ақтөбе, Атырау, Тараз, Қостанай,
Көкшетау, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Ақмола (қазіргі Астана) қ-ларында педагогикалық институттар, Ақтөбе,
Қарағанды, Семей, Ақмолада медицина институттар, Алматыда халық ш., Қарағандыда политехнология және
кооперативтік, Павлодарда индустриал, Өскеменде жол құрылысы, Ақмолада инженер құрылыс, 1972 ж. Қарағанды
мемлекеттік университеті, Арқалық, Талдықорған пед. ин-ттары ашылды. 1986–87 оқу жылында Қазақстанда 55 Жоғары
оқу орындарында 247 мыңнан астам студент оқыды.
Ал арнаулы орта білім беретін оқу орындарына тоқталсақ, революцияға дейінгі кезеңде көптеген қазақ жастары
Ташкент, Орынбор,Омбы қалаларының орта арнаулы оқу орындарында оқыды.Кеңес билігінің алғвшқы жылдарында
Кәсіптік техникалық білім беру жүйесі жолға қойылды. 1920 жылдың соңына қарай Оралда,Семейде,
Торғайда,Верныйда, Петропавлда,Жымпитыда 17 Кәсіптік-техникалық білім беру орындары ашылып, мамандар
дайындай бастады. Орта арнаулы білім беру орындарының рөлі артып,оларда білім беру ісі жетілдірілді.
Алайда халық шаруашылығына ғылыми-техникалық кадрлар жетіспеу мәселесі шешімін таппады. Жоғары
және орта арнаулы оқу орындарындағы оқыту барысы республиканың шикізат қоры сипатын анық аңғартты. Жоғарғы
оқу орындарында қазақ жастарының аздығы сезіліп тұратын. Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде Қазақстанда
Сталиндік қуғын сүргін салдарынан инженер-техник,ғылым мен өнер адамдарының қатары сиреп қалды.Революцияға
дейін қалыптасқан зиялылар тобы жойылып кетті. Жазалаудан әдебиет пен өнердің көрнекті қайраткерлері де көп азап
шекті.
32. Н.С.Хрущев «жылымығы» кезіндегі Қазақстан
Қоғамдық – саяси өмір.
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды. КСРО ОК-нің Бас секретары,
КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір
дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді:
бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші
бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды.
«Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1956 жылғы ақпанда
болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары
туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы
И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы
ештеңе айтпады.
1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен
қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды
босатылды.
Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше
ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке
ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен
баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады.
1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де
бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені,
енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты
Республиканың индустриялық дамуы.
Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті.
Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп,
1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды
темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы,
Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының
алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б.
1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында
елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына
ерекше көңіл бөлінді.
1960 жылы қазақ КСР теміржолынаң ұзындағы 11,42 км. болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол
басқармасы құрылып, республикадағы барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында
Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің
5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта
Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама
жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВт/сағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса,
сапа жағы өзгеріссіз қалды.
Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда
болды. 1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және
тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді.
Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар
облыстары. 1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары
республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл
шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді.
1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше
қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар
болатын.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).
2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.
3) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.
4) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
5) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым
жолдар төселді.
6) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.
7) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 19541955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде,
көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің
көлемі де азайды.
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды,
біразы іріп-шіріп кетті.
4) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн.
адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962
жылы - 29%-ғана болды.
5) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке
жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
6) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық
намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.
7) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы
тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері,
ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.
35. Ауыл шаруашылығын басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге
бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктерін ашып көрсетіңіз
Ертеректе басталған ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру үдерісі 1960 жылдардың алғашқы жартысында
жаңа қарқынмен жүргізілді. 1965 жылдың соңында кеңшар саны 1521-ге жетіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің 57%-ын
өндірді. Астық өндірудегі кеңшарлардың үлесі – 80%. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудегі кеңшарлар үлесі – 52,8%
болды. 1970 жылға дейін ғылыми-зерттеу институттары жанында оқу-эксперименттік кеңшарлар, 104 мал
бордақылайтын кеңшарлар құрылды. Жүргізіле бастаған реформалар шеңберінде республикада 586 кеңшар толық
шаруашылық есепке көшті.
1965 жылғы наурыз пленумында ұжымшарлар мен кеңшарлардың экономикасын көтеруге бағытталған
шаралар жүйесін іске асыру көзделді. Ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы 2 есеге өсіріліп , жоспардан тыс
өнім өндіргені үшін үстеме ақы төленетін болды. Табыс салығы ережелеріне өзгеріс енгізілді. Ауыл шаруашылығына
бөлінетін қаржы көлемі ұлғайтылды. Ауыл шаруашылығы техникасы артты. Өндірісті мамандандыру қанат жайды.
Дәнді дақылдар өндіретін шаруашылықтардың жартысы жуығы тауарлы астық өндіруге мамандандырылды.
1960 жылдардың соңында ауыл шаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілді. 50-ден астам кәсіпорын
ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектер шығарды. Қуатты тракторлар мен өздігінен жүретін комбайндар
алдырылды. Ауыл шаруашылығының энергетика қуатымен жабдықталуы төмен болатын. Ірі жылу орталықтары мен
СЭС-тер салудың нәтижесінде ауыл шаруашылығын электрлендіру ісі жақсара бастады. Бұл жұмыс электр
станцияларына жақын жатқан Шығыс Қазақстан, Семей, Солтүстік Қазақстан облыстарында жақсы жүрді.
1970 жылдары Қазақстан Одақ көлемінде өндірілетін бидайдың 23,9%-ын, күріштің 24,6%-ын өндірді. Тауарлы
астық өндіруден 2-орын, ет пен жұмыртқа өндіруден 3-орын, сүт өнімінен 4-орын, қаракөл дайындаудан 2-орында
болды. Ауыл шаруашылығын интенсивтендірудің, шаруашылық жүргізудің тиімді әдістерін пайдаланудың орнына
тиімсіз шаралар қолдану жиіледі. Жоспарды қол жеткен жетістіктерге қарай құру асыра сілтеушілікке апарды. Мерейтой
өткізу, көтеріңкі міндеттемелер қабылдау жолындағы қозғалыстар ұйымдастыру дағдыға айналды. 1970 жылдары ауыл
шаруашылығының салалық өндірісін, материалдық-техникалық базасын нығайту, мамандандыру мен шоғырландыру
жұмыстары жүргізілді. Жерді суландыру мен химиялық жолмен тыңайтуға көп көңіл бөлінді. Сонда да
ауылшаруашылық өнімдерін өндіру қарқыны төмендей берді. 1971-1975 жылдары ол 13%-ға дейін құлдырады.
Шаруашылықты жүргізудің қалыптасқан жүйесін өзгертуге әрекеттенгендер болды. Алматы облысының Еңбекшіқазақ
және Күрті аудандарында кеңшар директоры болған И.Н.Худенко шаруашылықты басқарудың құрылымын өзгертуге
бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек ету жүйесін енгізеді, фермерлер усадьбаларын дамытуға
әрекеттенді. Бюрократиялық жүйенің кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас бостандығынан айырылады.
Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады.
Қазақстан қой саны және қой өнімдерін өндіруден Ресей Федерациясынан кейінгі екінші орында тұрды. 1975
жылдың соңында 34,6 млн. қой мен ешкі болды. Одақ бойынша республикада өндірілген өнім үлесі: жүн – 24%, қой еті
– 23,3%, қаракөл елтірісі – 34%. Қазақстанда ет өндіру мен дайындауда қой етінің үлесі 25-30% аралығында болып
отырды. 1960 жылдардың соңында қой өсірумен айналысатын 1285 шаруашылықтың 587-сі осы салаға арнайы
мамандандырылды.
1971 жылы Семей облысы Шұбартау ауданының комсомол ұйымы мектеп бітіретін жастарды қой
шаруашылығына келуге шақырып, бастама көтерді. Қой өсіруші комсомол-жастар бригадалары жаппай құрыла бастады.
Бригада отармен емес, 3-5 мың қойды бір жерде, ауысыммен бағуға тиіс болды. Мал шаруашылығы еңбегін
ұйымдастырудың бұрын болмаған түрлері дүниеге келді. Компартия жастардың алдына қой санын 50 млн-ға жеткізуді
мақсат етіп қойды. Жастар бригадалары бұл міндетті орындай алмады. Республикада мал басы көбеймей, керісінше
азайып кетті.
36. Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі
болды.
Арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны 1947 жылы 21 тамызда ашылды. 1949 жылдың 29
тамызында Семей облысында таңғы сағат 7-де жерден 38 метр биіктікте қуаты 20 килотондық алғашқы атом бомбасы
жарылып, сынақтан өтті. Бұл жарылыстан орта есеппен 900 мыңдай бейкүнә адам 100-250 рентген мөлшерінде радиация
қабылдаған. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар 1949–1962
жасалды. Сосын оларды жер астына 1963 – 1989 жасай бастады.
Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары:
1.
Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
2.
Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің
қабырғалары қирады.
3.
1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының
радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы
өсіп келе жатқаны байқалады. Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр жүз мың адамға шаққанда
жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге,
невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген.Көбінесе өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз
және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей
полигонына жақын нақ со л аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер
дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның
кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты.
4.
Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің
құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді
дақылдар адам организміне сіңеді.
5.
Жарылыстардан кейін жалпы көлемі 1,2 млн.м болатын 9 жер асты жолағы және диаметрі 600 метр
бір жасанды көл пайда болды.
6.
Жарылыс кезіндде радиациялық әсерге 1,2 млн. адам ұшырады. Олардың бір бөлігі Шығыс Қазақстан
облысында – 1,1 млн., 0,048 млн. – Қарағанды облысында және 0,052 млн. – Павлодар облысында тұрады.
7.
Республикалық СЭС есептеулері бойынша ССЯП өңірінде атмосферадан сынақ мерзімі ішінде
тұрғындардың алған ұжымдық дозасы шамамен 100 мың адамды құрайды, ал бұл 100 мыңдаған адам өмірін қиды.
8.
Семей өңірінде жүйкенің тозуы және басқа психикалық ауру түрлерінің жиілігі тым жоғары.Азғыр
кентінің тұрғындары арасында орташа облыстықпен салыстырғанда ауру түрлері жоғары: туберкулез бойынша – 608
есе артық, эндокринді ауру – 19 есе, асқазан жарасы ауруы – 16 есе жоғары.
9.
Сынақ зардаптары дәрі мен дәрігерлерді дәрменсіз етіп, адамзат баласында кездеспеген аурусырқаулардың «жаңа» түрлерін туындата бастаған. Жалпы, Семей өңіріндегі полигонға жақын бұрынғы бес аудан
халқының денсаулық жағдайын сараласақ, жүйке ауруына шалдыққандар саны (1995 жылғы деректер) – 1650-ге таяу,
ақыл-ойы кемтарлар 4700-ге жетіпті. Ал 3700 адам жүйке тамыры ауруына шалдыққан. Әсіресе, екі әйелдің бірінде
тамақ бездерінің ауруы асқынып қабынуы, ауруға шалдығушылардың иммунитеттері нашарлығы байқала бастаған.
10.
Республика бойынша орташа жас ұзақтығы ерлерде – 59, әйелдерде – 62 жас болса, полигон аймағына
жататын аудандарда ерлерде – 52-55, әйелдерде 58 жас күйінде қалып келеді.
37. "Тоқырау жылдары" деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың
ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасындағы жетекші рөл атқарып
келген Кеңес Одағын ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреп кетті.
Тоқырау жылдарындағы білім , ғылым , мәдениеттегі жетістіктер:
1970 жылдары жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды. Кабинеттік жүйені енгізу
шаралары атқарылды. Ауыл мұғалімдеріне жеңілдіктер жасалынды. Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін тарату,
әдістемелік жаңалықтарды енгізу жұмыстары жүргізілді.
1980 жылдардың басында жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің жүзеге асқандығы жарияланды.
1984 жылы кезекті мектеп реформасы басталды. Мектептің материалдық базасын нығайту, 6 жастан бастап оқыту, жаңа
пәндер енгізу, мұғалім беделін көтеру қарастырылды.
1980 жылдардың ортасында ЖОО-ның саны 55-ке жетті. Бұл жылдары студенттік құрылыс отрядтары
өріс алды. Орта арнаулы оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 550 мыңға
жуық студенттер мен оқушылар 200 түрлі мамандық алды.
1960-1970 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО-дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне
айналды. Қазақстандық ғалымдардың еңбектері шет елдерге танымал болды.
Д.В.Сокольский катализаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін көтерді.
Социалистік Еңбек Ері, академик У.М.Ахметсафин гидрогеология және гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі
еңбек етті. М.А.Айтхожин бастаған ғалымдар тобы генетика мен микробиология саласында табысқа жетіп, өсімдік
жасушаларындағы информасомаларды ашты. Академик А.И.Бараев басқарған Ленин атындағы Бүкілодақтық
ауылшаруашылығы ғылым академиясының Шығыс бөлімі топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасауда зерттеулер
жүргізді. Академиктер Ә.Х.Марғұлан мен Е.А.Букетов есімдері ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында
кеңінен танымал болды. Ғалымдар аллергология, онкология, вирусология салаларында табыстарға жетті.
Республикада 40.377 ғылыми қызметкер болып, оның 864-і – ғылым докторы, 650-і – Ғылым
академиясының академиктері, корреспондент-мүшелері, профессорлар.
1970 жылдары құқықтық ғылымда жаңа бағыттар пайда болып, заң актілерін белгілеу жұмыстарына
қатысты.
Отырарда қазба жұмыстарын жүргізген археологтар табыстарға қол жеткізді. 1969 жылы Есік
қаласының жанындағы қорғаннан сақ жауынгерінің табылуы дүниежүзі тарихшыларының назарын аударды.
Тоқырау жылдарындағы білім, ғылым және әдебиеттегі кемшіліктер:
Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғылым – қоғамдық ғылымдар. Ғалымдар ғылыми
еңбектерін әкімшілік сызып берген шеңбер көлемінде ғана жазды. Ғылыми еңбектерді бағалау мен ғылыми дәреже
беруді Мәскеу шешті. Жергілікті ұлт өкілдерінен шыққан ғалымдардың сандық мөлшеріне шек қойылды. Қазақ
халқының ұлт ретінде ыдырау жолына түсуі сырына үңілу талабы жасалмады.
Қазақтар негізінен, ауыл шаруашылығы, медициналық, гуманитарлық ғылым салаларында жүрді.
Жаратылыстану ғылымдары саласында қазақтар үлесі тым аз болды. Ғылыми еңбектердің басым көпшілігі орыс тілінде
жазылды. Қазақстан философтарының диалектикалық логика саласындағы еңбектері маңызды болды.
Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды. Тарихшылар тек Кеңес заманының жетістіктерін зерттеуге
жұмылдырылды. Тәуелсіздік үшін күрескен қайраткерлер буржуазияшыл-ұлтшыл ретінде сипатталды.
Кеңес билігі тұсындағы ауыр нәубеттердің сырын ашуға бағытталған зерттеулер жүргізуге тыйым
салынды.
Кеңес Одағында қоғамдық саяси өмірде «басқаша ойлауға» қысым көрсетілді. Оның нақты мысалы,
О. Сүлейменовтың 1975 жылы шыққан «Аз и Я» деген кітабына тыйым салынды. Оған пікір жазған «Молодая гвардия»,
«Москва», «Звезда» және т.б. журнал беттерінде авторды идеологиялық талаптардан ауытқып кетті деп айыптады.
Автордың езі идеологиялық қысымға алынды
38. 1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне
М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету
мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды «Қайта құру» бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары:
жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Қайта
құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта
құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты
қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Мемлекеттік
кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін
меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда,
бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа
әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен
күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. Қайта құрудың зардаптары:
1. Саяси саладағы зардаптары :
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі және дәрменсіздігі.
2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы.
3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі.
4. Заңдылықтың бұзылуы.
5. Жариялылықтың болмауы.
2. Экономикалық салаларда-дағдарыстың белгілері:
— Шаруашылықтың жүргізудің шығындық тәсілі.
— Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.
— Бақылаусыз басқару аппараты.
— Инфляция.
— Товар зәрулігі.
3. Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері:
— Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.
— Теңгермешілдік.
— Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.
— Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.
— Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.
— Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.
39. «Қазақстан 2030» Жолдауында Президент Қазақстанның алдындағы 7 басымдылықты атап көрсетті.
Солардың қатарындағы 1,2,4, және 7-ші басымдылықтардың іске асуы елдегі саяси партиялардың да ат салысып,
араласуына қатысты болды. Ең біріншіден саяси партия бұл-азаматтық қоғамының едәуір саяси белсенді мүшелерінің
ұйымдасуы. Осы ұйымдасуының негізі-идеологиялық доктрина, әртүрлі әлеуметтік топтардың және белгілі бір
жетекшінің ерекше қызығушылығының жиынтығы түрінде көрінетін ортақ саяси көзқарастар және мақсаттар болады.
Саяси партиялар азаматтардың саяси өмірге қатысуының негізгі себепші әлеуметтендіру құралы болып есептеледі.
Қоғамда ұйымдар, соның ішінде саяси ұйымдардың мүшелерінің саны мен сапасының көрсеткіші жоғары болған сайын,
олардың саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі.. Қазіргі кезде елімізде еліміздегі саяси партиялар:
-Азат Жалпыұлттық социал-демократиялық партия-Төраға: Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы. Төрағаның
орынбасары: Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған.
-Алға! (халықтық партия) - "Қазақстанның демократиялық таңдауы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің
(ҚДТ РҚБ) жолын жасғастырушы ізбасары.
-Асар партиясы - Партия көшбасшысы: «Хабар Агенттігі» ЖАҚ басшылар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламент
Мәжілісінің депутаты – Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева.
-Ақ жол демократиялық партиясы - Партия төрағасы – Азат Перуашев. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген.
Партия мүшелерінің саны 175 862 адамды құрайды.
-Бірлік (партия) - Партия төрағасы — Серік Сұлтанғалиұлы Сұлтанғалиев. Аталған партия 2003 жылғы 6
қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 000 адамды құрайды.
-Жалпы ұлттық социал-демократиялық партия - 2006 жылы құрылып, 2007 жылы 25 қаңтарда тіркелген.
Мүшелерінің саны – 140000 адам. Партия төрағасы – Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы.
-Жас Отан - 2008 жылғы 14 мамырда Астанақаласында «Жас Отан» ЖҚ I Съезінде қоғамдық бірлестік
тұлғасында құрылған. «Жас Отан» Жастар қанатының төрағалығына Шахмардан Байманов (тамыз, 2015) сайланды
-Нұр Отан - Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен
мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның
10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді.
-Руханият (партия) - "Руханият" партиясы Партия төрағасы - Мәмбеталин Серікжан Есенғосұлы. Партия 2003
жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 000 адамды құрайды.
-Қазақстан патриоттары партиясы - Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта
тіркеуден өтті.
Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар.
-Қазақстанның «Азат» Демократиялық партиясы - Төраға - Әбілов Болат Мұқышұлы.
Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуі нәтижесінде 2005 жылғы 29 сәуірде құрылған және 2006 жылғы 17
наурызда «Нағыз АҚ ЖОЛ» атауымен тіркелген.
-Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы - “Ауыл” партиясы – қоғамдық-саяси ұйым. Құрылтай
съезі 2000 жылы 30 қаңтарда өтті.
2000 жылы 30 наурызда ҚР-ның Әділет министрлігінде тіркелді. Партия төрағасы болып Ғани Қалиев
сайланды.
-Үш Жүз партиясы - Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым.
Партия мүшелері кейде өздерін «қазақтың социалистік партиясы» деп те атады.
-Әділет (демократиялық партия) - 2002 жылы Қазақстанның саяси сахнасында "Құқықтық Қазақстан үшін"
қоғамдық-саяси қозғалысы пайда болды. Қозғалыстың басты идеялық рухтандырушысыреспубликаға танымал
құқықтанушы және ҚР Жоғарғы Сотының бұрынғы төрағасы Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев.
40. «Социалистік интернационализм» принципі негізінде бір тілде сөйлейтін, бір идеологияға және бір
орталыққа бағынған «кеңес халқын» құрамыз деген Одақ басшыларының әрекеті XX ғасырдың 70 жылдары сәтсіз
аяқталды. Ең соңында экономикасы ішкі және сыртқы жағдайы, ұлттық саясаты тығырыққа тірелген Кеңес Одағы 1991
жылы ыдырап, оның кеңістігінде 15 тәуелсіз мемлекет пайда болды. КСРО-ның ыды¬рауындағы басты себеп – ол 1986
жылдары Қазақстанда басталып: Украина, Латвия, Литва, Эстония, Грузия және Әзірбайжанда жал¬ғасын тапқан ұлтазаттық қозға¬лыс болды деп айтуға болады. Кеңес Одағының ыдырауы тарихи заңдылыққа бағынған үрдіс, өйткені көп
ұлтты империялар қандай саясат жүргізсе де уақыты жеткенде ыдырауға мәжбүр болады.
КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген
республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді.
1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы
келісімге қол қойды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған
халықаралық ұйым.
Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін
растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы
Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған
бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді
теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше
мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
Құрылымы:
Мемлекеттер басшыларының кеңесі;
Үкіметтер басшыларының кеңесі;
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;
Экономикалық кеңесі;
Қорғаныс министрлерінің кеңесі;
Шекаралық әскер басшыларының кеңесі;
ТМД Экономикалық соты;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы;
Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің
Тұрақты өкілетті өкілдері;
ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясындағы
Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері;
ТМД-ның Атқарушы комитеті.
41. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі
Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына,
алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің
күрделілігін Елбасы нақты пайымдап, «...бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың,
бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал, оны елдің Туын, Елтаңбасын,
Әнұранын қастерлеуден, заңды өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына
сіңіріп өсетіндей еткен жөн» - дейді Рәміздер саяси төуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып
табылады. Демек, мемлекеттік рәміздер - белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс - ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр елдің мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдени-тарихи
және геосаяси жағдайларына байланысты қалыптасады. Қазіргі Қазақстан аумағында ерте дәуірден бері талай
мемлекеттік құрылымдар дүниеге келген. Орта ғасырдан осы мерзімге дейінгі қазақ мемлекеттілігінің сыртқы белгілері
мен жаңа заманға сай рәміздері Қазақстанның әлеуметтік-саяси тарихының негізгі белгісін құрайды. Қазақ
мемлекеттілігінің үш кезеңін қамтитын рәміздер тарихына тоқталсақ, олар: Қазақ хандығы, Кеңес одағы құрамындағы
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы және Қазақстан Республикасы. Әр тарихи кезеңнің мемлекеттілік билігіне
тән белгілерінің өзіндік ерекшелігі бар. Қазақстан Республикасының бас рәмізтанушысы Е.Шәймерденнің пікірінше,
елтаңбаның қарапайым пішінінен күрделі түріне дейінгі дамуы бірнеше кезеңнен тұрады екен. Бірінші кезең, ерте
әлеуметтік белгілердің пайда болуымен сипатталады. Қазақ қоғамында көнеден келе жатқан белгінің бірі - малға ен
салу. Екінші кезең, таңба белгілерінің қолданылуымен ерекшеленеді. Бұл деңгейге дала мәдениетіңің айрықша белгісі
болып табылатын тайпалық таңбалар сәйкес келеді. Үшінші кезең, мөрлердің пайда болуы, тертінші - рулық таңба,
бесінші – аймақтық және қалалық герб, алтыншы, ең жоғарғы деңгей – ресми бекітілген мемлекеттік елтаңбаның болуы.
Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда пайдаланылып, ру-тайпалардың басын біріктіруге ықпал етті. Ол кезде қоғамды
көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына байланысты биліктің жеке белгілері қолданыла бастады. Қазақ халқы мен
мемлекеттілігінің дамуында қазақ жүздерінің тарихын бірге қарастыру қажет. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз)
тарихи даму толқынында қатар дамыды. Олардың әрқайсысының өз таңбасы болды. Мемлекеттік рәміздерімізге
шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген.
Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз үғым.
Кез келген ел тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. Жас мемлекеттің жас астанасында
және бүкіл республика аумағында елдің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе
мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр. Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік
мән, мағынасы бар. Жай ғана мысал, Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі
мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі әрбір азамат үшін зор мақтаныш, үлкен эмоция тудырады.Сонымен қатар
мемлекеттік рәміздердің үлттық патриотизмді және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны
ерекше екені даусыз. «Қоғамда Қазақстан - біздің отанымыз, бүл үғымға көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды
қалыптастыру керек» - деп, атап көрсеткен Елбасымыздың сөзі терең ойдан туындаған пікір.
Қай үлттан шыққанына қарамай, әрбір азаматтың парызы ең алдымен, біздің ортақ үйіміздегі достық пен келісім
ахуалын қолдауы. Құрамындағы ұлттар мен ұлыстар саны біздегіден де көбірек гүлденіп отырған мемлекеттер аз емес.
Бүл елдерде патриоттық сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан.
Мысалы, мектептерде сабақ басталғанда, мемлекеттік органдарда ант қабылдағанда, басқа да көптеген іс-шаралар
кезінде Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалады.
Қазақстандық патриотизм елдің нағыз патриоттарын қалыптастыратын құбылыс. Қазақстан патриоты, біріншіден,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне: Туына, Елтаңбасы мен Әнұранына ерекше құрметпен қарайды,
мемлекеттік нышандарымызды шын ниетімен қадірлейді және оны басқалардан талап етеді.
Қазақстандық патриотизм - өзіңді республика халқының құрамдас бөлігі ретінде сүйіспеншілік және берілгендік сезімді,
халық пен елдің мүддесін қорғайтын, тіпті әскери қорғауды жүзеге асыратын азаматтың парызы мен намысын
тәрбиелеу.
42.Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтық бірлікті және саяси тұрақтылықты нығайту саясаты
Дәл қазіргі сәтте Қазақстанда мемлеттілікті нығайту және азаматтық бірлікті нығайту саясатын қолдау өте
маңызды болып отыр.Ол мәселе Мәңгілік ел идеясының ең басты іске асырылуы тиіс міндеті болып отыр. Сол бағытта
бірнеше іс шараны іске асыруды қолға алу керек.
Осы Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірлеу
қажеттілігі «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясының, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт
жоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі «Бірегейлік пен бірлік» атты төртінші бағытының
міндеттерімен негізделген.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы
Ассамблеясы туралы», «Білім туралы», «Тіл туралы», «Мәдениет туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру тұжырымдамасына, Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасына, Қазақстан халқы
Ассамблеясының даму тұжырымдамасына негізделеді.
Тұжырымдама мынадай басты қағидаттарға негізделеді:
1) негізгі бағыт – ел Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы;
2) «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының біріктіруші құндылықтары – азаматтық теңдік,
еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімге құрмет, зайырлы ел;
3) қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы – мәдени, этникалық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген
жалпыұлттық құндылықтар;
4) қазақстандық бірегейлік пен бірлік – ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасатын процесс. Ол әрбір азаматтың
этникалық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыруына негізделеді. Ортақ
тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды: «Біздің бір
ғана атамекеніміз, бір ғана Отанымыз бар – ол Тәуелсіз Қазақстан». Бұл саналы таңдаудың мәнін ұғыну – бірігудің
басты негізі.
Тұжырымдаманы әзірлеу барысында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және
шығармашыл зиялы қауымның ұсыныстары ескерілді. Тұжырымдама Қазақстанның барлық өңірлерінде талқыланды.
Тұжырымдама қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтікэкономикалық, саяси, басқарушылық шаралар жүйесін қабылдауға негіз болады.
ҚХА Хатшылығы Мемлекет басшысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы
Тұжырымдаманы, сондай-ақ «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру жөніндегі жұмысы туралы
жыл сайын есеп береді.
Қазақстан тәуелсіз және демократиялық мемлекет ретінде орнықты. Елде қазақстандық бірегейлік пен бірліктің барлық
қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани негіздері қаланды.
Біріншіден, тәуелсіздік алған кезден бастап Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекет құру саясатын
жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Конституция этникалық, тілдік, мәдени, діни әралуандылықты мойындау негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті
қалыптастырудың азаматтық қағидаттарын бекітті.
Конституцияда қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық және қазақстандық патриотизм тұжырымдары бекітілді.
Қазақстанның жаңа елордасы – Астана қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудың айшықты символына
айналды.
Екіншіден, бүгінде Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей үлгісі табысты іске асырылды.
Оның авторы және архитекторы – Президент Н.Ә. Назарбаев.
Көпэтносты және көпконфессиялы қоғамды топтастыру үшін ҚХА институты ойдағыдай жұмыс істеп келеді.
ҚХА қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту ісінде басты рөл атқарады, қоғамда тұрақтылық пен келісімді
қамтамасыз ететін конституциялық орган болып саналады.
2007 жылдан бастап ҚХА Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне өз өкілдерін жібереді.
ҚХА мәртебесі «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан
Республикасының Заңында бекітілген.
44.Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі,
жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі туралы баяндаңыз
1991 жылы тәуелсіздігін жария еткен Қазақстан өзінің құрдас мемлекеттері секілді өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын
бастан кешірді. Өтпелі кезеңдегі негізгі мақсатымыз жоспарлы экономикадан нарықтық сатыға көшу болатын.
Бұрыннан бағынып келген орталықтың күл-талқаны шығып, салааралық тұрмақ, өңіраралық байланыстардың аяқ
астынан «жоғалуы» барлық саланы дерлік құлдыратуға сүйреді. Бұл Қазақстан тәуелсіздігінің тарихындағы алғашқы
экономикалық дағдарыс болды. 90-шы жылдардың басында төске өрлеген гиперинфляциямен, өндірістің толық
тоқтатылуымен, төлемсіздік дағдарысымен күрес экономикалық жағынан да дербестікке ұмтылған жас мемлекетіміз
үшін үлкен сынақ болды. Ресми Мәскеу арқылы ғана шешімін табатын бюджеттік жүйе де тоқырап, тәуелсіз елді
көтермелеп, жығылғанға сүйеу болатын қор мүлдем болмады. Кеңес одағы шеңберіндегі Қазақ ССР-інің бюджеттік
субвенциясы 50 пайызға дейін жететін. Бұның өзі сол кезде жеке отау тіккен дербес ел үшін аса қатерлі ғана емес,
экономикалық тәуелділікке қайта итермелейтіндей Қазақ елі үшін мүлдем кері көрсеткіш болғаны даусыз.
Тәуелсіздіктен кейінгі 1993 жылы гиперинфляция орын алып, бұндағы инфляция деңгейі - 2165 пайызды құраса, 1994
жылы ол 1158 пайызға жетті. Сондықтан да, қалыптасқан күйзелістен шығудың жолы тым қиын еді. Сөйтіп, Қазақ еліне
заң жүзінде жарияланып, әлемге мойындатылған тәуелсіздігін іс жүзінде дәлелдеудің, қайта кіріптарлықтан құтылу
үшін экономикасын қорғаштап көтерудің сынағы келді. Бұл дегеніңіз - елдің жерін, территориясын сақтау, ұлттық
мемлекеттіліктің белгілерін бекітумен қатар, дербес экономикалық саясат ұстану үшін тәуекелі берік тағдыршешті
мәселелерде табандылықты талап еткені белгілі.
Тұрмыс деңгейін жалпы ел бойынша ұлттық-тарихи ерекшеліктерді ескере отырып, жекелеген аумақтар бойынша
әлеум. топтар жағдайының өзгешеліктерін басшылыққа ала отырып, осы топтар бойынша бағалауға болады. Халықтың
Тұрмыс деңгейін сипаттау үшін материалдық игіліктердің көлемін, құрамын, олардың халықтың жекелеген топтары
арасында пайдаланылуы мен бөлінуін сипаттайтын статистикалық деректер негізінде қалыптасатын бірқатар әлеумэкономика көрсеткіштер (индикаторлар) қолданылады.
Халықтың Тұрмыс деңгейінің негізгі көрсеткіштері: халықтың ақшалай табысы, жалақының мөлшері, күнкөріс
минимумының шамасы, тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері, сондай-ақ әлемдік қоғамдастық адамзат
әлеуетінің дамуы мен пайдаланылуы деңгейін кешенді түрде бағалау ретінде қарастыратын адамзаттың дамуы
индексінің көрсеткіші.
Халықтың Тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыру қоғамдық дамудың қазіргі
кезеңде республиканың әлеуметтік саясатының аса маңызды міндеті болып табылады. 19 ғасырдың 90-жылдарының 1жартысында өтпелі кезеңнің объективті қиындықтарымен байланысты Тұрмыс деңгейінің төмендеу үрдісі орын алды.
Соңғы жылдары Қазақстан халқының Тұрмыс деңгейі өсуі байқалды. 1996 – 1997 жылы, әсіресе, 1999 – 2000 жылы
еліміздің экономикалық өрлеуге бет алуы халықтың табысы мен Тұрмыс деңгейінің көрсеткіштеріне игі ықпалын
тигізді.
2000 жылы халықтың барлық ақшалай табысының нақты өскендігі байқалды. Бұл жылы халықтың жылдық ақшалай
табысының орташа мөлшері 1999 жылдың осындай көрсеткішінен 16,9%-ға асып түсіп, 47795 теңгеге жетті. Халықтың
жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 2000 жылы 3,6%-ға өсті. Ұзақ пайдаланылатын тауарлар бағасы
деңгейінің біршама тұрақтандырылуына орай қолдағы ақшалай табыс көлемінің өсуі халықтың төлем төлеуге қабілетті
сұранысын арттырды. Сондай-ақ ішкі нарықтың күнделікті сұраныс тауарларымен және ұзақ пайдаланылатын
тауарлармен молығуы оларды тұтыну көлемінің көбеюіне септігін тигізді. Халықтың мәдени-тұрмыстық және
шаруашылық тауарларымен қамтамасыз етілуі кеңестік кезеңдегімен салыстырғанда көбеюі өтпелі кезеңдегі оң
құбылыс болды. Мысалы, 1985 жылы халықтың 100 отбасына шаққанда 36 магнитофоннан келсе, 2000 жылы бұл
көрсеткіш 115 данаға жетті, телефонмен қамтамасыз етілу 38 данадан 55 данаға артты, электрлі шаңсорғыштың саны
тиісінше 33 данадан 65 данаға, жеңіл автомобильдің саны 16-дан 26-ға, тоңазытқыш 97-ден 118-ге көбейді. Жеке
меншіктегі автомобильдің саны тұрақты түрде артқаны байқалды. 1998 жылы мың адамға шаққанда 62 автомобильден
келсе, 2000 жылы 65 автомобильге жетті. 90-жылдары халықтың тұрғын үй жағдайы айтарлықтай жақсарды. 1985 жылы
тұрғын үймен қамтамасыз етілудің орташа көрсеткіші бір тұрғынға шаққанда 12,9 м2 болса, 1999 жылы ол 16,5 м2-ге
көбейді. Үкіметтің елдегі экон. ахуалды жақсарту жолында жүргізген нысаналы іс-қимылы нәтижесінде жан басына
шаққандағы орташа табысы күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі, табыс пен трансфертті
ескергенде, 2000 жылы 31,8%-ды құрап, айтарлықтай азайды, ал 1998 жылы бұл көрсеткіш 39%-ды құраған болатын.
Адамның дамуы индексінің (АДИ) көрсеткіші (халықтың жан басына шаққандағы өндірілген нақты ЖҚӨ-нің көлемі,
өмірдің ұзақтығы мен тұрмыс сапасы, білім алу және білімді жетілдіру мүмкіндігі) 1991 жылдан 1995 жылға дейінгі
кезеңде 0,768-пункттен 0,726 пунктке дейін төмендеді. Бұдан кейінгі жылдары халықтың жан басына шаққанда нақты
ЖҚӨ көлемінің ұлғаюы нәтижесінде АДИ көрсеткішінің өсу серпіні, сондай-ақ туған адамның өмір жасы ұзақтығының
артуы (1995 жылы 63,5 жастан 1999 жылы 65,5 жасқа ұзаруы) байқалды. Білім деңгейі индексінің 0,927 пунктке дейін
көбеюі халықтың сауаттылық деңгейінің жоғары екендігін дәлелдейді. Халықтың Тұрмыс деңгейін дәйектілікпен
жасарту, әлеум. теңсіздікті төмендету, кедейліктің ауқымын қысқарту, халықтың неғұрлым осал жіктерін қолдау
мақсатымен ҚР Үкіметі “Білім”, “Халықтың денсаулығы” бағдарламаларын, кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес
бағдарламасын қабылдады. Халықты әлеум. қорғау жүйесі қайта құрылды, халыққа мемлекет тарапынан атаулы әлеум.
көмек көрсетіле бастады. Халықтың неғұрлым осал жіктерінің әлеум. қорғалуын қамтамасыз ету үшін мүгедектік
бойынша асыраушысынан айрылған жағдайда, құрсақ көтеріп, бала туғанда арнаулы жәрдемақы бөлінетін болды,
оралмандарды әлеум. қорғау жөнінде нысаналы іс-шаралар жүргізіледі, медицина-демографиялық ахуалды жақсарту
жолында салауатты тұрмыс-салты насихатталудауылы 2005 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы
атаулы ақшалай табысы айына 15463 теңгені құрап, алдыңғы жылғымен салыстырғанда 20,6 пайызға көбейді, мұның өзі
2000 жылғымен салыстырғанда 2,5 еседей көп. 2000 – 2005 жылы тұтыну бағасының өсуінен халықтың атаулы ақшалай
табысының тұрақты түрде арту үрдісі байқалды. Нақты ақшалай табыстың өсімі бұл кезеңде 2000 жылғы 1,3%-дан 2001
– 2005 жылы 10,3 – 13,8%-ға дейін жетті. Елімізде соңғы уақытта өріс алған экон. өрлеу халықтың Тұрмыс деңгейінің
жоғарылауына игі ықпалын тигізді. Табысы күнкөріс минимумынан төмен жұртшылықтың үлесі 2005 жылы 9,8%-ға
төмендеді және табысы азықаласытүлік қоржынының құнынан төмен жұртшылықтың үлесі 1,6%-ға азайды. Кедейлік
шегінде тұрған үй қожалықтарының үлесі 2002 жылы 6,4%-дан 2005 жылы 2,2%-ға дейін азайды. Халықтың жан басына
шаққандағы нақты ЖҚӨ-нің көлемі валютаның сатып алуға жарамдылығының тепе-теңдігі бойынша 2005 жылы
8060 АҚШ долларын құрады. Елімізде макроэкон. жағдайдың жақсаруына орай жалақы мен зейнетақы да дәйектілікпен
көбейіп келеді. 2005жылы орташа айлық атаулы жалақы 34066 теңгеге, ал зейнетақы мөлш. 11877 теңгеге дейін өсті.
2001 жылы атаулы жалақының сатып алуға жарамдылығы 3,5 есені құраса, ал зейнетақының жарамдылығы 123,9%
болса, 2005 жылы тиісінше 5,2 есеге және 231,6%-ға жетті. Соңғы бес жылда (2001 – 05) пәтерлердің көл. 3,6%-ға
көбейді. 2005 жылы тұрғын үй құрылысында 254 млрд. теңгеге күрделі инвестиция игерілді, мұның өзі 1998 жылы
деңгейден 9,9 есе көп. Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 – 07 жылдарға арналған бағдарламаларына сәйкес жалпы
ауданы12 млн. м2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланды
45.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттарын көрсетіңіз
Нарықтық экономикаға өту кезеңі(1990 жылдан бастап)
Оның мақсаты нарықтық экономиканың негізін салу болды. Бұл үшін 3 негізгі міндетті шешу қарастырылды .
1. Экономикалық іс- әрекетке еркіндік беру (Либерализациялау лат libaralis- еркін)
2. Мемлекеттік меншікті жеке иелерге беріп ,жеке меншікті шаруашылықтар құру ( жекешелендіру)
3. Шет елдермен жан жақты шаруашылық байланыстарын қалыптастыру ( Әлемдік шаруашылық интеграциясы)
Қазақстанның ол кезде ұлттық валютасы болған жоқ . Сондықтан, қайта құруға Ресей үкіметі өз ықпалын жүргізді. Ол “
шұғыл радикалды қайта құрудың” ауыр жолын таңдады . Ондағы басты нәрсе бір мезгілде бағаны босату және
мемлекеттік шығынды қысқарту болды.
Бұл уақыт та өз ішінде екі кезеңнен тұрды .
Біріншісіне : (1992-1998) ең ауыр жоспардан нарыққа өтудің тығырықты жағдайы сәйкес келеді . Ол бұрын болып
көрмеген бағаның ущығуымен , өндірістің, өмір сүру деңгейінің құлдырауымен ерекшеленеді. Бірақ , дәл осы кезде
болашақтағы дамудың негізі жасалды . Бұл кезеңге жататын негізгі шаралар :
Либерализациялау
Жекешелендіру
Ұлттық және басқа банктердің құрылуы:
Төл теңгенің енгізілуі :
Кәсіпорындарды шет елдік компаниялар басқаруына беру
Осы аталған шаралар экономикалық саясаттағы өз бетімен атқаратын істі қамтамасыз етіп , өндірісті
жандандыруға көмектесті.
Екіншісіне : (1999-2006) Экономикалық өсудің онжылдығы деп атауға болады . Оған қолайлы жағдай туғызған
Қазақстандық экспорттың (шетке шығарудың ) негізін құрайтын мұнай мен металлға әлемдік бағаның өсуі еді. Осы
жағдай экспортқа бағытталған мұнай мен металлдың экономикасын құруға себеп болды. Ол әлемдік экономиканың
жағдайы мен халықаралық нарықтағы бағаға тәуелді.
Әлемдік экономика дамып, баға көтерілген кезде Қазақстанға кіріс мол кірді. Халықтың өмір сүру деңгейі көтерілді .
Еліміз экономикалық және әлеуметтік мәселелелерді шешумен айналысып , Қазақстанның алтын валюталық қоры
жасалды . Әлемдік экономикалық тығырық кезеңінде мұнай мен металлға сұраныс қысқарып , баға күрт төмендеді. Бұл
жағдай өндірістің құлдырауына , жұмыссыздыққа әкелді . Бұрын жиналған қор ғана дағдарыстын әсерін жеңілдетті . Ал
оның салдарын толық жеңу тек әлемдік экономикамен байланысты .
Бұл тәуелділікті азайтудың жалғыз жолы –экономикалық әлеуметтік әлуетті нығайту болып табылады .
46 Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы
табыстарын талдаңыз
Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік
бағдарламасы (әрі қарай Бағдарлама) ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясының басымдығына, Қазақстан
Республикасының 2020 жылға дейінгі «Экономиканы әртараптандыруды жеделдету» Стратегиялық даму жоспарының
маңызды бағыттарын жүзеге асыруға, Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру Концепциясына, сондай-ақ
шетелдік инвесторлар Кеңесінің Қазақстан Республикасының Президентімен өткен XXVI пленарлық отырысында
Мемлекет басшысының тапсырмасы және Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылдың 17 қаңтарында
Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының даму
шеңберінде жасалған.
Бағдарлама 2010 -2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жеделдетілген индустриалды-инновациялық
даму бағдарламасының қисынды жалғасы болып табылады және оның жүзеге асу тәжірибесін ескереді.
Бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі және өңдеуші өнеркәсіптің дамуына күш біріктіру мен
шектеулі секторлар қатары, аймақтық мамандандыруда кластерлі тәсілді қолдану және нәтижелі саланы реттеуге
тоғыстырылған.
Бағдарламаның негізгі мақсаты диверсификацияны ынталандыру және өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер белгіленген:
1)
өңдеуші өнеркәсіптің озық дамуы;
2)
нәтиженің жоғарылығы және басымдық секторына қосылған құнның көтерілуі;
3) шикізаттық емес экспорттың жоғарылауы;
4) өніммен қамтылуды сақтау;
5)
өңдеуші өнеркәсіптің технологиялық басымдық секторына жаңа деңгей берілу және алдағы жасалатын
инновациялық кластерлердің қалыптасу негізі мен дамуы;
6)
өңдеуші өнеркәсіптегі шағын және орта бизнесті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау.
Бағдарламаның іске асуы 2019 жылы 2012 жылғы экономикалық көрсеткіштер деңгейіне жетуге мүмкіндік береді:
өңдеуші өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемінің нақты 43% ға өсуі.
өңдеуші өнеркәсіпте тұтас қосылған құнның өсуі нақты көрінісінен 1,4 еседен кем емес;
өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің өсуі нақты көрінісінен 1,4 еседен кем емес;
шикізаттық емес (өңдеуші) экспорттың көлемдік өсуі 1,1 есе;
өңдеуші өнеркәсіп энергиясының жұмсалуының төмендеуі 15 % дан кем емес;
өңдеуші өнеркәсіпті жұмыспен қамтудың өсуі 29,2 мың адам.
Бағдарламаның жүзеге асу кезеңінде мемлекет:
- мұнай және газ өңдеу, мұнай-газ-химия, мұнай-газ-химиялық машина жасау және мұнай-газ
өнеркәсібінің сервистік қызметтерімен байланысты базалық ресурстар секторының ұлттық кластерінің бірі:
-өңдеуші өнеркәсіптің нарықтық нысаналық секторының конкурстық рәсім нәтижесі бойынша
анықталатын үш аймақтық кластері;
-«жаңа экономиканың» секторларындағы екі инновациялық кластерлер, Астана қаласында («Назарбаев
университет» кластері), Алматы қаласында («Инновациялық технологиялар Паркі» кластері) теңдестірілген қуаттау
және дамуға шоғырландырады.
47 ЭКСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығы
EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі.
2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес
Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз
Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті.2012 жылғы 14 наурызда
Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында
ЕХРО-2017 көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті.
2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында
Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы
бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге
асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің тақырыбы
«Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.
2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017
халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017
ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.
Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық
ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел,
теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен
технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету
үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық
жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.
Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың
көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады.
ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне
толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін
болады.
EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік
тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық
ауқымдағы оқиға.
1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл
сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени
жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және
болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады.
ЕХРО
көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін
танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей
павильон құруға ұмтылады.Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады
және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің
қорытындысы бойынша «C» категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі
рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды.
2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін
49 Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістерді
баяндаңыз
Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көшіқон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы
арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа себептермен
ұйымдасқан түрде (мемлекеттің және басқа қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп
келушілердің өздерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең
бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймақтарына байланысты себепті де
қосуға болады. Халықтың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісімен
(бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егіншіліктің дамуымен, егіншіліктен қолөнердің бөлінуімен,
халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен (19 ғасырдың
басында) байланысты болды. 20 ғасырда көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді. Көші-қон адамзаттың дамуында,
аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көші-қон тұрғылықты халықтың да, көшіп
кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына,
этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді.
Қазақстан аумағы кеңестік империяның басқа аймақтарынан жер аударылған шаруалардың, саяси тұтқындардың
мекеніне айналды. Жаппай күштеп ұжымдастыру кезеңінде қазақтарға қарсы геноцидтік саясаттың жүргізілуі
салдарынан қазақ халқы ашаршылыққа ұшырап, қырылған зұлмат жылдарда (1931 – 33 жылдары) 1 млн-нан астам қазақ
ата жұртынан ауып кетті, олардың 616 мыңы тарихи отанына қайтып оралмады. Олар шалғай шет жерде – Моңғолия,
Қытай, Ауғанстан, Пәкстан, Иран, Түркия елдерінде, сондай-ақ, кейбір Батыс Еуропа елдерінде қазақ диаспорасын
құрады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1939 – 45) тұтқындалған, Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалыстарына
қатысқан, Түркістан легионында болған көптеген қандастарымыз шет мемлекеттерде қалып қойды. 1937 жылдың
күзінен тоталитарлық саясаттың құрбанына айналған тұтас халықтар өз жұртынан қазақ жеріне күштеп көшірілді. Атап
айтқанда, 1937 жылы Қазақстанға Манчжурия өлкесінен 102 мың корей қоныс аударуға мәжбүр болды. 1938 – 44
жылдары қазақ жеріне Кавказдан шешендер, ингуштар, балқарлар, қарашайлар, Қара т-дің солтүстік жағалауынан
қырым татарлары, месхед-түріктер, поляктар, болгарлар, курдтар, Еділ бойынан немістер, 1947 – 52 жылдары мыңдаған
латыштар, эстондар, батыс украиндар қазақ жеріне зорлықпен көшіріліп, түпкілікті қоныстандырылды. 1953 жылы
еврейлер, абхаздар жер аударылды. 1953 – 55 жылдары тың игеру деген желеумен Қазақстан жеріне өзге ұлттардың
миллиондаған өкілдері көшіп келді. Сөйтіп, кеңестік тоталитарлық жымысқы саясаттың салдарынан байырғы ұлт –
қазақ халқы өз жерінде азшылыққа ұшырап, Қазақстан 130-дан астам этнографиялық диаспораның өкілі тұратын
“интернационалдық” мекенге айналды. Ал 5 млн-нан астам қазақ диаспорасы шет жерде мекендеді. Қазақстан
тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді елге айналған 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап соңғы он жыл ішінде көші-қон
басқаша сипат алды. Қазақстан Республикасының 1992 жылы 26 маусымда қабылданған “Көшіп келу туралы”, 1997
жылы 13 желтоқсанда қабылданған “Халықтың көші-қоны туралы” заңдары көші-қон саласындағы қоғамдық
қатынастарды реттеп, көші-қон үдерістерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгіледі. Сөйтіп,
өзінің тарихи отанына қайтып оралатын адамдар мен отбасылар үшін жаңа жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасау
мәселесін мемлекет тұрғыда шешу ісі қолға алынды. Осыған орай Қазақстан Республикасының Көші-қон және
демография жөніндегі агенттігі, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы сияқты мемлекет және беймемлекет мекемелер
құрылды, шет жұрттан ата жұртына көшіп келетін оралмандарға жыл сайын өсіп отыратын квота белгіленіп, олардың
белгіленген аймақтарға қоныс теуіп жайғасуы үшін мемл. және жергілікті бюджеттерден қаржы бөлініп тұратын болды.
Сондай-ақ, Қазақстанға мәжбүрлі жағдайда көшіп келіп, тұрақтап қалған көптеген ұлт өкілдері өздерінің ата жұртына
көшіп баруға мүмкіндік алды
1999
халықтың табиғи өсуінің коэффицеті төмендеді және 1000 адамға 4.3 болып ең төменгі шегіне жетті.
1999 ж өлімнің азаюына қарамастан оның деңгеейі жоғары күйңнде қалды . Өлім коэффиценті 1990 жылғы деңгейден
22,8 пайызға жоғары ,1000 адамға 9,7 болды .
50. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы
өзгерістерге талдау жасаңыз
1999 ж ақпан , наурыз айларында Қазақстанда әр он жыл сайын жүргізілетін тұрғындар санағы жүргізілді . Санақтың
БҰҰ ның статистикалық комиссиясының нұсқауларына сай , халықаралық практикада қабылданған әдістемемен
өткізілгені жарияланды . Санақ қорытындысы бойынша Қазақстанда 14 млн 952.7 мын адам тұратыны анықталды .
2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 санына тең болды, ал 2011 жылдың 1
қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын[1].
Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап
отыр.
2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің
жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамнан келді.
2006 жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші бойынша 143210 (138882) туу фактілерін
тіркеді. Туғандардың саны қалалық және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда,
3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000
тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиді құрады.
Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адамды құрап отыр, соның ішінде қалалық елді мекендер үлесі — 51186
(51661) және ауылдық жерлер — 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам.
Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болып табылады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлім
оқиғаларының 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі хабарланып отыр.
Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің
коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер өлімінің ең
көп тараған себептері болып табылады, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте шетінеді.
Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы осы жағдайға тиесілі болып табылады.
Биылғы жартыжылдықта некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) құрады.
Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады.
Елде халық көші-қонының оң айырымы сақталып келеді, 2006 жылдың 1 жартыжылдықтағы оның шамасы 18746
(14148) адамды құрады. 2006 жылы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті
кезеңімен салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%-ға, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе
азайды. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге қоныс аударғандар үлесі олардың жалпы санына шаққанда, 86,1%
және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады.
Ал ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрап отырған жайы бар.
Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы
бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар - 65,2%, орыстар - 21,8%, өзбектер - 3%, украиндар - 1,8%,
ұйғырлар - 1,4%, татарлар - 1,2% , немістер - 1,1%, корейлер - 0,6%, түріктер - 0,6%
Халықтың орналасуы
Халықтың қоныстануы әрқилы. Алтай, Тянь-Шань таулары өзен атыраптарында жиірек қоныстанған. Қазақстанның ірі
қалалары немесе облыс орталықтарының көпшілігі (Астана, Қарағанды, Жезқазған қалаларынан басқасы) шекараларға
айнала жақын орналасқан. Халық тығыздығы ең жоғары облыстыр Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары, ең сирек
қоныстанған облыстыр Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.
51. Үкіметтік емес ұйымдардың , кәсіпорындардың , азаматтық қоғам институттарының дамуы.
1999 жылы іс жүзінде барлық өңірлерде «Үкіметтік Емес Ұйымдар ақпарат орталықтары» ашылды, олардың басты
міндеті өңірлік үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, оларға консультативтік көмек, ақпараттық және әдістемелік
қолдау көрсету болды.
2000 жылы мемлекеттік билік органдарымен (бұдан әрі – билік) өзара іс-қимыл тетіктерін жасау үшін Үкіметтік Емес Ұйымдар
күш-жігерін шоғырландыратын Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының конфедерациясы құрылды.
2003 жылы ел Үкіметі үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003 – 2005 жылдарға арналған
бағдарламасын бекітті, соған сәйкес облыстық (қалалық) бағдарламалар әзірленді.
2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен бірінші Азаматтық форум өткізілді.
Ол үкіметтік емес сектордың саяси танылуын белгіледі және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдардың өзара ісқимылының жүйелі тетіктері қалыптасуының бастауы болды. 2005 жылы екінші Азаматтық форум өткізілді, ол елдің қоғамдық
өміріне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал етті.
Орталық және жергілікті деңгейлерде «билік – қоғам» серіктестігінің ұзақ мерзімді тұрақты тетіктерін және түрлі үндесу
алаңқайларын құру жөніндегі жұмыс белсенді жүргізіле бастады. Қорытындысында, 2005 жылғы сәуірде «Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, ол билік органдары мен Үкіметтік Емес Ұйымдардың өзара
қатынастарының принциптік жаңа жүйесінің құрылуына мүмкіндік берді.
2003 – 2005 жылдары бірін бірі алмастыра отырып, азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту жөнінде
ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Демократия мен азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істеді.
2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау
жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, оның жұмысына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысады.
Сөйтіп, өткен жылдары елде азаматтық қоғам институттары – саяси партиялар, коммерциядық емес (үкіметтік емес)
ұйымдар, кәсіподақтар, ұлттық-мәдени бірлестіктер, мемлекеттік емес БАҚ және тұтастай алғанда мемлекеттік емес секторды
білдіретін басқа да институттар қалыптасып, қазіргі уақытта мейілінше тез дами бастады. Бүгінгі күні Қазақстанда 12 саяси партия,
түрлі бағыттағы 5820 Үкіметтік Емес Ұйымдар, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық-мәдени
бірлестік, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды білдіретін 3340 діни бірлестік, түрлі меншік нысанындағы 6646 БАҚ
ресми тіркеліп, жұмыс істеуде. Осы және басқа да азаматтық қоғам институттары елді одан әрі демократияландырудың маңызды
ресурсына айналды.
Сонымен бірге, қоғамда азаматтық қоғамның одан әрі өсуіне ғана емес, елді әлемдік жаһандану процесіне барған сайын тартып бара
жатқан қыр көрсетулерге де байланысты бірқатар проблемалық мәселелер көрініс бере бастады. Олар тұтастай алғанда елдегі
азаматтық қоғамды одан әрі үйлесімді дамытуды тежейді, оның әр бөлігі үшін сипаттамалық ерекшеліктері бар және өз
шешімін талап етеді.
52. ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ ЖƏНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық және дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері
мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында
бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат
қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мәдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты.
Әлемдегі кез-келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтаудың негізгі шарттарының
бірі – ол оның азаматтарының ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дәрежесіне біріктіру мәселесі алынады. Сондықтан да,
Қазақстан билігі өз азаматтарының ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, жалпы қазақстандық ұлт дәрежесіне біріктіру саясатын
ұстанған. Бұл бағытта негізгі назар әр ұлт өкілдерінің республика азаматы ретінде саяси топтасуы қарастырылған және ол
ұлттардың мүдделерінің ортақтығына қатысты құрылып, мемлекеттік саясаттың жалпыұлттық құрылысында есепке алынуы қажет.
Қазіргі таңда Қазақстандағы жалпы ұлттық құрылыстың негізгі құрамының бірі ретінде ұлттық плюрализм алынып отыр.
Аталынған бағыттың жүзеге асырылуы барысында біршама жетістіктерге қол жеткізілген. Мысалы, біріншіден, әлеуметтік зерттеу
деректеріне сай қазақстандық тұрғындардың басым бөлігі өздерін Қазақстан Республикасының азаматы деп
санайтынын мәлімдеген. Екіншіден, Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінеөздерінің ұлттық-мәдени мүдделерін жүзеге асыруға
қолайлыжағдай жасалынған.
Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ көп ұлтты және түрлі дінді ұстанатын қоғамда этностардың өзшілігі
мен бірігуін сақтауға негізделген ұлтаралық қатынастарды қамтамасыз ететін өзіндік айрықша үлгініқалыптастырған. Ұлтаралық
қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады:
тұжырымдамалық деңгей;
саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей;
институционалдық деңгей және ғылыми-әдістемелік деңгей.
Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді және ол: әлеуметтікэкономикалық, мәдени, ождандық, тұрмыстық және басқа да өзара тәуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан
ұлттарының өз мәдени дамуын еркін қамтамасыз ету және олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді.
Саяси-құқықтық немесе конституциялық деңгей мемлекеттің ұлтаралық қатынастар саласын реттейтін заңнамалық актілер және
ұлттық саясатты жүргізуге қатысты басқа да құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Ұлтаралық келісімнің құқықтық негізі
ретінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы танылады.
Тіпті Ата Заңның 39-шы Бабы: «ұлтаралық келісімді бұзатын кез-келген әрекет конституциялық емес деп танылады» деп
көрсетілген.
Қазақстандағы ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы өздерінің ұлттық мүдделерін еліміздегі жоғарғы трибуна
арқылы шешеді.
ҚХА Қазақстан ұлттарының мүддесін қорғаушы нақты механизмге айналды.
Институционалдық деңгейде ұлтаралық келісімді қамтамсыз етуші негізгі ұйым ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы танылады.
Ассамблеяның қол астында 22 республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс істейді. Олар өз кезегінде 470
астам облыстық, қалалық және аудандық ұлттық орталықтарды біріктіреді. ҚХА жұмысын жүргізуде оның аймақтық бөлімшелері
– Кіші Ассамблеялар маңызды рөл атқарады.
Қазақстан территориясының ауқымдылығы мен оның аймақтарында ұлт өкілдерінің топтасып орналасуы ұлт мәселелерін шешетін
арнайы ұйымдардың қажеттілігін тудырды.
Ұлтаралық келісімнің ғылыми-әдістемелік деңгейде жүзеге
асырылуы төмендегідей шаралар арқылы жүргізіледі:
ұлтаралық қатынастардың дамуының үрдісі мен жағдайының мониторингі;
қауіп-қатерлерді айқындау;
факторлық талдау мен қажетті ұсыныстар жасау.
Ұлтаралық келісімінің қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі принциптерге, яғни мемлекеттік саясаттың негізге алатын идеялардың,
ұстанымдардың өзара тәуелділігіне сүйенеді. Оның ішінде маңыздылары ретінде:
ашықтық пен жариялылық;
заңдылық, қолданыстағы күштер, қаржы мен әдістерді заңды
тіркеу мен құқықтық реттеу, ұлттық құрылыс мәселелерін саясат- сыздандыру;
ождандық бастамаларда гуманизм, әділеттілік және адамгершілікті ұстану;
өзара көмек пен қолдау;
қайшылықтардың алдын алу шараларын қарастыру және т.б. аламыз.
Көптеген зерттеулер мен өмірлік тәжірибе көрсетіп отырғанындай ұлттар арасындағы келісім мен татулық этностардың өзара
түсіністігі жағдайында ғана қол жеткізіледі. Бұл бағыттамәдениеттер арасындағы диалог қоғамның толеранттылығын артырады.
Осыған сай Қазақстанда тәуелсіздіктің өткен жылдары стандарттарын зерттеп, республикада қабылдаумен қатар, осы саладағы
қазақстандық тәжірибені де ұйымның күн тәртібіне ұсыну негізгі мақсат болуы керек.Бірақ, ұлтаралық қатынастардың
қазақстандық үлгісін ЕҚЫҰ-на мүше-мемлекеттер үшін бейімдеу үшін тиімді жолын айқындап, Ұйымның мүшелері қатынасының
әлеуметтік-саяси жүйесіне кірігу мүмкіндігін қарастыру қажет.
53.Жастардың рухани,мәдени,білім алуы,кәсіби қалыптасуы,дене тәрбиесін дамытуы үшін әлеуметтікэкономикалық,құқықтық,ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау Жастар — келешегіміздің негізі ретінде өз
білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа
Қазақстанның — дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет.
Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа,интеллектуалды бәсекелестікке жетелейді.Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «кез-келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады »,-деген болатын.
Қазақстан Республикасының Президентінің №73 жарлығымен 2009 жылдың 28-ші тамызында «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жастар саясаты» туралы концепциясы бекітіліп бүгінгі күнге дейін жастар мәселесін шешетін негізгі құжат болып
келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қолдауымен осы концепцияны жүзеге асыруда 2010-2012 жылдарға «Қазақстан
жастары» атты нақты бағдарлама қабылданды. Басым бағыттарға ең бірінші азаматтылық пен патриотизмді дамытуға, жастардың
рухани-адамгершілік қасиеттерін жоғарылатуға көп орын берілген.
Облыстарда, Астана және Алматы қалаларда «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске-асыру мақсатымен үлкен жұмыс
жасалады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 29 мамырдағы №76 өкімімен ауыл жастарының дамуына жағдай
жасау және қолдау мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске асыру жөніндегі ісшаралар жоспары бекітілген. 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасының іске асуына
бағытталған қаржының жалпы көлемі - 10 млрд. 738 млн. теңге, соның ішінде 2009 жылға – 2 млрд. 806 млн. теңге, 2010 жылға – 3
млрд. 379 млн. теңге, 2011 жылға – 4 млрд. 552 млн. теңге.
Ауылдық жерге жұмысқа келген жас мамандарға көтерме жәрдемақысын беру қарастырылған.2009-2011 жылдарға арналған
«Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын және ауылға жас мамандарды тарту мақсатымен «Дипломмен – ауылға!» жоба
бойынша кең іс-шаралар жүргізіледі.
Бүгінгі таңда Елбасының қолдауымен мемлекеттік жастар саясаты концепциясы бекітіліп, барлық облыстарда жастар саясаты
бағдарламасы қабылданып, үкіметте және жергілікті басқару органдарының ішінен жастар ісі бөлімі ашылып, жұмыс істеуде.
Мәселен, осындай бағытта бекітілген «Қазақстан жастары –2009» бағдарламасы жеті бағытты қамтыған:
- жастардың еркіндігі мен құқығын қорғау;
- жас азаматтардың жан-жақты білімі мен тәрбиесі;
- әлеуметтік-экономикалық қолдау мен қамтамасыз ету;
- жастардың денсаулығын қорғау;
- жастардың адамгершілік-мәдени және рухани қалыптасуы;
- жас отбасыларды қолдау;
- жастар саясатының инфраструктурасын дамыту.
Бұл бағдарламаның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын іске асыратын құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық
механизмдерін ойластыру. Осы бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен, халықаралық
ұйымдардың грандтарыннан бөлінуі тиіс.
55. «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасы
2013 жылдың 12 шілдесі күні «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлау бойынша жұмысшы
тобы отырысы болып өтті.
Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих
толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Ғылыми бағдарламаның
мақсаты:
- Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқауында сапалық секірісті жүзеге асыруына жағдай
жасау;
- қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру;
- Қазақстанның жаңа тарихының жиырма жылының мәнін пайымдау.
- алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме негізінде қазақ этносының объективті тарихын және оның ежелгі заманнан қазіргі кезге
дейінгі тарихи тағылымы, этникалық және мемлекеттік территориясының тарихи қалыптасуы, Қазақстан халықтарының
полиэтникалық қалыптасу кезеңдерін қайта жасап шығару болып табылады.
Ғылыми бағдарламаны 2014-2016 жылдары жүзеге асыру көзделіп отыр.
Бүгінгі күні Қазақстанның қазіргі заманғы тарих ғылымының алдында маңызды міндеті : еліміздің азаматтарының мінез-құлқы
мен санасында болып жатқан логикалық өзгерістерді, әлемдік тарихнама тәжірибесін ескере отырып, жаңа теориялықметодикалық мақсаттармен қазақ халқының тарихын қайта жаңғырту тұр. Уақыт пен қоғам тарихшы ғалымдардан Қазақстан
территориясында тарихи үрдістерді тек тарихи зерттеулерден басқа зерттеудің пәнаралық сипаттағы кешенді тәсілін талап етеді.
«Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихын
дүниетанымын қалыптастырудағы мәні, маңызы зор. Осы «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында еліміздің Тарих және
этнология институты, Мемлекеттілік тарихы институты, Шығыстану институты басқа да университеттер тарапынан ғалымдар
тартылып, ғылыми экспедициялар мен іс-сапарлар нәтижесінде Қытайдан, Ресей ден табылып жатқан дүниелер. Оның барлығы
қазір ғылыми айналымға еніп жатыр. Зрттеушілер бұған дейін де осындай көне мұрағаттардың материалдарын жинақтаумен
айналысып келеді. Сонау тастағы Сына, Руна жазуларын зерттеуде. Қазір жалпы түркі тілінің руналогиялық ескерткіштерінің
корпусын жасап жатыр. Сібірдегі, Моңғолиядағы және тағы басқа сонау Күлтегіннен бастап, көне түркілердің мекендеген
жерлерінен табылған тастардағы жазуларды анықтау жұмыстарын атқарып келеді. Түркілерден бұрын Ғұн, Сақ дауірлеріндегі
ескерткіштерді жинақтап, дүниежүзінің негізгі ғалымдарының еңбектері нәтижесінде соларды кітап ретінде басып шығармақ
ниетте.
Жалпы айтқанда «Халық тарих толқынында» бағдарламасының халық алдында маңызы, ол бұрыңғы ата – бабалармыздан келе
жатқан салт – дәстүрлерімізді, және олардан қалған бағалы заттарды қастерлеу. Сонымен қатар, шет елдерден, Қытай , Ресей және
тағы басқа біздің тарихымызға жататын құнды заттарды табуда.
56 сұрақ
Мәдени мұра - орны толмас құнды рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтiк қазына. Мұра осы заманғы ғылым, бiлiм мен
мәдениеттiң де қайнар көзi. Бұл, табиғи байлықтарымен қатар, ұлттық өзiн-өзi сыйлауы мен әлемдiк қоғамдастықты
мойындатуына басты негiз болып табылады.
2009-2011 жылдарға арналған "Мәдени мұра" стратегиялық ұлттық жобасының Тұжырымдамасы (бұдан әрi Тұжырымдама)
Мемлекет басшысының 2008 жылғы 13 маусымда өткен "Мәдени мұра" бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Қоғамдық кеңестiң
отырысында берiлген тапсырмасын орындау мақсатында әзiрленген.
Бұл Тұжырымдамада 2004 - 2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Мемлекеттiк
бағдарлама) iске асырудың негiзгi аспектiлерi және 2007 - 2009 жылдарға арналған "Мәдени мұра" салалық бағдарламасының
(бұдан әрi - салалық бағдарлама) екi жылдық нәтижелерi талданып, оны алдағы жылдары iске асырудың басым бағыттары
көрсетiлген.
Тұжырымдаманың өзектiлiгi Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұра құндылықтарына деген мемлекет көзқарасын жүйелi
жетiлдiрiп отырумен айқындалады. Өткен кезеңдердегi саяси және әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстердi қайта зерделеу мен
бағалау процесi барынша күшейiп келе жатқан қазiргi уақытта ақиқатқа объективтi, нақпа-нақ және сындарлы тұрғыдан қарап,
мәдени мұраны сақтау мен тиiмдi пайдалану перспективаларын терең бағамдау қажеттiлiгi туындап отыр.
Осы Тұжырымдама халықтың әлеуетi мен iзгiлiк бағытын паш етiп, оның тарихи тәжiрибесiн байытқан және ұрпақтар
жалғастығының сенiмдi тiрегiне айналған стратегиялық ұлттық жобаны одан әрi iске асыру жөнiндегi 2009 - 2011 жылдарға
арналған "Мәдени мұра" салалық бағдарламасының iс-шаралар жоспарын жасауға негiз болады.
Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру Қазақстан тарихындағы шын мәнiнде теңдесi жоқ, аса жемiстi гуманитарлық акция болды.
Отандық мәдениет пен ғылымды жоғары деңгейге көтеруге мүмкiндiк беретiн жаңа құнды тәжiрибе алынды.
Елiмiздiң тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, айрықша маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта қалпына
келтiру жөнiнде ауқымды жұмыс атқарылды. Бүгiнгi күнi мемлекеттiк мұражайларда екi миллионнан астам мәдени құндылықтар
сақталуда.
Ұлттық мәдениет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту, әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң үздiк
жетiстiктерi негiзiнде гуманитарлық бiлiмнiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру жөнiнде жұмыс жүргiзiлдi.
Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру барысында 35 тарих және мәдениет ескерткiштерiнде жаңғырту жұмыстары, 30
қалашық, қоныс, тұрақ пен қорғанда археологиялық зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды.
Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапон, Египет, Өзбекстан, Армения, АҚШ, бiрқатар Батыс Еуропа елдерiне ғылыми-зерттеу
экспедициялары ұйымдастырылып, ғылыми ортаға бұрын белгiсiз болып келген Қазақстанның тарихы, этнографиясы, өнерi
туралы бес мыңға жуық қолжазба мен баспа басылымдары табылды. Экспедициялар барысында тек Қытайдың өзiнде ғана
Қазақстанның тарихы мен мәдениетiне қатысты бұрын зерттелмеген үш жарым мыңға жуық тың дерек табылды.
Осы зерттеулердiң нәтижесiнде, қазiр Қазақстанда қазақ хандары мен сұлтандарының Қытай, Қоқан, Хиуа және де басқа
шектес жерлердiң билеушiлерiмен хат алмасуы жөнiнде көптеген тарихи маңызды деректер жиналды, бұрын белгiсiз қыпшақ
жазбаларын иелендiк.
Жүздеген жазба ескерткiштер Еуропа мемлекеттерiнiң кiтапханалары мен дипломатиялық мұрағаттарынан табылды.
Шет елде Орталық Азиядағы көне көшпелi халықтардың шаруашылық құрылысы мен антропологиялық түрiне, олардың
тiлдерiнiң өзара ықпалына және өзара қарым-қатынастарына қатысты этнологиялық деректердiң табылуының маңызы айрықша
зор.
Қожа Ахмет Иассауи кесенесi мен Тамғалы археологиялық кешенi сияқты екi ғажайып ескерткiш ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк
Мұралар Тiзiмiне ендi. Аталған тiзiмге ұсынылған келесi ескерткiш ежелгi Отырар қаласы болып отыр.
Мемлекеттiк бағдарлама аясында 230 аталым кiтап жарық көрдi, арасында тарих, археология, этнография жөнiндегi аса құнды
сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздiктер бар. Мысалы, "Бабалар сөзi" сериясы жүздеген жылдар бойы жасалған қазақ халқының
бай ауыз әдебиетiн жинақтауға мүмкiндiк берсе, "Қазақтың ата заңдары" жинағы қазақ халқының құқықтық санасының даму
тарихын ашып көрсетедi.
Мемлекеттiк бағдарлама ТМД елдерiнде ғана емес, сонымен қатар алыс шетелдерде де аса жоғары бағаланды. 2006 жылғы
сәуiрде Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерiнде оның тұсаукесерi табысты өттi.
Оны iске асыруға мемлекеттiк бюджеттен 2,7 миллиардқа жуық теңге бөлiндi.
Мемлекеттiк бағдарлама тарихи-мәдени мұраны қайта қалпына келтiрумен ғана шектелмейдi. Оның басты мақсаты - қоғамдық
санада оң өзгерiстерге қол жеткiзу және нақ осы тұрғыда ол маңызды идеологиялық, жалпымемлекеттiк мәнге ие.
Бiрiншiден, мемлекеттiлiктiң аса маңызды рухани негiзi болып табылатын ұлттың тарихи санасының көкжиегiн кеңейту және
рөлiн күшейту туралы сөз болып отыр.
Мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеу барысында зерттеулер жүргiзу ауқымын тарихи диапазонын концептуалды түрде
анықталды. Ол қола дәуiрiнiң соңынан бастап темiр дәуiрiне дейiнгi екi мың жылдан асатын кезеңдi қамтиды.
Нәтижесiнде Еуразия кеңiстiгiне атты көшпелiлердiң шығуы және осы оқиғаның әлемдiк дiндер пайда болған "осьтiк дәуiрге"
әсерi, далалық өркениет пен қазақ хандықтарының жарқын әрi драмалық тағдыры, Ұлы Жiбек жолы бойында қалалардың пайда
болуы, олардың гүлденуi, құлауы мен қайта өркендеуi, отарлану, империя құрамында болу, егемендi мемлекет ретiнде болашаққа
жол iздеу сияқты iргелi тарихи оқиғалар назарға алынды.
Екiншiден, Мемлекеттiк бағдарлама ұлттық сана-сезiмнiң қалыптасуы және нығаюына байланысты сұрақтарға жауап болды.
Үшiншiден, Мемлекеттiк бағдарламаның iске асырылуы елдiң жаңа тарихи-мәдени ландшафтының қалыптасуына игi әсерiн
тигiздi.
Төртiншiден, Мемлекеттiк бағдарламаның iске асырылуы қазақстандықтардың өз тарихына және мәдениетiне
қызығушылықтарын арттыра түстi.
Бесiншiден, Мемлекеттiк бағдарламаның елдегi этносаралық өзара түсiнiстiктiң артуы мен ұлтаралық қатынастардың
үйлесiмдiлiгi тұрғысынан алғандағы зор әлеуетiн де атап көрсету қажет.
Жалпы алғанда, Мемлекеттiк бағдарлама бойынша өте қомақты нәтижелерге қол жеткiзiлдi, ол елдегi және шетелдiк зиялы
қауым тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Елдiң мәдени мұрасын зерделеуге, сақтауға, қалпына келтiруге және тиiмдi пайдалануға бағытталған шаралар кешенiн iске
асыруды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 10 желтоқсандағы N 1203 қаулысымен 2007
- 2009 жылдарға арналған "Мәдени мұра" салалық бағдарламасы бекiтiлдi, ол Мемлекеттiк бағдарламаның қисынды жалғасы
болып келедi.
"Мәдени мұра" салалық бағдарламасын iске асырудағы 2 жыл iшiнде (2007 - 2008 жж.) 16 тарих және мәдениет
ескерткiштерiнде жаңғырту жұмыстары аяқталды, 39 қалашық, қоныс, тұрақ пен қорғанда маусымдық археологиялық зерттеу
жұмыстары жүргiзiлдi. Ұлттық мәдениет үшiн айрықша маңызы бар тарихи-мәдени, сәулет және археология ескерткiштерiнде 8
қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзiлдi, Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы және мәдениетiнiң мәселелерi
жөнiндегi басылымдардың жаңа серияларын әзiрлеп шығару бойынша жұмыстар жалғастырылды.
Салалық бағдарламаны iске асыруға 2007-2008 жылдары мемлекеттiк бюджеттен 3,2 миллиардқа жуық теңге бөлiндi.
Сонымен қатар, Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру тәжiрибесi қысқа мерзiм iшiнде рухани-мәдени, гуманистiк әлеуеттi
толығымен ашып жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейтiн бiрқатар тенденциялардың бар екендiгiн де көрсеттi.
Егер Мемлекеттiк бағдарламаның алдағы кезеңi негiзiнен аса ауқымды мәдени мұраны, соның iшiнде, фольклор, салтдәстүрлердi зерделеу, ұлттық мәдениет үшiн маңызы айтарлықтай зор тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қалпына келтiру,
ұлттық әдебиет пен жазудың көпғасырлық тәжiрибесiн жинақтау бағытындағы игi iстермен сипатталса, оны одан әрi iске
асырудағы мақсат - мол тарихи-мәдени мұраны қоғам игiлiгiне айналдыруды қамтамасыз ету болып табылады.
57 сұрақ
Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Ұлытаудағы сұхбатында
« Біздің еліміздің қазақ жұртының арғы түбі
ғұндардан басталады.Ғұндардан кейін көк түркіге жалғасады.Одан кейін Алтын Ордаға орнығады.Сөйтіп ханық дәуірге ұласып,
біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіркеледі.Осындай үлкен тарихымыз бар.Жастарымыз мұны білу керек. Біз кеше ғана пайда болған
мемлекет емеспіз» деді.
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деп Шәкәрім атамыз айтқандай, Ұлытау төріндегі әңгіме бұрынғы сұхбаттардан өзгерек болды.
Оның бірнеше себебі бар.
Біріншіден, Ұлытау – ешбір әсірелеусіз біздің арғы-бергі бабаларымызға құтты қоныс болған қасиетті мекен. Мұндай орындардың
ерекше аурасы, қазақша айтқанда киесі болады. Тумысынан таза қазақша тәрбие алған Елбасымыз мұны айрықша сезеді. Ұлтымыз
үшін киелі саналатын орындардың барлығын қадірлеп, зиярат етуді ұмытқан емес. Міне, осындай киелі орындар адамға қанат
бітіріп, оның ойына ерекше қозғау салады. Соны біреу түсініп, біреу ұғына алмауы мүмкін. Ұлттық тәрбиеге уызынан жарып өскен
Елбасымыз – ерекше түйсігі бар адамдар ғана қабылдай алатын осындай жайларды елден ерек сезіне білетін айрықша жан. Ұлытау
төріндегі сұхбат осындай жағдайда дүниеге келді деп ойлаймын.
Екіншіден, Елбасы – Ұлытау өңірін ерекше жақсы білетін адам. Оның жастық шағы, азамат болып қалыптасқан кезі Сарыарқа
төрінде өтті. Дәл мағынасында Сарыарқаның шығысы Қарқаралы болса, батысы тура осы Ұлытау, ал екеуінің ортасында
Қарағанды тұр. Қаныш Сәтбаев Қазақстанның металлогениясын жасағанда Ұлытау-Жезқазған өңірін Орталық Қазақстаннан
ешқашан бөліп қарамаған. Қаныш Сәтбаев қазба байлықтардың кен орнын айқындайтын геолог болса, Нұрсұлтан Әбішұлы – сол
кендерді қорытатын металлург. Сондықтан Сәтбаев еңбектерін бүге-шігесіне дейін білетін Елбасы – Ұлытаудың қасиетін ғана
емес, қазынасын да жақсы білетін адам.
Үшіншіден, Елбасымыз Қазақстанның жаңа елордасын таңдау барысында Ұлытаудың да бар мүмкіндігін саралап шықты. Басқа
біреу болса, «аудан орталығы қалай елорда болуы мүмкін» деп, бірден-ақ Ұлытаудың кандидатурасын ысырып тастар еді. Елбасы
қазақ үшін ерекше киелі өңірдің бар мүмкіндігін таразыға салып, әбден зерттеген, тіпті оны соңғы турға дейін алып келген.
Төртіншіден, Елбасымыздың мен білетін кейінгі 20 жыл ішіндегі сұхбаттарында Қазақстанның өз ішіндегі коммуникация
мәселесіне айрықша мән беріп келді. Кешегі Кеңес Одағының қордаланып қалған мың сан мәселелері орайымен шешілгеннен
кейін Елбасымыз Ұлытауды Қазақстанның барлық тарапымен бірдей байланыстыратын теміржол салуды қолға алды. Көп жылдар
бойы жүрек төрінде сақтап келген ойының жүзеге асуымен тұспа-тұс келген сапарда Нұрсұлтан Әбішұлы төгілте сұхбат берді
және оның бұрынғы сұхбаттардан өзгерек болуының сыры осында деп білемін
Ұлытау – Еуразия құрлығындағы ӛркениет тарихында ерекше орын
алатын аймақ. Ұлытау – ұлы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларды еске
салатын қасиетті мекен. Ол ӛзінің айрықша археологиялық ескерткіштерімен
де ерекшеленеді: Теректі Әулие тастағы таңбалары, қола дәуірінің
металлургиялық орталықтары, түркілік тас мүсіндер, сақ қорғандары мен
оғыз-қыпшақ қалалары.
Елбасымыздың Ұлытау тӛріне барған сапарында берген сұхбатын шын
мәніндегі тарихи маңызы зор сұхбат дер едім. Бұл - саяси баяндама емес,
елім деген Ұлт Кӛшбасшысының шын жүрегімен халқына ақтарыла айтқан
сыры. Ендігі міндет осы тарихи сӛзді негізге ала отырып, елге қызмет ету
болмақ.
Оймақтай ой айтса да, әрбір сӛзін тереңнен толғап, саралап, салмақтап
айтар Президент бұл жолы да ұлтымыздың тарихы мен руханияты,
экономикасы мен саясаты жӛнінде парасатты ой қозғады. Әңгіменің тарихы
бай, табиғаты ӛзгеше Ұлытаудың тӛрінде ӛтуінің ӛзінде үлкен мән-мағына
жатыр. Әулиетаудың етегіндегі Әулиебұлақ басындағы сұхбатында Елбасы
«Ұлытауымыз бен Ордабасымыз досымызға да, дұшпанымызға да ұялмай
кӛрсетер айбарымыз, ардағымыз, асылымыз болуға тиіс» деп қадап айтты.
Тарих тереңіне үңілсек, бұл екі киелі мекен де қазақ халқының басынан
ӛткен қилы замандарында бірлікке, ынтымақтыққа арқау болғанын, ұлтты
ұйытуға себепкер болғанын кӛреміз. Сондықтан да Елбасы Ордабасы мен
Ұлытауда келелі, ұлт мүдесін кӛксеген әңгімелер ӛрбітті [2].
Елбасының Ұлытау тӛріндегі толғанысы да бұдан бұрынғы сӛздері
сияқты жүректен шығып, жүрекке жетті. Себебі, ол сӛздер – іштен шыққан
шын сӛз. Мұхаммед пайғамбар айтқандай: «Шын сӛз – құдіретті сӛз». Кісіге
қарап сӛз алма, сӛзіне қарап кісіні ал» деген хакім Абай ойын еске салған
Ұлытау тӛріндегі ұлы толғаныс еліміздің бүгіні бекем, келешегі бүгіннен де
жарқын екенін, Елбасының кемел данышпандығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ел тарихынан бастап тіл тағдыры, діннің жай-жапсары, экономика мен
саясаттың ӛзекті де ӛткір мәселелері тӛңірегінде ӛрбіген ӛрелі әңгіме алшы
58 сұрақ
Алтын Орда Еуразия далаларында XIII ғасырда пайда болған шыңғыс хаан ұрпағы мемлекеті.Оның құрылу тарихы ханның үлкен
ұлы Жошының үлес иелігінің қалыптасу тарихына байланысты.
Шыңғыс дәуірінде (11551227) мемлет өмірінде рулық принцип қолданылды Шығыс хан халықтық ғұрыпқа бағынып, өзі тірі кезінде ақ ұлдарына жерін
бөліп берді.
12 07-1208 жылдары Шыңғыс хан Енисей қырғыздары
мен Сібірдің оңтүстігіінің басқа да орман халықтарын бағындырған кезде , 1240 жылы «Аса құнды аңыз » деп аталатын моңғол
хроникасында , әкесі Жошыға осы жерлерді береді. Кейін келе, хан Орта Азияны бағындырғаннан кейін Ертістен Қойлыққа пен
Хоремнің шекарсынан батысқа қарай Еділ болгарлары патшалығының шекарасына дейінгі ұлан ғайр жерді сыйлады.
1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі
батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа
көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден
Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдіңтөменгі аясында
Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс
Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері
бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын
алып, алым-салық төлеп тұрды.
Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары— хандардың атымен (Батый ұлысы,
Берке ұлысы, т. б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.
Алғашында Алтын Орда Монғолиядағы үлы ханға тәуелді болды. Алайда 1260 ж. Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға
ыдырап кетті.. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256 — 1266 жж.) түсында-ақ тәуелсіздікке кол жеткізген. Одан кейінгі
Мөңке хан (1266 — 1280 жж.) өз атынан теңге шығара бастады.
Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылыктарына коса, орыс князьдіктерімен, Ирандағы Күлағу ханның әулетімен, Ак Орданын және
Хорезмнін билеушілерімен үздіксіз соғыстарға толы болды. Алтын Орданың XIV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе Өзбекхан (1312
— 1342 жж.) мен одан кейінгі Жәнібек ханнын (1342 — 1357 жж.) тұсында кұдіреттілігі арта түсті. Ханның дара үстемдігі орнап,
құрылтай шакыру аяқсыз калды, билік бір адамның колына жинакталды.
1312 ж. Өзбек хан ісләмді Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады. Далалык. түркі-монғолдык мәдениет Еділ бойы
(бұлғарлар) және Орта Азия (Хорезм) мүсылмандык, салт-дәстүрлерінін әсерімен ісләмді кабылдай бастады.
XIV ғ. екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін такка 20-дан астам хандар
отырып, бірін-бірі елтіріп, орнын тартып алып жатты. 1380 ж. Алтын Орданың билеушісі, түменбасы Мамай Дмитрий Донской
бастаған орыс әскерінен Куликово даласында тас-талкдн боп женілді. Жошы ұрпағы Токтамыс хан осы жағдайды пайдаланып,
Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж. Мәскеуді ертеп жіберді,
Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше рет жорық жасады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға кайта-қайта
шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді кайта көтеріле алмастай етіп тұралатты.
XV ғ. ортасына карай бірнеше үлкен үлыстар өз алдына хан сайлап, Алтын Орда біржола қүлады. Бүл ұлыстардың ең ірісі XV ғ.
30-жылдары Еділ мен Днепрдің аралығында қүрылған Ақ Орда болды. 20 — 60-жылдары Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан,
Қырым, Астрахань хандықтары бөлініп шықты.
Кейіннен Ақ Орда тайпалары Қазақ Хандығының құрылуында үлкен рөл атқарды.
Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі.
Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы
да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер
қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор. Қазақ хандығы —
шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта
Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі
арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек
сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу
жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—
1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға
жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты
Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға
көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді.
Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды.
Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды
өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады...». Алғашында Қазақ хандығының
территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді.
Жалпы алғанда жоғарыда айтып кеткен мәлімметтерге сүйенсек қазақ елі аяқ астыныан қалыптасып кеткен мемлекет емес.Оның
әкесі,балалары бабалары бар.Қазақ хандығының әкесі Алтын Орда , ал бабалары Шыңңғыс ханға,одан ары кетсек сақтарға барып
тіреледі. Қазақ хандығының сонау сақтардан бері ел болып бірігуіне кедергі болған --- ол этносаяси қауымдастыұығ жоқ болуы,
ішкі қарама қайшылықтар(төре тұқымдарының таққа таласы), басқыншылық жорықтар жіне де тағы да басқа саяси мәселелер.
Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Ұлытаудағы сұхбатында
« Біздің еліміздің қазақ жұртының арғы түбі
ғұндардан басталады.Ғұндардан кейін көк түркіге жалғасады.Одан кейін Алтын Ордаға орнығады.Сөйтіп ханық дәуірге ұласып,
біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіркеледі.Осындай үлкен тарихымыз бар.Жастарымыз мұны білу керек. Біз кеше ғана пайда болған
мемлекет емеспіз» деді.
1) Географиялық тұрғыдан Алтын Орда жерінің 40% астам бөлігі бүгінгі таңда Қазақстанның құрамына кірді.
2)Этникалық тұрғыдан Алтын Орда құрамында болған ру тайпалардың 20 нан астамы қазақстандықтардың құрамында
3)Антропологиялық тұрғыдан XX ғасырдағы Қазақстанның қазіргі халқымен
XVI ғасырдағы Алтын Орданың көшпелі халқынан айырмашылық жоқ
59 сұрақ
Көне түркі ескерткіштері
Тарихты білу, оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі күнге қажетін табуға ұмтылу – барлық халықтарға тән дәстүр. Қазақ тілі
ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес. Оның шыққан ата-тегі бар. Қазақ тілі түркі тілі деп аталатын алып
бәйтеректің аса бір ірі тармағына жатады. VІ-VІІІ ғасырларда біз бүгінде дүние жүзінде түркілерден тараған қырықтан астам ұлт
болса, солардың барлығын бір ғана атаумен «түркілер» деп атаған. Сол кезде бабаларымыз Түркі қағанатын құрған. Түркі этнонимі
қытай жылнамаларында 542 жылдан белгілі. Ал түркілердің мемлекеттік дәрежеге көтерілуі 552 жылдан басталады. Түрік
қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. VІ ғасырдың жартысындағы Түрік
қағанатының билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтар болды. Олардың
ішінде қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т.б. тайпалар болды. Қағанатты Бумын қаған биледі. Одан кейін Істемі қаған биледі.
Қағанат бірде әлсіреп, бірде күшейіп отырған. Бір күшейген тұсы – Елтеріс атанған Құтлығ қағанның екі ұлы жас болғандықтан,
билікті інісі Қапаған өз қолына алады. Ол әуелде елін, жерін кеңейтіп, күшті хан болады, бірақ көп кешікпей ешкімді елемейтін,
қарсы келгендерді аяусыз жазалайтын қатыгез қағанға айналады. Соның салдарынан тайпалар бірінен соң бірі бұл қағанаттан
бөлініп, табғаштардың қол астына кіріп жатады.
Қапаған бір көтерілістен қайтып келе жатқанда қаза табады. Ел билеу ісі Білге қағанға қалады. Білге қаған түркі мемлекетінің күшқуатын нығайтуда көп жұмыс атқарады. Білге қаған былай дейді: «Түркі елінің аты, заты жоқ болып жоғалмасын деп, өзімді тәңірі
есіркеп таққа отырғызды. Таққа отырғанда, ел-жұрттың халі әлсіз еді, асар асы жоқ, киер тоны жоқ, аянышты мүшкіл елдің қағаны
болдым. Інім Күлтегінмен бірге сөзге, іске бекіндік. Хан иеміз ата-бабамыз билік орнатқан ел-жұрттың аты, сұсы жойылмасын деп
түркі елі үшін түнде ұйықтай алмадым, күндіз отыра алмадым, інім Күлтегінмен бірге елі шад қосылып, өліп-талып арпалыстық,
жиғанымызша жиып, елдің бірлігі, берекесін от-су қылмадық»[1,27].
Әлемдегі өзге халықтар сияқты, түркі халықтарының да –өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар. Ешбір тайпа, халық және ұлт
тарихсыз болмайтыны белгілі. Әрбір халық ұлт болып қалыптасу үшін талай тарихи кезеңдерді басынан өткізеді.
Түркі тайпалары халық ретінде біздің дәуіріміздің VІ ғасырында дүние жүзіне белгілі бола бастады. Түркі тайпалары туралы
құнды деректерді, әсіресе, Батыс Еуропадағы Византия материалдарынан көбірек кездестіруге болады. Сонымен бірге түркі
халықтары жөніндегі қыруар мәліметтерді біз сол түркі тайпаларының өшпес мұрасы – өздері жасаған жазба нұсқалар арқылы да
біле аламыз. Мұндай жазба нұсқалар түркі халықтары үшін баға жетпес тарихи және мәдени ескерткіш болып табылады.
Түркі халықтарының тарихи мұралары тарих, мәдениет және тіл тұрғысынан алғанда аса құнды қазына екенін бағалай білу, таныту
– кезек күттірмейтін негізгі міндеттердің бірі. Біз көне түркі жазба нұсқаларынан тасқа қашалған мынадай сөздерді кездестіреміз:
Бұны көрү білің! Түрк бүдүн бүдүн аты йоқ болу бармыс ерті өлтечі ерті. Ічре ашсыз, ташра тонсыз йабызйаблық будунта мен
өзүм қаған олуртым. Іл йеме іл болты, йеме болты.
Мұны көре білің(дер)! Түркі халқы аты жоқ бола бастаған еді. өлімші (болған) еді. Іші ассыз, сырты киімсіз нашар халыққа менің
өзім қаған (болып) отырдым. Ел еңді ел болды, халық енді халық болды.[2,73]
(Ескерткіштен үзінді)
«Түркі бектері мен халқы, мұны естіңдер! Қандай сөздерім бар болса, соларды мәңгі тасқа жаздырдым. Оларды көріңдер,
ұғыңдар».
Бұл арнау сөздер түркі халықтарының кейінгі ұрпақтарына арналған.
Мұндай тасқа қашалған ескерткіштер туралы жазылған деректер аз емес.
Түркі тілдерін зерттейтін әдебиеттерде «Орхон-Енисей жазулары» руника жазуы деп те аталады. Руна – ежелгі гот тайпасының
құпия деген сөзіінен алынған. Өйткені бір кездері Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған таңба жазудың қай тілде екені
оқылмай, көпке дейін құпия болып келген.
Көне түркі жазу нұсқалары сонау І Петрдің тұсынан бері белгілі болса да, оларды ешкім зерттеп, сырын ашпаған.
1889 жылы фин ғалымдары Енисей өзені бойынан табылған тастағы белгісіз жазулардың атласын жариялайды. Сол жылы орыстың
География қоғамы Моңғолияға арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырады. Көрнекті орыс ғалымы Н.М.Ядринцев осы
сапарында Орхон өзені бойынан бірнеше жазуы бар бірнеше тасты кездестіреді.
1889 жылы көрнекті орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон-Енисей өзендерінің бойынан табылған таңба жазуы бар тастарды өзі барып,
тексеріп қайтады. «Солтүстік Моңғолияда VІІІ ғасырға қатысты жазба ескерткіштердің бар екендігі ғылым соншалықты қажет,
Орхон өзені бассейніндегі ескерткіштерді тереңірек зерттеу үшін өте қажет. Сондықтан Императорлық Ғылым академиясы
ғылыми экспедиция ұйымдастыруы қажет деп есептелінеді»[3,96].
Осы екі экспедициядан кейін Моңғолиядан табылған жазулардың атласы жарияланады.
Сөйтіп, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған құпия жазулар біртіндеп дүние жүзі оқымыстыларына белгілі бола бастайды.
1893 жылы Дания елінің ғалымы В. Томсен тұңғыш рет ескі түркі (орхон-енисей) жазуларының оқылу кілтін тауып, оның сырын
ашуға мүмкіндік туғызды. «Он пытался самым детальным образом сначала изучить соотношения одних букв с другими. Для
В.Томсена при этом выяснилось, что неоторые буквы могут быть в близком соседстве с рядом других букв, другие же нет. Это
привело Томсене к мысли о делении букв на два класса по числу звуков переднего ряда. А все это вело мысль к строю тюркских
языков. И, наконец, 25 ноября 1893 года ему удалось уже найти полный ключ к своему этих до этого неизвестных надписей с
берегов Енисея и Орхона»[8,68].
В.В.Радлов бірінші болып, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған үлкен-үлкен ескерткіштердің аудармасын жасап,
жұртшылыққа таныстырды.
Даңқты түрколог С.Е.Малов та өзінің ғылыми еңбектерінің көбін осы көне түрік жазу нұсқаларының сырын ашуға арнады.
Орхон Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштер – VІ-VІІІ ғасырлардағы түркі тайпаларының сол кездегі қоғамдық
құрылысы, күн көрісі, мәдениеті мен тілі жөнінде мол деректер беретін құнды материалдар.
Орхон-енисей ескерткіштері жұртшылыққа ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап белгілі болса да, ХІХ ғасырдың соңына
дейін олармен ешкім арнайы шұғылданбады. Жазба ескерткіштері сол құпия қалпында қала берді. Оларды ешкім арнайы
зерттемегендіктен, тастағы жазулар жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер мен теріс болжамдар да айтылып жүрді.
Бұл белгісіз жазуға алғаш көңіл бөліп, оның сырын ашуға әрекет жасаған шетел ғалымдарынан Т.Байер 1729 жылы мұны ескі
кельт жазуы болар деп жорамалдады. А.С.Паллас 1793 жылы көне готтар жазуы деп ұйғарды. 1818 жылы орвыс ғалымы
Г.Спасский бұл жазуларды алғаш қалмақ және моңғол жазуы деп ұйғарып, моңғолдар мен қалмақтар бұрын ұйғырлар арқылы
соғды жазуын қабылдағанын да ескермеді. Кейінгі бір еңбегінде (1857 жылы) бұл жазуларды славьян жазуларына жатқызып, тіпті
қателесті. Сол дәуірдегі көрнекті ғалымдардың бірі А.Ремозе 1822 жылы құпия жазуларды индогот ұрпақтарының жазуы болуы
мүмкін деген жорамал жасады. М.А.Кастрен ерте кездегі фин жазуы деп есептеді. Ю.Клапрот 1824 жылы оны грек жазуының
негізі деп қарады.
Жазуларға көбірек мән берген В.Томсен, В.Радлов,П.Мелорианский т.б. оны ескі қырғыз жазуы деп есептесе (ХІХ ғасырдың
аяғы), 1933 жылы Г.Ксенофонтов бұл жазуларды якут тіліне қатысты қарады.
Қалай болған күнде де, белгісіз болып келген құпия жазулардың оқылу кілтін тауып, олардың қай халықтікі екендігін анықтау
керек болды.
Ескерткіштердегі жазуды оқу, талдау Дания елінің ғалымы В.Томсеннің үлесіне тиді. Көне түркі жазуларына кезінде мән берген Г.
Спасский мен В.Р.Розеннің «Келешекте Сібір ескі жазуларының өз Шампольені (ескі грек жазуының оқылу кілтін тапқан ғалым)
болуы мүмкін» және оның «күні бүгінге дейін құпия болып келген жазулардың сыры ашылмай ХХ ғасырға өтеді дегенге
сенбеймін деген қағидалары жүзеге асты[6,49].
В.Томсен өз заманындағы білгір фонотисьтердің бірі. Ол кісі түрколог емес еді. Сонда да бұл дәуірге дейін құпия болып келген
жазуларға ерекше мән берді. Томсен, ең алдымен, ескерткіштердегі таңбаларға назар аударды: таңбалардың бір-бірімен қатар келу
және келмеу ерекшеліктерін байқады. Жазуда жуан және жіңішке дыбыстардың барлығын, ол түркі тілдеріндегі үндестік заңына
қатысты екендігін жете түсінді. Бұдан кейін ғалым жазудың солдан оңға қарай емес, оңнан солға қарай оқылатындығын ажыратты.
Енді ескерткіштерді қанша таңба барлығын анықтады. Орхон ескерткіштерінде – 38, ал енисей ескерткіштерінде 150-ден аса таңба
бар екенін айқындады.
Күлтегін және Білге қаған ескерткіштерінен дейтін сөздерді бөліп алып оларды қытай тілдеріндегі түрлерімен салыстырып,
олардың теңрі (көк, аспан), Күлтегін бектің аты, білге (білгіш, дана) деген сияқты түркі сөздері екенін оқып білді. В. Томсен
осыдан кейін Күлтегін және Білге қаған ескерткіштеріндегі сөздерді түгелімен оқып шығады.
Сөйтіп, 1893 жылғы желтоқсан айының 15-і күні Дания королінің ғылыми мәжілісінде бұл дәуірге дейін құпия болып келген
жазудың оқылу кілтін тауып, ол түүркі халықтарының жазуы екендігін дүние жүзі ғалымдары алдында дәлелдеді. Мұның өзі
түркология ғылымына қосылған жаңа зор үлес болып есептелді. Сол дәуірдегі көптеген ғалымдар В.Томсеннің бұл еңбегін жоғары
бағалады.
Бұдан соң, көп ұзамай В.Радлов бірқатар ескерткіштерді өзінше бұл игілікті дәстүрді одан әрі жалғастырды. Жазба ескерткіштер
кейін көптеген ізденімпаз ғалымдардың зерттеу обьектісіне айналды.
Ескерткіштердің түрлері туралы қысқаша мәлімет
Көне түркі жазба ескерткіштері түркологиялық әдебиеттерде негізінен үш топқа бөлінеді. Олар:Енисей ескерткіштері. Бұған
Енисей өзенінің жоғарғы сағасы мен Тува Якутия Моңғолия жерлерінен табылған көптеген ескерткіштер жатады. Енисей
ескерткіштерін зерттеуде В.В.Радлов, С.Е.Малов, Х.Н.Оркун, С.В.Кислев, И.А.Батманов т.б. көп еңбек сіңірді.
Талас ескерткіштері. Талас ескерткіштерінің табылуы (1896-1898 жылдары, бұрынғы Әулиеата) қазіргі Жамбыл уезінің әкімі,
Талас жазуларын табушылардың бірі – В.А.Каллаурдың есіміне байланысты. Талас ескерткіштерінің саны қазір 10-нан асты. Талас
ескерткіштерін тауып, аудармаларын жасап, жариялауда Г.Гейкель, В.Радлов, П.Мелиоранский, С.Малов, Ю.Немет, Х.Оркун,
С.Киселев, И.Батманов және Л.Кызласов, т.б. шұғылданды.
Орхон ескерткіштері. Бұған VІІ ғасырдың соңы мен VІІІ ғасырдың бас кезіндегі Құтлығ қаған, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк,
Күлі-чор сияқты ірі ескерткіштер мен он шақты майда ескерткіштер жатады. Орхон ескерткіштерін зерттеуге көптеген ғалымдар ат
салысты
61) Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің,шежіренің, жазбаша тарихнаманың:
Мұхаммед Хайдар Дулатидің ,Қадырғали Қасымұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының
жаңаша бағалануы
«Тарих-и-Рашиди» көтерген мәселелердің ауқымы өте кең. Автор қазіргі Орталық Азия,
Қазақстан, Шығыс Түркістан, Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан және тағы басқа елдерді мекендеген халықтардың сол
замандағы саяси жағдайы, мәдениеті, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі жайында жан-жақты танымдық
маңызы мол деректерді келтірген. Бұл еңбек, осы кітапты құрастырушылардың айтуынша, этнографиялық, этникалық,
географиялық, археологиялық, астрономиялық мәліметтердің, тарихи деректердің соншалықты молдығымен
ерекшеленеді. Қазақ хандығының қашан құрылғандығы туралы нақты мәліметті де бізге алғаш рет Дулати осы «Тарихи-Рашиди» кітабында жазып қалдырған. Сондай-ақ онда қазақ хандығының бір ғасырдан астам саяси тіршілігінің жайжапсары жөнінде, қазақ елінің өсіп-өркендеуі туралы, Моғолстан мен Ұлы Моғол империясы хақында біздер үшін тың
мәліметтер жазып қалдырған. Бұл еңбек ұлтын сүйетін әрбір азамат үшін құнды екені анық. Сонымен қатар мемлекет
тарихымен айналысатын тарихшылар, әдебиетші, мәдениет танушы, философтар, дінтанушылар, географтар,
астрономдар, әскери басшылар үшін аса құнды мұра болып табылады. Осы еңбектегі өлеңдерді аударған ақын Болат
Шарахымбай. Бұл көлемді еңбек 48 баспа табақтан, 768 беттен тұрады.
Қадырғалидың бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ғұлама ғалым Шоқан
Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Оразмұхаммед пен Қадырғали бастаған
қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы М.Мағауин «Аласапыран» атты романында кең және көркем
баяндаған. Сонымен қатар академик Әлкей Марғұлан 1981 жылы«Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Күміс
сандық құпиясы» атты мақаласында Қадырғалиға аса жоғары баға берген. Соңғы кездері аталған еңбекті Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры М.Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. «Жылнамалар жинағының»
жалғыз көшірме данасын Қазан университеті кітапханасына татар ғалымы И.Халфин тапсырған. Сол көшірмені шығыс
қолжазбалар жинағына бастырған профессор И.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: «Біз шығармаға қандай ат
берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан
тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз». Сөйтіп ол Қадырғали еңбегін оның нағыз аты
анықталатын көшірмесі табылғанша «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» деп атауды ұсынған. Тарих
ғылымының докторы, профессор М.Қойгелдиев 1994 жылы жарық көрген «Қазақ тарихы» журналында «Өкінішке орай,
қолжазбаның кейінірек Петербордан табылған екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да,
ол сол «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар
арасында Қадырғали еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны
Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды» дейді.
62. „Мәңгілік ел“ идеясының мәні мен маңызы Елбасының биылғы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ" атты Жолдауының тарихи маңызы ерекше. „Мәңгілік ел“ идеясы қазақ халқының қаншама ғасырлар, аңсап
келе жатқан, арманына апаратын, мақсатына жеткізетін, бірден-бір мәңгіліктің жолы. Елбасы өз Жолдауында „Мәңгілік
ел“ болып қалу үшін бүгінгі заманға сай не істеу керектігін нақтылап айқындады. „Мәңгілік ел“ — ата-бабаларымыздың
сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып
орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді… Біз үшін болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, ұлы
мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол — „Мәңгілік ел“ идеясы» деп Елбасымыз бұл идеяның аса қажеттіліктен
туындағанын ерекше атап өтті. «Мәңгілік ел» идеясының негізгі мақсаты — елімізді қарышты дамыған мемлекетке
айналдыруда ұлттық мүддені, рухани дүниені жаңғыртуды және өзіміздің қазақ ұлтының мерейін асыруға, қалыптасқан
тарихи үрдістерін жаңғыртуға арналған құжат деп білуге болады. Президенттің жалпы ұлттық идеясы — еліміздің
рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» — елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей
жеткізетін тұғырлы бастама. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл
үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлтымыз бар, деді Елбасымыз. Ел
басшысы өз сөзін ары қарай жалғастыра келе: «Біз бәріміз бір атаның — қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған
жеріміз біреу — қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол — тәуелсіз Қазақстан. Біз
болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау
мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен
істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз. Тәуелсіздік
алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өттік. Бүгін Қазақстанды бүкіл әлем танып отыр. Қазақстан
таяудағы жылдар ішінде әлемдік бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз — бәсекеге
төтеп беру. Әлемдік бәсекеге төтеп берудің басты шарты — күшті рух пен білім. Елбасы Жолдауында білім саласы
қызметкерлерінің алдына да үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді
ауқымды жұмыстар күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3–6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі
біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті
мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі
оқыту-деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және, ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.
Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді.
Жаһандану заманы, баршаға мәлім, елдер мен ұлттарға аса қатал талап қоюда. Ең бастысы — ұлттық тіл ұлттық
сананың, ұлттық намыстың жоғарылығына, оның қажеттілік-деңгейіне байланысты екенін жадымыздан шығармауымыз
қажет. Қазіргі таңда өзін ешкімнен артық та, кем-де емес дәрежеде сезіну халқымызға жетпей отыр. Ал мәселеге
тереңірек үңілсек, істің тетігі, яғни қазақ тілінің тағдыры қазақтың өз қолында.
63) Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтары 1991 жылы 2 желтоқсандағы
прези¬денттік сайлау қорытындыларына байла¬нысты өткізген баспасөз конференциясында Президент Н. Назарбаев
Қазақстан Еуропа мен Азияны жалғастыратын кө¬¬пір болуы керек. Әлемнің барлық мем¬лекет¬терімен экономикалық
және саяси байланыстарды қамтамасыз ете¬тін көпвекторлық сыртқы саясатты таң¬дайды – деп көрсетті. Президент
өзінің «Қазақстанның Егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты 1992 жылғы еңбегінде
«Қазақстан жаңа халықаралық ортаға тап болды. Оның сыртқы саясатының бағыты ұлттық-мемлекеттік мүдделерге
сәйкес өзіндік логикамен дами бастады. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саясаты жалпыадамзаттық қуатқа ие. Ол
халықтардың әлемдік қауымдастықтан өз орнын таба білгенін жақтайды», – деп ескертті. Осыған орай, Қазақстан
Рес¬пуб¬ликасы өзінің сыртқы саясатында көп¬векторлық принципін ұстауда.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында әлемдік тартылыс күштерінің орналасуын есептеуге ұмтылды. Қазіргі жаһандық
қатынастардағы көпполярлық саланы басшылыққа алды. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан өзінің
сыртқы саясатында Қытайдың, Жапонияның, Ресейдің, Үндістанның, Еуроодақтың күшейе түсуін басшылыққа алды.
Қазақстан геосаяси аренада шынайы ойыншыға айналуды мақсат тұтты және осы дәрежеге ол біртіндеп көтеріліп
келе¬ді. Ел түрлі алпауыт державалар арасында әртүрлі қарым-қатынастар жүргізіп, өз мақсат-міндеттерін шешуде
біршама табыстарға қол жеткізуде.
1992 жылы Қазақстан Солтүстік атлант¬икалық әріптестік Кеңесіне мүше болды. Бұл ұйым 1997 жылдан бастап
Еуроатлантикалық әріптестік ұйымына айналды. НАТО ұйымы бұрынғы Кеңес Одағы құрамынан шыққан тәуелсіз
мем¬лекеттермен және Шығыс Еуропа мемлекеттерімен бірлесіп «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасын
жүзеге асырды. Ондағы мақсат, осы ел¬дер¬мен бірлесіп, аймақтық әскери қақтығыстардың алдын алу, терроризмге
қарсы ортақ іс-қимылдарды үйлестіру болды. Қазақстанның қарулы күштері АҚШ пен НАТО-ның алдыңғы қатарлы
әскерилерінен соғыс техникасы мен тактикасын меңгеруді үйренді. Бірлескен жаттығулар өткізу жыл сайынғы
дәс¬түрге айналды. НАТО-мен әріптестік Қазақстанның қауіпсіздігін нығайтуға өз ықпалын тигізді.
Қазақстан шетелдермен екі жақты қатынастар орнатуда белсенді шаралар жүргізді. Соның нәтижесінде 1993 жылы
Қазақстан Республикасын егеменді ел ретінде 111 мемлекет танып, олардың 92-мен дипломатиялық қатынастар
орнатылды. 2010 жылы Қазақстанмен 120-дан астам мемлекеттер дипломатиялық қатынастар жасады. Екі жақты және
көпжақты сыртқы қатынастар 2009 жы¬лы Президент Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының сыртқы
саясат концепциясы» негізінде жүзеге асырылуда. Бұл Концепцияда қазіргі халықаралық қатынастардың негізгі даму
бағыттары анықталып, дипломатиялық қызметтің міндеттері көрсетілді. Қазақ¬станның сыртқы саясатының негізгі
мақсаты елдің ұлттық мүддесін қорғау екендігі ескертілді.
Қазақстанның әлемдік қауымдас¬тықтағы беделі, оның ядролық қарусыз ел ретіндегі статусына байланысты өсе түсті.
Әлемде қуаты жағынан 4 орын алатын ядролық қаруларды Қазақстан АҚШ пен Ресейдің көмегімен 1995 жылдың 26
мамырында толық демонтаждап біт¬ті. Қазақстан стратегиялық шабуыл қару¬ларын қыстарту, ядролық қаруларды
таратпау, ядролық сынақтарға тыйым салу туралы жалпыға бірдей келісім-шарттарға қол қойды. Қазақстан нақты
шаралары арқылы әлем мемлекеттерін ядролық қауіп¬ті жоюға шақырды.
64) Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру туралы. 2003 жылғы 19 қыркүйекте
Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы Келісімге келіп,
оның Тұжырымдамасына қол қойды. Ол Достастық кеңістігінде экономикалық интеграцияның жаңа оңтайлы жолдары
мен тәсілдерін қарастырудың нәтижесінде жүзеге асырылды. Осылайша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі –
ТМД) елдері Жалпы ішкі өнімінің 90% үлесіне ие экономикалық дамыған 4 ТМД мемлекеті интеграцияның жаңа сапалы
әрі жоғары деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады.
Қол қойылған құжаттар тек экономикалық сипатқа ие. Олар инфрақұрылымдық жүктемені төмендетуге бағытталған. Ал
бұл өз кезегінде ортақ кеңістікте тауар өндірушілердің өзара қарым-қатынасын жеңілдетіп, бәсекелестік қабілетін
көтереді. Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісімде және Тұжырымдамасына енген
интеграциялық үлгі әлемдік экономиканың қазіргі заманғы талабына жауап беріп, әлемдік шаруашылықтың ғаламдану
үрдісіне енеді.
Ресми құжаттар
Өңдеу
Біртұтас экономикалық кеңістікті (бұдан әрі – БЭК) қалыптастыру туралы келісім 2004 жылғы 20 мамырда заңдық
күшіне енді.
Президенттердің 2003 жылғы 23 ақпандағы мәлімдемелеріне сәйкес БЭК-ті құру бойынша Жоғары деңгейдегі топ
құрылды (ЖДТ).
Жоғары деңгейдегі топтың міндетіне тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетудің және жұмыс күшінің еркін
қозғалысын қамтамасыз етуге және экономиканың әртүрлі саладағы мемлекеттік Заңнамаларын үйлесімдендіруге
бағытталған, құжаттарды, тетіктерді және институттарды дайындау кіреді.
Осыған орай БЭК-ті қалыптастыру жөніндегі негізгі шаралар кешені (құжаттар 22 бөлім мен 116 шарадан тұрады),
техникалық тапсырма, сонымен бірге жұмыс жоспары дайындалып бекітілген.
Құжаттар өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттарын - кедендік- тарифтік реттеуден жеке тұлғалардың қозғалыс
еркіндігін қамтамасыз етуге дейінгі басты бағыттарды анықтайды.
ЖДТ-да (жоғары деңгейдегі топ) Қазақстан тарапын 2006 жылғы қаңтар айынан бастап ҚР сауда және индустрия
министрі В.С.Школьник басқарады.
65)Н.Назарбаевтың «Əлем. XXI ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары «Бұл жаһандық стратегия ұлттың соғыстар
мен жанжалдардың вирусын жою жөніндегі үйлесімді және жауапты іс-әрекеттерін айқындауға тиіс. Бұл құжатта үш
басты қағидатты нақты мазмұндау керек.
Біріншіден, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі.
Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі
негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл
адамзаттың қырылуына алып келеді. Және осыған кімнің жауап беретінін анықтаудың өзі де кеш болады және жауап
беретін адам да табылмайды. Осы ықтимал қауіп-қатерді қазіргі ұлттық лидерлер мен саясаткерлер және олардың
кейінгі буын өкілдерінің барлығы аксиома ретінде түсінуге тиіс.
Үшіншіден, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең
жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы
келіссөздер негіз болуы керек. Әлемдік қоғамдастық іс-қимылының тұтастық алгоритмдерін мына бағыттар бойынша
осы кешенді негізде түзу керек.
БІРІНШІ. Ядролық және басқа да жаппай-қырып жоятын қарудан толықтай азат әлемге қарай дәйектілікпен ілгерілеу.
Бұл бағыттағы маңызды қадам қазірдің өзінде жасалып отыр. 2015 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы
Қазақстанның бастамасы бойынша Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдады.
Қазақстан 25 жыл бұрын әлемде алғашқы болып Семей ядролық сынақ полигонын біржолата жапты. Бұл – әзірше
әлемдік тәжірибедегі алғашқы және бірден-бір оқиға. Жас мемлекет содан соң КСРО ыдырағаннан кейін мұраға қалған
атом қаруының әлемдегі төртінші әлеуетіне және оны жеткізу құралдарына иелік етуден өз еркімен бас тартты. Бұл
шешім жетекші ядролық державаларды ядролық сынаққа мораторий жариялауға қозғау салды. 20 жыл бұрын БҰҰ
аясында Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт жасалды және қол қою үшін ашық деп жарияланды,
бірақ ол осы күнге дейін күшіне енбей келеді. Қазақстан аумағында МАГАТЭ туы астында атом энергетикасын
дамытуды жоспарлап отырған мемлекеттерге арналған Төмен байытылған ядролық отын банкі құрылды.
Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттердің маңызы аса жоғары.
Енді өлім себетін қаруларды ғарыш кеңістігіне, Әлемдік мұхиттың бейтарап суларының түбіне, Арктикаға
орналастыруға тыйым салатын жаһандық шешім қабылдаған жөн. Жаппай қырып-жоятын жаңа қару түрлерін жасау
үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салатын халықаралық құжат әзірлеп, оны орындауды міндеттеу
маңызды. БҰҰ-да жаппай қырып-жоятын қару жасау және жетілдіру үшін пайдалануға болатын ғылыми
жаңалықтардың Тіркеу реестрін құрған абзал. ЕКІНШІ. ХХІ ғасырда өмірлік іс-әрекеттің тәсілі ретінде соғыстың түптамырын біртіндеп жойып, орнықты әлемнің географиясын қалыптастыру қажет. Әлемде ядролық қарудан азат алты
аймақ бар. Олар Антарктиданы, Латын Америкасын, Африканы, Австралия мен Океанияны қоса алғанда, іс жүзінде
бүкіл Оңтүстік жарты шарды қамтиды. Олардың ішіндегі ең «жасы» 10 жыл бұрын Семейде өңірдің бес мемлекеті
құрған Орталықазиялық ядросыз аймақ болып табылады. Таяу Шығыста ядросыз аймақ құру жөніндегі халықаралық
күш-жігерді белсендірек ете түсу керек. 1992 жылы Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі
кеңесті шақыруға бастамашы болды.
Аталған форум құрлықтың 27 мемлекетінің, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың қатысуымен жаңа ғасырда
табысты түрде институттандырылды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде Қытай Халық Республикасы, Ресей
Федерациясы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан арасындағы көпқырлы ынтымақтастық зор маңызға
ие. Оңтүстік Америкадағы, Оңтүстік Атлантикадағы, Үнді мұхитындағы Бейбітшілік аймағы айтарлықтай әлеуетті
иеленіп отыр. Жинақталған барлық тәжірибені арнайы халықаралық құқық негізінде кең ауқымды Бейбітшілік
Ареалдарын құру үшін қолдану қажет. Оларда, әрине, соғыстар мен жанжалдарға орын болмауы керек. Бейбітшілік
Ареалдарындағы қауіпсіздік пен даму мәселелеріне БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер, сондай-ақ, БҰҰ-ның Қауіпсіздік
Кеңесі кепілдік бере алады. ҮШІНШІ. ХХІ ғасырда милитаризмнің жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіріп, кең ауқымды
халықаралық ынтымақтастыққа кедергі келтіретін әскери блоктар секілді рудиментін еңсеру керек. Геосаяси ахуалдың
мәні мынада: егер тым болмаса бір ірі әскери блок бар болса, онда оның антиподы құрылатыны заңдылық. Күш қарсы
күшті тудырады. Әскери блоктарға бейбітшілік пен қауіпсіздікке өзінің жауапкершілігін әркез сезіне бермейтін түрлі
мемлекеттер де еніп отыр. Оның үстіне, әскери блок зонттарын, өздерінің тікелей көршілерін қоса алғанда, үшінші
елдермен өзара қарым-қатынасында басымдық алу үшін пайдалануға әрекеттенушілік те жоқ емес. Осылайша қарсы
тұру ахуалы жекелеген өңірлерде, сондай-ақ, бүкіл жаһандық кеңістікте шексіз жалғаса беруі ықтимал. Бұған қоса,
өткен соғыстар мен жанжалдардың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, өзіңнің қауіпсіздігіңді өзге мемлекеттердің
қауіпсіздігіне қысым жасау есебінен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан әскери блоктарға БҰҰ туы астында
Мемлекеттердің бейбітшілік, тұрақтылық, сенім мен қауіпсіздік жолындағы үшін жаһандық коалициясын қарсы қою
қажет. Таяудағы онжылдықтың жалпыға ортақ міндеті Ауғанстандағы, Ирактағы, Йемендегі, Ливия мен Сириядағы,
Украинаның шығысындағы соғыстар мен жанжалдарды және Палестина-Израиль текетіресін тоқтату болуға тиіс. Корей
түбегі, ОңтүстікҚытай теңізі акваториясы және Арктикадағы ахуалдың қаупінің әлеуетін азайту міндеті тұр. ТӨРТІНШІ. Халықаралық
қарусыздану үдерістерін жаңа тарихи жағдайларға бейімдеу маңызды. Зымыранға қарсы жүйелер мен кәдімгі қаружарақ жөніндегі бұрынғы уағдаластықтар кезіндегі алысты болжай алмаушылық Еуразия кеңістігін саяси
милитарландыруға алып келді. Бұл, тіпті, қорғанысты басқарудың электрондық жүйесінің ықтимал ақауына байланысты
жаһандық соғыстың басталу қаупін күшейте түседі. БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі конференциясы қызметінің жаңа
стратегиясы қажет. Алдымызда мүлде жаңа қатер – терроршылардың қолындағы аса қауіпті қаруға айналуы мүмкін
киберқылмысты жоюмен айналысу міндеті тұр .БЕСІНШІ. Соғыссыз әлем – бұл, бірінші кезекте, халықаралық қаржы,
сауда-саттық және даму саласындағы жаһандық бәсекелестіктің әділетті парадигмасы. БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші
сессиясында Қазақстан Жаһандық Стратегиялық Бастама-2045 Жоспарын жасау бастамасын ілгерілетті. Бұл Жоспар
соғыстар мен жанжалдардың түбегейлі себептерін жоюды көздейді. Барлық ұлттардың инфрақұрылымға, ресурстар мен
нарықтарға теңдей және әділетті қолжетімділігі негізінде дамудың жаңа үрдісін қалыптастыру маңызды. Оны БҰҰ-ның
100 жылдығы мерейтойына қарай жүзеге асыру ұсынылып отыр. Қазақстан 2016 жылы БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі
Халықаралық конференциясын шақыруды ұсынады. Оның барысында ХХІ ғасырда қиратып-бүлдіруге әкеліп
соқтыратын соғыстар мен жанжалдардың алдын алу мақсатында халықаралық құқықтың қағидаттарын қуаттаған жөн.
Ақыл мен үнқатысуға, сабырлылық пен парасат-пайымға шақыру әректі жаһандық әлем қарсыластарының ақпараттық
шабуылдарының құрбандықтарына айналмауға тиіс
66. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет;
жоғарғы мақсаттар; Ұлы болашақ туралы баяндаңыз
Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ
мұраттарымыз!Профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» тарихи журналында: “Мәңгілік ел — түрік
жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк негізін қалаған идея...”. Елтеріс Құтлық
қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік
елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және
ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі
қазақ елінің бас ұранына айналуда. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Тарихтың алға
қойып отырған өктем талабы әрбір түрік еліне әртүрлі салада саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық
тәсілдермен бірігу проблемасын шешудің бәріне бірдей тең институттық тетіктерін жаппай-тұрмай іздестіруді
міндеттейді» — дей отырып, түрік мемлекеттері интеграциясының тиімді жолдарын іздеу қажеттілігін көрсетті. ӘлФараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің
«Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Елбасы Түрік бірлігі идеясын тәуелсіздіктің
алғашқы күндерінен бастап көтеруде. Ел азаматтары мен Қазақстан саяси элитасының ұлттық идеология қалыптастыру
жолындағы ойларын Елбасы сараптады. «Біртұтас Түркістан идеясы», «Түркістан конфедерациясы», «Еуразиялық одақ
идеясы», «Қазақстандық ұлт идеясы», «Жерұйық», «Атамекен», «Қазақ Елі идеясы» сынды ұғымдар арқылы мемлекет
құрушы қазақ халқы мен тарихи тағдыр тоғыстырған ұлттарға ортақ боларлық идея, мемлекеттік мәнге ие боларлық
идеология қарастырылды. Мәңгілік Ел идеясы —қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз
отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады. Фараби
мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті ретінде
мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс
ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі міндеті ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске
асыру керек: олар — әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке
тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізетін әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі
— экономикалық және саяси мәселелер — негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани
жетілуіне тәуелді. XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, Айдаһардай Жоңғардың аузына түсірмей, ақырған
аюдың тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы тұлғаның
ерлігі. Шығыстағы ежелден дұшпанымыз жоңғарларды қазақ жерінен айдап салып, жоңғарларды да өзіне қарату еді.
Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік
Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі.
«Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір»,
«Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді
білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық
идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген,
мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы
қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.
67. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан
ерекшелігін талдап көрсетіңіз
Ежелгі Қазақстанда алғашқы мемлекеттер мен тайпалық қауымдастықтың біздің дәуірімізден едәуір ертеректе пайда
болғаны баршамызға мәлім . Оларға біз Сақтар, Үйсіндер, Қаңлы мемлемлекетін , Ғұн державасын , Сармат тайпалар
одағын жатқызар едік . Олардың да өз ішіндегі ерекшеліктерін де атап өте аламыз :
-Олардың әрқайсысы әр түрлі дәуірде өмір сүрді . Уақыт өткен сайын билік форматы өзгеріп немесе ауысып отырды .
Мысалы Сақтарда мемлекетті тайпа көсемі басқарса , Ғұндарда мемлекет басында шаньюй , Қаңлыларда Хан ,
Үйсіндерде Гуньмо болды .
-Олардың саясаты және құбылысы орналасқан жері мен қарым –қатынас жасаған мемлекетіне байланысты болды.
Мәдениеті мен салт-дәстүрі де сондай болды. Үйсіндер мен Ғұндар Қытайдың Цинь империясымен тығыз-қарым
қатынаста болса; Сармат , Сақ империялары Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынаста болды .
Уақыт өте келе Қазақстан территориясында жоғарыда аталған империялардың бір –бірімен араласуы немесе бір-бірін
жойып жіберуі салдарынан жаңа Түрік дәуірінің империялары пайда болды.
Бұл оқиғалар тізбегі Европада Рим империясының жойылуымен , Қытайда жаңа саяси әулеттердің билік басына
келуімен , Кушан империясының құлауымен ,Орталық Азияда Эфталиттер мемлекетінің құрылуымен дәлме –дәл келді.
Ең бастысы Араб патшалығында ислам дінінің пайда болуы жаңа тарихи сипатқа ие болды. Ислам дінінің пайда болуы
бүкіл әлемнің өзгеруіне сипат берді .
Аталған жаңа Түрік мемлекетіне : Түрік , Түргеш, Қарлұқ ,Қимақ , Қарахан мемлекеттерін мысал етіп аламыз . Бұл
державалардың алдыңғы мемлекеттерден айырмашылығы бірнеше тарихи факторлармен, мемлекеттің жеке
ерекшеліктерімен айқындалды:
-Уақыт өте келе барлық тайпалар Ислам дінін ұстана бастады . Ислам дінінің келуімен жаңа мәдени процесс пайда
болды . Салт-дәстүр мұсылманшылыққа негізделді.
-Ұлы Жібек жолы барынша (maximum) жанданып көптеген нәрсеге негіз болды . Сауда өркендеді ,жаңа қалалар пайда
болды және мемлекеттердің дамуына үлес қосты( Отырар.Сауран,Сығанақ т.б)
-Қытайлардың келуімен МОҢҒОЛОИДТЫҚ белгілер басымдық бере бастады . Мемлекетті жаңа саяси билеушілер
басқарды. Мемлекет басына қандай тайпа келсе ;мемлекет сол тайпаның атымен аталды.
Кейіннен , Моңғол ханы Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары Қазақ елін жаулап алып ,оның алпауыт территориясын
бөліске салды. Тағы да жаңа заман талабына сай жаңа империялар пайда болды. Оларға Алтын Орда, Ақ Орда ,Шайбани
ұлысы , Моғолстан , Әбілқайыр хандығы мен Әмір Темір мемлекеті жатады .
Бұл елдердің барлық патшалары мен билеуші сұлтандары Шыңғыс тұқымынан тарағандықтан барлық хандықтардың
билеу форматтары бір –біріне жақын болды. Хандықтар бір-біріне ұқсас болды және құрамындағы тайпалар өзара
туыстас болып келді .Уақыт өте келе осы елдер көптеген жылдар бойы өзара билік пен көптеген территориялық
аймақтар үшін бірнеше мың рет бітіспейтін қырқыстар мен шайқастар өткізді . Мұның барлығы жаңа ұлт пен жаңа
халықтың пайда болуын кешеуілдетті . Халық болып қалыптасу процесін Шыңғыс хан шапқышшылығы 250 жылға
кешеуілдеткен еді.
Әмір Темір , Ақ Орда және Моғолстан мемлекеттерінің өзара қырқыстары нәтижесінде жаңа саяси мемлекет ҚАЗАҚ
ХАНДЫҒЫ пайда болды .Бұл мемлекет Ұлы дала халықтарының сан ғасырлар бойы армандыған жас, тәуелсіз
мемлекеті еді . Билеушілері Жошы ханның тікелей ұрпағы болып келеді . Бұл мемлекеттің басқа ежелгі дәуір
мемлекеттерінен басты айырмашылығы өзара ынтымақтастық пен ешқандай саяси қырқыссыз пайда болған мемлекет
еді . Құрамындағы тайпалары бір тәуелсіз мемлекеттің құрамына бірігуді қалады . Әбілқайырдың Ойрат тайпаларынан
жеңіліс табуы жаңа хандықтың пайда болуына барынша жағдай жасады . Ең басты ерекшелігі бұрынғы хандықтарда
болмаған жаңа процесс болды . Ол жаңа ұлттың пайда болуы еді . Ежелгі мемлекеттердің ешбірінде де бір мемлекеттің
құрамында жалғыз ұлт болмады. Ендігі жерде Қазақ хандығының территориясында жаңа ұлт –қазақ ұлты пайда болды .
Үшінші ерекшелігі : Бұл мемлекет уақыт өте келе басқа хандықтар сияқты ыдыраудың орнына жаңа жерлерді
бағындырып ,жерін кеңейтіп отырды .
Төртіншіден: Сыртқы саясатта тек жақын елдермен шектеліп қоймай, Алыс елдермен дипломатиялық қатынасқа қол
жеткізді . Өз ішінде заңдар бекітіп оны жүзеге асырды.
Бесіншіден : Қазіргі Қазақстан сол кездегі Қазақ хандығының тікелей ұрпағы , Территориясының мұрагері болып келеді
.
Download