Uploaded by Салтанат Тауекел

Курстық жұмыстың тақырыбы

advertisement
Курстық жұмыстың тақырыбы: Эмоция процесінің түрлері
Жоспары:
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
І-тарау.Эмоция туралы түсінік
ІІ-тарау.Эмоция түрлері
2.1.Жағымды және жағымсыз эмоция
2.2.Қарапайым және күрделі эмоция
2.3.Күрделі эмоцияның түрлері: аффект, көңіл және құмарлы
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
ІҮ.Қорытынды
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер
ҮІ. Қосымшалар
І.КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. «Эмоция» ұғымының төркіні – «емовера» деген
латын сезінен, «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні –
тітіркендіру, толқу. Бұл – жан дүние-сінің сыртқы және ішкі әсерлер
салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларынық
көрініс беруі.
Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды
өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, ісәрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты
анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарымқатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде
адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады.
Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде
көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп,
кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды
аймағының дамуына көңіл аударуда.
Сонымен, эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен
жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы;
қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды
эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның
жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция.
Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік
туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады.
Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға
қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар
жатады.
Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу
адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның
эмоциясын, оның мимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз.
Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне
байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі итермелеуші эмоциялық
кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай
ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді.
Эмоциялар психикалық үрдістермен, атап айтқанда, ойлаумен, еспен,
қабылдаумен, киялмен т.б. тығыз байланысты. Адамның ойлауы
эмоционалды компоненттерді қамтиды. Алайда, психологтар
интеллектуалды жэне эмоционалды аймақты бөліп қарастыруда.
Соңғы жылдарда эмоциялардың саласына қатысты білімдер ұдайы өсуде. Бұл
білімдер эр түрлі мамандықтардан алынуда, өйткені эмоция пәнаралық
мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтік психологияның өкілдері
эмоцияларды вербальды емес қарым-қатынас ретінде зерттеді. Тұлға
психологиясы эмоциялардың басқа мотивациялы құрылымдармен байланыса
алатын жолдарын көрсетіп, аффектілі күйлердің тұлғаның қызмет етуімен
байланысы жайлы біздің білімдерімізді толықтыра түсті. Сонымен бұл
мәселе психологияда бүгінгі күні кеңінен жан-жақты қаралып жатыр деуге
болады, бірақ қазіргі кезеңцегі біздің қоғамымызды әлеуметтік-саяси және
экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен байланысты эмоция
мәселесін кең тұрғыда зерттелудің қажеттілігі талап етілуде
Күрделі эмоциялар. Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап
адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбің кіру,
ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған
дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы
ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі
болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің
ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір-тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да
адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Мәселен, адам көптен айналысып
жүрген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын
бітіру, диссертация қорғау т.б.), шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, ол
ылғи да сәтсіздікке ұшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын
қоярға жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде
жүреді. Сондықтан да «Көңілсізден күлкі шықпас», «Адам көңілден азады»
деген мақалдар тегіннен-тегін айтылмаған. Ерік-жігері күшті, рухани
өмірінің мазмүны бай адамдар, тіпті ауыр жағдайларда да көңілді жүреді.
Оптимистік, жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау ерік-жігері
күшті, қажырлы адамдардың басты қасиеті. Адам өз көңілінің қожасы болу
керек екендігін олар іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Осы айтылғандардан өмір
сүруге қолайсыз кездерде де көңілді ыркына жібермеуге болатындығы,
көңілдің тұрақты болуы жүмыс қабілетін арттыруға, адамның жекс
қасисетінің жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады. Өз
көціліне меңгере білу – мүғалім үшін аса қажетгі сипат. Төмснгі сынып
оқушыларының мүғалімінің қасы мен қабағына қарап отыратыны белгілі.
Егер мүғалім көңілсіз кірбің болса, оқушылардың оқу материалдарын
меңгерулеріне қолайсыз әсер етеді. Эмоцияның бір түрі – аффекттер.
Аффекттер дегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін
эмоцияның түрі. Аффекттер кейде адамның бүкіл психикалық кейпін бұзып,
мәнерлі қозғалыстарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайында етеді.
Аффект кезінде адамның «есі шығып» кетпейді. Дені сау адамдарда болатын
аффекттерді адамның жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл –
адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік-жігері күшті
адам мүндай ұшқалақтыққа, лепірмелікке бармайды. Ондай адам не істесе де
ойланып істейді. «Ар-ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, өнерсіздің қылығы өле
көрмек», деп Абай дұрыс айтқан.
Дені сау адамдардың аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан адамдардың
аффекттерін (патологиялық аффекттер) ажырату қажет. Мұндай аффекттер
ми қабығы мен қабық асты орталықтарының байланысы бұзылғандықтан,
екінші сигнал жүйесінің реттеушілік рөлі кемігендіктен болады. Аффекттерді
тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.
Құмарлық – адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын
күшті, терец, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен
бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек,
дүние құмарлық, бақ құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз.
«Құмарлық кісіге жүк артады, міндеттілік туғызады, міндет борышты етеді,
бұлар еңбекке жүктейді, ецбек ғылым мен өнерге ашылған жол, – деп Абай
адамға қажетгі құмарлықтың психологиялық табиғатын көрсеткен. А.С.
Пушкин.
Балалардың қарапайым эмоциялары туған күнінен бастап-ақ көрінеді. Бала
есейген сайын эмоциялар біртіндеп дами түседі. Мәселен, екі жарым жасар
бала қол-аяғы байлаулы адамның суретін көргенде, оған жаны аіыып
жылаған. Төрт жасар бала анасы кітаптан иттің кірпіпі ұстап алайын деп
түрған жерін оқығанда қатты күйзелген. Төрт-бес жасар балаларда оғары
сезімдердің (моральдық, эстетикалық) элементтері кездеседі. Мәселен, осы
жастағы баладан: «біреудің нәрсесін сұраусыз алуға бола ма?» десең,
«Сұраусыз алсаң, ұры атанып ұсталасың, жаза тартасың» – деп жауап
береді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісі тайыз, өмір тәжірибесі
жеткіліксіз, түрлі психикалық кұбылыстары, әсіресе, ерік-жігері дамып
жетілмеген. Осы жағдай оның эмоциясына да тән. Мектеп жасына дейінгі
балалар эмоциясының басты ерекшелігі – тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да
мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі.
Мектепке түсу бала сезімдерін жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі
жолы болып табылады. Төменгі сынып оқушылары да (әсіресе, бірінші,
екінші сыныптағылар) аса сезімтал, эмоциялы келеді. Бұл балалар сергек те
жайдары, ақ көңіл де сенгіш, аңқау да, әділ болып келеді. Олар кез-келген
нәрсенің бәріне таңырқап, қызықтайды және өзінің қатынасын
белсенділікпен білдіріп отырады. Бала сабақ үстінде де бірқалыпты отыра
алмайды. Өйткені өзіне ие бола алмай, сезімінің жетегіне еріп кетеді.
Мәселен, бірінші сынып оқушыларының арасынан сабақ үстінде қатты
дауыспен күлетін, не жылап жіберетін оқушыларды кездестіруге болады.
Бұлар жүйкесі қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар.
Сыныбы жоғарылап, есейген сайын оқушы мүндай қылықтарынан арыла
бастайды. Мүғалімнің ерік-жігер тәрбиесін қосарластыра жүргізуі
оқушыларға көп көмек көрсетеді. Осы жастағыларда бірінің істегенін
екіншісі де істегісі келетін бір қасиет бар. Мәселен, біреу күлсе, оған
қосылып қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады.
Бірінші сынып оқушыларының сезімдері, көбінесе тікелей қажеттеріне
байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу – бәрі де олардың
қажеттерінің өтелу-өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайда оны
ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ қажетінің өтелу жағын
ойластыру керек
Зерттеу мақсаты : Эмоция және оның түрлері туралы ақпараттарды игеру.
Зерттеу нысаны: тәрбие, білім, даму, жеке тұлғаның, ұжымның қалыптасуы,
эмоцияның түрлері
Зерттеу пәні : зерттеу нысаны оқушыларды, мұғалімдерді сабақта әртүрлі
әдіс-тәсілдермен сабақ өтуге, білім беруге және оны игеруге арналған оқыту
үрдісі болып табылады.
Зерттеу міндеттері :
-Эмоция туралы түсінік беру;
-Эмоция және оның түрлерімен танысу;
Зерттеу әдістері: Психологиялық, педагогикалық,
талдау,бақылау,әңгіме,сұрақ-жауап әдістері.
Зерттеу жұмысының құрылымы : Курстық жұмысы кіріспеден, негізгі екі
тараудан , тәжірибелік бөлім, қорытындыдан , пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен және қосымшадан тұрады .
Курстық жұмыстың болжамы: Әуелі біз өзэмоциямыз туралы қызықты
ақпараттарды білеміз.Және оның түрлеріне де тоқталып өтеміз.Яғни, бұл
дегеніміз алдағы уақытта өзімізге пайдасын береді деп ойлаймын.
Негізгі бөлім:
І-тарау
Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың
сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен
қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды
эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның
жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция.
Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік
туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады.
Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға
қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар
жатады.
Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу
адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның
эмоциясын, оның мимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз.
Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне
байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі итермелеуші эмоциялық
кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай
ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді.
Бір уақытта Америка психологі У.Джемс және дат ғалымы Қ.Ланге ұсынған
эмоциялардың шығуын және оның органикалық үрдістермен байланысын
түсіндірген теория психологияда кең өріс алды. Ғылым тарихында ол екі
ғалымның атымен Джемс-Ланге теориясы деп енген еді. Бұл теория бойынша
эмоциялық жағдайдың пайда болуының алғашқы себептері ағзада іске
асатын физиологиялық сипаттағы өзгерістер болып табылады. Сыртқы
немесе ішкі стимулдардың әсерімен пайда болып, олар содан кейін кері
жүйке байланыстарының жүйесі арқылы адам миында бейнеленеді және
белгілі эмоциялық тондағы түйсіктерді туғызады. Алдымен, Джемс – Ланге
теориясы бойынша стимулдардың ықпалына жауап ретінде сәйкесті
органикалық өзгерістер болуға тиісті және сондан кейін олардың субъективті
бейнеленген салдары ретінде эмоция пайда болады.
У.Джемс пен К.Лангеден байқалған айырмашылық үлкен емес. У.Джемс 596
ЭМОЦ айтуынша, денедегі өзгерістерді қоздыратын факторлар стимулдарды
қабылдаудан кейін жүріп отырады, ал эмоция біздің түйсіктеріміз ретінде
өтіп кеткен органикалық өзгерістер болып табылады. К.Лангенің айтуынша,
сенсорлық стимулдар қан тамырларының рецепторларында пайда болады,
бұл тамырлар ең алдымен сыртқы әсерге жауап береді, ал эмоциялар онда
болып жатқан өзгерістерді бейнелеу ретінде содан кейін пайда болады.
Джемс-Лангенің эмоциялардың пайда болу теориясы қолдау табумен қатар
әртүрлі қарсылықтарға кездесті. Джемс-Лангенің атына елеулі сынескертпені У. Кеннон айтты. Ол алғашқылардың бірі болып, төмендегі
жағдайларға ерекше көңіл аударды: оның айтуынша, эмоцияларда пайда
болатын дене реакциялары өте бір- біріне ұқсас, адамдарда кездесетін
эмоциялардың сапалық жан-жақтылығын қанағаттанарлықпен түсіндіру үшін
жеткіліксіз болып табылады. Одан басқа, ішкі органикалық құрылымдар,
оның ішінде қан тамырлары олардың өзгерістерімен К. Ланге эмоциялық
көңіл күйлердің пайда болуын байланыстырады.
Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесінің төркінін ашуда
айналысады. XVIII-XIX ғасырларда бұл сұрақ төңірегінде ортақ көзқарас
пайымдалмады., дегенмен интелектуалистік теория бағыты кең өріс алды.
Бұл бағыт мәні –адамдағы барша органикалық көріністің негізгі психикалық
құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылады. Неміс психологы
Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенің іргетасы елестер
деп саналады. Бұл теорияға орай сезім елестер арасындағы бейтаныстарға
сай қарама-қайшылықтарға жауап ретінде жүзеге келеді. Мысалы, дүниеден
өткен адамның бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз
негізінде бұл кейін ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіреті күй
білдіруші әрекет қалпына себепші болады.
Неміс ғалымы В.Вунт та осы бағытты қолдады, бірақ оның тұжырымдары
эклектілікті , яғни әртүрлі психологиялық қарама-қарсы көзқарастарды қалай
болса,, солай қосуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция –бұл алдымен
сезімнің емес жүрісіне тікелей ықпал етумен сипаталатын адамның ішкі
өзгерістері , ал кей жағдайда, ішкі өзгерістердің сезімге әсері , ал
органикалық процестер – эмоцияның салдары ғана.
Эмоцияның қазіргі заман тарихы У.Джеймстің 1884 ж жарияланған «Эмоция
деген не» атты мақаласынан басталды. У.Джеймс және бұған байланыссыз.
Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі –сыртқы
ырықты қозғалыстар , сонымен бірге ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынын
болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам
әсерлерінің бәрі эмоциялық күйді танытады. «Біздің қайғыруымыз –
жылағанымыздан; қуанғанымыз-күлгенімізден» Сонымен эмоция салдары
болған дене шетіндегі органикалық өзгерістер , ғалымдар ойынша сезімдер
себебіне ауысады. Осыдан эмоцияларының ырықты реттелуінің қарадүрсін
түсініктемелері беріледі. Мысалы ұнамды эмоцияға тән әрекеттерді әдейі
жасаумен қажет болмаған қасірет сезімін басуға болады.
Download