Қазақстандағы жаңа медиа Жаңа медиа XX ғасырдың соңында фильм, сурет, музыка, ауызекі және жазбаша сөз тәрізді дәстүрлі медианы қамтитын компьютер мен коммуникациялық технологиялардың, компьютермен лайықталған құрылғылар мен Интернеттің интерактивті қызметтерін танытатын медиа ғылымда пайда болған термин.Әлемдегі жаңа медианың қалыптасуы мен дамуына нақты мысал ретінде келесідей тізімді ұсынуға болады: • Интернет • Электронды кітаптар (оқуға арналған құрал, электронды қағаз) • Digital Radio (интернет радио) • Сандық телевидение (кабельдік, спутниктік) • Видео ойындар (компьютерлік, мобильдік) • Мобильді байланыс (дыбыстаудың телематикалық қызметінен басқа қосымша қызметтері) • Медиа-фасад (светодиодтік панелдер, проекциялар және т.б.) • Киноиндустрия (фильмдер, видеоблогтер) Мысалы, қазіргі уақытта біздің елде интернет, мобильді байланыс, интернет радиолар, сандық телевидение жақсы дамып келе жатыр.Тіптен, электронды кітаптарды кітапханаға бармай, үйде оқудың өзі қазіргі уақытта көп адамдарға өте тиімді.Ал, киноиндустрия, медиа-фасад, видео ойындар біртіндеп даму үстінде. Жаңа медиа дайын ақпаратты тұтынушылар тарапынан пайдалы және заманауи болғанымен, оның екінші тұсы мазмұны өндірушілер де солар болып табылады. Жаңа медиада өнімді өндірушілердің (жасаушылардың) міндеті қарапайым және оның бір себебі коммерциялық пайда табу. Мәселен, ақпарат таратушы жаңа арнаның ақылы қызметі шектеулі, ол жарнамалық ақпараттарды тарату арқылы ақы төлегеннен кейін жаңа медиаға қатысы жоқ қызмет көрсетуге қол жеткізуі мүмкін. Жаңа медиада жарнамаға көп жағдайда ірі (кей жағдайда медианың өз қожайыны) немесе өте шағын компаниялар тапсырыс береді. Бірінші топтағы тапсырыс берушілер арқылы сіз барлық мүмкін болатын маңызды ортаға таныласыз. Және ең бастысы бұған олардың жарнамалық және маркетингтік бюджеті жеткілікті. Ал, екінші топтағы тапсырыс берушілер үшін бұл кедейлік, жарнамалық бюджеттің мардымсыздығы, стандарттық емес шешімдерді қабылдаумен салыстырғанда тиімділіктің төмендеу себебінен маңызды.Әрине, жаңа медиа дамуы қарқынды елдерде осы салаға маманданған арнайы қоғамдастықтар қызмет етеді. Олар әрдайым жаңа медианы дамытуды болжау тақырыбында арнайы семинар, конференция, көрмелер ұйымдастырып, тәжірибе, пікір аламасады. Жаңа медианы дамытудың технологиялық және сандық қамтамасыз етуден басқа оның құқықтық негіздері мен мемлекеттік қолдауға назар аударған маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, әлемде жаңа медиа бойынша жобаларды қолдайтын және қаржылай көмек көрсететін ұйымдар саны аз емес. Сонымен қатар, бүкіл әлем қолданатын интернет желілері Instagram, Twitter, Facebook, YouTube, WhatsApp, TikTok және тағы да басқа желілер жоғарғы деңгейде дамып келе жатыр.Және бұл желілерді қолданатын адамдардың саны да күрт өсуде. Жаңа медианың басты ұмтылыстары мен ұтылыстары осындай. Бір білеріміз, ғаламтор пайдасы мен зиянының ара сал­мағына қарамастан адамзаттың ажырамас құндылығына айналып үлгерді. Енді, оны санамыздан аластату мүмкін емес. Тек ғаламтордың, оның әсерінен туындаған БАҚ формасы – жаңа медианы өз ой-сана­­мызға лайықтап қолдансақ болғаны.