Қайырлы күн, білім алушы! «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы ҚТЖ-18 тобындағы «Шетел әдебиеті» пәні бойынша 5 мамыр күнгі сабағымыздың тақырыбы – ХҮІІІ ғасырдағы Еуропа елдерінің әдебиеттері. Бүгінгі сабақ қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша өтіледі. Пән атауы: Шетел әдебиеті Күні: 05.05.2022 жыл Мамандығы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» Тобы: ҚТ-Ж-18 Сабақтың тақырыбы: ХҮІІІ ғасырдағы Еуропа елдерінің әдебиеттері XYIII ҒАСЫРДАҒЫ ЕУРОПА ӘДЕБИЕТІ XYIII ғасыр әлем әдебиеті дамуындағы ерекше кезең болып табылады. Әлемнің көп бөлігінде феодалдық тәртіп сақталып, ортағасырлық мәдениет айтарлықтай өзгере қоймай, Батыс Еуропада үш ғасыр бұрын басталған капиталистік даму өз жалғасын табады. XYII ғасырда болған Англиядағы өндірістік төңкеріс капитализмнің дамуын тездетеді. Ал Францияда XYIII ғ. алдағы ұлы француз буржуазиялық төңкерісіне дайындық кезең болатын. XYIII ғасыр Еуропа әдебиеті тарихында әдебиет саласындағы түрлі жаңалықтар арқылы танымал болған. Ғасырдың бірінші жартысында Англия, Франция, Германия, Дания әдебиеттерінде маңызды өзгерістер байқалды. Аталған елдерде өзгерістердің бағыты, ақындар мен жазушылардың эстетикалық талғамдары мен талаптары ұқсас болатын. Ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік, Солтүстік және Шығыс Еуропа әдебиеттері бір арнада тоғысады. Дегенмен ағартушылық кезең әдебиетінің көркем сипаттары осындай ауқымды аймақтағы түрлі ұлттардың ерекшеліктеріне байланысты біркелкі болмайды. Қоғамдық жағдайлар мен ағартушылық жұмыстардың ұлттық сипатты Англияда жарық көрген «Робинзон Крузо» мен «Памела», ал Ресейде «Ақымақ бозбала», «Петербургтан Мәскеуге саяхат» сияқты кітаптардың пайда болуымен түсіндіріледі. XYIII ғ. Еуропада «ақыл-ой ғасыры» деп аталады. Батыс Еуропадағы ағартушылық кезеңнің басы оның «Адам ақыл-ойының тәжірибесі туралы» (1691 ж.) деген негізгі еңбегі жарыққа шықан кезбен сәйкес келеді десек болады. Джон Локк осы еңбегінде XYIII ғ. үлкен маңызға ие болған мәселелерді қозғап, оның бұл туындысы түрлі бағыттағы жазушылардың шығармашылығына, ғалымдардың дүниетанымы мен ойлау жүйесіне айтарлықтай әсер етеді. XYIII ғ. екінші жартысында Еуропа елдерінде сентимантализм деп аталатын жаңа әдеби бағыт дүниеге келеді. Осылайша, еуропалық ағартушылар өздерінің адам туралы түсініктерінде арнайы қағидаларға сүйенеді. Сол кездегі әдебиет те осындай қағидаларға негізделіп, оған қарсы келетін өмірдің барлық тұстарынан бас тартады. Бұл тұтастық түрлі шығармашылық бағыттағы (оның ішінде классицизм мен сентиментализм) ағартушыларды бір арнаға біріктіреді. Еуропаның барлық елдерінде жаңа мазмұн мен жаңа формадағы шығармаларды дүниеге әкеліп, әдебиетке жаңаша көзқараспен қараған жазушылардың жаңа толқыны пайда болады. Әдебиет қоғамды қайта қалыптастырудың негізі ретінде қарастырылып, осы арқылы XYII ғ. әдебиеттен ерекшеленеді. Көптеген жазушылар қоғамдық ойларды батыл әрі ашық жеткізетін халық жаршыларына айналады. Қайта өрлеу дәуірінде Петрарканың стилистикалық тәсілдері мен поэтикалық тіліне еліктеп өлең жазған ақындарды петраркашылар десе, Вольтердің феодалдар мен шіркеу обускуранттарына деген жеккөрушілігін уағыздап, тіпті қолына қалам ұстамағандарды да вольтершілер деп атаған. Вольтер (1694-1778) Парижде дүниеге келеді. Шын есімі Франсуа-Мари Аруэ (Вольтер - әдебиеттегі лақап аты). Ол дворяндық ортадан шықпаса да, әкесі ауқатты буржуа болады. Вольтер Ұлы Людовиктің иезуттік колледж-аристократтық училищесінде білімін алған. Вольтердің оппозициялық көңіл-күйі «Эдип» трагедиясында көрініс тауып, Руанада жасырын жазылған «Лига» поэмасында анық көрінеді. Халық арасында кең таралған Вольтердің поэмасы аз уақыттың ішінде үлкен құрмет пен жетістікке ие болады. Ол Францияның әйгілі ақыны ретінде аты шығады. Бірақ қарапайым, үлкен талант иесі Отан алдындағы осындай дәрежесіне қарамастан, ақсүйектердің тіміскі әрекеттерінен құтыла алмайды. Вольтер тарих, математика, философия туралы еңбектер, трагедиялар мен комедиялар жазған. Ол әйгілі «Орлеандық қыз» сатиралық поэмасын жарыққа шығарып, осы жылдары «Магамет» (1742) пен «Меропа» (1743) трагедияларын, «Қаңғыбас бала» (1736) мен «Нанина» (1749) комедияларын, «Задиг» (1748) философиялық повесін, ал 1758 ж. өзінің әйгілі «Кандид және Оптимизм» атты повесін жазады. Батыс елдерінде орын алған ұлттық даму түрлі дәрежеде болғанымен, ортақ бағыттарды да байқауға болады. XYIII ғ. орын алған ерекше құбылыс феодалдық құрылысқа қарсы идеологиялық қозғалыстар алдыңғы шепке шығып, жалпыға ортақ сипатқа ие болуы еді. Көптеген еуропалық елдердегі әдебиеттің даму қарқынын анықтаған күшті қозғалыс (ағартушылық) пайда болып, антифеодалдық көзқарастар жүйесі қалыптасады. Әдебиет ешқашан «Бақыт туралы ғылым» және адамзаттың экономикалық жетістігі ретінде өмірдің барлық тұстарын қамтитын философиямен тығыз әрі үйлесімді байланысқа түспеген еді. «Адамзат табиғаты» туралы мәселелер философтардың трактаттарымен қатар поэма, романдар мен пьесалардың беттерінде де қарастырыла бастайды. Философиялық тұжырымдар ағартушылардың көркем шығармаларындағы кейіпкерлер арқылы талқыланып қана қоймай, шығарманың негізгі мақсатына айналады. Мысалы, «Кандид немес оптимизм» деп аталатын повесте Вольтер мен Лейбниц айтысқа түссе, «Том Джонс» шығармасында Филдинг Шефтсберидің идеяларын жоққа шығарады, ал «Тристрам Шенд» туындысында Стерн Джон Локкты әзілмен сынға алады. Лоренс Стерн (1713-1768). Кембридж университетін бітірген Стерн, Йоркширде дінбасылық қызметіне ие болып, өмірінің үлкен бөлігін сонда өткізеді. Оның «Сентименталды саяхат» кітабында кездесетін дінбасы Йорик Стерннің автопортреті болып табылады. Жалпы Стерннің «Өмір мен Тристрам Шендидің пікірі» және «Сентименталды саяхат» атты екі кітабы танымал болады. Байрон, Теккерей, Ш. Бронте сияқты ұлы тұлғалардың тарапынан бұл шығармалар үлкен сынға ұшарағанымен, Гейне мен Толстойдың тарапынан қолдау табады. Оның «Сентименталдық саяхат» атты кітабы 1768 ж. екі том болып шыққан. Бірақ бұл кітап аяқталмай жатып автор жарық дүниемен қош айтысады. Бұл шығарма Стерннің автопортреті, ал шығарманың бас кейіпкері Йорик сезімтал саяхатшы, оны елдердің ұлттық ерекшеліктері емес, адамдардың адамгершілігі ғана қызықтырады. Оның шығармалары арқылы Стерннің өз заманының ұлы жазушысы болғанын көре аламыз. XYIII ғ. ағартушылық эсселер мазмұны жағынан да, формасы жағынан да ауқымды болып, үлкен сұранысқа ие болады. Аталған жанр елде болып жатқан жағадайға тез бейімделіп, онда сыни мақалалар, публицистикалық памфлет, тіпті ағартушылық романдардың бастапқы үлгілері де болған. Дидро (1713-1784). 1713 ж. Францияның ескі қаласы Ланграда дүниеге келеді. Оның әкесі қолөнерші болып, отбасындағы пышақ жасау өнері атадан балаға беріліп отырған. Отбасы ауқатты болады, сондықтан Дени Дидро астананың ең жақсы мектебінде білім алып, Париждің Гаркур колледжінде өз білімін жалғастырады. Әкесі ұлының өз нұсқауларын орындап, дін қызметшісі болмағаны үшін материалдық қолғабыс беруден бас тартады. 1746 ж. оның «Философиялық ойлар» атты еңбегі жарыққа шығып, Париждік соттың үкімімен бұл шығарма жендеттер арқылы отқа жағылады. 1749 ж. Дидро өзінің атеистік «Соқырлар туралы хат» атты шығармасы үшін 100 күнге Венсен сарайындағы түрмеге қамауға алынады. 1746 ж. Лебретон баспасы үлкен ғылыми сөздік шығару ниетімен оны «Энциклопедия» редакторы ретінде қызмет істеуге шақырады. Дидро осындай кішкентай ойды үлкен ғылыми-мәдени және саяси маңызы бар іс-шараға айналдырады. Ол барлық француз ағартушыларымен біріге отырып, көптеген қиындықтар мен өткір сындарға қарамастан, өмірінің соңына дейін ұлттық маңызы бар монументалды шығарма жасап шығарады. «Энциклопедия» 30 жыл көлемінде құрастырылады. Ол «Энциклопедияға» мыңға жуық мақала жазған. Бірақ 1759 ж. 3 қыркүйекте ХІІІ Климент бұйрығымен энциклопедияны жағуға үкім шығарылады. Дидро материализм мен атеизмнің ұстанымдары бойынша өмір сүріп, материалистік принциптер айқын көрінетін «Табиғат пен философиялық принциптерді түсіндіретін ойлар» (1754), «Д’Аламбер мен Дидроның әңгімесі», «Д’Аламбердің түсі», (1769), «Физиологияның элементтері» (1774-1780) атты философиялық шығармаларды да жазады. Дидроның көркем таланты драматургияда емес, прозаикалық новелларынан да көрінеді. К. Маркс Дидроның «Рамоның жиені» атты повестін оқып таң қалса, Энгельс оған «Диалектиканың жоғарғы көрінісі» деген баға береді. Бұл шығармада ұшқыр ойлы адамның әңгімесі жайында айтылады, олардың бірі (автордың өзі) кедей, байларды жек көретін, бірақ жоғары адамгершілік қасиеттердің иесі, адамзаттың иделы ретінде суреттелсе, екіншісі (Рамоның жиені) өзінің адамгершілік қасиеттері мен абыройынан бас тартқан, бір ғана өмірлік ұстанымы бар, тек өзінің сезімдерін қанағаттандыруды ғана ойлайтын адам ретінде бейнеленген. Ең басты кейіпкердің прототипі өмірде болып, оны Дидро өте жақсы білген. Дидро шын мәнісін де француз композиторы Жан Филипп Рамоның жиені болған. Рамо жағымпаздық аянышты лас өмір кешіп, 1771 ж. баспанаға да қол жеткізе алмастан дүние салған. Дидро ол адамның өмірінен сол дәуірге лайықты ерекше сипатты көрген. Дидро бұл повесті жазуды 1762 ж. бастайды. Повесть автордың көзі тірісі кезінде басылып шықпайды, тіпті бір кездері ол жоғалып кетеді. Тек 1805 ж. оның көшірмелері Шиллердің қолына түседі де, ол Гетеге береді. Гете оны неміс тіліне аударып, басып шығарады. Тек 1823 ж. ғана түпнұсқасы табылып, Францияда басылып шығарылады. Романтизм қарасыңында романның мүлдем жаңа түрі пайда болады. Бұл ақыл-ойдың иесі – жағымды кейпкерлерден бас тарту мен ағартушылық кезеңдегі оптимизмге қарсы болады. Ағартушылардың кафедрасы мен трибунасы театр болады. Филдингтің сатиралық комедиялары мен Гольдонидің тұтас драматургиясы, Бомаршенің «Фигароның үйленуі» мен Шиллердің «Қарақшылар» атты туындылары демократиялық бағытты ұстанатын көрермендерге арналған XYIII ғ. қоғамдық күрестің актілері болатын. Хольберг, Гей, Филдинг, Шеридан, Бомарше мен Гольдони сияқты асқан шеберлердің қыл қаламынан туындаған комедиялар үлкен жетістіктерге жетеді. Бомарше (1732-1799). XYIII ғ. Франция комедиясының негізін салушы. Әкесі де, өзі де сағатшы болып, сағат механизмін кемеліне жеткізгендердің қатарынан табылған. Кейбіреулер оның жасап шығарғандарын тартып алмақшы болғанда бозбала батыл күреске шығып, өзінің авторлық құқын дәлелдеп, қорғап шығады. Осылайша, Париждің ең жақсы сағатшысы аталғанымен, өз өнерін тастап, сарай маңынан үлкен лауазымға ие болып, өзінің Карон есімін дворяндық де Бомаршеге өзгертеді. Бомарше өте дарынды, әрі механик, әрі өнертапқыш, дипломат, музыкант және ақын болған. Оның Франция, Германия, Англия мен Ресейде қойылған «Евгения» атты алғашқы пьесасы авторға жетістіктер сыйлап, оған үлкен атақ әкеледі. 1772 ж. Бомарше шумақты комедиялық опера жазып, оның бірінші нұсқасы «Севильдік шаштаразшы» деп аталады. Мұнде жастардың қызметшілердің көмегі арқылы ақсақалдарды мазақ етулері жайлы айтылады. Шымшытырық оқиғалар мен қателіктерге толы бұл комедияның бас кейіпкері білімді, батыл әрі пысық Фигаро атты жігіт болатын.. Свифт Джонатан (1667-1745) ағылшын жазушысы, сатирик, ақын, публицист әрі саясаткер болған. Ол 1667 ж. 30 қарашада Дублинде ағылшын отбасында дүниеге келген. Свифтің әкесі жастайынан қайтыс болып, ол ағасының қолында тәрбиеленеді. Свифт Ирландияда өз заманына сай өте жақсы жоғары білім алады. Алғашында графтар мектебі Килкенниде содан соң дублиндік Тринити-колледжінде оқиды. 1704 ж. жазылған «Бөшке туралы ертегі» деген шығармасында оның католиктермен қақатығысы туралы жазылған. 1726 жылы жазылған «Гулливер саяхаты» атты шығармасы Свифтің ең соңғы және қорытынды кітабы болатын. Онда автордың фантастикалық, өмірлік, шығармашылық өте бай тәжірибесі көрініс тапқан. Свифтті әлемдегі адамзат тағдыры жайындағы мысқылды әрі мұңды толғауға толы «Гулливер саяхаты» атты мәңгі өлмес романның авторы ретінде бүкіл әлем таныған. Свифттің кейіпкері Гулливер әлемнің төрт еліне саяхат жасап, оны баяндау саяхатшының ресми және қысқа есеп беруі ретінде келген. «Англияда саяхат жайлы кітаптар толып жатыр», - дейді оқырманның тек көңілін көтеруді мақсат тұтып, түрлі аңыз-әңгімелер мен жоқты тілге тиек ететін авторларға көңілі толмаған Гулливер. Автор саяхатшының негізгі мақсаты адамдарды өзі болған елге қатысты жақсы-жаман мысалдардан хабардар етіп, оқырманның ой-санасы мен дүниетанымын арттыру екенін көрсетеді. Хирург, кеме дәрігері, лауазымсыз, қарапайым Гулливердің қысқа жазбаларының астарында қалыптасқан адамзат өміріне, саналы түрде басталмаған қоғамдық қатынастарға қатысты тамаша сатира жатыр. С. Ричардсон (1689-1761) өзін әдебиетші ретінде дайындаған жоқ еді, ол тіпті әдеби атақ туралы да ойламаған болатын, оның жазушылық шеберлігі кездейсоқ ашылады. Ағаш ұстасының ұлы болған Ричардсон жас кезінен-ақ типографияға қызметке тұрып, оның иесінің қол астында өседі де, кейін оның қызына үйленіп, өзі де баспа ісінің қожайыны болады. Сол кезде жеке хат жазысу жоғары деңгейде болғандықтан, хат үлгісіндегі кітапшалар да кең сұраныста болады. Ричардсонға да осындай бір дайын хат үлгілер жинағын басып шығару қажет болатын. Қолайлы мәтіннің болмағандығынан, Ричардсон оны өзі жазып шығаруға бел буады. Ыңғайлы болу үшін сюжеттік ертегі құрастырады. Автор қатты қызығып, эпистолярлық жанрдың алғашқы үлгісі болған бірнеше хаттардан тұратын «Памела немесе сыйға бөленген ізгілік» (1740) атты роман жазып шығарды. Осылайша, 50 жастағы типограф әлемге жазушы ретінде танылады. «Памелада» Ричардсон «төменнен» жоғары қарай көтерілудің идеалды жолын суреттейді. Романның атының өзі-ақ оның ақыл берушілік бағытта жазылғандығын аңғартады. Онда бейнеленген қайшылық әлеуметтік сипатта болып, адамгершілігі мол, инабатты Памела есімді қызметші қыз бен оның жас қожайыны арасындағы күрес асқан шеберлікпен суреттелген. Ричардсонның шебер туындысы болып табылатын «Кларисса» романында жанры мен стилі жағынан әр қилы хаттар кездеседі. Роман қайталауларға толы болғандықтан, «Кларисса» ағылшын тілінде жазылған романдардың ішінде ең ұзақ туынды болып табылады. Ричардсон романдары, әсіресе «Кларисса» Еуропаның ағартушылық әдебиетінде өшпестей із қалдырады. Ричардсон шығармалары кейінгі сентиментальды прозаның ұлы туындыларының (Ж.Ж. Руссо «Жаңа Элоиза», Гете «Жас Вертердің қайғысы») жарыққа шығуына негіз болады. Сентименталист-жазушылар әдебиетке үлкен үлес қосқан. Олардың шығармашылықтары классицистердің шығармаларынан әлдеқайда өзгеше болатын. Трагедиялық сюжеттер ұлы адамдар мен ұлы оқиғалар тақырыптарынан құралады. Ал сентименталистер қарапайым, қуғынға ұшыраған, әлсіз адамдардың образдарына жүгінген. Ж.Ж. Руссо (1712-1778). Жазушы 1712 ж. Женевада дүниеге келген. Руссоның әкесі сағатшы болған, анасы Руссо туылған кезде қайтыс болады. Руссо он жасқа толғанда оның әкесі Женевадан қашуға мәжбүр болып, жастайынан жалғыз қалады. Осылайша, оның қиын өмірі басталады. Кейіннен жас Руссо мейірімді Варенс ханымның қолына түсіп, шіркеуде тәрбиеленеді. 1749 ж. бастап Руссо танымал бола бастайды. «Эмиль» атты романынан кейін Руссо қуғынға ұшырап, жасырынуға мәжбүр болады. Алайда 1753 ж. Руссоның «Ауылдық сиқыршы» атты комикалық операсы париждіктердің көңілінен шығып, тіпті XY Людовиктің де қызығушылығын оятады. Руссо өмірінің соңғы он жылын Парижде өткізеді. Сыйлықтар мен зейнетақыдан бас тартқан Руссо өмірінің соңына дейін кедейлікте күн кешеді. 1761 ж. жазылған Руссоның ең атақты шығармасы «Жаңа Элоиза» романы Руссоның замандастары үшін күтпеген жағдай болатын. Прозамен жазылған лирика, махаббат әуені, сезім поэзиясы, табиғатқа сүйсіну мен оның әсемдігін бағалау романның негізі болып табылады. Бұл шығармадан халық бостандығы мен құқықтары үшін аянбай күрескен Руссоның ұлы ойларын көре аламыз. Ұлы француз революциясы ағартушылық кезеңнің соңғы нүктесі болған. Төңкеріс жылдары және төңкерістен кейінгі жылдарда ағартушылық, философиялық, әлеуметтік көзқарастар жүйесі өзгере бастайды. Ғасырдың соңында өмір сүрген жазушылар мен ойшылдардың жаңа толқыны төңкерістен оянған жаңа әлемді көреді. Осы жылдары қалыптасқан романтизм XYІІІ ғ. жаңа буржуазиялық қоғамда пайда болған мәселерге жауап ретінде қалыптасады. Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар 1. Халықаралық әдеби байланыстар. 2. Ағартушылық кезең әдебиетінде пайда болған жанрлар. 3. Көркем шығармалардағы буржуазиялық өмірге тән әлеуметтік жағдайларға берілген сын. 4. Ағартушылық кезеңдегі эстетика мен ойлар жүйесі 5. Кейіпкердің жаңа типі. 6. Әдеби тілде кездесетін мәселелер Қолданылатын негізгі әдебиеттер: 1. Көптілеуова Д. «Әлем әдебиеті», Алматы. 2011 жыл 2. Тоқшылықова Г. Шетел әдебиетінің тарихы. Алматы. 2010 жыл 3. Апенко Е.М. История зарубежной литературы ХІХ века: Учебник Москва: Проспект, 2001 жыл Көптілеуова Д. «Әлем әдебиеті», Алматы. 2011 жыл https://b-ok.org/book/3279781/c9af21 https://adebiportal.kz/kz/books/view/1648 Цифрлық білім беру ресурстары: https://magkaznu.com/ru/shop/%D0%B2%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%BE%D0%BA%D0 %BE%D0%B2%D0%B5%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5/%D1%88%D0%B5 %D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%85%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B%D0 %BD%D1%8B%D2%A3%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B8%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%86%D0%B8%D1%8F%D0%BB/ «ХҮІІІ ғасырдағы Еуропа елдерінің әдебиеттері» тақырыбындағы лекция материалдарымен танысып, төмендегі тапсырмалардың жауабын екінші бағанға жазыңыз. Студенттерге арналған тапсырмалар (5 мамырға) Студенттерге арналған тапсырмалар: 1. Халықаралық әдеби байланыстар. Ағартушылық кезең әдебиетінде пайда болған жанрлар. 2. Көркем шығармалардағы буржуазиялық өмірге тән әлеуметтік жағдайларға берілген сын. Ағартушылық кезеңдегі эстетика мен ойлар жүйесі 3. Кейіпкердің жаңа типі. Әдеби тілде кездесетін мәселелер Осы екі тақырыптың біреуін таңдап танысыңыздар: Джонатан Свифттің «Гулливер саяхаты» шығармасымен танысу, мазмұнына талдау жасау (киносын немесе мультфильмін көрсеңдер болады) Даниель Дефоның «Робинзон Крузо» шығармасымен танысу, мазмұнына талдау жасау (киносын немесе мультфильмін көрсеңдер болады) Қосымша: «ХҮІІІ ғасырдағы Еуропа елдерінің әдебиеттері» тақырыбы бойынша талдау жасай отырып, өз пікірлерін түйіндеп айту. Тақырыпты конспектілеу. Өз түсінгеніңізді түйіндеп жеткізуге тырысыңыз. Жауабы: Қысқа нұсқа етіп, түсінгеніңіз бойынша ғана (копировать, вставить емес) «Балапан» телеарнасында «Сықырлы шам» бір сериясында мультфильмі де көрсетілді. Төмендегі сілтеме бойынша 11 минуттық мультфильмді көріңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=I4S71m 39vFQ Көптілеуова Д. «Әлем әдебиеті», Алматы. 2011 жыл https://b-ok.org/book/3279781/c9af21 https://adebiportal.kz/kz/books/view/1648 Кері байланыс: Өтілген тақырыпқа қысқаша сөйлемдер арқылы кері байланыс берсеңіз: Үй тапсырмасын орындауда жауапкершілік пен ізденімпаздық танытасыз деген сенімдемін!