Омиртаева Айжан Темирхановна “Асыл сөз” авторлық бағдарламасының авторы ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің “Мұжықсу негізгі орта мектебі” КММ Бастауыш сынып мұғалімі Санаты: педагог-срапшы Бағдарламаның сипаты Тақырыбы: “Асыл сөз” Бастауыш сыныптың 4-сынып оқушыларына арналған Бағдарлама аптасына 1 рет жылына 34 сағатқа жоспарланған Мақсаты: •Оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік туғызу. •Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және ісәрекетін демеп, қабылетін дамыту. •Құрғақ ойлау мен жаттап алудан гөрі өз ізденісінің нәтижесі мен шығармашылық әрекетінің жемісі арқылы терең білімді меңгерту. •Қисынды ойлауды және көрнекі-бейнелі операцияларды меңгерту. •Ғылыми жобаларды жазып, өз идеясын ұсынуды дамыту. •Көркем сөйлеу тілін, белгілі оқиғаға байланысты өз көзқарасын білдіруге, тың идея ұсынуға машықтандыру. Міндеті -Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жанжақты ойлауына, дамуына көңіл бөлу, жол ашу, ғылымизерттеу дағдыларын қалыптастыру. -Баланың тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл-ойын, шығармашылығын дамытуға, интеллектуалдық белсенділігінің дамуын септігін тигізу. Өзектілігі -Оқушының шығармашылық деңгейі артып, көркем сөйлеу тілі дамиды. Функционалды сауаттылығы артады. -Өз нәтижелерін бағалап, таным белсенділігі дамиды. Ғылымилығы -Бағдарлама жаңартылған білім беру бағдарламасына сай оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналды. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, ой еңбегімен жұмыс жасауға дағдыландыруға және пәнге қызығушылығын арттыруға нәтижесі жоғары. Күтілетін нәтиже Таным белсенділігі жоғары, өз бетінше жүйелі ой қорыта алатын, өз идеясы мен көзқарасын білдіріп, дәлелмен негіздей алатын шығармашыл жеке тұлға қалыптасады. Меңгерту жолдары Интербелсенді тақтамен жұмыс, ақпарат құралдарымен, тірек-сызбалармен жұмыс, ауызша, жазбаша жұмыстар, шығармашылық тапсырмалар, дидактикалық ойындар. Бағдарлама үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең-жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде шығармаларды бөлімдерге бөледі, тақырыбын табады, кейіпкерлерді тауып, тобын ажыратады, шығарма мазмұнына сай қанатты сөздер жазады, суретпен сөзді өрнектейді, көркемдік ерекшелігіне талдау жасайды. Екінші кезең-қиял, ұшқыр ой қалыптастыру, яғни, оқиға құру образ жасау мүмкіндігі. Оқушы ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып, аяқтайды. Бағдарламаның бұл кезеңінде білім алушылар материалды меңгере отырып шешендік сөздің мәнін түсініп, астарлы сөзден ой түйеді. Өз көзқарасын дәлелдей отырып, көркем сөйлеуге машықтанады. Үшінші кезең-тапқырлық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Оқушы өзі оқыған шығармаға пікір жазады, талдау жүргізеді, түйінді ой қорытады, қара сөзді өлең жолына айналдырады. Бұл кезең-оқушыны ғылыми жұмысқа апаратын кезең. Бағдарламаны мектепішілік бастауыш сынып бірлестігі отырысында таныстыру сәтінен Аудандық бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі қауымдастық отырысында таныстыру сәтінен Бағдарламаны сынақтан өткізгендігін растайтын мақала республикалық “Үздік ұстаз” журналынан жарық көрді “Асыл сөз” авторлық бағдарламасы “Үздік авторлық бағдарлама” конкурсына қатысып облыстық кезеңінен өтті. Республикалық кезеңге жолдама алды.