(Өлкетану материалдары бойынша жинақталған оқушының жұмыс дәптері) Құрастырған: Ахметкалиева Маншук Ахатовна «Мукарама атындағы орта мектебі» КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі І бөлім: Ақын және табиғат. Табиғат лирикасы Тапсырма: берілген терминдердің анықтамасын жаз. Табиғат лирикасы Метафора Эпитет , Теңеу Кейіптеу Тапсырма Заманбек Әбдешев туралы не білесіңдер? Сызбаны толтырыңдар. Тапсырма «5-5-1» 5 сөйлем 5 сөз 1 сөз «Ақ қайың» өлеңі Жаныма шабыт беріп, төккен өлең. Ақ қайың, жаралдың ба көктемеден?.. Оңаша неге мүгіп тұрсың үнсіз Арудай жігітіне өкпелеген? Тұлғаңды тымық кеште ой тербеген, Желбірер желектерің самал желмен. Ол бейне- арулардың қолаң шашы Орамал байласа да бой бермеген. Қоштастың үнсіз тұрып іңірменен, Сырың көп ақын әлі үңілмеген. Аққайың, сенің мынау аппақ төсің, Төсіндей сұлу қыздың дірілдеген. Метафоралық тіркестер: Тапсырма: «Диаманта» 1 – жол антоним-зат есімдер; 2 – бірінші зат есімге екі сын есім; 3 – бірінші зат есімге үш етістік; 4 – зат есімді екі сөз тіркесі; 5 – екінші зат есімге үш етістік; 6 – екінші зат есімге екі сын есім; 7 – антоним-зат есімдер «Күз күйлерінен» өлеңі Өкпек жел ысқырынып ескен ұдай, Көңілсіз күздің қоңыр кештерін-ай. Жалт етіп қою бұлтқа кетті сүңгіп Мүлгіген қара түннен сескеніп ай. Ақ қайың тонатып ап сұлулықты, Мұңдасып күз күйімен тұруды ұқты. Өксиді бұлттар жасын сіркіретіп, Қажытқан желге ілесіп жүру тіпті. Бұтақтан жапырақтар құлайды кеп, Күз еңсе көтерілместен жылайды үдеп. Лебімен қалтыратып тал-бұтаны, Суық жел мықтылығын жүр әйгілеп. Бәрі үнсіз. Күздігүні мұнда мылқау, Айнала, тоңғаны ма тым жабырқау. Алтын күн жарқ етсе бір жадырайсың, Жабыққан көңіліңнің бұл да кілті-ау. «Солтүстіктің күзі» өлеңі «Тентек желге бір жыртыс жырқызалық», Десе керек кәрі аспан бұлтты ыза ғып. Жас арудай өбіскен тұңғыш рет Қоя берді алтын күн кілт қызарып. Көк теректер көрсетіп көсем ісін, Жайды жерге сары алтын төсенішін. Ертелі-кеш жаңбырын сіркіреткен Күзгі кештің көңілі бос еді шын. Жарқын жаздың шуақты мәз әр күнін Жаулап алды ызғырық азар бүгін. Қара күз де жолдапты үскірік пен Қара ұшқынын- алғашқы базарлығын. Көк тұманмен төңірек, торланды әсем, Сырылады пердедей ол таңменен. ...Алтын күзің жомарт қой, солтүстікте Өгей әке сияқты болғанменен Абайдың «Күз» өлеңі «Солтүстіктің күзі» «Қысқы түн» өлеңі Дүниені түн өзінше жасырып, Көк жүзінде алтын ай тұр асылып. Қыстың түні мүлгіп қапты таңдана Табиғаттың бұл көркіне бас ұрып. Сансыз жұлдыз жерге қарап, жымыңдап, Құпиялы әлдебір сыр ұғынбақ. «Ойымдағы сол жұмбақты тапшы», - деп, Жердегі бар тіршілікке тұр ымдап. Үскірік жел қысты мақтап бастады ән, Ұйи тыңдап жата берді сар далам. О шетінен бұ шетіне аспанның Әлдебіреу күміс сеуіп тастаған. М.Жұмабаев «Қысқы жолда» өлеңімен салыстыру «Қарағайлар» өлеңі Шығарма түрі: Тірек сөздер Тақырыбы: Идеясы: Шумақ саны: Тармақ саны: Бунақ, буын саны: Ұйқас түрі: Өлеңдегі айшықтау құралдары: «Жеменей» Шығарма түрі: Тірек сөздер Тақырыбы: Идеясы: Шумақ саны: Тармақ саны: Бунақ, буын саны: Ұйқас түрі: Өлеңдегі айшықтау құралдары: Тапсырма Ұлықбек Есдәулетов туралы не білесіңдер? Сызбаны толтырыңдар. «Арқа қысы», «Алтай қысы» өлеңдері Ақынның суреттеуі «Арқа қысы» «Алтай қысы» Оқушылардың суреттеуі «Арқа қысы» «Алтай қысы» Тапсырма Гүлнар Салықбаева туралы не білесіңдер? Сызбаны толтырыңдар. «Ауыл түні» өлеңі Тапсырма: Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу «Сұңқарбұлақ» өлеңі Тапсырма:Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдары ның (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау «Сұңқарбұлақ» Шығарма түрі: Тірек сөздер Тақырыбы: Идеясы: Шумақ саны: Тармақ саны: Бунақ, буын саны: Ұйқас түрі: Өлеңдегі айшықтау құралдары: “Ауылымды алғандай нұрға малып» өлеңі Тапсырма: Шығармада ғы адам бойындағы мінез-құлық, іс-әрекеттерді талда Адам бойындағы қасиеттер ІІ бөлім: Арнау өлеңдер Заманбек Әбдешевтің арнау өлеңдері: Арнау өлеңдерді Туған жер тақырыбы Туыстарға арналған өлеңдер Дос-жаранға арналған өлеңдер Сырлас, мұңдас туыстарға арналған өлеңдер Туыстарға арналған өлеңдер Достарға арналған өлеңдер Балалық шақты еске алу, жастық шақты сағыну Жұбату, жігерлендіруге тырысқан өлеңдері Мерейлі мерекелерге арналған өлеңдер Тапсырма: Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу Тапсырма: «Туған-туыс, дос-жаранға арналған өлеңдердің» тақырыбы мен идеясын анықта ІІІ бөлім: Ұлттық рух. Ұлттық сана. Ұлттық мәдениет. Тапсырма Асқар Егеубаев туралы не білесіңдер? Сызбаны толтырыңдар. «Тайқазан» дастаны Тапсырма: Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау, ақынның ой-танымына өзіндік пікіріңді білдір D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу). E – Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу). A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау). L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру). Тапсырма «Тайқазан» дастанының негізгі идеясы қандай және ол шығарманың қай бөлігінде ерекше көрініс тапқан? Негізгі идея Мысал келтір «Аламан» дастаны Тапсырма: Шығармада ғы адам бойындағы мінез-құлық, іс-әрекеттерді талда Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....» Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...» Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...» «Ойлан, қазақ!» дастаны Тапсырма: Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану «Жылқы мінез», «Қасқыр мінез», «Таулық мінез» өлеңдері Тапсырма: Ақынның ой-танымына өзіндік пікіріңді білдіру Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....» Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...» Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...» «Қара шал мен Байшұбар» өлеңі. Тапсырма: Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану ІҮ бөлім: Драматургия. Аударма. Тапсырма Әділбек Тауасаров туралы не білесіңдер? Сызбаны толтырыңдар. Тапсырма Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу Тапсырма Ғалым Байбатыров туралы не білесіңдер? Сызбаны толтырыңдар. Тапсырма: Кестені толтырыңдар. Өлеңдері Пьесалары Аудармалары Мақалалары Шығарма жазу алгоритмі 1. Тақырыбыңа байланысты материалды алдын-ала дайында,оларды сұрыптап қажет дегенін ал 2. Эпиграф таңдап ал,ол тақырып пен идеяны ашуға сәйкес алынсын 3. жоспар тақырыбына лайық нақты болып жасалсын 4. Ойдың , пікірлердің жазатын негізгі мәселелердің реті мен жүйесін сақта 5. Тақырыптан ауытқыма 6. Қосымша материалды пайдаланғанда автордың аты кітаптың аты беті нақты жазылсын 7. Негізгі бөлім толық әрі дәлелді келуімен қатар шығарманың ең басты пікірлері осында келетінін ескер 8. Қорытынды негізгі ойдың төңірегінде жазылсын 9. сөйлемдер тиянақты,ойлы болсын 10. Әдемі айшықты сөздерді пайдалан бұл шығарма сондықтан оның тілі де төгіліп тұруы қажет 11. Қате жібермей жазуға дағдылан, емлелік сөздіктер жаныңда болсын шығарма үшін ең басты мәселе - сауаттылық 12. Жазу мәдениетіне де ерекше ден қой Эссе жазу ерекшеліктері Эссе - пәнді жете баяндау немесе анықтау бола алмайтын және бір мәселенің немесе оның нақты себептері бойынша өзіндік түсінік-пікірі мен жеке әсерін білдіретін шағын көлемді еркін құрылған прозалық шығарма. • Эссе – бірнеше абзацтан тұратын жазба жұмысы. Ол көп жағдайда бір тақырып аясындағы мәселені қозғайды. Бір тақырыпты бір абзацта жазу күрделі болғандықтан, бірнеше абзацқа бөлуге тура келеді. Әр абзац бір мәселеге ғана негізделеді. Кейін барлық абзацтар кіріспе және қорытынды бөлімдер арқылы біріктіріледі. • Эссе жазу бір абзацты жазуға қарағанда күрделірек, алайда ұйымдастыру талаптары бірдей. Егер оқушы жақсы абзац жаза алса, онда жақсы эссе де жазады. ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар: • • Жеке көзқарастың көрінісі; • • Фактілі дәлелдер (аргументтер); • • Теоретикалық негіздеме; • • Терминдерді қолдану; • • Цитаталарды келтіру; • • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу; • • Логикалық заңдылықтың сақталынуы; • • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану; • • Сауаттылық (пунктуация., орфография.); • • Юмор, сарказм; • • Қолданылатын ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.