Uploaded by gulnur.e.88

мугалимге комек

advertisement
(Өлкетану материалдары бойынша жинақталған
мұғалімге көмекші құрал)
Қүрастырған: Ахметкалиева Маншук Ахатовна
«Мукарама атындағы орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................................3
1-бөлім: Ақын және табиғат. Табиғат лирикасы
1.1.Заманбек Әбдешев........................................................................................4-9
1.2.Тоқтарбек Қызықбаев................................................................................10-11
1.3. Ұлықбек Есдәулетов.................................................................................12-14
1.4. Гүлнар Салықбаева...................................................................................15-17
2-бөлім: Арнау өлеңдер
2.1. Заманбек Әбдешев....................................................................................18-26
2.2. Тоқтарбек Қызықбаев...............................................................................27-28
3-бөлім: Ұлттық рух. Ұлттық сана. Ұлттық мәдениет.
3.1. Асқар Егеубаев..........................................................................................29-34
3.2. Ұлықбек Есдәулетов.................................................................................35-39
4-бөлім: Драматургия. Аударма.
4.1. Әділбек Тауасаров.....................................................................................40-42
4.2. Ғалым Байбатыров....................................................................................43-47
Қорытынды............................................................................................................48
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................49
Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған
жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан
қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де
жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге,
оның мәдениеті мен салтдәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу –
шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи
кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа
деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. Көреген көшбасшы
Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын
баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігін беріп отыр. Тұңғыш
Президент өз сөзінде: «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ
жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп
сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің
дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады. «Егер
жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр алмаса ол адасуға бастайды» –
дейді Н.Назарбаев. Сонымен, қарапайым тілмен айтқанда рухани
жаңғыруымыздың жолы қандай?
Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып,
жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар
ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған
жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.
Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді.
Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар.
Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде
сақталған біртуар перзенттері бар.
Зайсан өңірі де дарындылардан ешқешен кенде болмаған. Ел басқарған
болыстар, төре, елді аузына қаратқан шешендер шыққан. Ал бүгінде күллі
қазақ мәдениеті мен әдебиетіне үлес қосып жүрген зиялыларымызбен
мақтана аламыз.
Жерлес ақын-жазушыларымыздын 15-і Қазақстан Жазушылар одағының
мүшесі. Кітаптары, газет-журналдарда өлең. Әңгіме, пьеса, роман, повестері
шыққан қаламгерлер саны 100-ден астам. Қазіргі қазақ әдебиетінің атасы
Есет Әукебаев, Әбубәкір Нілібаев, Халықаралық
«Алаш» әдеби
сыйлығының және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреты. Қазақстан
Жастар Одағының, Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлықтың иегері,
«Құрмет» орденімен марапатталған Ұлықбек Есдәулетов, Атақты ақын,
ғалым Асқар Егеубаев, елімізге атақты ақындар Тоқтарбек Қызықбаев,
Нұрлан Мәукенұлы, жазушылар Марат Қабанбаев, Кәдірбек Сегізбаев,
Советхан Ғаббасов, талатты прозашы, драматург Әділбек Тауасаров, Шығыс
Қазақстан облыстық теледидарда редактор, республикалық "Қазақстан
пионері" газетінің әдеби қызметкері, "Жазушы" баспасында 15 жыл редактор
болып жұмыс істеген, тележурналист Заманбек Әбдешев – біздің
мақтаныштарымыз.
1-бөлім : Ақын және табиғат
Табиғат лирикасы - лирика жанрының бір түрі, ақынның ішкі жандүниесі оның әр түрлі табиғат құбылыстарын сезінуі, суреттеуі арқылы
танылатын өлең-жырлар. Табиғат лирикасының алғашқы белгі, нышандарын
фольклорлық поэзиядан байқауға болады. Өйткені қашанда адамзат
табиғатпен етене жақын. Сондықтан айнала қоршаған орта және оның түрлі
жаратылыс сырлары адамның назарын өзіне аударған. Осындай жағдайда
ақындар табиғатқа арнап лирикалық өлеңдер жазып отырған. Біреулер
табиғаттың пейзаждық суреттерін жасаса, енді бір акындар сол табиғат
арқылы қоғамдық өмірді, адамның ішкі көңіл-күйін астасты- ра жырлаған.
Табиғат лирикасын айтқанда, ұлы Абайды еске аламыз. Оның жылдың төрт
мезгіліне арнап жазған өлеңдері осы уақытқа дейін оқушысын там сандырып
келеді. Абайдан соңғы қазақ ақындары да (С.Сейфуллин, М.Жұмабаев,
I.Жансүгіров) табиғат лирикасын көптеп жазды. Ал бүгінде табиғат туралы
жазбаған ақындарды кездестіру қиын. Демек, табиғат лирикасы өзінің
мәңгілік жырлана беретін тақырып екенін айғақтайды.
Табиғат-адам баласының дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат
мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы орта.
Табиғат-адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат
шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлем. Табиғат әлем
денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагері.
Жыл мезгілдерін сипаттау үстінде алдымен әр түсті ақындық бояу
арқылы оқырманның көз алдына түрлі-түрлі табиғат көріністері келеді:
жайқалған гүл бәйшешегі, «көк орай шалғыны» мен «күркіреген өзені» бар,
тамылжып тұрған шыбынсыз жаз да сонда; ақ кірпік бораны мен үскірік аязы
бар, қылышын сүйреткен қырау қабақ қытымыр қыс та сонда; аспанын бұлт
торлап, гүлі солған сарғыш даласын шық басқан сұрғылт күз де сонда.
Табиғаттың сұлулығын суреттеуде, адамға беретін әсерін суреттеуде
ақындар жалаң сөзден гөрі сөздерді түрлі мағынада қолданғанын байқаймыз.
Сөз өткір, тартымды, әсерлі болу үшін троп пен фигураның түрлі әдістерін
қолданады.
Ақындар табиғат аясында өсіп, оны сүйе біледі. Өлеңдерді оқығанда,
табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары
жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы
боранын өзің көріп тұрғандай боласың.
Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Бар байлық,
қазына, тіршілік, табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классик ақындардың
барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір, әр жағдайға лайықты
табиғатты әркім әртүрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін,
біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, өз көзқарасын айтып берді.
Ал кейбіреулер белгілі бір кезеңдерде өмірдегі күрес-тартыстардан безіп,
табиғатты ғана жырлап, өмірден безу көйгейін тартты. Қайткенмен де,
табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды.
Заманбек Әбдешев 1949 Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы,
Бақасу ауылында дүниеге келген. Тележурналист. 1975 жылы ҚазМУ-ді
бітірген Шығыс Қазақстан облыстық теледидарда редактор, республикалық
"Қазақстан пионері" газетінің әдеби қызметкері, "Жазушы" баспасында 15
жыл редактор болып жұмыс істеді.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Борис Васильевтің
"Тамылжыған таң" повестер мен әңгімелер жинағын, болгар қаламгері
Георгий Караславовтың "Шешуші сағат" атты көлемді романын, "Неру"
өмірбаяндық кітабын, "Қырғы ертегілері" жинағын, балгар ақыны Танзила
Зумакулованың "Салтанат" атты жыр жинағын аударған. "Қазақфильм"
киностудиясында, "Хабар" агенттігінде көптеген фильмдерді аударды. «Жан
сырым» өлеңдер жинағындағы туындылардың 2 топқа бөлуге болады.
Біріншісі – ақынның төл туындылары, екіншісі – аудармалары. Аудармаларға
Олжас Сүлейменовтің «Ана», «Қуып жет» өлеңдері, Тәнзила Зұмақұловадан
«Қыз арманы», «Долы өзенге жар кенеттен құлады», «Мен шындыққа әуес
жан ем өмірде», «Бесік жыры», «Жұрт неге», «Бір күндік ғұмыр», «Бір жас
жігіт», «Жуас ит хақында», «Халқымыздың», «Шыр етіп мен» өлеңдері
жатады.
Заманбек Әбдешев – ауыл адамы. Қайда жүрсе де ауылын сағынып еске
алады. Қайда жүрсе де ойында ауылдағы ата-анасы, балалық шағы, жолдасжоралары. Қайда жүрсе де жан серігі – сағыныш. Сағыныш болмай, елді,
сағыныш болмай жерді сүю мүмкін бе? Сағыныш болмай адамды сүю,
Отанды сүю мүмкін бе? Сағына білмесе, сүйе білмесі, адамның айуаннан
айырмасы қандай? Туып-өскен ауылына арнаған «Дайырым» өлеңінде:
Дайырым, менің Дайырым,
Өзіңді сүймес қай ұлың?
Аласта жүріп балаңның
Сағынған сені жайы мың.
Өлеңнің 5 шумағына туған жерге деген ақын сағынышы түн сыры,
балауса күнде шертілген дастан болып есіледі.Осы жолдардағы ақын
жүрегіндегі мөлдір сағыныш шынайы оқырман жүрегіне жетеді.
Ақын туған жер табиғатын да көп суреттейді. Бірақ қалай жырласа да
құрғақ баяндауға бой алдырмайды. Сөзбен сурет салып, береке дарытып,
бедерлі бейнелейді. Туған жер сұлулығынан сұлу өлең өреді. «Тау көркі»
өлеңінде көйлек киген сұлу тау, қол бұлғап шақырған желектерді кейіптеу
арқылы жанды бейнені көз алдыңа әкелгендей болады.
Көк пүліштен көйлек киген сұлу тау
Тұр алдымда ұшар басы бұлт тіреп.
Неткен әсем мына жерлер, япырмау,
Жалын атқан жырға толды көкірек.
Ақын табиғат аясында өсіп, оны сүйе біледі. Өлеңдерді оқығанда,
табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары
жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы
боранын өзің көріп тұрғандай боласың.
Табиғат пен адам жаны үндес, сырлас. Ақын қаламына қанат бітіретін
күз мезгілінің сиқыры сияқты. Заманбек Әбдешев жыл мезгілдерінен күз
мезгілінің сұлулығын ерекше суреттей білген өлеңдер тобын байқадым.
Ақын «Күз күйлерінен» өлеңінде күздің көңілсіз кешіндегі көріністерді
жанды суреттер арқылы жеткізеді. Өлеңде қолданылған өкпек жел, көңілсіз
қоңыр кеш, алтын түн тіркестері сын есім мен зат есімнен жасалған
эпитеттер, мүлгіген қара түн, қажытқан жел есімшелі эпитеттер, ысқырынып,
қалтыратып, сіркіретіп көсемшелі эпитеттер суреттеліп отырған нәрселердің
әсерін күшейту үшін, образды анық беру үшін қолданылып отыр. Ақын
сонымен қатар адам көңілінің кілтін күз мезгілінің алтын күнінен іздейді.
Бәрі үнсіз. Күздігүні мұнда мылқау,
Айнала, тоңғаны ма тым жабырқау.
Алтын күн жарқ етсе бір жадырайсың,
Жабыққан көңіліңнің бұл да кілті-ау.
«Ақ қайың» өлеңінде:
Жаныма шабыт беріп, төккен өлең.
Ақ қайың, жаралдың ба көктемеден?..
Оңаша неге мүлгіп тұрсың үнсіз
Арудай жігітіне өкпелеген?
Ақын өлеңде ақ қайыңмен сырласқандай болады. Бұл өлең тұтастай
метафоралық тіркестерге құралғанын байқаймыз. Алғашқы шумақта мүлгіген
ақ қайыңды жігітіне өкпелеген аруға теңесе, екінші шумақта қайыңның
жапырағын аруларды қолаң шашына бейнедеген сөздің көмегімен жасалған
метафора арқылы ажарландыра түскен.
Бұл - әшейін ағаш суреті емес, даладағы дарқан өмір, өзгеше тіршілік.
Жалаң табиғаттың бірыңғай өзін ғана қызықтап, «анау арада гүл жайқалады,
сонау арада жапырақтар сыбырласады, мынау жерде өзен сықылықтап
күледі» деп сыдыртып ете шықса, табиғатты адам өмірінен жеке-дара бөліп
әкетіп, сырттай боямаласа, одан сырлы сурет, терең поэзия тумас еді.
Әдебиетте жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не
болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың.
Бұл – сөз өнерінің сиқыры.
Ұлы Абайдың табиғат лирикасын оқығанда оқырманның көз алдына
сұлап жатқан, құлазыған белбелесті шетсіз, шексіз маңдаланың жалаң
көріністері ғана жайылмайды, даладағы өзгеше өмір қайталанбас сырсипатымен тұтас суреттеледі. Ақын гүл, жапырақ солып, түсі қашқан күздің
суық кескінін:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
деп, күз түсумен бірге бәйшешек солып, ағаштардың сидиып,
жапырағынан айрылғанын, ерке жазда мәз-мейрам болып келген жастардың,
асыр салып ойнаған балалардың көрінбейтіндігін, қысқасы, көңілсіз күздің
бейнесін тамаша түрде елестетеді.
Ал Заманбек ақын ше? Ақынның күзі – мырза күз, жомарт күз. Күзде
ми табиғаттағы тұрақты болып тұратын құбылыстар мен адамдар арасында
болып жататын әртүрлі әрекеттер, сезімдер, қарым-қатынастар ұқсастығына
қарай бір-бірімен қабысып жатады.
Мысалы «Солтүстіктің күзі» өлеңінде:
«Тентек желге бір жыртыс жырқызалық», Десе керек кәрі аспан бұлтты ыза ғып.
Жас арудай өбіскен тұңғыш рет
Қоя берді алтын күн кілт қызарып.
Өлеңде қолданылған тентек жел, кәрі аспан, алтын күн, сары алтын
төсеніш, қара күз, көк тұман сияқты сын есімді эпитеттер күз мезгілінің
қасиетін айшықтай түседі.
Алтын күнді жас аруға теңесе, көсем көк теректің жапырағын сары ала
төсенішке балаған.
«Қысқы түн» өлеңінде жұлдызға, айға, түнге, үскірік желге жан бітіре
суретейді.
Дүниені түн өзінше жасырып,
Көк жүзінде алтын ай тұр асылып.
Қыстың түні мүлгіп қапты таңдана
Табиғаттың бұл көркіне бас ұрып.
Бұл – қысқы түннің суреті. Әдетте қысты үскірік бораны бұрқырап
тұрған қысты рақымсыз адам бейнесіне не болмаса жолаушыға күлген желге
ұқсатады. Мысалы 5-сыныпта өзіміз оқыған Мағжан Жұмабаевтың «Қысқы
жолда» өлеңі мен Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен қарастырсам. Ал Ұлы
ақын Абай қыстың кескінін аса шеберлікпен суреттейді. Қыстың малға да
жағдайсыз соқыр, мылқау күш екендігін аңғартады. «Қысқы жолда» өлеңінде
Мағжан, Абай дәстүрін жалғастыра отырып, өз ерекшелігін танытады.
Ызғарлы жел долданып,
Екі иінінен дем алып,
Ішін тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Аңдай ұлып бір мезгіл,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ-сақ күледі.
Өлеңде боран бірнеше қимылда беріледі. Әуелі ол ызғарлы, екі иінінен
дем алып, ішін тартып осқырады, кейде қатты ысқырады, одан соң, аңдай
ұлиды, біресе екі санын шапақтап кенет сақ-сақ күледі. Жалғыз жолаушыға
күлгендей. Сонан соң баяулап, аузы-басы жыбырлап, өпік секілді кебін
жамылған жердің иманын үйіріп, «Әпсүн» оқиды. Желдің ақырын ұйтқи
соғып, қарды әлсін-әлсін үрлеуі молданың «Әпсүн» оқығанына ұқсайтынын
ақын шеберлікпен көз алдымызға елестетеді. Демек, жолаушы мерт бола
қалса, оған да боран «Әпсүн» оқиды дегенді байқатады. Қарды кебінмен
алмастырып, жерді өлген адамға ұқсатады.
Ал Заманбек ақын ше? Ақын жердегі тіршілік пен көктегі сансыз
жұлдыздың сырласқанын суреттеп пейзаждық сурет жасағанын байқаймыз.
Бұл өлеңде қолданылған эпитеттер алтын ай, үскірік жел, сар дала есімді
тіркестері арқылы табиғаттың сұлулығын суреттеу үшін ғана емес,
қасиеттерді айқындау үшін де берілген. Өлеңдегі үскірік жел - адамды
мазақтаған, мазасын алған жел емес, қысты мақтап, мадақтаған әніне салған
жел. Ақын бұл өлеңінде кейіптеуді де шебер қолдана білген. Жымыңдаған,
жерге ымдаған жұлдыз, әнге салған жел сияқты жаратылыстың жансыз
нәрселерін жанды нәрседей етіп, жан бітіріп суреттеген. Сол сияқты
Абайдың қысына оралсақ, «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау
танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық. Басқан жері сықырлап
келіп қалды...» Қыс бұл жерде «ақ киімді, денелі, ақ сақалды», баяғы бір
«кәрі құда», шал. Қытымыр қатал қүлқы бар қушұнақ, тентек шал. Шаруаның
соры - жұтын ала келетін кеселді «құда». Мал-жанға құрық үйіре келген
қағынған қарт.
«Толқындар» өлеңінде кәрі айдын – қарт адам мен жас толқын –
бозбаланың тілдескеніне куә боламыз.
Өзгеден өзін кетпек бір асырып,
Жағаға жақындайды құлаш ұрып.
Кәрі айдын жас толқынға таңырқайды:
«Қайда асығып барады мына бұзық?»
Бір сілкіп бала толқын көбік шашын,
Дейді: «Осы ер жігітке болып па сын?»
Атылып әлденеше кейін қайтар,
Маңдайын жарға соғып торыққасын.
Күлді айдын: «Қарай көр, - деп,- айбаттысын,
Мынауың бір ерлігін байқатты шын».
...Ақыры тауы осылай шағылатын
Шамалай алмағанның қайрат-күшін.
Бұл өлеңде күлген айдын, кәрі айдын, бала толқын эпитеттері
Абайдың:
Дүние - үлкен көл,
Заман - соққан жел,
Алдыңғы толқын - ағалар,
Артқы толқын - інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер
деп қолданған метафораларымен үндес.
Табиғатпен сырласатын ақынның бірі Мағжан Жұмабаевтың
«Толқын» өлеңінде толқындар жар кейпінде бейнеленеді. Мұндағы жартас
– толқындардың жары.
Толқынға толқын еркелеп
Меруерт көбікке оранып
Жыландай жүзге бұралып
Жарға жетер ентелеп.
Күміс кәусар суымен
Суының алтын буымен
Жарының бетін жуады.
Мөлдіретіп көз жасын
Жасымен жуып жартасын
Сүйіп сылқ-сылқ күледі.
Сылдыр-сылдыр, сылдырлап
Бірінің сырын бірі ұрлап
Толқынды толқын қуады.
Жарына бал береді.
Береді де өледі.
Өледі толқын – тынады.
Заманбек Әбдешевтің «...Ақыры тауы осылай шағылатын, Шамалай
алмағанның қайрат-күшін» табанды болу керектінін, бір мәселеде жол
болмаса, бетіміз қайтып қалмау керектігін, тек сынақ, алда жүруге жәрдемші
ретінде қабылдау керек деп ұғамын. Сүріну, құлау деген тұрмай қалу емес,
адам бойын түзеп, бәрібір алға басу керек сонда ғана арманға жететінін
түсінеміз.
Қорыта айтқанда, Заманбек Әбдешевтің табиғат лирикасы ақынның
стилін айғақтай түседі. Табиғат лирикасына ақынның өз бояуын қосқаны,
ешкімге ұқсамайтын суреткерлік бай қиялы аңғарылады. Табиғат жұмбағы
мол тылсым дүние болса, ақынның табиғат лирикасы да сол табиғаттың өзі
секілді.
Тоқтарбек Әбдірахманұлы Қызықбаев 1940 жылы Зайсан қаласында
туған. Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің
журналистика факультетін 1968 жылы бітірген.
1958 - 1962 жылы аудандық "Совет туы" (қазіргі "Достық") газетінде
тілші, 1962 - 1975 жылы облыстық "Коммунизм туы" (қазіргі "Дидар")
газетінде әдеби қызметкер, бас редактордың бірінші орынбасары қызметін
атқарған.
1975 - 1980 жылы республикалық "Социалистік Қазақстан" (қазіргі
"Егемен Қазақстан") газетінде бөлім меңгерушісі болған.
1975 - 1985 жылы "Қазақстан коммунисі" (қазіргі "Ақиқат")
журналының бөлім меңгерушісі,"Қазақстан мектебі" журналы редакторының
орынбасары болған.
1994 - 1998 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің аға референті, кеңесшісі
болып жұмыс істеген. Кейінгі жылдары ҚР Денсаулық сақтау
министірлігінде мемлекеттік тіл жөніндегі бас маманы кызметтерін аткарған.
Қызықбаев "Құрмет белгісі" орденімен, "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен,
Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Әр жылдары республика баспаларынана жарық көрген «Қыр гүлдері»,
«Алтай әуендері», «Темір тізгін», «Парыз», «Арайлы шақ», «Жүрек оты»,
«Жусан исі», «Жылдар жаңғырығы», «Сәуір лебі», «Көңіл қоңырауы» атты
жыр жинақтарының авторы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
«Құрмет Белгісі» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен
мараппатталған.
Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен,
өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне,сондықтан да тіпті
балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады.
Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады:туған жер,туған көше, туған
қала. Ақын туған жерін, елінің тау-тасын, өзен-көлін беріле сүйген патриот.
Табиғаттың сұлулығын суреттеуде, адамға беретін әсерін суреттеуде
Тоқтарбек Әбдрахманұлы жалаң сөзден гөрі сөздерді түрлі мағынада
қолданғанын байқаймыз. Сөз өткір, тартымды, әсерлі болу үшін троп пен
фигураның түрлі әдістерін қолданады.
Алыста жүрсем – аңсарым менің,
Шөліркей қалсам – кәусәрім менің.
Кеудемде жүрек жарыла жаздап
Сүйемін сені, Зайсаным менің.
Бұл өлеңінде ақын туған жер табиғатын жан бітіре суреттейді. Арайлап
атқан ақ тандарын сөнбейтін үміт, арманына балайды. Күмбірлеген көлдерін,
асқақ тауларын, ыстық жерін ерекше толқыныспен жырға қосады. Балалық
шағын, алғашқы махаббат күйіне тербелген, «дүниенің жарық күнгейі жақта,
көлеңке барын білмеген жерім» деп туған жер құдіретін айшықтай түседі.
Ақынның өлеңдерін табиғат сұлулығын жырға қоса суреттеуі ақындық
шеберлігін айқындай түсті. Табиғат-адамның бойына қуат, көңіліне шабыт,
сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат
әлем денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагері.
Беу, қазақтың табиғаты, сен бе едің?!
Алғаш рет тербетілген жөргегім.
Алғаш рет көзімді ашып көргенім.
Алғаш рет маххабатқа шөліркеп,
Алғаш рет қызғалдағы тергенім –
Беу, қазақтың табиғаты, сен бе едің?!
Бұл өлеңінде ақын бұлақтарды, өзен, көлдерді кеуделегі сарқылмайтын
күйге балап, жырды, әнді сүйгені туған жердің шарапаты деп біледі. Туған
жерін дүниеге алғаш келгендегі жөргегіне балауы да – заңдылық.
«Қарағайлар» өлеңінде Қарағайларды бірде сырлас дос ретінде
қабылдаса, бірде жасыған жігерін шыңдайтын құдірет ретінде сипаттаған.
Табиғаттың сұлулығына рақмет айтып, тосын өрттен, дауылдардан қорғау
керектігін де ескерткендей болады автор.
Сауыр таудың баурайында саңсыған
Қарағайлар, демін алып тыншыған.
Өздеріңді көрген сайын желпініп,
Тас түлектей биіктерге құлшынам.
Ақын «Жеменей» өлеңінде өзенмен сырласқандай болады. Бұл өлең
тұтастай метафоралық тіркестерге құралғанын байқаймыз. Алғашқы
шумақтарында өзенді жүзі жарық, наз үнді аруға теңесе, енді бірде өзенін
анасына балап, өткен балалығын іздегендігін сөз етеді.
Кешір, ұлың еркінсуін,
Жылынарсың, Жеменей...
Шағын өзен болсаң-дағы
Маған көлсің телегей.
Қымбатымдай Зайсандағы
Сүйем сені, Жеменей!
«Алып таулар» өлеңінде ақын таулардың асқақтығын бірде шежіреші
қарттарға, бес қаруын асынған қас батырға теңейді.
Осынау құдіретті тұлғаларың,
Сыйлайды жанға жігер, жырға жалын.
Ғұлама қарттарыма ұқсайсыңдар
Шертетін шежіресін бұл даланың.
Тоқтарбек Әбдірахманұлының табиғат лирикасы ақынның стилін
айғақтай түседі. Табиғат лирикасына ақынның өз бояуын қосқаны, ешкімге
ұқсамайтын суреткерлік бай қиялы аңғарылады. Табиғат жұмбағы мол
тылсым дүние болса, ақынның табиғат лирикасы да сол табиғаттың өзі
секілді.
Туған жерге деген әр адамның өзіндік махаббаты болады. Мен
Тоқтарбек Әбдірахманұлы өлеңдерін оқи отырып, ақынның туған жерін
қадірлегенін, сол бір балалық дәуреннің ыстық болғанын, сондай-ақ өзінің
кең дархан жазира даласына тамсанғанын байқадым.
Өз ұлтының топырағынан тарам – тарам тамыр талшықтарынан мейірі
қанғанша қоректене алмаған ақын әлем әдебиетінің қайнар бұлақтарынан
сусындаса да, бәрібір өз халқының қасиеті мен қасіретін, асылы мен қастерін,
мұңы мен зарын, қуанышы мен шаттыған, назы мен наласын, болмыс – бітімі
мен тіршілік қарекетін барынша ашып, барынша жарқыратып көрсетуі
мүмкін емес. Әлем әдебиетінің үлгі - өнегелерінен өле – өлгенше үйрен,
бірақ, сенің күре тамырың дәстүр топырағынан нәр тартып, қуат алып
қоректенсін. Тіпті әлем әдебиетінің, атпен шауып жүріпсырық қадағандай
қадау – қадау ірі тұлғаларынан алатын ең бірінші тәлім мен дәріс те осы
болуы керек. Өйткені әлемдік деңгейге көтерілген қандай бір ақын да, ең
алдымен, өзінің ұлттық дәстүр топырағынан еніп, сол топырақтан өсіп
шыққандар. Мен Ұлықбек Есдәулетовтың өлеңдерін оқи отырып, ағамыздың
да осыны қатты ұстанғанын байқадым.
Жаңа көрім дала неткен кең еді,
Басып өттік талай төмен төбені.
Монтиып бір көгендегі қозыдай
Ақша бұлттар төбемізден төнеді.
Бұл өлеңінде ақынның туған жерін қадірлегенін, сол бір балалық
дәуреннің ыстық болғанын, сондай-ақ өзінің кең дархан жазира даласына
тамсанғанын білуге болады. Туған жерге деген әр адамның өзіндік
махаббаты болады. Сондай жанның бірі – Ұлықбек Есдәулетов.
Күмістен сәуір аспаным
Күн шыққан кезде арайлап,
Қыр жақта ауылдастарым
Жұмылып жүрді жер айдап.
Ғажайып сурет бұл қандай?!
Тамсана жұттым таң нұрын,
Уысымда ұстап тұрғандай
Туған жерімнің тамырын.
«Ұлықбек Есдәулет. Бұл күнде Ұлықбек десе қазақ өлеңі, өлең десе
Ұлықбек көз алдыңа тұра қалады. Өзі өлеңге, өлеңі өзіне айналып, жырға
айналғандай», - дейді Ғ.Байбатыров
1977 жылдан бүгінге дейін шыққан ол шақты жыр кітабындағы мөлдір
де кіршіксіз жырлардың арқауы елге, жерге деген ыстық махаббат «Перзент
парызы» деген өлеңіндегі мына бір жолдардан айқын көрінеді.
Туған үйімнің терезесінен,
Қазақстан даласы көрінеді.
Аспанда ақша бұлт керіледі.
Ақша бұлтқа жолдаған сәлемі деп,
Ошағымның түтіні өрілді
Ошақтан басталған Отанның көркем бейнесі жүректен кіріп, ойыңды да,
бойыңды да еріксіз азаматтық пен ұлтжандылыққа толтырады.
Ақын шығармашылығында табиғат тақырыбына арналған өлеңдері де
аз емес. Оның әр өлеңдерінен табиғаттың айшықты көріністеріне жан
бітірген шеберлікті сезінеміз. Тамсандырар таңғажайып тамаша табиғаты бар
асқақ Алтай, Нұр Зайсан, буырқанған Бұқтырма, ерке де асау Ертіс өңірінде
өскен Ұлықбектің бұл тақырыпта қалам тартпауы мүмкін емес.
Ал адам мен табиғаттың туыстығын «Табиғат пен ақын» өлеңінде
ақын былайша айғақтаған:
Бұл жалғанда екеу ерке:
Бірі - ақын,
Бірі табиғат долылықтан тұратын.
Бір-біріне айбат шегер екеуі,
Тек екеуі бірін-бірі ұғатын.
Табиғатта сезім жоқ деп ойламан:
Ол да – ақын!
Білер мұны бойлаған.
Ақыныңды ақын еткен табиғат,
Кез-келгенде мұндай сана болмаған.
Бірін-бірі жүрер дәйім тірсектеп,
Бөлек өмір сүре алмайды бір сәтте.
Ол екуі – екі қылыш!
Қашан да
Армандайды жалғыз қынға сыйсақ деп!
Табиғат пен туған жерін жарыстыра жырлаған ақынның бұл саладағы
өлеңдері көл-көсір. Елі мен жеріне табына, тамсана жүрегінен төгілген
өлеңдерін қара сөзбен қайталап айтсақ ажарын қашырып, суретін
солғындатып, айтар ойын арзандатып алармыз. Оны оңаша отырып оқуың
керек, зерін зердеңе тоқуың керек. Бірер мысал:
...Жүрегім туған жерді сағынғанда.
Ериді Самарқанның көк тасындай.
Бір шөкім Зайсанымның топырағын
Бермеймін алтынға да атбасындай.
Ақынның табиғатты суреттеудегі өлеңдерінің бір шоғыры қыс мезгілін
суреттеуден тұратынын байқадым. Ақын ақ қарды суреттеуде бірде қарды
сулулықтың символы деп білсе, бірде ақ қардың дәрменсіздігін тағдыр
алдындағы адам дәрменсіздігімен қатар ала суреттейді.
Мен дәрменсіз екенмін,
Тағдырым салған талқыға.
Ақ қардай еріп кетермін,
Жетпестен өмір парқына.
Келесі өлеңінде ақын ақ қарды бірде ақын қиялына балап, бірде бір
жапырақ аспан, зеңгір көк эпитеттері, жоғалған ең бақытты сәтіне теңеу
арқылы сұлулықты сөзбен жан бітіре жырлаған.
Ақша қар, айлы аспанда қылаулайсың,
Сен маған қайта оралған қиялдайсың.
Сен келген бір жапырақ аспан ба едің,
Зер салсам зеңгір көктен бір аумайсың.
Енді бірде қыс мезгілінен Абай атамыз айтып кеткен «кәрі құданың»
қаһарын көре аламыз. Оны «Арқа қысы» және «Алтай қысы» өлеңдерінде
кездестіре аламыз:
Сынатұғын түрі жоқ,
Сүйреп келген қылышы,
Қасат қары сүрі боп,
Қыстың мынау тұрысы.
Осы өлеңде қолданылған самаржақ жел, ақ сәукеле, қасат қар эпитеттері
қыс мезгілінің ерекшелігін айшықтай түскендей.
Құба жонды
Қымтап қапты қар бүгін,
Қарға шығып,
Қарды кешіп қаңғыдым.
Қансонарда шұбырта әкеп шашқан кім,
Қарақұрым құстың ізін, аң жымын?...
Қар бетіне көшсе дедім, шіркін-ай,
Құс ізіндей менің-дағы бар жырым.
Қадалған көз қапы қалмай оқысын,
Қарда қалған бір жүректің зар-мұңын.
Қар ерісе – бірге ерісін қарғын боп,
Берсе – берсін қар суының тағдырын!...
Бұл - «Қансонарда» өлеңі. Өлеңдегі Қ дыбысының аллитерациясы
өлеңге ерекше көркемдік құрғандай. Ақын қансонардағы аң ізіні өз жырлары
деп көрсеткендей. Ақ қарға тұскен ізді жүрегінің зар-мұңына теңеген.
«Қорыта айтсақ, Ұлықбек Есдәулетовтің ерке назды, сылқым сазды,
үкідей үлпілдеген, жан жадыратып, қай-қайдағы қайта оралмас өмір
өткелдерін есіңе түсіретін нәзік сезімге толы лирикалары қандай керемет.
Жақұттай жарқыраған жыр маржандарын қанша оқысаң да құмарың
қанбайды. Иә, жалпақ елдің көкейкесті ой-арман, мақсат-мұратын көркем
кестелеп, айшықтап айту жөнінен Ұлықбек шабытына қамшы салдырған
жоқ. Көкірек көзі дүние құбылыстарын, тасада жатқан тылсым сырларын
қиядағыны шалатын қыранша көре қоятын және оны жүрекке жеткізе
жазатын көрнекті ақын» - деп баға берген екен Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі Қуанышбай Құрманғали.
Қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі бар ақын қыздарымыздың бірі –
Гүлнар Салықбаева. Оқырманға "Бір жұтым ауа, қызыл күн", "Жан",
"Аспандағы аңсарым", "Түс", "Кешіріңдер келгенімді өмірге" атты жыр
жинақтарын сыйлаған шығысқазақстандық ақын.
Гүлнар Салықбаева - 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан
ауданы, Жамбыл ауылында туған. Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың
лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар одағы сыйлығының және
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Абайдың 150 жылдық
мерейтойына арналған мүшәйраның жүлдегері.
Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). Қазақ мемлекеттік
университетінің журналистика факультетін 1986 жылы бітірген. «Қазақ
әдебиеті» газетінде, «Арай» — «Заря» журналында, Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығында қызмет істеді. «Атамұра» баспасында редактор, «Алаш»
баспасында бас редактор, «Қазақстан» телерадио корпорациясында «Жан»
бірлестігінің жетекшісі, «Қазақстан» телеарнасында бас редактор болды.
Қазір «Ел» продюсерлік орталығында сценарлық топтың жетекшісі.
«Бір жұтым ауа, қызыл күн», «Жан» атты жыр кітаптары жарық көрген.
«Жан», «Аспандағы аңсарым» атты М.Цветаеваның өлеңдерін аударып,
«М.Цветаева» деген атпен кітап болып шықты.
Гүлнәр Салықбайдың шығармашылығы жайында мерзімді баспасөз
беттерінде азды-көпті сөз қозғалғанымен әлі жүйелі түрде, ғылыми тұрғыда
зерттелмеген. Алтайдың ақын қызының поэзиясы қазақ халқының рухани
құндылықтары сапында тұратын, халқымыздың, әсіресе, жерлестерінің
мақтанышы.
Г.Салықбай поэзиясының күретамыр тақырыбы – махаббат, лирикалық
қаһарманы – «ғашық әйел»
«Жан» өлеңдер жинаңын төмендегідей топтастыруға болады.
Аударма
лары
Арнау
өлеңдері
Туған
жерге,
балалық
шаққа
деген
сағыныш
Аңсау, бір
жанды
күту
Өмір мен
өлім
жайлы
Ғашықт
ық
Ақын өлеңдері ерекше сезіммен жазылған. Әрбәр өлеңін оқи отып,
ақынның көңілінде, жүрегінде бір мұң бар екенін аңғаруға болады.
Г.Салықбаеваның өлеңдері әртүрлі тақырыптарда жазылған, бірақ барлық
өлеңдерінде бір ортақ ерекшеліктерді байқадым. Ол – ақынның жұмбақ
жаны. Жұмбақ дейтініміз – әдеби ортада бой көрсете бермейді, телерадио
түгілі, басылымдарға да сирек сұхбат береді. Оқырман оны тек жыры арқылы
ғана таниды. Ақын жүрегі өкіні, сағыну, аңсау, налу сезімдеріне толы
болғаны айқын көрінеді. Мысалы:
«Кімге сенем?»
Кімге сенем?
Кімді енді сағынам?
Түгдігімнен қарады енді қара мұң.
Мені алдаудан ешқандай шаршамастан
Төніп тұрды төбемнен қаншама аспан.
Ол өзінің “Жасартатын дәрі ішті ауыл бүгін” деген өлеңінде ауылдың
табиғатын ертегіге, даланың ұзатылар қызға теңейді. Өлеңнен үзіндіні алсақ,
мысалы:
Ертегідей боп кетті ауыл бүгін,
Ғажап едің,сен неткен,жауынды күн .
Ұзатылар қыздайын бұла дала ,
Інжу-маржан ,алқасын тағыңды мың...
Ақын “Ауыл түні өлеңі арқылы көктегі аймен, бұлақпен сырласады:
Серпіліп түннің мұңды тұманы –
Дегендей жарық қайсыңа жайлы.
Пердесін жайлап сырғытып,әні
Аруана көктен ай сығалайды.
Жадыра- жаздың,жүрегі –құрақ
Тербеліп тұрып қосылады әнге,
Жұмбақтау үнмен күледі бұлақ,
Бақытты шағым осы ма әлде?..
Шумақтарда айды аруанаға теңейді және ай сығалайды, күледі бұлақ
деу арқылы кейіптеуді қолданады.
Табиғат жайлы ақын жаны тебіренгенде туған жері тысқары қалған
емес. Туған жерге деген сағыныш көрініс тапқан өлеңі “Cұңқарбұлақ”.
Кеудесінде күлімдеп күн дем алған,
Саған бұлақ ,сары қыз күнде барған.
Бәйшешектер бәйгеге кен бір кез,
Қоя берген онда да гүлдеп арман...
Содан бері қаншама гүлдеді өңір ,
Өтіп жатыр ...өтеді жүрдек өмір.
Сұңқарбұлақ сылдырап жатырсың баЖағаңдағы білдіріп гүлге көңіл.
Сылдырап аққан бұлақ,бәйгедегідей жарысып өскен бәйшешек барлығы
ұштаса келе Сұңқарбұлақтың табиғатын тірілткендей яғни кейіптейді. Осы
кейіптеуден туған жан - ақынның сырласы.
“Ауылымды алғандай нұрға малып “өлеңінде ауыл табиғатын Асқақ
Алтай қысы бар тау көрінісі көрінді.Үзіндіде:
Үлбіреген ұлпаның бар ма саны,
Ақ түс бүгін қараны дарға асады.
Ақ қайыңдар –сұлулар ұзатылған
Аяқталмай әнінің жалғасы әлі.
Жүрегімнен бір бұлтты тағы да ұшты,
Самал есіп сазынан сағынышты ...
Әжем басқан әдемі текеметтей
Сықырлатып келемін ақ ырысты.
Ақын ақ қайыңды ұзатылар сұлуға теңейді.Тағы да көрсетер жайт ақ
ырысты қарға теңесе,әжесі басқан текеметке де теңеп кетеді.
“Қап –қара түнге қарадым”өлеңіне мән берсек.Өлеңде
Қап-қара түнге қарадым,
Қарадым-дағы қартайдым.
Бетеге болып барамын,
Аршасы едім Алтайдың.
Соңғы екі жолдан литотаны көреміз. Ақын өзін бір жағынан бетегеге
айналдырады. Бір жағынан метафора қолданғанын айқын байқалады.
Ж.Аймауытов: «Адам – алдағыш, адам – жауыз, өмір – азап, келешек –
қараңғы – бәрі өзгергіш, опасыз. Өзгермейтін, алданбайтын таза қасиетті
нәрсе не? Ол – табиғат. Табиғат, махаббат, көркемдік – міне, қашаннан бері
ақындардың жырлап келе жатқан, бас иген құдайы, жабыққан жанына ем
болған дәруі»
Қорыта келгенде, жалпы табиғат ақындардың лирикасында кең орын
алған тақырып. Қазақ поэзиясының көп ғасырлық тарихындағы көркемдік
дәстүрлердің жаңа сарындармен жаңғыра жырлануынан лирикалық жанр
табиғатындағы эстетикалық танымның әсемдік тағылымын танимыз.
2-бөлім: Арнау өлеңдер
Арнау өлең — Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде
ерекше орын алған.
Арнау жырлары, өзінің атауынан белгілі болып тұрғандай,
шығарманың белгілі бір объектіге бағытталып шығарылуы.
Ерте дәуір әдебиеті мен одан кейінгі кез арнау өлендерін саралап
қарастырсақ, арнау өлеңі өзінің құрамына мадақ жырларын да, аңсау
түрінде жазылған өлеңдерді де, сатиралық тұрғыдағы шығармаларды да,
ағартушылық тұрғыдағы ірі шығармаларды да қамтығанын байқаймыз.
Ақын лирикасының негізі – адам жанының нәзік сезімі, ақ сөйлейтін
пәктігі мен адалдығы, жақсы адамдарға тән жайдары мінезі болып
табылады. Ақынның өзі «Жан сырым» атты өлеңдер жинағының
алғысөзінде: «Өлеңді өзім үшін, жан өртімді басу үшін, жақсыларға
жүрегімді ашу үшін ғана жазатынмын», - деп жазып көрсеткендей осындай
қасиет Заманбек Әбдешев поэзиясында бар.
Ақын өлеңдерін үш топқа бөліп топтастырдым: туған жер тақырыбы,
туыс-туғандарға арналған өлеңдер, достарға арналған арнау өлеңдері.
Әр ақынның қаламына қанат бітіретін, шабытына шабыс беретін өзек туған жер тақырыбы.
Сүйем оның құмын да, қыраттарын,
Сүйем оның қасиетті бұлақтарын.
Көріп өстім таң атып, күн батқанын,
Көріп өстім тағдырлы мың қатпарын , деп ақын Әлібек Шегебай жырлағандай, туған жер тақырыбы Заманбек
Әбдешев шығармашылығының бастауы болған.
Арнау өлеңдерді
Туған жер
тақырыбы
Туыстарға
арналған өлеңдер
Дос-жаранға
арналған өлеңдер
Туып-өскен ауылына арнаған «Дайырым» өлеңінде:
Жүзіндей таза аспаным,
Өзіңде өтті жас шағым.
Достармен сонда шертіп ек
Балауса күннің дастанын.
Бал дәурен жыры құлақта,
Ержеттік, өстік жырақта.
Сендегі таза сезімді
Таба алмай жүрміз бірақ та.
Өлеңнің 5 шумағына туған жерге деген ақын сағынышы түн сыры,
балауса күнде шертілген дастан болып есіледі.Осы жолдардағы ақын
жүрегіндегі мөлдір сағыныш шынайы оқырман жүрегіне жетеді.
Сәлем, Зайсан! Туған өлке армысың!
Армысыңдар, Сауыр, Сайқан қарлы шың!
Саған қарай шырқай ұшты жыр құсым,
Саған қарай шырқай ұшты ән құсым.
Сырбаз мінез ерке Ертісім, тұнығым,
Тұңғиығым тереңінде сыры мың.
Құшағывңды аш, толқыныңмен аймала,
Аңсап келді, шаршап келді бір ұлың.
Зайсан көлім, жайсаң көлім, шарайнам,
Балығың боп жүзбедім-ау талайдан.
Өзегімді өртеуде бір сағыныш
Сан күндерден, сан жылдардан, сан айдан.
Сол сағыныш алды-артыма қаратпай,
Бет түзедім күншығысқа таң атпай.
...Алыс қалған қасиетті туған ел,
Тауыстың ғой, тауыстың ғой, тағатты-ай.
Ойды көркем жеткізуде қолданылатын құрамы мен құрылымы
тұрақты тілдік бірлік – фразеологизмдер ақын поэзиясында кеңінен көрініс
тапқан. Жоғарыдағы өлең тармақтарындағы «өзегімді өртеген» тіркесі
сағыныш сөзінің мағынасын барынша кең ашуға дәл қолданылған. Осы
жырда фигураның бір түрі әдепкі қайталау да қолданылған. Бұл тәсіл
өлеңнің интонациясын күшейтеді. Осы ретте қолданылатын тілдік
бейнелеу құралын ғалым Қ.Жұмалиев: «Кейде бір сөзді әдейі бірнеше рет
қайталайды. Кейде дауыс толқынын өзгертіп, сонымен бірге тыныс
белгілеріне де өзгеріс туғызады. Міне осылардың бәрін бір сөзбен атағанда
фигура дейді». – деп түсіндіреді. Алғашқы шумақтың 3,4 тармақтары
анафораға құрылған. Мұнда жыр шумағын толтыру үшін емес, әр сөзді
айқындай, бояулық қасиетін айқындай түсу мақсатында қолданылған.
Бақасу – ақынның тамырда тулап аққан қаны, ыстық жалыны мен ақ
көңілі. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді.
Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал
күлкілі балалық шақтан басталады.
Бақалым, жағаң бал құрақ...
Жас талдан бір-бір арғымақ
Мініп ап шауып кетуші ек,
Сан тұрып жерден, сан құлап.
Мың құлап жерге, мың тұрып,
Көкпар да тарттық құлшынып.
Қырыңды кездік көк қуып,
Көктеме келсе гұл шығып.
Туған жер, ауылым – Бақалым,
Тал бесік туған Отаным.
Аңсап бір келіп алыстан.
Шалғыныңда аунап жатамын.
Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны
елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да
тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі
оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады:туған жер,туған
көше, туған қала. Ақын үшін аса қымбат жер Бақасу ауылынан басталады.
Ақын өлеңдерінің екінші бір бір тармағы ата-ана, туыстарға арналған
өлеңдері. Бұл өлеңдерінде ақынның бір мұң, бір сыр аралас назды сарыны
шертілсе, бір қырында туған –туыстарының мерейлі мерекелеріне
құттықтау сөз түрінде жазылған өлеңдері бар.
Сырлас, мұңдас
туыстарға
арналған өлеңдер
Туыстарға
арналған
өлеңдер
Мерейлі
мерекелерге
арналған өлеңдер
Ата-ана - әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген
сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі,
махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қаттыссыз
дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана
алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Ана - әрбір
адамның ең жақын жанашыры, қомқоршысы, қадірлісі, жанын да аямаған
ардақтысы.
Ана- жүрек, жүректі құдіретте!
Ана- тірек, тіректі құрметте!
Ана- шыңың, шыңыңа сағынып жет!
Ана- күнің, күніңе табынып өт!
Расында да, адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы, ең
алдымен балаға ақ сүтінен, ана жүрегінің жылуынан дарыған.
Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.
Ақынның «Жан сырым» өлеңдер жинағы да, алғысөзінде
жазылғандай, апасы Мәриә Жұмашбайқызының рухына арналғанын көре
аламыз. «Апама» деген өлеңінде:
Жанарыңнан шуақ төгіп жаныма,
Жүрегінде тұрады тұнып мейірім.
Үнің келді құлағыма тағы да:
«Адалдықтың жақтасы бол ей, ұлым!»
«Жамандықтан алыс жүрсең болғаны,
Балғын шақта ойнап-күле бер»,-дедең.
Өзің үшін қызық еді ол-дағы,
Көрінсе де кей қылығым елге мін.
Көз ілмедің кей түндері мен деумен,
Ұзақ таңға түн ұйқыңды төрт бөліп.
Сонда мені тосыпты апа белдеуден,
Өмірде бір асау тұлпар ерттеліп.
Ықыласың бөлек-ау тым балаңа,
Сондықтан да саған шолжаң, ерке едім.
...Жүр жабығып қарызыңның, жан апа,
Жүзден бірін өтей алмай тентегің.
Ақынның ақындығы – шындығында, жүрек сөзінде, З.Әбдешевше
айтсақ, «жүрек жапырағын алдымызға жайып салуында». Ақын нені арқау
етпесін, не туралы жазбасын – барлығы өмір.
Әдебиетте мұң мен зарды, ар мен ұятты, жауыздық пен жақсылықты,
пасықтық пен адалдықты бір-біріне қарсы қоя отыра суреттеу жиі
кездеседі. Ақын өлеңдерінде бір мұң, бір сыр аралас назды сарын
шертетін, яғни элегиялық сарындағы шығармалар да жазды. Бұл
өлеңдерінің көбі монолог, диолог түрінде кездеседі. Мысалға алсақ:
Көз жасын көл ғып талай бұлар жаным,
Кеудемде мәңгі кетер бір арманым.
Алыстан оралғанда сағынашпен,
Алыстан құлыным деп шыға алмадың.
Ақталмай қалды-ау сол бір ақ таңғы үміт,
Шықпадың салғаныңмен аттандырып.
Арманның ақ тауына шықтым дер ем,
Есікті өзің сонда ашсаң күліп.
Деп жатыр: «Жыламағын, болма бала,
Кір үйге, апам жоқ деп қорғалама».
Өз орының бос тұр екен, үйге кірсем,
Өзіңнен күдер үздім сонда ғана.
Арада жылдар өтты, жас құрғады,
Дөненім бесті болды астымдағы.
Өмірі бір қайырып көрмегендей,
Бақытқа аз күншілік маспын тағы.
Апажан, кеше тентек жас көрінген
Екінші ұлың келді әскерініен.
Тағы да қуанышта көрінбейсің,
Сен бізге жоқсың енді,әсте, білем.
Арман-ай, бір жанып, бір сөнетіндей,
Арман-ай, қайғы-мұңды бөлетін кей,
Екеуіміз есік жаққа жалтақтаймыз,
Кенеттен өзің кіріп келетіндей.
Келесі өлеңінде:
Бала шақта алғаш сөйлеп, күліп мен,
Қаз басқанда қарап едің үмітпен.
О, апашым, сөйткен мынау ұлыңнан,
Топырақ та бұйыртпасын біліп пе ең?
Ащы мұңды өзегімнен өткізіп,
Өміріңді қатал тағдыр кетті үзіп.
Хат жазыпты сол бір жайды Қуанбек
Үш-ақ ауыз өлеңменен жеткізіп.
Ақын осындай өлеңдерінде өкінішің, мұңын жырға қосса, келесі
өлеңдерінде сенімді болашақтың кейіпкерлерін көз алдыңа елестетеді.
Әй, аға, менің атам Әбдеш деген,
Жан ба еді мұз жастанып, қар кешпеген?
Артында мына біздей ізі барда,
Аты оның деп біліңіз мәңгі өшпеген.
Тағдырға мойымайтын өр болатын,
Тас түйін қыран құстай қомданатын.
«Ән салшы-ай, бір бала-аймен» қой шетінде,
Даусымен қоңыр сазды толғанатын.
Лаулаған ақ жалыннан болады ұшқын.
Сол менмін, жалғасымын сол арыстың.
Бұл – біздер, жалғасымыз болашақта
Тау бұзып мәңгі ағатын мол ағыстың.
Өлеңнің алғашқы шумағы «мұз жастану, қар кешу» тіркестері арқылы
тарихи кезеңнің куәсі болған Әбдеш атасын таныстырса, соңғы
шумақтарда «ағыстың жалғасы» деп өмір сабақтастығын жырлайды.
Ақ тілегем – қос ботама арнаған,
Құлағың сал, жас келінім, жас балам!
Сендер жетіп, ту тігіңдер басына
Асқар шыңның біздер жете алмаған.
Мен сендердің тілекшіңмін Құдайдан,
Тек жақсылық тілеп өтем күн, айдан.
Көрсептесін кездеріңді жылаған,
Көрсетпесін кездеріңді мұңайған.
Бұл – «Әке тілегі».
Көркемдеу құралдарын қолданудың тағы бір тәсілі – сөздерді
ауыспалы мағынада құбылтып қолдану. «Әдеби тілдегі ең басты
құбылтудың бірі – алмастыру, яки метафора – сөз мәнін өндендіре өзгертіп
айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін,
ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас не басқа бір затқа не
құбылысқа балау; сөйтіп суреттеліп отырған заттың не құбылыстың
мағынасын үстеу, мазмұнын терңдетіп, әсетін күшейту» деп З. Қабдолов
көрсеткендей бұл тәсіл З.Әбдешев өлеңдерінің де көркемдік қуатын
күшейтетін тәсілдің бірі.
Ақынның бір топ өлеңдері туған –туыстарының мерейлі мерекелеріне
құттықтау сөз түрінде жазылған. «Құмарбек ағаға» өлеңінде «Құмекең –
жарқылдаған алмас қылыш» деп метафора тәсілін ойды айқындай түсу
үшін қолданған десе де болады. Қазақ халқының ұғымындағы киелі
бәттерекке балауы да орынды:
Естіліп думан-тойдың жыр дүбірі,
Тағы да Алматының күлді күні.
Құмеке құтты болсын мерейтойың,
Жетпіс жас бір адамның нұр ғұмыры.
Жақсы аға, жақсылықтан жаратылған,
Ортада бір бәйтерек дара тұрған.
Жүргенің дидарыңнан шуақ шашып,
Бөлісіп алаулаған жан отыңнан.
Бұл күнде ата болдың немерелі,
Көргейсіз, Тәңір жазса, шөберені.
Құмекең – жарқылдаған алмас қылыш,
Ал, алмас айтшы қалай көнереді?
Дайыр ауылында ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған
Базылбек аға мен Ханшайым апайдың мерейтойына арналған «Бәз аға мен
Ханшайым жеңгеме» өлеңінде:
Тойында Бәз ағам мен Ханшайым
Шабытпен жыр көгіне тағы ұшайын.
Жар салып мерейтойдың құрметіне,
Ғарышта зымыранмен жарысайын.
О, менің аяулы ағам, асыл жеңгем,
Әлі де жас арудай қасын керген.
Мерейтой құтты болсын, аға-жеңге,
Дәл бүгін жүз жиырмаға келген жасы.
Сұрама жай-жапсарын, не себептен,
Әйтеуір, келешектен юбақыт күткен.
Бүгінде бір әулетттің отағасы,
Өмірін еңбегімен өрелі еткен.
Жүз жасаңда, осыған сенеді елің,
Ішінде бала-шааға, намеренің.
Бәз аға, аман болсын Қыз Жібегің,
Ханшайым, аман болсын Төлегенің.
Достық туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауер өзінің
«Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз
шынайы достық адамдардың бір-бірінен терең, таза және адал қарымқатынасын талап етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен
қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи
өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» депті.
Ал, достық туралы ақын:
Достарым, алдың арман, өткенің із,
Өтер жыл, өтер өмір, көктеміңіз.
Құрбым-ау, жастық шақта ойна да күл,
Бұл дәурен қайта оралар деп пе едіңіз?!
Достарға арналған өлеңдер
Балалық шақты
еске алу, жастық
шақты сағыну
Жұбату,
жігерлендіруге
тырысқан өлеңдері
Ақынның жастық шақта «қиял мен арман қуған» достарына арнаған
бір топ өлеңдері таза достық сезімге, қайта оралмас жастық шаққа деген
сағыныш сазына толы. «Достарға» деген өлеңінде:
Жүретін күліп-ойнап, қайғы-мұңсыз,
Кіндер-ай, басымыздан тайдың үнсіз.
Кешегі жүзіп ішкен сан қызықтың
Достар-ау, қалдық ұстап қайбірін біз?
Тапты деп ойламаңдар тосын жайды,
Айтып та қойған дұрыс осындайды.
Бір сағат жұп жазбаған жігіттер ек,
Басымыз екі-үш айлап қосылмайды.
Осыған күйінбей ме, күйіне ме,
Басымыз қосылмайды жиі неге?
Кешегі бір бөлмеде жатқан жанның
Бармаймыз шақырмаса үйіне де.
Сыр бөлісетін, сыр мінезді досы Сауытбекке арналған өлеңінде ақын
жас дәуреннің жалғасы болған достықтың үзілмегенін жырлаған.
Сауытбек, келші, досым, сырласайық,
Қиялмен кешегі өткен қырға асайық.
Жас шақтан азды-көпті сыр толғасам,
Өткенді қаздың деп жұрт қылмас айып.
Тұс-тұстан жиналып ек Алматыға,
(Бізден мәрт ол кезде жан бар ма, сірә?)
Бұла шақ, бойдақ күндер қамсыз-ойсыз,
Әлі ешкім жолықпаған «қарғашына».
Жетеу ек, жетеуіміз де кіл періміз,
Шаттықпен өткен күн мен түндеріміз.
Есімде ұзақ таңдар көз ілместен,
Қиял мен арман қуып жүргеніміз.
Сауытбек ортамызда жүрген өзің
Өзгермей сол баяғы сыр мінезің.
Арманның айдынында құлаш ұрдың,
Болған жоқ күйрек кезің, мұңды кезің.
«Ризабекке» өлеңінде досынының уайымын бөлісіп,
жігерлендіруге тырысқан дос көңілін байқауға болады.
Басынан не өтпейді бұл адамның
Оқасы жоқ сүрінген, құлағанның.
Тек қана уайым бұлты торламасын,
Етегін арман атты мұнараңның.
жұбатуға,
Жігітке жараспайды ездік деген,
Ондайды қатал тағдыр тез бүктеген.
Ертеңге қолтаңбасын қалдырады
Нелер бір қиындыққа төздік деген.
Күрсінбе, көтер басты, күл шаттанып,
Қалмасын көкіректе мұң сақталып.
Еңсені түсірмейік, жыламайық,
Алдында дар ағаштың тұрсақ-тағы...
Жылынып жақсылықтың шуағына,
Шомылып ақ арманның бұлағына,
Сене бер, күннің кірбең бұлтын түріп,
Ертеңгі нұрлы күннің туарына!
Өлеңдегі «уайым бұлты торлау», «еңсені түсірмеу» тұрақты тіркестері,
арманды мұнараға балап қолдануы ақындық қуатты айғақтайды. Досына
келер күннің шуақты екенін сендіргісі келеді.
Ақын өлеңдерінің бір шоғыры – Зайсан ауданының тумаларына
арналған өлеңдер. Ол «Зайсан» атты жыр жинағының «Күн ортақ. Ай
ортақ. Жақсы ортақ» деп аталатын екінші бөлімінен көре аламыз.
Жазушы Ғаббас Қабышевқа арналған «Көзіме танылады дара тұлғаң»
деп аталатын өлеңінде ақын жазушының дара тұлғасын бәйтерекке балап,
ағалық қамқорлығын адасқан кездегі жол сілтейтін шамшырақтың
сәулесіндей сипаттайды.
Мұңды да, шаттықты да – бәрін бастан,
Өткіздік өмірге түк шағынбастан.
Қимастық арамызда орын тепті,
Ет жақын туыстардай бауырласқан.
Әсерін сезілгендей мол шуақтың,
Терімді маңдайымнан тамшылаттым.
Адасқан кездерімде жол сілтедің,
Жарқырап сәулесіндей шамшырақтың.
Айшықты ай секілді жаңа туған
Көзіме танылады дара тұлғаң.
Ғұмырда аз жолықтым сендей жанға,
Әділдік үшін ғана жаратылған.
Бұл өлеңінде ақын іні болса, «Жас жаның мөлдіресін тұнық көлдей»
өлеңінде ақын Ұлықпен Есдәулетке ағалық мейірімін көрсеткен. Інісі
Ұлықбек ақынның талабы мен талатын жоғары бағалаған. Биік белестерге
жетуіне тілктестік білдіргенін көре аламыз.
Кешегі Мағжандардың көзімісің,
Сабырлы Мұқағали сөзімісің?
Бір саған жүгінсек те жеткілікті
Өнердің құдіретін сезу үшін.
Зайсан өңірінен шыққан тұңғыш кәсіпкер Сағынтай Мейірманұлы
Спамбетке «Қырандар дара самғайды» топтамасында ақын ішкі
толғанысын жер, су, табиғат құбылыстарымен астастыра жырлағанын
байқадым.
Қапелімде басқа сарынтапқандай.
Жеменейім жыламсырап аққандай.
Аңдамадым құлағанын еменім,
Тосын дауыл бұрқыратып соққандай.
Қаңтардағы сары аязда тоңғандай
Ақ қайыңның көзінен жас тамғандай.
Қою тұман құшағында мұнарланып
Сауыр, Сайқан жетімсіреп қалғандай.
Жеке, дара самғап ұшқан қыраным,
Болмады ма қолдайтұғын сыңарың?!
Әжептәуір жанғанымен, жалп етіп
Неге сөнде жарығынан жарығым?
деп «Зайсанның сүйікті ұлы» деп атаған тұлғаны желге құламайтын
еменге, қалықтаған қыранға балап, бір мұң, бір сыр аралас назды сарын
шертетін байқадым.
Танымал әншілар Айгүл, Қанат Құдайбергеновтерге арналған «Қос
ғашық» өлеңінде ғашықтық жырының кейіпкерлерін көз алдыңа
елестетеді:
Ұл-қызы бар сендердей
Халқым- кеніш береген.
Ортамызға келгендей
Қыз Жібек пен Төлеген.
3-бөлім: Ұлттық рух. Ұлттық сана. Ұлттық мәдениет.
Ұлттық рух ‫ ــ‬бір ұлтты басқа ұлттан парықтандырып тұратын сол
ұлттың өзіне тән ішкі рухани жан дүниесі, ұзақ уақыттар бойы біртіндеп
қалыптастырған салт-дәстүрі, құн көзқарасы, мұрат-мақсаты негізіндегі
психикалық даралығы, өзіне тән қажыр-қайраты мен намыс-жігері
қатарлылардың шоғырлы бейнесі. Өскелең ұлттық рухтың болуы бір ұлттың
қоғамдық ортада өмір сүруі мен дамуында, ұлттық обыразын өзге жұртқа
танытуында, ұлттың жалпы тұлғалық бітімін жоғары деңгейге көтеруде
шешуші рол атқарады. Мейлі қай кез, қандай жағдай болсын әрқандай ұлт
өзіне тән рухи деңгейімен өзге ұлттан ерекшеленіп тұрады. Қажыр-қайраты
мықты намыс-жігері күшті ұлттың ұлттық рухы дәуірдің алға ілгерілеп,
қоғамның дамуына сай жаңарып, әрленіп, толықтанып отырады. Зайсан
өңірінен түлеп ұшқан қаламгерлердің бірі көрнекті ақын Асқар Егеубайдың
таңдамалы шығармалар жинағының екінші томына поэмалары мен
дастандары топтастырылды. Ақын дастандары «Қыран ғұмыр», «Сфинкс»,
«Сарыарқа», «Ойлан,қазақ!», «Желтоқсан», «Астана», «Шу батыр»,
«Аламан», «Сарайшық», «Бағдат хикаясы», «Тайқазан», «Мыс шаһары»,
«Жыл басы» т.б. Қазақ елінің қилы тағдырын бейнелеген тарихи деректерге
бай, көркем туындылар.
Асқар Құрмашұлы Егеубаев 1950 жылы 6 наурызда Шығыс Қазақстан
облысы, Күршім ауданының орталығында дүниеге келді. 1974 жылы ӘлФараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін
бітіргенге дейін ол еңбек жолын Зайсан ауданындағы Үлкен Қаратал
мектебінде мұғалімдіктен бастады. Одан кейінгі жылдары Марқакөл
аудандық «Шамшырақ», Зайсан аудандық «Достық» газеттерінде корректор,
әдеби қызметкер, білім меңгерушісі, «Қазақстан коммунисі» журналында,
«Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Жазушы»
баспасында Бас редактордың орынбасары, «Жұлдыз» журналында бөлім
меңгерушісі, «Қазақ энциклопедиясында» Бас редактордың бірінші
орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде, Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесінде, ҚР Парламенті аппаратында референт, баспасөз
қызметінің басшысы, кеңесші, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік
қызмет академиясының бағдарлама директоры болып қызмет атқарды. 2003
жылдан бастап М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті.
Асқар Құрмашұлы 1989 жылы Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік»
дастаны (ХІ ғасыр) және оның қазақ әдебиетінің дамуына идеялық-көркемдік
ықпалы («Дәстүр, поэтика және аударма мәселелері») деген тақырыпта
кандидаттық, 1999 жылы «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірдегі көркемдік
жүйесі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Одан кейін Қазақ
Ұлттық университетінің факультетінде профессорлық міндетті қоса атқарып,
жемісті ұстаздық жұмыс жүргізді. Ол Қазақстан Жазушылар одағы
басқармасының мүшесі еді.
Асқар Егеубаев поэзия, әдеби-сын зерттеу кітаптары мен романдардың
авторы. Ақын шығармалары нәзік лиризмімен, заманның толғақты
мәселелерін дер кезінде көтерген өткірлігімен, азаматтық белсенділігімен
ерекшеленеді.
Қазақ тарихын толғаған дастандар жүйесінде ұлттық салт-дәстүріміз,
ұлттық құндылықтарымыз, ұлттық мәдениетіміз суреткерлік шеберлікпен
өрілген. Осыған дәлел ретінде «Тайқазан» дастанын мысалға алуымызға
болады.
«Тайқазан» дастаны-қазақ халқының салттары атау болған тоғыз
бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Ақсарбас, Көкқасқа». Бұл салт бойынша
адамдар қауіп-қатерге ұшырағанында: «Алла Тағала, құтқара гөр! Ақсарбас»деп құрбан атайды.
Ақсарыбас - құрбандыққа шалынатын тоқты (қошқар) мағынасына ие:
«Ақсарбас!» деп үш қайталаған. Кейін әлгі адам ауыл аймақ, туған-туысын
жинап «құдайы ас» таратқан.
Ақсарбас!
Көкқасқа!
Май тамыз отқа, шоқ таста!
Қиырға қосқан қиырды,
Қияннан жұртым жиылды.
Қожа Ахметке қауышып,
Арыстан бабқа сиынды!
Көктің нұры құйылды,
Түркістандағы көк тасқа!
Екінші бөлім-«Сауын». Сауын алу (салт) "Ердің күйін сұрама, жұрттан
сауын сауған соң"("Ел аузы" кітабынан). Бұрын кедейлер мен малы аз
адамдар ауқатты байлар мен жақын ағайындарынан сүтін пайдалану үшін
сауынға деп құлынды бие немесе бұзаулы сиыр, кейде бірнеше қой, ешкіні де
белгілі бір уақытқа сұрап алады. Сауынға алған малдың сүтін, май, қаймағын
пайдаланып, қысқа құрт, ірімшігін дайындайды. Сауын тәртібі бойынша,
алған адам малдың күйін төмендетпей және оның төлін де мезгілінде аман
әкеліп тапсыруға кепілдік береді, шығын болса сөз айтпай төлейді. Сауын
алудың ереже, тәртібі осындай, оған ешкім дау айта алмайды. Ертеректе
кедейлер байлардан сауын беруге міндетті болған. Бұған ел ағалары мен
ақсақалдары да араласып, ауқатты кісілерді осындай жәрдемге шақырып,
ықпал етіп отырған. Бұл да қазаққа біткен қайырымдылық қасиетінің бір
көрінісі екені анық. Оны мына үзіндіден көре аламыз:
Адасқан қаздай қаңқыдап, қиқуың жанды қозғалсын,
Аруаналарым аңырап, боталарым боздасын!
Қауіп пен үміт арасын алма-кезек барлағын,
Қам көңіл қазақ баласын, Қазірет Сұлтан қолдасын!
Келесі бөлім «Сүйінші». Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін
сыйлық. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған
адамның келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін, т.б. қуанышты
сәттерді алғаш хабарлаушы сүйінші сұрайды. Сүйіншіге бағалы зат немесе
ақша береді.
Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді.
Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза
болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші
сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.
Халқымызда біреу екінші адамға жақсы хабар жеткізіп қуантса, сүйінші
кәдесін алатын салт бар. Бұрынғы әдет ғұрып заңы бойынша жоғалған
қымбат затты тауып, не оның қайда екенін көрсеткен, не ұрыны ұстаған
адамдар иесінен сүйінші дәметкен, егер иесі бұны беруден қашқақтаса, биге
жүгінуге хақылы болған.
Сүйінші көлемі хабаршының көрсеткен қызметіне және жоғалып
табылған заттың бағасына байланысты анықталған. Мәселен, ұрланған
малды тауып әкеліп берсе, одан әлгі малдың құнынан жиырмадан бірін, ал
ұрыдан тартып алса, бестен бірін, ал ұрының өзін әкелсе, ұрланған малдың
жарты құнындай сый алған. Егер хабаршы жоғалған малды көрмей, оның
қайда екенің естуі бойынша жеткізсе, құлақ сүйінші алған. Ұры жоғалған
малды өзі әкеліп берсе, әрине сүйінші дәметуге хақысы жоқ. Егер жоғалған
малды табуға, не ұрының мойнына қойып беруге уәде етіп, сүйінші алған
адам, уәдесін орындамаса, алған сүйіншісінің белгілі бір бөлігін қайтаруға
тиіс.
Жалпы қазақ халқында сүйінші жақсылықтың нышаны. Беті балбұл
жанып сүйінші сұрай келген адамға қалағаныңды ал, деп қолын еш қақпаған.
Күні бүгінге дейін бұл дәстүр жалғасын тауып, сүйінші сұрау жақсылықтың,
қуаныштың нышаны болып келеді.
Сүйінші берілмеген жағдайда, сұраушының бағалы зат алып қашуына
болады. Бұл бөлімдегі сүйінші сөзінің қайталануы, қаратпа сөздердің
қолданылуы өлеңнің көркемдік қуатын арттырады.
Сүйінші, баба Арыстан!
Тайқазан келді алыстан!
Сүйінші, баба Сұлтаным!
Қазаным жетті, құт дарыр!
Сүйіншілеп балалар,
Шашуын шашты аналар.
Осы тармақта «шашу шашу» дәстүрін де көре аламыз. Шашу – қуаныш
айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр.
Шашу бала туылғанда, тұсау кескенде,сүндетке отырғызылғанда, келін
түскенде, күйеу келгенде, отау көтергенде, бүркітұстап әкелгенде, жүйрік ат
бәйгеден озғанда, алыс сапардан жолаушы оралғанда, жақсылық күндерде,
құдакелгенде, тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, ірімшік,
өрік-мейіз,кәмпиттен, күміс теңгеден шашылады. Шашылған шашудан тойға
қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді.
Шашуды, әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да, оны жастар,
балалар теріп алады. Кейде тойдан тәбәрік ретінде үлкендер де алып, үйдегі
жас балаларына апарып береді.
Шашудың екі түрі бар. Бірі шашылады, екіншісі шашылмайды. Тойға
көп адам шашу әкелетіндіктен оның бәрін ысырап етіп шаша бермейді. Тек
белгілі бір бөлігін ғана шашып, жосын-жоралғыларды жүргізеді. Туыстуғандар әкелген дастарқан Шашу ретіндегі қазақ халқының қуаныш-тілегін
білдіретін ниеті болып табылады.
Оның бастаулары кем дегенде көне түркілік замандарға барады.
Түркілер қуаныш кезінде құрт, ірімшік сияқты ақ тағамдарды “ақ жолтай“,
“ақ тағамдай ақ болыңдар“, “ақ ниет тілейміз“ деп шашқан. Кейіннен татутәтті болсын деген ниетпен Шашуға кәмпит қосылған. Дәстүрлі қазақ
қоғамында ауқатты адамдар күміс, алтынтеңгелер де шашқан. Шашу қазіргі
уақытта да кеңінен қолданылуда.
Егерде ұлттық мәдениет деген сөзге қайта келетін болсақ, қазақ халқы
өзінің тұрмыс-тіршілігіне бейімделген ежелден өзінінің ұлттық мәдениетін
қалыптастырды. Ол мәдениет негізінен көшпенді өмір салтына бейімделген
болатын. Сондықтан қазіргі қазақ мәдениетін еуразиялық ұлы дала
көшпенділерінің мұрагері деуге болады. Қазақта «ата-қоныс» деген ұғым бар.
Яғни, «ата-қоныс» қазақ үшін киелі жер болып саналады және осы көшіпқонып жүрген жерлердің тауы мен даласы, өзен мен көлдері, орманы мен
құмы қазаққа өте ыстық, әрі қасиетті болып көрінеді. Сол себепті қазақ халқы
аңыз-әңгімелерінде, өлең-жырларында өзінің өмір сүретін табиғат ортасының
сұлулығы мен әсемдігін творчестволық шығармашылыққа арқау еткен.
Бұрын қазақ халқы өз алдына, тәуелсіз мемлекет болып өмір сүргенде оның
мәдинетімен қатар әдебиеті де қалыптасып дамыған. Әдебиет, былайша
айтқанда көркем сөз өнері қазақ халқының өмірінде жоғары бағаланып,
рухани мәдениетінің дамуына зор үлес қосты.
«Саналы азамат екен дейміз мінезіне ақылы сай ізетті, ізгі адамға
мінездеме бергенде. «Санасыз, тоғышар, топас, дөрекі, дөкір» – деп те
жерден алып, жерге салып сөгеміз жаман әдетке жақын тұрған, әдепсіздікке
бой ұрған замандастарымызды. Сана-сезімі терең, таным-білімі таяз
ұғымдары тағы бар. Тұрмыстық деңгейдегі сана ұғымы қалыптасқан әдетғұрыпты сақтаудан басталады десек қателеспейміз.
Асқар ағамыздың поэзиясы айтулы асуының бірі, дәләрек айтсақ, ол
кісінің өлең өлкесіндегі үлкен белесі –«Аламан» атты жыр жинағы. Мұнда
ақын өзінің өмірде түйген ойларын эпостық тыныспен жырлаған. Ақынның
тынысы ашылып, ел-жұртымен ашық сөйлесіп, өзінің де жан сырын
жасқанбай жария етеді.
« «Аламан» дастаны- ұлттық намыс туралы дастан. Намыс жыры. Аялар
асыл қасиеттерді көзіңе тосып, көкірегіңе басар туынды. Мерт болған
жүйрігінің жолын жанұшырып жалғастырып, мәреден қос өкпесін қолына
ұстап өткен сәбидің-Бала қазақтың, Құйттай қазақтың қайсарлығын
қастерлер ескерткіш. Ел боламыз десек, мәйек тұтар әр қасиетіңді ардақтар
осындай өнер сөзі дәйім көбейе берсін деп тілейік тек» дейді Зейнолла
Серікқалиев.
Мал мен Жанның кірігетін тұсы бұл,
Жан мен жанның бірігетін тұсы бұл!
Жүректінің жүгіретін тұсы бұл,
Білектінің бүгілетін тұсы бұл.
Көк семсердің сұсы бұл,
Көк найзаның ұшы бұл...
Мал-малдының мысы, біл,
Жан-бәйгенің құсы , біл!
«Ойлан, қазақ!» атты ой дастаны өзінің құрылымы, тақырыбы,
поэтикалық пафосы жағынан алғанда қазақ поэзиясындағы тосын туынды.
Ол ой:
Ойлан, қазақ!
Ойлан, ойлан, ойлағын,
Тұлпар міндің, темір міндің
Ойға мін!
Ойға мін де, ойланбаған ойлардың
Орман орман орамына бойлағын,
- деп үндей отырып, ұлттық санамыздың даму жолындағы барлық
тебіреністі сәттерді еске ала толғанады. Сонымен қатар бұл өлеңнің
көркемдік қуатын О әріпінің ассонанысы да арттырып тұр.
Мұндағы басты лирикалық кейіпкер-ой. Ұлттың тәуелсіздік жолындағы
өр рухын ой-ұшқын, ой-нала, ой-дауа, ой-дәт арқылы желіге тарта отырып,
тамырлы түйіндер жасайды. Сол ойдың тереңіне бойлап, астарына үңіледі.
Ой туралы ой қозғай отырып, ұлтымыздың барлық күйініш сүйінішін
сезіміңді шымырлата жеткізеді.
Ойлан, қазақ...Ойлан, ойлан, ойлап көр,
Оймен өмір иірімін бойлап көр.
Туа сала терідейін илеген,
Иілмейтін тағдырыңмен ойнап көр.
Ой...
Үзік-үзік... Ұшқын-ұшқын...
Ата-бабаңның түйдек-түйдек көк бұлты,т көкірек
демі сияқты.
Лек-лек ... Ұшқын-ұшқын...
Өзіңнің бар екендігіңді, Жеріңді, Еліңнің бар екендігін сездіретін де сол
ой. Жұмыр басты жұрттың бәрін тайлы-тұяғымен біріне-бірін жалғап,
жақындастырып қойған да сол ой тұңғиығы.
Ұлттық тарихымыздың толғамалы жақтарынан сыр шертетін, қазақ
батырларының бойындағы өр мінезді танытатын өлеңнің бірі –«Ащыны да
татқанбыз». Бұл өлеңде ақынның көркемдік қуаты да анық көрінеді. Ж және
Т дыбысының аллитерациясы арқылы өлеңнің көркемдік қуатын арттыра
білген.
Ащыны да татқанбыз,
Тұщыны да татқанбыз...
Сыңсытып жасыл бауларды,
Шоғындай жанартаулардың,
Ағыл да тегіл аққанбыз!
Ақ қырау зерлеп қатқанбыз!
Жасынан шөлді басқанбыз,
Жәуһарын көктің татқанбыз.
Жайнатып тұмса шақтардыЖалқындап түндей батқанбыз!
Жарқылдап күндей атқанбыз!
Самалмен жеопіп Аспан-қыз,
Шөліркеп шөлден де асқанбыз.
Тау-тастан құлап, бұрқырап,
Жазықты құшқан шұрқырап,
Өзендердей тасқанбыз!
Түндікті түре ашқанбыз,
Түндіктен жұлдыз шашқанбыз.
Түн баласы көз ілмей,
Толықсып сәске кезінде,
Томаға тартып жатқанбыз!
«Өлең – сөздің патшасын» киелі санап, жан дүниесін тербеп маза
бермеген шақтарда ел мен жер, заман мен қоғам, табиғат пен махаббат
туралы толымды толғамдарын ойлы да көрікті, әрлі де нәрлі етіп мөлдіретіп
жыр жолдарына түсіріп, оны кітап етіп шығарып қалың халқының сусағанда
сусынын қандырып жүрген қазақтың көрнекті ақыны, халықаралық «Алаш»
сыйлығының лауреаты, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетов.
«Ұлықбек Есдәулет. Бұл күнде Ұлықбек десе қазақ өлеңі, өлең десе
Ұлықбек көз алдыңа тұра қалады. Өзі өлеңге, өлеңі өзіне айналып, жырға
айналғандай», - дейді Ғ.Байбатыров. «Ұлықбек Есдәулетовте мынадай үш
өлең бар: «Жылқы мінез», «Қасқыр мінез», «Таулық мінез». Осы үш өлеңнен
қазақтың ұлттық болмысы көрінеді. Сөз жоқ, Тау қазақ поэзиясында ең
алдымен асқақтықтың, биіктіктін белгісі. Дегенмен таудың іріліктің,
мықтылықтың да бейнесінде қолданылатынын айтуымыз керек. Мәселен,
Ә.Тәжібаевтің «Толағай» өлеңіндегі тауды көтерген күшті батыр бейнесі
халық есінде тау тұлғасында қалды. М.Мақатаев поэзиясында тау – ірі
қуаттың сиволы. «Ей, Таулар, ығысыңдар» деген ақынның тауларға өктем
сөйлеуінен оның алып рухын танимыз. Ұлықбек «Таулық мінез» өлеңінде
лирикалық кейіпкер таудың тастарымен күш сынасады» дейді Р.Зақанқызы
Қорқасың мен жүзетін долы өзеннен,
Сенбесең бір қарашы терезеңнен.
Толқындар тасты аунатып жатқан жоқ па,
Ал менің жақын досым сол ежелден.
Сен болсың тауға тұңғыш келген адам,
Қой деймін, мерт боларсың ерме маған.
Лирикалық кейіпкердің бойында таудың тасын қопарған долы өзеннің
күші жатыр.
«Жылқы мінез» өлеңі лирикалық кейіпкердің әкесінің әңгімесі түрінде
жазылған. Соғыс кезіндегі оқиға суреттеледі. Соғысқа азаматтармен қоса
жылқылар да аттанады. Пороход жағадан тым жырақтағанда, тиелген
жылқылардың біреуі кенет жағаға қарай атылады.
Түпсіз тасқан тұңғиық түсі үрейлі,
Құшағына жануар кісінейді.
Жаға жырақ, жүзгенмен жете алар ма,
Жалғыз жылқы ноқат боп кішірейді..
Жел ысқырса, сол жылқы кісінейді,
Оқ ысқырса, сол жылқы кісінейді.
Жолға шықсам, сол жылқа кісінейді.
Елге асықсам, сол жылқы кісінейді.
Лирикалық қаһарманның атамекенге деген сағынышы, махаббаты
жылқы мінезімен өрілген.
Ақынның Сүйінбайдың «Бөрілі менің байрағым» деген жолдарын
эпиграф етіп жазылған «Қасқыр мінез» өлеңі қазақтың көк бөріге табынған
түркілік тегін аңдатады. Қақпанға түскен қасқырдың өз аяғын өзі шайнап
үзіп кеткендігі суреттеледі.
Қақппанға түскен қасқыр қапы қалып,
Шайнады өз аяғын жатып алып.
Кеудесін қара түннің күйдіреді,
Күйігінен көздерінің оты жанып.
Қасарған қақпанды да қауып көріп,
Ырылдап, қанды езуден ағып көбік,
Ызадан қалш-қалш етіп тың тыңдады,
Қайырымсыз қара түннен қауіптеніп.
Аңысын аңдығандай жорта қашып,
Шырқауда жұлдыздар жүр анталасып.
Қанжардай азуларыы қарш-қарш етті,
Қайрансыз қайран арлан жанталасып.
Қиылған тамырлардан қан шұбырып
Қиналды тағдырының нарқын ұғып.
Қасқырдың намысымен жан ұшырды,
Тұрғандай құлағына қаншық ұлып.
Қарамай қан қақсаған жарасына,
Аяғын шайнап үзді аласұра.
Өз қолын өзі кесер сол мінезді,
Адамның берер ме еді баласына!
Қасқырдың бұл әрекетін сипаттау арқылы ата-бабаларымыздың
«түркілердің қайсар мінезі жырланады». Азаттық үшін өз жанын құрбан
ететін түркілік тегіміз осы өлең жолдарынан айқын көрінеді.
Ұ.Есдәулетовтің «Қара шал мен Байшұбар» өлеңінде қазақтың тұрмыссалтының барлық жағы көрініс береді.
Түтеп жатқан қазандық жер ошағы,
Болған бір кез бұл үйдің қара шалы.
Тұскиізді, діңгекті, алашалы
Мұндай үйге кемпір-шал жарасады.
Үйдегі ілулі тұрған тұмақ, қамшы, иесіз дер шақша, кебежедегі аңсаған
қыл қобыз, күңсіп жатқан қара саба – барлығы дәстүріміздің ұмыт болғанын
айтады. Бұл үйдің кемпір-шалы дүниеден өткен. Олар барда бәрі басқашатын. Көзі кеткен соң шалдың шұбар аты өзінің жаназасына шалынған.
Артында ұлттық дәстүрді жалғастыратын ешкім қалмағандығы ұлттық
сезіммен жырланады.
Ақынның басқа да өлеңдерінде қарттар қасиетті ұғым ретінде сөз
етіледі. «Қарт пен қыран», «Шал мен жаз», «Шал, шабындық», «Ата-ана»
сияқты өлеңдер қазақтың үлкенді құрметтеу салтымыз туралы.
«Ұлттық мінез өлеңдегі лирикалық кейіпкер арқылы көрінеді. Өз
бойында ұлттық рух жоқ ақынның лирикалық кейіпкерінен ұлттық мінездің
нышанын көру қиын. Лирикалық кейіпкердің сомдалуы мен тұлғалану
процесі әр ақын поэзиясына байланысты. әртүрлі болып келеді. Яғни, әр
ақын өзінің таным-түсінігіне, ішкі әлеміне сай лирикалық кейіпкердің
дүниеге әкеледі. Демек, ол-ақынның дүниені қабылдауының жемісі».
Ұлттық мінезді беру арқылы ақын ұлттық болмысымызды ашып береді.
Ұлттық болмыс дегеніміздің өзі – ұлтымызға тән мінез-құлық, салт-сана,
ұлттық діл.
Пайымдауымызға жүгінсек, Ұлықбек ақын өлеңдері арқылы ұлттық
болмысымызды барынша кең көлемде ашқан.
«Ұлықбек ақынды тосын үлгілер, бұрын-соңды айтылмаған, айтылса да,
аз айтылып жүрген образды оралымдар, ұлттық мінезге қона кетер бейнелі
тіркестер аса мол ұшырасады»
Азаттықты айта алмадық,
Ақ найзаның ұшымен.
- Азатпыз!- деп айқайладық,
Абақтының ішінен…
Нақты адамдардың, тарихи тұлғалардың, Ер Едіге, Барақ батыр, Исатай
батыр сында алаштың ардақты ұлдарының соңғы сәті трагедиялық пафоспен
берілген.
Тамған қаннан тас өртеніп барады!
Таңатұғын кім бар мынау жараны?
Талқан болды тоғыз көзді кіреуке,
Тарс айырылып дүниенің талағы
Қарс жарылды қаралы аспан қабағы…
«Өлең осылай өріліп, осылай төгіліп, осылай биіктеп, осылай тереңдеп,
оқыған сайын бүкіл болмысыңды билеп, еріксіз тартып, өң бе, түс пе, өзгеше
бір қиял құшағында қалықтатады. Өлеңнің өн бойында көненің күмбірі мен
жаңаның жаңғырығы қос өрім тауып, берік жымдасып, айқын бедер
танытады»
Ақын қара топыраққа гүл бітіреді, қара тасқа тіл бітіреді. Зар заманның
запыран күйін көз алдыңа келтіріп, одан безіндірмейді, қайта оның құпиясын
ашады. Тебіренте отырып, намысыңды қамшылайды.
Бақ дегенім сорға айналды,
Тақ дегенім көрге айналды,
Көкірегіме шер байланды, толайым…
Жер дегенім кебенек пе,
Ел дегенім ебелек пе,
Ер дегенім көбелек пе, ағайын?!
Атамекен – алып тозақ,
Мойыныңды қамыт қажап,
Мойыдық-ау, ғаріп қазақ, аһ ұрып,
Найзағайлы намыс қайда,
Қайта бізбен табыспай ма,
Ата жаумен алыспай ма, ақырып?!
Ақтабан-шұбырынды, Қожаберген жырау болмысын ақын бар-аяғы он
екі жолмен ақ бере салған. Қожаберген жырлаған бүтін бір тарихи кезең үш
шумақ өлеңнің ішне сыйып кеткен.
«Ақынның ұлттық бояуы қанық сөз қолданысында, жорыққа шақырған
жырын ширығып күрмеуінде, ішкі серпіні сол ырғақ ұйқасында және әр
бөлімін бір қайырып алдында сақара жырауларының ат үстіндегі
жаугершілік жылдары шығарған толғауларының сипаты бар»
Әрбір тәуелсіз ұлттың өзіне тән ұлттық бейнесі болуға тиіс. Ол ұлттық
бейне сол ұлттың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрі болып табылады. Сол
сияқты қазақ халқының да өзіне тән ұлттық белгісі бар.
Ұлттық мінезді беру арқылы ақын ұлттық болмысымызды ашып береді.
Ұлттық болмыс дегеніміздің өзі – ұлтымызға тән мінез-құлық, салт-сана,
ұлттық құндылық.
Ұлықбек ақын өлеңдері арқылы ұлттық болмысымызды барынша кең
көлемде ашқан.
Қортып келгенде, ұлттық рух ‫ ــ‬ұлттың өмір сүруі мен дамуындағы
рухани тірек. Ұлттың ар-ұжданын қозғап алға қарай жетелейтін, обыразын
әйгілеп, күш-қуатын саулелендіретін қозғаушы күш. Жастарымызда болуға
тиісті ғылым-біліммен сабақтасқан терең ойлы тектілік пен кемелді кісілік,
мұқалмай асқақ тұратын ұжданды ұлттық рух өздігінен пайда болмайды, оны
жастарымыздың бойына жалықпай жүргізілген тағылымды тәрбие арқылы
біртіндеп сіңіруге болады.
Сезімді тебейтін , көңілді кернейтін, намысыңды жанитын өлеңдердің
бірі жерлесіміз Қаділбек Жағыпаровтың «Біз-қазақпыз,намысты, текті
халық» өлеңі- ұлттық намысты , тектілікті, тарихымыздан сыр шертетін
тұғыры биік туынды.
Біз кімбіз?Біз –қазақпыз!!! Текті халық
Текті халық.Намысты.Кекті халық.
Тектілігі емеспе ұйықтап жатқан
Жауының да кеспеген басын алып.
Біз кімбіз?!Біз-қазақпыз!!! Ұлы халық
«...Мың өліп мың тірілген...»сірі халық.
Жауына оқ.Ал досына қажет болса
Беретін жүрегін де жұлып алып.
Біз кімбіз?!Біз –қазақпыз!!!Берік ділі,
Діліне иәлеуетті серік тілі.
Ұраны-Отан, мұраты-тәуелсіздік
Рухы-ұлттық. Көк –байрағы.Қыран-пірі.
Біз кімбіз?! Біз-қазақпыз!!! Базыналы
Жері бай.Пейілі дархан. Қазыналы.
Біз ұлтпыз ырысты,несібелі.
Арының садағы малы-жаны.
Біз кімбіз?!Біз-қазақпыз!!! Тағылымды
Қастерлеген төріміз бен тағымызды.
Зобалаң да, нәубет те, қиянат та,
Сындырмаған Ұлттық рух-сағымызды.
Өрлей бер тәуелсіз халқым менің
Сақтаған туған тілін түркі тегін.
Тағдырдың тәлкегіне бас имеген
Елдігің, туған халқым, неткен сенің.
Тұғырың биік болсын, туған халқым,
Аймаңдай тегі таза ұрпақтарсың.
Ер Түркі қара шаңырақ иесі сен
Арта берсін мәртебең атақ-даңқың.
Бата алған ата-баба киесінен
Ата-мекен қара орын иесі сен.
«Қазақтар-мәңгүрт» деген жетесіздер
Көрге түссін қоқырсыған күйесімен.
4-бөлім:
Өмірден тым ерте озған талатты прозашы,
дараматург, ақын жерлесіміз Әділбек Тауасаров
қамшының
сабындай
қысқа
ғұмырында
шығармашылықпен
еңбек
етіп,
артына
өшпестей асыл мұра қалдырып кеткен жан.
Әділбек Тауасаров 1947 жылы 10 желтоқсанда
Зайсан ауданының Ақарал ауылында дүниеге
келген. 1965 жылы мектеп бітіріп, Қазақ
мемлекеттік университетіндегі қазақ тілі мен
әдебиеті факультетінде оқып, оны 1970 жылы
аяқтайды да, еңбек жолын Қазақ ССр
мемлекеттік теле-радио комитетінің әдебидрамалыхабарлар бас редакциясын редактор болып бастайды. Қазақ
теледидарында шығармашылық жұмысын балаң жігіт бастаған жазушы
мұнда 24 жыл бойы үздіксіз қызмет етіп, телекөрермендердің жүрегіне
көркем туындылары арқылы жол салды. Аға редакторлықтан бастап, Бас
редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. Мәдениет министрлігінің
Репертуарлық-редакциялық алқасының Бас редакторының орынбасары,
Бас редакторы болып қызмет етті. Ш. Айманов атындағы деректі фильмдер
бірлестігінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Өмірінің соңғы сәтіне
дейін Қазақ мәдениет және өлкетану ғылыми-зерттеу институтының
жеткші маманы болды. Алматы қаласындағы Алатау ауданы әкімі
аудандағы атауы жоқ немесе қайталанатын көшелерге жаңа атаулар беру
туралы ұсынысы бойынша қалалық ономастикалық коммиссия шешім
шығарды. Осы шешімге сәйкес Алатау ауданына қарасты Өжет
ықшамауданындағы көшеге Әділбек Тауасаров есімі берілді
Жазушы телеарнада қызмет еткен кезінде шығармашылық
бастамасымен көзге түседі. Оның өзі жоспар жасап, ұсынған «Айтыс»,
«Қымызхана», «Сахна» атты қойылымдары сол кездегі көрермендердің
көңілінен шықты. Сөйтіп Әділбек Тауасаров өзі өмір сүрген қоғамдағы
әлеуметтік-саяси
проблемаларды
жұрт
көзіне
бірден
түсетін
бейнеқойылымдары және театр сахнасына шығарылған драмалық
шығармалар арқылы көрсетуді қолға алды. Сөйтіп драматург қаламынан
кесек-кесек дарамалық шығармалар туа бастады. Драматугтің тұңғыш
туындысы 1983 жылы жарық көрген «Аса құрметті Икс» спектаклі. «Аса
құрметті Икс», «Біз жанбасақ лапылдап» деген пьесалары республикалық
жастар театрынды қойылды. Кезінде олар драматургтің «Аса құрметті
Икс» пьесасын Зайсанға көрсеткен екен. Бұлардан басқа «Махаббат
аралы», «Сен болмасаң қайтер ем», «Арманшыл қыз», «Жұлдызым менің»
пьесаларыда
Қазақстанның
түпір-түкпіріне
қойылып,
жоғары
бағаланған.республикалық үздік пьесалар конкірсында «Сен жанбасаң»
атты туындысы ІІ бәйгені иеленді. Өмірдегі күрделі өзгеріске толы,
шытырман оқиғалы шығармалары арқылы Ә.Тауасаров белгілі
дараматургтердің қатарынан көрінді.
Ә.Тауасаров қазақ сахнасында тұңғыш рет юморлық-сатиралық
«Шаншар» атты күлкі театрын ашып, онда өзінің қойылымдарын көрсетті.
Қазіргі республикалық теледидар арқылы көрсетіліп жүрген «Шаншар»
телеқойылымының авторы Ә.Тауасаров екенін біреу білсе, біреу білмес.
Драматург қойған «Қалаға келген ақсақал», «Өзіңнен баста», «Арылу»,
«Маугли», «Көктем көріністері» атты қысқаметражды көркем фильмдері
де көрермендер көңілінен шықты. Сөйтіп жазушы қазақ сөз өнері мен
бейнелеу, сахна өнерінің тарихында өзіндік ізін қалдырды.
Әділбек Тауасаровтың «Махаббат аралы» атты таңдамалылар жинағы
өзі дүниеден озғаннан кейін жарық көрген туындысы. 2001 жылы 2000
дана таралыммен шыққан бұл кітапта кезінде баспасөз беттерінде жарық
көрген хикаяттар мен республика театрларының сахналарында қойылған
пьесалары және әңгімелері, монологтары енгізілген.
“Махаббат
аралы”
пьесалар
новеллалар
күнделік
Даратургтің осы жинағын оқи отыра, автордың шынайы өмірдігі
адамдардың бейнесін еш әсірелеусіз сол қалпында кре алуға болады.
Пьесалардан адамдардың әртүрлі бейнесін көріге болады. Мысалы, әйел
адамның қайсарлығы мен төзімділігі, жас қыздың аңқаулығы, байлыққа
құныққан адамның соқырлығы, екі адам арасындағы махаббат т.б
сезімдердің куәгері боламыз.
«Аса құрметті Икс» драмасы - комедия жанрында жазылған шығарма.
Шынайы өмірге негізделіп жазылған. Жасандылық жоқ. Күнделікті өмірді
бейнелегендіктен оқырманын қызықтырып, баурап әкетеді.
«Арманшыл қыз» драмасында қыз баланың мақсатқа жету жолындағы
күресі кереғар кейіпкермермен қатар алының суреттелген.
1987 жылы жазылған «Махаббат аралы» спектаклі нағыз
психологиялық драма. Автор үш адам арасындағы тартыс арқылы өмірдегі
әлеуметтік қиындықтардың, теңсіздікті, адамдырдың жандүниесінде
болып жатқан сілкіністерді суреттеуле өзіндік қолтаңба қалдырған. Бай,
дәулетті адамның бейнесін береді. Қарым-қатынасты бағаламай, өркөкірек,
менмендік, барлығын ақшаға сатып алуға тырысатын арсыз мінезі айқын
көрінген. Түйін «Өмір алма-кезек» деген оймен ұштасады. Бұл драма-
адамдар арасындағы қарым-қатынасты ашып көрсетеді. Жер бетіндегі
зұлымдық, надандық атауы жағымсыз қасиеттерде. Әрине, біз зиян
шегетінімізді білеміз. Бір адамның бір адамға деген жеккөрушілік қасиеті
қайдан пайда болады? Бұл пьеса-адамдарды өз ішкі жан дүниесіне
шындықпен, шынайылықпен терең үңілуіне шақырады.
Автордың осы шығармасына алғысөз жазған журналист, сыншы Болат
Сарбалаұлы оның өмірге бекер келіп , босқа өмір сүрмегендігіне, алдына
қойған арман- мақсаттарын жүзеге асырғандығын айта келіп: «... ол
адалдығымен, қарапайымдылығымен ерекше көзге түскен жан», - дейді.
Оның қарапайымдылығы сондай өзі жазған туындыларын бірден
баспасөзге ұсынбаған, кітап етіп шығаруға асықпаған дейді сыншы.
Әділбек
Тауасаровтың
монологтары,
скечтерінде
терең
филосифиялық ой айтылады. Адамдардың қарым-қатынасын шынайы
өмірді суреттеп оқырманын қызықтыра алады, баурап алады.
Кейіпткерлерінің
тұлғасы
арқылы
қоғамдағы
әлеуметтік-саяси
проблемаларды шешуге ұмтылдырады.
Ғалым Байбатыров 1949 жылы 12 қаңтарда Шығыс
Қазақстан облысының Зайсан қаласында туған. Зайсан
ауданының Дайыр ауылында орта мектепті бітіріп, Кеңес
армиясы қатарында әскери борышын өтеп келген соң 1976
жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика
факультетін тәмамдады. Мектеп қабырғасында жүргендеақ сырлы жырларымен танымал болған ол еңбек жолын
Зайсан аудандық «Достық» газетінде бастап, 1976 жылы
облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетіне
ауысып, осы газетте табан аудармай 25 жыл қызмет етті.
Ғалым Байбатыровтың өлеңдері 1966 жылдан бастап, әр түрлі
басылымдарда жарық көре бастады. Ал 1982 жылы «Жазушы» баспасынан
«Сәуір самалы», 1999 жылы «Әл-Фараби» баспасынан «Үміттің оты
сөнбейді», 2000 жылы Өскемендегі «Шығыс» баспасынан «Арман дүние»
атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Ол сондай-ақ, «Шежірелі Шығыс
өңірі» (2006), «О дүниенің табалдырығы» (2007) және «Жүрегімнің
жанары» (2008) жинақтарының авторы. Ғалым Айтқанұлы өлеңдер
жинағы, өлке тарихы туралы деректі һәм танымдық кітаптармен қатар
бірнеше пьесалардың да авторы еді. Оның «Өңім бе, ойбай, түсім бе?»,
«Албасты» операциясы» және «Отан үшін» деген пьесалары сахналанған.
Бар саналы ғұмырын қаламгерліктің сан қырына арнаған ол Қазақстан
Журналистер
одағы
сыйлығының
лауреаты,
бірнеше
жыр
мүшәйраларының жүлдегері, Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының
иегері атанған болатын.
Журналист, драматург, ақын Ғалым Байбатыровтың 2000 жылы
шыққан «Арман дүние» атты жыр жинағының алғысөзінде «Қамшының
сабындай қысқа, жалған дүние-ай!» деп жазды. Ақын Ғалым Байбатыров:
«осы қысқа алдамшы дүниеде адам соңғы демі біткенше арманмен өтеді»
деп ой түйеді». Иә, ол арманмен өмір сүрді. Оның арманы халқының
арман-мүддесінен туындап шығармаларының арқауына айналатын.
Басқаша айтқанда, ол өзі үшін емес, қазағы – халқы үшін бейнеттеніп
қызмет атқарып, қаламын қару етіп мақалалар, пьесалар, өлең-жырлар
жазумен өмір кешті. Сондықтан оның қырық жыл бойы жазғандары
болашақта да ізгілік нұрын шашып, пьесалары сахнадан түспей, өлеңжырлары халқының жүрегін тербеп, армандары рухына айналып,
халқымен бірге жасап, жалғаса бермек.
Күнтізбенің жырттым соңғы парағын,
Тастағандай бойдағы жау-жарағын,
Бір ғасырдың аяқталды дәурені,
Құлағандай көк тіреген дарағың.
Өз көзіме өзім сенбей қарадым,
Бір оғаш іс істегендей санадым.
Күні біткен күнтізбедей құлазып,
Көңіліме шым-шымдап мұң тарадың.
Бар ғұмырың кеткендей сол парақта,
Топшысынан айырылған қанатқа.
Ұқсас болып жоғалармыз із-түзсіз,
Санатта жоқ, я болмаса санақта.
Ал әзірше…
Әрнеге бір сұғынып,
Жортақтаймыз табанымыз тілініп.
Күнтізбенің парағындай ең соңғы,
Қаларыңды білсең дағы жұлынып.
Ақын, журналист Ғалым Байбатыров көркем аудармамен да
шұғылданды. Қайнаған өмір ортасында жүріп, әр түрлі саладағы
адамдармен араларсты. Ол ақынның шығармашылық жағына жақын,
мақсаттары үндес басқа ұлт ақындарымен достығы жарасымды болды.
Көрнекті ақын Павел Васиьевтен бастап, өз замандастарының өлеңдерңн
қазақ тіліне аударды. 2000 жылы Алматыдағы «Өлке» баспаснан 800 дана
таралыммен «Достар дауысы/ Өскемен дәптері» атты аудармалар жинағы
жарық көрді.
Жинаққа Павел Васильев, Михаил Чистяков, Вадлен Шустер,
Александр Романов, Владимир Коровин, Николай Носиков, Виктов Фрелих,
Анатолий Серебрянников, Александр Ахматов, Валентин Балмочных
өлеңдерінің аудармалары енді.
Павел Васильев 1909 жылы Зайсан қаласында дүниеге келген. 1926
жылы Мектеп бітірген соң Владивостоқ қаласында шығармашылық еңбегңн
жалғастырды. 1926-1927 жылдары сібірлік газет беттерінде көптеген
өлеңдері жарық көрді. Есімі орыстың атақты ақындары Есениин,
Маяковскийлермен қатар қойылды. Баспадан шыққан алғашқы өлеңдері
туған жері Зайсан, Повлодар, Семей, Өскемен қалаларына арналыпты.
Қопа қамыс, бойшаң қияқ
Төңіректің бәрі түлеп, толысқан.
Құстар келіп шалғай құмнан, алыстан,
Толұыныңмен бірге ойнап, жарысқан.
Байтақ менің Отанымның өзені,
Өзінбісің тіршіліктің өзегі.
Ағында Ертіс, шуға бөлеп даланы,
Өзінбісің дархан өмір өлеңі.
Шулы арнаң әсемдікке тұнып тұр,
Толқындарың тербеледі күліп бір.
Жұлдызды әлем саған сиып кеткендей,
Өзіңменен бір тыныстар пүліш қыр.
Құмдауытты тереңінде тұңғиық,
Жұмбақ тартып, өзгелерден сыр түйіп.
Сандығына жасырынып жата ма
Су перісі сипаттағы нұрлы үміт.
Жарқырат Ертіс, білезіктерін алтынды,
Қайғы-мұңсыз өзгертші деп қалпыңды.
Ағысыңмен еркелетші, тербетші
Саусақтармен қытықтатып жарқылды.
Түрік қалам қамысыңды тербетші,
Ағында, Ертіс! Өрден өрге өрлеші.
Сүйем сені ақ айдынды аруым,
Сезіміме ешбір тыным бермеші.
Бұл өлеңде ақын түпнұсқадағы идеядан алшақтамай Ертіс өзенңн
тіршіліктің өзеніне, өмірдің өзегіне баласа, толқындарына жан бітіре
суреттеген. Келесі шумақтарында өзенді аруға теңеген.
Михаил Чистяков 1934 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысында
тұрды. Өскемендегі Жамбыл атындағы интернатта қазақ балаларына орыс
тілі мен әдебиетінен сабақ берды. Облыстық «Дидарға» келіп, үлкенкішімен сырласып, өлеңдерін оқыған. Ақын 15 өлең кітабының авторы.
Қазакстан Жпзушылар одағының лауреаты, Қазақстан Республикасына
еңбек сіңген өнер қайракері, Шығыс Қазақстан университетінің құрметті
профнссоры, Өскемен қаласының құрметті азаматы. Қазақшаға аударуды
сыйлас інісі болып кеткен Ғалым Байбатыровқа тапсырады.
Зайсан
Арайлы таң нұрын шашты күлімдеп,
Шымылдығы ну қамыс та дірілдеп.
Үнсіз Зайсан. Алып кептер сияқты
Қанаттарын бауырына алған гуілдеп.
Самал да жоқ. Тасқын да жоқ, толқын жоқ.
Жүзді кемем кең айдында еркіндеп.
Көлдің үсті ғажайып бір суретте,
Көз тартады көгілдір нұр торғын-көк.
Құтан мүлгит ештеңеңі елемей,
Сәулеменен зораяды телегей.
Қамыс біткен сорайып тұр, шаншылып,
Жоңғарлардан ұмыт қалған жебедей.
Көл үстін де, көлді сүйген жағаны,
Салатанат күй әлдиіне алады.
Тыңдашы әне, нұрлы Зайсан осы шақ
Сыңғыр күміс қоңырауын қағады.
Ақын сөзбен сурет салғандай. Зайсан көлін қанаттарын бауырына
алған алып кептерге теңеп, жағасындағы қамыстарын «жоңғарлардан ұмыт
қалған жебе» балап тарихтың ізін де көрсете алған.
Анатолий Серебрянников ақынның өлеңдерін орышғаға аударып,
орыс оқырмандарына таныстырса, Ғ.Байбатыров ақын өлеңдерін қазақшаға
аударды.
1973 жылы Катонқарағай аудандық газетінде журналистік еңбек жолын
бастады.1982 жылы обдыстық «Рудный Алтай» газетіне қызметке
ауысты.1994 жылы республикалық «Казахстанская правда» газетінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі болып қызмет
атқарды.
Отан туралы
Мүлгиді әлем, Самал әні тынбайды,
Бәлкім әлде домбыра үні ырғайды.
Шырқырайды әнші; баяу ғана сызылтып,
Сені ғана, махаббатпен жырлайды.
Егін жайын толықсыған Жер-Ана,
Жұпарына тең келер сый бола ма?
Ақбас шыңның қазынасын сақтаған,
Өршілдікті өрнектейді санаға.
Босқа сені атамаған Кенді Алтай,
Бұл атауың сыйпатыңа болған сай.
Қанды соғыс кезеңінде оқ болып,
Қорғап қалдың ұлан байтақ елді, Алтай.
Қазір енді бейбіт атып нұр таңың.
Тасқындайды қорғасының, титаның.
Бар әлемге байлығыңмен танылдың,
Алтын бесік Шығыс Қазақстаным.
Кер маралың тау басында керілген,
Сәйгүлігің жарысады желіңмен.
Отар-отар қойға толып өрісің,
Аспаныңнан жеріме нұр төгілген.
Бар дауыспен сені әнге қосамын,
Бұлт шалмасын әр шаңырақ ошағың.
Есті менің дауысымды кең дала
Қазақстан! Сенсің менің Отаным.
Аударма – ақын шығармашылығының бір қырыш аша түсті.
Нақты өмір тәжірибесінен алынған шынайылығымен оқырман
жүрегінен орын алды. Қазақ поэзиясындағы Ғалым Байбатыров
аудармалары жүректің ең нәзік пернелерін сөйлетіп, дыбыстың
айрықша үйлесімін тауып, өлең жолдарын күйше күмбірлеткен
дарынды қаламгердің бірі.Ақынның аудармаларын жинақтай отырып,
ақынның үнін айқындадық.
Қорытынды
Жергілікті ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылық жолын
насихаттау, таныту мақсатында жазылған жұмыс. Асқар Егеубаев, Тоқтарбек
Қызықбаев, Гүлнар Салықбаева, Ұлықбек Есдәулетов, Заманбек Әбдешевтің
шығармашылығы
қарастырылған.
Өлеңдер
тақырып
жағынан
топтастырылып, көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасалған. Өлең
тармақтарындағы көркемдегіш тәсілдер талданған.
Өлеңдердің мазмұны адамгершілігі мол, ұлтжанды азаматтарға үлгі
боларлық маңызы зор.
Бұл – мектеп қабырғасындағы оқушыларға, ұстаздарға және өз туған
жерінің әдебиетін тереңірек зерделегісі келетін барша оқырманға қажет
құрал.
Қазақ
әдебиеті
пәнінде
жергілікті
ақын-жазушылардың
шығармашылығын оқыту барысында қосымша дерек ретінде пайдалануға
болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Асқар Егеубаев«Әділет» (өлеңдер, балладалар, поэмалар)
2. А.Егеубаев «Жүректегі жұлдыздар» (Өлеңдер мен толғаулар)
3. З.Әбдешев «Жан сырым» өлеңдер жинағы
4. Т.Қызықбаев «Зайсан» жыр жинағы
5. Ұлықбек Есдәулетов. 4 томды өлеңдер жинағы
6. Г.Салықбаева жыр жинақтары
7. Ә.Тауасаров «Махаббат аралы»
8. Ғ. Байбатыров «Достар дауысы»
9. «Сағыныш» Зайсан ауданы ақындарының жыр жинағы
10. Интернет материалдары
11. Әдебиеттану терминдер сөздігі
Download