Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Мұжықсу негізгі орта мектебі» КММ Омиртаева Айжан Темирхановна Бастауыш сынып мұғалімі Тақырыбы: “Мобильді қосымшаларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы мен цифрлы сауаттылығын арттыру” Бағыты: “Шығармашыл толқын” Тақырыбы: “Мобильді қосымшаларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы мен цифрлы сауаттылығын арттыру” Педагогикалық идеяның мақсаты: Мобильді қосымшаларды оқу үдерісінде пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және цифрлық сауаттылығын дамыту. Педагогикалық идеяның міндеттері: -Мобильді қосымшалардың тиімділігін анықтау; -Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және оқу сапасын арттыру; -Мобильді қосымшаларды пайдалана отырып оқушылардың есте сақтауын және олардың оқу үдерісіне қызығушылығын арттыру; Педагогикалық идеяның өзектілігі: Мобильді қосымшаларды өз тәжірибемде қолдану және оның тиімділігін анықтау. Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру. Мобильді қосымшаларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру. Педагогикалық идеяның тиімділігі: Мобильді қосымшаларды қолдану сабақты қызықты және ыңғайлы оқу тәжірибесін жасауға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен әр түрлі дайындық деңгейі бар оқушыларды оқытуға, балалардың қызығушылығын дамытуға, сабақты заманауи талаптарға сәйкес ұйымдастыруға болады. Әліппе, математика, жаратылыстану, дүниетану пәндерінен дайындалған тапсырмалар Бейнематериал Бейнематериал 100 80 60 40 20 0 100 100 71 100 71 85 Бірінші сыныпта 7 оқушы білім алады. Барлық оқушылар QR сканер, Quizizz, Аstar мобильді қосымшаларымен жұмыс жасауды жылдам меңгерді. Педагогикалық идеям өзекті. Себебі: Біріншіден - мобильді қосымшаларды қолдану арқылы ақпараттар оқушылардың есіне жылдам сақталады және олардың білім беру үдерісіне қызығушылығын арттырады. Екіншіден - білім алушылар өзінің сұранысын қанағаттандыратын нәтижеге жылдам қол жеткізе алады. Оқушылар сабақтан тыс уақыттардарын тиімді пайдаланады, мобильді қосымшалар арқылы сыныптан тыс білім алуға мүмкіндіктері бар. Үшіншіден - мобильді қосымшаларды пайдалану арқылы оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру ана ғұрлым нәтижелі болмақ. Ал цифрлы сауаттылықтың табысты оқуға ықпал ететіні сөзсіз.