Сапарова Н.М. Біз театр ойнаймыз (авторлық бағдарлама) Зайсан -2020 ШҚО білім басқармасының Зайсан білім бөлімінің«Зайсан аудандық балалар музыка мектебі» Пікір жазған: 1. Қазақ Инновациялық гуманитарлық-заң университетінің педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Акжалов Б.Т. 2. Республиклық дәрежедегі көрем сөз шебері, ТІЛ жанашыры құрмет белгісінің жанашыры, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Зайсан халық театры» (экс) мен халықтық «Поэзия» жастар театрының режиссеры Сүлейменова А.Т. Сапарова Назгуль Мырзахметқызы Тақырыбы : «Біз театр ойнаймыз» (1 сыныпқа авторлық бағдарлама) Қызметі: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Зайсан аудандық балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық мекеме. Ұсынылып отырған авторлық бағдарлама балалармен жұмыс барысындатеатр әрекеті арқылы баланың шығармашылығын шыңдауға, эстетикалық мәдениетке тәрбиелеуге жақсы мүмкіндік.Ұжымдық шығармашылыққа қалыптастырып, өмірде өздерін еркін сезініп, өз ойларын анық жеткізуге бағыттайды. Кейіпкердің көркем бейнесін жасауға үйренеді. Оларды шығармашылық қиял, ассоциативтік ой, күнделікті ерекше сәттерді көруге дағдыландырады. Театрлық әрекеттің тәрбиелеу мүмкіндіктері кең. - Өзектілігі: Театр- шын мәнінде өмір айнасы. Ол алдымен баланың өзін-өзі ретттеуіне күнделікті мән бермей жүрген нәрселерін айнаға қарағандай өзінен табуға жәрдемдеседі.Өзін басқа қырынан тануға, өмірден оқшау еместігін, қоғамның бір бөлшегі екенін ұғынуға мүмкіндік алады.Гаджет пен смартфоннан бір уақыт алшақтап, кітап оқып, ондағы кейіпкерлердің образына еніп, адамның күйзелісін, қуанышын,сол мезеттерді түсінуге талпынады. Мен ұсынып отырған бағдарламада балалар театры тек қана көркемдік нәтижеге жету құралы емес,балалардың әлеуеттенуіне де жол ашады. Театр өнерімен шұғылдану оқушылардың ойлау қабілеті мен таным қызығушылығын арттырады, қиялы мен зейінін және ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын оятады. Балалар үшін, балалар өнер мектептеріне арналған дайын оқулықтар мен ресурстар, әдістемелік құралдардың жоқ болуы ізденіп, бірнеше жыл осы бағыт бойынша жинақтаған білімім мен тәжірибемді бөлісуіме себепші болы. Кіріспе Театр балалардың өзін-өзі тануына көмектеседі. Олардың эмоционалдық ұялшақтықтан, қысылып-қымтырылудан арылуына , сөздің сырын, образды сезіне білуіне және кейіпкерге ене білуіне үйренудің ең дұрыс жолы. Олар сахналау арқылы қиялдап, қарым-қатынас орната алады.Мұның барлығын да театрландырылған үйірме бере алады. Осы туралы арнайы қосымша білім беру ұйымдарында жасалған дайын бағдарламалардың жоқтығы осы жұмысты жазуыма себепші болды. ӨзімніңТ.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтында алған актерлік шеберлік білімімді ұштастырып, балаларға арналған бағдарламаны ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29-желтоқсандағы №543-бұйрығының 30-қосымшасына сай жасадым. Балалар өнер мектебінің «Актерлік шеберлік негіздері» бағыты бойынша әріптестеріме көмек ретінде 1 сыныптың бағдарламасын, жұмыс жоспарын, сабақта қоданылатын ойын түрлері мен әдіс-тәсілдерді, мимикалық және артикуляциялық жаттығуларды, этюдтарды жинақтадым. Үйірме – оқушылардың іс- әрекетінің сабақтан гөрі басқа бір түрі. Оқушы дайын сабақты алумен шектелмейді, ол сондай-ақ, оны жасайды, өзі құрастырады. Үйірмеде балалардың назары мәселені өздері қоюға, ойлану мен жетекші көрсетіп берген бағытта өздік жұмыстарын дамытуға , таным қабілеттерін дамытуға бағытталады. Олар тапсырманы орындауда жеке, ұжымдық жұмыстарды жасай отырып, қажетті құралдар мен әдіс-тәсілерді өздері таңдайды. Сенімділік, оқушылар мен жетекшінің біріккен қызметі, дидактикалық материалмен бірігіп жұмыс жасау, өнердің басқа түрлерімен байланысы, бәріоқушының жеке тұлғасының дамуына әсер етеді. Түсінік хат Балалармен жұмыс барысында театр әрекеті – баланың шығармашылық әлуетін ашуына, тұлғаның шығармашылық бағытын тәрбиелеуге жақсы мүмкіндік. Балалар айналадағы әлемде қызықты идеяларын байқап, оларды іске асырып, өзіндік кейіпкердің көркем бейнесін жасауға үйренеді, оларда шығармашылық қиял, ассоциативтік ой, күнделікті ерекше сәттерді көріп дамиды. Театрлық әрекеттің тәрбиелеу мүмкіндіктері кең. Үйірмеге қатысса, балалар айнала әлеммен барлық алуан бейне, бояу, дыбыс арқылы танысады, дұрыс білікті қойылған сұрақтар оларды ойлауға, талдауға, қорытынды жасауға мәжбүрлейді. Өзіндік айтулары, реплика, кейіпкерлердің бейнелілігінің жұмыс үрдісінде балалардың сөздік қоры артылады, тілдің дыбыстық мәдениеті, оның интонациялық құрылымы жетіледі. Зейінді дамыту, елестету, ой-өрісті дамытып,есте сақтау қабілеттерін, қиялды дамытып түрлі тренингтер үйренеді. Этюд жасау арқылы сахна төрінде балалар өздерін емін-еркін сезінеді. Театр – балаларға арналған демократиялық және қолжетімді өнер түрінің бірі, ол заманауи педагогика мен психологияның актуалды проблемаларын шешуге көмектеседі: балаларға көркемдік білім беру және тәрбиелеу; эстетикалық сезімді қалыптастыру; адамгершілік тәрбиесі; еркіндікті тәрбиелеу, ес, қиял, инициативтік, қиялдау, сөйлеуді дамыту; жағымды эмоционалды көніл-күй жасау. Театрлық әрекет баланың өнерін қалыптастыруға көмектеседі.Ертегіде балаларға арналған адамгершілік бағыты бар (достық, жақсылық, адалдық, өткірлік және т.б.) жол айқын көрсетіледі. Ертегі арқылы бала әлемді оймен ғана емес, жүрекпен сезеді. Сезініп ғана қоймай, адалдық пен зұлымдыққа өз көзқарасын көрсете біледі. Театрлық әрекет - балаға әр-түрлі кейіпкерлердің атынан көптеген проблемалық жағдайларды шешуге көмектеседі. Бұл жасқаншақтықты, ұялшақтықты жеңуге көмектеседі. Театрлық әрекетте балаларға әсер ететін тиімді әдістерінің бірі, оқыту ұстанымы – ойнап оқыту өте айқын көрсетіледі. Бағдарламаның мақсаты : 1.Оқушылардың рухани дүниетанымын қалыптастыра отырып, эстетикалық тәрбие беру. 2.«Театр-ұжымдық өнер» деген сөздің мағынасын практика жүзінде іске асыру.Театрлық өнердің әдіс-тәсілдерінің қыр-сырын үйретіп, шығармашыл тұлға болып қалыптасуға ұмтылдыру.Актерлік қабілеттерін шыңдап, ана тіліне деген құрметін қалыптастырып,сөйлеудің мәнерлілігін арттырып, шешен сөйлеуге баулу. 3.Ұжымдық шығармашылық пен өзара қарым-қатынасты қалыптастыру. Міндеті: 1. Өнердің бір түрі театр өнерімен таныстыру,танымдық қызығушылықтарын арттыру.Сахналық этюдтарды үйрету (жансыз заттарға,жан-жануарларға арналған және адами этюдтар) 2. Ертегілерге инсценировка жасау әдіс - тәсілдерін қалыптастыру. 3. Оқыту барысында түрлі психофизикалық тренингтерді негізге алу. 4. Актерлік шеберлікті меңгеру мақсатында, алған теориялық білімдерін практика жүзінде іске асыру. 5. Сахна қимылы арқылы пластикаларын дамытып, мимикалық жаттығуларды басты назарға ұстау. 6. Зейінді, елестетуді, ой-өрісті дамыту ойындары арқылы қиялды дамыту. Жұмыстың негізгі бағыты: Оқушыларды театрдың рухани мәдениетіне тарту. Театр әлемі және қазақ тілі мен әдебиетінің байланысын жетілдіру. Дарынды оқушылардың қабілеттерін айқындау Театрлық қойылымдар арқылы балаларды ұжымшылдыққа үйрету. Бағдарлама актер шеберлікке даярлау сыныбының 1-сыныбына арналған. Күтілетін нәтижелер: Оқу жылының аяғына қарай оқушы: - Театр туралы жалпы түсінік алады. - Театр терминдерімен танысады. - Актерлік ойын техникаларын меңгереді. - Театрлық ойындар арқылы өзін сахнада еркін ұстауға дағдыланады. - Этюдтар арқылы пластикалары мен мимикаларын дамытады. Есте сақтау, зейінді, қиялды дамытуға арналған актерлік жаттығуларға дағдыланады. Жұмыс жоспары р/с Тақырыбы Бағдарламаның мазмұны Сағ Қыркүйек 1 «Театр еліне 1-апта.«Театр дегеніміз не?» Балаларға 2 саяхат» театр жайлы түсінік беру.Театр түрлерімен таныстыру. Иллюстрациялар мен фотолар көрсету.Театр жайлы альбом құрастыру. 2-апта.Театр түрлерімен 2 таныстыру.(драмалық, сатиралық,қуыршақ, көлеңке театрлары т.б.) 3-апта.Ұжымдық шығармашылық пен 2 өзара қарым-қатынасты қалыптастыру. 4-апта.Зейінді, нақтылықты, елестету, 2 байқағыштықты, қиялды дамытатын ойын жаттығулары. Қазан 1 Этюд жасап 1-апта.Жансыз үйренемін. жасау. Пластика, мимикаға арналған ойындар 2 заттарғажәне адами этюд 2 2-апта.Жан-жануарларды келтіру арқылы 2 пластикаларын және мимикаларын дамыту. Сахна қимылы қозғалыстары арқылы жаттығулар жасауға дағдыландыру. Мақалмәтелдер, санамақтар, 3-апта.Мақал-мәтел,санамақ, 2 жаңылтпаштарды жаттау арқылы сахна тілі жаттығуларын жүргізу. жаңылтпаш. 4-апта.Сахна тілі техникасы арқылы демді дұрыс алу, артикуляциялық жаттығулар. Қараша 1 «Театр- 1-апта.Қойылым-ұжымның жұмыла бірге 2 ұжымдық өнер» еңбек етуімен келетін үлкен процесс. Оқушыларға драматург,режиссер,суретші, 2 композитор,бояушы, жиһаздаушы, жарық беруші және декорация жайлы ойын сабағы ретінде түсідіру. 2-апта. Әңгіме-диалог. Кейіпкерлері 2 балалар болатындай жеңіл оқиғалар құрастыру. Сахналау. 2 Әңгімедиалог. Сөйлеу техникасы. 3-апта. Жеңіл оқиғаларды құрастыруды 2 ширату. Сахналау. Өздеріне сын айтқызу.Яғни, театрдағы тағы бір мамандық-сыншымен таныстыру. 4-апта.Көңілді, көңілсіз, ренішті, таңғалу сияқты сөздерді айтқанда интонацияны өзгерту. Дауысты құбылту арқылы көңілкүй характерлерін жеткізу. Желтоқсан 1 Әңгімені өрбіту. Сенімділікті дамыту. 1-апта.Дикцияны жақсарту.Дауысты 2 құбылту жаттығуларын ары қарай дамыту. 2-апта.Шағын этюд құрастырып, диалогтар 2 құру.Сөздік қорын толықтыру. 2 3-апта.Жұптық этюд. 4-апта.Өзіндік жұмыс. Балаларды топқа бөліп «Көңілді тапқырлар алаңы» 2 тақырыбына арналған шағын сайыс өткізу. Марапаттау. 2 Емтихан Қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айларында алған танымдарына есеп беру емтиханы. Қаңтар 1 Ойнаймыз да 1-апта.Қазақтың ұлттық ойыны 2 күлеміз «Шымбике». Топпен ойынды оқып танысу. . Жалмауыз кемпірдің характерін іздеу. Ширату 2-апта. «Шымбике» ойынымен жұмыс. сабағы 3-апта. «Тақия тастау» ұлттық ойын. 2 Ойынның шартымен танысу. Әр оқушыға бес жұмбақ, бес мақал, бес жаңылтпашты мүдірмей айту міндеттеледі. 2 4-апта. «Тақия тастау» ойынымен жұмыс. 2 Ақпан 1 «Ертегілер елінде» 1-апта.«Алдар көсе» ертегісін топпен оқу. 2 Талдау. 2апта.Әр оқушының характерлеріне қарай роль бөлу.Рольмен жұмыс. 2 2 «Алдар көсе» 3-апта.Ертегімен жұмыс. 2 4-апта. Ертегіні сахналау. 2 Наурыз 1 2 Көлеңке театры. 1-апта.Көлеңке театрымен таныстыру. 2 2-апта. «Алдар көсе» ертегісіндегі 2 суреттерді иллюстрациялау. 3-апта.Көлеңке театры арқылы қөсе» ертегісін сахналау. «Алдар 2 4-апта. «Алдар жалғасады. жұмыс көсе» ертегісімен 2 Сәуір 1 2 «Мақта қыз 1-апта.Топпен ертегіні оқу. Талдау. 2 бен мысық 2-апта. Оқушылардың характерлеріне қарай 2 ертегісі» рольді бөлу. 3-апта.Рольмен жұмыс. 4-апта.Ертегіні сахнаның талаптарына сай орындау. 2 барлық 2 Мамыр 1 Мен сахнаға 1-апта. Театр жайлы альбом құрастыру. 2 үйрендім Жасаған еңбектеріне қарай оқушыларды марапаттау. 2-апта.Шығармашылық жұмыс.Жеке, 2 топтық этюд, жансыз ,адами этюдтар. Құрастырып сахналаған этюдтарына қарай марапаттау. 2 Мен әдемі 3-апта. «Баяғы өткен заманда...» 2 сөйлей тақырыбына өз ойларынан шағын ертегі құрастыру. білемін Ертегі құрастыру мазмұнына қарап қарап, оқушыларды марапаттау. «Алға, алақайбалақай» 4-апта. Топ оқушылары оқу барысында үйренген ертегіні сахналап, екіші жарты 2 жылдықтың емтиханын тапсырады.Емтихан ойын түрінде өтеді. Барлығы 68. Сабақты жоспарлау үлгісі- 1. Сабақтың ұзақтығы 45-минут. Сабақтың тақырыбы: Этюд жасап үйренемін. Сабақтың мақсаты:Емін-еркіндікке, ұялшақтықтан арылуға бағыттау. Актерлік шеберліктерін шыңдау. Дамытушылығы:«Қара жорға» биі арқылы пластикаларын дамыту. Сабақтың барысы: Оқушыларды ұйымдастыру. Этюд терминімен таныстыру. Этюдтың аттары- «Тамшы тас жарар» және «Күнді ауыстырып алған жанұя». Сабақтың жүрісі: 1. Этюд терминіне түсінік – 5 мин 2.«Қара жорға »биін нақышына келтіріп билету – 5 мин. 3. «Тамшы тас жарар» қарапайым қазақтың мақалынан құралған жансыз заттарға этюд( кітапшаның этюдтар мен ойындар жинағында толық ережесі көрсетілген)-15 мин. 4. «Күнді ауыстырып алған жанұя» адами этюд (кітапшаның этюдтар мен ойындар жинағында толық ережесі көрсетілген) –15 мин. Үйге тапсырма:Этюд термині. Осы сабақта өткен этюдты пысықтау -1 мин. Қорытындылау: Оқушыларды бағалау, кері байланыс жасау – 4 мин. Сабақты жоспарлау үлгісі -2. Сабақтың тақырыбы: Жан – жануарларға этюд. Сабақтың мақсаты: Жан- жануарларды келтіру арқылы оқушылардың пластикаларын және мимикаларын дамыту. Дамытушылығы:Импровизациялық ойындар арқылы қиялдарын дамытады. Сабақтың барысы: Оқушыларды ұйымдастыру. Сабақтың жүрісі: 1. Заманауиәуенге оқушыларды билетіп, денелерін қыздыру5мин. 2.Жан-жануарлар туралы әңгімелесу. Жақсы Оқушылармен кері байланыс жасау- 10 мин. көретін жануарларын білу. 3.Жақсы көретін жануарларының характерін іздеу -10 мин. 4.Әр оқушы жақсы көретін жануарларын айнытпай келтіру -15 мин. Үйге тапсырма: Жан –жануарлар туралы жаңылтпаш, жұмбақ, мақал – мәтелдер жаттап келу -2 мин. Қорытындылау:Кері байланыс жасау. Оқушыларды бағалау-3мин. Театрлық әрекеттің түрлері. Этюд деген не? Этюд-актерлік өнер техникасын жетілдіріп, дамыту мақсатында жүргізілетін импровизациялық сипаттағы жаттығулар. Оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттыру.Жалпы музыкада да,театрда да,бейнелеу өнерінде де қолданылады.Оқу барысында жансыз затқа,жан-жануарларға этюд жасалады. Дикция. Дикция деген сөз – латынның dichere-айту, айтылу деген сөзінен шыққан.Сөйлеу шеберлігінің негізгі құралы – сөз.Сахнада оқушы таза, анық сөйлеу керек. Психологиялық ойындардың пайдасы қандай? Оқушыларды жаңа заман талабына сай дамытады. Танымдық ауқымын кеңейтеді. Іскерліктерін арттырып, шығармашылығын дамытады.Сахнада өзін еркін сезінуге көмектеседі. Ұсынылған тосын жағдай. Ертегінің оқиғасы, қысқаша мазмұны.Оқиғаның өтетін орны, уақыты, киімі,гримі, музыкасы, бутафориясы,жарық және музыкасы, әр- түрлі дыбыстар. Түпкі мақсат. Ертегі ойнау барысында оқушылар «мен нені қалаймын» деген сұрақты өзіне қою керек. Театр тіліндегі зейін. Біз бес сезіммен қоршаған дүниені қабылдаймыз. 1.Көру. 2.Есту. 3.Иіскеу. 4.Дәм сезу. 5.Сипап сезу. Алғаш жаттығуларды жасаған санасына сіңіру ауадай қажет. кезде осы бес сезімді оқушылардың Сахнада әрекет жасау. Ішкі сезінуден барып сыртқы әрекет туады. Мысалы, Мақта қыз ертегісінде мысық құйрығын алу үшін, неше түрлі әрекетке барады. Жай сахнада жүгіре бермей алдымен ішкі қажеттілігі пайда болу арқылы әрекетке көшеді. Кейіпкер деген не? Кейіпкер-ойнайтын рольдің қимыл-қозғалысы, сол кейіпкерге тән жүрістұрысы.Гримі, киім үлгісі, көзғарасы. Өлшем және ырғақ (темпо-ритм) Сахнада бес жылдамдық болады: жай, тезірек, орташа, тез, өте тез. -Таңертең тұрған баланың сағаты тоқтап қалыпты, көріністе сабаққа бару үшін өте тез қимылдайды. -Серуендеген бала жай жүреді т.с.с. Сахналық қарым-қатынас. Қарым-қатынас зейін арқылы іске асады.Сахнада роль ойнаған балалар бір-бірімен қатынас жасауы керек. Яғни, біреуі сөйлегенде екінші бала тыңдауға тиісті. Сол арқылы тұтас үйлесімділік пайда болады. Актердің құралы. Актердің құралы - дауысы, денесі, психологиясы.Осы үшеуі сахнада үнемі үйлесімділікте болуы керек. Мизансцена. Сахнада балалардың орналасу тәртібін айтады. Ертегі. Ертегі-фольклордың негізгі жанрының бірі. Ертегі жанры-халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Ғажайып әңгімелері, орасан уақиғалы қазақ әңгімелері, салтпен, тарихпен байланысты оқшау әңгімелердің бәрі де ертегіге айналып кеткен.Ертегінің бірнеше түрлері бар. Олар қиял ғажайып ертегілері, мифологиялық ертегі, хайуанаттар жайындағы ертегілер, тұрмыс-салт ертегілері. Ертегіні топпен дайындау үлгісі: 1.Ертегіні әр балаға оқыту. 2. Ортаға салып топпен талдау. 3. Әр кейіпкердің мақсатын айқандап, мінез-құлығын зерттеу. 4. Рольді оқушы характеріне қарай бөліп, сөздерін жазуды қадағалау. 5. Роль балалардың санасына сіңгенше /читка за солом/ топпен отырып оқу. 6. Сахнаға шығып дайындықты жалғастыру. Сахна тілі жаттығулары Ерінді жаттықтыратын жаттығулар. 1. Екі ерінді Ө әрпін айтқандай алға қарай ұмсындырамыз,бұл жаттығуды жасағанда тіс, тіл қалпында болуы қажет. 2.Тісті көрсетпей езу тартамыз. 3.Алдымен тек жоғары тісті көрсетеміз,төменгі тісті төменгі ерінмен жауып тұрамыз. Енді осы жаттығуды керісінше жасап көреміз. 4.Екі еріннің қалыпты жағдайын сақтап тұрамыз да, сонан соң ерініміздіәуелі жоғары,төмен қозғаймыз. 5.Енді екі ерінді сүйірлеп алып, әуелі оң жаққа,сонан кейін сол жаққа бұрып көреміз. Иек қозғалмау керек. Тіл жаттығулары. Сөздің анық шығуына тілдің тікелей қатысы орасан зор.Тіл ауыр, икемсізжылжымалы болмаса, жаңылтпашты қиын сөздерді айтуда кедергі жасайды. 1.Ауыз екі елі ашық,бірақ, көңіл тілдің қимылында болады.Тіл ұшы жай ғана тіске тиіп жатсын,ауызды ашқанда көмекейдегі кішкене тілді көтеріп, дауысты дыбыстарды еркін шығарамыз. 2.Тіл ақырын көтеріліп, жоғары тіске тиіп,/иек қозғалмайды/ қайта орнына келуі керек. 3.Ерінді тілді жоғары көмекейге қарай жиырамыз.Тілдің астындағы көк тамырларына күш түсіп, сонда Р әріпі сөйлемде анық шығатын болады. 4.Тілді жиырып алып, біресе оң ұртқа,біресе сол ұртқа тигіземіз. Сөздегі дауысты дыбыстарды жаттықтыру. Қазақ тілінде тоғыз жалаң дауыстылар бар. А,ә,е,о,ө,,ү,ұ,ы,і.Бұдан басқа и,у дауыстылар бар.Қазақ тілінің А фонемасы ауыздың мол ашылуынан пайда болады. Е фонемасы тіл мен иектің шамалы жылжуынан пайда болдады.О,Ө ерінді дөңгелету арқылы пайда болады.Осы дыбыстарды күн сайын айтып, оқушыларымызды жаттықтыруымыз керек. А-А-А, Ә-А, О-Ә, О-Ө, Ы-І, І-Ы, Ұ-Ү, Ү-Ы-Ұ, И-Е, Ы-Ү-Ұ, Ү-Ү-Ү-Ү. Дауыссыз дыбыстарды жаттықтыру. Қазақ тілінгдегі дауыссыз дыбыстар б,г,д,ж,з,и,к,л,м,р,п,с,т,ш,қ,ң,ғ,һ,в,ф,х,ц,ч, «У».Айтылу орнына қарай дауыссыздар сегіз топқа бөлінеді. 1.Ерін фонемалары-п-б /у/. 2.Тіс пен ерін дыбыстары-ф-в. 3.Тіс дыбыстары-т-с-з-д-ц. 4.Тіл ұшы-л-н-ч. 5.Тіл алды-р-ш-ж-й. 6.Тіл ортасымен айтылатын дыбыстар-к-г. 7.Тіл арты-қ-ғ-ң-х. 8.Көмекеймен айтылатын дыбыстар-һ. Дауысты дыбыстарды қайтіп жаттықтырсақ, оқушыларға дауыссыз дыбыстарды да солай жаттықтыртуымыз абзал. ПАББА-ПӘББӘ, ПОББО-ПӨББӨ, ПУББУ-ПҰББЫ, ПҮББІ-ПІББІ, БОППОБӨППӨ, ПҮППҮ-БҰППҰ, БИППИ-ПИППИ, ВАФФ-ВОФФ, ТОДДО-ТӘДДӘ. Баланың тілін жаттықтыратын жаңылтпаштар. Ей. Тайқарбай, дегенде Бай Тайқарбай, Малыңды ақшалғынға жай, Тайқарбай. Майқарбай, Тайқарбайлар толып жатыр Сенің айтқан Тайқарбайың , қай Тайқарбай. Ою, ою ойым бар- ды, Ойналмастан ойын қалды. Орындалмай ойымдағы Ойылмады ою-дағы. Орашолақ, олақпын ба, Оя алмадым оюларды. Ықылас пен Ыбырай Ыдыстарын тасымай, Ырыскүлден үлгі алмай, Ынтасыз жүр тілді алмай. 1.Оқушыларға мәнін жоғалтпай бірнеше рет қайталап айтқызамыз. Сонымен қатар, сөздің ой жүйесін сақтау керек. 2.Жаңылтпаштарды алты-жеті рет қайталап айтқызамыз. 3.Сосын, екпінді өзгертіп айтқызамыз. Жаңылтпаштарды айтқанда оқушыларымыздың әртістік қабілетін пайдаланып, әрбір сөзді құбылтуға бағыттаймыз. Әрі қарай бала жылдам , қатесіз айтуға икемделу керек. Этюд жәнезейіндідамытатынойындар. « Шымбике» ұлттық ойыны. Ойынға қатысушы оқушылар саны оннан кем болмауы керек. Ойын басталмас бұрын арасы бес метрдей екі көмбе белгіленеді. Бірінші көмбеде ойнаушылар топ басқарушының артына қатарға тұрады, ал екінші көмбеде жаңылтпаш айтудан сүрінген бала « Жалмауыз кемпір» рөлін ойнайды. Жалмауыз кемпір ақсаңдап қарап тұрады. Қатардағы ең бірінші ойыншы немесе топ басқарушы Жалмауыз кемпірге қарап: Шым-шым шымбике, Шымылдығыңды құр бике, Ақсақ кемпір тоңқылдақ, Бұрама темір солқылдақ, Мына судан қайтіп өтейін?-дейді./оқушылардың артикуляциясы өте жақсы болу керек./ Жалмауыз кемпір: Ақсақ кемпір тоңқылдайды, Бұрама темір солқылдайды, Көйлегіңді салып өт! Мұны естіген ойыншы алға бір секіреді де,тағы да: -Мына судан қайтіп өтемін?-дейді. -Тоныңды салып өт! Ойыншы тағы секіреді. Осылайша төртінші рет секіргенде «Жалмауыз кемпір» қолынан ұстап өткізеді де: -Неше аяқ көже ішесің?,- деп сұрайды да ,отырғызып қояды. Бәрі өтіп болғасын кемпір нөкерлерін шақырып алып: -Адам баласы жалмауыздың қолына түсті, жазалайсың ,-деп нөкеріне бұйрық береді. Нөкерлер бұйрық бойынша неше аяқ көже ішемін деген болса,сонша рет этюд құрастырып,импровизация жасайды.Ойын аяқталғанда «Жалмауыз кемпір » рөлін балалар ауыстырып ойнайды. Бұл ойында бала ұлттық ойынмен танысады, әрі Жалмауыз кемпірдің характерін тауып,әртістік қабілетін шыңдай түседі. Дауыс құбылады. «Тамшы тас жарар» /жансыз заттарға арналған этюд/ Этюдқа төрт оқушы қатысады. Екеуі кәдімгі тас, біреуі – күн, енді біреуі жар қабақта тұрған үлкен мұз. Тастың бейнесін келтіретін балалар бастарын тигізіп, қолдарын айқастырып, тізерлеп отырады. Көқтем мезгілі. Көктем мезгілі... Күн жарқырап шығады. Нұрын шын пейілмен жан – жағына төгеді. Оны сезінген мұз тамшылай бастайды. Тастар әр тамшыны сезінеді. Күн: өте мейірімді, шуағын шашқанда оқушының мимикасы, дене бітімінен пластикасы көрінуі керек. Тастың бейнесін келтіретін оқушылар: тамған тамшыны сезініп, саусақтарынан бастап қозғалтып, бүкіл пластикаларын көрсете білулері абзал. Екеуі ажырағандағы мимикалары байқалу керек. Мұз: Күннің нұрын сезініп, қол ұшымен тамшының тамғанын көрсету. Күнді ауыстырып алған жанұя /адами этюд/ Сахнада анасы мен екі баласы ұйықтап жатады. Телефоннан будильник шырылдайды. /Музыка әуенімен жасалады./Үшеуі атып тұрып тез киінеді де жуына бастайды.Тіпті асыққандары сондай жуынатын жерге кезекке тұрады. / Әрине, қимыл- қозғалыста киімдерін ойша киеді, ыммен көрсетіледі./ Асығып – үсігіп тамақтанады. Сосын аналарының аузынан бір-ақ ауыз сөз шығады: «Бүгін демалыс қой!!!» Сахнаның бес жылдамдығы қолданылады. Зейінді дамыту ойыны Ойынның аты «Айна» деп аталады.Екі бала қарама-қарсы тұрады. Біреуі-айна. Екіншісі-адам. Адам әр-түрлі қимылдармен қозғала бастайды.Тіпті музыка қосылып, заманауи ырғақпен де билейді. Ал, айна сол қимылдарды бұлжытпай орындауы керек. Елестету қабілетін дамытатын ойын. «Суреттерді салыстырамыз» Балаларға бір-біріне ұқсас, бірақ бірқатар өзгешеліктері бар суреттерден айырмашылықтарын табуды ұсынамыз. Өз орныңды есте сақта Ойын мақсаты. Моторлы-есту ой қабілетін дамыту. Балалар «Қара жорға» әуенімен шеңбер жасап билейді. Әр ойынға қатысушы өз орнын есте сақтау керек. Әуен тоқтағасын кім қай жерде биін бастады, орнына келіп тұра қалу керек керек. Ретін есте сақта! Ойын мақсаты. Байқаушылықты дамыту. 4 — 5 ойыншылар бір-бірінің артына еркін тұрады. Жүргізуші ретін қарап, теріс айналады және қай бала кімнің артында тұрғаның айтып беру керек. Одан кейін жүргізуші ауысады. Байқағыштық қабілетті дамытатын ойын. Ойынның аты «Байқампаздық» Топтағы балаларды қатарға тұрғызып,ортаға біреуін шығарамыз. Топ балалары бірден киімдеріне өзгеріс енгізеді. Шыққан баланы қайта кіргізіп өзгерістерді сұраймыз.Егер өзгерістерді тапса байқампаз атанады. Суретші Ойын мақсаты. Байқағыштықты дамыту. Бала суретші рөлін ойнайды. Сурет салатын бала екінші баланың келбетіне мұқият қарайды, теріс тұрып сөздік портретін береді./Баланың есте сақтау қабілеті дамуымен қатар,сөйлем құрау дағдылары да қалыптасады./ Елестетуді дамыту. Топтың ішінен бір баланы ортаға шығарамыз. Бала теріс қарап отырады. Балалар кезекпкен әр- түрлі интонациямен сөйлейді. Теріс қарап отырған бала , дауыс кімге тиесілі екенін табу керек. Қиялды әрі тілді дамыту. Ортаға бір оқушыны шығарып отырғызамыз. Екінші оқушы бір сөз айтады. Мысалы, «аңшы» сөзі. Отырған оқушы өзін аңшы сезініп оқиғаның басы,шарықтау шегі, аяғы бар мәнді әңгіме құрау керек. Ақырын!/этюд/. Мысық ұйықтап жатқан жолдан екі тышқан өту керек. Олар аяқ ұшымен жүріп келеді, бірде тоқтап бір-біріне «Ақырын!» деп белгі көрсетеді. Этюд Б. Берлин «Ұйықтап жатқан мысық» әуенімен орындалады.. Бейнелілікті қимыл. Мойынды алдына қарай созып, сұқ саусағын қысылған ерінге жақындату, қасын жоғары көтеру. Штанга Бала «ауыр штанганы» көтереді. Одан кейін лақтырады. Демалады.Сахна тілі жаттығуы арқылы диафрагмаға көп ауа толтырады да,оны ш-с әріптерінің көмегімен сыртқа шығарады. Үрленген доп Екі бала ойнайды. Біреуі - үлкен үрлеуіш, екіншісі доп. Доп тұрады, денесін бос, аяғын сәл бүгіп; қолын, мойын босатады. Денені сәл алдына еңкейтіп, бас төмен түсіп тұрады (допта ауа жоқ). Екінші бала допты үрлейді, қолмен қимыл жасайды (ауаны үрлейді), «с» сахна тілі жаттығуымен дыбыстайды. Бірінші «с» дыбысына – аяғын түзейді, екінші - денесін тік ұстайды, үшінші – басын көтереді, төртінші – бетін ауаға толтырады, қолын жоғары көтереді. Доп үрленеді. Досы доптан үрлеуішті алып тастайды... Доптың қатты күшпен, «ш» деген дыбыспен желі шығып кетеді. Дене бос, бастапқы кезеңге қайта келеді. Ойыншылар орнымен ауысады. Бейнелілікті қимыл. Мойнын алға созып, қадала карайды, дене сәл алға еңкейеді. Тақия тастау. Қазақтың ұлттық ойыны. Ойынға бірнеше бала қатысады. Үйірмеде бұл ойынды ойнау үшін, әр бала жаңылмастан бес жұмбақ, бес жаңылтпаш, бес мақал білулері керек. Балалар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп, бір баланың артына білдіртпей тақияны тастап кетеді.Сезіп қойған бала жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал жүргізуші бала қуған баланың орнына келіп отыра қалуға тырысады.Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын өтейді. Яғни, жұмбақ, жаңылтпаш ,мақалын айтуы керек. Отырған балалар да жұмбақ шешіп,сергіп қалады. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ 1.15. Этюд (театр өнерінде) А) Актерлік өнер техникасын жетілдіріп, дамыту мақсатында жүргізілетін импровизациялық сипаттағы жаттығулар. Ә) Бейнелеу өнерінде бір затты жеке салып меңгеруі мақсатымен натурадан орындалатын сурет. Б) Музыкада орындаушы шеберлігін арттыру мақсатында қолданылатын аспаптық пьеса. 2. Жұмбақты шеш. Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын, Жаз шіріп,қыста үсіп тоңбайтұғын. Жаһанның жерін,суын,жәндіктерін, Іші кең,бәрін салса толмайтұғын. А) Үркер. Ә) Жер. Б) Жұлдыздар ішіндегі ай. 2. Актерлар үшін театр деген не? А) Көркемдік шеберхана әрі мектеп. Ә) Жалпы білім беретін орта мектеп. Б) Би алаңы. 3. Режиссер А)Труппа меңгерушісі. Ә) Костюмер. Б) Драмалық немесе қызметкері. музыкалық туындыны қоятын театр шығармашылық 4. Бутофория? А) Үй жиһаздары. Ә) Театрда спектакльге қажетті заттар (жиһаз, мүсін, әшекей, қару т.б.). Б) Мектеп оқу құралдары. 5. Жұмбақты шеш. Жетіішектен жеті түрлі үн шығар, Әуезінен жеті тарау мұң шығар. Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар, Бұл аспап, қай аспап? . А) Қобыз. Ә) Жетіген. Б) Домбыра. 6. Өнер түріне жатпайтын сөзді белгіле. А) Мүсін. Ә) Жиналыс. Б) Музыка. 7. Театрдағы/гример/бояушы қандай қызмет атқарады. А) Қабырғабояйды. Ә) Етік бояйды. Б) Актерлерді роліне қарай бояндырады. 8.Сахнада неше жылдамдық болады? А) 6. Ә) 3. Б) 5. 9.Актер деген кім? А) Мұғалім. Ә) Орындаушы. Б) Есепші. 10.Жұмбақтың жауабын шеш. Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп, Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? А) Күшік. Ә) Айна. Б) Көлеңке. Театралдық әрекетті дамыту дағдыларының диагностикасы Театралдық Жоғары Орта Төмен әрекеттің деңгей деңгей деңгей дағдылары (10-9 балл) (8-7 балл) (6-5 балл) Театралдық Театрға Театрға Театрға мәдениет-тің қызығушылығы өте қызығушылығы қызығушылығы негіздері жоғары.Этюдтарды жақсы.Этюдтарды бәсең.Этюдтарды оңай жасайды .Пластика, жасағанда меңгереді.Пластика, мимикасы қиналады.Пластика, мимикасы өте жақсы орташа.Театр мимикасы дамыған.Театр ережелерін нашар.Театр ережесін қатаң сақтайды ережелерін біледі. сақтайды. Тілдің мәдениеті Танымдық Артикуляциясы өте жақсы. Демді алу техникасын меңгерген.Сөйлегенде ріптері таза, анық шығады. тест Тест сұрақтарына Артикуляциясы жақсы.Демді алу техникасын біледі.Әріптерді анық айтуға талпынады. Тест сұрақтарына Артикуляциясы нашар.Демді алу техникасын жартылай меңгерген. Әріптері таза шықпайды. Тест сұрақтарына сұрақтары толықтай береді. жауап жауап береді. жартылай береді. жауап Театралдық әрекетті дамыту дағдыларының диагностикасының хаттамасы № Балан ың атыжөні Театралдық әрекеттің дағдылары Театра л-дық мәдени ет негізде рі Тілдің мәдение ті Пластика,мимик аның дамуы Рольді ойну шебер лігі Топпе н жұмыс жасау негізде рі. Барлықбаллс аны Қорытынды: Оқушыларды театр өнеріне тәрбиелеу жолында 2002 жылдан бері еңбек етіп келемін. Алғашында қарапайым үйірме ,кейіннен «Актерлік шеберлікке даярлау» сыныбы жетекшісі болдым. Осы жылдар аралығындағы еңбек өтілімімде Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтында алған білімімді алдыма келген кішкентай шәкірттеріме беруді мақсат еттім.Оқушыларымның дүниетанымын кеңейтіп,сөз мағынасын келістіре құбылтып, өзін-өзі тануын жөн көрдім.Жұмыс барысында оқушыларым аудандық, облстық, республикалық, халықаралықконкурстардың жеңімпаздары атанды. Ең алғашқы түлектерім Оспанбаева Аридаш Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының режиссеры, Маралбекова Арай Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрының актрисасы. Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға, Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға. /Абай/ Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны. «Тамшы тас жарар» Этюд «Күнді ауыстырып алған жанұя» этюд «Эмоциялық жаттығу» Онлайн сабақтар 2021 жылы конкурсқа қатысқан оқушылар және мұғалім жетістігі Конкурсқа қатысқан оқушылар Терминдік сөздер. Актер-орындаушы/латынша actor/. Режиссер-драмалық туындыны қоятын театрдағы шығармашылық қызметкері. Ансамбль-үйлесімділік. Бутафор-әшекей заттар жасайтын адам. Бутафория-сахнаға керекті жасанды әшекей заттар. Грим-/француз тілінен келген/бояну. Декорация-сахна жабдығы. Жест-ишарат. Импровизация-суырып салма. Интеллект-ақыл, парасат. Костюмер-киім кигізуші. Мимика-ым,ымдау,ыммен білдіру. Оператор-музыка беруші. Пластика-/қимылға байланысты/әсем қимыл. Партнер-серіктес. Пафос-іңкәр сезім. Реквизит-сахналық бұйым. Фантазия-қиял. Эмоция-тебіреніс,толғаныс. Әдебиеттер тізімі. 1. Оразхан Кенебаев «Актер шеберлігінің элементтері» 2. Маман Байсеркенов «Сахна және актер»-Алматы «Ана тілі»1993 3. Рабиға Қаныбаева «Сахна сәні-сырлы сөз»-«Жалын» Баспасы 1979 Мазмұны: 1.Пікір Акжалов Б.Т. 2.Пікір Сүлейменова А.Т. 3.Титул парағы. 4.Өзектілігі, кіріспе. 5Түсінік хат. 6.Мақсаты, міндеті, негізгі бағыт, күтілетін нәтижелер. 7-8-9.Жұмыс жоспары. 10-11.Сабақты жоспарлау үлгісі-1. 12.Сабақты жоспарлау үлгісі-2. 13-14.Театрлық әрекеттің түрлері. 14-15.Ертегіні топпен дайындау жүйесі. 16.Сахна тілі жаттығулары. 17-18-19-20.Этюд және зейінді дамытатын ойындар. 20-21-22.Тест сұрақтары. 23.Театралдық әрекетті дамытуға арналған дағдыларының диагностикасы. Театралдық әрекетті дамыту дағдыларының диагностикалық хаттамасы. Қорытынды. 24-25-26. Фото-суреттер. 27.Терминдік сөздер.