Uploaded by gulnur.e.88

оқытушының инновациялық тәжірибесінің сипаттамасы

advertisement
Оқытушының инновациялық тәжірибесінің сипаттамасы.
Болашағымыздың айқын болуы бүгінгі ұрпақтың дұрыс тәрбиеленуінде
екені
бәрімізге
мәлім.
Соның
ішінде
жан-жақты
дамыған,
рухани
адамгершілік қасиеттері бар, үйлесімді, таңдау жасау жағдайында өздігімен
шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарымқатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар тұлғаны
тәрбиелеп шығару ұлы ұстаздардың үлесінде. «Тәрбие тұжырымдамасының
негізінде» де ұстаз алдына осы талаптарды қояды.
«Рухани жаңғыру» білім
беру жүйесінде және тәрбие бағытында туған жердің тарихы, мәдениеті,
әдебиетін терең зерттеуге арналған мүмкіндіктер кеңістігіне айналуда. Бұл
мәселені шешу барысында Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесіндегі
«Шаңырақ»
оқушылар
қауымдастығын
жалпы
білім
беретін
орта
мектептерінде құру дұрыс шешім деп ойлаймын. Бір шаңырақтың астында
тәрбиеленген
оқушылардың
бауырмалдық,
мейірімділік,
бойында
бір-біріне
деген
қамқорлық,
өзгенің пікірін, құқығын құрметтеу секілді
құндылықтар қалыптасатыны сөзсіз. Сол орайда 2019-2020 оқу жылының
«Білім күні» мерекесінде Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейінде 5 «а»
және 9 «а» сыныптарынан құралған «Ұлағат» шаңырағы қауымдастығы
құрдым.
Өз тәжірибемді әріптестеріммен бөлісу үшін «Шаңырақ»
оқушылар қауымдастығының жұмыс жүйесін және Google Диск сақтаушы
сервисі бойынша оқушылар мен ата-аналар туралы мәліметтерді жылдам,
тиімді жинақтау бойынша әдістемелік көмекші құрал ұсынып отырмын.
Менің алдыма қойған мақсатым
«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығын
жалпы орта білім беретін мектептерге енгізуге ұйтқы болу.
“Ұлағат”
шаңырағы жобасының жұмыс жүйесімен таныстыру, демонстрациялау және
Google Диск сақтаушы сервисі бойынша шаңырақ қауымдастығы мүшелері
мен ата-аналар туралы мәліметтерін тиімді жинақтау жолдарын көрсету.
Мобильді жұмыс жасау түрін
насихаттау.
Жұмысымның өзектілігі:
«Шаңырақ» қауымдастығының жұмысын тиімді ұйымдастыру бойынша
педагогтарға нақты бағыт-бағдар беріледі. Яғни, тәрбиенің 8 бағытын
қамтитын, «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін» басшылыққа алумен
қатар, «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының заңындағы білім
беру жүйесіне қойылатын міндеттерді ескере отырып, шығармашылықпен
жасалған (авторлық)тәрбие жоспары мен
жеке
жобалардың үлгісі
болашаққа бағдарланған тұлға тәрбиелеуге септігін тигізеді. Екінші жыл
қатарынан осы жобаларды іске асыра келе менің шаңырақ мүшелерімнің
бойынан бір-біріне деген сыйластық, құрмет, көшбасшылыққа ұмтылу,
қамқорлық, бауырмалдық, ата-анасын сыйлау, оларды мақтан ету, кітап оқуға
ынталы, жауапкершілігі бар, командамен ұйымдаса жұмыс жасай алатын
қасиеттерін көрдім. Сондықтан да жеке бір сыныпқа ғана жетекшілік
еткеннен орта және жоғары буыннан екі сыныпты бірге қамқорлығыңа алып,
тәрбие жұмысын жүргізсе, оқушының бойында әсіресе үлкенге ізет, кішіге
қамқор мінезі өзінен өзі қалыптасатындығына сенімдімін!
Download