Аудандық білім бөлімі бойынша атқарылған жұмыстар туралы Жаңа кезеңдегі мемлекетіміздің саясатының маңызды бағытының бірі – жастарға заманына сай білім мен тәрбие беру мәселесі. Білім беру жүйесін дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жаңа білім беру стратегиясын жүзеге асыруға бағытталып отыр. Бағдарламаны орындау барысында білім бөлімі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтуге рұқсат етіңіздер. Зайсан ауданы бойынша 27 мектеп, 18 балабақша, 2 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді. 27 мектептің оқушы конитнгентіне байланысты 12-і толық комплектілі, 15- шағын жинақты, 17- орта, 8- негізгі орта, 2 бастауыш мектептер. Оқушы контингенті- 6509, қала мектептерінде- 3433, ауыл мектептерінде- 3076 бала оқиды. 6181 оқушы қазақ, 328-і орыс тілінде білім алып отыр. 6404 қазақ ұлтының балалары болса, 105-і (орыс-74, украин-1, қырғыз-1, башқұрт-2, татар-20, курд-1, ұйғыр-5, бурят-1) өзге ұлт балалары. Бүгінгі күні аудандағы 18 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 1-6 жас аралығындағы балалардың 86,3 % және 3-6 жас аралығында 100% мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен қамтылған. 5-6 жасар балалар мектепалды даярлықпен толық қамтылған. Аудандағы бала туу көрсеткіші өсіп отырғандықтан бүгінгі күні 551 бала мектепке дейінгі мекемеге кезекке қойылған. 2022 жылы Біржан ауылында жаңадан 50 орындық «Сәби» жекеменшік балабақшасы ашылды. Сонымен қатар Зайсан қаласында «Балапан-1» - 15 балаға, «Балапан-2»-25 балаға, «Шың» балабақшасы-50 балаға, «Күншуақ»55 балаға қосымша орындар ашты. (Барлығы 195 орын). 2025 жылға дейін балаларды 100% мектепке дейінгі ұйымдармен қамту - қосымша орындар ашу, бұрын балабақша болған ғимараттарды қайтару және балабақша салу арқылы жүзеге асырылады деп жоспарлануда. 2021-22 оқу жылының ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы 57,2%, өткен жылмен салыстырғанда 1,0% ға жоғары. Үздіктер саны-1120, екпінді-2246, бір оқушы денсаулығына байланысты қорытылмаса, 109 оқушы денсаулығына байланысты дене шынықтыру пәнінен босатылған. Аудан деңгейінен жоғары білім сапасын көрсетіп отырған мектептер Х. Мұстафина (94%), Жарсу ОМ-60,6% , Қазақстан ОМ (62%), Шекарашы ОМ (63,1%), Тасбастау НОМ(65,7%), Биқадамов БМ (75%), Қарасай БМ (100%). Мектеп бітірушілердің жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны болатын Ұлттық бірыңғай тестілеу екінші жыл компьютерлік форматта өтіп отыр. Өткен жылы мамыр- маусым аралығындағы бірінші грант ұтып алу үшін 342 (95,5 %), екіншісіне 294 (82,1%) түлек қатысты. Мамыр айында орташа балл-66 болса, маусым айында 72,6 болды. Екі тест нәтижесі бойынша ең төмен балл- 28, ең жоғарғы-134 балл болды. 21түлек - 100ден жоғары балл жинады. Ағымдағы жылы қаңтар айында өткен ҰБТ ге 211 оқушы қатысты. Бұл барлық түлектің 58,9 пайызы. 210-ы Өскемен, 1 түлек Семей қаласындағы тестілеу пункітінде тапсырды. Аудан бойынша орташа балл-65,6 болды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5,8 балға артық. 100 ден жоғары балл жинаған түлектер саны-20, шектік деңгейден төмен жинағандар-35 түлек. Өткен жылы (100 ден жоғары -15, шектік деңгейден төмен-107). Бұдан мектеп түлектерінің жауапкершілігінің артқанын байқауға болады. Наурыз айындағы ҰБТ ге тіркелу аяқталды. Аудан мектептерінен 232 бала тіркелді, бұл барлық түлектің 64,8 пайызы. Қатысу сапасы қаңтар айынан 5,9 пайызға артық. Жан-жақты қалыптасқан мектептің бірден –бір көрсеткіші- ол дарынды балаларды анықтау мен қолдау жүйесін дамытуы. Аудан мектептерінде дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудi одан әрi жетiлдiру, олардың интеллектуалдық қабiлетi мен талантын дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасалған. Нәтижесінде оқушыларымыз білім бәсекесінде топ жарып жүр. 2021-2022 оқу жылында Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің дарынды балалармен жұмыс жоспарына сәйкес аудан аумағында өткізілген бірқатар зияткерлік сайыстар, олимпиадалар, әдеби оқулар, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға 1356 оқушы қатысты. Соның ішінде аудандық кезеңнен жүлделі орындарға 525 оқушы ие болды. Аудандық кезеңнен І орын алған 118 оқушы олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, конкурстардың облыстық кезеңіне барып қатысты. Байқаулардың облыстық кезеңінен жүлделі орындар иеленген 50 оқушының ішінде 6 оқушы республикалық байқауға қатысып жүлделі І орынды 2 оқушы, ІІ орынды 2 оқушы жеңіп алды. Салауатты өмір салтын насихаттауда 25 мектепте 198 спорт секциясы жұмыс істейді, оған 2982 оқушы қатысады. Балалар – жасөспірімдер спорт мектебіне 840 бала, бұқаралық спортты дамыту орталығына 998 оқушы қатысады. 2021 жылы бюджеттен 3млн 400 мың тенге қаражат бөлініп, 15 мектептің спорт залдарына қажетті спорт инвентарьлар алынды. Аудан бойынша кітапхана саны-25, онда 28 кітапханашы жұмыс істейді. Мектептеріндегі кітапхана қорында 49374 көркем әдебиет бар, оның ішінде қазақ тілінде 28257, орыс тілінде 16905. 2021-22 оқу жылындағы ерекшеліктің бірі — «Әліппе» және «Букварь» оқулықтарының мектеп бағдарламасына қайта оралуы. Аудан мектептерінде «Әліппе» және «Букварь» оқулықтары 1 қыркүйек білім күні мерекесінде салтанатты түрде табысталды. Оқу сауаттылығы- қазіргі қоғамда болашақ ұрпақты өмірге дайындаудағы маңызды көрсеткіштерінің бірі. Республика көлемінде “Оқуға құштар – мектеп, оқуға құштар – ел” жобасы іске асырылуда. Жобаны жүзеге асыру мақсатында «Оқырман отбасы»,«READх» инновациялық жобасы, «Мектеп кітапханасының үздік жобасы», «Оқып болсаң -өзгеге ұсын» акциялары, «Еркін оқу кеңістігі», «Оқырман бенефисі», Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «30 жылға- 30 кітап», «Мобильді кітапхана» іс –шаралары ұйымдастырылуда. Нәтижесінде 6 мектеп кітапханасының / Ю.Гагарин, Жамбыл, Жаңатұрмыс, М.Әуезов, М.В.Ломоносов, Мұжықсу/ 3 859 642,00 тнг көлемінде материалдық базасы жаңартылды. Әрбір білім беру мекемелерінде дені сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың интеграциясын қалыптастыру мақсатында кедергісіз аймақ ортасы болуы керек. Ауданда 0-18 жас аралығындағы жалпы мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны 460, мектепте білім алып отырған оқушылар саны 150 ол 32,6 % құрайды. Үйден тегін 53 оқушы оқытылып отыр. Аталған оқушылар ауданның 23 білім беру мекемесінде білім алып отыр. Оның ішінде ПДТ (психикалық дамуы тежелген)-79, тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары 18, тіл мүкістігімен-26, миопия-1, аутизм-3, интеллект бұзылыстары-9, басқа бұзылыстармен 14 бала отыр. Инклюзивті білім беру ерекшеліктері бойынша ауданымызда 182 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Соңғы 3 жылда облыс көлемінде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың үлесі 15%, аудан көлемінде 18 % ға азайып келеді. (2020ж-72, 2021ж-52, 2022ж-53 бала). Облыстық балалар үйінен 4 бала асырап алынып, 3 бала қамқоршылыққа, 2 бала патронаттық тәрбиеге берілді. Аудандағы тіркелген 53 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй кезегіне қою, үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. 2012 жылдан бері осы санаттағы 57 бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді.Сонымен қатар 65 бала тұрғын үй кезегіне қойылды. Олардың 38-і 18 жасқа толмағандар. «Тәрбиесіз берілген білім –тұл» деп ғұлама ғалым Әл- Фараби айтқандай аудан мектептерінде тәрбие жұмысы ата-ана, оқушы және мұғалім «үштік одақ» негізінде жүргізу қолға алынған. Тәрбие беру негізгі 8 бағытта: жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, ұлттық тәрбие, отбасылық тәрбие, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу, көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыттарында жүзеге асырылуда. Аудандағы 25 мектепте «Адал ұрпақ» еріктілер клубтары, пікірсайыс клубтары, мектеп Парламенті құрылған, балалар өкілдігі жұмыс істейді. 17 орта мектепте Парламент құрамында 8 фракция, 6 негізгі орта мектептерінде 4 фракциядан құрылған. Әр адамның өз көзкарасын, пікірін қорғай білуі, өз ойын дұрыс дәлелдей алуы – заман талабы. Оқушыларға сөз саптауды, өз ойын тыңдармандар алдында еркін әрі ашық жеткізе білуді үйрету мақсатында әртүрлі форматта аудандық пікірсайыс турнирлері өткізіліп келеді. Ақыл мен ой жарысқа түсетін мұндай пікірсайыс жастардың интелектуалдық білімін арттыруға үлес қосары сөзсіз. Аудан көлемінде 2021 жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсетуге бағытталған, дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады. Акция аясында аз қамтылған, көпбалалы отбасынан 119 оқушы кеңсе тауарларымен, 1 оқушы компьютермен, 3 оқушы ноутбукпен, 37 оқушы киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, 6 оқушыға 125 мың теңгенің ақшалай сертификаты тапсырылды. Сонымен қатар, аудан әкімдігі тарапынан мемлекеттік мекеме басшылары және депутаттар демеушілігімен қосымша 130 оқушыға оқу құралдарын сатып алуға көмек көрсетілді. 2021-2022 оқу жылында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 1539 бала тегін ыстық тамақпен қамтылды. Аз қамтылған отбасы балаларын мектеп формасымен қамту мақсатында бюджеттен 31881,0 мың тенге қаражат қаралып, 1575 бала мектеп формасымен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ Семей аяқ-киім фабрикасымен келісім шарт жасалып, бюджет есебінен бөлінген 17704,0 тенге қаражатқа 1558 балатегін аяқ киіммен қамтылды. Өткен жылы 126 аз қамтылған отбасы балалары қала сыртындағы «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» базасында 4 ауысымда 31.07-19.08 аралығында жазғы сауықтырумен қамтылды. Сонымен қатар 25 мектеп жанындағы сауықтыру лагерьлерінде 2489 бастауыш сынып оқушылары сауықтырылды. Сонымен қатар мектеп директоры, аудандық полиция инспекторлары, мектеп психологы мен медбикесінің, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарларының қатысуымен жасөспірімдердің тәртібі, жыныстық тәрбие беру,суицидтің алдын алу, қолайсыз отбасындағы тәрбие тб тақырыптарында жоспарлы түрде дөңгелек үстелдер, кездесулер өтіп тұрады. Дегенмен аудан мектептерінің есебінде қолайсыз отбасыларында тәрбиеленіп жатқан 20 оқушы бар. Балалардың тұрмыстық жағдайы, оқу үлгерімі мектеп әкімшілігі тарапынан үнемі бақылауда. Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия мүшелерімен бірлесіп, бекітілген кестеге сәйкес қолайсыз отбасыларына мониторинг жүргізіліп, рейд ұйымдастырылып тұрады. Жан- жақты тәрбие беруді дамытудың тағы бір саласы- қосымша білім беру болып табылады. Ауданда білім бөліміне қарасты 2 мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. Онда 890 бала тәрбиеленуде. Екі білім беру ұйымдарында 10 үйірме, 11 бағыттағы сыныптарда 58 педагог еңбек етеді. Аудан мектептерінде 945 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 801- жоғары, 144 мұғалім арнаулы орта білімді. Жоғарғы санатты мұғалім128, бірінші санатты- 301, аудандағы санаты жағынан педагог кадрлардың сапалық құрамы 45,8 пайызды құрайды, екінші санатты-258, мұғалім санатында-258. Жылда педагогтар қатары жас мамандармен толықтырылып келеді. 2021-2022 оқу жылында 33 жас маман қабылданды. Ауыл мектептеріне келген жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 4 жас маманға әр қайсысына 265,0 мың теңге жиыны 1060,0 мың теңгеге көлемінде көтермеақы берілсе, 4 жас маманға 3787,5 мың теңге жиыны 15150,0 мың теңгеге 0,01 пайыздық жеңілдікпен тұрғын үй алуға бюджеттік несие берілді. «Бақытты отбасы» бағдарламалары аясында білім саласында қызмет атқаратын көп балалы 5 педагогпен әңгімелесу жүргізіліп, бағдарламаның шарттары түсіндіріліп, бағдарлама бойынша үй алуға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсыныс берілді. Бос ваканттық орындар бойынша Мұжықсу, Жамбыл, Тасбастау негізгі орта мектеп директорларының және Ертөстік, Балдырған, Балғын балабақшалары меңгерушілігіне конкурс жарияланып, Мұжықсу негізгі орта мектебіне конкурс қортындысы нәтижесінде директор тағайындалды. Өзге конкурстар уақытына қарай жүргізілуде. Үштілділікті дамыту бойынша кешенді жоспар барысында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытуда тілдік коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуға мүмкіншілік туғызатын қажетті ұйымдастырушылық, әдістемелік, педагогикалық және қаржылық жағдай туғызылды. Тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатындағы диагностикалық тестен ауданнан 104 мұғалім (4 қазақ тілі, 51 орыс тілі, 49 ағылшын тілі мұғалімдері) өтсе, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 108 мұғалім (33 орыс тілі, 7 ағылшын тілі, 3 қазақ тілі, 65 бастауыш сынып) арнайы курстан өтті. Үштілдік білім беруде жалпы білім беру мекемелерінің жоғары сыныптарында биология, химия, физика, информатика пәндерін ағылшын тілінде жүргізу мүмкіндігі жүзеге аса бастады. Ауданның 17 мектебінде 43 мұғалім ( информатика 14; биология12; физика- 10; химия-7) ағылшын тілін кіріктіріп оқытып келді. Шығыс Қазақстан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бастамасымен жаратылыстану- математикалық бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту сапасына мониторинг жүргізу мақсатында ауданның жоғары санатты ағылшын тілі пәні мұғалімдерінен құрылған комиссия жұмыс істеді. Нәтижесінде білім беруде талап деңгейінде жұмыс атқарып отымаған мұғалімдер бойынша ұсыныс берілді Ауданның білім беру жүйесіндегі барлық жаңашылдықтардың мақсаты- заман талабына сай жаңа білім беруге жағдай жасау болып табылады. 2021 жылы білім беру мекемелерін ағымдағы жөндеуден өткізуге 79 млн 350 мың тенге бөлінсе, материалдық –техникалық базасын нығайтуға 111млн 417 мың тенге, сонымен қатар жаңа буынды оқулықтарман қамтуға 25 млн. 873 мың 836тенге бөлінді. Ағымдағы жылы күрделі жөндеуге 118300,0 мың тенге (Мүкарама ОМ), ағымдағы жөндеуге 77708,1 мың тенге (Шілікті ОМ, Абай ОМ, М. Әуезов ОМ, Орманбетов НОМ) бөлініп жұмыстар жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда мектеп өмірін интернет желісінсіз елестету мүмкін емес. Аудан мектептері 100% жылдамдығы секундына 48Мб кеңжолақты интернет желісіне қосылған. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Күнделік» БАЖ жүйесіне 27 мектеп (100%) қосылған. Жүйеде мұғалімдер, оқушылар мен атааналар 100% тіркелген. 2014-20 жылдар аралығында аудан мектептеріне 72 компьютер алынса, Президент Қ. Тоқаевтың тапсырмасы негізінде 2021 жылы қашықтықтан оқытудың сапасын арттыру мақсатында республикалық резервтен 100 планшет, 528 ноутбук, 153 стационарлық компьютерлер, алынды. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен 74 780,0 мың тенге бөлініп, 526 ноутбук алынды. (417дана- 58 380,0мың тенге, 109 дана- 16 400,0 мың тенге). Және 132дана роутер сатып алуға 2 млн 518мың 800 тенге қаражат бөлінді. (60-билайн, 1 млн 258,8, 72 –актив, 1 млн 260). Бүгінгі күні аудан бойынша әр үш балаға бір компьтерден келеді. Аудан мектептеріндегі ескірген, қолданысқа жатпайтын 185 дана компьютерлер есептен шығарылды. Аудан мектептерінің материалдық- техникалық базасын нығайтуға, аға ұстаздардың, ауданның құрметті азаматтарының еңбек жолын насихаттау, үлгі ету мақсатында ашылған және мектеп түлектерінің кабинеттері өз үлесін қосып отыр. Жалпы аудан бойынша 37 атаулы кабинеттер оқушылардың сапалы білім алуына жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні мектептерінде жаңа модификациялы 26-ЛМК, 17-физика, 15- биология, 17химия кабинеттері жұмыс істейді. Мектептердегі 440 кабинетте 32 актив панель, 77 интерактивті тақта, 144 экранымен проекторлармен жабдықталған. Сондай-ақ мектептердің материалдық техникалық базасын нығайтуға облыс әкімінің «Туған жерге тағзым» акциясы жүйелі үлесін қосып келеді 2021 жылы 20 жылдық түлектер өз бастамаларымен мектепке қажетті жабдықтар барлығы 2840000 тенгеге (проектор, түрлі –түсті принтер, акт залына орындықтар, кабинетке шкафтар, мектеп ауласына демалыс орны (беседка), мектеп кітапханасына әдеби кітаптар, мемлекеттік рәміздер, алма ағаштарының көшеттері) сыйлығын тапсырды. Бұл үрдіс ағымдағы жылы да жалғасын табады. Аудандық білім бөлімінде 4 мемлекеттік қызметкер, 10 әдіскер жұмыс істейді. Аудандық білім бөліімне қарасты барлық білім беру ұйымдарындағы білім беру, тәрбие, салауаттылық, кадр, қамқоршылыққорғаншылық, инклюзивті білім беру, психологиялық көмек, түлектерді қатаң есеп бланкаларымен қамтамасыз ету, әдістемелік көмек жұмыстары, есептілік, мемлекеттік қызмет көрсету тікелей білім бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жүргізіледі. Білім бөлімі арқылы 21 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2021 жылы 4056 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2022 жылдың 2 айында -352 қызмет көрсетілді. 2021 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 41, 45 тармақтарына сәйкес, білім бөлімі тарапынан ауданның 2 мектебінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы облыстық білім басқарамасы жоспарына сәйкес жүргізіледі. Негізгі атқарылып отырған жұмыстарға тоқталып өттім. Келешек ел басқарар, мәртебесін биіктетер кемел ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде атқарып отырған жұмыстар жалғасын табады. Назарларыңызға Рахмет! Бөлім басшысы М. Мұратқызы