Uploaded by Qaxraman Sadullaev

13-апта

advertisement
Электронды пошта (ағылш. Email, e-mail яғни electronic mail) – технология және оның қайта
сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған
электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық). Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден
айырмашылығы (мысалы, әбсәтте келетін хабарламалар қызметі) болып, кейінге қалдырылған
жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарымқатынастар табылады.
Гиннес рекордтар кітабының (2013) мәліметіне cәйкес күніне 294 миллиард email жіберіледі.
Тарихы
Электронды поштаның пайда болуын 1965ж жатқызуға болады. Осы жылы Массачусетк –
технологиялық институтының (MIT) қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек, CTSS
(Compatible time-sharing system) операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды. Ал
бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютерінде орнатылды.
Mail бағдарламасының мәтіндік интерфейсі
Электронды поштаның жалпы дамуы көпқолданушылық жүйелердегі қолданушылардың
локальді ара-қатынысының дамуы арқылы жүрді. Қолданушылар mail бағдарламасын қолдану
арқылы бір мейнфрейм (үлкен компьютер) шегінде бір-біріне хабарлама жібере алады. Келесі
қадам басқа машинадағы қолданушыға хабарлама жіберу мүкіндігі болды – ол үшін машина
атының көрсеткіші және машинадағы қолданушы аты қолданылады. Мекен-жай(адрес) foo!joe
түрінде жазылады. Электронды поштаның үшінші қадамы үшінші компьютер арқылы хаттарды
жіберудің құрылуы кезінде шықты. UUCP-адрес қолданған жағдайда қолданушы бірнеше
аралықтағы машиналардан кейінгі қолданушыға дейін өзіне бағдар қосады (мысалы, gate1! Gate2!
Foo!joe - арналған хат, gate1! Gate2! машиналары арқылы foo машинасына). Мұндай адресаттың
кемшілігі болып, қолданушыға машина адресатының нақ жолын білуі керектігі табылады. DNS
атты үлестірмелі ғаламдық жүйені пайда болуынан кейін, адресті көрсету үшін - user£example.com
домендік аттары қолданыла бастады (example.com машинасындағы user қолданушысы). Мұнымен
қатар бір мезгілде «машинада» ұғымының қайта қарастырылуы болды: пошта үшін бөлініп
шығарылған серверлер қолданыла бастады, оған қарапайым қолданушылардың мүмкіндігі болған
жоқ (тек әкімшілік), ал қолданушылар өздерінің машиналарында жұмыс жасайтын, мұнымен бірге
пошта қолданушылардың жұмыс машиналарына емес, пошталық серверге келетін. Сол жақтан
қолданушы әртүрлі желілік хаттамалар арқылы өздерінің пошталарын алатын (қазіргі уақытта
үлестірімдердің арасында POP3, Imap, Mapi, веб-интерфейстер). DNS-ң пайда болуымен қатар бір
мезгілдері поштаны жеткізіп тастау бағдарламаларының резервті жүйесі ойлап табылды, ал
пошталық адрестегі домендік ат нақты компьютер аты болудан қалды және пошталық адрестің
қарапайым фрагменті болып саналады. Доменнің қызмет көрсетуіне көптеген серверлер жауап
бере алады ал бір доменнің қолданушыларының арасында ортақ ештене болмауы қажет. Сонымен
қатар, басқа да электронды пошта жүйелері бар: Netmail - Фидонет желісінде, X.400-X.25
желісінде. Оларға интернеттен және пошталық шлюз арқылы қайта жүзеге асырылуы мүмкіндігі
беріледі. Поштаның маршрутизациясы үшін X.25 желісіндегі DNS-де арнайы ресурсты жазу
қарастырылған.
Пошта қайта сілтеулерінің қарапайым жағдайлары
SMTP(ағылш. Simple mail transfer protocol - поштаны жіберудің қарапайым хаттамасы)
дүниежүзіндегі жалпы қабылданған электронды поштаның алмасу хаттамасы болып табылады.
Жалпы қабылданған реализацияда ол пошта қайта сілтеулерінің ережелерін анықтау үшін DNS -ті
қолданады. Әртүрлі домендерде өздерінің, бір-бірлерінен тәуелсіз, пошталық жүйелері
икемденген. Пошта қайта сілтеу бағдарламаларының қолдануымен түйіншектер арасында
жіберіледі(ағылш. Mail Transfer Agent;мысалы, sendmail, exim4, pastfix, Microsoft Exchange Server,
Lotus Domino т.б.). Бір-бірлерімен ара-қатынас кезінде жүйелердің тәртібі қатал түрде
стандартизацияланған, ол үшін SMTP хаттамасы қолданылады. Пошталық жүйе және
қолданушылардың қарым-қатынасы жалпы жағдайда, ешқалай тәртіптелмейді және озбырлы
болуы мүмкін, бірақ қалай ашық болса, солай жабық хаттамалар болады. Пошталық жүйеде
жұмыс жасайтын және қолданушыларға қызмет көрсететін бағдарлама, MDA деп аталады (ағылш.
mail delivery agent, поштаны жеткізу агенті). Басқа пошталы жүйелерде MDA және MTA бір
бағдарламаға бірігуі мүмкін, басқа жүйелерде әртүрлі бағдарлама ретінде таратылып берілуі
мүмкін. Қолданушы оның көмегімен қатынауды жүзеге асыратын бағдарлама, MUA(ағылш. mail
user agent) деп аталады. Кей жағдайда, мыс, веб-интерфейсте болмауы мүмкін.
Пошта маршрутизациясы
Пошталық сервер, поштаны алған соң (локальді негізден немесе басқа серверден) поштаны
өңдеу үшін спецификалық ережелер барма екенін тексереді, егер спецификалық ережелер
болмаған жағдайда, серверге пошталық домен локальді болып келеме екені тексеріледі. Егер
келсе, онда хат өңдеуге кіріседі. Егер хат домені локальді болмаса, онда пошта
маршрутизациясының процедурасы қолданылады. Маршрутизация кезінде алушының адресінің
тек доменді бөлімі ғана қолданылады. (яғни @ символынан кейін тұрған бөлім). Алушы домені
үшін бүкіл МХ-жазулар ізделінеді. Олар приоритеттің кемуі ретінде сұрыпталады. Егер пошта
серверінің адресі МХ-жазуларда көрсетілген түйіршектердің біреуімен сәйкес келсе, онда МХжазудағы түйіршік приоритеттеріндегі кіші приоритетті барлық жазулар алынып тасталынады, ал
жеткізілуі бірінше жауап беру түйіршегінде жүзеге асырылады. Егер МХ-жазу домен үшін
табылмаса, онда кейбір серверлер поштаны А-жазу арқылы жеткізуге тырысуы мүмкін. Егер де
домен туралы жазу болмаса, онда отлуп(жеткізудің мүмкінсіздігі жөнінде хабарлама)
қалыптасады. Бұл хабарлама жіберушінің бос өрісімен қалыптасады. «кімге» өрісінде бастапқы
хаттың жіберушісі көрсетіледі. Бос «кімге» өрісі пошталық серверді үзіліссіз келетін қате туралы
хабарламадан қорғайды – егер сервер бос қайта адреспен хатты жеткізе алмайтынын анықтаса,
онда ол оны жояды.
Егер желіде әртүрлі DNS -серверлер болса, (мысалы, сыртқы-интернетте және локальді өз
шекарасында), онда келесі жағдай болады, «ішкі» DNS -серверлер приоритетті алушы ретінде
мүмкіндіксіз Интернет серверге көрсетеді және поштаны релеядан қайта бағыттайды(Интернет
үшін түйіршік – алушы ретінде көрсетіледі). Осындай бөлімдер серверлер арасында жалпы
ережелер бойынша пошта маршрутизациясын жүзеге асыруа мүмкіндік береді(интерентке
шығуға).
Серверлерге қатынау хаттамасы
Пошта соңғы серверге түскеннен кейін, ол қабылданан поштаның уақытша немесе тұрақты
сақталуын жүзеге асырады. Поштамен жұмыс істеудің 2әртүрлі модельдері болады: пошталық
жәшік концепциясы және пошта сақталатын орын. Пошталық жәшік концепциясында пошта
серверде шектелген көлемде уақытша сақталады, ал қолданушы бұл мезгілде жәшікке (ықылас
танытып) көңіл аударып, хаттарды «алады» (яғни пошталық клиент хаттардың көшірмесін өзіне
жүктейді және пошталық жәшіктегі хаттың түпнұсқасын жояды). Бұл концепцияның негізінде
POP3 хаттамасы әрекет етеді.
Тұрақты сақтау концепциясы, пошталық жәшікпен байланысқан бүкіл корреспонденция (хат
хабар) серверде сақталынады, ал қолданушы хат хабарды қарау және жаңа хаттардың жазылуы
үшін сақтау орнына көңіл аударады. Бұл көзқараста IMAP хаттамасы әрекет етеді және вебинтерфейстердің тегін пошталық қызмет көрсетулердің көбісі. Пошталық жазысудың ұқсас
сақталуы пошталық серверден бірқатар үлкен қуатты талап етеді. Нәтижесінде, көп жағдайда
поштаны қайта жіберетін пошталық серверлер мен хаттарды сақтау серверлерінің арасында
бөлулер болады.
Анықталған шарттарда хаттарды сақтау сервері клиентке келетін тәртіпке келтірілуі мүмкін:
мұндай сервер POP3 хаттамасы бойынша пошталық серверге көңіл аударады және поштаны өзіне
алады. Осыған ұқсас шешімдер әдетте кіші ұйымдарда қолданылады, оларда пошталық
серверлерді толық жандандыру үшін инфроқұрылымы жоқ; Мұндай жағдайда поштаны сақтау
және POP3 бойынша поштаны қабылдау қызметтерін ұсынатын провайдердің пошталық сервері
үшін локальді сервер қолданылады. (мысалы, fetchmail көмегімен). Ұқсас шешімдердің негізгі
кемшілігі болып, жеткізілудегі кідіріс табылады – мысалы, Windows SBB құрамына Exchange
2003-дан POP3 connector интерфейс арқылы 15мин кем интервалға конфигурациялауды қоюға
рұқсат етпейді.
Жаңалықтар тобы — желі арқылы талқылау форумы, онда пайдаланушы өзінің хабарламаларын
орналастырады және басқа қатысушылардың хабарламаларын қарап шығады.
Электрондық поштаның ең үлкен қызмет провайдерлері (қызмет жеткізушілері):

Yahoo!

MSN

Gmail
Е-пошта жіберу үшін алдымен осы қызметке тіркелу керек. Е-поштасы қолдануға оңай әрі көп
жағдайда тегін. Е-пошта мекенжайы пайдаланушы_атауыңыз@провайдер_мекенжайы.егелік
(мыс.: example@mysite.com) пішімінде болады.
(Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет)
Download