Тұлғаның даралықтипологиялық ерекшеліктері Шамханова Аружан Кял21-5 ЖОСПАР : «Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама Адам мүмкіндіктері Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдығы мәні Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдықтарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші. Адам мүмкіндіктері 1.Гнесеологиялық (танымдық) мүмкіндік алынған мәліметің көлемі, сапасымен өлшенеді. 2.Аксиологиялық (құндылық) мүмкіндіктер- тұлғаның әлеуметтану процесінде болатын адамгершілік, саяси, діни, эстетикалық бағыттарға қатысты құндылықтар жүйесіндегі мақсатқа талпыну мен көзқарастарына байланысты туындайды. 3.Шағармашылық мүмкіндіктер-өз бетінше анықталған білігі мен дағдысы, продуктивті және репрокуктивті, құру жасау немесе бұзудағы әрекеттік қабілетімен, оларды орындаудағы еңбек жемісімен көрінеді. 4.Коммуникативтті мүмкіндіктер-басқа адамдармен байланысқа түсу формасы, өлшемімен белгіленеді. Тұлғааралық қарым-қатынас әлеуметтік рольдер жүйесінде көрініс береді. 5.Көркемдік мүмкіндіктер-көркемдік қажеттіліктің деңейі, мазмұны, үдемелі және оны қанағаттандыруымен белгіленеді.. Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар. Биологиялық фактор –адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер. Әлеуметтік фактор адамның дамып жетілуінде тіршілік ортасының қоғамның, тәлім-тәрбиенің әсері. Бұл екі яғни екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады. Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер Жеке адамды зерттеудің клиникалық кезеңі – XIX ғ. бастауында көрініс берді. Онымен врач-психиаторлар айналысты. Олар жан ауруымен ауыратындардың өмір сүру тарихын, мінездерін бақылап, оларға диагностика жасау, емдеу және олардың табиғаты туралы кәсіби қорытындылар жасады. Психиаторлардың ең басты назары-дені сау мен ауру адамдар арасындағы тұлғалық айырмашылықтарын белгіледі. Жеке адамды зерттеудің философиялық-әдебиеттік кезеңі - ежелгі ойшылдардан XIX ғасырға дейін созылады. Адамды зерттеу мәселесі адам табиғатын, адамгершілігі, іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын қарастырды. Адамға қатысты барлық мәселені, жеке адамға тән деп қарастырылды. Адам психологиясының эксперименттік кезеңі - XX ғ. алғашқы он жылдығынан бастап кәсіби психологтар айналысты. Оның қалыптасуына А.Ф.Лазурский, Г.Оллпорт, Р.Кеттел және т.б. үлес қосты. Кәсіби психологтар бұған дейін танымдық процестерді және адам жағдайларын зерттеген болатын. Эксперименттік кезеңде дені дұрыс адамдарды сенімді валидті тестілік әдістерді жасап, бағалады. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы. Адамның белсенділігі, іс-әрекеті ғылыми материалистік тұрғыда қарастыруында белсенділік әрекеттердің адамның қажеттіліктерін қанағаттанумен ұштасады. Тұлға белсенділігі-адамның материалдық және рухани мәдениеті меңгеруде қоғамдық мәнге ие болған бағдарлы шығармашылығында, еріктік актілерде, қарым-қатынастағы қабілеті. Тұлға белсенділігі адамның белсенді өмір позициясы арқылы идеалық принципшілдігі, реттілігі, көзқарасы, сөзбен іс бірлігінде көрінісін айтамыз. Қажеттілік – ол адам белсенділігінің негізгі себебімен іс -әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім-тәрбие ықпалында қалыптасып, адамның материалдық, рухани қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұндай қанағаттандыру қоғамдық даралық сипатқа ие болады. Қажеттілік тетік белгісіне қарай: табиғи және руханимәдениет болып бөлінеді. Ал, сол заттарды ұстап тұтынуына қарай: материалдық, рухани қажеттіліктер болып бөлінеді. Рухани қажеттіліктер түрлі рухани құлдылықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырады. Адамның айналасындағы қоршаған дүние үнемі өзгеріп отырыруымен адамның түрлі ерекшеліктері дамып, өзгеріп отырады. Ол өмір сүру процесінің барысында және оқу-тәрбие процесінде шешуші роль атқарады. Табиғи қажеттілік тән мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталады. Тұлға туралы қазіргі теориялар. XXғ. 20 ғасыр 30 жылдардан бастап түлға психологиясын зерттеу белсенді дифференциядық бағытта болды. Соның арқасында тұлға туралы теориялар түрлі тұрғыдан қарастырулар қалыптасты. 48 түрлі варианпен, 5 параметрмен жіктелгені де белгілі. Социодинамикалық теорияда мінез детерминациясы ішкі ситуацияға беріліп, оған ішкі тұлға қасиеті ретінде мән берілмейді. Сөйтіп, оны символикалық түрде В = Ғ (Е) берілді. Интеракционистік теория - адамның өзектіәрекеттерін басқарудың ішкі және сыртқы факторларын өзара әрекеттестік принцип негізінде құрылады. Оның Левин формуласы: В = Ғ(Р,Е). Экспериментальдық теория - факторлар арқылы алынған талдау мен қорытып шығаруға құрылады. Экспериментальді емес теория - өмірлік пікірлер, бақылау мен тәжірбиеге, теориялық қорытуға негізделеді де, экспериментке сүйенбейді. Құрылымдық теория - тұлға қүрылымын анықтау, жүйелік түсініктер беріледі де солардың арқасында сипатталу жүзеге асады. Динамикалық теория - тұлға дамуындағы қайта құрылу, өзгерістер, яғни оның динамикасы беріледі.